Latin Common Turkic

Алыстан жəне жақыннан - 13

Total number of words is 3919
Total number of unique words is 2420
28.3 of words are in the 2000 most common words
41.9 of words are in the 5000 most common words
50.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жоқпын, қанша құлшынып, құлдық етсем де, ондай құдыреттердің
қат-қабат тереңде жатқан қазынасын сусап отырған қалың
оқырманға жеткізіп бере алмаған болар едім.
Десек те, жоғардағы ұлылардың шəкіртінің шəкірті, өнер жолында
бірге ойланып, біте қайнасып келе жатқан, амалы бөлек болғанымен
заманы бір, атағы таудай болса да, қатары бір, көзге ыстық, көңілге
жақын көрінетін ақын Жүрсін Ерманның ақындық болмысына
бойламаққа талпынсам, былайғы жұртшылық мені олқысына қоймас
деген ой маған үлкен жауапкершілік арқалатып отыр. Бүгінде
алпыстың асқарына шығып, жыр тұлпарын қажымай, талмай
қамшылап келе жатқан, ел таныған еңселі азаматтың биігін алу оңай
еместігін, оның шығармашылығымен бетпе-бет келгенде ғана
сезіндім. Аумалы-төкпелі мына заманда «Қартайдық, қайғы ойладық»
деп еңіреп жүрген осы дəуірдің ақынын əзірше көре қойған жоқпын.
Онында өз себеп-салдары бар. Біздің буын кешеден – бүгінге
Тəуелсіздіктің арқасында үздікпей жетті. Тəуелсіздік – бізді рухани
құлдық-сұмдықтан, булықтырған бұғаудан, құлыпты кісеннен
құтқарып қалды. Басымызға бостандық, қаламға еркіндік берді. Соның
арқасында жоғымызды түгендеп, барымызға байыппен қарайтын
күйге жеттік. Мұқағали ақынның «Ақыңды – ақын қолдамаса
болмайды» деген ғажайып жыр жолдары естеріңізде болар, бұл аяулы
азаматтың өзінен соңғы ақылды, саналы ұрпаққа қалдырған өсиеті еді.
Осы өсиетті бұлжытпай орындап келе жатқан таланттар аз болса да
бар, соның біреуі, біреуі ғана емес, бірегейі біздің Жүрсін. Тегеуріні
темірдей қатал империяның азабы мен мазағына ұшырай, қорлықзомбылығына шыдай алмай құсалықпен көз жұмған, қазақтың
айбарлы ақыны Қасым Аманжоловқа арналған əріптесіміздің
«Ақынның үйі немесе Қасым Аманжоловтың үйін қирату» атты өлеңі
Тəуелсіздіктің жемісі десек болғандай. Осы өлеңді оқығанда шынайы
шамырқанған шабыттан туып, қаламмен кіндігі кесіліп, ақынның
ыстық алақанымен бесікке салып тербеп өсірген ұлдай көркем
туындының маңдайынан сүйіп, рахат күй кешесің, болмысы бөлек
дүниеге əрі таңқаласың, əрі санаң оянып, іште жатқан шер-шеменнің
зілдей ауыртпалығынан босанып, тынысың кеңіп, өзіңді бір сəт жеңіл
сезінесің.
Осы өлеңде – қатал заманға қаймықпай шабуылға өткен жауынгер
қаламгердің қапысыз алынған кегі бар.
Осы өлеңде – көк туын желбіреткен арқалы ақынның мерейі үстем
жеңісі бар.
Осы өлеңде – поэзия дегдарына деген бауырмалдық, жанашырлық,
махаббат бар.
Осы өлеңде – біріміз емес, бəріміз бармыз, бəріміздің көз жасымыз
бар, өзекті өртеген өкінішіміз бар.
Осы өлеңде – көз арбайтын көркем сұлулық бар, алабөтен іздену
бар. Алабөтен іздену бар болғасын, ақын қаламы өшпейтін өміршең
жыр сыйлады. Орайы келіп тұрғанда айтпасақ, бізге – сын, іздену – тек
Жүрсін сынды шынайы ақындардың ғана қолынан келеді.
Өзін де, өзгені де алдап жүрген, жасандылыққа бой алдырған,
жалтақ жарымжан, өзгенің құдай берген баянды бақытын қызғанатын,
ішіне пышақ айналмайтын қызғаншақ ақынсымақтан мұндай дүние
тумайды, мықтағанда олардан із емес, сыз қалады, сыз табанынан
өткенімен, жүрекке жетпейді, уақыт сынынан өтпейді, ыстық-суыққа
шыдай алмай, бордай үгіліп, тозаңға айналып, кеңістікке сіңіп ұштыкүйлі жоғалып тынады. Бəрін айт та бірін айт. Қасымға арналған
өлеңді бөліп-жармай, тұтас зерделеп оқу – бір ғанибет, біріміз емес
бəріміз оқылық:
Дегені қайда – басылды құйын?
Ақылым жетпей, ашиды миым:
Виноградов көшесіндегі
Қиратып жатыр Қасымның үйін.
Қайтейін, кембақ астана сені –
Тиетіндей-ақ басқаға себі
Қиратып жатыр Қасымның үйін,
Қиналып тапқан баспанасы еді...
Шақыр да шұқыр шаққанда əйнегін
Ажалдың сездім ақпандай лебін.
Біртіндеп сөгіп қабырғаларымды
Кеудемді бұзып жатқандай менің!
Жырды қорғаудың кешікті ережесі,
Қирады, сынды есік-терезесі.
