Latin Common Turkic

Алыстан жəне жақыннан - 15

Total number of words is 3724
Total number of unique words is 2536
22.9 of words are in the 2000 most common words
33.2 of words are in the 5000 most common words
39.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
өлеңдерім жинаққа кірді. Оған себепші болған филология
ғылымдарының докторы, профессор Нығмет Ғабдуллин деген кісі
бізге сабақ берді. Сол кісі соңымнан қуып жүріп, өлеңдерімді «Қазақ
əдебиетіне» суретіммен бастырып шығарып, кітапқа енгізіп, үлкен
өмірге, əдебиетке қадам басуыма үлкен көмек берді». Ол жас
ақындардың «Жас керуен» жинағы болатын. Сол «Жас керуеннен»
басталған Жүрсін ақынның өлеңдегі жолы бүгінге дейін жалғасып
келеді. Алғашқы жыр кітабы «Жанартау» деген атпен «Жазушы»
баспасынан жарық көрді.
«Жеңістің мəртебесін кім тілемес,
Тынбайды, тыншымайды бір күн егес.
Кеудемде күркіреген жанартаудың,
Із-түзсіз жоғалуы мүмкін емес», –
деп зор оптимистік дауыспен келген ақын жырлары қазақ
оқырманының жүрегіне ұя сала берді. Уақыт өткен сайын ақынның
талғампаз көңілі сонау бір жылдар түкпірінде жазылған балауса
жырларға оралғысы келмеуі де мүмкін. Бірақ бəрі де сол бір мөлдір
бұлақтай, сүттей таза жүректен туған сол өлеңдерден басталғанын
сезінесің. Жүрсіннің сол алғашқы қадамалысындағы «Бидайгүл»,
«Ұлытау көктемдері», «Тұңғыш», «Зергер», «Ақырғы арман туралы
аңыз», «Темірткен гүлі», «Орамал», «Бүлдірген тере барғанда», т.б.
өлеңдерінің əрқайсысы туған жер, өскен орта, тарих пен дəстүр,
махаббат пен сағыныш иірімдеріне тартып, туа біткен таланттың
қаламынан туған шұрайлы шығармалар екендігіне көз жеткізесің.
«Тарихтай сұсы қатты шежіре шал,
Ұлыңды уақыттың тезіне сал.
Елімнің кəдесіне жарамасам,
Сен мені шежіреңнен өшіре сал!», –
елім-жерім деп соққан ақын жүрегі өзі көрген өмір суреттерін жаңа
туындыларына өзек ете берді. «Арайлы күн, армысың» (1985 жыл)
атты екінші жыр кітабы Қазақстан Жазушылар одағы Мұқағали
Мақатаев атындағы сыйлығына лайық деп саналды. 1990 жылы
шыққан «Ұлытауға бардың ба?» атты жаңа кітабы да өлеңсүйер
қауымды елең еткізді.
«Бұлантының жоқ бұланы,
Құландының жоқ құланы.
Бүркіттінің биігінде
Қалқымайды көк қыраны»
немесе:
«Ауылдың алсам дерегін,
Кетеді шарлап ой алыс.
Қайқаңдап қоя беремін,
Арқама батып баялыш.
Табына оттың қақталып,
Албырап кешкен шақ қандай.
Жылуың бойда сақталып,
Қыздырып келе жатқандай.
Əкемнің көзі деп біліп,
Шешемнің өзі деп біліп.
Отырмын енді отыңа,
Көзімнің жасын кептіріп», –
(«Баялыш»).
секілді өлеңдері шын мəнінде бұрын қозғалмаған, бұрын
айтылмаған жаңа сөз, соны дауыс нəтижесі еді. Оның өзіне ғана тəн
«Жерұшық», «Байғазы», «Гольфстрим», «Соңғы алма», «Макулатура
туралы жыр», «Түс», «Бермуд ұштағанының үстінде» атты лирикалық
жырларында тақырыпты өзінше жырлауы, бұрынғы айтылмаған ойды
айтуға құштарлықтан туған риясыз сезім, Жүрсін ақынға ғана тəн
ұлттық бояу көзге ұрады. Осы кітабында-ақ ақын өзінің эпикалық
қарым-қабілетін де айқын байқата алды. Əсіресе, жазықсыз жапа
шеккен Сəкен Сейфуллин тағдыры туралы жазған «Ақын өлімі»
поэмасы соншалықты шынайы, əрі жүрек тебірентерлік иірім,
толқындармен тербейтін сəтті шығарма. Жалпы, Сəкен аға туралы
неғұрлым кең көлемде жазылған бұл шығарма өз бағасын осы уақытқа
дейін толық алмаған екен. Тек 1992 жылы жазған мақаласында кейінгі
буын інілерінің қадам алысын қадағалап жүретін үлкен жүректі, кең
пейілді Тұмағаң (Тұманбай Молдағалиев) ғана былай деп дəл əрі жылы
баға беріпті: «Дарынды, ақылды туған бір дарамыз Жүрсін бе деп
ойлаймын. Сəкен аға тағдырына арнап жазылған поэмасын қазақ
жырының соңғы табыстарына қосамын. Сүйсініп, сүйіп оқыдым бұл
дастанды. «Ақын өлімі» оқуға ауыр болғанымен, Жүрсіннің ақындық
тағдырын айқындап тұрған дүние. Өзіміз жақсы көрген ауыр
тағдырлы Сəкен ағаны тағы бір көргендей, оның ажалына араша бола
алмаған халықтың дəрменсіздігінен тағы бір дəріс алғандай болдық».
