Latin Common Turkic

Алыстан жəне жақыннан - 04

Total number of words is 3872
Total number of unique words is 2447
29.5 of words are in the 2000 most common words
42.8 of words are in the 5000 most common words
50.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қабырғаның қатқан басы болмай ма? Мүтəлиф ондай емес. Қамыс
көрпені астына төсеп, оттың шоғын саған қарай ысырып, қара
шəугімнің түбіндегі қоюды саған құйып, əбден бəйек болады. Көзінің
үстіне былтыр шыққан бармақ басындай меңі үлкейе түсіпті. Егер
Несіпбек Айтовты орта бойлы кісі деп санасаңыз, бұл ортадан жоғары
бойы бар, қағылез сары кісі.
– Осы сен Қапшағайда электр жағында жүруші едің ғой?– десем:
– Одан күдер үзгелі бір жыл болды. Жарымаған айлығына қашанғы
телмірейін. Осы көлдерді жалға алып, ондатр аулауға шарт жасастым.
Күн көріске қолайлы екен, – дейді.
Бұл «Қараойда» елдің көбі ондатр аулайды. Терісін Алматыға
апарып өткізсең, бес жүз теңгеден айналады. Келіп қабылдаушылар екі
жүз теңгеден көтеріп алады.
– Осы жердің бар қызығын Алматының орыстары көруші еді, – дейді
Мүтəлиф Көшкінбаев, – енді өзіміз иеміз. Бөтен адамды бұл аймаққа
қия бастырмау келісімшартта көрсетілген міндетіміз. Ондатрды өзіміз
бағып-қағып өсіреміз. Мына екі бала соның қуырдағына құмар.
Мүтəлифтің сырықтай-сырықтай екі ұлы – Қуаныш пен Нұржан
еңбектің дəмін татып қалған өрімдей жігіттер. Көлдің жиегіне шағын
баспана тұрғызып, ішіне пеш орнатып тастапты. Енді қара сылағын
бастағалы отыр екен. Елтең-селтеңнің бəрін қойып, жеке кəсіпке білек
сыбанып кіріскен екі жастың талабы тас жаратын түрі бар.
– Үйдегі екі сиыр мен бес-алты тоқты-торымға ондатрдың тиынтебені қосылып, есімізді жиып келе жатырмыз, – дейді кəсіпкер
Мүтəлиф.
Біздің кəсібіміз – қаз-үйрек атып алу екені еске түсіп, рұқсат
қағазымызды Мүтəлифке тапсырып, қамыстың ішіне сұғындық. Құс
атаулы таң бозынан бастап көлден ұшып шығып, құрғаққа қонып
жайылады екен. Төбеңнен өте бергенде атып үлгеру керек. Белгібай,
Мəлік үшеуіміз үш жерден гүрсілдетіп атқанмен, бір қаздың қанаты
қисайған жоқ. Тым биік үшып жүрді. Мəлік көгермегір:
– Сəл күн суытып, жел тұрса, төмен ұшар еді. Оқ жетпей қалып
жатыр, – дейді. Онсыз да күздің қара суығынан жаурап қалған Белгібай
екеуіміздің оны атарға оғымыз жоқ...
– Соо-нау Қызылтамның тұсында үйрек деген бықып отыр, – дейді
ол суайт. Мына қайыққа мінсеңдер, қамыстың арасымен сырғып барып,
үстінен түсесіңдер.
Шұрық-тесік ескі қайыққа мінуге жүрек дауалар емес. Қалтылдап
келе жатып, аунап кетсе, құдай сақтасын...
– Осы «Қызылтам» кімдікі болды екен? - деймін мен əңгіменің бетін
басқа жаққа аударып.
– Сол қызыл тамның ар жағында Арманд Андерсен деген шведтің
шалы тұрушы еді, – дейді сөзге Мүтəлиф араласып.
– Бақанастың құмының арасында неғып жүрген швед?
– Білмеймін. Жетпісінші жылдары сонда келіп, кішкене баспана
тұрғызып алып, отыз жыл өмір сүрді байғұс. Ұзын бойлы, алып
денелі... Осындай шведті бірінші көруім, – дейді əңгімеші қызып кетіп.
– Мен өмірі швед көрген емеспін, – дейді соттың төрағасы мырс етіп.
Мүтəлифтің кекесінде шаруасы жоқ, сөзін жалғай берді:
– Өзі бəлендей аң да ауламады. Мал да ұстамады. Ай сайын
Мəскеуден бір қапшық кітап, газет-журнал келеді. Соны оқып жата
беруші еді.
– Ол швед қайда?
– Былтыр қайтты.
– Кітаптары қайда?
Сүйегі Туғанбайдың үйінен шықты ғой. Кітаптары əлі күнге сол
үйдің бір бөлмесін толтырып тұр. Аяғындағы бəтіңкесі əлі бес жыл
кисе, шыдас берер еді. Осы Жалайырдың шалдары мені сүйегіне
түсірмей қойғаны. Бəтіңкесін кисем деп едім...
– Оның бəтіңкесі қырық жетінші емес пе? Басыңа киейін деп пе едің?
– дейді Мəлік кұда.
– Сол Андерсен қазақшаңызды лезде меңгеріп алды, – дейді
Мүтəлиф қосалқы сөзге елең етпей. – Анда-санда күркесіне соға қалсаң,
Жалайырдың шежіресін қолмен қойғандай таратып беретін, байғұс...
– Неден қайтты?
