Latin Common Turkic

Алғашқы қуаныш - 04

Total number of words is 3974
Total number of unique words is 2139
36.1 of words are in the 2000 most common words
50.6 of words are in the 5000 most common words
58.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қоштасарда дегбірі қашқан адамдай қолайсызданып, балаша:
— Сіз мана есік алдында менімен шын төбелескіңіз келді ме? —деді.
— Егер қоймасаңыз, əрине, төбелесер едім.
— Жассың ғой, ақылың жоқ! Мен пристаньда он екі пұттық тең
көтеремін. Бір өзім бір рояльды арқалап жүремін.
— Болса ше,— деді Кирилл иығын қағып,— өз үйіңнің стенасы да
сүйеу деген сөз бар ғой. Амалдап жеңер едім деймін. .
Күліп, қораның ішінде олардың тізбектеліп кетіп бара жатқанына
қарап тұрды алдында шырылдаған жас баланы өңгерген кішкене қыз,
онан кейін борпас денелі соқталдай Самсон, ең соңында— безектеген
кішкене əйел, ол байғұс тоқтамастан сөйлей берді, сөйлей берді,
сөйлей берді.
— Ғажап семья екен, — деді Вера Никандровна.
— Ия, рас, ғажап семья, — деді Кирилл, — Ал мен қыдырып келемін.
— Бар, қыдыра ғой.
Екеуінің жаңа ғана Парабукиндердің артынан қарап тұрғаны
сияқты, енді жалғыз өзі баласының артынан қарап қалды, бала қораны
көктей өтіп, сыртқы есіктің алдында шынтақтарын көріп біраз тұрды
да, көшеге шығып жоқ болды.
Бұл қалай, шынымен-ақ шешесінен сырын жасырғаны ма?
9
Қалада үлкен бақша бар, онда екі жерге гүл еккен, бір жағында
ағылшын бауы деген алаң бар, əшекейлі үйшікте жұрт күмістей
жарқыраған кішкене темір қасықпен мұзқаймақ жейді, тағы бір
кішкене үйде жұрт жиналып қымыз, айран ішеді. Екі жағына сирень
мен жөке ағаш, шегіршін мен терек еккен аллеялар ағаштан салған,
ұлудың қабығы сияқты сахнаға барады. Жексенбі сайын онда полк
оркестрі ойнайды. Бүкіл қала, барлық жұрт, үлкен-кішісіне қарамай,
осында жиналады. Бірақ тең-теңімен жастар бірыңғай, əр тап өз
алдына белгілі мерзімінде келіп, басқа жұрттан аулақ əрқайсысы өз
алдына болады. Бұл бақша Липка деп аталады, қаладағы ұлылы-кішілі
əрбір азаматтың өмір тарихынан ол осы атымен орын алды. Күн
нұрына бөленген, жаңада еккен гүлдердің қасы зор думан: «Жана түс
жарқыра, жанарыңды сарқыма» дейді біреулер айғай салып, ал
біреулер: «Бəйбіше сəлемдеме жібертті, ішінде жүз сом ақшасы бар,
қалағаныңызды алыңыз. Ақ пен қараны ала көрмеңіз, я «мақұл», я
«жоқ» деп дау сала көрмеңіз. Қане не аласыз?» дейді безек қағып. Күн
байыған кезде ағылшын бауына зонтик ұстаған бикештер келіп,
жақсы иісті темекі тартып, құмар тарқатып үн-түн жоқ отырады,
шөшіншеден китель киген байсалды еркектер Амфитсатровтың
романдарын оқиды. Өкпесі нашар кісілер таң ата қымыз сататын
жерге жиналады, ағаштың қалың, жапырағы арқылы теңбіл-теңбіл
болып столға түскен күн сəулесі орталанған стакандардың қасында
сулап жатқан нəзік солғын қолдарды жарық қып көрсетеді. Мейрам
күндері əскери музыканы тыңдауға приказчиктер мен түрлі шеберлер
жиналады, олар ұлудың қабығы сияқты қауашақтың алдына топ-топ
болып жиналып, «Теміржол поезі» деген маршты ойнаған кезде, ду
қолшапалақтап, «бис» деп у-шу болады. Аллеялардың бойымен парпар болып, иін тіресіп ілгерілі-кейінді асықпай өтіп жатқан жұрт, олар
табандарымен жолды тегістеп, павильондарда сусын бутылкаларын
ашып жатқан адамдарға, газ фонарларының астында қаптап ұшып
жүрген шыбын- шіркейлерге, жерден көтерілген сұрғылт тозаңның
теңселгеніне көздерін салады.
Жоқ, Лиза мен Кирилл бұл арада кездескен жоқ. Қалада тағы бір
бақша болатын, ол Еділдің жағасына жақын бір переулоктегі төрт
бұрышты кішкене бау еді. Мұнда да шарбақтық өн бойына ескен,
бұтақтарын тегістеп қырыққан қалың акация ағаштары, жалаңаш
бұлшық ет тəрізді өрімтал сиреньдер, шегіршін ағаштары өседі, көп
жылғы жеке ағаштары да бар. Бірақ бұл арада мұзқаймақ сатпайды,
павильон да жоқ, оркестр ойнамайды, ешкім қымыз ішпейді. Мұнда
тек күзетшінің үйшігі ғана бар, оның қасында пианино сияқты
сыпырынды салатын жəшігі тұрады, күзетші сол жəшікке əдетте
сыпырғышымен бір пар ескегін сүйеп қоятын-ды, баудың, ол шеті мен
бұл шетін көктей өткен жалғыз аллеяда бірнеше жасыл отырғыш бар.
