Latin Common Turkic

Алыстан жəне жақыннан - 17

Total number of words is 3837
Total number of unique words is 2404
28.5 of words are in the 2000 most common words
39.3 of words are in the 5000 most common words
46.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
үйлестіруші-менеджерлігі еді. Күллі ұжым бір-біріне соқтығысып
ұйымдастыра алмай жатқан айтысты Жүрсін келсе жалғыз өзі-ақ
жайғайды. Демеушілер табу, ақындарды іріктеу, олардың жатын
орындарын шешу, ішетін тамағын реттеу, жүлде қорын белгілеу,
сахнаны дайындау, қазыларды тағайындау, телетүсірілімді дайындау,
айтысты жүргізу, оны монтаждап эфирге шығару, тағысын-тағылар
сияқты толып жатқан жұмыстардың барлығына бір өзі жүреді. Мұның
барлығы сырт көзге оңай сияқты көрінгенімен, машақаты мол жұмыс
екенін тек ұйымдастырған адам ғана біледі. Оған үлкен қабілет, асқан
сабыр мен күш-жігер қажет. Бұл тұрғыда Жүрсін аға жаңа заманға тез
бейімделген мықты продюссер екеніне көзім жетті. Ағамыздың бұл
қасиеті ұлттық өнерлердің арасындағы бірегейі – айтысты батыстан
келген жастарды желіктіргіш заманауи өнерлермен бəсекеге түсе
алатындай жағдайға жеткізді. Осы ретте қазақ өнеріне тер төгіп
жүрген жас продюссерлердің Жүрсін ағадан үйренері көп болуы тиіс.
Жүрсін ағаның тағы бір ерекшелігі – ол табан астынан тауып
айтатын айтқыштығы. Ол шынымен қолға алып кіріссе мүмкін мықты
айтыскер болуы да ғажап емес еді. Бір кездері баспасөз бетінде өзі
ұйымдастырған жазба айтыстың кезінде біздің біраз азулы
ақындармен жазып айтысып жүргенін көзім көрді. Бірақ оны еш жерде
жариялаған жоқ. Қазақы қалжыңның да түбін түсіреді. Көп айтпайды,
дөп айтады. Бірде Жүрсін аға мен Бақытжамал апай Астанаға келгенде
досы, ақын Несіпбек Айтұлы үйіне қонаққа шақырды. Сол қонақасыда
араларында біз де болдық. Екі құрдас дастархан басында əдемі
əзілдесіп отырды. Бір кезде Несаға жақында немересі үйленетінін
айтып, Жүкеңе «Мен енді Алла бұйырса шөбере сүйіп ата емес – баба
болам, сен далада қалдың» деп қалжыңдады. Жүкең болса «Сен баба
болсаң боларсың, ал сонда кемпірің кім болады?» деп сұрады. Несағаң
«Кемпірім кейуана болады» деді. Жүрсін аға қулана күліп алды да, «Е,
онда кейуананың күйеуі диуана болады ғой» деді. Досының
тапқырлығына риза болған Несағаң бастап барлығымыз риясыз
көңілмен күліп алдық.
Тағы бірде Жүрсін аға жолаушылап келе жатып жанындағы
адамдармен бір үйге құдайы қонақ болыпты. Көгілдір экраннан көріп
жүрген адамды көзбен көргенде есі шығып кеткен үй иесі сасқалақтап
«Жүке, қош келдіңіздер, сіздерге ет асайық па əлде қуырдақ қуырып
жіберсін бе?» десе керек. Жүкең «Не үйлеріңде қазандарың біреу-ақ па
еді?» депті. Мысалға келтіретін болсақ, Жүрсін ағаның мұндай
жатыпатар əңгімелері толып жатыр. Мəймөңкелемей бетіңе тура
айтатын тік мінезі тағы бар. Бірақ Жүкеңнің мінезін білетін
адамдардың оған ренжігенін көргем жоқ. Əрине «турасын айтсаң
туғаныңа да жақпайсың» деген. Қоғамның жат қылығын мінеген
айтыстың, соны ұйымдастырған Жүрсіннің талай опық жеген кездері
болды. Бір айтыста ешкімнен жылы сөз естімей айтыстан жалғыз
қайтқан кездері туралы жан тебірентерлік өлеңін оқыды. Тағы бірде
атамұра өнерді «өшірем» деп алысқан қандастарымызға ренжіп
«Айтыспен қоштасу» деген өлең жазды. Ол бəрімізге де ауыр тиді. Өзі
отыз жыл өрге сүйреп, қазанында қайнаған өнерді əркімнің талауына
тастап кете ме деп те қауіптеніп едік. Бірақ ағамыз айтыспен қайта
табысты. Ұлытаудың қыран ұлы тұғырына қайта қонды. Алпыс деген
асқар шыңға шыққанда тастүлектей түледі. Сұңқардай сілкінді. Енді
қарап отырсам, бір кезде Жүкеңнің алдына баруға жүрексінген бозбала
біз де қазіргі айтысып жүрген жігіттердің арасында Айтақын мен
Аманжолдан кейінгі үлкенінің біріне айналыппыз. «Шет үй кетсе,
ортаңғы үй шеткі үй болады» деген осы. Жүрсін ағаның жалпақ жұртқа
таныс «Жалғыз ұлым» дейтін өлеңі бар. Меніңше ағамыздың ұлы
жалғыз емес. Бүгінгі мен қатарлылардан бастап Ринат Зайытовқа
дейінгі аралықтағы ақындардың барлығы Жүкеңнің өнегесін көрген,
ақыл-кеңесімен өскен ұлдары. Енді Жандарбек Бұлғақов бастаған
немерелері өсіп келе жатыр. Осылардың барлығының ақын болып
қалыптасуына, танылуына ағамыздың сіңірген еңбегі есепсіз екеніне
дау жоқ. Жүрсін Ерман ағамыз аман болса əлі айтыскерлердің тағы үштөрт буынын тəрбиелеуге мүмкіндігі бар. Яғни, шөбере-шөпшек
өсіруге жағдайы бар. Тек адал жары Бақытжамал апай екеуіне құдай
қуат берсін деп тілейік. Сөз соңында, жетпістің ауылына қарай керуен
тартқан көшіңіз көлікті болсын, айтыстың абызы Жүрсін аға демекпіз!
