Latin Common Turkic

Алыстан жəне жақыннан - 16

Total number of words is 3909
Total number of unique words is 2501
25.1 of words are in the 2000 most common words
35.9 of words are in the 5000 most common words
42.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Алтекең арқаланып. – Одан бұрынырақ Заманбек Нұрқадiловтiң "Өмiр
де өмiр, өмiр-ай!" деген өлеңiне əн шығардым. Мақпал орындады. Ендi
сiз туралы "Демеуқожа" деген күй шығарам, Өмеке!
– Қанша сұрайсың?
– Бес мың доллар! Бiр мыңын өзiм алам, бiр мыңын бала-шағама
берем, үш мыңын есеп-шотыма салып қоям.
Серiлердiң соңғы тұяғындай Секен Тұрысбеков:
– Өмеке, – дейдi алыстан орағыта, – баяғыда бiреу аққулардың
қанатын қырқып жатса, "Əй, мұның не?" дейдi көршiсi көрiп. Сөйтсе
əлгi əпендi айтыпты:
– Ұшып кетпесiн деп қырқып жатырмын!
Сонда көршiсi:
– Айналайын-ау, қанатын қайшыламай-ақ, аққудың алдына жем
шашып ұрсаң, өзi-ақ ұшпайды ғой! – деген екен.
Сол айтқандай, Өмеке, сiз қаншама аққуға қанат қақтырдыңыз.
Анаңызға арнап "Ақжүнiс" деген күй шығарсам, ендi сiзге "Демеу
толқыны" деген күй арнаймын.
– Қанша сұрайсың?
– Он мың доллар! Бес мыңын өзiм алам, үш мыңын бала-шағама
ұстатам. Екi мыңы – есеп-шотыма. Бiттi!
Домбырасын шертпей, жүйрiктерiн ертпей Жүрсiн Ерман келедi де:
– Өмеке, – дейдi келтесiнен кесiп сөйлеп, – сiздiң туған жерiңiзге арнап
"Бақанас – елдiң байтағы" деген əнге сөз жазғанымды бiлесiз. Дегенiме
көнсеңiз, сiзге шашетектен пайда əкелем, күйдi де күмбiрлетем.
– Қанша сұрайсың?
– Жүз мың доллар! Елу мыңын өзiм алам! Маған демеушi
болғаныңыз үшiн қырық бес мыңын өзiңiзге берем. Бес мыңы –
Қоразбаевқа! Күйдi сол-ақ шығарсын!".
Мысалы бiр бөрененi олақ ұстаға берiп, "Осыдан келi жаса!" деп
тапсырайықшы. Ол "Ойбай, келi шықпайды, келсап жасаймын!" дейдi.
Келсапты жонып-жонып, "Ойбай, келсап шықпады, кетпен сап
жасаймын" дейдi. Ақыр аяғында келi де жоқ, келсап та жоқ, кетпен сап
та жоқ... "Мiне, мен тiс шұқығыш жасадым!" деп қуанады. Ал, сен бiр
бөренеден бiр үй тұрғызасың. Қалай? Өзiң бiлесiң ғой... Дəлел керек пе?
Айтыс ақындарына мiнгiзген машинаңның саны жүзден асады. Айтыс
өнерiн мемлекет өз қарамағына алып, тəуелсiздiк күнiне орай Астанада
үлкен дүбiр өттi. Айтыстың бас бапкерi Мырзатай Жолдасбеков төрт
доңғалақ тiгiп едi, ойда жоқта Қайрат Сатыбалды үш ақынға үш
машинаның кiлтiн ұстатты. Мiне, бiр бөренеден бiр үй тұрғызу деген
осы. Қазақтың төл мұрасы ақындар айтысын Мəскеу мен Париж
сахнасында, Ташкент төрiнде дəрiптеуге мұрындық болдың. Өз
сөзiңмен айтқанда "айтыс үшiн сайтанмен де тiл табыса" бiлесiң.
Физика ғылымының негiзiн салған əйгiлi ғалым Альберт
Эйнштейннiң жазған диссертациясы үш жарым-ақ бет екен. Қорғауға
келгенде ғылыми кеңестiң мүшелерi:
– Ей, мынауың не? – деп шуламай ма... Сонда жас ғалым:
– Мен ашқан жаңалығымды ғана жаздым. Оның себеп-салдары мен
дəйегiн
келтiрiп, үш жүз бетке толтырғаннан не пайда? – деген екен.
Ал өзiмiздiң Қалағаң, Қалтай Мұхамеджанов "Маркстiң үш том
"Капиталын" атам қазақ үш-ақ сөзбен баяғыда айтып қойған" дейтiн.
1. "Аш бала тоқ баламен ойнамайды"
2."Еңбек етсең ерiнбей, тояды қарның тiленбей"
3."Бай – байға құяды, сай – сайға құяды"
"Мұнымен не айтпақшысың?" дейсiң бе? Эйнштейн секiлдi төте
жолға түсейiн немесе Қалтай ағамдай қажеттi ойымды iрiктеп, тоқ
етерiне тоқтайын.
1. Механика теориясы бойынша, үлкен шестерня бiр айналғанда,
кiшi шестерня шыр айналады. Айтыс өнерiнiң механизмiнде Жүрсiн
Ерман – үлкен шестерня. Ал айтыс ақындары – кiшi шестерня.
2. Қасиеттi хадиске зейiн қойсақ, "Бiлiмдi бойына жинаған, бiрақ оны
айналасына таратпаған адам пайдаға асырылмай жатқан мол
қазынаның сақтаушысына ұқсайды". Жүрсiннiң табиғи таланты мен
бiлiктi бiлiмi жасырын жатқан алтын көмбе секiлдi. Əсiресе
поэзиядағы тотықпайтын қазынасы толық ашылмаған.
