Latin Common Turkic

Жергілікті Дəрігер - 10

Total number of words is 3872
Total number of unique words is 2251
32.8 of words are in the 2000 most common words
47.1 of words are in the 5000 most common words
54.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
шапшаңдата түсіп келе жатқанда, бұл соған қызыға қарап қалған. Жігіт өте
күшті жəне ғажап ебдейлі екен, жартастың ең бір қауіпті тұстарынан да
шімірікпей құлдырап келеді; тіпті аяқ əрең ілінер жерде де ол кəдімгі
паркет еденде алшаңдағандай сабырлы көрінеді; табанының тайып
кетпесіне соншалықты сенімді. Ұзын ұңғылы мылтық енді оған таяқ болып
алған.
Бютифе жақындап келгенде Женеста оны анықтап көрген: дене бітімі
сидаң, қимылы шапшаң, бұлшық еттері бұлтиған орта бойлы жігіт екен, ер
жүрек қияпатына бұл таңдана қарады. Шамасы, ол ешқандай зорлыққа
бармай-ақ, өзінің неге болса да төзімді айлакерлігі арқасында, астыртың
заттарын көз ілестірмей, қазына адамдарын алдастыра беріп алып өтетін
əккі болса керек. Күн-қақты болған бет-ажарынан батылдығы білініп-ақ
тұр. Сарғыш-қоңырқай аялы көздері қыранның көзіндей өткір болғанда,
төмен қарап иіліп біткен мұрыны сол қыран бүркіттің тұмсығындай
айбарлы. Екі жақ самайын қою түк басқан. Сол ғана езу тартып күлгенде,
алқызыл еріндерінің арасынан аппақ тістері жарқырап көрінеді.
Табиғатында бұйраланып біткен жирендеу сақал-мұрты мен самай түктері
тумысында қайшы көрмесе де, бет-ажарына батылдық пен қаталдық
нышандарын одан сайын дарыта түскен. Үнемі қимыл үстіндегі
қолдарының бұлшық еттері ерекше жетіліп, нығыздала түскен. Кеудесі
талыстай, тіпті кең жатыр, жазық маңдайы туа біткен ақылдың кеніші
тəрізді. Бүкіл сыртқы түрінен ерлік, тəуекелшілдік пен сабырлылық көзге
ұрып тұр мұның бəрі өз өмірін ылғи қатерге байлап, өзінің бойындағы
қайрат пен ақылгөй қабілетін үнемі сынға салып жүретін адамға тон
мінездер, сондықтан ол əрдайым өзіне сенімді болады. Үстіндегі көйлегі
шырмауық тікенге арандап пəршаланған, аяғындағы сандалын
жыланбалықтың терісінен тілінген таспамен шандып алған. Көк кенептен
тігіліп, шұрқ-шұрқ болған шалбарының жыртығынан күнге күйген аяқтары
көрініп тұр кəдімгі бұғының аяқтарындай сидаң, шымыр жəне сымдай түптүзу.
– Алдыңызда тұрған адам бір кезде маған оқ атқан, - деді Бенаси
сыбырлап. - Ал қазір біреу-міреуден құтылғым келсе, Бютифе соны
ойланбай-ақ сілейтіп салар еді. Бютифе, -деп енді ол тəртіп бұзған аңшыға
қарап бұрылды, - мен сені сөзінде тұратын жігіт қой деп ойлап едім,
сондықтан саған ара түскенмін. Жанағы мылтық атқан сенсін ғой жəне өзін
граф Лабраншуардың жерінде тұрсын. Егер осыныңды орманшы естіп
қалса қайтер едің, сор қаққан неме? Сені құдай сақтағанда, мен саған
протокол жасамаймын, əйтпесе бір қылмысты қайталап жасағаның үшін
сен сотталып кетер едің, оның үстіне сенің қолда қару ұстауға хақын жоқ.
Сенін мылтықты жақсы көретініңді білгендіктен, сені аяп, мылтығыңды
өзінде қалдырғанмын.
– Тамаша зат екен, - деді офицер, мынау ұзын ұңғылы аңшылық
мылтықтың Сент-этьен шеберлерінің қолынан шыққандығын айтпай-ақ
жорамалдап.
Астыртын аңшы басын жоғары көтеріп алды да, Женестаға туралап
қарады: бұл оның жанағы мақтау сөзіне риза болғаны еді.
– Бютифе, - деді Бенаси сөзін жалғастырып, ұяттан жанын қысылмай
ма? Ескі кəсіпке қайтып оралатын болсаң, қас қаққанша тордың ар жағында
отыратын боласын; онда сені ешкім каторгадан арашалап алып қала
алмайды, қарғысқа ұшырайсың да, масқара боласын. Осы кешке
мылтығыңды маған алып кел, өзіне деп сақтап қоямын.
Бютифе қолы дірілдеп, мылтығының ұңғысын қысып қойды.
