Latin Common Turkic

Алыстан жəне жақыннан - 07

Total number of words is 3939
Total number of unique words is 2369
31.2 of words are in the 2000 most common words
44.1 of words are in the 5000 most common words
51.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
айналып, өзі де із-түзсіз жоғалып кетті. Содан бері отыз жыл өтсе де,
Мағауия Аманжоловты көрдім деген бір адам жоқ. Кейінгі оншақты
жылда, теледидардан қол үзген соң, мен ара-тұра очерк жазатын
болдым. Оларды Ақаң қадағалап оқып жүреді екен. Бір жолы Астанадан
телефон шалды:
– Мен саған баяғыда ескертіп едім ғой, сенің қолың – жазу. Сенің
очеркітеріңді Еуразия университетінің журналистика бөлімінде
жанрдың бір қыры деп оықытып жатырмын. Жаза түс!
Мен үшін бұл аса жоғары марапатпен пара-пар еді.
Астанадағы Ақаңның қазасы туралы хабарды Алматыда жүріп
естідім. Аспаннан жай түскендей болды. Есімізді жиған соң, жайсыз
хабарды екі досына – Өмірзақ Сəрсенов пен Амангелді Ермегияевқа
жеткіздім. Оларға да қатты батқанына куəмін. Ажалға да етіміз үйреніп
барады ғой. Ол кезде үшеуміз түскі асты бірге ішуші едік. Түстік
үстінде сыр тартып көрсем, Ақаңның жаназасына баратын сыңайлары
жоқ тəрізді. Жайшылықта айтыла бермейтін ірі-ірі теңеулердің
аузымнан қалай шығып кеткенін аңғармай да қалыппын:
– Ақселеу Сейдімбек – қазақ руханиятының алып тұлғасы. Ғалым,
жазушы, зерттеуші ғана емес, сол еңбектерінің жиынтығымен ұлттың
ұстазына айналған адам. Ұлы тұға. Кеше ғана бір дастарханнан дəм
татып, айырылмастай болған Ақаң бүгін ойран болып жатқанда,
жаназасына қатысуға жарамасақ, адамға септігіміз қайсы?!
Обалы нешік, екі аға да үн-түнсіз ғана ұшақтың билетіне тапсырыс
берді. Ертеңіне үшеуміз Астанаға ұшып келіп, ұлы тұлғаның
басындағы құрметті қарауылға тұрдық. Ақанның мəйітіне ерген
шұбырыңды халық Жаңаарқаға бет алғанда, көліктің ішінде отырып,
мына жолдарды қағазға түсірдім:
АҚСЕЛЕУДІ АТТАНДЫРУ
Өтеді хан да қара, сақи, дана,
Аттанып баражатсын бақиға, аға.
Өмірің алты Алаштың олжасы еді,
Өлімің де айналды оқиғаға.
Тəңірі жаратсада мұратты ұл ғып,
Бұл өмір өте шықты бір-ақ күндік.
Кемсеңдеп Кекілбаев сөйлегенде,
Басқамыз «бауырым» деп жылап тұрдық.
Тауысып пəнидегі ғұмырынды,
Табасың тұрақтайтын тұғырынды.
Мəңгілік қоштасуға қимағандар,
Соныңнан келеді еріп шұбырынды.
Білеміз ажал мерей тасытпасын,
Сол ажал жігерді де жасытпасын.
Сен өзіңнің ажалың арқылы да,
Үш жүздің бара жатсын қосып басын.
Жаңаарқа танып сені жөргегіңде,
Əлпештеп шығарғанды ел көгіне.
Қаумалап келдік қоңыр төбеге енді,
Өзіңмен түсетіндей көрге бірге.
Білетін дұғаны айтып құрандағы,
Ауызға алып тұрмын бір Алланы.
Туған ел құшағынан шыққан ұлды,
Туған жер құшағына тұр алғалы.
Жаңарқа жаққа жолым түссе, «Ақселеу биігі» атанған
Қарауылтөбеге, Ақаңның зиратына қайырылмай өтпеймін. Қарапайым
да мəңгілік сипаты бар қоңыр тастарды сипалап, өзім білетін
сүрелерімді оқимын. Тасқа қашап жазған Күлтегін ескерткішінің дана
сөздеріне көзім түседі: «Көктегі күнге, оның көне тарихына, дəстүрі
мен салтына, əні мен күйіне құмары қанбай ғұмыр кешкен Ақселеу аға
Сейдімбек қағаздай аппақ адам еді-ау!
Ақаң менің өмірімде үнемі болған тəрізді...
ҚҰЛМАМБЕТТІҢ ҚҰЛЫНЫ
Ай, Жанарбек інім-ай!
Оразалы туралы он бет қағазды уақытылы жазып бере қоймадың
деп мені жазғырып жүрген шығарсың-ау. Досың туралы естелікті
қағазға түсіріп бер деп сен мені қанша уақыт қолқаласаң, мен сонша
уақыт өз- өзімнен қасірет шегіп, іштей азапқа түсіп жүрген жоқпын ба?
Неге деймісің? Өзіңнің балаңмен жасты рухани інілерің туралы естелік
жазамын деп кім ойлады дейсің. Жəне оның не қызығы бар дейсің.
Өзіңнен бір көйлек болса да бұрын тоздырып, аз болса да, көп болса да
тəлім-тағылым берген ағаларыңмен бірге өткізген келте күндердін
елес-сəулесін еске алудың жөні бір бөлек. Сені бір бел-белес санап,
соңыңа ерген, қолыңа су құйған жеткіншек інілердің қысқа ғұмыры
туралы сөз қозғаудың еш лəззаты болмайтынын сен ұғынбай-ақ қой.
