Latin Common Turkic

Алғашқы қуаныш - 09

Total number of words is 3869
Total number of unique words is 2136
35.2 of words are in the 2000 most common words
48.9 of words are in the 5000 most common words
56.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Егер он екі сом, немесе ең болмағанда он бір сом алса, кеңсе
қызметкері немесе пенсия алатын жесір əйел тұрса оңдырмақ болар
еді. Тоғыз сом деген не! Жөндем адам тоғыз сомға пəтер жалдаушы ма
еді? Енді жүз сегіз сом жылдық кірістен сыбағаңды аларсың,
Мешковтың атағын шығарды, масқаралады, абзал атын қаралады.
Меркурий Авдеевич есімін сондай таза сақтап еді! Жарғақ құлағы
жастыққа тимей, бүйірі шығып ас жемей, атпен жүретін трамвайға бес
тыйын бақырын қимай, дірдек қағып ылғи жаяулап жүріп, жаяу
жүргенде аяқ киім тозбасын деп тас көрінсе бұрылып жүріп,
тырнақтап жинап еді.
«Бұл не? — деді күрсініп Меркурий Авдеевич. — Менің Петр Рагозин
үшін өмір жасағаным ба?»
Аяқтары ұйи бастады, табалдырықтан басқа отыратын орын жоқ,
өйткені бөлмелердің бəрі қопарыстырған нəрселер шашылып астанкестен болған, жуан жандармдар соларды егінше тапап еңкейіп
тіміскілеп жүр. Олардың бір еңкейіп, бір тұрғанына, денелерінің
бастарының, қолдарының көлеңкелері стенадан үйдің төбесіне,
төбеден стенаға секіріп, фонарьлардың қимылынан қалыспай
қозғалғанына қарай-қарай көзі талды. Теңселген көлеңкелердің
əлдиінен көзі жұмыла бастаса да, өңінде көрген күннің қатерлі мəні
жалған түске айнала бастады.
— Айғақ бері кел! —деді ротмистр.
Ксения Афанасьевна ас даярлайтын стол басында емес,
алақандарын бетіне басып, бір бұрышта отыр екен. Столдың бет
тақтайы көтеріліп, оның астында столмен бірдей қылып жасаған
жайпақ жəшік жатыр, жəшікті оттықтың сауытынан аз үлкен қылып,
ұяшаларға бөлген.
— Əріп кассасы, — деді ротмистр Меркурий Авдеевичке, —
баспахана əріптері. Көремісіз?
Ол ұяшадан қорғасын əріптің біреуін алып, саусағын сызады, оның із
қалдырған қара сызығын жұртқа көрсетіп:
— Ескірмепті. Жуырда пайдаланған — деді.
Көлеңкелер енді базға көшті, қуанғандай бəрі де баздың шегендеген
тақтайына секіріп ойнақтай бастады. Бұрыштан-бұрышқа ырғытқан
бос кеспекшілер даңғырлайды. Қылыштасқан бетпе-бет ұрыс ада-жұда
аяқталуға қалғандай-ақ əбігер күшейіп кетті. Ауыз үйде баздың алаша
қаптаған ауыр қақпағы ашылды, фонарьлардың бəрі жер астына түсіп,
сарғылт сəуле баздың үңгірінен жоғары шашырады, төбенің итарқа
тірегіне жарық түсті.
Меркурий Авдеевичті тағы шақырды. Жандармдар ығысып, оған
жарық көрінген төрт бұрышты үңгірге баратын жол берді, ол
қалтыраған аяғымен базға түсетін шыбық басқышты іздеп тапты.
Үңгірдің ортасында жатаған машина тұр. Машинаны жапқан май-май
құрақ көрпе жерде жатыр. Ротмистр машинаның педальін басады,
машина жанданып, майлаған қапсырмалары бірін-бірі қозғап
дырылдап ала жөнелді.
— Қораңыздан тəп-тəуір нəрселер табылды, — деді ротмистр
қағажулап. — Жоғарыда əріп теретін, аста, — басып шығаратын цехтар
бар.
Меркурий Авдеевич оянғысы келіп күштеніп қарап еді, бірақ ояу
екеніне көзі жетіп, үрейленді: станокке қолын тигізіп еді, металдың
шекеге шыққан ызғарынан тұла бойы тітіреді. Баздан кері шығарда
аяғының астындағы баспалдақ дір-дір етті.
Қораз тағы да дауырғады, бəрін де қиратқансып қанаттарын қағады,
Таң атты. Қолында түйіншегі бар Ксения Афанасьевнаны екі жандарм
қора арқылы сүйрелеп алып кетті.
Қақпаға таянғанда əйел артында қалып бара жатқан флигельге
қарағысы келіп бурылды, Меркурий Авдеевичке елеусіз сездіртпей
басын изеді, мүмкін қоштасатұғын басқа ешкім болмағасын осылай
ишарат еткен болар. Мешков жауап қайтармады. Ксения
Афанасьевнадағы оның шаруасы қанша. Ол ротмистрге жақындады,
үсік қолымен кителінің погоннан төменірек бір жерін ақырын ғана
шертіп:
— Кір жұғыпты, тақсыр,—деді ол, — көп жеріңізге кір жұғыпты.
Мүмкін біздікіне кіріп щеткамен тазартарсыз?
— Мақұл, — деді ротмистр.