3. Ұлытаудағы Қарақұм ауылына күмбезден мешiт салдырды. Бұдан
бес жыл бұрын 25 айтыс ақынының иманын толтырып, МеккеМединеге солармен бiрге қажылық сапар шегiп қайтты. Ендi мiне,
ақпан айының екiншi жартысында Қайрат Сатыбалдының
демеушiлiгiмен 50 ақынды бастап, ғұмыра қажылығына бара жатыр.
Жүрсiн – жауапты да сауапты iстiң арасында жүрген атпал азамат.
4. Жүрсiннiң бер жағы бетпақ болғанмен, ар жағы əппақ, жүрегi
жұмсақ. Ақын – алмас қанжар, өлең – оның қайрағы. Дана қазақ алмас
қанжарын жұмсақ қайраққа қайраған.
... Жүрсiн-ау, қанжарыңды қайрай бер, қайрай бер!..
Көпен ƏМIР-БЕК
«О, ТƏҢIРIМ! ҚУАТ БЕРШI ҚАЛАМҒА...»
«Бiздiң ауыл — жердiң түбiнде. Бiздiң ауылдың ар жағында жер де,
ел де жоқ болуы мүмкiн», – дейдi Жүрсiн Ерман «Алматы мен
Қоскөлдiң арасында» атты эссесiнде. Бiздiң бəрiмiз де өркениеттен өте
алыс қазақ ауылында туып, өстiк. Ауыл – бiздiң Алаштың ғана емес,
адамзат жырының алтын арнасы. Сергей Есениннiң күллi өлеңдерi
қалың орыс орманының ақ қайыңдарынан тамыр тартады. Одан кейiн
туған Рубцовтың да музасы – орыс деревнясы. Бiздiң Қасым: «Шықшы
тауға, қарашы кең далама» деген! Бiреуi – Атырау, бiреуi – Алатау, ендi
бiрi – Алтайдан шыққан Фариза, Сəкен (Иманасов) сынды аға-əпкем,
Ұлықбек бауырларымды айтпағанда... Он жетi-он сегiз жасында шулы
қалаға келiп, алды – жетпiс, арты алпысты алқымдаса да, олардың
бəрiнiң екi көзi – далада. Топырақтың киесi деген – осы. «Ей,
Половецкий край! – дейдi орысша жазатын Олжастың өзi, – Ты
табунами славен...»
Жүрсiн – Сарыарқаның Ұлытауынан. Мен – Қызыларай-Ақсораңнан
едiм. Екеуiмiздiң өлеңдерiмiз өрiмдей жас кезiмiзде облыстық
«Орталық Қазақстан» газетiне қатарласа, қапталдаса жарияланушы
едi. Бiз бiр-бiрiмiздi 13-14 жасымыздан бiлемiз. Бiрде оның өлеңдерi
осы газетте Мақсұт Байсейiтов деген арқалы ақынның алғысөзiмен
шықты. Ендi бiрде – Жайық Бектұровтың жылы лебiзiмен...
Жарыса өлең жазатын Бағдат Мекей екеуiмiз Жүрсiннiң қалам
сiлтесiне Қызыларайда жатып, мəз-мəйрам боламыз. Жайық
ақсақалдың көзiне бiздiң бəрiмiзден гөрi ерте түсiп, қазақтың жақсыжайсаңының қолын бəрiмiзден бұрын ұстаған Жүрсiн Ерман келе-келе
алшаң-алшаң басып жүретiн болды. Оның мұрты көкке шаншылып,
шалықтай сөйлейтiн жөнi бар екен. Шыр етiп түскен топырағы – қазақ
хандарын ақ киiзге орап, алтын таққа отырғызған Ұлытау. Осы
Жүрсiннiң аузы дуалы бiр ағасы, академик Ғабдолла Құлқыбай
марқұм: «Ұлытау – ұлттық ұлылығыңның кiндiгi!» деушi едi.
Мұндай топырақтан не Азамат, не Ақын болып тумау мүмкiн емес те
сияқты.
Түйеге мiнгенi төрт ауыз, ат үстiндегiсi алты ауыз өлең айтпаса
көңiлi көншiмейтiн қазақты. Ақын туралы ой-талғамы дүниеге Абай
келгеннен кейiн қатал тезге түскен. Пушкин оны Пайғамбар
дəрежесiне көтерсе, сол Пушкиндi қазақ сахарасына жетектеп əкелген
Абайдын өзi де Алаштың пiрiне айналған. Ақын дегенiмiз –
пенделерден əлдеқайда биiк, Перiштеден сəл төмен, Тəңiрiнiң тiзесiнен
келетiн
тұлға
болуы
тиiс-тi.
Ақындықтың
адамзат
қауымдастығындағы осынау тарихи миссиясын жан-тəнiмен түйсiнiп,
азабына көнiп, ғажабына кенелгендердiң бiрi һəм бiрегейi менiң осы –
Жүрсiн бауырым.
«Күтiрлетiп белдеудi, Күнде тұлпар-жыр тарпып, Күмбiр-күмбiр
кеудеден, Күбiр-күбiр сыр тартып; Құпиялы жыр-сезiм, Құйылатын
шақ қандай. Бiр сөзiңнен бiр сөзiң, Асып түсiп жатқандай! Жүгiресiң
шапқылап, естiртуге даусыңды. Судың бəрi – ақ бұлақ, шудың бəрi – əн
сынды. Жан көрiнбей көзiңе, ой ойлайсың не түрлi, Қыздың бəрi өзiңе
Құмартатын секiлдi. Өртесе өлең өзектi, Өзiңдiкi бұл қалам, Өлеңiң бар
газеттi Оқитындай күллi адам. Таң қалмасқа – таң қалдық, Көз сүзбеске
– көз сүздiк. Бұл не деген аңғалдық, бұл не деген – ессiздiк! Биiк ұста
еңсенi, тасымасқа тасатын; Сағындым-ау, мен сенi, жайраңдаған жас
ақын!». Бұл – Жүрсiннiң «Деушi едi бiздi жас ақын» деген өлеңi. Қандай
шынайы! Ол – Ұлытауда, мен – Ақсораңда жүргенде тура осындай
алып ұшқан асау сезiмдi бастан кешкенбiз. Қолына қалам ұстап, ала
қағазға темiрген күллi шайырдың басындағы тағдыр бұл! Ал мынау
оның Ұлытауда жүрiп,
13-14 жаста жазған өлеңi. «Орталық
Қазақстанның» сол кездегi бiр санынан көзiмiзге түсiп, көкейде
жатталып қалған. Содан берi қырық жыл өтсе де, ұмытылмапты:
«Қарлығаш-балаң, қанаты талып құласа, Қуантпас, бiрақ, жан анам, сенi
бұл аса; Қанатын созып құлайтын шығар сен жаққа, сонан соң ғана
жылайтын шығар жыласа».
