Latin Common Turkic

Алыстан жəне жақыннан - 12

Total number of words is 3890
Total number of unique words is 2453
27.5 of words are in the 2000 most common words
41.1 of words are in the 5000 most common words
47.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бар ма? Сіздің ақындығыңыз көп ақынға қарағанда көшілгері ғой,
аға.
Шынар, Екібастұз
– Бүгін өзіме «Енді қалған ғұмырымды жеке шығармашылығыма
арнаймын» деп уəде бердім. Бірер айдың ішінде «Анарыс» баспасынан
бір томдығым жарыққа шығуы керек. Сонымен əуремін.
– Қиналған, ашуланған кезде өзіңізге қалай басу айтасыз?
Дəулет, Төңкеріс ауылы, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы
– Абай «Бəрі өтпелі болса, жаманшылық неге тұрақтап қалады деп
ойлайсың?» деген. Абайдан барлық нəрсенің шешімін табуға болады.
– Заманауи адамсыз ба, аға? Смс туралы жазғаныңызды оқып,
«Бұл кісі де смс жазады екен ғой» деп таңғалғанмын...
Зейнет Шолақова, Ақтау
– (Күлді). Заманға қарай бейімделген дұрыс қой... Смс жазудың
ұстасымын. «Күлтөбеден» оқығансың ғой: Ұялы телефонның хат жазу
мүмкіндігін кеңінен пайдаланып жүргендердің бірі мен шығармын. Бір
ғажабы, біреулердің маған жазған хаттары да, менің біреуге жазған
хаттарым да арнайы өшіріп отырмасаң, телефонның жадында
жиналып тұра береді екен. Қайталап оқысаң, өткен өмірің есіңе түсіп,
санаңда жаңғырып, сол сəттерді қайтадан басыңнан кешкендей
боласың. Тағы бір қызығы, хаттарды өлеңмен жазғанға ештеңе
жетпейді. Əсіресе, таңы өлеңмен атып, күні өлеңмен бататын,
айналасын ақындар қоршаған мен сияқты кісіге өлең-хаттардың қадірі
бөлек». Қарындасым, жасың ұлғайған сайын дүниеде болып
жатқанның бəрі жүрегіңе əсер ете береді...
– Тағы бір сұрақ. Кейінгі қазақ киноөндірісінде бірде датталып,
бірде мақталып жүрген кинорежиссер Ермек Тұрсынов «мен қазақ
жазушыларын оқымаймын, оқитын түк жоқ. Ақындардан Жүрсін
Ерманның өлеңдерін оқимын» дегенін оқып, таңқалдық. Ол кісінің
шығармашылығына көзқарасыңыз қалай, өзі?
Ермек Тұрсынов осыдан жиырма жылдай бұрын менің жыр
кітабымды менімен келіспей ақ орысшаға аударып əкеп берген еді
(жариялаған жоқпын). Қазір қазақ киносында құбылыс тудырып
жүрген бұл талантты адамның ең үлкен айыбы – асығыстық. Өйткені,
қазақ қоғамы Ермектің ойларының биігіне шығуға əлі дайын емес. Ол –
креативті ойдың адамы. Əлі бағасын алады.
«Қай жерде, мейлі қай елде,
Əлемнің мəні – Əйелде.
Шын мықты болсаң, оныңды,
Əйелге барып дəлелде!
...Əйелсіз қонды бақ қашан?
Əйел деп түстік отқа сан.
Əлемнің тілін таппайсың,
Əйелдің тілін таппасаң!» – деген өлеңіңізді отырыстарда жиі оқып
беремін. Өзіңіз əйеліңіздің қадіріне жеткен ер-азаматсыз ба? Бір
бағдарламада «отбасында əйел бастық қой» деп күліп едіңіз...
Шалқар, Шымкент
– Дұрыс, айналайын. Осы «Əйелге ода» деген өлеңге жақында бір
шумақ қостым.:
Қазақтың жөнсіз нақылы,
Болсаң да əлем ақыны.
Жетеді билеп – төстеуге
Əйелдің қысқа ақылы.
Оған қосарым: Қасым Аманжоловтың мерейтойындағы мүшайрада
ынталандыру жүлдесін алған «Қасымның жары» деген өлеңімде
мынадай жолдар бар:
Торғын деп киіп ескі көйлекті,
Қасыммен бірге кешті бейнетті.
Тарпаңдау ақын тарыққан жардың
Кейіген сөзін естімей кетті.
Қосылып үні егіз бұлақтың,
Жемісін халал жегізді бақтың.
Сегіз жыл бірге кешірді ғұмыр,
Салтанатындай сегіз жұмақтың.
Сөзбенен сомдап таза сымбатын,
Жүрекке мəңгі жазасың ба атын.
Ақылман əйел – ақынның бағы,
Ақынның соры – мазасыз қатын!
– Мен сіздің жерлесіңізбін, аға. Сізді мақтан тұтамын. Айтысқа
араша болып жүрген жанашырлығыңызға тəнтімін. Айтыстың
тағдыры не болды, аға?
Кəусар, Ұлытау ауданы, Қарағанды облысы
– Рахмет, Кəусар! Айтыстың тағдыры бұдан əрі не болатынына
менің көзім жетпейді. Кеше аяқталған «Ел. Елбасы. Астана» атты
айтысқа ешкім қол созбай, ақын бауырларымның алдаспан сөздері аяқ
асты болған соң, мен де өз жөніме кеткенді жөн көрдім. Ел іші ғой,
біреу болмаса біреу бұл істі əрі жалғастырар. Мен қажыдым.