– Қартайып өлді. Халі нашарлаған соң, «Қараойдағы» Туғанбайдың
үйіне апардық. Мені іздеп келген кісіге берерсің деп қағаз жазып
кетіпті.
– Ешкім келмеді ме?
– Екі жұмадан соң, Германиядан қызы іздеп келді. Списалный қызы
бар екен. Көп жылады байғұс.
– Списалный қызы деген немене?
– Сөзді бөлме! Өзінің қызы дегенім ғой...
– Ойбай, қаздар енді көлге қарай ұша бастады, – деді екі бала өре
түрегеліп.
Мылтығымызды жүре оқтап, қамыстың арасына сүңгіп-сүңгіп
кеттік. Жер сыз. Əр жерден бадырайған қабанның іздері денеңді дір
еткізеді. Қамысқа сұғына өскен жыңғылдың, қара барақтың шық басқан
бұтақтары жағаңа жармасып, етегіңнен тартқылайды. Сымпылдап
ұшқан үйректер, қаңқылдап хабар таратқан қараша қаздар анда-санда
төбеңе келіп қалғандай-ақ болады. Гүрс еткізіп атып қаламыз. Құлап
жатқан құс жоқ.
– Майы қалың. Бытыра батпай жатыр. Əйтпесе, атуларыңда мін жоқ,
– дейді Мəлік аңшы.
Екі таң, бір кеш «күзетте» тұрып, оқтың бəрін тауысып, қайтатын
болдық. Соқыр үйрек ата алмаған бізді аяды ма, Мəлік пен Мүтəлиф
екі-үш үйітілген құсты қапқа салып берді. Ауға да бірер сазан ілінген
екен. Əйтеуір əйелдің бетіне тура қарайтындай халге келіп қалдық.
Қалғанын өтірікпен жамап-жасқап жіберуге бұрыннан кəнігі шеберміз.
Алматыға келгелі «Қараой» жаққа қарап кісінейтін болық. Кеңседе
отырсам да қаңқылдап ұшқан қаздардың дауысы құлағыма келгендей
болады. Күн де суытып барады...
БАРАЙЫН ДЕСЕМ, ЖЕР ШАЛҒАЙ
Тұрсын Жұртбай екеуіміздің де азан шақырып қойған есімімізде кісі
қызығарлық ештеңе жоқ. Досымыз Асқар Егеубай Тұрсын, Несіпбек
Айтұлы үшеумізге арнап өлең жазып:
Бұрай тартқан арқаның,
Бурлактары-ай Арқаның, – деп аяқтапты.
Ал Несіпбек болса:
– Əй, сендердің есімдерің етістіктен құралған. Екеуің де етістіксің.
Мен зат есіммін. Мені құрметтеп жұріңдер, – деп қажайды. Есімге
байланысты осы қағажу аз болғандай, өзімнің бір ағам – Көбейсін де,
екіншісі – Тұрсын. Үшеуіміз ағайынды үш кісінің баласымыз. Сөйтіп
жүргенде, тұңғыш құдамның есімі Тоқтасын болып жолықты: Көбейсін,
Тұрсын, Жүрсін, Тоқтасын!
Сол Көбейсін көкем Жезқазғаннан телефон шалып:
– Сенің ағаң, Мараттың əкесі Емберген қария дүниеден қайтты.
Топырақ салуға үлгермесең де, жетісіне келіп кет. Тұқымымызда
тоқсан алтыға келген өзге ешкім жоқ еді ғой. Бала-шағаңа жасын
берсін, арнайы ат ізін салғаның дұрыс, – деп кеңес берді.
Шынында да, ет жақынымыз болып есептелетін Емекең елдегі
елеулі кісіміздің бірі еді. Күні кешеге дейін белі бүгілген емес. Атан
жіліктері сидиған ұзын, қол-аяғы балғадай, алпамыс ағамыз ана жылы
Марат екеуіміз сайлаудың əлегімен ойға-қырға шапқыламақшы болып,
батасын алуға барғанымызда:
– Сен екеуіңді депутат етіп сайлайтындай, бұл Жезқазған, Қарсақбай
табанында өзге ешкім қалмаған ба? – деп біраз бізге көңілі
толыңқырамай отырды да:
– Бұйрық біледі ғой. Бəлкім, өтіп те кетерсіңдер. Берейін батамды.
Əгаракім, депутат бола қалсаңдар, біздің екі сиырға жыл сайын екі
арба шөп түсіріп тұрыңдар, – деп қолын жайған.
Көңілсіз берген батада баян болушы ма еді, Марат екеуіміз екі ай
бекер арам тер болғанбыз.
Сол Емекең өмірден озып жатқанда, елге барып, Марат досымның
қасынан табылғанға не жетсін! Барайын десем – жер шалғай. Баяғы
мың жарым шақырымдық ұзын күре жол. Ұшақпен ұша қояйын десең,
баяғы 18 сомның билеті енді жоқ. «Қазақмысты» басқаруға алған кəріс
ағайындардың бүкіл Жезқазғанды бауырына басып, билеп-төстегені аз
болғандай, Алматыға қатынайтын əуе жолын да «жекешелендіріп»
алған: ұшқысы келген күні ұшады, ұшпаса қояды. Билеттің бағасы
менің бір айлық жалақымнан асып жығылады.
Сонымен, барайын десем – жер шалғай, бармайын десең – ел
қандай!..
