Latin Common Turkic

Алғашқы қуаныш - 21

Total number of words is 3926
Total number of unique words is 2172
35.6 of words are in the 2000 most common words
50.8 of words are in the 5000 most common words
58.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Əйелім əлі бала сияқты,— деп мақтанып қойды.
Жұрттың бəрі күліп, Лизаға əрбір жаңа Шансонетка келген сайын
бұрылып қараңыз деп жалынады.
— Ал, қарашы, тағы да қарашы,—деп қоймайды Витюша, өзі аздап
мас болған,— мынаусы мүлде сыпайы көрінеді!
— Жоқ, мынаумен түскі намазға да баруға болады,— дейді əндетіп
оның бір жолдасы.
— Тіпті тізесі де көрінбейді, — дейді екінші жолдасы.
Бір кезде Витюша Лизаның көзіндегі ғажап өзгерісті аңғарды,
Лизаның көздері көгілдір түстенін, қара көкшіл түске айналып, біртебірте ұлғайып, үлкейіп бара жатқан тəрізденді. Витюша қипақтап,
одырайып, жан-жағына қарады, танымайтын кісілердің арасынан
артқы столда отырған Цветухинның қарғаның қанаты сияқты
құлпырған қара шашын көрді. Қайтадан Лизаға көз салып еді, ол өзінің
сəл жайылған майда шашын жөндеп отырғанын байқады. Саусақтары
сəл қалтырағандай көрінді. Ол еңкейіп ақырын ғана:
— Орын ауыстыру қажет болған себебі осы екен ғой! — деді.
Лиза таңырқап қабағын да көтеріп үлгірмеді. Стол астынан
башпағының тұмсығымен тобығына теуіп қалды, Лиза аяғы қатты
ауырғандықтан, бет-аузын тыржитты. Витюша жолдасымен бокалын
соғыстырып, жоғары көтеріп:
— Достарым! Əулие əйелдер үшін! Əдепсіз көріністерге жүзі
шыдамайтын əйелдер үшін! —деді.
Бұлар шараптарын ішіп үлгірмей-ақ, қастарына Цветухин мен
Пастухов келді, екеуі де кешкі костюм киіп, кеудесіне ақ гүл қадаған,
қолдарында керемет ұзын папиростар бар. Олар Лизаның қолын
қысып, басқаларына бастарын изеді.
— Танысыңыздар,— деді Лиза бата алмаған адамдай көмескі
дауысымен.— Менің күйеуім, Виктор Семенович.
Витенька жəне оның артынан басқа жолдастары орындарынан
тұрып бастарын изеді.
— Біздің өтінішіміз бар,— деді Пастухов іркілмей,— бəріміз бір
столдың басына отыралық. Сіздер өте көңілді отырсыздар, сондықтан
Егор екеуміз сіздерге қызығып кеттік. Біздің столымызға жүріңіздер
немесе біз осында келейік, осы арада жақсы көрінеді екен, қане
қайсысын қалайсыздар.
— Жоқ,— деді Витюша, — əйелімнің Очкинге тұнғыш келуі еді.
Қазір келгеніне өкініп отыр. Ашық сахнаны жаратпаушы еді. Театрды
жақсы көреді.
Витюша Цветухинға тез бір қарап қойды.
— Өте жақсы,— деді Пастухов шыныменен. — Бір бутылка алып,
бұл мəселені тереңірек зерттелік.
— Сіз—спортсіменсіз ғой,— деді Цветухин күліп Шубниковке,—
қазір француз күресі басталады.
— Менің əйелім киімсіз еркектер түгіл киімсіз əйелдерге де қарай
алмайды. Үйге қайтқысы келіп отыр.
Витенька тағы да басын иді.
— Қап,— деді Цветухин Лизаға қарап тұрып.— Біз сізбен
əңгімелессек пе деп едік. Сіз қалыңыз.
— Жоқ, қала алмайды.
— Еріңіздің айтқаны заң екенін көріп тұрмын,— деді Цветухин тағы
да күліп.
— Я, заң! — деп Витюша аяғымен еденді тепті де, жолдастарына
қарап: —Сіздер төлеңіздер, кейін есеп айырысармыз. Кеттік Лиза,—
деді.
Ол көркем ишарат жасап, Лизаға жол берді, Лиза жұртпен қоштасып,
алға түсіп, столдардың арасымен жүріп отырды, Витюша артында еріп
келеді, оның сырт көрінісі өте сыпайы қырымпаз жігіттер сияқты.
Ол тағы да түймелерін түгел салды. Бірақ үйге келгеннен кейін
үстіне жамылған киімінің түймелерін пытырлатып жұлып тастады.
Виктор Семенович Шубников тағы да өзінің əдеттегі толық бейнесіне
келді.
Ол қонақ үйдегі кез келген креслоның біреуіне отыра кетіп,
əйелдеріне дауыстап жылап қоя берді. Оның доллары, аяқтары
қалтырап, басы селкілдеді, бұлан-талан болып көзінен жас шұбырып,
дөңбекшіді, біресе шалқалақтап, біресе тізесіне отырып, басын
креслоға соқты, креслоның пружинасы шыңылдады.
