Latin Common Turkic

Алыстан жəне жақыннан - 06

Total number of words is 3841
Total number of unique words is 2408
25.2 of words are in the 2000 most common words
36.7 of words are in the 5000 most common words
43.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
мəселелерiн шешедi. Одан қол босаса, «отыз екi қағаз, төрт сабаз» деген
кəсiп бар. Яғни, Шəйiм Шаваев, Қайсар Жорабеков, Ғабиден
Құлахметов, Қалаубек Тұрсынқұлов, Ескен Елубаев, Тынымбай
Нұрмағанбетов секiлдi iрiлi-ұсақты қаламгерлер преферанс ойнаймыз.
Түннiң бiр уағына дейiн керiлдесiп жатамыз. Өзiң тұрғыластармен
шарап iшу де бiр ғанибет. Тегiн арақ бар десең, түн ұйқысын төрт бөлiп,
төсегiнен тұрып келетiн құрдасым Тұрсын Жұртбаев секiлдiлермен
тоқайласа қалсаң, ауруханаға түскенше iшiсуге тура келедi. Осындай
бiр түрi бар, мағынасы жоқ, басы бар, аяғы жоқ сергелдең өмiр бастан
өтiп жатыр едi...
Одақтың үшiншi қабатында досым Несiпбек Айтұлы жолығып
қалып:
– Менiң қарамағымдағы əдеби қызметкердiң орны бос тұр.
Олқысынбасаң, осы жұмысқа тұрсайшы, – деп кеңес бердi. Несiпбек
«Қазақ əдебиетi» газетiнде поэзия бөлiмiн басқаратын.
– Олқысынып қайтейiн. Бiрақ Оралхан менi жұмысқа алмайды ғой, –
дедiм шынымды айтып.
– Неге алмайды?
Несiпбек бiлмейтiн бiр жəйттi есiме түсiрдiм. Жазушы Қоғабай
Сəрсекеевтiң 50 жылдығы үйiнде тойланды. Мерейтой иесiмен
туысқандық жақындығым бар мен дастарханның төменгi жағынан, үй
иесiмен иықтас орын алдым. Төрде өңшең қасқалар, жайсаңдар. Едəуiр
кешiгiп жалғыз келген Оралхан Бөкеев менiң қарсы алдыма жайғасты.
Кербұғыдай кекiрейiп, басын бiрер сiлкiп алған соң:
– Осы мен сенi онша жаратпаймын! – деп, бетiме тесiле қарады.
Мүйiзi қарағайдай жазушы ағамыздың ай-шай жоқ, төбеден қойып
қалғаны жанға батып-ақ кеттi. Менi жаратпайтын, сырттай жауығып,
өшiгiп жүретiн үлкендi-кiшiлi қаламгерлер толып жатыр. Оралханмен
арадағы осы эпизодты кейiн айтып бергенiмде, құрдасым Көпен
Əмiрбек те:
– Мен де сенi кезiнде ұнатпаушы едiм. Сыртыңнан қарағанда
ешкiмдi менсiнбейтiн, тəкаппар адам сияқтысың. Сөзiң түйеден
түскендей. Дүрдиген түрiң де жексұрын. Араласа келе, соның бəрi
сыртқы, алдамшы əсер екенiн бiлдiм. Ендi сенiң жүрегiң жұмсақ адам
екенiңдi жұртқа дəлелдеумен шаршап жүрмiн, – деп едi.
Ақиқатына
келгенде,
менiң
мiнезiмнiң
оңып
тұрғаны
жоқ.
Қасымдағы əйелiмнiң көзiнше əлгiндей сөздердi себепсiз айта салған
Оралханға:
– Менiң де сенi сүйiп бара жатқаным шамалы! – деп дүңк еткiздiм.
Оралхан сөз қайырған жоқ. Сəлден кейiн дастархан басында үзiлiс
жарияланды да, келесi отырыста Оралхан өзi қатарлы классиктердiң
қасына, төрге озып кеттi. Күллi қазақ баласы мойындаған, тау тұлғалы
жазушы ағамнан жоқ жерден жəбiр көрiп, көңiлiм нiлдей бұзылған мен
орнымда қалдым.
Сөйткен Оралхан Бөкеев ендi менi жұмысқа алушы ма едi?!
– Алады! – дейдi Несiпбек. – Ол да сен сияқты сырты дүрдигенi
болмаса, жаны жiбектей нəзiк адам. Қазiр мен кiрiп, сен туралы айтып
шығайын. Кетiп қалма!
Кетiп қалуға да болушы едi. Жұмыссыздыққа да етiм үйрене
бастаған. Қыстың ортасы. Үйде соғым сойылған. Əйелiм жұмыс iстеп,
айлық табады. Балаларым стипендия алады. Аштан өлiп, көштен
қалып бара жатқаным жоқ. Сонда да, бiр ерегес iшiмде бас көтердi.
Кетпейiн, Оралханның айтқанын естiп кетейiн деп ойладым: ұзыннан
өшi, қысқадан кегi жоқ, айдаладағы Оралхан Бөкеевтiң менi жек
көретiнi несi?!
Теледидарда бас редактор болып қызмет iстеп жүргенiмде,
журналист Өмiрсерiк Жұмановты Оралханмен бiрге елiне жiберiп,
қаламгердi туған үйiнде киноға түсiрткенiм бар едi. Бұл телеочерк
Қазақ теледидарының қорында сақтаулы, оқта-текте қайталап
көрсетiп жатады. Сол Оралханға не жаздым екен?