Сəби жырлардың бесігі еді,
Бар екен сонша бесікте несі?
Шашылды жерге – шамдары сыңғыр,
Тағы да үйсіз қалды арысың бір.
Қиратып жатыр Қасымның үйін,
Қатыгез жандар, қолдарың сыңғыр!
Жүйрігім еді, жыр көшіндегі,
Бауырын жазып бір көсілмеді.
Қиратып жатыр Қасымның үйін,
...Біздің үй соның іргесінде еді!
Ерманның туындыларын оқып отырғанда, түріктің ғұлама
ғалымы Фетхуллаһ Гүленнің төмендегідей философиялық ойтолғамы тіл ұшыма оралды: – «Өлең – ақиқат пен махаббаты
арқалаған жүрек пен сезімнің тілі; ғашықтық, құштарлық, тентек қиял,
мұң-қайғы мен қуаныштардың үні; тіршілік пен тіршіліктің арғы
жағын сезу, түйсіну жəне мұндай ақиқаттарды таразылап отырудың
ашық немесе жабық, тікелей немесе жанама түрде шыққан сөйлемшесі.
Өлеңге ақиқаттың көзімен қарағанымызда, оған – көңілдің
құбылыстарға өзінше əсерленуі; сезімнің өзінше түсінік беруі; өзінің
хақ қызметіне қарамастан, əлгі сезу, түйсіктену жəне таразылап отыру
үрдісі кейде əрқалай, əртүрлі оқиғалардың ағысына сəйкес, ал кейкейде қиял мен елестердің жетегіне еріп, дыбыстандыруы деп те айта
аламыз». Бұл түйінге аларым да жоқ, қосарым да жоқ, оған тек сенемін.
Адамды жұмсағаннан гөрі, қолындағы қаламды жұмсау – қиынныңқиыны. Өзегіңді жарып шыққан балаңды жұмсау оңай. Бала ұялғаннан
тіліңді алар болар: Ал, қалам ондай көңілшек емес. Өзің білмейтін
күңгірт тақырыпқа қалам бара бермейді, тек жаныңа жақын, жүрегіңе
ұялаған, санаңа салмақ түсірген айтулы тақырыпқа ғана барады. Мен
қаламдасым Жүрсіннің шығармаларын көз жазбай оқып келе
жатқаныма табаны күректей жиырма жыл болды. Сондықтан болар,
оның «Құстың көлеңкесі» атты жыр жинағы қолыма тигенде əлгі
тілалшақ калам аттай желіп кетпесі бар ма? Өйткені, қаламның сырын
қалам біледі, бірін-бірі жазбай таниды, қапысыз мұңдасып, сырласады,
кейде мұңайып, кейде рахатқа батады. Солайы-солай екен. Жүрсін –
қаламдастарына адал азамат. Адалдық – кез келген пендеге жұғысты
бола бермейтін таптырмас асыл қасиеттердің бірі. Нағыз талантты
ақын өзінен бұрынғы, əсіресе, қатар жүрген қаламдастарының жақсы
туындыларын оқығанда, көзі шырадай жанып, балаша қуанып, данаша
пайымдап, өз бағасын бермек. Мен Жүрсін жүргізген мүшəйраларға екі
рет қатысқан пендемін. Соңғы аламан бəйгеге қосқан бір жүйрігім өзім
ойлаған межеге жетпей қалды. Ренжідім, «ішкі күйікті басамын» деп
қызара бөртіп жүріп көзге түсіп қалғаным бар. Көп ұзамай, Жүрсіннің
бір мақаласы жарық көрді. Осында «Мен Жəркеннің обалына
қалғандай болдым, оның «Күрек» атты өлеңі шынымен өз бағасын ала
алмай қалғанына қатты өкіндім», – деп жазыпты. Мұндай ағынан
жарылған, адал сөзді дəл Жүрсіннің аузынан шыққанына дəн риза
болдым. Өзіне телефон шалып ризашылығымды білдірдім. Күні кеше
болған осы жəйді ақынның мынадай бір өлеңі есіме салды:
Қимайтын жанды қапа еттім,
Жақындарымды жат еттім.
Ортасында ылғи қаламын
Ербеңдеп жанған екі оттың.
Мойындап өмір өкімін,
Берік болмақка бекідім.
...Сетінеп кете беремін,
Біреу емеспін.
Екімін.
Немесе
Арбаса нəпсі-ыбылыс,
Алаңдай берем ұлып іш.
Көңілге неге сыймайсың
Көзіме сыйған құбылыс?!
Тамаша жыр, əрі қарай осы сарынмен жалғаса береді. Адам
баласының ішкі жан-дүниесін ашудың осындай тəсілі əлем əдебиетінде
де, қазақ əдебиетінде де бар. Классик, жазушы Мұхтар Мағауиннің
«Жармағын», Төлен Əбдіковтің «Парасат майданын» оқысаңыз, есіңізге
түседі... Бірдің екіге жарылуы – Жүрсіннің жоғарыдағы өлеңінде айқын
көрініс тапқан. Көзсіз еліктеуден аулақ, өзгенің өзегінен өткен
шындықты өзінше қорытып, өзінше бағамдау – осындай-ақ болар.
«Құстың көлеңкесінде»
Көзім шырақтай,
Сөзім сынаптай.
Қажай бергенді,
Қаламын ұнатпай, – деген тағы бір шыншыл, шұрайлы шумақ бар.
