Latin Common Turkic

Алыстан жəне жақыннан - 10

Total number of words is 3858
Total number of unique words is 2190
27.8 of words are in the 2000 most common words
40.4 of words are in the 5000 most common words
47.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
түсiрiп келуге адам жiбертiп те қойып едiк. Бiрақ, бəрi қалып қойды.
Мұндай хабарлар толып жатыр. Бiздiң ұлттық мүдделерiмiз, ұлттық
идеяларымыз күнделiктi санамызға сiңiрiлiп отырмай, ел болып
қалыптаса алмаймыз. Тiптi, балалардың санасына ұлттық рухты
сiңiретiн қандай бағдарламалар бар бiзде. Ең мықты хабарлар қазақтың
балаларына арналып жасалу керек. Мұстафа Ататүрiк: "Мен түрiкпiн"
деп мақтанам деп айтпақшы, "Мен қазақпын" деп мақтанатын рухты
сiңiрмесек, əрi-сəрi күй кешетiнiмiз айқын. Қазiр билiктiң жоғары
эшолонында жүрген, кешегi кеңестiң тəрбиесiн алған, коммунистiк
идеямен милары суарылған адамдар кетедi ғой, сол кезде жаңа буын,
сапалы ұрпақ келу керек. Ең құрығанда, сол сапалы буынды қазақы
етiп, тəрбиелеп кетуiмiз қажет ғой. Ол үшiн ең өтiмдi құрал –
теледидар, радио, баспасөз. Соның басында ұлттық қаны бар, рухы
мықты адамдар отыруы қажет. Ұлттық рухты көтеретiн
бағдарламалар күнделiктi жүрiп отырмаса, келешек ұрпағымыз кiм
болады? "Шөре-шөре" болады.
– Кеңестiк идеологияның мақсаты не болғанын жақсы бiлемiз?!
Ал, бүгiнгi тəуелсiздiктiң идеологиясы не болуы қажет?
– Батыс Еуропа елдерiнде, дамыған мемлекеттерде идеология жоқ
деп айтамыз. Идеология олардың тұрмысына сiңiп кеткен. Кез келген
əрекетiнен, қимылынан, елiн мақтан ету, намысын жырту, сол елдiң
абыройын ойлау байқалып тұрады. Осы бiздiң миымызға сiңiп жатыр
ма? Бiзде ақшасы бар азаматтар аз емес. Олардың көздегенi ақша табу.
Ақшасы барлар неге шетке қашып кетедi? Ертеңгi күнiне сенiмi жоқ
болғаннан кейiн, қонышына басып, қойнына салуды ойлайды. Басына
бұлт үйiрiледi, тайып тұрады. Мəселен, Əблязов туралы мың құбылтып
айтып жатыр. Қазақстаннан 11 миллиард долларды шығарып алып
кету деген сұмдық емес пе? "Керемет iскер, мықты" деп, он жерден
мақтаса да, мен оған сенбеймiн. Қазақстанның қамын емес, қара
басының қамын ойлаған адамнан қауiптену керек. Ұлттың мүддесi,
халықтың мүддесi қайда?! Басқаны айтпағанның өзiнде, ұлттық өнер,
айтысымызға келгенде қолұшын созатын оппозиционерлер жоқ.
Бəрiне де айттым. Газеттiң бетiнде де айттым. Олардың есiл-дерттерi
билiкке жету, креслоға отыру. Шын оппозиция болса, олардың
бағдарламаларында ұлттың қамын ойлаған позициялар неге жоқ?
Қазiргi оппозициялардың ешқайсының бағдарламасында Абылайдың
идеясы жоқ. "Халықты отырықшы етсем екен, қала салдырсам екен,
ұлт ретiнде мықты мемлекет жасасам екен" деген идея жоқ. Бəрiнiкi қу
басының тiршiлiгi ғана...
"БIР ӨЛЕҢ – БIР ƏЛЕМ" ЖЫР МҮШƏЙРАСЫН КӨРУГЕ
ҚАЛАМГЕРЛЕРIМIЗ КЕЛГЕН ЖОҚ
– Жүрсiн аға, əнебiр жылдары ақындардың мерейiн көтерем
деп, "Бiр өлең — бiр əлем" деген жыр мүшəйрасын бастап
едiңiздер. Ол неге жалғасын таппай қалды?
– Өткiздiм ғой. Қалай жалғасын табады? Бұған Қазақстан
Жазушылар одағы пəлендей мəн бермедi. Бiр жылда əр ай сайын 10
мың доллардан, жылына 120 мың долларға дейiн берiлетiн арнайы
жоба болатын. Байлардың ақшасын əкелiп, əдебиетке бұрып, "еңсесi
түсiп қалған қазақ өлеңiн көтерейiн, ақындарды жебейiн, демейiн"
деген нəрсе едi. Тоғыз айға тоқсан мың алып, жұмсадым ғой. Қай бай
сөйтiп жатыр едi? Ұйымдастыру жұмысына ешкiм мəн бере қойған
жоқ. Ермановтың шаруасы деп ғана қарады. 90 мың бөлдiрiп едiм,
соңында сол жыр мүшəйрасына бəйге алатын ақындар ғана қатысатын
жағдайға ұшырадық. Өзiне бəйге тимейтiнiн бiлiп алады да, келмейдi.
Төрт-бес ақын келедi, қалғанын оқушылармен, студенттермен
толтыратын болдық. Ермегияев пен Сəрсенов жүлде тапсыруға барып
отырғанда, қазақтың ең болмаса, соны көруге бес ақыны келмедi ғой.