Лиза күйеуіне өте салқын қарап, қояншығы бар дегендей келгенде
жүрегі тас төбесіне шықты. Дереу жүгіріп бір стакан су əкелді, Витюша
стаканды қағып жіберіп, суын төкті де, бұрынғысынан да ащы
дауысымен айқайлай бастады. Үйдің ішіндегі адамдар бірінің артынан
бірі орындарынан өре түрегелді, бір кезде апайы жүгіріп келді. Бəрі
жиналып Витюшаны əрең дегенде төсегіне алып апарды, ол əбден
əлсірегенше мамық жастықтың үстінде жатып айнала дөңбекшіді.
Доктор келген кезде ол өлік құсап сулап жатыр еді. Апасы ақырын
жылап отыр, доктор көңіл айтты, бірақ өте жеңіл ем жасады: тағы
Төңбекшісе валериан тамшысын беруге қосты, ең дұрысы — тыныш
жату, əдеттегі тамақ ішу жəне 29 градус ваннаға салу,— деді.
Жиырма тоғыз градус деген сөз (не отыз, не жиырма сегіз емес)
Дарья Антоновнаға үлкен əсер етті: ауруы жеңіл болмау керек, деп
ойлады, əйел алғанға дейін Витеньканың мұндай əдеті болмағанын,
Лиза көзіне түссе мұның ауруы қоза түсетінін еске алып, ол осы
бақытсыздықтың себебі сəтсіз некеде деп білді.
— Шырағым, екі қолыңды кеудеңе салып, беталды бөлмелерді
аралап жүргенің болмас,— деді бір күні таңертең Лизаға Дарья
Антоновна,—Витеньканың қашан көтеріліп кететіні белгісіз, ал іс оны
күтіп тұрмайды. Базардағы дүкенге барып, кассада отыруың керек.
Жалғыз өзім қансысын үлгіремін.
Витенька кəсіпке өте аз көңіл бөліп келгеніне қарамастан,
жұмыстың бəрін сол бітіріп жургендей-ақ, Лизаға кеп жұмыстар
тапсырылды, тұнғыш рет өзінің күйеуін кездестірген əкесінің
магазинінің қасында қымбат зат сататын дүкенде уақытының бəрін
өткізетін болды.
33
Біреу «базар» деген сөзді айтқанда, Лизаның есіне бала кезінде
Пешкада садақа сұрап отыратын қайыршыдан қорыққанын есіне
түсірді. Ол жерде отыратын, ауыздығын тілімен шығармақ болған ат
сияқты аузын ашып, тістерін көрсетіп, беті жыбыр-жыбыр етіп, басы,
иықтары, бүкіл денесі селкілдеп отыратын-ды. Əжесі ол əулие
Виттаның биі деген науқаспен ауырған адам, сондықтан үнемі садақа
беру керек деген еді. Лиза садақа беріп те жүрді, бірақ қайыршының
аяғының арасына қыстырған мəнерлі ағаш ыдысына бақыр ақшаны
тастаған сайын Лиза жантүршігерлік биді көрмеу үшін жұрттың
арасына кіріп жоқ болып кететін. Сондықтан базардан үнемі аулақ
жүруші еді.
Рас, Пешканың жақсы жерлері де бар, ол қонақ үй сарайының
арқаларының қасындағы құс базары. Арқаның сылауы түскен
қабырғасына, сыртқы жағына да, ішкі жағына да, айнала ілген кішкене
торлар тұрады, торлардың ішінде жүздеген шымшықтар, сары
шымшықтар, боз шымшықтар, тағы басқа ұсақ құстар əртүрлі əнге
салып, шыр-шыр етеді, сондықтан алыстан, инесі сынған музыка
сандығы ойнап жатқандай болады. Құс сатушылардың ішіндегі бір
қарт өте-мөте ұнайтұғын, ол Некрасовтың Влас ағайы тəрізді. Осы қарт
кенеп жапқан аласа тордың ішіндегі жас бұлбұл құстарды əн салуға
үйретеді. Лиза Властың қасына кідіріп, оның кен танауына, қой терісі
тəрізді бетіне, бұйра талдай сақал-мұрттарына көзінің тар
сызаттарына үңіле қараушы еді, бір кезде қарттың сығырайған
көздерінен екі бүртік тарыдай от жылт-жылт етіп, қою талдай
сақалының арасынан сұңқылдап, ащы ысқырып, құйқылжыған
бұлбұлдың əсем үні естілгенде, Лиза қайран қалатын. Благовещенье
мейрамында Лиза осында боз шымшық ұшыруға келіп, құстың мамық
жылы денесін уыстап ұстап, аспанға лақтыратын, боз шымшық
садақтың оғындай зымырап, ауада екі — үш рет жалтарып, қонақ үйдің
қорасына қайта келіп қонып, көптен бері ұшып əдеттенбеген
қанаттарын ұзақ уақыт тазартып, қайта-қайта жазып отырғанына
қарайтын-ды. Осынан кейін Лиза талай-талай түс көріп жүрді, түсінде
ол денесіз адамша қолдарын сермеп керемет жеңіл, тез ұшып жүреді
де, қайтып оралып, қонақ үйдің қаңылтыр шатырына келіп қонады.
Жоғарғы базар қатал, дүниеге көзі тоймайтын қомағай бір түрлі
мейірімсіз тентек, осал сияқты көрінеді. Жұрттың арасында үш
картамен оймақпен ойын көрсететін алаяқтар, қулар толып жүреді.
