Latin Common Turkic

Алғашқы қуаныш - 19

Total number of words is 3941
Total number of unique words is 2208
34.8 of words are in the 2000 most common words
50.0 of words are in the 5000 most common words
57.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
түсіргісі келсе,— сырахана, театр, глинтвейн, Пастуховтың үйіне қону,
шарапханадан ішкен балық сорпасы, Цветухиннің номерінде ояну.
Жоғарғы базардың тамақ сататын жерінен шөп майына құйған құймақ
жеу,— осының бəрі қалай өткенін дұрыстап ажырата алмас еді. Дүние
өткінші сияқтанады,— ол біресе шырқап аспанға шығады, біресе
бесіктей тербейді. Кенет бір жақтан жаны ашып мазасызданғандықтан
мəнді көрінген көше сөзі естілді.
— Қалай, əлі тірі ме?
— Мəссаған! Қайтыс болғанына екі күн болды.
— Қойыңыз! Ол бекер дегенді өз көзіммен кердім.
— Демек, асығыстық жасағаны ма?
— Тез болса екен, əйтеуір,— қиналатын не бар?
— Қиналып болғанмын, сол жетер.
— Біресе почта тұрып Москваға, Петербургке əлдебір депеша38
жазғандай болып ойына қиял жайылады. Депешалар жыртылып қайта
кешіріледі, күтпеген жерде Астаповадан келген телеграммалар
қайталанады, почта газеттің редакциясымен қабаттасады, онан кейін
жаңа ғана басылған жолдарды тағы да керемет айқын еске түсіреді.
«Кешке кешірек температура 36—6, тамыр соғуы —110, демалысы 36.
Тамақты аз ішті».
Тұманда біраз топас сенделіп жүргеннен кейін Пастухов бір күні
таңертең көшеде өзін-өзі күтпеген сыйлықтай көрді — ұйқысы қанып,
жаңа жерге келіп, жалғыздығына қуанған адамдай болды. Ешкім
иығына асылған жоқ, құлағына əлденені құйған жоқ. Сүйісемін деп
жармасқан жоқ. Ол өзіне-өзі қожа, үндемей рақаттанады. Аңсаған
айқындық сүйкімді ұсақ-түйектен құралған тəрізді. Сақал-мұрты
қырылған, киімін өзгертіп киген, қолынан сабын исі шығады, көзі
айналадағының, бəрі ойып жасалғандай-ақ əр нəрсені жеке-жеке айқын
көреді.
Ол редакцияның алдындағы адамдарды анадайдан көрсе де
асыққан жоқ, қайта сабырлы салмақпен аяндап терезеге келіп жетті.
Иіссу құйынған екі артиллерист жұрттан аулақ, шықты, бет ажары
бақытты бір жап-жас подпоручик жолдасына қарап:
— Ол не деген мен көзіне жас алып, мұжықтарша, мұжықтар қалай
өледі,— депті:
— Сеніңше ол қорықты деп ойлайсың ба? Ол севастопольшы ғой.
— Ол қалайда қызыққан.
— Қарттар қиналып өледі, өйткені көп біледі.
Пастухов əйнектің аржағында жоғарыда ілулі тұрған, газеттің
номерінде ұзынша қоспаны көрді, ол жалпақ қаралы рамамен айнала
қоршалған. Жоғарыдан жұртқа тірі қарт қарап тұр. Пастухов оның
самайындағы шашы баланың шашы сияқты бұйра екенін аңғарды,
сонан кейін сенімен күткен сөздерді ақырын оқып шықты: «Таңертеңгі
6 сағат 50 минут (арнаулы тілшімізден). Бүгін таңертеңгі 6 сағат 5
минутта Лев Николаевич ақырын опат болды.»
Сонан əрі ол мақаланың аттарын оқып шықты: «Қауіпті ақуал»
«Соңғы минуттары», жаңағы уақиғаны түгел тағы оқып шықты: «Бүгін
таңертеңгі 6 сағат 5 минутта..»—ақырында бес дəрігердің қолы бар.
Сонан кейінгі жерінен үзіп-үзіп оқыды: «Тілшілер даусыз қазасына
алмай, телеграфқа тағы барды... Біз, тілшілер, ұлы адамның соңғы
минуттарын барша жан-жүрегімізбен азалаймыз... Жыла, Россия, əрі
мақтан!.. Азап шеккен жанның пəтерінің төңірегінде ақырын кезіп
жүрген тілшілер... «Бірақ бір де бірін ақырына дейін оқып шықпай
баяғы жолдарға қайтып оралды: «Бүгін таңертеңгі сағат 5 минутта...»
Былай шығып ол үйге қайту керек деп ұйғарды. Cеруенге
шыққандағысындай біргелкі қарқынмен жүріп келеді. Айқындылықты
əлі рақаттана сезгендей. Бұрынғыша ол əрбір затты керемет айқын, апанық көреді. Жұрттың бəрі күткен өлім туралы ойлағанына бір апта
болды, сондықтан оған еті үйреніп кеткеніне сенді, ол енді əсер ете
алмайтын болды. Ойының үзік-үзік болғанына таң қалды. Өзара
байланысы жоқ бəз-баяғы бір сөздер əлденеге қайталап еске түсе
береді: «Өзінің əйелі Ясодарадан», «ақырын кезіп жүрген тілшілер». Ол
құнарсыз ойды аулақ қуалап, жөндеп ойлауға тырысса да түк өндіре
алмады.