Ac үйдің дəл ортасында, қай жерін тазартатынын көрінсін дегендей
терезенің жарығына ептеп бұрылып, ротмистр шаршаған, бірақ жылы
шырайлы үнмен сөйлесіп тұр.
— Бұл қалай, əкетайым-ау?
— Нанып болмас, — деді өлімсіреп Мешков.
— Масқара.
— Өлім!
— Енді кетеді.
— Не шара, не лаж, тақсыр?
— М-я-а.
— Мүмкін шай ауыз тиерсіз? Самауыр қойсын ба?
— Қайда-а! Қазір оған мұрша жоқ. Қазір жазу керек. Ерекше іс.
Полковникке дереу рапорт жіберу керек. Сонан кейін кетеді.
Полковник—губерваторға, губернатор—
маңызды. Мұндай іс үшін - зындан.
министрге.
Іс
ерекше
— Жасаған-ау! Кімнің кінəсі үшін? — Мүмкін əлде, не дегенмен де
жылынарсыз, тақсыр!
— Қай мағынада?
— Айталық, коньяк немесе Нежинакидің жеміс шарабы деген
мағынада. Мына сұмдық түннен кейін.
— Солай ма? Жеміс шарабы дейсіз бе?.. Жоқ. Мəлімқат жазуым
керек. Рагозинді алмағандарыңызға өкінем.
— Айтқан шығар. Сіз сол туралы не ойлайсыз?
— Біле алмаймын. Күдік тудырған жоқ еді. Тек арақ ішпегені
болмаса. Мұнысы бір ғажап. Былайынша ұқыпты кісі болатұғын. Ондай
деп ойға келер ме?
— Ол бақылаудағы адам ғой! — деді ротмистр зекіп.
— Естігем. Алайда түзелер деп ойлап ем.
— Түзелер деймісің? — деп ротмистр əкімсіп оның ауызын бір
қарып тастады.— Естігенім жоқ. Ондай көнбісті, əккі сабаздардың
түзелгенін естігенім жоқ!.. Болды ма?
— Болды. Жеңнің қайырмасында азғана қалды. Міне енді тазарды.
— Ал, мынау іс турасында... түсінесіз бе? Дым-дым!
— Неге түсінбейін! Бірақ мен туралы қалай болар екен?
— Шақырады.
— Маған айғақ ретінде, тақсыр, қазір қол қоюға болмас па екен...
кейін барып жүрмеу үшін?
— Жоқ, əкетайым! Бармауға болмайды. Шақырады. Сіздің ісіңіз, мен
айтсам, үндемеу. Сонан кейін əлгі... кім еді? — Глаша ауызына берік
болсын. Ешнəрсе көрген жоқ, ешнəрсе естіген жоқ. Түсіндіңіз бе?
Əйтпесе...
Ол саусағын шошайтып күш көрсетті, сол бойы күн қаққышын бір
қағып, əскерше жалт бұрылып, шығып кетті, артында шпордың
хрустальдай сыңғырлаған шұбалаңқы дауысы қалды.
Меркурий Авдеевич жоғары шықты. Жүрісі сылбыр, салмақты,
жауырыны бүкірейген. Валерия Ивановна оған үрейлене қарады. Түні
бойы пристаньда жүк тасып жұмыс істеп келгендей көрінді. Ол өзінің
жататын бөлмесіне барып, басын үш рет сəждеге ұрып шоқынды,
креслосында ұзақ сапарға жүретін адамдай үн-түн жоқ отырып, бір
кезде қайғылы үнмен:
— Пəле келді, Валюша, — деді.
— Жасаған ием-ау, — деді ақырын дыбдырлап Валерия Ивановна,
— немене, ұры ма екен өздері?
— Ах, ұры болсашы!
— Құдай-ау сақтай гөр! Кісі өлтіріп пе?
— Мүмкін өлтірген де шығар, кім білсін. Ал, жалған ақша жасағанын
өзім көрдім.
Екеуі бірден шоқынып, мелшиді де қалды. Сонан кейін Меркурий
Авдеевич:
— Ксенияны алып кетті, — деді.
— Сұмдық-ау, аяғы ауыр еді ғой! — деді зəресі қалмай Валерия
Ивановна.
— Түрме кісі таңдамайды... Лиза оянған жоқ па?
— Түс көріп дөңбекшіп жатыр.
— Тінту болды деп құдай сақтасын айта көрме! — ;деп Меркурий
Авдеевич Қорқытып қойды. Екеуі тағы да мелшиіп қалды.
18
Таң əлдеқашан атса да, түтеген əлсіз шам əлі жанып тұр. Вера
Никандровна көл-көсір төсегінің үстінде алақанын тізесінің үстіне
жайып салып отыр. Ол анда-санда бөлменің ішіне таңдана қарайды, бір
минутке серігіп кеткендей болады да, қайтадан баяу сенеді.
Нəрселердің бəрі де көз үйренбеген екінші жағымен қарап, жат сияқты
көрінеді. Суреттер қисайған лароходтың көк чертежы жалғыз
бастырмаға ілініп тұр. Сөгілген матрацтың ала тысы кереуеттен
салбырап кешен. Еденде шашылған жөкенің қиқымы, оның үстінде
етіктің ізі көрінеді. Оқу кітаптары, дəптерлер əр бұрышта шашылып
жатыр. Аспасынан алған жасыл-қара «юдифь» аяғын аспанға қаратып
босағаға сүйеніп тұр. Бөлменің ортасында стол жатыр.