АЛАМАН АЙТЫС ДЕСЕ, ЕСІМІЗГЕ БІРДЕН ОРАЛАТЫНЫ САХНАНЫҢ
«ШАҢЫН» ШЫҒАРАТЫН АҚТАНГЕР АЙТАҚЫН БҰЛҒАҚОВ; «АТ
ТҰЯҒЫН ТАЙ БАСАР» ДЕМЕКШІ, СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ АҚЫНДАРДЫҢ
ЖАСЫ БОЛСА ДА, БАСЫ БОЛАРЛЫҚ ӨРЕДЕ ОЙ ӨРГІЗІП ЖҮРГЕН ЖАС
ПЕРІ ЖАНДАРБЕК КИЕЛІ ӨНЕРДІҢ ЕСІГІН ЕРКІН АШТЫ; КІШІ
БҰЛҒАҚОВТЫ ҚОЛЫНАН ЖЕТЕЛЕП, АЛАМАНҒА ҚОСҚАН ЖҮРСІННІҢ
ЕҢБЕГІ ЖАНБАДЫ ДЕП КІМ АЙТАР, «АҚЫЛ ЖАСТАН» ДЕГЕН ОСЫ;
жүрсIн ақын жайлы ТОЛҚИ СӨЙЛЕГЕН БАЛА АҚЫН БҮЙ ДЕЙДІ:
– Кейде ойыма Жүрсін аға түскенде қоңырау шылдырлататын
əдетім бар. Баяғы қоңыр да жуан дауысымен гүр ете қалады. Тура
сахнада аламан айтысты жүргізіп отырғандай. Мені ешқашан
баласынған емес, телефонда да қайрап, жанып, жігер беріп сөйлейді.
Міне, сол дауысты сағынғандығымнан болар, ештеңе айтпастан халжайын сұрап, тұтқаны қоямын. Бұл менің Жүрсін ағаға деген балалық
сағынышым еді, маған əкелік қамқорлық көрсеткен кісінің бірі өз əкем
Айтақын болса, екінші қанатымды қатайтып, сын сағаттардан сүрінбей
өтуіме тілектес болып жүретін осы Жүсекең – Жүрсін Ерман. Ол кісінің
даусын мен ғана емес, тұтас көрерменнің де сағынатынын талай рет ел
арасында байқадым. Сұсы да, мысы да басым тұлғаның тұғырынан
түсіп, ел алдында еңкіштегенін көрген емен. Турасын айтып, керек
жерінде турап айтып жүретіні бар. Биліктің бишігінен бүгежектеп,
жоғарыдағылар не дер екен деп абайлап сөйлейтін, аңдап сөйлейтін
талай ағаларымыз ық жақты сағалап кеткен кездерде де қазақ сөзін
өзі, өзі болмаса жүйріктері арқылы сахна тілімен жеткізіп келеді.
Қайбір айтулы кезең, даталы жылдар айтыс арқылы елдің жүрегіне
жол таппады дейсіз?! Белгілі мерейтойларды газеттен оқып, жиынтойларды көгілдір жəшіктің жаңалығынан көру – айтулы сəттің мəнін
халыққа толықтай жеткізіп бере алуы күмəнді. Ал айтыстың
артықшылығы – қалың бұқараның алдында сол мерекенің мəні мен
маңызын бүгінгі қазақ қоғамымен байланыстыра отырып, жанжақтылы
қаузауға
мүмкіндік
беретіндігі.
Қазақ
ежелден
жасандылықты сүймейтін халық. Айтыс – театр өнерінің ұлттық
үлгідегі ежелгі формасы. Мұнда жасандылық дегеніңізге орын жоқ.
Қалың жұртшылық бəрін көріп-біліп отыр. Сондай киелі өнерді
жүргізу, ұйымдастыру, ақындарды баптап-түлету, тақырыптық
ізденістерге жетелу жағынан Жүрсін ағаның ізденгіштігі, ұлтын
шынайы сүйе білетін жампоздығы бірден көзге шалынады. Себебі,
айтыс секілді, өзінде де, өмірінде де жасандылық жоқ…
Бір білетінім, бұл кісі алалауды білмейді. Бақастыққа жаны қас. Əр
ақынды ынталандырып, қанаттандырып отыратын кеңпейілділігін
айтысқа қатысқан ақындардың бəрі айтары анық. Кейде кейбір
өңірлерден айтысатын ақын шықпай қалғанда қарадай қынжылып, ел
ішінен дарындылардың шықпауы мүмкін емес, іздестіру керек дегенін
құлақпен естідік. Өнерге, ұлтқа сүйіспеншілік осындай-ақ болар.
Өзімде ғана емес елде, бірімізде ғана емес бəрімізде болсын дейді.