Жыл қорытындысында солай деп жаздым да. Əйтпесе, жалғаса беретiн
дүние едi. Бұл бiздiң өзiмiздi өзiмiз құрметтемегенiмiз. Сосын амалсыз
тоқтаттық. Теледидарды шақырып, əкеле алмадық. Телевидениеден
түсiрiп кетуге ықылас болмады. Бiрақ, мықты, жақсы өлеңдер туды.
Қазақтың "мен ақынмын" деп жүрген қаламгерлерi, Қазақстанның
Халық жазушысына дейiн жақсы өлеңдерi үшiн жүлде алды.
– Өлеңдер арнайы бiр тақырыптың аясында жазылды ма?
– "Бiр өлең – бiр əлемнiң" шартында – ақын кез келген тақырыпқа
бiр ғана өлең ұсына алады. Екiншi шарты – "араға адам салмаңыздар,
сақалдарыңызды бұлдамаңыздар, тек талантты өлеңге бəйге берiлсiн"
делiнген.
– Ал, ондай оқиғалар болды ма? Араға адам салу деген сияқты...
– Əр ай сайын осыны айтып отырдым. Айтып отырсақ та, осыған
керiсiнше жасап жаттық қой. Бiр ақын досым: "Өте күштi талап
қойғансың. Бiрақ, бұл жолы маған бересiң ғой, бəйгенi" дедi. Кейде
бiреулермен шəт-шəлекей болған кезiмiз де болды. Көңiлжықпастыққа
салсақ, жыр мүшəйрасынан ештеңе шықпас едi. Жақсы өлең жазған
ақындардың
бəрiне
бəйге
бердiк.
Ақындарымыздың,
қаламгерлерiмiздiң құлықсыздығынан жалғасын таппай қалды.
Əйтпесе, бiраз жерге баратын едi.
– Мүшəйраға қатысқан өлеңдердiң тағдыры не болды? Арнайы
жинақ болып шықты ма?
– Мүшəйраға қатысқан өлеңдер жинақ болып терiлiп, дайын тұр. "Бiр
өлең — бiр əлем" деген атаумен кiтап шығару ойымызда бар.
"Қазақпарат" баспасы шығарып беремiз деген едi, Құдай бұйыртса,
жарық көрiп қалар.
КЕЗIНДЕ АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢДЕРIН БАСТЫРУҒА МҮМКIНДIГI
БОЛҒАН ЖОҚ
– Жыр мүшəйрасының да, айтыстың өтуiне де мұрындық болып
жүресiз. Өз шығармашылығыңыз ше? "Айтыс уақытымды алып
қойды" деп жатырсыз. Өкiнiшiңiз басым сияқты...
– Осыны ойлаған кезде шырт ұйқымнан оянам. Бiрақ, бəрiбiр
жасаймын деген дүниенi жасайсың. Өйткенi, ол – хобби сияқты,
қоғамдық жұмыс сияқты нəрсе. Шығармашылық – дерт сияқты,
өзiңмен бiрге өлгенде ғана өшетiн от ғой.
– Жалпы, жазамын дегенiңiздi жазып, айтам дегенiңiздi
айттыңыз ба?
– Дəл осы жерге ешкiмнiң кiнəсi жоқ. Оған кiнəлi өзiң ғана болуың
керек. Əсiресе, соңғы он бес жылдың көлемiнде, өзiм жақсы жаздым
деп ойлаймын. Айтарымды айтып жатырмын деп ойлаймын. Бiрақ,
оған ешкiмнiң бөгетi жоқ. Құдайдың берген талантың, дарының кемiс
болуы мүмкiн, өзiңнiң жалқаулығың себепкер болуы мүмкiн. Бiрақ,
соңғы есейген, егделенген тұста бiраз нəрсе жаздым деп ойлаймын.
"Қазақ əдебиетiнде" бiраз өлеңдерiм шықты. Сол өлеңдерiме қаламгер
достарым жылы пiкiрлерiн бiлдiрдi. Тiптi, бiрi телефон шалып: "Сенiң
өлеңдерiң менi қамшылап жатыр" дедi. Қуандым. Менiң өлеңдерiм
туралы бiрқатар жылы пiкiрлер де жазылды. Серiк Қирабаевтың бiр
бет мақаласы шықты. Ол мақалалардың бəрi тапсырыспен жазылды
деп ойламаймын. Шын мəнiнде ой салғаннан кейiн, ойға қалдырғаннан
кейiн жазылған шығар. Шығармашылықта қоғамның, үкiметтiң айыбы
жоқ, оның тоқырауына адамның өзiнiң кiнəсi болуы мүмкiн. Қалай
болғанда да, жақсы дəуiрде өмiр сүрiп отырмыз. Кезiнде Абайдың
керемет ұлы өлеңдерiн бастыруға мүмкiндiгi болған жоқ. Өзi үшiн ғана
жазылды. Кеше Кəкiтай барып, Петербордан кiтабын шығармағанда,
молла Мұрсейiт өлеңдерiн жинап, ұсынбағанда, Абайдың көп өлеңi iзтүззiс кетер едi.
– Демек, қаржысы бар адамға мүмкiндiк бар дейсiз ғой. Ал,
ақшасы жоқтар не iстейдi?
