Latin Common Turkic

Алыстан жəне жақыннан - 03

Total number of words is 3944
Total number of unique words is 2403
30.9 of words are in the 2000 most common words
45.1 of words are in the 5000 most common words
52.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Мен барған бильярд жарысына Асанəлі Əшімов қатыспайды, – деп
Шөмішбай Сариев мақтанады: – Бəрібір менен жеңілетінін біледі.
Жарыс болғалы жатса, Асекең телефон шалып:
– Шөмішбай қатыса ма? Онда мен несіне əуре боламын, – дейтін
көрінеді. Бір жолыққанда Асекеңнен:
– Рас па? – деп сұрасам, түлкі бұлаңға салып, анық жауап бермей,
күле береді. Сірə, Шөмішбай өтірік айтпайтын кісі болуы керек.
Ибрагим Исаев «Бильярд» дейтін тамаша өлең жазып, оны Алматы
сауда палатасының президенті Ізбасар Бозаевқа арнап, қазір досымыз
Ізбасардың қолтығына өзі оңаша кіріп алды. Кейде соның бильярд
клубына түней салатын болыпты.
Ақын Темірше Сарыбаев қуысқа түсер-түспесін білмей, сандалақтап
келе жатқан шарға:
– Жаным, жаным! Келе ғой! – деп жалынады. Соны естіген Исраил
Сапарбай:
– Жарға айтатын сөзіңді шарға айтады екенсің! – депті.
Қай жерде бильярд жарысына сауын айтылады деп сайланып
жүретін Намазалы Омашев пен Бауыржан Жақып тас-таяқ додасы
табылса, түрленіп кетеді.
Бильярдтың хикаясы көп. Астанаға бара қалсаң, бастығымыз
Мырзатай Жолдасбеков:
– Үйге шақырып əуре болма. Бильярдқа шақырсаң, дайынмын, – деп
емеурін білдіреді. Зауқиыр шақыра қалсаң, Қойшығара, Ақселеу, Секен
Тұрысбеков деген серілермен бірге құдалыққа келгендей сау ете
қалады. Бəрінің қолында бір-бір сүйріктей таяғы болады. Бильярдтың
столына бойы жетпейтін Несіпбек Айтұлы биік өкше етік киіп келіп,
бəрін ұтатын көрінеді. Мода деген осы! Бұл мода деген нəрсе қайта
айналып соғып тұратыны бар. Ғабеңдердің үрдісін жаңғыртып, басқа
өнерді əуектейін деп, аңшылыққа ден қоя бастадым. Өзімнің
мылтығым да жоқ, мылтық – Белгібай досымдікі. Тым болмаса,
сыртым аңшыға ұқсасын деген оймен су етік, киіз қалпақ, сырма
шалбар, жарғақ тон сатып алдым. Əйел қарсы болмады: қаз атса да,
қоян қуаласа да, қаланың сыртында, құба тұзде жүрсін дейтін болуы
керек. Бильярдты сылтау етіп үй қарасын көрмейтін қаламдастардың
таң алдында қайдан келіп жатқанын шынында да кім біліп болады?!
Сонымен, Бақанас жаққа қаз атуға барған сапарымнан бір
жолжазбам «Қазақ əдебиеті» газетінде жарық көре қалмасы бар ма.
Алдымен Алматы қаласының Қаржы басқармасының бастығы, ескі
досымыз Қыдыр Тəжібаев телефон шалды:
– «Қазақ əдебиеті» дейтін оқымайтын газетім еді. Сенің мақалаң
шыққан нөмірді жігіттер əкеліп берді. Біздің ауылға барып, бір үйрек
ата алмай қайтқаның дұрыс болмаған екен. Маған хабарласып қойсаң,
үйрек пен қырғауылды үйіңе түсіріп береміз ғой, – дейді.
– Сондықтан «Қазақ əдебиеті» деген газетке жазылу керек, – деймін
мен газеттің пайдасын көздеп. Былтыр Шымкенттегі ректор досымыз
Уəлихан Бишімбаевтың үш мың дана «Қазақ əдебиетіне» жаздырамын
деп уəде беріп, сөзінің аяғы сұйылып кеткелі бері осы газетке
қарыздар секілді сезінемін.
Келесі күні Бақанастан ауданның əкімі едім деп Ерғазы деген азамат
телефон соқты:
– Біздің ауылдан құр қол қайтқаныңды «Қазақ əдебиетінен» оқыдым.
Оның алдында өз еліңе, сосын қажылыққа барғанынды да осы газеттен
білдім. Жазушылардың газетін жібермей оқимын. Бақанасқа жасырын,
ұрын келмей, елдің егесімен хабарласып, осындағы үлкендердің
батасын алу керек. Сонда үйрек пен қаз да, одан ірісі де қанжығаңа
байланады. Бізде жабайы жылқыға дейін бар. Тағы бір келіп қайт. Өзім
бастап жүремін, – дейді бейтаныс əкім.
Шынын айтсам, Бақанасқа барған екінші сапардан оралып
отырғаным сол еді. Көгермегір Мəлік құрдасым Іленің бойын үш күн
шарлатып, кеше ғана жылап қоштасқанбыз.
Бұл жолы «Қараойдағы» Мəліктің үйіне кештете жетсек, аулада бір
үлкен қара «Джип» пен доңғалақтары кісінің бойымен бірдей, аса
қуатты екенін сыртымен-ақ сездіретін жабық машина тұр екен.