Бұнда Адамзат қоғамындағы дертке айналып бара жатқан жағымсыз
құбылыстарды ақын осылайша жеріне жеткізіп сынайды, сынағанда
да қалам ұшымен, қанын шығармай бауыздайды. Жанын шығармай
арбайды. Осы күнде ел басқарып жүрген даңғой, надан кейбір əкімқарылар қоластындағы адал еңбегімен бала-шағасын асырап, елге
елеулі еңбек еткен адал жандарды көзіне ілмейді, жақсылығын көргісі
келмейді. Жұмыс бабында болмай қоймайтын кемшіліктерін көргенде
көкірегінен итеріп, Жүрсін ақын айтқандай, «қажай» береді, ақыры
оны орға жығып, жұмыстан аластап, қиянат жасайды.
Ж.Ерман қай тақырыпқа бармасын, жалаңаш бармайды, айменкүннің аманында айқайлап бақан ала жүгірмейді, керісінше
сабырлықпен, байсалды байыппен, иландырар имандылықпен, көркем
тəсілмен – образымен барады.
Жүрсін – ізденгіш, тапқыр ақын. Не жазса да нандырып, қандырып
жазады. Мысалы:
...Мынау менің ардақты Абайым ба?
Шытырлатып Абайды санайын ба?
Сенің құның небəрі жиырма теңге,
Менің құным көк тиын ағайынға!..
(Абайға мұң шағу) өлеңінен үзінді
Тағайын деп тұрғам жоқ
Жоқты кінə.
Бұл не дəстүр?
Заманның тоқтығы ма?
...Қуанасың
Қазақтар қағып алар
Қарағайдай мүйізің жоқтығына!..
(Мүйіз кесу) өлеңінен үзінді
Еліңнің қамын ойлай жүр –
Қырандай көкке ұштың ба?
Көлеңкесі жерде болады
Аспанда жүрген құстың да!..
(Тұрмағамбеттен тəржіма) өлеңінен үзінді.
...Сонымен «Құстың көлеңкесі» ақынның өз парасат қалауынша
талғап, қармап алған таңдаулы жетпіс өлеңнен тұрады. Осы жетпіс
өлең Жүрсіннің ақындық болмысын паш еткен құнды дүние. Жетпіс
өлең айдын көлге тұс-тұстан құйылып жатқан жетпіс мөлдір бұлақтай,
маған əдемі əсер қалдырды.
Жəркен БӨДЕШҰЛЫ.
Қараөлеңнің қарагері
Дардың алдында да ардың сөзін сөйлеп өткен бұрынғы бура
мінез ақындардың өр рухына суарылып, «қара бұлтты жамылып,
қара жолдың үстінде, қарасөзден жаңылып, қара өлеңге түскен»
тұнық ойлы ақындар қаншама. Солардың бірі жəне бірегейі алпыс
жасқа жаңа толып, алты асқардың биігіне көтеріліп, болашаққа
ойлы көз жіберіп, дүбірлі дүниенің көзіне терең үңіліп, қабағын
жіті бағып, екіталай күн туса қыпшақтың қайқы қылышын
қынаптан суырғалы алабұртып, етек-жеңін жинақы ұстап,
өжет өлеңдер жазып, өркештеніп жүретін Жүрсін Ерман.
Ұлытаудың жаратылыс-болмысын, тіршілік-тынысын, қадірқасиетін, табиғат ерекшелігін, сұлу көрінісін бойына сіңіріп, ұлар
мұңын жырлап, Алматыға келген бойда оның алдынан əдеби ортаның
алтын есігі айқара ашылып тұрған еді. Базбіреулер секілді көше
шаңын суырып көп сандалмады. Емендей еңкеймеген күйі əдеби
ортаның ішіне енді де кетті. Сол кезде шалғай ауылдардан Алматыға
үміт арқалап жеткен бір топ жастардың балауса өлеңдері «Жас керуен»
деген атпен жарық көргелі жатқан. «Құланның қасуына мылтықтың
басуы» дөп келіп, сол жинаққа Жүрсіннің жауһар жырлары да енген
еді.
Кейін осы кітап қолыма тигенде түгел оқып шығып, ондағы жас
ақындардың туындыларын талдап, өз ой-пікірімді білдіріп, мақала
жазғаным бар-ды. Сол сын мақаламда Жүрсіннің өлеңдеріне кеңінен
тоқталып, оның көркем əлеміне терең бойлап, қазақ əдебиетіне қуатты
ақын келе жатыр деп қуанып, қалың қауымға жар салғаным əлі есімде.
Мүмкін Абай жаққан сəулені Жүрсіннің көзінен көргенде ағыл-тегіл
ақтарылып кеткен шығармын, кім біледі. Алайда бұл оның бағын мен
аштым деген сөз емес. Құрсағында жетілген құлын бəрібір тұлпар
болмай тұрмайды. Сол секілді Жүрсін де талантын жылдар жаныған
сайын қатқыл, қасаң дидактикадан арылып, сұлу сезімге құрылған,
бояуы қанық, ойға толы, поэтикалық қуаты күшті өжет өлеңдер жазып,
аз уақыттың беделінде көзінен от төгілген, аузынан ақ жалын атқан
адуынды ақынға айналып, қалың қауымға кеңінен таныла бастады. Ол
бұрын көкірегінде сəулесі бар жұртты іздеп өлең оқып келсе, ендігі
мезетте кеудесінде сəулесі бар жұрттың бəрі оның өлеңдерін іздеп
жүріп оқитын болды.