– Ақшасы жоқ екен деп кiтабын шығармай жүрген ақынды көрген
жоқпын. Иманғали Тасмағамбетов жүз ақынның жүз кiтабын шығарып
бердi. Соның iшiнде мен де бар едiм. Ол кезде жағдайым дұрыс болған
соң, "өзiм шығарып алам, менi алып тастаңдар. Менiң орныма басқа
бiреуi шықсын" дедiм. Қызылорда облысы жүз автордың кiтабын
шығаруда. Керемет нəрсе. Гогольдiң, Чеховтың томдары сияқты əдемi
безендiрiлген кiтаптар шығып жатыр. Тек, халықтың қолына
жетпейтiнi ғана қарныңды аштырады. Қарағанды облысы да өз
облысынан шыққан авторлардың кiтаптарын шығарамыз деп жатыр.
Қай ақынның кiтабы шықпай жатыр, айтыңызшы?! Кеңестiк кезде де
кiтабыңды шығару үшiн екi-үш жыл күтетiнсiң.
– Қаламақының аздығы шығар бүгiнгi қаламгердi қиналтып
жүрген. Қалай ойлайсыз?
– Кеңестiк кезеңде шыққан бiр жапырақ кiтабым үшiн төрт мың
рубль алдым. Ол ақша түсiмiзге кiрмеген қаржы болатын. Бiрақ, ол
заман келмеске кеттi. Қазiр, кiтабыңнан ондай ақша түспейдi. Басқа
елдердiң барлығында үкiмет ақша төлемейдi. Кiтабың керемет болса,
оқырман өзi сатып алады. Қазiр бiз осыған бейiмделе алмай
жатырмыз. Нарық заманында шын талантты адамдар шығады. Немесе,
əккiлер мен пысықтар шығатын шығар. Тек, бiр нəрсе ақиқат, рухани
өлмейтiн мұра жасағың келсе, ол ақшамен жасалмайды.
– Суырып салма өнерi барлар, айтысқа икемi барлар Жүрсiн
Ерманды жағалаушы едi. Өзiңiз де ауылдарда жүрген кейбiр
дарындарды айтыс аламанына алып шықтыңыз. Олардың
айтыссыз тағдыры ендi не болады?
– Соңғы айтыста елдiң арасында жүрген, шыға алмай жүрген
дарындарды шығарайын деп, Баянауылдан бiр баланы алып келiп,
айтысқа шығардым. Қытайдан бiр баланы шақырдым. Мүмкiндiгiнше,
соларға жол ашқымыз келедi. Айтыстың туын көтерген Əселхан, Əсия,
Қонысбайлар қазiр жасы егде тартқаннан кейiн, олардың орнын басар,
жас дарындар шығып келедi. Ресми емес деректерге сүйенсек, жуырда,
маусым айында "арнайы айтыс өткiзу керек" деген хабарлар жеттi
маған. Демек, басымызды бəйгеге тiккен айтысымыз əрi қарай
жалғасады деген сөз.
– Қазiр не жазып жүрсiз?
– Өлең жазып жүрмiн.
Əңгімелескен Гүлзина БЕКТАСОВА
«АТЫ БƏЙГЕДЕН КЕЛГЕНДЕРДІ АЯҚТАН ШАЛУ ƏДЕТІМІІЗ»
Жүрсін ЕРМАН ақын, айтыс жанашыры:
Қақаған қара суығын ала келген қараша айы қамсыз жатқан қалың
елді тағы да бір тосын жаңалығымен елең еткізді.Ел Президентінің
арнайы Жарлығымен əдебиет саласындағы үздік туындылары үшін
ақын Несіпбек Айтұлы пен жазушы Сəбит Досановқа берілген
Мемлекеттік сыйлықтың сүйінші хабары бұл жолы да зиялы қауым
арасында дүрлігіс тудырып қалды. Əдеттегідей, біреулер құптады,
біреулер даттады. Осы қай күні ғана 31 телеарнаның «кабинет»
айдарымен берілетін хабарын жүргізуші Жүсіпбек Қорғасбек кезінде
«Қазақ əдебиеті газеті» бетінде «ХХІ ғасырдың халтуршигі» деп
əжуаланған Сəбит Досановтың қолына кез келген адамның
қанжығасына байлана бермейтін жоғары атақты оп-оңай ұстата
салғанымыздың абыройсыз іс болғандығын бетке басты. Кімдікі
дұрыс, кімдікі бұрыс? Əлде бұл жазушылар қауымын ежелден
жағаластырып келе жатқан бақталастықтың əсері ме, жоқ əлде оның
түп төркінінде ақиқат шындық па?
– Қаламгерлер қауымының арасын екіге жарып отырған осы
пікірлердің қай жағындасыз?