Естелікпен өмір сүретін жасқа шынымен-ақ келіп калғанымыз ба,
қайдағы-жайдағының бəрі еске түсе береді. Сол сайлаудың
алашапқынымен жүргенімізде, алдымызға Қасым Қайсенов пен Камал
Смайыловты салып, Байқоңыр ауылына жұртшылықпен кездесуге
келдік. Аттандап сөйлейтін бір жеңгеміз:
Осы сені жазушы деп шабылып жатырмыз. Жазғыш болсаң, осы өз
ауылыңның өткен-кеткенін неге жазбайсың? Аттың басындай
ағаларыңды неге жазбайсың? Махаббат-сахабатты коятын кезің
болған жоқ па, əдірам калғыр! – деп шүйліккені бар. Айтты – кетті.
Ыбырай Жақаевтың кетпені секілді сол сұрақ менің көкжелкемнен əлі
төнеді де тұрады. Кейде шырт ұйқыдан шошытып оятады.
Каршадайымыздан қалаға кетіп, елден қол үзіп қалған басымыз,
ауылдағы ақсақал-қарасақалдан сөз үйренеміз, əңгіме естиміз деп, əне
барам, міне бараммен жүргенде, сол абыз қарттар да түгесіліп бітуге
айналыпты. Міне, Емберген ағамыз да аттанып кетті.
Төрт-бес жыл бұрын Көбейсін көкемді, Бекіш жездемді, сұңғыла
Сабыр Момбекұлы қарияны қасыма алып, Байқоңырдың оңтүстікбатыс желкесіндегі «Үйтасқа» арнайы бардым. Жетпіс сегізінші жылы,
Зəбида əкемнің зиратына қажет қайрақтас іздеп барғанымда, «Үйтас»
дегеннің ешқандай қара тас емес екенін көріп едім. Кақпақтастан
қаланған қалмақ батырының моласы екенін басындағы жұлдызша
белгісінен танығанбыз. Сол «Үйтастың» өзен жақ бойында
быжырлаған араб жазуына толы 50-60 жапа тас жатушы еді. Жазу
болғанда, бəлен жылы бəленше туды, өлді деген дерек емес, кəдімгі
«Қилы заманның» тасқа көшірілген қолжазбасындай, ұсақ-ұсақ
маржандай, мол жазу еді. Кітап беттері жерге шашылып түскендей.
Сол тас жазуларды ширек ғасырдан соң ұзақ іздедім. «Үйтас» бар,
белгілер бар, жазулы жапа тастар жоқ. Ізім-қайым жоқ.
Сабыр ақсақал:
– Ана жылы осы Байқоңыр басында біреу тастан қора салып, соған
жазулы тастар қаланып кетті деуші еді. Кімнің қорасы екенін де
ұмыттым. Кеңес өкіметі құлағаннан бері талай үй қалаға көшіп, талай
қора бұзылды ғой, – деп сарыуайым айтты.
Сабыр шалдың бізге сойған лағының басы піскенше, талай кісіге
сұрау салдық. Тастағы жазулар таптырмады. Осы əңгімені Ақселеу
Сейдімбекке айтқанымда:
– Құрттың-ау, бала! Жерден қазсаң да, табу керек еді! Тарих сені
кешіре кояр ма екен? Томсон Орхонның бойына барарда... – деп бір
ұзын сонар əңгімені бастап кеткен.
Іздеймін деген кісіге, «Үйтас» орнында тұр. Оның өзен жақ беті
қаптаған қалың тас. Қай төбенің етегінен көргенімді қайдан білейін...
«Үйтасты» сол иыққа алып, əрі жүрсең, шым-шытырық дала
жолдары андыздап қоя береді.
Осы құба жонда осыдан отыз жыл бұрын ондаған мың киік баласы
өріп жүруші еді. Тұрсын Нұриланы алып қашатын жылы мамыр
айының басында, қара жолдың үстінде балалап жатқан киікті жарып
өте алмай, тоқтап қалғанымыз есімде. Сол жылдары біздің ағайындар
сырттан кісі келіп қалмаса, мал соя қоймайтын. Киіктің ақбас
текелерінің сүйкімді еті – елдің ырысы еді. Енді киіктің суретін
балаларымызға кітаптан көрсетіп, ертегі айтатын болдық. Ол ертегіңе
сенетін бала да жоқ. Соңғы бір жылдары жол үстінде аңырып тұрған
екі лақ текешікті сусыз жерде шөлдеп өледі ғой деп, мəшинемізге
салып алдық. Бармақтай ғана мүйіздерінің түбінен шып-шып қан
шығып тұр екен.
– Өсіріп, бағып-қағарсыздар, – деп, кеңшар директоры Дүйсебек
Дүйсенбаевтың үйіне апарып бергенімізде, көпті көрген Дүйсекең:
– Ойбұй, бұл радиацияға ұшыраған жануарлар ғой. Мынау қанды
көрмеймісің? Бал беріп бақсаң да, қатарға қосылмайды, – деп өкініш
айтқан. Сол екі лақ шынында да мал болмады. Киігіңіз не,
радиацияның сəулесі сол жылы құлын біткенді баудай түсірді. Ірі
басты жылқы төзеді екен де, қарақұлақтанып үлгермеген құлын тұрған
жерінде сеспей кататын көрінеді. Біздің Ұлытау ауданы осындай
сұмдықты да көрді-ау.