Ұлытауда туған баланың Ұлытауға деген лебiзi: «Ұлытаудың ұраны
–ұлар, ұлар, Ұлары жоқ, бұл таудың мұнары бар. Ұлы таудың алдында
ұяттымыз, Кiм ауырар ұяттан, кiм арылар?! Ұлытауға бардың ба? Ұлар
қайда? Ұлы қайғың уылжып тұнар бойда. Ұры тiсiң секiлдi у сезiмiң
Уын жайып уiлдеп тұрар ма ойда...
Арқар ауып кеткен соң, ұлар ұшып, Қолға түспей қасқыр да қылар
iшiк, Кiлең темiр құрсанған құрбыларым, Киiгiмен даланың жүр
алысып. Ұлытаудың ұлары-ау, Ұлытаудың, Құлағыңа жете ме үнi
таудың? Ұлар қашқан күндердi ұмыт, аулым, Ұнжырғасы түспесiн ұлы
таудың! Ұлытауым, ұлығым, ұлтым менiң, Ұран iлер басыңа бұлт
iлмегiн. Ұларыңды ойлама, ұлыңды ойла, Бауыры бүтiн бар дейсiң бұл
күнде кiм, Ұлытауым, ұлығым, ұлтым менiң!». Кiндiк кесiп, кiр жуған
жұртым менiң демейдi – Ұлтым менiң дейдi! Алақандай Ұлытауын
Алашқа айналдырап жiберген!
Мынау – «Кейкi»: «Ғасырлар өтер, бəлкiм, кек суынар. Қылышын
ұлдар «Кейкi» деп суырар. Ал менiң жүзiм қайдан жарқын болсын –
кеудемде Кейкi ағамның өксiгi бар...».
«Кеңшiлiк Мырзабековтi Алматыдан аттандыруды» оқығанда
бүгiнгi қазақ өлеңiнiң қандай биiкке бет алып бара жатқанына көзiң
жеткендей болады: «Аттандырды соңғы рет елге сенi, Өзiң көрген
Алматы сол кешегi. «Екi-ақ сағат iшiнде Торғайыңа жетедi!» – деп
бiреулер жол кеседi. Сенiң жолың кешеден кесiлуде, Жатсың үнсiз
табыттың бесiгiнде. Жiбергiсi келмей ме Алматыдан —Самолетi
Торғайдың кешiгуде. Самолетi Торғайдың кешiгуде, Шешiнуге шамаң
жоқ, көсiлуге. Мерт боп елге оралған жауынгердей, Сен жатырсың қу
темiр бесiгiңде. Келмедiң бе, келдiң бе кемерiңе, Мiн тағар ма
мұндарлар өлеңiңе. Мəңгiлiктiң мерт болып майданында, Қайтып бара
жатырсың Сен елiңе. Мақсатына жеттiң бе, жетпедiң бе, Күн түсiре
алдың ба көп көңiлге, Өмiрiмiз бар едi өткенiнде, Тағдырымыз жатыр
ма кеткенiңде... Кейiме ендi досқа да, жарыңа да, Бiтер жерi ғұмырдың
бəрi – нала. Жаяу-жалпы жетiп ең Алматыға, Ұшайын деп жатырсың,
Сары бала! Бiр жұмбақ бар тағдырдың кесiмiнде, Ұшайын деп
жатырсың бесiгiңде, Құшайын деп жатырсын мəңгiлiктi... Самолетi
ғайыптың кешiгуде!».
Адам баласының арқасын шымырлататын бұдан өткен азалы өлең
болмайды! Осы бетте кете берсем, Жүрсiннiң тандамалысындағы
шебердiң қолынан шыққандай жауһарларды шетiнен тiзе беруiм
мүмкiн ғой. Соңғы өлеңiмен тоқтайын: «Жақсы сөзiн арнап жатыр жар
маған, Жар дегенiм — жар ғана емес —бар ғалам. Бүгiн менiң туған
күнiм, нешеге Келгенiмдi айтуға да арланам. Қыздың жолы секiлденiп
жiңiшке, Өмiр таяп келе жатыр финишке. Тұлпар едiм — тұяғы жер
тарпыған, Тұғыр болдым, жарамайтын мiнiске. Туған күнiм... Қатерлi
күн бұл күн шын, Демейдi ешкiм топ жаратын дүлдүлсiң. Алғы сөздi
жазған — Мақсұт Байсейiт, Соңғы сөздi кiм жазарын кiм бiлсiн...».
Оның қай өлеңiн оқысаңыз да, қамшының сабындай өмiрдiң көз
алдында қырық құбылған құбылысы атойлай жөнеледi. Қаймана қазақ
түгiлi, ормандай орысына да жақпаған Виссарион Белинскийдiң
құдайдың зары ғып айтатын поэзия дегенi осы — көзiнен аққан жас
немесе көмейден шыққан күлкi, тiзеңдi дiрiлдеткен қорқыныш, сартап
болған сағыныш; төскейден көрiнген гүл, төбеңнен төгiлген нұр,
көкiректен шыққан өксiк, көкейде қалған бейне ғой! Жүрсiннiң
«Таңдамалы 70 өлеңiн» осындағы көзiнен басқа ойы жоқ (Абай)
көптеген қаламдастарымның 7 томына айырбастамас едiм! Өлеңшiге
бəрiбiр: шөп те — өлең, шөңге де – өлең. Бəрiн ұйқасқа салып, ұрандата
бередi. Оларда жамыраған сөз, жарқ-жұрқ еткен теңеу, шап-шұп еткен
ұйқас дейсiң бе, «өлең техникасы» деген өлiктей суық ұғымға керектiң
бəрi де бар. Бiр-ақ нəрсе – Поэзия жоқ қой!