Жүрсіннің «Жанартау», «Арайлы күн, армысың», «Ұлытауға бардың
ба…», «Құдіретке жүгіну», «Құстың көлеңкесі», «Ырғай», «Арнадым
сізге» сияқты жыр кітаптары оқыған кісіге терең ой салмай, көңіл
күйін қозғамай, намысын жанып, сілкіндірмей қоймайды. Оның
кітапқа енген көп өлеңдері өзегіне ток жүгіртіп өрген бұзау тіс қамшы
секілді өткір. Өйткені ақын асау ойдың ағысында алабұртып,
шамырқанып, қайраттанып жыр жазса оны оқыған кісі де
шамырқанып, тұла бойы күш-қуатқа толып, бүркітəруақтанып
отырады. Ал, қайғы-мұңға құрылған жырды оқығанда көңіліңнің
аспанын бұлт торлап, əлдеқайдан ызғар есіп, үлбіреген үмітіңді үсік
шалып, суық желдің өтінде қалған жапырақтай қалтырайсың. Ж.
Ерманның «Ақынның үйі немесе Қасым Аманжоловтың үйін қирату»
деген өлеңі, міне, сондай қамкөңілден туған. Оны оқыған бойда
кеудеңдегі бозторғай қанатын өрт шарпығандай шырқырап қоя береді.
Неге? Себебі, бұл өтпелі кезеңде «Өмір – теңіз, жүзіп өтем демеңіз,
ізгіліктен жаралмаса кемеңіз» деген Баласағұнның өсиеті адыра қалып,
ақыл-ой кейін ысырылып, ақша үстемдік құрып, ел ішін тоғышарлық
жайлаған. Ендеше рухани құндылықтар Аралдың жағаға шығып қалған
кемесіндей қаусап, күйремей қайтеді.
Дегені қайда – басылды құйын?
Ақылым жетпей, ашиды миым:
Виноградов көшесіндегі
Қиратып жатыр Қасымның үйін.
Өлең өлкесіне өртке тиген дауылдай боп келсе де, бірақ мына арсыз
жалған дүниеден опа таппай тағдыры талқыға түсіп, көп теперіш
көріп, емен есіктердің табалдырығын тоздырып жүріп əрең алған
Қасымның үйін ай-күннің аманында қиратқаны қалай?! Оралдың
қарлы боранын майдан даласына алып барып, жауға ойран салған
сардар ақынның көзі емес пе еді бұл қара шаңырақ?! Ойлап көрсең,
темір қолдар жалғыз үйді ғана қиратып жатыр ма?! Қасымның қара
шаңырағын, сол қара шаңырақтың астында өткен ақынның өмірін,
жан-дүниесін, арман-мұңын, сезімін, рухын… жаншып, қиратып, молаға
айналдырып жатқандай тұла бойың түршігеді. Ендеше жүрегі
ізгіліктен жаралған Жүрсін күңіреніп жыр төкпей қайтеді. «Қиратып
жатыр Қасымның үйін, қиналып тапқан баспанасы еді» деп күйзелмей
қайтеді. «Біртіндеп сөгіп қабырғаларымды Кеудемді бұзып жатқандай
менің!» деп шырқырамай қайтеді.
Жырды қорғаудың кешікті ережесі,
Қирады, сынды есік-терезесі.
Сəби жырлардың бесігі еді,
Бар екен сонша бесікте несі?
Мұхтар Əуезов: «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген. Сəби жырдың
есік-терезесі сынып, бесігі қираған елдің болашағы ешқашанда жарқын
болған емес. Ендеше бүгінгі адамдардың сана қумай сағым қуып, бақ
қумай байлық қуып адасып, тоғышарлыққа бой ұрғаны сəби жырдың
бесігін тербете білмегендіктен туындап жатқан үрдістер. Өйткені
жырдың сəулесі жүрегіне түспеген адамның бойында көп жағдайда
ізгілік бола бермейді. Ал, ізгілік жоқ жерде шойын кеуде қараулық бас
көтеріп, рухани құндылықтардың көзін жоймай тұрмайды.
Жүйрігім еді жыр көшіндегі,
Бауырын жазып бір көсілмеді.
Қиратып жатыр Қасымның үйін,
… Біздің үй соның іргесінде еді.
Уа, опасыз жалған-ай! Көзден кеткен соң көңілден де кетеді деген
осы. Бүгін Қасымның үйін қиратқан тоғышар күштер ертең соның
іргесінде қалқайып тұрған Жүрсіннің қарашаңырағын күйретпесіне кім
кепіл. Мына алашапқын, аласапыран заманның осындай сұмдығын
көріп, наласын жұтып, ботадай боздағаннан басқа қолыңнан не келеді.
Ақырып теңдік сұрасаң азу тісіңді қағып, қолыңа береді. Өйткені көз
жасқа суарылып, жапырақ жайып жайқалған қазіргі қоғам сенің мұңзарыңа аса зəру емес. Сен егіліп, боздаған сайын оның айызы қанып,
суық сұр бетіне қан жүгіріп, нұрлана түседі. Мүмкін бұл қоғам
ақындарын əдейі зар жылатып ұстайтын шығар. Ақын неғұрлым
қамығып-қайғырса, соғұрлым қайраттанып, аузынан ақ жалын атып,
өркештеніп өлең жазады емес пе. Сөйтіп, халықтың тілі, заманның үні
бола білген ақын жырлары арқылы дүниенің қабағын бағып, өмірдің
бағыт-бағдарын біліп отыратын секілді.
