Latin Common Turkic

Алғашқы қуаныш - 17

Total number of words is 3997
Total number of unique words is 2318
34.1 of words are in the 2000 most common words
49.6 of words are in the 5000 most common words
57.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тəжім етіп атайтын кəдірлі есіммен сенің қымбатты Лиза деп атауға
рұқсат ет. Қымбатты Лиза! Өмір сапарында өзіңізге кез болған алтын
адаммен мейлінше бақытты өмір сүріңіз. Біздің баршамыз сияқты оны
сіз де сүйіңіз. Адал сөзім! Мұндай кісілер жоқ. Ол прейскуранттан
тысқары. тұр. Оған баға жоқ... Ал саған, Витюша, біз, сенің қабірге дейін
баратын жолдастарың, өзімізше үн тастаймыз. Атақты ұшқыр
атсейісіміз: бас, Витюша, бас! Ура!..
Қонақтар оныншы рет жас қосақты қоршап құшақтап, бірін-бірі
сүйіп шараптарын төгіп-шашып, өздерін-өзі айғайымен меңіреу қылып
болды.
Тойдың ұзақты күні үйде де, көшеде де, шіркеуде де жұрт Лизадан
көзін алмай қойды. Оған жұрттың зерттеп, құмарлана қарауы табиғи
нəрсе сияқтанды, өйткені неке қиярдан бұрын киім шеберлері,
тігіншілер, шаштараздар, «шығарып салушы» деп аталатын сырлас
қыздары апайлары, кемпір шешелері, абыржумен əбден қалжыраған
Валерия Ивановна да солай қарағанды.
Лизаның шашы бұрынғысынан да үлбірей түседі. Жанды теңбілдер
бетінен шекесіне, онан иегіне жүгіреді. Ол тұңғыш рет əйел тағымын
тақты, мойнына Витюша сыйлаған алқа, қолына асыл тасы бар сақина
салды, неке балдағын кигелі бір апта болған. Онан басқа түйе құстың
қауырсынынан желдеткіші бар. Қолында күміс шынжырдан тоқыған
сумка, оның ішінде кішкене шыныда иісмай жəне Венеция шілтерімен
жиектеген қол орамал бар. Тілегенінің бəрі болар еді. Бірақ өзімен өзі
оңаша қалу үшін бір минут уақыт тимеді.
Оның көкейіндегі арманы қымбатты затын жоғалтқан, соны
мазасызданып, үміттеніп іздеп жүрген адамның халіне мүлде
ұсамайды. Жоқ! Ол сезіміне лайықты сөз таппақ болғанда есіне түскен
бір ауыз сөз: қайтпастық, Бəрі, де енді қайтып оралмайды. Бірде: не
болса ол болсын,— дегеннен кейін өткендегінің бəрінен бас
тартқандай, ол өзін басқа бөтен Лиза деп білді. Сол өзіне белгісіз басқа
Лизаның саусағындағы асыл тас жүз құбылып жарқырайды, тізесіндегі
желдеткіш бір жазылады, бір жабылады, желдеткіштің қасында кенет
еркектің қолы пайда болады, қол тізеге салмағын салып, көйлегінің
жұқа жіп қызуын өткізеді. Бұрынғы Лиза болса, тізесінде жатқан
желдеткішті де, еркектің қолын да керек қылмас еді, ал мынау жаңа
Лизаға желдеткіш қымбат əсем көрінді, оның үлбіреген мамық жүні
сондай жұмсақ, ол еркектің қолы басын сəл солға бұрып, күйеу деген
ғажап есімді кісіге еріксіз қаратады. Бұрынғы Лиза, мүмкін, мынау
сюртук киген, екі езуінің үстінде ақшыл жыйыршық үскір мұрты бар,
маңдайының дəл ортасына түскен ақсары адуын кекілі бар адамнан
дереу бұрылып кетер еді, ал мынау бөтен Лиза оның жасаураған
көздерінің кішкене тапқыр қарашығына сүзіле қарап, ибамен, сəл
қайғылы күледі. Қонақтар өршеленіп у-шу болып жатқанда, Витюша
əуелі крахмалдаған майлықпен ауызын сүртіп алып, Лизаны бір-екі
рет сүйді. Лиза оның аузы болжыр екенін байқады. Бірақ бұл өзіне
ұнай ма, жоқ па, ол туралы ойланбады. Бəрібір ешнəрсені өзгерте
алмайды: болар іс болды, өт істің бəрі қайтып оралмайды. Бақыт
аңсаған жастық үмітпен мұнан бұлай не болар екен деп күтті.
Той бəсеңдеп, үлкен сый қонақтар тарқап, ауыз үйде «жол аяқ» деп
быжынаған арақ ішіп, қызметкерлерге шайлық бір сом ақша беріп, ал
стол басында Витюшаның достары соңғы бутылкаларды ортаға алып
шуылдасып жатқан кезде, Лиза білдірмей галереяға шықты.
Алыстағы таулар қарауыта бастаған. Олардың төбесінде ғана сөніп
бара жатқан жарықтың күміс қағаздай қылтыраған ақ жиегі көрінеді.
