Latin Common Turkic

Алыстан жəне жақыннан - 14

Total number of words is 3961
Total number of unique words is 2357
31.7 of words are in the 2000 most common words
44.1 of words are in the 5000 most common words
51.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Шымкентен Əселхан Қалыбекова жетті. Жамбылдан Əзімбек
Жанқұлиев пен Шорабек Айдаров, Қостанайдан Əсия Беркенова келді.
Торғайдан келген Қонысбай Əбіловті аэропорттан мен тосып алдым.
Оның сол кезде «Халық ақыны» атағын алып асқақтап тұрған кезі.
Арнайы дайындаған қонақүймізге ертіп келгенімде неге екенін
білмеймін, жеке куəлігінің орнына сол атағын айғақтап берген
құжатын ұсынғаны. Тіркеуші дегенмен де паспортын сұрағанда
Қонаңның:
– Əй, шырағым, мен бұл куəлікпен сендер түгіл Мəскеудің бас
қонақүйінің люкс нөмірінде де жатқанмын, – деп қоқиғаны есімде
қалыпты. Жалғыз Қонысбай емес, басқа да айтыскерлердің де күндері
қайта туып, көңілдері шартарапқа шарықтап, дүр сілкінісіп қалып едіау сол кезде. «Қаңқу сөзі қазақтың неге өлмейді, ұлыңды да құлдай ғып
көгендейді» деп Жүрсіннің өзі айтпақшы, жақсының артына сөз еретіні
рас қой. «Айтыстың əділқазылары Жүрсіннің айтқанымен жүреді, ол
қай ақынды ұйғарса, бəйгені сол алады» деген қаңқу сөздің басы
қылтыя бастаған тұс еді ол. Айтыс басталарда Жүкеңе ақыл салдық.
– Анау КВН-дегі Масляковты көрдің бе, жұрттан да, қазылардан да
мүлдем бөлек, сахнада тұрады. Сен де сөйтсең қайтеді. Əрі басқаруыңа
да жақсы, əрі қазылар алқасынан да аулақсың, жұрттың жел сөзінен де
құтыласың, – дестік. Сөйтіп, ол сол айтыстан бастап өз бетінше бөлек,
сахнада отыратын болды. Жұрттың əлгі өсегі де саябырсыды.
«Айтыс үшін сайтанды да алдауға бармын» дейтін ол, кім бергені
есімде жоқ, əйтеуір сахнаның төріне айтыстың алғашқы бəйге-
машинасын жалтыратып шығарып қойды. Мұның əсері керемет
болғаны айтпаса да түсінікті болар деп ойлаймын.
Біреу үшін су кешіп, от оранып,
Құтқарғам жоқ төнгенде қатер анық.
Ат мінгізе алмадым бір адамға,
Бір адамға бергем жоқ пəтер алып!
– деп өзегі өртене жыр жазып жүрген Жүрсін кейіннен осы
айтыстың арқасында ақындарға қаншама машина мінгізді, тіпті,
олардың кейбіреулерінің пəтер де алуына да көмегі тигенін естіп
жүрміз.
– Жеңген ақынның өнеріне риза болып, шапан жауып, ат мінгізу
бұрынғы заманда да болған. Халық ақынға деген ризашылығын осы
арқылы білдірген. Ақынды риза етіп аттандырған. Айтысқа мəшине
тігіп, қомақты қаржы беруді шығарған мен ғана. 1984 жылдан бері 150ден астам көлік жүлдеге тігіліп, ақындардың алды кемі 14-15 көліктен
алды. Соның ішінде үкіметтің берген бір тиыны жоқ. Оның бəрі осы
отырған Ерманов деген қазақтың аннан-мыннан құрап-сұрап тапқан
ақшасына келген дүние, – дегені бар бірде ағынан жарылып. Ойы арам,
іші тар кейбіреулер: «жұртқа осынша көлік əпергенде өзі қаншасын
басып қалды екен» деп оның бұл сөзін де сан-саққа жүгіртті. Одан
басқа біреу болса алдымен өзін ойлап, жұртқа қалған кəшегін беріп
отырар еді. Бірақ ол Жүрсін ғой! Оның дүниеге алданбай, арын адал
сақтап жүрген азамат екендігін маңайында жүргендердің бəрі біледі.
Ол айтысқа деген адалдығына қай кездеде дақ түсірген емес. Мен
білетін Жүрсін он жылдан бері бір-ақ джип мініп жүр. Оның өзін күйеу
баласы Дəулет сыйлаған көрінеді.
Былай сырмінезділігіне салып білдірмегенімен, осындай жалалы
сөздердің Жүрсіннің жанын талай күйзелткені анық қой. Əйтпесе
оның: Даңдайсыған дəлдүріш данасыңдар, Жанып кетсең-жабатын
жаласы бар. Ит тірліктен іргеңді бөлгің келсе, Жай табатын жалғыз
жер-мола шығар... – деп ел аман, жұрт тиышта күңіренетін несі бар еді.
Бір əке он баланы асырайды, ал он баланың бір əкені асырауы екі
талай, дейді ғой бір тəмсіл. Сол айтпақшы, жақында Алматыда өткен
60 жылдығында əлгі алды он-ондап көлік мінген ақындардан бір
мезіреті болды ма екен деген ой келеді екен осындайда. Əй, қайдамау!? Айпақшы əлгі өзім қатысқан алғашқы айтыста бəйге алған
ақындардың бəріне жүлде жетпей қалғаны бар. Сонда Жүрсіннің балашағасының нəпақасы деп жинаған бар қаражатын əлгі ақындарға
жүлде
ретінде
беріп
жібергенін
көзіміз
көрді.
