Latin Common Turkic

Жергілікті Дəрігер - 04

Total number of words is 3852
Total number of unique words is 2240
30.8 of words are in the 2000 most common words
43.1 of words are in the 5000 most common words
49.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Мен құлағы көріне бастаған қолөнер кəсібі мен сауданы жандандыруға көп
күш салғанмын. Мəселен, жас көшеттерді өсірудің шебері бағбанды біздің
поселкеге көшіп кел деп көндірдім де, кедей шаруаларға жеміс ағаштарын
отырғызудың пайдалы екенін түсіндірдім. Сөйтіп, күндердің күнінде
Гренобльдегі бүкіл жеміс саудасын түгелдей өз қолымызға алдық. "Сендер
ғой, деймін мен шаруаларға, қалаға ірімшік апарып сатасыңдар. Соған
қосып аң, құс еті, көкөніс, шөп, сабан, тағы басқа өнімдерді неге
апармайсыңдар!". Осы айтқаныма көнген адамдар көптеген қосымша
табысқа қол жеткізді. Сөйтіп, бізде толып жатқан ұсақ кəсіпшілік
шаруашылықтары пайда болды; алғашында олар баяулап дамып еді,
ақырында күннен-күнге қарыштап өсіп кетті. Қазір қарап тұрсаң, дүйсенбі
сайын селеннен Гренобльге қарай азық-түлік тиеген алпыс арба бірден
аттанып жатады; ал үй құсына жемге деп егілетін зығырдың көлемі
бұрынғы адамға арнап егілген егістіктен əлдеқайда көп.
Ағаш саудасы дами келе бірнеше салаға бөлініп кетті. Біздегі
өнеркəсіпті дамыту заманының төртінші жылынан бастап, ағаш
саудагерлері бізге: отындық, құрылыстық ағаштар деп, тақтай деп, ағаштың
қабығы деп, көмір деп, жүйе-жүйесімен келетін болды. Жанадан төсеніш
тақтайлар мен белдеулік ағаштар тілетін тағы төрт қондырғы салынды.
Бұрынғы мэр ағаш саудасының кейбір машықтарын игергеннен кейін,
мұның сауатына əбден жетілу қажеттігін ұғымды. Ол əр жерлердегі ағаш
бағасының айырмашылығын зерттей келіп, соның өзіне пайдалы жағын
аңғарды да, алушылар шеңберін кеңейте түсті; ал қазір бүкіл департамент
көлеміндегі ағаш саудасының үштен бірі соның қолында.
Тасымал құралдарының көбейгендігі сондай, қазір біздің селенде арба
жасайтын үш, əбзел жасайтын екі шебер бар, олардың əрқайсысында үшүштен көмекші жұмыс істейді. Ақыр-аяғыңда, бізде аспап атаулының
қажеттігі тіпті өсіп кетті де, тағы бір ұста көшіп келді; тұрмысы оның
тамаша. Табысқа ұмтылыс күшейген сайын, тапқырлық та көбейе түседі
екен. Біздегі өнеркəсіп адамдары енді бүкіл кантонға, сонсоң кантоннан
департаментке ықпал жүргізе бастады; сол көлемдегі сауданың табысы да
молайды. Мен жаңа базар жайынан лəм десем болды, ар жағын
адамдардың тапқыр ақылы өзі-ақ алып кетеді.
Арада төрт жыл өтті, селеннін бейнесі мүлде өзгерді. Бұрын селоның
көшесімен келе жатқанда, бір оғаш дыбыс естілмейтін, ал бесінші жылы
бəрі де сілкініп, бəріне жан бітті. Шеберханаларда көңілді əн қалықтайды,
дуылдасқан дауыстар естіледі, станоктардың бірде ақырын, бірде қатты
дүрсілі менің құлағымды əлдилейді. Бейнесі жаңарған, жағалай ағаш
отырғызылған көшелері тап-таза, үйлері сəнді поселкенің көшелерінде
ерсілі-қарсылы сапырылысқан халық. Осындай жемісті өзгерістерді көрген
тұрғындардың көңілдері тоқ, жайдары; пайдалы іске жұмылған адамдарға
осының өзі-ақ ылғи да өмір сыйлап жатады.
– Осынау бес жыл, меніңше, біздің мекеннің ауқатты тұрмысының
алғашқы кезеңі болды-ау деймін, - деді доктор аз үнсіздіктен кейін сөзін
қайтадан бастап. - Осы жылдардың ішінде мен барлық тынды көтеріп
шықтым, ақыл-ойға да, егіндік далаға да - бəріне жан бітті. Сол уақыттан
бастап халықтың əл-ауқаты да, өндірістің өркендеуі де барған сайын арта
берді. Екінші кезеңі əзірленіп жатты. Біздің кішкентай ғана əлеміміз
киінгісі келді. Бізде айнатарақшы, сонсоң етікші, тігінші, қалпақшы пайда
болды; акушерка келді; мен оның көмегіне өте зəру едім, өйткені жас
тумаларды қабылдауға көп уақытым кететін. Соңғы жыртылған тың жерден
өте бітік егін алынды. Біздегі ауыл шаруашылық өнімдерінің артықша
сапалы болуына тыңайтқыштар мен көннің көп төгілуі сеп болды, ал
көннің көп болғаны мал мен адам санының көбеюі арқасында еді.