Таудың бауырындағы қаланың үйлері төмен түскен сайын
күңгірттеніп қоюланады. Солардың арасынан аспанның, қайғылы
тіреулері тəрізденіп, пирамида сияқты таныс үш терек сорайып
көрінеді. Күндізгі самал жел əлі басылған жоқ, ол теректердің қарайған
өлік жапырақтарын анда-санда уыстап үріп түсіреді, жапырақтар жанжаққа қалбаңдап тарап, қараңғылыққа жоқ болады. Мектептің алдында
ешкім жоқ, кешқұрым көшелер салқындай түседі, өйткені аптығып күз
де келе жатыр. Енді тез арада Лиза сыртын ақтаған үйді, оның биік үш
күзетшісін көрер ме екен? Күзетшілер бір кезде оның үмітін адал
қорыған болса, қазір бақытсыздығын сондай адал қорып тұр. Барлық
сыры мен барлық үмітінің сақшысы — мынау терезенің алдында тағы
қашан тұрар екен? Əйтпесе, тап қазір, тыныштық минуты орнаған
кезде, неке көйлегі үстінде, гүл жапырағы басында тұрғанда əйнек
арқылы өткендегілердің бəріне «хош» деген ақтық бірауыз сөзін
айтып, бұл араға ешуақытта қайтып оралмайтын бола ма?
Ол осылай стол басындағы шуды елемей, бетін салқын əйнекке
тигізіп тұрды. Бір кезде селк етіп, терезеден бой тартты: аяғының
ұшынан секіре басыл, көңілі орнына түскен, быршыған Меркурий
Авдеевич келеді екен.
— Қызым, — деді ол əдейі жылы, жұмсақ дауыспен сөздің
буындарын бұзбауға тырысып,— жан дегенде жалғызым! Мінеки
ұядан ұшқалы тұрсың. Енді сенің торғайша шырылдағаныңды
естімеймін. Шыр-шыр! Қайдасың?..Ол Лизаны құшақтады, саусақтарына үлбіреген
шырмалды, дудыраған басын қызының иығына сүйеп:
ақ
жаулық
— Қызбен қоштасу оңай дейсің бе? Саған да тəтті емес шығар, əкешешеңе не жорық! Шыр-шыр! Эх, Лизанька! Маған не айтасың? Əкеңе
қоштасарда не айтасың, бозторғайым?
Қыз əкесінің басын қадірлеп көтерді. Жаулығын түзеді, бір адым
кейін шегінді, қабағын тастай түйіп, терезеге қарады.
— Алғыс айтамын, əке,— деді ақырын.— Мен сенің ырқыңнан
шықпадым. Тілегіңді орындадым. Бірақ менің өтінішім бар, əке. Менің
сенен өтінішім...
Сəл кідіріп, қолын терезенің тегіне тіреді.
— Мен мейірбандық тілеймін,— деді кенет дауысын қаттырақ
шығарып.— Мен үйден өзім кетіп бара жатқан жоқпын ғой, сенің
ықтыярың осылай болды. Сен несіне... кім күйінеді, кім сүйінеді дейсің?
Ұядан ұштың дейсің! Бұл туралы ешуақытта сөз болмасын. Əжемнің де
жыламауын өтінем... Қинамаңдар. Тук дəрменім жоқ. Жас төгетін күн
алда. Сорыма қарай... əлі алдымда!
Меркурий Авдеевич қызына мастығы тараған көздерімен қарап,
артына ұстаған екі қолының саусақтарын қусырып, ілгері-кейін сəл
теңселіп тұрды.
— Бекер, — деді əкесі оның булыққан өксігін естіп. — Əкеңе бұлай
жауап беруің дұрыс емес, лайықсыз. Сеніңше əкең сені аямайды, соның
үшін сен де əкеңді аяғың келмейді. Ықтиярың деп кіналайсың.
Аспандағы əкеміздің ықтыяры болмаса, бастағы бір тал шаш өз
бетінше түсе алмайтынын ұмытасың! Не нəрсе болса да соның
ықтыярымен! Ұмыттың ба мұны? Тағы бір нəрсе есіңде болсын:
Күйеумен қалай тұру жөнінде əжеңнен үлгі ал. Ширек ғасыр бойында
ол менің тілімді алмай көрген емес.
— О, егер ол жалғыз рет тіл алмаса,— деді Лиза, — мен қазіргідей
жалғыздық көрмес едім!
Қолындағы желдеткіші түсіп кетіп, оны ақ туфлимен басты. Əкесі
күшене еңкейіп, аяғының астынан желдеткішті алып, сілкіп,
қауырсынын сипап былай деді:
— Ақылға қарсы шығасың. Сені де, əжең екеуімізді де құдайдың
сақтағанына шүкіршілік айт. Егер қазір Шубникова болмасақ, мүмкін,
қара жолға түсіп алып, əлгі бір неменің артына түсіп аяңдар едің...
Ол сөзін бөлді, бірақ Лиза оған сескене қарады.
— Ол туралы не хабарың бар? Айтшы маған, айт... Ол туралы өмір
бойы бірауыз сөз айтпауға уəде берейік!
— Еш хабарым жоқ. Тек сені бақытсыздықтан аман сақтағаны үшін
аллаға рақмет. Біреумен неке қиғанда оны есіңе алуың үлкен күнə.
Біздің бұл дүниеге борышымызды орындау үшін келгеніміз есіңде
болсын.
— Ал, біздің бұл дүниеге неге келгенімізді кім біледі! — деді тағы да
дауыстап, алақанымен мандайын қатты қысты, сол кезде Витюшаның
дауысы естілді.