– Жүрсін аға, Еркін Нұржановтың орындауында Сіздің өлеңіңізге
жазылған:
Сен сенгенім,
Сенсіз жерде түседі еңсем менің.
Қапияда көз жазып қалам ба деп,
Көтере алмай еңсемді кемсеңдедім, – деп басталатын тамаш бір
əні бар, ұлыңыздың жалғыздығы жаныңызға батпай ма?
Перзенттеріңіз туралы...
Зере, Алматы
– Бұрынғылар «Жалғыз ұлы бардың шығар-шықпас жаны бар, Екі
ұлы бардың өкпе-бауыр жалы бар, Үш ұлы бардың Самарқан мен
Бұхарада малы бар, Төрт ұлы бардың аспанға салған жолы бар» деп
бекер айтпаған. Жалғыз ұлы бар əкенің жүрегі басқаларға қарағанда
бөлектеу, шырағым. Қайтсем соны жетілдіремін деп шыбын жанын
шүберекке түйіп, аман болса екен, қиналғанын Алла көрсетпесін деп
тілінген жүректің, бақытты болуын сұрап, Жаратқанға артқан тілектің
өлшемін қандай таразы өлшей алардейсің?! Перзенттерім қарапайым,
əрқайсысы əупіріпдеп өз шаруасын атқарып жүр. Бір қызым
режиссерлік қызметін атқарады. Екінші қызым тіл мен əдебиет
маманы. Қазір шағын кəсіппен айналысады. Жалғыз ұлымның
мамандығы – дипломат. Қазір өзінің біліктілігінің арқасында үлкен бір
мекемені басқарып отыр. Жалғыз болса да еркелеп, атымды
пайдаланып, маған сөз келтірген жоқ. Шүкір, немере сүйдіріп, ата
атандырып
отыр.
Бетіме
қарсы
келген
емес.
Құдай
жалғызсыратпасын!
Сұхбатты жүргізген
Əлия Құдайбергенова
«Абайдан қалған қалам аман болсын!»
Жүрсін ЕРМАН,
ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, республикалық кітап музейінің
директоры
– Ұлылық пен ұланғайыр ақпараттарды тоғыстырған
Қаламның құдіреті ұрпақты тəрбиелеудің, тектілікке баулудың
құралына айналғалы қашан. Сол қалам иесінің бірі өзіңіз
Қаламның құдіреті туралы қандай ой қозғар едіңіз?
– Осы жазу-сызудың қамымен жүрген соң, Қалам – біздің
тағдырымыздың қыл шылбыры, күрмеп байланған қазығымыз ғой.
Сол қазықты айнала береміз, айнала береміз...
Ыбырайдың музейінде кетпен тұр,
Қаламсап тұр музейінде Мұхтардың! – деген екенмін бір өлеңімде.
Ұлы Мұхтар Əуезовтың мұрасының қадірлісі – Қалам болса, бізге не
жорық?! Қазақтың қалам ұстағанының бəрі төредей көретін Қасым
ақын:
Қауырсынын қалам етіп ақ қаздың
Дүниені алдыңа алып хат жаздың, – деп, шалқып еді бір кезде.
Біз мектеп қабырғасында жүргенде қазіргідей өздігінен сиясы
тамып тұратын автоқалам жоқ, қаруымыз – сиясауыт (дəуіт) пен
қаламұш еді. Қаламұштың өзін қылбел, құмырсқа бел деп жіктеп,
əрқайсысын өзінше құрметтеуші едік-ау!..
Орыстар «Қаламмен жазғанды балталап өшіре алмайсың» десе, ұлы
шындыққа жүгінгені шығар. Əттең, біздің халықтың құрықты
қаламмен айырбастау үрдісі тым ұзаққа созылды ма, көп қазынамыз
құрдымға кетіп қалды. Есесіне, жан серігіміз болған домбыра көп
сөзімізді көмейіне құйып, жадына сақтап, Қалам дəуіріне аманаттап
əкеліп берді. Əлемнің еш халқында жоқ эпостарымыз үшін біз дəл осы
шешен домбыраға қарыздармыз. Адамдар ойының асыл қазыналарын
сығып айтатын терме-толғауларымыз да мəңгілік ғұмыры үшін
домбыраға борышты. Жұрттың жылтырағы болса, таңдайымызды
қағып, жалбақтап қалатын қазақы болмысымызды өзгертіп, өз
асылымызды ардақтауға бет бұрсақ, біз алдымен осы терметолғауларымызды төбемізге көтеруіміз керек. Бұлар – теңдесі жоқ
тамаша өнердің перзенті. Феномен деуге тұрарлық туындылар.
Тұрмағамабет Ізтілеуұлының кез келген термесі əлемдік поэзияның
қорына қосуға лайық деп білемін. Ал оның ар жақ-бер жағындағы Сыр
сүлейлерінің қай-қайсысы болса да Қаламның құдіретін сарқа
пайдаланған шын шайырлар еді.
Қалам – өлең жазуға ғана лайық құрал еді. Онымен жазбайтынымыз
жоқ. Қазір Қаламның қасиеті кеміген заман болып тұр. Кезінде
жазудың бейнетін бастан кешірмеген шалапұттар зейнетке шығып
алған соң ғана Қаламның құдіретіне жүгінетін дерт қоғамды жайлап
алды. Осындай жолдан қосылған жолбикелер маған жиі жолығатын
болды. Айтары жоқ болғанымен, айтағы көп осындай жазғыштардың
дүмбілез дүниелері қазір көктемгі қызыл судай ел ішін жайлап алды.