Бақшаны бүкіл қала. Ит Липкасы деп атап кеткен, оның көлеңкесіне
жол-жөнекей аз отырып дем алу үшін фуражкасымен немесе
орамалымен бетін желпіп қасқа басының терін сүрту үшін күнделікті
қарекетіне асыққан кездейсоқ адамдар ғана аз кідіріп өтеді.
Үлкен нағыз Липка жастардың талай тарихына араласқан сияқты,
Ит Липкасы да Лиза мен Кириллдің тарихынан ұмытылмастай орын
алды, жастық дəуірдің босағасын, ақ көңілге түскен аса қымбатты
əсердің ырымы сияқты болды. Лизаға да, Кириллге де он алты жас əлі
толмаған кезде, тұңғыш рет ол Лизаға тап осы арада хат берген еді,
хатын ол училищенің көгершін ұялаған шардағына шығып, сансапалақ ұшып жүрген ұқыпты көгершіндердің ортасында, əйнексіз
ашық терезеден түскен күннің жарығында отырып жазған еді.
Жасырын сырдың бəрі осы хаттан қалтырап көрінетін-ақ тəрізді. Бірақ
əдебиеттен сабақ беретін мұғалім ол хатты оқи қалса, тағы бір сырды
ашқан болар еді: қағаз, қалам мен қара сиясын алып үйдің шардағына
шығардың алдында ол «заманымыздың кейіпкерін» оқып бітірген еді,
сондықтан оның, Лизаға жазған хатының қайғылы мазмұны Вераның,
Печоринге қоштасарда жазған хатынан кем болмады, ал мағынасы
жағынан үміті зор екендігін əбден ақтаруға болатын. Кирилл дəл
қоштасарда атын өз уысынан бұқпантайлап қыздың уысына сала
қойды. Лиза шошып кетті де:
— Бұ несі? — деді.
— Хат қой.
— Кімге?
— Сізге.
— Неге?
— Үйде оқырсың, — деді ол хатты алмай қоя ма деп қорыққанынан
тілі күрмеліп.
Бірақ қыз əлденеге қызарды, хатты көкірегіне, белдемшесінің
астына тыға салды да, жүгіре жөнелді, Кирилл суға сүңгіп əрең шыққан
адамдай ентігіп тұрып қалды.
Осынан кейін бұлар ұзақ уақыт кездеспей жүрді, артынан бір
жолыққанда Лиза хатты қайтарып беріп, ашуланды:
— Қалай сіз батылыңыз барып... қалайша батылыңыз барып маған
«сен» деп жаздыңыз! Бəрін де қайтадан «сіз» деп көшіріңіз!—деді.
Қазір, екі жыл өткеннен кейін, Кирилл кəдімгідей есейген сияқты,
алғашқы хат бергені есіне түссе, енді өзі де күледі, бірақ ол кезде
Лизаның ашуы бұрын-соңды болмаған жауапкершілік сезімін
туғызған-ды. Сондықтан ол ғашықтығын айтып жазған хатын
сыпайылап «сіз деп қайта көшіріп берді.
Екеуі кездесе бастаған жылдың жазында бұлар Ит Липкасынан
ерекше аллея тапты, ол, — ұйлығып көптеп өсіп келе .жатқан сирендер
мен қаз-қатар акациялардың ортасындағы жалғыз аяқ тар жол еді,
оған күзетшінің де көзі түспейтін. Осы жерде Кирилл Лизаның тұңғыш
рет қолын ұстады, Лиза қолын тартпады, осылай бір-біріне жасқана
жақындасып қуанғаннан жүректері лүпілдеп аллеяның өн бойымен
жүре бастады. Осы арада, жаздың аяқ кезінде, Лиза жаздың бас кезінде
ашуына тиген қағаздағы «сен» деген бір ауыз сөзді тұңғыш рет өзі де
аузына алған-ды. Осы арада, келесі жылдың жазында, Кирилл ақ
сиреннің гүл шашағын жұлып алып, Лизаның көкірегіндегі гимназия
бантының қасына ептеп тигізді де: қызыл-қоңыр киімге ақ түсті гүл
өте жарасады, — деді Лиза сиреньді аламын деп, Кириллдің
саусақтарын өзінің нəзік кеудесіне басты, екеуі де бір секунд есеңгіреп
тұрып қалды. Сонан кейін Лиза күзетші көрмесін деп, гүлшашақты
белдемшесінің астына тығып қойды.
Аллеяның арғы шетінде, күзетшінің үйшігінің аржағында, екеуінің
үйреншікті отырғышы болушы еді. Бұлар сол арада отырып, əртүрлі
ете талас мəселелер жөнінде пікір айтысатын. Мəселен, ождан
дегеніміз абсолютті түсінік пе, немесе ол əртүрлі болама, мысалы үшін
айтсақ, қайыршылардың ожданы, гимназистер мен техниктердің
ожданы, əйелдер мен еркектердің ожданы дегендер бола ма екен,
деген мəселелер жөнінде сөз қылатын.