Мас адамдар төбелесіп жатады, ұрыларды ұстап алып өлгенше
сілейтіп ұрып жатады, əр жерде тұрған полицейлер үздіксіз ысқырып
жатады. Төңіректегілердің бəрі қомағайланып, ас жеп, асап
жатқандары. Сатушы əйелдер колбасаның майын алақандарына
жағып, қолдарын жылтыратады, шемішкенің майына құймақ құйып,
құймақтан неше түрлі мұнаралар, таулар жасайды. Сурет көрсететін
өнерпаз жігіттер адамдарды қара шымылдықтың астына отырғызып
қызық суреттер көрсетеді, шымылдықтың асты тымырсық, керосин
шамының исі келеді. Деревнядан келген адамдар ақша салған
дорбаларын қолдарына қысып ұстап, берекесіз топ-топ болып, сауда
орындарын аралайды. Татарлар есі кеткенше бағаға таласады,
кемпірлер қудай атымен ант етеді, соқырлар бишаралығын
жырлайды, жіпке тізіп пиязды үстіне асынып алған мүсəпір шалдар:
«Əй, қатындар, пияз, пияз, пияз!»,— деп жіңішке дауыспен айқай
салады.
Лиза дүкеннің терезесінен базардың у-шу болып сапырылысқан
тобырына сағат бойы қарап отырды.
Бір күні көңілсіз салқын түс мезгілінде Лиза ақ бұйра шаштары
дударланған ұзын бойлы мұжыққа көзі түсті, ол жас баланы көтеріп,
жұрттың арасымен сығылысып, «сурет» ойнап жатқан алаяққа қарай
ұмтылады. Бұл ойынның мəнісі—қағазына сұлу əйелдердің суретін
салған шоколадты жаңағы алаяқ төсенішке ырғытып түсіреді.
Шоколадтың плиткасы бүк түсіп, суреті астына келіп жатады,
солардың əрқайсысын ойын картасы сияқты ашу керек. Егер ойыншы
əйелдің бас жағын ұстаса, шоколадты ұғып алады, егер аяқ жағын
ұстаса, бағасын төлейді. Ойынның тəртібі таза: алаяқ, екі саусағының,
ұшымен қалай ұстағанын көрсетеді. Сұлудың басы қайда. аяғы қайда
екенін жұрт көріп тұрады, сонан кейін ол плитканы ырғытын жібереді.
Ол көз ілеспей шыр айналып төсенішке түседі. Ойнаушы адам көз
жазып қалады да, үнемі ұтылады. Бірақ алаяқпен уəделесіп, бірге
істесін жүрген сықары жұрттың көзінше бірнеше плитка шоколадты
ұтып алып, аңқаулардың көзін қызықтырады.
Бала көтерген мұжық жұрттың арасымен сығылысып бара жатқанда
соған ұқсаған ақсары шашы бар кішкене қыз жүгіріп келіп,
пешпентінің етегінен тартты.
Терезенің ашық тұрған желдеткішінен Лиза қыздың өзектеген
дауысын естіді:
— Əке, əке деймін! Керегі жоқ, керегі жоқ деймін! — дейді қыз.
Мұжық қызына бұрылып:
— Тұра тұр, мен інің екеуіне қазір ұтып алып беремін — дейді. Ол
жұртты итермелеп ілгері ұмтылды.
Көзді ашып-жұмғанша ол кінəлі адамша жылмия күліп кері шықты,
ұрты солын ажары кеткен.
— Ұтылып қалдым. Тұра тұр, тағы байқап көрейін, — деді ол.
Ол алаяққа тағы ұмтыла бергенде басына қауырсын қадаған қалпақ
киген кішкене əйел жүгіріп келіп, қызбен бірге оның етегіне
жармасты.
— Аулақ! Павликтін өзі ашсын. Павлик бақытыңа бола ұста! Павлик,
тарт!—дейді мұжық.
Ол қолындағы баланы жерге түсіріп, еңкейіп оны ілгері итермелей
бастады, жұрт қызық көріп күле бастады.
Осы кезде əйел мен қыз өзара сыбырласып терезеге көлденең
тұрды, Лиза Ольга Ивановна мен Аночканы таныды. Лиза терезені
қағып еді, олар естіледі, өйткені бұл кезде мұжық, қуанышы қойнына
сыймай:
— Ұттым! Павлушаның бақыты бар екен! деп айқайлады.
— Жарайды жақсы, құдайға шүкір, жетер, кетейік! — деді асығып
Ольга Ивановна.
— Сен тұра тұр,— деді мейірімді — жұбаныш үнмен мұжық, — мен
квит қана жасадым бір рет ұтылып; бір рет ұттым. Павлик тағы бір рет
тартсын. Ол ұтады, бақыты бар екен
— Бір рет ұтты ғой, жақсы, жарайды!
— Былшылдама деймін. Павлик тағы бір шоколад ұтып алсын. Егер
ұтса — сенің бəйбішең бізге көмектеседі екен деп ырым етейік.
Мұжық Павликті тағы ілгері итермеледі, жұрт жол берді. Алаяқ
жылмаң қағып, шоколадты ырғытып жіберді: жұрт баланы қоршап
алып, мұжыққа айқайлады:
— Сен итермелеме! Тиме, өзі алсын! Ал бала, ала ғой кəмпитті!—
дейді жұрт.
Павлик плиткаға шап беріп тұп-тура аузына апарды, сол кезде
самсаған қолдар плитканы тартып алып, баланың қай жағынан
ұстағанын қарап көрді, Павлик шырылдап жылады.