– Даладай дархандығымыз бен бақталастығымыз қашан да үзеңгі
қағыстырып қатар жүретін ел емеспіз бе, өз басым Мемлекеттік
сыйлыққа ие болған осы азаматтарды қазақ əдебиеті мен мəдениетіне
қылаудай да еңбегі сіңбеген, жай ғана жазушы, ақын деген атақтарды
малданып, қара көбейтіп жүрген адамдар деп айта алмас едім. Біткен
іске сыншы көп, көре алмайтын адамдарымызға тасада тұрып тас ату,
аяқтан шалып омақастыра құлату бағзы замандардан қанымызға сіңіп
кеткен қазақы қасиет. Ұмытпасам, осыдан он, он бес жыл бұрын ба
екен,»Қазақ əдебиеті» газетінің жазушы Сəбит Досановты ағаш атқа
теріс мінгізіп, соңына шам алып түсіп алғаны бар. Қаламгердің
шығармасын оқымай, оған терең бойламай жатып, пікір айтып,
сыртынан тон пішу секілді əдет сол жылдардан қалыптасып, дертке
айналып кетті. Асырып айтқандығым емес, жазушының туындысын
ден қойып оқып көрген адам, оның айтар ойы бар, қаламы жүйрік , тілі
төгіліп тұрған, қазақ публицистикасында өзіндік орны бар адам
екендігін қапысыз аңғарар еді. Ал,Несіпбек Айттың өзі дүниесін
мемлекеттік сыйлыққа бесінші рет ұсынып, əзер дегенде осы атаққа
қол жеткізіп отыр. Мойындауымыз керек, Несіпбек тарихи шежірелі
поэма дастандарды жазудың əдіс тəсілін жете меңгерген
ақындарымыздың бірі. Мүмкін поэманың дəуірі өтті деп қарсы дау
айтатындар да табылып қалар, ондай пікірлер баяғы Лермонтовтың
заманында да болған. Расында да дəл қазіргідей ақпараттық
құралдардың жетілдірілген заманында поэмаға қалам тартатын
ақындардың бұрынғыдай көп емес, тым азайып кеткендігі де ақиқат
шығар, алайда осы жанр уақыт көшінен əлі күнге қара үзіп, қалған
емес.Несіпбек сол поэма мен дастанды төгілдіре жазудың кас шебері.
Егер қолымда құдіретім болса, дəл осындай атақты ақындар Жəркен
Бөдешов пен Рафэль Ниязбековке де ойланбастан бере салар едім.
Сəбит Досановтың шығармашылығына баға беру үшін оның
туындыларымен ден қойып танысып шығу керек. Автордың
Мемлекеттік сыйлық алып отырған «Жиырмасыншы ғасыр» романы
да, оған дейінгі Қасым Аманжолов туралы шығармасы да ұлтқа берер
тағылымы мол ұялмай оқитын дүниелер.
– Ендеше Сіз мақтап отырған жазушы Сəбит Досановтың
шығармашылығы төңірегінде неге дау көп?
–Өз басым қазақ əдебиетінің тарихында осы Мемлекеттік сыйлықты
соңына сөз ергізбей, айтыс-тартыссыз алған 2-3 қаламгерді ғана
білемін. Олар Бауыржан Момышұлы, Тахауи Ахтанов сосын тағы бір
ағамыз. Қалған қаламгерлерімізге берілген атақтардың соңы айқайшусыз аяқталған емес. Тіпті сыйлыққа қатарынан 2-3 мəрте
ұсынылғандар да бар. Соған қарағанда қазақ қоғамында шеберлігі
жағынан бірінен бірі асып түсетін жақсы жазушылардың көп болуы
мүмкін. Екіншіден, «ешкімнің аты бəйгеден озып келмесе екен, атақ
пен жүлдені тек өзім ғана олжаласам» деп тұратын ішітарлық пен
мысық тілеу қазақ қоғамының салтына айналып кеткен қасиет.
Жазушыларымыздың арасында Сəбит Досановқа қарағанда шеберлігі
толысқан, көп ой түзе алатын қарымды қаламгерлеріміздің де болуы
бек мүмкін. Мынандай аламан бəйгеде солардың есімдері аталмай,
аттары мəреге жете алмағаннан кейін Сəбиттің кемшіліктерін іздеп,
шұқшиып отырғанымыз да сондықтан шығар.
– Қаламгерлеріміздің озық туындыларын бағалап, мемлекеттік
сыйлық беру барысында алақолдылық пен жершілдіктің,
рушылдықтың орын алуы ықтимал ма?
– Меніңше өз адамдарына бүйрек бұрып, алақолдылық жасау көбіне
көп мемлекеттік сыйлықты белгілейтін мемлекеттік комиссия
мүшелері тарапынан орын алып жатады.Тəртібіне жүгінсек, 700-ге
тарта қаламгерінің ішінен таңдаулысын іріктеп алып, атаққа ұсыну
тікелей осындай іспен айналысатын Қазақстан Жазушылар
одағығының құзырындағы шаруа. Биыл сыйлыққа 22 қаламгер
ұсынылды. Сондай жиыннның бірінде «неге жазушыларымызға
берілетін сыйлықтың тағдырын жоғарыда отырған қазақ əдебиеті мен
мəдениетінен хабары жоқ адамдар шешуі керек, өзіміз жақсы білетін 23 автордың туындысын сұрыптап, таңдаулыларын ұсынайық» деп
ұсыныс та жасадым. Тек сөзім өтпей қалды. Жазушылар одағы
сыйлыққа 20 шақты ақын-жазушыны ұсынып, өзінің бұл бағытта
белгілі бір ұстанымы жоқ, жалпақшешейлігін тағы да танытып алды.
