Latin Common Turkic

Алыстан жəне жақыннан - 19

Total number of words is 3914
Total number of unique words is 2383
28.3 of words are in the 2000 most common words
41.3 of words are in the 5000 most common words
48.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
«Қой» дейтіғұн қожасы болмағасын, қызында сенім жоқ, ұлдары
алаңдаған түлкі заманда шал шалдуар, кемпірі мыстан болуы да заңды
секілді көрінеді. Сондықтан да
Азабына қазақтың қосып азап,
дұшпан таба қылады, досы – мазақ.
Жауға алдырмас жарағын дауға алдырып,
сормаңдай-ау шынымен осы қазақ.
Тұнжыраған көзімде тұнып бір мұң,
өксігімді көмейде құмықтырдым.
Қайран Мұха, қадірің өткен күні
басыңа кеп бөрідей ұлып тұрмын.
Бұл – ақынның Мұхтар Əуезовке арнаған өлеңі.
Өмірдің «тайғақ жолындағы киік-тағдыр» ақынның біресе «орман –
қайғысы шуылдап», елдің ұлдары құлға айналса, ол халықтың
көсегесін кім көгертер» деген ойлардан «бар мен жоқтың арасында»
теңіз бетіндегі қалтылдаған желкенсіз қайықтай сенделсе, енді бірде
Қаламымды кезеніп мен осынау
халқым үшін бəрібір майдандасам! –
деп, шабытына жігерін жаныған күйі:
Ақырып шыға келсем Қабанбайлап,
Япыр-ай, бітер ме екен маған да айбат?!
Жоқ, əлде бұғып тағы қалсам ба екен
жұлқыссам жыртылатын жағамды ойлап? –
деген шерменде күдікпен күн кешетініне де сенесің. Себебі
«махаббат мұңсыз болмас» дегендей шын ақынның дерті де сол
көңіліне ылғи күдік-құзғын ұялап, тылсым оймен тынымсыз тіршілік
тауқыметін кешу ғой.
Жүрсін ақынның «Арайлы күн, армысың», «Ұлытауға бардың ба?»,
«Сізге арнадым», «Құдіретке жүгіну», «Құстың көлеңкесі» атты
шығармалары сөз қадірін білетін, сөз патшасының тамырына дейін
талдап, жүрегін баураған жолдардың астын сызатын қызыл қарындаш
іздейтін, соңында сол шумақтарды дəл бір өзі жазғандай рахат сезімге
оранатын оқырмандары, құдайға шүкір бар, шын мəніндегі жыртолғамдар.
Уайымсыз өлең – тойған қарынның кекірігі. Ал Жүрсіннің жырлары
шерге буланған шындықтың шырынындай əрі нəрлі, əрі зарлы.
Көрінгеннің бəрін қуаныш көріп қарсы алатын, айқайлағанның бəрін
əнші, қол сермеп, бірдеңелерді оқығанды ақын, ақырғанды батыр
көретін деңгейдегі оқырман мен тыңдарман.
Заманым берер емес мүлде тыным,
білмеймін түсетінін кімге күнім.
Шошынып күнде көрген сұмдықтардан
келеді кəлимаға күнде тілім.
Шортанбай шал болжаған заманақыр
жетті ме екен: əйел – би, бала – батыр.
Ақылымның азабын тартып жүрсем,
үйретеді үйде олар маған ақыл.
немесе
Басымды тəуекелге тағы байлап,
шынымен көрсем бе екен Абылайлап?
Соңымнан ерер ме екен жанкештілер,
жырқылдап күлер ме екен ауыл-аймақ? –
деген ойлы шумақтарды оқығасын ат-тонын ала қашып, «аспаны
ашық, заманы жарқыраған мына дүниеде Жүрсіннің мұнысы несі» деп,
кінə тағары əбден мүмкін. Өйткені біз – мадақтау мен қол шапалақтап,
мəз болуға үйренген елміз.
Қазақтың бырығы мен былығын, биліктің қылығы мен сығымын
ғана емес, жалпы пенденің табиғи болмысын айнадан көрсеткендей
өлеңдерімен əшкере еткен Абай атамыздың əлі күнге жұрттың
аузынан түспей, əр сөйлемі халықтық мақалға айналуы тектен-тек
емес.
Немістің ұлы композиторы Рихард Штраус:
– Қарапайым бір əн жазып, ол елу жылдан кейін халық əніне
айналса, композитор үшін бұдан асқан бақытты мен білмеймін, – деген
екен.
Бұл даналық сөзді ақынға да айтуға əбден болады.
Біздің Жүрсін де біреуді жамандап не көңілі ұнатқанға көпшік қойып
емес, керісінше, өз сезімі, өз болмысы арқылы ұлт табиғатын көрсетуге
тырысады. Бұл – үлкен таланттың қолтаңбасы.
Ақынның əр туындысынан қазақ тілінің нəрімен сусындап, баяғы
бала шақтарда сары уызды тамсана талмағандағы тəтті сезімді
басыңнан кешкендей күйге енесің.
Сондай-ақ Жүрсін ақын «тəуелсіздік жасасын!» немесе «азаттықтың
таңы атты» деп жар салып, ұрандамайды. «Елбасымызға дауыс
берейік, ағайын!» деп те айтпайды.
Айбар болар Алашқа таусылды ма ер,
намыс оты жарқылдап, жансын жігер,
көк байрақтың астында табысуға,
Ата қазақ, сен бүгін дауысыңды бер!