Мен Сізді қыранға теңеймін, аға! Қыран құс жартастың ұшар
басындағы ұясынан балапандарының қанаты қатайып, топшысы
бекігенде құзға қарай итереді екен. Еті тірі, ұшуға ұмтылысы күштілері
зеңгір көкке самғап кетпек. Алғашқы ұшу – дүбірге толы жаһанды
ұясынан көргеннен əлдеқайда əсерлі ғой… Өзіңіз тоғызыншы класта
оқып жүрген жерімнен шашасына шаң жұқпас адуынгерлердің тобына
қостыңыз да жібердіңіз. Мен содан бері самғап келемін…
АЙТПАҚШЫ:
ТАЛАЙ БЕЛЕСТЕР МЕН АДЫРЛАРДЫ АРТҚА ТАСТАҒАН АҚЫН
ЗАМАНА КӨКЖИЕГІНЕН ҚАРАП ТҰР. АЗ ЖАЗАДЫ, БІРАҚ ƏР ЖЫРЫ
ОҚЫРМАН КӨҢІЛІНІҢ ТӨРІНЕН ОРЫН ТАБАДЫ. АЗ СӨЙЛЕЙДІ, БІРАҚ
ƏР СӨЗІ ҚИЯЛ ТҰҢҒИЫҒЫНА ШЫМЫРЛАП БАТАДЫ. ДУЛЫ-ШУЛЫ
ОРТАДАН КӨП КӨРІНБЕЙДІ, ƏР КӨРІНГЕН САЙЫН СҮБЕЛІ ОЙЫН
ОРТАҒА САЛАДЫ. ҚАНАТЫҢЫЗ ТАЛМАСЫН, ҰЛЫТАУДЫҢ ҰЛАР
АҚЫНЫ!
ЖОЛАЙЫРЫҚТА НЕМЕСЕ ЖАРЫЛМАҒАН ЖАНАРТАУ!
Жетпісінші жылдар.
Ақжүрек Жанболат Аупбаев келді жүрегін қолына алып. Жүрегімен
бірге қолында бір курстас досының жыр топтамасы. Жастар газетінің
Əдебиет жəне өнер бөлімі дайындайтын, дайындап талапты, талантты
жастар өлең топтамасын жариялап отыратын «Қанат қақты» аталатын
айдарымыз болатын. Баспасөздің қасқалдақтың қанындай аз кезі.Жаңа
ашылған облыстың бірі – Жезқазғаннан жеткен өлеңдер болып
шықты. Авторы – Жүрсін Ерманов! Өтінішін айтып, топтаманы
қалдырып Жанболат Аупбаев өз бөліміне кетті. Əлгі ақ қанатты жыр
топтамасымен оңаша мен қалдым. Оқып отырмын. Қанаттас дос
мақтаса – мақтайтынындай бар екен. Өлеңдер сыршыл.Сыршылдық –
ұзақ жыл сағындырып өлең көгіне кештеу шығып көтеріліп алып
түспей тұрған кез.
Ақ жібек желкеніндей ақ кеменің,
Көңілім алаң болды-ау, əпке, менің.
Тигізер саған мүлде жоқ көмегім,
Қайтіп бұл жүрегімді қақ бөлемін!
Сəби деп, жардың басын жағалаған,
Сен де əлі боламысың маған алаң?
Едік қой қоңыр қаздың балапаны
Біріміз-бірімізді паналаған, – деп жырлайды жас өркен. Адам баласы
бойындағы ең асыл қасиет – бауырмалдық. Адам бойындағы бар
ізгіліктің қайнар бұлағы – бауырмалдық. Əпке ұғымы əсіресе, мен
сияқты оңтүстіктің баласына соншалық жылылықтың шуағын
шашары хақ. Жас таланттың өлеңі мейірім-шапағатқа толы өлеңдей
көрінді. Кісіні,өлеңнің сыртқы пішімінен білінбегенімен, ішкі
ағзасында бұғып жатқан мінсіз нəзік мұң баурап алып бара жатты.
Жетім балалардың бірін-бірі іздеуі соншалықты табиғи берілген екен.
Өлеңді ұнаттым. Қарлығаш – балаң, қанаты талып құласа,
(Қуантпас, бірақ, жан анам, сені бұл аса)
Қанатын созып құлайтын шығар сен жаққа,
Сонан соң ғана, жылайтын шығар…жыласа…– деп сөйлейтін екінші
өлең əлгі сезімді одан əрмен тербеп, өзімен бірге əлдилеп, əкені ерте
беріп, бірыңғай ананың бауырында өскен мені бірге жылата жаздады.
Сарымайдай еріп тұрған өлеңнің ішінде өрге жүзгендей өрлік,
тағдырға қасқайып қарсы тұрамын деген қайсарлық бұғып жатыр еді.
Əй, сол сезім жылаудан аман алып қалған шығар. Алайда əпкеге деген
сағыныштан басталған жыр-сезім, образды балама «қарлығашбаланың» анаға деген борышкер перзенттік бейіліне ұласып жас
ақынның тынысын кеңейте түскендей əсер етті. Жас ақын өлеңі бір
өлеңнен екінші өлеңге табиғи ұласа жырланып ақындық тұтастыққа
бастап келеді екен-ау деп сүйсіндім. Топтама, осылай жүрегімді
жаулай бастады…
Өлеңнің өн бойында шағын фабулада сөйлеп, фактурасын сұлу торы
аттай жаратып, соңын бір тəтті оймен түю – тауып айту! Шамасы,
Қадыр шарапаты… Ол да алдымыздан шықты. Тіпті екпіндеп батыл
сөйлейтіні соншалық тауып айтумен бірге ойын қоғам бойындағы
дерткен дерттерге тигізе «қауып-қауып» айтатынын аңғарып қалдым.