– Айтқаныңыз əділ, мэр мырза, - деді ол. - Мен кінəлімін, мен заңды
бұздым, мен оңбаған адаммын. Жарайды, мылтығымды тартып ала беріңіз,
бірақ бұл енді біржола сізде қалсын. Біліп қойыңыз: соңғы оқпен мен өзімді
атпақшы едім. Енді не амал бар! Мен сіздің айтқандарыңызды қалт
жібермей орындадым, ал мына көктемде қаным тасып кетті. Мен жер
жырта білмеймін, өмір бойы құстарды асырап жүру - суқаным сүймейтін
жұмыс; белімді бүгіп, бақшада қырқақазу немесе арба соңынан салпақтап
жүріп, шыбыртқыны шықпырту, немесе ат бағып, қора тазалау - мен үшін
жасалған кəсіптер емес. Сонда қайтейін, аштан өлуім керек пе? Мен үшін
жақсы өмір тек ана жақта ғана, жоғарыда, -деді ол сол үнсіздіктен кейін,
тау жақты нұсқап. - Бір апта болды сол жақта қаңғырғаныма; бір сернаның
ізіне түсіп едім, сіздерге бұйырған екен, анау жартастың төбесінде жатыр, деп ол жоғары жақты қолымен нұсқады. - Бенаси мырза, сіз өте
қайырымды адамсыз ғой, менің мылтығымды тартып алмай-ақ қойыңыз.
Сізге ант сөзімді берейін, мен бұл қауымнан шығайын да, Альпі тауларына
кетейін; ондағы серна аулаған аңшылар мені қуғындамас; қайта, жылы
шыраймен қарсы алар; мен сондағы мұзарт таулардың ішінде бір жерде
қатып өлермін. Сізден несін жасырайын; тауда əрі кеткенде екі-ақ жыл өмір
сүргім келеді; сіздердің мына батпақтарыңызға малтығып итшілегенше,
өкімет адамдары жоқ, кеденшілерден, жергілікті күзетшілерден, корольдің
прокурорынан ада сол жақта жүре тұрайын. Сондағы қимайтыным сіз ғана
боласыз, қалған жұрттың бəрінен ығыр болдым. Сіз қаншалықты ездігіңізді
қорғағаныңызбен, əйтеуір ешкімді бұл дүниеден аластамайсыз ғой...
– Ал, Луиза ше?
Бютифе ойланып қалды.
– Əй, достым! - деді Женеста. - Сен сауатыңды аш, сонсоң менің
полкыма кел, ат арқасына мін де, карабинер бол Ал, егерде жауға қарсы
жорыққа аттан деп дабыл қағылар күн туса, онда Құдай Тағаланың
маңдайыма жазғаны осы екен деп ойла да, қалған өміріңді зеңбіректің
қасында, оқтың өтінде, қанды айқастың қақ ортасында өткізетін бол, ақыры
генерал болып шығасың.
– Шіркін, Наполеон қайтып келсе гой, - деп жауап қайырды Бютифе.
– Біздің уəдеміз есіңде ме? - деп доктор əңгімеге араласты. - Сен екінші
рет жазалы болсам солдатқа кетемін деген едің ғой. Жарты жыл уақыт
беремін, - сауатыңды ашасың, оның ар жағында бір байдың ерке мұрагерін
іздеп табармын, соның орныңа əскер қызметіне барасың.
Бютифе тау жаққа қарады.
– Жоқ, сен Альпіге бармайсың! - деді Бенаси даусын көтеріп. - Сен
сияқты адам, сөздің адамы, бойында талай жақсы қасиеті бар адам, елге
қызмет етуі керек, бір отрядқа командир болуы керек; серна қуып жүріп
мойның үзу оған жарамайды. Сенің қазіргі өміріңде каторгаға соқпай кете
алмайсын. Күшіңді босқа сарп қылып жүрсің, одан кейін ұзақ уақыт дем
алмаса болмайды; сөйтіп жүріп жалқауланып кетесің, бұзыласын, зорлыққа
барасың; ал менің мақсатым - сенің өз дегеніңе қарама-қарсы, сені жақсы
жолға алып шығу.
– Қайтеміз, онда зерігіп, қайғыдан өлетін боламыз-дағы. Қалаға барсам,
тұншығып кете жаздаймын. Анда-санда Луизаны Гренобльге алып
барғанда, бір күнге шыдай алмаймын.
– Əркімнің өз қалауы бар, соны өзіміз біліп алуымыз керек те, не содан
құтылу керек, не болмаса соның өзін жұрт үшін пайдаға асыру керек. Жə,
күн кешкіріп қалды, менде уақыт жоқ. Ертең мылтықты алып кел, сонда
сөйлесерміз, ұлым. Қош бол. Ал ана сернаны Гренобльге апар да сат.
Жолаушылар ілгері жүріп кетті.
– Міне нағыз адам деп осыны айт! - деді Женеста қызбаланып.
– Теріс жолда жүрген адам, - деп жауап қатты Бенаси. - Енді не істеу
керек? Не айтқанын өзіңіз естідіңіз. Осындай қабілетті жанның босқа өліп
бара жатқаның көрудің өзі қасірет. Егер Францияның жеріне жау басып
кірген болса, Бютифе жүз қаралы ер жігітпен Морьенаның тауында тұтас
бір дивизияны ай бойы бөгеп тұрған болар еді, ал бейбіт күндерде ол өзінің
күшін тек заңға қарсы істерге ғана пайдалана алады.