Үйінің ауасы дымқыл, түнеген мас адамдардың исі бар. Ол терезені,
пештің турбасын ашты. Күйе жұқтырып алып, қолын жақсылап жуды,
сүлгісін иығына салып, столдың басына келді.
Шашылып жатқан қолжазбасын көріп, пьесасын мас достарына
оқымақ болғаны, Мефодийдің — данышпаным деп айғайлағаны есіне
түсті. Қағаздарын ұқыпты жинастырып қойды. Оның санасында бір
сөйлем бірте-бірте қалыптаса бастады, ол сөздің өзінің екенін, жоқ бір
аптаның ішінде оқыған мақалаларынан есінде қалған сөз екенін біле
алмайды: «Егер басқа дүниенің тұрықшылары біздің дүниемізден
сендер кімсіңдер?»—деп сұраса, адамзат Толстойды көрсетіл: «Мен
мынаумын» деп айта алар еді». Өз ісінің дұрыстығы санасына əбден
жеткен адамша жайбарақат Пастухов қолжазбасын майдалап жыртты,
жел қағаздың желбіреген қиқымын еденге шашыратты. Жиіркенішті,
күйінішті пішінмен столға теріс қарады, кереуетіне барып қозғалмай
сəл тұрды да төсекке күрс құлады. Сүлгіге бетін басып, еңкілдеп
жылады, осы бөлмеде бала кезінде əкесі қиянат жасап, қатты жаза
бергенде, осылай жылаушы еді.
31
Меркурий Авдеевич түнеу үйінін басқышымен жоғары шығып
келеді, қаусаған баспалдаққа тексере қарайды. Түнеу үйінің
қорықшысы — Скобелевтің заманынан қалған əскери қызметтен
босаған солдат иесінің соңына еріп келеді. Тұтқалы таяғымен түртіп
шіріген тақтайларды, сорайған шегелерді, басқыштың сынған
тіректерін солдатқа бұрылып үн-түн жоқ нұсқап көрсетеді. Солдат
ұялғаннан басын шайқады. Осылайша олар сəкі төсеген үйге барып
жетті, онда тұрушылар бүрсең қағып, күнделікті неғайбыл табыстарын
іздеп қалаға шығар алдында таңертеңгі жұмыстарын істеп жатыр екен.
Бұрышта Парабукиннің шымылдығының қасында, шашы тікірейген
қарт балташы қашау егеп отыр.
— Балта алып, баспалдақты жөндесейші, — деді оған қарап Мешков.
—Сендерге келіп жеткенше басыңды жара жаздайсың.
— Маған қажеті не? Үй сіздікі — сіз жөндеңіз,— деді оп-оңай
балташы қайрақтан қолын алмай.
— Сен деревнядамысың? Жол менікі емес, — сондықтан күл
болмаса бүл болсын дейтұғын. Басқыш — бəріне ортақ емес пе?
— Ақша жинауға келгенде, сенікі де, жөндеуге келгенде ортақ, бола
ма? Қайдан шыққан Толстой едің. Ортақшылын қарашы.
Сəкідегі көршілері күлді. Шымылдықтың тар аралығынан
Парабукиннің басы көрінді, жүдеген, бет ажары шөлмектей, көзінің
асты жаңада көгеріп ісінген.
— Толстойды онша көп түсіне алмассың,— деді сəл сасқан Мешков.
— Түсінеміз,— деді Парабукин жөткіріп. — Газет оқитын бір сендер
ғана емес.
— Сен немене, осында жексембі сайын кітап, газет оқуды
ұйымдастырып па едің? — деді Мешков.— Мүмкін Толстойшылдықты
уағыздап жүрген боларсың? Бұрышты босат деп мен неше рет айттым
саған! Əлде полицейдің шығуын күтіп отырсың ба?
Ол қорықшыға бұрылып:
— Сен не қарап жүрсін? бұрышты тазарт деп едім ғой,—деді.
— Мен оған күн сайын шық та шық! —деп мазалап жүрмін. Ол маған
қысқа қарсы бала-шағамды сүйретіп қайда барамын дейді. Нағыз есек
өзі, құдай біледі.
— Мен, Тихон, жақсылықпен айтам. Кейітпе мені, басқа пəтер ізде,—
деді Мешков.— Маған күдікті адамдардың керегі жоқ. Сенің соңыңа
полиция түсіп жүргенмен қалай ұстап отырамын. Осында Толстой мен
құртты азғыру үшін бе?
— Толстой шамдарыңа тиген екен!
тапсырғанына қуанатын боларсыңдар?
Оның
құдайға
жан
— Оның жаны құдайға керек емес.
— Діннен безген дейсің ғой? — деп күлді Тихон.
— Сен судья емессің ғой?
— Біз тұрғанда кім сот болады? Ол біздің сотымызға құлақ қойды.
— Біздің дегендерің кім? Ол маскүнемдікке қарсы болды, сен
маскүнемсің. Тұмсыққа өзіңді ұрып жіберіпті ғой, адамның жүрегі
айниды.
— Ол маскүнемдікке қарсы болды, əрине. Ал ар-ұятқа қарсы болған
жоқ.
Меркурий Авдеевич жөтелді, қабағы көзіне түсті, сұстанып тағы
сұрады:
— Ар-ұят туралы не айтпақсың?