Ұлытау демекші... Сəбит Мұқанов əкемізден қалған дəстүрмен, бірді
айтып, бірге кете береміз. Əлқисса, əлгі екі лақты тауып алатын жолы,
Ұлытаудың теріскей бетіндегі «Ащыкөл» деген балшықты суға ем
алуға бардық. Əулие-əнбие көбейген, ем-домды көрінген бұлақтан,
таудан-тастан іздеп кеткен бір заман еді ғой. Рас, əлі де дос алдамаған,
жолдас сатпаған, адам біткен бір мейірбан шақта əлгі Дүйсебек ағамыз,
Мұхтар Бəйменов пен Серікбай Омаров досымыз, аудан басшысы Серік
Тілеубаев «Ащыкөлдің» басына үй тігіп, егін шаруашылығының бір көк
вагонын қойып берді. ЬІдыс-аяқ та, көрпе-жастық та су жаңа. Айдалаға
тоңазытқыш та əкелінді. Айтайын дегенім – «Ащыкөлдің» беті толған
сыңқылдаған аққу кұс. Қоға-құрақтың арасы – сутышқан. Қырқадан
ассаң болды – мыңғырған киік. Қаратай деген қайнағам екеуіміз
дырылдаған ескі «Москвич» көлігімен топ киікке барып араласып,
суретке түсіреміз. Көзі баданадай жарқыраған киік баласы кандай
сұлу! Түн ортасына қарай маңырап-жамырап мыңдаған ақбөкен суға
құлағанда, жым-жырт түн ертегінің еліндей күйге көшер еді. Осы
өлкеге енді барсаң, емге майын қуыратын суыр таппай сандаласың.
Қойнауы құтқа толған Ұлытау мен Кішітау, Желдіадыр тандырдай
кепкен табиғаттың музейі тəрізденіп, көңіліңді кұлазытады. Бір
ғажабы, калай қарай жүрсең де, қаптаған зираттарға, қараусыз қалған
молаларға жолыға бересің. Бір қырқаға шыға келгеніңде, мұржасы
сорайған Карсақбай мыс зауыты, оның іргесіндегі құлаған үйлер,
қалқайған қабырғалар көзіңе шалынады. Кеше ғана соғыс жүріп өткен
өңір тəрізді сұрықсыз сурет көңіліңе қаяу салады. Елестен қашқан
кісідей, тезірек жолға түсіп, ауылыңа жеткенше асығасың...
Көтерме жол «Жыңғылдыөзектен» өтіп, біздің «Қоскөлге» жете бере
таусылады да, қара жолдың сорабы екі айырылып, бірі – зиратқа
бұрылады, бірі – ауылға кіреді. Зиратқа баруға қанша асыққанмен,
ауылды аттап кетуге болмайды. «Итсіз ауыл – қорымдағы» аналарым,
əкелерім, бауырларым жаққа қарап, жүрек сыздағанмен, дəстүрге
бағып, ауылға кіресің. Біздің түсетініміз – Елубайдың үйі.
«Жыңғылдыөзектің» балығын аулап, ыстап, қалаға өткізіп жүрген
кəдімгі Елубай ғой. Келініміз Ардақ екеуі тапса, тоқты сояды. Таппаса...
Əй, таппаған күні жоқ-ау. Үйелмелі-сүйелмелі төрт қыз өсіріп отырған
Елубай:
– Келіндерің биыл да қыз туды. Мені жұмаққа барасың деп қуантып
қояды, – деп əзілдейді. Екі үлкені – Айсұлу мен Күнсұлу апасының қыс
киесің деп əкелген жылы киімдерін киіп алып, пысынағанына
карамай, шарайнаның алдында көлбеңдейді. Жетінші сынып оқып
жүргенімде ағам Жұмағали маған да костюм-шалбар, табаны падош
туфли, тор көз көк ала жібек көйлек əкеліп, мектепке барар кезге
шыдамым жетпей, мұздай киініп алып, Ембергеннің үйінің тұсынан
бұзау қайырғаным есімде...
Елубай мен
божылдағанша:
Ардақтың
күрең
бауырсағы
пісіп,
самаурыны
– Ассалау... – деп Сапар Қайратұлы ағамыз кіріп келеді. Бұл
бұлжымайтын
дəстүр.
Соятын
тоқты-торымның
бар-жоғын
түгендейді, отын-суды тексереді. Кешке электр шамының сөніп
қалмауын қадағалап, оған бір шөлмегін жөнелтеді. Сонсоң барып шайға
отырады. Еттің наны салынды-ау деген кезде бұрын ауылкеңес болған
құдамыз Доскен де босағадан аттай береді. Басқа ешкімді біз де
іздемейміз. Тұрсын отарда болар. Нұрила жеңгей терезесін бүркеп
алып, үйінде жатады. Жортуылға күн қызуы басылған соң, кешкілік
қана шығады. Жылқы отарын басқарған, кісілігі мол Жандарбек
ағамыз біздің шаңымыз қыр басынан көрінгеннен-ақ Елубайдың үйін
бетке алушы еді. Ол кісі бір-ақ күнде о дүниелік болып кете барды.
Іскендір ағамыз да, Мүгір ағамыз бен Мейрам ағамыз да əлдеқашан
аттанып кеткен. Біздің катарымыздан ауылда қалған Иманбек пен
Алпыс мен келді деп естісімен, «аң қарауға» жөнеледі. Артық кісі күтіп
неғылсын...