Сондағы
Бақытжамалдың шырылдаған даусы əлі құлағымнан кетпейді.
Бақытжамал – Жүкеңнің құдай қосқан қосағы. Оны ауыл, ағайын
туыстары жасынан еркелетіп Шəмкен деп атап кеткен сияқты. Жүрсін
де, біз де солай айтамыз. Енді айтайын деп отырғаным, менің осы
қарындасымның айтысқа сіңірген еңбегі үнемі қалыс қалып келеді.
Жүрсін – айтыстың атасы болса, Бақытжамал анасы дер едім мен. Өзі
де ел аузына іліккен теледиктор болған оның өмір бойы дерлік осы
айтыстың оты мен кіріп, күлімен шығып келе жатқанын көпшілік біле
бермейді. Мінезі көбіне алақұйындау болып келетін ақындарға талай
сапарда ие болып, тамағына дейін мезгілімен ішкізіп, қамқор болып
жүрген аяулы жанды ана демегенде не дейсің.
Айтулы айтыскер Оразалы Досбо-сыновтың қазасы талайдың
қабырғасын қайыстырды ғой. Оған Жүрсіннің азаланып та, назаланып
та шығарған өлеңі де бар. Бірде осы Бақытжамалдың Оразалының
қазасы жайлы көзінің жасын бұршақтатып төгіп отырып айтқан
əңгімесін тыңдап, біздің де босағанымыз бар.
Бақытжамал мен Жүрсін жиырма жастың маңайында ерте қосылған
жандар. Алпысқа келгенше сол алғашқы сезімдерін аялап сақтап келе
жатқандары ғажап енді. «Сыңарым» деген əнеу бір тамаша əн бар ғой.
Былай деп келетін сөзі де қандай:
Жастықтың қызығын бірге кешкен,
Шығар ма шырайлы күндер естен.
Жылуын сезініп махаббаттың,
Бір асып келеміз мың белестен.
Аяулы жыр əнімсің
Сен менің шынарымсың
Сен менің тағдырыма
Балаған сыңарымсың
Осы əннің сөзін жазған – Жүрсін.
Əдетте əдебиетшілер «типтік образ, мұның ар жағында бүкіл қазақ
əйелдерінің бейнесі тұр» десіп жатады ғой. Ал Жүрсіннің осы сөздерді
тек қана Шəмкенге арнап жазғаны айдан анық еді. Қарындаштай көп
жазған - қысқарамын, Бір күн өмір легінен тыс қалармын, Сен аман
бол-тірегі үш ғаламның, Ей, ардақты анасы үш баламның! – дейді одан
əрі. Жаныңа балаған жарыңа бұдан артық қандай сөз табылуы мүмкін.
Жүкеңнің бұл реттегі аяқ тастасы тіпті ерекше. «Поэзиясыз Жүрсін –
Жүрсін емес» деп марқұм Асқар Егеубаев досымыз айтпақшы, Жүкең
қайраткерлігі мен ақындығын қатар алып келе жатқан азамат екендігі
даусыз. Мен ақын да емеспін, əдебиетші де емеспін. Сондықтан,
Ермановтың поэзиясын оқырман ретінде ғана бағалай аламын. Жүрсін
жалпы бір қараған адамға түсі суық, батыр тұлғалы, жау қабақтау жан.
Содан ба, маған оның өлеңдері қара жартастың түбінен қайнап шығып,
мөлдіреп ағып жатқан бұлақ сияқты болып көрінеді. Əшейінде мінезі
тік, кімге болса да бет қаратпайтын ол, өлең жазғанда өзгеріп сала
береді. Барынша сыршыл, жаны ауырмайтын нəрсесі жоқ.
Алматыда отыз жыл өмір сүргенімде онда Қасым ақын тұрған үй
бар екенін де білмеппін. Ал Жүрсін оның бұзылғанына дейін көріпті.
Жай ғана көрген жоқ, жан күйзелісін айтсаңшы:
Дегені қайда-басылды құйын?
Ақылым жетпей ашиды миым.
Виноградов көшесіндегі,
Қиратып жатыр Қасымның үйін,- деп шырқырайды ақын жаны.
Қайдағы бір келімсек Виноградов дегеннің көшесі көсіліп жатыр, ал
Қасым ақынымыздың соңғы белгісі тас-талқан болуда. Жаның қалай
түршікпейді бұған.
Шықпаған кез елдің əлі бүйірі,
Ең тəуір ас – жүгерінің түйірі.
Кешке келсе, күтіп оны тұратын,
Жанбаған от, сауылмаған сиыры. - деген жыр жолдарын оқығанда
соғыстан кейінгі жоқшылық пен таршылықтың ызғары бойыңды
қариды. Бұл Ермановтың «Ертегі» деген өлеңі. Осыны сонау алыстағы
Нарынқолда бір əженің немересі жатқа оқып берген ғой.
– Өлеңнің əсері сондай, кейуана екі көзіне жас алып, үнсіз отырып
қалды, – деп еске алатын нарынқолдық Бақыт Жағыпарұлы деген
азамат, – Сəлден кейін ғана немересіне көңіл аударған əжесі:
– Мынау əлгі ділебизордағы айтысты жүргізіп отыратын сақалды
жігіттің өлеңі дедің бе? Мың жасасын шырағым! Бұл өлеңі біздің
өткенімізге қойылған мəңгілік ескерткіш қой, деп күбірлеп бетін
сипады.