Ж.Ерманның «Мүйіз кесу» деген өлеңі:
Таудағы елдің таңсықтау салты білем:
Таңертеңгі маусымның салқынымен
Бұғыларды қораға қамап қойып,
Мүйіздерін кеседі дəл түбінен, –
деп бұғылы ауылдың маусым айындағы мүйіз кесу науқанын
суреттеуден басталса да, келесі шумағында адам бойында бұғынып,
бұрын байқала қоймаған қатыгездіктің ойда-жоқта атойлап шыға
келгенін көріп, сұмдық шошынасың. «Зырқыраған арамен қинағанда
Бейшараның кетеді көзі аларып» деген өлең жолдарын оқығанда сенің
де көзің аларып, шарасынан шығып кете жаздайды.
Сыздап шыққан бұғының сүйегінен
Беу, қызыл қан!
Соншама киелі ме ең?
Қан шарапқа құныққан қазақтардың
Қан сорғалап тұрады иегінен!
Күнəсі көп жер бетінде өмір кешіп, иегінен қан сорғалаған қазақ
шындығын Жүрсін қалай келістіріп айта білген. Қол соқпасқа шара
қайсы?. Шеберлік деп, міне, осыны айт. Абай қазақты «бір ұрты – май,
бір ұрты – қан» деп сынаса, Жүрсін «қан шарапқа құныққан қазақтың
иегінен қан сорғалаған» бүгінгі кескін-келбетін бейнелеп, олардың
қандықол қылмысын алдыңа жайып, ашына сөйлейді. Адамдар
дерттен айыққалы қан ішпей тұра алмайтын болған ба деп түңіледі.
Дүниені қанішер қатыгездік жайлап бара жатқандай сезініп, көкірегін
ыза кернейді.
Тағайын деп тұрғам жоқ
жоқты кінə.
Бұл не дəстүр?
Заманның тоқтығы ма?
Мүмкін солай шығар. Заманның тоқтығынан дүниенің өзі еріккеннің
ермегіне айналып бара жатқан жоқ па. Құдірет күші жетсе жұмыр
жерді де теуіп, əрі-бері домалатып, қуып, допша қағып ойнар еді. Бұл
адамдар күннен-күнге азғындап, ұсақталып бара ма, қалай?
Бұрынғылар дүниенің бүтіндігін ойлап зыр жүгірсе, қазіргілер
құлқынның қамын ойлап жанығатын болған жоқ па, тəйірі. Содан:
… Қуанасың
Қазақтар қағып алар
Қарағайдай мүйізің жоқтығына! –
деп тірі жүргеніңе тəубе айтпасқа шараң қалмайды.
Ұлытаудың баурайында туып, ұлар тілін ұғып, жырын тыңдап өскен
Жүрсін қай тақырыпқа қалам тартса да өжет мінез, өршіл
қайсарлықтан танған емес. Шашқа түскен өткір ұстарадай жеңіл
сырғып, ілгері жылжи береді. Бірақ көпірме көбік сөзге бой алдырмай
мағыналы ой айтуға тырысып, терең сезіммен толғайды. Ол елдік пен
ерлікті жырласа да, ақиқат пен жалғандықты жырласа да, жақсылық
пен жамандықты жырласа да, сардарлық пен сатқындықты жырласа
да, қысқасы көзі мен көңіліне сыйған қай құбылысты жырласа да
өртеніп, лапылдаған отқа оранып отырып қалам тербейді. Оның қай
жыры да қолға ұстаған алау секілді жүзіңді шарпып, қызыл-жалынға
бөлеп, жаныңды жадыратып, нұрландырып тұрады.
Ұлытауға бардың ба? Ұлар қайда?
Ұлы қайғың уылжып тұрар бойда.
Ұры тісің секілді у сезімің,
Уын жайып уілдеп тұрар ма ойда…
Арқары ауып, ұлары ұшып, қырынан қыдыр, ойынан ырыс қашып,
бүкіл сұлулығын жоғалтып, құлазыған Ұлытаудың қайғы-мұңы, сайып
келгенде, Жүрсінді туған ұлттың мұң-қайғысы емес пе. Ендеше
ақынның бал сезімі уға айналып, тұла бойын жайлап алса, ол улы
желдей уілдеп, көкірегінен запыран ақтарып, шерлі жыр төкпей
қайтеді. «Кілең темір құрсанған құрбыларым Киігімен даланың жүр
алысып» деп жəне күйінеді. Күйінбей қайтеді. «Темір құрсанған
құрбылары» қараулықпен, жалғандықпен күресудің орнына тірі
пендеге залалы жоқ, қайта даланың сұлу көркіне айналған киіктермен
алысып, обал-сауапты ұмытып, азғындап жүрсе. Шыбын жаны
шырқырап: «Құлағыңа жете ме үні таудың?» деп киік аулап, қызық
қуған құрбыларына ой сала сөйлейді. Бірақ бұны ұғатын қуыс кеуде
құрбылар бар ма? Сосын ұларын жоқтап қайғырған Ұлытауға мұң
шағып əрі қайрат бере сөйлеп:
Ұлытауым, ұлығым,
Ұлтым менің,
Ұран ілер басыңа бұлт ілмегін.
Ұларыңды ойлама, ұлыңды ойла,
Бауыры бүтін бар дейсің бұл күнде кім,
Ұлытауым, ұлығым, ұлтым менің! –
деп күркірейді. Бірақ қайда барсаң да, қайда қарасаң да ұларынан
көз жазып, тұнжыраған Ұлытау секілді мына жарық жалғанда бауыры
бүтін жұмыр басты пенде жоқ екеніне көзің жетіп, көңіліңді өксік
қысып, көкірегің қыжылдап қоя береді. Бір кем дүние деген осы.