— Лизанька! Лиза! Уақыт болды, қоштасу керек! — деді.
Екі етегі делеңдеп жүгіріп келді.
— Мен сені іздеп бүкіл үйді араладым! Ренжіп тұрсың ба? Не болды?
— Түк ренжіген жоқ, ренжіп керегі не? — деді жұбатқандай
Меркурий Авдеевич салтанатты күлкімен беттерін жылтыратып. —
Мен алдағы сапарына ізгі тілек айтып тұрмын. Тату, тəтті тұрыңдар,
сүйікті балаларым! Жүріңдер қоштасайық!
Ол еркелетіп жастардың шынтақтарын қосты.
Жұрттың бəрі қонақ үйге жиналып, алқа-қотан тұрды, ортада —
Лиза мен Витюша. Бəрі де тəңірінің анасының «Шерімді тарқата көр»
деген киелі иконасын сүйіп шоқынды. Валерия Ивановна қызын
құшақтап сүйді. Айдауға тілі жетпей, ойындағысын көз жасымен
түсіндірді. Лиза екі көзі оттай жанып, үндемей оның құшағын жазам.
Самай ажалы бар күйеудің серігі иконаны қошаметпен көтеріп,
жастардың алдына түсіп, аяғын ептеп басып есікке қарай жүрді.
Шығарып салушылар соңына ерді.
Есігіндегі мəнері мардымсыздау ақсары карета өзінің былқылдақ
барқыт құшағына Лизаны бүгін үшінші рет қабылдады. Витюша
қасына отырып, белінен құшақтады.- Жол бойы екеуі күйеудің серігіне
қарап күлумен болды: ол иконаны тізесіне салып қарсы алда отыр,
жүріс тербеп ол тез қалғып бастады. Витюша бос қолымен кеудесінен
тіреп еді, қобыраған көкірекшесі шындаған барабанша сытырлап ала
жөнелді.
Жаңа үйі Лизаны тамаша жасалған екі столымен қарсы алды. Біреуі
шараппен, тəтті тағаммен жасалған, екіншісіне Шубниковтар сыйлық
жайып қойыпты. Күмістен, мельхиордан қоладан көз тұнады;
бұлардан қасық, табақша, тұздық құятын ыдыс, пышақ, шанышқылар
алған Дарья Антоновнаның көнелігі мен қабат, əлдебір қойма, аспа,
бокал, фигуралар алған Витюшаның жеңілтектігі көрінеді. Апасы көпті
көрген капитандай кемені алыс сапарға жарақтаса, жиені серуенге
шыққан басы бос пассажир тəрізденіп жүргенге ұқсайды.
Ол адам болмысының жеңіл, сүйкімді жағын ғана қабылдайды, өзі
емес, алдындағылардың қолымен жасалған дайын тұрмысқа ие болған
адамның қайсы болса осылай етеді. Ол қарттардың есепқойлығын
жаратпайды, егер қызықты болмаса ғұрыпты сыйламайды. Жаңа
заманның əдеттерін қымбаттырақ көреді. Қалай дегенмен де
қарттардың заманында синематограф болған жоқ, олар грамафонның
не екенін білмеді, олар адам баласы қанатпен ұшады дегенге сенбеді.
Той тойлап болған соң, олар тор үйде жатып алып, төсектен аяқтарын
шығармайды. Ал Витюша жаңа заманның адамы, сондықтан ол
қалыңдығымен қалайда серуенге шығуға ұйғарды, мəселен, Қырымға,
барқұт маусымына, немесе Санкт-Петербургке барады — бұл керемет
қаласы ғой, онда скетингрингте — жазғы мұз ойнақта жұрт сырғанақ
тебеді, аралдарда тұрып теңізге байыған күнді тамашалайды. Ол
жүргенше бір апталық уақыт еткізу программасын жасап, барлық
газеттегі анонстардың бəрін егжей-тегжейіне дейін жаттап алды. Бір
сөзбен айтқанда, ол қызықты өмір сүре алатын адамдардың қатарына
жатады.
Жақсы əдет қыдырысты қалайда қалалық театрдан бастауды талап
етеді. Онда той болар күннің ертеңіне «Гамлетті» қояды екен. Витюша
гимназис кезінде «Гамлеті»екі рет қолға алып, екеуінде де Елес ғайып
болғаннан кейін іле шала қалғып кепкен еді. Қойылып жатқан
пьесаның аты əжептəуір шетел тілінде—«Гаудеамус»,— деп
аталғанымен көпшілік театрына бару лайықсыздау сияқты, ал Очкин
театрының бір нашар жері онда «Бувальшина», «Каторга» дегендер
ойналып жатыр. Шынында да, некенің астынан шыға сала тұп-тура
Каторгаға» бару ерсі-ақ болар еді. Лиза үшін мұндай сұрақ туған жоқ.
Ол Шекспирді керемет қадірлейтін болып шықты, Витюша бұған таңтамаша қалды, мұндай ұнамсыз, нəрсені жақсы көруге болады деп
сенбеді Дегенмен Елес туралы көрініс шынында да есте
қалатындығын мойындады. Ал программаның екінші бөлегі ол үшін
талқылауға жатпайды. Аэроклубтың тілегі бойынша ипподромда
авиатор Васильевтің «даусыз ең соңғы аспанға ұшуы» көрсетілмек.