— Ұтылдың! — деді мұжық басын Шайқап.— Сірə бəйбішеден
ештеңе өнбес. Ал тағы байқайық!
Ол қалтасынан ақша іздеді. Бірақ Ольга Ивановна жылап тұрған
Павликті Аночкаға беріп, күйеуінің қолына асылды.
— Кетейік, кетейік! — деді ол. Лиза бұларға араласұқысы келіп,
Павликке базарлық əперіп, мүсіркегісі келіп, көшеге жүгіре шықты.
Дəл осы кезде Парабукиннің семьясы бұған қарсы жайымен шұбап
магазинге кіріп келе жатыр еді.
Ольга Ивановна Лизаға қолыи созып, жиі-жиі басын изеді, бос
ризинкамен байлаған баскиімі ербең-ербең етеді:
— Ғапу етіңіз, қарағым Лизавета Меркурьевна, бəріміз шұбап келіп
қалдық! Мынау—менің күйеуім. Ал Аночканы өзіңіз білесіз ғой. Мынау
Павлик деген менің кіші ұлым. Саған не болды? Аночка? Дұрыстап
амандас. Павликті жерге жіберіп, мұрнын сүрт. Біз, білесіз бе, Лизавета
Меркурьевна, батылымыз барып əуелі сіздің үйіңізге кірген едік, онда
бізге — сіздің еріңіз қатты науқастанып, төсекте жатыр, ал сіз оның
орнына дүкенде сауда жасайды деді. Сондықтан біз сізді іздеп осында
келдік, ғапу ете көріңіз, құдай ақына. Күйеуіңізге не болды екен?
Сондай жас адам? Павлик, мұрныңды шұқыма, жылама, анау
прилавканың аржағында тұрған кісіні көресің бе, ол сені алып кетеді!
уақасы жоқ, жазылып кетеді ғой, рас емес пе? Сіз бұрынғыша жап-жас
қыз күйіңізде қалыпсыз. Мүлде күйеуге шықпаған адам сияқтысыз. Рас
па, Тиша, мен саған Лизанета Меркурьевна керемет сұлу деп айтып
едім ғой!
— Жұмысыңды айтсайшы, — деді Парабукин, — босқа уақыт алмай.
Ол босағаға сүйеніп тұрды, ұялғаннан бір қолымен көгерген бетін
басын алған, екінші қолымен Аночканың шынтағынан ұстаған, ал
Аночка Павликтің қолынан ұстап тұр. Осы басқыштың алдына шығып,
магазиннің ортасында тұрған Ольга Ивановна сасқалақтап, тіксініп
қалған Лизаға бетпе-бет қарайды.
— Қалай бастауды да білмеймін,— дейді асыққандықтан тұншығып
Ольга Ивановна, көздері айнала жүгіріп, сығырайып, қайта ашылып,
шарасынан шыққанша бадырайып, Лизаның не ойлап тұрғанын білуге
тырысады.
— Өзіңіз білесіз, біз əкеңіздің түнеу үйінде тұрушы едік. Не себепті,
не үшін, қалайша екені белгісіз, əйтеуір сіздің əкеңіз менің Тишамды,
күйеуімді жаратпай-ақ қойғаны, мінекей күйеуімнің өзі еріп келді.
Жаратпай жүріп-жүріп, ақырында, білесіз бе, бізге пəтерден кетіңдер
деп бұйрық берді. Нанбайсыз ба? Біз де алғашында сене алмадық. Ал
қазір амал жоқ көзіміз жетіп тұр, өйткені Меркурий Авдеевич
полицияға айтамын деп қорқытады жас балаларымыз бар, күн көретін
қаражатымыз жоқ, ал күйеуім Тиша болса, жұмыста оқыс қазаға
ұшырап, əлі ауырып жүр, деп қарап едік тыңдағысы да келмейді.
Күйеуімнің түріне қараңыз, жұмыс істей алатын сиқы бар ма? Енді
сенеріміз сіздің қайырымды жүрегіңіз ғана, қарағым Лизавета
Меркурьевна!
— Тəңір-ау, маған келсеңіз,— деді Лиза мына көрініске ентелей
қараған приказчиктерге амалсыз айнала қарап.— Əрине, мен
қолымнан келсе.
— Алтыным-ау!— деді Ольга Ивановна, жүрегі елжіреп, қолдарын
сілікті. — Сіз қазір соншалықты байсыз! Сізден кішігірім бөлме
табылатын болу керек! Тіпті өте нашар болса да, əйтеуір бұрыш болса
болады. Бізге, құдай ақына, көп орын керек емес! Біз таршылыққа
көптен бері үйренгенбіз. Бір амалын жасаңыз!
— Мен расында да біле алмай тұрмын... күйеуім қалай қарар екен...
апайдың мүмкіншіліктері, яғни үй жағынан, қандай екен,—деді Лиза—
Менің ойымша, мүмкін əкеммен сөйлесіп көрсем қайтеді?
— Ах, о не дегеніңіз, ол не дегеніңіз! Ол мүлде көнбейді.
— Сонда да егер мен қиылып сұрасам қайтер еді.