«Мың ойланып, жүз толғанып» шыққан ақын шығармасының
тамаша төлеуі бұл. Жүрсін 60-қа толғалы оның ақындығы мен
азаматтығы туралы көп жазылды. Солардың ішінде айтулы ақын Серік
Ақсұңқарұлының мақаласы маған өзгеше болып көрінді. Ақын жанын
ақындай түсіну қиын деген рас-ау, сірə.
Серіктің өзі де «еменнің иір біткен бұтағындай» жұрт жүрген
жолмен жүрмейтін, жұрт көнген нəрсеге көнбейтін, көнгеніңіз не,
өзіңнің əп-сəтте ию-қиюыңды шығаратын алапат азамат. Біздің
өмірден ертерек кеткен досымыз Дəуітəлі Стамбековпен барынша дос,
барынша сыйлас болды. Найзағайдай шартылдап тұрған екі ақынның
қысқа күнде қырық төбелеспей қалай дос болып жүргеніне миым
жетпейтін. Қазақ əсіресе, бірін-бірі сырттан жамандағанда алдына жан
салмайды ғой. Ал бұл екеуі бірін-бірі мақтағанда сондай, тіпті бірінің
талантына бірі табынатын. Ал біздің Жүрсіннің де қай заманның да
ноқтасына басы сыймай жүрген жігіт екені бесенеден белгілі. Екі
тарпаң, сірə, бірін-бірі таныса керек. Серіктің егіле, елжірей отырып
жазған мақаласынан біз соны ұқтық. – Ақын дегеніміз – пенделерден
əлдеқайда биік. Періштелерден сəл төмен. Тəңірінің тізесінен келетін
тұлға болуға тиіс-ті. Ақындықтың адамзат қауымдастығындағы
осынау тарихи миссиясын жан-тəнімен түйсініп, азабына көніп,
ғажабына кенелгендердің бірі һəм бірегейі менің осы Жүрсін бауырым,
– депті Серік осы мақаласында. Айналайын Ақсұңқарұлының бұл
сырлы сөзінен кейін мен сияқты пенденің Жүрсіннің жүрегіне кіріп,
жанын қытықтағаным жөнсіз болар. Мен үшін жəне мен сияқты
талайлар үшін ол бір жатқан шешілмес жұмбақ, алынбас қамал. Оның
талай жылғы қызметтес серігі Нұртілеу Иманғалиұлы да басы қатып,
«Жүрсін сен кімсің?» деп миы ашып өлең жазған. Қысқасы, Жүрсін –
бүгінгі қазақ поэзиясының қиясына тігілген «Жұмбақ жалау»!
Ермановтың тағы бір қыры – оның табан астында тауып айтатын
айтқыштығы. Жанпейісов деген əнші жігіт баяғы Ғарекең шырқайтын
«16 қыз» əніндегі қыз аттарын 27-ге жеткізген ғой. Сонда Жүрсін:
«Нұржан шырағым, біз білетін əнде қыздардың саны 16 еді, қалған 11ін қайдан таптың, əлде оралмандар ма?», – деп жіберген ғой. Жүрсіннің
өзінің арғы түп-тұқияны да осал емес. Абылай əскерінің қыпшақ қолын
басқарған Тілеу батырдың ұрпағы ол. Менің ол бабам Ақтөбе жерінде
жатыр дегенінде, онда жүрген қайдағы қыпшақ деп күлетінбіз. Ақыры
Қара қыпшақ Қобыландының өзінің сүйегі Ырғыз жерінен табылды
емес пе? Ал қазіргі Астананың бұрынғы аты Ақмола деп жүргеніміз сол
Тілеу батырдың ұлы Нияз батырдың бейіті. – Елбасыдан бастап маған
аренда ақысын төлеуге тиіссіңдер, менің жерімде отырсыңдар бəрің, –
деп бізге талай күжілдеді ғой Жүрсін. Осыдан екі-үш жыл бұрын
Америкаға барғаным бар. Вирджиния деген қаласында супермаркетке
кіріп, мықшыңдап аяқ киім киіп көріп жатқам. Əлгісі сыймай ұзақ
əурелендім. Бір кезде «Экскюзми,сэр» деген сыпайы дауысқа жалт
қарасам, таудай-таудай екі ағылшын өткізіп жіберуді өтініп біраз
тұрып қалыпты. Шіркіндердің сыпайысы-ай! Осыны елге келгенде
Жүрсінге айтсам: «Арғын – аға баласы» деп сыйлаған ғой олар» деп
бəрімізді күлдіргені бар.
Тоқсаныншы жылдары мақтап жүрген қоғамымыздың тас-талқаны
шығып, мен қызмет істеп жүрген сол кездегі бас басылым «Қазақстан
коммунисі» журналының да берекесі кете бастады. Содан оның бас
редакторы Камал аға Смайыловтың батасын алып, Қалтай ағамыздың
айтуымен алғашқы шетелдік басылым «Заман-Қазақстанның» оңтүстік
өңірінің тілшілер қосынының басшысы болып Шымкентке қоныс
аударған бір кезім бар. Бір күні Алматыға келіп жүргенімде Жүрсінді
кезіктіріп қалдым.
– Əй, сен көрінбейсің ғой, қайда жүрсің? – деді ол.