Ортағында ауа, су, Отын көпке
Отанына болмасын ботаңда өкпе,
Дауысыңды бер, ағайын, Абайыңа,
Қасымыңа, Мағжан мен Махамбетке!
Тəуелсіздік бақытының байрағын желбіреткен елдің азаматы
қуанышын осылай шырқар болар, Елін, Жерін сүйетінін осылай жария
етер!
Жүрсін поэзиясы арқылы «аспанда қыран қалықтап барады, ал
жерде жылан жорғалап жылжиды – сен жыландай жорғалама,
қырандай қалықта» деп ешқашан оқырманға ақыл айтып, үгіт-насихат
жүргізбейді.
Мысалы, біз ана тіліміз туралы көп айтамыз, анасының тілін
білмейді деп біреулерге өкпелеп, дымын қоймай сөгіп, кінəлаймыз.
Ал Жүрсін болса бұл мəселеге мүлдем басқа жағынан келеді:
Сөздің батпан салмағын сездің бе, ұлым:
əр сөз өзі кеседі өз кіндігін.
Көздің құнын сұрама – сұрамасаң,
сұрау керек алайда сөздің құнын.
Бір сөз үшін азапқа төзгенде адам,
туған тілдің қадірін сезген бабаң.
Аттан жығыл жығылсаң – уақасы жоқ,
жығылуға болмайды сөзден, балам!
Бұл да – ақындық шеберліктің белгісі.
Əңгімем Жүрсін Ерман жайлы болғандықтан тағы бір мəселені айта
кетсем деймін.
Жүрсін Ерманның халқымыздың айтыс өнерін өрістетуге біраз
жылдан бері күш-қуатын аямай жұмсап келе жатқанын ел біледі.
Бұл жолдағы оның еңбегін де ерлік деп бағалауға болады.
«Айтыскер ақындар Жүрсіннің құлақ кесті құлындай, айтысты өзінің
жеке бизнесіне айналдырып алған» деген күңкіл айтушылар да бар
дегенді кейде естіп қаламыз. Күңкілдің бəріне құлақ аса берсек, біздің
елде бірде-бір тірі жан сүттен ақ, судан таза болмай шығары сөзсіз.
Киелі сөз өнеріне деген халқымыздың ықыласын қайда қоямыз?
Айтысқа жəне жазба ақындар мүшəйрасына жас пен кəрісі, балашағасына дейін қазақ атаулы құлап-сүрініп, өтіп жатқан залдың есігін
сындырса да, əйтеуір барып тыңдауға құмар. Яғни бұл – халқымен
бірге жасайтын ұлттық өнерге деген елдің құштарлығы, «шындықты
басқа айтпаса да, ақындар айтар-ау» деген дəме.
Ал айтысты ұйымдастыруға, жан-жақтан ақындарды шақыруға,
бəйге беруге Үкімет қаржы бермейді, демек, ұйымдастырушы
əркімнен көмек сұрап, қалталы мырзалардың тілін табуға мəжбүр
болады.
Осындай шаралар кез келгеннің қолынан келе бермейді. Неше
жылдан бері жақсы атын да, жаман атын да арқалап келе жатқан
Жүрсін өлеңін жазып, тып-тыныш үйде отыруына болса да, ұлттың
рухы мəселесіне келгенде арқасы шымырлап:
Жеткізем деп жүректерге жыр үнін,
жеткізем деп елге айтыстың дүбірін,
бар ғұмырды осы айтысқа арнадым
бар секілді менің артық ғұмырым.
Түлетем деп дəстүрім мен салтымды,
мысыңды – мыс,
алтын дедім алтынды.
Көрінгеннің күңкіліне түкірдім
қуантуға жарап жүрсем халқымды, –
деп жар салады Жүрсін. Мұнысы шындық па? Шындық.
Жүрсін ақынның жырларының арасында арнау өлеңдер де бар.
Бірақ олар қандай өлеңдер? Абайға, Қасымға, Мұхтар Əуезовке,
Сабырхан Асановқа, Жамбылға, Ақселеуге деген тақырыппен жазылған
өлеңдердің əрқайсысы – өмір жайлы толғаныс, өзекті өртейтін өкініш,
əділетсіз дүниеден шындық іздеп шырқаған ақынның жан айқайы.
Бұл – поэзия ма? Поэзия!
Фариза ОҢҒАРСЫНОВА,
ақын
ЖҮРСІННІҢ ЖЕЗКИІК ЖЫРЛАРЫ
Жүрсін Ерман – əдебиет əлемінде өткен ғасырдың жетпісінші
жылдары көрініп, ақындық талантын мойындатқан қаламгер. Содан
бері ол баспасөз маңында қызмет істей жүріп, бірнеше жинақ
шығарды. Халықтың көне мұрасы – айтысты жаңартып
ұйымдастыруға үлкен еңбек сіңірді. Соңғы он шақты жылдың ішінде
қазақ радиосы мен теледидары басшылығында жемісті жұмыс істеп
келеді. Жазғандарын жинап көлемді таңдамалы шығаруға ақындық
қарымы да, мүмкіндігі де мол адамның бірі. Сөйте тұра, ол 70 қана
өлеңін іріктеп алып, «Құстың көлеңкесі» атты шағын жинақ (2008)
бастырыпты. «Шөп те өлең, шеңгел де өлең» болып жатқан заманда
ақынның мұндай сараңдық жасағаны, жасыратыны жоқ, мені тіпті
қайран қалдырды. Мен оның жинағын осындай екі ұдай сезіммен оқуға
кірістім.