Жүрсiн – кеңес өкiметi кезiнде қазан-ошақ, той-томалақтың қасында
қалып бара жатқан Айтыс өнерiн ажал аузынан арашалап алған адам!
Айтыстың арқасына аруақ бiткен кезең əлi есiмде. Коммунист дейтiн
қызыл көздер төбеден тайраңдап, кеңес өкiметiнiң қайраңдап бара
жатқан кезi. Төрде — қабағынан қар жауған Колбин, төменде —
Қонысбай Əбiлов, Ерiк Асқаров, Баянғали Əлiмжанов, Əзiмбек
Жанқұлиев, келмеске кеткелi тұрған анти-адамзаттық формацияның
ит терiсiн басына қаптап жатқан кезең едi-ау!
Жүрсiннiң Айтысының жұлдызды сəттерi — бұл!
Ендi ол қайталана ма, қайталанбай ма?!
Əй, қайдам...
Жүрсiн Ерман – Айтыс арқылы аяқ-қолы кiсендеулi Алашын
көкжиектен сұлбасы көрiне бастаған тəуелсiздiктi етек-жеңiн жинап,
еңселi ел боп қарсы алуға дайындаған кiсi!
Сол кездегi айтыс ел арасында ұлан-асыр ұлттық-қоғамдық пiкiр
туғызды. Адольф Янушкевичтiң ХIХ ғасырда айтқан айтыс туралы
асқақ ойы сонда миымызға сарт ете түскен: «Айтыс басталды. Тылсым
тыныштық қайтадан орнады. Олимп ойындарындағыдай-ақ екi ақын
бiр-бiрiмен сайысқа түстi. Бiрi шумақпен атқылай бастаса, екiншiсi
дереу жауап қайтарады: бiрiншiсi батыл шабуылдайды, екiншiсi шебер
қорғанады. Екеуi де қыза-қыза айтысты қатты шиеленiстiрдi. Орынбай
домбырасын қағып-қағып жiберiп, дүниенiң басы — Адам Ата мен Хауа
Анадан түсiп, мына отырған сұлтандарға тағзым еткендей, аты
шыққан арғы аталардың əрқайсысын бiр-бiр көтерiп тастады. Содан
Нұх кемесiне мiнiп, топан судан өттi де, Арараттың биiгiнен бүкiл Iнжiл
тарихын шолып өттi. Жолшыбай барлық оқиғаларды, тiптi
Вавилонның Навуходоноссорын да, Египеттiң перғауындарын да
қалдырмай сүзiп шықты. Сағат бойы толассыз жырлап, Ниагара
сарқырамасындай арындап келiп, ақыры ол аман-сау Мұхаммедтiң
өзiне де жеттi-ау! Соңғы он ғасырды құшағына алып дауылдатқан бұл
жыр ислам қаһармандарының басынан құйылып, бүкiл қазақ даласына
толықси жайылар ма едi... Жоқ! Меккеден жаңа шыға берген кезде
бiздiң жезтаңдай əншiнiң домбырасының iшегi үзiлдi. Өзiм ойға
қалдым. Осының бəрiн мен дүниежүзi тағы жəне жабайы санайтын
далада көшiп жүретiн халықтың ортасында өз құлағыммен тыңдадым
ғой! Бұдан бiр неше күн бұрын өзара жауласқан екi партияның
арасындағы қақтығыстың куəсi болған едiм. Сонда Демосфен мен
Цицерон туралы ғұмыры есiтпеген шешендерге таң қалып, қол
соққанмын. Ал бүгiн, оқи да жаза да бiлмейтiн ақындар менiң алдымда
өнерлерiн жайып салды. Олардың жыры жаныма жылы тиiп,
жүрегiмнiң қылын қозғады, сонысымен тəнтi еттi... Имандай сырым!
Тəңiрiм бойына осыншама қабiлет дарытқан халық цивилизацияға жат
болып қалуы мүмкiн емес, оның рухы қазақ даласында аспандай
көтерiлiп, жарқырап сəуле шашатын болады! Сормаңдай құлқұтандарды менсiнбейтiн Үндiстанның жоғары касталары сықылды,
өзiне жоғарыдан қарайтын халықтар арасынан бұл көшпелiлердiң де
құрметтi орын алатын кезi келедi!» (А.Янушкевич, «Күнделiктер мен
хаттар», 82-85-беттер).
Дəл осы Янушкевичтi тəнтi қылған қазақтың айтысын аман алып
қалып, өркениет өрiне алып шықса, Алла Алашты жарылқамай
қоймайды! Өйткенi, бүгiнде кешегi дала демократиясының бiзде
қалған жар дегендегi жалғыз бөлшегi – осы.
Өкiнiшке қарай – осы ғана!
Айтыс өнерi қайта атойлап теледидарға шыққанда Мұхамеджан
Тазабековтың аузынан түсе қалған мына iнжу-маржандар кiмдi бейжай қалдырады:«Жарамас iзгi өнердi жандандырмай, Айтыстың
ауылында шам жандырмай. Ассалаумағалейкүм, абзал елiм, артына сөз
қалдырған — мал қалдырмай! Мейрiмiңдi көрiп мен иiлемiн, Меккеге
жетi ай жүрiп барған құлдай, Иманды сөзiм сiңсiн жүрегiңе, Əулиеге
əуеден тамған нұрдай. Көптiң көңiлiн қалдырған жан емеспiн, Шөптiң
шөлiн қандырған ақ жаңбырдай; Салмақтап салиқалы сөз тастайын,
сарымайдан суырып алған қылдай, Алладан жəрдем тiлеп сөз
бастадым, Намаздан жаңылмаған нар Жамбылдай!». Ақ қағазға
алаңсыз телмiретiн бiздiң де қаламымызға iлiге қоймайтын төгiлген
əуен,өрiлген өрiм, Əсеттiң Кемпiрбаймен бақылдасуымен үндесетiн
осынау ыршыған ырғақтар маған сол кезде өлеңдегi соны бiр
құбылыстай көрiнiп едi...