Айтпақшы, сол шалдардың көзін көрген, тəрбиесін алған Кұлжанбай
деген ініміз Сапармен ілесе келіп, отын жарып, мал сойып, шаруаны
үйіре жөнелетіні бар. Ішің жылып қалады. Осындай бір тəуір балалар
Əпек ағамыздың үйінде де бар. Аттары да қызық: Тəуекел, Келсеңкел,
Алыпкел, Ұмтыл, Вперед. Тəуекел бізбен катар. Впередті де қатарқұрбысы «Пеке» дейтін болыпты. Əпекеңнін балалары сабаққа онша
алғыр бола қоймапты. Жазда, оқуға түсу науқаны басталған шақта,
Əпек те бір баласын жетектеп, калаға жүрейін деп тұрса, ауылдастары:
– Осы балаң оқуға түсіп не жарытады, Əпеке? – деп қажапты.
Сонда Əпек:
– Балам оқуға түспейтінін өзім де білем. Əншейін, Əпек те баласын
оқуға апара жатыр екен деген сөз шықсын дегенім ғой, – дейтін
көрінеді.
Сол баласы Тəуекел ақыры институт бітіріп, біраз жыл осындағы
мектептің де директоры болды.
... Елубайдың үйінде қона жатып, зиратқа шұбырып барып, əкешеше, ағайын-туысқа аят бағыштап, мауқымыз басылған соң, жайлау
іздей бастаймыз. Қоскөлдің басындағы əйелдер жалқаулыққа
үйренген. Бір үй бие байламайды. Сиыр сауатындардың өзі аз. Мейрам
көкемнің үйіндегі Жібек жеңгеміз қысы-жазы ашымал ұстаушы еді,
енді, міне, Мекең де, Жікең де бұл пəниде жоқ. Жалғыз інгенін сауып
отыратын Ахат ағаға сəлем беріп, шұбатын қотарып кетуші едік, ол үй
де Жезқазғанға коныс аударғалы неше жыл болды. Обалы нешік,
кұмның іші толған жеке шаруалар. Қайсысының кай өзекті сағалап
отырғанын кісі біліп болмайды. Кешегі мұғалімдер, кешегі дəрігерлер,
кешегі шопыр-тракторшылар бес-он қойын айдап, малшы боп кеткен.
Бəрінің байығысы келеді. Алла соларға оң көзбен қараса екен, токтысы
егіз туса екен деп тілейсің. Байып жатқандары да жоқ емес. Соның бірі
– менің туған жиенім Қуанышбай Досжанов. Апам Қалия кайратты,
қажырлы, көргенді кісі еді. Ақбоз үйді қосарлап тігіп, үйірлеп бие
байлап, күмпілдетіп саба пісіп, мейман келсе екен деп елеңдеп
отыратын. Ол жылдары Көбейсін, Шымболат, Мұхтар бəріміз сол
ауылдан жиі табылушы едік. Апам түйе қарап кеткеннен бері, жиеніміз
жөн таба алмай қалды. Қойдың саны мыңнан асып, мінетін көлігі
көбейген сайын Қуанжан дəулетін айтып мақтанатын, жер-көкке
сыймайтын болды. Бұрын менің «Жезкеме» деген өлеңімді əнмен
айтып қарсы алушы еді, қазір сөзінен жаңылысатынды шығарыпты.
Жана кітаптарымды да оқымайтын тəрізді. Содан ба екен, мен де ол
ауылға ат ізін салмай жүрмін.
Ең шырайлы ауыл – «Ұзынсордағы» Ғалымның ауылы. Жандарбек
көкемнің түтінін түтетіп отырған Мəруа жеңгеміз аударып-төңкеріліп
əзер жүрсе де, ұлдарын шаруаға жегіп койған. Кешегі мың жылқының
жұрнағы əлі де берекелі. Табыс та бар, мақсат та мол. Жасы қырыққа
келгенде Нұрперзент атты ұл сүйген Ғалым ініміз соңғы жылдары
көшелі кісілік тауып келеді. Барсаң, құлын сойып қарсы алады. Биенің
сүтіне шомылдырады. Қысқы соғымыңа да ен салдырып жібереді.
– Шіркін, ауылым-ай! – деп, Темірхан Медетбек айтпақшы, алшаңалшаң басасың. Талтайып тұрасың. Шалқайып жатасың. Аяулы
ағаларыңның, жайдары жеңгелеріңнің сиреп қалғанына жүдеген
көңіліңнің наласы сəл де болса сейіліп, көрген күніңе, кешкен
ғұмырыңа шүкіршілік етесің. Мəруа секілді ескінің көзі анаңдай аялап,
арқаңнан қаққанға марқаясың.
– Əй, қайным! Нұрперзентімнің бір жасқа толғанын Жезқазғанның
ресторанында тойлаймын. Ат шаптырамын. Алматы деген мына
тұрған жер емес пе, келін екеуің қалайда келетін болыңдар! – дейді
Мəруа мерейленіп. Келмей қайтушы едік. Жалғыз Мəруа емес, қалада
отырып-ақ үйткен қойдың жамбасын алдыңа тартатын Айман, Əтір,
Күлмəрия, Жібек, Кеңгірбайдың Күлəші секілді балбармақ жеңгелерің,
Фатима, Балгүл, ІІІынар, Бəйкеңнің Күлəні секілді ыспадияр келіндерің
сол баяғы ескі ауылдың сарқытындай болып, көзіңе оттай басылып
жатса, елге қарай құстай ұшарсың! Туған жермен қатынаспай қалған
азғантай айларда жаның жабырқап, бір жақсыңды жоғалтқандай,
бірқызығың кем болғандай, елегізу күй кешесің. Хабар күтесің. Жақсы
хабар келсе екен деп тəңірден тілейсің.
