Latin Common Turkic

Алыстан жəне жақыннан - 05

Total number of words is 3862
Total number of unique words is 2377
30.6 of words are in the 2000 most common words
43.7 of words are in the 5000 most common words
50.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
кеткен обком хатшысына қарасаң, өзің де жылағың келеді. Арқаның
төсіне тарих өзі орнатып қойған ескерткіштерді қалпына келтіретін
жалғыз шеберхананың қайда екенін білмеу деген не сұмдық?! Мəдени
жəдігерге деген көзқарасың мынау болса, облыстың идеология
жұмысы су түбіне кеткен екен ғой. Əй, сенің өзің...
Өлдік дегенде Қожамсейітов те келіп жетті - ау...
Жолға шықтық. Шұбаған шенеуніктерді Ұлытаудың күре жолына
салып жіберіп, өзі ауаткомның «Уазигіне» ауысып мініп, қасына мені
алды да Жездінің іргесіндегі «Аяққамыр» кешеніне бұрылды. Тоғыз
ғасыр құламай тұрған кесененің тарихын біраз сөз етті. Осындай
ескерткіштерді қалпына келтіретін шеберхананың есігінен бас
сұкпаған шенеуніктерге неге ренжігенін айтып, аса қатқыл сөздерінің
соңын жуып- шайғандай рай танытты.
«Аяққамырдан» өзен жағалап барып, талдың арасымен арғы бетке
өтіп күре жолға төтелей қосылатын ескі сүрлеу бар екен. Өзеннен өте
бергенде екі аяқты мотоциклге бала мінгестірген біреу көлденеңдей
берді.
– Ойбай - ау, менің қайнағам ғой, – деп еріксіз дауыстап жіберіппін.
– Келіннің ағасы ма? – деп сұрады Өзекең.
– Иə, жалғыз ағасы Қабден ғой.
– Ендеше, тоқтайық. Амандас.
Қабекең бір тайыншасын жоғалтып, соны тал мен шидің арасын
қағып іздеп жүр екен. Өзекеңмен таныстырып тұрсам, жоғалған
тайыншасының ен - таңбасын, түсін айтып, Алматыдан келген
кісілерден :
– Анау зираттың көлеңкесінен көздеріңе түспеді ме? – деп шаруасын
түгендейді.
Былай шыққан соң Өзекең:
– Əлгі қазақ шынымен сенің туған қайнағаң ба?– деп сұрады.
– Туған болғанда, бары да, нары да осы!
– Онда неге үйге жүр, шай ішіп кет деп шалғайымызға оралмайды?
–Үзеке-ау, ЦК-ның хатшысы түгіл, ауданның хатшысын да түстеп
танымайтын Қабекең сізді қалай үйіне шақырсын. Ол түгілі, Əшімбаев
екеуіміздің сізді шақыруға шамамыз келмей жүр. Одан да, машинаның
алдында отырсыз ғой, əлгі тайыншасы түскірді қарай отырыңыз. Оң
құлағында ойық таңбасы бар деген жоқ па. Үрпісінде пішпеден қалған
ақ қылшық бар дейді.
– Жоғалшы əрі! – деді Өзекең зілсіз.
Шұбырған шенеуніктерге қайта қосылып, Кенесары қарауылының
тұсында сусын ішкен соң, Ұлытаудан əрі асып кеттік. Арғанаты
тауларына сұғына бере, жер ауырлады. Сай сала, ойпаңның бəрі – саз.
Саздың бəрі – бауырмал. Жібергісі жоқ. Сондай бір иірілген тұста
Өзекең шұғыл шешім қабылдап, шенеуніктің бəрі осы жерде тосатын
болды. Ауаткомның уазигімен Өзекең, мен, кинооператор жəне
ауданның орынбасар бастығы төртеуіміз «Сырғанақтасқа» жүріп
кеттік. Езілген ескі жолмен ұзақ ырғаңдадық. Шөлдедік. Машинаның
Өзекең отырған алдыңғы орындығының арқалығында біраз
шампанның басы ағараңдап, мені алаңдата береді. Орынбасардың
аяғының астындағы қағаз қорапта да бірдеңе бар секілді,
– Өзеке, «Сырғанақтасқа» сау жетеміз десек, аялдап алайық. Таңдай
жібітіп алмасақ, шөл қинайтын түрі бар, – деймін екіұштылау
ұсынысымды желке тұсынан қылтитып.
– Тыныш отыр. Бəрібір тостаған жоқ.
Сыйпалақтап іздесек, шынында бұл көліктің ішінде адал ыдыс жоқ
екен. Соның бəрін бұл кісі қайдан біледі?
Енді өлдік-ау дегенде «Сырғанақтасқа» да жеттік. Қырдың басынан
біреу құйрығымен төмен сырғанағандай, соның ізі тасқа айналған.
Жалтырап жатыр. Балбал тастың біреуі ғана қалыпты.
– Мен Торғайда жүргенде осы балбалдар көп еді, – дейді Өзекең.
Əркім тасып кеткен ғой. Өз тарихымызды өзіміз тонап жатырмыз.
Мəдениеттегі дүмшелер – ең қатерлі жау.
Күйінген, ызаланған Өзбекəлі ағаның шарасыз қалпы əлі күнге көз
алдымда. Қазақстан мəдениетін басқарған азаматтардың арасында
Темірбек Жүргенов пен Ілияс Омаровтың даңқы мен дақпырты
басылмай келе жатыр. Олардан кейін алашқа атағы жайылып, ұлттық
деңгейдегі көсемге айналған тұлға осы Өзбекəлі Жəнібеков қана.