(«Жаңбыр бөгет болмайды. Аэроклуб шақырған оркестр ойнайды»).
Француз циркінде төрт пар палуан мерзімсіз батыл шайқасады.
Музыка
училищесінің
залында
орыс
өлеңдерінің
атақты
орындаушысы, жұрт жақсы көретін Надежда Васильевна Плевицкая əн
салады. Ұшуға да, палуандарға да, Плевицкаяға да Лиза ешқандай
қарсылық білдірген жоқ — өзінің Шекспирі үшін қайда болса да баруға
риза сияқты.
Тұңғыш рет күйеуінің ұйықтайтын бөлмесінен таңертең ерте
асханаға шығып отырғанда осы қыдырып қызық көру жоспары еріксіз
көндіретін тамаша болып көрінді. Лиза креслода отыр. Витюша əлі
ұйқыда. Ашық тұрған есіктен оның дем алғаны естіледі. Демалысы
темекі тартатын трубка сияқты ақырын қор-қор етеді. Жарық
күңгірттеу, терезедегі шымылдықтар оны еркін еткізбейді, сомдықтан
сəулесі күміс, бронза сыйлықтарға бозарып түсіп тұр. Лиза қажыған
көздерін əйелдің Мельхиордан жасаған жіңішке ұзынша сымбатынан
барақ жүнді итке, аттың басына, фарфор құмырадан айыр етегін
салбыратқан қарлығаштарға аударды. Темекінің күлін тастайтын
табақшаға, бюварға металдан жасаған ыдысқа қойған осы зоологияны
қасына барып көруге зауқы соқпады. Оларды əлдеқашан көргендей
болады, артық уақыт немесе шамадан тыс бос мезгіл сияқты көп
ұзамай тойдырып жібергендей көрінеді. Бүкіл бөлме кептен бері
таныс үй сияқты, енді көңіл көтеру программасын орындап, қайда
барса да, — ұшуға ма, театрға ма немесе көшеге ме, — түбінде осы
иттеріне, жылқының бастарына, тал шыбықтай бұралған мельхиор
əйелдерге қайтып келуге тиіс тəрізді. Болашағы осылар. Ол лажсыздық
сияқты күні бұрын əзірленіп, маңдайына жазылып қойған. Оның
алдындағы жалғыз жол — көну ғана.
Лиза сыйлық тұрған столды көрмеу үшін көзін жұмды. Ешкім тимей,
жұғыспай оңаша отырғанына кенет қуанды. Аяқтарын бауырына,
креслоға алып, халатын қымтап бірте-бірте ұйқыға кетті.
Кешке ат-арба келді. Күні бойы сыпайы сұғанақтанамын деп
Лизаны ығыр қылған Виктор Семенович театрға жүрер алдында бір
түрлі салтанатты түрге келді. Киінуге күш аяған жоқ. Айнаның
алдынан тізбектеліп, бант, көбелек, келте түйінді талай галстуктар
өтті. Ол құлағын кескен үй қояны сияқты бөлменің ішінде мұрт
шиярымен жүрді. Жилетін киіп қарап, Лизадан:
— Мынау өте жарқын емес пе? — дап сұрады.
Ол Лизаға көйлегін үш рет ауыстырып кигізді, ақырында жарастық
табылды: Лизаның көктемгі салат түсті жібек көйлегіне өзінің кофе
түсті шапаны үйлесе кеткен тəрізді. Лизаны қолынан ұстап, басын бір
жағына қисайтып Витюша айнаның алдында намаз оқыған адамша
тұрды.
— Біз осылай суретке түсуіміз керек,— деді ол.— Қалай пармыз!
Бақыттымын.
Театрда олар «губернатордікі» деп аталатын ортадағы ложаға
отырды. Оларды кербез киінген достары қоршап алды. Қызыл
барқыттан бүрмелеп тіккен ауыр жамылғы ложаның айналасынан
күлтеленіп темен түсіп тұр, жоғарғы жағында қаланың гербі — көк
қалқанның үстіне салған үш бекіре балықтың суреті көрінеді. Жұрт
бұрылып, сыбырласа бастады. Егер Виктор Семенович жасы келген
кісі болса, губернатор дөп ойлауға болар еді, сондай маңғаз.
Бүкіл зал Лизаға алақанының аясындай көрінеді. Орындардың
қатарын тез-тез санап, соңғы жолы Кириллмен отырған орнын тапты.
Онда ақ кірген шаштарын жұмырлап білеулеген екі əйел отыр. Лиза
ложаларға көз жіберді, басын көтеріп, жоғарғы ярустарға қарады,
өрнегі əбден таныс пердеге көз салды, бірақ, ақ кірген шаштар
назарын аудара берді. Ауа жарқыраған бұлдыр сағым сияқты, өзін есте
қалған ескерткіш сияқты көрді. Шексіз көп уақыт бұрын ол сонау
бурыл шашты екі əйелдің орнында отырған еді. Ықтыярынан тыс өзі
де сол əйелдер сияқты тік отырды, қатты көрсет қысып қозғалтпайды,
маңайын айнала қоршаған биік білеу шашы бар. Мүмкін солар сияқты
мұның шашы да ағарған шығар? Не дегенмен де ол Лиза емес. Ол —
Шубникова бикеш, қаладағы атақты мата сатушының əйелі. Бүкіл
театр оны сыбырлап сөз қылып отыр. Өткендегінің бəрі ұмытылды.