— Қарағым-ау! Қарағым-ау! Сіз мейірбандықтың барып тұрған өзі
екенсіз, көріп тұрмын! Бірақ ол көнер ме екен? Бізге қатты кейіп
қалды! Айтқан сөзді тыңдағысы да келмейді! Біз бала-шағамен енді
қайда барамыз! Осылар болмаса біз Тиша екеуміз жұртқа жалынып
жүрер ме едік? Бұрын біз де тəп-тəуір тұрмыс көріп едік. Тиша жабайы
қызметкер ғана емес еді... Мүмкін сіз оны қызметке аларсыз?
— Жарайды, жарайды,— деді күжілдеп Парабукин.
Лиза оған қарады, онан кейін қипақтап аянышты көздерден
қынжыла балаларға қарады, Аночка оның көз қарасын қағып алып,
ілгері ұмтылып, əжесі сияқты асығып, аптығып, сөйленді:
— Рас, рас! Бізге тимесін деп айтыңыз. Айта көріңіз. Мен
қорықпаймын, мен көшеде де тұра аламын. Папам да солай. Ал Павлик
əлі кішкентай, ол тоңып қалады.
Лиза ілгері ұмтылып Аночканың иығын құшақтады.
— Ах, Құдайым-ай! — деді жыламсырап Ольга Ивановна, ол да
ұмтылып, Лизаның құшағына кірмек болды, бірақ сол уақытта есік
ашылып, Парабукинді босағаға жаныштай жаздап, Виктор Семенович
Шубников магазинге кіріп келіп, жұрттың бəріне кезек-кезек сынай
қарады.
— Сен немене туысқандарыңмен, құшақтасып тұрсың ба? — деді ол
Лизаға.
Жұрттың бəрі үн-түн жоқ қалшиып тұрып қалды.
— Сені іздеп келіп жүрген кімдер! Магазиннің ішінде бұл қандай
жолығулар?
— Сіз кешіріңіз,— деді Ольга Ивановна батылдығын шақырып,
тəжім етіп, қалпағын түзеп, мейлінше сыпайгершілік жасап, боларболмас бір адым кейін шегінді. — Біз сіздің əйеліңізді іздеп келіп едік,
өйткені қыз кезінен білуші едік. Біз жалынып өтінгеннен кейін, бұл кісі
мейірбандық жасап, пəтер жөніндегі мұқтажымызға жəрдемдесуге уəде
беріп тұр.
— Менсіз орындай алмайтын нəрсеге бекер уəде береді,— деді
Виктор Семенович Ольга Ивановнаға қара басы қас адамша қарап.
— Кешіріңіз, біз де солай ғой деп ойлап,— мені жəне мынау. Аночка
деген қызымды танитын əйеліңіз арқылы сізге өтініш айтпақ едік.
Бірақ сіз науқас болғандықтан...
— Денсаулығым тамаша жақсы, сіздерге де соны тілеймін.— деді
Виктор Семенович сөзін қысқа қайырып.— Ал магазиндерді аралап,
қайыршыланып, тілемсектеніп жүру жарамайды.
— Олардың, өтініші менің əкеме ғана қатынасты,—деді Лиза.
— Олай болса маған неге келген?
Ольга Ивановна тез Лизаға қолын созып:
— Мен сізге жалынамын, бас тартпаңыз! Қайырымды жақсы
тілектен бас тартпаңыз!
— Сіздер абыржымаңыздар, мен уəдемді орындаймын,— деді Лиза
қатуланып, бірақ дауысы дір ете түсті, мұнан Ольга Ивановна сескеніп
қалды.
Кенет Павликке еңкейіп, оны өзіне қарай тартып, ізінше Лизаға
қарай итеріп жіберді де, тізесін бүгіп отыра кетті. Балаша көздерінен
оп-оңай жастары ағып бетін жуды. Павликті ілгері итермелеп, ол
Лизаға қарай тізерлеп, көмескі дауысымен ышқына сөйледі.
— Балаларды, балаларды аяңыз, алтын жүрегім.! Уəдеңізден қайта
көрмеңіз! Жəрдемдесіңіз, қарағым, жəрдемдесіңіз! Айнымаңыз!
Лиза мен Аночка екеуі қабат ұмтылып, көтеріп тұрғызбақ болды,
бірақ ол солқылдап құлай кетті. Желкесіндегі түйген бұрымы
тарқатылып, қалпағы шаштарына ілініп қалды. Еденнің үстіне жайып
салған қолдарына бетін басып, ол солқылдап, терең көкірегінің түбінде
жатқан түсініксіз, қысқа сөздерді еңкілдеп айта бастады.
— Күні бойы босағадан босай алмаған адамша сүйеніп тұрған
Парабукин ақырында, орнынан қозғалды. Ол Ольга Ивановнаны оп-
оңай көтеріп, өзіне қарай бұрып, селкілдеген басын кеудесіне басты.
Аночка еденде жатқан қалпақты алып, шешесінің сыртынан жармасып,
бетін арқасына тіреп, бедірейген қатал көздерімен Виктор
Семеновичке қарады да қалды.
— Ойынды тоқтатыңдар — бұл театр емес,— деп Шубников теріс
бұрылып, прилавканың аржағына кетті.
— Кетеміз, еріктірме,— деді күбірлеп Парабукин.
— Кетпесең сені қуып шығарады,— деді дауыстап Виктор
Семенович, бетіне қан емес ал қызыл бояу келгендей болды.
— Қорла, қорлаңқыра тағы да! — деді Парабукин.
Мені біреу қораға, мен шайтаннан да қорықпаймын. Қорқыта
алмайсың, Аночка Павликті ал. Бəйбіше хандарды аралап,
жалбарынуымыз жетті. Оларсыз да өлмеспіз.