Амал қанша!
Айтыс та майдан сияқты.
Мылтықсыз майдан.
Мерген уақыттың қарауылына іліккен айтыс сарбаздары саптан
шығып қалып жатыр.
Ең əуелі «Илигай-лап» келіп, бір-ақ күнде бəрімізді тəнті еткен
Жандарбек Бегімбетов кісі қолынан қаза тапты. Атаңа нəлет қай
қаныпезердің өлімге қиып жібергенін білген кісі жоқ.
Сосын Көкшетау мен Астананың арасындағы қара жолда Ерік
Асқаровтың арбасы қирады. Сексенінші жылдардың ортасында Алаш
баласын акиқатқа ұйытқан ақберен ақын сол еді.
Одан соң Əзімбек Жанқұлиевтың туы жығылды. Ауған соғысынан
аман келген жауынгер ақынның жүрегі жаңа ғасыр басындағы
ауыртпалықтарға шыдас бермеді.
Енді келіп... Жиырма тоғызға жетер-жетпес жасында ортекедей
ойнақтаған Оразалы опат болды. Айтысты майдан емес деп кім айтты?
1990 жылы Ташкенттегі айтыстың үстінде кемел акын Көпбай
Омаровтың жүрегі тоқтап қалған.
1998 жылы шындық деп шырылдаған Шымболат Ділдебаевтың да
жүрегі жарылып кеткен.
Айтыс деген – майдан. Қаңғыған оқ жыршыл жүректі жаңылыспай
табады. Шонжыдан қайтып келе жатып, жол үстіндегі апатта мерт
болған Оразалы Досбосыновтың жаманат хабарын маған сенбі күні
бозала таңда Дəулеткерей Кəпұлы жеткізді. Астанадан телефон шалып
тұрған ақын бауырымның дауысында үрей де, таңырқау да, түңілу де
бар еді.
– Оразалы ініңіз сіз тұратын Тұздыбастау ауылының шет жағын
мекендейтінін айтып еді. Анық көшесін білмедім. Табарсыз, – деді.
Алматының іргесінде тұрғанмен, Талғар ауданына қарайтын біздің
Тұздыбастау ауылында кемінде он бес мың халық бар. Алматыдан
тұрақ таппаған Қанапия Дəрібаев, Темірше Сарыбаев, Айтақын
Əбдіқалов секілді біраз ақын да сол он бес мыңның санатында.
Шалдардың күпісіндей далиып жатқан Тұздыбастаудың қай
бұрышынан Оразалының қара қосын табарсың? Нарынқолдан кəсіп
іздеп келгендер төменгі жақта қоныс салып жатыр дегенді құлағым
шалуы бар еді, солай қарай жүре бердім. Ауыл жайбарақат. Əркім өз
тіршілігімен əуре. Алаштың ардақ тұтқан бір боздағы өмірден
өтпегендей. Мерт болмағандай. Сұрай-сұрай, Ораздың бір кəрі
апасының үйін тауып алдым. Қария кір жуып отыр екен:
– Иə, Оразжан опат болды деп хабарлап кеткен. Мына бір жиналып
қалған кірді шығара салайын деп... Үйінің қайсы екенін да анық айта
алмаймын-ау мен сорлы... – Ораз ойран болып жатқанда шаруасын
күйттеп үйінде отырған кейуананы жек көріп кеттім. Қолқасы
суырылғанша дауыс салып, өлімге құрмет көрсетіп, үзілген өмірге
жоқтау айтатын қайран біздің шешелердің орны енді тола қоймас-ау...
Оразалының үйін өз бетімізбен тауып алдық. Қам кірпіштен – салынып
жатқаны да, құлатылып жатқаны да түсініксіз қазақы жайдақ үй.
Қоршауы да жоқ, аңғал-саңғал. Аңыраған ана. Жер шұқыған бауырлар.
Ақылды əйелім берді:
– Қаладағы ұлымыздың үйіне барайық. Ақша тауып берсін.
Оразалыны жөнелтуіміз керек қой...
Ұлымыз ойдан шықты. Зыр қағып жүгіріп, бір сағаттың шамасында
əжептəуір ақша тауып əкелді. Оны Ораздың шешесінің алақанына
салған соң, ақынды қоятын жер іздеуге шықтым. Күн демалыс.
Басшылар жоқ. Тұздыбастау мешітінің молдасын ертіп алып, зиратқа
апарсам, қайдағы бір жықпыл-жырамен таудың терең қуысына
кіргізіп, бір төбенің астын нұсқап:
– Бұйырған жер осы, — дейді.
– Зиратты ел жақ шетіне, анау қара жолдың бойындағы ашық алаңға
неге қоймаймыз?
– Рұқсат жоқ...
Əрі-бері тəжікелесіп, көнбеген соң, ауылға қайта барып, имамның
үйін тауып алдым. Бір-бірімен келісіп қойғандай:
– Рұқсат жоқ! – дейді.
Тірі Оразалыға орталықтан үй салуға рұқсат жоқ. Өлген Оразалыға
қара жолдың бойында ел төбесін көріп жатуға да рұқсат жоқ! Ертең
«Ой-бауырымдап» аяулы ақынның достары келмей ме? Ел жиналмай
ма? Мына таудың қиядағы қуысына кім тауып келеді?