Оның ішкі қажеттігі кедергілерді баса-көктеп өту; егер оның өміріне
төніп тұрған ешқандай қауіп болмаса, онда ол қоғаммен алысады,
астыртын əрекет етушілерге көмектеседі. Ол сондай ер жалғыз өзі салдама
қайықпен Ронаны кесіп өтеді де, Савойяға аяқ киім тиеп апарады; ап-ауыр
жүкті арқалап алып, аяқ баспас жартастың басына алып шығады; сол жерде
қатқан қара нанның қыртысын қорек қылып, тура екі тəулік отыра алады.
Қысқасы, біреулердің ұйқыны жақсы көретіні сияқты, бұл ылғи қауіпқатерді жақсы көреді. Ылғи да басын бəйгеге тігіп жүрмесе, мынау қара
дүрсін тіршіліктің аясына сыймайды. Ал мен болсам, осындай адамның
төмен қарай құлдырап барып, қарақшы болып кетуін, сөйтіп, ақыры
эшафот астында өлуін қаламаймын. Жə, біздің селен қалай екен, сізге
ұнады ма?
Женеста алысырақтан жартылай дөңгеленген үлкен алаңды көрген,
айналасында жасыл желек жамылған ағаштар, алаңның дəл ортасында,
биік теректердің аясында жалтыраған қол көрінеді. Аланды таудың көлбеу
баурайында үш қатар етіп отырғызылған ағаштар қоршап тұр, одан
əрегіректе жапонның лақ ағашы, ал одан да жоғарырақта шағын шегіршін
ағаштары.
– Біздің бұл жерде жəрмеңке өткізіледі, - деп түсіндіріп келеді Бенаси.
Бас көше əрегіректен басталады, əне бір көрінген əдемі екі үй бар ма,
олардың жайын мен сізге айтқанмын: біреуі аралық сəттікі, екіншісінің иесі
- нотариус.
Бұлар ойма тастардан тегістеп төселген кен көшеге шықты; екі жағына
қатарлап жүздеген үйлер салыныпты, араларына түгелдей дерлік бақ
отырғызылған. Ілгеріректе, осы көшенің тұйықталар тұсында, бері қарап
тұрған шіркеу көрінеді. Одан бері де тағы бір көше қиып өтеді екен, оның
бойы да қатар тізілген үйлер. Шіркеу алаңындағы кюре үйінің қарсысында
мэрия. Жұмыс күнін аяқтаған əйелдер, балалар мен еркектер, Бенасиді көре
салып, үйлерінің алдына жүгірісіп шығып, біреулері бас киімдерін шешіп,
енді біреулері жамырай сəлемдесіп, қошаметтеп жатыр; бала біткен оның
атының алдына шығып алып, секіріп ойнайды; ат иесінің мейіріміне
атының жуастығы сай екенін өздері анық білетін тəрізді. Осының бəрінде
де əрбір терең сезімнің түбінде тығылып жататын ұстамды сыпайылық
сияқты бір ғажап ибалық бар еді. Женеста жұрттың Бенасиді қалай қарсы
алып жатқаның көргенде, оның кантон тұрғындары өзімді сыйлайды деп
бұрынырақта айтқан бір сөзінің кемітіп айтылған сыпайылық екенін
сезінген-ді. Шынында да, бұл дүниедегі барлық билікшілерге көрсетілетін
құрметтің ішіндегі ең қымбаты, бағынышты адамдардың жүрегінде
жазылып қалған құрмет екені осы көріністен байқалып еді бұл шынайы
халықтық билікке көрсетілген құрмет еді.
Мейлі, адам өзінің атақ-даңқына, өзінің қуат-күшіне мастанып, көзі
қарайып кетсін, бірақ жан дүниесінің арғы түкпірінде ол өзінің жеке
басының іс-əрекетіне байланысты болған, содан туған сезімдерді ғана
ерекше қадірлеп, бағалай алар еді, ал шыныңда өзінің түкке тұрғысыз
екенін, өз билігінің сыртқы көріністерінде мына өмірге өзгеріс əкелгендей,
ешқандай жаңа, ешқандай ұлы іс тындыра алмағанын көрер еді.
Корольдер, мейлі олар бүкіл əлемге билік жүргізсін, барлық ажалды
пенделер сияқты, өзінің шектеулі ортада өмір сүретінін, оның заңдарына
бағынышты екенін, өзінің жеке басының бақыты сол айналасындағы
адамдардың сезіміне байланысты екенін түсінуге тиіс. Ал Бенаси болса,
бүкіл кантондағы жұрттың өзіне түгел бағынатының жəне достық
ықыласта екенін ғана сезінетін еді.
III тарау
ХАЛЫҚТЫҢ НАПОЛЕОНЫ
– Кірсеңізші, тақсыр, - дейді Жакота. Қонақтар күтіп қалды ғой. Ылғи
өстесіз де жүресіз. Қанша жаныңды салсаң да, сіздің кесіріңізден, тамақ бір
дұрыс болмайды. Бəрі буланып, езіліп кетті.
– Міне біз келдік, - дейді Бенаси жымия күліп. Жолаушылар аттарынан
түсіп, доктордың шақырған қонақтары отырған бөлмеге қарай беттеген.