Ең алдымен, тапқаным - ақынның тым талғампаздығы. Ол шашыла
бермей, өлеңді де талғап, таңдап жазатынға ұқсайды. Саясат пен
науқандық өлеңдерге, өлең түрінде жазылатын қолпаштауларға бара
бермейтін сияқты. «Көзіне сыйған құбылыс көңіліне сыймаса», оған да
елікпейтін түрі бар. «Ойдағы муза» мен «мидағы дыбыс» сиыса алмай,
«иінім түсіп, исініп жүрмін» деп өзі айтқандай, көркем жырдың
қисынын табу да оңай түспейді екен. Музадай мазаң сұлуға жағу да
оңай емес. Бірақ оның көңілін табам деп, өз ойынан шықпаған,
сезімінен тумаған өлең жазбауға да мықты ерік, тоқтам керек. Жүрсін –
осы сезімді мықтап тұзақтаған тəрізді.
Оның үстіне заман да ауырлап, өлеңнің өтімі азайғаны да ақын
жанын қинайтыны көрінеді.
Ақыл апшып қалғанын, сезім бұғып,
Отырамын ішімнен өзім біліп,
Базар баққан бəдіктер ортасында,
Кісі де жоқ тұшынар сөзіңді ұғып.
Бір күніңнен аумайды бір күніңіз.
Жамалатын түрі жоқ жыртығыңыз.
Саңырауға беретін сəлемдей-ақ
Кімге дəрі осы өлең шіркініңіз? – дейді ақын. Бұл қазіргі ел күйі мен
əдебиет жағдайы, оған деген көзқарасты танытады.
Бұны тек ақын сезімінен туған деп ойлау жеткіліксіз. Бұл – заманға
арнап айтылған сөз. Бұл заманда «базар баққан бəдіктер» көбейіп,
халықтың рухани тіршілігі қоғам назарынан тыс қалғаны жасырын
емес. Мұны, алдымен, ақын сезінеді. Өйткені ол оқырманынан
айрылды. Кітап шығару ісі қиындады, оқырман базар жағалап кетті.
Өлеңді де, өнер иелерін де қорғаушы болмады. Атам заманнан
олардың күнкөріс көзі болған қаламақы төленбейтін болды.
Сондықтан өнер адамдары бүгін қайыршының күнін кешуде.
Жүрсіннің өлең жазуды «Саңырауға сəлем беруге» теңеуі де орынды əрі
тапқыр көрінетіні де осыдан. Осы оқиғалар бірімен бірі жалғасып ақын
бойында көңілсіз сезімдер тудырса, оны заманға артпағанда қайтеміз?
Ақынның енжар көңілі қоғам үшін қажет сөздің жолы кесілгенін анық
байқатады.
Заман ауыртпашылығы мен одан туатын суреттер Жүрсін
өлеңдерінін кішпіейіл, қанағатшыл кейіпкерінің қанағатсыздыққа
қарсы күресін бейнелейді. Бүгінгі өмір тартысы дегеніме де нарық пен
соның ырқында кеткен адамның тағдыры екенін көресің. Жəне ол
нарық қайраткері емес, халықтың қарапайым өкілі. «Мойнына нарық
тұзағын іліп, мініс атындай шаппай желетін, жанына тыныштық таба
алмай, өзін өзі тонап жүрген ұрыға» ұқсайды («Дейсің, хал қалай?»).
Кейде ол жалғыз басына тіреу таба алмаған ұрыншақтың бейнеін
елестетеді («Бас»).
Тауға да оны ұрдым,
Тасқа да соқтым.
Есеңгіреп тұрдым,
Есті болған жоқпын.
Жарғақ басым қанын
Сорғалатты кілең.
Сірə, менің жаным
Басымда емес білем, – деп толғанады. Тағдыр оны бəріне де
көндірген сияқты («Терім қалыңдаған соң, терлемеуге төселдім»),
Кейде «Айтылмаса ақиқат, кімге қалар обалы? деп сөйлеп қалса,
жобалап айтқан сөзі өзіне тиіп жатады. Сондықтан «іштей күйіне
жүріп» «жұдырықгай түйілуге, қоғадай жапырылып, адырнадай
иілуге» үйренеді.
Түсіп кетсем топқа кіл,
Алтын басым – қақпақыл.
Өзгермейді болмысым,
Осы менде жоқ па ақыл?
Жұртқа кінə тақпаймын,
Өзіме өзім жақпаймын,
Шырылдаған жанымды
Қай сандыққа сақтаймын?! – деп күйінеді. Бұл жолдар біз көріп
жүрген шындықтың көрінісі. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген
мəтел оның рухына сай келеді. Жүрсін осыны өткір сезінеді. Айналаң
толған – алдамшы өмір. Шын достар өлген бүгінгі дос сенің өліміңді
аңдып, «тоныңды қалап алудың» қамында жүр. «Жанашыр деп
жалбақтаған туысың», «үлкен деп үздіккенің» ұры боп шығады. Қайда
барсаң да тұлыпқа мөңіреу... «Ырғай жыры» атты өлең осы бүгінгі
заман шындығы жайлы ақын ойы мен сезімін қорытындылайтын
сияқты.
Ырғай, ырғай, ырғайлы,
Ырғай мойнын ырғайды.
Баяны жоқ бұл дəурен
Басында көп тұрмайды.
Өкінішің өзеуреп,
Өзегіңді тырнайды.