Сол кезде шымылдық ашылды, күйеуінің сырт жағынан Ольга
Ивановна шыға келді. Шымылдық сияқты қызыл жапырақ сыйса кофта
сын беліне қыстырып, əдеттегісінше асыға сөйледі:
— Рас, Тиша, расын рас деу керек! Ол ар-ұяты бар адам еді. Ол
кедейлерді қыстаған жоқ, граф Толстой, қайта өмір бойы көмектесті.
Ол балалы ананы қумас еді, аяр еді.
— Ендеше аясын деп неге бармадың? Мүмкін ол бірдеме берер ме
еді? Сен оны өлгеннен «ейін есіңе алыпсың. Енді қалай амалдап көрсең
де болмайды. Графың көрден көмектесе алар ма екен?
— Діннен безген біреу өлді деп табалайсыңдар ма? — деді
Парабукин кекетіп, Меркурий Авдеевичтің үстінен қарап, зəбірленген
Ольга Ивановнаны панасына алғандай.
— Былшылдап тұрсың,— деді қатуланып Мешков.— Христиан
біреудің өліміне қуанбайды. Өкінемін, қуанбаймын. Қарт адам тəубеге
келмей өлгеніне өкінемін, түсіндің бе? Шіркеу алдында күнəсынан
тазарынбай, тəкаппарлық жасап, күнəлі болып, діннен шығып кетті!
— Əрине! Күнəлі! Лағнет! Гришка Отрепьев! Солай сөйле! Ол сенен
таза! Сенің шамшырағың мен монастырларыңнан ол таза.
Монастырдың бар білетіні əділ сөзді қудалау ғой.
— Сөзді қудаламайды, көк мылжың сөзді сақтар болар. Қазіргі бар
сөз — тəңірі. Бұған сенің тісің батпайды.
— Менің тісім батпайтын нəрсе көп, Меркурий Авдеевич. Бірақ,
менің тісіме біреу қол тигізсе, тісіме батпайтыны рас! Əңгімеге мен
сенен кем түсінбеймін.
— Мен сенің тісіңді опырмаймын. Сені көкала торғайдай қылған мен
емеспін.
— Керек еді! Сіз сақ болыңыз: біреу аузына ұрғызып үндемей
қойғызса, кейбіреулер жауап қайтарады, біліп қойыңыз.
— Қорқытпақ болдың ба? Куəлердің көзінше қорқытпақ болдың ба?
Мешков айнала қарайды. Түнеу үйінде тұрушылардың бəрі егес
немен бітер екен деп айнала қоршап тұр. Торға қамаған құсты тентек
баланың шыбықпен түртіп ызаландырғанын жиналыста қызық көрген
адамдардай бəрі де құмарта, қызыға күлісіп тұр.
— Бұл не, қожасына қарсы кісілерді айдап салу ма? — деді Мешков
қорықшыға қарап, дереу бір жаққа барып, пана табайын деген адамша
пальтосының барлық түймесін салып.
— Сен... əлгі... даңғой неме! Тілінді тарт,— деді солдат.
Ольга Ивановна күйеуіне ара түсті.
— Үндеме, Тишенька, үндеме. Сенің сөзіңді түсінбейді. Біз екеуміз
кедейміз, сорлымыз, бізге ешкімнің жаны ашымайды. Сізге Меркул
Авдеевич, бұл ұят, мынау өзі ауру, бақытсыз адам, сізге не жетпейді?
— Толстой жетпейді,— деді тағы да менменси күліп Тихон.
— Толстоймен түрткілей берме! — деді дауыстап Пешков, Ольга
Ивановнаға аздап өзін масқаралағанымен əлі ашуын баса алмай. Оның
атын атауға да татымайсың! Ол ерекше ақыл дарыған адам, сен жалба
киімді жамансың, басқа түк те емессің.
— Қалай əндетеді! Ерекше ақыл дарыған деп! Дарынды екендігіне
сірə қарсылығың жоқ сияқты, өз қарамағыңа ала қояр едің. Бірақ
құдайдан безгендігі бар. Tерісі əдемі-ақ, демек, олжа қылуға болар еді,
бірақ бетімен кетіп, бағынудан шыққандығы бар, жұмаққа күнəсі
жібермейді. Ал ол менің құдам да емес, ағам да емес, оның ақылына
жете алмаймын, бірақ оны мадақтаймын. Өйткені ол адамды ақиқатқа
бастады. Ол ереже бойынша, бастады ма, жоқ ережеге қарсы шықты ма
маған бəрібір. Риза болсын, болмасын, əйтеуір. Жұрт оған алан даушы
еді. Қанша ұрысқанмен Меркул Авдеевич, сен де алаңдадың. Ол сенің
де адамшылығыңды қозғады...
Ольга Ивановнаны иығынан ұстап, Парабукин жеңіл ығыстырды да
ілгері бір аттады. Ол кейістігін ерсі көрген адамдай ақырын, қайғылы
үнмен сөйледі, жұрттың басынан асыра əлдеқайда қарап тұрған
Мешковқа көз салмай түнеу үйіндегілерге арнап сөйледі.