Қазағым деп қабырғасы қайысып, далам деп жүрегі тілініп,
Ұлытауым – ұлтым деп ұлар тілінде жыр төккен Жүрсін Ерманның
жанары ешқашан мұңнан арылған емес. Адам болған соң онда мұң
болмай тұрмайды. Мұңы жоқ адамды ешкім кісі санатына қоспайды.
Ал, ақынның мұңсыз болуы тіпті мүмкін емес. Мұң оның жарық
жалғандағы жалғыз жолсерігі.
Туған жердің топырағында тамыр тартып, тұғырлы елдің рухына
суарылып өспеген ақынды қалай үкілеп, қалай баптасаң да онда
сардарлық мінез болмайды. Жаны жұмбақ Жұмекен кезінде: «Туған
жердің бір бұтағы сынса, Қабырғама қараймын» деп жырлап,
сардарлық мінез танытып еді. Осы азаматтық болмыс, осы сардарлық
қасиет Жүрсіннің бойынан да айқын көрінді. Туған жердің бір тал
шөбін жүрегінің дірілдеген бір талшығы сезінетін ақынның
Қарқаралыда жайқалған қалың орман өртенгенде шырқыраған жан
дауысы, көл қорыған қызғыш құстай шарқ ұрған үні қай қиырға
жетпеді.
Қарағай мен шыршасы қапсырмалы,
Талайларға осы орман бақ сыйлады.
Ақ балтырлы қайыңдар ажал құшып,
Көрден шығып жатқандай ақ сирағы.
Қара орманды қалың өрт жаусатқалы,
Қаусап-қаусап қалғандай тау шатқалы.
Көрсетеді шошайтып аспан жақты,
Қарағайдың күйелеш саусақтары.
Өртенген орманның қайғылы көрінісі өлеңге айналғанда тұнып
тұрған тірі суретке айналып жүре берген. Жүрсіннің қиыннан
қиыстырып, тірі сөзбен жанды сурет сала білетін шеберлігіне еріксіз
тəнті боласың.
Ж.Ерманның өзге тұстастарынан озық бір қасиеті: кеңес дəуірінде
қолдау таппай уақыттың суырынды құмына көміліп, үні өшіп,
құрдымға кеткен алаштың атамұра өнері – айтысты қайта тірілтіп,
туын дара көтеріп, жарыққа – қалың қауымның алдына қастерлеп алып
шыққан тектілігінде жатыр. Өзі де желкен көтеріп ағынға қарсы
жүзген арқар кеуде арқалы ақындардың бірі еді. Төңірегіне азу тісі
шығып, мүйізі қарағайдай боп өсіп келе жатқан жігерлі жастарды
жинап, айтыс өнерін қыздырып, бүкіл даланы ұлан-асыр дүбірге бөлеп
жіберді. Құрсағында жетілген құлагердің құлындары кісінеп сахнаға
шықты. Алып ақ сарайдың ішіне сыймай тулаған асау жыр телегей
теңіздей тысқа ақтарылып, қанатын кең жайып, жалпақ елге тарап
жатты.
Періште көңіл Жүрсін ақынның кеудесінде қызғаныштың қызыл иті
ешқашан кісіге үріп көрген емес. Қайта балағында биті барларды
өгіздей өрге тартып, биікке шығарудан танбады. Осы орайда Ғалым
ақынның: «…Тобықтыда Құнанбай тумаса егер – Құнанбайдан Абай да
тумас еді» деген өлең жолдары еске түседі. Сол сияқты Жүрсін айтыс
өнерінің туын дара көтермегенде Мұхаметжан, Шорабек, Аманжол,
Айбек, Айнұр, Бекарыс, Балғынбек, Ринат, Жандарбек тəрізді
ақберендер аламан бəйгенің алдынан көрініп, туған елге кеңінен
танылмас еді. Ол, шынында, айтыс өнерінің бағына туған тұлға. Жүрсін
мен айтыстың бір ұғымға, тұтас бір дүниеге айналып кеткелі қашан.
Жүрсін десең – айтыстың, айтыс десең – Жүрсіннің еске түсетіні, міне,
сондықтан.
Жұрттың бəрі талантты Жүрсіндей бағалап, адамзат баласын
Жүрсіндей ардақтап, қадір тұтса ел ішінде дау-дамай да, айтыс-тартыс
та тумас еді. Бірақ мына бұрқасынды арсыз дүниеде тақ пен бақ таласы
өршіп, Төлегендердің дəурені өтіп, ел ішін Бекежандық жайлаған тұста
өмір сүрудің өзі қып-қызыл майданға айналып бара жатқан жоқ па?!
Ендеше талантты тірісінде танымай табытқа түскенде табынатын
ағайынға Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мəрте
лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, арқалы ақын
Жүрсін Ерманның азаматтық болмысын, ар-ұятын, ізгі тірлігін
тілегеннен басқа не айтайын.
…Қаланың тымырсық ауасы тынысымды тарылтқан соң Көктөбенің
басына шығып, төңіректі байырқалап шолып тұрғам. Көз ұшында бір
қарайған көрінді. Бұл – қараөлеңнің қарагері Жүрсін Ерман болатын.
Абай шыңын бетке алып, болат тұяғынан жыр шаңытып, құйындатып
шауып бара жатты. Қызғаныштың қызыл иттері абалап үріп, соңынан
қуа жөнеліп еді. Қамау тері алынып, суытылып, бауырынан жараған
қарагер қара үзіп, жеткізбей кетті.
