Latin Common Turkic

Алыстан жəне жақыннан - 08

Total number of words is 3821
Total number of unique words is 2098
29.9 of words are in the 2000 most common words
42.9 of words are in the 5000 most common words
50.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жандардың ісінен кемшілік іздеп, бəрін кері кетіргісі келіп жүрген
міншілдерді аяймын. Бірақ, олардың бəрімен айтыса беретін менің
уақытым да жоқ, қолым да тимейді.
– Талай айтыс ақындарының тағдырына үлкен ықпалыңызды
тигізгеніңізді неге жоққа шығарайық. Таланттар бар да, олардың
танылуы қиын. Кейде кішкентай даңқты көтере алмай, өзіңіз
өсірген ақындар көңіліңізді қалдырып, жүрегіңізге қаяу салмай
ма?
– Не айтайын дегеніңді түсініп отырмын. Олар – ақындар. Оған бола
түңілудің қажеті жоқ. Өсіп келе жатқан балаларды кейде сөзбен, кейде
көзбен, қабақпен де, ұрсып та тəрбиелейсің. Бірақ оған мəн берудің
қажеті жоқ. Əркім өз тағдырына өзі ие...
– Сіз журналистсіз ғой. Айтыс деп жүргенде өзіңіздің жеке
шығармашылығыңыз айдалада қалған жоқ па?
– Шынымды айтайын. Кітабым шықпағалы 15 жыл болды. Қазір
енді екі томдық кітабымды дайындап отырмын. Бір томы жарық
көрмеген өлеңдерім, бір томы əдеби сын мақалалар. Барынша,
шығармашылығымды ақсатпауға тырысып келемін. Бірақ, қазір мен
осы жұмысты тастап кетсем тағы аяқсыз қалады. Егер айтысқа
қолымды сілтеп кетіп қалсам мені сынаушылар, мінеушілер, мін
тағушылар, менің аяғынан тұрғызған айтысымның пайдасын көруге
ұмтылушылар ешкім де ештеңе істемейді. Сондықтан мен осы өнерге
басымды тіккен, ғұмырымның жартысын қиған адаммын. Осы
айтыстың басы-қасында жалғыз өзім ғана емес бүкіл отбасым
шабылып жүреді. Əйелім, ұлым, келінім, қыздарым, күйеу балам,
немереме дейін жүреді. Ең болмағанда сахнада шəй тасып жүрген де
менің бауырларым. Қызым Қызғалдақ та айтысты теледидарға түсіріп
жүрген режиссер. Менің архивімдегі материалдар бойынша қазіргі
айтыстың екі томдығы шықты. Ең таңдаулы айтыстар бойынша он
алты бейне таспа шықты. Қысқасы, отбасымызбен осы өнерге
бейімделіп алдық. Ендігі міндет – Мəскеудегі айтысты республикаға
тарайтын арнаның бірі арқылы жұртқа көрсету.
– “Хабардан” неге көңіліңіз қалды?
– Неге? Мен айтысты “Хабардан” бергім келмей отырған жоқ.
“Хабардың” басында отырған Дариға Назарбаева “Асар” партиясының
адамы да басты демеушіміз Амангелді Ермегияев “Отан” партиясын
басқарып отыр. Екеуінің арасындағы саяси оқиғалар айтысқа
салқынын тигізбесін деймін. Əйтпесе, айтысқа біздің министрлік де
үлкен қамқорлық жасап отыр. Министр Есетжан Қосубаев та айтысты
Мəскеуге апаруға, Мəскеуден теледидар алуға кəдімгідей қол ұшын
берген. Қалайда, бұл айтысты халыққа кең тарайтын арна арқылы
беруді көксеп отырмыз. Əйтпесе, айтыс даяр өнім, бəрібір далада
қалмайды.
– Əңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан: Айнаш ЕСАЛИ,
“Егемен Қазақстан”
МƏСКЕУ-АЛМАТЫ жүрдек пойызы.
«Алаш айнасы» газетi мен Қазақ радиосының бiрлескен жобасы
«Айтөбел» хабарының жазбаша нұсқасы
Авторы: Едiл Анықбай
Жүрсін ЕРМАН, ақын, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың
лауреаты:
Айтысты 2013 жылдан бастап ЮНЕСКО қаржыландырады
дегенді естіп,
қуанып отырмыз
– Жүрсін аға, ел Тəуелсіздігін еш нəрсемен теңестіре
алмайтынымыз белгілі ғой. Сіздің көзіңізбен Тəуелсіз 20 жылға
қарап көрсек...