Қалам иелерінің құнын түсірген осындай кітапсымақтар талғамды да
бұзып барады. Оған тоқтау айтар кім бар?..
Жақында бəріміз басымызды шұлғитын ең үздік аға
ақындарымыздың бірі қартайғанда жорға шыққан кəрібоздың бір жуан
елі жинағына алғысөз жазғанын көріп, жағамды ұстадым. Басқанікібасқа, дəл осы классик ақыннан мұндай мағынасыз мінез көрген соң,
дауысыңды шығарып, айқайлағың келеді. Қаламның қасиеті қайда
қалды, ағайын-ау?!
Сап-сау қол, сап-сау аяқпен
Тұғырға біз де алаңдар!
Атадан қалған таяқ пен
Абайдан қалған Қалам бар! – деп жазамыз да, жалт бұрылатынымыз
қалай?
– Өзіңіз ашына сөз етіп отырған Қалам құдіретінің ұлттық
идеологиямызды қалыптастыруда қаншалықты орны бар?
– Қазіргі кезең – қазақ тағдырындағы ең бір күрделі, əрі қызықты
кезең. Тұңғыш рет тəуелсіз ел болып, кем-кетігімізді, бар-жоғымызды
түгендеп жатырмыз. Ұлт болып ұйып, бағытымызды белгілеу
үстіндеміз. Əр қазақ өзінің қоғамдағы қажеттілігін сезініп, ең бастысы –
өз отбасының, өз əулетінің қаншалықты маңызы бар екенін сезіне
бастады. Көзге көрінбесе де, ұлттың түгенделу үрдісі қауырт жүріп
жатыр. Ұлттық сана оянып, тегімізді іздеу, əдет-салт, ғұрып-дəстүрді
санасына сіңіру үрдісі ең бір нəтижелі кезеңіне қадам басты.
Қаламның күні туды. Баспасөздің тəуелсіздігі біртін-біртін
қалыптасып келеді. Дəл осы кезде Қаламның құдіретін сарқа
пайдаланып қалуымыз керек. Сөз еркіндігі берілді екен деп, ауа
жайылудың жолы жоқ. Қисықты қисық деп, қыңырды қыңыр деп
айтқанның, жазғанның шамға тиер несі бар? Руға, жүзге бөлудің əбден
асқынған шағында ұлттың басын біріктірер шараларды атқарар
тұсымыз – осы.
– Өлеңді қағазға Қаламмен түсіресіз бе, əлде жаһанданудың
жаңа техникасы
қолайлы!?
компьютерге
арқа
сүйейсіз
бе?
Қайсысы
– Мен ешнəрсені де компьютермен жазбаймын. Айналамдағы бүкіл
құжат айналымы электронды пошта арқылы атқарылып жатса да,
шығармашылық үдеріске бөтен дыбыстар, сыртыл-сартылдар
барынша бөгет. Өлең əрине, құдіретті Қаламмен жазылады.
– Аға, өзіңіз ақын ретінде «Ақын дегеніміз кім?» деген сауалға
жауап іздеп көрдіңіз бе?
«Шаршадым білем, жантая кеткім келеді!
Құрысын бүйткен құныңды жеген өлеңі!
Күйзеліп тапқан көңілімдегі көрікті ой,
Аузымнан шықса, адыра қала береді» деген Мұқағалидың дегеніне
айтар дауыңыз бар ма? Немесе:
Өлмей-ақ жүр ғой өлең жазбаған адамдар,
Өлеңсіз мен де өмірді бірдеңке етермін» деп Мұқағалиша қарапайым
тіршілікті аңсайтын кездеріңіз бар ма?
– Поэзия туралы əңгіме айту үшін пікір иесінің пиғылы таза болу
керек. Тіпті, осы төңіректе сөз қозғар алдында дəретіңізді алып,
тіліңізді кəлимаға келтіріп алсаңыз да артық емес. Өйткені, атамыздан
мирас қалған мұраның ең асылы да, ардақтысы – өлең сөз. Ол жөнінде
ғайбат айтуға болмайды. Жаңылысуға болмайды. Былтыр сөз өнерінің
Мемлекеттік сыйлықтан шеттетілгені – киелі өнердің алдындағы
қылмыс болды. Қатты айтудан қорқудың керегі жоқ. Əр нəрсені өзінің
атымен атау керек. «Сөреден шыққан» 24 қаламгердің мəреге жетіп
жығылған екеуі де – ақындарымыз еді. Жалпы, қазақтың қазіргі
поэзиясы – шеберлігі əбден шыңдалған, ойымен ғаламды қаусыра
алатын құдіретті өнер. Өлеңсіз өмір – сұрқай өмір.
Өлмей-ақ жүр ғой өлең жазбаған адамдар,
Өлеңсіз мен де өмірді бірдеңе етермін, – деп жазса, ол – бір сəттік
көңіл – күй ғана. Өлеңді жазу ғана емес, оған жанасудың өзі кісіні
тазартады. Пиғылын түзетеді. Рухани лəззаттан артық лəззат болуы
мүмкін емес. Соның қайнар көзі – өлең.
Өлең – адамның жоспарлауына көнбейтін, тылсым, ғайып дүние.