Шын мəнінде бұл поэма бір тыныспен жазылғандықтан болар, бір
деммен оқылады. Кешегі 37-нің ойранында опат болған, ел үшін, жер
үшін жазықсыз жапа шеккен көп-көп есіл ерлердің типтік бейнесі бар
бұл дастанда. Ахмет, Əлихан, Міржақып, Жүсіпбек, Мағжан, Ілияс,
Бейімбет бейнелері де көз алдыңнан өтіп, жанарға жас іркіледі.
«Жақсылықтан жауыздық не ғып күшті,
Жендет дүлей ашуын танытты ішкі.
Зілдей ауыр жұдырық Сейфуллиннің,
Аппақ күрек тістерін қағып түсті.
Əділеттен əбілет не ғып күшті,
Байлаулы ақын гүрс етіп талып түсті.
Керзі етіктің темірдей тепкісінен,
Сейфуллиннің бір көзі ағып түсті!» –
жүректі солқ еткізетін мұндай шумақтар поэманың тұтас
архитектоникасы мен негізгі сюжет тіні арасындағы байланысты
берік ұстап тұратын тіреу іспеттес. Оның əділетсіз Ауған соғысы
тақырыбына қалам тербеген «Мұң» балладасы да, қазақ-қалмақ
қырғынына қатысты «Тақбаланың діңі», сондай-ақ «Махаббаттың
алмасы» балладалары ақынның бұл жанрда да еркін қалам
тербейтіндігінің дəлелі бола алады. Мұнан кейін де əр жылдары жарық
көрген «Құдіретке жүгіну» (2005), «Құстың көлеңкесі» (2008), «Ырғай»
(2010) жыр кітаптарында да ақын Жүрсін Ерман үнемі ізденіс үстінде
екендігінің, жыл өткен сайын талғам, ұстанымының биіктеген үстіне
биіктей түскендігінің куəсі болып жүрміз.
Оған дəлел:
«Дегені қайда – басылды құйын?
Ақылым жетпей, ашиды миым:
Виноградов көшесіндегі
Қиратып жатыр Қасымның үйін.
...Шақыр да шұқыр шаққанда əйнегін,
Ажалдың сездім ақпандай лебін.
Біртіндеп сөгіп қабырғаларымды,
Кеудемді бұзып жатқандай менің!
...Жүйрігім еді жыр көшімдегі,
Бауырын жазып бір көсілмеді.
Қиратып жатыр Қасымның үйін,
...Біздің үй соның іргесінде еді».
(«Ақынның үйі»).
немесе:
«Қазағымның қақ жарып кең даласын,
«Терісаққан» аталып енді ағасың.
Бəлкім, барлық өзендер теріс ағып,
Оң ағатын жалғыз-ақ сен ғанасың».
(«Терісаққан»).
«Жексенбі. Түнгі он екі кезі,
Сəл тінте қарап мені екі көзі.
Таксидің ішінде бір ару отыр,
Бөлек жамалы. Бөлек мінезі.
...Ұмытар лезде азабыңды ішкі
Сұлулық, сенің ғажабың күшті.
Аққу мойынға жараса қалған,
Тарыдай меңге назарым түсті.
Атың кім? – деп ем, – Лариса, – деді,
Бетімді шарпып жалынша лебі.
Елеңдеп əлі күтумен жүрмін,
Телефон шалар деп сағынса мені...».
(«Түнгі такси»).
«Қай жерде, мейлі, қай елде
Əлемнің мəні – Əйелде.
Шын мықты болсаң оныңды
Əйелге барып дəлелде!
...Сырыңды соған ашасың,
Шөліңді содан басасың.
Адамның күні əйелмен,
Əйелдер мəңгі жасасын!» –
(«Əйелге ода»).
секілді ақынның кейінгі жылдары жазған жырлары. Бұл өлеңдер –
таптаурын ізден алшақ, ақынның тек өз сүрлеуін табуынан туған, қазақ
оқырманын ұзақ жылдар тербейтін, жарығы да жарқын болашаққа, түу
алыстарға жететін өміршең сөз. Біз мысалға алған шығармалардың
қай-қайсысы да қазақ поэзиясының антологиясына еркін қосылатын
ерекше жырлар.
Жүрсін ақын бір ғана ырғақпен, біркелкі бунақпен жазудан қашады.
Əр өлеңін жаңа бір сырлы əуезбен əрлеп, жаңаша нұрлы əуенмен
өрнектейді. Бұл – оның өлең техникасын еркін меңгерген, басты
ерекшеліктерінің бірі десек, қателеспейміз. Ол сонысымен де, қанша
қайыра оқысаң да жалықтырмайды, қайта жан-дүниеңді желпіндіріп,
көкірек-көзіңді сілкіндіріп отырады. Ақынның кейінгі жылдары
жазған «Ырғай жыры», «Мүйіз кесу», «Дилемма», «Құлжанбай
құмының жұртында», «Бас», т.б. көптеген жырлары жоғарыда айтқан
ойымызды бекіте түседі. Дау жоқ, Жүрсін Ерман 70-ші жылдары қазақ
поэзиясына келген толқынның ішіндегі өз қолтаңбасы, өз стилі
қалыптасқан, ешкімге ұқсамайтын өз үні бар, біртуар тегеурінді ақын.
Ақын сөзін жазған «Сыңарым», «Ұлыма», «Бақанас менің байтағым»,
«Ырғай», т.б. əндерді көпшіліктің сүйіп тыңдайтындығын да айта кету
лəзім.