Кейiн Мұхамеджан дiндi ұстанып кеттi де, оның айтыстағы орны
ойсырап қалды. Əлi үңiрейiп тұр!
Жүрсiн халықаралық айтыс та өткiзген. Дүниеге тарыдай тарап
кеткен қазақ теңiздей бiр тебiренiп едi сонда! Жүрсiн Ерманның
«Құлмамбеттiң құлыны» деген бiр толғауын осыдан бiраз жыл бұрын
егiлiп оқығаным бүгiн есiме түсiп отыр. Жүрсiн онда бiр айтыста
сүрiнiп кеткен Оразалының аудиотаспасын тауып алып, одан небiр
маржан шумақтар көрiп, мəз-мəйрам болғанын есiне алады. Ертеңiне
қазылар алқасымен «айтысып», оны аламанға қайта қосады. Осы
Оразалы опат болғанда жерлейтiн жер таба алмай, тентiреп жүрiп,
оған туыс болып келетiн бiр кейуананың сол қаралы хабар келген күнi
қаннен қаперсiз кiр жуып жатқанының үстiнен түседi!
Осыны оқып, «Жүрсiннiң де көрмегенi жоқ екен-ау!» – деп ойладым
мен: «Оразалы! Қаңғыған оқтан болар бөрi ажалы. Сенi де қинар ма
екен көр азабы?! Сенiң үйiң үйлердiң шеткiсi едi, Түнгi мейман шеткi
үйге кеп түседi. Домбыраңды əлдилеп жүргенiңде, Домбыраңның
үзiлiп кеттi iшегi... Сөзден соғам деп жүрiп зор мұнара, Сорың қайнап
қалдың-ау, сорлы бала! Талантты өзi жаратып, Тəңiрiмiз, сол
таланттың алдынан тор құра ма?! Тартып туса тегiнен сұңқарға асыл,
Тура келген тағдырдан бұлтармас ұл. Шаң қаптырып кеттi ме қапияда,
Тақымыңнан бұлт етiп тұлпар ғасыр?! Ай, Ораз-ай, Ораз-ай, Ораз ақын!
Заманада бөрi арып, ер азатын, Тiк көтерiп төбеңе талантынды,
Түсiрмеп ең төменге төре затын. Амандықпен, адаммен араз ғасыр,
Айтпайтынын бiлiп ек Оразға сыр. Өзiме-өзiм дұға оқып отырғандай,
Көздiң жасы тамады қағазға сұр... Айырықша естiлген əуелде үнi, Алты
Алашқа танымал, əуендi iнi. Қош бол ендi, тəуелсiз қағанаттың,
тауқыметке туғаннан тəуелдi ұлы!». Мұндай жырды айтысты ғана
емес, Алашын жан-тəнiмен сүйетiн Ақын ғана жаза алады!
«Мерген уақыттың қарауылына iлiккен айтыс сарбаздары саптан
шығып қалып жатыр» – деп боздайды ақын Жүрсiн, таудай азамат
Жүрсiн, – Ең əуелi «идигай-лап» келiп бiр-ақ күнде бəрiмiздi тəнтi
еткен Жандарбек Бегiмбетов кiсi қолынан қаза тапты! Атаңа нəлет, қай
қаныпезердiң өлiмге қиып жiбергенiн бiлген кiсi жоқ. Сосын, Көкшетау
мен Астананың арасындағы қара жолда Ерiк Асқаровтың арбасы
қирады. 80-жылдардың ортасында Алаш баласын ақиқатқа ұйытқан
ақперен ақын сол едi. Одан соң Əзiмбек Жанқұлиевтың туы
жығылды...».
Қасымның 90 жылдығында Жүрсiн екеумiз Қарқаралыда бiр
бөлмеде құшақтасып жатып, түндi таңға ұрып, қазiргi қазақ жыры
хақында сырласып едiк. «Айтыскерлерге бiр машина берсендер, бiздiң
жинағымызға екi машина берiңдер!» деген Қадыр Мырза-Əлiнiң
қанатты сөзiне екеумiз де iшек-сiлемiз қатып күлдiк. Мен оған айтысқа
қатысты өкпе-назымды төгiп салдым. Янушкевич айтатын айтыстың
ажары солғындап бара жатқанын айтқам.
– Осыдан Алматыға бара сала мүшəйра өткiземiн! – дедi Жүрсiн
мағымұрланып. Кейiн менiң сондағы Жүрсiнге айтқан назым Нұртiлеу
Иманғалидың «Бетпе-бет» бағдарламасы арқылы республикалық
теледидарға шықты. Əрине, Жүрсiннiң қолқа салуымен. Содан
«Ақсұңқарұлы – айтысқа қарсы» деген сөз тарап кеттi. Оған да он жыл
болып қалды...
Былтыр Қарағандыдағы бiр қонақасыда Қоялы Аяпбергенов деген
профессор ағаммен жолығып қалдым. Ол кiсiмен де көрiспегенiмiзге
он шақты жылдың мұғдары болған екен. Алаш мұраты десе iшкен асын
жерге қоятын адам. Өзi бұрынғыдай ашық-жарқын емес. Қабағы
салыңқы. Əңгiмемiз жараспай, бiраз үнсiз тұрдық. Бiр сылтау айтып,
сытылып кетiп бара жатыр едiм:
– Əй, Серiк! – дедi ағам. Түсi бұрынғыдан да суып барады, – Мен сенi
жақсы көрушi едiм, – дедi сонан бiраз күрсiнiп тұрып, – Осы сенiң
айтыста нең бар?! Соның түбiне жеткен сен деп жүр ғой жұрт?!