Əйтпесе, мəдениет министрінің орынтағына отырған қай қазақ
қауымның есінде қалып жатыр. Келеді-кетеді. Тындырғаны шамалы.
Ұлттық масштабта мазаланып, халық тағдырының қамын жеп, ой
кешпесе, осы бір сықырлаған ескі машинамен саз кеше отырып, сай
жағалап Арғанатыға келіп, ашық аспан астындағы музей жасау туралы
қиялын бізге баяндар ма еді. Қайран асыл ағаның қанша аяулы арманы
өзімен бірге өшіп кетті! Хатшының да шарасы шектеулі екенін
көзімізбен көрдік.
«Сырғанақтастан» кештетіп кері оралсақ, сайда иіріліп қалған
шенеуніктер бір жотаға шығып алыпты. Өздерін əбден маса талап
тастапты. Бұлардың қоржынында дəм жағы мен тостаған жағы мол
екен де, күллі сұйық біздің көлікте кеткен көрінеді. Көрген күндері күн
емес.
Осыны тез аңғарған Өзекең:
– Ей, поэт, манағы сусындарды əкел, – деді маған. – Бұлардың
тостағандары қаңсып қалыпты ғой.
Жусан исі бұрқыраған қырдың басында жұлдызды шарапты
шалқалап тартатын кезде менің Сағындық ағамнан ши шықты:
– Өзеке, менің денсаулығым нашар. Бұған əуестігім жоқ еді, – деп
безек қақты.
– Денсаулығың нашар болса, қызметтен өз еркіңмен сұранып кету
керек, –Өзағаң бір-ақ кесті. Əзілі ме, шыны ма – белгісіз. Облатком
төрағасының орынбасары қызметіне енді ғана ілінген Сағындық ағай
бір тостақ коньякты қиналып əрең ішті. Қожамсейітовке тағы
құйыңдар, – деді Өзекең. Денсаулығы жаман емес көрінеді!
Сəкеңнің түрі бұзылып кетті. Өмірі ащы татпаған адамға екінші
тостақ азаптың ең ауыры болып көрінсе керек. Орталық комитеттің
хатшысы бұйырып тұрған соң, ішпей көр! Денсаулығың жарамаса –
қызметті босат деп тұрғаны анау...
– Өзеке, бұл менің ұстазым еді. Осы жолғы сыбағасын мен-ақ тартып
жіберейінші,– деп киліге кеттім.
– Əй, сенің шөлің əлі қанған жоқ па! Іш ендеше ағаңның ішірткісін,–
деп Өзекең жұмсақ жымиды.
Туған жерімнің төсінде, Өзағаңның рұқсатын алып тұрған соң,
танымайтын ас емес, тайынатын не бар...
Ұлытауға таянғанда бір жол оңға айырылады да, Амангелді
кеңшарының орталығы Сарлық ауылына алып келеді. Бұл – Баубек
Бұлқышевтың, Камал Смайыловтың атамекені. Сол ауылдағы
рабкооптың бастығы – менің жалғыз бажам Қази Айтжанов.
Жайшылықта менің келген-кеткенімді мерекеге айналдыратын
Қазекең, хатшыны ертіп, үйіне түсе қалсам, түйе соятын шығар.
– Сол ауылға қонайық, - деймін Өзекеңе.
– Бажаң бізді күте ала ма?
– Күткенде қандай, Өзеке! Шаруасы бақуат, көңілі дархан адамдар.
Бұл пəтуəні естіп тұрған обком хатшысы Сырым Сапарғалиев өзге
шенеуніктерді ертіп облыс орталығына қайта беруге рұқсат сұрады.
Ертең облыстық партия конференциясы. Қазақша айтқанда, сайлау!
Өзекең Сырымды босатты. Жүйткіген машиналар жолдың айрығына
да келіп қалдық. Батар күннің астында екі «Уаз» тұр. Тани кеттім.
Амангелді кеңшарының екі бастығы. Директоры – Жақыпбек,
парткомы – Жақия. Капоттың үстіне жайылған газеттің ңстінен
қойдың басы мен бірер жілігі көзге шалынады. Хатшыға жол үстінде
дəм татқызып жібермекші ғой.
– Сендер мына газет дастархандарыңды жинаңдар, – деймін ескі
таныстарыма. Өзекең ауылға бұрылатын болды.
– Ойбай, біз осы жерден күтеміз деп келісіп едік. Ауылда дайындық
жоқ.
– Біз сендердің үйлеріңе түспейміз. Рабкооптың төрінде шалқиып
жатамыз, – дейді əңгіме ауанын тез аңғарған Өзекең маған белгі беріп.
– Ол кісі үйінде жоқ шығар, – деп Жақыпбек бауырым безек қағады.
Сөз соңы сұйылған соң, «Уаздың» капотын қоршауға алдық.
Құдайдың өзі үлкен хатшыны айдап алып келіп тұрғанда, ауылға
жоламай, айдаладан аттандырғалы тұрған екі бауырымды атып
тастайын десем – оқ жоқ!
– Мына қойды ет комбинатынан алып келгенсіндер ме? – деймін
ызаланып.
– Ет комбинатың не? Өзіміз қолдан арнайы сойған мал. Өзекең дəм
ауыз тиіп кетсін деп. Мынау – жамбасы...