Рафаэль НИЯЗБЕК, ақын
АЛАШТА АТ ОЗДЫРҒАН МƏШҺҮР ЖҮРСІН
«Ұлытауға іні тау» Бұл – Ерманов туралы бас басылым «Егеменге»
шыққан мақаланың аты. Мұны сол газеттің бас редакторы жан
жолдасымыз Жанболат қойды ма екен, əлде мақала авторы
Ұлықбектің аузына түсті ме, яки Жүрсіннің жүйріктерінің бірінен
шықты ма, əйтеуір ғажап тақырып! Азаматымыз дəл алпысқа толған
күні бүкіл баспасөз жамырап жазды ғой. Осы бір ауыз сөз солардың
бəрін жиып-теріп қорытындылап тұрғандай. Ал, енді өз тақырыбыма
оралайын. Айтыстың аспандап, Жүрсіннің аты асқақтап тұрған кез.
Екеуміз ол тұратын сол кездегі Ленин көшесімен əңгімелесіп
жайбарақат келе жатқанбыз.
– Ассалаумағалейкум, Жүке, – деп бір түрі-түсі келіскен егделеу кісі
сəлем берді. – Ойпырым-ай, ақсақал-ай, бұрын сəлем беріп бір
ұялттыңыз, есіміңізді есіме түсіре алмай екінші рет қысылайын деп
тұрмын-ау енді, – деді сасыңқырап қалған Жүрсін.
– Қысылма, қарағым, сен мені білмейсің, ал сені бүгінде исі қазақ
баласы қадірлейді. Бүгінде елімізге Тоқтардан кейінгі танымал өзіңсің.
– Апырай, ə, мына кісі мені қыраннан да биік көкке көтерілген
Тоқтармен салыстырды-ау, – деп Жүрсін сол жерде қарадай қысылды.
Мұны бір деп қойыңыз.
Екінші, «Алашта ат оздырған» дегенге кейбіреу осқыра қарауы
мүмкін. Алайда, құдайшылығына келсек, еңістен салсаң төске озған
Жүрсіндей жүйрікке оны қимайтын түк те жоқ. Ол бұл теңеуге əбден
лайық.
Ұлтымызбен ғасырлар бойы бірге ілесіп келе жатқан рухани
дүниесінің, баға жетпес байлығының, ешбір елде жоқ ерекше өнерінің
бірі – айтысты көрнеу ажалдан арашалап, халқымызға қайтарып
əперген, жаңғыртқан, жаңартқан, тіпті оны бүкілхалықтық қозғалысқа
айналдырған Жүрсін екендігі айдай анық қой. Айтысты ол елімізден де
тысқары шығарып, көрші Қырғыз, Өзбек жұртына да апарып
айбарақтатты. Оны айтасыз-ау, ер Еділ бабамыздың атының тұяғы
тиген Европаны есінен тандырып, Əміре атамыздан кейін аспанын
қазақ əнімен жаңғыртып, Парижді де бағындырған Жүрсіннің
жүйріктері екендігі есімізде. «Казахское народное творчество вновь
покорило Париж» деп орыс басылымдарына дейін жабыла жазып едіау сол кезде. Оған жалғыз Франциядағы ғана емес, бүкіл Европадағы
қазақ диаспорасы жиналған ғой. Қазыбек Əдікенов деген əнші жігіт
«Алтайдай жер қайда-ай» деп қобызбен қосылып зарлатқанда олардың
жыламағаны қалмапты. Бұл жігітті кейіннен қазақ өнеріне талай
өрендерін қосқан қасиетті Қарқаралы өңірінің азаматы деп естіп, бір
көтеріліп қалғанбыз. Жүрсіннің айтысының бір ерекшелігі ол
ақындардан басқа да талай өнерпаздың тұсауын кесіп, бағын ашты.
Қазыбек бауырымыз сияқты талай талантты танымал етті.
Жалпы, өзі де ер тұлғалы Ермановтың ерлігі бір басына жетерлік.
Соның бірі атышулы 86 жылдың ызғарлы лебі бүкіл елді ықтырып
тұрғанда Қарағандыға келіп айтыс ұйымдастыруы еді. Онда жұрт
ақындардың аузымен шерін бір тарқатып, талай боздақтарының
басына бұлт үйіріліп, еңкейіп отырған ел бір серпіліп, рухы қайта
көтеріліп, бойын бір тіктеп қалғаны Арқа жұртының есінде. «Ленин
десек партия дегеніміз» деп Маяковский айтпақшы, айтыс десек көз
алдымызда алдымен Жүрсін тұрады. Қазақтың осы бір дара өнерінің
кəтепті қара нарының тері оның жолында бұршақтап төгілді. Ол текке
кеткен жоқ. Жүрсін бастаған азаматтардың жəне Мырзатай
Жолдасбеков, Рымғали Нұрғалиев, Ақселеу Сейдімбеков сияқты
ақылман ағаларымыздың арқасында бодандық бұғауында ұлт
рухымен қоса жаншылған төл өнеріміз өшіңкіреп, өлеусіреп барып
қайта жаңғырған.
Бұл енді бүгінде көптің көкейіне əбден орныққан, көп айтылған
белгілі жайт қой. Менің айтайын деп отырғаным, 90-шы жылдары
айтыс көп жылғы үзілістен кейін қайта жанданып, халықпен қайта
қауышқанда Сəниязбек Найманов деген азамат екеуміз Жүрсіннің
қасында болып, қал-қадерімізше қолғабысымызды тигізгеніміз бар.