Емберген қарттың қырқы да таянып қалды.
Барайын десем – жер шалғай, Бармайын десең – ел қандай!..
ЕСТЕЛІК-ЭССЕЛЕР
ІІІ БӨЛІМ
ӨЗБЕКƏЛІ ЖƏНІБЕКОВ
Жетінші сыныпта оқып жүргенімізде бізді комсомол қатарына
қабылдау үшін дайындай бастады, жаттамайтын бəлеміз жоқ:
Партияның
көсемдері,
комсомолдың
ордендері,
футбол
командаларының құрамдары... Тбилисидің «Динамосында» кімдер
ойнайды десе, сайрай жөнелеміз:
– Месхи, Метревели, Чохели...
– «Лениншіл жастың» редакторы кім?
– Шерхан Мұртазаев.
– ҚЛЖКО Орталық комитетінің бірінші секретарі кім?
– Өзбекəлі Жəнібеков! – деп тақ етеміз. Бізге Чохели мен
Жəнібековтің айырмасы шамалы. Тек атын білсек болды. Аралдың
Қарақұмына сұғынып жатқан «Құлжанбай» ауылында 1963 жылы
есімін Сапарғали ағай жаттатқан сол Жəнібеков ағамен ширек
ғасырдан соң қоян - қолтық араласамын деп қара домалақ қыр баласы
қайдан ойласын.
– Орталық Комитеттің хатшысы Өзбекəлі Жəнібековтің столының
үстінде сенің кітабың жатыр. Маған бір өлеңіңді оқып, қатты мақтады,–
деп бастығымыз Сағат Əшімбаев қуанып келді.
– Енді жаман болмайсың!– деп Қайрат Жұмағалиев ағам желпініп
қояды.
Ақындар айтысы өтерде бір, өткен соң бір ЦК-ға шақырып алып,
əкеме танытып жіберетін қаһарлы хатшы жазған-сызғанымды мақтап
жатыр дегенге онша иланыңқырамай жүр едім, наурыз мерекесіне
байланысты теледидардан сөйлеген сөзінде менің «Ұлытауға бардың
ба» деген өлеңімнен үзінді оқып, шынымен-ақ төбемді көкке тигізді.
Бір сенбі күні Өзекең Сағат Əшімбаев екеуімізді шақырып алып,
ұлттық рух, дəстүр мен салт, тіл мен əдебиет жөнінде ұзақ кеңес құрды.
Əртүрлі жиындарда, басқосуларда құлақты жауыр еткен қысыр кеңес
емес, елдің, ұрпақтың қамын жеп, болашағын болжаған кемел ойлар,
көреген пікірлер ортаға түсті. Қасаңдау, қатаңдау көрінетін хатшы осы
жолы алысты аңғаратын ақылгөй аға кейпінде ашылып сөйледі.
Арқалықтағы мəдениет үйінің қабырғаларын өз қолымен бояп сырлағанын еске алғанда, бұл кісінің қарапайым болмысы өз
топырағымыздан екенін танып, іш тарта түстік. Айтқан ақылы да,
жүктеген тапсырмалары да партия қайраткерлерінің əдеттегі
нұсқауларынан гөрі қанаттас, пікірлес кісінің қамқор пейілі іспетті еді.
Түс əлеті болғанда:
– Осы екеуіңде үй - күй жоқ па? – деді сөз ауанын оқыс өзгертіп.
– Неге, Өзеке? Бар болғанда қандай. Бар болса, осындай қаға берісте
төрлеріңді көрсетіп, хатшыға үйлеріңнен шай бермейсіндер ме? Ал,
қайсыларыңның үйіңнен түстік ішеміз?
Сағат екеуіміз басымызды ала қаштық. Біздің түсінігімізде хатшыға
үй көрсету үшін шабылып дайындалу керек. Аста-төк дастархан
жайылу керек қой. Сағат Медеуге барар жолда бой көтерген бір əдемі
үйге қызығып жүргенін, ол үйдің көше жақ бетіндегі қабырғасында
тұлпар бейнесі ойып қашалғанын сөз етіп, сондай бір оңаша үйде
ғұмыр кешуден артық бақыт болмайтынын айтып, қиялдың қанатына
ілесіп кетті. Оның қиялының келісті болғаны соншалық, үшеуіміз
Орталық Комитеттен жедел шығып, əлгі Сағат айтқан əсем үйді көруге
бардық. Əрине, осы күнгі байшыкештердің салтанатты сарайларының
көлеңкесі іспетті сол үйге қарап тұрып, талай қияли əңгіме айттық.
– Өзеке, сіздің де үй-күйіңіз жоқ па? – деп қалжыңдадым хатшыға
бойым үйрене бастаған мен.
– Неге жоқ?
– Əлгі түстік мəселесін сол жерде неге шешпейміз дегенім ғой...
– Бір де бір! – деді Өзекең...