– Мырзалар, - деді ол Женестаны қолынан жетелеп, сізге Блюто
мырзаны таныстыруға мархабат етіңіздер: бұл кісі Гренобльде тұрған атты
əскер полкының капитаны, біздің үйде тұрмақ ойы бар байырғы солдат.
Сонсоң ол, үстіне қара киім киген ұзын бойлы, арықша келген ақ
шашты кісіні нұсқап тұрып, Женестаға қарап сөйледі:
– Аралық судья Дюфо мырзамен танысыңыз. Бұл кісі жайында сізге
айтқанмын, қауымның гүлденіп кетуіне бұл кісінің тигізген пайдасы аз
емес. Танысып қойыңыз, - деп, ол енді Женестаны көзінде көгілдірлігі бар,
тыриған арық, өні қуқыл жігіттің қасына алып келді, оның үстіне кигені де
қара киім екен, – бұл Толене мырза, Гравье мырзаның күйеу баласы, бізге
келіп орныққан тұңғыш нотариус.
Бенаси түріне қарағанда жартылай шаруа, жартылай қалалық, безеу беті
дөрекілеу көрінгенімен, жүзі жылы жуан адамға қарай бұрылды:
– Менің мархабатты көмекшім ағаш саудагері Камбон мырзамен
танысыңыз; халықтың тілектестікпен сенім көрсетіп жүргені– осы кісінің
арқасы. Ал мына кісінің немен шұғылданатының айтып жатудың өзі артық
болар, - деді Бенаси священникті нұсқап.
– Сіздің көз алдыңыздағы бұл кісіні құрметтеп сыйламау тіпті мүмкін
емес.
Офицер священниктің өңінен көзін ажыратып ала алмай қалған–
өйткені одан бір рухани əсемдіктің нұры шашырап тұр еді, оған шексіз
сүйкімділік дарытып тұрған да сол болатын. Алғаш бір қарағанда, Жанвье
мырзаның түрі, бəлкім, ажарсыз да көрініп қалар, өйткені оның кескінінде
кейбір үйлесімсіз қатқылдық бар еді. Тапалтақ бойы, тыраштанған кейпі,
тіпті сол тұрған тұрысының өзі осының бəрі оның дене бітімінің
əлжуаздығынан хабар бергендей еді, ал бірақ монтаны жүзінен ол кісінің
ішкі дүниесінің шынайы-христиандық байсалдылығын, жан тазалығынан
туындайтын күш-қуаты мен табандылығын тануға болатын-ды. Көгілдір
аспанмен шағылысып тұрғандай ашық мөлдір көздерінен жүрегінде
жалындап тұрған ізгілік отының ұшқыны жарқырайды. Өзін-өзі ұстауында
қарапайымдылық пен табиғилық бар, абыржуы жоқ, барлық қимылқозғалысынан бір түрлі жас бойжеткен қызға тон биязылық пен ұяңдық
байқалады. Бүкіл бейнесі көрген адамда құрмет сезімі мен жақынырақ
танысу тілегін туғызар еді.
– Қойыңыз, мэр мырза, - деп, Бенасидін марапат сөздерінен кəдімгідей
қысылып қалды.
Даусының өзі Женестаны қатты тебіренткен; осынау беймағлұм
священниктің аузынан шыққан азғантай ғана болмашы сөздерін естігеннін
өзі офицерде ерекше бір тағзым сезімін туғызғандай еді.
– Мырзалар, - деді кіре бере, қонақ бөлменің дəл ортасына екі бүйірін
таянып тура қалған Жакота, - сорпа дайын.
Бенаси қонақтардың үлкен-кішісіне қарамай, отырған ретімен аттарын
атап-атап шақырған кезде, бес мейман тік көтеріліп асханаға қарай өтті де,
үстелге жайғасып отырды, сонсоң кюре ешбір мəнерлеусіз ақырын қоңыр
дауыспен дəм алдындағы дұғасын оқыды. Үстелдің үстіне кестелі матадан
жасалған дастарқан жабылыпты атақты ісмерлер атанған ағайынды
Грендорждардың сонау Генрих IV тұсында ойлап тапқан бұл дастарқаны
барлық бəйбішелердің ерекше құнттап ұстайтын мүлкі болатын. Аппақ
болып жарқырап тұр, өзінен жебір шөптің жұпар иісі аңқиды: Жакотаның
кір жуғанда, суға соны қосып шайқайтын əдеті болатын. Көк жиек фаянс
ыдыстары да аппақ болып көз тартады. Ал енді мына сияқты сегіз қырлы
графиндердің сақталып қалғап бірлі-жарым үлгісін тек түкпірдегі
провинциялық қалалардан ғана көруге болар еді. Мүйізден ойып жасалған
пышақ саптарындағы əр түрлі жануарлардың бейнесі тіпті əсем. Осы
сияқты тамаша сақталып қалған ескілікті сəн-салтанат нысандарын
қонақтар қолдарымен ұстап көріп, тан-тамаша қалысты; бəрін де үй иесінің
ұқыптылығы мен жайдары мінезіне жориды.