Көздің жасы кептеліп,
Көмейіңде құрғайды.
Ырылдасып қайтеміз,
Сенде де бар бір қайғы
Менде де бар бір қайғы.
Содан барып ақынның:
Жүректің қаны тамшылап,
Айтатын болсам ақталмай:
Ит мініп, ирек қамшылап,
Өмірім өтіп жатқандай, –
немесе
Киіс көрген керзі етіктің
Жұлығындай тозып барам, – деген сөзіне сенесіз.
Ақын қайғысы – халық қайғысы. Оны ол өз басының күйінен ғана
емес, ел-жұрты тіршілігі мен көңіл күйінен алады, содан ой түйеді. Əр
адам өмірдің бір бөлшегі. Ақын да солай. Ол құбылысты, шындықты
басқадан бұрын көреді, өзінше таниды, өзінше толғатады. Бірақ оның
айтатыны жеке адамның емес, адамзаттың сөзі. Ақын сөзі қоғамды
айыптауға емес, оның ауыртпалығын жеңілдетуге жұмсалады. Қоғам
қайшылығын сынау екі жаққа да жеңілдік əкеледі. Ойындағысын
айтып ақын көңілі жай тапса, сырын ішіне бүгіп мелшиіп жатқан қоғам
да құпиясы ашылып, демін сыртқа шығарып бойына жеңілдік алады.
Түптеп келгенде, шындықты бетке айту кім-кімге болса да зиянға
шықпайды. Арамдық, тымырсықтық табиғат мінезіне жат. Ондай
мінездер адам жанына жылылық сыйламайды. Сондықтан одан
жеңілдеу кім-кімге болса да керек. Мезгіл-мезгіл тазарып отыру
табиғатқа да, адамға да пайдалы. Абайдың өзіне өзің есеп беріп отыру
қажет дейтіні осы оймен айтылған. Мұны Жүрсін де айтыпты. («Не
бітіріп жүрген жанмын деп кейде, Шырт ұйқыдан оянатын шақтар
бар»), Шындықты іздеудің өзі – қоғамды емдеуші дəрі. Поэзия шындық
арқылы адам көңілін жұбатқаннан, оның жанына үміт отын жаққаннан
басқа мақсат көздемейді. Астроном күндіз-түні аспанға қарап телміріп
отырғанмен, оның табысы көбеймейді, бірақ ол аспан əлемінен
жанына рахат алады. Поэзия да солай. Біз жақсылықты жек көрмейміз.
Өмір əсемдігімен, көркімен қымбат. Бірақ сол əсемдікті бұзып,
жалғандық тұманы басып тұрса, ақын оны көрмей, айтпай өтуге тиісті
емес. Мұны түсіну керек.
Жүрсіннің көңіл күйі арқылы заманға артар өкпесі түгелдей
ақындықты, халық рухын көтеретін көркем сөзді қорғауға арналған. Ол
қазақтың сөз бағалаған мінезін құрмет тұтады. «Бəсіре сөз» деген
өлеңіңде əкесі баласына: «Аттан жығыл жығылсаң - оқасы жоқ,
жығылуға болмайды сөзден, балам! Шашқың келсе - дүние, малыңды
шаш, тек сөзіңді беталды бере көрме» дейді. Сөйтіп ақын сөз қадырын
сақтау, оның бағасын көтеру туралы халықтық ойды жаңғыртады.
Оның «Ақынның үйі немесе Қасым Аманжоловтың үйін қирату»,
«Мұқтар Əуезов қабірінің басында жазылған жырлар», «Абайға мұң
шағу», «Жамбылды қорғау», «Кеңшілік Мырзабековті Алматыдан
аттандыру», «Сабырхан Асановтың қазасы», «Қарасөз. Қарашал.
Қарғыбау» сияқты өлеңдері түгелдей ақын мен ақындықты
бағалаудың бүгінгі ортадағы кемшілік тұстарын сынауға адамдықтың
биік рухы тұрғысынан келе алғандығын көрсетеді. Қасым үйін қирату
туралы өлең оқырманды ауыр сезімге бөлейді. Ақынның
қабырғаларын біртіндеп сөгіп, кеудесін бұзып, сəби жырлардың бесігін
сындырып жатқандай əсер қалдырады. Ол жырды қорғаудың кешігіп
жатқан ережелерін алдан күтеді. Онсыз озбырлықтың созыла
беретініне күмэн келтірмейді. Ендігі кезекте Жүрсіннің өз үйі
тұрғанын «Қиратып жатыр Қасымның үйін, біздің үй соның іргесінде
еді» дегенінен ұғамыз.
Жүрсін Мұқтар қабірінің басына барып та сөз қадыры өлгенін айтып
шағынады. «Қой» дейгі ұғын қожасы болмаған соң» жөнсіздік ұлғайып
кеткен орта шындығын ол «түлкі заманның» сыры мен адамдары
арқылы ашады. Осы топтағы рушылдық пен жершілдікті күйттеп, ит
өмірді тозаққа айналдырған казақ ағайындарын шенеп өтеді. Тіпті «ит
тірліктен іргеңді білгің келсе, жай табатын жалғыз жер - мола шығар»
деген ауыр сөздерге де барады.
Жүрсін «Абайға мұң шағу» өлеңін де Абай заманы мен бүгінгі қазақ
өмірін салыстыра отырып, солардан туған суреттерге өз көңіл күйін
сыйғызады. Өзгермеген шындықты екі дүниенің сырын ашар бейнелі
сөздермен тұтастыра суреттейді. Абайша толғап, Абайша сынайды.