– Тəуелсіздіктің 20 жылын бастан кешіріп жатырмыз. Жанжағымызға қараймыз, қазақ қоғамында болып жатқан құбылыстарға,
оқиғаларға осы қоғамның мүшесі, азаматы ретінде анда-санда ойкөзіңмен шолсаң, қазақтың олжасы – неше ғасырлық тарихы бар
халықтың бұрын маңдайына бітпеген ең бақытты кезеңінің қадіріне
жетіп отырған жоқпыз деп ойлаймын. Неге десеңіз, мен ел-жерді көп
аралаймын, биылдың өзінде Қазақстанның төрт бұрышына түгел
барып қайттым. Халықпен кездесемін, оқиғалардың ортасында
жүретін сияқтымын. Ойланып отырсам, Тəуелсіз 20 жыл – Қазақ
мемлекетінің ең қызық дəурені бастан өтіп жатыр. Арғы тарихымызды
шолмай-ақ, осы күнге жету үшін кеше қаншама Алаш азаматтарының
басы кетті. Бұл уақыт – Тəуелсіздігіміз еншімізге тиіп, ұлт болып
ұйысып, оң-солымызды түгендеп жатқан жылдарымыз. Қызық деп
отырған себебім – осы. Мəселен, қанша айғайлап шулағанмен, қазақ
тілі даму үстіндегі кезеңді бастан кешіріп жатыр. Біз жоқ-жітігімізді
түгендеп жатырмыз. Рухани еңсемізді тіктеп, жан-жағымызға қарап, ел
екенімізді сезініп, ұлттығымызды ұғып, өндірісте, саясатта, рухани
өмірімізде, қай салада болсын «неміз жетіспей жатыр, қайтсек,
жаһанданудың жұмырына жұтылып кетпейміз?» деп елдің ойланатын,
бас көтеретін азаматтары, зиялы қауымы бəрін түгендеп жатқан
кезімізде Тəуелсіздіктің қадірін білмегендіктен, көптеген келелі
мəселелерді айқай-сүреңге ұластырып, байбаламға барып жатқан
жайымыз бар. Осы менің қарнымды ашырады. Қалай десек те, əлемдегі
200 мемлекет болса, соның ішінде жер көлемі жағынан 9-орындағы
алып мемлекетпіз. Бұл өзінен-өзі бола қалған жоқ. Ата-бабамыздың
осы жолда ажал жастығына бас қойғанын білеміз. Сөйте тұра,
Тəуелсіздікті құрметтеу, төбеге көтеру бізде əлі аяқасты. Мұстафа
Кемал Ататүрік: «Түрік болғаныңа қуан, түрік болғаныңа мақтан!» –
десе, біз ұлттық идеямызды іздегенімізге қанша жыл болды? Əлі таба
алмай жатырмыз. Қай ұранның төңірегінде басымызды біріктіріп, қай
идеяның төңірегінде ұлт болып ұйысуды əлі шеше алмай келеміз.
Бірінші орынға қай мəселені қоюды білмей жатырмыз. Осының кесірі
өсіп келе жатқан жас ұрпаққа тиіп жатыр деп ойлаймын. Неге біз өз
тарихымызды түгендеп болған жоқпыз? Ақтаңдақ беттеріміз бастан
асып жатыр. Алысқа бармай-ақ кешегі Абылай хан заманынан бері
қарай алып қарасаң, шындықты айтып болған жоқпыз. Ал шындықты
айту өзімізді-өзіміз тану үшін, бойымызды биіктету үшін керек-ақ еді.
Менің жеке пікірім, тарихымызды түгендей алмай жатқан себебіміз:
біздің тарихымызды кешегі кеңес дəуірінің оқулықтарын жазған
тарихшылар түзіп жатыр. Кемел, еркін, əлемдік масштабта ойлай
алатын тарихшыларымыз əлі қалыптасып болған жоқ. Бұрынғы
методологияда ойлайтын тарихшылар орыстың ыңғайында жазылған
тарихты қайтадан көшіріп, əр жерін түзеп, қазақтың тарихын
жасағысы келеді, бірақ бұл толыққанды, еркін, арғы-бергіні шолған
тарих емес. Тілге келейік... Неше түрлі басқосулар, митингілер өткізіп
біраз азаматтарымыз жүгіріп жүр. Мен солардың бірен-саранына
қатыстым. Шын мəнісінде, ешкімнің тілге жаны ашып жатқан жоқ.
Тілді сылтау етіп, тілді ұранға айналдырып, өзінің жеке басының
ұпайын түгендеуді түпкі мақсат еткен азаматтарды көресің. Халыққа
жақсы көрінсем екен, қайраткер болып танылсам екен деген есептен
тілдің ұпайы түгенделмейді. Қазір ең бір өткір мəселеміз тіл болып тұр
ғой. Қазақтың тілінің көші өрге жүрмесін деген басқа ұлттың өкілін
көрмейсің. Өзімізге өзіміз мəселе туғызып, шаруамызды қиындатып
жатырмыз. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту қажет болса, ол –
биліктің əртүрлі деңгейінде отырған жергілікті əкім-қарадан бастап,
министрлік, парламентке дейінгі азаматтардың қолындағы шаруа.
Бірақ өзімізден-өзіміз көлеңкемізден қорқамыз: «Ойбай, анау не деп
қояды, мынау не ойлап қалады?» деп секем аламыз. Бірақ бізге «деп»
жатқан ешкім жоқ.
Кешегі ғасырдың басында Ахметтен, Əлиханнан бастап Алаштың
ғажап азаматтары, қайраткерлері болды. Солардың барлығы қуғынсүргінге, репрессияға ұшырап, өмірден өтіп кетті. Одан қалған
қазақтың қаймақтары, игі жақсыларымыз соғыс кезінде шығынға
ұшырады. Одан кейін де қудалаулар болды. Жалпы, тегімізді бүлдіріп
алған халықпыз. Оны біз өз еркімізбен істеген жоқпыз, уақыт, заман
солай болды. Қазіргі біздің байларымыз шын мəнісіндегі дəулеттілер
емес. Бұрынғы байларымыз арғы тегінен келген, сұрыпталып,
іріктеліп шыққан игі жақсылар еді. Ал қазіргі күнгі аспаннан түскен
байлықты иеленгендер, кешегі жекешелендіруде сыбайластықпен,
таныс-тамырмен, жемқорлықпен байып алғандар ар жағында, тегінде
жоқ болғандықтан, халыққа жаны ашымайды, ұлттың қамын
ойламайды. Міне, осыдан біраз келеңсіз жайттарға ұрынып отырмыз.