Əкімнің бе, оның орынбасарының ба, əйтеуір билігі бар біреудің
есігін қаққаным есімде:
– Қара жолдың бойынан қабір қаздырмасаң, Ораз бауырымды оң
жақта он күн ұстасам да, осы қуысқа қойғызбаймын! – деймін қаным
басыма шапшып. – Сіз өзі Оразалыны кім деп тұрсыз?! Оразалы жүз
жылда бір-ақ туар Алаштың арқалы ақыны емес пе!
Сөз ұғатын кісі екен. Қара жолдың бойынан, менің Тоқтасын досым
мен Серік інімнің қасынан жер кесіп берді. О, тоба, мына аруана фəни
дүниеде аяулы ақыныңды жерлейтін орын тапқаның да қуандырады
екен. Қуаныштың осындай да түрі болады екен!
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалинді
қонақта отырған жерінен тауып алдым. Оразалының ағасы Оразалин
де азамат-ақ екен. Екеуіміз тізе қосқан соң, жерлеу-жөнелту шаралары
реттеле бастады. Ойға-қырға шапқылап жүріп, көздің жасындай жыр
жолдары тілге орала береді.
... Сенің үйің үйлердің шеткісі еді,
Түнгі мейман шеткі үйге кеп түседі.
Домбыраңды əлдилеп жүргеніңде
Домбыранның үзіліп кетті шегі.
... Сөзден соғам деп жүріп зор мұнара,
Сорың қайнап қалды-ау,
Сорлы бала!
Талантты өзі жаратып тəңіріміз,
Сол таланттың алдына тор құра ма...
Оразалымен алғашқы жолығысуларым есімде жоқ. Домбырасын
өңгеріп келіп, өзге де жас айтыскерлермен бірге сынақтан өтуге
талпынды ма екен, əлде, оқушы дəптеріне қылқаламмен тізілген
алғашқы өлеңдерін оқып шығуға берді ме екен? Əйтеуір, Абай
атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің үшінші курсында оқып
жүргенінде, студенттік шығармашылық кешін өткізетін болып, соған
қатысуға шақырды. Өзім де сол қарашаңырақтың түлегі едім.
Ұстазымыз Нығмет Ғ абдуллин менің де алғашқы өлеңдерімді дəл
осындай үйірмеде оқытып, бір топтамамды «Қазак əдебиетінің» бетіне
жариялаған. Қолымнан жетектеп жүріп, «Жас керуен» деген кітапқа
кіргізген.
... Сол ҚазПИ-дің өзімнен айнымаған қара баласы өлең кешіне
шакырып, қиылып тұрса, қалай бармаймын?
Киіктің асығындай ғана қағілез қара бала. Күрек тістерінің
арасындағы саңылаулар көзге бірден шалынады екен. Біресе өлең
оқыды, біресе айтыстарын тыңдатты. Қай дүниесіне ден қойсаң да,
ауыл баласына тəн бір аңғалдық пен тазалық ішіңді жылытады. Ұяты
бетіне шығып тұрған жастың қалыптасып болмаған қолтаңбасында бір
ғажайып құпия бар секілді. Шапанының шалғайы желбіреген ауыл
шалдары өрімдей өлеңдердің əр тұсынан көлең ете қалатындай.
«Көзден таса қылмайтын бала екенсің» деген тұжырымды көкейіме
түйіп қайттым.
Көп ұзамай Оразалы топқа қосылды. Бір қызығы, Республика
сарайында өткен жас перілердің жыр сайысында ол ə дегеннен-ақ
сүрініп кетті. Айтыстың көзге көріне бермейтін көп-көп ұйымдастыру
шараларымен миқата болып жүріп, Оразалының қалай қапы кеткенін
мен аңғармай қалыппын. Үйге келген соң, айтыстың аудиотаспаға
түскен нұсқасын қайта тыңдап көрсем, «жеңіліп» қалған Оразалының
сөз орамдарының арасында небір жарқылдаған маржандар, гауһарлар,
алтындар жүр. «Сынапты сыпырындыдан жинағандай» депті бір
жерінде. Мен де сыпырындыдан сынап жинағандай, Ораздың ең
көркем жолдарын кағазға түсіріп алып, ертеңіне қазылар алқасымен
«айтысуға» бардым. Мынандай ғажайып сөздерді айтқан ақын қалай
жеңілді деп дауласа кеттім. Дəлелдедім. Түсіндірдім. Обалы қане,
қазылар алқасындағы ағалар сөзге тоқтады. Оразалы сахнаға қайта
шықты. Жарқылдатты. Нөсерлетті. Төкті. Сөйтіп, бір кеште бес
ақынмен айтысқан Оразалының есімі лезде қазақ еліне мəлім болды.
Мұхтар Құл-Мұхаммед шығын мөлшерін қайта қарап, Оразалыға үш
мың АҚШ долларына татитын арнайы жүлде тапсырды. Осыдан кейін
алты жыл бойы Ораздың бақ жұлдызы айтыс өнерінің аспанында
жарқырап тұрды.
Оразалы бір айтысында «Құлмамбеттен қалған құлынмын» деді.
Оның осы сөзі айтыс жанашырларының құлағына майдай жақты.
Жетісу өңірінде Құлмамбеттен қалған бір құлынның зəрулігі өтіп-ақ
тұрған кезі еді. Ұлы айтыскер Сүйінбай айтыстың туын желбіреткен
өлкеде Жамбылдың ізі суып, Үмбетəлінің, Саяділдің, Қуаттың,
Əбдіғанидың шаңы басылып, арындаған арқалы жырдың арнасы
ортайғандай болып жүрген. Əсімқан мен Əлімқұл шау тартты.