Бас редактордың кабинетiне сүңгiп кеткен Несiпбек көп кiдiрген
жоқ, аңқылдап қайта шықты:
– Айттым ғой мен саған! Оралхан келсiн деп жатыр. Дүңкiлдемей,
дұрыс сөйлес, – деп маған бiлген кеңесiн де берiп, сүйрегендей етiп,
есiктен кiргiзiп жiберiп, өзi тыста қалды. Есiктен кiре берген маған:
– Сен шынымен бiзге жұмысқа тұрғың келе ме? – дедi Оралхан.
– Неге тұрмауым керек? – дедiм қитығып.
Оралхан екi сөзге келген жоқ:
– Мына жерге отыр да, поэзия бөлiмiне əдеби қызметкер боламын
деп арыз жаз, – дедi. Жаздым.
– Қазiрден бастап жұмысқа қабылдандым деп есепте. Iске сəт! – дедi
Орекең.
Баяғы кикiлжiң əрi қарай жалғаса ма деп едiм, ол да сөз қозғамады.
Мен де үндемедiм.
Бұл «Қазақ əдебиетi» деген кiсiнi жалқау ететiн жер екен. Келгiң
келген уақытта жұмысқа келесiң. Кеткiң келген уақытта кетесiң. Өзiңе
тапсырылған жұмыс көлемiн орындап, апталық лездемеде төбе
көрсетiп отырсаң болды. Қызметкерлер сайдың тасындай:
Оралханның орынбасарлары Тұтқабай Иманбеков пен Жүсiпбек
Қорғасбеков, жауапты хатшы Қайырбек Асанов, бөлiм меңгерушiлерi
Иранбек Оразбаев, Несiпбек Айтов, Жаңабек Шағатай тəрiздi өңкей
дарынды жiгiттер.
Арада апта өтер-өтпесте, түскi үзiлiс уақытында, өз бөлмемде
əлдебiр қағаздарды қарап отыр едiм, Оралхан кiрiп келдi.
– Сен бұл жерде неғып отырсың?
Сұрақты онша ұғынбай қалғанымды аңтарылған түрiмнен аңғардыау деймiн:
– Анау төрдегi үстелдiң басында неге отырмайсың? – деп сұрады.
– Ол екi үстелдiң басында екi бөлiм меңгерушiсi – Несiпбек Айтов
пен Иранбек Оразбаев отырады. Мен əдеби қызметкермiн ғой. Орным –
осы.
– Маған жүршi! – деп Орекең керi бұрылды. Соңынан ерiп кабинетiне
келдiк. Оны-мұныны сөз етiп бiраз отырды да:
– Сен баяғы менiң сөзiмдi көңiлiңе алып жүрсiң бе? Мен өзiм сондай
қасқамын. Айта салам да, өзiм азап шегiп жүремiн. Жарайды ендi...
Саған арнап «Өнер» деген бөлiм ашайын. Бастығы да, қызметкерi де
өзiң бол. Бөлек кабинетте отыр. Редакция алқасына мүше боласың, –
дедi.
Айтты – көңiл тазарды. Осы күннен бастап Оралхан аға екеумiздiң
арамыз жақындай бастады. Шақырып алып, кеңес сұрайтын болды.
Жауапты
жұмыстарды
тапсыратын
болды.
Редакцияның
бөлмелерiнде анда-санда өтiп тұратын «шай iшулер» кезiнде бұл
кiсiнiң жаны жайсаң, жүрегi жомарт адам екенiн анық тани бастадым.
Осындай басқосуларда сұлу даусымен өлең оқиды екен. Бейiмбет
Майлиннiң «Шұғаның белгiсi» əңгiмесiн жатқа оқығаны қандай ғажап!
– Əй, өзi де Шұға десе шұға едi-ау! – деп өкiнiп бiр тоқтағанда,
бəрiмiз де қобалжып, орнымызда омалып отырып қалушы едiк.
Дүрдиген сырты болмаса, Оралханның iшiнде жап-жарық шырақ
жанып тұрушы едi.
Бас-аяғы екi-үш айдың iшiнде тонның iшкi бауындай болып, жақын
араласып кеттiк. Екi үйден кезек шай iшетiн болдық. Бiрге
жолсапарларға шықтық. Ағадырдағы Ағыбай батырдың тойына,
Талдықорғандағы Ғали Ормановтың тойына, Жезқазғандағы Аппаз
Қаражiгiтовтың тойына бiрге барған кездер күнi бүгiнгiдей есiмде.
Жезқазғанға Қайырбек Асанов екеуi аттанбақшы едi, жеме-жемге
келгенде маған да «барасың» дедi.
– Бас редактор барған жерге бiздiң қосарланып барғанымыз ретсiз
шығар, – деп шегiншектеп едiм:
– Қамшының сабындай қысқа ғұмыр ғой. Бiрге жүре тұрайық та, –
деп мұңая сөйлегенiн ұмыта алмай жүрмiн. Бұл кезде Оралханның демi
бiтуiне екi-үш ай ғана қалған екен ғой.
Қарт жазушымыз Аппаз Қаражiгiтов Қайырбекке қасқыр iшiк
кигiздi де, Оралхан екеумiзге кəрiстердiң екi радиоқабылдағышын
сыйлады. Ұшақтан түсiп, үйге барып, шай iшiп отырғаным сол едi,
Орекең телефон шалды:
– Ей, менiң радиомның сағаты бар екен, – деп балаша қуанып тұр
екен. – Сенiң радиоңда сағат бар ма?
– Бiзде де бар шығар, Ореке. Кəрiс ағайындардың бiр қалыптан
шығып жатқан арзан радиосы ғой!
– Сен əлi ашып көрмеген екенсiң ғой. Əрине, буржуйларға дүние
таңсық емес. Бiз классик болсақ та қатарға қосыла алмай келемiз...
