Latin Common Turkic

Алыстан жəне жақыннан - 11

Total number of words is 3828
Total number of unique words is 2270
30.4 of words are in the 2000 most common words
44.4 of words are in the 5000 most common words
51.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
көрсетілмейді. Есесіне еліміздің теле кеңестігін Ресей мен басқа
елдердің түпкі мақсаты экспанциялауды көздейтін тағылымдық мəні
жоқ, арзан хабарлары жаулап алып, өз үстемдігін жүргізіп келеді.
Шынын айтсам, телеарналардың басшылық қызметтеріне
халықтың қамын емес, тек қалтасын қалыңдатуды ойлап келетін
басшылармен тізе қосып, жұмыс істей алмадым. Ақыры басшылық
қызметке телеарнаның жұмысын түк сезбейтін, тіпті оның қарапайым
қағидаларын білмейтін, тəлім тəрбиелік мəні күшті құрылымды ақша
табудың көзіне айналдыруды көздеген Дəурен Əбдіхамитов деген
жігіт келісімен өз еркіммен кетуге мəжбүр болдым. Қарап отырсам,
бас-аяғы 2-3 ай ғана директор болып қызмет атқарыппын. Сол
Д.Əбдіхамитов бір күні хабардың безендірілуіне жеті миллион ақша
бөліп, маған «қол қойыңыз» дейді. Мен оның арам пиғылын сезіп, қол
қоймайтынымды айттым. Бір ғана хабар үшін мемлекеттің соншама
қыруар ақшасын шығындайтындай студияның ішінен Қожа Ахмет
Яссауидің кесенесін тұрғызамыз ба? Сол Д.Əбдіхамитов ақша табудың
оңай жолын əріден ойластырса керек, апта сайын жүргізушінің
костюмін жаңалау үшін ақша бөліп, заңсыз құжаттарға қол қойдыртып,
арандатқысы келді. Мұндай басшымен қалай жұмыс істейсің? Бүгінгі
телеарналар да сол жаттанды қалпынан ауытқыған емес. Кеңес
заманында топырлаған адамдарды студияға жинап алып, жұртты
жалықтырып жіберетін нашар хабарларға «говорящие головы» деген
атау тағылатын. Соның өзінде режиссерлер сөйлеп отырған адамның
əңгімесінің мазмұнына қарай əртүрлі ұтқыр шешімдер тауып, іш
пыстырарлық хабардың өзін құлпыртып жіберетін. Қазіргі
телеарналардан беріліп жүрген хабарларда сондай еңбектің нышаны
да жоқ. Телеарналардың жүргізушілігіне кім болса сол шақырылып,
студияға келген меймандарға адамның күлкісін, кейде тіпті ызысын
келтіретін «қанша əйелің бар»,»көлігің қандай», «қанша пайыз шындық
айтып отырсыз» деген тəрізді бостекі сұрақтар қойылып, сол
сауалдарға оқыс жауаптар алынса, өздеріне өздері мəз болып, экранды
татымсыз дүниелермен толтырып отырмыз. Сонда Қазақстандағы
теле арналар үшін осындай арзан, көрерменіне берер түгі жоқ, ойынсауық пен шоудан басқа көрсететін мəнді нəрсе қалған жоқ па? Ұрпақ
тəрбиесі, ұлттық дəстүр деген қайда? Халықтың басын қосу деген
қайда? Ұлттық идея деген қайда? Өз басым əзірге оны ойлауға деңгейі
жететін іскер басшы қазақ телеарналарының басына келе қойған жоқ
деп санаймын.
– Кезінде Сіз де бүгінде жаңғырығы жалпақ жұрттың құлағына
жетіп отырған мемлекеттік сыйлыққа айтыстың жобасын
ұсынып, бағыңызды сынап көрген екенсіз. Өте алмай
қалғаныңызға өкінбейсіз бе?
– Бəйгеге қосқан аты өзгелерден мəреге қара үзіп келмеген адамда
өкініш болмайды дейсің бе, болады. Менің де еңбегім бар шығар, соңғы
отыз жылдың көлемінде айтыс өнері қазақтың рухани өмірінен өз
орнын іздеп тапты. Халқынан көз жазып қалған қасиетті өнер ата
жұртымен қайта қауышып, табысты. Сіз сыйлықты айтасыз, қазіргі
айтыс қамқорлыққа зəру болып қалды. Айтысты үкіметіміз қаласа
ашады, қаламаса жабады. Жақында 3-4 ай болды, Мəдениет
министрінің пəрменімен айтыс деген бөлім ашылды. Үш-төрт адам
қызмет жасап жатқан сияқтымыз. Сияқтымыз деп отырғаным
қолымызда түгіміз жоқ. Айтысты ақ-тер көк тер болып өткізетінімізді
қайтейік, əзірге оны халыққа жеткізуге телеарналар мен радионың,
баспасөздің беті жабық тұр.Қазір шындықты айтпақ түгілі
көлеңкемізден қорқып, жоғарыдағы қолында билігі бар адамдар мен
кішігірім шенеуніктердің өзіне жалтақтап қарайтын дəрежеге жеттік.
Айтыс деген сөздің түпкі мəнінің өзі айту деген ұғымды білдірмей ме.