Менің ісім бұдан былай мықтап өрге басуға мүмкіндік алды. Мен
тұрғын үйлерді сауықтырдым, тұрғындарды бірте-бірте жақсы тамақтануға,
тəуір киінуге үйреттім; өркениет нышандарының мал өсіру ісіне де əсер
етуіне көп құш жұмсадым. Малдың тұқымы мен сапасы, демек, мал
өнімінің сапасы оның күтіміне байланысты ғой; мен мал қораларының таза
болуына зер салдым. Малдың бағымы неғұрлым жақсы болса, одан түсетін
пайда да мол болатынына мен неше түрлі салыстырулар арқылы
шаруалардың көзін жеткізе бастадым; сондықтан қауымдағы малдар
ауырмайтын болды.
Сиырлар мен бұқалардың қорасы енді Швейцария мен Овернядағыдан
бірде кем болмайтын дəрежеге жетті. Қой қоралары мен ат қоралар дəл
Гравье мырза мен екеуміздікіндей кең, еңселі, таза ауа келіп тұратындай
шаруашылық құрылыстары дəрежесінде қайта жабдықталды.
Жалға алушылар менің идеяларымның ең бірінші уағызшылары болды,
олар күмəнданушыларды бірден дұрыс жолға салып, менің айтқан
ақылдарымның қандайлық пайдалы, жемісті екенін көзбе-көз дəлелдеп
отырды. Тұрмысы төмендерге қаражат бөліп тұрдым, əсіресе мұқтаж
қолөнершілерді қамқорлыққа алдым: олар жұртқа жақсы өнеге көрсетіп еді.
Менің ақылыммен кінəраты бар, арық тұрақ, тіпті орта қол малдары бар
адамдар оларын сатып жіберіп, асыл тұқымдыларға айырбастады. Соның
нəтижесінде біраз уақыттан кейін біздің өнімдер басқа қауымдардікінен
басым түсе бастады. Бізде қалыптасқан тамаша табындардағы мал терілері
де жақсы болды. Осының барлығы да өте маңызды еді. Өйткені былай:
ауыл шаруашылығында тіпті болмашы нəрсенің өзі мəнді болып шығады.
Бұрын бізден барған ағаш қабықтары арзанға сатылатын, ал кейін сол
қабықтардың да, мал терілерінің де сапасы арттырылып, енді өзен
жағасынан тері өңдейтін зауыт салдық та, соған жан-жақтан тері илеушілер
ағылып келе бастады, кəсіпшілігіміз өрге басты. Осындай істердің
нəтижесінде бұрын мекендегі жұрт шарап дегеннің не екенін білмей,
қойыртпақ бірдеңені ішіп жүрсе, енді тəуір шарап қажеттікке айналды;
қабақтар пайда болды; бара-бара алғашқы қабақ кеңейтіліп, бекетші аулаға
айналды; сол жерден жолаушылар көлік жалдап, біздің жолмен ГрандШартрезге қарай ағылатын болды. Міне, қазір екі жыл болды, біздегі
сауданың күшейіп кеткендігі сондай, енді екі бекетші ауланың өзі де пайда
келтіретін болды.
Біздің гүлденуіміздің екінші кезеңінде аралық судья қайтыс болған. Біз
үшін үлкен олжа болғаны сол, Гренобльдің бұрынғы нотариусы бір істе
сəтсіздікке ұшырап, шығынданып қалған екен, бірақ дегенмен əлі де аздыкөпті қаражаты болса керек: деревняда бай деп айтуға əбден сыярлықтай;
Гравье мырза соны азғырып, біздің мекенге көшіп келуге көндіріпті; сол
келіп, бір жақсы үй сатып алды да, дəл менің жолыммен кетті: ферма салып
алды, қурай өсіп кеткен тың жерді жыртты; қазір тауда үш бірдей шағын
саяжайы бар. Отбасы жан-жақты адамдар. Өзі бұрынғы хатшы мен сот
орындаушысын өзгертіп, орындарына сауаты молырақ, ең бастысы, іскер
адамдарды алды.
Сол жаңа келген адамдар картоптан спирт ағызатын шарап зауытын
салды; жүн жуатын кəсіпорын ашты; өте табысты осы екі кəсіпорынға
жаңағы екі отбасының қожайындары басшылық етеді, өздерінің қызмет
бабындағы жұмыстарын да жүргізеді.
Мен қауымға қаржы түсетін жақтарын қарастырдым, оныма ешкім
кедергі жасаған жоқ; тіпті мэрия ұйымдастырған кезде де солай болды, мен
онда тегін мектеп ашып, мұғалімін соның ішінде тұратын еттім. Аса
маңызды бұл жұмысқа бір кедей священникті таңдап алдым: ол бір кезде
революция ісіне ант беріп, сол үшін бүкіл департаментте жек көрінішті
болып жүр екен; сол кісі қартайған шағында бізден келіп баспана тапты.