Шабытсыз өлең жазыла берсе, нөпірдің астында қалар едік. Мен
былтыр «Құстың көлеңкесі» деген атпен таңдаулы 70 өлеңнен
тұратын жинағымды əдебиет көшіне қостым. Жетпістің өзі көп пе
деймін. Жарқылдаған жеті өлең де бір ақынға аздық етпейді. Егер қазақ
поэзиясында басты кемшілік болса, ол көп жазу дерті. Текті нəрсенің
аз болуы – табиғат заңы. Көп күшіктеген хайуанда да қасиет
болмайды. Бірақ сол аз нəрсені тани білу үшін де талап керек.
– «Жүкең, қазақтың төл өнері айтысты жекешелендіріп
алмақшы» деген қауесеттің астарында нендей сыр бар немесе
қандай уəжге сүйеніп айтылды екен? Шындықты тек өзіңіздің
сөзіңізбен оқырманға жеткізсек...
– Айтыс туралы аз айтып жүрген жоқпыз. Арда өнерді ардақтауға
қосқан аз-кем үлесімді марапат үшін жасаған жоқпын. Халық нəтижесін
көрді. Өнер өрге басты. Олжа – осы. Айтыс ешкімнің жекешелеп
алуына зəру емес. Менің де ондай пиғылым болған емес. Жақсы
ақындардың, талантты айтыскерлердің бəрі – Менікі, Сенікі, Халықтікі.
Олардың əрқайсысына құрметім, ықыласым, сыйым əзір. Көре алмаған
көп дұшпанның қыбы қанатын болса, мен айтыс өнерімен
айналысқанды доғарғанмын. Қаңқу сөзден де, дау-дамайдан да
қажыдым. Шаршадым. Мені аяқтан шалып, аңдып жүргендер осы
жұмысты мойындарына алсын. Үлкен жұмыс болған соң кем-кетігіміз
болмай қалмаған шығар. Сендерге бердім батамды демекші, менімен
алысып жүргендер игі істі əрі қарай дамытып əкетсе, мен ризамын.
– Өмірлік қосағыңыз да шығармашылық адамы. Құпия болмаса,
Қалам иелерінің бір шаңырақтың астында жұптасып ғұмыр
кешулерінің сыры неде екенін білуге бола ма?
– Менің жұбайым Бақытжамал Ерманова – 25 жыл бойы диктор
ретінде экранда отырған танымал тұлға ғана емес, аса тəрбиелі,
көргенді əйел. Үш баламның анасы, он шақты немеремнің əжесі. Ең
бастысы, ер қадірін білетін, қамқор жан. Біз 42 жыл бірге тұрып
келеміз. Шыны-аяқ сылдырламады десек, өтірік болар еді. Мен ондай
шақта осы қызға іңкəр болған жас күндерімді есіме түсірсем, ашуым
тарқап,
табысқанша
асығамын.
Оның
толып
жатқан
«замечаниелерінің» барлығы өз басыма деген қамқор-құрметтің
нəтижесі екенін ұққан сайын оның қадірін біле түсемін. Кезінде енем
Зейнегүл: «Менің қызымның сен дегенде жаны жоқ! Неткен бақытты
жігітсің!» – дегені бар еді. Бақытжамалдың ұлы əжесі – Ханымбике
деген кісі Түркістан пантеонына жерленген, аты жазылмаған, əулие, ел
анасы болған кісі. Сол кісінің жақсы қасиеттері осы ұрпағына қонғаны
ғой. Əйтпесе, мен секілді басасау, мінезі қиын, сөзі өктем адаммен тіл
табысып, отандасу оңай деймісің, шырағым?!
– Ақындық көзқарасыңызбен əйелдің əйелдігінің кілті неде дер
едіңіз?
– Əйелдің əйелдігінің кілті – мінезінде ғана емес. Əйелдің құпиясы
өмір бойы таусылмауы керек. Үйде жүрмін ғой деп, ашылыпшашылатын, салдыр-салақтығын көрсететін əйел – сүйкімсіз. Əйел –
Ханым деңгейінен түспеу керек. Əйелдің өліп-өшіп сүйгені жоғалса,
құны кетеді. Сыртқа қарап мөңіреу сонда басталатын шығар...
– Бала тəрбиесінің тамыры
тəжірибеңізден айтсаңыз...
қайдан
бастау
алады?
Өз
– Балаларымызды тəрбиелеу бір сəт те толастамау керек. Əсіресе,
ұлттық қаны қою болсын десеңіз, шəй үстінде де, əрбір ұсақ-түйекке
мəн беріп, баланы баулып отыру керек. Жасынан өз халқының дəстүрсалтына үйір болған бала бөгдеге мойын бұрмайды. Жаңа Зеландияда
оқып жатқан немерем Айдана мен Айсана демалыстарына келгенде
домбыраларын арқалап кетті. Канадада оқып жатқан немерем
Дастаннан: «Қашан елге қайтасың?» – деп сұрасам: «Құдай қаласа...»,–
деп сөз бастағанда, біздің қалай қуанғанымызды көрсең ғой!
Лондонда Колчестор университетінде оқып жүрген үлкен немерем
Дидар: «Биыл əжемнен көргенім бойынша наурыз көжені өзім пісіріп,
пакистандық достарымды қонақ еттім», – деп айтқанда, мен осы
балалардың атасы екеніме тəубе еттім.
– Ауылдың саф ауасын, жалаңаяқ жүгірген қара топырағын,
қазақи адамдарын, бір сөзбен айтқанда туған жерді сағынғанда
аңсауыңызды қалай басасыз?
– Мен өз ауылым туралы үнемі жазып жүрмін. «Екі тізгін, бір
шылбыр» деген кітабымда бірнеше очеркі өз аулыма арналған.