Бəріміздің өңешімізді создырған Есенқұл Тəушен апасымен бір
тəжікелескеннен кейін атын ауыстырып мініп, жазба поэзияның
жайлауына шығып кетті. Ермек Жұматаев құр текіректен аса алмады.
Оның жеткен биігі «Ермек өлең айтпайды Абай үшін, Абай өлең
жазбаса Ермек үшін» деген бəдік болды. Ақын жоқ. Қасқа құлынның
құлағы көрінбей, басқа құлынның шұрқырағаны естілмей, нəумездеу
болып жүрген бір тұс болатын. Дəл осы кезде Құлмамбеттің құлыны
құнан шығып, бір шаңды бір шаңға қоса бастады. Таудан құлаған тас
бұлақтың жанға жайлы сылдырының ар жағынан Көдек ақынның
құдіретті сарыны да естілетін. Оразалының құлағына қай періште
сыбырлайтынын кім білсін, адам баласы естімеген кайдағы бір оқыс та
тапқыр теңеулер оның төкпе шумақтарының жалын күдірейтті, жонын
биіктетті. Ақтамберді мен Шалкиіз, Жанақ пен Шөже Оразалы кейпінде
сахнаға шықты. Өлең будақ-будақ төгілді. Дауыс та ашылды. Əн де
түрленді. Жан баласын шыдатпайтын жаңа бір ақын көз алдымызда
күннен-күнге өсіп келе жатты. Құрдастары оны «қырғыз
ақындарының киллері» деп атап жүрді. Шынында да, бауырлас қырғыз
ақындарымен сөз сайысына түскенде, Оразалы мүлдем шығандап,
шырқау биікке шығып кететін. Сүйінбай бабасына бас терісі мен қас
керісі ұқсамаса да, жырдың жас перісі дəл сол бабасынша арқаланып,
өлеңнің қара дауылын қатпаған селдей қаулатқанда, қарсыластың тілін
байлап тастаушы еді. Нағыз намыстың перзенті еді. «Сыбырлағанды
құдай естімей ме?» дегендей, кейбір əріптестері алдағы айтыстарда
айтар өлеңдерін қағазға түсіріп, қойын-қонышына тығып жүргенде,
Ораз бауырымыз сəл жымиған сүйкімді күлкісімен нұрлана түсіп,
суырып салып өлең айтудың небір таңдай қақтырар үлгілерін
жарқылдатушы еді. Шұбыртпалы ұйқаспен жыр төгу керек пе,
абстракты поэзияны түрленту қажет пе – осының бəрі Оразалының
жаңа гүл ашқан талантының оңтайына келе беретін иірім-қайырымдар
еді. Осы қасиеттерін ол өзі де білетін, өзгелер де үнсіз мойындайтын.
Бір ғажабы, сол бұлақ өзінің жаңа көздерін жыл санап ашып келе
жатыр еді...
Жезқазғанда «Ауылым – алтын бесігім» деген айтыс өтіп, соған
қатысушылар арнайы бөлінген жұмсақ автобуспен Астанадағы
айтысқа оралып келе жаттық. Біреу əн салып, біреу өлең оқып, біреу
əзіл айтып, ұзын жолды өнер думанымен қысқартып, дуылдатып отыр
едік. Артқы жақтан кемпірдің шаң-шұң дауысы шықты. Оған шалдың
шарылдаған байбаламы қосылды. Сиыр мөңіреп, бала жылап,
автобустың іші лезде азан-қазан болды. Осының бəрі бір Оразалының
өнері екен. Баяғы Қаллекидің өзі секілді. Ақын бауырымның осы
өнеріне қуанғаным соншалық, ертеңіне Астанадағы «Конгресс-Холл»
сарайында өткен айтыстың арасында Оразалыны қоярда-қоймай
қолқалап, сахнаға əртіс етіп шығарып жібердім.
Ол осындай кесек дарын еді-ау!
Басқа ақындар қай жерде, қанша айтыс өтсе де, бəріне қатысқысы
келіп, өңмеңдеп, қайта-қайта қолқалап жүреді. Оразалыны үлкен
айтыстардың алдында кісі жіберіп іздетіп, əзер дегенде тауып, додаға
қосушы едік. 2004 жылдың 24 қазанында Мəскеуде өткен айтулы
айтысқа да ол осылай аттанып еді. Отбасындағы кикілжіңдерден
қажып жүрген Оразалы бұл сапарға көңілсіз шықты. Демеушілік
жасаған А. Ермегияевтың, Ө. Сəрсеновтың, А. Атамқұловтың, Н.
Сабильяновтың арқасында арнайы вагонмен, барлық сəнсалтанатымен Мəскеуді бетке алған бұл думанды топтың ажары
қандай ашық болса, Оразалының өңі сондай сынық болды. Ырдудырдуға қосылмады. Сыраға да қол созбады. Алматымен сөйлесіп
отырып, қолындағы ұялы телефонын терезеден сыртқа лақтырып
жібергені де оның көңіл-күйінің қандай райда болғанын аңғартса
керек... Салы суға кеткен Оразалыны менің отбасымның мүшелері
қайтар жолда бөлек күтімге алды. Ыстық- суықтың бəрін алдына
тосып, бəйек болды. Делегацияның тəртіп бұзған біраз мүшесіне:
– Оразалының басып кеткен ізіне татымайсындар! – деп кейігенімді
олар əлі ұмытпаған болуы керек.