Мұғаліміміз– дəулеті қайтқан бір салиқалы əйел, басын қайда сұғарын
білмей жүргенде, біз оның əжептəуір ауқат жинап алуына көмектестік;
таяуда ол кісі айналадағы бай фермерлердің қыздарына арнап пансион
ашты.
Егер, тақсыр, бұған дейін мен жердің осынау пұшпағының
тарихындағы өзімнің атқарған рөлім жайында айтуға хақылы болсам, енді
мынаны айтуға тиістімін: осы қауымды өркендету ісінің тең жартысы осы
селендік махалланың аймағындағы шынайы Фенолен саналатын жана кюре
Жанвье мырзаныңқолымен істелді; осы жердегі адамдардың мінез-құлқын
жұмсартып, барлық халықты бір үйлі жандай біріктіріп, бауырластық
рухын енгізген сол. Аралық сот Дюфо мырза да, кейінірек келгенімен,
тұрғындардың алғысына лайықты. Қысқасы, менің өзеуреп айтқан барлық
сөздерімнен əлдеқайда дəлелді цифрларға жүгініп айтар болсам, қазір
біздің қауымда екі жүз арпан орман, жүз алпыс арпан көкорай бар. Ол
кюренің қосымша жалақысына жүз экю, село күзетушісіне– жүз франк,
мектеп мұғалімі мен мұғалимасына соншалықты сомада ақша төлейді; бес
жүз франк жолды жөндеуге, соншалықты сома мэрияны, шіркеу үйін
ұстауға, шіркеудің өз қажетіне жəне басқа шығындарға жұмсалады;
сонымен қатар тұрғындардан қосымша салық алынбайды. Енді он бес
жылдан кейін қауымда кесілетін мың франкілік ағаш болады жəне де,
салықтың барлық сомасын төлеп қойғанның өзінде, тұрғандардан бір денье
де алмауға мүмкіндік туады; сөйтіп бұл Франциядағы ең бай қауымдардың
біріне айналады.
– Тақсыр-ау, мен мына сөздеріммен сізді ығыр қылғаным жоқ па? - деп
сұрады бір кезде Бенаси, Женестаның өңіндегі үнсіз ойшылдық ізін
осындай бейжайдықтың белгісіне жорып.
– Жоқ, ол не дегеніңіз! - деді офицер.
– Біздің саудамыздың, өнеркəсібіміздің, ауыл шаруашылығымыз бен
тұтынуымыздың, тақсыр, əзірге тұтынушылық қана маңызы бар еді, - деді
доктор əңгімесін əрі қарай жалғастырып. – Бұлқалыппен белгілі бір кезеңде
ол тоқырап қалуы ықтимал еді. Рас, мен пошта аштым, темекі, оқ дəрі,
карта саудасын ұйымдастырдым; бұл жердің, мұндағы тұрмыстың жана
қауым жағдайындағы артықшылықтарын айтып, салық жинаушыны
осылай қарай бейімдедім, ол бұрынғы тұрағын тастап, осылай қарай
ауысты; өзім қажет деп есептеген заттарды дер кезінде осында өндіретін
еттім, ішінде қол өнершілері бар жаңа тұрғындарды осылай қарай тарттық,
олардың мал-мүлік алуына көмектестік; жұртта басы артық ақша пайда
бола бастаса-ақ тың жерлерді жыртқызамыз, сөйтіп тау бөктерлерін
түгелдей егістікке айналдырдық, бір пұшпақ қалдырмай өңдейтін болдық.
Алғашқы келген кездерімде кедейлер жағы Гренобльге жаяу
қатынайтын, апаратын ірімшіктерін жаяу жеткізетін; енді жемісі бар ма,
жұмыртқасы, құстары, тауықтары бар ма бəрін көлікпен тасиды.Сөйтесөйте табыс көбейе берді. Ең кедейлерінің өзінде бау-бақшасы бар, ерте
пісетін жемістері мен көкөністері бар. Ауқаттылықтың тағы бір белгісі енді
ешкім үйде нан пісірмейтін болды: уақыт кетеді дейді; малды да селеннің
бала-шағасы бағады.
Алайда, тақсыр, өнеркəсіп ошағын үрлеп, оған ұдайы тамызық тастап
отыру керек болды. Селендегі өндіріс əлі көркейіп кете алған жоқ, тауар
саудасын қыздырып, жан-жақтан ірі-ірі мəмлелер жасалып жатқан жоқ;
қоймалар толып, қайнап жатқан базары да жоқ. Елдің қолындағы күні ертең
капитал болатын басы артық ақшаны сақтап отыру əлі аз; өндіріс пен
тұтыныстың өзара қимылы арқылы сол қорланған ақшаны неғұрлым көп
адамдардың қолынан өткізіп отырғанмен, халықтың əл-ауқаты одан көбейе
бермейді. Мəселе онда емес. Егер келіп жатқан табыс мол болса, ал өндіріс
пен тұтыныстың ара салмағы тең болса, онда жанадан жекеше капитал
пайда болып, қоғамдық байлықтың молаюы үшін, екі жаққа бірдей капитал
тасымалы болуы керек, сөйтіп, елдің сауда балансында тұрақты актив
болуы керек.