Екеуінің де егесі – жасы алпыстан енді ғана асып түскен, бойы тіп-тік,
жүзі жылы Марат деген бизнесмен болып шықгы. «Сарытұмсықтан»
өгіз терісіндей жерді иелікке алыпты да, соған аңшы Мəлікті қарауыл
етіп белгілепті. Шаруасы өрге жүріп тұрған кəсіпкердің доңыз атуға
келген беті осы көрінеді.
Мəліктің үйінде еліктің арық еті желініп болған соң:
– Былтыр он бір қабан атып алғам. Биыл да күздіктің мезгілі келді
ғой, – дейді сабырлы сөйлейтін Мəкең.
– Жеңгеміз орыс болмаса нетті? – деді соттың төрағасы Белгібай.
Марат жымиды да қойды. Орыс болса, орыс шығар. Кім кімді алмай
жатыр?..
Мараттың пайдасын Белгібай екеуіміз сол түні-ақ көрдік. Ілені
жағалап, қаз бен үйрек қалың-ау деген бір тұсқа бойлай еніп, тоқтай
қалдық. Мəкеңнің көмегінде жүрген екі бала жабық машинадан
алдымен «Ямаха» деген двигательді түсіріп, дыр еткізді де, сексеуілдің
бұтақтарына үш-төрт шамды іле салды. Түн серпіліп, айнала
самаладай жарқырады. Лезде қызыл-жасыл шағын шатыр да тігілді. Ақ
пластиктен жасалған төрт жеңіл стол ортаға тұра қалды. Дəл сондай
жеп-жеңіл кресло мен орындықтар, аппақ дастарқан. Сексеуілдің
алаулаған жалынымен тез жылынып, көңілденіп сала бердік. Ақ
дастарқанның үсті алуан дəмге толды: қазы мен жая, шұжық пен тауық,
тұздалған, тұздалмаған қияр мен қызанақ, түрлі түсті қырыққабат, біз
көрмеген тағы бірдеңелер. Жұмсақ орамалдар мен сүлгілер, бұрыш пен
тұздыққа дейін түгел үстел үстіне жайғасты. Буы бұрқыраған бүйірлі
ақ шəугімнен шай да құйыла бастады. Ыстық тұшпараның бір табағын
төңкеріп тастаған Белгібай:
– Əйелді орыстан алу керек екен-ау! – деп есіней бастады.
– Ал енді доңыз атуға барамыз. Өз көліктеріңді жауып, мына жабық
машинаға мініндер, – деді Мəлік.
Жұмақ сол жабық машинаның ішінде екен. Кіре берістегі кішкене
темір пеш қып-қызыл боп, даланың суығын жалмап тұр. Сол жақтағы
кішкене қолжуғыш та сүп-сүйкімді. Төрде төрт кісілік ақ төсектер.
Марат пен Мəлік қару-жарағын асынып, жылы киімдерін киіп, биік
креслоларға жайғасқан қалпы бастарын люктен шығарып, төңірекке
прожектор салуға кірісті. Белгібай екеуміз екі мылтықты кезеніп, іште
отырмыз. Мылтық атар кезде бір түймені басып қалсаң, екі жақтағы
терезелер шалқасынан ашыла кетеді.
Ыңыранған жабық «Кунг» құмды кешіп, алға ұмтылады. Қуатты
шамдардың алысқа түсетін жарығы түннің қою қараңғылығын айқышұйқыш тілгілейді. Ана жерден де, мына жерден де ор қояндар орғып
шығып, «мені ат, мені ат» деп тұра қалады. Доңыз бен қасқырдан өзге
анды атпаңдар деген қатаң тапсырыс алғанбыз. Доңыздың ізі бар да,
өзі жоқ. Əрі-беріден соң пысынап кеттік те, бар киімімізді шешіп
тастаған Белгібай екеуіміз екі төсекке сұлаған қалпымызбен, ұйқыға
бас қойдық. Қуатты машинаның ызыңы тербетіп, оған пештің қызуы
қосылып, ұйықтамасқа қоймады. Анда-санда, машина қатты сілкігенде
оянып кетсем, сот төрағасының қорылынан басқа дыбыс құлаққа
шалынбайды. Жоғарыдағы екі мылтықшы түн құшағына телміріп
алған, бізде шаруасы жоқ. Шаруасы – доңызда. Доңызы түскір жоқ –
қамыстың ішінде олар да түс көріп жатқан болар. Жақында ғана
қажылыққа барып келген мен үшін сол харамдардың қарасы
көрінбегені жақсы...
Ұйқылы-ояу жатқан менің ойыма өзім туып-өскен Байқоңыр даласы,
Қарақұмның дүзген мен қоянсүйек, үшқат, сағыз көмкерген
шағылдары оралды. Құлжанбайдағы сегіз жылдық мектепте оқып
жүргенімізде, менің ұста əкем Зəбида дəл осындай күз айларында
түйемен аңға шығушы еді. Қос ауыз қара мылтығына аша аяқ бекітіп
алған майдангер қарт жұмасына бір рет түйесіне мініп, таң
қараңғысында құмға сіңіп кететін. Кеш түсе ауылға оралады.