— Сендер көзімнің астындағы фонарға қол шошайтпаңдар екінің
бірі төбелеседі. Мен қазір арақ ішпеймін, өйткені сорлы екенімді
түсінемін, Ольга Ивановна рас айтады. Өзіміздің темір жолда
істемегеніме өкінемін. Поезбенен қазір Астаповаға барар едім,
өмірімде онда талай рет болғам! Сонда барып, қарттың қайтыс болған
үйінің терезесінің алдында тұрар едім. Солай тұрып ойлар едім: міне
сен назарыңды салған жарамсыздың бірі меммін, Лев! Эх, айтып не
керек! Жолдың бастығы оның табытына теміржолшылардың атынан
гүл жіберіпті. Егер қазір Тихон Парабукин темір жолда істесе, сол
гүлдің арасында оның, атынан да бір жапырақ, небір қылтанақ болар
еді. Тап қазір менің түк қатынасым жоқ. Эх, Парабукин!
— Егер естісе ол бұл сөздерді естісе, мүмкін, гүлден артық қуанар
еді,— деді бəсеңсіп Мешков,— Оған гүлдін, керегі не?
— Гүлдін керегі не? — деді кекетіп Тихон. Саған керегі жоқ. Сен
оның арқасына тораңғы қазық қағар едің.
Меркурий Авдеевич теңселді, сүйеніш іздеп, қалтыраған қолын
солдаттың қолына тигізді, мұрны шуылдап дем алды, бірақ айғайлаған
жоқ, жерден ауыр жүк көтерген адамдай ыңқылдады.
— Ал, Тихон! Өз обалың өзіне Бала-шағаңды аяйын деп едім, бірақ,
сен шайтанды да ығыр қылатын адамсың, жина қоқыстарыңды!
Қаранды көрмейін! Мен дереу бөлімшеге барам. Полицияда басқаша
жырларсың! Онда сенің графты амалдағаныңа көнбейді.
Ол көз астынан сүзіле қараған жұрттың арасынан жол салып,
таяғымен еденді қастерлене тоқылдатып, сəкілердің арасымен жүре
жөнелді.
— Жолың болсын,— жолың болсын!—деді ізінше Ольга Ивановна.
Сізден жақсылық күткен біз де жоқ.
Адырайған көздері бозарды, екі езуі темен түсіп, дір-дір етті, кең
маңдайын қызғылт толқын басты. Кішкене денесін тоқтаусыз
қозғалыс билеп əкетті. Аночка жатып жүрген сандыққа жүгіріп барып
қақпағын ашып, əртүрлі шүберекті, киімді шығарып тастай бастады,
өзі тоқтаусыз сөйлеп жүр:
— Дүниеде мейірбан адам жоқ емес. Кедейдің шиеттей балаларын
аяйтын адам табылар. Үсіп өлмеспіз. Аночка, киіндір Павликті. Мінеки
шұлықтары. Жоқ ағы сыпайырақ. Өзің де киін, мə, ал. Кофтаңды ки.
Оқасы жоқ. Өлмеспіз. Шулығын баумен байла, сəл жоғары тарт. Бұл
уақытқа дейін тұрып келдік қой, əлі де тұрармыз. Мінеки, мə, белбеуі,
белін байла Павликтің.
Ол біресе ананы, біресе мынаны алады, жарыққа апарып қарайды,
ұнатпайды, кері тастайды, өзіне, Аночкаға өлшеп қарайды көптен бері
тозығы жетіп істен қалған ескінің тек бір өзіне мəлім көркін іздеп
таппақ болады.
Парабукин шымылдықтың қасында үндемей тұр. Беті былқ етпейді,
ол қорқып, əйеліне мелшиіп қадалды да қалды. Кенет көзі түсіп кетіп,
Ольга Ивановна сөзін кілт тоқтатты, күйеуіне тез-тез аттап барып,
оның əлі кең, зор кеудесіне бетін басты.
— Қорықпа, Тиша,—деді ол қолын қысып,— қорқатын түк жоқ! Мен
бəрін ойлап қойғам. Керек адамдармен сөйлескенмін де. Бəріміз бірге
барайық. Сен де киін.
Əлдеқандай күн туса керек болар деп сандығына сақтан жүрген
жаға-жеңіне өрнек салған таза көйлекті берді, ол көйлегін ауыстырды.
Əйелінің қажымай қайрат жұмсауымен тігілген сырма шапанын киді.
Ольга Ивановна көптен бері киілмей жатқан шымылдықтың
қанатын қадаған көк фетр қалпағын қағып-қағып төбесіне шошайтып
киіп алды, желкесіне түйген шашының түбін резина жіппен тартып
қалтыраған қолдарымен байлады да Павликті қолына алып, алға түсіп
жүрді. Оның артынан аяғын тез-тез пысық басып қызы Аночка мен
артында керенеу басып күйеуі келеді. Түнеу үйіндегілер бұларды шын
аяп шығарып салды, олар əйелдің тығулы жатқан кісі күлерлік əсем
киімі дүниенің мейрімсіздігіне қарсы қайыршылықтың ең соңғы
құралы ретінде жарыққа шыққанын түсінгендей. Тек өмірлік маңызы
бар қорытындыға келгеннен кейін ғана Ольга Ивановна өзің бір кезде
бақытты, бірақ əлдеқашан ұмытылған ескісіне арқа сүйегісі келгені
рас. Парабукиндер сəкінің ара-арасымен кетіп бара жатқанда ешкім бір
ауыз сөз айтқан жоқ. Тек олардың сыртқы баспалдақтағы дүбірі
басылғаннан кейін барып, балташы сүргісін, қашауын, бұрғысын
жəшігіне салып, күрсінді:
— Отағасыңыз енді қасіретін арқанша еседі, — деді.