–Жүке, екеуміз партшколды бітіріп ек, онымыз мынадай болды,
енді Шымкентке барып сартшколда оқып жатырмын, – дедім мен
əзілдеп. Сонда Жүкеңнің сұқ саусағын безеп тұрып:
– Осы екінші школыңды жақсы оқы, түбі сені сол асырайды, – дегені
ғой. Досымның сол ақылын орындаған да сияқтымын, қазір Астанада
небір жүйріктердің ортасында қатарымнан қалмай жүріп жатқан
жайым бар.
Біз атақты Қазақ университетінің журналистика факультетінде
алғаш 53 қыз бен жігіт оқыдық. Солардың ішінен Жүрсін сияқты небір
жүйріктер шыққанын мақтан тұтамыз. Ғылым докторларын былай
қойғанда, əр түрлі құқық қорғау органдарында қызмет істеген
полковниктеріміздің өзі төртеу.
Əлгі докторларымыздың екеуі Тұрсын Жұртбаев пен Намазалы
Омашевтар бұл күнде академик. Өзіміз бітірген факультетте көп жыл
декан болып,оны көкке көтерген Намазалы біздің елге күйеу. Жұбайы
Клара Хамзина Шет ауданынан, əйгілі Жидебай батырдың жұрағаты.
Еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстан» газетінің Бас
редакторы да біздің курстасымыз. Мұндай орындарға кейде шіренген
шенеуніктер де қойылып жатады ғой. Ал біздің Жанболатымыздың
таланты мен адамшылығы өзі отырған орынтағынан əлдеқайда биік.
Бірде Жүкеңнің осы бір қаршығадай қара жігітімізге «Жанболат –
біздің бəйтерегіміз» деп баға бергені бар. Жүрсін көгендеп қойсаң да
көлгірсімейтін азамат қой, оның бұл сөзіне түгелдей қол қойып
қосыламыз.
Ал, енді ақындықтың айдынында желкенін желге керіп қойып
көсіле жүзіп жүрген Айтовты білмейтін қазақ жоқ шығар деп
ойлаймын. Оның кешегі қиссалардың сарынымен суарылған
дастандарының өзі бір жатқан көл-көсір дүние. Несіпбек –
қазағымыздың қанын ойнатып жүрген айтулы азаматымыздың бірі.
Өмірдің базарында қатар жүріп, қосыла шауып келе жатқан
жайымыз бар. Оның ішінде Жүрсіннің атының барлығып, шаң қапқан
кезі болған емес. Болмайды да!
Жүрсін ақындығы, қайраткерлігімен қатар, журналистиканың да
шыңына шыққан адам. Əсіресе, қазақ телевизиясы мен радиосының
майын ішіп, қаймағын қалқыған қас шебер. Жалпы, Жүрсіннің аты
біздің курста «тұңғыш» деген сөзбен байланыстырыла айтылады. Ол
25-тен асар аспасында Жезқазған телевизиясының Бас редакторы
болды. Яғни, курсымыздан шыққан тұңғыш бас редактор. Қызғалдақ
деген қызын ұзатып, бізді бірінші рет құда қылып, құйрық-бауырдың
дəмін татқызды. Тұрмыстық тақырыпқа көшсек, Жезқазғаннан келіп,
Алматының ортасынан ойып тұрып, тұңғыш рет төрт бөлме үйге қол
жеткізген де осы Жүрсін екен. Ал, енді үйлену жағына келсек, ол бұл
жерде біріншілікті Несіпбек досымызбен бөлісуге тиіс.
Жүкең бүгінде Астанаға ат басын бұрып тұрған сыңайлы. Оның
қайда жүрсе де ел-жұртының бір жүгін арқалап жүретіні анық.
Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты Ерманов
Сарыарқаның саңлағы Сəкен Сейфуллин тақырыбына өткізілген
мүшəйраның да бас жүлдегері ғой. Сол Сəкен ағамыз оған: «Ей, Жүрсін,
жүнжіме, жүрме бос!», – деп сыбырлап тұрғандай болып көрінеді маған
үнемі.
Қырық жаста тау мен тасқа басты ұрып,
Елу жаста қолыма алдым таспиық,
Алпыс жаста төрде отырдым қасқиып, – деген екен Түрікпеннің
тұлпары Мақтымқұлы. Сол айтпақшы, туған елдің төрінде қасқиып
отыра бер, Арқаның ай мүйізді құлжасы!
Сəулебек ЖƏМКЕНҰЛЫ,
Қазақстан Республикасының
Мəдениет қайраткері, Қазақстан
Журналистер одағының мүшесі.
ЖҰРТЫНА ЖАҚЫН ЖҮРСІН АҚЫН
Жезді ауданындағы сол кездегі «Октябрь туы» газетінде өткен
ғасырдың 60-жылдарының бел ортасында Жүрсін Молдашұлының
жырлары жарық көре бастады. Жырға құмар басымыз Жүрсін
жырларын жылы қабылдап, газеттің əр санындағы əдебиет бетінен
Молдашұлының жырларын іздедік. Бəлкім сол жырға құмарлық, осы
бағытқа
бастау
алуымызға
себепкер
де
болған
шығар.
Қатарласымыздың жазған жырындай жыр жазуға ұмытылғанымыз да
жасырын емес. Жүрсіндей жыр жазуға құлшындық, осылайша жыр
əлеміне ұмтылдық. Көз алдымызда сонда да Жүрсін жүрді. Оның
жырлары тек қатарластарын ғана емес үлкенді де, кішіні де сол кездің
өзінде-ақ бей-жай қалдырмайтын. Ал Жүрсіннің өзі жыр додасында сол
кездің өзінде-ақ қамшы салдырмайтын. Осылайша Жүрсіннің өзінен
бұрын оның жырымен танысып жүргенде: «Жүрсін Бақытжамалға
(Шəмкен) үйленіпті» дегенді естідік. Бақытжамал дегеніміз 1966 жылы
Ұлытау 11 жылдық мектебін бітірген қос сыныптың ішіндегі ақылына
көркі сай, хас сұлудың өзі болатын. Бақытжамалға үйленгені бар, əдемі
жақсы жыр жазатын Жүрсінмен кездесуді шыныменен ойға алдық.