Женеста сорпа құйған құмыраның қақпағындағы əр түрлі көкөніс
тағамдарының түрлі-түсті бояумен өрнектеп салған бедерлі суреттерін
қызықтап отыр бұл XVI ғасырдағы атақты құмыра шебері Бернар
Палиссиден қалған мұра болатын.
Жиналған қонақтар қоғамның əр түрлі топтарының өкілдері. Бенаси
мен Женестаның қайсар ерлікке тəн əндері Жанвьенің иконға ұқсас
монтаны кескініне тіпті ұқсамайды; ал нотариустын бет-ажары аралық
судья мен мэр көмекшісінің ескі бет сиықтарына қарағанда тіпті жас
көрінеді. Осынау əр алуан адамдардың бет жүзі арқылы осы жерде бүкіл
адамзат қоғамының өкілдері түгел қатынасып отырғандай сезілді;
солардың барлығының да өндерінен өз өмірлеріне ризашылық, бүгінгі күні
мен болашағына берік сенім байқалатын сияқты. Тек Тонеле мырза мен
Жанвье, тіршіліктегі көргендері тіпті аз болғандықтан, алдарында қандай
оқиғалар күтіптұр екен деп ойлайтын болулары керек; өйткені бұлар
болашақ біздікі деп санайды да, қалған қонақтар тек өткен өмір жайындағы
əңгімелерге ғана бейім секілді; бірақ барлығының да өмір жайындағы
əңгімелері байсалды; дегенмен сөздерінен уайымның екі түрлі реңі
байқалады: біреуі кешкі ымырттың ала кеуім көлеңкесі тəрізді енді қайтып
оралмайтын қуаныштың шала-шарпы есте қалғандары, ал екіншісі ашық
күннің үміт артар ақ шұғылысына ұқсас.
– Сіз, шамасы, бүгін мықтап шаршаған боларсыз, кюре мырза? - деп
сұрады Камбон.
– Шаршадым, тақсыр, - дейді оған жауап беріп Жанвье, миғұла байғұс
пен Пельтье ағай екеуі екі мезгілде жерленді ғой.
– Енді ескі деревнядағы лашықтарды бұзуға болады, - деп Бенаси өзінің
көмекшісіне нұсқау беріп жатыр. - Солардан босаған тың жерлерден кем
дегенде бір арпан көкорай жасауға болады ғой; оның үстіне қауым миғұла
Шотарды күтуге жұмсалып келген жүз франкі қаржыны үнемдейді.
– Сол жүзді үш жыл қатарымен төмендегі ойпанға, бұлақ суы жайылып
кететін тұста өткел салуға аударып тұрған жөн, деп қойды Камбон. Селен
мен аңғардың тұрғындары Жан-ФрансуаПастуроның телімін басып өтуді
əдет қылып кеткен; ол байғұс содан едəуір залал шегіп жүр.
– Дұрыс-ақ, - деп қостады оны аралық судья, ол ақшаны жұмсаудың ең
төте жолы сол. Менің ойымша, басқаның жерін басып жол салу деген
деревнядағы ең кеселді мəселе. Аралық судьядағы даулы мəселелердің
ойынан бірі өзгенің иелігіне көз аларту. Меншік құқығына тыйымсыз қол
сұғу орын алған кантондарда есеп жоқ. Өзгенің меншігін құрметтеу, заңды
құрметтеу Францияда жұрт санаса бермейтін сезім, ал шыныңда оны
көтермелеп отыру қажет. Көптеген жұрт заңға ықпал етуді қажетсіз нəрсе
деп санайды; ал шындығында бізде мəтелге айналып кеткен ізгіліктің
белгісі деп есептелетін "Жазаңды құдай берсін" деген сөз екіжүзділіктің
белгісі, ол біздің өзімшілдігімізді бүркемелейтін сөз. Мойындауымыз керек,
біздің бойымызда отаншылдық жоқ! Кімде-кім заңның маңыздылығын
санасына орнықтырып, соны тіпті өзіне зияны тиер тұста да мүлтіксіз
орындайтын болса, міне нағыз отаншыл адам сол. Асылы, қылмыскерді
жазықсыз қоя берсең, сен соның болашақтағы зұлымдық ісіне кінəлі болып
шығасын.
– Бірімен-бірі сабақтас, - дейді Бенаси. Мэрлер жолды дұрыстанқырап
салатын болса, бұрыс сүрлеулер болмас еді. Ал енді муниципалитет
кеңесшілері білімдірек болса, меншік иелері мен мэрлер өзгенің жеріне көз
алартушылық жайттарына қарсы тұрған кезде, соларға қолдау көрсеткен
болар еді; қамал, егіндік жер, лашық үй, ағаш дегендердің бəрі де қасиетті,
сондықтан құқықтың үлкен-кішісі туралы сөз қозғауға болмайды деп,
надандарға ұғындырып отырған жөн. Жақсылыққа бастайтын мұндай
бұрылысқа бірден жетуге болмас, ол ең алдымен халықтың адамгершілігіне
байланысты, ал біз оны священниктердің батыл араласуынсыз өзгерге
алмаймыз. Бұл, əрине Жанвье мырза, сізге қатысы жоқ əңгіме.