– Ұлтты ойлайтындай азаматтарды сол белгілі бір тетіктерге
əкелудің, сіздіңше, қандай жолдары бар?
– Ұрпақ алмасу керек. Кешегі кеңес кезеңінің көзін көргендердің
бəрі өмірден кетуі керек. Бұл – тарихи заңдылық. Қазір өсіп келе
жатқан жаңа қауым бар. «Мен қазақпын!» деп қуанатын жас буын өсіп
келе жатыр. «Балалар мен əкелердің проблемасы» деген Толстойдың
да, Абайдың да кезінде болған. Яғни «жаңа ұрпақ нашар» деген ой.
Бірақ олай емес. Ұрпақ алмасу үдерісін қазіргі тұста бастан кешіріп
жатырмыз. Жаңа айтқандай, «аспаннан түскен олжаға» ие болған
байлар, жалпы, қоғамның негізін құрайтын, қоғамның бағытын
айқындайтын дəулеттілер дейтін болсақ, билік пен байлық сондай
барды бағаламайтын, ұлт үшін не істеу керек екенін білмейтін, тек
қара басының қамын ойлайтындардың қолында тұрған кезде бізде
жөні түзу қоғам қалыптаспайды. Ол үшін уақыт керек. Біраз уақыт өте
келе Қазақстанның жаңа қазақтары келеді.
Бүкіл əлемнің тəжірибесіне қарасақ, қоғамның өмір сүруі үшін
оппозиция қажет. Мемлекет билігінің дұрыс қадам жасап отыруына
ықпал ететін, қателігін сынға алып отыратын осы оппозиция болуы
керек. Біздің оппозициямыздың ешбірінің туында қазақ ұлтының
мүддесі жазылмаған. Ешқайсысының жарғысында қазақ ұлтының түп
буынын түзеу көзделмеген. Əйтеуір, билікпен жағаласу, ұпай жинау,
сайлаудан өтіп кету. Ал қазақ ұлты дүниежүзілік масштабта
кемелденген үлкен ұлт болсын, соның жарқын мақсаты жолында
былай жасайық, ұлттың мүддесін, ұлттың тілін, дінін, ділін қорғайық,
руханиятын өсірейік дейтін оппозиция жоқ.
– Жаңа бір сөзіңізде «қазір біз ұлттық идеяны, идеологияны
іздеу үстінде жүрген, əлі таба алмай жүрген халықпыз» деп
қалдыңыз. Сіздің ойыңызша, ұлттық идеология қандай болуы
керек?
– Ұлттық идея мен ұлттық идеологияның қандай болатынын
білетін болсам, мен қазір осында отырмас едім. Осы ұлтқа жаны
ашитын азаматтардың басы бірігіп, көтеретін ұранды табу мəселесі
ғой. Бірнеше идея ұсынылды. Оның ешқайсысы жалпы ұлттың
мүддесін білдіре алмай жатыр. Идея сөз жүзінде қалай аталғанымен,
қазақ дейтін ұлттың мəңгі жасауына, оның еңсесінің биік, рухының
жоғары болуына қызмет ететіндей идея болуы керек қой!
– Сол идеяны соңғы кезде біз де айтып жүрміз: «мəңгі ел болу,
мəңгі Тəуелсіз қазақ мемлекетін құру». Ал осыны идея деп алуға
бола ма?
– Біз қай ұранды туымызға жазып алсақ та, қазақтың мəңгілік
мүдделеріне қызмет ететін идеяларды табуымыз керек. Мүмкін, ол
бірнеше идеяның қосындысы шығар?! Ең қызығы, осыны іздеу үдерісі
жүріп жатыр. Əсіресе жаңа өсіп келе жатқан жас қауымның санасы
еркін, ойы азат, білімдері жоғары. Біз əлемдік көшке ілесетін болсақ,
алдыңғы қатарлы елдердің құпиясын да білуіміз керек, білімін де,
ілімін де меңгеруіміз керек. Солайша жаңа қазақтың білім сапасы
жоғары қауымы қалыптасуы керек. «Болашақ» бағдарламасымен неше
мың адам бүгінге дейін шетелде білім алды, ішінде бірен-саран ғана
«шіріген жұмыртқалар» бар шығар, ал көбісі – еркін дүниені көрген
жандар. Кешегі кеңес дəуірінде шетелге шығу шектеулі болды. Мен
1986-жылы шетелге бірінші рет шықтым. Сонда шетелдің
əуежайындағы тазалықты, тəртіпті көріп, шалқамнан түсе
жаздағанмын. Дамыған технологияның жетістіктерін көріп, «Біз сонда
қай қоғамда өмір сүріп жатырмыз жəне несіне өмір сүріп жатырмыз?!»
–деп ішім оттай күйген кездер болды. Ал қазір əлемдік өркениеттің
барлық жетістіктері Қазақстанда бар. Ғаламторлық жүйе де, халыққа
қызмет көрсету жүйесі де, кəсіпті дамыту жолдары да – бəрі бар. Біз
кемелдену үстіндеміз. Қазақ мемлекетінің болашағы жарқын
екендігіне ешкім күмəнданбауы керек.
