Latin Common Turkic

Алыстан жəне жақыннан - 09

Total number of words is 3885
Total number of unique words is 2095
27.9 of words are in the 2000 most common words
39.8 of words are in the 5000 most common words
46.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жекелеген халық өнеріне жаны ашитын азаматтардың қолдауымен
өмір сүріп келген айтыс енді мемлекеттің қарамағына өтті. Келісім
бойынша жылына 3-4 айтыс үкіметтің қолдауымен өтетін болады.
Меніңше, бұл – жақсылық. Бұған қатысты кейбір журналистер əртүрлі
құйтырқы сұрақтар беріп, тіпті, мұның астарынан пəле іздеп те жатты.
«Ақшасын өздері төлегеннен кейін, шығынын өздері көтерген соң
ақындар мемлекеттің, үкіметтің бұлбұлына айналмай ма?» деп
қағытып жатқандар да аз емес. Айтыскер ақындарға билер, байлар,
ауқатты адамдар жөн-жоралғысын жасап, астына ат мінгізіп, үстіне
шапанын жабу дəстүрі бұрын да болған. Тезек төренің атын алып,
шапанын киіп тұрып Сүйінбай оның бет-жүзіне қарамай ақиқатты
айтқан кездері айтыстың тарихынан мəлім. Қазіргі ақындардың бəрі
сауатты. Қанша «мемлекет қолдап отыр» дегенмен қазақ қоғамындағы
қолбайлау болып отырған жағдайларды айтпай тұра алмайды.
Жақында өткен айтыстың өзі соның бір дəлелі. Астанадағы КонгрессХоллдың залына қаншама үкімет мүшелері, мемлекеттік хатшы,
депутаттар, үлкен лауазымды адамдар келіп отырғанымен, ақындар
шама-шарқынша айтам деген сөздерін айтып бақты. Айтудың да
əртүрлі əдістері бар. Тұспалдап айту, нысаналап айту, əзіл-қалжыңдап
айту арқылы да талай шындықтың беті ашылды. Меніңше, осы жолға
түскенінен айтыс ұтылмайды. Өйткені, бірыңғай жабылып қалғаннан
гөрі, халықтың алдында ақындардың тіліне тиек қойылмай айтып
отырғаны жақсылықтың нышаны.
– Екі жылдай үлкен айтыстар өткен жоқ. Жалпы, ақындар
тосырқап қалмапты ма? Көңіліңізден шықты ма?
– Екі жыл бойы айтыс өтпеді дегеніміз ол, теледидардан берілетін
республикалық деңгейдегі айтыс өтпеді деген сөз. Осы уақыттың
ішінде барлық жерде аудандарда, облыстарда айтыстар өтіп жатты.
Ақындардың ішінде қауіптенгеніміз Аманжол Əлтаев еді. Өйткені,
отбасындағы орын алған қайғылы жағдайға байланысты үш-төрт жыл
сахнадан тысқары жүрген Аманжол өзі де «қарайып қалдым ба?» деп
шығып еді. Керісінше, ең жақсы айтысқаны Аманжол болды. Басқа
ақындар шеберліктің өздері шамасы келетін үлгісін көрсетіп бақты.
– Жүке, қазір сіздіңше, ақындардың алдыңғы легінде жүрген
кімдер?
– Айтыстың 25-30 жылдық тарихында оның өркендейтін өңірлері
болатыны байқалды. Биліктің, оның ішінде облыстық, аудандық
биліктің тарапынан айтысқа қамқорлық жасалып, мектебі ашылып,
оның жас сарбаздарын тəрбиелеуге көңіл бөлген жерде айтыстың туы
биікке көтерілген шақтар болды. Мысалы, бір кездері Оңтүстік
Қазақстан облысынан қаулап ақындар шықты. Əбдікəрім Манапов,
Əселхан Қалыбекова, Ақмарал Леубаева, Бекарыс Шойбеков, Маржан
Есжанова, Анар Жаппарқұловалар Оңтүстіктің намысын бермей келді.
Онан Қызылорда облысында Манап ақынның мектебі төңірегінде
тəрбиеленіп шыққан жас ақындар айтыстың көшін бастады. Бір
кезеңде Семейде көп ақындардың қаулап шығып, көзге түскен уақыты
болды. Тіпті, қазір бір Ақсуаттың өзінен он шақты ақын айтысқа түсіп
жүр. Əзімбек Жанқұлиевтің көзі тірі кезде Таразда, Жамбыл
облысында да осындай жағдай байқалды. Бір кездері Мұхаммеджан
Тазабековтің дəурені жүріп тұрған кезең болса, бір кезеңдерде
Аманжол көштің алдын бермеді. Анау батыстағы Мэлс Қосымбаевтың
да кəделі сөздерімен көзге түскен шағы болды. Осылайша ауысып
отырады. Ал, қазіргі ақындардың ішіндегі ең əлеуеттілері, меніңше,
жастар ғой деп ойлаймын. Жас, дарынды, осы теледидардың алдында
ойнап жүріп өскен, ақындар айтысының барлық құпиясын білетін
жастар өсіп келе жатыр. Мəселен, талдықорғандық Жандарбек
Бұлғақов қамшы салдырмайтын, үлкенмен де, кішімен де терезесі тең
айтыса білетін өнерпазға айналды. Жуырдағы айтыста да қазағы аз
Солтүстік Қазақстан облысының Шал ауданынан Əлібек Серғалиев
дейтін жаңа ақын шықты. Ол да айтыстың үлкен қайраткеріне айнала
алатындығын аңғартты. Осылай алмасып жататын дүние ғой бұл өзі.