Ұлытау ауданының Қарақұм елдімекеніндегі шағын ауылыма былтыр
өз қаржыммен мешіт салдырып бердім. Жылына бір бармасам,
тарығып жүремін. Бір шаруа тындырсам, осыны менің ауылым естіді
ме екен, солар риза болды ма екен деп, ойлап жүремін.
– Бүгінгі Жүрсін Ерман есімінің асқақтауына, яғни осы биікке
жеткізген кімдер немесе қандай өсу баспалдақтары дер едіңіз?
– Жүрсін Ерманды осы азды-көпті биігіне шығарған отбасының
қолдауы, Алланың ризашылығы. Басқа ешкім де емес!
– Жүрсін аға, «Қазақстан» ұлттық телерадиосының бас
директорлығы қызметінде санаулы ай ғана отырдыңыз. Оның
өзіндік себептерін белгілі бір басылымға берген жауабыңыздан
оқырмандар қанық. Өкініштісі, сіздің жоспарлап, дайындыққа
кіріскен біраз жобаларыңыз жүзеге аспай қалды...
– Менің бүкіл саналы өмірім 1971 жылдан бері Қазақстан
телерадиосының шаңырағының астында өтіп келеді. Бірде босағасына
шығып қалам, бірде төріне көтерілем. Радионы көркейтем деп қатты
қажырмен кірісіп едім, көкейін ақша тескен қулар жұмыс істетпеді.
Бірақ өзіме сенген адамдарды далада қалдыру – дағдымда жоқ.Ең
бастысы қызмет емес, Абайдан қалған Қалам аман болсын!
– Əңгімеңізге рахмет.
Сұхбаттасқан Қызжібек БƏКІР.
ƏРІПТЕСТЕР ЛЕБІЗІ
V БӨЛІМ
ҰЛЫТАУ, ҰЛАРДЫ ЕМЕС, ҰЛЫҢДЫ ОЙЛА
Қазақта қасиетті жер көп. Олардың атауы құлаққа сіңіп, көңілге
орнығып қалғаны сондай – бармасаң да барғандай, көрмесең де
көргендей ғажайып күй кешесің. Солардың бірі – Ұлытау. Кешегі ханы
қарашасымен табысқан, биі тəмам жұртымен тоғысқан мəйекті мекен.
Ұлытаудың тарихы таңға таусылмас, жылға жеткізбес, ғасырға қол
ұсындырмас. Елдің ел, жердің жер болып қалуы таразы басына түскен
алмағайып заманда Үш жүздің басын үркінші жауға қарсы біріктірер
бəтуəлі сөз, баталы байламның кіндігі кесілген киелі қоныс бұл.
Біздің бүгінгі əңгімеміз сол Ұлытаудан түлеп ұшқан ұл – ақын
Жүрсін Ерманов, оның жырлары жайында. Ол орта мектептен соң-ақ
арман қала – Алматыға аттанды. Артта ақ жаулықты анасы мен
ұлылығы ұлысқа жеткен Ұлытау қалып бара жатты. Көңіл толқып,
жүрек елжіреді. Артына қарай-қарай беймəлім сапарға аттанып бара
жатқан бала ақынның көңіліне:
Ұлытауым, ұлығым, ұлтым менің,
Ұран ілер басыңа бұлт ілмегін.
Ұларыңды ойлама,
Ұлыңды ойла
Бауыры бүтін бар дейсің бұл күнде кім, –
деп басталатын жыр шумақтары елес берген. Етек-жеңін жинап,
іргелі өлең еткені – кейін.
Жігіттің жақсы болмағы – алдымен өзінен, сонсоң туған топырағы
мен жүрген ортасының шарапатынан. Алланың рақымымен Жүрсін
осы екеуінің де мейрім-шафхатын тел емген жігіт. Қазақы қасиеттің
құнарына жарыған Ұлытау өз алдына, балаң жігіттің Алматыда топ
еткен ортасы да ойлы жасқа өріс бола алар өнеге өлкесі болып шықты.
Өлең деп аласұрған өршіл жүрек өзінің орны өзге емес, осы Алматыда
екенін бағамдаған. Бұл бір қазақ өлеңіндегі ғажайып жылдар еді. Тұстұстан аңыздай шапқан жас тұлпарлар – Жұмекен мен Қадыр,
Тұманбай мен Мұқағали бастаған əлеуетті ақындар дəстүрлі қазақ
поэзиясын түр мен мазмұн жағынан түкті кілем түгіндей түрленте
бастаған.
Сəтін салғанда жас Жүрсін өлеңдегі өз бағытын тез айқындады. Оған
себеп – біреулер өзінен өлең іздесе, бұл өлеңнен өзін іздеуге кірісті.
Өлеңдегі өзін, өзінің «менін» жер басып жүрген басқа да көптеген
«мендермен» кіріктіргенде ғана оқырманға ұғынықты ақын бола
алатынына кəміл сенді. Ол үшін ақынмын деп асқақтамай, жарық
дүниенің барша азабы мен тозағын тартып жүрген жұмыр басты пенде
атаулының қатарында қалуың керек екен. Солардың күлкісімен күлкің
қабысып, олардың қайғысымен қайғың табысуы керек екен. Оқырман
мен ақын арасындағы шынайы тазалықтың осы сатысына
көтерілгенде ғана өлеңдегі «меннің» «гөй-гөйі» басқалардың да «гөйгөйіне» ұласпақ. Жүрсін ақынның феномені – осы гəпті əу басынан
ұғынуында.