– Жеке басты ойлау, қалтаның қамына көшу, ақша бəрін шешеді
деген түсінік жайлап бара жатқан сияқты...
– Бұл – жабайы капитализмнің алғашқы белгілері. Бұрын кеңестік
құрылымның аясында болдық та, жеке бастың қамын ойлау, жеке
дəулетті күйттеу мəселесі бізде болған жоқ еді. Аяқастынан келген
еркіндік, экономикалық-нарықтық қатынастар бізді теңізге лақтырып
жіберді де, басымызға қонған еркіндіктен есімізден танып қалдық. Əлі
есімізді жия алмай жатырмыз.
– Қазақстаннан алғаш қажылыққа сапар шеккенде, сіз алдыңғы
лекпен барған азаматтардың бірісіз. Бүгінгі күні – діннің мəселесі
өте ушығып тұрған кезең. Осы тұрғыдан келгенде, дін туралы не
айтарыңыз бар?
– Бұл – ең жанды ауыртатын мəселе. Біз атам заманнан бері дəстүрлі
мұсылмандық дінді ұстанған, дінді фанатизмге айналдырмай,
тұрмысымызға бейімдеп, қажетті деңгейде иманымызды түгендеп
жүрген халық едік. Қазір сан тарау, айырық жолдың үстінде отырмыз.
Кешегі дінге, діни тыйымдарға қатысты қабылданған заңның тууында
да осындай түрткі бар. Бірақ біздің осал тұсымыз сол – діннің дұрыс
бағытын насихаттайтын уағызшылардың жоқтығы. Қазақстан Діни
басқармасының уағызшыларынан бастап, осы іспен ресми айналысу
керек. Биыл мен Қадір түнін қарсы алу үшін Алматыдағы бір мешітке
немеремді ертіп барып, екі-үш сағат уақытымды өткіздім. Мінбеге
шығып сөйлеген мүфтияттың адамдарының халыққа айтып отырған
сөздерін естісеңіз, қарныңыз ашады. Өзі мұсылман дінінде төрт мəзһаб
бар. Соның ішінен қазақтардың еншісіне тигені Əбу Ханифа мəзһабы –
Алла тағаланың ақ жолымен жүруге үйрететін жол. Пайғамбар жержерге мұсылманшылықты таратуға сахабаларын жібергенде «Дінді
зорламаңдар. Барған елдеріңнің халқының тұрмысына бейімдеңдер»
деген хадисі бар. Соған орай, біздің ата-бабаларымыз ұстанған дін
қазақтың көшпелі тұрмысына, психологиясына, тарихына байланысты
қалыптасқан. Ал бүгін неше түрлі секталар пайда болды. Санын айтса,
шошисың. Қазақстанда басқа елдерде сыймаған сектанттар, діни
ағымдардың барлығы емін-еркін көсіліп жүр. Олар халықтың санасын
əбден улап болды. Дұрыс жол сілтейтін адам жоқ. Діннің шын
ғұламалары дұрыстап насихат жүргізсе болар еді. Жастардың дінге
деген ықыласы жоғары, бірақ соларды дұрыс жолға салатын шариғат
айтушылар жоқ. Сопылық деген немене, салафиттер кім,
уахабиттердің ерекшелігі неде екенін анықтап айтып, ортақ пəтуаға
келтіріп, дұрыс уағыз жүргізіп отырса, халық солай қарай бет түзер еді.
Мен алғашқылардың қатарында кіші қажылыққа барып келгенмін.
Дайындықсыз бардық. Дегенмен қасиетті жерге аяғың тиісімен-ақ,
Алла тағаланың алдына келіп қалғандай сезімді бастан кешіресің.
Содан ойлана бастайсың: «Діннің орны неде? Діннің маған беретіні не?
Менің дінге беретінім не? Діннің маған керегі бар ма, жоқ па? Қайтсем,
тиянақ табам?» Бүкіл əлемдегі ақылды бастардың бəрі тура жолды
іздейді. Мүмкін, осы сөзім кейбіреудің көңіліне тиер, десе де
Қазақстанның Діни басқармасы осы дұрыс жолды уағыздау міндетін
атқара алмай отыр. Мəселен, мені ғаламтор бетінде салафиттердің
тізімінің қатарына қосып қойыпты. Мен салафиттердің қатарында
болу үшін олардың не ойлап, не қоятындарынан хабардар болуым
керек. Ата-бабамыз ұстанған діннен не айырмашылығы бар екенін
білуім керек қой. Оны біліп жатқан ешкім жоқ.
– Бірақ тізімде жүрсіз?..
– Тізімде жүрміз. Шамасы, біздің атымыз керек болған ғой. Бұл –
əншейін қолдан қорқынышты нəрсе жасау. Құбыжық жасау.
– Өз сөзіңізде айтып өткендей, соңғы кезде есімі елге белгілі
тұлғаларды осындай тізімдерге қосып қоюдағы негізгі мүдде мен
мақсат қандай?
– Өз тарапымнан айтар болсам, қатысы жоқ адамдарды да қосу
арқылы қолдан қорқыныш жасау. Мұның бəрі – біздің қоғамдағы алақұлалықтың нəтижесі, сара жолға түсе алмағандығымыздың көрінісі.