Айтыс қоғамдық ойды қозғап, ұлттың өзін өзі тануына кедергі келтіріп
отырған түйткілді мəселелерді жеріне жеткізіп айта алмаса, онда оның
несі айтыс? Осы күні билік басында отырған кейбір шенеуніктер
тұспалмен айтылған сəл ғана қалжыңның өзін көтере алмай
шамданып, соңынан айтыстың қақпасына қара құлпын іле салады.
Үстіміздегі жылдың 9 желтоқсаны күні Астана қаласында
«Тəуелсіздікке тағзым» деген атпен ақындар айтысы өтеді. Былтырғы
ақындар айтысын əлі күнге теле арналар арқылы халыққа көрсете
алмай отырмыз. Биылғы айтысты да шалғайдағы бауырларымыздың
көгілдір экран арқылы тамашалай алатынына үмітіміз аз. Себебі
ақындар айтысы барысында əртүрлі əңгімелердің айтылып, оның
кейбір жекелеген шенеуніктердің шамына тиіп кетуі əбден ықтимал.
Қазіргі ақындардың бəрі сауатты, мемлекетке қарсы сөз айтпайды,
сонда да төмендегі шенеуніктер өз сұлбаларынан өздері үркіп,
«жоғарыдағылар не деп қалады екен» деп үрейленіп отырады.
– Тарихтың сахнасынан алыстап, өшіп бара жатқан айтыс
өнерінің аузына дер мезгілінде су тамызып, қайта тірілткен
азаматтың бірісіз. Десе де біздің бір байқағанымыз, ылғи да сын
мен өкпе наздың ортасында жүресіз. Сіздің атыңызға бағытталып
айтылатын сондай сынның мазмұнының бірі «Айтыстың
қаражатын табатын біз, ал, қайырымы мен қызығын көретін
Жүрсін Ерман» деген ойға саяды.
– Осы айтысқа үкіметтің қомақты қаржы шығындағаны шамалы.
Айтыстың арқасында алды 30-дан,40-тан көлік мінген ақындар бар.
Сол қаражатты өзгелерге алақан жайып, қалтасы қалың азаматтарды
айтысқа қайырып əкелу арқылы таптық. Əңгіменің əділдігін айтсақ,
сол тентіреп жүріп табатын қаражатқа иелік жасайтын мен емес,
айтысқа төрешілік жасайтын қазылар алқасы. Оның құрамында
қазақтың мүйіздері қарағайдай ақындары мен жазушылары,
ғалымдары бар. Солар қалай шешім қабылдайды, мəселе солай
шешіледі. Кейде жүлденің əділ берілмей кетуі де мүмкін. Себебі
абсолютті əділдік деген еш жерде жоқ. Мені кейбір адамдардың сол
айтыстардың қалай өткені немесе онда қандай өткір ойлардың
айтылғаны емес, бас жүлденің кімнің қанжығасында кеткенін ойлап,
уайымдап отыратындығы таңқалдырады. Ағайын-ау, сол айтыстың
жүлдесін Тəшкеннен Тəшмет ака, Ресейден Иван келіп қанжығаларына
бөктеріп əкетіп жатқан жоқ ғой. Жиған-тергеніміз жасы бар, жасамысы
бар өзіміздің 120 шақты ақынның арасында бөлінеді емес пе?
Қазіргі айтыстың жаңарып, жасарған кейпін көре алмаушылық
əсіресе жазба əдебиет өкілдері тарапынан жиі кездеседі. Сондағы
олардың кейбірінің қызғанышына от тастайтыны «біз ондаған жылдар
бойы көз майымызды тауысып, роман, поэма жазып, том-том кітап
шығарамыз оған мынандай қаржы бөлінбеді. Ал, айтыс ақындары бір
сағат, жарты сағат сахна төріне шығып, айналдырған аз уақыт ішінде
көлік мініп кетеді» деген қыжыл ғана. Əсіресе қазақтың айтыс өнерінің
бас дұшпанына айналып отырған белгілі жазушымыз Дулат
Исабековтің бұл өнердің халық тарапынан əділ бағасын алғанын
түсінетін кезі жетті деп ойлаймын. Былтыр бір айтыстың үстінде
жазушымыз «айтыс деген ХХІ ғасырдың өнері емес, оны тоқтату
керек» деп ұшқары пікір айтып қалды. Дулат Исабековтің осы сөзіне
байланысты Мұхтар Ниязов деген ақынымыз жазушының жақын
інілерінің бірінен саналатын Бекарыс Шойбековке «ағаңа айт,
абыройсыздығын тоқтатсын» деп өтініш айтқан кезде, ол қазір
жұрттың аузында жүрген «Кластағы баланың сөзін айтып, классикпін
деп жүрген осы ғана» деген өлең жолдарын айтты. Қазақтың осындай
мықты жазушысының айтыс өнеріне соншалықты шүйлігіп, сорлы
көзқараспен қарайтындығы тым өкінішті.
– Дулат Исабеков айтыс өнеріне неге соншалықты жауыға
қарайды деп ойлайсыз?
– Жазушының онысын жеке басымдағы табыс пен бақытты көре
алмаушылықтан туындаған пендешілігі деп есептеймін. Болмаса
айтыс ешкімнің қазанына түсіп жатқан жоқ, өз несібесі өзіндегі өнер.
Сондықтан да Дулаттың мұнысы жəй ғана көре алмаушылық.
– Дегенмен де биылғы айтыста жемқорлық басым болып,
алақолдылық үстемдік жасады деген пікірін баспасөз беттерінде
жариялаған оралдық ақын Бауыржан Қалиоллаұы осы тосын ойы
арқылы ел-жұртты бір дүрліктіріп тастады.