Бір кезде осы нəрселердің бəрі Кириллдікі еді. Бір кезде мынау
дəптерлерге ол жазу жазатын. Бір кезде оқу кітаптары этажеркада
тұрушы еді, көк чертеж стенада тап-тұйнақтай қағулы тұратын,
матрац ақ одеялмен жабулы болатын-ды. Бір кезде... Жоқ, жап-жаңа
Кирилл мынау столда, бөлменің ортасында отырды, ол Вера
Никандровнадан шегінемін деп жаңа ғана анау жатқан столды
құлатып алды, қоштасып қолын бетіне алара бергенде ол əжімденіп
көзді ашып-жұмғанша қартайып кетті. Жаңа ғана оның басын иығына
қысып басқанда, ол алқынып құшақтатпай, бір жағынан қолдарын
қатты уқалап сипай берген-ді. Құлаған столдың дауысы құлағынан əлі
кеткен жоқ, бірақ бəрі де кері шегініп алыс , он бес жыл бұрын болған
уақиғаға ұласты, ол біреулер келіп, Еділ өзені күйеуіңді құмға шығарып
тастапты, барып өлігін танып алуың керек, деп хабарлаған-ды. Ол
кезде де тап бүгінгісіндей екі қолын алдына жиып, қалшиып, кірпік
қақпастан көрелі таңды көзінен атқарған еді. Бірақ ол кезде қасында, ақ
одеялдың астында, төрт жасар Кирюшасы ұйқтап жатқан, сондықтан
ажал келіп өткен өмірін бүлдіріп кеткенінде жанға сеп жалғыз аралы
бар еді, ол аралда бал ағашына құжынаған бал арасы, аспанда
шырылдаған бозторғайлары, салқын тоғайда сылдырлап аққан
бұлақтары бар-ды. Арал гүлденіп, кеңейіп, бүкіл жерді, күллі əлемді
қоршап алған еді, >ал бүгін оны кенет түпсіз мибатпақ обып, шыңырау
тартып əкетті. Адыра қалған ақ одеял жерде жатыр, үй бос, Вера
Никандровна жападан жалғыз.
Өткен уақиға естен кетпей, ап-анық салқын елес болып көз алдынан
өтіп жатты.
Жандармдар жаңа тінте бастаған кезде, театрдан Кирилл де келді.
Олар есікті өздері ашып, лезде оны қоршап алды. Вера Никандровна
бір қарағаннан-ақ баласының қабақтары, көздері, самайлары дереу
қарауытып кеткенін, мұрты кенет өсе қалғандай ернінің үстіне тіке
қара сызық түсе қойғанын көрді. Олар қалтасын айналдырып, өзін
өкшесіне дейін сипалап қарады. Курткасының тігіс-тігісін бойлап
саусақтарымен басып байқап көрді. Өзін столдың үстіне, бөлменің
ортасына отырғызды. Биді төсегін, ішкиімге аралады. Столдың
жəшіктерін, аяқтарын, есіктің жақтауларын тырнақтарымен шертіп
қарады. Пештің күлін шығарды, сыпырындыны қопарды. Сонан кейін
кітаптарға тиісті, талай оқып тозығы жеткенмен жуан «механиканы»
аралап қарай бергенде арасынан алақанның аумағындай кішкене жеті
бөлек қызғылт афишкалар ұшып түсіп, еденнің бетімен сырғанап
барып шашылып кетті, сол кезде сұсты самай-сақалы бар шал
жандарм көңіл тасып қуанып:
— Ага! —деді.
Кирилл балаша табандарын майыстырып столдың аяғына орап
алып, екі қолы қалтасында тіп-тік отыр еді.
— Мынау қайдан келді, жас жігіт? — деп жандарм сылай сипап
афишаларды көрсетті.
— Тауып алдым, — деді Кирилл.
— Есіңізде бар ма, қай жердей?
— Көшеден.
— Қай көшеден?
— Қашық.
— Қай жерден қашық?
— Техникалық училищеден қашық емес.
— Біресе қашық, біресе қашық емес. Түсінемін. Осылай бəрі бір
жерде жатыр ма екен?
— Жай жатқан жоқ, аяқ астында жатыр екен.
— Жетеуі осылай бір десте болып жатқан ғой шамасы?
— Солай екен.
— Сіз теріп алдыңыз ба?
— Теріп алдым.
— Жерден алдыңыз ғой?
— Əрине, жерден.
— Бір жерінде дағы жоқ, жаңа, тап-таза күйі, демек, тап осылай
жерде жатқан екен ғой?
Кирилл үндемеді.
— Ах, қымбатты балапан-ай, не айтатыныңызды күні бұрын
қалайша ойлап алмағансыз, а?
— Менің сізге мүлде жауап бермеуіме де болады. Міндетті емеспін.
— Жауап бермеуге болады деп сізге біреу үйреткен, — деп жандарм
жекіріп, кітапты тағы ақтара бастады.