– Қолдан сойсаңдар, мүшесі түгел болмай ма? Өзекең қойдың ішекқарнын ұнатып жейтін еді. Сирағы қайда?
Өзекеңнің нені ұнатып жейтінін мен қайдан білуші едім. Əйтеуір,
ойдан шықпаған ауыл басшыларын мұқатып кеткім келіп, айтқан
əңгімем ғой.
– Қымыз да əкелмепсіңдер ғой. Тостағандарың да жоқ...
Ауылдың екі басшысы жердің жарығы болса кіріп кетуге əзір
сияқты. Бірақ Өзбекəлі Жəнібековті Сарлыққа қарай қия бастырар
емес. Ауылдың шекарасын жанқиярлықпен қорғап бақты. Күн де
ұясына қона бергенде біз Ұлытауға қарай жүріп кеттік.
– Жаңағы екеуін өлтірдің ғой, – деді Өзекең мəз болып күліп. Дəл
осылай риясыз күлгенін тұңғыш рет көргенім еді.
– Ет комбинатынан мал əкелдіңдер ме деген дауды қайдан таптың?
Ертесіне Өзекең облыстық партия конференциясына қатыспақшы
болды да, біз Алматыға аттанып кеттік.
Түп-түзу жолдар, сықиған сапарлар есте қалмайды.
ұмытпайтыны -оқыс оқиғалар, қиғаш айтылған сөздер.
Кісінің
Өзбекəлі Жəнібеков Жоғарғы Кеңестің депутаттығына Батыс
Қазақстан облысынан кандидат болып ұсынылып, сайлаушылармен
кездесуге барды. Мені де ерте жүрді. Мəдениет министрі Ахметова, Оқу
министрі Шаяхметов, денсаулық министрі Ізмұхамбетов бірге барды.
Жолға шықпас бњрын, əдеттегідей, Жəнібековтің жеке «дəрісін»
тыңдап, əжептəуір əзірліктен өткем. Əсіресе, Орда, Сайқын туралы
деректерім мол. Барамын да, киноға түсіре беремін...
Оралдан тікұшақпен ұшып шығып, күн бата Ордаға келіп қондық.
Қарсы алушылар қонақтарды бөліп əкетіп жатыр.
– Сіз жəне сіздің адамдар біздің үйге бөлінгенсіздер, – деді біреу
жеңімнен жұлқып. Ауылдық кеңестің төрағасы екен. Мені қасымдағы
екі орысыммен бірге əй-шайға қаратпай ала жөнелді, Ауласы əжептəуір
бір қазақы үйге алып келді. Осыдан кейін əлгі төрағаны көргеніміз жоқ.
Ақиқатты айтар болсақ, арада он бес жыл өтсе де, əлі күнге көрген
емеспін. Бізді əкеліп үйіне түсірді де, жоғалды. Аман болса, жарар еді...
Үйде шал бар екен, келін бар екен. Кемпір Орынборға ма, Саратовқа
ма, əйтеуір Ресейдің бір қаласына сауда мəселесімен сапарлап кетіпті.
Жерге жайылған жүдеу дастарханнан шай іштік. Ет алдымызға
келгенде, қасымдағы екі əріптесімнен қысылып, қорланып қалдым:
қыстан қалған сиырдың қақпыш етінен жайсыз иіс шыгып тұр екен.
Келін мойнынан қысып ұстап əкелген қисық арақ та жексұрын болып
көрінді... Таңертең аулаға шықсақ, шал мал жайлап жүр екен.
– Биыл қыс жайлы болды, малымыз күйлі шықты, – деп қой
қорасына ертіп апарды. Шынында да, құйрығы теңкиген біраз қойдың
шаруасы бізден тəуір ме дедім.
Жəнібеков орналасқан қонақүйді тез тауып алдым. Министрлер есік
алдында қыдырыстап жүр екен. Ішке кірсем, Өзекең ұзын үстелдің
басында кеспе ішіп отыр.
– Хал қалай? - деп аңтарыла қарады.
– Хал нашар.
– Не болды?
– Бұл ауыл хатшысын сыйлағанмен, атшысын сыйламайды екен...
– Əй, өзің далаға түнегеннен саумысың? Кел, отырып кеспе ішші.
Кеспені ішіп болғанша, кешеден көрген жайларды баян еттім.
Хабарсыз
кеткен төраға, қақпыш ет, құйрығы төңкерілген семіз қойлар...
Өзекең ауданның бірінші хатшысы Бірманов дегенді шақырып
алып, сыбағасын мол ғып беріп жіберді. Тысқа шықсақ, күн
дауылдатып тұр екен. Кинооператорды ертіп алып, Ордадағы тарихи
ескерткіштерді түсіруге өзі кірісіп кетті. Хатшы емес, режиссер тəрізді.
– Былай түсір! – деп бұйырады. Отырады, қисаяды, жүрелейді.
Жақындап, бірдеңе демекші болған мəдениет министрін қаңғытып
жіберді. Маңына кісі жуып болар емес, Кешеден бері хатшыға еркін
сейлеп, қалжың айтып жүрген Шайсұлтан Шаяхметов те шай ішуге
кетті. Бір пəленің менен шыққанын сезді ме, облатком төрағасы
Владимир Гартман қасыма келіп:
– Бұл кісі неге ашуланып жүр? – деп қазақша сауал берді.
– Оны ана Бірманов деген хатшыңыз біледі! – деп мен де теріс
айналдым.