–Бауыржан Қалиоллаұлының бұл өкпесі былтыр үкіметтің
қаулысымен желтоқсан айында өткізілген айтысқа ғана қатысты
айтылды. Сол айтысқа 40-қа жуық ақын қатысты. Сонда жүлдеге риза
болмаған ақынның пікірі бұл. Өз басым қаржының тізгіні Мəдениет
министрлігінің
тапсырмасымен
Мырзатай
Жолдасбековке
берілгендіктен ол туралы кесімді ой айта алмаймын. Жүлденің
кімдерге берілетіндігі сол кісінің ұйғаруымен шешілді. Шындығында
да айтыстың көңілді ортайтатын олқы тұстары болған да шығар,
алайда қаржының қалай бөлінгенінің есебін білмегенен кейін ол
туралы əңгіме айтудың өзі қиын.
– Қай бір жылы ақтөбелік бір бауырымыздың айтысты
зияткерлік меншігім деп айқай көтеріп, сіздерге дөңайбат
көрсеткені есімізде.
– Халықтың қазынасын меншіктеп алу деген əңгімеге тіпті де
түсінбеймін. Сол бауырымыздың Əділет министрлігі берген табақтай
қағазды қайта қайта көрсетіп, айтыс берілген «Хабар» телеарнасының
директорымен мені «сотқа беремін» деп қыр көрсеткені есімде. Ілешала мен де сондай қағаз алдым. Бірақ ол кімге керек? Айтыс атамнан
мұраға қалған меншігім емес ғой. Осының бəрі сауатсыздығымыз бен
күншілдігіміздің көрінісі.
– Айтыс өнерінің тағдыры үшін отқа да, суға да түсіп шырылдап
жүрген Жүрсін Ерманның өткен өміріне өкінішпен қарайтын
сəттері бола ма?
– Рас, өткен өміріме өкінішпен қарайтын кездерім көп. Ол бірақ
жұрттың ойлайтынындай айтыстың жүлдесіне байланысты өкініштер
емес. Оқта-текте өзімнің бүкіл шығармашылық мүмкіндігімді арнаған
жылдарым текке кетті ме деп ойлаймын. Əркім шаужайыңнан алып,
етегіңнен тартып, халқымыздың айтысын сүріндіруге жанталасып
жатқан кезде осындай өлермендік қажет пе еді деп те мүжілемін. Тек
сол көкірегіңді кеу кеулеген өкініш халықтың айтыс өнеріне деген
ыстық ықыласы мен шынайы махаббатын жан тəніңмен сезген кезде
ғана шым-шымдап тарай бастайды. Ал енді тіршілікке қатысты
өкініштер мен сəтсіздіктер əркімнің басында болып тұрады. Мына бес
күндік жалғанда пешенеге жазылған нəрседен артық нəрсені көре
алмайсың. Алайда қамшының сабындай адамдық келте ғұмырда
шамам келгенінше, парасат, пайымымның жеткенінше ұлтымыздың
рухын көтеруге, басын біріктіруге, оның ұлт ретінде өзін өзі тануына
мүмкіндік беретін қасиетті өнерді өрге сүйреген сəттерімнен қанағат
табатын кездерім аз емес.
– Əңгімеңізге рахмет!
Пікірлескен Елеусіз МҰРАТОВ
ӨЗ ӨНЕРІМІЗДІ ӨЗІМІЗ ТҰНШЫҚТЫРДЫҚ
Жүрсін ЕРМАН,
Айтысты ұйымдастырушы
– «...Менен дəрмен кетті енді.
Кешір мені!
Сенсіз алға жылжиды көш ілгері.
Бар қазақтың аузына құм құйғаны –
Айтыс, сенің үніңді өшіргені», – деп аяқталатын «Айтыспен
қоштасу» атты өлеңіңізді оқыдым. Аға, шынымен-ақ айтыспен
қоштастыңыз ба?
Дастан, Алматы
– Айтыстың тоқтатылғанына бір жарым жыл болды. Осы уақыт
ішінде оның жабылуына жол бермеуге тырысып, əбден сергелдеңге
түстім. Айтыстың эфирден көрсетіліп келе жатқанына 25 жыл толуына
орай Түркияға барып, айтыс өткізу туралы жоспармен 2008 жылдың
желтоқсан айында Амангелді Ермегияев, Өмірзақ Сəрсеновпен бірге
Мəдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қабылдауына бардым.
Ол кісі де айтысты қолдаған демеушіміздің бірі еді. Өзі де бізді
шақыртқалы отыр екен. Сол жерде бізге Елбасының айтысты
тоқтатуға тапсырма бергенін жеткізді. Бұдан кейін біз не істей
аламыз? Əрдайым ақындардан ұлт арасын бүлдіріп, халықты
төңкеріске үндейтін сөз айтпауды талап етеміз. Шабыттанып,
арқаланып алған сəттерінде олар қоғамдағы келеңсіз жайттарды да
айтып салады ғой. Ақиқатты айта алмаса, несі айтыс? Мысалы, бір
ақын: «Кешегі алтын киген сақ бабаның ұрпағы едік. Бүгін неге біз
секонд-хэндтен еуропалықтардың қалдық киімдерін киюіміз керек?» –
дегенді айтты. Бұл – биліктегілердің шамына тиетін емес, жұрттың
намысын қайрайтын сөз ғой. Осы секілді əңгімелердің астарын дұрыс
түсінбегендер мемлекет басшысына оны мың құбылтып жеткізіп,
ақыры айтысты жаптырды. Небір ғажайып талантты ақындар шығып
келе жатыр еді. Өз өнерімізді өзіміз тұншықтырдық.