Сыйлыққа ұсынылатын дүниелерді алдын ала осындағы поэзия, проза
секцияларында иін қандыра талдап, салмақтыларын ұсынғанда
мұндай қаңқу сөздер ауа жайылып кетпес еді. Екіншіден, жазушының
қаны мен терін сығып алып жазған төл шығармасының тағдырын
қазақ əдебиетін оқымаған, Сəбит Досанов пен Несіпбек Айтұлының,
Рафэль Ниязбековтің аты-жөндерін білмейтін, басқа тілдегі адамдар
шешіп жатады. Мұндай жерде əділдіктің болуы мүмкін бе? Сол
себептен де комиссиядадағы талдау барысында қай жазушы көбірек
көзге түсті, қай қаламгер жоғарыдағы ұлықтың алдына қанша мəрте
барып, дауысын қалай сұрап алды деген мəселелер ғана есепке
алынады. Біздің қазақ қоғамы қалай болса, конкурстары да сондай
деңгейде өтеді. Мұндай жағдайда араға кісі салу, сақал пұлдау, көз сату
сияқты жағымсыз қасиеттердің ықпалымен бүгінгі күннің озық жауһар
шығармалары емес, кейбір пысық адамдардың ортанқол, жілігі
татымайтын дүниелерінің өтіп кетуі мүмкін. Тамыр таныс жағалап,
беделді адамдардың көмегіне жүгіну қоғамымызда бұрында болған,
қазір де бар, келешекте де орын ала бермек. Мына Балтық
жағалауындағы елдердегі комиссия құрамында бірнеше адам жыл
бойына жұмыс істеп, сыйлыққа тек ел мойындаған озық
шығармаларды ғана іріктеп алады екен. Бұл елдерде дəл біздегідей
алдыңды кес кестеп жүргізбей,өздері жазған шығармаларын тықпалап,
ұсынатын əдет жоқ. Қазақстандағы сыйлық беруді де осындай жүйеге
көшіру керек.
– Мемлекеттің сыйлықты негізгі шарты бойынша оған
ұсынылатын шығарма кем дегенде соңғы бес жыл көлемінде
жазылған
болуы
керек
екен.
Ал,
Сəбит
Досановтың
«Жиырмасыншы ғасыр» романы бұдан он-он бес жыл бұрын
шамасында дүниеге келсе керек.
– Өкінішке қарай қазақ қоғамында бұл тəртіпті сақтап жатқан ешкім
жоқ. Былтыр ғана үкіметіміз бекіткен мемлекеттік сыйлық берудің
тəртібі жөніндегі ережеде бір автордың шығармасы қатарынан
бірнеше рет ұсынылмасын дегендей де талап көрсетілді. Тіпті сол
ережеде сыйлыққа бір жылдың ар жағында, бес жылдың бер жағында
ғана жазылып, баспа жүзін көрген шығармалар ұсынылуы тиіс деген
қатаң қағида да болды. Соңынан шарт талаптарын өзіміз бұзып алдық.
Қазір сыйлыққа атам замандарда жазылған кітаптар мен осыдан 12
жыл бұрын баспа бетін көрген шығармалар да талғамсыз ұсыныла
беретін болды. Осының бəрі сыйлық беру тəртібінің бір жүйеге
түсірілмегендігінен. Мемлекеттік сыйлықты беру деген автордың
ұлтқа, халыққа сіңірген өлшеусіз еңбегін бағалап, қамқорлық жасау
деген сөз. Бірақ бізде сыйлықты шығарманың салмағына қарап емес,
авторының аты-жөніне қарап беру кеселге айналып кетті. Маңдайына
үкі тағып, сыйлыққа ұсынып отырған шығармамыз осындай биік
атаққа лайық па, жоқ па онымен ешкімнің шаруасы болмайды.
Шынтуайтына келсек, бұл жерде шығарманың көтеріп тұрған салмағы
емес, оның авторының аты-жөні көп рөл атқарады. Көбіміздің
қанымызға сіңіп кеткен «əй, осы пəленшекең, пəленбай жылдан бері
сыйлыққа ұсынылып келеді ғой, осының алатын уақыты болды емес
пе, алсыншы»деген жалпақшешейлік пен жұмсақтық ақыры түзу
жолдан тайдырып, өз дегенін жасап тынады. Əлемдегі ең жоғары
сыйлық Нобельдің де кейде ең ірі жазушыға емес, ешкім білмейтін,
шығармасы халықаралық деңгейде танылып, мойындалмаған кейбір
қаламгерлерге оның еліне деген көзқарастың əсерімен беріліп
жататынын да көріп отырған жоқпыз ба. Біздің елімізде де сыйлыққа
ұсынуда осындай кемшіліктер жоқ емес, бар. Бірақ оған бола жүрегіңді
сыздатып, таусылудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Əйтеуір қалай
дегенде де белгілеген сыйлығымызды сырттан келіп, ешкім
қанжығасына байлап əкетіп жатпағанына тəубе айтуымыз керек ғой,
айналып келгенде атақ та, марапат та өз ортамызда қалады емес пе.
Əрине келешекте мұндай қомақты сыйлықтар Мұхтар Əуезовтың
«Абай жолы» сияқты классикалық дүниесімен деңгейлес туындыларға
беріліп жатса, «мыналарың қалай» деп ешкім де өкпе айта қоймас еді.
Қазір кім көрінген сыйлық алатын болды.
– Көзі тірі кезінде лайықты бағасын ала алмай арманда кеткен
кейбір ақын-жазушыларымыздың шығармалары мемлекеттік
сыйлыққа ұсынылған кезде де «осы əруақтарды мақтап,
марапаттаудың қажеті қанша» дегендей күңкіл əңгімелер де
естіліп қалған еді...
– Расында да ел танып, жұрт мойындаған кейбір қаламгерлерімізді
мемлекетіміздің көзі тірі кезінде бағалай алмай, ол өмірден озғаннан
кейін халықтың қысымымен, қоғамдық пікірдің ықпалымен есіне
алып, марапаттап жататындығы бұрыннан бар əдет . Əрине «өлі разы
болмай, тірі байымайды». Десе де о дүниелік болып кеткен ақын
жазушыларымызға шетінен сыйлық үлестіре беретін болсақ, онда
қазіргі жер басып жүрген ақын-жазушыларымызға кезек тимес еді.