…Өзінің жасап солай бар амалын,
Анашым айтушы еді жорамалын.
«Таза бас туған жердің топырағын,
Жете гөр қадіріне Жер-ананың!»
Көңілді бастық бүгін өрепкіген,
Білемін енді басқа деректі мен:
Ұшынған ұлы дəуір сырқатымен,
Ұшықтау Жердің өзін керек білем!
Өлеңді оқып отырып ауырған адамды «жерұшық» жасап, жазып
алып жататын ырымды ойнатып əкеліп, Жер-ана дерттеніп қатты
сырқаттанып тұр, оны не істейміз?-ге ұластырады. Ол біздің
«жерұшығымызға» көнер ме, шипа болар ма біздің «жерұшығымыз»
Жер-Анаға?-деген үлкен сауалдар қояды. Жалқы сипат жалпыға
айналған. Ритуальдық ұғым абстракцияланып, этнографиялық сипат
көркемдік деталь болып сөйлеп тұр. «Адамға табын, Жер енді!»-деп
ұрандатып жатқан жетпісінші жылдар! «Табиғатты бағындырамыз!»,
«Табиғаттың бермесін тартып аламыз!»-деген ұрыншақ ұран, дабыра,
жалаңқай сөздер күндіз-түні радиодан саңқылдап, ағымдағы
баспасөзде күнде – күнде жазылып, санамызға сіңіп кеткені соншалық
«Табиғат» деп сыпайылап алып Құдайды мойындамай құдайсып,
саясаттың солақайлығы һəм ұранқайлығы соншалық Жер – бізге ана
емес, біз жерге Əке сияқты сезініп жүрген желбуаз кезең. Сондай сəтте
уланған санаға мына Жүрсін баланың «Ұлы дəуірдің сырқатымен»
ауырған Жерді ұшықтап жазып ала аламыз ба?»-деген сұраулы өлеңі
алдымен қабылданбай ит қылады, содан соң барып қабылданған соң
санаңды шайқап-шайқап жібереді екен.Топтама миымды солқылдатып
алып бара жатты.
Ол аз болса:
Ұлытауым, ұлығым,
Ұлтым менің,
Ұран ілер басыңа бұлт ілмегін.
Ұларыңды ойлама, ұлыңды ойла,
Бауыры бүтін бар дейсің бұл күнде кім,
Ұлытауым, ұлығым, ұлтым менің!–деп ақындық дауысты тым
жоғары алып та өлең жазады. «Ұ»-дан басталып ұлтсырап ұлып тұрған
өлең. Жайшылықта өлеңнің ырғақ- бітіміне тұтқырлық келтірердей
«Ұ» Жүрсіннің мына өлеңіне үндестік дарытып «Ұлытауым»,
«ұлығым», «ұраным», «ұларым», «ұлың», «ұлтым» менің болып ұласып,
гармониялық үйлесімге түсіп сыңғырлап, тұтасып бара жатады.
«Бауыры бүтін бар дейсің бұл күнде кім»-деп жан-дүниеңді мұңға
батырып ішіңді уілдетіп ұлытып жібереді. Өлең болмысындағы
поэтикалық гармония қайшыласқан сезімнен дисгармониялық сипатқа
түскендей болады. Алайда ол туындының драмалық қуатын арттыру
үшін жасалған шара. Өлеңнің өн бойындағы драматизм сені сілкіпсілкіп алады. Шығармашылық істегі шын жақсыға жарылмай қуанатын
бүтін кезіміз. Жүрсіннің өлеңдеріне ағымнан жарыла қуандым. Жас
өркен өлеңдерін шөліркеп келіп қымыз жұтқандай сіміріп салуға
болмайды екен, содан да бойыма сіңіре оқып, ойымда қорытып,
бойыма қондырып ұсынып кеп жіберейін басшылыққа!
Өлең топтамасы басшылықтан шықпай қалды. Апта жатты, ай
жатты, жыл жатты.. «Су аяғы құрдым…» Жанболат екеуміз əуел баста
бір-бірімізден сұрағыштап жүріп ақыр аяғы бірімізді көрсек біріміз
ұрлық қылып, екінішіміз үстінен түсіп қалған кісідей қызарақтай
төмен қарап үнсіз жылыстап кететін халге жеттік. Өлең басылмады.
Басылмайтын себебі – бізден емес (басшыдан емес) – өлеңнің өзінен!
Көріп отырсыздар, өлең топтамасы жетпісінші жылдары жариялануы
мүмкін емес, ылғи бір айтуға болмайтын жəйді айтқан, жазуға
болмайтын жəйтті жазған – уақытқа қайшы тақырыпта туған қайсар
өлеңдерден бас құраған. Ондай өлең топтамасы қайдан ғана жарық
көрсін жетпісінші жылдары?! Сыпайы тілмен айтқанда мінезді
тақырыптарда туған мінсіз өлеңдер еді деп ойлаймын. Жыр топтамасы
жарық көрмеді. Есесіне Жүрсін Ерманов ақындық сапарға осындай
асқақ сезімге құрылған, айбынбай ұлт есесін сұраған адам жетімдігін
қоғамдық жетімсіздікке ұластыра айтатын тегеурінді ойды
омарталаған ойлы, астарлы, мінезді өлеңдермен шыққан еді.Əлгі беті
қайтқан бейбақ өлеңдердің ақын бақытына айналатын себебі де
осыдан!