— Осы ождан дегеніміз ойдан шығарған нəрсе емес пе екен, — деп
қояды бір кезде Кирилл күдіктеніп. Лиза сыбырлап оған қарсы:
— Сен естен танған шығарсын! Адам ұялғанда қызармай ма, демек
ождан деген сол болу керек.
— Жоқ мен философия тұрғысынан қарап айтамын.
— Мен де философия тұрғысынан айтып отырмын. Қан бетке
шығатын болса, немесе өкініштен ұйқың қашатын болса, демек бір
нəрсе бар болғаны емес пе? Сол «бір нəрсе» дегеніміз ождан болу
керек.
— Ал егер өкіну дегеніміз — функция болатын болса... деді Кирилл
қалың ойға шомып, сонан кейін əңгіме тұрманға кіріп ,жоқ болған
желкен сияқты дерексіз бірдемеге айналады.
Көбінесе, екеуі бірге болса не болар еді деп əңгіме етеді. Екеуміз бір
болған кезде деген сөз жыл сайын айтылып əдет болып кеткен сөздері
еді. Бұл сөзге əрқайсы өзінше мəн бергенімен, екеуі де, бірін-бірі өте
жақсы түсінемін деп ойлайтын. Екеуі де осы кездесулерін үй ішінен
жасырады: Кирилл шешем өз басының əрекеті Жайында есеп
сұрамайды деп ойлайтын да, Лиза əкесінен қорқатын.
Үшінші жазда, дұрысын айтқанда, үшінші көктем туғанда, бұлар аса
маңызды мəселені талқылады, сырымызды ашық айтатын уақыт жетті
ме, жоқ па, — деген мəселені ақылдасты. Лиза гимназияны бітіріп
келеді, Кириллдің оқу бітіруіне бір-ақ жыл қалды, екеуі қазірдің өзіндеақ өздерін əлгі кішкене бөлмелерде тұратын студенттей көре бастады,
əлде Москваның бір жерінде екеуі бір бөлмеде тұратын бола ма? Əуелі
Лиза сырын шешесіне айтатын болды. Мұнда қорқатын түк жоқ
біріншіден, Валерия Ивановнаның өзі де сезіп жүр, екіншіден, ол өте
қайырымды ана, демек, үшіншіден, ол Меркурий Авдеевичті
жаңалыққа күн бұрын даярлап қояды. Кирилл Вера Никандровнаға
бəрін бастан-аяқ қиналмай-ақ айтып береді.
— Мен тек ескертіп қана етемін ғой, — деді ол əлденеге шікірейіп.
— Саған бəрі оңай — деді Лиза, — сен сырды да қиналмай сақтадың.
Мен үнемі қиналумен болдым. Сыр сақтау өтірік айтқанмен бірдей ғой.
— Айырмасы асқар таудай! — деді батылсынып Кирилл, — сыр
сақтасақ үндемейсің, өтірік айтсаң — сөйлейсің.
— Меніңше бəрібір: шындық туралы үндемедің не, өтірік айттың
не... Сен маған шыныңды айтар ма едің?
— Ал... егер аса маңызды мақсат үшін болса... мүмкін айтпас та едім.
— Өтірік айтар ма ең?
— Неге сұрадың?
— Жоқ, айтшы.
— Өтірік деймісің, мен сені алдап көріп пе едім?
— Ешуақытта да! — деді Лиза əлденеге бəйек болып, сөйтті де
қазымырлап: мұнан былай ше? — деді.
— Неге сұрадың? — деді ол тағы да өкпелеп.
— Жай əншейін, — деді қыз селсоқ аз кідірді де, Петр Петровичті
танисың ба? — деді.
Кирилл аяғын шалыс басып қалды, қызға жалт қарады, бірақ, жүзі
төзбеді, аяғын бұрынғыдан ептеп басып келеді.
Бұл тəуелсіздік күні деп өздері ат қойған күні болған əңгіме еді.
Кирилл таңертең шіркеуден үйіне «айтып келе жатқан Лизаны көрді
де, іркілмей арсалаңдап алдынан шықты, сондықтан бұлар ойламаған
жерде үш түрлі қаулыға келді: тəуелсіздік күнін жариялау: сол күні
Мешковтардың үйінің алдынан бой көрсетіп өту; ертеңіне тəуелсіздік
күнінің құрметіне екеуі карусельге бармақ болды. Өзінің туған үйі
тұрған көшенің тротуарындағы əрбір кірпіш, бағындағы əрбір бұтағы
əбден таныс жерлермен аяқтарын бірдей басып, əдейі асықпай-саспай
келе жатқанда Лизаның жүрегі дүрсіл қақты. Қыз тағдырын теріс
шешетін əкесінің қатал дауысы қазір естілетіндей тіксініп, əрдайым
күтіп келе жатты .жəне анасының жас толған қайырымды мұңды
көздері терезеден телміріп «арап тұрғанына ешбір күмəні жоқ сияқты.