Жүз елуге сіз беттеп,
Біз-елуге,
Жал-құйрығы заманның күзелуде.
Зəрін шашқан замана бұл қазаққа
Мұрша берер түрі жоқ түзелуге.
Батырар деп белшеден кімді ұйыққа,
Тіксінеміз үңіліп тұңғиыққа.
Атан түйе тарта алмас қасіретің
Абай аға,
Алаңсыз мінді иыққа.
Күн өтпейді тіл тістеп, тіс қажалмай,
Аяр заман алқымнан қысты ажалдай.
«Ұстарасыз аузына мұрты түскен»
Еліңді ойлап, қайнайды іш қазандай!
Алдымыздан ақ боран жолықпай қыс,
Өтіп жатқан жəне жоқ қамықпай түс.
Жалықпаймыз қашанғы жұртты алдаудан –
Алданудан жалықты халық байғұс.
Шортанбай шал болжаған заманақыр
Жетті ме екен: əйел-би, бала-батыр.
Ақылымның азабын тартып жүрсем,
Үйретеді үйде олар маған ақыл.
Ағайын да қатыбас – сол қалпында.
Азамат жоқ Алашқа болған тұлға.
Ешкіемердей еліңді теспей сорған
Алаяқтың қалтасы толды алтынға.
Ит құтырар – тезегін дəрі десең,
Бəрі – əулие қазақтың, бəрі – көсем.
Шортан іздеп шалшыққа қармақ салған,
Жарымес ем не деген-жарымесем.
(өлеңнен ұзағырақ үзінді алғаныма кешірім сұраймын. Менің
мазмұндауымды қажет етпей, ақын ойын өлеңнің өз сөздері толық
танытатын болғандықтан солай еттім. В.Белинский өлеңнің
бейнелілігін таныту үшін ақын сөзінің өзін пайдалану қажеттігі
туралы көп айтатын еді. Ұлы сыншы өзі де кейде 2-3 беттерге
созылатын үзінділер келтіретін). Өлең заман сырын ашына айтқан
бүгінгі ақынның ойлы талғамын айғақтайды. Оның кейінгі
бөлімдерінде Абай бейнелеген «қырттардың» бүгінгі көрінісі, «бірін
бірі алдаса, мəз болатын» қазақ мінезі, «хақтың адал жолымен жүрген»
адамдардың жағасын жыртуға тырысатын пəлеқорлық қылықтар
ашылады. Кеңшілік, Сабырхан, Мұкағали ақындарды да еске алуда да
олардың тағдырына заман салмағының араласуы сөз болады. Ақын
тойдан гөрі жаназаға жиі баратын дəуір ауыртпашылығын қинала
мойындайды.
Əрине, бұлардың бəрі ақынға өмірдің жақсылығынан күдер үзуге
жол бермейді. Ол да, бəріміз сияқты, үмітті алдан күтеді. Оның:
Үміт сөнбейді,
Ісім өнбейді.
Қажып жүрсем де,
Өлгім келмейді, –
дейтіні де осыдан.
Жалпы өмірдің өзі үмітке, болашаққа ұмтылған адамның сенімі ғой.
Сезім мен ой көбейген сайын, адам басында қайғыру мен қуану
сезімдері өскен сайын - біз өмірге жақындай түсеміз. Оны түсінуте
тырысамыз. Сонда ғана өмір біртіндеп ыстық құшағын ашады. Мұндай
өмірдің бір сəті қалғып-мүлгіп тіршілік жасаудан, ұсақ-түйекке
алданып өткен күндеріңнің жүз жылынан артық. Өмір шындығын
рухпен түсіну, сезіммен тану керек. Өмір сонысымен қызықты.
Сондықтан да ақын үнемі елегізумен жүреді. Өзгерісті алдан күтеді.
Жұрт таңқаларлық іс істейтіндей, достарын сүйіндіретін ерлік
жасайтындай сезінеді. «Кешіп жүрген өмірім əшейін де, бəрін қайта
бастайтын секілденем» дейді.
Адам өмірі жан-жақты, қызықты. Ол бірыңғай көңілсіздіктен,
айналаңа риза емес сезімнен тумайды. Адамның жеке басының
қу'анышы, оның көңілін бөлетін жар мен баланың қызықты өмірі,
табиғатпен қауышқанда ту атын сезім сəттері болады. Күннің шығуы,
шуағы мен жылуы, Ұлытаудың ұлылыгы, Көкшенің əсемдігі, Алтай
мен Арқа, Орал мен Ертіс – бəрі де адамға қуанышты көңіл күй
сыйлайды. Соны көре білу, сезе білу керек. Олардың ішінде ақын
көңіліне жұбаныш болатындары да аз емес. Ол біркелкі сұрқылт бояу
əсерімен өмір сүрмейді. Мағжан ақын өзінің көңілсіздігін сұлулардың
күлкісімен, ынтық сезіммен, еліне, Алашына деген құрметімен, түркі
жұртының ұлылығына сиынумен жеңген. Ескіні еске алып өзін
жұбатқан. Осынысымен-ақ ол өмір сүйгіштігін танытқан. Өмірді
зорлап сүйгізу ешкімнің қолынан келмейді. Оны көре, түсіне, сезіне
білу ғана ақынды кең, жарық дүниеге алып шығады. Жарық дүние
қанша дегенмен, қымбат.