Қатал замандарда мұндай құрметтен құр қалған данышпан Абай мен
ер Махамбетке де мемлекеттік сыйлық берсек, онымызды ешкім де
сөкеттік көрмес еді. Бірақ олар əдебиет əлемінде онсыз да Абай мен
Махамбет болып қалыптасып, қалың жұрттың жүрегінен орындарын
тапқан ұлы тұлғалар емес пе. Меніңше, сыйлық көзі тірі жазушыны
арқасынан қағып, қанаттандыру үшін қажет. Жалпы мемлекеттік
сыйлықтың кімдерге берілгендігі төңірегінде аттандап, айқай-шу
көтеретіндей ештеңе де жоқ. Бар кінəрат біреудің аты бəйгеден озып
келсе, қарадай ішіміз күйіп, жамандық тілеп тұратын өзіміздің қазақы
пендешілігімізде. Мемлекеттік сыйлықты берумен айналысатын
арнайы комиссиясының құрамында əдебиет пен өнердің тамырын тап
басып, əділ бағасын беретін, жершілдік, рушылдық кеселімен
ауырмайтын, қазақтың руханиятын көздейтін, үлкен биікке шыққан,
жақсы мен жаманның, асыл мен жасықтың ара жігін ажырата білетін
парасатты тұлғаларымыз отырса, ұсынылған сыйлықтың соңы дəл
мынандай өрттей қаулаған қаңқу сөздер мен айтыс тартысқа ұласпас
еді. Ал бізде комиссия құрамындағы адамдардың мемлекеттік
сыйлыққа ұсынылған шығармаға байыпты баға берудің орнына
рушылдық пен жершілдікке бүйректері бұрып тұратындығы өрттей
қаулаған түрлі пікірлер мен жел сөздерге жол беріп жатады.
– Сіз бір кездердегі азуы мықты əдеби сынның тілі
күрмеліп,аяғына тұсау салынғандығының əсерінен көптеген
сапасыз, салмақсыз дүниелердің мемлекеттік сыйлықтарға
əртүрлі жолдар мен ұсынылып кететіндігін айтпағанда, соңғы
жылдары
авторларының
аты-жөні
белгісіз
күлдібадам
кітаптардың қаптап кеткендігін де ұдайы айтумен келесіз.
Анығында да бүгінгі сынның ахуалы сіз айтып жүргендей
шынымен де мүшкіл ме?
– С.Қирабаев, С.Əшімбаев, М.Қаратаевтардың кезіндегі əдебиетті
сала-салаға бөліп, жіктеп, жіліктеп, лайықты бағасын беріп отыратын
сынның қуатың жоғалтып алғанына қай заман. Баяғы одақтың кезінде
«Ұжымдық Белинский» деген мəртебелі аттаққа ие болған қазақ əдеби
сыны қазір аузына су толтырып алғандай үнсіз күйде, тым-тырыс,
Басқасы басқа əдеби сынның ең шағын жанры жаңадан шығып,
оқырмандарына жол тартатын шығармалардың кем-кетігі мен
жетістігін таразы басына салып талдайтын рецензия жазу дəстүрінен
де көз жазып қалдық. «Қазақ əдебиеті» газетінің беттерінен əдеби
сынның нышанын шам алып іздесеңіз де таппайсыз. Баспа жүзін
көретін кітаптардың кемшілігі жіпке тізіліп, авторлардың бетіне мін
ретінде айтылмағаннан кейін инкубатордан шыққан балапандай бір
біріне ұқсас, татымы жоқ дүниелерді шығару бел алып кетті. Аттарын
адам естімеген ақындар баспалардан том-том кітаптарын шығарып
марапатталып жатады. Кеше ғана Жазушылар одағының кіре
берісінен «қазақтың талантты ақын қызының кеші өтеді» деген тілдей
хабарландыруды оқыдым.. Мұндай талантты ақын қыз бұған дейін
жұрт назарына ілікпей, əдебиетіміздің қай бұрышында жүрген?
Осының барлығы əдеби сынның көк жасық дүниелерге тоқтау
салмағанының кесірі. Таяуда қазақ радиосынан пəленше деген
ақынның пəлен кітабы шыққанын, 300-ге тарта өлеңін қайта кітап етіп
шығаруға қамданып жатқанын, 300-тарта əнге сөз жазғанын естіп
таңқалдым. Жұрт аттарын естімеген бұл қандай ақындар? Алғашқы
өлеңімен əдебиеттің босағасынан тізесі дірілдеп аттамаған, газет
бетіне шыққан тырнақ алды туындысының бояуына көңілі
қобалжымаған, өлең тағдырына өмірін қор етпеген адамнан ақын мен
жазушы шыға қоя ма? Əдебиеттегі тағдыр– ол адам тағдыры. Өзгесін
айтпай-ақ қояйық, Қазақстан Жазушылар одағының қарамағындағы,
солардың ықпалымен кітап шығаратын баспалардың өздері кім
көрінгеннің дүниесін əзірлейтін болды. Сол кітаптарды оқып отырып,
тым құрыса тұшындыратын нəрсе таппайсың. Бірақ оған «ау, мына
қалпымызбен қайда барамыз» деп қабырғасы қайысып, алаңдап
жатқан тірі пендені көрмейсің. Əдебиет жанрының қарапайым
ережелерін сақтамаған осындай дүниелер баспа бетін көрместен
бұрын Жазушылар одағындағы поэзия, проза, аударма секцияларында
неге талданып, талқыланбайды? Осы секциялардың қалыптағыдай
жұмыс істеуі үшін пəлендей қаражаттың қажеті де жоқ ғой.Секция
мамандары баспаға əзірленетін кітаптарды талғам мен талап
таразысының басына салып, нақты бағасын берсе мұндай
жауапсыздық орын алмас еді деп ойлаймын.