Шəкірті өтірік айтатынын күні бұрын білетін тəрбиешідей-ақ ол
қасақана зəрлі тілмен сыпайы кекетіп сөйледі. Вера Никандровна
бұлай кісімсіне сөйлеме, балам, өлсе де өтірік айтпайды деп ақырғысы
келді. Бірақ Кириллдің қасарысқан жайбарақат жауабын естіп, үндей
алмады. Баласы өзін билеп басқарып тұрғандай, мінез-құлқын соның
ыңғайына бейімдеу керек деген сезім пайда болды. Нəрселерін
қопарып тіміскілеп жүрген ұрыларға қарсы əрекетке үнсіз шақырып
тұрған тəрізді көрді. Баласына жаны ашу, қорқу сезімін насаттану
сезімі жеңді. Ол өзін өңменінен итеріп, орынсыз қорлап тұрғанда өзінөзі ұстай білді. Баласының өзгергенін енді өз көзімен көрді. О, рас, ол
өзгерген, өзгергенде бұрынғысынан батар мақтан етуге боларлықтай.
Қазір үйінде болып жатқан уақиғаның бəрі, əрине, қатеден болған
ауыртпалық, оны мынау баласы сияқты көтеруі керек. Баланы анасын
заңғарлыққа баулып тұр, оның тап осылай болуын өзі де арман еткен
болатын,—басасау, тентек, дөрекі емес, ер мінезді тайсалмайтын,
табанды болуын көксеп еді. Жасаған-ау, қалай өсіп, ержетіп қалған!
Мұны Вера Никандровнаның тап қазір мына мейрімсіз мезетте түсінуі
қалай?
— Бұл қалай, жас жігіт,—деді жандарм стенадан Прежевальскийдің
портретін алып жатып,— өзіңіз революцияны жақтайсыз, ал
тұсыңызға офицерді іліп қоя?
— Бұл офицер сіздің сыңарыңыз емес, жандарм мырза. Ол
Россияның даңқын шығарған адам, — деді Кирилл.
Жандарм суретті жұлып алып, еденге лақтырып жіберді.
— Егер өз басыңызды шопақ құрлы көрмесеңіз, мынау шешеңіз
туралы ойлауыңыз керек, — деді ол, ақырып кетпес үшін үнін өшіре
сөйлегені байқалды.
Кирилл шешесін ойлау керек, жат біреудің осы салқын сөзі Вера
Никандровнаның жүрегін отша қарыды. Рас-ау, Кирилл ол туралы
ойламаған да! Ол ешнəрсені сезбей қинайды, қинағанын сезбейді. Ол
оның басына жантүршігерлік бақытсыздық орнатты, өзін-өзі құртты
ғой, сорлы болған қатал ұлым, қарашығым, құлыным!
— Кирилл, — деді ол жүйкесі құрып жүрексініп, — неге айтып
түсіндірмейсің? Осының бəрі қатеден болған сұмдық қой!
— Қоштасыңыз, — деді жандарм, — біз кетеміз.
— Қалай? Алып кетесіздер ме? Сіздер алып əкетпексіздер ме...
Менен бе? Жоқ...
Орнынан тұрып əрең бір аттады.
— Мен — анамын... Осы мүмкін бе? Ешнəрсенің байыбына бармай...
— Сіздің қоштасқыңыз келмей тұр ма?
Екі жандарм Кириллге төнді. Сол кезде ана селк етіп, екі қолын
ілгері сыбап, тұра жармасты.
Баласының оттай ыстық басын құшқанына көп уақыт өтін, жоқ аз
уақыт өтін білмейді. Бір кезде Кириллдің мүлкі болған, қазір көл-көсір
шашылып жатқан нəрселердің ортасында, төсегінің үстінде отыр. Ол
жоқ. Ол енді жоқ.
Терезенің кереге көз көлеңкесі түскен төрт бұрысты күн сəулесі
қысқарып, барған сайын жарқырап, қорғасын түсті күлдің тозаңына,
жөкенің қиқымы мен шиыршықтарына жарығын түсіріп еденнің
бетімен ақырын жылжып барады. Жылыға масайраған шыбындар
құжынай түсті. Терезенің сыртындағы көп жасаған теректер демалып
сыбдыр қағады, беймаза бозторғайлар қай бұтаққа қайсымыз қонамыз
деп біресе таласа, лезде қайта татуласып жатты.
Таңның дыбыстарына əбден үйреніп, құлаққа ұрған танадай болып
отырған Вера Никандровна кенет біреудің тыныштықты бұзғанын
байқады, көрші бөлмеде жасырынған біреу сескене жөтелгендей
болды. Ол есін енді жинады.
Есік алдында Аночка тұр. Ауызын ашып, ол Вера Никандровнава
адырайған көздерімен үңіле қарайды.
— Немене?—деді Вера Никандровна сыбырлап.
— Жай, — деді жалма-жан басын шайқап Аночка.— Сіз біреумен
сөйлестіңіз бе?
— Сөйлескені несі? Сөйлескенім жоқ.
— Олай болса... жай əншейін. Мен біреумен сөйлесті ме деп ойлап
ем.
— Сен мұнда қалай кірдің?
— Үйіңіз ашық қой.
— Есік ашық тұр ма?
— Міне, былай шалқасынан ашулы тұр. Кіріп келсем сіз ақырын
сөйлесіп отыр екенсіз.
— Я, я, демек, ұмыт қалған ғой. Былай.
— Шам неге жанып тұр?
— Шам ба? Ах, я, я, — деді Вера Никандровна орнынан тұрғысы
келіп.