Ж.Ерманның жұрт көзінен таса қалып жүрген тағы бір қыры – оның
сыншылығы. Сыншы болғанда да қара қылды қақ жарып айтатын əділ
сыншылығы. Сонау бір 80-ші жылдары ол жазған əдеби сын мақалалар
бірінен соң бірі жарық көргенде, тіпті алдыңғы буын ағаларының өзі,
алдымен, тосырқай қарап, сосын шын сын, ақиқат сөздің семсерін
сілтегені үшін ерекше сыйлап жүргендігін көзіміз көрген. 1983 жылы
«Жұлдыз» журналында жарияланған «Өлең сөздің обалы» сыни
мақаласында: «Жазба сөз бір өңкей əскер легі емес, қой-сиыры аралас
шұбаған көш те емес, теңіз толқыны да емес, жайнап тұрған бақша да
емес, өмірге түгел ортақ ойсезімді дəлірек те толығырақ бере алатын
тіл байлығы. Бұл байлықты қалай болса солай пайдалану болашақ
үшін үлкен қиянат», – деген сөз зергері Ғабит Мүсірепов ойын
түпқазық етіп алып, талантымен көрінген талай тарлан ақынның тілді
қолданудағы селкеуліктерін, өлең техникасын бұзған кемшін тұстарын
нақты дəлелдермен көрсетіп берді. Ол бұл мақаланы əдебиетке шын
жанашырлықпен жазды. Кейінгі жылдары мұндай тіліп айтатын,
дəлелмен сөйлейтін сынның ауылы алыс қалды. Сондағы тілге тиек
болған Жұматай Жақыпбаев, Кеңшілік Мырзабеков, Иранбек Оразбаев,
Дүйсенбек Қанатбаев, Исраил Сапарбаев, Есенбай Дүйсенбаев,
Несіпбек Айтов, Ұлықбек Есдəулетов сияқты кіл мықтылардың
өлеңдері еді. Ал «Түпнұсқа болсын, төреші» («Жұлдыз» журналы, №3,
1987 жыл) атты сын мақаласы сол тұста көркем аудармадағы ең
мықты саналып жүрген Қадыр Мырзалиевтің Сергей Есенин мен
Олжас Сүлейменов өлеңдерін орысшадан тəржімалаған тұтас
кітаптарына сарабдал да салиқалы баға берді. Сыншы Жүрсін
Ерманның бұл мақаладағы нақты тұжырымдары мен батыл
байламдары, əдеби білімдарлығы мен парасат пайымдары бас
шайқатпай қоймайды. Сол кездерде Жүрсін Ерманның мақаласы
жарық көрсе, оны зерделеп оқымаған қаламгер сирек болар.
Ж.Ерманның жұрт көзіне көбірек көрініп, көбірек бағаланған қыры –
оның журналистік жолы. О баста аудандық, облыстық газет, облыстық
теледидардан бастау алған сапары кейін Қазақ телевизиясының, əуелі
Жастар хабарлары бас редакциясында, кейін Əдеби-драмалық
хабарлар бас редакциясында жалғасты. «Қазақ əдебиеті» газетінде
бөлім меңгерушісі, «Қазақ мемлекеті», «Қазақстан қанаты»
газеттерінің бас редакторы, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі
болды. Қазақ теледидарының бас редакторы, бас директоры, Қазақ
радиосының бас директоры қызметтерін де атқарды.Осы
қызметтердің қай-қайсысында болса да ұлтына адал қызмет етті.
Теледидарда істеп жүрген жылдарында «Айтыс», «Халық
қазынасы», «Терме», «Жыр жазамын жүрегімнен», «Мүшайра»,
«Дидар», «Сахна», «Жылдар. Ойлар», т.б. телехабарлардың тұсауын
кесті. Өзі тікелей араласып, əр хабарға кімдерді шақыру керегіне дейін
белгілеп беріп отыратын. Осының ішіндегі өзі жүргізген, əлі де
тастамай келе жатқан жобасы, ол – «Айтыс» хабары. Жүрсіннің
шындыққа ешқандай қиянат жасамайтындығының талай куəсі
болдым. Ол алғашқы телеайтыс 1983 жылғы желтоқсан айында
түсірілгендігін,
телеайтыстың
идеясын
ұсынып,
оны
ұйымдастырғандардың бірі – ақын, тележурналист Темірше Сарыбаев,
екіншісі – драматург, тележурналист Əділбек Тауасаров екендігін
ылғи да айтып жүреді. Айтысқа өзінің 1984 жылдың ақпан айынан
бастап араласқанын тəптіштеп көрсетеді. Бұл оның ақиқатқа қиянат
жасамайтын азаматтық бейнесін аша түседі.