Қазір ақиқатты іздеу үстіндеміз. Л.Толстой «Ақиқат іздегендердің
бəрінің табан тірейтін жері – мұсылман діні» деп айтып кеткен. Осы
жолдан əрбір адам өтіп, мұсылман дініне табанын тіреуі керек. Сол
табан тіреу жолындағы ізденістеріміз – қазір ұлтаралық жағдайда.
Сара жолды ешкім нұсқап отырған жоқ. Мүфтияттың жұмыс істейтін
жері – осы мəселе. Діннің ақиқаты қайда? Оны қалай ұстауға болады?
Оны қалай қызметіңмен, тұрмысыңмен байланыстыруға болады?
Қайткенде дұрыс жолды тауып алуға болады?
Мен өзім қазір ақиқатты іздеу үстіндемін. Менің ата-бабамның
ұстанған жолы бізге қан арқылы, ген арқылы берілген. Соны ұстайын
десең, қазір əртүрлі «қисық» уағыз айтушылар сенің сеніміңе селкеу
түсіреді. Қай жаққа қарай қадам басарын білмей, сандалыс үстінде күн
кешіп жатқан адамдар көп.
– Ал енді өзіңіздің нағыз салаңыз – поэзияға келсек, аға. Бүгінгі
Тəуелсіз Қазақ мемлекетіндегі поэзияның беталысы, бағыты, үні
қалай деп ойлайсыз?
– Бұл – өзі қанша айтсаң да, таусылмайтын тақырып. Қазір, міне,
Швецияда əлемдегі ең жоғары сыйлық – Нобель сыйлығына
үміткерлерді анықтап жатыр. Əдебиеттің бағасын беру ешқашанда
оңай болған емес. Көзі тірісінде Л.Толстойға берілмеген сыйлық еді,
қазір екінің бірі ала беретін болды. Биылғы номинанттардың тізімінде
Х.Мураками бар, орыстың Пелевині жүр. Бұлардың барлығы – қолдан
жасалған насихаттың құралдары. Төрт-бес жыл бұрын Пауло Коэльо
деген «əулие» де осы сыйлықты алды. Қазақтар туралы роман
жазыпты деп, Қазақстанға шақырды. Сондағы жазғанының ешқандай
эстетикалық лəззаты, айтарлықтай ойлары жоқ. Əншейін мықты
жарнама арқылы беделге ие болған жан. Дəл осындай үдеріс қазақ
əдебиетінде де жүріп жатыр. VII ғасырдан бастап қазақ əдебиетінің
тарихын барға санап келеміз. Неше түрлі сөзді асықша иірген, ойдың
тереңіне шомған ұлы тұлғалар қазақ əдебиетіне еңбек етті. Бірақ
олардың ешқайсысы өз уақытында бағасын алған жоқ. Қазір сол үдеріс
жүріп жатыр. Бірақ өзімізді өзіміз кемсіте беру маған ұнамайды. Бізде
бір жалған əдеби сын пайда болды. Бұл – нағыз «Күреңбай сыншының»
жоқтығынан болып жатқан нəрсе. Қай нəрсенің де əділ бағасы
берілмесе, құндылықтардың орны ауысады. Осы қазір біздің дəл қазақ
əдебиетінде сын айтатын адам жоқ. Ұйымдасқан теріс бағыттағы теріс
пиғылдар əдебиеттің мүддесін емес, жеке топтардың мүддесін
көздейтін əдебиет сыны белең алып бара жатыр. Бұл жаңадан қалам
ұстаған, енді қуатты кезеңге аяқ басқан жастарымыздың бағытын
ауыстырады деп ойлаймын. Неге?! Поэзияны алайық. Əдебиетіміз
кеңінен дамып бара жатыр десек те, бір жалған уайымға түскен
ағымдар пайда болды. Бұл уайым – кешегі Мұқағалидың уайымы емес,
Абайдың уайымы емес, адамзаттың уайымы емес. Жеке басындағы
күйбеңдерді негізге алған жасық өлеңдер біздің эстетикалық
талғамымызды əлсіретіп тұр. Өздері оқымаған Батыстың не
Шығыстың, əйтеуір, əр жерден аты еміс-еміс естілген авторларының
тізімін жасап алып, көрінген мақалаға тықпалап, соған сілтеме жасау
арқылы қазақ əдебиетінің барын жоқ деп мансұқтап отыратын үдеріс
жүріп жатыр.
Тіл туралы өзіндік бір ойым бар. «Қазақ тілі өлеңге жаратылған, екі
қазақтың бірі – ақын» деп жатамыз. Оның ар жағында ғылыми негіз
бар. Өйткені тілдің негізгі сөздік қоры зат есімдерден, тұйық рай
етістіктерден тұрады. Қазақ тіліндегі осындай сөздің негізін құрайтын
сөздердің барлығы ұйқастан жаратылған. Мысалы, жер, тер, шер т.с.с.
немесе бесік, есік, тесік т.б. Мұндай сөздерден құралған басқа тіл жоқ.
Адамзат атаулы мен Жер жаратылғалы бері қазақ халқы бар дейтін
болсақ, оған осындай қасиет берген. Бұл – басқа халықтардың еншісіне
бұйырмаған қасиет. Түркі халықтарының ішіндегі ең тілі таза қазақ тілі
дейтін болсақ, ол – əлемде мойындалған да нəрсе. Өлеңге жаратылған
қазақ тілі қазақты ақын етпей қойған жоқ. Екі қазақтың бірінің ақын
болуының себебі – сол. Солардың ішінен құдайдың ең назары
түскендері ғана поэзияның туын көкке көтеріп, сөзді асықша атып,
соның қызығын көріп, бір сөзге бір сөздің сəулесін шашып, нағыз ақын
болу бақытына ие.