Аночка столға жүгіріп барып, шамның білтесін басып, мұржасына
үрлеп қалғанда, ішінен қарақұрым бұрқ етті. Ол бетін тыржитып, кінəлі
адамша Вера Никандровнаға қарады, дереу қасына келіп, еңсеріле
түсіп кеткен иығын ақырын қақты.
— Мынаның бəрін ойран қылған солдаттар ма? — деді ол əрі кейіп,
əрі жаны ашып.
— Солдаты несі?
— Əлгі кімді алып кеткен солдаттар.
Вера Никандровна Аночканың қолынан ұстап алып, сол күйі оның
жеңіл кішкене денесін сілкіп итеріп қалды.
— Қайдан білесің? Қайдан? Кім айтты? — деді оның қолын қысып,
жұлқылап.
— Əжеме айтыпты.
— Не айтыпты? Кім, кім?
— Бізде түнеп жүрген бір ағай. Ол əжеме түнде, таң атарда келе
жатыр едім, — деді. Училищенің қасында солдаттар бір оқушы баланы
ұстап апара жатқанын көрдім, — деді. Əжем: «Қандай оқушы?» — деді.
Ол: «Қандай екенін сайтан білсін. Əйтеуір басында формалы
фуражкасы бар»,—деді. Сонда əжем: «Мүмкін мұғалиманың баласы
шығар?» — деді. Сіз туралы. Ана кісі тағы да сайтанын аузына алып:
«Мүмкін, соның баласы шығар»,—деді. Мен де солай шығар деп
ойладым.
— Құдайым-ай, құдайым-ай!—деді Вера Никандровна, Аночканың
қолын босатып.
— Біздің Павлик түнде ұйықтаған жоқ еді, қаш ұйықтады, мен оны
жатқызып, көрейін деп сіздікіне жүгіріп кеттім.
— Жұрттың бəрі біле ме? Бəрі де біліп қалғаны ма?
Вера Никандровна тағы да Аночканы ұстап алды, асасына кереуетке
отырғызды, дударланған кішкентай бұрымдарын сипап, кеудесіне
қысты.
— Жоқ, жоқ, əжең екеуіңнен басқа ешкім де білмейді. Рас па? Сен
ешкімге айтпа. Айтуға болмайды. Түсіндің бе? Осының бəрі кездейсоқ
уақиға, оны əлі босатады, тез күннің ішінде қайтып келеді. Қайтып
келеді, түсінесің бе?
— Я, түсінем. Ол жақсы еді ғой.
— Ол өте, өте жақсы еді! — деп Вера Никандровна құшырланып
Аночканың бетінен сүйді, лезде оның сөздері тұжырымды салмақты
(бола бастады. — Былай, қызым. Лиза Мешкова есінде ме? Есінде ғой?
Олай болса, қазір оған барын айт, маған келіп кетсін деп өтінді де.
Бірақ Кирилл туралы ештеңе айтушы болма, жақсы ма? Түсіндің бе?
Маған осы қазір келсін. Бар. Мен үйдің ішін жинап сыпырайын.
— Керегі жоқ, — деді Аночка, — сыпырып керегі жоқ! Мен қазір
жүгіріп барамын да, қайтып келгесін бəрін тап-тұйнақтай қылып өзім
сыпырам. Вера Никандровна оны тағы бір сүйіп, шығарып салды да,
артынан есікті жапты, үй жинауға кірісті. Көптен бері құрысып
қозғалмай отырған есесін енді қайтарайын дегендей қозғалыстары
шапшаң көрінді. Түні бойы іркіліп жиналған, бірақ, салқын санамен мұз
болған ақыл-ойы, енді жібіп, ерігендей, жанданын, бөгеттерді бұзды.
Əрекеттену жоспары даяр болды, бəрі де өзінің ойлағанындай
орындалу керек деп өзіне-өзі сенді.
Бірақ Вера Никандровнаның алғашқы адымы сəтсіздікке ұшырады:
Аночка қайтып келіп: Меркурий Авдеевичке кез болғанын, ол не
себепті келгенін тəпіштеп сұрап алып, егер мұғалима Извекова ханым
Мешковтың семьясынан біреу-міреумен сөйлескісі келсе, өзі келсін, ал
Лизаның онда баратын түк шаруасы жоқ дегенін айтты. Аночка есінде
қалған оның сөздерінен ең маңыздыларын ғана іріктеп алып:
— Өзі келсін, Лизаны жібермеймін деп айтты, — деді.
Вера Никандровна аз ойланып, айнаға барды, екі жағына айырып
тараған шашын сипады, құрғақ сүлгімен бетін сүртіп, қаранды: жоқ,
ешнəрсе ұмыт қалуға мүмкін емес, керегінің бəрі өз бойында —
əрекеттену жоспары, қайрат-жігері, найзаның ұшындай өткірленген
ақыл-ойы. Аночкаға көзі түсті, басынан кешкен осы ауыр сағаттардың
өн бойында тұңғыш рет егіліп, дуылдап көзіне жас келді; Аночка тар
жеңдерін түріп алып, шегіншектеп, аттаған сайын басын төмен бір
сілкіп, сыпырғының сырт-сырт еткізіп, жерінің қиқымын ыждағатпен
бір жерге жинап жүр екен. Тозаң оны басынан аяғына дейін қырнап,
жылы қызғылт-сары жайбарақат күн сəулесінде құйынша құбылып
ойнайды.