Балғынбекке, Сараға, Рүстемге, Ринатқа қанша қатты айтсам, сонша
жылы сөзді Оразалыға арнауыма не себеп болғанын əлі ұғынбаймын.
Күні өтіп бара жатқан есіл бауырдың бұл өмірде естіген соңғы
қолпаштары сол екен-ау. Қазақстан шекарасына кірген соң,
шырайланып, біраз жыр төкті.
Əн салды. Əзіл-қалжыңның тиегі ағытылды. Экспромт өлеңдер
айттық.
Алдағы ажалдың хабарын аузыма Құдай салды ма:
– Оразалы,
Қаңғыған оқтан болар бəрі ажалы,
Сені де қинар ма екен көр азабы, – демесім бар ма?
– Ұйқасыһыз тастай екен, – деп күлді де қойды. Оразалының
өмірден өтуіне бір аптаға жетер-жетпес мерзім қалған екен ғой сонда.
Мəскеуден келген күннің ертесіне Дəулеткерей Кəпұлы екеуі екі
кештің арасында үйге соғып кетті.
Айтыскер ақындардың бəріне бақылау жасауды «қоғам дық негізде»
атқаратын біздің пыркарол Оразды құшақтап сүйген болып, иісін
тексеріп жатқанын ақын қайнысы сезе қойды:
– Ой, тəте, мен мəшине жүргізіп келдім. Мына көлікті жақында алып
едім. Енді үйреніп жүрмін, – деп шыр-пыры шығып, бұл аса қиын
өткелектен жақсы құтылды. Бəріміз де қуанып қалдық.
Ертеңіне кешке Жазушылар одағының бильярд клубында
жолығысты. Дəулеткерей мен Аманжол секілді бұл да қолы қатты
ойыншы болатын. Байқамасаң, лезде ойпаң-тойпаңыңды шығарады.
Шар қуалаудың қызығына берілген Ұлықбек екеуіміздің бітіспейтін
бəсекемізді бір сəтке бөліп:
– Шонжы жаққа жүріп барамын. Қоштасып кетейін деп едім, – деді.
– Жекпе-жекке дайындала жүр. Уəде орнында болсын, – деп пойыз
үстіндегі екеуіміздің келісімімізді есіне салдым. Бұрын-сонды
болмаған бір қызық айтыс жасауды жоспарлап келіп едік.
– Өтірік өлең айтысын өткізсеңізші. Мынау қоғамды, мынау қымқуыт өмірді келемеждеуге содан қолайлы жанр жоқ. Ринат екеуіміздің
оң жамбасымызға келіп-ақ тұр. Жекпе-жек айтысамыз, – деп, мені
еліктіріп қойған.
Өтірік өлеңді қалай айтатынын көрсетіп, өзініһ əмбебап дарынының
жаңа бір қырын жарқ еткізген. Қазақ жұртына тосын бір қуаныш
сыйлайтынымызды күн ілгері сезіп, сол айтыстың бүге-шігесін күндізтүні ойластырып жүр едім-ау. Сол жолы қолымызды алып қоштасқан
Оразалы ажал сапарына аттанып бара жатқанын Жаратқаннан басқа
кім білген?..
Тартып туса тегінен сұңқарға асыл,
Тура келген ажалдан бұлтармас ұл.
Шаң қаптырып кетті ме қапияда
Тақымыңнан бұлт етіп тұлпар ғасыр?
... Амандықпен, Адаммен араз ғасыр
Айтпайтынын біліп ек Оразға сыр.
Өзіме-өзім дұға оқып отырғандай
Көздін жасы тамады қағазға сұр...
Өксігімізді баса алмай біз қалдық. Аңырап анасы, жаутаңдап қос
құлыны қалды. Шашылып шаруасы қалды. Ешкімге қатты қайырып сөз
айтып көрмеген, досқа деген назын, жарға деген наласын ішінде
булықтырған, сыртқа сыр бермеген сабаз іні сол сапарға жүрерде
шешесіне де барып қош айтысып, мəшине енді орнынан қозғала
бергенде, екі көзі боталап тұр еді дейді көргендер. Əркім əр саққа
жүгіртіп айтады. Ақынның соңынан сөз боратуды салт еткен
қалпымызды қайдан бұза қояйық.
Айырықша естілген əуелде үні.
Алты алашқа танымал Əуенді іні.
Қош бол енді Тəуелсіз қағанаттың,
Тауқыметке туғаннан тəуелді ұлы!
... Тұрмысқа, отбасына, жоқ пен барға ТƏУЕЛСІЗДІГІН ажалымен
жеңіп алған талантты ақын, айтыс əлемінің ақиығы Оразалы
Досбосынов біздің Тұздыбастау ауылынан шығатын қара жолдың
бойында дамылдап жатыр.
Содан бері де жыл жылжып кетіпті-ау... Аруана- фəни дүние...
СҰХБАТТАР
IҮ БӨЛІМ
Жүрсін ЕРМАНОВ:
“Соңғы 7 жылда айтыс ақындары 50-ден астам машина мініпті”
Бұл кісінің айтыстың айналасында жүргеніне биыл 20 жылдан
асып барады. Осы өнерді ежелден туыс, ежелден көрші Ресей
секілді елдің астанасына апарып, аламан жырдың додасын
өткізген, бүгін осы өнердің ыстығына күйіп, суығына əбден тоңған
Жүрсін ЕРМАНОВТЫ сəті əбден келіп тұрғанда жолай сұхбатқа
шақырып, сауалдар қойған едік:
– Жүрсін аға, тұңғыш өткізген айтысыңыз есіңізде ме?