– Кезінде атақты жазушы Ги де Моппасанды сол тұстағы билік
басындағылар
«Пышка»
новелласында
өмір
шындығын
көрсеткені үшін «Францияны жерге қараттың» деп кінəлаған екен.
Бүгінгі қазақ əдебиеті қоғамымыздағы шындықты дəл сондай
дəрежеде билікке жалтақтамай тура айта алады деп ойлайсыз ба?
–Сіздің алыстан орағытып, астарлап жеткізген əңгімеңіздің бір
төркінінде Қазақстан Жазушылар одағының бүгінгі басшыларына
қатысты сұрақ жатқан тəрізді. Ішімде бүгіп, іркіліп қалмайын, айтайын.
Таяуда Жазушылар одағының кезекті сьезін өткізіп, жаңа
басшымызды алдағы бес жыл мерзімге қайта сайлап алдық. Осы
құрылтайдың алдында баспасөз беттерінде одақтың төрағасы
орнынан кетіп, бұл лауазымға басқа адам сайлануы керек деген тəрізді
мазмұнда əртүрлі пікірлер айтылды. Тіпті жазушы Қабдеш Жұмаділов
бастаған топтың адамдары болашақ төрағалық қызметке келетін
кісінің аты-жөнінде атап, таныстырып та жіберді. Өз басым
Жазушылар одағының қазіргі
кандидатурасын қолдадым.
төрағасы
Нұрлан
Оразалиннің
– Неге?
– Себебі дəл қазіргі кезде Жазушылар одағының жұмысын Нұрлан
Оразалиннен артық дөңгелентіп əкететіндей тұлғаны көріп тұрғаным
жоқ. Оның үстіне жекелеген топтардың бұл орынға ұсынып отырған
үміткерлерінің қабілет, қарымы Нұрланнан көп төмен. Сондықтан да
бұрынғы төрағаның өз қызметінде қалғанын қаладық. Нұрлан
қазақтың үлкен ақыны, қайраткері. Жазушылардың тілін таба білетін,
билік пен қаламгерлер қауымы арасында көпір болуға жарайтындай
адам. Алайда бұл Жазушылар одағының бүгінгі басшылығы атқарып
отырған жұмыс сапасы көңілімізден шығады деген түсінікті
білдірмейді. Біз де сол баяғы кеңес заманындағы қалыптасып, қатып
қалған қағида бойынша Жазушылар одағының басшыларына тек
төрдегі жайлы орындықта отырып, биік мінбелерден сөйлейтін
шенеунік ретінде қараудың əлі де мұрты бұзылмай келеді.Əділдігін
айтсақ, нарық заманындағы Жазушылар одағының басшылары
жазушының қамын ойлап, оның көз майын тауысып жазған дүниесін
шығаруға қол ұшын созатын, қаламақы тауып беріп, марапаттауға
жағдай жасайтын, қаламгердің демалуына, шығармашылықпен
айналысуына мүмкіндік беретін тиімді тұстарды іздестіретін топ
менеджердің қызметін атқаруы тиіс.
– Бүгінгі Жазушылар одағы сол міндеттің тым құрыса ширегін
атқарып отыр деп айта аласыз ба?
– Айта алмаймыз, неге десеңіз қазіргі Жазушылар одағының
қарапайым қызметтің түрі кітаптың шығуына ықпалы жүрмейді,
қаламақы тауып бере алмайды, шыққан дүниені таратуға пəрмені
жетпейді. Жазушылар одағының жұмысын заман талабына сай қайта
құрып, дөңгелентіп əкететін лайықты қайраткер таппағандықтан амал
жоқ Нұрлан Оразалинге тоқтап отырған жоқпыз ба. Түбі бұл лауазымға
бойында менеждерлік қасиеті бар адамдар келеді деп үміттенемін.
– Өз жұмысын заман талабына сай қайта құра алмаған, батыс
қазақстандық қаламгер Алпамыс Бектұрғановтың айтып
жүргеніндей, өз мүшесін табандап қорғауға қауқары жетпей
қалған мұндай одақтың шын мəнінде қажеті бар деп ойлайсыз ба?
– Қаламгерлер қауымы арасында Жазушылар одағы қажет пе, жоқ
əлде басқасын құрамыз ба дегендей пікірлер бұрыннан да айтылып
келеді. Мұндай өкпе-наздар бүгінгі одақтың жұмысына көңіл
толмағандықтан айтылып жүрген шығар деп те ойлаймын. Анығында
да Жазушылар одағының кешегі өздері мүшелікке қабылдаған
жазушыны басына іс түскенде шетке қағып, жағалауға шығарып
тастауы қаншалықты əділ болды, жауапты басшылар бұл мəселенің
байыбына көздерін жеткізе алды ма деген сауал əлі де анықтауды
қажет етеді. Сол А.Бектұрғанов ақталып шыққаннан кейін Жазушылар
одағының құрылтайында сөз де сөйледі. Сол кезде одақ оны қабатына
алып, қайтадан қабылдауы керек, еді, өкінішке орай басшылар ондай
қадамға тəуекел етіп бара алмай қалды. Мүмкін бұл жерде біз біле
бермейтін басқа да түйткілдер бар шығар, десе де Жазушылар одағы
өз елінің жазушысына соншалықты немқұрайлы қарамауы керек еді.