«Жақсы жыры бар, сұлу жары бар Жүрсін қандай бақытты» деп
таңқалдық. Сөйтіп, Жүрсін Молдашұлы деген ақынды іздейтін болдық.
Жылжып жылдар етіп жатты. Жезқазған облыс болып,
таланттылары дараланып, дарабоздары айқындала бастағанда ауызға
Жүрсіннің аты алына берді. Күндердің күнінде кенді қаланың көгілдір
экранынан Жүрсін ақын жыр оқыды. Кəдімгі атын естіп, өзі қандай
екен деп жүрген Жүрсініміз көңілге жылы ұшырады. Қою бұйра
шашты балғын жігіттің жігерлі үні «құлақтан кіріп, бойды алды».
Сырттай болса да таныстық, кейін ссы өңірдегі қалам ұстағандардың
көбісінің ұстазы атанған Көбейсін Еңсебайұлының шаңырағында сəтін
салып Жүрсінмен де кездестік. Кебекеңнің əрі шəкірті, əрі інісі болып
шықты. «Жүрсін екеуміздің де ұстазымыз бір адам – Көбекең» деп
қалжың айтар халге келдік. Əзіліміз де, əңгімеміз де жараса берді.
Кездесе қалсақ, бір-бірімізге «не жаздың, не жазып жүрсің?» деп
сауалдаса амандасатын болдық. Орайлы сəттерде бірімізге-біріміз
жаңа жазған жырларымызды оқып берген күндер де сағымдай сырғып
артта қалды. Ойындағысын ашық, бүкпесіз дəл айтатын Жүрсіннің
жүрісі мен тұрысы өзгелерден бөлек, қатарынан озық тұрғанын сол
кездің өзінде-ақ өзгеге айтпасақ та, өз ішіміз сезіп жүретін-ді. Тұлғасы
мен тұрқы бөлек жігіттің өз қатарын былай қойып, өзінен мүшел жас
үлкен атпал азаматтармен құрдастай қалжыңдасатын. Сонда оның
қалжыңы шынға бергісіз болып шығады.
Əлі есімде, 70-жылдардың орта тұсында көктемнің бір бозала
таңында сыртқы есік тарс-тұрс қағылды. Ұлытаудың таңы қандай?
Таңғы ұйқы қандай тəтті? Алаңсыз жатқан жанды беймезгіл қағылған
есік дүрсілі еріксіз сыртқа шығарды. Есіктің қарсы алдында есік пен
төрдей болып жабық «УАЗ» дүрілдеп тұр. Ұйқылы көзді тырнай ашып:
«Ой, бұл кім?» дегенімше болған жоқ, бейтаныс ұзын бойлы жігіт
төсқалтасынан қызметтік куəлігін шығарып, бүктеуін ашқан бетте:
«Батырбек Тыныштықбайұлы, машинаға жүріңіз, əңгіме бар» деп гүр
ете қалды. Тəртіпке бағынып қалған жан емеспіз бе, əй-шайға
қарамастан көліктің есігін ашып, ентелеп ішке лып бердім. Ішке
енгенім сол қарқылдаған күлкіге көміліп қалдым. Жан-жағыма
қарасам, қарсы алдымда ішегін басып, селкілдеп Жүрсін отыр. «Əй,
қорқытпаңдар дедім мен» деп Шəмкен ішек-сілесе қатады. Екі көзін
уқалап, селкілдей күліп, Нұрмұқан қолын созады. Сонда ғана есімді
жиғандай болдым. Артымнан машинаға ере мінген куəлік иесі қос
қолын созып сəлем береді. Таныса келе оның Жүрсіннің курстасы,
журналшы досы Тұрсын Жұртбай екенін білдім. Кеше түнделетіп
Ұлытаудың үстінен өтіп, Аманкелдіге қарай бармақ болады. Көктемнің
жолы қандай, Тассайдың түбінде былқылдаққа батып, «буксовайттап»
жатады. Дөңгелектің астына тас салып, ағаш салып əупірімдеп кейін
қарай əрең шығады. «Қайда бару керек?» дегенде батырды бір
сынайық деген болу керек, іштеріндегі танымайтын Тұрсынды
жібергендері екен. Шай қойылды, қой сойылды дегендей, мəре-сəре
болдық. «Əй, аңғалдығың-ай» дейді Жүрсін маған. «Оның куəлгі де,
тура өзіңдікіңдей емес пе? Соған да зер салмадың ба?» деп сылқ-сылқ
күледі. Күлкісі қандай? Көңіліңді көтеріп, жаныңды жадыратып
жібереді.
Күнделікті күйбең тірліктің ауанымен демалысты да ұмытып, тау
қойнауына еніп кеткенмін. Себеп, кешеден бері жалғыз сиырдың
қызыл бұзауы жоқ. Таудан-тауға асып, тоғай мен тоғайды аралап
қызыл тананың қасқыр жеп кеткен қаңқасының үстінен шықтым.