Зəрем ұшып кеттi:
– Ақсақал-ау! – дедiм жанұшырып, – Айтыста менiң қандай хақым
бар?! Алаштың айтулы өнерiне тыйым салатындай мен кiм едiм?!!
Ағам терiс бұрылып кетiп қалды.
Менiңше, менi кiнəлап барады...
Құдай-ау, қазаққа қатысы бар дүниеге қарсы бiрдеңе айтуға мүлде
болмайды екен ғой!!! Бұл сөздi айтыстың киесi барына көзi жеткен
адам айтып отыр – имандай шыным!
Сол жылдың күзiнде Жүрсiн уəдесiнде тұрып, Қазақстан
тəуелсiздiгiнiң 10 жылдығына арналған халықаралық мүшəйра өткiздi.
Оның шығынын да өзi көтерiп алды. Сол кезде оның өзiнiң де шекесi
шылқып жүрген жоқ-ты.
Жүрсiннiң «Бiр өлең – бiр əлем» атты мүшəйрасы қазақ поэзиясының
босағада қалып бара жатқан басын төрге бiр шығарып кеттi!
Оған бiрақ бəйге алатын ақындар ғана келiп, бəйгесiн алып кеткен
немесе одан күдерiн үзген ақындар келмей қойды...
Сонда
Өмiрзақ
Сəрсенов,
меценаттардың бiреуi:
Амангелдi
Ермегияев
сынды
– Жүрсiн-ау, ақындардың мұнысы несi?! Мен бұларға айлық төлеп
жүргем жоқ. Бəйге берiп жатқан жоқпын ба?! – дептi...
Ел ерге қарайды. Жүрсiн сол күнi жерге қараған болуы керек!
«Бiр өлең – бiр əлем» содан кейiн «көрген түскi сағымдай» болды.
Жүрсiн Ерман – қазақ руханиятындағы саусақпен санарлықтай
реформаторлардың бiрi! Қара танымаған көшпелiлердiң көкiрегiнде
сарқырап қайнап, өзегiне өрт боп түсiп, өмiр сүру тəсiлiне айналған
Айтыс жаһандану заманында осы Жүрсiн Ерманның шыр-пыр
болуымен қайтадан атқа қонды! Орыстар мұндай тұлғаларды
«Подвижник нации» дейдi. Қазақша баламасын таба алмай отырмын.
Образға орап айтқанда, өзiнiң қу қарақан басына қарамай, ұлты мен
ұлысын ғана ойлайтын азамат дегенге келiңкiрейдi. Олар атақты
Третьяков галереясын ашқан көпесiнен бастап, сутегi бомбасын жасап,
кейiн өз iсiне өзi өкiнген диссидент, академик Сахаровты, тiптi,
орыстың халық хорын құрған хормейстрiне дейiн осылай атайды.
Айтысты аман алып қалған Жүрсiн Ерманның есiмi де қазақ үшiн
осындай тұлғалардың қатарында тұруға тиiс!
Өткен ғасырдың 60-жылдары облыстық газетке Арқаның екi
шоқысы Ұлытау мен Қызыларайдан жарыса өлең жiберiп, пошта
таситын «Ан-2»-нiң дүр өткен дауысына елеңдеп жүретiн сол екi
баланың бiреуi, егiздiң сыңары Жүрсiн Ерман да бүгiн алпысқа аяқ
артып отыр.
«О, Тəңiрiм! Қуат бершi қаламға! – дейдi ол көмейiнен жыр төгерде
Жаратқан Жалғыз Иеден медет сұрайтын Жамбыл бабасына ұқсап.
Тəңiрi оның сұрағанын бердi.
Жамбыл жүзге келген.
Туасы соның мұңын – мұңдап, жырын – жырлап жүргендердiң бiреуi
осы ғой. Қолына домбыра ұстаған жыраудың жасына қалам
ұстағандардын бiреуi жетер болса, осы Жүрсiн жетуге тиiс!
Серiк АҚСҰҢҚАР
ҰЛЫТАУДЫҢ ҰЛАР АҚЫНЫ
Ақындық Тəңірдің сыйы деседі. Өнердің қай түрі болса да
жаратушының жарылқауымен адам баласына берілетін көрінеді.
Басқа-басқа, қазақтың айтыс өнерін кім қалай түсінеді? Тоғыз
ғасырлық тарихты тоғыз минутқа сыйдырып жырлау, жеті көк
пен жетіқат жерді суырып салма сөз өнері арқылы өрнектеу қазақ
жан-дүниесінің жұмбаққа толы сырлы бояуының бір қыры емес
деп кім айтар?! Арыға бармай-ақ, Біржан – Сара, Кемпірбай –
Шөже, Жамбыл, Құлмамбет, Сүйінбай – Қатаған секілді
ақындардан өнеге алған төл өнердің керегесі кеңге жайылған тұс
Жүрсін Ерманмен байланысты екеніне ешкім көз жұма қарамас.
Ұлытаудың ұланы бола жүріп, айтыстың туын Алаш жұртына
қайта қадаған, сан ғасырлық тарихы бар киелі өнерге
реформаторлық деңгейде өзгеріс енгізген ұлар ақын туралы
əңгіме газеттің бір бетіне сыймақ емес. Біз бүгін көгілдір экраннан
көркем ой мен образдың терең қатпарын тебірене толғайтын
айтыскерлердің Жүрсін Ерман жөніндегі пікірлеріне кезек беріп
отырмыз.