Жеткілікті мөлшерде жер қоры жоқ елдерді, мəселен, Тир, Карфаген,
Венеция, Голландия жəне Англия сияқты мемлекеттерді осы ой əрдайым
сыртқы елдерден нарық кеңістігін игеруге итермелеп отырған. Мен
сауданың үшінші сатысына негіз салу үшін өзіміздің шағын əлемімізді де
осындай ойға ойыстыруға тырыстым.
Біздің игілігіміз көлденең жолаушының көзіне онша шалына бермейтін,
өйткені біздің кантонның орталығында өзге сондайлардан көп айырма жоқ
сияқты, ол тек мені ғана қайран ететін. Халық болса, біртіндеп өсті,
өлкенің, дамуына өзі қатынасып жүргендіктен, ол жайында жалпылама
пікір қорытудан аулақ еді.
Арада жеті жыл өткенде мен жат жұрттық екі адамды кездестірдім,
екеуі де біздің селенді нағыз қалаға айналдырып жіберетін адамдардай
болып көрінді. Біреуі тирольдық жігіт, он қолынан өнер тамып тұр,
шаруаларға арнап башмақ тігеді екен; Гренобльдің серілеріне жарайтын
мұндай аяқ киімді Париждің бірде-бір етікшісі тіге алмас. Осындай сəнді
бұйымды да, ол үшін қажетті аспаптарды да өзі жасайтын, өзі ел ақтап
жүрген осығұрлы ісмер де еңбекқор неміс Италиядан қайтып келе жатқан
жолында біздің селенге тоқтай қалған екен; алдында кəсібі, аузында өні,
сол елді ерсілі-қарсылы түгел шарлап шығыпты.
Сол жігіт бізге келіп, аяқ киім керек пе деп сұрастырған екен, жұрт оны
маған жіберіпті; мен оған екі пар аяқ киім тапсырдым, оған керекті
қалыбын өзі жасады. Мен жат жұрттық жігіттің бұл ісіне таң-тамаша
қалдым; мəн-жайын сұрастыра бастап едім, жігіттің тақ-тақ еткізіп
қайтарған қысқа жауаптары да, өзінің бойбасы да маған ұнады; бір
көргенде-ақ жарқ еткен болмысы алдаған жоқ; мен осы селенде қал дедім,
жұмысыңа барынша көмектесемін деп уəде бердім, айтқандай-ақ,
тирольдік серінің қарауына əжептəуір көлемде қаржы бөлдім.
Ол келісті. Менің де өз ойым болды. Бізде тері илеудің сапасы
жақсарған, арада біраз уақыт өткеннен кейін өзіміздің кантонда-ақ арзан
бағамен аяқ киім шығара беруге болатын еді. Ал мен кəрзеңке өндірісін
кеңейтпек ойда жүргенмін. Қолынан іс келетін бір пысық адамды маған
құдай айдап əкелген екен, мен соның көмегімен селенде əрі пайдалы, əрі
тұрақты сауда ісін ұйымдастырмақ болдым. Аяқ киімге зəрулік ешқашан
жойылмайды ғой, ал оның сапасы жақсара түссе, тұтынушы оны байқамай
қоймайды.
Құдай оңдағанда, тақсыр, мен қателеспеген екенмін. Қазір бізде бес тері
зауыты бар, соларға өңдейтін тері қазір бүкіл департаменттен түсіп жатады;
біздің өнеркəсіпшілер тері іздеп, тіпті сонау Провансқа дейін барады; əр
зауытта тері илеуге қажетті заттар шығарылады. Сонда деңіз, тақсыр,
ишілер тирольдік жігітке былғары жеткізіп үлгере алмай жатады; оның
қарауында қырыққа таяу етікші шебер жұмыс істейді!
Екінші келген жігіт жай ғана қара шаруа, оның қызықтары анадан еш
осал емес, бірақ оны тыңдап жатпай-ақ қойыңыз; сол жігіт осы жердегі
жалпақ жиекті қалпақ жасаудың оңай əдісін ойлап тапты; қазір ол сондай
қалпақтарды сонау Швейцария мен Савойяға дейін шығарып сатады.
Егер тауардың жоғары сапасын бұдан былай да сақтап, бағасын арзан
күйінде ұстай алсақ, осы екі өндірістің өзі-ақ өркендеудің сарқылмас көзі
бола алады екен, солар маған бір ой салды: жылына үш рет осында
жəрмеңке өткізіп тұрайық деген. Біздің кантондағы өнеркəсіптің өрге
басуына қайран қалған префект осы жөнінде корольдің бұйрығын
шығартуға көмектесті. Өткен жылы сондай үш жəрмеңке өткізіп едік,
солардың атағы Савойяға дейін жеткен олар мұны етік пен қалпақтың
жəрмеңкесі деп атап кетіпті.