Парабукиндер өрге тырмысқан жолмен көтеріліп, бұрыштан
айналды. Мектептің сыртқы есігіне таянғанда Ольга Ивановна
Павликті жерге түсіріп, оның үстіндегі көйлегін тартып жөндеп,
қолдан тіккен бөркінің астынан жалбыраған əкесіне ұсаған ақсары
шашын сипап, қолынан жетелеп алды. Павлик аяғынан жүретін-ді.
Томпаңдап бір аяғын сүйрете басып, ол бір жанбастап шешесінің
соңына ерді.
Сыртқы есіктің алдына келгесін Парабукиндер қораға кірмеді,
ақырын екі-үш адым ілгері барып, бата алмай ашық тұрған үлкен
қақпаның алдына тоқтады.
Вера Никандровнаның үйінің алдында жүк таситын арбакеш мебель
мен түйіншектерді арбаға тиеп болуға жақындапты. Мұндай жағдайда
тиеулі нəрсенің ең үстінен үлкен орын алатын самауырын аяғын
жоғары қаратып төңкерген столдің үстінде тұр. Арбакеш жүктің
үстінен асыра салған арқанды арбаның белдігінен өткізіп, аяғын
доңғалаққа тіреп тартып байлап жатыр. Вера Никандровна екі қолына
екі шам ұстап үйінен шықты. Пəтерінен көшкелі жатқаны күмəнсіз
болды.
Ольга Ивановна еріне сескене қарады. Ол əйелінің ойындағысын
біліп, сəтсіздікке душар болғанын түсінді, бірақ үндеген жоқ. Əйелі
Павликті сүйрелеп ілгері ұмтылды.
— Қара-ғым-ау!—деп ол Вера Никандровнаға басын шұлғып
амандасты.— Біз сізге келдік! — деді.
Ол не болғанын осы толық түсіндірер дегендей əлі түзеліп жетпеген
əлсіз аяғынан əрең басқан, басында бөркі, белінде жіп белбеуі бар
Павликті итермелеп алдына шығарды.
— Біз, сізге келдік, кешіре көріңіз! Менің батылым бара алмас еді.
Бірақ өзіңіз бір сөзде, есіңізде бар ма? — Егер түнеу үйінен айдап
шықса, бір жерден баспана тауып беремін деген едіңіз. Мінеки,
қарағым Вера Никандровна Мешков біз сорлыларды осы күйімізше
көшеге қуып шықты.
Ол қолын созып Павликті, Аночканы, ерін көрсетті, сол ыңғайы
балаларының үстіндегі киімін жөндеп, шекесіне түскен өзінің
қалпағын түзеп қойды.
— Көріп тұрсыздар ғой,— деді Қымсынып Извекова, бүйіріне басқан
шамдарды көзімен нұсқап көрсетіп.
— Я! Бұл не! Қайда барасыз? —деп Ольга Ивановна түсінбеген адам
бола қалды.
— Дұрысын айтсақ, менің өзімді де айдап шықты.
— Бұған батылы барған кім?
— Ах!—деп Вера Никандровна күлді.— Бұның бəрі оп-оңай болды!
Оқу округінің бастығы мені басқа училищеге ауыстыруға бұйрық берді.
Мен қаланың шетіне, солдат слободкасына барамын.
— Жасаған-ау! Бұл қалай болғаны?
— Не қалайы бар? Балам болса түрмеде жатыр, маған шүбəланбасы
бар ма?
Бұл сөздерді ол күйінішпен сендіре айтты, сондықтан Ольга
Ивановна оған қолын еріксіз созып, сол сəтте сен де тілектестік білдір
дегендей, еріне қарады.
— Тиша! Біз Вера Никандровнаны жаңа орнына көшіріеуге
көмектесе аламыз ғой, рас па? Өзіміздің хəліміз қай бір оңып тұр!
Көшеде, тұп-тура көшеде қалдық!
— Көшеде қалсақ ше! — деді жаратпай Парабукин. — Көрмей
жүрген кеше ме?
— Балаларды, балаларды қайтеміз! — деді жалбарынып Ольга
Ивановна.
— Жоқ, жоқ, рақмет сіздерге, əбігер болмаңыздар, өзім-ақ үлгірем
ғой,— деді Вера Никандровна жұбаныш айтып əрі кешірім сұрағандай.
— Үлгіреміз, бір бұл емес, деді кенет. Қатты дауыстап арбакеш, ол
аттың шоқтығынан делбенің ұшын жұлып алды.— Кеттік, бəйбіше!
Күтпеген жерде Аночка Вера Никандровнаға жармасты, шамның
түбінен ұстап алып, шешесі сияқты шапшаңдатып сөйледі.
— Мен апарайын, беріңізші маған, беріңіз! Мен шығарып салам. Мен
сізбен бірге барам. Беріңіз, беріңізші маған!
Ол шамды алмақ болып, жұлмалай берді, ал Вера Никандровна
шамды өзіне қарай тартып қыса түсті, қызға жанары жанған ыстық
көздерінен қарады. Еңкейіп Аночканың маңдайынан сүйіп, елжіреп
сыбырлады:
— Керегі жоқ. Жібер. Əжеңмен бірге бол. Жақсы ма? Кейін реті
келгенде келерсің.