Сондықтан қыз əрі қорықты əрі ұялды. Бірақ бұлар үйдің қасынан етіп
кетсе де ешнəрсе бола қойған жоқ. Екеуі маң-маң басып кетіп барады,
Кирилл Лизаға Аночканың уақиғасын, Цветухинмен танысқанын
айтты, сонан кейін екеуі үйіндегілерге сырларын қалай
айтатындығын ақылдасты, ақиқат пен өтірік туралы сөз көтерісті, бір
кезде Кирилл аяғын шалыс басып қалды.
— Петр Петрович деген кім? — деді ол қыздың сұрағына көрмекке
сабырлы пішінмен.
— Рагозин, — деді Лиза.
— Я, танимын — деп ол немқұрайды жауап қайырды. — Бір ол емес,
кварталдағы көршілердің бəрін де танимын. Амандасып жүреміз.
— Оның үйінде болғаның бар ма?
— Онан не бітірем?
— Міне өтірік айтасың! —деді Лиза əрі таңырқап, əрі насаттанып.
— Жоқ,— деді ол қатуланып, аяғын бұрынғысынан да бəсең басып.
— Түріңнен көріп тұрмын. Бозарып кеттің! Немене жасырдың?
Оның үйіне барғаныңды білемін.
— Сөз болғаныңа, — деді Кирилл кесірленіп. — Мұны қайдан
шығардың?
— Сен бір топ балалармен біздің қораға келгенің, есінде ме?
Пасханың ертеңіне осында маймылын ертіп, қасында органшысы бар
бір болғар келген-ді, соның соңына көп жұрт еріп жүргені қайда, есінде
ме?
— Ал жарайды, бардым. Маймылды көрдім де кетіп қалдым. Ол-ол
ма, егер бəрін айтсам, мен көбінесе сенің терезеде көз салуға барған
едім, маймыл үшін емес, сені көрем бе деп бардым. Маймылдың керегі
не?
— Міне өтірік. Өтірігіне береке берсін. Мен де терезеден ойынға
қарап тұрғанмын. Маймылдың не жасағанын басынан аяғына дейін
түгел айтып бере аламын. Ең əуелі ол зонтик алып қыдырып жүрген
бəйбіше болды, одан кейін суға бара жатқан қатын болды, онан кейін
мас мұжықтың дуал түбінде қылжиып қалай құлап жатқанын
көрсетті...
— Сен үнемі маймылға қараумен болған тəріздісің. Менен көз жазып
қалғаның сол екен ғой, — деді Кирилл күліп.
— Мен сені ап-анық көріп тұрдым, сен жұрттың сырт жағында
шетте болдың ғой. Басынды көтеріп терезеге бірде-бір қарамадың.
Бірде-бір! Əйтпегенде мені көруге əбден болар еді. Үйдегілер
бірдемеге шақырып кетіп бір минуттан кейін қайта келсем, сен жоқ
екенсің.
— Қиқаңдағандарына қараудан зерігіп кетіп қалып едім.
— Қайда?
— Көшеге шығып, үйіме қарай кеттім.
— Мен де іле-шала көшеге жүгіре шығып жан-жаққа қарағанымда
сені көре алмадым ғой, сен неде болса қораның ішінде жоқ болдың. Қай
жерде болдық? Рагозиндікінен басқа баратын жерін, жоқ.
— Лиза, Рагозиніңе жол болсын? — деп Кирилл жылы ұшырап
күлді, оның мейрімді күлкісі қыздың ашуын басқандай болды, көңілі
орнына түскенмен Лиза əлі де болса өкпесі бардай күрсініп:
— Не дегенмен шын сырыңды менен жасырады екенсің осыған
көзім жетті, — деді:
— Мен айттым ғой, айтуға болмайтын ақиқат болады деп.
— Бұл қалай, — деді жұлып алғандай Лиза, — екі түрлі ақиқат бола
ма? Айтуға болатын жəне айтуға болмайтын ақиқат деген де бола ма
екен?
Ол жігітке жалт қарады, бірақ дəл осы кезде Ит Липкасына кіріп
бара жатқандықтан, оның көзіне кітаптың аударылған бетіндей көше
көрінді, кешеде басқа жан жоқ, тек жапа-жалғыз бір адам келеді, сол
жалғыз кісіні дереу тани кетті.
— Əкем! — деді сыбырлап, манадан
жатқандарының бəрі есінен шығып кетті.
бері
айтып
келе
Қыз бақшаға кірді, өз денесіне ие бола алмай, үстіндегі формалы
киімімен сорайып секиді де қалды. Бірақ дереу аллеяның айналасына
шырмалып өскен сиреньдердің тасасына қарай ұмтылды.
— Ақырын! — деді Кирилл қатуланып, іле жүгірмес үшін өзін-өзі
əрең басып. — Ақырын, Лиза! Бүгін — Тəуелсіздік күні екенін ұмытпа.
Биылғы көктемнен бастап ол бешпетін иығына жамылып жүретін
əдет тауып алды, өйткені майда-шүйде гимназист, реалист,
коммерсанттардан гөрі азамат болған ересек техниктерге осылай
жүрген жарасты көрінетін. Ол иығынан түсіп бара жатқан бешпетін бір
көтеріп қойды да, үрейленген Лизаның жапырақтарды сыбдырлатып
жүрген жеріне қарай маң-маң басып барып сүңгіп кетті.