Қуанбаймын бұл күні,
Қосылды деп жасқа жас.
Мəңгіліктің мылтығы,
Мені бейғам тастамас.
Азайғандай аптығым,
Басылғандай ыстығым.
Шөлге айналып шаттығым,
Көңіліме түсті мұң.
… Қасіреттің көгенін,
Қайратым жоқ елемес.
Күліп тұрмын дегенім,
Жылағаннан кем емес.
Уыты бар көңілде,
Жазылмайтын жараның.
Неге келдім өмірге,
Неге кетіп барамын.
…Ұзап бара жатқандай,
Келешектің кемесі.
Удың дəмін татқандай,
Уылжимын. О, несі?!
«Дүние жалған», – деп термелейтін өмір мен өлім философиясын өз
«менінің» кебімен осынша дəл, осынша айқын, осынша мұңлы суреттеу
сол философияның қорғасындай ауыр салмағын мамықтай нəзік
жүрегімен сезіне алатын ақынның қолынан ғана келсе керек. Бұл бір
ауыз сөзімізді өлеңнің іші (мазмұн) дейік. Ал, сырты (түр) қандай?
Ақын ойын оралымды жəне суытпай жедел жеткізу үшін өлшемі қысқа
тармақты əдейі таңдап алған. Себебі, осы ойды он бір буынға салса
жырдың сезімге тиер серпінділігі кеміп, етер əсері тармақтың өзіндей
ұзақ сонар болып кетер еді.
Хас ақынның жыры қашанда халықпен ортақ. Ақын ауылында
Құлжанбай құмы деген жер бар екен. Сол құм бертін келе азып-тозып,
кеудесі басылып, жайылып кетіпті. Көзіндейсің бұрынғының,
Сұрар енді сырыңды кім?
Жым-жылас боп жыйылыпсың
Мен де өзгердім
Жырындымын.
Жүрегім бар жырым-жырым.
Дəл осы шумақ кіндік қаным тамған менің Қарасуыма да қарата
айтылғандай. Құлжанбай құмы секілді оның да азып-тозып кеткені
қашан?! Елі көшкен, еңсесі түскен ауыл өзгергенде қауым өзгермей ме?
Бір кездегі жақсысы жырындыға, жақсы ісі сырындыға айналған.
Тозған төбенің тозағын ойлаған ақын жүрегі жырым-жырым болғанда,
сіздікі де қайбір бүтін дейсіз. Егер «Құлжанбай құмынан» мен секілді
басқалар да өз ауылын көріп жатса, ақын үшін бұдан асқан дəлдік,
көрегендік бар ма?! Осынау тауды кесіп, көкті тесіп жатқан темір ғасыр
заманында аспан асты, жер үстіндегі тұнығы шайқалған барша
жаратылыстың қам-қарекетіне алаң болмас пенде баласы кем де кем
шығар. Жұрт бір ойласа, ол екі ойлайтын Ақын жүрегінің дүрсіліне
құлақ түріп көрейік.
Бұландының жоқ бұланы,
Құландының жоқ құланы.
Бүркіттінің биігінде,
Қалқымайды көк қыраны.
Бұғылының бұғысы жоқ,
Тағылының тағысы жоқ.
Теңіздердің тереңі жоқ,
Өзендердің ағысы жоқ.
Сəуір нөсер төкпегелі,
Таңсық қырдың көктегені.
Құлындардың желісі жоқ,
Қозылардың жоқ көгені.
Атымыздың тұрманы жоқ,
Айтымыздың құрбаны жоқ.
Бəтуə жоқ ісімізде,
Сөзіміздің тұрлауы жоқ.
Бəрі жоқ боп жатқан ұдай,
Берекесіз шақта бұлай.
Иманы жоқ адамдарға
Иланудан сақта, құдай!
Түсінік-түсіндірмеге зəру емес осы өлеңнің астарынан не
аңғардыңыз, ағайын. Барша қазақ болып жоқтау айтса көп болмайтын
əлгі жоғалтулар туралы өлеңнің түп-түйінін ақынның имансыздыққа
əкеліп тіреуі қалай?! Əлде басқа бір тоқтам таппағаны ма? Барлай
қарап, бағдарлай сараласақ, олай емес екен. Бірақ бар пəленің басы дəл
осы имансыздықта жатқан жоқ па?! Имансызды, жалпы, адам деуге
бола ма өзі? Болмаса, имансыздық көбейген сайын Абай айтқан «толық
адам» да азая бермес пе? Құлан, бұлан жайына қалып, жоғалтудың
көкесі сонда болмас па?! Ойға мырза, сезімге шүлен жыр осындай
болса керек-ті.
Жүрсін – философ ақын. Оның ақындық болмысын бедерлеп
тұратын – ойға келгенде сонылық, пікірге келгенде тапқырлық,
қисынға келгенде мергендік, өлең архитектурасына фигураларды
(теңеу, эпитет, метафора, градация, т.б.) қолданудағы шеберлік,
əуезділікті арттырудағы (аллитерация, ассонанс) сезімталдық – сол
философтығынан тамыр тартып жатыр. Ақындықтың да түрі көп қой.
Əйтсе де, ойшыл болғанға не жетсін.
Жүрсіннің ешкіммен енші бөліспес, дара қолтаңбасын айқындайтын
ендігі бір өлеңі – оның «Құстың көлеңкесі» атты кітабына енген –
«Қасым Аманжоловтың үйін қирату»
Дегені қайда басылды құйын,
Ақылым жетпей, ашиды миым.