Тез Ольга Ивановнаға қарап:
— Кешіріңіз, мен сіздерге жəрдемдесе алмаймын: жаңа пəтерде
жалғыз ғана бөлме бар. Бірақ ықтыярыңыз болса Аночка бізде болсын.
Мен қуана-қуана аламын— деді.
— Ах, ол не дегеніңіз! Мүмкін болар ма екен?—деді Ольга Ивановна
жас
келген
көздерін
жұдырығымен
сүртіп.—
Біз
сізге
ауыртпалығымызды салғымыз келмейді. Керегі не? Аночка менің
жалғыз қолғабысым, онсыз мен не жасаймын? Егер мүмкін болса, біз
сіздің мына пəтеріңізге орналасар едік? Бір жерден бұрыш тапқанша.
Рас! Тым болмаса бір-екі күнге, пəтер бəрібір бос тұр ғой, а?
— Бұл пəтер бос емес: бүгін мұнда жаңа мұғалім келмек.
— Ах жасаған-ай! Əбден шатастық-ау... рас!., сіз қалай көресіз,— деді
Ольга Ивановна тағы да тəуекелге бел байлап,— біз мұнымызды
айтып Мешковтың қызына барсақ қалай көресіз?
— Шубниковаға ма? Барса ше? Ол қайырымды кісі. Қалайда
барыңыздар.
— Бəйбіше көп сөйлесіп кеттіңіз,— деп арбакеш тағы асықтырды,
атын . шаужайынан ұстап, жүгін салдыр-күлдір еткізіп көлігін бұра
бастады.
— Міне жақсы, міне жақсы! Есіме бірден қалай келмеген?— деп
шүлдірледі Ольга Ивановна. — Тиша, Павликті қолыңа алшы. Жүр
Аночка, Лизаны танисың ғой? Жүр. Ол қазір бай, бақытты бəйбіше
болған. Лизавета Меркурьевна. Ол бізге көмектеседі. Тез барайық!
Бəрі аттың артынан қозғалып, қорадан шықты. Ольга Ивановна
əбігерленіп, тоқтаусыз сөйленіп келеді. Арбакеш сықырлаған қақпаны
жауып жатқанда бұлар қоштасып, бір-біріне жақсылық, оңды сапар
тіледі. Сонан кейін Парабукиндер тізбектеліп жүріп кетті —алдында
Ольга Ивановна, онан кейін Аночка, ол артына қарап Извековаға
теңдесіндей көзін қысады, əкесінің қолындағы Павлик басы қалтаңдап,
əкесінің кең жауырыны арқылы үңіліп ұзақ уақыт атқа қарады.
Вера Никандровнаның есіне мынау ғажап семьяны тұңғыш көргенде
осы Парабукиндердің қора арқылы шұбап кетіп бара жатқанына
Кирилл екеуінің қалай қарағаны түсіп, көңілі жабықты. Ол мектепке
қарады. Сидаң үш терек желге бастарын иіп, кепкен бұтақтарын
шатырлатады. Ашық тұрған терезенің желдеткіші арқылы үй ішінде
сыңғырлаған қоңырау естіледі, ол тентек балалардың шуылдаған
дауысына ұласады. Мектепте сабақ бітті.
Вера Никандровна осы стенаның ішінде жиырма жылдан артық
тұрды, сондықтан сыңғырлаған қонырау, тентек балалардың
шуылдағаны қанына сіңіп кетті. Өзінің бостандығын, сүйіспеншілігін
қайғы-қасіретін басынан кешірген сапары осы арадан басталған-ды.
Кирилл осында туды, баланың толғағы қысып жатқанда бəз-баяғы
сыңғырлаған қоңыраудың даусы бүкіл үйге жайылды, ол соған қарап
сабақтарды санап жатты: бірінші, екінші, үшінші, ең соңғы төртінші
сабақ біткенде дүниеге балада келді, шыр еткен баланын даусы
үйлеріне тараған балалардың баспалдақпен төмен қарай жүгіріп
күлген, шуылдаған дауыстарына қосылған еді. Вера Никандровнаның
ері қасына келіп, тізесін бүгіп отырып, суық тер шыққан маңдайынан
сүйді. Осында қанаттары ысқырып, зуылдаған көгершіндердің
арасында Кириллдің балалық қызық ойындары өтті, жас шағында ол
осында жақсы көретін кітаптарын əкеліп, өзі Дача деп ат қойған
шатырдың есігінің алдында отыратын. Өзінің еркін өмірінің ең соңғы
күнін осы үйде еткізді, осы арадан оны əлдекімдер белгісіздікке алып
кетті.
г
Жүрегін қақ жарған осы жете таныс жол, жағалаудағы қалың
қамыстың арасымен тұйыққа əкеліп тірейтін соқпақ сияқты қазір
үзіліп қалды. Өткен өмірден қалғандардың бəрі енді бір арбаға сыйып
тұр, Вера Никандровна сол арбаның соңына еріп келеді.
Арба көшеге өрген жұмыр тасқа тиіп салдырлайды, арбакеш
арбаның қасында жаяу жүріп келеді, ол делбенің үйіріп, ат айдайды,
ара-тұра сорайып шығып кеткен əлдебір столдың арқалығын
арқанның астына қайта тығады. Талай көшелерден өтіп келеді əуелі
адам аз, үнсіз көшелерден, онан кейін у-шу, жеңіл арбалары
зырылдаған, трамвайлары даңғырлаған көшелерден кейін тағы да
үнсіз тыныш, көшелерден өтті. Ол шаршаған да жоқ, баратын жеріне
тез жетейін деп асыққан да жоқ, тіпті артында қалған ақ үймен,
шарбақпен, желге теңселген сидаң үш терекке байланысты ойында
қиял да жоқ.