Кенет жіңішке үзенгісі үзіліп кеткендей,— ол түстегісі тəрізді
құлдырап төмен ұшып түсті де тағы бұрынғы Лизаға айналды.
Сахна мен екеуінің арасында тағы ешкім жоқ, спектакль бір ғана өзі
үшін ойналып жатқандай, трагедияның тасқыны қалай тартып, жұтып
бара жатқанын ешкім көре алмайды. Алдына Цветухин тағы келді, оны
бір өзі ғана жете жақсы біледі. Өзінен артық, өзінен жақсы ешкім
білмейді. Ол тағы да ерекше, естен кетпейтін көрініс болды, терезенің
алдында күн сəулесінің толқыған ағысына шомылып, Лизаға:
«Театрдан қорқыңыз!» — дегендегісі сияқты, шапанын иығына асып,
əсем қолын қылыштың тұтқасына салын, аспанның адамы сияқты тұр.
Оның бал-шырын дауысының əрбір ырғағы аңсаған тоғанға құйылған
судай сіңді, өзін кім билеп əкеткенін — Данияның принці ме, жоқ Егор
Павлович Цветухин бе, — ажырата алмады.
Витюша əңгіме айтып бөгет жасады. Ол алған əсерін ішіне сыйдыра
алмай, Лиза неғұрлым енжар сөйлескен сайын, сыбырын күшейте
түсті. Үзіліс кезінде Лизаны серуендеу жоспарымен қызықтырмақ
болып, онан да ештеме шықпаған соң өкпелеп еді. Актерлер мен ерлізайыпты Корольдің көрінісі кезінде ол қағазын шытырлатып, шоколад
жеді, сол кезде Лиза күйіксіз салқын қолымен оның саусақтарының
қызу қимылын су сепкендей басты. Ол Шекспирге терең мəн
беретіндігін дəлелдемек болып, енді шікірейіп актерлерге қарап
отырды, ал сөйлесіп отырған себебім ішін пыспасын дегенім еді,
дегендей болады. Шынында да мұндай автордан тəжрибелі адам үлгі
алуға болатын сияқты.
— Сонау бұлтты көресіз бе? Бейне түйе тəрізді,—дейді Гамлет.
— Түскі дұғамен ант етемін, айнымаған түйе екен,— дейді Полоний.
Гамлет. Меніңше ол күзенге ұқсайды.
Полоний. Жотасы нағыз күзен тəрізді.
Гамлет. Немесе киттің жотасына ұқсай ма?
Полоний. Айнымаған кит.
— Неткен пысық! —деді Витюша тамаша көріп.
— Кім? — деді Лиза жалт қарап.
— Анау шал.
— Полоний ма?
— Ага. Аналардың бəрінен сол ақылды.
Лиза басым айналды, деді. Витюша ұшып тұрып еді, Лиза орнына
отырғызып, ложадан жалғыз өзі шығып кетті.
Жан жоқ, жарығын басқан үнсіз фойеде диванға отырды. Тап сол
кезде қасына капельдинер жетіп келіп, Шубникова бикеш сіз боласыз
ба, деп сұрады.
— Шубникова дейсіз бе? — деп Лиза өзіне мүлде таныстығы жоқ
жат сөз естігендей сасып қалды.
— Сізге артист Цветухиннен хат бар.
Лиза қағазды ашып қарап, асығамын деп жыртып та алды, кепке
дейін шимайлап жазған хатты ажыратып оқи алмады. Тек «Сіздің
Цветухин», деп хаттың соңына қойылған қолды көріп, бірінен-бірі
асыға қашқан əріптерге бейімделіп, ежелеп оқып шықты:
«Театрда екеніңізді есітіп, кеше қалаға əйгі болған уақиғаға
байланысты Сізге қайырлы болсын айтқым келеді. Болашағыңыздың
бақытты болуына өте, өте тілектеспін жəне құттықтаймын! Осы
салтанатты уақиғаға байланысты Сіздің құрметіңізге бола ойнаймын.
Спектакльге қарап отырғаныңызға қуанамын, Сізді не айтар екен деп
сабырым қалмайды».
Не айтады! Қарауға күйеуім бөгет жасаған соң, қашып шықтым
демек пе? Немесе, егер Гамлет мысықтың тышқанмен ойнағанын
ойнауын қоймаса, ал тышқан Полоний емес, Лизаның өзі болса, ол
пасық Полоний сияқты Гамлеттің айтқандарын мақұлдай берер едім,
өйткені оның алапатына төтеп бере алмаймын демек пе? Жоқ, жоқ! ол
өзге сөз тауып айтады! Хатыңызға нанбаймын, құттықтағаныңызға
сене алмаймын, бұл некеден сақ бол дегенде сізді шынын айтпады деп
сенгім келмейді дер еді. Тағы да: бүгінгі кеш ложада отырып, театрда
басқа дүниенің ғажап кереметін көрген—арман еткен, жасырын
аңсаған бұрынғы Лизамен қоштасу кеші болды, Цветухинге енді
ешуақытта бұрынғы көзімен қарай алмайды дер еді.