Мен оны өзіме қатысы бар деп ойламаймын, - деді кюре, ерніне мысқыл
үйіріп. Өйткені мен католик дінінің қағидаларын сіздердің басқару ісі
жөніндегі көзқарастарыңызбен үйлестіруге тырысып жүремін. Мен
ұрлықтың түбі қорлық екені тұрғысында уағыз айтқанда, пенделерге құқық
жөнінде жаңағы сіз айтқан ойларды ылғи да ұғындырып отырамын.
Расында, Құдай ұрлықты жазғырғанда, ұрланған заттың құнына
қарамайды: ол ұрыны жазалайды. Өз қарауымдағы діндарларға
ұғындыратын қағидаларымның мəні осында.
– Сіздің жұмыста абыройлы болып жүргеніңіз сондықтан, кюре мырза,
- деп қостады оны Камбон. Біздің қауым бұрын қандай еді, ал қазір қандай
деп, екеуін салыстыра келгенде, сіздің арқаңызда жұрттың ақыл-ойында
болған өзгерістерді мына мен білемін ғой. Əрине, халқы дəл біздегідей
уақыттарын аямай еңбек ететін кантондар көп емес. Біздегі малдың бағымы
тамаша, ілуде бір болмаса егінге түспейді. Ормандар оталмайды. Жұрттың
ауқатты, жанға жайлы тұрмысқа жеткені осындай ұқыптылық пен еңбектің
арқасы екенін сіз шаруалардың ақыл-санасына құйып жеткіздіңіз.
– Демек, сіз өз құзырыңыздағы елге дəн риза екенсіз ғой, кюре мырза? деп сұраған Женеста.
– Капитан мырза, - деп жауап қатты оған священник, - жер басып
жүргендердің бəрін бірдей періште деп тоқмейілсуге болмайды. Қайда
болса да, қайыршылық бар жерде қасірет бар. Қасірет пен қайыршылықты
зұлымдыққа пайдаланып кетуге болады, билік те сол сияқты. Шаруалар
егістік жеріне дейін екі лье жер жүріп барып, кешке қарай жұмыстан
сілелері қатып, үйге қайтып келе жатқанда, үйлеріне асыққан аңшылардың
алдыңдағы егіндік пен шабындық жерлерді баса-көктеп тура тартқандарын
көргенде, соларға еліктемейді деп ойлайсыз ба? Жолдарын осылайша
қысқартқан адамдардың қайсысы заңнан аттап кеткен болып есептеледі,
жаңа өзіңіз айтқандай? Жұмыс істегені ме, немесе, серуен құрғаны ма?
Қазіргі байлар да, кедейлер де бізге бірдей қысас қылады. Дін де, билік
сияқты, аспанның биіктігінен немесе қоғамның биігінен ылғи да төмен
түсуге тиіс; ал біздің заманымызда жоғарғы топтарда дінге деген сенім
халыққа қарағанда əлдеқайда аз; ал біз айтамыз: өмірдің тақсіретіне
көнбістік жасағаны үшін құдай халықты жұмақта жарылқайды деп. Өзім
шіркеудің уағыздары мен жоғарғы діни адамдардың нұсқауына түгелдей
бағынғанмен, қалай дегенде де, мен ойлаймын: біз діни ғұрыптар
мəселесінде баяғыда-ақ талапты бəсеңдетуіміз керек еді, оның орныңа орта
дəрежелі адамдардың жан жүйесінде діни сезімді күшейтуге тырысуымыз
керек еді, - орташа ауқаты бар сол адамдардың христиан дініне бой
ұсынудың орныңа сол жайында таласқа бейім тұратыны бар.
Байшікештердің философиялық жалған ойлары кедейлер үшін қатерлі
үлгіге айналды да, дінбасыларда тым ұзақ наразылықтар туғызды. Біздің
дұға дəстүрлерімізден белгілі бір нəтиже болса, біз соған өзіміздің жеке
ықпалымыздың арқасында жетіп жүрміз, ал шындығында тұтас бір қауым
көлеміндегі діни сенімдердің беріктігі белгілі бір адамның қадір-құрметіне
байланысты болса, сол ақылға сыя ма? христиан діні бүкіл қоғамдық
тəртіпке шапағатын тигізіп, оның қорғаныштық ұстанымдары барлық
топтарға тереңдеп сіңгенде ғана діни əдет-ғұрыптар сақталатын болады.
Діннің əдет-ғұрыптары деген оның сыртқы түрі ғана, ал қоғам сол түрдің
арқасында ғана тіршілік етеді. Сіздерге тигені - ту, ал бізге нəсіп болғаны
айқыш...
– Кюре мырза, менің бір білгім келетіні, - деді Женеста, Жанвьенің
сөзін бөліп, - сіздің осындағы кедейлерге жексенбі күндері көңіл көтеріп
серуендеуге, би билеуге тыйым салатындарыңыздың себебіңіз не?
– Капитан мырза, - деп жауап қайырды кюре, бидің өзін біз теріс
көрмейміз, бірақ оны біз əдепсіздіктің себепкері ретінде жазғырамыз; ол
жұрттың мазасын алып, деревняның салт-дəстүрін бұзады. Отбасындағы
рухтың тазалығын сақтау, отбасы қатынастарының қасиетін қорғау
дегеннің мəні жамандықты тұп-тамырымен жою болып шықпай ма?