Извекованың жаңа тұрағы — қос терезелі кішкене флигель үлкен
бос алаңдағы ұзына-шұбақ үйлердің қатарында. Оның аржағында
товар станциясының жол торабы депоның кір-кір корпустары
көрінеді. Паровоздардың инедей өткір қадалғыш ысқырығы немесе
гудоктары қою күңіренісі кейде осы аланға екпіндеп жетіп,
флигельдердің төбесі арқылы ұшып өтеді, кейде алыстағы тауларға
барып, үнсіздікке еріп кетеді. Түн сайын құлаққа пардың ашулы
пысқырығы сом балғаның темірге тиген екпіні, вагоннан вагонға ұстаұста! ұста!—деп ескерткен буфер тарелкаларының даңғыры келеді.
Осының бəрі құлаққа əрі жаңа, əрі беймаза.
Верa Никандровна шелек көтеріп, су алатын үйшікке барып есігіне
кішкене құлып салып, терезенің қақпағына болт салып, түтей беретін
кішкене қыздырма пешке отын жағып үйренбей, жаңа үйіне əлі
үйлеспей тұрғанда бір күні түн ортасы ауа біреу көшеден терезе қақты.
Кириллді əкеткеннен бері ол қорқынышты немесе қуанышты бір түрлі
кенет келіс күтетін-ді, ол келіс қалжыратқан қасіретке шек қойып,
тағдырына толық өзгеріс ала келуі керек. Кейде бұл өзгеріс
бұрынғыдан да бақытсыз жаманатқа ұшырата ма, немесе жеңілдік пен
тыныштыққа апарып соға ма,— бəрібір сияқты көрінеді. Бірақ бұл күту
кескілеп, күйдіріп жандырады, жігерді құм қылады, оның қалтырағаны
барған сайын қатты қинайды.
Əлдеқайдағы алаңда оғаш тұрған, əлі бауыр баспаған кішкентай
үйдің терезесін біреудің түн ортасында тарсылдатқаны Вера
Никандровнаны шошытты. Ол бөкебайына оранды, бірақ далаға да
шыққан жоқ, жарық та жаққан жоқ, стенаға төніп келіп, тағы
тарсылдатар ма екен деп күтіп тұрды. Күн жел еді, үйдің ұңғылшұңғылдарынан сыбызғының жіңішке ысқырығы естіледі. Паровоз бір
шыңғырып, бос вагондарды даңғырлатып итермелей жөнелді. Состав
ұзын екен, ұста-ұста, ұста-ұста! — деген үрейлі үн əлдеқайда алыстап,
барған сайын бəсеңдей берді. Бір кезде терезе тағы тарсылдады. Енді
бұрынғыдан қаттырақ болғанымен онша еркін емес, сыпайы. Вера
Никандровна шуланға шықты. Онда шу қаттырақ екен, сыбызғылар
қатты, батыл əндетеді. Вера Никандровна сыр бермей күтті. Сол кезде
дүбірлеген үш адам айқын естілді. Біреу терезеден есікке келді, сол
сəтте жұдырықпен тарсылдатқан есік сықырлай жөнелді.
— Бұл кім? — деп жөткірініп сұрады.
— Извекова, мұғалима, осында тұра ма? — деген еркектің ақырын
даусы естілді.
— Ал, бұл кім? — деді тағы да өңешінің, өлі тарылып тұрғанын сезіп.
— Сіз күманданбаңыз. Зəбірлемеймін,— деді жайдары жай дауыс,
Извекованын жүрегі орнына түсін, азырақ өзін-өзі биледі.
— Сізге не керек?
— Бір іс турасында хат беру керек.
— Əуелі айтыңыз, хат кімнен жəне қандай іс туралы.
— Бұл бізге мəлім емес,— деді дауыс ақырын, сəл кідіргеннен кейін:
— Егер сіз Извекованың өзі болсаңыз, істің мүмкін балаңызға
қатынасы бар шығар? — деді.
Извекова қатты дауыстап қоя берді:
— Қазір шам жағайын,— деді.
Бірақ бөлмеге шамға барудың орнына екі қолының бар күшімен
ілгешекті астынан қағып жіберіп, есікті ашты.
Көзге түртсе көргісіз қараңғылықтан əрең бөлініп біреу ауыз үйге
кірді, бойы керемет ұзын сияқты. Басын иіп, бір адым аттап, өзін тар
төрге өлшегендей айнала қарады.
— Хат қайда? Беріңіз!—деді Вера Никандровна сыбырлап, есіктің
ілгегін ұрып салдырлатқанына жүрексініп қалғандай, бірақ келушінің
алдында жаңа ғана қорыққан үрейі басылып.
— Жарық жағу керек, — деді ол. — Сумкам терең, сипалап таба
алатын емеспін.
— Алдап тұрған жоқсыз ба?
— Енді алдап керегі бар ма: есік ашық қой.