– Алғашқы айтысты мен Жезқазғанда облыстық телевизиясында
жүргенде теледидардан ұйымдастыра бастадым. Облыстағы айтыс –
облыстағы айтыс. Кейін Алматыға ауысып келгеннен кейін, 1984
жылдың қаңтарынан бастап айтыспен тұрақты қолға алып, наурызда
Шымкент пен Алматы облысы арасындағы айтысты өткіздік. Сосын
ақындарды іздеп Торғай, Көкшетау, Жезқазған, сонау Батыс Қазақстан
облысына дейін бардым. Ол кез ақындардың көп кезі емес, жоқ кезі.
Қолдан ақындар жасауға тура келді, тексін жазып беріп деген сияқты.
Бірақ, біз бірден қағазға қарап айтысу болмасын деген талап қойдық.
Жақында ғана бір газеттен оқыдым 1979 жылдың қаңтарында “Қазақ
əдебиетінде” Əбдуəли Қарағұлов жазба айтысты дамытуымыз керек
деп жазыпты, сахнада ақындардың қағаз ұстап отырғаны күлкілі. Ал
біз қағазға қарап айтысудың көзін жойын, бірыңғай жұрттың көз
алдында суырып салмалық айтысқа қол жеткіздік. Осыдан кейін
Шымкентте, Қарағандыда, Қызылордада, Жамбылда, Қостанайда осы
айтыспен айналысатын адамдар пайда бола бастады. Сөйтіп біздер
М.Əуезов талдап кеткен айтыстың түрлерін жаңғыртуға тырыстық.
Қайым айтысты, Жұмбақ айтысты, Өтірік өлең айтыстарын көп
қолдандық. Келе-келе айтыстың бұл түрлерін бас тарттық. Неге? Əу
бастан біздің алға қойған мақсатымыз суырып салмалық өнерді
жаңғырту болатын. Ол кез қазақтың ежелден суырып салып
айтысатын ақындарының ізі сұйыла бастаған тұсы еді.
– Бұрын-соңды ұйымдастырылған айтыстардың
ақындардың аса жарқырап көрінген тұсы қайсы?
ішінде
–Айтыстың əбден қалыптасуына көп уақыт кетті. Бірақ одан тапқан
пайдамыз – осы теледидардың алдында ойнап жүріп өскен балалар
кейін айтыстың ғажайып биігіне көтерілді. Мен өзім ең жақсы көретін
айтысым – 1998 жылы өткен “Абылай – айбарымыз, Елбасы –
ертеңіміз” деген айтыс. Осы айтыста ақындардың жаңа буыны барлық
қырынан танылды. Суырып салмалықтың алуан үлгілерін көрсетті.
Одан басқа “супер -дода” деген айтыс өткізілді. “Сегіз серінің айтысы”
деп “Жас алаш” қайта-қайта жазды да. Осыдан кейін жастар қаулап
шықты. Өздерінің замандастарының аяқ алысын, қазақ тілінің мəйегін
көрді.
– Өзіңіз айтыстың басы-қасында жүрген жылдар ішінде суырып
салмалық
өнерде
ерекше
дарынымен
есте
қалған,
қайталанбайтын ақындар қайсы?
– Дəурендер деген сөзді мен көп қолданамын. Айтысқа алғаш
көтеріліп жүрген Əселхан мен Əсияның дəурені болды. Соны көріп
қыздар шықты. Одан кейін Əзімбектің дəурені деген бір дəурен болды.
Ауғаныстандағы соғысқа қатысып келген, əдемі əуені бар. Əзімбекке де
еліктеп көп ақындар шықты. Одан кейін Мұхамеджанның дəурені
басталды. Бұл айтысқа көркем ойдың, образдың жазба поэзияның
элементтерін алып келді. Содан кейін Аманжолдың кезеңі басталды.
Ол да бірыңғай суырып салмалықты көрсетті. Қазір де дəурені жүріп
тұрғандар бар.
– Ал қазіргі жастардың ішінде қайсысын бөле-жарып айтар
едіңіз?
– Тайы жоқ, теңдесі жоқ ақын – Дəулеткерей Кəпұлы. Ол
Монғолиядан келген оралман, қалың қазақтың ішінде өскен. Қазақ
тілінің неше түрлі иірім-қайырымдарын жақсы біледі. Тіпті осы
Қазақстандағы қазақтар білмейтін көне сөздерді қолданады. Жəне біз
күнделікті қолданатын сөздерді ойната біледі. Ринатты қай жағынан
алып қарасаңыз да төрт құбыласы тең ақын. Кезінде жыраулардың,
ақындардың көп шыққан жері Батыс Қазақстан еді. Бірақ, соңғы
жылдары сиреп кетті. Қазір бірақ осы аймақтардан да жас ақындар
шыға бастады. Мысалы – Нұрлан Мұсаев. Өзінен бұрынғы ақындардың
дəстүрін терең меңгерген, үлкен бір аймақтың сөзін сөйлеп жүрген өте
бір дарынды ақын. Рүстем де Мұхамеджанның ізін басып келе жатыр,
көркем айта біледі.
– Мəскеуде бір сөзіңізде “Айтыс секілді қымбат өнер қайда
бар?!” деп айттыңыз да, соңғы жылдары айтыс ақындары 50-дің
үстінде машина мінді дегенде Мəскеу қазақтары таң қалып, бас
шайқағанын байқадыңыз ба?