Қағазды тізесіне жайып салып отырды, үстінде тамаша, əсем киімі,
омырауы мен саусақтары толы тағым, сақинаға көрмеге қойғандай
əдемілеп білеулеген шашы. Ойлануға ешбір бөгет жоқ. Кейде есік
арқылы күшенген дауыс келеді, оған киім ілетін жерден біреу
үрейлене жауап бергендей, ал буфеттен біреу өршелене батыл жауап
қайтарғандай болады. Бір кезде бəрі де басылды.
Ложадан абайсызда Витюша жетіп келді.
— Ауырып отырсың ба! Көріп тұрмын! —деді ол шошынып.— Олай
болса үйге қайтайық.
Ол, еңкейіп, қолын созып, хатты көрді де, сол күйі тұрып қалды.
— Мынау хат па?
— Я. Құттықтау ғой,— деп Лиза қағазды бұрынғы бүктесіні
бойынша бүктеді.
— Кімнен?
— Цветухиннен.
— Актерден бе? Таныс па едіңдер?
— Аздап.
Ол қолынан қағазды алып оқымақ болды.
— Хатты сен ажыратып оқи алдың ба?
— Я.
— Не жазыпты! Оқышы.
Лиза қойған қолдан басқасын оқып берді. Ол хатты алды да қолына
алып қарады.
— «Сіздің Цветухин», дей ме? Бұл қалай?
— Не қалайын сұрайсың.
— Оның сіздікі болғаны қалай?
Ол қағазды тəптештеп жилетінің қалтасына салды,
— Араларында бірдеме болып па еді?
— Түсінбеймін.
— Түсінбейтін не бар? —деді ол күдірейіп. — Қысқаша айтқанда,
мұны қысқарту керек. Хат жазысуды. Бəрін де. Ол қалжыңбас адам. Ал
сен... күйеуі бар əйелсің.
Витюша салуалы адамша үстіндегі киімін түзеп, галстугін жөндеді.
— Тағы да үйге шақырамын. Гамлет үшін қиналып отырғаны
құрсын. Расында да Гамлет үшін жаратылған жоқпыз ғой.
— Жақсы. Тек еу əкеп берші,— деді Лиза диванның арқалығына
сүйеніп.
Ол саусақтарының ұшын ерніне тигізіп жөткірді де, өте сыпайы:
«Құп болады!» — деді, сезімдері толық орына түсіп, буфетке қарай
кетті.
— Бірақ жолда капельдинерді көріп, ниеті өзгеріп, мұртын
шымшып, байсалды үнмен:
— Бері қара, шырақ, бір стакан су əкел! — деді.
29
Кешігіп қабағын түйген күздің қара суығында Пастухов үйінен сирек
шығады. Əкесіне көп уақыт қызмет еткен бір ас пісіретін əйел тауып
алып, көп кітаптың ортасында, сəті түспеген пьесаның
кейіпкерлерімен көрісіп, орыстың кеспеден, тарыдан, картоптан
жасайтын қарапайым тамақтарын сыпыра соғып, ас аралас болсын
деп, өз қолымен түрік кофесі мен шарап ысытып ішіп, еріншек қарт
адамдарша жанбастап жата берді. Ол жалғыздықтың көңіл ауанына
ерекше құлақ қояды, көңіл толқыны француздардың ғасырдың аяқ
шеніндегі суреттерінің көзге əрең ілігетін солғын бояуы сияқты,
Пастухов сол суреттерді жақсы көретін жəне олар қараған сайын
өмірге ерекше қайғылы сүйіспеншілік сезім туғызатын.
Осындай томаға тұйық, сəл көңілі босаған адамдай, ол ымырт
алдында далаға қыдыруға шықты. Түнгі қырау тимеген құрғақ көшеде
жаздың тозаңы əлі қап. Ол конус сияқты сары құйын болып шыр
айналып, үйлердің төбесіне көтеріледі, алысты көнілсіз буалдыр тұман
басады. Орамалмен көзін қайта-қайта сүртіп, Пастухов үлкен көшеге
жетті, бірақ көшеде ешкім жоқ, көңілсіз болған соң үйіне қайтуға
ұйғарған еді, «Листоктың» терезесінің алдында тұрған бір топ кісіні
көрді. Газетті аз оқитын болғандықтан, ол хабар білейін деп сонда
бұрылды.
Газеттің соңғы номерін жайып іліп қойған əйнектің алдында жұрт
сығылысып, кейбіреуі еңкейіп оқып тұр. Мелшиген бастар арқылы
Пастухов таныс магазиндердің рамдағы құлақтандыруларын,
театрдың анонстарын, қалалық басқарманың, жаңа мүшелерінің
портреттерін көрді. Солардың ішінен өте жуан, бұжыр комерсант
ерекше көзге түседі, ол қайраткерлерше маңғазданып көшеде талай
көрінетін, сол үшін оны қаланың қолтума атасы деп сайлаған болу
керек. Газетте қызық ешнəрсе жоқ, əйтседе оқушылар қоюланып бара
жатқан қараңғылықпен арпалысып, күңгірт əріптерді ажырату үшін
əйнекке жабысып, азаптанып жатыр.
Бір кезде терезенің шамы жарқ етіп жанды, сарғылт түскен газеттің
бетінен басқа мақалалардың атынан айырмасы жоқ: «Л. Н. Толстойдың
жоқ болып кетуі» дегенді оқыды. Көзі бірінші сөздерді тез шолып өтті.