Төнеле сөзге араласты:
– Зорлық-зомбылық болмай тұрмайтын кантон жоқ екені мəлім, ал бізде
ондай нəрселер некен-саяқ болуға айналды. Осындағы кейбір шаруалардың
жер жыртып жүргенде көршісінен бірер тілім жерді қағып кетуден
тайынбайтындары, керек болса, біреудің бір түп ағашын қиып алатындары
бекер емес; бірақ солардың бəрі де қала адамдарының күнəсімен
салыстырғанда түк емес. Менің ойымша, біздің алқаптың тұрғындары
сирек кездесетін инабатты халық.
– Инабатты дейсіз бе? деп кюре мырс етті. Бізде діни фанатизм болады
деп қауіптенудің орайы жоқ.
Енді əңгімеге Камбон сөз қосты:
– Ойбай-ау, осындағы тұрғындардың бəрі күн сайын түстік дұғаға
барып, апта сайын арыздасуға баратын болса, жерді кім өңдейді жəне
ондай жұмысқа үш священиктің де шамасы келмес.
Бұл сөзді кюре іліп əкетті:
– Тақсыр, жұмыс істеу дегеннің өзі де Құдайға құлшылық қылумен
бірдей. Шіркеу қызметіне тым жиі бара беру діннің жəне оның тіректұрғыларының мəнін түсінуге кедергі жасайды, ал қоғамға тіршілік беретін
нақ солар ғой.
– Ал сіз отаншылдыққа қалай қарайсыз? - деп сұраған Женеста.
– Отаншылдық, - деді кюре маңғазданып, тек өткінші сезім туғызады,
ал дін оларды тұрақты етеді. Отаншылдық адамның өз пайдасын уақытша
ұмытуы деген сөз; ал христиан діні адамның теріс мінездеріне қарай əрекет
ететін тұтас бір жүйе.
– Алайда, тақсыр, революциялық соғыстар тұсында отаншылдық...
– Иə, революция кезінде біз керемет істер істейміз, - деп Бенаси
офицердің сөзін бөліп жіберді, бірақ арада он төрт жыл өтіп еді, мың сегіз
жүз он төртінші жылы-ақ біздің отаншылдығымыздан ныспы да қалмады.
Ал енді Франция мен Еуропаны діни идеялар билеген кезде, жүз жылдың
ішінде Азияға он екі мəртедей жорық жасалды.
Осы тұста аралық судья сөз қосты:
– Бəлкім, халықтарды бір-біріне соғыс ашқызатын материалдық
себептерді жою қиын болмас, ал енді діни қисындарды қорғағаннан басқа
белгілі бір айқын мақсаты жоқ соғыстарда, расында да, шек жоқ-ау.
– Бұл қалай, тақсыр, балықтан таза дəм татпағансыздар ма? - деді
Жакота, қасына Никольді ертіп келіп, үстелдегі босаған ыдыс-аяқтарды
жинастырып жатып.
Өзінің дағдысы бойынша аспазшы бір тағамнан кейін бір тағамды
үздіксіз əкеліп жатыр; мұның бір қолайсыз жері қомағай адам тойғаныңа
қарамай жей береді де, ынсаптылар алғашқысына тойып қалады, сөйтіп
кейінгі дəмді тағамдардан мақұрым қалады.
– Бері қараңыздар, мырзалар! - деп даусын қаттырақ шығарған
священник аралық судьяға шүйліге сөйледі: Діни соғыстарда белгілі мақсат
болған жоқ деп сіз қалай айтасыз? Бір замандарда діннің қоғамдағы өте
қуатты күш болғаны сондай, материалдық мүдделерді діни мəселелерден
бөліп қарауға тіпті де болмайтын.
Сондықтан да əрбір солдат өзінің не үшін шайқасатының өте жақсы
білетін...
– Егер жұрт дін үшін соншама уақыт соғысатын болса, онда Құдай
Тағаланың оны дұрыс негізде жасамағаны ғой, - деп қалды Женеста.
Құдайдың аузынан шыққан əрбір нұсқау адамдар үшін мызғымайтын
ақиқат болуы керек емес пе?..
Жұрттың бəрі аңырайып кюреге қараған.
– Мырзалар, - деді Жанвье, - дінді жүрекпен сезеді кісі, ақылға
салмайды. Алла Тағаланың жолына шек келтіруге болмас болар.
– Қысқасы, сіздің бақсылығыңызға бас изей бер десеңізші, - деді
Женеста, Құдайды ешқашан еске алып көрмеген солдаттың
тікбақайлығымен.
– Тақсыр, - деп енді священник те тіксіне сөйледі, дəл католик дініңдей
басқа бірде-бір дін біздің көңілімізді жайландыра алмайды, ешқайсысы
көңілімізді ондай сергіте алмайды, сонсоң, өзгесін былай қойғанда, оның
ақиқатына сенгеннен сіздің шығатын шығыныңыз не?