Енді, ақындық талант деген адамның тəрбиесінен гөрі əуелде
құдайдың жаратылысыменен бойға бітетін қуат, соны тəрбиелеп,
ұштай білген жерде жаңағы жас ақындар, əрине, халықтың
сүйіспеншілігіне бөленеді.
– Айтыс ақындары шыға бермейтін аймақтар да бар ғой...
– Əлбетте, ақындар өте сирек шығатын жерлер бар. Көңіл
бөлінбеген жерде, біздің халықтың саны аз жерде, мысалы, Қостанай,
Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында деген секілді. Тіпті,
қазақтың қалың ортасы болып табылатын Ақтөбе, Орал, Маңғыстау
жақтардан да ақындар сирексіп кетті. Оның барлығы уақытша ғой деп
ойлаймын. Өйткені, айтыс теледидардан барлық республика
аймағына кеңінен насихатталып беріліп жататын болса жаңа жастар
əлі-ақ күш болып қосылады.
– Осы бір пайыз талант, тоқсан тоғыз пайыз еңбек дегенді
айтыскер ақындарға да қатысты айтуға болатын шығар...
– Əбден болады. Оған бір жанды мысал келтірейін. Мына,
Қазалыдан шыққан Нұрдəулет Махамбет деген ақын жігіт бар. Сол 5-6
жыл бұрын «менің айтысқа талабым бар еді, бірақ ұстазым жоқ» деп
келді. Тыңдап көрсек, шын мəнісінде суырып салмалық қабілеті бар
болғанымен қолма-қол, шаппа-шап айтысқа түспеген. Осы күнгі
поэзияның өзін зер салып оқымаған. Таланты бар болғанымен,
тəрбиеленбеген талант екен. Содан Қызылордаға Алмас Алматовтың
қарауына жібердім, «сол жерде ақындар бар, солармен айтысқа түс,
мақамыңды түзе айналайын» деп. Қолына поэзия кітаптарын
ұстаттым. Өйткені, айтыстың поэзиясы деген бір жақтан келген дүние
емес, қазақтың осы өлеңінің бір саласы ғой. Сол Нұрдəулет Махамбет
бір-екі жылдан кейін сүйкімді ақынға айналды. Ешкімге ұқсамайтын
өзінің əуенімен, сазымен қосылды айтысқа. Қазіргі дес бермейтін
ақындардың бірі. Міне, шамалы пайыз талантты үлкен еңбекпен
ұштастырудың жарқын көрінісі осы деп білемін. Осындай мысалды
көптеп келтіруге болады. Ақын өзін ұштамаған жерде, тəрбиелемеген,
ізденбеген жерде одан ештеңе де шықпайды. Жақсы талантты болса да
айтыстың көшінен түсіп қалған ақындар да болды. Жұлдыздықтан
басы айналып, кейіннен тоқтап, айтысқа қайта келген ақындар да бар.
Осының бəрі тəрбиемен, ізденіспен болатын нəрсе.
– Айтыскер ақындардың ізденісі дайындыққа алып келетін
дүние ғой. Осы ақындардың айтысқа дайындалып шығатынын
сынаушылар өте көптеп табылады.
– Мен ол сынға дұрыс қарамаймын. Екі ауыз сөздің басын қосады
екенмін, дауысым, əуенім бар деп сахнаға шығып əлəулəйлімді айтқан
айтыс айтыс болмайды. Қазақтың айтыс өнері тарихындағы асу
бермес биік айтыс Біржан мен Сараның айтысын алайық. Арқадан
Сараның Жетісудағы еліне келгенше Біржан Сараның төңірегі туралы
қаншама деректер жинастырып, іштей дайындалып, сөзін жұптап
келді. Үйінде отырған Сара да Біржанның келе жатқанын білді. Сонау
Арқадағы би, болыс, басқа да атақты болған азаматтардың бəрінің
есімін біліп, сұрастырып, дерек жинап отырды. Сөйтіп, дайындықпен
айтысқан айтыс қазақ өнері тарихындағы жарқын бет болып қалды.
Қазіргі ақындарға «дайындалмай айтысқа шық» деу бос сөз. Осы
ақындардың көбісінің сахнада суырып салып айтысуға шамасы келеді.
Бірақ, қанша жерден суырып саламын дегенімен, қазір заман басқа,
көрерменнің, тыңдарманның деңгейі, талғамы бөлек. Сондықтан, əркім
өз сөзін жұптап, іштей дайындалып, ширығып жүргенде ғана жақсы
айтыс туатынына кəміл сенемін. Ол өзгенің сөзін емес, өзінің сөзін
алып дайындап жатса оны қалай жазғыруға болады. Айтыстың
сапасын жақсарту үшін, халықтың көкейінен шығу үшін осындай үлкен
дайындықпен ғана үлкен жыр сайыстары өтеді.
– Айтыскер ақындар əуен жағынан ақсап жататын секілді. Осы
тұрғыдан да мін тағылып жатады, көбіне.