– Сонда айтыс енді мүлде өткізілмей ме?
– Жылына екі рет өткізілуі керек еді. Бірақ білмеймін... Айтыс –
менің жеке басымның шаруасы емес. Маңдайыма айтыс өнерін
көтеруді, оның бейнетін де кешуді, қызығын да көруді бұйырыпты.
Бірақ мен шаршадым. Айтысқа қарсы жұмыс істейтіндермен алысудан,
еріккен қазақтың дау-дамайынан шаршадым. 1992 жылы біраз
уақытқа телевизиядағы қызметтен кетіп, бес жыл бойы айтыстың
жұмысымен айналысқан жоқпын. Сонда ешкім ештеңе істеген жоқ қой!
Мені сынап жүргендер мықты болса, сол кезде неге қолға алмапты?!
Біраз үзілістен кейін «Хабар» агенттігімен келісімшарт жасасып, 1997
жылы айтысты қайта жаңғырттық. Оны өткізу үшін демеуші іздедім.
Содан бері айтыста сан түрлі маркалы 150-ден астам машинаны елге
тараттық. Оны үкімет берген жоқ. Əркімнің тілін тауып, көңіліне қарап
жүріп таптым. Сонда да сынаушылар көп. Осы біздің халықтың көре
алмайтыны жаман. «Жүлдені анау емес, мынау алу керек еді» деп те
жатты. Мүмкін, расында да уақытында кейбір таланттарды тани
алмаған шығармыз. Бірақбарынша əділ болуға тырыстық. Жүлделерді
бөлуге менің ғана ықпалым жүрмейді, қазылар алқасындағы білікті
мамандар талқылап, бөледі.
– Жүрсін аға, айтысып отырған ақынның аузына мүлдем сөз
түспей қалған кездерге куəгер болдыңыз ба?
Римма,
Саға ауылы, Мұғалжар ауданы,
Ақтөбе облысы
– Сөз таппай отырып қалған ақынды көрмеппін. Айтыс – арнайы оқу
бітіруді талап ететін өнер емес. Ол – ақынға табиғаттан келетін қасиет.
Рас, ақындардың деңгейі əртүрлі болады. Арнайы дайындалып, тіпті
айтатын сөздерін алдын ала жазып, жаттап келетіндер де бар. Бірақ
мұны ағаттық деуге болмайды. Айтар ойы мен сөзін жинақтап келу
кемшілікке жатпайды ғой. Ақын екенмін деп сахнаға шыға салып,
əлəулəйлімге баса бермейтін шығар? Екі сөздің басын құрау кез
келгеннің қолынан келеді. Алдын ала дайындаса да, ол – өзгенің емес,
өзінің сөзі. Сондықтан ақынға сахнаға еш дайындықсыз шықсын деген
талап қою – қателік. Дайындықсыз келген ақын қарсыласына оңтайлы
жауап бере алмайды. Алдын ала қарсыласын зерттеген ақындардың
айтысы өте тартымды əрі қызықты өтеді.
– Айдың-күннің аманында айтыс өнерінің қңыспаққа түскеніне
таңым бар. «Қазақстан» Ұлттық телерадиокорпорациясы мен
Қазақ радиосында басшылық қызметтен де кеткеніңізден
хабардармыз. Қазір қайдасыз?
Əсем,
Алматы
– Адам болған соң, тіршілік етіп, отбасымды асырауым керек қой.
Мені түсінген жаны жомарт азаматтар жұмысқа алды. Қазір
«Алматықұрылыс» Ұлттық холдинг компаниясы президентінің
кеңесшісімін.
– Жүрсін аға, қазақ ежелден жаз жайлауда, күз күздеуде көшіпқонып күн кешкен халық қой. Тегіміз ауылдан болғасын
аңсарымыздың да сол жаққа ауып тұратыны рас. Қазір ел
алдында жүрген танымал азаматтардың дені қалада емес, далада
туған. Өзіңіз балалық балғын шағыңыз өткен өңірге жиі барып
тұрасыз ба?
Еркін,
Созақ ауданы, ОҚО
– Жұмыстан босай қалсам, ауылға кетіп қаламын. Менің балалық
шағым қазіргі Қарағанды облысына қарасты Ұлытау ауданының
Байқоңыр кеңшарының алыс түкпірінде орналасқан Құлжанбай деген
құмды ауылда өтті. Өкініштісі, қазір бұл ауыл бірте-бірте бытырап,
тарап жатыр. Достарымның, балаларымның көмегімен бірер жыл
бұрын сол ауылға мешіт салдырған едім. Жақында барып, сол мешітте
намаз оқитын адамның қалмағанын көріп, жүрегім ауырды. Ауыл
адамдарының көбі көшіп кеткен, 400-дей ғана тұрғын қалған. Сенсеңіз,
былтыр мектепті бір-ақ оқушы бітірді! 25 мұғалімнің бəрі жабылып,
соған ғана сабақ берді. Есесіне, ол бала керемет білім алып шықты. Ал
биыл үш-ақ бала тəмамдапты. Ұстаздар бірінші сыныпқа баратын
оқушы таппай əлек. Жалпы, ауыл иесіз қалып барады.