– Əуелі айтысты бастағанда ақындар біздің телестудияның
суретшісі Ерсайын Хасанов қолдан салып, көбейткен мақтау қағазы
үшін де айтысты. 1987 жылы бірінші рет ақындарға халықаралық
айтыста ақбоз ат мінгізе бастадық. 1992 жылы мен телевидениеден
кеттім де, 1997 жылға дейін айтыс үзіліп қалды. Осы жылдың
қыркүйек айынан бастап міне осы күнге дейін нақты саны есімде жоқ,
шамамен ақындар 50-дің үстінде автокөлік мініпті.
– Мəскеуге айтысты апару енді оның тарихында қайталана ма,
жоқ па кім білсін?! Осындай айтулы оқиғаға қол жеткізу
қаншалықты қиын болды, түпкі мақсат не еді?
– Айтайын. Бұл маған маза бермеген көптен бергі арманым еді.
Айтысты қырғызда бар, ана елде, мына елде бар дейміз. Олардікі балаң
күйінде қалып қойған. Ешқайсысы қазақтай айтыса алмайды. Менің
түпкі мақсатым – қазақтың айтыс дейін ғажайып өнерін кешегі
Кеңестің қызыл империясы қалай тұншықтырып келгенін көрсету
үшін Мəскеудің төрінде өткізгім келді. Тəуелсіздікті пайдаланып,
айтысты олардың ортасына апаруды ойлап жүр едім. Оның үстіне
Мəскеуде тұратын біздің қандастарымыз да жеткілікті. Ресми түрде
Мəскеуде 10 мың қазақ тұрады дейді, бейресми одан да көп. Менің
ойым əуелде не Кремльдің Съездер Сарайында, болмаса Колонна
залында, тым болмағанда Ресейдің Орталық Концерт залында өткізу
еді. Оған біздің шамамыз жететін еді. Бірақ, онда тұрған қазақтар
көптен Ресейде тұрған, ана тілінен тамырын үзген адамдар ғой. Мен
осы айтысқа орай Мəскеуге алдын-ала екі рет келіп, осындағы
жігіттермен ойласып, Елшінің қабылдауында болдым. Олар ондай
үлкен залдарға кісі жинауға тəуекел ете алмады. Сонымен, шағын да
болса салтанатты Павел Слободкиннің Орталық концерт залын
таңдадық. Концерт залды, барлық техникалар мен түсіру камераларын
да жалға алдық. Барып-қайтқандардың қонақ үйі, жол пұлы бəрі өз
мойнымызда. Ақындарға жүлде беру керек дегендей. Міне, осы арада
қомақты қаржымен қол ұшын берген Амангелді Ермегияев, Нұртай
Сабильянов, Өмірзақ Сəрсенов деген үш азаматты айта кету керек.
Айтысты ұйымдастырудың қиындығы –меценаттарға айтысты
өткізудің қажеттігіне көздерін жеткізу. Əйтпесе, қалтасында қаржысы
бар азаматтардың айтысқа жоламай жүргендері жетеді.
– Мəскеудегі айтысқа көңіліңіз толды ма?
– Кейбір осы айтады-ау деген ақындар айтатынын айта алған жоқ.
Бірақ, Балғымбектің, Аманжол мен Кариманың, Нұрланның айтысы біз
күткен деңгейден де асып кетті. Айтыс дегеннің өзі қауіпті нəрсе. Сөз
сахнада суырып салынып айтылатыннан кейін, кейде ақынның
аузынан не шығып кететінін білмейсің. Біздің айтыс ақындары елде
қоғамдық пікір туғызуға қабілетті. Екі елдің арасын ашатын емес,
қосатын, Ресей мен Қазақстанның арасына көпір болатын көркем
сөздерді естідік құлағымызбен.
– Осы жолы екі үлкен оқиға болды ғой. Бірі айтыстың Ресейде
өткені болса, екіншісі біздің заманымыздың жаңа Біржаны мен
Сарасының табылып, айтысқа шыққаны...
– Біржан Сөктай мен Сара Тоқтамысованың айтысы дəл мен күткен
жерден шықты десем көңілдеріне қарағандық болар еді. Бірақ, бұлар
жат сахнада бірінші рет кездесіп отыр. Көрмеген ел, Мəскеуге тұңғыш
табан тіреген деген сияқты. Біржан сəл осалдау шыққанын өзі де
мойындады ғой. Ашығын айтсам осы!
– Қазақ қыздарының ішінде айтыс өнерінің ілкі басы, ХІХ
ғасырда өмір сүрген, өнер үшін құрбан болған Ұлбике апамыздың
азапты тағдыры белгілі. Қыздардың жолы өнерде əлі солай
бұралаң ба?
– Құдай талантты аямай берген ақын қыздардың тағдырға
өкпелеуге қақысы жоқ. Ұлбике ұлы тұлға еді ғой, “ноқтаға басы қайдан
сыйсын”!..
Айнұр мен Алтынкүл Парламент Мəжілісі сайлауының
додасына
қатысып,
өнердегі
азды-көпті
жинаған
танымалдылығын басқаша түсініп, саясат ауылына адасып барып
жүрген жоқ па?