– Əуенге қатысты біз көп айтып жүрміз. Айтыскерлердің ең осал
жері əуен мəселесі болып тұр. Бұрынғы үлкен ақындарды былай
қойғанда, Жамбылдың да өз мақамы болды. Ешкімге ұқсамайтын
Сүйінбайдың, Нартайдың мақамдары болғаны мəлім. Ал, бүгінгі
ақындар теледидар, радионың арқасында бірінің мақамын бірі естіп
алады да, ұнаған мақамын анау бəленше деген ақынның мақамы деп
намыстанбай-ақ айта беретін дерт пайда болды. Қазір көп ақындар
Аманжолдың мақамына салатын болды. Аманжолдың өзі де бұған
реніш білдіріп, ақындарға айтып та жүр. Болмаса Мұхаммеджанның
айтыс мақамы көп ақындардың аузында жүр. Кешегі айтыста Төреғали
Төреəліұлы деген жас ақын қосылды. Ешкімге ұқсамайтын сазды өз
мақамы бар екен. Сөзінің осал тұстарын мақамының əдемілігі, əуенінің
саздылығы байқатпай жібереді. Қазақ даласының əр аймағына тəн
жыр мақамдары бар. Ақындар соны алып шықса айтыс əлдеқайда
байып, мазмұнына көрік қосыла түсер еді. Жаңа ақындарға қоятын
бірден-бір талабымыз «жаңа, тың өз мақамыңмен кел» деп жатырмыз.
– Бір кездері айтыс жайлы газет шығармақ болған едіңіз. Оның
жайы не болды?
– Оған менің мүмкіндігім болмай қалды. Қазір де бұл ойымда жүр.
Бірақ, газет шығару оңай шаруа емес. Ол үшін басқа шаруаның
барлығын жауып қою керек. Ол сұрапыл еңбек. Қаншама адамды тарту
керек. Оның есесіне біз айтыстың мəтіндерін жариялап жатырмыз.
Мысалы, «Қазіргі айтыс» деген атпен үш том кітап шығардық. Онда
соңғы жылдардағы айтыстар жинақталып берілді. Сосын, айтыстың ең
тəуірлерін баспасөз беттерінде, интернетте жариялау қолға алынып
келе жатыр. Азаттық радиосының сайтында біздің айтыстарымыз тұр.
Соған қарағанда, айтыс газетінің миссиясын біз басқа жолдармен
орындап жатқан секілдіміз.
– Айтыс ақындарының бағы мен соры неде?
– Мен өзіме мұндай сұрақты қойып көрген емеспін. Айтыскер
ақындар халықтың көз алдында. Бұқаралық жəне электронды ақпарат
құралдарының арқасында айтыскердің жақсы сөзі де, нашар өнері де
елге мəлім. Бағын да содан тауып жатыр. Ал, айтыскерлердің соры
демей-ақ қояйық, басты кемшіліктері айтысқа көп қатысу. Бір жерде
айтыс өтсе болды, соған қалай да қатысып, сахнаға шықсам деген
тойымсыздық, ашқарақтық дейсіз бе, қанағатсыздық кейде ақындарды
өз сөзін өзі қайталауға, сарқылуға, жеткілікті дайындалмауға алып
келіп жатады. Мен осыдан сақтандырар едім. Жылына бір айтыссаң да,
екі айтыссаң да ойыңды жинақтап, халыққа айтамын деген сөзің ішіңе
сыймаған кезде сахнаға шықсаң, сол айтыс көрікті болатын тəрізді.
Айтыстардың бəріне бірдей қатыса беру ақындардың құнын түсіріп
жатыр.
– Жүке, енді əңгіме арнасын поэзияға қарай бұрсақ. Қазіргі
поэзияда құбылыс тудырып жүрген немесе тудыра алатын
ақындар бар ма?
– Менің қазіргі поэзия туралы пікірім нашар. Бір кездері, мына 60-70
жылдары Тұманбайлар, Қадырлар, Жұмекендер, Мұқағалилар,
Өтежандар əдебиеттің негізгі қайраткеріне айналған кезде олардың əр
өлеңі, үлкен ақындардың əр кітабы біздің рухани өміріміздегі құбылыс
еді. Қазір ұсақталып кеттік. «Бір жаңа, жас буын келе жатыр» деп
өздерін өздері насихаттағанымен айтары жоқ ақындар пайда болды.
Мен де сол топтың ішінде жүргеннен кейін, бəлкім, бұлай айтуға хақым
жоқ та шығар. Бірақ, күнделікті ойлап отырған ойымның несін
жасырамын. Қазақтың бүкіл тілі ұйқастан құралған. Қазақ тілінің
лексиконындағы ең негізгісі зат есім болса, сол қазақтың зат есім
сөздерінің көпшілігі ұйқас арқылы жаратылған. Біріне бірі ұйқасып
тұрған сөздер. Қазақ поэзиясы техникасының жоғары болатыны содан.
Ал, енді сол поэзияда батысқа, анда-мұнда еліктеп модернизмді
сүрелеп, ақ өлеңмен жазу деген бұл қазақ поэзиясының табиғатын
түсінбеу, жастардың уақытша адасулары ғой деп білемін. Олар түбінде
қазақ поэзиясының өз топырағына оралмайынша қазақты өлеңмен таң
қалдыру мүмкін емес. Қазіргі поэзияны қарап отырсаң кешегі
Қадырлар, Мұқағалилар, Жұмекендер тектес жарқылдап шыққан
ақындар жоққа тəн деуге болады. Біздің ең басты трагедиямыз осында.
Қазір жазатын нəрсе көп. Ол қашаннан солай. Бірақ, поэзияның негізгі
объектісі қызықтау емес, адамның ішіндегі қыжыл. Поэзия адамның
қыжылы. Адамның ішіндегі жан-сезімдерін өлеңге көшіру. Ол ақындық
талантпен қатар талғамды да қажет етеді. Жылтырақтың бəріне
əуестену енді келіп жатқан жастардың ғана басында болуы тиіс. Ал,
қалыптасқан ақындар поэзияның əлемдік шеңбердегі қалыптасқан
талаптарына қарай ойысуы керек. Біз де осы жағы арзандап кеткен
секілді көрінеді.