Ол есікті ашып, Ольга Иванованы кеудесіне басқан күйі ақырын
көшеге, халықтың арасына шығарды.
Лиза алақандарымен шекесін ақырын қысты. Қалжыраған
көздерімен Витюшаға қарады. Ол кассаның алдында контор кітабым
қарап тұр екен.
— Бұл адам төзбейтін мейрімсіздік,— деді Лиза бірсыпыра үндемей
тұрғаннан кейін.
— Сенің жүрегін өте жұмсақ екен... басқа адамдарға, — деді ол
кітапты аралап қарап жатып.
— Сенде жүрек мүлде жоқ.
— Керегінде табылады.
— Меніңше ол қай уақытта болса да керек,—деп Лиза кенет басын
көтеріп, естілер-естілмес «қош!» деді де, жат, дөрекі алдымен далаға
шығып кетті.
Ол жаланбас күйі үстіндегі жарқын сұлу киімдері ерекше көрініп,
қан базардың ортасымен жүгіріп ала жөнелді. Жұрттың бəрі қарай
қалды. Саудаласқан адамдардың айқайы, егескен сөздері, шақырған
дауыстары біресе оның жолын бөгеп, біресе оның жүрісіне қамшы
болғандай.
Əкесінің дүкеніне жеткен соң, Лиза ентігін басып дүкенге кірді.
Меркурий Авдеевич күліп амандасты, бірақ сол сəтте басынан
аяғына дейін сескене қарады.
— Келдің бе? Əкеңді көрейін деп келдің бе, көршім? — деді ол
жайлап, бірақ ызғарлы түрде.— Тамаша. Күн суықта киінбей жүруін
қалай?
— Келдім,— деп Лиза столға курс етіп отыра кетті.— Келген жеріме
қайтып бармаймын.
Меркурий Авдеевич прилавка арқылы еңкейген күйі қатты да
қалды. Сол кезде төңіректегінің бəрі де — приказчиктер де, қол
балалар да жəне сорт-сортымен əржерге, өрелерге жайып қойған сырбояулар да бірте-бірте қата бастағандай болды.
34
Əйел патша Марияның қарамағындағы тəрбие орындарына
көмектесетін қоғам Дворяндар үйінде бал, лотереясы бар əдеби кеш
ұйымдастыратын болды. Басқарушы əйелдер қаланы аралап, дəулетті
үйлерден лотерея үшін жылуға нəрсе жинап, көрнекті адамдарды
кешке қатысуға шақырып жүрді. Сот палатасы прокурорының серігінің
əйелі Шубниковтардың үйіне баруға тиіс болды. Ол Ознобишинді ертіп
барды, бұларды Дарья Антоновна қабылдады. Күзде киетін қалпағына
түйе құстың қауырсынын қадаған кербез əйел сыпайы жайдары
сөйледі. Ознобишин сыпайыгершілік жасап оның сөзін қостады.
Лотерея ұйымдастыруға қажетті жəрдем сұрау үшін жас
Шубниковамен («Елизавета Меркурьевнамен» деп сөз қосты
Ознобишин) сөйлескісі де келетінін білдірді. Бірақ үйдегілер ол кісі
науқастанып жатқандықтан қонақ үйге келе алмады дегенді айтты.
Ознобишин Елизавета Меркурьевнаның денсаулығы (ол əлі күнгі
оның ат есімін осылай толық атайтын) соншалықты нашар адам деп
аяныш білдірді. Қоғам ол кісінің кеште лотереяның қасында болғанын
тілейтіндігін айтты. Дарья Антоновна қонақтардың бұл тілегін ерлізайыпты жастарға айтамын деп уəде бергеннен кейін, қонақтар риза
болып, жүріп кетті.
Көрнекті əйелдің ойламаған жерде үйлеріне келуі апай мен жиенінің
арасында жаңадан кеңес құрылып, Лизаның қашып кеткен ұят ісі
жұртқа тарап кетпей тұрғанда не жасау керек деген мəселе сөзі болды.
Апай Меркурий Авдеевичке барып, əкесінің қызына ақыл айтуын
талап ететін болды, сонан кейін Витенька Лизаға барып, татуласып,
үйіне ертіп əкелетін болды. Əрине, бұл тəкаппарлыққа нұқсан
келтіреді, бірақ бұл уақиғаны көздерімен көрген приказчиктерден
басқалар да естісе тəкаппарлыққа оңай болып тимейді. Ұлғаймай
тұрғанда жанжалды басу керек: тойдан кейін екі ай толмай жатып,
Шубниковтың əйелі қашып кетіпті деп қаладағы жұрт шуласа, оңай
болар ма!
Лизаның қыз кезінде тұрған бөлмесіне қайта келгеніне бүгін төрт
күн. Бір түрлі ғажап сезім көкейінен кетпейді: бұлғыр түстерінде
немесе бейқам, ойсыз еріншектік ұстаған да өзіне қызықтырып
тартатын белгісіз болашаққа бастайын бəз-баяғы өмірі қайта қалпына
келер дегенге сенгісі келмейді. Мынау өреде тұрған кітаптардың
алтын жазулы түптерін бір кезде тегістеп жүретін кішкене қызбен өзін
біріктіру мүмкін емес. Нəрселердің ешқайсысы өзгермеген:
торғайының құйрығы сынған фарфор сыя сауыт, ашулы тұрған
терезенің желдеткішін тартып жабатын жіп баяғы күйінде, бірақ сезім
өзгерген бұрынғы Лиза мен қазіргі Лизаның арасына да пайда болған
жат адам үлкен Лизаның кішкене Лизаға қолын созғызбай тұрғандай
көрінеді. Тек əжесінің əрбір сөзі, абайсызда тиіп кеткен қолдары
Лизаның ешқандай ажыратуға бой бермейтін біртұтас өмірі өсіп,
қайғымен толғысып, бақыт аңсап ілгері басып келе жатқандығын
растағандай болады.