Орекең Жазушылар одағы берген екi бөлмелi тар пəтерде тұрды.
Сонысы өзiне қатты бататын.
– Айханым мен Айжаным өсiп келедi. Мына қуықтай екi бөлмеге
сыймайтын түрiмiз бар, – деп уайымдайтын.
Кеңес өкiметi тарап, дүние астан-кестең болып жатқан алакөбең
шақ. Жаңадан шыққан байлардың алдына тұрып болмайды.
Оралханның да, менiң де тұрмысымызды түзегiмiз келедi. Қол қысқа.
Көбiне бiздiң үйде шай iшiп отырып, түрлi жоспарлар жасаймыз.
Алдында ғана «Ауылдағы қазақ қаламгерлерiнiң ұйым серiктестiгi
(«АҚҚҰС») деген қауымдастық құрылып, Оралхан – президент, мен –
вице-президент болып сайланғам. Айтпақшы, менiң бұл жұмысқа
жегiлуiм де кездейсоқ жүзеге асып едi.
Бiр күнi, қауымдастықтың құрылтайы алдында Орекең шақырып
алып:
– Тұтқабай Иманбеков вице-президент болады. Сен соның орнына
бас редактордың орынбасары боласың, – деген шешiмiн жариялады.
Өзiмiзбен жақсы араласып-құраласып, сыйласып жүретiн Тұтқабай
ағамыз жеме-жемге келгенде «АҚҚҰС»-қа барғысы келмедi.
– Менi қызметтен шеттетiп жатырсыңдар, – деген өкпесiн айтты.
Осыдан кейiн Орекең «АҚҚҰС»-қа менi сайлатты. Кейiн «АҚҚҰС»-тың
əжептəуiр ауқатты ұйымға айналғанын көрген Тұтқабай ағамыздың
шынымен өкiнген шақтарына да куə болдық.
Сонымен Орекең екеумiз «АҚҚҰС» арқылы шаруа жүргiзуге
талпындық. Темiрше Сарыбаевты Ақсуға жұмсап, сондағы ақын Жамау
Бұқарбаев арқылы бiр мəшине қаптаулы қант алғызып, оның
жартысын Көкшетаудағы менiң əкiм досым Құрманхан Бұқарбайұлына
жөнелтiп, ол жақтан бiр КамАЗ картоп алдырып дегендей...
Екi Бұқарбайұлының еңбегi еш болды: Арқадан көктем шыға
алдырған таңдаулы картопты қалай сатудың ретiн бiлмей
«Алматыэнергосеть» деген ұйымдағы бiреуге түсiрiп берiп едiк, ол
ақшамызды бермей сырғақсытып жүрдi де, бiр күнi өзiн мəшине басып
кеттi.
– Қант, картоп операциясы осымен бiттi, – дедi Орекең ызаланып. –
Ендi темекi операциясын бастаймыз.
Сөйтсек, Орекең бiр отырыста Алматы темекi фабрикасының
директоры Қадыр деген жiгiтпен танысқан екен. Қазiргiдей Куба
сигаралары мен Англия сигареллалары тiрелiп тұрған заман емес.
«Қазақстан» сигаретiнiң көзден бұл-бұл ұшқан кезi.
– Əлгi директордан сұхбат алып кел. Газетке жедел жариялаймыз.
Осыны пайдаланып, бiр миллион қорап «Қазақстан» сигаретiн отыз
тиыннан сатып аламыз да, үш сомнан сатамыз. «АҚҚҰС» ақшаның
астында қалады, – деп қуанып отыр екен.
Фабрикаға барып, сұхбатты да даярладым. Бiр миллион қорап
сигареттi де алуға келiсiм жасадым. Баюдың аз-ақ алдында тұр едiк...
– Менi атып тастайтын адам жоқ! – деп Орекең аяқ астынан шала
бүлiндi. – Кеше Дулаттың үйiнде қонақта болып... Балконда темекi
тартып тұрып, ендi темекi сатып байитынымызды айтып мақтанып
қойыппын.
– Е, Дулат өзiңiздiң досыңыз, «жетi жетiмнiң» бiрi емес пе?
– Дулат əлгi темекi фабрикасының директорымен бажа екен. Бiздiң
достығымыздың жазылмаған заңы бойынша, бiрiмiзден бiрiмiз озып
кетуге болмайды. Ендi қара да тұр, Дулат əлгi темекiнi бiзге бергiзбей
қояды!
Рас екен. Əлгi миллион қорап темекiнi бiз фабрикадан шығарып
алуға тиiс күнi де, одан кейiн де директор Оралхан екеумiздi маңына
жолатпай қойды. «Темекi» операциясы да күйреп тынды. Артылып
қалған қантты Орекең қайтыс болысымен, үйiне берiп жiбергенiм
есiмде. Айтпақшы, Дүкеңнiң бажасынан сұхбат алуға барғанымда,
Орекең екеумiзге мың қорап қара сүзгiлi «Қазақстан» сигаретiн
сыйлаған. Оралхан аға қайтыс болған күндерi сол қара сүзгiсi бар
сигареттi көзiмiзден жас аққанша құныға сорып жүрдiк қой.
1968 жылы бiз оқуға келiп түскенде, «Лениншiл жас» газетiнде
əдебиет бөлiмiн басқаратын Оралхан Бөкеевтiң əдеби даңқы дəуiрлеп
тұрған болатын. Газеттiң бiрнеше нөмiрiне шығатын əңгiмелерiнiң
жалғасын оқу үшiн ертемен газет дүңгiршектерiнiң алдын күтушi едiк.