— Қызым, бауырым туған...—деді Вера Никандровна ақырын.
— Сіз барыңыз, — деді Аночка бойын жазып, мен мұнда қожалық
етейін. Ойламаңыз: менің қолымнан бəрі де келеді.
Вера Никандровна үйден жүгіре шықты.
Училище мен Мешковтың үйінің арасындағы кварталды бөлмеденбөлмеге шыққан адамдай тез өтті. Көкшіл қора таңертеңгі маужыраған
тыныштықта мүлгіп тұр, жүк тиеуге əзір, жолы болып пристаньда
тұрған кеме тəрізді, — қақпаның үстінде ту байлайтын ұзын сырық,
терезелері күнге шағылысып жымыңдайды, баспалдақтары тап-таза,
жуылған.
Мешковтар Вера Никандровнаны маңғаз сыпайы қабылдады.
Меркурий Авдеевич оны əйеліне таныстырды, Валерия Ивановна
киімім нашарлау, келетініңізді білмей қалдым, — деп тіпті аздап
ибалық та жасады.
— Сіз ғапу етіңіз, — деді Мешков, — мен сізді зорлап келтіргендей
болдым: жіберген қыз баланың не айтып барғанын білмеймін. Бірақ
менің ойымша, егер жастар ата -анасынан аулақ өзді-өзі танысқан
болса, біз балаларымыздан үлгі алмаспыз деймін. Біздің жасыратын
түгіміз жоқ.
— Олар жасырынып жүр ме? Мен Лизаларыңызды танимын ғой.
— Демек, қызым сіздің балаңыз сияқты құпия адам болмағаны ғой,
— деп күлді Мешков. — Мен олардың құпия таныстығын əшкере
еткеніміз орынды деген ойға келдім.
— Рас, — деді Валерия Ивановна, — біздің Лизамыз ешуақытта
бізден сырын жасырмайды. Бала жасынан солай тəрбиеленген... Ал,
шайға жүріңіз. Бірақ сөге жамандамаңыз, ешқандай дайындығымыз
жақ. Егер білген болсақ... Əйтпесе құрғақ шай деген сияқты болды...
Лиза таңертеңгі асқа шыққан кезде олар стол басына жаңа отырып
жатыр еді. Сергек те болса азын-аулақ ұйқтап, беті-қолын жуғасын,
оның үстіне қыздың құдіреті күшті жаратылысы қосылып, осының бəрі
оны мынау таңертеңгі тамаша ырайға бола ғана жаратқандай. Қонақты
көргендегі сасқаны тіпті көріктендіре түсті, оның амандасқанына,
отырғанына, абыржыған көңіліне демеу бола ма дегендей шыныаяққа,
майлыққа қол тигізгеніне, нан алғанына қарап, үшеуі бірдей үн-түнсіз
керемет сұқтанды.
— Мен сізді гимназия бітіргеннен кейін көргенім жоқ, Лиза, — деп
сөз бастады Вера Никандровна.
— Я,—деді Лиза.
— Сіз курсқа баруға ұйғарғансыз ба?
— Бұл сияқты келелі істің қандайы болса да менсіз шешілмейді, —
деді Меркурий Авдеевич, — сондықтан бұл туралы да менің
ұйғарындымды күтіп отыр.
— Əрине, — деді оның сөзін қостап Извекова, — бұл сияқты
маңызды нəрселер ата-анасыз шешілмейді.
— Мұндай ұйғарындыға келу тек қана ата-ананың билігінде, — деп
Мешков сөзін салмақтай түсті.
— Кеше қалай театр ұнады ма, Лиза?
— Өте ұнады.
— Артистердің өте-мөте қайсысы ұнады?
— Цветухин.
— Атақты адам, — деді Меркурий Авдеевич.
— Кириллге ол ұнады ма?—деді Вера Никандровна.
Лизаның аузынан — жоқ! — деген сөз атып шыққандай болды, бірақ
жөтеліп қалды.
Сонымен, Вера Никандровна кешегі театрда болған уақиғаны біледі
екен. Ол Цветухинде болған масқара уақиға жайында, Лизаның түнде
қала кезіп жападан-жалғыз қашып келгені туралы айтпақ болып
келген шығар,— тағы не айтар екен? Лизаға мəлімсіз, бірақ ол үшін
қазір бəрінен маңызы зор мəселе жайында, — Кириллдің неге
ұшырағаны туралы айтатын шығар. Лиза оны кейіген кісілердің
арасына жалғыз тастап кетіп еді. Мүмкін өкінішті іске ұшыраған болар.
Цветухинмен таныстығы — неткен бақытсыздық! Лиза оны іздеп
сахнаның сыртына баруға неге ғана ризалық білдірді екен? Егер
Кириллмен ұрыспаса, қазір жеңіл болар еді. Əрине, жүрексінер еді,
бірақ тап қазіргідей болмас еді. Лиза əкесі мен Вера Никандровнаның
түбінде бір кездесетінін көптен күткен-ді. Оның шешуші, қатерлі кезең
екенін де сезетін. Бірақ сол кезеңде Кириллмен ажырап кетемін деп —
шынымен-ақ ажырағаны ма? — Оның не күйге ұшырағаны белгісіз
болады деп кім ойлаған?
— Ах, сонша жөтелгенін не!—деді Валерия Ивановна. Театрдан болу
керек, онда ылғи жел азынап тұрады.