Ж.Ерман тележүргізуші ретінде төл өнеріміз айтысты биікке алып
шықты. Ертедегі классикалық ақындар айтысы бізге ауыз əдебиеті,
қолжазбалар, кітаптар арқылы жетті. Ал кеңестік кезеңде болған
айтыстардың ең ірісінің бірі – 1943 жылы сұрапыл соғыс жылдарында
Қарағандыда өткен айтыс. Оған ұлы қаламгер Ғабит Мүсірепов
мұрындық болған. Бұл кейін Алматыда жалғасқан кезде Жамбыл
ашып, Нұрпейіс, Шашубай, Кенен, Нартай, Доскей, Маясарлар сөз
сайысқа түскенде, ұлы Мұхтар Əуезов ұйымдастыру ісіне ерекше көңіл
бөлген. Ал осыдан кейінгі қазақ айтысының жанданып, жаңғырып,
түрленіп, бұрынғы дəстүрін сақтай отырып, жаңашылдықты бойына
сіңіруіне бір кісі еңбек сіңірсе – ол Жүрсін Ерман екенін айтатын күн
туды. Айтыс көрінген алғашқы жылдарда Манап Көкенов, Көкен
Шəкеев, Қалихан Алтынбаев, Тəңірберген Əміренов, Көпбай Омаров,
Тəушен Əбуовалар көгілдір экран төрінен орын алды. Олардың ізін
Əселхан Қалыбекова, Əсия Беркенова, Қонысбай Əбілов, Есенқұл
Жақыпбеков, Қатимолла Бердіғалиев, Шымболат Ділдебаев, Егеухан
Мұхамадиқызы, Мұхтар Құралов, Əбдікəрім Манапов, Шолпан
Қыдырниязова лайықты жалғастырды, дамытты. Мұнан соң шыққан
Шорабек Айдаров, Айтақын Бұлғақов, Əзімбек Жанқұлиев, Мелс
Қосымбаев, Мұхаметжан Тазабеков, Аманжол Əлтаев, Бекарыс
Шойбеков, Қуаныш Мақсұтов, Жадыра Құтжанова, Ақмарал Ілеубаева,
Əбілқайыр Сыздықов, Айнұр Тұрсынбаевалардан бастап Оразалы,
Балғынбек, Дəулеткерей, Айбек, Карима, Құралай, Сара, Ринат, Рүстем,
Серікзаттар түгел өздеріне Жүрсін Ерманды ұстаз санайды. Халық
Жүрсінді жүргізуші ретінде ғана көреді, ал оның сыртында қаншама
қыруар шаруалар атқарып тер төгетінін көпшілік біле бермейді. Өзінің
осыдан 20 жыл бұрынғы сұхбатында ақын былай депті: «Менің
жүргізушілігім – айсберг сияқты, айтысқа байланысты атқаратын сансалалы жұмысымның бір ұшығы ғана. Ақындарды іздеу, табу, таңдап
іріктеу, дайындап – баптау мен қонақ үй əзірлеу, қаржы табу, билет
іздеудің арасындағы толып жатқан бітпейтін шаруаны былай
қойғанда, теледидарға түсіретін творчестволық-техникалық топтарға
тікелей басшылық жасау да оңай емес. Оның үстіне түсірілген
материалды эфирге əзірлеу үшін теледидар технологиясы процесін де
бес саусақтай біліп, күнді түнге ұластырып, қажымай еңбек ету керек.
Ал жүргізушілікке келсек, халыққа ең керегі менің шешенсінгенім емес,
ең керегі – айтыстың өзі. Сол себепті, көбіне көрермендерге керекті
ақпаратты ғана жеткізіп, айтыстың тізгінін ғана ұстап отырғанды жөн
көремін». Бұл айтысты ұйымдастырудағы істердің бір парасы ғана. Ал
шынтуайтқа келсек, ата-бабамыздың ерекше қасиеті – ақындар
айтысын халық жадында қайта жаңғыртуға Жүрсіннің отыз жылға
жуық сіңірген жанқиярлық еңбегі өлшеусіз. Оны ел біледі, жұрт
таниды. Дала демократиясының жарқын көрінісі – айтысты жаңа
биікке алып шыққан ақын Жүрсін Ерман бүгінде алпыстың асқарына
шығып, елінің алақанындағы қайраткер қаламгерге айналды.
Ол – М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, С.Сейфуллиннің 100
жылдығына орай өткен мүшəйраның бас жүлдегері, Қазақстанның
еңбек сіңірген қайраткері, Ұлытау ауданының Құрметті азаматы.
Ғалымдардың зерттеуінше, Айсберг (Мұзтау) көлемінің 83-90
пайызы судың астында болады екен де, қалған азғантай бөлігі ғана су
бетінде көрініп тұрады екен. Істеген істерінің көбі көрінбей, аз да
болса саз мөлшері ғана халық көзіне түсетін Айсберг тұлғалы жандар
болады. Ақын Жүрсін Ерман да қазақ жыр-мұхитының Айсбергі болып
көрінеді маған.
Бауыржан ЖАҚЫП,
«Қазақ энциклопедиясы»
АҚ президенті, филология
ғылымдарының докторы, профессор.
ЖҮРСIН, СЕН КIМСIҢ?
Жүрсiн дос! Сен туралы есiлген жiбектей эссе жазғым кеп, қолыма
қалам алдым. Бiрақ кiдiрдiм. Мүдiрдiм. "Неге?" дейсiң ғой.
Замандасыңның, қаламдасыңның қадiр-қасиетiн тəспiдей тiзiп
тəптiштегенмен, бүкiл болмысың бiр мақалаға сия қоя ма? Сыймайдыау. Сен сегiз қырлы жiгiтке жатпайсың. Қырың көп. Сырың көп. Қай
қырыңнан келерiмдi бiлмей "тупикте" тұрған пойыздай жылжымай
қойғаным рас. Əйгiлi классик Марк Твеннен шəкiртi "Сiз қалай
жазасыз?" деп сұраса, ол ойланбастан "Жазудан оңай нəрсе жоқ.
Қолыңа қалам, қағазыңды аласың да, ойыңа не түссе, соны сүйкей
бересiң. Бiрақ сорақысы сол – сорғалаған ойды басыңа келтiру қиын"
деп əзiлдесе керек. Сен – тарау-тарау жолы бар талантты қаламгерсiң.
Менiң қиналғаным – тоғыз тарау, тоқсан орау жолыңның қайсысына
түсерiмдi бiлмей, iз кескен аңшыдай аңырдым.
Он бестегi жасым-ай, Жарда ойнаған лақтай. Жиырмадағы жасымай, Көлге бiткен құрақтай. Отыздағы жасым-ай, Таудан аққан бұлақтай.