– Оптимистік рухтағы өлеңдерден гөрі жылаңқы
жазатындар басым болып келе жатқан секілді емес пе?
өлең
– Осы тенденция бар болғаннан кейін сондай əңгімелер туып жатыр.
Жаңағы жылаңқы, жалған эмоцияларын өлеңнің объектісіне
айналдырамын деп поэзияның қадірін кетіріп жатқаны рас. Үлкен
елдік мəселелерді, азаматтық, адалдық , адамзаттық мəселелерді
қозғау өте сирек. Қайта мынау орта буын ақындарымыз Темірхан,
Исрайыл, Несіпбек, Ұлықбек, Ғалым, Серік Ақсұңқарұлы, осындай
ақындар бүгінгі поэзияның беделін де, жүгін де көтеріп келеді.
Солардың поэзиясы арқылы ғана бүгінгі қазақ поэзиясы жайлы түзу
пікір түзуге болады.
– Жас ақындардың олай жазуын олардың материалдық
жағдайымен байланыстыратындар да бар ғой.
– Поэзияның ғана емес, жалпы өнердің сапасын сол өнер иесінің
материалдық жағдайымен салыстырып айту ақылға сыймайтын нəрсе.
Диоген деген ұлы философ болған. Сол бөшкенің ішінде өмір сүріп-ақ
ұлы ойларын дүниеге келтірген. Ақындардың ішінде əлеуетті өмір
сүргені Гете ғана. Тұрмыстық жағдайы өте жақсы болған, министрдің
қызметін атқарған. Басқа еш тұрмысы жетіскен ақын жоқ. Пушкинді
аласыз ба, Лермонтовты аласыз ба, Блокты аласыз ба, Есенинді аласыз
ба, қайыршылық пенен күнделікті күнкөрістің арасында өмір сүріп,
арпалыстың үстінде-ақ керемет, өлмес мəңгі туындылар жазады. Ол
біздің қазіргі жаза алмайтындардың шығарып жүрген сылтауы.
Социалистік не капиталистік қоғам болсын, бəрі де қиыншылықты
басынан кешірген. Оның ақынның қолындағы қаламына, кеудесіндегі
шабытына əсері болмауға тиісті.
– Жүке, ұзақ жылдар тележурналистикада істедіңіз, қазақ
радиосын басқардыңыз. Жалпы, шығармашылық орталарда
жұмыс
атқардыңыз.
Қазіргі
қызметіңіз
басқа
сала.
Шығармашылық ортаны іздемейсіз бе?
– Шығармашылық ортаны іздемеймін. Өйткені, шығармашылық
ортаның ақынға беретін ештеңесі де жоқ. Ақынның өлең жазу үдерісі,
ол өзінің өзімен жекпе-жегі. Мəңгілікпенен шайқасы. Ешкім сенің
аузыңа сөз салып, не болмаса жазғаныңды түзеп бермейді.
Шығармашылық орта пікір алысуға, жазғаныңды оқуға, араласыпқұраласуға, өзіңді біршама түсінетін адамдармен бір болу үшін қажет.
Жазуға оның еш қатысы жоқ. Тіпті, сөзбен жекпе-жектің майданында
бала-шағаң да, əйелің де, əке-шешең де көмектесе алмайды. Маңдайыңа
не жазылса, соны көресің.

Бір
сұхбатыңызда
«Ванкувердегі
қысқы
ойындар
олимпиадасында бір қазақтың топ жармауы жүйкеме тиді»
дегеніңіз бар. Қазір сол байрақты бəсеке елімізде өтіп жатыр. Бұл
додадан не күтесіз?
– Бұл «Ванкувердегі қысқы ойындар олимпиадасында бір қазақтың
топ жармауы жүйкеме тиді» дегенім тек менің ғана сөзім емес, ол бар
қазақтың уайымы болды деп білемін. Əлемді қазақтың табиғи қазба
байлықтарымен таңқалдыру мүмкін емес. Жаһандану кезеңінде
алдыңғы қатарлы елдердің көшіне ілінеміз десек, оған біз тек ғана
мəдениетімізбен, əдебиетімізбен, музыкамызбен, киномызбен,
спортымызбен ілесе аламыз. Мен спортқа солай қараймын. Кезінде
Ғабит Мүсірепов те сол үшін шырылдаған. Бірақ, біздің елімізде əлі
спорттың бұқаралық түрлерін дамытуға жеткілікті жағдай жасалмай
жатыр. Елбасымыз қаншама рет айтып, қазақстандықтардың 30
пайызы спортпен айналыссын дегенімен, қазақ қалың шоғырланған
ауылдық жерлерде спорттық базаның жоқтығынан біздің дəстүрлі
спорт түрлеріміздің өзі ат спорты, мергендік, күрес, бокс түрлері
жеткілікті дами алмай жатыр. Бұл біздің намысымызды қайрауға
тиісті шаруа. Əлемдік додаларда қазақтар топ жарып жатса,
əнұранымыз ойналып, көкбайрағымыз аспанға желбіреп тұрса қай
қазақтың еңсесі көтерілмейді. Еңсесі биік қазақтың ісі де өнімді
болады. Дəл қазіргі таңда елімізде өтіп жатқан қысқы Азия
ойындарынан мен онша үміт күтіп отырғам жоқ. Өйткені, ел намысын
қорғайтын спортшылардың ішінде қазақстандық деген аты болмаса,
қазақтың қаракөз ұлдары мен қыздары өте аз. Бұл біздің намысымызға
тиетін, алдағы уақытта елдің басшысынан бастап əр қазақтың бүйіріне
бататын, көңілін толқытатын шаруа болуға тиісті.