Меркурий Авдеевич бақшаға келген кезде, аллеяда адам жоқ еді. Ол
дереу кері бұрылды. Ебедейсізденіп көшені аршындай басып келеді,
қажеттілік мəжбүр етсе қай секундта болса да мызғымастай боп
тағандап тұра қалайын деген кісіше жерге өкшелері мен қолындағы
таяғын нығыздап нұқа басады.
Үйіне барған соң əйелі Валерия Ивановнаға айтатын сөздерін
ашулы қиялымен əлсін-əлсін айтып келеді. Ол былай демекші.
— Бетімен жіберіп не бағып жүрсін! Егер сенің қызың үлкен
бақшада Липкада жігітпен қаңғырып жүрсе бір сəрі болар еді,
əдепсіздік демесек, ұят демес едік! Липка бұзылған женіл мінезді
адамдардың орны екенін кім білмейді? Дегенмен Липка əйтеуір
көпшілік орны. Онда зинахорлар ғана емес, оңды кісілер де кездеседі.
Онда кез келген соғылғандар ғана емес, денсаулығын түзету үшін құрт
ауруы бар адамдар да барады. Ал Ит Липкасы дегеніңіз не? Ұяты бар
кісінің алдында ауызға да алуға болмайды. Ит Липкасы дегеніңіз —
бұта ғой. Бұта, басқа түк те емес. Сол бұтаның арасында сенің жүзі қара
Елизаветаң баламен жасырынып жүр. Оның бетін қайырмай бейбастақ
қылып өсірген сен. Қызында ар да, ұят та жоқ.
Меркурий Авдеевич: қызында ар да, ұят та жоқ! Жоқ, — демекші.
10
Күмістей жарқыраған үлкен ақ шоғыр бұлт аспаннан жерге құлап, ал
оған қарсы жерден аспанға қарай жел ысқырады. Бұл əткеншек, біресе
аспанға шығады, біресе төмен түседі — ух! ух!—деп қыздар шыңғыра
дауыстайды, бір жағынан гармондар сарнайды, жігіттер өлең айтады.
Бір жоғары қалқимын бірде төмен,
Мотаняның7 үйлері ернеулі екен...
Карусельдер барабанның дабылынан қашқандай есінен танғанша
шыр
айналады,
шарманшылардың
əлдеқашан
үні
өшкен.
Балағандардың қоңыраулары бірін-бірі жеңем деп əлек болады—алаң
арылдайды, өкіреді, дүбірлейді, ауаны ойран қылады, жұртты өзгеше
дүниеге тартады, онда бəрі де бояма, жасанды, жабайы, дүниеде жоқ
нəрселер, бірақ ол тұрмысқа неғұрлым ұқсамаған сайын, солғұрлым
тұрмыстан берік орын алған тəрізді.
Ғажап көрмесінде балауыздан жасаған Клеопатра жатыр, өкпесі
соғады, тірі жылан оның, қанттай ақ кеудесіне біресе төнеді, біресе
басқа жаққа бой ұрады. Жауынгер крейсердің мұхиттың түпсіз иіріміне
суға кеткенін көрсететін панорама тұр, мұхиттың иірімінде:
«Жолдастар, жоғары шық, аттан жауға, — ең соңғы парадымыз
басталған да! Тəкаппар «Варяг» жауға беріспейді, сұрамас қас
дұшпаннан ешкім сауға!» — деген жазу бар. «Өрмекші əйел» кабинеті,
«əйел-балық» кабинеті. Тоты құс, палуан, биші əйелдер балағаны.
Жұрттың көзінше қара корсардың басың алатын балаған. Қанден
иттер билейтін балаған дегендер бар. Сиқыршылар театрында
еркектер əйел болып кетеді, немесе əйелдер еркекке айналады.
Ергежейлілер театры. Ойын көрсетуге үйреткен Шотландияның
ергежейлі жылқысы. Адам-аквариум. Хиромант, яғни алақанға қарап
өткен өмірді, қазіргіні жəне болашақты болжайтындар. Американ
биоскобы. Орангутан. Пақыр. Осы кереметтің бəрі сырлы түкпірде
жасырулы — маңдайшалардың, кенептердің, жаңа жонған
тақтайлардың аржағында, бірақ жұртты тарту үшін сол кереметтердің
бір шеті желдеткіштерден, сахналардан, баспалдақтардан көрініп
тұрады, сондықтан жұрт шақырушылардың алдына үймелейді,
ардақты бес тыйын бақырын Клеопатраға, крейсерге, немесе
орангутанға жұмсарын білмей басы қатып, бір балағаннан шығып,
екінші балағанға барады.
Халық арасында иығына үлкен шыны графин артқан сусын
тасушылар жүреді, ыдыстары толы удай сары не қызғылт сары сусын
ол күн сəулесіне шағылысып шайқалады. Олар беліне байлаған су-су
сүлгілеріне жабысқақ кірлі кружкаларын қыстырып алып, ащы
дауыспен: «Салқын су, рақат сусыны, лимон суы, апельсин суы!» — деп
дауыстайды. Оларға əр бұрыштан квасшылар, балмұздақшылар,
самсашылар, тəтті нан сатушылар қосылады, бұлардың дауыстары
қыдырып
жүрген
халықтың
фуражкаларының,
шəлілерінің,
қалпақтарының, орамалдарының үстіндегі гуілдеген дыбысы қақ
жарып қайықша еседі. Осы сан-сапалақ сапырылысты жапқан тозаң,
арқылы аландағы үйлер мұнартып көрінеді, Кирилл төрт жағына
бірдей қарап, сол мұнар арқылы казармаларды, махорка фабрикасын,
түрмені, университет көрді. Ол ала-жұла əсерден зерігіп, Лизаны
топырдан шетке шығара бастады, балмұздақшылардың арбаларына
келіп тоқтады.