Біздің өлкедегі болып жатқан жаңалықтардан хабардар Гренобльдегі бір
нотариустың аға қызметкері, өзі кедей болса да білімді, еңбекқор жігіт
екен, Гравье бикеш деген атпен нотариалдық кенсе ашсам деген өтінішпен
Парижге барады да, сол өтініші қабыл алынады. Енді оған кеңсенің
патентін сатып алу қажет болмай қалды. Жана поселкедегі аланда, аралық
соттың дəл қарсысынан үй салып алуға мүмкіндік туғызылды. Бұдан былай
бізде апта сайын базар болады, онда мал мен астық жөнінен ірі-ірі
мəмлелер жасалып тұрмақ. Келесі жылы, сөз жоқ, дəріхана ашылады, одан
кейін сағат жөндейтін шеберхана, жиһаз, кітап дүкендері сонсоң сəнді
бұйымдар орталығы ашылатын болады. Сөйтіп, біз нағыз қала үлгісімен
өмір сүреміз, нағыз қалаға лайықты үйлер пайда болады. Біздегі оқу-ағарту
ілгері қадам басып кеткендігі сондай, мен қауымдық кеңестің алдына
шіркеуді жаңғыртып, сыртын əдемілеу, соның жаңадан шіркеу үйін салу,
сондай-ақ қаланың орталығынан кең көлемді жəрмеңке алаңын жабдықтап,
айналасына ағаш егу, тұрғын үйлердің қатарын бұзбау үшін көшелердің
аумағын межелеу жөнінде ұсыныстар енгізгенімде, ешкім қарсылық
білдірген жоқ, сөйтіп, жаңадан салынған үйлер көшелердің қатарын бұзбай,
көше бойлары түзу, кең, жарық болуына жұрттың бəрі де келісті.
Мінеки, тақсыр, осындай жұмыстардың нəтижесінде бізде бір кездегі
жүз отыз жеті үйдің орныңа мың тоғыз жүз үй пайда болды;ірі қара мал
саны сегіз жүзден үш мыңға дейін, адам саны жеті жүзден екі мыңға дейін
өсті, ал аңғар бойындағы тұрғындарды есептегенде тіпті үш мыңға барып
қалады. Қауымда он екі бай, жүзге тарта дəулетті, екі жүздей ауқатты
отбасы бар. Қалғандары еңбек етеді. Бəрі де сауатты. Айтқандай, бізде əр
түрлі газеттер жаздырып алатын он жеті адам бар. Біздің кантонды
араласаңыз, əлі де талай кедей адамды кездестіресіз; менің ойымша, олар
тіпті көп-ақ, бірақ ешкім қайыр сұрамайды бəріне де жұмыс болады. Қазір
мен науқастарды аралап жүріп, күніне екі атты зорықтыра жаздаймын. Кез
келген сəтте айналасы бес лье жер жүремін маған төнетін ешқандай қауіп
жоқ: мені атқысы келетін адам болса, оны басқалар табанда сеспей
қатырады. Жұрттың іштей жақсы көріп берілгендігі осы өңірдегі
өзгерістерден менің өз басыма тапқан олжам сол болар; ал оның ар
жағында, қастарынан өтіп бара жатқан кезімде, баршаларының даурыға
айқайласып: "Сəламатсыз ба, Бенаси мырза!" деп жылы жүзбен амандасып
жататыны өз алдына. Ал анау үлгілі фермаларымнан өздігінен келіп түсіп
жататын байлық мен үшін мұрат емес, қажетіне жұмсалатын мұқтаждық
екенін сіз өзіңіз де түсінерсіз.
– Егер, бар ғой, тақсыр, барлық жерде жұрт сізден үлгі алатын болса.
Франция ұлы елге айналып кетер еді де, Еуропаны керек қылмас еді-ау,
шіркін! деді Женеста мəз-мейрам болып.
– Ойбай-ау, жарты сағат бойы мен сізді неге бұл жерде қаңтарып
отырмын, - деді сол кезде Бенаси, тіпті қас қарайып қалыпта ғой; жүріңіз
дастарқанға.
Доктор үйінің əр қабатынан бақ жаққа қарай бес терезе шығады екен.
Үй екі қабат, төбесін қыш текшелермен жапқан, мансардасы өз алдына.
Жасылға боялған терезе қақпақтары үйдің сыртқы қоңырқай
қабырғаларынан ерекше жарқырап көрінеді; ал үй қабаттарының ара
жіктерінде бұрыштан бұрышқа дейін тартылатын əдепкі əшекей əдіптердің
орныңа жүзім қозаларының сабақтары өсіп тұр. Төменгі іргелерде екпе
бенгал раушанының солған түбіртіктері көрінеді; үй төбесінен су ағар
құбырлар тартылған екен, шамасы, жаңағы солған гүлдерді суаратын
жаңбырдың тамшысы ғана болса керек.
Үйге үлкен есіктен кіргенде, дəліз ретіндегі басқыш алаңының оң
жағында төрт терезелі қонақ үй бар екен; терезелерінің бəрі де аула мен
баққа қарайды, үйдің марқұм болып кеткен бұрынғы қожасы, сірə, мына
қонақ бөлмеге біраз қаржысын сарп еткен болар, едені паркет,
қабырғаларына тақтай панел қағылыпты да, жоғарғы жақтарына бұдан екі
ғасыр бұрынғы тоқыма перделер ұсталыпты. Былқылдақ үлкен креслолар
қытайдың түрлі-түсті жібегімен қапталған; каминнің үстінде ескілікті
алтын шырағдан тұғырлары жылтырайды; терезе перделерінің
шашақтарына дейін төгіліп тұр, осының бəрі священниктің сəн-салтанатты
тұрмысын айғақтайды. Осындай ерекшелігі бар үй жиһазына Бенасидің
қосқан жаңалығы терезе аралықтарында қабырғаларға тақап екі жерден
оюмен өрнектелген екі ағаш баған орнатыпты жəне каминнің үстіне
тасбақаның сауытына қондырған сағат орнатыпты да, сыртын мыс
сымдармен өрнектеп қойыпты.