– Жүке, алпыс жасқа толып жатырсыз. Мерейтойыңыз құтты
болсын! Алпыс жастың ауылынан аз-кем ақпар берсеңіз.
– Алпыс жас деген енді адамның өмір жасындағы бір белес ғой. Алла
ғұмыр беріп, осы ақпан айында алпысқа толайын деп отырмын. Бұл
егделіктің, есейгендіктің белгісі. Тындырып тастаған аса көп
шаруаларың болмаса да, бұған дейін қолымнан не келді, не істедім деп
соның басын жинақтап өзіңе-өзің есеп беретін жас бұл. Мен соның
шаруалары үшін осы соңғы бір жылда жазғандарымды жариялау
ісімен айналыстым. Бүгінге дейін бес жаңа кітабым жарық көрді.
Алдағы екі айдың көлемінде тағы екі кітабым шықпақшы. Мұның
барлығы шедевр болмауы мүмкін. Бірақ, мен осы не тындырдым деген
мақсатта аз тиражды болса да жаңа кітаптар шығарып өзімнің алпыс
жылдығымды өзім осылай қарсы алып жатырмын.
Алпысыма қалыпты бір жарым ай
Алпыс жылда қойдым-ау, бір жарымай.
Біреуден сұрап алған не болады,
Жарылқай салмаған соң мырза құдай,
– деп өзіме өзім қамшы салып, жаңа өлеңдерімді жариялап
жатырмын.
– Ел құлағдар бола берсін, алпыс жылдық мерейтойыңыз қайда,
қашан өтпек?
– Енді халықтың алдында жүрген адам болғаннан кейін үн-түнсіз
қалуды жөн көрмедім жəне менің өмірімнің көп бөлігі осы айтыстың
төңірегінде өтті. Соған байланысты 12-ші ақпан күні Алматыдағы
Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жастар театрында «Жүрсіннің
жүйріктері» деген бұрын да эфирден өткен жоба бар еді, соның жаңа
нұсқасы есебінде айтыс-думан дайындап жатырмыз. Оған енді осы
күнгі айтыстың туын көтеріп жүрген жақсы ақындардың бір шоғыры
қатысады. Менің өлеңдеріме шығарылған əндерді орындайтын 4-5
əнші қатысады. Халыққа, айтыстың жанашырларына, менің
тілеулестеріме осындай бір думан сыйласақ дейміз.
– Əңгімеңізге рақмет!
Əңгімелескен Сəкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ
Жүрсiн ЕРМАН: БƏРIНЕН ДЕ ҚАРА БАСЫНЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН
ҚАУIПТI
“Айтыс” десе – Жүрсiн Ерман, “Жүрсiн Ерман” десе – айтыс еске
түседi. Екеуi екi бөлек ұғым болса да, бiрiнен бiрiн ажыратып қарау
қиын. Тiптi, бүгiнде жұрт айтысты Жүрсiн Ермансыз елестете
алмайды. Сондықтан, айтысты iздесе де, айтысты жоқтаса да, көпшiлiк
Жүрсiн ағадан сұрайды. Бiздiң де ақынға қояр алғашқы сауалымыз осы
болды.
— Қазақ дейтiн халық ұлттық дəстүрiмiзден, ұлттық
менталитетiмiзден ажырап бара жатырмыз деп жиi айтып жүрмiз.
Айтыс та — қазақтың ұлттық түп-тамыры. Халықты өзiнiң
тамырынан ажырату мүмкiн бе?
– Философиялық сұрақ қойып отырсың. Уақыт орнында тұрмайды.
Заман өзгередi. Көзқарастар да өзгередi. Ұстанымдар да өзгередi.
Барлық өзгеретiн нəрселер сияқты, қазақ дейтiн халықтың да
менталитетi, болмысы, бiтiмi өзгермей, уақытқа қарай бейiмделмей
тұра алмайды. Асылық айтпай-ақ қояйық, осыдан жиырма бес жыл
бұрынғы қазақтың көзқарасы қазiргi қазақтың көзқарасымен сəйкес
келмейдi. 1990 жылдары "Айтыс ХХI ғасырға бара ма?" дегенде, шын
сенiмiммен "бармайды" деп есептеп едiм. Өйткенi, өзiң де бiлесiң, сол
жылдары тiлiмiз мүлдем өшiп, сөнiп бара жатты ғой. Сол кезде
қазақтың табиғатымен бiте қайнасқан айтыс өнерi де бiр күндерi өшедi
ғой, сөнедi ғой деп ойлап едiм. Айтыс деген жалғыз қазақта ғана болған
өнер емес. Арабтарда да болған. Пайғамбарымыздың тұсында араб
жазирасы нағыз жырдың, шешендiк өнердiң кемелiне жетiптi.
Құранның өзi өлеңмен жазылған. Басына сəлде салған молдалар құран
оқығанда көп мəн бере бермеймiз. Мəтiнiне қарасаңыз, құран түгелдей
өлеңге құрылған. Өлеңнiң, жырдың, шешендiк өнердiң кемелiне келiп
тұрған тұсында осылай сөйлеу, осылай айту, осылай жазу заңдылық та
едi. Тiптi, сол елдерде айтыс өнерi де қатты дамыпты. Скандинавия
елдерiнде де айтысу салты болған екен.
– Үндi елiнiң фильмдерiн қарап отырсаңыз, олардың əндерiнде
де айтыстың кейбiр сарындары бар сияқты.