— Сен қайсысын аласын — жидектен жасалғанын ба, жоқ крем
брюлені ме? — деді Кирилл.
Бұлар «араласын» алды, Кирилл табақшаның түбінде жылпылдап
тұрған балмұздақты сүйек қасыққа іліктіре алмай əуреленіп жатып
сөйлей бастады:
— Мен бала кезімде осы арада не болғанын білемін. Күзді күні
көлікшілер сазға батып жатушы еді. Аттарды саздан арқанмен тартып
шығаратын. Ал жазғытұрым тозаңның көптігі сондай, бір балағаннан
екінші балағанды көре алмайсың. Ол кезде карусель дегендеріңіз
қазіргіден анағұрлым көп болатын. Көп жылдар бұрын əкем мені
осында талай ертіп келген еді. Оған көп болды...
— Сен балмұздақты езіп жегенді жақсы көресің бе? — деп сұрады
Лиза. — Сонда тəтті болады.
— Жоқ, мен қаттысын жақсы көремін.
— О несі! Ерегесіп майланып кетеді.
— Балағандарды бір бұрышқа тыққан университет, — деді Кирилл.
— Ол көп ұзамай мынау ойын-жиынның бəрін ығыстырып айдап
шығады. Мүмкін екеуміз ең соңғы карусельде жүрген болармыз. Саған
университеттің үйі ұнай ма? Солай ма? Маған да ұнайды. Өзі кең
сондай. Оның үйлері əлі көбейеді, трамвай жолынан əрі етіп, алаңдағы
карусельдерді ығыстырып шығарады, сонан кейін казармаларды, онан
соң түрмені...
— О несі!—деді Лиза. — Түрмені ешуақытта қозғай алмас.
— Менің ойына қозғай алады-ау деймін. Қарашы бəрі де қозғалып,
үнемі ілгері кетіп барады. Жуырда ғана екеуміз ат жеккен вагонға
мініп жүруші едік. Енді трамвайға да үйреніп алдық. Оның бес есе
шапшаң жүретінін байқамаймыз да. Қазір университет қаласында
тұрамыз. Мүмкін алды-артымызға қарағанша, ешқандай казармалар
да, ешбір түрмелер де қалмас...
— Мүлде ме?
— Мүлде.
— Жоқ, — деді тағы да сенбей Лиза, — мұны құрғақ қиял деп
атайды.
— Құрғақ қиял деп атайтынын білемін. Бірақ бізде университет
ешуақытта болмайды деп жұрттың талай рет таласқанын өз
құлағыммен естігем. Ал шынында теп-тез бола қалды. Дұрыс емес пе?..
Ал тағы шоколад пен қаймақтан жасағанын алып жейік, жақсы ма?
— Егер университет балағандарды құртып жіберетін болса, обал
екен, — деді Лиза.
— Университет ешнəрсені құртпайды. Ол бостандықтың ұрығын
егеді, — деді Кирилл Лизаға төне түсіп.
Қыз түрменің аппақ қабырғасына қайғылы пішінмен көзі жасаурап
ұзақ уақыт қарап, балмұздағын езіп отырды да бір кезде:
— Бір үйдің терезелеріне тар жасаған, ала біреуінде қоржын сияқты
бірдеме тұр — онысы несі? — деді Лиза.
Ол дауысын барынша бəсеңдетіп:
—Қоржын асқан — каторга түрмесі. Онда көбінесе саяси
қылмыстылар жатады. Жарық түскен болмаса, ештеңе көре алмайды,
тек терезенің дəл астына келіп тұрғанда ғана терліктей аспан ғана
көрінеді. Терезесіне тор салған кəдімгі түрме. Тоғыз жүз бесінші жылы
тор арқылы қызыл орамал бұлғағандарын білемін. Саясилардың
ішінде танысың бар ма?
— Жоқ. Зəрем қалмас еді.
— Зəрем қалмас еді дейсің? — дəп таңырқағандай, өрі өкпелегендей
болды.
— Мен ондай адамға анайы көрінер едім деймін.
— Неге? Сен ойыңа келгеніңді айта алар ең. Менімен сөйлескенін
сияқты.
— Бұл не теңеу? Мен басқа кісімен сенімен сөйлескенімдей сөйлесе
алмаймын. Сенің ондай таныстарын бар ма?
— Бар, — деді Кирилл жан-жағына қарап. — Менің таныстарым бар.
— Рагозин емес пе? — деді қыз.
— Мұндай əңгімеде кісінің аты аталмайды.
Бұл сөзді ол бəлдемсіңкіреп айтқандай болды, қыз үн-түн жоқ
тəрелкесіне қарай берді. Балмұздақ күнге еріп кетіпті.
— Жеп болдым, — деді қыз.
— Осындай былжырақты жақсы көруші едің ғой.
— Қазір зауқым соқпай отыр.