– Осы қолайсыздау оқиғаны қаламгерлер қауымының қара
шаңырағы Жазушылар одағының атқарып отырған жұмысына
көлеңкесін түсіріп кеткен мін ретінде қабылдай аласыз ба?
– Əрине бұл үлкен мін болды. Жазушылар одағының мүшелігіне
қабылдау дегеніңіздің өзі үлкен мəселе. Мен одақтағы мүшелікке
қабылдау жөніндегі комиссияның мүшесімін. Сенерсіз, сенбессіз, сол
комиссияның кезекті бір жиналысында 80 адамды мүшелікке
қабылдауға мəжбүр болдық. Олардың ішінде жасы сексеннен асып
кеткен егде адамдар да бар. Мұндай қарт адамдарға одақтың
мүшелігіне өтудің қандай қажеттілігі бар десеңізші. Кезінде одақтың
мүшелігіне өту партия қатарына қабылданғаннан қиын шаруа
болатын. Үш кітабың шықпаса үмітің үзілетін. Қазір бір немесе жарты
кітабы шыққан, немесе əлі əдебиеттің табалдырығынан аттап
үлгермеген адамдар да мүшелікке оңай қабылдана салатын болды.
Оны одақтың беделін түсіретін абыройсыздық деп санаймын!
Тағы бір айта кететіні биыл Жазушылар одағының Алаш сыйлығы
42 адамға берілді. Үміткерлердің көптігін одақ төрағасы сыйлықтың
үш жылдан бері берілмей, жиналып қалғандығымен сабақтастырып,
ақталды. Жазушылар одағының есебінде бас-аяғы 700-ге тарта
жазушы бар екен, сонда оларға жыл сайын осыншама сыйлықтан
үлестіре берсек, талап, талғамсыз берілетін атақ та қандай құн, қандай
қасиет қалады. Жазушылар одағы осы жерде де ұстамсыздығын
көрсетіп қалды.
– Өндірдей жас кезіңізде еңбек өмірбаяныңызды бастаған қазақ
теле дидары мен радиосындағы лауазымды қызметіңізден
ондағы басшылармен тіл табыса алмағандықтан кетті деп естідік.
– Жүрсін Ерманның өзгелерден бір ерекшелігі ол жиырма жасында
теледидардың табалдырығынан аттап, соның отымен кіріп, күлімен
шыққан адам. Осы жылдар ішінде көңілге бір түйгенім Қазақстанда
теледидар мен радионың басшылық қызметіне одан хабары жоқ
адамды əй-шəй жоқ əкеліп отырғыза салу жиырма жыл көлемінде көз
үйренген қалыпты үрдіске айналып кетті. Телерадио комитетті кімдер
басқармады? Хамит Хасенов, қазір еліміздің құқық қорғау органдары
сабылып іздеп жүрген Виктор Храпуновтың жұбайы Лəйла Бекетова,
Шерхан Мұртаза, Əшірбек Көпішев, Ерлан Сатыбалдиевтер халықтың
санасына əсер етіп, ұлтты тəрбиелеп, біріктіретін осындай қуатты
мекемнің тізгінін ұстады. Бұл адамдардың өз саласының білгір
мамандары екендігіне айтар дауым жоқ. Тек олар телеарналардың
жүмысынан бейхабар емес пе. Халқымыздың «Сақаудың тілін шешесі
біледі»,»Балықтың тілін бақа түсінеді» деген сөздері осындай мəнжайларға қарап айтылған. Билік басындағылардың аса маңызды
құрылымның басына оның жұмысының қыр-сырын түсінбейтін
əлгіндей адамдарды ойланбастан отырғыза салатынына əлі күнге
дейін
таң
қаламын.
«Хабар»,»Қазақстан»
сияқты
ұлттық
арналарымыздың қызметі көңілімізден шықпай жатса, оның да түпкі
себебін ондағы басшылыққа кездейсоқ келе салған шенеуніктердің
қабілет қарымынан іздестірген абзал. Əдетте басшы қандай адам
болса, маңайына өзімен ойы шамалас кісілерді жинастырып,
топтастырып алады. Олардың ой өресінің қаншалықты деңгейде
екендігі əуе толқыны мен көгілдір экран арқылы жалпақ жұртқа
таралып жататын мəнсіз хабарларының мазмұнынан ылғи да
менмұндалап көрініп тұрады. Осы тұрғыдан келгенде қазіргі қазақ
телеарналарының көгілдір экрандарынан қазақтың рухын оятатын,
жас ұрпақты жарқын болашаққа бастайтын рухты хабарлар мүлде
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алыстан жəне жақыннан - 11
  • Parts
  • Алыстан жəне жақыннан - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2738
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    43.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 02
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2611
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 03
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2403
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 04
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2447
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 05
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2377
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 06
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2408
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    36.7 of words are in the 5000 most common words
    43.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 07
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2369
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 08
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2098
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 09
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2095
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    46.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 10
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2190
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 11
    Total number of words is 3828
    Total number of unique words is 2270
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 12
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2453
    27.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 13
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2420
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 14
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2357
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 15
    Total number of words is 3724
    Total number of unique words is 2536
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    33.2 of words are in the 5000 most common words
    39.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 16
    Total number of words is 3909
    Total number of unique words is 2501
    25.1 of words are in the 2000 most common words
    35.9 of words are in the 5000 most common words
    42.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 17
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2404
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    46.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 18
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2483
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 19
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2383
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 20
    Total number of words is 4116
    Total number of unique words is 2436
    28.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 21
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2493
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.