– Сол мектепте өзіңіз де оқыған шығарсыз?
– Иə. Былтыр мектептің 60 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Алғашқы сынып жетекшім – Сапарғали Кентаевпен жақында ғана
жолығып келдім. Жасы 70-ке келсе де, əлі тың екен. Ауылда мұғалім
жетіспегендіктен, барлық пəннен өзі сабақ беретін. «Мерекелік
кештерге үнемі сен қатысатынсың. Тақтаға тапсырманы жазып қойсам,
елден бұрын орындап, екі қолыңды партаға қойып отыратын тəртіпті
оқушы болдың» деп ұстазым менің оқушылық өмірімді есіне алды.
Екеуіміз біраз сырластық...
– «Ғалам жайлы ғажап сырлар шертеді,
Ертегіні тəуір көрем мен тегі.
Осы күні ойлап көрсем, жасымда
Шешем маған айтпапты еш ертегі», – деп жырлайсыз «Ертегі»
атты өлеңіңізде. Балалық шағыңыз қалай өтіп еді, аға?
Жансая,
Сарыжаз ауылы, Райымбек ауданы,
Алматы облысы
– Рас, шешемнің бізге ертегі айтуға уақыты болмады. Жеті жасымда
əкем өмірден өтті. Сөйтіп, анамның тəрбиесінде өстім. Бізді жеткізу
үшін ол кісі затының əйел екеніне қарамастан отын да, су да тасыды,
мал да бақты, тіпті мектептің еденіне дейін жуды. Өмірдіңталай
қиындығын көріп, тауқыметін тартты. Бала болсам да, оны сезетінмін.
Сол күндері «Ең болмаса, жасым жиырмаға келгенше анам тірі жүрсе
екен» деп, ол кісіге жақсылық көрсетуді армандайтынмын. Жаратқан
Ием тілегімді қабыл алып, шешеме 90 жасқа дейін өмір берді. Ол кісі
мен 49-ға келгенде дүниеден өтті. Өмірінің соңғы жылдарында
Алматыға əкелдім. Қолын жылы суға малып, дүниенің рахатын
көрсеттім. Ешбір айтысты жібермей, көрермендер залының бірінші
қатарында отырып тамашалайтын. Бала-шағасының, немерелерінің
ортасында əдемі болып, өмірден өтті.
– Əкеден ерте айырылғасын жұмысқа да буыныңыз қатаймай
араласқан шығарсыз?
– Иə, жоқшылық бүйірден қысқан соң, жұмыс істеуге тура келді.
Еңбек жолымды 15 жасымда аудандық газетте əдеби қызметкер
ретінде бастап, 17 жасымда бөлім меңгерушісі болып тағайындалдым.
Жұмысшы жастардың кешкі мектебін аяқтап, Алматыдағы Абай
атындағы пединститутқа (қазіргі АлМПУ) оқуға қабылдандым. Бір
жылдан кейін жазғы демалыста ауылға барсам, əкемнің малшы інісі:
«Қандай оқу оқып жатырсың?» – деп сұрады. Қазақ тілі мен əдебиеті
пəнінің мұғалімі болатынымды айтқанымда, ол кісі: «Сол үшін
Алматыға кеттің бе? Сапарғали (ауылдағы мұғалімімді айтып отыр)
сырттай оқып-ақ мұғалім болған», – деді кекетіп. Осы сөзден кейін
мұғалім болғым келмей, дереу қалаға келдім де, оқудан шығып, əлФараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне қайта
тапсырдым. Сол бала қылығыма əлі өкінемін. Себебі, пединститутта
оқыған бір жылда қазақ филологиясы тарихындағы алып тұлғалар –
Мəлік Ғабдуллин, Фатима Мұсабекова, Шайқы Кəрібаевтардан сабақ
алғанмын. Оқудан бас алмай, бір жылды кітапханада өткіздім. Сол бір
жылдық білім ҚазҰУ мен Жоғарғы партия мектебін бітіргенше жетті.
III курсқа келгенде журналистикада оқудан да жалыға бастадым.
Сөйтіп, сол кездегі Торғай мен Жезқазған облыстарының
басшыларына білімімді, тəжірибемді айтып, жұмыс істегім келетінін
жеткізіп, хат жаздым. Көп кешікпей Торғай облыстық газеті мен
Жезқазған облыстық телеарнасына жұмыс істеуге ұсыныс түсті.
Жезқазғанға баруға келістім, себебі, олар маған үй беретінін айтты. Ол
уақытта екі балам бар-тын, əйелім үшінші перзентке жүкті еді. Өзім 17
жасымда үйленгенмін. Сөйтіп, 1971 жылы 20 жасымда телеарнаға аға
редактор болып қабылданып, жұмысқа кірістім. Айтқандарындай бір
жарым айдан кейін үш бөлмелі пəтер берді. Сол жерде 9 жыл жұмыс
істеп, бас редакторлыққа дейін көтерілдім.
– Жүрсін аға, Еркін Нұржановтың орындауында көптің көңілінен
шығып жүрген «Жалғыз ұлға» деген əннің сөзін сіз жазған екенсіз.
Қазақ «Жаман ырымға балама» деп жатушы еді, сонда да тамаша
əнді тыңдай бергің келеді. Əннің шығу тарихы қалай?
Ерлан,
Семей қаласы, ШҚО.