Қасқырға қаным қарайып қайтты. Көңіліме жыр шумақтап, үйге
жеттім. Келсем, бір автобуспен Жүрсін келіп, Игіліктің үйіне атбасын
тірепті. «Таудан келісімең бізге келсін» деген сəлемін тастап кетіпті.
Салып ұрып, желпілдеп жетіп бардым. Ыңғай мен сығайлар. Кешігіп
келген мені ортаға алып жатыр. Жүрсіннің шарты тіптен бөлек. Ол
алғашқы сөздің басын бастайды, «ал, ұйқасын тап» деп түрткілейді.
Осылайша əдемі бір таңды жақсы сөздерден ұйқас құрап, ұйқысыз бір
таңды атырдық.
Жезқазған облысының ақындарының айтысы өтетін болды. Ұлытау
ауданынан ақын дайындау тізгіні маған тиіп, комсомолдың хатшысы
Жаңбырбай əншіге лайықтап сөз жазып, айтысқа дайындалдық. Əуезі
əдемі, келбеті келісті Жаңбырбай 70 ауыз өлеңді өз жанынан
шыққандай жаттап алды. Қай жерінен сұрасаң, сол жерінен
жаңылыспай айтып береді. Сақадай сай болып, Ақадыр ауданымен
айтысқа түстік. Сахнаның төрінде «айтысақыны» төгілтіп отыр. Оның
қасында отырып, қарсыласының əр қимылының қайсыбір тұстарын
шумақтап, Жаңбырбайдың алдына ірі əріппен жазып, дөңгелек
столдың үстіне қисайта қоямын. Айтыс əсерлі шықты. Жаңбырбай
төкпе ақын атанды. Үзілістің кезінде Жүрсін келіп, «сөз саптасын
таныдым, сенің қолтаңбаң көрініп тұр» деп қолымды қысты. Келесі бір
жолы кездескенде əңгімеміз тұтастай айтыс тақырыбына ауысты.
«Кешегі Болман, Тайжандардың елінен төкпе ақын шықпауы мүмкін
емес» деп Жүрсін жүрегін қолына алады. Дəл қазір көрініп тұрған
ешкім болмағаннан кейін, оған былай деп сөз қоса алмадым. Ол болса,
«Шынболат ақын шымыр ақын» деп Шыңкеңнің тамырын басып
көргенін айтады. Қалай да олай, бұл өңірде айтыс ақыны болу керек
дегенге өзін де, өзгені де сендіргісі келеді-ақ. Қайсыбір ретте «айтысқа
сөз жазып бергенше, өзің неге шықпайсың, ойлан» деп мені де қайрап
қояды. Бірақ, оны шын сөзден гөрі, əзілге балап «е, жарайды» деп күле
саламын. Айтыс жайлы Жүрсіннің сол жылдардағы жарау аттай
серпілісі, кейін де оның осы бір атамұрамызға дендеп кірісуіне бастау
болғандай екен ғой деп бүгінде ойлай беремін.
Былайғы жұрт Жүрсінді ең алғаш рет журналист, тележүргізуші
ретінде танып білсе, бертін келе айтыстың ұйымдастырушысы «өліп
қалған мұрамызды тірілтуші, жоқты іздеген Асанқайғы» деп
танығанымен де, оның кең тынысты, кемел ойлы ақын екенін де
жадынан еш шығарған жоқ. Жүрсін жырларын оқыған сайын мен басқа
бір адамды, өзім танымайтын, өзім бұрын көрмегең білмеген
адамыммен жолығып тұрғандай күй кешемін. Жырлары «мені оқы»
деп өзі шақырып тұрғандай сезінемін. Əсілі, ақынды жақтай қоюы,
ақынның жырының ақынға əсер ете қоюы əсерлі болады. Сондай
əсерге Жүрсін жырларын оқыған сайын мен де бөленемін. Сонау бір
жылдары жазған жырында Қасым ақынмен сырласқандай күй кешіп,
мұң шағады.
Дүлдүлім еді жыр кешіндегі,
Бауырын жазып бір көсілмеді.
Қиратып жатыр Қасымның үйін,
Біздің үй соның іргесінде еді, – деп жыр толғайды Жүрсін.
Шынында да, Қасымның үйін қиратып жатқандар кімнің үйіне
қарасын? Əрине, бұл жерде Жүрсіннің айтып тұрғаны Қасым сияқты
ақынды елемегендер, басқаны қайтедіге саяды. Жыр жолындағы
дүлдүлдің жолын кесер əпербақандық пен əңгүдүктердің көбейіп бара
жатқанына қиналады. Қиналады да, ортаға ой тастайды.
Ақын жүрегі маңайдағыны былай қойып, алыстағыны сезеді. Ақын
көзі көз алдындағыны ғана емес, қиядағыны шалады. Ал, көңілге
көргеннің бəрі сия ма? Бұл жайлы Жүрсін не дейді?
Арбаса нəпсі Ібіліс
Алаңдап қалам, ұлып іш.
Көңілге неге сыймайсың,
Көзіме сыйған құбылыс...