Тарихқа тұнып тұрған Ордада Өзбекəлі Жəнібековтың тікелей
басшылығымен
түсірілген осы телехабар «Қазақстан» телеарнасының қорында əлі
күнге сақтаулы болса керек...
Оралға қайтып келген соң, обкомның бірінші хатшысы Нəжімеден
Есқалиев берген үлкен қонағасыда да қабағы ашылмады.
– Əй, поэт, алдың ба? – дейтін бір ауыз сөзіне зар болдық. «Жайсыз
үйде қонғанымызды неменесіне айта қойдым екен» деп əлі күнге дейін
өкінемін. Болар іс болды...
Өзекеңді соңғы рет Əуезов театрының сахнасында көрдім.
Мырзатай аға Жолдасбековтың 60 жылдығында сөз сөйледі. Таяққа
сүйеніп, ентігіп, əрең тұр еді. Ер арыса – аруақ. Сырқаттың əбден
жеңген шағы екен. Үзеңгілес інісіне пейілін білдіруге барған ағаның
жүдеу кейпін көріп, өткен-кеткен ойға түсіп, мен де мүжіліп қалдым.
– Тбилисидің «Динамосы»?
– Месхи, Метревели, Чохели...
– ҚЛКЖО-ның бірінші секретары?
– Өзбекəлі Жəнібеков!..
Қамшының сабындай қысқа ғұмыр таусыншақ күнге келіп қалған
екен-ау.
Биылғы көктемге салым Түркістаннан
Бердібаев ағамыз телефон шалды:
академик
Рахманқұл
– Бұл анық сенсің бе? Сені телефонмен іздегеніме бір жұма болды.
Ұстатпайсың. Осы сен Өзбекəлі ағаңды ұмыттың ба?
– Неге ұмытайын? Былтыр Арыстанбабқа арнайы барып, басына тəу
етіп, Өзекеңе құран бағыштадым. Өзекеңді ұмытсақ, кім болғанымыз?
– Бəсе, сен ұмытпасаң керек еді. Сені тəуір көруші еді ғой. Жұмыс
бабында ұрысса, көңіліңе алып жүрме. Биыл Өзбекəлінің туғанына 75
жыл толады. Басқасын былай қойғанда, айтыстың аяғынан тұрып
кетуіне де аз үлес қосқан жоқ қой. Сол ағаңа арнап бір айтыс өткіз,
қарағым!
– Демеуші болатын кім бар?
– Демеушіні өзің тап. Бізден қуат кетті. Өз қолың өз аузыңа жетті
ғой. Өзбекəліні ұмытпа! Ұмытылатын кісі емес қой...
Телефон дың-дың, дың-дың деп тұр екен. Менің басым да дың-дың.
Өзім демеушілікке тартып, əбден мазасын алып бітірген Амангелді
Ермегияев пен Өмірзақ Сəрсеновтың алдына барып тағы бір рет
жүгінуге тура келеді.
Өзбекəлі Жəнібеков ұмытылатын кісі емес қой!
САҒАТ ƏШІМБАЕВ
Күнделік жазбайтын қазақы салақтығымызға қанша өкінсек те, сол
күннен бастап орынын толтыра беруге болатын осы олқылықты əрі
қарай тағы жалғастыра береміз. Оны айтып отырған себебім, кеше
озіміз қатар жүрген Сағат туралы осы естелікті осыдан бес-алты жыл
бұрын жазып тастамақшы болып, ойымда пісіріп, енді қолға қалам
алуға əне кірісем, міне кірісем деп жүргенде, күнделікті күйбеңнің
бітпейтін бір шаруалары кимелеп, кешіге бердім. Бүгін есімдегілерді
қағазға түсірейін десем, содан бері де біраз жəйттердің жадымда
көмескілене бастағанын сезіп, тағы да өзімді өзім жазғырып отырған
жағдайым бар.
Енді тіпті арыдан бастауға тура келеді.
Бүгін бастан өткен бір оқиғаның кейін басқа бір оқиғаға себеп
болатынын байқамай қаламыз.
1986-ші жылы Жапонияға туристік мақсатпен сапарлап қайтатын
жолдама қолыма тиді. Кеңес өкіметінің кезінде бұл бір сирек сəті
түсетін шаруа еді. Жеме-жемге келгенде кежегем кейін тартып, сонау
қиыр шығысқа барғым келмей қалды. Сол кезде денсаулығымның сыр
беріп жүргені де себеп болса керек. Екінің бірінің қолына түсе
бермейтін сирек жолдаманы бірінші қолқа салған кісіге – профессор
Асқар Тоқпановқа бере салдым.
Жапонияға жолым түспегені мектепте оқитын үш балама батыпты.
Олардың сыныптастарының бірінің əкесі ана шетелге, бірінің əкесі
мына шетелге барып келген. Олар əңгіме тиегін ағытқанда, ауылдан
Алматыға енді келген менің балаларым, айтарға əңгіме таппай,
қамығып қалады екен. Бұл да – қорлық. Шетелге шығаратын келесі
жолдаманы ойланбастан аламын деп жүргенде, маған Кубаға барып
қайтуға ұсыныс жасады. Жапонияны жырақсынып жүргенде. Кубаға
тап болдым. Балаларымның көңілін қимай, мұхиттың арғы жағына,
бостандық аралына аттанып кете бардым. Бұл – 1986 жылдың 16желтоқсаны болатын.