— Я, театр, — деді Меркурий Авдеевич қасығымен стаканын бұлғап.
— Театрдың жасамайтыны бар ма? Түнеу үйін паналайтын адамдарды
көрсетеді.
— Я, тұрмыстың барлық жағын көрсетеді, — деді түсінбеген адамша
Вера Никандровна.
— Барлық жағын көрсетіп керегі не? Адамға үлгі боларлықтай өнеге
көрсету керек. Айсаның шіркеуі осылай үйретеді. Ал бұлар əлдебір
жұпыны нəрселерді көрсетеді — мə, көріңдер адамның
жексұрындығын, деген кісіше.
— Я, əрине, шіркеу мен театр — екеуі екі басқа нəрсе,—деді Вера
Никандровна.
Меркурий Авдеевич: абзалында адам баласы аузына келгенін айта
береді екен ғой! — деп тəкəппарсынып, оның айыбын бетіне басқандай
мұртын қимылдатты.
— Шынында да екеуі екі басқа нəрселер! — деді ол күлімсіреп. —
Балаңыз өзіңізбен пікірлес шығар? Кешегі ойын туралы ол не дейді
екен?
— Ол маған кешегі туралы ешнəрсе айта алмады, — деді ақырын
Вера Никандровна.
— Əлі сөйлескеніңіз жоқ па?
— Жоқ, — деді көзін төмен салып. — Мен Лизамен оңаша сөйлессем
бе деп едім,—деп рұқсат сұрады.
Бəрі де сəл тоқырап қалды, аздан кейін Меркурий Авдеевич
креслоның арқалығына абаймен сүйеніп, қарсылық білдірді:
— О неге? Мен құпия атаулыны болдырмау үшін кездесіп отырмыз,
деп ойлаған едім. Сіздің мұныңыз қалай? — Əлде сіз жастардың
астыртын əдеттерін қостайсыз ба?
— Жақсы,—деді Вера Никандровна бұрынғысынан да сулық,
майлықты алып асықпай жазды, қайтадан бұрынғы бүктесіні бойынша
текшелеп бүктеді. — Менің сізге айтайын дегенім, Лиза,... Кирилл...
қатеден бір сұмдыққа ұшырады. Оны түнде əлденеге... ол тұтқынға
алынды.
Лиза кеудесін көтеріп алып, саусақтарының ұшымен столға сүйеніп
түрегелді.
— Менің сізден өтінішім, — деді Вера Никандровна, — бір қалыпта,
дауысын өзгертпей, сезімсіз жандай. — Сіз Цветухинмен жақсы
таныссыз ғой. Егер сіз сол кісіге барсаңыз... жалғыз емес, мүмкін,
менімен бірге барсаңыз. Ол, əрине, сіз үшін аянбас еді. Егер сіз онан
Кирилл туралы ізденіп көруін өтінсеңіз, мен кəміл сенем... Ол сондай
беделді кісі ғой. Сөйтсек мына уақиғаның бəрі тез арада анықталар еді.
Сіз Кириллді білесіз ғой... Осының бəрі жазықсыз кездейсоқ нəрсе,
сондықтан, əрине, Кириллдің басы ашылар еді... Оның үстіне Цветухин
Пастуховпен дос, бұл да жұртқа əбден белгілі адам ғой... Мен кəміл
сенем...
Лиза еденнен бір нəрсе көтерейін деген адамша ақырын төмендей
бастады. Басы жайымен тұқырып барып сылқ етіп столға тиді,
шынаяқты қағып жіберді. Бір шүйке биязы шашы шай төгіліп,
сарғайған асжаулыққа жабысты, беті сүйектей қуарды.
— Лизажан! — дап Валерия Ивановна дауыстап, қызына ұмтылды.
Меркурий Авдеевич жандəрмен күйі Лизаны қолтығынан ұстап,
қанбақтай көтеріп бөлмесіне апарды. Үй əбігер болды, Валерия
Ивановна баспалдаққа жүгіріп барып, кермесін сабалап Глашаны
шақырды: су құйған графин ас үйде екен, дəрі-дəрмек қоятын шкаф
жабық, кілт жоқ. Лизаның омырауын ағытып, маңдайына одеколон
жақты. Қыз көп ұзамай есін жыйды. Бірақ əжесі қолына түскен,
қатырғысына патшаның семьясының суретін салған календарьмен
қызын желпінтуін қоймады.
Мешков Лизаның бөлмесін жауып, Вера Никандровнаға келді. Ол екі
терезенің енсіз аралығына сүйеніп тұр еді. Оның иығы тиіп кеткен
биік филодендр14 үйдің төбесіне дейін өскен зілді жапырақтарын
шайқайды, оның мəнерлі бозғылт көлеңкесі бетіне, кеудесіне басқан
қолдарына түсіп қозғалады. Мешковқа ол сескене қарады, бірақ
біркелкі теңселген көлеңке дерексіз алысқа қараған тəрізді көрсетеді.
Мешков оның қарсы алдында екі аяғын нығыздан кере басып,
сағатының кілтін таққан омырауындағы шынжырын тартқылап,
шартиып тұрды. Едірейген мұрты ентігімен ысқырды, сақалы бір
жағына қисайған.