Бақырауық сары атанның жазысына арқанмен байланған төрт-бес
киіктің текесін көргенде, Тұрсын екеуіміздің қабағымыз жабылып
кетеді. Жабылмағанда қайтсін: Əкей дəретін алып, намазын оқып,
Күлбаршын апамның күрең шайына кіріседі, ал біз екеуміз əлгі
текелерді ауылдағы үйлерге таратуға кірісеміз. Біреуін құмға жабыса
салынған Есқали əкейдің үйіне, бірін дүкеннің қасындағы Нұрпейістің
үйіне, бірін «Бəтір-ау» əженің үйіне дегендей, екі қара сирақ бала зыр
жүгіріп жаяу тасимыз. Күзгі семіз текелер қандай ауыр. Олжаны
үлестіріп болған соң, өзімізге қалдырған текені сою да Тұрсын
екеуіміздің мойнымызда. «Ұста пышаққа жарымас» деген рас, күмістен
жүзік соғатын ұста əкейдің киік соятын пышағы да өтпейтін бір лөкет
еді-ау!.. Келесі жұмада осы бейнет қайта басталады. Бұл жолы киік
жетпей қалған үйлер Зəпекеңнің келесі аңшылықтан олжалы оралуын
асыға күтіп отырады. Тірсегіміз майысқан Тұрсын екеуіміз зыр жүгіріп,
теке таратуға кірісеміз. Осы күнгі балаларды дүкеннен нан əкелуге
жұмсасаң, қорс ете түсуден тайынбайды. Сол Зəпекеңнің Тұрсын
екеуіміздің келіншектеріміздің қолынан шай ішуге ғұмыры жеткеніне
де тəубə деп жүр едік қой...
– Ат, ат! – деген дауыстан оянып кетсек, қалың құмның ішінде
тоқтап тұр екенбіз. Прожектордың жарығына ілінген сұр қоян
орнынан қозғала алатын емес. Жоғарыдағы доңыз атқыштар қоян
атуға арланса керек (біздің ұйқы соғып жатқанымызды қайдан білсін),
кезекті Белгібай екеуімізге беріп тосып тұр екен.
– Ат, ат! – дейді жарыса дауыстап.
Жартылай жалаңаш соттың төрағасы əлгі қоянның үкімін іштей
шығарып жіберген болуы керек, лезде мылтығын гүрс еткізді. Сұр
қоян мұрттай ұшты. Көп ұзамай мен де екі қоянның мұрнын қанаттым.
Ағарып таң да атты.
– Енді қаз атуға кеттік! Міне, өздері де ұша бастады! – деп
жоғарыдан Мəлік айқайлады. Терезеден бас сұғып, сыртқа қарасаң,
шынында да, сыпсындаған үйректер мен қаңқылдаған қаздар көл
жақтан қарақұрым болып ерсілі-қарсылы ұша бастаған екен. Түсе-түсе
қалып, бір-бір сексеуілдің түбіне бұғындық. Төбемізден суылдап ұшқан
қанаттылар оқ жетер жерге төмендейтін емес. Оқ көп. Гүрсілдетіп
атамыз. Құстар серпіліп, одан əрі биіктейді. Əудем жерге барып қонып,
көлдің бетін азан-қазан еткен дауыстарымен жүйкемізге тиетінін
қайтесің...
Сəске кезінде оттың басына оралып, Мараттың Алматыдан ала
шыққан дайын сорпасына бас қойдық. Менің есіме Төлеген
Айбергеновтің бір шумақ өлеңі түсіп, тост орнына соны оқып бердім:
Алдында Ай дірілдеп ұзақ таңға,
Не жетсін айдын көлден құс атқанға.
Сол құсы құрғырыңды атпағанмен,
Өзіңді құс атқанға ұқсатқанға!
– Мұндай ақынды неғып білмейміз, – дейді бизнесмен Марат
сүйсініп. – Тағы айтып жіберші əлгі тақпақты.
Төлегеннің «тақпағын» қайта айта отырып, өзімнің жақында ғана
жарық көрген, сарайда жиналып тұрған «Құдіретке жүгіну» атты
кітабымды есіме алдым. Қырық жыл бұрын өмірден өтіп кеткен
сұрапыл ақын Айбергенов Бақанастың қалың құмына енді жетіп жатса,
менің тақпақтарымның күні не болар екен?..
... Бақанастан телефон шалып тұрған аудан əкімі Ерғазыға мен сол
жақтан жаңа ғана оралғанымды айтқаным жоқ. Шындап шақырса, тағы
барып қалармын. Күтіп жүрсін.
– Жалғыз келме. Ақын-жазушыларды ерте кел. Айтысты ала келсең,
тіпті тамаша болар еді. Кешегі Қонаевтың елі деген атымыз бар ғой.
Ұятқа қалдырмаймыз! – дейді аңқылдаған ел ағасы. – Мəлік құрдасыңа
сыйлаған кітабыңның бір данасын маған да қи!
Елең ете қалдым. Бақанас жаққа тағы кетіп отырсам ба екен? Əттең,
бильярдтың қызығына құнығып, көк түтінге қамалған менің қаламдас
достарым ере қояр деймісің?!
Сорлы Көкбай қор болды-ау, Осыншадан құр қалып! – деп Абай ағам
айтпақшы, ауылда, ен далада қандай қым-қуыт өмір өтіп жатқанын
қаланы мекендеген бильярдшы қаламгерлер қайдан білсін...
Алматы – Бақанас – Қараой.