– Рас. Сол елдердiң бəрi айтысынан айрылып қалған кезде, айтыс —
қазақтың несiбесiне бұйырыпты. Кешегi ХХ ғасырдың басында
дəуiрлеп кемелiне келген өнер жаңа ғасырға келмейдi деп ойладым.
Бұл айтыс ХХI ғасырдың басында тiптi дəуiрледi. Өйткенi, қоғамға
қажет болды. Бiздiң қазiргi тəуелсiздiгiмiздi алып, өткенiмiздi
түгелдеп, жоғымызды жоқтап жатқан кезде, айтыстан қолайлы өнер
болған жоқ деп ойлаймын. Бiр жағынан айтыс — жедел, оперативтi
өнер. Театрда спектакль қою үшiн драматург пьесасын жазу керек,
режиссер ол пьесаны қою керек, актерлер мəтiндi жаттау керек. Ал,
айтыста қолма-қол, жедел, бүгiнгi болып жатқан оқиға бүгiн айтылады.
Өте оперативтi, ыңғайлы өнер. Елдегi тiлге деген көзқарас, ұлттың
өзiнiң тағдырына деген көзқарас, дiлге, дiнге деген көзқарас өзгерiп,
"ел боламыз" деп есiмiздi жиған кезде, айтысқа деген сұраныс күшейдi.
Бiз өте күштi пайдаландық бұл өнердi. Сондықтан, қазақтың болмысы
өзгермей тұрмайды. Еуропаға төраға болдық деп жатырмыз. Адамның
түсiне кiрмейтiн нəрсе. Бұған көп мəн бермеймiз. Əйтпесе, кеше
Жамбыл мен Əуезовтен басқа, есiмдерiн əлем бiлмейтiн, картадан қай
жерде орналасқанын ешкiм бiлмейтiн Қазақстан — ендi аяқастынан
Еуропаға төрағалық етiп, биiкке шығып жатса, неге қуанбаймыз?!
Қазақтардың да əрнəрсеге көзқарасы өзгердi. Бiз қанша өзiмiздi-өзiмiз
кемсiткенiмiзбен, халықаралық абырой дейсiз бе, ұлттық абырой
деймiз бе, едəуiр биiкке көтерiлгенбiз. Қазiр Қазақстанды бiлмейтiн
адам — сауатсыз, сорлы адам. Кеңестiк кезеңде Қазақстанды ешкiм
бiлмейтiн. Өзiм де шет елге шығып жүргенiмде, талай куə болдым.
Бiзден "қай елсiңдер?" деп сұрайтын. Сол кездерi "Бiз не сорлап қалған
мемлекетпiз, не Еуропаның адамдары ешнəрседен хабарсыз" деп
ойлайтын едiм. Олай емес екен. Бiз — ұлы мемлекетпiз. Бүкiл
дүниежүзiнде жер көлемi жағынан 9-орында тұрмыз. Елдiң, ұлттың
байлығы осы.
– 25 жылдан астам айтысқа еңбек еттiңiз. Айтыста талай
дарындардың көзiн ашып, үлкен өнерге жол сiлтегенiңiздi де
бiлемiз. Айтыс үшiн талай жүгiрдiңiз, айтыс үшiн талай
қиналдыңыз. Сол айтыс сiзге не бердi?
– Айтыс маған бəрiн бердi. Тек, ол менен бiр ғана нəрсенi алып
қойды. Мен жаманды-жақсылы өзiң сияқты журналист, əрi өлеңнiң
отымен кiрiп, күлiмен шығып жүрген ақын едiм. Айтыс ширек ғасыр
менiң уақытымды алды. Таза шығармашылықпен айналысқанымда,
тек қана өлеңмен ғана шұғылданар едiм. Сонда мен қазiргiмнен гөрi,
мықтылау ақын болар ма едiм, кiм бiледi?! Айтыс деген – менiң саналы
ғұмырымның бес пайызын ғана алатын шаруа болу керек едi. Менiң
одан басқа да шаруаларым толып жатыр. Шығаратын кiтаптарым —
сол айтыстың көлеңкесiнде қалып қойды. Жасаймын десең, iстейтiн
тiрлiк толып жатыр. Абайдың iзбасарымыз деп ойлаймыз. Бiрақ,
айтысты көтеру үшiн, айтысты iлгерiлету үшiн көп жүгiру қажет
болды. Айтыстың да маған бергенi көп. Айтыс — ақындардың
аузымен, айтыстың тiлiменен, халықтың iшiндегi шердi шығаруға,
мұңын жоқтауға, ұйымдастырушылық қызметiмдi көрсетуге, ұлтқа
қызмет етуге көмегiн бердi. Екi ақынды ортаға шығарып қойып, елдiң
алдында айтыстырып қою, оңай көрiнгенмен, оның да өзiндiк
ньюанстары бар. Айтыстың көзге көрiнбейтiн кемшiлiктерi де жоқ
емес. Кейде айтыстың арқасында сөз де естимiн, таяқ та жеймiн.
Жаным күйзеледi. Бiр жарым жыл бойы айтыс жабылып қалған кезде,
мен де тыпыршыдым, халық та тыпыршыды. Қайда барсам да,
сұрақтар алдымнан кесе-көлденең шығып тұратын едi. Бəрiнiң де
сұрайтыны бiр-ақ нəрсе: "Айтыс қайда? Неге өтпейдi? Неге жабылып
қалды?". Сол сұрақтарға жауап ретiнде, өткенде 20-21 наурыз күндерi
айтыс өткiздiк. Сол айтыстан кейiн, қазiр менiң iшiмнен шерiм
шыққандай, арқамнан ауыр жүк түскендей, тынышталып отырмын.