Валерия Ивановна қызын құдіретті жағдайға амалсыз көнгендіктен
күйеуге беретін аналардың тағдырына ортақ болды, өйткені күйеуге
шығу лажсыздықтың бір түрі, ал қайыршылық күткен некеден де,
молшылық күткен неке артық. Күйеуге бермеуге болмайтын
болғандықтан ғана қызын біреуге беріп, оны бақытсыз еткеннен кейін,
енді қызының қайғысына өзі ортақ болды, оның күйеуін
жаратпайтындығын əбден қостады. Егер анасы ашып бермегенде,
қызының өзі біле алмайтын тіршілікке қызының өшпендігін
ауруханада ауру баққан күтушілерше бағып, баулып, күшейтумен ол
қызының алдындағы кінəсін азайтуға тырысқандай болады. Өзінің
тағдырға мойын ұсынушылығымен басына орнатқан пəлеге қызымен
екеуі бір жүректен қаһар төгіп, қызымен екеуі оны бір көз жасымен
жуды.
Лиза əжесінің ешбір қарсылықсыз өзін тағдырдың тепкісіне тастап
жібергенін кəріп, ішінен қатты қайран қалды. Ол бұған көндігу былай
тұрсын қайта анасын бұрынғыша, тіпті бұрынғысынан анағұрлым
жақсы көріп кетті, өйткені ол күйеуінен қашқанда өзін ғана емес,
анасын да ауыртпалықтан азат еткендігін түсінді. Өйткені Валерия
Ивановна қашып келгеніне бір секунд шошынғанымен, іссіз жоғалып
кеткен баласы табылғандай дереу қатты қуанып, мерейі тасыды.
Олар бұрынғы ұзақ өміріндегі əдеттері бойынша кеш бойы, ұзақ
уақыт ұйықтамай жатып, таңертең, күндіз сөйлесе береді, сөйлесе
береді, кейде құшақтасып отырып ақырын жылайды, кейде (олар
əйелдерге тəн есепқой төзімділікпен өздерінің екі айдай ажырасып,
алыста жүргендегі бастарынан кешкендерін ұсақ-түйегіне дейін
қалдырмай зерттеп көреді, олар екеуін бір кісіден жақын еткен нəзік
сезім араларына қайтып орнамас деп ойлаушы еді.
Əрі айтып, бері айтып келгенде, олар Виктор Семеновичпен бірге
тұру мүмкін емес, егер уақиға осылай болып қалған болса, енді
Лизаның қайта баруы түзелмес қате болар еді дегенге келіп тіреле
береді. Егер Лизаның күйеуінен қашып кетуі ешқандай бөгетке
ұшырамаса, қызы мен шешесі істі дереу бірыңғай шешіп, сағат бойы
əңгімелесу, бір төсекте қатар отыру, құшақтасып көз жасын төгу
ерекше қажет болмас еді. Бірақ заң күйеуге жақ сондықтан Виктор
Семеновичтің өз правосымен пайдаланатын-пайдаланбайтыны
белгісіз: оның үстіне қызы жөнінде Меркурий Авдеевичтің қандай
ұйғарындыға келетіні де белгісіз: ол қызы күйеуінің үйін мақұл
көрмегеннен кейін, оны өз үйіне де қабылдамай қоюы мүмкін. Бірақ ең
басты белгісіздік басқада, шешесі мен қызы ол туралы əңгімелескен
жоқ, бірақ соңғы күндердің ішінде ол туралы үздіксіз ойлап, əйелдеріне
əбігерленіп, айтпаса да бірін-бірі көзінен танып, тек құйқылжыған
көңілдерінің құбылысына қарап, біріне-бірі сұрақ қойып, біріне-бірі
жауап қайтарып түсінісіп келді. Лизаның күткені толық сенімге
айналған кезде олар күні бұрын шешіліп қойған қашу мəселесінің ауыр
бөгетке душар болғандығын көрді: Лиза өзінің қыз кезінде жатып
келген бөлмесіне төрт күн қонақ болғаннан кейін əжесіне: өзінің де ана
болуға тиісті екендігін айтты.
Сол күні тан қыстыгүнгідей көңілсіз, сұрғылт еді. Терезедегі гүлдер
мен жапырағы жайылған филодендр гүл сияқты көрінеді. От жаққан
пештерден саздың исі келеді. Мысық тұмсығын артқы аяқтарының
арасына тығып, диванның үстінде домаланып жатыр.
Лиза түбіт бөкебайын жамылып, таза ауамен дем алу үшін
галереяға шықты. Тойдан кейін тұңғыш рет ол шытырман терезе
арқылы қарап тұрды. Таулар өте аяулы көрінді, олардың төбесіне күл
төккендей. Қоралар бір-біріне ұйлығып, көмескі, қалтыраған, бұлғыр
жарық та кішірейіп кеткендей көрінеді. Мектептің ағарған сылауын
күнгірт қараңғылық басып, қомақсызданып, тіпті бір кезде зəулім
көрінетін теректер сұйылып, кішірейіп кеткендей көрінеді.