БІЗ АУЫЛҒА БАРҒАНДА
Сəтбаев атындағы совхозға ұша алмай үш күн жүрдім. Жезқазған
қаласының аэропортына соңғы рет келгенде, кəсіподақ төрағасы
Файзулла Əжібеков пен сол ауылдың сыйлы қарияларының бірі, отыз
жылдай сауда қызметінде істеп, екі-үш жылдан бері пенсияға шыққан
Нұрпейіс Құрманбаев жолыға кетті. Күннің шайдай ашық екенін,
пəленің бəрі аспанда емес екенін, пəленің бəрі Сəтбаев атындағы
совхоздың аэродром коменданты Мұхтар шалда екенін солардан біліп
алдық.
– Біздің Мұхтар күннің ашық-жабығына қарамайды, – дейді Нұрекең.
– Самолетті қабылдауға ерінсе, «əлеу, Сəтбаевта көз көрінбейтін
боран соғып тұр» деп хабарлайды да, шалдармен бірге үй жағалап
шеке жеуге жүре береді...
Қалжыңпаз, айткыштығымен аты шыққан Нұрекеңнің шыны ма,
əзілі ме, ұға алмай қалдым... Сол екі ортада самолет бүгін де ұшпайтын
болыпты деген хабар тиіп қалды. Бізден басқа жол тосқан он бес
шақты адам тағы бар. Шұбырып аэропорт бастығының кеңсесіне
бардық. Аэропорт бастығы Асқар Мақанов қабылдау бөлмесіндегі
бізбен өз кабинетінде отырып, телефон арқылы тілдесетін болды. Бұл
біздің жағдайымызды мүлдем қиындатып жіберді. Қашанда шағымды
шуласып айтқан жеңіл емес пе... Телефон біреу-ақ...
Трубканы Нұрекеңе бердік:
– Асқар шырағым, біз мынау Сəтбаев совхозының адамдары едік...
Иə-иə... келіннің дені сау ма?
– Сəтбаев совхозының адамдарымыз дегенді қайтсін, – деп сөзге
қабаттасты Файзолла. – Арамызда Алматыдан келген журналист бар
деңіз!
– Иə, ауылдан келгеніміз бар, Алматыдан келгеніміз бар, отыз адам
үш күннен бері Сəтбаевқа ұша алмай жүрміз. Күн болса мынау, апашық. Баяғыда, баяғыда деймін-ау, кешегі 45-ші жылы, көз көрінбейтін
тұманда да дəл осы арбакеш самолеттер фашистердің төбесінен
түспеуші еді...
– Ойбай, Нұреке, соны айтыңыз. Ұлы Отан соғысына
қатысқаныңызды, ордендеріңіздің бар екенін неге қоспайсыз?! КСРО
сауда қызметінің үздігімін деңіз...
Менің Алматыдан келгенімнің салмағы шамалы екенін сезді ме,
Файзолла Нұрекеңнің өз абыройын алға тартты. Аэропорт бастығы
қатқылдау жауап берсе керек. КСРО сауда қызметінің үздігі,
пенсиядағы қарт коммунист Нұрпейіс Құрманбаев та нығыздыңқырай
сөйледі:
Алматыдан келген тілшімен есептеспесеңіз, ол өз шаруаңыз. Бəрінен
бұрын, біз осы совхоздың төрт адамы, кəсіподақтың тегін
жолдамасымен Болгарияға туристік саяхатқа жүрмекші едік.
Документтерімізді əзірлеп, өткізіп болғанымыз осы. Енді үй ішімізбен
дидарласып, айтпақшы, үйде Балсары деген жеңгең бар, ана жылы өзің
көріп ең ғой, иə сол Балсары жеңгеңнің рұқсатын алып, екі күнде
ауданға қайта оралуымыз керек... Путевка күйіп бара жатыр. Осыны
бір ойланшы, шырақ... Біздің Болгарияға жүретінімізді обком да біліп
отыр...
Нұрекеңнің қай сөзі өтімді болғанын қайдам, жарты сағаттан кейін
АН-2 самолетімен ұштық та кеттік.
– Айналайын обком, құдіретің күшті-ау! – деп шүкіршілік айтты
Нұрекең, самолет Сəтбаевқа қарай анық бет түзеген кезде.
Жұмысшылар комитетінің төрағасы Файзолла Əжібековпен бұрын
онша таныстығым жоқ еді, сөмкесін ашып, ішінен Мұқағали
Мақатаевтың бір томдығын алды да:
– Біздің ауылдың баласы болсаңыз да, кітабыңыз біздің облысқа
келген жоқ, – деді. – Мына кітапқа қолтаңба беріңіз...
Ішім жылып қоя берді... Нұрекең аудандық «Октябрь туы» газетінің
соңғы нөмірін қолыма ұстатты. Жергілікті журналистің «Медпункт
жабық тұр» деген мақаласы бар екен. Соны оқы деді. Оқыдым. Сəтбаев
совхозындағы медициналық қызметтің өте нашар екенін, учаскелік
ауруханада медицина сестраларының жетіспейтінін, бөлімшелердегі
медициналық пункттердің 7-8 айдан бері біржола жабық тұрғанын, ал
Жезқазған медициналық училищесін бітірген 7-8 адамның ауылда
бөгде жұмыспен айналысып жүргенін жазыпты. Соның бəріне бас
дəрігер Сайлау Сəбитов кінəлі көрінеді. Ауруханадан өзіне жақпаған
қызметкерлерді қудалап, мамандығы болмаса да, өз туыстарын
жұмысқа алған. Жедел жəрдем машинасын өз шаруасына пайдаланып,
істен шығарып тастапты.