Ол кекете бірақ сыпайы сөйледі, қараңғыда оның бет-жүзін, көзін,
қолының бос екенін немесе бірдеме ұстап тұрғанын көрмесе де,—
оның сөзінен ғана қарт адам екенін аңғарып, сенді. Вера Никандровна
пештің алдынан, күлдіктен, ас столының тартпасынан сипалап ұзақ
уақыт оттық іздеді. Сол кезде қонақ күте-күте болмаған соң, қалтасын
сипалап оттық іздеп тапқаннан кейін:
— Шамыңыз қайда болады? — деді.
Жанып келе жатқан жарықта Вера Никандровна ашаң жүзін бос
əжім басқан, шошақ ақ сақалды, көзі сығырайған біреуді кəрді. Шалдың
үстіндегі белбеуімен бұған шолақ шуға шапанның əр жеріне тамып,
матаға сіңген машина майы жылтырайды, шапан ағаштың қабығындай
қатты. Ол басындағы май-май картузын шешіп, орындыққа қойды да
босағаға сүйенін, маңдайшаға ақ басын тіреп тұрды.
— Демек, Извекова деген сіз боласыз ғой?
— Қалай деп ойлайсыз? Басқа біреу болсам кіргізер ме едім?
— Менің білейін дегенім сізбен басқа кісі тұра ма, жоқ па?
— Жоқ, жалғыз тұрамын.
— Солай. Демек, Вера Никандровна сіз боласыз ба?
— Сіз осы қалжыңдап тұрған жоқсыз ба?
— Түнгі жұмыс. Қалжыңның мезгілі емес. Анықтау үшін сұрап
тұрмын.
— Я, я! Мен — Вера Никандровнаның өзімін, егер Сіз Кирилл
Извековтың шешесін іздеп келсеңіз Кириллдің шешесі мен боламын.
Хат Кириллден бе? Қане беріңіз, беріңізші!—деп ол бұйрық еткендей
қолын созып шалға төне түсті.
Үстіндегі бөкебайдың бір шеті салбырап еденге түсті, түнгі бүрмелі
кофтасы, оның үстіндегі қалай болса солай өре салған шашы көрінді.
Қарт түсіндім дегендей қабағын тартып қайтадан орнына түсірді,
орындықтағы картузін столдың үстіне қойды, орындыққа отырып
қулықшыл аталарша:
— Хаттың кімнен екенін өзіңіз оқып керерсіз. Біз оны дереу
сумкадан ала қоямыз.
Орындықтың жиегінен ұстап, ол бір аяғын ілгері созды, тозаң
басқан бір етігінің өкшесін екінші етігінің табанына тіреп, басын
лоқсытып босатты да, еңкейіп оны қолымен ұстап алып, аяғын ақырын
қоныштан суырып алды. Сонан кейін ұлтарағын шығарып сілікті,
оның тозғанын жаратпағандай басын шайқады. Қолын етікке тағы
салып, тұмсығынан бірдемені түрткілеп ала бастады.
— Ах, соншама
Никандровна.
ұзақ
қазбаланасың!—деді
шыдамай
Вера
— Тап солай,— деді жуас шал:—сақтықта, қорлық жоқ деген.
Ақырында ол етіктің тұмсығы сияқты болып қалыптасқан тағаша
иіп бүктеген қағазды Извековаға берді.
Ол қағазды жазып, шамның жарығын көтеріп, хаттың əдемілеп
жазған майда əріптерін оқи бастады.
«Құрметті Вера Никандровна. Хат жазып отырған балаңыздың досы.
Рас, мен Кириллден үлкенмін, алайда ол мені, мен оны жолдас деп
атаймыз. Мен осы хатты балаңыз үшін қаймықпасын деп көңіліңізді
жұбату үшін жазып отырмын. Өйткені іс ол үшін онша жаман болған
жоқ, қайта күткенімізден гөрі анағұрлым жақсы болып шықты. Мүмкін
естіген боларсыз, егер хабарсыз болсаңыз, көп ұзамай естерсіз. Кирилл
үш жылға Олонец губерниясына жер аударылды. Ол жақ солтүстік
болғанымен жері онша ауыр емес, Кирилл жалғыз болмайды. Онда
оңды кісілер бар, жəрдемдеседі. Мен алғашында Кириллге азық-түлік
жағынан да, пəтер үй жағынан да жəрдем көрсетіледі деп уəде айта
аламын. Ақша да берер. Адресі əбден анықталғаннан кейін ақпа салуға
болады. Ол сізге өзі хат жазар. Кітап табылады, демек, уақыты босқа
өтпейді. Онда оқымысты адамдар бар, ғылым жағынан балаңыз артта
қалмайды, қайта ілгері басады. Вера Никандровна, сізге тағы бір
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алғашқы қуаныш - 20
  • Parts
  • Алғашқы қуаныш - 01
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2221
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2187
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2105
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 04
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2139
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 05
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2170
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 06
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2209
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 07
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2153
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 08
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2136
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 09
    Total number of words is 3869
    Total number of unique words is 2136
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 10
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2253
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 11
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2161
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 12
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2249
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 13
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2112
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 14
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2190
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2140
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 16
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2142
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 17
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2318
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 18
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2145
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 19
    Total number of words is 3941
    Total number of unique words is 2208
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 20
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2290
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 21
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2172
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 22
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2182
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 23
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 24
    Total number of words is 3246
    Total number of unique words is 1802
    39.4 of words are in the 2000 most common words
    54.5 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.