Абай деген – тылсым, Абай деген – жұмбақ. Біз Абайды əлі игеріп
болған жоқпыз. Абайды əр ұрпақтың өкілі оқыған сайын жаңалық
ашады. Мырзатай Жолдасбековтің «Абайша күйіп, Абайша сүйе білу»
деген мақаласы шыққан. Соның ішінде осының бəрі айтылған. Мен
соған толықтай қосыламын, Абайда тылсым бар.
– Мынадай пікір бар: əншілер той-томалақта екі əнді
фонограммамен айтып, мыңдаған доллар алады дейді. Содан
кейін ақындарға да айтатын осындай мəселе шығып жатыр.
Мəселен, бір мүшəйраға шығады да, қомақты қаржы алады
дегендей. Ал прозашылар, ойшылдар еңбегі бағаланбай жатыр
деседі. Осыған айтар қандай пікіріңіз бар?
– Біріншіден, жүлдесі көбейсе, қалам ұстағандарға жақсы нəрсе.
Өйткені өнер өз бағасын алып жатыр деген сөз. Бірақ «шын мəніндегі
таланттар бағасын алып жатыр ма, жоқ па?» деген сауал – екінші
мəселе. Қазақ сөздің қадірін білген халық ретінде əділі қайсысы екенін
əрдайым іштен болжап, біліп отырады. Өзім жүлдеден кенде қалып
жүрген жан емеспін, десе де көп нəрсені көзім көріп отыр. Бəйгесі
əділдікпен беріліп жатқан мүшəйралардың қатары аз. Əдебиеттегі
сыбайластықтың жемісі ішті күйдіреді. Біз орыс тілін білу арқылы
əлемдік əдебиеттің де тамырын ұстап отырмыз деуге болады. Көп
дүние орыс тіліне аударылады. Орыс тілін білесің, оқисың, танисың.
Біздің қазіргі қазақ поэзиясының ғана емес, қазақ прозасының да кемел
туындылары бар. Ортамызда жүрген ғажайып қаламгерлеріміз бар.
Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Софы Сматаевтан бастап бүгінгі
жастарды атасақ та, ғажайып туындыларды жазып жүргендер
баршылық. Жақында ғана Таласбек Əсемқұловтың «Тал түс» деген
романын оқып шықтым. Неше күнге дейін сол оқыған дүниемнің
əсерімен жүрдім. Себебі кешегі өзіміз бастан кешірген ауылдағы
тұрмыс, жалаңаяқ балалық шақ, бастан кешкен жайттар, ата мен
баланың арасындағы қарым-қатынас, дəстүрлер сабақтастығы – соның
барлығы маржан сөздермен жазылған. Бұл романның концептуалды
мəселелері, фабуласы, құрылымында кемшіліктер болуы мүмкін. Бірақ
кешегі өмірді көз алдыңа мөлдіретіп əкелгенде, сол өмірді бүгін бастан
кешіп жатқандай əртүрлі ойларға жетелейді. Осындай талантты
туынды қазақ əдебиетінде көп-ақ.
– Сіз «тілге жаны ашып жүргендерді көрген жоқпын, тек
абырой жинап жүр» дейсіз. Сосын «шариғат жайлы айтатын
ғұлама шариғатшылар жоқ» дедіңіз. Ал бүгінгі əдебиетте,
поэзияда əділ бағасын беретін əділқазылар жоқ дейсіз. Сонда
əңгіменің көбі «жоққа» тіреліп тұр. Бірақ осы күнге дейін біраз
адамдармен əртүрлі тақырыптарда əңгімелесіп келе жатырмын.
Кіммен əңгімелессем де, «əділдік жоқ» дейді. Мəселен, сіздің əділет
іздегіңіз келіп тұрады. Осының бəрін қорытындылап келгенде
бізде əділет бар сияқты. Бірақ сол «бар» көрінбейді. Неге? Сөз бен
істің сəйкестігі, сəйкессіздігі деген осы жерден шығатын тəрізді...
– Бұл өмірдегі əділетсіздіктің барлығы – əлеуметтік-экономикалық
өмірдегі əділетсіздіктің жалауы. «Жоқ, жоқ» деп ауызды қу шөппен
сүртіп отырғам жоқ. Осының бəрі – іздену, ақиқатты іздеу процесі.
Мұны əр адам жеке басынан да кешіреді. «Жоқ» деп отырғанымыздың
өзі – жақсылық. Барға қанағат етпеу, барды місе тұтпау. Осының өзі
бүгінгі қоғамдағы бастан кешіріп отырған заманның жақсы жағы деп
қуану керек. Яғни тоқмейілсінбеудің көрінісі, өмірдің ары қарай даму
күші. Сондықтан бұл сөздерден жамандық іздеудің қажеттілігі жоқ.
– Дұрыс екен, аға. Енді айтыс өнеріне келсек, сіз айтыс өнеріне
еңбегіңіз сіңген жəне көптеген айтыс ақындарын дайындаған
азаматсыз. Осынау қазақтың төл өнерінің бүгінгі жайын сөз
етсеңіз?..