Олар балмұздақ сатушының ақшасын төледі. Халықтың асқақ
толқыны бұларды тағы да құшағына алып, қалқытып балағаннан
балағанға апарды, айырып əкетпес үшін екеуі бірінің қолынан бірі
мықтап ұстап алды.
— Ойын-сауық болмаса бəрібір екен, — деді Лиза.
— Негізгі мəселе қозғалыста ғой, — дей берген кезде құжынаған
жұрт бұларды қақпадан жалт, Португалияның королі қара корсардың
басын кесетін балағанның алдына əкеліп тоқтатты.
Жан-жақтағы пысынаған ыссы денелер лоқсып, Лизаны Кириллге
бетпе-бет қысып жібергенде, қыздың саусағын да қыбырлатуға
шамасы келмеді. Тым жақын төніп келген жігіттің тіке қара қасын,
қасының жəне тура біткен батыл ернінің үстіндегі иненің жасуындай
тердің бүршіктерін ап-айқын көрді. Жігіттің шікірейе қалғанына
əлденеге күлкісі келді.
— Я, негізгі мəселе қозғалыста, — деп ізінше оның сөзін қайталап,
ерніне сұқтанып қарады. — Мұрт шығыпты ғой. Жаңа ғана көріп
тұрмын, — деді.
Қыздың күлкісін елемей қаталсынып:
— Бəрі де қозғалады. Балағандар құрыған кезде жұрт театрға
баратын болады,—деді.
— Театрдың жөні бір басқа! Мен театрды керемет жақсы көремін.
Жақсы көретінім сондай, ешнəрсемді аямас едім.
— Неге? — деді Кирилл бұрынғысынан да қатуланып.
— Театрда болу үшін.
— Ойнау үшін бе?
— Я.
— Мұны маған бұрын айтқан жоқсың.
Бəрібір тук болмайды, əншейін құрғақ қиял, — деді күрсініп, сол
кезде жігіт сүт татыған болар-болмас ыстық леп бетіне жұмсақ тигенін
сезді.
Қыз сияқты бұл да оған төне қарады. Кірпігінің əрбір талы жекежеке айқын көрінеді, жасыл-көк көздері əрі таза, əрі жұмсақ сəл дір
еткен иегі үлбіреп тұр, шаштары жіп-жіңішке арасы толы ауа. Күнге
көзін сығырайтып, жігітті жақсырақ көру үшін, басын сəл шалқайтып
тұр, жігіт те оны сондай жақсы, сондай айқын көріп тұр. Қыз қолын
тартып босатпақ болып еді, жігіт əдейі босатпады, жұрттың лоқсып
қыса түскеніне риза бола берді.
— Сен актрисаға ұсамайсың, — деді ол.
— Қай актрисаларға?
— Басқаларға. Сен артықсың.
Қыбын тауып қыз бұрылған кезде балаған екеуіне де айқын көрінді.
Кіреберіске ұстаған кенеп шымылдықты кенет ашып жіберіп, күтпеген
жерде, көп адам бері қарап шыға бастады, қараңғыдан шыққанға
көздерін сығырайтып, алдындағы топты омыраулап ығыстыра түсті.
Ағаш аспанға ілулі қоңырау тағы да көрме басталатынын хабарлады,
биік көпірдің үстінде дарға шыққан адамдай Португалияның королі
көрінеді. Үстінде қамқа тоны, басында бұрымдап өрген жөкедей сары
шашының сыртынан киген тажысы, король қоңыраудың дəл астында
тақта отыр. Ақ жіптен тоқыған шұлықпен алтындаған қайқы тұмсық
татар кебісін киген аяқтарын бірінің үстіне бірін салып, ол қызыл
орамалына сіңбірді де бусанған мойнын асықпай-саспай сүрте
бастады. Теке сақалының бір шеті желімі түсіп босаған, екі беті
қытайдың алмасындай қып-қызыл.
Қонырау басыла бергенде көпшіліктің ішінен біреу:
— Пал Захарыч, қалай екен? — деп дауыстады.
Үстінде сиса көйлегі, басында картузы бар Павел Захарович
дауыстаған кісіні көре сала корсарды дарға қалай асқанын көрген
топтан көрмегендердің арасына қалықтап ету үшін шынтақтарымен
қызу іске кірісе бастады.
— Қағып түсірді! — деді ол риза болған адамдай сыңсыған
дауыспен, айналасындағы жұрт бұрылып тыңдай бастады. — Түп
орнымен қағып түсірді! Қан сұмдық кетті, шырағым! Əдіс алған
жендет екен — оның ұйысқан бұйра шашын тап осылай қолына орап
алып, семсермен қылша мойыннан шауып жібергенде! — басы бөлініп
шыға келді. Басты корзинаға ырғытып жіберіп еді, түбіне барып ағаш
қалыптай тоқ ете түсті, қарағым, бассыз кеуде сылқ етіп ол құлады,
қайтып тұрмады. Сауықшыл бір өмір үзілді, ешті, демек, ойнақ салып
болды деген сөз! Жендет перчаткаларын шешіп алып оны да ізінше
корзинаға лақтырды. Менен жазық жоқ, маған не бұйырса соны
орындауға міндеттімін, дегендей қолын сүртіп тұрды. Ал король...