Міне, осы сəттен бастап Жүрсін Ерман ақындық қадамын
қадағалаумен келемін.Жүрсін өлеңнен өлеңге өсті. Бірақ, жинақтан
жинаққа өскен жоқ. Поэзия көгінде жалт етіп көрініп, ұзақ-ұзақ
көрінбей кетіп жүрді. Сыншы Дуганов небəрі 26 жас қана жасаған,
татар-монғолдың титулы «тархандықты» жырлаған, қыңыр-қисық
ақын Велимир Хлебниковті «əдебиетке əлденеше рет келіп, əлденеше
рет кеткен ақын»-деп бағалайды. Ақынның жасаған жасы небəрі 26
жас. Ол қалай ғана əдебиетке бірнеше дүркін келіп, қайта кетіп
үлгереді десеңізші?! Алайда, сыншы пікірі дұп- дұрыс. Ақындық ғұмыр
– адамдық ғұмырмен өлшенбейді. Жыр –ғұмырмен өлшенеді.26 жас
дегеннен шығады, дəл сондай жасында қазақ Сұлтанмахмұт, мадияр
Шандор Петефи, жапон Исикава Такубаку дүниенің ойын айтып,
əрқайсысы ұлт əдебиетінде бір-бір дəуірге айналып өтпеді ме
жалғаннан?! Жүрсіннің поэзиясы туралы ойлағанда менің есіме адами
ғұмыры өзімен кетсін, Хлебниковтың ақындық тағдыры жайында
айтқан Дугановтың əлгіндей пікірі оралады əрдəйім. Жасырары жоқ,
Жүрсін де қазақ поэзиясына осынау жылдарда сан рет келіп, сан рет
өлең есігін тарс жауып, сырт айналып кеткен ақындай көрінеді маған.
Өйткені, ізденісі біркелкі емес, əркелкі.Бірақ, ізденістен тыс ауа
жайылып жүр деуден аулақпын. Ақын табиғатын өлеңдері арқылы
бақылаған адам оның əрдайым өлеңге келгенде дəстүрден тыс тұрып
сөйлей бастап қазақ поэзиясы дəстүріне айналып қайта келетінін
аңғарады.Кейде дəстүрлі бастап дəстүр аясын кеңіте жырлап бара
жатады. Ең бастысы сол ізденістерінің дені саналы. Алайда поэзиямен
шындап шұғылдануы – стихиялы…Сондықтан да Жүрсін өлеңдерінде
кездейсоқтық пен заңдылық телқабыс түсіп жатады.
Ақшадағы Абайдың обалына қалған да Жүрсін…
Бұғының мүйізін кестірмеймін деп жүрген де Жүрсін. «Мен игенмен
жерге, Ол ұмтылады төрге»-деп басына ие бола алмай жүрген де
Жүрсін. Жүрсіннің осы өлеңдерінің бəрінен де Қоғам мен Адам
үйлесімсіздігі қылаң береді. Өлеңдегі сөз, тіпті сөздің арғы жағындағы
дыбыс, үн, сөзбен салған сурет бəрі де əдемі бір үйлесіммен жорғалап
келеді, сен елітіп отырасың. Сол сəтте ол жалт береді. Жалт береді де
сен күтпеген жерден солқ еткізіп бір оймауыт ойды айтады. Осыған
қарап ойлаймын: Жүрсін үлкен əлеуметтік мəселелерді қозғап,
өмірдегі елеусіз құбылыстарды жарылатын сыздауықтай сыздап,
дертіп тұрған күрделі мəселелермен оңай қабыстырып,өлеңіне
əлеуметтік үлкен жүк арқалата білетін ақын.
Ақын сөзі заманаға тəуелді емес. (Жариялануы тəуелді). Ол өлеңінде
орайын тауып айтамын деген ойын айтады. Өлең өзегіне қорғасындай
ауыр ойлар құйылады. Сезімге орап берген соң, бірде қуаныш, бірде
мұң аралас өлең формасы табалып жатса құйылып оқылады, құбылып
сөйлейді, құлағыңа үн келеді, жүрегіңе саз құйылады. Мұның бəрі де
дұрыс-ау, ең бастысы өлеңнің бірінші қабатындағы поэтикалық рең,
бояу, сазды малданып отырғанда оңдырмастай ой айтып миыңа мина
тастап кеп жібереді. Ақынның өлеңге арқалатар əлеуметтік жүгінің
мəні міне осында! Жүрсін замана биігінде жүрген ойшыл ақын.
Өлеңдері, сөздің жақсы мағынасында, қосқыртысты. Бір көріністі
өлеңге арқау ете отырып қоғамдағы келеңсіз екінші бір мəселені айтып
салып қарап отырады.
Қайқаң белді қасқа жол жатыр бөліп,
Бұрылыста тағы бір натюрморт:
Ұйқылы-ояу киіктің құралайын,
Ұйқылы-ояу қарағұс отыр қорып…
Осы өлеңнің алғашқы беті – өлеңдегі сурет. Сөзбен сурет салу.
«Натюрморттан» гөрі суретшінің қылқаламына ілінген табиғаттың бір
сəті дерлік.Екінші бетін ашып қалсаңыз бірін-бірі аңдыған, бірін-бірі
жемтікке айналдырған адамзат қоғамының жыртқыштығы келіп
шығады.
Абай ағамыз!
«Қазағым-ау» деп Сіз бізді көп аямаңыз:
Қатыгездікке келгенде қарайып əлі
Сабақ алатын жақсыны
Сабай аламыз.-деп айта алады Абай рухымен сырласа отырып.