– Иə, бұл сөзіңіз рас, шығын көп болмас, - деді Женеста.
– Солай шығар, ал енді сенбейтін болсаңыз, ол қымбатқа түседі. Одан
да, тақсыр, сізге жақынырақ тұрған мына жер бетіндегі тіршілікті сөз
қылайық. Қараңызшы, құдай өзінің қолымен елшілеріне істетіп отырған
пендешілік істердегі құдай құдіретінің нəтижелері қандай? Христиан
дінінің жолынан тайған адамдар көп нəрседен мақұрым қалды. Шіркеу
жайында кітап бетіне қарайтын адам сиреп кетті, ол жайында жұрт халық
арасында əдейі таратылып жүрген қате ұғымдарды ғана біледі; ал
шындығында жұрттың енді жүзеге асырмақ болып жүрген мемлекеттік
құрылысының мінсіз үлгісін шіркеу жасап берген болатын. Сайламалылық
ұстаным оны ұзақ уақытқа арналған зор саяси күшке айналдырды. Бір
кезде діни низамдардың барлығы бостандыққа, теңдікке негізделген еді.
Барлық жолдар ортақ іске бағытталған-ды. Имам, аббат, епископ, рухани
орденнің генералы, папа осылардың барлығы шіркеудің мүддесіне сəйкес
шынайы адалдықпен сайланып қойылатын, бəрі де соның рухын білдіретін,
оған сөзсіз бағыну міндетті саналатын. Адамдарды ұлтқа біріктіріп, адамды
сансыз көп дастандар, соборлар, мүсіндер, суреттер мен музыкалық
шығармалар жасауға шабыттандырған осы рухтың адам қоғамы үшін
қаншалықты игілікті болғаның айтпай-ақ қояйын да, сіздің назарыңызды
тек мынаған ғана аударайын: біздің халықтық сайлауларымыз, қосшы
билер соты, қос палатамыз өздерінің тұп-тамырымен жергілікті жөне
əлемдік
соборларға,
епископтар
соборлары
мен
кардиналдар
коллегияларына барып тіреледі; бар айырмашылығы өркениет жөніндегі
осы заманның философиялық түсініктері, менің ойымша, католик
бірлігінің асқақ та құдіретті идеясы алдында тіпті сүреңсіз болып шығады
ал осы бірлік Айсаның сөзі мен ісі арқылы тəмамдалып, діни қағидаға
айналған жалпы адамзаттық бірліктің алғашқы бейнесі болатын. Шіркеу
адамзат ақыл-ойының тірегі болып тұрған замандарда ықтимал болған
кереметтерді туғызу, қазіргі саяси құрылыс қаншама жетілді дегенмен,
оның қолынан оп-оңай келе қоймайды.
– Не себептен? - деп сұраған Женеста.
– Біріншіден, оның себебі сайламалылықты тек қана сайлаушылардың
барынша толық теңдігі жағдайында ғана саяси ұстаным дəрежесіне
көтеруге болады; геометрияның тілімен айтқанда, сайлаушылар "тең
шамалар" болуға тиіс, ал қазіргі заманның саясаткерлері оған ғұмырда қол
жеткізе алмайды. Оның үстіне, ұлы қоғамдық қарекеттер тек сезімнің күші
арқасында ғана жасалады, тек осы күш қана адамдарды біріктіре алады, ал
қазіргі жалған кемеңгерлер заңдарды тек жеке бастардың пайдасына ғана
негіздейді, ал бас пайда адамдарды біріктірмейді, қайта ажыратады.
Құқықтары аяққа басылғандарға, халықтың қасіретіне деген қалтқысыз,
жанкештілік аянышпен жігерленген адамдар бір кезде дүние жүзінде
қазіргіден жиі кездесуші еді. Сондықтан да священник, орташа
ауқаттылардың осынау өкілі, материалдық күшке қарсы тұрып, халықты
жауларынан қорғай алушы еді. Кезінде шіркеулерде жер иелігі болды;
алайда сырт қарағанда оларды нығайтуға тиісті деп есептелген сол жер
игілігі шіркеудің өмір тіршілігін бұзып жіберді. Расында да, егерде
священниктің жеке меншікке ерекше құқығы болатын болса, онда ол
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жергілікті Дəрігер - 11
  • Parts
  • Жергілікті Дəрігер - 01
    Total number of words is 3853
    Total number of unique words is 2356
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 02
    Total number of words is 3903
    Total number of unique words is 2275
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 03
    Total number of words is 3990
    Total number of unique words is 2179
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 04
    Total number of words is 3852
    Total number of unique words is 2240
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 05
    Total number of words is 3996
    Total number of unique words is 2204
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 06
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 07
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2244
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 08
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2253
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 09
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2196
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2251
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 11
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2088
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 12
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2182
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 13
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2139
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 14
    Total number of words is 3803
    Total number of unique words is 2195
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 15
    Total number of words is 3876
    Total number of unique words is 2138
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2151
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 17
    Total number of words is 3998
    Total number of unique words is 2190
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 18
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2097
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 19
    Total number of words is 1860
    Total number of unique words is 1159
    45.7 of words are in the 2000 most common words
    60.0 of words are in the 5000 most common words
    66.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.