– Американдық Уора Кинд деген журналист бар. Жиырма минуттық
бір циклды хабарларды бес жыл үздіксіз жүргізгені үшін жақында
Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ал менің айтыстың телевизиялық
нұсқасын дайындап келе жатқаныма жиырма сегіз жыл болды.
Рекордтар кітабына енбесек те, осы шаруаның отымен кіріп, күлімен
шығып, ыстығы мен суығын көріп келе жатырмын. Мен бұған өкініш
айтқалы отырған жоқпын. Айтыс – ауыз əдебиетінің үлгісі, фольклор.
Өркениет дамыған кезде өркениетпен бірге ауыз əдебиетінің
үлгілерінің бəрі жойылып, сахнадан кетуі керек. Барлық елдерде солай
болды. Айтыстың көптеген елдердің əдебиет тарихында болғаны
анық. Кешегі М.Əуезов айтқан арабтардың мұғаллакаты да,
немістердің айтысы да, норвегтерде де, түріктерде де болған. Соның
барлығы сахнадан кеткен кезде қазақтың айтысы сақталып қалды.
Міне, парадокс. Бірақ айтысқа деген сұраныс, қажеттілік əлі басылған
жоқ. Тіпті жылдан-жылға өршіп келеді. Себебі қазақ халқының қазына
байлығының бүгінгі заманға қызмет ету мүмкіндігінің молдығынан
болып отыр. Біз айтысты дала демократиясының көрінісі дейміз.
Айтыс ақиқатты айтады, қоғамға пікір туғызады. Ойды қозғайды, бұл –
халықтың санасын ерітеді. Осы ең қызық шығармашылық үдеріс
халықтың көз алдында жүріп жатқандығы айтыстың бағасын
арттырады. Мен өткен ғасырдың 90-жылдары бұл айтыс келесі
ғасырға бармайды деп ойлайтын едім. Өйткені қазақ тілінің бағы
байланып, тілі күрмеліп, бетіміз басқаға бұрылып жатқан кезең еді.
Енді, міне, Тəуелсіздіктің арқасында қазақ тілінің қайтадан бағы
ашылды. Халықтың беті қайтадан өзінің тіліне, дініне, тегіне қарай
бұрылған кезде айтыс қайтадан қызуқандылықпен халыққа қызмет
ете бастады. Енді осыны дұрыс пайдаланып отырмыз ба, жоқ па?
Дұрыс пайдаланбаған кездеріміз көп. Айтыста ақиқат айтылмаса,
шаншу сөз айтылмаса, биліктегілердің болсын, қолында барлардың
болсын, шамына тиетін сөз айтылмаса, ол айтыс қызық болмас еді.
Қоғамды қобалжытып отырған ойларды қозғап айта алмаса, айтыс
ешкімге қажет болмас еді. Əділетті миссиясы арқылы айтыс қоғамға
қажет болды. Бірақ соны біздің мемлекетіміз, қоғамымыз əлі де дұрыс
пайдалана алмай отыр. Осыдан екі-үш күн бұрын бір жақсы хабар
жетті. Айтыс бекзат өнер ретінде БҰҰ-ның ЮНЕСКО комиссиясының
бағдарламасына алынып, 2013 жылдан бастап ЮНЕСКО арқылы
қаржыландырылады деген хабар құлағымызға тиіп, қуанып отырмыз.
Енді бұл қырғыздың «Манасы» сияқты халықаралық деңгейде
қорғанысқа алынды деген сөз.
– Кешегі кеңес кезіндегі
айырмашылығы қандай?
айтыс
пен
бүгінгі
айтыстың
– Айырмашылығы жер мен көктей. Кеңес кезіндегі айтыс ол
бұрынғы айтыстардың жұрнағы ғана еді. Хандардың, билердің,
сұлтандардың заманында ешкім ақынның аузына қақпақ қоя алмап еді.
Кеңестік империя өзінің тарау-тарау əдіс-амалдары арқылы айтысқа
да цензура енгізіп, ақындардың сөзін күні бұрын қағазға түсіртіп алып,
оны бекітіп беріп, осыны ғана айтасың деп, идеологияға сай келетін,
соған керек сөздерді ғана айтқызатын нұсқау болды. Бірақ, əйтеуір, сол
кезеңнен де өтіп, айтыстың жұрнағы бүгінге аман-есен жетті.
Тəуелсіздік алған жылдары арғы дəстүрді көрген, халықтың арғы-бергі
дəстүрін білетін, айтыстың жөнін, жолын білетін Манап Көкенов,
Көпбай Омаров, Қалихан Алтынбаев, Көкен Шəкеев сияқты бірен-саран
ақындар келіп, айтыстың жөнін жаңа буынға көрсетіп берді.
Тəуелсіздік келгенмен бірге сөзімізге де еркіндік келді. Халық
болғасын, ел болғасын, еркін ойлы, сауатты, əлемдік жаңалықтардан
хабардар ақындардың жас буыны келді де, айтыстың мағынасын,
миссиясын мүлдем өзгертті. Айтысты халықтың қызметіне қойды.
Айырмашылық жер мен көктей деп отырғандығым – осы. Енді айтыс
билікке қажетті, қоғамдық құрылысқа қажетті сөзді емес, ұлтқа
қажетті, халыққа қажетті сөзді айтады. Осыдан айтыстың қадірі артып,
ғұмыры ұзарып отыр.
– Осы айтыс болашақта биліктің кем-кетігін түзеп беруге,
халықтың санасын оятуға қызмет ете ала ма?