Осындағы «сабай аламыз» көп мəнді емес пе? Абайға тиген таяқ қазақ
зиялылары басынан қашан арылып еді? Сырт елден білім арқалап
келіп Өз туғандары қолынан өлім табатын арғы баба – Анахарсистен
тартып айтсақ қазақ зиялыларының көзі қашан ашылып еді? Ақын
Жүрсін Абай атамызға мұң шақпағанда қайтеді?! Ақын ізденіс өрісіне
айналдырып алдына жүгінетін екі ақыны болса – бірі – Абай, бірі –
Қасым болар асылы! Қасымның күні қандай?
Жырды қорғаудың кешікті ережесі,
Қирады, сынды есік-терезесі.
Сəби жырлардың бесігі еді,
Бар екен сонша бесікте несі? («Ақынның үйі немесе Қасым
Аманжоловтың үйін қирату»)-деп зарлайды, тепсініп жарлайды ақын.
Ұлттық пішімде сөйлеу.Жыр жампозының тірісінде жылап жүріп алған
үйін жыр баптайтын Бесікке балап отыр. Тапқырлық. Əрине Жырбесік. Бесік – қазақ үшін киенің бірі. Бала бөленіп, ұлт өсіп-өнетін
алтын бесік. Ал, Қасым ақынның үйі адамзатқа жыр баптайтын – Жырбесік. Оны қиратып жатқан қоғамнан не күтуге болады? Ақын үйін
қиратқанша, бір пəтерді емес, күллі үйді кеңестік қоғамнан көрмеген
құқайы жоқ, сонда да рух туын жықпай өткен ақынға арналған музейге
айналдырсайшы, шіркіндер! Сөйтіп өздері кеңестік империяны
құлатуға бастамашы болған əдебиет пен өнер өкілдері дауылпаз ақын
Жыр- бесігін жаңа қоғам қиратып жатқанда қорғауға, қорғануға
дəрменсіз болды да шықты. Көгілдір экраннан жағасын ұстағандай
болып сөйлеп тұрған Тахауй Ахтан еске түседі. Ал, Жүрсін болса
жанталасып жыр жазыпты сол бір қасіретті күндері. Шын ақынның
болмысы!
Екімін, Екі бөлекпін.
Есемді жатыр елеп кім?
Біресе отпын маздаған,
Біресе сулы көнекпін-дейді ақын лирикалық тұлғаның алай-түлей
көңіл күйінен хабар беріп. Ақынның лирикалық кейіпкерінің мінезін
қазақ қоғамы бойында өтіп жатқан қайшылықты қаракеттер
белгілейді. Қоғам бойындағы дерт ақын ойынан жыр болып өріледі.
Оның лирикалық кейіпкері ұлтын сүйеді, ұлты-жұрты үшін отқа күюге,
суға түсуге бар қуатты қайраткер бейіл тұлға кейпінде көрінеді.
«Итке ашамай салғаннан иман таппай,
Сені іздедік – өлгенде сөз қадірі»,
«Ескі дерті қазақтың дерсің мұны,
Түңілтеді тобасыз ер сұмдығы.
Сарқытыңнан садаға кеткірлер-ай,
Бірі – рушыл ағаның,
Жершіл – бірі» – деп те жырлайды ақын. Ол, «Жалықпаймыз
қашанғы жұртты алдаудан – Алданудан жалықты халық байғұс»,
«Ағайын да қатыбас – сол қалпында, Азамат жоқ Алашқа болған тұлға.
Ешкіемердей еліңді теспей сорған, Алаяқтың қалтасы толды алтынға»,
«Бəтуа жоқ ісімізде, Сөзіміздің тұрлауы жоқ», «Өзгергенмен заманың,
Өзгерген жоқ қазағың»-деп тағы да зарланады. Қазақ тағдырын арқау
еткен қазақы өлең шумақтары. Ақын аузымен айтылып айбаттана
түскен ақиқат, тепсіністі мінезге құрылған текті өлеңдер! Ақын қазақы
образбен ойлайды. Ол бірде, «Қанасына сыйғанда бір ананың,
Даласына қазақтың сиярсыңдар!» – деп далиып, енді бірде «Ішігінің
астарын індетіп жүр, Інісіне сақалын бұлдағандар» –деп Абайша
толғанады. Жарықтықтың «Сақалын сатқан кəрісі» бұлданатын болған
бұл күнде. «Арқамнан ешкім қақпаған кезін ойласам – Бұл өмір маған
болыпты талай абақты»-Мағжанша сұм өмірді абақтыға балайды.»Саяқ
жүрген құландаймын, Жығылады жығам қай күн?»-деп Махамбетше,
өзіне-өзі сұрау тастайды. «Төбеңменен қызмет етсең дағы, Ағайынға
əйтеуір жақпайды адам»-деп Шашубай ата дəстүрін ішке алып,
«Сыңғырын естіп жүрейін – Сыңарын берші сырғаңның»-деп халық
əнінің мақам-сазына іш тарта сөйлейді, «Тұтатсам, жетіп келерге –
Шашыңның берші бір талын»-деп бағзының батырлары ізіне салып
назданады. «Шаң қаптырып кетті ме қапияда, Тақымыңнан бұлт етіп
тұлпар ғасыр.»-деп іздейді, Оразалыдай жүйрігін іздесе де Жүрсін!
Кейде дауыл тұрғызардай екпінмен сөйлесін, мейлі кейде мұңдана
наздансын – соның баршасында шын ақындықтан туған қаптаған
қазақы образдар самсап алдыңнан шығады.Жүрсін тапқан баламалы
жолдар, Жүрсін соққан образды жырлар!
Біреу үшін су кешіп, от оранып,
Құтқарғам жоқ төнгенде қатер анық.