КЕЗІНДЕ
АЙТЫСТЫҢ
ТҮЛЕУ
ДƏУІРІН
ƏЗІЛҚОЙ
АҚЫН
ƏЗІМБЕКТЕРМЕН КӨТЕРІСІП, СОҢЫНАН ТҰТАС БУЫНДЫ ЕРТКЕН
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ АҚЫНЫ ƏСЕЛХАН ҚАЛЫБЕКОВАНЫ
БІЛМЕЙТІН ҚАУЫМ КЕМДЕ-КЕМ; ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ШЫРАЙЫН
ШЫРЫНДЫ ТІЛІМЕН, ҰРЫМДЫ ДА УЫТТЫ ОЙЫМЕН КІРГІЗІП,
ЖҰРТШЫЛЫҚ КӨҢІЛІНЕН КӨГЕРШІН ҚИЯЛЫ АРҚЫЛЫ ОРЫН АЛҒАН
ƏЗ АҚЫН ЗАМАНДАСЫ ЖҮРСІН ЕРМАНОВ ХАҚЫНДА ОЙЫН БЫЛАЙ
ӨРБІТТІ:
– Əлі есімде, өткен ғасырдың сексенінші жылдарының бас кезі
қазақтың ұлт болып қалу-қалмауы таразыға түскен сəт еді. Сол кезде
ұлтты ояту, рухани түлету кезек күттірмес мəселе болатын. Бірақ
шеңгелі мықты қызыл үкіметтің сан-саланы шырмап алған торынан
жол табу қиын еді. Міне, осы кезде, дəл уақытында қазақтың айтыс
өнері қайта жандана бастады. Ал соның басы-қасында Жүрсін Ерман
жүрді. Қазақ мəдениеті қос өкпесін қысқан идеологияның илеуіне
түскенде соған жаңа леп əкелген, руханияттың мөлдір бұлағын, ұлттың
жадын сусындатқан осы айтыс екенін ешкім жоққа шығармас. Астарлы
ой, зілсіз əзіл, шұрайлы тіл ауыл-ауылды кезіп, бірін-бірі түсінуден
қалып бара жатқан əр өңірдің қазақтарын қайтадан қауыштырды.
Қауқылдасып, қазақ екеніне мақтанысып жүретін жастар легі өсті. Бұл
бір қарағанға білінбегенімен, шын мəнінде əр қазақ отбасы сол кезде
айтысты асыға күтуші еді. Қоңыр кештерде теледидар алдына
жиналып алып, айтыскерлермен бірге алақызып отырған талай
отбасын өз көзіммен көрдім. Жүрсін жұптаған екі ақынның айтысы
күллі қазақ даласын əуенімен тербетіп отырғанын көргенде қазақтай
бақытты ұлт екеніміз есімізге түсіп, көкірегімізді мақтаныш кернейтін.
Жүрсін қай айтысқа шақырса да, асығып, аптығып жететінбіз. Қайым
айтыс, жұмбақ айтыс, қыз бен жігіт айтысы дейсіз бе, сан тараулы, сансалалы өнердің көшін өрге жүргіздік. Сол бір дүбірлі топтағы
аламанды еске алған сайын Жүрсіннің ұлтқа өлшеусіз қосқан еңбегі
ойға оралады. Айтыскерлердің қаншама буынын сахнаға үкілеп
əкелмеді дейсіз. Бірінен бірі озған сол ақтангерлердің қызығы мен
шыжығын қатар көріп келе жатқан азаматқа қандай мадақ айтсақ та
лайықты. Ұлт жоқшысы, руханият жоқшысы бола білген нағыз ер. Ал
ер үшін «алпыс – тал түс» қой. Жүрсін əлі талай жүйріктерін баптап,
кермеден күтіп алатынына сенімдімін.
ЕҢСЕГЕЙ БОЙЛЫ ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕКОВ ҚАРА ДОМБЫРАСЫН
ҚҰШАҚТАП САХНАҒА КӨТЕРІЛГЕНДЕ ЗАЛ ТОЛЫ ҚАУЫМ ШУЛАСЫП
ҚОЯ БЕРЕТІН ЕДІ; БҰЛ АҚЫН ЕСІЛЕ СӨЙЛЕГЕНДЕ КӨРЕРМЕН ЕСІ КЕТЕ
МƏЗ БОЛЫСЫП, ҚОПАҢДАСЫП ҚАЛАТЫНЫ ƏЛІ ЖАДЫМЫЗДА; АҚЫН
АҚЫН ТУРАЛЫ ҺƏМ ТАҒДЫРЫ БҰРАЛАҢ АЙТЫС хақында БЫЛАЙ
ТОЛҒАДЫ:
– Ақындар айтысы дегенде, Жүрсін дегенде менің есіме сонау жетпіс
тоғызыншы жылғы алғашқы телехабар түседі. Ол өзі тікелей эфир
арқылы жүргізілген хабар еді. Ақындар айтысы туралы абайлап айтар
заман еді, ақындар қорқа-қорқа айтысатын еді, аузымызда қақпақ,
басымызда тоқпақ бар еді. Əруағынан айналайын Мəрден Байділдаев
дейтін қағылез ғалым кісі шыр-пыр етіп жүріп жер-жерден суырып
салма ақындарды жинап, қазақтың марқасқа фольклорист ғалымдары
Рахманқұл Бердібаев, Мырзабек Дүйсеновтерді алдына салып алқалап,
ағаларды қалқалап, амалын тауып айтысты телеэкранға шығарып
жіберіп еді. Сол алғашқы телехабардың ұйымдастырушысы Мəрден
Байділдаев есімді елгезек ғалымның қасында Темірше Сарыбаев,
Жүрсін Ерманов сынды жас журналистер жүрді. Он бес минуттық
шағын телехабарды ұйымдастырудың өзі біраз михнатты шаруа
болғаны анық. Екі ақынның шағын ғана қайым айтысын тікелей хабар
арқылы жүргізу шынайы ерлік еді ол заманда. Міне, сол ерлікті Жүрсін
Ерманов жасады. Ол кезде орта мектептің тоғызыншы сыныбында
ғана оқитын талантты ақын қыз кегендік Райхан Нəкеевамен айтысып
едім мен сонда. Сол заманның ақын Сарасы деп атайтын жұртшылық
өрімдей Райханды. Əттең, кейін тағдыры ауыр болып кетті, қазір
аурулы деп естимін. Тілдің астын тінтіген сол заманда да Жүрсін
даусынан қоңыр самал есіп тұратын сабырлы қалпынан айныған жоқ.