Иə, шынында да көзбен көргеніңнің бəрін көңілің қабылдай
бермейді. Əсіресе, ақын көңілі ақ пен қараның, жақсы мен жаманның
таразысы іспеттес. Ақын көңіліне күнделікті тірліктегінің бəрі бірдей
қона бермейтіні де содан. Содан да барып ақын қоғамдағы болып
жатқан құбылыстың енді болатынының алдын болжап айтады. Жəне
ақынның айтқаны əзірге қате кетіп көрген жоқ. Олай болатыны ақын
Аллаһтың айт дегенін ауызға салғанын айтады. Бұл тұрғыдан келгенде
Жүрсіннің жазған жырлары оқырман көңіліне қалықтай келіп қона
береді, қона береді. «Жақсы жырлар жазу үшін іздену керек, ізденбесең
болмайды» дегенді Жүрсін жиі-жиі айтады. Ол жұбату үшін емес, алға
қарай жетелеу үшін айтады. «Ақбұлақ» шипажайында менің соңғы
шыққан бір жыр жинағымды парақтай қарап, оқып отырған Жүрсін
«Сен білесің бе? Менің бүгінгі жазып жүрген жырларымның ырғағы бір
кезде екеуміздің де ұстазымыз Көбейсін үйреткен ырғақ. Мен осыны
əрі қарай дамытып кеттім. Көбекең өзі бұған қайырылып соқпай кетті»
дегені бар. Ойланып қалдым. Шынында да, «алға қарай жылжу үшін
жаттығу керек, жазу керек» деген сөз жанашырдың сөзі емес пе?!
Осыдан он шақты жыл бұрын Жүрсін ақын 50 жасқа толып,
Қарағанды қаласында əдемі айтыспен аталып əтті. Əділ қазылар
ортасында отырған күні кеше дүниеден озған Қадыр ақын сахна
төріне көтеріліп: «Біз мына Тұманбай екеуміз Жүрсін ортамызға
келгенде соңымыздан еріп, сөмкемізді көтеріп жүретін шығар деп едік.
Сөйтсек, бүгінде біз екеуміз де осы Жүрсіннің соңынан өзіміз қалай
еріп кеткенімізді аңғармай қалдық. Ақындығы да, азаматтығы да алға
тартып барады» деген еді. Қадыр ақынның осы бір сөзі Жүрсін ақынға
берілген шын баға ма дейміз.
Шынында да, ақындығы ды, азаматтығы да тең тұрған Жүрсін ақын
Ұлытаудан жыр оздырып, Алатаудан асырды. Бұрынғылар айтып
жүрген «Алпыс деген талтүс» деген əдемі жасқа келіп қалды. Бұл
Жүрсіннің мəуелі бақтай жайқалып, жемісін елге енді тіптен молынан
беретін берекелі шағы дейміз. Ендеше, «мəуелі бақтың шуақты шағы
шырайлана берсін» деп тілейік Тəңірден.
Батырбек МЫРЗАБЕКОВ.
АЙСБЕРГ
(Ақын Жүрсін Ерман шығармашылығы хақында)
Қазақ поэзиясының жазылмаған бір заңдылығы бар. Бір шайырлар
мол жазылған, кең танылған ғажайып лирикалық жырларымен,
көлемді дастандарымен тарихта қалады. Енді бір қаламгерлер
қаншама көп кітап жазса да, бірте-бірте халық жадында қалмайды,
уақыт өткен сайын ұмытылып кете барады. Ал тағы бір ақындар өзінің
əрбір шығармасын он ойланып, жүз толғанып, оқырман таразысына
ұсынатын аса талғампаздығынан əдебиеттегі өз орнын ойып тұрып
алып, тұғырлы тұлғаға айналады.
Қазақ өлең өлкесіне өткен ғасырдың жетпісінші жылдары нық
басып, мығым келген ақын Жүрсін Ерман – аз жазса да, саз жазатын
талғампаздығымен танылған қалам иесі. Оның есімін байтақ Қазақ
елінің еңбектеген жасынан, еңкейген кəрісіне дейін біледі десек, артық
айтқандық емес. Ол қазақтың төл өнері ақындар айтысын жаңғыртып,
қайта жандандырған ерен еңбегі арқылы танылды дер біреу. Бұл сөзде
де жан бар болғанымен, біз білетін Жүрсін Ерман, ең алдымен, қазақ
жазба поэзиясының керуенін алға тартып, көшін ілгері сүйреген
тегеуірінді жырларымен, сюжетті балладаларымен, поэмаларымен
танылған талантты ақын. Бұл – қаламгердің көпшілік біле бермейтін
көп қырының бірі, бірі болғанда да бастысы. Бірақ Жүрсін өз
шығармашылығын насихаттауға жоқ адам.
Өзінің баспасөз бетінде берген бір сұхбатында : «...Жыл сайын
кірпіштей кітабын шығарып, дорбаларын тасып, өткізе алмай жүрген
ағайындарды көріп жүрміз. Алланың нұры жауып, ықыласы түскен
шақта жазылса, бір өлең аздық етпейді, он өлең де көптік етпейді.
Құдайдың құтты күні, жоспарлы түрде өлең жазатын кісілерді де
білеміз. Жазу қылмыс емес шығар. Жазғаныңның бəрін тасқа бастырып
жариялата берсең – сол күнə. Жалпы, ақын адам айсберг тəрізденіп,
бойын жасыра білгені жарасады... Алпыс-ақ өлеңімен адамзат ойының
асқарына айналған Абай ағадан тəлім алсақ, несі айып?! Мен көп
жазбайын демеймін, өз сөзіме өзім қойған қарауылым жылдан-жылға
қырағыланып, қатайып барады...» – деп ағынан жарылған ақын сөзінен
шынайы əдеби шығармаға деген талаптың күштілігі мен ел
алдындағы қаламгер жауапкершілігінің айқындығын сезінуге болар.