Ат мінгізе алмадым бір адамға,
Бір адамға бергем жоқ пəтер алып! (16 бет)
Кісілік жайлы өлең. Есіңе қай-қайдағыны түсіреді. Əбділда ақынның
Мұқағалиға пəтер алып бергені, Əбдіжəміл ағамыздың Сабырхан
ақынға жəне Г.К.Белгерге пəтер алып бергені, Ю.Казаков есімін
Алматы көшесіне шегелеткені еске түсіп отырғаны.Ал, бүгін əдебиетте
соның бірі жоқ. Ақында күй жоқ. Ақындықты кісіліктің көкесі деп
қарайтын заман өткен. Əдебиеттің Я.Смеляков айтпақшы, «культке»
айналып тұрған кезі келмеске кеткен.. Бүгінгі муза мұңды. Жүрсін оны
өз басының (лирикалық тұлғаның) мұңы райында айта отырып та
кісіліктің өлшемі – айналаңдағы адам баласына жақсылық жасау
деңгейіне көтере айтып отыр. Бірақ, ол – ақындықтың өлшемі емес,
өмірде тұлғаға айнала алмадым деген кісілік өкініш. Алайда ол да
ақындық мəнермен музаға қарата айтылып отыр. Оның жауабын,
«Мініс аттаймын, Желем, шаппаймын. Көрге кіргенше Тыным
таппаймын!»-деген өзіне налитын, нали отырып қайрайтын өлең
шумағынан табамыз. « Бұрқылдайды сонан соң жыр қазаны, Осы
дейміз сезімнің сырбаз əні. Өмірдегі сұлу қыз – жырымызда Сұлу
болмай қалады бір ғажабы!»- секілді сырлардың, мөлдір мұңды
жырлардың түйіні – «Таусылғанша демім Қуармын бір елес. …Тыныш
жүрер едім: Басым екеу емес!»– парадоксты түйінге əкеледі. Бейғам
сезім – оқыс түйінге жетелемесе ол Жүрсін емес… Парадоксты ойлар,
түйіндер –
өлеңнің драматизмін арттырады.
Бұл орайда ол өліммен бетпе-бет келіп те жыр қашаудан
тайсақтамайды: « Дандайсыған дəлдүріш данасынар, Жанап кетсең –
жабатын жаласы бар. Ит тірліктен іргеңді бөлгің келсе – Жай табатын
жалғыз жер – мола шығар…» Əйтпесе, «Қуанбаймын бұл күні Қосылды
деп жасқа жас: Мəңгіліктің мылтығы Мені бейғам тастамас.» Немесе,
«Шалшыққа басқан ізіме Қадайды сұғын сұңғыла Ай. Келе сап жалған
жүзіне Кетіп барам ба? Сұмдық-ай!»-деп өмірдің өткіншілігіне зер
салады. Осы қабилас өлеңдердің түйіні лирикалық тұлғаны:
Қасіреттің көгенін,
Қайратым жоқ елемес.
Күліп тұрмын дегенім,
Жылағаннан кем емес» – деген кейіпке əкеледі. Тағы да тосын түйін.
Бірақ, зорланып қолдан түйілген жасанды түйін емес, табиғи ағынмен
келген өмірлік те, өлеңдік те ой-түйін. Қайшылықты сезімге құрылған
драматизмі ширыққан өлең. Күлкісі жылағанға бергісіз. «Қасіреттің
көгені» ұлттық таным. Тағдырға мойынсынуды «қасіреттің көгені»
кейпінде қазақыландырып беруі қандай ұнамды?! «Қасіреттің көгені» –
Жүрсін ақын ғана айтқан, айта алған, ақындық айналымға
айналдырған ұғым. Ақынның ақындығы да осында болса керек?!
Сондай-ақ, Ай жүзіне қарап отырып жалған жүзінен кетіп барам-деу де
тек Жүрсіндік қолданыс, ақындық малданыс!
«Люди совсем не одинаково чувствительны к смерти. Есть люди,
что вес век живут под ее знаком, с младенчество имеют обостренное
чувство смерти (чаще всего в силу столь же обостренного чувства
жизни) …Вот к подобным людям принедлежу и Я»-деген орыстың
тамаша жазушысы Иван Бунин. Жүрсін Ерман бала кезден өлімді
өлеңнің түйініне айналдырып, оны өмірді безбендеу, есеп беру мəні,
жалған тіршілікте із қалдыру сипатында жырлап келе жатқан ақын.
Салыстырып көрсеңіз болады, оның көп өлеңі өмір сырына өлім
табиғаты арқылы келу болып шығады. Өмірдің түйіні болғанда өлім
шіркін, өлеңнің түйініне неге айналмасын?!
Алайда, өлімге де дайындық керек. Бұл ақынның өмірдегі
айналасына ойлана
көз тастауынан, көз тастап сөзбен ойлы сурет салуынан да
байқалады. Уақыттың қарасаңшы озбырын:
Бел бүгілді, əлсіреді көз нұрың.
Күннен күнге бара жатыр сұйылып
Бөз жаулықтың астындағы боз бұрым.(«Апа»)-сынды «бөз» болып
басталып, «боз бұрымға» əдемі үйлесіп кете баратын мұңды əуеннен
осыны көремін. Өлең –
Сурет пен мұңды ойдың одағы.
Сезіміңді төзіміңе билетіп,
Қиындықтың қабырғасын күйретіп,
Сен əлі де жүрсің маған, аяулым,
Өмір үшін күресуді үйретіп! («Апа»)-қандай əдемі айтылған
салмақты жолдар. Қарындаштай көп жазған – қысқарамын,
Бір күн өмір легінен тыс қалармын.