Тіпті, оның шаруасына бүкіл бала-шағамызға дейін жапқанымыз
есімізде. Əдетте, ақындар мен көрермен бəрі əбден дайын болғаннан
соң барып келе қалады ғой, сонда көрдім, оның айтыс өткізілетін
орнын дайындау, жарнама жасау, ақындарды қарсы алып,
орналастыру деген сияқты шаруалары шаш етектен көрінеді. Былайғы
достық өмірде қанша жыл бірге жүргеніммен мен Жүкеңнің керемет
алғырлығы мен сұңғылалығын, ұлағаты мол ұйымдастырушылығын
осы жолы көрдім. Елдің маңдайына жазылған нəсібі ғой, Жүкең бұл
жолы қатты кірісті. Сірə, айтысты өзі де сағынып қалған болуы керек.
Ең алдымен айтысты қайда өткіземіз деген сұрақ бірінші тұрды. Ол
бірден республикамыздағы ең үлкен Ленин сарайын таңдады.
– Ойбай-ау, көрерменді қалай толтырамыз? – деп біз шошып кеттік.
– Жығылсаң нардан жығыл деген, осы бас сарайымыз талай жыл небір
шетелдік жын-шайтанның ойнағы болып бітті ғой, айтыспен
аластайық оны, ұлтымыздың ұлы өнері онда өтпегенде қайда өтеді? –
деп ол өзіне тəн мінезімен зеңбірек атқандай дүрс еткізді.
Халық, қалай дегенмен де, қанша жыл көз жазып қалғандықтан
болар, айтысты жатырқап та, тосырқап та қалыпты. Оның үстіне
бұрынғы қоғамымыздың астаң-кестеңі шығып, өз бетімізше елдік
құрып жатқан аласапыран уақыт. Көп ұзамай күдігіміз расқа шығып,
билетіміз өтпей, зал толмайын деді. Радио-телевизиядан жарнама
жапырлап беріліп жатыр. Əсіресе, өлгені тіріліп, өшкені жанған айтыс
ақындары мен шын жанашырларының қуанышында шек жоқ.
– Залдың 300 мың теңге жылдық ақысын алақаныма əкеліп
салмасаңдар, сарайдың есігі ашылмайды, – деп шарт қойды бір күні
оның директоры.
Ол кез үшін бұл дегеніңіз сұмдық ақша. Жабыла демеуші іздеудеміз.
Қысылтаяң уақыт, ешкімнен ештеңе шығар емес. Сол кезде қаулап
шыға бастаған байшыкештерге кірудің өзі бір қиямет. Күзет, оққағар
дегенді əбден əуезе қылып алған, одан өтсең көмекші дегені бар, қатқабат бір қамал. Айтыстың ашылар күні таяп-ақ қалды. Шынымен-ақ
сасайық дедік. Осы арада Жүрсіннің сұңғылалығын тағы бір рет
көрдім.
– Осы Рымбекке неге бармайсың, нағыз жерлесің, талай өнерпаздар
шыққан қазақы жердің тумасы, түсінуге тиіс. Бұл Күлəш пен Манарбек,
Шашубай сияқты өнердің шашасына шаң жұқтырмас талай дүлдүлдері
шыққан Ақтоғай ауданының басшысы болған Рымбек Жүнісов еді.
Алматыға келіп базарком болды, жағдайы жақсы екен деп еститінбіз.
Өмірден ертерек кеткен досымыз, ақын Дəуітəлі Стамбековтің
аузынан «нағашым еді» деп отырғанын сан рет естігем. Ол кісінің
алдына барғанымда «жібітейін» деген оймен осы жағын баса айттым.
Сол кездегі бас басылым саналатын «Қазақстан коммунисі»
журналының іссапарымен Рекең райком болып тұрғанда алдына
барған ептеп таныстығымда бар, осылар əсер етті ме, əйтеуір ол кісі
жылы қарсы алды. Жүрсін айтысты қайта ашып жатыр, дегенді
естігенде қатты елегізіп, айрықша пейіл білдірді. Қойшы əйтеуір,
үлкен азаматтық білдіріп, бақандай жүз мың теңгені ұстатып-ақ
жібергені ғой. Анығын Жүкеңнің өзі айтар, айтыстың мен білетін
алғашқы демеушісі осы Рымбек Жүнісов еді. Ағамыз жақында жетпіске
келді деп естідік, реті келіп тұрғанда алғысымызды тағы да бір
білдіріп қойсақ артық болмас. Ұзамай ақындарымыз да келе бастады.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алыстан жəне жақыннан - 14
  • Parts
  • Алыстан жəне жақыннан - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2738
    23.7 of words are in the 2000 most common words
    35.4 of words are in the 5000 most common words
    43.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 02
    Total number of words is 4022
    Total number of unique words is 2611
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 03
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2403
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 04
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2447
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.8 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 05
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2377
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 06
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2408
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    36.7 of words are in the 5000 most common words
    43.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 07
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2369
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 08
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2098
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 09
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2095
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    46.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 10
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2190
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 11
    Total number of words is 3828
    Total number of unique words is 2270
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 12
    Total number of words is 3890
    Total number of unique words is 2453
    27.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 13
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2420
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    50.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 14
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2357
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 15
    Total number of words is 3724
    Total number of unique words is 2536
    22.9 of words are in the 2000 most common words
    33.2 of words are in the 5000 most common words
    39.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 16
    Total number of words is 3909
    Total number of unique words is 2501
    25.1 of words are in the 2000 most common words
    35.9 of words are in the 5000 most common words
    42.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 17
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2404
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    46.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 18
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2483
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 19
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2383
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 20
    Total number of words is 4116
    Total number of unique words is 2436
    28.6 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алыстан жəне жақыннан - 21
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2493
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.