– Бұл өлеңді жалғыз ұлым Дарханға арнап жазғанмын. 2006 жылы
«Құдіретке жүгіну» деген кітабым шыққан. Сазгер Жарылқасын Дəулет
кітаптан осы өлеңді көріп, оған əуен жазыпты. Екеуміз ақылдасып, əнді
Тұңғышбай Жаманқұловқа бергенбіз. Сол жылы ол жеке əн кешін
беруге дайындалып жүрген-ді. Əнді жаздырып біткеннен кейін, аяқ
астынан Тұңғышбай ойланып, оны орындаудан бас тартты. Жаман
ырымға баласа керек. Сосын Жарылқасын оны Еркінге беріпті. Еркін
нақышына келтіріп, жүрегімен орындап жүр. Елдің көңілінен шықты.
Бірде Жезқазғанға бара жатып, жол-жөнекей балаларым шомылайық
деген соң Балқаш көліне тоқтағанбыз. Сонда қасыма бір кісі жүгіріп
келіп: «Жүке, көлігімнің ішінде сіздің əніңіз бар. Менің де Дархан деген
жалғыз ұлым бар. Əнді бірге отырып тыңдайықшы», – деп, «Өзімнің
өлеңім ғой, оны несіне тыңдай беремін» дегеніме қарамастан, ертіп
апарды. Біздің халық «Жалғыз ұлы бардың шығар-шықпас жаны бар»
деген ғой. Қарап отырсаңыз, бұл үлкен – трагедия.
– Жүрсін аға, сіз əзіл-сықақ театрларының назарына жиі
ілінесіз. Сізге үнемі пародия жасап жатады. Бұған ренжімейсіз бе?
Еркебұлан,
Шымкент
– Керісінше, Олжас Сыдықбеков маған пародия жасап, мазақтаса
екен деп отырамын. Олжас Максим Галкиннен еш кем түспейді.
Максимнің сайқымазағынан гөрі Олжастың мағыналы əзілдері қазаққа
əлдеқайда пайдалы. Қайбір жылы Республика сарайында Евгений
Петросянның шығармашылық кеші болды. Сонда сахнаның артында
Петросяннан сұхбат алғысы келіп жүрген Көпен Əмірбекке «Көпен,
Петросян сенен сұхбат алсын, сен одан да мықтысың» дегенмін.
– Жүрсін аға, тəуелсіз Қазақ мемлекетінде тек қазақ тілінде
сөйлейтін
жлғыз ғана радиоарнаның жұмыс істейтіні жанға батады. Біраз
уақыт осы мекемеде басшы болдыңыз ғой, пікіріңізді білейін деп
едім?..
Ерлан Қабатай,
Семей қаласы, ШҚО.
– Тек қазақ тілінде ғана сөйлейтін арна жоқ. Сен айтып отырған
Қазақ радиосы 83 пайыз ғана қазақша сөйлейді, қалған 17 пайызы өзге
8 тілге бөлінген. Бұл біздің елге аздық етеді. Əлі күнге дейін еліміздің
Ресеймен шектесетін аймақтары Қазақ радиосының үнін өшіріп қойып,
орыс радиоарналарын тыңдап келеді. Осы мəселені көтеріп, Қазақ
радиосында өзім жұмыс істеген жылдары сол өңірдің басшыларына
хат жолдадым. Телеарналардың да 50/50 дегендері жəй
көзбояушылық. Қазақтіліндегі дүниелерді тек түнде береді. Ол
уақытта кім тұрып теледидар қарайды? Қазақ телерадиоарналарының
кəсіби деңгейін көтеру үшін оның басшылығына сол саланың
мамандарын əкелуіміз керек. Əйтпесе, қазір оны тек креслода отырып,
ақша табуды ғана көздеген экономист, бухгалтерлер басқарып кетті.
Керісінше, сол саланың мамандарының көбі жұмыссыз жүр. Өзіңіз
айтыңызшы, қазір эстрада мен шоу-сымаққа құрылған жеңіл-желпі
бағдарламалар көбейіп кеткен жоқ па? Елдің келешегін ойлауға
шақыратын, кəсіби негіздегі, қызыға көретін дүние жоқ. Бізде техника
жетерлік,
бірақ
оны
пайдалана
білетін
мамандар
кем.
Радиоарналардың тарау кеңістігі тар. Осыдан-ақ тіліміздің тағдыры əлі
қыл үстінде тұрғанын байқауға болады.
– Болашақта журналист болғым келеді. Бұл маман иелерінің
бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Жансəуле,
Талдықорған
– Кəсіби біліміңмен бірге ұлттың ертеңін ойлайтын, елге жаның
ашитын адам болсаң, сенен мықты журналист шығуы мүмкін. Қазір
«қазақ журналистерінің деңгейі төмен» деген пікір бар. Бекер сөз.
Біздің журналистер ешкімнен кем емес. Керісінше, орыстілділерден
артық, ой-өрісі əлдеқайда кең. Себебі, екі тілді де біледі. Оларға тек
жұмыс істеуге мүмкіндік жасап, қолдарына билік, қиялына еркіндік
беру керек.
Жазып алған Анар ƏЛДИБЕКОВА
ЕНДІ АЙТЫСТЫҢ МАҢЫНАН ЖҮРМЕСПІН
– «Есейтті, есейтті ғой өмір бізді,
Өткіздік басымыздан небір күзді»,– деп жырлайсыз. Балалық
шағыңыз ауыр болды ма? Екінші сұрағым, Жүрсіннің қазіргі
жағдайын жылдың қай мезгіліне балаған болар едіңіз?