Қырық деген жасыңыз Қырымдағыға көз салып, Байлаулы тұрған құр
аттай. Елу деген жасыңыз, Қайта көшкен ел екен. Алпыс деген
жасыңыз, Қоңыр салқын күн екен...
Бұл – жетi ғасыр жырлап өткен аузы дуалы ата-бабаларымыздың
артына қалдырған алқынды жырынан үзiндi. Ата сақалың аузыңа
түсiп, алпысқа келген сен де осы өлеңдегiдей өмiр сүрiп, баянды
ғұмырыңды бастан кешiрдiң. "Тоқта, ботам, атаң келедi артыңда"
(Мұқағали) дейтiндей, артыңа қарайлаған жеткiншектерге Ата болып
анадайдан көрiнесiң. Қызғалдақ, Дархан, Ардақтай алақанға салып,
аялап өсiрген ошақтың үш бұтындай ұрпағыңнан он бiр немере сүйiп
отырсың. Құдай қаласа, шөберенiң қолынан май жалайтын күн де таяу.
Ата болмағанда нең қалды, Жүрсiн-ау! "Неғұрлым ертерек iшсең,
соғұрлым ертерек мас боласың" деп жарықтық Шəкең, Шəмшi
Қалдаяқов ағамыздың кекеп айтқан кердерi сөзiне арқа сүйесек, сен
махаббатқа ертерек мас болған жiгiтсiң. Ажарына ақылы сай
Бақытжамал аруды шашын тарап үлгермей шаңырағыңа келiн қылып
түсiрдiң. Сен сонда неше жастасың? "Жарда ойнаған лақтай" он жетiде
едiң. Мектептiң "аттестатынан" бұрын Бақытжамалды алған жоқсың
ба? Мiне, махабббатқа мас болудың алғашқы нышаны. Бiрақ мен сенiң
үйлену тойыңа қатысып, ақ тiлегiмдi айта алмадым. Қалай айтам? Бiз
бiр-бiрiмiздi танымаймыз ғой. Сен – Ұлытаудың Қарақұмындасың, мен
– Қаратаудың күнгейiндегi Қызылқұмындамын.
"Ұлытауым, ұлығым, Ұлтым менiң, Ұран iлер басыңа бұлт iлмегiн.
Ұларыңды ойлама, ұлыңды ойла, Бауыры бүтiн бар дейсiң бұл күнде
кiм,
Ұлытауым, ұлығым, ұлтым менiң!, – деп кейiндеу жазған азаматтық
поэзияның iргетасын құйып жүрген кезiң. Алда-жалда отау құрған
ордалы тойыңның үстiнен шыға қалғанымда, кавказдықтар секiлдi сол
дəуiрдегi советтiк салт бойынша шолақ орысшаммен былайша "тост"
көтерер ем: "Ночь. Луна. Он. Она. Он сказал "Да!". Она сказала "Нет!".
Прошли года. Ночь. Луна. Он. Она... Она сказала "Да!". Он сказал "Да!".
Но возможности уже были не те. Поздно. Так выпьем же за
своевременность! Выпьем за своевременную любовь молодого поэта
Журсина Ерманова!"
Бiр қызығы, сенiң ұлың да, қызың да Ата жолын қуып, он жетi
жастарында отау құрды. "Азаматтың қосы оңбай, iсi оңбайды" дейдi
ғой. Қосың да оңып, iсiң де оңып, Алматыдағы КазПИ-дiң тiл-əдебиет
факультетiне кеп түстiң. Мен сол жылы (1968 ж) КазГУ-дiң
журналистика факультетiне қабылдандым. Елп еткенге елеңдеп
жүрген кезiмiз емес пе! КазПИ-де "Мен мамандықты не үшiн
таңдадым?" деген тақырыпта диспут, пiкiр-сайыс өтетiнiн естiп, бiраз
студент соған ағылдық. Ағынан жарылып, сан-салалы жастардың
арасынан саңылау тауып, мiнбеге көтерiлдiм де, қыңыр сөйледiм. "Мен
əкемнiң аты тасқа басылып, тарихта қалу үшiн журналист мамандығын
қаладым" дедiм. Сен сол сəтте мiнбеге атып шығып, менiң бытшытымды шығардың. Коммунизмнiң моральдық кодексi шеңберiнде
теориялық ой-пiкiрiңдi саралай келiп, "Осындай жiгiттердiң КазГУ-де
оқып жүргенiне таң қалам!" дедiң. Жұрт алдыңнан арқан керiп əрең
тоқтатты. Кейiн аңғардым, сөйтсем сен курсыңның "старостасы" яғни
қоңыраулы
қошқары
болып,
студенттер
пiкiр-сайысын
ұйымдастырған екенсiң. Мен сияқты "осалдардың" орнын толтыру
үшiн маған ерегiсiп, оқып жүрген оқуыңды тастадың да, келесi жылы
КазГУ-дiң журналистика факультетiне артымнан қуып кеп түстiң. Ал
содан не ұттың? Бiр курс кейiн бiтiрдiң. Оқуыңды тастағаныңа осы
күнге дейiн өкiнесiң. Бұдан төрт-бес жыл бұрын "Сенiң сөзiңе
жынданып, КазПИ-ден бекер кеттiм. Оны бiтiргенiмде осы күнi ғылым
докторы, профессор, академик атанып, бiр университеттiң ректоры
боп отыратын ем-ау!" – дедiң жастық шақты еске алып. Сол кезде
Елбасының пəрменiмен Қазақстандағы алты-жетi жоғарғы оқу
орындарының ректорларын бiрден босатқан болатын. Мен айттым:
– Ей, Жүрсiн дос, сен маған рахмет айт. Ректор болуын боларсың-ау...