Сол романтикалық əңгiмелер бiзге өлең сөздей, тiптi əсем əндей
көрiнетiн. Ұзын, қою қара шашы желкесiн жапқан жас жазушының
шығармашылық бақытына қызыға да, қызғана да қарайтынбыз. Кейiн
ешкiмге ұқсамайтын хикаяттарымен өзiн əбден мойындатқан
жазушымен аз уақыт та болса қанаттас өмiр сүргенiм – əлi күнге
сағынып еске алатын кездерiм. Таралымы əбден құлдырап кеткен
«Қазақ əдебиетiн» насихаттау үшiн 1992 жылдың соңында ақындар
айтысын өткiзiп, тiзе қосқан шақта оның қандай күрескер екенiне
көзiм жеттi. Айтыскер ақындар мен термешi-жыршылардың
республикалық қауымдастығын бiрге құрдық. Дəл осы еңбегi үшiн
кейiн Оралхан Бөкейдiң құрметiне үш рет ақындар айтысын өткiзуге
тура келдi. Қаратай елiнiң ортасында өткен осы жыр сайысында ақын
iнi-қарындастары Орекеңнiң асқақ бейнесiн өлең сөзбен сомдауға
құлшынды. Қара сөзбен жырлайтын қаламгер осы құрметке лайық едi.
1993 жылдың шiлде айында Оралхан Бөкеев 50 жасқа толуға тиiс
едi. Мамыр айының басында Несiпбек екеумiздi оңаша шақырып, кеңес
құрды. Туыс-туғанның аздығын, ет-жақындарының бiрiнiң соңынан
бiрi бақилық болғанын айтып, мұңайып отырды. Өз ауылындағы
адамдардың қатыгез, тасбауыр болып бара жатқанына мынандай
мысал келтiрдi:
– Шайды балмен iшкендi ұнатам. Шiркiн, бiздiң Алтайдың хош иiстi
балына ештеңе жетпейдi ғой. Елге бiр барғанымда ауданның бiрiншi
хатшысына бал құйдырып бер деп өтiнiш жасадым.
– Қанша бал керек едi?
– 7-8 литрдей болса...
– Ыдысыңды менiң жүргiзушiме тапсыр. Ұшаққа сол апарып бередi,
– дедi хатшы.
10 литрлiк бiр ыдыс сатып алдым да, жүргiзушiсiне бердiм.
Сенесiңдер ме, жоқ па – тура бал құйып берiптi. Ыдыс 10 литрлiк едi
ғой. Бiздiң ауыл осындай! Осы əңгiменi айтып ызалана күлген Орекең
шiлде айының 3-i күнi Несiпбек үшеумiздiң менiң «Жигулиiммен»
Қатонқарағайға аттанатынымызды хабарлады.
– Неге менiң «Жигулиiммен»?
– Сенiң орындыққа жапқан тыстарыңды түнеу күнi Бақытжамал
Эмираттан алып келген. Сондай ұнайды маған!
Осындай уəжге тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба? Сiрə, өзiнiң қызмет
бабында мiнетiн «Волгасын» елiне мiнiп баруға сақсынса керек.
– Елiңiзге достарыңыздан кiмдi шақырасыз? – деп сұрадық Несiпбек
екеумiз.
– Ешкiмдi де шақырмаймын. Оларды күтетiндей құдiреттi туысым
жоқ. Аудан басшысының тiрлiгi əлгi. Елдегi Жұмадiл досым да өзiм
секiлдi қу сирақ кедей. Шыңғыстайда бiр тайым бар. Соны соямыз.
Үшеумiзге бiр жұма жеуге содан артық не керек? Қатонның ауасының
өзi не тұрады! Айтпақшы, қайтарда мен ұшақпен ұшып кетем. Сендер
жермен қайтасыңдар.
– Неге ұшып кетесiз?
– Бiр жұма Шыңғыстайда арақ iшкен сендердiң иiстерiңнен менiң
басым айналады.
Осылайша жоспары сызылып қойған алдағы сапарға шықпай
қаламыз деп кiм ойлаған...
Сол 1993 жылдың мамыр айының соңында, Қазақстан Жазушылар
одағының бiрiншi хатшысы Қалдарбек Найманбаев бастаған 15 шақты
қаламгер Түркияға сапар шегiп, Мағжан ағамыздың 100 жылдығына
арналған
шараларға
қатыспақшы
едiк.
Сапарды
ұйымдастырушылардың бiрi ретiнде мен де, «Қазақ əдебиетi» газетiнiң
бас редакторы ретiнде Оралхан Бөкеев те делегация құрамына енген
едiк. Сəуiр айының соңғы күндерiнiң бiрiнде Орекең менi кабинетiне
шақырып алды да:
– Мен Түркияға бармайтын болдым. Сен газетке сапарнама жазып
келесiң, – дедi («Мағжанның Түркиясы» деп аталған сапарнама «Қазақ
əдебиетi» газетiнде жарияланды).
– Сiз неге бармайтын болдыңыз?
– Мен Үндiстанға жүремiн, – дедi Орекең.
Үндiстанның басшысы Алматыға ресми сапармен келгелi жатқан.
Соның алдында бiр топ қазақ журналистерi Үндi елiне барып қайтатын
болыпты да, iшiне Оралхан Бөкеев те қосылған екен. Орекеңнен
басқасының бəрi – жас қаламгерлер.
– Ылғи бала-шағаның арасында сiзге не бар, Ореке? Үндiстанға менi
жiберiңiз де, өзiңiз Ыстамбұлға барып келiңiз, – дегенiм есiмде.