Өзімнің маңайымдағы адамдарға орынды-орынсыз көп айтылатын
қалжыңдарымның бірін хатшыға осылай «өткізіп» алған соң, оны
жиілете бастағанымнан шошынған Сағат марқұмның бірде «соңғы
шара» қолданғаны есімде қалыпты. Əріптесіміз Төлеубай
Қаймолдиновтың бір баласы үйленіп, тойы «Қазақстан» қонақ үйінің
астындағы қызыл залда өтті. Мен тойдың орта кезіне дейін қатысып,
одан соң Өзбекəлі Жəнібековпен бірге сапарға аттанып кетуім керек
еді. Мені шығарып салып тұрған Сағат:
– Бақытжамал, мына күйеуіңе айтшы, хатшымен жездесіндей
əзілдескенді қойсын. Осының қалжыңдарынан менің зəрем ұшады,–
дегені бар. Дос пейілмен айтылған бұл кеңесті ескертуге ант- су іштім
де, сол сəтінде-ақ ол уəдемді ұмытып кеттім. Өз-ағаның өзімсініп,
іштартқан бір ауыз сөзі менің ол кісіден қатер тоспауыма себеп болып
жүр еді. Сенбі күнгі бір оңаша əңгімеден соң:
– Көлігің жоқ шығар. Жұмысыңа апарып тастайын ба?– деді.
Орталық Комитеттің терезесінен көрініп тұрған өз кеңсеме жаяу барып
үйренген маған көліктің қажеті не?
– О не дегеніңіз, Өзеке. Өзім жетем ғой.
– Қой, апарып салайын. Жүр.
Мен «Волганың» алдыңғы орындығына отырдым. Хатшының
шофері мені Тимирязев кешесінің Желтоқсанмен қиылысында түсіріп
кеткісі келгенін аңғарған Өзекең:
– Телестудияның есігінің алдына дейін алып бар!– деп пəрмен берді.
– Əуре болмасын, өзім-ақ басқышпен көтеріле саламын ғой,– дей
беріп едім:
– Тыныш отыр! – деді Өзекең.
– Көрсін сені хатшының өзі əкеліп түсіргенін...
Жүйіткіген машина зыр етіп жоғары көтерілді. Есіктің алдында
жүрген екі -үш орыстан басқа ешкім көзге шалынбады.
– Мыналардан басқа ешкім бізді көрмейтін болды- у, – деп жымиды
Өзағаң.
– Ойбай, Өзеке, осы үшеуінің көргені үш жүзге жайылады. Жетіп
жатыр осы.
– Ендеше, бар жұмысыңа.
Мəшинеден түсе беріп, көз қиығымды салсам, не жүзінде, не
жанарында күлкінің ізі жоқ.
Осы сəтті кейін сан рет көз алдымнан өткіздім. Бұл не – қалжың ба?
Қалжың болса, қамқор пейілден, мейірбан көңілден шыққан қандай
əдемі қалжың: қатардағы қаратабан журналисті Орталық Комитеттің
хатшысы жұмысына əкеліп тастап жатыр!
Тағы бір жолы кабинетіне шақырып алып, Ұлытау өңіріндегі тарихи
– мəдени ескерткіштер туралы əңгіме айта бастады да, кілт сөзін
доғарып:
– Айтқанымды неге жазып отырмайсың? - деп шүйліге сұрады.
– Өзеке, мен өзім Ұлытаулықпын ғой. Сіз айтып отырған
кесенелердің бəрін шарлап шыққанмын.
– Хатшы жазып отыр десе, жазып отыру керек! Одан да қаламым
жоқ еді деп, шыныңды айтпаймысың! Мə, мына қаламды ал.
Қызыл сиялы қаламмен жазылған сол деректер менде əлі сақтаулы
тұр. Арқадағы көне дəуір жəдігерлері туралы соншалық білгірлікпен
айтылған əңгіме тарих докторының, архитектура докторының тұтас
академиялық дəрісі тəрізді: қай ескерткіш қай дəуірдің мұрасы, қай
ескерткіш қай кеңшардың аумағында тұр, оның өлшемдері қандай?
Өзекең осындай көп деректі басында сақтай беруші еді.
– Сен адамдарың мен асай-мүсейлеріңді алып, дүйсенбі күні
Жезқазғанның самолетіне шық. Бірге барып қайтамыз, – деді сөз
соңында.
– Əлгі мен айтқан ескерткіштің бəрін киноға түсіресің.
Айтқан күні айтқан жерінен табылдық. Кешігіп ұшатын ұшақтың
ішінде дағдарып көп отырдық. Сөйтсек, Өзекең Саяси Бюроның
мəжілісінде кідіріп қалған екен. Əлден уақытта аспанға көтерілдік.
Өзекең алдыңғы қатарда, облыс басшыларымен бірге, біз – соңғы
салондамыз.
Хатшының көмекшісі Сансызбайға:
– Біздің де осы самолетте келе жатқанымызды Өзекеңе айтып қой, –
десем, сыралғы болған көмекші:
– Бюрода біріншімен шайнасып қалып ашулы келе жатыр. Айта
алмаймын! – деп басын ала қашады. Ал мен хабарымды білдіруім
керек. Түскен соң қайда барамыз? Қай жаққа, қашан жүреміз?
Сансызбайдың септігі тимеген соң, алдыңғы салонға өзім барып,
Өзекеңнің желке тұсына еңкейіп:
– Өзеке, мен де келе жатырмын, – деп сыбыр еттім.
– Келе жатсаң не ғыл дейсің. Отыр орныңа! – деп дүңк ете қалды.