Келер жылдың 3-қаңтар күні Алматыға қайтып келсем, елімізде
талай оқиғалар болып үлгеріпті. Алаңдағы ереуілдің белортасында
жүрген үлкен балам түгілі, желтоқсан көтерілісінің хабарын жиырма
күн кешігіп естіген мені де ұлтшылдардың тізіміне қосып, тергеуге
алды. Өзімнен ештеңе шықпайтынын сезген соң менен Сағат Əшімбаев
туралы «компромат» алуға тырысты. «С.Əшімбаевтың осылай деуі
мүмкін бе, осылай істеуі мүмкін бе?» деген қияли сұрақтарын қадап
сұрайды. Желтоқсан көтерілісінің эпицентріндегі кеңсеміздің
терезесінен бүкіл айуандықты көзімен көірп отырған қазақтың арманаңсары десе басын бəйгеге ойланбай тігетін Сағат Əшімбаевтан
шынында бəрін күтуге болатын еді. Ол ұлттың мүддесі үшін отқа түсіп
кетуден тайынбайтын бір пəруана көбелек еді ғой. (Осы жерде өзім
үнемі таңқалатын ына бір жайды айта кеткім келеді. Желтоқсан
көтерілісі кезінде көзге түсіп қалып, жаза тартқан кейбір
қандастарымыз жайшылықта желтоқсанның батырымыз кеудесін
соғады да, іле-шала жазықсыз жапа шегіп едім деп, ақталғысы келіп,
ізденіп жүреді. Қисын қайда? Екінің бірі емес пе?!). Қазақстың
қарадомалақ балаларының итке таланғанын көзімен көрген Сағат
Əшімбаев бұғып қалмайтын ерлердің сойынан еді ғой!
Біз студент болған 1968-1972 жылдары Алматының жоғары оқу
орындарында, əсіресе, КазПИ мен КазГУ-дің мехматында əдеби
басқосулар жиі өтетін де, сондай жиындарда суырылып шығып өлең
оқитын Кеңшілік, Жарасқандармен жағаласып мінбеге көтеріліп,
алқынып сөйлеп тұратын студент Сағат мен қатарлылардың көбінің
есінде қалған болуы керек. Екпіндеп, ексімдеп сөйлейтін. Уысында
умаждалып тұратын қара кепеші де жадымда. 1982 жылы Алматы
жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін үздік бітіріп, жыл
соңында Қазақ теледидарының Жастар хабарлары бас редакциясына
бас редактор болып келдім. Жастарға арналған «Жүректен қозғайық»
деген жаңа телехабарды басқаруға лайықты ойы ұшқыр, тілі шешен
жүргізуші іздей бастағанда, менің есіме баяғы екпіндеп сөйлейтін
Сағат орала кетті. Іздестірсек, авторлық қоғамды (ВААП) басқарып
отыр екен. Қазіргі «Хабар» агенттігі орналасқан, салпыншақты
ғимараттың ең үстіңгі қабатының оң жақ бұрышындағы шеткі
кабинетте Сағатпен бірге «Жүректен қозғайықтың» неше түрлі
жобасын талқылап, талай кешті бірге өткіздік. Ақылдасуға да, кейін
хабарды өткізуге де Лұқпан Сыдықов, Əбдімəлік Нысанбаев, Бақтажар
Мекішев, Күлəш Ақжолтаева секілді біраз ойлы азаматтар белсене
қатысты. Ауылшаруашылығы жэне зооветинститутта өткен сол
жастар хабары өз кезінде елге кеңінен танымал болды. Ұлт мүддесі,
қазақ жастарының мұрат-мақсаты туралы озық ойлар, батыл
пайымдаулар ортаға түсті. Соның бəріне қозғау салатын тележүргізуші
Сағат Əшімбаев та лезде танымал болып шыға келді.
Телерадиокомитет төрағасының орынбасарының босаған орынына
кім келеді деп бал ашып жүргенімізде, аяқ астынан, ешкім ойламаған
жерден Сағат Əшімбаев сол қызметке келе қалды. Жоғарыдағы
көсемдер Сағатты əкеліп ұжымға таныстырып, орындығына
отырғызып кеткен соң, түстен кейін жаңа бастығымыз менің
кабинетіме кіріп келді. Мен əдеби-драмалық хабарлар Бас
редакциясын басқарушы едім. Оңашада қуанышымызды бөлісіп болған
соң:
– Менің осы жоғары қызметке келуіме тележүргізушілігім сылтау
болды. Ал тележүргізуші болуыма себеп болған сенсің. Енді тізе қосып,
бірге жұмыс істейік. Өзің білесің, мен теледидардың ішкі
құпияларынан бейхабар адаммын. Жұмысты неден бастауым керек? –
деп Сəкең сұрақты төтесінен қойды.