– Түркияға барсам, Қалдарбек пен сен берген тиын-тебендi санап
жүредi екенмiн. Үндiстан сапарын үкiмет қаржыландырып отыр. Бiз де
есеп шығара бiлемiз, шырақ! – деп əзiл-шыны аралас жауап берген
Оралхан: – Мен не көрдi дейсiң? Қырымға барсам емделуге бардым.
Переделкинода жазудан қолым босамады. Елбасымен Еуропаға бiр
барып келгенiм болмаса, осындай тегiн сапарға бiрiншi рет шыққалы
отырмын ғой. Жас болса, жер ортасы елуге келiп қалды, – деп
мұңайды.
Қыс айларының бiрiндегi кеңесу кезiнде:
– Қылшылдаған кезiмде өзгелер үшiн жұмыс iстедiм. Ендi өзiм бас
редактор болған кезiмде қаңсып қалған басыма идея келер емес, – деп
налығаны бар едi. Сол күнi профессор Тұрсынбек Кəкiшевтiң
«Астананы Ұлытауға көшiрсек қайтедi?» деген мақаласын дайындап
əкелiп, оқуға бергенiмде айтқан сөзi едi. Мен күмəнданып əкелген сол
мақаланы нөмiрге салуға пəрмен берген Орекең астананың көшпей
қалмайтынын болжалдап жүр екен ғой.
Орекең Үндiстанға 10 мамыр, жаңылмасам, сенбi күнi аттанды.
Жауапты хатшы Қайырбек Асанов екеумiз Жазушылар одағына келiп,
шығарып салдық. Көлiгiне мiнгелi тұрып:
– Қайырбек, маған екi шөлмек арақ əкелiп, қоржыныма салып бершi,
– деп өтiнiш жасады.
– Арақ iшпейсiз ғой, оны қайтесiз? – деп Қайырбек таңданды.
– «АҚҚҰС»-тың қоймасында отыз жəшiк арақ тұр емес пе? – деп мен
ұсыныс айттым.
– Сенiң қисық шөлмегiңдi шетелге апарғаным ұят болар, – деп күлдi
Орекең. – Iшпесем де, қоржынымда жүрсiн. Қолымды жуамын. Мен өзi
иiс-қоңысты жаратпаушы едiм. Үндiстанда қысы-жазы ауа ауыспаған
соң иiс болатын шығар...
Қайырбек «Балалар əлемi» дүкенi жағынан тез оралды да, бiзбен
қол алысып қоштасқан Орекең көлiгiне мiнiп, жүрiп кеттi.
Оралхан Бөкеев Делиде мамырдың 17-сi күнi қайтыс болыпты.
«Агра қаласына сапарлап барып, Тəж-Маһалды тамашалап, қайтар
жолда əзiл-қалжың айтысып, көңiлдi болып едi» дейдi көргендер.
Өкпесiнiң iлесi бар едi, 56 градус ыстыққа шыдас бермеген тəрiздi.
«Сорқұдықтың басына сорға бола қонды əкем» демекшi, осы сапарға
бармай-ақ қойшы деген менiң сөзiмдi қабыл алса, əлдеқалай болар едi
деп ойлаймын да жүремiн.
Оралханмен айнымасқа, айырылмасқа табысқанымды бiлушi едiм.
Бiрақ дəл осылай жылдам қоштасамыз деп ойламаппын. Көзiмнiң жасы
сорғалап жүрiп жоқтау жаздым. Жиырма шумақтан астам сол жоқтау
Оралханның мəйiтiн Мүсiрепов театрынан алып шығарда айтылып
тұрды. Бiздiң шешелерiмiз, жеңгелерiмiз боздақтарын солай жоқтаушы
едi. Жоқтау үстiнде iштегi шер-шеменiн, қайғы-зарын сарқып айтып,
мауқын басатын. Мауқымды басқан сол жоқтаудың мəтiнiн де сақтап
қалмаппын.
Оралхан
үздiге
жырлап
өткен
Шыңғыстайға,
Мұзтауға,
Қатонқарағайға өзi өмiрден өткен соң оншақты жылдан кейiн ғана
жолым түстi. Оралханның ауылы, үйi, Оралханның мектебi, мұражайы
деген түсiнiктер пайда болыпты. Оралханның жерлестерi Оралханның
атын айтып мақтануды үйренiптi. Тоба.
Маралшылардың тау басындағы «Верхотур» деген қосынан таң
алдында төмен түсiп келе жатып, жолдан адастым-ау деген күдiк
көңiлiме кiрдi. Сиырын өрiске шығарып жүрген жiгiт ағасы жол
жиегiнде тұр екен. Жөн сұрасам:
– Мен жол сiлтей алмаймын. Осы жасқа келгенше мына
Большенарымнан арғы жаққа аяқ басып көрген жоқпын, – деп шынын
айтты.
Жан-жағын шыршалы-самырсынды, таулар қоршаған, адамдары
томаға-тұйық ауылдан шыққан Орекең қалай алысқа ұзап кеткен!
Қандай биiктерге шығып кеткен?
Сол биiктен, Оралханның биiгiнен төменге қарасаң – басың
айналады.
ҚАҒАЗДАЙ АППАҚ АҚСЕЛЕУ АҒА
Ақселеу аға менің өмірімде үнемі болған тəрізді. Біз қолымызға
ақаламды енді ұстап, алғашқы хат-хабарымызды енді жариялата
бастаған тұсымызда ол кісі «Лениншіл жастың» Қарағанды
облысындағы меншікті тілшісі ретінде алдымызда ойқастап жүрді.