Өйткенi, елдiң iшiнде қордаланып қалған, жинақталып қалған
дүниелердi айтыскердiң аузымен айтқыздық. Кешегi айтыста деңгейi
жоғары екi айтыс болды. Мəселен, Айтақын мен баласы Жандарбектiң
айтысы. Өте сауатты, деңгейi жоғары айтыс жасады əкелi-балалы
екеуi. Мұндай айтыс көп бола бермейдi.
– "Қазақ əдебиетi" газетiне "Айтыспен қоштасу" деп өлең
жаздыңыз. Сонда бiржола қоштасқыңыз келдi ме?
– Бiржола қоштаса алмадым ғой. Сол өлең шыққаннан кейiн, кеше
20-21 наурызда айтыс өткiздiм. Бiрақ, бiр жарым жылда айтысқа
көзқарас өзгердi. Кешегi айтысты өткiзген кезде қаншама
қиындықпен, қаншама қиналыспен өткiздiм. Көбi тiптi бiлмей де
қалды. Айтыстың алғашқы жарнамасы Қазақстанда шығатын жетiсегiз газеттiң барлығына берiлдi. Кiшкентай қып берсе де, үлкен қып
берсе де, бəрiне берiлдi. Тек "Қазақ əдебиетi" газетi ғана соңғы сəттерге
дейiн жарнамасын берiп отырды. Көп газеттер жарнамалай алмады.
Телеарналар түсiрмедi. Сол жолы азаматтық шешiм қабылдайтын
кезде кейбiр жiгiттердiң тайқып шыққанына жанымыз күйзелдi.
– "Соңғы айтыс ешқандай телеарналарға түсiрiлмедi" дейсiз.
Тым құрығанда, таспаға басылып қалды ма?
– Өзiм архивке түсiрiп алдым. Жеке қалтамыздан қаражат шығарып
түсiрiп алған таспаны үйге апарып қойдым.
– Айтысты арнайы бейнетаспалармен таратудың өзге жолы жоқ
па?
– Дискiмен таратуға болар едi. Елдiң бəрi құлақтанып қалған. Тiптi,
Еуропадағы "Азаттық" радиосы да бейнесайтына сұрап отыр.
Қытайдағы бауырларымыз да таспасын сұрап отыр. Оны неге бере
алмаймын? Өйткенi, түсiрiлген таспаны монтаждау керек. Оны
монтаждау үшiн, арнайы студия қажет. Ал, студия жасау үшiн пəленбай
мың ақша керек, бiрiншiден. Екiншiден, дискiсiн шығару үшiн де ақша
керек. Ол менде жоқ.
"МЕН ҚАЗАҚПЫН" ДЕГЕН ҰЛТТЫҚ РУХТЫ СIҢIРМЕСЕК, ƏРIСƏРI КҮЙ КЕШКЕНIМIЗ КЕШКЕН
– Ұзақ жылдар телеарнада журналист болып қызмет
атқардыңыз. "Қазақ радиосын" да басқардыңыз. Телеарнада да
басшылық қызметтерде болдыңыз. Журналистикаға еңбегi сiңген
бiр ағамыз "журналистiң еңбегi еш, тұзы сор" деп едi. Сiздiкi де
солай болып қалған жоқ па?
– Жалпы, менiң көзiмдi ашқалы көргенiм – журналистика. Он бес
жасымнан аудандық газетте жұмыс iстедiм. Екi-үш жыл соның қара
жұмысын атқардым. Сiздер, қазiр оңай газеттерде, үлкен газеттерде
жұмыс iстейсiздер. Бiз қарiптердi қолымызбен теретiн едiк. Ол кездерi
басылымды шығару процестерi өте қиын болатын. Бүкiл өмiрiм
телевидение мен радиоға кеттi. Облыстық телеарна, облыстық радио,
республикалық телевидение, республикалық радионың бəрiнен өттiм
ғой. "Еңбегiм еш, тұзым сор" деп, журналист ретiнде өйтiп айта
алмаймын. Өйткенi, қабiлетiмiз жеткен жерге дейiн жазам дегендi
жаздық, айтам дегендi айттық. Ол жағынан өкпелей алмаймын.
Журналист деген – шенеунiк емес. Бiр күнi қызметке келдiм, екiншi
күнi кеттiм. Əйтеуiр, қолымнан қаламым түскен жоқ. Сондықтан, “түйе
сияқты арқағаланым алтын, жегенiм жантақ” деп айтуға
келiңкiремейдi. Тағдырымның қызықтылығы осында.
– Бүгiнгi телеарналарда, радиоларда берiлiп жүрген
бағдарламаларға кəнiгi тележурналист ретiнде қандай баға
бересiз? Көңiлiңiз толып, риза болатын сəттерiңiз бола ма?
– "Көрмейiн десе көзiм бар" дегендей, əсiресе, "Қазақстан" ұлттық
телеарнасының, "Хабар" телеарнасының жұмыстарын қарамай тұра
алмайсың. Көзге бақырайып көрiнiп тұрады. Менi қинайтын,
қажытатын нəрсе – қазақша телебағдарламалардың деңгейi өте төмен.
Ақпараттық технологиялар жетiлiп, көзқарастар еркiндiгi берiлген
кезде, бiздiң ұлттық, қазақы арналарымыздың осыны көрмей
отырғандығы қынжылтады. Бiрiншiден, Қазақстанда телеарналардың
мамандарын дайындайтын, өндiрiске жақындатылған жоғары оқу
орындары жоқ. Екiншiден, көзқарас нашар, қолдау жетпейдi.