Бiрақ сол орнынан алынған ректорлардың iшiнде сен де кететiн ең ғой.
Абыройың бар екен, атың шықпай аман қалдың. Қазiр кiмсiң?
Жүрсiнсiң! Ақындар университетiнiң ешқандай бұйрықсыз бекiтiлген
ректорысың. Сенi ешкiм орныңнан алып тастай алмайды! – дедiм
əзiлге жығып.
Күлдiң. Риясыз күлдiң. Мойындап күлдiң. Расында да айтыс арқылы
алты Алаштың аузына iлiнген ақын жiгiттерiмiздiң атын атап, түсiн
түстемегеннiң өзiнде, кешегi Сара мен Ұлбикенiң үрдiсiн жалғастырған
қаншама ақын қыздарымыз қауызын жарған гүлдей қаптап шықты.
Бағын ашқан кiм? Айтыс. "Босағада тұрғызбай, төрге ұмтылдырған"
(Қасым Аманжолов) ақындар айтысы. Олар кiмдер дейсiз ғой? Тəушен
Əбуова, Надежда Лушникова, Əсия Беркенова, Шолпан Қыдырниязова,
Əселхан Қалыбекова, Жамиға Қарасаева, Фапиза Мұштанова, Ханша
Райсова, Лена Əбдiқалықова, Əлфия Орманшина, Жадыра Құтжанова,
Айгүл Түсiпбекова, Алтынкүл Қасымбекова, Ақмарал Леубаева, Айнұр
Тұрсынбаева,
Карима
Оралова,
Құралай
Камалиева,
Анар
Жаппарқұлова, Əсем Ережеқызы, Сара Тоқтамысова, Жiбек Болтанова,
Назгүл Кəрiмова, Жаңылсын Тəуiшова, Қарлығаш Əубəкiрова, Айсəуле
Бейсенхан, Аякөз Серiкқазы, Жансая, Күмiсай, Салтанат... Көрдiң бе,
Жүрсiн, сен ақындар университетiнiң ғана емес, ақын қыздардың, яғни
"ЖенПИ"-дiң де ректорысың. Айта қойшы, айналайын, "екi оқу орнын"
бiрдей басқарып тұрған сенен басқа қай ректор бар?
"Жылы орнымнан жылжытты" деп, сен маған өкпелеме. Мақұл,
КазПИ-дi бiтiрсең, диссертация қорғарсың. Филология ғылымының
докторы боларсың! Одан елге не пайда? Орыстың бiр жас ғалымы 1964
жылы "Н.С.Хрущевтiң коммунизм құрудағы жетекшiлiк ролi" деген
тақырыпта кандидаттық диссертация жаза бастағанда, жарықтық
Никита Сергеевич күзге жетпей, орнынан босады. Тақтан тайды.
Бейбақ ғалым қатты қамығып, қайтадан тақырып iздеген. Сен де
тақырыптан тақырып iздеп жүрiп, доктор болмай кетуiң мүмкiн ғой.
Қазiр шүкiр, өзiң диссертацияның тақырыбына айналдың.
Бейнелi əңгiмеге бетiңдi бұр, Жүрсiн-ау. Мемлекеттi қалай басқаруға
болады? Бұл сауалға ежелгi Қытай данышпаны Конфуций үш
тұжырыммен жауап қайырған.
1. Мемлекетке жеткiлiктi азық-түлiк болсын. 2. Қару-жарақпен
қамтамасыз етiлсiн. 3. Халық өз патшасына сенетiн болсын.
– Егер осы үшеуiнiң бiреуiн қысқартуға тура келсе ше? – Онда қаружарақты шектеу керек. – Ал қалған екеуiнiң бiреуiн қысқартуға
мəжбүрлесе ше? – Ендеше азық-түлiктi алып тастаған жөн. Себебi асауқатсыз ашығып
иналғаныңмен, патшаға сенiм болмаса, ол ел мемлекет болып
көгертпейдi. Ақындар айтысы да айдарлы мемлекет сияқты. Неге?
1. Өзектi талдырмайтын өнер жанашырлары – Өмiрзақ Сəрсенов,
Амангелдi Ермегияев, Иманғали Тасмағамбетов, Серiк Үмбетов,
Мұхтар Құл-Мұхаммед, Нұртай Сабильянов, Дəулет Тұрлыханов секiлдi
демеушiлер айтыстың "азық-түлiгiн" қамтамасыз етiп жүр.
2. Айтыс ақындарының қаһарлы сөздерi қару-жарақтан кем бе?!
3. Ақындар айтысындай айдарлы мемлекеттiң айбарлы патшасы
кiм? Жүрсiн Ерман! Ең бастысы – елдiң сенiмi мен ықыласына иесiң.
Ұрпақтан ұрпаққа мұра боп жалғасып келе жатқан айтыс өнерiн
өркендету үшiн отқа да түстiң – жанбадың, суға да түстiң – батпадың.
Баяғының батырындай күн кештiң. Əу баста ақын ретiнде танытқан
поэзияңа да қайырылмай кеткен қайран күндерiң аз болған жоқ.
Бiр күнiңнен аумайды бiр күнiмiз, Жамалатын түрi жоқ
жыртығымыз. Саңырауға беретiн сəлемдей-ақ Кiмге дəрi осы өлең
шiркiнiңiз? – деп терiс бұрылғанда өзiңдi емес, əдебиетке əрiден
қараған оқырмандарға налыдың. Аз түскен жоқ шығармын отқа, сiрə,
Соғайын, болмас ендi соқпасыма. Мен саған қайтып келдiм, қалқам,
Муза,
Серiдей қайта оралған отбасына! – деп,
поэзия рухына басыңды идiң. Бүгiнгi заманда шөптi де, шөңгенi де
өлеңдетiп, том-том кiтап шығару машинаға мiнiп-түскендей оңай
шаруа. Абай атамның бүкiл өлеңiн жиғанда, бiр томнан аспайды.