Ол жылдары Қазақ теледидарының директоры – көп жыл
телерадио саласында қызмет істеген, қулығына құрық бойламайтын
жəйіт Изя Эйнехович Фидель деген кісі. Қазақша хабарлардың жалпы
көлемі 30-35 пайыздан аспайды. Асырмайды. Ђр редакцияны
басқаратын Сəңгерей Тəжіғұлов, Кеңес Дүйсекеев, Қажы Қорғанов,
тағы бірер жігіт, дирекцияның мүшесі ретінде жиналыс сайын
Фидельмен, оның сойылын соғатын партком Светлана Татенкомен
шайқасамыз да жатамыз. Техниканың құлағын ұстаған мамандардың
көбісі – сол екеуінің сойылын соғатындар. Тізеге салса да, алдаса да
солардың сөзі өтеді. Қазақ тіліндегі əр хабар үшін, олардың түсірілуі,
құрастырылуы, эфирге қойылуы үшін көзге көрінбейтін майдан жүріп
жатады. Сағаттың жұмысты неден бастасам екен деген өзімсінген
сауалына:
– Телетехнологияны зерттеуден, үйренуден баста. Кез келген
бейнеинженер, ішкі жұмыстың қитұрқысын білмесең, алдап кете
береді. Қазақша хабарлардың соры қайнайтыны содан, – деп ағымнан
жарылып, хабарды студияда пысықтау, түсіру, құрастыру кезіндегі
қиянаттардың жайын айтып, өз тіліміздегі телехабарлардың жолын
кеңітудің амалдарын айта бастадым. Менің сөзім оған жақпады. Неге
жақпағанын əлі күнге анық түсінбеймін. Жанарын бір нүктеге қадап,
түйіліп отырып қалатыны болушы еді. Сөйтті. Сірə, Орталық
Комитеттен алып келген тапсырмаларымен менің көзқарасым
сəйкеспеді-ау деп шамалаймын. От пен судың арасында қапылып
жүрген маған жаңа басшының қазақ тіліндегі хабарларга оң қабағы
керек еді. Менің сөзімді жаратпаған Сағат орынынан тұрып жүре берді
де, сол бетімен бірер ай менен бойын аулақ њстады. Бір књні, кешке
жақын, тағы да оңаша əңгімеге шақырды да:
– Сенікі дұрыс екен. Мынау бір жасырын соғыс жүріп жатқан жер
ғой. Ақылдасып тұрайық, – деп мəміле айтты. Осыдан бастап өлеөлгенше Сəкеңмен сыйлас, сырлас болдық десем, артық айтқандық
емес шығар.
Өздерінің қызмет кабинеттерін Мəскеудің Кремліндей күзеттіріп,
жан тыныштығын қызғыштай қоритын кейінгі басшылардай емес,
Сағат Əшімбаевтың есігі өз қарамағындағыларга айқара ашық
болатын. Қабылдау бөлмесінде сарылып отырмаушы едік. Оған кез
келген уақытта кіріп барып, шығармашылық жұмыстың ұсақ-түйек
мəселелерін сөйлесе беруге болатын. Қиялы да жүйрік, ойы да шапшаң
Сəкең аяқ астынан жаңа идеялар туындатып, шұғыл тапсырмалар
беріп, оны жүзеге асырғанша тыным таптырмайтын. Кезінде қазақ
қауымына кеңінен танымал болған «Қарыз бен Парыз» бағдарламасы
да осылайша шұғыл шешімін тапқан іс еді. Əрине, оған дейін де өзі
жеке ойланып-толғанып, санасында пісіріп алған болуы керек.
Жобаның соңғы ширатылуына мені шақырьш, ақылға қосты да,
хабардың бірнеше атын алдыма жайып салып:
– Таңдашы,– деді.
Мен «Қарыз бен Парыз» деген нұсқаны таңдадым. Қасындағы
ғалымдардың бірі қарыз бен парыз деген ұғымдардың ұқсастығын
айтып келе жатыр еді, Сəкең оның сөзін бөліп тастап:
– Бітті. Осыған тоқтаймыз! – деп кесіп айтты. Қазақ қоғамындағы
түрлі түйінді мəселелерді батыл сөз етіп, ойға қозғау салған осы жоба
Сағат Əшімбаевтың өз қандастарынан қаншалықты озып кеткенін, ұлт
болашағының қамын қандай жоғары деңгейде ойлай алатынын, сол
ұлы мұраттар үшін басын бəйгеге де тіге алатынын қапысыз
дəлелдеді. «Қарыз бен Парыз» бағдарламасы пішіні жөнінен көне
болып көрінгенімен, онда телетехнологияның барша мүмкіндіктері,
қосымша компоненттері аз пайдаланылғанымен, Сағаттың озық ойы,
парасатты пайымдаулары арқылы қоғамдық пікірдің көшін бастады.
Ғасыр басындағы қозғалысының идеялары осында жаңаша мазмұн
таба отырып, тынысы қалған тəуелсіздіктің басты ұстанымдары да
еріксіз тілге оралып жатты. Сағат ұлт көсемдерінің қатарына қосқан
осы ұлтжандылық оның ұлан-ғайыр білімінен, ізденістерінен бастау
алушы еді. Сағат шын мəнісінде білімпаз, көп оқитьн еді. Ол
кітапханасы бай адамдарды құрмет тұтатын. Кітабы көп қаламгердің
əдеби дарынының тапшылығына да кешіріммен қарайтын. Сондай бір
ақынды Сағаттың көңілі үшін дəріптеп телехабар дайындағанымыз
ұмытылмай есте қалды. Сəкең өзіне қажет кітаптың соңына шырақ
алып түсетін. 90-шы жылы Мəскеудің «Мысль» баспасынан Фридрих
Ницшенің қос томдығы шықты деп естіп, қанша аласұрғанымен,
Алматыдан қолына түсіре алмады. Бір күні:
– Ницшенің бірнеше данасы сенің Жезқазғаныңа бөлініп кетіпті.
Қалайда қолға түсіруің керек, – деп қиғылық салды.