– Мақаланы жазған адам – білмейтін адам. Сайлау өз шаруасын да
ондырып жүргені шамалы. Қасқыр аулаудан қолы тимейді. Соны жазу
керек еді, – дейді Нұрекең. Туған ауылымның жағдайынан біраз
хабардар едім, көңілім жүдеп қалды.
Екі сағаттан соң Сəтбаев совхозының орталығына келіп қондық.
Жал-жал қарды күреп, қоналқа жерді ашып қойыпты. Аэродром басы
қарақұрым кісі. Ауданмен де, облыспен де жол қатынасы жоқ, бір ғана
АН-2 нің қанатына қараған ауылдың бар жүргіншісі осында көрінеді...
Сəлден кейін біз мініп келген АН-2 қайта гүрілдеп, көкке көтерілді
де лезде көзден ғайып болды. Алыстағы ауылдың тып-тыныш аспаны
тосындау көрінеді. Қыбырлаған көлік жоқ. Қозыкөш жердегі ауылға
жаяулап шұбырдық. Топтың алдында – Нұрекең. Балсары жеңгемізге
асығып бара жатыр-ау...
... Ауылда болған үш-төрт күн көзді ашып-жұмғанша өте шықты.
Былтырдан бері ат ізін салмаған ауылдың барша тіршілігі бүкіл
болмысымен қайтадан алдыма тартылғандай...
... Арал Қарақұмының Байқоңыр даласымен ұштасатын талмау
тұсындағы шөлейт аймақтан Сəтбаев атындағы совхоз отау тіккелі
биыл тура он жыл болды. Осы шаруашылықты тоғыз жыл бойы
облыстағы айтулы директорлардың бірі Ереже Шоланов баскарған да,
соңғы бір жылда Жұматай Қасымбеков тізгінді қолға алды. Бұл екеуі –
коллектив басқарудың бір-бірінен мүлдем алшақ екі стилін ұстанған
жандар. Ереже Шоланов көбіне өзі біліп, өзі шешетін, қатты сөйлеп,
қауырт қимылдайтын, қиын деген шаруаларыңыздың өзін тізеге
салып, омыраулап жүріп-ақ орындап жүретін аса қажырлы адам еді.
Жұматай болса, көбіне мамандарға, қоғамдық ұйымдарға арқа сүйеп,
адамдардың өздеріне ерік беріп, сенім білдіргенді тəуір көреді. Қатты
сөзі жоқ, сынық мінезді, аса сыпайы, интеллигент адам. Істің бəрін
ақылдасып-кеңесіп
шешуге
бейім.
Ереженің
үзілді-кесілді
бұйрықтарына бой үйретіп, басшының тегеурініне сеніп қалған ауыл
адамдары Жұматайдың осы мінезін əлі күнге сан-саққа жүгіртеді.
Біреулер иі жұмсақ, жібі бос деп кінəласа, екінші біреулер жаңа
директордың мұнысын үлкен тəсілге жориды.
Бұрын дəл осы совхозда бас зоотехник, партия ұйымының
секретары боп қызмет істеп, шаруаға көзі қаныққан Жұматайдың
Ережеге ұқсағысы келмегені деп ұғады. Ауылдағы əңгіменің түтіні əр
жерден көрінетіні содан:
– Басшы адамның кесіп-пішіп айтпағанының несі жақсы дейсің...
– Алды-артын болжап барып бір-ақ айтады да, сонысынан айнымай
қалады. Білетін бала!
– Біздің ауылға əзір ысқырынып тұрған басшы керек. Əйтпесе,
бетімен кетіп калады...
– Не дегенмен, партия ұйымында тəрбиеленген жігіт кой,
сыпайылығымен-ақ мысыңды басып жүре береді...
– Асықпа, еті үйренген сон, бұл да дікілдеп тұратын болады...
Бір қызығы, осындай алып қашпа əңгіме кеңсе маңындағы, ат
үстіндегі адамдардың арасында ғана болып қоймайды, үлкен істен
шеттей бастаған шал-шауқанның да аузына көп түседі. Ондай сөзді
кейде Нұрпейіс, Мейрам секілді қарттар басып тастайды:
– Бір директорды басасауы бар дедіңдер, ендігісін жуас деп
кінəлайсындар. Бұл ауыл ма, бұл ауылға жағу қиын!
Бірақ елдің аузына қақпақ қоя алмайсың. Ауылдағы үлкенді-кішілі
шаруаның барлығына директорды қатыстырмай сөйлемейді. Көбіне
мал жайы тілге тиек болады. Биыл қар жылдағысынан қалың түсіп,
мал ертерек колға қарады да, шөп маялары лезде ошарыла жөнелді.
Елу мың бас тебінге шықпаған соң, шөп шақ келер емес.
– Жылда үй қарасын көрмейтін осы ауылдың шөпшілері биыл жаз
бойы киік аулаудан артылмай қойды. Директор күнде зер салып
тұрмаған соң қайтушы еді... – деседі.
Шындығында дайындалған шөптің көлемі жылдағыдан артық
болмаса, кем емес. «Қоянқарта», «Киік» сияқты үлкен шабындықтарды
аралағанда, мұрты бұзылмаған үлкен маяларды көзіміз көрді. Соны
қол созым жердегі қыстақтарға тасып беру қиын болып тұр екен. Ең
бастысы, техника, техника емес – адам күші аз. Совхоздағы он К-700
тракторының алтауы былтырдан бері тоқтап тұр. Жүргізуші жоқ.