Жүрсін еске алатын балалық сезімдер, өскен ұясын сағыну, анасы
мен əпкесінің мейірімді кейіптерін көз алдында елестету, даланың
суреттері – оның ақындык кеңістігінің тар еместігінің белгісі. Туған
жерімен, Отанымен байланысты естеліктерді ақындардың бəрі-ақ
(тіпті ақын еместер де) айтады. Соның тағдыры үшін ауырады, жүрегін
ауыртады, қуанады, қайғы тартады. Өйткені ол - ақынның рухы, жан
жүйесі. Туған жер махаббаты кім-кімнің болса да, жүйкесін билеп жүре
береді. Оны ақын басқаларға қарағанда қаттырақ сезінеді. Ол, қайғырса
да, куанса да, əдеттен тыс оқыс қимылдар жасайды. Табиғаты жағынан
ақын - жай адамдардай емес, шындықтың қауіпті жиегіне таяу, не
аспанға ұшута, не жарға құлауға дайын тұратын сезім иесі. Бұл - өмірге
құштарлықтың белгісі.
Осы сезімнің ұшқыны Жүрсін өлеңдерінде көбірек байқалады.
Құлжантай кұмының жұртына барған ақынның құлын күйін еске
түсіріп, балалық сезімін бүгінгі жырынды («Жырындымын. Жүрегім
бар жырым-жырым... Құмдай қалың мұңым бүгін») күйіне - қарсы қоя
суреттеуі, даланың теміртікенін (гүл аты), «Жыңғылды көңін» көріп
тебіренуі, баласына ертегі айтып беруге уақыты болмай, заман
қиыншылығымен алысып еткен ананың «ошағына от тұтатып»
жүретін қайраты мен «сақтай гөр жалғызымды» деп тəңірге
жалбарынып өткен əпкенің бейнесі көңілін мұң шалып жүрген
ақынның жұбанышы сияқты. Бірақ өмірдің аты -өмір. Оның кездейсоқ
шешімі көп. Сөйткен əпкесін кездестіре алмай өтіп бара жатқан ақын
жанын тек осы тұрғыдан түсіне білу керек («Мінекей өтіп барам тағы
зулап, Тұсынан сен жолығар вокзалдардың»),
Ұлытау, Сауран туралы өлеңдерін Жүрсін табиғат əсемдігін
суреттеуден гөрі қазақтың ұлы мекендерінің халықтық рухын тануға
құрған. Олардың бүгінгі күйін барлап, тарихты сыйлау, оны түсініп
бағалай білудің мəн-маңызын еске салады. Ұлытаудың үніне, ұйықтап
жатқан көне қала Сауранның сырына құлақ тосады. Бірдеме еститін де
сияқты. Сөйтіп ол арқар ауып, ұлан ұшып, қасқыр қолға түспей кеткен
соң киікпен алысып жүрген ойсыз, темір құрсанган құрдастарының
қылығына наразылық айтады.
Ұлытаудың ұлдары-ау,
Ұлытаудың,
Кұшағыңа жете ме үні таудың
Ұлан қашқан күңдері ұмыт, аулым,
Ұнжырғасы түспесін Ұлытаудың.
Ұлытауым, Ұлығым,
Ұлтым менің,
Ұран ілер басыңа бұлт ілмегін.
Ұларыңды ойлама, ұлыңды ойла,
Бауыры бүтін бар дейсің
бұл күнде кім,
Ұлытауым, ұлығым, ұлтым менің!
Өткенді еске алғанда ақын көңілі жүдеу тартып, өзін көне дəуір
рухы алдында қарыздар сезінеді. Ешкімге мұң шағып, ұрпағына өкпе
артпаған Сауран жұмбағын да ол жанымен сезінеді. Сөйтіп, оның
тұсынан жапон сағызын шайнап өткен «арсыздығына» күйінеді. Бұл да
бүгінгі ұрпақтың тарих тағлымдарына енжарлығын бейнелеудің жолы.
Соның өкілі ретінде Жүрсін басқаны емес, алдымен өзін, «құрбан» етіп
жүреді.
«Теріс аққан» өлеңінде Арқадағы осы аттас өлеңнің сырын ұғуға
тырысқан ақынның өзіндік ой түйіндері бар. Өз арнасын тастап теріс
аққан өзенді «шөліркеген даланы шыр айналып» «далаға нəр тамғызу
үшін» бұрылып кеткен болар деп шамалайды. Оның теріс ағуының
өзінен оң мінез таниды. «Терістердің бəрі сендей болса» деп
армандайды.
Кейкі батырды еске алған өлең де оқырманды осы ойға жетелейді.
Ол бір кезде елін жаудан қорғаған атақты батырдың Торғайдың
даласында бір шұқырда «үйелеп жатқанын» көріп күйінеді. Кейкінің
батырлығын тарихта болмағандай сезінетін («Қазаққа қорған болып
оқ қағардай, Асынып алмас қылыш тақпағандай, Қараусыз жатыр
Кейкі сай түбінде, Аттанып жауға қарсы шаппағандай. Найзасын ойға
сілтеп, қырға бұлғап, Дұшпанға ұрмағандай ырғап-ырғап, Жыртылған
шекпенінің етегіндей, Басында бір қаңылтыр тұр қаңырап») жандарға
өз сезімін қарсы қояды, Батыр аты ұмытылмайтынына, «қылышын
Кейкі деп суырар ұлдар туатынына» сенсе де, əзірше «Ал менің жүзім
қайдан жарқын болсын, кеудемде Кейкі ағамның өксуі бар» деп
аяқтайды өлеңін.