Мұқағалидың күллi дүниесi де сол көлемде. Ақын Қуандық
Шаңғытбаевтың "Ар" деген алғашқы кiтабынан кейiн екiншi жинағы
27 жылдан кейiн жарық көрген. Өлең таппай қалғаннан ба? Жоқ!
Поэзияға құдiреттей жүгiнгеннен, сезiм тазалығынан. Ақын құрдасым
Серiк Ақсұңқарұлының бiрауыз пiкiрiне құлақ түрейiкшi. "Жүрсiннiң
өте талғампаз ақын екендiгi соншалық – осыдан үш жыл бұрын
"Таңдамалы 70 өлең" деген кiтап шығарды. Мысалы осы 70 өлеңдi мен
халтурщиктердiң 70 томына айырбастамас едiм".
Жүрсiн досым-ау, сенi Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
"Қазақстанның еңбегi сiңген қайраткерi" деп бағалады. Қазақстан
Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин
"Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың екi мəрте иегерi" деп
құрметпен қарады. Iрiлi-ұсақты атақ-даңқың мен атқа мiнген
абыройлы қызметтерiң бiр төбе. Осындайда еске түседi. Немiстiң ұлы
ақыны Гете бес рет министр, оның iшiнде екi мəрте Қорғаныс министрi
болған. Əйгiлi Сүлеймен Демирель алты рет Премьер-министрдiң
тағына отырып, ақыр соңында Түркия президентiнiң антын
қабылдаған. Димаш аға Қонаев бiр орынға екi рет келген. Сен ше?
"Қазақстан" телерадио корпорациясының құзырындағы Бас директор,
Бас редактор секiлдi уəзiрлiк жұмыстарға қанша рет келiп, қанша рет
кеттiң? "Қазақ радиосына" арнаған ақындық сезiмiңдi ақжарма
өлеңмен ақтарғаның да есiмде.
Сен ғарышта, аспанда, ауадасың... Дауысыңа дүние дауаласын.
Көктен үнiң құйылған күндiз-түнi, Көрiнбес Адам ата, Хауа-Анасың.
Қай толқынды эфирде бұрады иең, Сенсiз мылқау секiлдi, сiрə дүниең.
Ата-анамның даусындай аяулысың Ей, менiң қазақы ұлттық радиом!
Профессор, академик Тұрсынбек Кəкiшев "күнi бүгiнге дейiн
айтыстың отымен кiрiп, күлiмен шығып жүргенiңе" ризашылығын
бiлдiрiп, сенiң төзiмдiлiгiңнiң арқасында "ұлтымыздың ең бiр қызық та
өткiр өнерi өзiнiң шырқау биiгiне көтерiлiп келе жатқанына" қуанды.
Ұлттық Ғылым Академиясының академигi Серiк Қирабаев "Киiс
көрген керзi етiктiң шұлығындай тозып барам" секiлдi дүниелерiңе
назар аударып, "Ақын қайғысы – халық қайғысы", – дедi. Профессор,
академик Рымғали Нұрғали "Ескi өнердi қалпына келтiрген
реставратор, жаңа дəуiрге лайықталған реформатор екендiгiн бүгiн
айтпағанда қашан айтамыз?" десе, ақын ағамыз Сəкен Иманасов: "Əр
өлеңi қырық күн бабымен бауырына басып шығарған қыран
балапандай шымыр", – дедi. Темiрхан Медетбек "Тастақ жердегi
тұлпардың тұяғындай – нақ, сағаттың соғысындай – дəл" деп көрсеттi.
Тұманбай ағам бұдан жиырма жыл бұрын "Өтiрiк күрсiну, өтiрiк
мұңаю, өтiрiк шаттану, өтiрiк жылау – ақындық өнердiң қас жауы", –
дедi. "Дарынды, ақылды туған бiр дарамыз", – деп сенi меңзедi. Бiлген
ғой.
Оралдық шəкiртiң Бауыржан Халиолла сенi "қыпшақтың қайқы
қылышына" теңедi. Замандас досың Нұртiлеу Иманғалиұлы "Жүрсiн,
сен кiмсiң?! Бiлмегендер бiлсiн..." деп өлеңдеттi. Ақын iнiң Ұлықбек
Есдəулет секiлдi "достарың кейде көбейiп, кейде азайып" тұрды. Өмiр
ғой... Сəл-пəл шегiнiс жасайын. Елу жасқа толғаныңда мен де сен
туралы себезгiлеген жаңбырдай эпиграмма жазып, өз ойымды
өлеңмен жеткiзуге тырыстым. Сен 1945 жылдың сəуiр айындағы
Берлин секiлдi көрiндiң. Берлиндi жаулап алу үшiн Сталин соғыстың
қандай "тактикасын" қолданғанын бiлесiң ғой. Берлинге бержағынан
емес, аржағынан яғни ту сыртынан тұтқиылдан шабуыл жасаған. Мен
де сөйттiм. Құдай қосқан қосағың Бақытжамалға деген iшкi сезiмiң мен
иiрiмiңдi өз тiлiңмен өрнектедiм. Саған түрiк жұмбағын жасырайын:
"Бəрiмiзде бар! Менде де бар, сенде де бар, бiрақ əйелдер ғана
күйеуiнiкiн пайдалана алатын нəрсе не?" Ал тапқыш болсаң, тауып көр.