Телеграф жан түршігерлік суық хабар жеткізді. Орыс елінің жазушысы
үйінен ғайып болды...» Пастухов көздерін қаттырақ сүртті. Көзіне тозаң
көбірек түсіп, ауыртып, ашытып, жас келе берді, келе берді. «...сірə,
өзінің іліміне белгілі дəрежеде қайшы өмір сүруге тура келгенін
алмаған болу керек, бұл жағдай талай рет дөрекі айтылып та келді.
Толстойдың сезікті жаны бұған қынжылмай тұра алмады...»
Бұл не? — деп Пастухов бүкіл денесімен біреудің иығына төне түсті,
көздерін сүзіп, бұлдыраған жазуды аралап оқи бастады: «өз
тілшімізден... Тұрағы белгісіз Алғашқы іздеуден нəтиже шықпады.
Графина Софья Андреевна өзін-өзі өлтірмек болыпты... ат жектірді
жəне Кешкі телеграммалар: Кеше түнгі сағат бір кезінде Толстойдың
семьясы түгел жиналды... семьяның қайғысын айтып жеткізуге
болмайды...»
«...Одеовск уезінің бір жер иемденушісі Толстойды Ризань жолының
поезында, Горбачев пен Белевтің арасында, Оптин шөліне бара
жатқанын көріпті...»
— Рұқсат етіңіз,—деді Пастухов ешкімге қарамай, таң-тамаша
қалып, бүгін айдын нешесі! Мынау ескі газет қой.
— Кешегі. Бүгін шыққан жоқ,— деді бір жылы шырайлы адам,
сыпайы орнын беріп.
— Бүгін не болғаны белгілі болар?—деді Пастухов дауыстап.
— Толстойды айтасыз ба?
— Əрине. Бұл не?—деді ол тағы да сөзін жұрттың бəріне қарап,
бұрылып қарады.
Əрқайсысы өзінше жауап берген, бір-біріне ұсамайтын əралуан
адамдардың келбетін көрді, жып-жылтыр боп қырынған беті əжімəжім біреу, архиерейдің əншісі сияқты ұзын бойлы жылмырайған тағы
біреу, онан кейін түймелерін түгел салған, басында жаңа қалпағы бар
қиқар шал, оның қасында өжеттене қарап тұрған əлі сақал-мұрт
шықпаған жас жігіт, екі гимназист, солардың ортасында көптен бері
алынбаған шикіл сары шашы жалбыраған түсі суық, біреу, тегі мінезі
қатал жұмысшы болу керек, ақырында жаңағы орнын берген банктің
мақтаулы қызметшісі сияқты жылы шырайлы, кісі. Бұл адамдар біресе
айлашыл, өткір, біресе тымыр, кекесін немесе тілектес, өмірге толы
көзқарастарын салып, нағыз əңгіме қашан басталады деп күтеді.
Егер аңғарған болсаңыз, əрине, білесіз, жануарлар, мəселен, мысық
өлерін күні бұрын біліп, үйден кетеді, тыныш елетін орын іздейді,—
деді қитар шал өте ысқаяқ пішінмен түсінік айтып.
— Мысықтың бұған не қатынасы бар? — деді Пастухов.
Гимназистер күлді, ұзын бойлы кісі одырайып олардың төбесінен
қарады.
— Қатынасы мынадай,— деді асықпай қарт,— əсіресе адам баласы
жаратылысы жоғары, мүмкін тіпті аса жоғары жан иесі болғандықтан,
əбігершіл құрғақ мүдделерден аулақ болғысы келеді.
— Білмеймін,— деді Пастухов ойлап.
Оның əдеттегі сыртқы дүниеге қатты құмарлығы тарқап, оның
орнын өзіне-өзі қойған қатал, жалғыз сұрақ қалған тəрізді, бірақ ол
сұрағын дəл айтып бере алмас еді.
— Сөз қылатын не бар? — деп қайырымсыз жігіт менсінбеген
пішінмен басын шайқады. — Шал ақылынан адасқан, ал жұрт екі күн
ұдайымен оны əлдеқандай сөз қылып жүр.
— Ақылды! — деп шикіл сары еркек сұстанып қысқа қайырды.
— Меніңше,— деді ажары шырайлы кісі Паотуховтың жөніне
саусағын ақырын тигізіп,— сіз Николаевич сайып келгенде біз бен
сізден қашып кетті.
— Лёв емес, Лев,— деді гимназистің біреуі.
— Менен неге қашады? — деді наразы боп Пастухов.
— Сіздің жеке өзіңізден емес,— біз бен сізден,— деді ол жұрттың
бəріне күйінішті көзімен қарап.
— Сізден мен де қашып кетер едім, — деп қайырымды жігіт жалт
бұрылып жол арқылы алшаңдап аяндай жөнелді.
— Сені қуып шықса, сонда ғана кетер едің, — деді оған шикіл сары.
Пастухов онша əдеп сақтамай-ақ жұртты қолымен итермелеп шыға
жөнелді. Əйнекті есіктің маңдайшасындағы «Редакция» деген жазуды
көріп, екпінімен есігін ашып, баспалдақтың екі-үш басқышынан бір
аттап екінші этажға шықты.