«Киіктегі» негізгі маяның басынан бөлімше меңгерушісі Жандарбек
Əбіловты жолықтырдық. Кара жер қозғалса, қозғалмас дейтін сабырлы
жігіт еді, сабасына сыймай күйініп тұрғанын бірінші рет көрдім.
Сөйтсем, шөп тасуға шыққан екі тракторшы – Абдол Жаналин мен
Карақұмбай Қайратов тал түсте «тойып» алыпты. Бір қолын екі ете
алмай отырғанда, екі інісінің жерге қаратқаны књйдірмей қайтсін...
Əупірімдеп жүріп К-700-дің екі тіркемесіне шөпті сірестіре тиеп,
бесін кезінде Абдолды Коскөлге баратын күреме жолға түсіріп
жіберген соң барып Жандарбектің қабағы ептеп ашылайын деді. Көз
байланған кезде екінші К-700 жолға шықты. Рульде – Қожамұрат
Есенов. Мен Қожамұратпен бірге жүрдім. Бір класта оқыған сырлас
досым еді. Мұның да тракторшы болғанына 15-16 жыл болып
қалыпты. Қысы-жазы үй қарасын көрмейтін, жұмыс десе бəрін тастап
жүре беретін, соның арқасында алғысты да, абыройды да жинаған, аса
орнықты жігіт. К-700-дің ұядай жып- жылы кабинасында сырттағы
уілдеген боранды ұмытып, біраз сыр шертістік. Шаруашылыққа адам
күшінің жетпей жатқаны совхоздың басшыларын ғана емес,
тұрғындарын да мазалайтын көрінеді. Майдангер азаматтар мен
олардың өкшелестері қазір жаппай пенсияға шығып жатыр. Ендігі
жерде бар шаруаны атқаруға тиіс болса, олардың көбі мектеп
бітірісімен қалалы жерге тайып тұрады. Онда да тындырып жатқаны
шамалы... Əйтеуір, ауылда берекелі еңбек етіп жүрген жастарды
саусақпен санауға болады. Мұқаш Сарбасов, Иманбек Көбегенов,
Өмірзақ Кенжеахметов, Боранбай Тазабеков, Əбдіхамит Қызыров,
Бүркітбай Жаналиев, тағы төрт бес жігіт. Бірі – механизатор, бірі –
шопан, бірі – шофер. Жастарды ауылда орнықтырудың бірден-бір
жолы деп жыл сайын мектеп бітірушілерден комсомол-жастардың
шопандар бригадасы ұйымдастырылады. Жыл сайын тарап кетеді.
Өткен жылы да Сайлаубек Құлманов бастаған 7-8 қыз-жігіт біріккен
екен, бəрінің жабылып бағып отырғаны 700 тоқты. Мұның
экономикалық тиімділігі қай деңгейде болмақ деген сауал бірден
көлденеңдейді... Дегенмен шаруашылықты рентабельді негізге
көшірудің
біраз
талаптары
жасалып
жатқаны
сүйінтеді.
«Қоянқартадан» ашылған мал бордақылау пункті сондай игі шараның
бірі ме дедік. Социалистік Еңбек Ері Əбілқас Сыздықов пен Иманбек
Көбегенов басқарған шағын топ қыс ішінде бордақылық етке
тапсырған тай-құнанның, кəрі жылқының əрқайсысы салмақ басып,
еңбектері жаныпты. Осындай өрелі істер Сəтбаев атындағы совхоздың
экономикасын өрге бастырып жатқаны аян. Жыл сайын жоспардан
тысқары мыңдаған қозы, ондаған бота мен құлын табынға қосылады.
Соның нəтижесі – 1983 шаруашылық жылын совхоз 900 мың сом таза
пайдамен аяқтап шықты. Қожамұрат Есеновтың да, өзге өндіріс
озаттарының да көңілін тасытып жүрген мұндай игілікке шынымен
қуанады екенсің.
Қожамұрат екеуіміз жолшыбай Қойшыбай мен Кəрібай Нұркеевтің
жылқы қосына, Қуанышбай Досжановтың қой отарына соқтық. Қай
ауылда болсын қоғам малы үшін табиғат кəріне қарсы тұрып жатқан
еңбеккер адамдардың жүзі жарқын, ісі өнімді.
Түннің бір уағында, Шұбаркөлдің тұсынан өте бергенде, тоқтап
тұрған манағы Абдолдың К-700 тракторын қуып жеттік. Күндізгі
«серуеннің» желігі басыла қоймаған Абдол кінəлі ме, əлде техниканың
өзінде бір кінəрат болды ма, əйтеуір трактор айдалада өшіп қалыпты.
Жол бойы жағалай шашылған шөпті көріп, күндікке ыза болып келе
жатқан Қожамұрат əуелі кабинасында мүлгіп отырған Абдолды біраз
сілкіледі. Сақылдаған сары аязда дірілдеп жүріп, өз тракторына
Абдолдың тракторын тіркеп, сүйрелеп, бір сағаттың шамасында əрең
от алдырды да, тағы да жолға салып берді. Түн жарымы кезінде ел
қарасына іліктік. Қыстың көктемге ұласар осы бір күндері Сəтбаев
совхозы үшін барлық ауыртпалығымен, қат-қабат қиындығымен қоса
келді. Қарлы боран ауданға баратын жолды да, мал қыстақтарына
баратын күремелерді де сипап өтті. Қақаған аяз жылу жүйесін де істен
шығарды. Аурухана, мектеп пен интернат, кеңсе ызып қоя берді. Оның
үстіне, бірер отардың шөбі таусылып қалды. Жеке меншік мал
ұстайтын үйлер де албарының ортайғанын айтып, кеңсе келгіштеп
кетті. Осы шаруалардың бəрінің барып тірелер жері Жұматайдың
алды... Жас директор байбалам-күйгелеңі жоқ, байсалды мінез
танытып, орнықты істерге мұрындық бола білді. Оның осындай
сабырлы қалпы мамандарға да сенімді сүйеу болды. Сапар Қайратов,
Сенбі Жиенбаев, Жандарбек Əбілов, Иманбек Көбегенов секілді өңшең
жөн білетін жігіттер бар шаруаның басы-қасында жүріп, қайрат
көрсетті. Олармен тізе қосып жанқиярлық танытқан қанша шопанның,
механизатордың табандылығы осы күндері елдің аузына ілікті.