Доктор бұл бөлмеге сирек кіретін болса керек, ауасы тым тымырсық
көрінеді. Темекінің тұнып қалған ащы иісі сезіледі кюре жарықтықтан
қалған жалғыз белгі сол ма дерсің жəне темекінің күлімсі иісі камин
жақтағы бұрыштан келетін сияқты; шамасы, кюре сол бұрышта тапжылмай
көп отыратын болған-ау. Үстіне көпшік төселген екі үлкен кресло бірінебірін қарсы қаратып, каминнің қасына қойылыпты. Гравье кеткелі каминге
от жағылмаған екен, қазір ұсақталған шырша отыны шырт-шырт етіп
лаулап тұр.
– Кешкісін əлі салқын ғой, - деді Бенаси, - пештің алдында бой
жылытып отырғанға не жетсін.
Женеста ойланып отыр: мына доктор тұрмыстың ұсақ-түйек
карекеттеріне неге соншалықты самарқау қарайтынының себебін түсіне
алмай аң-таң.
– Тақсыр, - деді, ол бір кезде, - сіздің кеудеңіздегі нағыз азаматқа біткен
жан екен; бірақ сөйте тұрып, соншама зор жұмыстар тындырғанда, осыған
үкіметтің де көзін ашуға тырыспағаныңыз таңданарлық іс.
Бенаси ақырын ғана мырс етіп күлді.
– Францияны өркениетке тартудың əдістері туралы неге баянхат
жазбадыңыз дейсіз ғой, солай ма? Маған Гравье мырза да айтқан осыны.
Өкінішке қарай, үкіметтің көзін аша алмайсың мұндай іске; əсіресе өзін
ағарту ісімен шұғылданып жүрмін деп ойлайтын үкіметтің көзін ашу деген
тіпті болмайтын шаруа. Біздің бұл жерде тындырған істерімізді, əлбетте,
барлық мэрлер - өздерінің кантондары үшін, барлық қалалық магистраттар
-өздерінің қалалары үшін, префект - өзінін департаменті үшін, министр Франция үшін, əркім өзінің қызмет аясында, баяғыда-ақ істеулері керек еді.
Мен ұзындығы екі лье жерге жол салайық деп жұртты көндірдім;
басқалар даңғыл тарттырып, қанал қаздырта алар еді ғой; мен шаруаларға
арнап қалпақ тігетін өндірісті көтермелеп отырмын, ал министр болса,
Францияны шетел өнеркəсібінің басқыншылығынан құтқара алар еді ғой:
ол үшін, айталық, сағат өндірісін көтермелесе, өзімізде өндірілетін
шойынның, болаттың, домна пештерінің сапасын жақсартуға, сондай-ақ
жібек құртын өсіруге, көкнəр егуге көмектессе жетіп жатыр. Сауда ісінде
көтермелеу дегеннің мəні қамқорсу деген сөз емес əлі. Бұл жерде дұрыс
саясат елдің шет державаларға тəуелді болмауы деген мақсатқа бағытталуы
керек, бірақ кеден кедергісі дейтін масқара мен əр түрлі тыйым салу
жүйелеріне жол берілмесін. Өнеркəсіпті тек сол өнеркəсіптің өз көмегімен
ғана құтқаруға болады: бəсекелестік оның тіршілік көзі. Қамқорсу
шаралары оны марғаусытады; монополия мен тосқауыл тарифтер ол үшін
өлім. Саудаға еркіндік жариялаған ел өзге елдердің барлығын өзіне
берермен етеді, өзінің бойынан соншалықты өнеркəсіптік қуаты сезініп,
товарлардың бағасын бəсекелестеріңе қарағанда төменірек деңгейде ұстай
алатын болады. Франция мұндай мақсатқа Англиядан əлдеқайда оңай
жетер еді, өйткені біздің елдің аумағы одан көп үлкен, сондықтан ол
ауылшаруашылық өнімдерінің құның өнеркəсіпте төленетін жалақының
төмендеуіне сəйкес келетін деңгейде ұстап тұра алар еді; француз үкіметі
міне осыған ұмтылуы керек, мəселенің зəрулігі осында жатыр.
Иə, қайырымды тақсыр, мұндай мəселені зерттеу менің өмірімнің
мақсаты болған емес; мен өзімді кешеуілдеп бағыштаған іс менің
алдымнан кездейсоқ келіп килікті. Осының барлығы жай ғана нəрселер,
одан ғылым жасай алмайсын, онда кісіні таң-тамаша қыларлықтай ештеңе,
ешқандай теориялық тереңдік жоқ; бар пəлесі жай ғана пайдалы нəрсе.