– Қызмет етеді. Маған: «Осы айтыс арқылы сендер қандай мəселені
шештіңдер?» деген жиі сауал қойылады. Мен айтыста мына мəселе
қозғалып еді, соның нəтижесі солай болды деп жекелеген мысалдарды
келтіремін. Бірақ айтыстың мақсаты – жеке мəселелерді шешу емес.
Айтыстың мақсат-мүддесі – қоғамдық пікір туғызу, халықтың ортасына
ой тастау, мəселені қою. Ал содан қандай қорытынды жасалатындығы
– ол қоғамның өз мойнындағы парыз. Қолында биліктің қамшысы бар
кез келген азаматқа ой салып, көкірек көзін ашу міндетін айтыс
атқарып отыр. Қазақ бар жерде айтыс өлмейді. Айтысқа балама жоқ.
Айтыс бұл – көпшілік болып көретін, қызықтайтын, халықтың басын
біріктіретін, ұйымдастыратын, бір бағытқа, үлкен идеяға жетелейтін
аса қуатты құрал.
– Жүрсін аға, тың идея, ұлағатты ұсыныстарыңыз болса,
əңгімемізді сонымен аяқтасақ...
– Менде бір ғана қорқыныш бар. Бұл əр саналы қазақтың жүрегін
ауыртатын қорқыныш қой деп ойлаймын. Ұрпақ жалғасып, олар
кешегі ата-бабалардың дəстүрін, намысын бойына сіңірген жаңа ұрпақ
өмірге келіп, жақсылықтарға жол ашылуы керек. Бірақ біз кеңес
кезіндегі тұралап қалған қалпымыздан арылып болған жоқпыз.
Ұрпақтың қамын ойлауға мұршамыз келмей жатыр. «Қайтсек,
қатардан қалмаймыз, қайтсек, тұрмысымызды түзейміз?» деп
жүргенде қазақтың ұлттық сапасын жақсарту үдерісі ұзаққа созылып
бара жатыр. Бұл – қорқынышты нəрсе. Қолында барлар «Өмірдің
өткінші игіліктерін көріп қаламыз» деп жүргенде, олардың ұлы мен
қызы басқа, теріс, қазақ мүддесіне қызмет етпейтін жолға түсіп кетпесе
екен деп ойлаймын жəне мұндай жағдайларды көзімізбен көріп
отырмыз. Үйіңде қазақша сайрап, қазақша əн салып, сенімен қазақша
сөйлесіп жүрген балаңды қазақ балабақшаларына берсең, үш күн
өткеннен кейін орысша сөйлеп келеді. «Балам қазақ болып шықсын»
деп қазақ мектебіне бересің, бірақ тағы да орысша сөйлеп келеді. Бұл –
аса қорқынышты нəрсе. Өйткені өзінің жоқ-жітігін іздеп, түгендеп,
егеменді, тəуелсіз, саналы, сапалы ұлт болам деген халықтың ұрпағына
телінетін жақсы қасиет емес. Жаһандану үдерісі жүріп жатыр. Бізге
сырттан саналы түрде əсер ететін күштер көп. Солардың арбасына
жегіліп кетпесе екен деп қорқамын. Менің уайымдайтыным – осы.
Басқа жоқ-жітіктің бəрі түгенделеді. Бүгін егініміз орылмай жатса,
ертең бір жөні болады, көміріміз аз болса – қазылады, етіміз аз болса –
сойылады, суымыз шығады. Ал ұлттың рухани сапасы азбаса екен,
дұрыс жолдан айнымасақ екен деп тілеймін. Алладан соны сұраймын.
– Уақыт бөліп əңгімелескеніңізге рақмет!
«Айтысты мемлекеттің қамқорлығына алуы жақсылықтың
нышаны...»
Жүрсін ЕРМАН, ақын, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері:
– Жүке, мемлекет тарапынан екі жыл бойы жабылып, сол
мемлекеттің қолдауымен қайта ашылуын айтыстың жеңісі деуге
бола ма?
– Айтыстың қайта ашылуы тікелей Елбасының пəрменімен болды.
Желтоқсан айында Астанада Мəдениет министрлігінің қолдауымен үш
күнге созылған «Тəуелсіздік тағылымы» дейтін тақырыпта айтыс өтті.
Мұны айтыстың жаңадан халықпен қауышуы деп есептеп отырмыз.
Оған дейінгі 27 жылдың ішінде там-тұмдап өзінің күнін көріп,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алыстан жəне жақыннан - 09
  • Parts
  • Алыстан жəне жақыннан - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2738
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    43.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 02
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2611
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 03
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2403
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 04
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2447
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 05
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2377
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 06
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2408
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    36.7 of words are in the 5000 most common words
    43.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 07
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2369
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 08
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2098
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 09
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2095
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    46.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 10
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2190
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 11
    Total number of words is 3828
    Total number of unique words is 2270
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 12
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2453
    27.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 13
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2420
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 14
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2357
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 15
    Total number of words is 3724
    Total number of unique words is 2536
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    33.2 of words are in the 5000 most common words
    39.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 16
    Total number of words is 3909
    Total number of unique words is 2501
    25.1 of words are in the 2000 most common words
    35.9 of words are in the 5000 most common words
    42.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 17
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2404
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    46.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 18
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2483
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 19
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2383
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 20
    Total number of words is 4116
    Total number of unique words is 2436
    28.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 21
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2493
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.