Əйтпесе Жүрсін Ерман «Құстың көлеңкесі» деген атпен таңдамалы
70 өлеңін жарыққа шығармас еді. Ішкі талғам, нағыз ақынға қойылар
жоғары талаптың өзі əрбір қалам ұстаған жанның қадір-қасиетін
арттырмаса, кемітпейтіндігіне əдеби процесте мысал жетіп артылады.
Бір сəт шегініс жасайық. Қалың қазақ қауымының жүрегінен орын
алған ақын Жүрсін Ерман əдебиетке қалай келді? Ең алдымен, ақынды
ақын ететін оның туған жері, өскен ортасы. Алты Алаштың тарихында
айрықша орын алатын сыр-шежіреге, аңыз-əңгімеге, қастерлі көне
ескерткіштерге аса бай қасиетті Ұлытау өңірінде дүние есігін ашты ол.
Арысы грек тарихшысы Геродоттың, орта ғасырлық саяхатшы Плано
Карпинидің, берісі орыс, қытай жазбаларында аталатын Ұлытау – бұл.
Қаракеңгір өзенінің жағасындағы Дүзен кесенесіне жақын жердегі тас
дəуірінен қалған шеберхана, тас ғасырынан, қола дəуірінен қалған елді
мекендер, мазарлар мен Беғазы-Дəндібай мəдениеті кесенелері, ежелгі
патша əулеттері жерленген обалар, ғұн, түркі, оғыз-қыпшақтар
мəдениетінің белгілері, осыдан 3 мың жыл бұрынғы мыс, қалайы,
алтын, күміс өңдеген адамдардан қалған жəдігерлер мен Теректі əулие,
Зыңғыртас, Арғанаты таулары жартастарындағы петролифтер, Ұлы
Жібек жолының «Сарысу» тармағы өткен жол – Ұлытауды тарихтың
ашық аспан астындағы айқара ашылған Ұлы Дала Кітабына
айналдырғалы қашан. Қазақ қазақ болғалы небір аумалы-төкпелі
замандарды бастан кешіргенде, Алаша хан, Жошы хан, Болған ана,
Бату хан, Құтлық Темір, Едіге, Тоқтамыс, Əмір Темір, Керей мен
Жəнібек, Қасым хан, Тəуке хан, Абылай хан, Кетбұғы, Барақ, Көшім,
Əбілхайыр, Қазыбек, Төле, Əйтеке билер, Бөгенбай, Қабанбай,
Кенесары сияқты ел бастаған көсемдер, сөз бастаған шешендер, қол
бастаған батырлардың өмірлері тікелей Ұлытаумен байланысты
болғандығын көзіқарақты жұртымыз жақсы біледі. Сол киелі өлкедегі
Байқоңыр ауылында өмірге келген Жүрсін ақын:
«Ұлытауым, ұлығым ұлтым менің,
Ұран ілер басыңа бұлт ілмегін.
Ұларыңды ойлама, ұлыңды ойла,
Бауыры бүтін бар дейсің бұл күнде кім?
Ұлытауым, ұлығым, ұлтым менің»,–
деп киелі өңірді өлеңге қоса келді. Əкеден жастай жетім қалып, ана
бауырында өскен Жүрсіннің сөз өнеріне ден қоюына тікелей себепші
болып, жолын ашқан екі адамның есімін ол үнемі айтып жүреді. Оның
бірі – тіл əдебиеті пəнінің мұғалімі Сапарғали Кентаев та, екіншісі –
Жезқазған облыстық «Сарыарқа» газеті редакторының орынбасары,
немере ағасы Көбейсін Еңсебаев болатын. Еңбек жолын Жезді ауданы
газетінен бастайды. Əрі қарай 1968 жылдан Қазақстанның ірі
орталығы – Қарағанды қаласында əдеби ғұмырбаяны басталады.
Небəрі 17-дегі өрімдей жасты Қазақстан Жазушылар одағының
Қарағандыдағы бөлімшесін басқаратын, Алаш зиялысы Жайық
Бектұров арнайы шақыртып, облыстық теледидар мен радиодан
өлеңдерін оқытады. «Орталық Қазақстан» газетіне тұңғыш
жарияланған өлеңдеріне Мақсұт Байсейітов алғысөз жазып, тұсауын
кеседі. Бұл да бір белес.
Арман қуып Алматыға келіп, КазГУ-дің журналистика факультетіне
оқуға түседі. Сол кездегі əдебиет əлеміне қадам басуы жайлы ақынның
өзі былай дейді: «Үлкен өнерде арқамнан қаққан адамдар бар. Мен
жоғары оқу орнына түсіп оқып жүргенде, 19 жасымда алғашқы
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алыстан жəне жақыннан - 15
  • Parts
  • Алыстан жəне жақыннан - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2738
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    43.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 02
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2611
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 03
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2403
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 04
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2447
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 05
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2377
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 06
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2408
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    36.7 of words are in the 5000 most common words
    43.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 07
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2369
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 08
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2098
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 09
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2095
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    46.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 10
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2190
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 11
    Total number of words is 3828
    Total number of unique words is 2270
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 12
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2453
    27.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 13
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2420
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 14
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2357
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 15
    Total number of words is 3724
    Total number of unique words is 2536
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    33.2 of words are in the 5000 most common words
    39.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 16
    Total number of words is 3909
    Total number of unique words is 2501
    25.1 of words are in the 2000 most common words
    35.9 of words are in the 5000 most common words
    42.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 17
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2404
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    46.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 18
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2483
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 19
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2383
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 20
    Total number of words is 4116
    Total number of unique words is 2436
    28.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 21
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2493
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.