Бас қатырып қайтесiң, ойланбай-ақ қой, шешуiн өзiм айтайын. Бұл
жұмбақтың шешуi – "Фамилия". Бақытжамал сенiң фамилияңа дейiн
жаулап алған жоқ па? "Бабы күштi ақынның басына бақ боп қонған
бəйбiшесi Бақытжамал Ерманова туралы баллада немесе Жүрсiн
Ермановтың Жүрек сыры" деп аталатын салақұлаш өлеңiмнен үзiндi
келтiрейiн.
Айналайын ақ құсым, Балапандай баптадым. Басқа қонған
бақпысың, Аққуымдай аппағым!.. Гитарадай мүсiндi, Пернедегi əнiмсiң.
Жанбай тұрған iсiмдi Жандыратын жалынсың. Аспандағы айымсың,
Кейде сенi "Нұр!" десем... Бiрде – бишi қайыңсың, Бəйтерексiң – бiрде
сен. Ұйықтағанда – патшамсың, Оянғанда – уəзiрiм. Кассадағы –
ақшамсың, Картадағы – көзiрiм. Өлеңдегi – лиригiм, Айтыстағы –
ақыным. Алынбаған сыйлығым, Жарылмаған атомым. Бақшадағы –
өрiгiм, Жұпар иiсiн жұтамын. Ғасырдағы – қорығым, Менiң "Қызыл
кiтабым". Берекедей сезiнем, Беделiм мен бет-арым. Жұртбаевтай –
шежiрем, Омашевтай – деканым. Таптың қыз бен ұлды да,
Ғұмырымсың жалғасқан. Айтовтай сұңғыла, Майтановтай – марғасқам.
Саясатта – тiрегiм, Парламенттей сөзiмсiң. Кандидаттың бiрi едiң,
Депутатым – өзiңсiң. Шығарасың заңыңды Шыр-пыр болып ей, жаным.
Шығарады жанымды, Шырылдатып кей заңың. Шымырланып
ширықтым, Одан сайын ұштадың. Аюындай цирктiң Менi үйретiп
ұстадың. Кəмпит берiп, қамшылап "Алэ-оп!" деп билеттiң. Айналамыз
– аншлаг, Дос жиюды үйреттiң...
Мен бұл өлеңдi Тұрсын Жұртбай, Намазалы Омашұлы, Несiпбек
Айтұлы, Бақытжан Майтанов секiлдi майталман курстастарыңның
мерейiн өсiре отырып, ердiң жасы елуге толғаныңда жазған едiм. Қазiр
ойласам, бiр жерден қате кетiппiн. "Қай тұстан?" дейсiз бе? "Жүрсiн
парктегi аю секiлдi. "Алэ-оп!" десең айтқаныңа көнiп, билейдi" деген өз
пiкiрiме өзiм қарсы шығам. Сiрə, көпшiк қойып көсiлте салғанмын ғой.
Жақында сенiң мерейтойыңа байланысты "Алаш айнасы" газетiне
берген сұхбатымда ағымнан жарылдым. Сол пiкiрiм мынау: "Егер
əдебиеттi циркке теңесең, ондағы барлық хайуанаттар адамның
айтқанына көнедi, айдағанына жүредi. Бүкiл жан-жануардың iшiнде
тек қасқыр ғана циркке бағынбайды екен. Менiң досым Жүрсiн
Ерманов əдебиеттегi қасқыр сияқты. Оны үйрете алмайсың, таяқтың
үстiнен секiрте алмайсың. Ол – өзiндiк мiнезi, өзiндiк қаны бар
қаламгер".
Осы пiкiрiм – пiкiр. Ендi айнымаймын.
Жүрсiн дос!
Сен iскерсiң. Мектепте оқып жүргенiмiзде "Жоқтан бар болмайды,
бар нəрсе жоғалып кетпейдi" деген қағиданы құлағымызға құйып өстiк
қой. Сен осы қағиданы жоққа шығарған жiгiтсiң. Қалай? Сен – жоқ
нəрсенi жонып, бар жасайтын қабiлеттi қаламгерсiң. Сол қасиетiң
туралы мынандай пародия жазғам: "Кəнiгi кəсiпкер, əйгiлi меценат
Өмiрзақ Сəрсенов демеушiлер жөнiнде күй шығарған өнерпаздарға
бəйге жарияласа, қай өнерпаз қайтер едi? Бəлкiм, қоңыр домбырасын
қолына ұстап Қоразбайдың Алтынбегi елден бұрын жетер ме едi?
Алда-жалда қара көрсетсе:
– Өмеке, өзiңiзге мəлiм, алты Алаштың аузында жүрген "Үшқоңыр",
"Сарыарқа" деген əндерiмнiң сөзiн жазған Елбасының өзi! – дейдi
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алыстан жəне жақыннан - 16
  • Parts
  • Алыстан жəне жақыннан - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2738
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    43.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 02
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2611
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 03
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2403
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 04
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2447
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 05
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2377
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 06
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2408
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    36.7 of words are in the 5000 most common words
    43.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 07
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2369
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 08
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2098
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 09
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2095
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    46.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 10
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2190
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 11
    Total number of words is 3828
    Total number of unique words is 2270
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 12
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2453
    27.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 13
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2420
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 14
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2357
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 15
    Total number of words is 3724
    Total number of unique words is 2536
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    33.2 of words are in the 5000 most common words
    39.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 16
    Total number of words is 3909
    Total number of unique words is 2501
    25.1 of words are in the 2000 most common words
    35.9 of words are in the 5000 most common words
    42.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 17
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2404
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    46.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 18
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2483
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 19
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2383
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 20
    Total number of words is 4116
    Total number of unique words is 2436
    28.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 21
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2493
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.