Осы арада Павел Захарович Португалияның, королына саусағын
сілкіп айбат шекті, жұрттың бəрі оның, саусағы нұсқаған жаққа қарады.
— Əне, анау, тақта отырған шіміріккен де жоқ: қарақшыны дарға
асыңдар, деп бұйрық берді, өзінің патшалық əмірін титтей де
өзгерткен жоқ. Біреудің, азат қаны семсердің жүзінен жерге сорғалап
тұрғанда түк айтпай қарап отырды... Эх, туысқан! Өзін барып көр, шын
айтам. Өкінбейсің, құдай ақыңа, шын айтам...
Қоңырау тағы да дабыл ұрды, сол кезде қызыл көйлегі тізесіне
түскен, басында қатырма қалпағы бар мұрты түксиген жендет көпірдің
үстіне жұртын, алдына шығып, корольмен қатарласып тұрды. Жұрт
сеңше толқып көпірге таяна түсті.
Дəл осы минутта Лиза бір топ кісімен басқа балағаннан келе жатқан
Вера Никандровнаны көрді. Дереу əкесі есіне түсті, кешегі туралы əлі
бір ауыз сөз айтпағанға, ең ауыр салмақ əлі алда екенін ойлады,
жүрегіне бірте-бірте жайылған қасіреттің дерті сезілді. Аузына келген
сөзін айта алмай, тек «сақ бол» дегендей Кириллдің қолын қысты,
бірақ ол мұны теріс түсініп, ризалық ишаратпен қыздың қолын қысып
жауап қайтарды. Лизаның қазір ойлағысы келмей тұрған əңгімесінен
мынау тар қыспақта қашып құтылуға болмайтын тəрізді. Екі көзін Вера
Никандровнадан алмай қарап, ақырында ол да бұларды көріп, бері
қарай келе жатқанын аңғарды.
Кирилл де көріп қуанды:
— Міне əжем келеді. Жақсы болды-ау! Кəзір сені таныстырайын, —
деді.
Вера Никандровна жалғыз емес — мейрамға шыққан адамдай бойыбасын тараған Аночканы қолынан жетелеп, сапырылысқан халықтан
қорып келеді. Кирилл: «Мынау Лиза, танысып қой», — деп айтып
үлгірмей-ақ Вера Никандровна кісінің ішіндегіні көретін өткір көзімен
қызға қадала қарады, тек қана ана байғұс баласының сүттей ұйыған
тағдырын бұзып, астан-кестен қылатын қызға осылай қарайды. Лиза
қызарды, ұялғаннан ажарланып кетті. Бірақ бұл бір минутқа да барған
жоқ, өйткені басталған əңгіме сөз Аночкадан басқасын қобалжытқан
ойды жеңген тəрізді, Аночканың болғаны жақсы болды — жұрттың
бəрі соны сылтау қыла бастады.
— Ұнады ма саған? — деп сұрады Кирилл.
Бұған жауап қайтара алған жоқ: жаңа ғана көріп шыққан
жалпылдаған сары сəуленің жарығы түскен күңгірт елес көз алдында
əлі қарауытады, сол оттардың арасында үнсіз-түнсіз жаман адамдар
түн елестері тəрізді ербеңдейді. Оттардың, ортасында олардың өмірі
əрі өте шапшаң, əрі таңғажайып ақырын өткені сондай Аночка
жендеттің əрбір адымын, корсардың əрбір тынысын, корольдің əрбір
ишаратын қайталап бере алар еді. Олар əрі маңғаз, əрі қаһарлы көрінді.
Осылар ұнады ма, деген сұраққа жауап бере алар ма еді? Жоқ, өйткені
олар еңсесін басып кетті.
— Қарақшының басын шапқан кезде шыр ете түсті, — деді Вера
Никандровна. — Мынау сұмдық балағанға баланы апарғаныма
өкінемін. Өзі өлердей қорықты. Бірақ қиылып сұрағасын, көңілін қимап
едім.
— Жоқ, жоқ! Өкінбеңіз! — деді дауыстап Аночка, Вера
Никандровнаның қолдарын ұстап етегіне оралды. — Қорыққаным жоқ,
рас айтам, рас. Титтей де қорыққаным жоқ.
Өзі қалтырап тұр. Аузы тоқтаусыз жыбырлайды, еріндерін біресе
жалайды, біресе тістейді.
— Əрине, Аночка, қорқатын түк жоқ, — деді Кирилл, — соның бəрі
əншейін ойын екенін білесің ғой.
— Жоқ, ойын емес, шын, — деді Аночка өзектеп.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алғашқы қуаныш - 05
  • Parts
  • Алғашқы қуаныш - 01
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2221
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2187
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2105
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 04
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2139
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 05
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2170
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 06
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2209
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 07
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2153
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 08
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2136
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 09
    Total number of words is 3869
    Total number of unique words is 2136
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 10
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2253
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 11
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2161
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 12
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2249
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 13
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2112
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 14
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2190
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2140
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 16
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2142
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 17
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2318
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 18
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2145
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 19
    Total number of words is 3941
    Total number of unique words is 2208
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 20
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2290
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 21
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2172
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 22
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2182
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 23
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 24
    Total number of words is 3246
    Total number of unique words is 1802
    39.4 of words are in the 2000 most common words
    54.5 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.