Виноградов көшесіндегі,
Қиратып жатыр
Қасымның үйін.
Шақыр да шұқыр шаққанда əйнегін,
Ажалдың сездім ақпандай лебін.
Біртіндеп сөгіп қабырғаларымды,
Кеудемді бұзып жатқандай менің.
Жырды қорғаудың кешікті ережесі,
Қирады, сынды есік-терезесі.
Сəби жырлардың бесігі еді,
Бар еді сонша бесікте несі?
Жүйрігім еді жыр көшіндегі,
Бауырын жазып бір көсілмеді.
Қиратып жатыр Қасымның үйін,
Біздің үй соның іргесінде еді.
Айналасы алты-ақ ауыздан тұратын қасіретнама. Көтерген мəселесі
осынша өзекті, құрған өрмегі осынша өрнекті, айтар пікірі осынша
салмақты, беру тəсілі осынша сіңімді осындай отыз өлеңнің өзі бір
ақынның маңдайына олқы дəулет болмас еді-ау деген ойға қаласың.
Жүрсін Ерман – тосын ойдың, қиғаш контрастың, қидаласқан
пікірдің ақыны. Оның өлеңдерінің тақырыбы да, сол тақырыпты алып
шығар кілті де – өмірдің қарапайым детальдарынан тұрады. Əрине,
жыртылып, айырылар жай детальдар емес, жырдың жүгін артуға
жарайтын – бірі жаныңды жадыратар, бірі жүйкеңді жұлқа тартар
қарапайым пенде баласының басынан өтіп жатқан өмір өрнектері. Ол
өрнек – ұсталықпен келер өрнек. Тақырып табиғатын, соған сай тіл
құралын таңдап түйсінумен келетін ісі қиын жұмыс. Осыны жіті
сезінген ақын «Абайға мұң шағу» атты шоғыр өлеңінде Абай
заманынан бері титтей де өзгермеген қазақты ақын атаның өз
лексикасымен «айыптайды»;
…Қайдан болсын жыр өзге,
Қазағың сол баяғы.
Біреуі – қырт, бірі – езбе,
Сөзінің жоқ баяны.
…Таусылады амалың,
Ойлап сор мен азабын.
Өзгергенмен заманың,
Өзгерген жоқ қазағың.
Жалпақ орманның қасиетін зерттеу үшін оның қажетті бір ағашын
кесетіні сияқты, жайқын көлдің дəмін білу үшін бір тамшысын
таңдайға басатыны сияқты, торсық тола қымыздың қызуын сезіну
үшін жалғыз ғана шарасын сіміретіні сияқты, Тұманбай мен Қадырдың
қандай ақын екенін білу үшін олардың отыз томын қопармай-ақ
ортасынан бір томын суырып алуға болатыны сияқты мен де Жүрсін
Ерманның шығармашылығы туралы пікірімді оның бұрын-соңды
шыққан жинақтарының бəрін ақтарыстырмай-ақ сұрыпталған бірнеше
кітабы арқылы білдіруге бейіл болдым. Үшбу пікірімді түюге іші шелді
үш кітабы еш олқылық еткен жоқ.
Мəселе көлемде емес, өлеңде екен. Қасымның жалғыз томы бар,
қандай қанағат. Ілиястың жалқы томы бар, қандай қанағат! Абайдың
«жарты» томы бар, қандай қанағат!!! Егер Абай атаның қарасөздері мен
аудармаларын əрі қарай қоя тұрып, «таза өлеңін» түптесек, тоғыз баспа
табақтан аспас еді. Бірақ содан кемдік көрдіңіз бе?! Қазған сайын
ырысы ие бермейтін кеніш. Жүзген сайын жиегі жеткізбейтін телегей.
Өлеңімен жиырма том шығарған замандасым бар. Шығарсын, көп
демеймін. Жалғыз том жазған қаламдасым бар. Аз демеймін. Өйткені,
жілігі майлы, жарағы сайлы. Əйткенмен, қазан үлкен болған сайын
көже сұйық болатынын ескерген жөн. Таңсық үшін емес, тағылым үшін
айта кетейін. Осы жолы өзімше бір эксперимент жасадым. «Құстың
көлеңкесінің» қолым тиген кез келген жерін кездейсоқ ашып сол бетте
тұрған өлеңді оқыдым. Осыны кемінде он-он бес мəрте қайталадым.
Сонда барлық жағдайда да қанжығаға қызыл түлкі байладым десем,
сізге өтірік, маған шын. Осы жұмысты дайындау барысында да осы
тəсілді қолдандым. Қалыптасқан дағды бойынша тұздығы күшті ой
орамдарын іздеп ой мен қырға шапқылағаным жоқ. Əрине, «жақсы
өлеңді асырайтын» (Қасым) өлең Жүрсінде де бар болар. Бірақ кемел
қолдан шыққан орта өлеңнің өзінен келелі кеңес табуға болатынына
көзіміз жеткен пақырмыз.
Міне, «антқа» берік əдетпен кітаптың тағы бір жерін ашып қалдым.
«Қыстаудағы көктем» екен:
Марғаусып кəрі төбет те,
Шуақпен жүрек жалғайды.
Шаңыраққа жайған көп етке,
Көзінің қырын салмайды.
Иə, алып-жұлып бара жатқан не бар дерсіз. Солай-ақ дейік. Бірақ
алыста қалған сонау бір ауылдағы қыстағыңның көрінісі, сол бұйығы
қыстауда өмір кешкен балапан кезіңнің бейнесі келмей ме көз алдыңа.