Жəне əп-сəтте біте де қоятын іс емес; бұл салада жетістікке жетемін десең,
күн сайын ертеңгісін өз бойыңнан өзгеде жоқ төзімділік тап, былай
қарағанда, сенен шығатын ешқандай шығын жоқ, бірақ бір сабақты
дамылсыз қайталай беретін ұстаздың төзімділігі керек; ол марапаты жоқ
төзімділік.
Біз мына сіз секілді ұрыс даласында қан төккен адамға құрметпен
қараймыз, ал жас шамасы бірдей балаларға бір сөзді дүркін-дүркін
қайталаумен өзінің күш-қуатын күннен күнге құрта беретін адамды жек
көреміз. Айқай-шусыз жақсылық істеуге ешкім де құштар емес.
Шынтуайттап келгенде, ежелгі заманның ұлы адамдарын қол бастамай-ақ,
ен соңғы қатарға тұрып та, елге қызмет ету үшін жігерлендірген азаматтық
ар-намыс бізде жоқ. Біздің заманның дерті өзім білемдік. Михрабтан əулие
көп. Оның себебі мынау. Монархиямен бірге біз ар-ұяттан, ата-баба дінімен
бірге
христиан
ізгілігінен,
мемлекетті
басқарудың
нəтижесіз
тəжірибелерінен кейін отаншылдықтан айырылдық. Бұл тұрғылар ішінара
күні бүгін де бар, өйткені идеялар өлмейді, бірақ бұл күндері олар адамды
жігерлендірмейді. Біздің заманымызда қоғамды қолдау үшін бір ғана тірек
бар, ол өзімшілдік. Əркім тек өзіне ғана сенеді.
Болашақ қоғамға қызмет ететін адам; біз одан жоғары еш нəрсені
көрмейміз. Бізді өзіміз құлдырап құлап бара жатқан шыңыраудан
құтқаратын ұлы адам ұлтты жаңғырту үшін, сөз жоқ, тіпті дарашылдықты
да пайдаланады; бірақ сол жаңғыруға дейін біз материалдық мүдделер мен
ішкі есеп ғасырында өмір сүреміз. Осы сөздер əркімнің-ақ аузында. Бізді
өзіміздің қадір-қасиетімізге қарап бағаламайды, жағдайымызға қарап
бағалайды. Халықтан шыққан қайраткер адам елеусіз қалады. Осы көзқарас
үкіметтің өзіне сіңіп кетті. Өзінің өмірін тəуекелге тігіп барып, талай
адамдардың өмірін құтқарған теңізші жауынгерге министр көк тиындық
медаль жібереді, ал өзінің дауысын сатқан депутатты министр мырза
Құрметті легион орденімен марапаттайды. Мұндай тəртіп үстемдік еткен ел
қаран қалады. Жекелеген адамдар сияқты, ұлттар да күш-қуатты биік
сезімдерден ғана алады. Халықтың сезімдері деген бұл оның ұжданы. Ал
бізде ұжданның орныңа жүретін нəрсе пайдакүнемдік. Əр адам тек өз қара
басын ойлайды, шынайы азаматтық ерлікті кездестіресің бе, жоқ па? ол
жөнінде тек өзіне ғана сенеді. Ал шындығында мұндай ізгіліктің ең бірінші
шарты өзіңнен өзің бас тартып шығуың ғой.
Азаматтық ерлік пен əскери ерліктің түпкі негізі бір бастауда жатыр. Сіз
өз өміріңізді бірден беруге тиістісіз, ал біздікі бір-бір тамшылап барып
құриды. Мұндағы да, ондағы да бір ғана күрес, бірақ айқастың түрі бөлек.
Игі ниеттеріңнің болуы жеткіліксіз; жердің не бір елеусіз қалған түкпіріне
өркениетті енгізу үшін білімді болу керек; ал бірақ мықты ерік-жігерің
болмаса, тіпті білімің де, адалдығың мен отанға деген сүйіспеншілігің де
саған көмектесе алмайды; сондықтан сен өзіңді қоғамға пайда келтіретін
міндеттерге бағыштаған кезде өзімшілдік мүдделерден бас тарту үшін
жаңағыдай берік ерік-жігермен қарулануың керек. Əрине, Францияда əрбір
қауымға шаққанда келетін білімді адам жалғыз-жарым емес, отаншыл адам
да бірен-саран емес, бірақ менің кəміл сенімім бойынша, өзінің бойында
əлгі айтылған бағалы қасиеттерді темір шыңдайтын ұстаның
қайсарлығымен, соның табандылығымен ұштастырған адамды кез келген
кантоннан таба бермейсің. Қиратқыш адам мен жасампаз адам ерікжігердің екі жақ басы осылар: бірі істі əзірлейді де, екіншісі тəмамдайды;
біріншісі жауыздықтың пірі болып көрінсе, екіншісі жақсылықтың піріңдей
болып көрінеді, біреуіне бұйыратыны алғыс, екіншісіне бұйыратыны
қарғыс. Зұлымдықтың даусы жер жарады да, пасықтарды оятады, соларды
масайратады; ал ізгілік көпке дейін үн шығармайды. Адамзат
атаққұмарлығының таңдап алған рөлі өте ұтымды. Сондықтан əркім өз
басының пайдасын кездейтін құпия ойдан ада күйде атқарылған дүниелік
іс, француздардың салт-дəстүрін білім келіп өзгерткенше, бізде кездейсоқ
құбылыс күйінде қала берді. Ал енді салт-дəстүріміз өзгеріп, біздің
барлығымыз да нағыз азамат болған кезде, күнделікті өмірдің барлық
игілігіне қарамастан, біздің баршамыз жер шарындағы ең зеріккен, ең
маубас, ең қабілетсіз, ең бақытсыз халық боп шыға келмейміз бе?