Бөлмеде, газеттің былжыраған ұзынша гранкалары көл-көсір болып
жатқан столдың басында корректор тұр кем, бұйра шашты аққұба
жігіт, қара жіптен ескен бауы бар пенсне киген, ауызында сасық
трубкасы, үстінде ескі семинария шапаны, оның астынан доңғалақ,
сияқты қисық аяқтары көрінеді.
— Мен Пастуховпын,—деді Александр Владимирович қалпағын
шешіп.
Корректор аузындағы трубкасын алды. Көзілдірігін қағып түсірді,
стаканнан ауызын толтырып суық қара шай жұтты. Аз-кем
абыржығанын басқаны болуы керек, сонан кейін ол не қызмет көрсете
аламын деп сұрап білді.
— Толстой туралы не хабар бар? Табылып па?
— Ол кісі науқас, Астаповода поездан түсіпті.
— Ол қай жер?
— Осы біздің жолда. Алыс емес.
— Анық ешнəрсе бар ма?
— Теруде. Қазір гранкасын əкеледі. Бүкіл Россия бір Гана Толстой
туралы жазады. Зауқыңыз соқса, əзірше мынаны оқи тұрыңыз, ертеңгі
номерге барады.
Ол бірнеше гранканы тандап алып, үйдің бір жағын бөлген керменің
аржағындағы дөңгелек столдың үстіне ағарып қойды. Пастухов столға
барды.
Ол ең алдымен Толстойдың үш портретін көрді — оттискінің қара
бояуы жылтырайды, керосин мен аптеканың исі келеді. Бұл мектеп
христоматияларынан, арзан кітаптардың сурет салған мұқабаларынан,
қолапайсыз үлкен томдардың арасына салатын қатырғы суреттерден
мала жасынан бері таныс портреттер. Портреттердің бірінде Толстой
Пастуховқа өте-мөте тірі адам тəрізді көрінді. Басы үлкен, қаба сақалы
қатты жел үрлегендей бір жағына ойысқан, қабағының астынан жапжарық өткір көздері көрінеді, төбесінде селтиген сұйық шашы бар.
Қарттың жүзінде əрі терең ой, əрі сəл кейістік бар. Қабағының үстіндегі
қаққан қанат тəрізді маңдай əжімі таңғаларлық жазық даланы біреу көп
еңбектеніп соқамен айғыздап, боразда салық тастағандай. Сақалопашының ағы теңіздің көбігі сияқты тап-таза, сол теңіздің көбігінен
жердің көркі — адам нұрланып көрінеді.
Пастуховтың тынысы тоқтап қалды. Ол осы адаммен бірге туып,
бірге есіп, күн сайын бірге өмір сүріп келгенін кенет енді түсінді, бірақ
ауаның бар-жоғын адамның абайламайтыны сияқты ол туралы
ойламапты да. Ешнəрсені ойламай қаннен қаперсіз арқа сүйеп ескен
əкесінен күтпеген жерде айрылып қалған баладай оны қорқынышты
үрей билеп əкетті. Ол қарттың басына үңіліп қарай берді. Ойының
ұшқалақтығы бір ғажап. Көбінесе əлденеге балалық шағы, үлкендердің
берген əлдеқандай зəбірі есіне түседі, бірақ оның қандай зəбір екенін
ажырата алмайды. Сонан кейін ол енді өмірді өзгерту керек, қайтадан
айқын өмір сүре бастау керек деп ойлады. Сонан кейін түрмеден
қашып шығып жаңа өмір бастайтын каторжаниндей өмірді қашудан
бастау керек сияқты көрінді. Ақырында ол мұның бəрі түкке тұрмайды
деп гранкаға кірісті.
«Ұлы ождан» деген редакция мақаласы: «Ұлы кəрияның ұлы жаны
əдеттегі тіршілікке, заманның өтірігіне төзе алмай арпалысып
аласұрды» деген сөздерден басталады. Пастухов ой тоқтата алмай,
көзімен кез келген жерін үзіп алып оқыды. «Жабайы халықтан Қытай
стенасымен бөлінген «мəдениетті қоғам» дегеннің боямалы
шарттылығы...»
Ол бір гранканы ысырып тастап, екіншісін алды. «Ол кетті, оны
іздемеңдер,—дейді екінші мақала.— Ол кетті. Жақсы көретін
кітаптарын салған кішкене чемоданын қолына алып, үстіне жұмыста
киетін кең көйлегін киіп, аяғына шаруаның етігін киіп, кетіп қалды...
Ол енді оңаша қалды, еркін өмір сүру үшін бе, жоқ əлде... оңаша еркін
өлу үшін бе, — кім білсін? Егер ол осы уақытқа дейін өмірін оз
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алғашқы қуаныш - 18
  • Parts
  • Алғашқы қуаныш - 01
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2221
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2187
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2105
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 04
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2139
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 05
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2170
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 06
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2209
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 07
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2153
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 08
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2136
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 09
    Total number of words is 3869
    Total number of unique words is 2136
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 10
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2253
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 11
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2161
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 12
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2249
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 13
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2112
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 14
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2190
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2140
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 16
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2142
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 17
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2318
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 18
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2145
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 19
    Total number of words is 3941
    Total number of unique words is 2208
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 20
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2290
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 21
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2172
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 22
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2182
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 23
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 24
    Total number of words is 3246
    Total number of unique words is 1802
    39.4 of words are in the 2000 most common words
    54.5 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.