Басынан аттап өтсең де мыңқ етпей, алдына ақ түйенің қарнын жарсаң
да ашқарақтық танытпай көзін ашып-жұмып қалғып жататын қара
төбетіңнің елесі тұрған жоқ па мұнда? Əлде іргесін көң мен сабан
көмген шарбақтың түбіне құйылған көктемнің алғашқы алтын шуағын
да ұмытқаның ба?
Əр ақын өзінше бір құпиялы əлем десек, Жүрсіннің құпиясы неде
деген сұрақ бой көтермек. Біз оның құпиясы жай көзге елеусіз көрінер
құбылыстан елеулі ой түйіп, оны оқырманға əсерлі түрде жеткізе
алуында дер едік. Мəселен, темекінің тұқылын тастайтын күлсалғыш
сөз етуге тұрар нəрсе ме? Ал Чехов содан да əңгіме жасай аламын деген
ғой.
Қарасөздің хас шебері Жүсіпбек Аймауытов Чеховтан да асып
түскен. Өйткені, Антон Павловичте тым болмаса қолға ұстар
күлсалғыш болса, Жүсекең көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтын
елестен (!) «Елес» атты əңгіме жазғаны белгілі. Газет тапсырмасы
бойынша аса шұғыл жазылғанына қарамастан, онысы алтын қасықтай
жинақы, жұмыр дүние болып шыққан. Чехов атап көрсеткен
«қысқалықтың» шартын Жүрсін де жақсы ұғынған сияқты. Оның етекжеңі жинақы һəм ойлы өлеңдері шұбалаңқылыққа əсте жол бермейді.
Ал техникасының тастай беріктігі ақындық стихиясының мықты
екенін көрсетеді. Өлеңде «ойдың сыйымдылығы» деген ұғым бар. Бұл
– шумаққа орналасқан ойдың салмағын, қоюлығын айқындауға
байланысты шыққан термин. Жүрсін Ерманов табиғатынан ойшыл
ақын болғандықтан оның жырлары осы термин талабына сай келіп
отырады. Бұдан ақын өлеңдерінің «ыдысы» кең екенін əрі ол шығымы
мол ойға шүпілдеп толып тұратынын аңғарамыз.
Жүрсін – нақтылықтың ақыны. Оның туындыларының бойы да, ойы
да жаныңа жақын келіп, жанарыңа анық көрініп тұрады. Ол біреулер
секілді бұлтпен араласып, бұлдырап жүретін аспанның ақыны емес,
табанын төскейге тіреп тұрған Жердің ақыны. Бейнелей айтсақ,
табаны топырақтан қуат алатын Антей сияқты. Мен хал-қадерімше
Жүрсін ақынның өлеңдерін өзім қандай қызығушылықпен қабылдасам,
өзгелер де сондай қызығушылықпен қабылдайтындай етіп түсіндіруге
тырысқан-ақ едім. Шықпаған секілді. Қысқа қайырымның қауызына
батыр бабаның мол пішілген ұрпағы сыймаған секілді. Көңілде мен
жеткізе алмағанды оқырман өзі тауып алар деген үміт қалды.
Жүрсін Ерманнның 2010 жылы жарық көрген «Ырғай» атты
кітабында атақты Қасым ақынның монологы іспетті «Жыр – аманат»
аты өлең бар екен. Сол монологта Қасым ақын рухы:
Зираттың зыр қаққанмен іргесінде ел,
Жан бар ма мені өзімен біргесің дер?
Талайлар əлі мені күндесім дер.
Ақынның хақын жеген ел оңбайды.
Тірілер, өлеңімнің жүлдесін бер, – деп тебіреніпті.
Иə, ұлы ақын Қасым да, оның ізін басқан інілері де аламан бəйгеде
жүлделі болып жатса, қазақ өлеңінің өркені өсіп, абыройы асқақтады
деген сол емес пе?!
Абзал БӨКЕН
ақын, халықаралық Алаш
сыйлығының лауреаты.
Қаламның сырын қалам біледі
Ақындық болмыс – анау-мынау кəллəні місе тұтпайтын үлкен
тақырып, үлкен дулыға. Дулығаны – батырдың батыры,
оқымыстының оқымыстысы кисе ғана жараспақ. Мен Абай,
Мағжан, Қасым, Жұмекен, Мұқағали сынды алыптардың ақындық
болмысына толғайын деп, қол жетпес биікке құлшынып отырған
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алыстан жəне жақыннан - 13
  • Parts
  • Алыстан жəне жақыннан - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2738
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    43.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 02
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2611
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 03
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2403
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 04
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2447
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 05
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2377
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 06
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2408
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    36.7 of words are in the 5000 most common words
    43.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 07
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2369
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 08
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2098
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 09
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2095
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    46.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 10
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2190
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 11
    Total number of words is 3828
    Total number of unique words is 2270
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 12
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2453
    27.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 13
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2420
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 14
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2357
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 15
    Total number of words is 3724
    Total number of unique words is 2536
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    33.2 of words are in the 5000 most common words
    39.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 16
    Total number of words is 3909
    Total number of unique words is 2501
    25.1 of words are in the 2000 most common words
    35.9 of words are in the 5000 most common words
    42.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 17
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2404
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    46.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 18
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2483
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 19
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2383
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 20
    Total number of words is 4116
    Total number of unique words is 2436
    28.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 21
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2493
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.