Жезқазғанга жеткен соң, ағайын - туысымыздың үйіне қонып,
таңертең хатшы
түскен резиденцияға келсем, Өзекең орналасқан бөлменің есігі
шалқасынан ашық. Обкомның идеология жөніндегі хатшысы Сырым
Сапарғалиев ортада кінəлі баладай түрегеп тұр. Жəнібековтың өзі
көрінбесе де, ашулы дауысы естіледі. Кешегі қаһары басылмаған
тəрізді, Сырымды жерден алып, жерге салып жатыр. Сыртта облыстың
əртүрлі деңгейдегі басшылары жол жүруге əзірленіп тұрғанын
көргенбіз. Бір тобы Ұлытау жағына, екінші тобы Жетіқоңыр – Сарысу
бойына аттанбақ. Біздің қай топқа қосылатынымызды ешкім білмейді.
Қаһарлы хатшының дауылы бір толас тапқан кезде есіктен басымды
сұғып едім:
– Кел, əй! Шай іштің бе? – деді Өзекең.
– Елдің іші ғой, жүрек жалғадық...
– Сен Ұлытаудан əрі асып, Арғанатының ішіне кіресің.
Сырғанақтастағы балбал тастарды киноға түсір! – деді əмірлі
дауыспен.
– Сіз ше?
– Менде нең бар? Мен Теректі əулие, Алашахан, Жошыхан
кесенелерін аралап қайтам. Телестудиядан машина аласың да, қазір
жүріп кетесің.
– Мен Арғанатыға бармаймын! - деп кесіп айтқан маған обкомның
хатшысы үрке қарады.
– Неге бармайсың? – деп Өзекең де таңданып қалды.
– Ұлытау мен Арғанатыны көрмей жүрмін бе? Бұл жолы Сіздің
əміріңізбен келдім. Сізбен бірге жүрсем, шаруам да оңға басып,
тапсырмам да ойдағыдай орындалады. Өз бетімше кетсем, мені
Ұлытаудың басшылары көзіне де ілмес. Қасымдағы орыстар аштан
өлер!
Өзекең мырс ете қалды да, Сапарғалиевқа қарап:
– Мына поэтқа кеспе алдыр! – деп əмір берді. Сапарғалиев асыға
басып шығып кеткен соң:
– Мынау бір сауатсыз хатшы екен. Əй бірдеңе ішесің бе? Туыстарыңа
келіп түнімен сілтеген шығарсың? – деп жүзін жылытты. Дауысында
да зіл азайыпты.
– Қайдағы ішкен, Өзеке? Кешеден бері сіздің қабағыңызға қарап,
қалтырап жүрміз.
– Менің қабағымды қайтесің, берсе көжесін ішіп ал.
Мен кеспені тауысқанша ол барлық жоспарды өзгертті. Сөзге
тоқтады Алашахан, Жошыханды қойып, Арғанатыға бізді өзі бастап
баратын болды Көп кешікпей, шұбатылған көп көлікпен Ұлытауға
қарай жолға шықтық. Облыстық телестудияның ескі көлігіне асай мүсейімізді тиеп, соңдарынан ілескен біз кейін қалып қойдық. Орталық
Комитеттің хатшысы мен облыс шенеуніктері мінген жүрдек
«Волгалар» лезде көзден таса болды...
Сəтбаев қаласына таяу қырқаның басында бəрі иіріліп тұр екен
– Əй, сен неге ілесіп отырмайсың? – деп маған дұрсе қоя берді
– Қайдан ілесем? Телестудияның жаман «Москвичімен» тайға
мінгендей тепеңдеп келе жатырмын.
Өзекең қарқылдап күліп жіберді:
– Тайға мінгендей тепендеп дейсін бе. Əлгі Қожамсейітов қайда?
Мынаған біреуі дұрыс машинасын түсіп берсін!
Облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, ертеде өзіме
ұстаздық еткен журналист ағам Сағындық Қожамсейітов бұл топта
жоқ екен. Сөйтсек Өзекең мемлекет қарауына алған тарихи – мəдени
ескерткіштер тізімін сұрапты да, ол тізімнің жалғыз данасы
Сағындықтың үйінде ғана бар болып, соны тауып алып келуге Сəкең
кері оралған көрінеді. Ол келгенше Рудник кенішіндегі тарихи
ескерткшітерді қалпына келтіру шеберханасын көрейін десе, ол
шеберхананың қайда екенін облыс басшыларының бір де бірі
білмейтін болып шықты. Білетін жалғыз Қожамсейітов тізімді іздеп,
Жезқазғанға қайтып кеткен. Əлгінде ғана жадырап, менің көлігімді
ауыстырып берген Өзекең қайтадан қабағын қарс жауып алып,
қаһарланып кетті. Дауыл да тұрды, найзағай ойнап, күн күркіреді.
Неше түрлі ызғарлы сөздер аспаннан бұршақтай жауды. Екі иіні түсіп
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алыстан жəне жақыннан - 05
  • Parts
  • Алыстан жəне жақыннан - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2738
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    43.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 02
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2611
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 03
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2403
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 04
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2447
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 05
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2377
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 06
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2408
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    36.7 of words are in the 5000 most common words
    43.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 07
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2369
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 08
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2098
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 09
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2095
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    46.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 10
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2190
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 11
    Total number of words is 3828
    Total number of unique words is 2270
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 12
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2453
    27.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 13
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2420
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 14
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2357
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 15
    Total number of words is 3724
    Total number of unique words is 2536
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    33.2 of words are in the 5000 most common words
    39.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 16
    Total number of words is 3909
    Total number of unique words is 2501
    25.1 of words are in the 2000 most common words
    35.9 of words are in the 5000 most common words
    42.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 17
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2404
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    46.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 18
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2483
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 19
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2383
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 20
    Total number of words is 4116
    Total number of unique words is 2436
    28.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 21
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2493
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.