Жазғандарын жібермей оқып, үлгісін көңілге тоқитынбыз. КазГУ-дің
журналистика факультетінде Ақаңмен бірге сырттай оқитын немере
ағам Көбейсін Еңсебаев сессияға барп-келген сайын ол кісі туралы
аңыз əңгімелердің бір парасын ала келетін. Ақаңның жүріс-тұрысы,
киім киісі, насыбай атуы, көл-көсір əңгімесі туралы тамсанып айтатын.
Ұйып тыңдайтынбыз. Ол кездегі Ақселеу Сейдімбеков біз үшін
ұсынсақ қолымыз жетпес биік еді.
Кейін, 1980 жылдан бастап, Алматы жоғары партия мектебінде
тыңдаушы болып жүрген кезімже, «Білім жəне еңбектің» бас
редакторы Ақаңмен жақын араласудың сəті түсті. Менің достарым
Несіпбек Айтұлы, Жəнібек Кəрменов ол кісімен преферанс ойнайды
екен. Бұл менің де ескі дертім еді, төртінші қол болып қосылып жүрдім.
Көбіне редактордың кабинетінде кешке жолығамыз. Кейде үйінде
жиналамыз. Таңды таңға ұрамызСөздің реті келіп тұрған соң айта
кетейін, Ақаң өзін жақсы преферансшы деп ойлайтын, бірақ,
шындығында, одан əлдеқайда мықты ойнайтындар көп еді. Ақаң
қайтатын жылы қыста біз – Өмірзақ Сəрсенов, Амангелді Ермегияев
үшеуміз Астанаға ұшып келіп, айтыстың шаруаларымен Мəдениет
министріне жолықтық та, кешке Қыдырəлі Болмановтың үйіне
соғымның етін жеуге тоқтадық. Ағаларыңызбен табақтас болыңыз деп,
Ақаңды шақыртып едім, кешікпей ол да осында жетті. Айгүл
Елшібаеваның, Клара Төленбаеваның əндерін тыңдап, Қыдырəлі мен
Қарақаттың берекелі дастарханынан дəм татқан соң кешкі самолетпен
Алматыға ұшпақшы едік, Ақаң қояр да қоймай билеттерімді тапсырып,
өз үйіне бір қонып аттануға қолқа салды.
– Қайда асығасыңдар? Мұндай сəті түсе бермес. Сыбағаларыңды
жеп, қолды байқап кетіңіздер, – деп қатты қиылды. Ақыры
билеттерімізді ертеңге ауыстырып, түнімен преферанс ойнадық. Ақаң
едəуір ұтылып қалды. Бұл қаңтардың он үші еді. Арада ай өтер-өтпес
маған телефон шалып:
– Бүгін Алматыға келе жатырмын. Бір миллион теңгем бар. Ана екі
ағаңды шақыр. Кегімді қайтарамын, – демесі бар ма. Алматының
түбіндегі Тұздыбастаудағы біздің үйге соғымнан сыбаға астырып,
қайтадан бас қостық. Екі ағамның да, Ақаңның да жайын білетін мен
оңашада Ақаңа өтініш айтып, ойынның бəсін төмен айтуға қолқаладым.
Ол көнбеді. Ақыры бірер партияда əлгі миллион ғайып болып, жаңа
иесін тапты. Қалтасы қағылса да, келісті ойыннан қанағат тапқан Ақаң:
– Əй, жауыз бауырларым-ай! Еселеріңді жібермейсіңдер-ау,
Сіздермен осылай бір шайқасқанның лəззатына не жетеді!– деп ірілік
көрсетті.
Өткен күзде осы төртеуміз Көктөбенің басында, Қазақ
теледидарының ұйымдастыруымен өткен күй кешінде отырғанымыз
бар еді. Тар жерде ұзақ отырып қалып, темекіден тарыққан соң,
Ақаңның шақшасын сұрап, насыбай аттым. Көрінгеннен көзақы
алатын Өмірзақ Сəрсенов те шақшаға қол салды. Сол жерде Ақаң:
– Менің насыбай шақша соғатын өнерім бар ғой, Өмірзақ, Амангелді
үшеуіңе күмістен шақша соғайын. Ағаларыңа айт, тапсырыс берсін. Əр
шақша отыз мың теңге тұрады, – деді. Амангелді Дінұлы темекіге де,
насыбайға да жоқ. Сөйтсе де:
– Соғып берсін. Естелік болады ғой. Ақысын төлейміз деді.
Бірер айдан соң Астанадағы Ақселеу Алматыға телефон шалып:
– Əй, ұл! Мен асығыстау айтып қалыппын. Əр шақша елу мыңға
түседі екен. Ағаларыңды көндір, – деді. Ағаларым қайда барушы еді,
«жасай берсін» деп келісті. Көп кешікпей Астанадан келген жазушы
Серік Əбдірайымов Райымов Ақаңның сəлемдемесін əкеліп берді.
Қатты қорапқа салған үш күміс шақшаның қасында Ақаңның маған
жазған хаты да бар екен. Осы хатты жеке мұрағатымда сақтап жүрмін.
Ұзын ырғасын келтірсем: «Жасым ұлғайған соң, қолым қалтырап,
көзімде бұлдырайтын болыпты.оның үстіне, электр пешіме күмісті
балқыта қою да, таптау да қиындаған тəрізді. Үш шақшамен үшеуіңнің
образынды бенелеуге тырыстым. Түнеу күнгі елу мыңнан дегенімде
бекер екен. Бағасы көтерілді» дегендей сыңай танытты.
Бауырымыздың кішкентай ғана ішкі есебіне, бала қулығына мəз
болып, əрқайсымыз мың доллардан сыйақы тағайындадық Ақаң аса
риза болып еді.