Үшiншiден, бiздiң электронды ақпарат құралдарының басында
отырған адамдардың ұлттық намысы жоқ. Кеңес үкiметiнiң
кезiндегiдей емес, қазiр ұлттық арналардың басына кездейсоқ
адамдар, ұлттың қамынан гөрi, жеке басының қамын ойлайтын
адамдар отыр. Олар, "қайтсем, телеарнаны, радионы халықтың үнiне
айналдырам" деген адамдар емес, əйтеуiр, креслосында мықшиып,
өзiнiң жағдайын жасайтын адамдар отырған кезде, телевидение мен
радио соның зардабын шегедi. Телеарнаның басында Ғалым Доскен
отырған кезде əлдеқайда жақсы едi. "Қазақстан" арнасында сол кезде
жүрген бағдарламалардың көркемдiк деңгейi нашар болуы мүмкiн,
бiрақ, ұлттың сөзiн сөйлейтiн хабарлар болды. Талпыныстар болды.
Ойыңды жетелейтiн, қазақ екенiңдi мақтандыратын хабарлар болды.
Қазiр содан айрылып қалдық. Ең мықты деген хабарымыз, "Екi
жұлдыз" ғой. Не деген сорлылық?! Сол жерде отырған журналистердiң
жақсы хабар жасауға ақылы жетпей отыр дейсiз бе? Ұлттық реңкi,
ұлттық нақыштағы бағдарламалар жасауға мүмкiндiк берiлмейдi. Бұл
менiң өз басымнан өттi. Телевидениеде екi рет директор болдым. Көп
уақыт жұмыс iстей алғам жоқ. Жұмыс iстетпедi. 1995 жылы "Хабарда"
директор болып жұмыс атқардым. Екi-үш ай ғана отырдым. Бастықтар
ауысып, аласапыран болып жатты. Ешнəрсе iстей алмадым. Осыдан екi
жыл бұрын "Қазақстан" телеарнасына келгем. Ол жолы да жұмыс
iстеткен жоқ. Сосын арызымды жазып, өзiм шығып кеттiм. Тек ғана
“ақша-ақша” деп отырған, телевидениенiң иiсi мұрнына бармайтын
адамдар жұмыс iстеп отырған кезде, ештеңе iстей алмайды екенсiң.
Бiреудiң қас-қабағына қарап отыру – менiң мiнезiме келмейдi. Не
жұмыс iстеу керек, не кету керек болды, сосын кеттiм. Қаншама
жоспарларды жасаған едiм. Қаншама қазақтың қыз-жiгiттерiн
жинадым. Сол қыздар мен жiгiттердiң кейбiрi қазiр эфирге шығып жүр.
Айтатын сөзi бар, "қазақ" деп көрсететiн қыз-жiгiттер бар, елдiң
арасында... Соларды жинағым келген.
Сол мен жинаған қыз-жiгiттердiң көбiсiн «Менiң кадрым» деп
есептеп, мен кеткеннен кейiн теледидар мен радиодан қуып жiбердi.
Бұл сорақылық емес пе? «Қазақстан» арнасының таңғы тiкелей эфир
бағдарламасын жүргiзетiн қыз-жiгiттерге қараңызшы. Сөздiң бабын
бiлетiн, айтар ойын орнықты жеткiзе алатын, көрсе – көз, тыңдаса –
көңiл толатын ибалы жастардың орнында кiмдер отыр? Базарда сауда
жасап отырған делдалды еске түсiретiн, жан-жағына жайылып кеткен
бiр қарындасты көрген сайын өз-өзiмнен қысылып, басқа арнаға
ауысып кетемiн. Ұлттың бетiн танытатын көк жəшiкке таныстықпен
адам алу – бар сорақылықтың басы. Менi осы күйiндiредi.
– Сiз жасаған бағдарламалар... Қазiр қайда? Архивiңiзде жатыр
ма?
– Осында. Мəселен, бiр ғана хабарды айтайын. "Есiл жұрт" деген
хабар дайындай бастадық. Оның айтатын ойы қалай едi? Бiз
шекарамызды бекiттiк. Шекараның сыртында қаншама қазақ жерi
қалып қойды. Жақында мен Новосiбiрге барып қайттым. Сонда
қаншама қандастарымыз бар. Орынбор – кеше астанамыз едi ғой.
Айрылып қалдық. Ташкентте де қаншама қандастарымыз бар.
Осылардың барлығы бiздiң жерiмiз деп дауласпасақ та, "мында бiздiң
пəлен батырымыздың басы қалған, денесi жатыр" дегендi көрсету
арқылы, "Қайран, бiздiң Есiл жұрт" дегiмiз келген. Хабарды жоспарлап,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алыстан жəне жақыннан - 10
  • Parts
  • Алыстан жəне жақыннан - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2738
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    43.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 02
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2611
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 03
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2403
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 04
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2447
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 05
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2377
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 06
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2408
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    36.7 of words are in the 5000 most common words
    43.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 07
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2369
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 08
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2098
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 09
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2095
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    46.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 10
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2190
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 11
    Total number of words is 3828
    Total number of unique words is 2270
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 12
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2453
    27.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 13
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2420
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 14
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2357
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 15
    Total number of words is 3724
    Total number of unique words is 2536
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    33.2 of words are in the 5000 most common words
    39.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 16
    Total number of words is 3909
    Total number of unique words is 2501
    25.1 of words are in the 2000 most common words
    35.9 of words are in the 5000 most common words
    42.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 17
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2404
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    46.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 18
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2483
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 19
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2383
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 20
    Total number of words is 4116
    Total number of unique words is 2436
    28.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 21
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2493
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.