Салмақты, сенімді бола білді. Жүрсіннің сол сабыры біздің де
бойымызға дарығандай…. қазір ойлап қарасам сонда өзімнен бар
болғаны үш-ақ жас үлкен бала жігітті арқа тұтып отырыппын.
Бірімізге біріміз сенім артқандықтан ба, əйтеуір содан кейін-ақ Жүрсін
мені ылғи алғашқы жұпта сахнаға шығаратын болды. Отыз жыл бойы
сөйтті. Жалпы Жүрсін туралы көп айтуға болады. Əрине, оның да бір
реті келер. Ең басты айтарым: телевизиялық ақындар айтысының
бастау кезінде Жүрсіннің болғаны айтыстың бағын жандырды, айтыс
та Жүрсіннің бағын ашты. Бəзбіреулер Жүрсіннің орнына өзін қойып
көрмек болды, ол əрекетінен түк шықпай күлкіге айналғандар да бар.
Саусағына қарай сақинасы деген осы болса керек.
МҰҚАМЕДЖАН
ТАЗАБЕКОВ,
ОРАЗƏЛІ
ДОСБОСЫНОВ,
ДƏУЛЕТКЕРЕЙ КƏПҰЛЫ, БАЛҒЫНБЕК ИМАШЕВТЕРДІҢ АЛҒАДАЙ
ЖЫР ДОДАСЫНДА БАҚ СЫНАП, ТАЛАЙ БƏЙГЕДЕ ТОП ЖАРҒАН
СЕРІКЗАТ ДҮЙСЕНҒАЗИН ЖҮРСІН АҚЫНДЫ «АЙТЫСТЫҢ АТАСЫ» ДЕП
ҚАЙЫРДЫ ƏҢГІМЕ АРАСЫНДА; КӨСІЛЕ СӨЙЛЕГЕН СЕРІКЗАТТЫҢ
АҚЫН АҒАСЫ ТУРАЛЫ ОЙЫНЫҢ ТҮЙІНІ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ:
– Күндердің күнінде сол кездегі айтыстың жас жұлдызына айналған
Дəулеткерей Кəпұлына ілесіп Республика сарайындағы Жүрсін ағаның
кабинетіне бардым. Бардым да айтысқым келетінін айттым. Жүкең
қолыма домбыра берді де мықты болсаң суырып сап «қазіргі заманды»
жырла деді. Мысы мыстан да ауыр, атағынан ат үркетін адамның
алдында бірден төгілтіп айта қою маған қайдан оңай болсын?
Қапелімде ойымды жинай алмай біраз терлегенімді несін жасырамын.
Дегенмен берілген мүмкіндікті жiберіп алмайын деп намысқа
тырысып бақтым. Сөйтіп отырғанда менің бағыма қарай есіктен сəлем
беріп курстасым Мұхаметжан Тазабеков кіріп келмесі бар ма! Жүрсін
аға маған қарсылассыз қиын болып отырғанын түсінген болса керек,
«енді Мұхаметжанмен айтысасың» деді. Бес жыл бірге оқыған сыралғы
доспен қағысу маған аса қиындық тудырған жоқ. Екеуміз қыза-қыза
біраз жерге бардық-ау деймін, Жүкең қолын көтеріп «болды, келесі
айтысқа қатысасың, дайындала бер» деді. ҚазМУ-ға оқуға түскенде
бұлай қуанбаған шығармын. Өйткені мен үшін арманға айналған
айтыстың «профессоры» Жүрсін Ерманның сынағынан сүрінбей өттім
ғой. Сол алғашқы сынақ ағаның көңілінде жатталып қалса керек, сəтті
шыққан айтыстарыма қуанып, талай сəтсіз айтыстарымда да арқамнан
қағып, рухани дем беріп жүрді. Айтыс дегеннің өзі спорт сияқты өнер.
Бабың келіссе бағың келіспей, бағың келіссе сөзің келіспей жататын
сəттері аз емес. Жүкең қандай жағдай болмасын көтермелеп,
мерейімізді өсіре білді. Оның «жақсы, айналайын» деген бір ауыз сөзі
айтыстың бас жүлдесінен кем емес еді. Қазіргі жас ақындар да Жүрсін
аға бір шумақ өлеңін мақтаса біразға дейін марқайып жүреді. Ол бүгінгі
айтыс ақындары үшін дəстүрге айналған қағида. Ағаның осы
жақсылығын қалай ұмытармыз. Кейін Астана қаласына көшіп келген
уақытымда бірнеше республикалық айтыстарды ұйымдастыру кезінде
Жүрсін ағаға көмекші болдым. Сонда байқағаным, Жүкеңнің керемет
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алыстан жəне жақыннан - 17
  • Parts
  • Алыстан жəне жақыннан - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2738
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    43.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 02
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2611
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 03
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2403
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 04
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2447
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 05
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2377
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 06
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2408
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    36.7 of words are in the 5000 most common words
    43.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 07
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2369
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 08
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2098
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 09
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2095
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    46.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 10
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2190
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 11
    Total number of words is 3828
    Total number of unique words is 2270
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 12
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2453
    27.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 13
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2420
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 14
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2357
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 15
    Total number of words is 3724
    Total number of unique words is 2536
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    33.2 of words are in the 5000 most common words
    39.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 16
    Total number of words is 3909
    Total number of unique words is 2501
    25.1 of words are in the 2000 most common words
    35.9 of words are in the 5000 most common words
    42.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 17
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2404
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    46.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 18
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2483
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 19
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2383
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 20
    Total number of words is 4116
    Total number of unique words is 2436
    28.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 21
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2493
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.