Тым-тырыс, бəрі де біртүрлі алыстағандай, Лизада да үн жоқ, Ол
терезеге қарамай, раманың жақтауына қолының ұшын тигізіп тұрды.
Георгий кресінің лентасы сияқты қызғылт-сары — қара аралас бөгелек
суықтан ұйқыға кетіп, терезенің алдында аяқтарын жоғары беріп,
шалқасынан жатыр. Терезенің топсасы мен жақтауының арасында
қарындашпен сызған сызық сияқты өрмекшінің торы асулы тұр.
Терезенің қашан ашылғаны ұмытылған.
Күз біткен, Лиза күтпеген жерде селк етті: галереяда жүрген əкесін
көрді. Ол аяғының ұшынан сəл секіріп, тұп-тура қызына қарай келеді.
Қызы үйіне қайтып келген йен бері Меркурий Авдеевич томағатұйық жүрді. Алғашында Лиза күйеуімді тастап кеттім дегендегі
мелшиіп қалған күйі əлі күнге дейін жүрген тəрізді. Ол қызымен де,
Валерия Ивановнамен де сөйлескен жоқ. Осының өзі болашақта аса
қатерлі, өте-мөте ұзақ ескертулер болатындығын сездіреді. Ол
болашаққа əзірленді, дүниеден безген феофанның ережелерін оқыды,
бұл ережелерді сақтап, рухани өсиеттің шын қымбатты қазынасы деп
санайтын. Ол əуелі кіріспеден бастап, онан кейін баяндап, соңында
қортынды жасап, бірсыпыра əңгімелер айтпақ болды, оны алдымен өз
қиялында əзірлеп алды, тек əбден əзір екендігін, рухани күштерін
толық меңгергенін сезгенде ғана, ол əңгімені біржолата үзілді-кесілді
тоқтату үшін іске кірісуге ұйғарды.
Меркурий
Авдеевичтің
кіріспесі
ойдың
жеңілтектігіне,
мағынасыздығына жəне жалпы алғанда, ойдың ұйқылы-ояу
қиялшылдығымен адасуларына қарсы бағытталуға тиіс болды.
Баяндау адамның жанында, денесінде керексіну пайда болатыны,
алғашында көбінесе кездейсоқ қанағат алғаннан кейін керексінуден
кейін тілек туатындығын, бұл тілектің өзі үнемі белгілі нəрсені
көздейтіндігін, бірте-бірте мұндай нəрселер көбейе беретінін,
сондықтан адам толып жатқан тілектерінің ауыртпалығы жеңіп
керексіну сезімдерін елемей кететінін айтып түсіндіруге тиіс. Осы
жанның тілектерімен не жасау керек? — деп сұрамақшы Меркурий
Авдеевич. Тілеген нəрселерінің ішінен қажеттісін қалап алу Лизаның өз
міндегі. Қалағаннан кейін — оны жасау керек пе немесе пайдалану,
жұмсау керек пе,— осыған ұйғарынды шығару керек. Ұйғарынды
шығарғаннан кейін шара көріліп, оны орындаудың тəсілдері
тағайындалмақ. Осынан кейін барып, ақыр аяғында, дер кезінде жəне
лайықты орнымен іс орындалмақ. Əңгімесінің қорытындысында
Меркурий Авдеевич жалпы жан сақтау қағидаларынан Лизаның қазіргі
болмысының мазмұндарына кешуге ойланды. Солай еткенде Лизаның
өзі қалап алғандығы көрінер еді, өйткені тілегіндегі мəселелердің
ішінен ол Виктор Семенович Шубниковты артық көріп қабылдады.
Қалап алғанын пайдалану ұйғарындысы — Лизаның өз өмірін Виктор
Семеновичтің өмірімен ұштастырмақ болғандығында. Ұйғарындыға
лайық орындау тəсілдері де табылды, той жасалды. Міне, осыдан кейін
барып, ақыр соңында, дер кезінде жəне лайықты орнымен істің өзі де
пайда болды.
Дұрыс тəртібімен келген осы əрекеттің қорытындысында соңғы
уақиғаның болуы қалай? Оның себебі рухтың күйреуі. Осы арада
Меркурий Авдеевич жойылған теңдестікті қалпына келтіруші ретінде
қызмет етіп, қызын ізгі жолға бағыттауға тиіс.
Меркурий Авдеевич осылайша мықтап қаруланғаннан кейін
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алғашқы қуаныш - 22
  • Parts
  • Алғашқы қуаныш - 01
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2221
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2187
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2105
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 04
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2139
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 05
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2170
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 06
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2209
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 07
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2153
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 08
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2136
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 09
    Total number of words is 3869
    Total number of unique words is 2136
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 10
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2253
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 11
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2161
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 12
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2249
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 13
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2112
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 14
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2190
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2140
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 16
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2142
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 17
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2318
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 18
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2145
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 19
    Total number of words is 3941
    Total number of unique words is 2208
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 20
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2290
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 21
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2172
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 22
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2182
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 23
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 24
    Total number of words is 3246
    Total number of unique words is 1802
    39.4 of words are in the 2000 most common words
    54.5 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.