Осының бəрі директордың да арқасын кеңейтіп, қолын ұзарта түсті.
Қыс қаһарының беті қайтты дегенде облыстағы ең үздік шопан деп
саналған Мейрам Жақаев қария тағы бір шаруаны күні бұрын болжап
отырғанын сездірді.
– Бұл үргін-сүргін жылда көріп жүрген жағдайымыз ғой. Əні-міне
дегенше қардың да көбесі сөгіліп қалады. Осы совхозда көктемгі көшіқонға қажет бензин-солярканың қоры бар ма екен. Соны ескеріп пе
Жұматай? – деді. Шынында да, бұрынғы директор жанармай билігін өз
қолына ұстап, тістей қатып, жылдың қай мезгілінде болса да 20-30
тонна бензинді іркіп отыратыны бњл ауылға мəлім еді. Жұматай май
тізгінін бас инженер Серікбай Бимағамбетовке берген. Ол да үлкен
шаруаға енді араласқан жас жігіт. Артын ойлай алды ма екен...
Осы жүнін директорға ескертпекке Мейрам Жақаевқа ілесіп, кеңсеге
мен де бардым. Жұматайды шұғыл түрде ауданға шақыртып кетіпті.
Ол екі арада почтадағылар Мекеңе əскердегі баласы Серіктен келген
хатты табыс етті. Азаматтық борышын өтеп бітіп, май айында ауылға
келеді деп отырған Серік бір екпінді құрылысқа көңілі кетіп жүргенін
айтып, əкесінен рұқсат сұрапты.
– Атасының басы! – деді Мекең күйініп. – Екпінді жұмыс іздесе,
осында келмей ме! Оз ауылын төрт аяғынан тік қоймай тұрып, екпінді
құрылыс іздеген несін алған?!
– Əлгі біздің ұлға телеграмма жіберші! – деді почта бастығы Бəкірге:
– Былшылдамай мерзімі біткесін тез ауылға қайтсын. Осы Қарақұмның
бейнетін кешкеніміз аз ба, көп пе?! Ендігі кезек соныкі, солай деп жаз.
Əй, тоқта жазбай-ақ қой. Менің айтқанымды айна-қатесіз жеткізетін
орысша саған қайдан келіп қалыпты? Үйге барып, өз қолыммен хат
жазайын.
Мекең почтадан маркасы жоқ конверт алып, үйге қайтқан кезде, кең
даладағы оқшау селоның үстінен бір айналған АН-2 самолеті қонуға
беттеп бара жатыр еді. Ауылдың біраз адамдары аэродромға қарай
шұбырыпты. Болгарияға туристік саяхатқа баратын үш жерлесін
ерткен Нұрпейіс Құрманбаев оларға бір бүйірден қосылып барады...
Автордан:
Кезінде «Қазақ əдебиеті» үшін жазылып, əлдебір себептермен
жарияланбай қалған бұл очерк менің архивімде тоғыз жыл жатқан
екен. Уақыт қандай жүйрік десеңші! Осы шағын ауылдың бейнесіндегі
өзгерістерден-ақ замана желінің қалай ұйытқығанын жазбай тануға
болатындай: совхоз да жоқ, обком да жоқ...
Шаруашылық ұжымы бар. Соны леп, тыныс бар. Алыстағы ауылға
көтерме жол салып, күнара автобус қатынайтын болды. Теледидар
барды.
Адамдарды айтсаңызшы! Күлкіден езу жидырмайтын ағамыз –
Нұрпейіс Құрманбаев дүние салды. Өзгелері сау-саламат, қайта құру
дейтін бір дүрбелең дəуірді де шығарып салып, енді баюдың көзін таба
алмай, сабылып жүр. Ереже Шоланов болса, қазір осы ауданның əкімі.
Жұматайдан хабарым жоқ. Иманбек Көбегенов құрдасым бірер жыл
рабкооптың бастығы болып, түкірігі жерге түспей жүр еді, қазір
қайтадан «шопыр» болып қалды. Жер қозғалса қозғалмайтын
Қожамұрат бір жолы басшыларға қатты ашуланып, тракторымен
кеңсені итеріп тастаймын деп, жұмыстан шығып қалып... Қазір
қайтадан трактор айдап жүр. Қарақұмбай қой бағып кетті. Мейрамның
əскерден келген баласы Серік те бір мəшиненің асты-үстіне түсіп
жүрген көрінеді.
Осының бəрі – Өмір.