Жүрсін өлеңдерінде ойға тиек болар оқиға да, деталь да мол.
Оларды ақын ойната біледі, суретке түсіріп, əдемі жеткізеді. Өмірдің
күрделілігін суреттеуге арналған «Тұсаукесер» өлеңінде ол өзінің ылғи
сүрініп, құлап жүретінін сөз ете отырып, апасына «қайтадан тұсаукесер
жасашы!» деп жалынады. Оның сүрініп-қабынып жүруі, құлауы өмірдің қиындығын, оны жүріп өтудің оңай еместігін бейнелеуі. Соны
тұсаукесер арқылы тұспалдап айтып, əдемі шешкен. «Абайға мұң
шағуға» жалғастыра берілген тақырыбы басқашалау «Жиырма теңге»
өлеңінде ұлы ақының бейнесін жиырма теңгелік ақша бетінен көрген
Жүрсіннің оқшаулау сезімі көрінеді. «Оқулықтан көретін дидарын ақша
бетінен жолықтырғанына» кейістікпен қарайды.
Оқытып ең сен маған жыр шындығын,
Саудагердің қолында жүрсің бүгін.
Өлермендер заманы өлеңнің де
Мойынына салыпты-ау қыл шылбырын.
Түсінем ғой бəрін де,
Бірақ, Аға!
Не бетімді айтамын жыр-анаға!
Енді сені жұмсаймыз шай-пұлға да,
Араққа да жұмсаймыз, сыраға да.
Бұл өлеңнің бір сəттік сезімге құрылғаны дау тудырмайды. Ақшаға
ұлы адамдарының, Елбасшыларының суретін салу - көптеген
мемлекеттердің дəстүрінде бар нəрсе. Олар сол арқылы ұлыларын
ұмытпай əрқашан есте ұстауды көздеген. Қазақтар да алғашқы
ақшаларына көп адамның суретін пайдаланса да, кейін іріктеліп келіп,
жалғыз əл-Фарабиге тоқтады. Бұл - халық қалауынан туған деп
түсінеміз. Ал Жүрсін ақша бетіндегі сурет сырын басқаша бажайлайды.
Ол үшін ақынды айыптауға хақымыз жоқ. Оның оғаш сезімі - ақынға
ғана тəн. Жəне ол ойын тапқыр, бейнелі тілмен жеткізе алған.
Мынау менің ардақты Абайым ба?
Шытырлатып Абайды санайын ба?
Сенің құның не бəрі - жиырма теңге,
Менің құным көк тиын ағайынға!
Сөйтіп мұнда əр сөздің басын шығарған көп мағыналы өлең туған.
Бұлай айтпаса, тəп-тəуір жолмен жүре берсе, ол ақын бола ма? Шын
ақындардың бəрі де «өзі жүрген төтемен омбылаған» (Қасым).
«Екі сурет» деген өлеңде Жүрсін өзінің жас күнгі жəне бүгінгі
суреттеріне екі түрлі көзбен қарайды. Оған екі өмір сырын сыйғызады.
«Сұлу көрсе соңынан жүгіретін». «Қармағына ақ сазан ілінетін», «Жігіт
едім жақсыға жүгінетін» деген бейнелі тіркестер қызықты жастығын
еске түсірсе, оған қарсы қойылған бүгінгі сурет «Шарап берсең
шалқатап сіміретін», «Аяғына жем түскен тұғыр құсап, етегіме
болыппын сүрінетін», «Көн секілді тартылған сірі бетім» деген бейнелі
тармақгарда жарқын суретке айналады. Сурет сыры өмір сабақтары
болып түйінделеді.
Жігіт едім жақсыға жүгінетін
Жөнім бар-ау жалғаннан түңілетін.
Сындыр барлық айнаны,
Жырт альбомды,
Көрінбесін көзіме сүгіретім.
Сен не деген шеберсің, құдыретім!
«Фломастермен жазылған жыр» өлеңінде ақын түн ортасында ел
ұйқыда жатқанда ойына өлең жолдары түсіп, жазуға қалам таппай
фломастермен өлең жазуға мəжбүр болғанын суреттейді. Сезім сырына
қарай ол əр түсті бояу пайдаланады. Алау-жалау сезімін алқызыл
бояумен ақ қағазға түсірсе, жасыл бояу «желмен ойнап желбіреген
көйлегін» еске салады. Қызыл бояу «Қызыл тілі сүйреңдеп
қызғаныштың қызу дертін хабарлайды» сары бояу сағынышын
бейнелейді. Қара бояу қара түнде қара өлең боп құйылады. Өлең:
Тереземнен қызғылт шұғыла түскенде
Менің қара бояуым да таусылды, - деп аяқталады. Бұл - көңілінде əр
қилы сезім ұйытқыған адамның өмір қуанышына бет бұруы. Қызғылт
шұғыла - жарқын сурет сол өмірге құштарлықтың символы. Өлеңнің
басында Жұмағали Саинның атақты «Шырт ұйқыда жатыр едім» атты
өлеңіне ұқсастық байқалғанымен, Жүрсін, шешімі тіпті басқа арнада
дамиды. Ол фломастер болса да өлеңін аяқтайды. Ал, Жұмағали ақын
стол үстінде тұрған төрт қарындаш, төрт қаламын жоғалтып соны
іздеп балаларының бөлмесіне кірген күйінде соларды қызықтап,
ұйқыдағы кейпін аялап, ойға келген өлеңін ұмытып кетеді.