Сен аман бол – тірегі үш ғаламның,
Ей, ардақты анасы үш баламның!- секілді жыр шумағына тоқталмай
сірə да өте алман. Өткінші өмірді көп жазған карандаш кейпінде көру,
елестету – тек қана ақындық танымның жемісі. Үш перзентін – үш
ғаламға балау – қандай тапқырлық болса, жарын сол үш ғаламның
анасы деп білу – соншалық асқақ! Демек, лирикалық тұлға өлімнің
өзіне күйреуік сезіммен емес, өршіл сезіммен қарап «дайындалады»
екен. Жə, асқақ сезімнің алымды ақыны, шеберлігі жетілген шалымды
жүйрігі жайында сөйлеп отырып қайдағы бір сұрқия ажал, сұм өлім
туралы айтып кеттік білем. Маған ол өлеңдерінен гөрі етістікті
есімдікке айналдырған Жүрсіннің
Қыран-ғұмыр қиялдап жетілген ем –
Қырандыққа жоқ əлі кепілдемем.
Кешіп жүрген өмірім – əншейін де,
Бəрін қайта бастайтын секілденем!»-секілді бейқанағат өлеңдері
ұнайды. Өмірдегі қанағатсыздық – қасірет, ал өнер қанағатсыздық –
қасиет! Ақынның мола мүңкіген өлімнен гөрі осы «тойымсыздығы»
жөн-ау, сірə…
Оның өлеңдері ішінен «Құлжанбай құмының жұртындағы» Құлын,
құлын, құлын күнім,
Құлағыма ілінді үнің.
Кезікпейсің – кезіп кетсем
Құлжанбайдың құмын бүгін.
Құлын, құлын, құлын күнім, Жұлынды ма тұлым-гүлің. Кекілінен
сипап енді Еркелетер ұлыңды кім?-деген ерке мұңды, еркелей отырып
ойландыратын жолдар, «Ырғай жырындағы» Ырғай, ырғай, ырғайлы,
Ырғай мойнын бұрмайды. Ғұмырыңды қысқартып Уақытың зырлайды.
Ызыңына пенденің Мойнын бір сəт бұрмайды. Ырзығыңды берген боп
Қызығыңды ұрлайды – болып басталатын ырғақты жолдар ұнайды.
Аталған кі өлеңге «Тұрмағамбеттен тəржіманы» қосар едім. Бұл үш
өлеңдегі ырғақ құйылысының жөні бөлек. «Қарасаз. Қара шал.
Қарғыбау.» да бірыңғай «Қ..» қарпінен бастап он шумақ бойына
қайталанбайтын ой табуымен поэтикалық экспериментке баланар
бəлкім. Мұқағали ақынның түсі – ақынның монологына айналып
жырланып тұр. «Қ..» қарпінен бастап қара бояулы өлең жазуда
экспериментке көп барған Жүсіп (Қыдыров) ақыннан соң Жүрсін
болып тұр. Жүрсіннің өлеңін де мұңға малынған қара бояу көтеріп тұр.
Алайда, арасына сүймен салсаң ажырамас тұтастық, ырғақтық бүтіндік
бар деп айту – қиын. Алайда, осының бəрі ақынның қилы-қилы
ізденісінің куəсі. Экспериментсіз ақын – ақын ба тəйірі? Ал,
эксперимент – поэтикалық реформаға айналғанда ғана ақын бақытты.
Жүрсіннің бақытсызбын деп жыр жазуы – бақытының бір парасы.
Прославленный не по программе И вечный вне школ и сметен, Он не
изготовлен руками И нам не навязан никем.-деген Пастернактың өлеңі
есіме түседі. Қай ел əдебиетінде болсын жүріс-тұрысын, тіпті тұтас
өмірін бағдарламаға айналдырып қоятын ақындар болады.Оның
жақсылығы мен жамандығы бара-бар. Өйткені, бəрібір адам – Құдай
емес. Жүрсін ақындық несіпті мол алған, бірақ Борис Пастернак
айтқандай, белгілі бір бағдарламасыз, алқам-салқам, өлеңді өзі іздемей,
өлең өзі іздесе «келе ғоймен» келе жатқан ақын. Бірақ, өз оқырманы
бар, күштеусіз, зорлаусыз оқылатын, оқысаң уақытың зая кетпейтін,
оқып өмір сырына қаныға алатын ақыннан! Ол Абаймен де табиғи
сырласа алады, Мағжанның абақтысына да түсе алады, Қасым ақынды
азалап, Мұқағалиды жырымен мазалап келе жатқан ақын. Соның қайқайсысында да Жүрсіннің өзіндігі бар. Мəселе сонда! Алда ізденістің
сан-салалы тармағы жатуы керек. Дəстүр үзу бар. Дəстүр түзу
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алыстан жəне жақыннан - 18
  • Parts
  • Алыстан жəне жақыннан - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2738
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    43.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 02
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2611
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 03
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2403
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 04
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2447
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 05
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2377
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 06
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2408
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    36.7 of words are in the 5000 most common words
    43.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 07
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2369
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 08
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2098
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 09
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2095
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    46.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 10
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2190
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 11
    Total number of words is 3828
    Total number of unique words is 2270
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 12
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2453
    27.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 13
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2420
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 14
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2357
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 15
    Total number of words is 3724
    Total number of unique words is 2536
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    33.2 of words are in the 5000 most common words
    39.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 16
    Total number of words is 3909
    Total number of unique words is 2501
    25.1 of words are in the 2000 most common words
    35.9 of words are in the 5000 most common words
    42.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 17
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2404
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    46.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 18
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2483
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 19
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2383
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 20
    Total number of words is 4116
    Total number of unique words is 2436
    28.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 21
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2493
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.