Бүгін өткен күндері еске алып отырсам, сыйлас болған, сырлас
болғанкүндер көп екен. Əсіресе Ақан елу жасқа толып, өзінің туған
Жаңаарқасында атап өткен 1992 жылдың күзі көңілімде жақсы əсерлер
қалдырыпты. Ақанның кіңдік кескен жері – Отаутасқа дейін барып,
аяғына қара пима киген анасының да қолын алыа едік-ау. Мен осы
мерейтойға арнап, əзілі аралас бір өлең жазып едім, сол Ақана қатты
ұнап, ауданның өзінде, ауыл-ауылдарда өткен кездесу-жиындардың
бəрінде сол өлеңді маған қайта-қайта оқытумен болды. Біраздан соң
соны оқудан жалығып, қашқалақтай бастап ем, бір оңашада:
– Əй, ұл! Он жылдан кейін, сен елуге келгенде мен де бір қызметіңе
жарармын. Қолқалата бермей оқы деген жерде оқып жүрсеңші! – деді.
Сол өлең мынау еді:
ДАЛАДАЙ ДАРХАНЫМ, ТЕҢІЗДЕЙ ТЕРЕҢІМ
Алаштың ардағы Ақселеу тарақты,
Тəңірім өзінді текті етіп жаратты.
Сояудай сорайған бойыңа болайын,
Айналып кетейін көзіңнен қарақты.
Даладай дарханым, теңіздей тереңім,
Дүлділдей жүйрігім, өгіздей кереңім.
Сұңқардай сұңлығым, жібектей жұмсағым,
Қасымда жүрсең де сені іздей беремін.
Қызырын қолдасын, əруақ жебесін,
Уызға жарыған марқасың, кебесің.
Халықтан барлығын үйреніп алдын да,
Халыққа қайтадан үйретіп келесің.
Дəстүрдін білгірі, салтыңның сақшысы,
Заманның заңғары, тарихтың хатшысы.
Кейде біз ойлаймыз Геродот ақсақалы
Болған-ау сірə деп Ақанның атшысы.
Аңызың естісең көңілін толғандай,
Көш құлаш уəжі көкейге қонғандай.
Көсілітіп сөйлейді көненің тарихын
Жорықта Жошының жанында болғандай.
Айтыса кетсеңіз уəжбен жығады,
Бекерге дауласпа – боласыз кінəлі.
Ақаңда шақша көп, бірі сол шақшаның
Құнанбай қажыдан қалған боп шығады.
Көңілдің төріне орнатып Абайды,
Ақаңның жүрегі талайды қалайды.
Ыңылдап айтқанын жұрт əнге балайды.
Дыңылдап тартқанын жұрт күй деп санайды.
Ақаңның білмейтін бəлесі шамалы,
Пайдасы тимейді, жоқ жəне залалы.
Құнығып кіріссе қияды барлығын,
Суырып береді, сыпырып алады.
Дүние жалған ғой, қызықтыа тоймайсың,
Ойнамас ойынды бекерге ойнайсың.
Баскетбол секілді ойынды ойнайсың,
Алдыңа жан салмас еді-ау деп ойлайсың.
Жүзінен көрінбей архивтің азабы,
Үстіне қонбайды тарихтың тозаңы.
Кəдірбек білмесе біз қайдан білейік,
Қай уақта оқиды? Қай уақта жазады?
Айдынның төсіндегі жарқырап ай маңдай,
Айтуды білмейді бір сөзді ойланбай.
Қолында таяғы маңқиып жүреді,
Пəнидің тірлігін тындырып қойғандай.
Тəңірі көрмесе айтқанды күпірлік,
Ақаңа арнауды осымен бітірдік.
Сəкенді көрмедік,
Алайда Ақаңның.
Соңына ергенге етеміз шүкірлік.
Басқа қасиеттерін қайдам, əйтеуір, өзінің көзінің тірісінде оған деген
інілік ізетімді, оның қазақ руханиятындағы орны туралы əділ сөзімді
айтып үлгерген екенмін. Соған да тоба!
Ақаң шындығында да менің 50 жылдығыма қызмет жасады.
Қарағандыда өткізілген шығармашылық кешіме Алматыдан
Тұманбай Молдағалиевті, Қадір Мырзалиевті, Сəкен Жүнісовті
шақырып əкеліп едім, оған Астанадағы Ақселеу Сейдімбеков
қосылғанда төрт құбылам түгенделіп, төбем көкке жетті. Ақаң барлық
шараларда төгілтіп сөйледі. Облыс əкімі резиденциясындағы шай
рəсімі кезінде Ғабдолла Құлқыбаев, Сəкен Жүнісов үшеуі күй
тартысып, бір сағаттай жиналған жұртты тамашаға бөледі. Ел сілтідей
тынды. Сөз сөйленбейді. Тек күй сұңқылдайды. Көрген түс тəрізді.
Домбыраның шанағынан күй сауып отырған даланың дана
шалдарының көзіндей үш ағамның нұрлы бейнесі көңілге сурет болып
көшті.
Өмір өңкей тойлардан құрала ма? Кейде ит болып балағыңнан
қауып, дұшпан болып жағаңды жыртып, опасыздығын да жасайды ғой.
Бір жылдары Ақаңа да күйе жағып, аяқтан шалушылар табылды.
Ағамыздың «Қазақтың бейпіл сөздері» деген кітабын түсінуге өресі
жетпеген бір міскіндер авторға ошағандай жабысып, тіпті оны
жоғарғы оқу орнынан аластатуды да талап етіп жатты. Осындай
əсіресе белсенділердің бірі – оның өз ауылындағы мектептің болғаны
өкінішті. Оның хаты газетке жарияланды. Осы кезде Ақаң мен ұлы
жазушы Мұхтар Мағауиннің де арасы нашарлап жүрген кезі еді.