Əмина, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы
– 1951 жылы əлі жұрт соғыстан ес жия алмай жатқанда дүниеге
келдім. Кейін сол күндердің естелігі ретінде «Шықпаған кез елдің əлі
бүйірі, Ең тəуір ас жүгерінің түйірі...» деп басталатын өлеңімді жаздым.
Балалық шағым қандай болса да, неғұрлым егде тартқан сайын сол
балалық шағыма қайта оралғым келе береді. Бұл – Аралдың
Қарағұмына сұғына түсіп жатқан Құлжанбай деген шағын ауылда
өткізген, жасым 13-ке дейінгі жылдарым ғой. 1- сыныпта оқып
жүргенімде əкем қайтыс болып, шешемнің қолында, ағайын-туыстың
арасында өскен жоқ-жітік жылдар осы «болған – толған» шағымнан
гөрі бақыттырақ сияқты. Бұйығы ауыл, керек - жарағың қандай аз
болса, армандарым сондай көп аңғал күндер, ешкім мені алдамаған,
өзім де ешкімнің көңілін қалдырмаған кезім... Соғысқа барып келген
əкелерім де, «Молдаштың кенжесі ғой» деп арқамнан қағып айналып
толғанатын аналарым да көп, менен үміт күтетін Əбсат, Мейрам,
Ашубай, Əбілқас, Ахат, Танай, Іскендір, Мүгір секілді көкелерім де
қалың, алаңсыз шағым, «Бəйге күрең» деген жүйрік атыма тақымым
тисе жетімдігімді де, жоқ – жітікті де ұмытып кететін алаңғасар
күндерге орала алмайтыным өкінішті – ақ.
Қазіргі жағдайымды жылдың қай мезгіліне балаған болар едім?
Əйтеуір, оның қыс емес, шыбынсыз жаз да емес, сірə, ертелеу түскен
күз шығар деп ойлаймын...
– Күнде не ойлайсыз?
Шолпан, Алматы
– Менің ойламайтыным жоқ. Нені ойламаймын?! Қоғамдағы барлық
болып
жатқан жағдайды жүрегімнен өткіземін. Адамды қартайтып
жіберетін де – осы ой. Кейінгі кезде шаршап жүргенімді
жасырмаймын...
Аға, ренжімеңіз, Ринат Зайытовпен араларыңыз не болды? «Ер
шекіспей, бекіспейді» деуші еді... Ринат айтысқа қайта оралды ма?
Айнара, Торғай ауылы, ШҚО
– Неше рет қайталап айтамын, Ринат менің балаларымнан да кіші,
өзім Семейден тауып əкелген дарынды бала. Ептеп «Жұлдыз ауруына»
шалдыққанын да өзі мойындаған. Қытайдағы қандастарымыздың
ішінен шыққан айтыс ақындары Астанаға келгенде, солармен
айтыспаймын, олармен «келісіп» айтысу мүмкін емес дегені үшін
менің «кəріме» ұшыраған кезі болған. Одан бері қанша уақыт өтіп кетті,
одан бері Ринат менің қанша айтысыма қатысты. Айнара қарағым, ай
қарап жүрмісің?
– Айтыс туралы шығаратын газетіңіздің жайы не болып жатыр?
Дархан, студент, Алматы
– Айтыс туралы шығарамын деген газеттің мерзімі енді туды – ау
деймін. Тіркетіп алдық. Ептеп қаржы таптық. Ұзамай жарық көріп
қалар.
– Біраз жыл бұрын «Парламентке барып халықтың сөзін
сөйлеймін, жоғын жоқтаймын, ақиқатты айтамын» дегенім
пендешілік екен» деп сұхбат беріп едіңіз. Халқыңыз қолдапқуаттаса сайлауға қазір түсер ме едіңіз? Бірақ, аға, депутат
болсаңыз «бұзылып» кететін сияқтысыз, соның қажеті қанша?!
Ернар, Шалқар қаласы, Ақтөбе облысы
– Екі рет, 1994-1999 жылдары депутат болуға талпынып көрдім.
Енді сайлау атаулының маңынан жүрмеймін деген сертім бар.
Біріншіден сайлау деген аты болмаса, шындығы жоқ сайқымазақ қана.
Екіншіден, осы қазіргі парламентке ел сөзін сөйлейтін ер бар ма.
Олардың санын көбейтіп не опа табарсың?
– Жұрт арасында «Жүрсін айтыс арқылы өз иммиджін
қалыптастырды, қалтасын қалыңдатты» керісінше «Жүрсін
ешкімнен атақ-абырой сұраған жоқ. Айтыс Жүрсінді емес, Жүрсін
айтыстың атағын шығарды»деген пікірлер бар. Бұған қандай уəж
айтасыз?
Мөлдір, Қосшағыл ауылы, Жылыой ауданы, Атырау облысы
Айтысты Жүрсін көтерсе, Жүрсінді Айтыс көтерді. Екеуі де ақиқат.
Кімнің қалтасын кім қалыңдатты? Қалыңдатты ма? Бұл да бір
анықтайтын мəселе. Отыз жыл айтыспен айналыстым. Дəл бүгін,
Астанада «Ел. Елбасы. Астана» атты айтыстың жұртында отырып,
ақындарды еліне аттандырып, не билікке жақпай, не ақын
бауырларымның жағдайын жасай алмай, қарыздың орынын қалай
толтырамын деп уайым басып отырған сəтімде, «енді айтыстың
маңынан жүрмеспін » деп баріп отырған уəдемді орындамасам, өзім де
кемақыл адам шығармын!