ҚАҢҚЫЛДАП ҚАЗДАР ҰШҚАН КҮН
Бақанастың ар жағында, Балқаш көлінің бер жағында, Іле өзенінің
Балқашқа кұяр сағасын алқымдап отырған «Қараой» деген ауылда
Мəлік Əбдіров деген аңшы құрдасым бар. Аң аулау десе атасының құны
кеткен адамдай, дүниенің бəрін ұмытып, екі көзін жұмып, кіріседі де
кетеді. Ана бір жылы доңыз атамын деп жүріп, оғы қата тиіп, жаралы
қабан өзіне карсы шауып, содан сан етін осып жіберіп, өлімнен қалған.
Ақыры жарадар аяғы аяқ болмай, бір жыл жанын көзіне көрсетіп,
жіліншігін кестіріп тынған еді. Ағаш аяғына протез киіп алып,
қырғауылдың соңынан жүгіргенде, бұл Мəліктің ақсақ екенін ешкім
аңғармай қалады. Сол Мəлік «Қараойдан» телефон шалып:
– Ойбай, ауылды құс басып кетті. Үйрегінен қазы көп. Тез жет! Бір
жəшік оқ ала кел! – деп зар қақсағалы бір жұма болды.
– Ол не қылған көп құс. Тұмау тиіп келе жатқан пəле шығар? —
деймін шынымен қауіп ойлап.
– Анау Қытайдың бірін-бірі түтіп жеген аш құрсақ тауығы болмаса,
майдан қанатын қаға алмай жүрген каз-үйрекке тұмау тиюші ме еді?
Тез жете көр! – деп Мəлік құрдасым телефонның ішіне кіріп кете
жаздайды. Бақанаста соттың төрағасы болып істейтін Белгібай досым
да:
– Мəлікпен қаз атуға шықсаң, жолай мені де ала кет. Саған бір
мылтық, Ұлықбекке бір мылтық майлап отырмын, – деп, ынтықтыра
түседі. Баяғы Мүсіреповтердің құс атуын кітаптан оқыған басымыз
түрлі қиялға толып, төбеден топылдап құлаған семіз үйрек- қаз көзге
елестеп...
Ұлықбектің ертеңі бітуші ме еді, оған қолды бір сілтеп, «Қараой»
қайдасың деп, тартып отырдым.
Сол ана жылы көрген «Қараой» – Қазақстанның барлық бұрынғы
кеңшар орталығы секілді, сəл есін жиып, сəл арқа жүні көтеріліп
қалған, өз күнін өзі көруге отыға бастаған ауыл. Біздің Қыдыр Тəжібаев
досымыз ауылыма мешіт салдырып бердім деп шақырғанда жете
алмап едік: жан-жағын қоршап, шырша егіп қойған еңселі мешіт осы
ауылдың ажарын кіргізіп тастағандай. Ұзатқан қызынан қалыңмалды
мол алған ба, əлде, зейнетақысы көбейгеннің əсері ме, Мəліктің де
қоңторғай дастарқаны көркейіп қалыпты. Семіз қаз бен қырғауылдың
асулы етінің қасына «Самтрестің» бүйірлі бір шөлмек арағын
қылқитып қойған екен.
– Ораза кезінде кісіге арақ ұсынып, өле алмай жүрмісің? Өзің əрі
емші, əрі молласың. Мына соттың төрағасына айтып, үкіміңді қияметқайымнан бұрын шығартып жіберейін бе? – десем, Мəлік құрдасым:
– Сəн үшін қойғанымыз ғой, ішпес болсаң, көзіңді салмай-ақ қой! –
деп ырқ-ырқ күледі. – Осы ауылдағы бозбалалар арақ көрсетсең, құдық
қазып беруге дайын.
Біздің ауылдың балалары да сондай еңбекқор болып бара жатыр
деуші еді...
Қаз бен үйрек «Қараойдан» жиырма бес шақырым жердегі жайылма
көлдің үстінде екен. Құмды кешіп, сексеуілді жарып отырып, күн
шығар-шықпаста əзер жеттік. Мəліктің былтыр ұзатқан қызының
күйеуі Қуаныштың əкесі Мүтəлиф осы «Қызылтамдағы» көлдерді
жалға алған көрінеді. Сексеуілді өртеп жағып, мосыға қаз етін асып
қойып, бізді тосып отырған Мүтəлиф бүкіл Бақанасты жалға алғандай
көңілді:
Мына көлдің іші толған сазан мен жайын. Қытайдың жалғыз ауын
құрып едім, жыртып шыдатар емес! – деп апыл-ғұпыл сөйлейді.
Құрдасыңның құдасы кім болады? Сорпаға жеті рет қайнатқан
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алыстан жəне жақыннан - 04
  • Parts
  • Алыстан жəне жақыннан - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2738
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    43.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 02
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2611
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 03
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2403
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 04
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2447
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 05
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2377
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 06
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2408
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    36.7 of words are in the 5000 most common words
    43.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 07
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2369
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 08
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2098
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 09
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2095
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    46.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 10
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2190
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 11
    Total number of words is 3828
    Total number of unique words is 2270
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 12
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2453
    27.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 13
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2420
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 14
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2357
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 15
    Total number of words is 3724
    Total number of unique words is 2536
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    33.2 of words are in the 5000 most common words
    39.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 16
    Total number of words is 3909
    Total number of unique words is 2501
    25.1 of words are in the 2000 most common words
    35.9 of words are in the 5000 most common words
    42.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 17
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2404
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    46.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 18
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2483
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 19
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2383
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 20
    Total number of words is 4116
    Total number of unique words is 2436
    28.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 21
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2493
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.