Айтыстың өзі – ресми билікке оппозицияда болуы табиғатынан
туындайтын өнер, ендеше, айтыскер –көмейіне құм құйылғанша ел
сөзін сөйлейтін тұрақты өкіл. Қолына өлеңнің өлшеусіз билігі берілген
мандат иесі. Сондықтан ақын қыздардың Мəжіліске өтпей қалуында
тұрған пəлендей өкініш жоқ. Əрине, біздің өкілдеріміздің сайланбалы
органдарға өткені теріс емес еді. Кезінде Əсия Беркенова Жоғарғы
Кеңестің мүшесі болған. Қазір Əбілқайыр – аудандық мəслихат
хатшысы болып жүр. Бірақ халықтық басқару тармағында болу үшін
кəсіби дайындық, білік-пайым керек. Ел ішіндегі азды-көпті
танымалдылық аздық етеді. Саясат ауылына адасып барып жүргендер
айтыскерлерден басқа салаларда да аз емес
– Елдестірмек – елшіден ғой Жүрсін аға, осы айтысты Ресейге
алып баруда Қырымбек Көшербаевтың қыруар еңбегін айтпай
кету қиянат шығар?
– Егер біздің бастамаға ол кісі қырын қарағанда біздің басқа
əрекеттерімізден түк шықпаған, айтыс Мəскеуде өтпеген болар еді.
Қырымбек Елеуұлы осы айтысты Мəскеуде өткізу үшін мэрдің де,
мэрияның да рұқсатын алып берді. Айтысқа Елшіден бастап,
елшіліктің қатардағы қызметкерлеріне дейін еңбек сіңіргенін
көрдіңіздер. Ол кісі реті келсе бұл айтысты Мəскеуде жыл сайын
ұйымдастырып тұруға, осы айтысты кітап етіп шығаруға да үлкен
ықылас білдіріп отыр.
– Қазақтар көп шоғырланған өзге шет елдерде осындай айтыс
өткізсем деген басқа жобаларыңыз бар ма? Тағы қай жердегі
қазақтарды артында іздейтін елі бар екенін көрсетіп, серпілткіңіз
келеді?
– Мұндай жобалар бар. Түркияда, Стамбұлда қазақтар мекендейтін
екі аудан бар. Сол қазақтарға біз айтыстың жұрнағын апарғанда да мəз
болып қалған. Өз атамекендеріне қарап олар кісінеп отырғанда бұл игі
іс болар еді. Болмаса Қытайдағы, Монғолиядағы қазақ диаспорасы
бізді шақырып отырғандарына көп заман болды. Міне, Мəскеудегі
мақсат сəтті аяқталды. Енді, Алла бұйыртып, амандық болса ат аяғы
жететін жерлерге біздің айтыс та жетер...
– Елде тағы да жаңа айтыс ақындарын табуға бағытталған
жоспарларыңыз бар ма?
– Бүгінде айтыс ақындарының шығуы оңайлады. Халық айтыстың
аяқ алысын күнде теледидардан тамашалап отырғаннан кейін, əр
аймақ өз елдерінде шығып келе жатқан дарындарды əкеліп,
таныстырып, табыстырып жүр. Енді алдағы қараша айының соңынан
бастап былтырғы жекпе-жекті қайта жалғастыра бастаймыз. Оның бер
жағында
республикалық
деңгейдегі,
жүлде
тағайындалған
айтыстарымыз бар. Əсіресе, бұрын айтыс ақындары аз шыққан
аймақтардан ақындар тапсақ деп отырмыз.
– Айтыс деп жарғақ құлағыңыз жастыққа тимей жүрсе де кейде
баспасөз беттерінде, болмаса теледидарда өзіңіз туралы əділетсіз
пікірлер естіліп қалады. Сондай жағдайларда еңбегіңіз еш кетіп
жүргендей көрінбей ме? Қалай ақталасыз, “ит үреді, керуен
көшеді” деп қоя саласыз ба?
– Маған қаратып айтылған пікірлерге байланысты менің газеттерде,
болмаса басқа жерде біреумен айтысып, ақтығымды дəлелдеп
жатқанымды əлі ешкім көрген жоқ. Үйге келіп өзім қасірет шегемін.
Олардың айтып жатқанында да дəн бар ма деп сарапқа саламын,
ойланамын, ізденемін. Бірақ, қанша қиянат жасалып жатса да жауап
бермеуге тырысамын. Өйткені, менің істеген жұмысым халықтың көз
алдында, айнадағыдай көрініп жатыр. Маған осыдан он жыл бұрын
Мұзафар Əлімбаев: “Қарағым, енді сен жұмыс істемесең де айтыстың
тарихына ендің” деп айтып еді. Өздері түк бітірмей, шөп басын
сындырмай отырып, ұлттың рухын көтеріп, басын біріктіретін
уақытта, елдің мүддесіін жоқтайтын заманда, жұмыс істеп жүрген
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алыстан жəне жақыннан - 08
  • Parts
  • Алыстан жəне жақыннан - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2738
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    43.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 02
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2611
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 03
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2403
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 04
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2447
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 05
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2377
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 06
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2408
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    36.7 of words are in the 5000 most common words
    43.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 07
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2369
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 08
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2098
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 09
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2095
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    46.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 10
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2190
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 11
    Total number of words is 3828
    Total number of unique words is 2270
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 12
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2453
    27.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 13
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2420
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 14
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2357
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 15
    Total number of words is 3724
    Total number of unique words is 2536
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    33.2 of words are in the 5000 most common words
    39.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 16
    Total number of words is 3909
    Total number of unique words is 2501
    25.1 of words are in the 2000 most common words
    35.9 of words are in the 5000 most common words
    42.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 17
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2404
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    46.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 18
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2483
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 19
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2383
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 20
    Total number of words is 4116
    Total number of unique words is 2436
    28.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 21
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2493
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.