Қандай кітап дəл осындай сымбатты,
Қандай ақын бұдан артық жырлапты.
Айтыңдаршы дүниеде не барын
Төрт жүректің соғуынан қымбатты, - деп аяқтайды өлеңін. Жүрсін
өлеңі менің есіме Жұмекең ағамды түсірді де, мен інісінің өлеңін
дəстүрдің жалғасуы деп қарауға мүмкіндік алдым.
«Гольфстрим» деген өлеңін Жүрсін Қазақстанның Оңтүстік өлкесіне
арнапты. Мұнда сол өлкенің қазақтық, ұлттық пішіні суреттеледі. Ақын
оны «Қазақстанның бауырын жылытып жатқан жылы ағыс Гольфстримге» теңейді. «Саған келем -анамды аңсағанда, саған келем шалдарды сағынғанда», «Ата қазақ қалдырған дəстүрімнің біліп қайтам
əлі де өлмегенін», «Тамырыма жүгіріп ып-ыстық қан, Бауырмал боп
аттанам осы жақтан», «Шала қазақ болып кеп оңтүстікке, дана қазақ
боп кетем кетерімде» деген бейнелі тіркестерде ақын ойы ап-анық
көрініс табады. Оңтүстік Қазақстанның еліміздегі қазағы көп, ұлттық
дəстүрі мен салтымыздың ең көп сақталған жері екені, оны мекендеген
халықтың бауырмал, сыйлай да, сыйласа да білетін, дəм-тұзы мол,
қонақжай кейпі көпке мəлім. Бəрімізге таныс осы мінез Жүрсін
өлеңінде кең ашылған. «Ата жұртым» деген ұғымға алғашқы қазақ
мемлекетінің негізі қаланған жұртқа деген ыстық ықлас бар. Бұл
олардың бойында ертеден бүгінге дейін үзілмей келе жатқан дəстүрге,
халық тағылымына деген құрметті аңдатады.
Ойымызды қорыта келе, Жүрсін ақынның таңдамалысы кезектегі
жинақ емес, шын таңдамалы өлеңдерінің топтамасы екенін айтуды
дұрыс көрем. Мұнан өмірді байсалды, ойлы көзбен танып, өзінше
түсініп толғай білетін, айтарын көркем бейнелі образдармен жеткізе
алатын, талғамы зор, ойы терең, тілі бай жəне тапқыр ақынды
танимыз. Ол өмірдің жайсыз керіністеріне өзін мысал ретінде ала
отырып, көп нəрсені айтқан. Өзін аямаған басқаның бетін шидей
қылады ғой. Ақынның сыны да өткір, ойлы, дəлелді. Бұл жинақпен
Жүрсінді қос-қолдап құттықтауға əбден болады деп есептеймін.
«Туған күн» өлеңі жинаққа соңғы сөз ретінде ұсынылыпты. Онда
үлкен мақтаныш, өзіне деген қолпаш сөздер жоқ. Тек «Тұяғы жер
тарпыған тұлпардың мініске жарамайтын тұғыр болғаны» айтылады.
Ақындығына алғы сөз жазған Мақсұт Бəйсеитовті (Қарағандылық
белгілі ақын) еске алып, соңғы сөзді кім жазатынына күмəнмен
қараған. Ақынның біз сөз етіп отырған кітабы оқырманын
табатынына, соңғы сөз жазатын адамның табыларына менің күмəнім
жоқ. Тек əлі де айтары көп Жүрсінге оны жаздыруға асықпа дегіміз
келеді.
Серік ҚИРАБАЕВ
Ұлттық ғылым академиясының
академигі
ЖҮРСІН ӨТКЕН ЖОЛ
«Құдіретке жүгіну» кітабы хақында бірер сөз.
Басқа да барлық үлкен-кіші замандастары сияқты мен де Жүрсін
Ермановты ең алғаш ақын ретінде, ақын болғанда да баяғы
Маяковскийге қарата: «Босағада тұрмады, төрге ұмтылды»- деп Қасым
Аманжолов айтқандай, бірден-ақ буыны бекініп, бұғанасы қатайған
қалпында өз үні, өз əуенімен келіп қатарға қосылған талантты жастың
бірі ретінде танығанмын. Əу дегеннен-ақ өз тұстастары арасынан
суырыла алға шығып, ойлы да орнықты сыры, беделді де жырымен
қазақ поэзиясы сарбаздарының сапына епкіндей келіп кірген дарынды
жастың сол жылдарғы жүрдек те жүйрік қалам алысы мен қанат
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алыстан жəне жақыннан - 20
  • Parts
  • Алыстан жəне жақыннан - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2738
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    43.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 02
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2611
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 03
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2403
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 04
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2447
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 05
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2377
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 06
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2408
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    36.7 of words are in the 5000 most common words
    43.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 07
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2369
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 08
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2098
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 09
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2095
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    46.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 10
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2190
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 11
    Total number of words is 3828
    Total number of unique words is 2270
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 12
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2453
    27.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 13
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2420
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 14
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2357
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 15
    Total number of words is 3724
    Total number of unique words is 2536
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    33.2 of words are in the 5000 most common words
    39.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 16
    Total number of words is 3909
    Total number of unique words is 2501
    25.1 of words are in the 2000 most common words
    35.9 of words are in the 5000 most common words
    42.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 17
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2404
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    46.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 18
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2483
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 19
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2383
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 20
    Total number of words is 4116
    Total number of unique words is 2436
    28.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 21
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2493
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.