Жезқазғандағы кітап саудасының бастығы – облыстық МАИ-дың
бастығы Гилленің əйелі екен. Атын ұмыттым. Ұзын сөздің қысқасы,
біреулер арқылы Гиллеге шығып, ол əйеліне айтып, Ницшенің қос
томдығының екі данасын олжаладық. Сағат əйелі ұл тапқандай
қуанды. Сол кездегі ақшамен 60 рубльге алынған неміс философынан
Сəкеңнің не тапқаны өзіне аян, ал менің Ницше мұрасына əлі күнге
тісім батпай жүргенін несіне жасырайын.
Жаңылмасам, сексен тоғызыншы жылдың басында арқалы ақын
Кеңшілік Мырзабеков кенеттен қайтыс болды. Бұл күтпеген қаза оның
досы Сағатқа да, Кеңшілікпен университет дəрісханасында бірге
отырған, ұялас күшіктей інісі маған да қатты батты. Марқұмды
туысқандары өз топырағы – Торғайға апарып жерлемекші болды да,
бірақ, Алматының ауа райы жолды кесіп, ұшақ ұзақ уақыт еру болды.
Мен: Сенің жолың кешеден кесілуде,
Жатсың үнсіз табыттың бесігінде.
Жібергісі келмей ме Алматының,
Самолеті Торғайдың кешігуде, –
деп басталатын өлең жазып, Сағатқа оқып бердім. Қатты тебіренген
Сəкең:
– Кеңшіліктің замандас достарын телестудияға жинап, досымызды
еске алайық. Елге көңіл айтайық. Қатарымыздың сирей бастағаны осы
болар. Өзімізді бір түгендеп алайық, – деп бастама көтерді. Сол күні
жасы қырықтың ар жақ – бер жағындағы оншақты əдебиетші қазақ
теледидарының эфиріне шығып, Кеңшілікпен қоштасу сөзін айттық.
Хабарды С.Əшімбаевтың өзі жүргізді. Толқып сөйледі. Біздің
қатарымызға да шеңгелін сала бастаған сұм ажалдың дауасыздығына
назаланды. Сол күні Сағаттың қасында қаздай тізіліп отырған қатарқұрбыларының Жарасқан Əбдірашев, Тынышбай Рақымов секілді бір
тобы бақилық болып кеткелі де біраз жыл өтті. Қайтып оралмайтын
сапарды Сəкеңнің өзі бастағанын өкінішпен еске аламыз.
Орталық комитеттің хатшысы Өзбекəлі Жəнібеков ағамыз Сағатқа
көп қолдау көрсетті. Ұрыншақ, алды-артын аңдамай, от басып қала
берегін Сəкеңді беделді басшы қанатының астына алып жүретінін жиі
аңғарушы едік. Бір қызығы Өзағаң кейбір оңаша жолығысуларға
лауазым биігінде отырған Сағатпен бірге оның қарамағындағы көп бас
редактордың бірі мені де қосатын. Мұндай басқосуларда көбіне
əдебиет пен өнерді, тарих пен археологияны, рухани мұраны
насихаттаудың кезекті шаралары сөз болатын. Жеңіл əзілдер де
айтылушы еді. Сондай бір сенбідегі кездесудің соңына таман Өзекең:
– Осы екеуіңде үй-күй жоқ па? – деп тыңнан қалжың бастады.
– Неге жоқ болсын...
– Ендеше осындай кең уақытта хатшыны үйлеріңе шақырып, ас-су
беріп жібермейсіндер ме?
Əзіл болса да, шын болса да, осы күтпеген ұсыныстан Сағат екеуіміз
басымызды ала қаштық. Жəнібеков секілді мəртебелі кісіні аяқ
астынан үйге алып бару менің ақылыма сыймайтын шаруа еді. Достық
даңғылының жоғары жағында тұратын Сəкеңнің үйінен бір рет шай
ішкенім болмаса, ол кісінің тосын қонақты қабылдау қабілетінен
бейхабар едім. Медеу жағынан бір жақсы үйге көзі түсіп жүрген Сағат
шығармашылық адамының жайлы баспанаға қаншалықты ділгер
екенін тілге тиек етіп, тығырықтан шығарып əкетті.
Əуезовтің, Толстойдың, Чеховтың жеке үйлері туралы қазбалап
сөйледі. Біздің шай-суымызға зəру дейсіз бе, əншейін əзіл үшін сөз
бастаған Өзекеңнің Сағат əңгімесіне еліккені соншалық, ақыры
Орталық Комитет ғимаратынан шығып, əлгі Медеу жақтағы ерекше
үйді көруге тартып кеттік. Сыртына жылқының бейнесі бедерленіп
салынған жеке коттедж сол кезде үшеумізге де таңсық көрініп еді.
Қаламгердің еркіндігі туралы біраз қияли əңгіме айттық. Хемунгуэйдің
Гаванадағы музей-үйі туралы менің əңгімем де біразға дейін талғажау
болған тəрізді еді. Осы жерде мен Өзекеңе:
– Сізде де үй-күй жоқ па? Бар болса, түскі асты неге сонда ішпейміз?
– деп қатерлілеу қалжың айтып қалып едім, Сəкең шошып кетіп,
əңгіменің тігісін жатқызуға тырысты. Өз басым жасымда аузым ауыр,
орнықты бала сияқгы едім, жүре-келе орынды-орынсыз қалжыңдай
беретін мінез таптым да, Омашев, Айтов пен Жұртбаев сияқты
құрдастарыма өткізетін əзілдерімді үлкенді-кішілі кісілерге де айта
салу дағдыма ене бастаған. Жайшылықта ондай бұралқы сөзге бар
денесін селкілдетіп күліп алатын Сəкең, Өзағаның алдындағы
қалжыңдардан бойын тартып жүретін. Бір жолы менің келіншегіме де
менің үстімнен «арыз» түсіріп:
– Қой десеңші. Бір күні ойыны осылып жүрмесін, – деп
сақтандырғаны бар.