Əсіресе екі жақсы ағамның шиеленіскен ара-қатынасы біреулердің
қыбын қандырып жатса, біз сияқты тілеулес інілерінің арқасына
аяздай батты. Бір күні М.Мағауинге арнайы барып, Ақаңмен арадағы
беймағына дүрдараздықты доғаруға қолқа салдым. Обалы нешік,
Мұқаң көп уəж айтып, ақталып бақты. Ең соңында Мұқаңның баспасөз
бетінде тым ерсі сөздерге барғанын кінəлап тілге тиек етіп едім:
– Жарайды, Ақаңа сəлем айтып бар. Менен кешірім сұрасын. Сосын
қоялық, -деді.
– Осы əңгіменің мазмұнын Ақаңа толық жеткізіп:
– Елге абыройсыз болдыңыздар ғой. Жасыңыз кіші. Кешірім сұрай
салсаңызшы! – деп жалынғанымда:
– Кешірім сұрайын-ақ.
түсіндірші? – деді
Бірақ
неге
кешірім
сұрайтынымды
Ақаң. Бұл бір басы бар, аяғы жоқ дау еді. Əңгіме осымен доғарылды.
Мен екі
ағамның арасына басу айтқан дəнекер сөзімді «Қазақ əдебиетіне»
жарияладым. Екі жақтан да дыбыс болмады. Арада біраз уақыт
өткенде Ақаң:
– Жақында бір жиында Мұхтар ағаңды көріп, сəлем бердім. Жасы
үлкен ғой. Қолымды қаққан жоқ. Алды. Сірə, кешірімдескен деген сол
шығар, - деп еді. Бұл баянсыз дүниеде екі ұлы адамның бір-біріне
кешпестей не өкпесі болушы еді?
Осы естелікті жазу үшін өткен күндерді шолсам, жолығысулар мен
қоштасулар еске түседі. Қайсысын тізе бересің. Тағы бір эпизодқа
тоқтала кетейін.
2002-2003 жылдың қысында Еуразия ұлттық университетінің
ректоры М.Жолдасбеков ағам мені Астанаға шақырып, қызметке алып,
төрт бөлмелі үй берді. Астанаға əлі бауыр баса алмай жүрген кезімде
Ақселеу ағам телефон шалып:
– Қарындасымнан ұятты болып жүрмін. Осы алдағы сенбі
Бақытжамал екеуің біздің үйден ерулік жеңдер. Ерулік же дегенге
сопайып екеуің жетіп келмей, жора-жолдастарыңның ішінде ішеді-ау,
жейді-ау деген мықтыларын ерте кел! - деді
Іздегенге – сұраған. Жаңылмасам, Сəулебек, Тұрсын, Несіпбек
секілді сен тұр, мен атайындарды ертіп, сау ете қалдық. Дəл қазаненың
қамырын саларда Астанадан келген досы Асанəлі Əшімов те сол үйдің
есігін қақпасы бар ма? Ағаш астауға сыймай келген қысқы сүрдің ең
шұрайлы жерлерін Ақаң қылпылдаған кездігімен өзі қиялап турап,
жемесімізге қоймады.
Астананың аш-жалаңаштарына да керегі сол. Сілтеп жатырмыз.
Асап жатырмыз. Ақаң одан əрі қолқалайды. Қысқасы ертеңіне Ақаң
түске таман телефон шалып:
– Əй, жалмауыздар-ай! Ең болмаса жылытып жейтін бірдеңе
қалдырмапсындар ғой! – деп қалжың айтты. Қандай жарастық
десеңізші!
Ақселеу Сейдімбек «Егемен Қазақстанның» əдебиет жəне өнер
бөлімін меңгеріп тұрғанда бір топ өнер адамы республиканың
мемлекеттік сыйлығына ұсынылды. Ақаң маған суретші Мағауия
Аманжоловтың шығарашылығы туралы очерк жазуды тапсырды.
Мағауияны
тауып
алып,
қазіргі
Əйтеке
би
көшесіндегі
шеберханасында екі-үш күн суретшімен сырластым. Бұл ғажайып
шеберге өзім де ынтық болып қалдым. Жазып əкелдім. Ақаң:
– Бір сөзін де өзгертпеймін. Тек атын ғана «Көк түс – көктемнің
белгісі» деп қояйын. Əй, ұл! Осы сенің теледидарда не ақың бар? Сенің
стихияң – жазу ғой. Бірыңғай жазуға көшсеңші. Теледидардағы еңбек
желге ұшып кететін еңбек қой, – деп кеңес берді. Очерк лезде жарық
көрді. Жұмбағы көп суретші Мағауияның тағдыры да жұмбаққа
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алыстан жəне жақыннан - 07
  • Parts
  • Алыстан жəне жақыннан - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2738
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    43.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 02
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2611
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 03
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2403
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 04
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2447
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 05
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2377
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 06
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2408
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    36.7 of words are in the 5000 most common words
    43.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 07
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2369
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 08
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2098
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 09
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2095
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    46.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 10
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2190
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 11
    Total number of words is 3828
    Total number of unique words is 2270
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 12
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2453
    27.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 13
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2420
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 14
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2357
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 15
    Total number of words is 3724
    Total number of unique words is 2536
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    33.2 of words are in the 5000 most common words
    39.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 16
    Total number of words is 3909
    Total number of unique words is 2501
    25.1 of words are in the 2000 most common words
    35.9 of words are in the 5000 most common words
    42.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 17
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2404
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    46.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 18
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2483
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 19
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2383
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 20
    Total number of words is 4116
    Total number of unique words is 2436
    28.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 21
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2493
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.