Сəлеметсіз бе, Жүке! Қазір балаларымызды əскерге жіберуге
қорқатын заман. «Молодойларды» «дедтер» төмпештеп ұрады»
дегенді жиі естіп, зəрем ұшады. Тіпті баламды жіберуге қорқамын.
Жалпы, əскерде болғандарыңызда да мұндай əлімжеттік бар ма
еді?
– Əскерде болғаным жоқ.
– Айтысқа жаңа леп əкелетін жас буындар бар ма? Жəне олар
кімдер?
Арман, Шəуілдір ауылы, ОҚО
– Қазіргі айтыс – жан – жақтан құйылатын бұлақтарды қосып алып
жатқан ағысты дария. Жаңа дарындар жыл сайын ашылып жатыр. Үш
ақ күн бұрын Айнабек, Ершат деген жас ақындарды тауып, қуанып
қалдым. Соңғы бірер жылда Аспанбек, Қанат, Жақсылық деген
ақындар да осындай жолмен қатарға қосылған. Кеше жүлде алған
Мейірбек Сұлтанхан мен Сырым Əуезхан күні ертең ешкімді
іздетпейтін жүйріктер.
– «Жұрттар Жүрсіннің пошымын, бет əлпетін көріп шошиды,
өйткені ешкім бетіне тура келе алмайтындай сұсты, айбатты жігіт.
Бірақ оның бергі жағы бетпақ болғанымен, арғы жағы – аппақ.
Мұның бетпақтығы да, аппақтығы да бірдей. Бірақ бетпақтығы
бетінде тұрады да, аппақтығы жүрегінде тұрады...» деп Көпен аға
айтып еді, мінезіңіз бүк пе, шік пе?
Гүлдəурен Сақова, Шымкент, журналист
– Жастау, қайраттылау кезімде Құлжанбайдан көрген таза қазақи
тəрбиемнің арқасында, ешбір қиянатқа төзбей, «арс» ете қалушы едім.
Қазір өзімнен басқаның бəрін төбеме көтеретін жалпақ шешеймін.
Мінез деген сол емес пе?!
– Жарыңыз Бақытжамал апай диктор екен. Ол кісімен қалай бас
қосып жүрсіз?
Сəуле, Сарыкемер ауылы, Байзақ ауданы, Жамбыл облысы
– Еске түсірейік... Бақытжамалмен 1966 жылы Ұлытау ауданының
Боздақ деген ауылында таныстым. 1968 жылы жұмысшы жастардың
кешкі мектебінің 11-сыныбын бітіргелі жүріп үйленіп тындым.
Ей, ардақты анасы үш баламның,
Есіңде ме беліңнен ұстаған күн?
Қараң қалған күн болып көрінетін,
Маған сені сүймеген, құшпаған күн!
Менде орыны толмаған бір өкініш болса, ол – осы əйелдің бағын аша
алмағаным. Ол бұдан гөрі бақытты, бақуатты болуға лайық еді. Бар
өмірін мені аялауға, мəпелеуге, бағып – күтуге, баптауға арнады. Өз
дарынын елеусіз қалдырды. Айтысқа менімен бірге қызмет етті. Осы
күнгі «мен диктор едім» деп жүргендердің барлығы жиылып
Бақытжамалдың қолына су құя алмайды. 25 жыл диктор болып,
редактор болып келіп, менің көлеңкемде қалды. Енді немерелерімнің
тəрбиесі үшін прəруана болып жүр.
«Бəлкім маған талай қыз болды зəру,
Менің мəңгі сүйгенім – жалғыз ару!»
– Дулат Исабеков екеуіңіздің араларыңызда қандай
келіспеушіліктер бар? Бұл жайында өз аузыңыздан естісем деп
едім...
Манас, Боралдай ауылы, Іле ауданы, Алматы облысы
– Қазақтың айтыс секілді атамұра өнерін жоққа шығарып,
арпалысып жүрген Исабеков секілді кісінің жазушылығына да күмəнім
бар. Бекарыс Шойбековтың сөзімен айтсақ,
«Кластағы баланың сөзін айтып,
Классик болып жүрген осы ғана!»
– Жеке шығармашылығыңызға түбегейлі бет бұратын ойыңыз
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алыстан жəне жақыннан - 12
  • Parts
  • Алыстан жəне жақыннан - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2738
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    43.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 02
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2611
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 03
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2403
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 04
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2447
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 05
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2377
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 06
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2408
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    36.7 of words are in the 5000 most common words
    43.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 07
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2369
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 08
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2098
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 09
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2095
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    46.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 10
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2190
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 11
    Total number of words is 3828
    Total number of unique words is 2270
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 12
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2453
    27.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 13
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2420
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 14
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2357
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 15
    Total number of words is 3724
    Total number of unique words is 2536
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    33.2 of words are in the 5000 most common words
    39.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 16
    Total number of words is 3909
    Total number of unique words is 2501
    25.1 of words are in the 2000 most common words
    35.9 of words are in the 5000 most common words
    42.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 17
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2404
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    46.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 18
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2483
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 19
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2383
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 20
    Total number of words is 4116
    Total number of unique words is 2436
    28.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 21
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2493
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.