— Сізге мəлімдеуге рұқсат етіңіз, бикеш, — деді ол күмілжіген
күңгірт дауысымен, ашуын басқысы келгенде ол осылай сөйлейтұғын,
— менің қызым сіздің балаңызбен ешқандай қатынаста болған да жоқ,
ешуақытта болуға мүмкін де емес. Қызыма қол сұғуға рұқсатым жоқ.
Сіз шаруаңызды бізге қате айтасыз. Менің үйімде ешкім қылмысты
адамдарды қорғамайды. Мен өз қызымды сенімсіздіктен арашалау
борышым деп білемін. Сіз не ексеңіз соны орыңыз. Біз сізге жəрдемші
емеспіз. Сый-құрметіміз осы.
Ол Вера Никандровнаға есікке қарай жол беріп, бұрылды.
— Қайтейін, — деді Вера Никандровна басын иіп, — шара жоқ. Тек
Лизаңызды өте аяймын.
— Ықтыярыңыз білсін. Сіздіңше емес, өздеріңше аяйтын оның атаанасы бар. Тəңіріңіз анау, жолыңыз мынау... — деп ол үсік қолын созып
баспалдақты көрсетті.
Басын көтерместен Вера Никандровна темен түсіп, қораға шықты.
Мешков ере шықты. Өзінің бекініс қорғаны сияқты қорасынан шығып
кеткенін өз көзімен көру үшін сыртқы есікке дейін оны шығарын
салмақ болды.
Бірақ, ол үйінің табалдырығынан аттап өтпей жатын, тоқтай қалды:
жоқ, сəтсіз күннің сандалы əлі түгесілмеген екен. Үстіне жағасы мен
жеңіне қызғылт-сары қант ұстаған жазғы ақ мундир киген, иығында
қызғылт-сары погоны бар, тараған қызғылт-сары мұрты едірейген,
фуражкасына қадаған үржаңа тажы жарқырап, қылышының тұтқасын
аршыған, толық. денелі беттері апельсин сияқты городовой кекірейіп
кердең-кердең басып қарсы жолықты. Түннің əзірейіл елестері əлі
күнге қалмағаны ма? Меркурий Авдеевичтің осылай тыныштық
көрмей-ақ кеткені ме? Жандармдар мен полицияның мундирлері
осылай қыр соңынан қалмай-ақ қойғаны ма? Қарашы, мына қарашы
сұмдықтың тағы кез келуін, Меркурий Авдеевичтің көргісі де, білгісі де
келмейтін қырсық əйел мен мынау маңдайына таж таққан тажалдың
кез болуын қарашы!...
Бірақ, жоқ, полицей Вера Никандровнаны елемеген тəрізді. Керек
десе қараған да жоқ. Ол тұп-тура Мешковқа келеді, екеуінің арасы
жақындаған сайын, қызғылт-сары мұртының жебелері көздеріне қарай
жылжып жақындай түсті, еті ісінген көздерінің өп-өткір ноқаттай қос
қарашығы шүңірейе түсті.
— Аман саумысыз, Меркурий Авдеевич, — деді городовой күрілдеп,
Мешков оның, өз учаскесіндегі кварталшы екенін енді таныды.
— Аман ба, шырағым,—деді ол рақаттанып, тек ерекше құрмет
ететін адамдармен сөйленкендегісіндей дауысымен тəжім етіп. — Мен
не ғып сені танымай қалдым?
— Көрмегелі көп болды, Меркурий Авдеевич. Наурыздан бері
келгем жоқ. Деревняда демалыста болдым.
— А-я жақсы. Деревня қалай екен?
— Аллаға шүкір. Үй ішіміз əбден риза. Шаруалар тəртіп сақтайды.
— Я, əрине. Мұжықтар қаланың қуаяқтары сияқты емес қой.
— Дұп-дұрыс.
— Неге келдің, жай ма?
— Есіңізге салуға келдім, Меркурий Авдеевич: ертең патша
ағзамның күні, ту көтеруді ұмыта көрмеңіз. Түнеу үйіне де айтыңыз
қалайда ту тіксін.
— Жақсы, шырағым, рақмет.
Мешков жилетінің қалтасын ақтарып отыз тиын санап алып
городовойға берді.
— Алла риза болсын,—деп городовой жалт бұрылды. «Мүмкін,
бірте-бірте бəрі де жөнделер», — деп ойлады Мешков, сұлқын басқан
балаша күрсініп.
19
Пастухов пен Егор Павлович ертеңгі асты пароходта ішуге
уəделескен-ді. Сағат он бірлерде жоғарыдан пассажирлік «Самолет»
келіп, пристаньда жүк тиеп ұзақ тұратын, сол уақытта тамақсау
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алғашқы қуаныш - 10
  • Parts
  • Алғашқы қуаныш - 01
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2221
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2187
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2105
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 04
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2139
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 05
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2170
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 06
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2209
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 07
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2153
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 08
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2136
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 09
    Total number of words is 3869
    Total number of unique words is 2136
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 10
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2253
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 11
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2161
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 12
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2249
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 13
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2112
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 14
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2190
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2140
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 16
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2142
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 17
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2318
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 18
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2145
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 19
    Total number of words is 3941
    Total number of unique words is 2208
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 20
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2290
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 21
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2172
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 22
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2182
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 23
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 24
    Total number of words is 3246
    Total number of unique words is 1802
    39.4 of words are in the 2000 most common words
    54.5 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.