Қатар жүрген көп күндердің біразы із-тозсыз санадан өшіп кетіпті.
Менің туған жеріме, Жезқазған, Жезді, Ұлытау аймағына барған бір
сапардан қатты əсерленіп келгені есімде. Тарихи өлкенің бүкіл
табиғаты, Мұхтар, Амангелді, Көбейсін, Серік секілді көшелі кісілердің
ажарлы əңгімелері, сақтаулы жəдігерлер оның қиялына қанат бітірді.
Саған өзімнің Нарынқолымды көрсетемін, бірақ, ауылда кісі күте
қоятындай ағайындарым аз деп қамыққанын ұмытқаным жоқ. Ұлытау
сапарынан оралған соң, елдес ағайындарым Камал Смайыловпен,
Төрегелді Шармановпен бірге Сағатты үйге шақырдым. Дəм үстінде
Сəкең біздің елден көрген-білгенін екі ағамызға ризашылықпен айтып
отырды. Кəмекең мен Төкең:
– Енді бізге Нарынқолды көрсетсеңші. Сенің ауылыңды аралап
қайтайық, – деп Сағатты қажаңқырап отырды.
– Сіздердей ұлық кісілерді күтіп алатын ағайыным аз, – деп Сəкең
шындауға көшкенде, Т.Шарманов:
– Сен қысылма. Біз аудандық аурухананың бір бөлмесіне қона
саламыз. Тіпті аурухананың тамағын да іше береміз. Өзің қасымызда
болсаң жетеді, – деп қалжыңды өршіте түсті. Сағат қанша күлкіге
жеңдіргенмен, көңіл түкпірінде бір қаяудың бары анық еді. Қазір, өзі
өмірден озып, алаштың ардақты азаматтарының қатарына қосылған
кезде, Сағат Əшімбаевтың есімін бедел тұтып, онымен мақтанатын
азаматтар аз емес екенін байқаймыз. Ал Сағат құлашын жаяр кезінде,
қияға шырқар кезінде кібіртіктей бергеніне куə болған біздер тұрмыс
түйіткілдерінің осындай көшелі кісіге де бауыр жаздырмағанын көріп
едік-ау...
Сағат өмірінің соңғы сағаттарында оның санасына салмақ түсірген
қаңқу сөздерді де өз құлағымызбен естідік. Сол күнгі лездемеде
бұрыннан қыңыратқып жүретін бір режиссер Телерадиокомитетінің
төрағасы С.Əшімбаевқа жөнсіз соқгығып, ауыр-ауыр сөздер айтып
қалды. Шамданған Сəкең алқынып тұрып жауап берді. Ренжіді. Қазақы
бейəдеп қылығымызға қамықты. Төраға біздің қорғаштауымызға зəру
емес шығар дедік пе, үйреншікті бопсалаудың бірі ғой деп мəн
бермедік пе, үндемей, салғырт тыңдап, отыра бердік.
Сөздің құнын білетін Сағат Əшімбаевтың нəзік жүрегі қиянатқа
шыдас бермеген екен.
Сағат достың тосын ажалы туралы суық хабар сол күні кешке мені
өз үйімде қуып жетті.
ОРАЛХАН БӨКЕЙ ЖƏНЕ ОПАСЫЗ ЖАЛҒАН
...Тоқсан екiншi жылдың басында мен жұмыссыз жүрдiм. Қырықтың
ырқасына ендi шыққан адамға үйде отырып қалу қиын болады екен.
Үйде отырсаң – үйге сыйың жоқ. Бала-шағаның алдында да беделiң
қалмайды. «Мына кiсiнiң баратын жерi жоқ па?» деп мүсiркейтiндей.
Көзтүрткi болмайын деп, көшеге шығасың. Қалам ұстайтын кiсiнiң
барар жерi белгiлi – Жазушылар одағы. Өзiң сияқты берекесi
қашқанның бəрi бiр мезгiл одақта бас қосып, уақыт өткiзедi. Қолы бос
адам өсек айтады, бiрiн-бiрi жамандайды. Əлемдiк əдебиеттiң
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алыстан жəне жақыннан - 06
  • Parts
  • Алыстан жəне жақыннан - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2738
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    43.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 02
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2611
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 03
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2403
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 04
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2447
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 05
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2377
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 06
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2408
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    36.7 of words are in the 5000 most common words
    43.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 07
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2369
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 08
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2098
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 09
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2095
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    46.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 10
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2190
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 11
    Total number of words is 3828
    Total number of unique words is 2270
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 12
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2453
    27.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 13
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2420
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 14
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2357
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 15
    Total number of words is 3724
    Total number of unique words is 2536
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    33.2 of words are in the 5000 most common words
    39.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 16
    Total number of words is 3909
    Total number of unique words is 2501
    25.1 of words are in the 2000 most common words
    35.9 of words are in the 5000 most common words
    42.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 17
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2404
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    46.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 18
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2483
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 19
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2383
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 20
    Total number of words is 4116
    Total number of unique words is 2436
    28.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 21
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2493
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.