Мұншалықты маңызды мəселелерді шешу менің қолыммен келмейді,
себебі мен мемлекет басында тұрған адам емеспін. Өзгенің бəрін былай
қойғанда, үкімет мына себептерден дұрыс көзқараста бола алмайды:
өркениет ісінде, тақсыр, бəрі де шартты түрде ғана. Бір елге жарамды
болған идеялар екінші бір елге пəле болып жабысады, ақыл-ойдың алалығы
да жердің шолалығынан кем емес. Бізде сəтсіз билікшілердің соншалықты
көп болатын себебі мынадан: басқарушылық қабілет дегеніміз мейлінше
асқақ, мейлінше таза сезімнен туатын бейімділік. Бұл реттегі кемеңгерлік
таным-білімнен тумайды, жан жүйенің бітімінен туады. Билікшінің ісəрекетіне де, ақыл-ойына да ешкім баға бере алмайды, шынайы қазылар
одан аулақта, ал оның іс-əрекетінің жемісі тіпті одан да аулағырақта
жатады. Сондықтан кім-кім де еш нəрседен қауіптенбей-ақөзін билікшімін
деп жария ете алады. Біз, француздар, адамның ақыл-ойына оп-оңай
алданып қаламыз, идеяға бай адамдарды əспеттеп шыға келеміз; ал бірақ
ерік-жігер қажеттірек жерде идеялардың мəні төөмен болады. Ақыраяғында, ел басқару деген сөздің мəні жұртқа азды-көпті дұрысұғымдар
мен іс-қимыл əдістерін тықпалауда емес, сол жақсы-жаман ұғымдарды
көпшіліктің игілігі үшін дұрыс жаққа қарай бағыттай білуде. Егер мешеулік
пен кертартпалық елді жаман жолға бастайтын болса, өз қателерінен
халықтың өзі-ақ безіп шығады. Ауыл шаруашылығындағы, саяси немесе
отбасылық өмірдегі қателіктің қандайы болса да шығынға апарып соғады,
сондықтан əркім оны сайып келгенде өз басының пайдасы үшін түзетеді.
Құдай дес бергенде, мен бұл жерден шын мəнінде тың істерді таптым.
Менің айтқан ақылыммен жұрт егістік жерлерді жақсылап өңдеді; сонсоң
ауыл шаруашылығында бойға сіңген зиянды əдеттер жоқ қой, жердің өзі де
өте құнарлы; сондықтан мен ешбір қиындықсыз-ақ бес танапты
шаруашылық əдісін енгіздім, шабындықтарды қолдан суардық, картоп
егетін болдық. Ауыл шаруашылығында менің енгізген жүйем ешкімнің
сана-сезіміне тиген жоқ. Керек десеңіз, біз Францияның кейбір
өңірлеріндегідей кəдімгі қарапайым соқаны да пайдаланғанымыз жоқ;
жыртынды жұмыстар «аша көп болмаған соң, кетпеннің өзімен-ақ істі
тындырып жүрдік. Мен енгізген дөңгелекті түренді тегершік жасайтын
шебер мақтауға айналды; өйткені ол өзінің жасаған бұйымын өткізуге
ынтызар; сондықтан ол өздігінен менің көмекшім болып шықты. Өзге
істердегі сияқты, мұнда да мен əркімнің мүдделерін ұштастырып,
үйлестіріп отыруға тырыстым. Сонсоң, бұл жердегі кедейлерге тікелей
пайда келтіретін өнімдерді өндіруден олардың əл-ауқатың арттыратын
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жергілікті Дəрігер - 05
  • Parts
  • Жергілікті Дəрігер - 01
    Total number of words is 3853
    Total number of unique words is 2356
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 02
    Total number of words is 3903
    Total number of unique words is 2275
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 03
    Total number of words is 3990
    Total number of unique words is 2179
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 04
    Total number of words is 3852
    Total number of unique words is 2240
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 05
    Total number of words is 3996
    Total number of unique words is 2204
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 06
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 07
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2244
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 08
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2253
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 09
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2196
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2251
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 11
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2088
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 12
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2182
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 13
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2139
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 14
    Total number of words is 3803
    Total number of unique words is 2195
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 15
    Total number of words is 3876
    Total number of unique words is 2138
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2151
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 17
    Total number of words is 3998
    Total number of unique words is 2190
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 18
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2097
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 19
    Total number of words is 1860
    Total number of unique words is 1159
    45.7 of words are in the 2000 most common words
    60.0 of words are in the 5000 most common words
    66.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.