Latin Common Turkic

Алғашқы қуаныш - 15

Total number of words is 3900
Total number of unique words is 2140
35.4 of words are in the 2000 most common words
49.8 of words are in the 5000 most common words
56.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
төккен, отын ұсақтаған дыбыс ертелі-кеш естіліп тұрады.
Парабукин қайғырады. Көңіл көтеріп көршісі ғана, ал ол ылғи
керемет туралы сөз қылады, бірақ ол айтқан кереметтің өзінен
аурухананың əсері кетпейді. Көршісі ұзын шашын ағаш майымен
майлап, сенбі сайын сақал-мұртын қырқады, көркін ендеуге жалпы
көңіл бөледі, бірақ бет сүйегі шодырайған емен сияқты өңі ешқандай
ажарлағанға көне қоятын емес. Ол шіркеудің қоңыраушысы екен,
уақыт мерзімін мейрамнан мейрамға дейін ғана есептейді:
— Преображениенің соңғы күнінен Успениенің соңғы күніне дейін
бізде он күн. Қазір Басалу мейрамы. Тағы алты күн. Міне, демек, мені
дұрыс тағамның орнына оқымысты диетамен қинағандарына қаншама
уақыт болған.
Парабукин оны тəлкек қылатын-ды, бірақ ақ көңілділігін ұнатып,
қасіретін сыр қылып айта бастағанын өзі де сезбей қалды:
— Қасірет адамның көркі,—дейді қоңыраушы.— Біздің тіршілігіміз
сондай жасалған — жаманшылық пен жақсылық олжа мен зиян сияқты
жұбын жазбайды, немесе апалы-сіңлілі қыздар сияқты қол ұстасып
жүреді. Бір кезде қандай уақиға болды десеңізші. Ол кезде де менің
ішім ауырған еді, бірақ мен онда Қазан қаласында едім, емханада
жаттым. Менің ішімді жарып, ас жүретін тəжрибе ретінде жол салды.
Сөз арасында айта кетейін, мені шыдай алмас деп қауіптенді.
Студенттер маған: ауруың асқынып кетіпті деп жүрді. Расында да
асқындырып алсам керек, тіршілігім өте ауыр еді. Бірақ докторлар
ішімдегі тəжрибе жолы сəтті болды дегенді айтты. Расында да, күні
осы уақытқа дейін шыдап келдім. Əңгіме менің өзім туралы емес.
Қасымда тап сен сияқты бір нашар еркек ауру жатты, профессорға
көрсетпеді деп ылғи ренжіп жататын. Мен оған сенің профессор
қызығатын ауруың жоқ, ас жүретін жолдарын қалыпша, жат демал,
денсаулық əлі жеңіп кетеді, əлі-ақ жазылып шығасың деп жұбаныш
айтатынмын. Ол ашуланып: «Қайсымыздың ауруымыз қызық екені əлі
белгісіз, сенікі ме, жоқ менікі ме»,— дейтін. Не дерсің оған! Ақыры
дегенін істеді. Профессор тыңдасымен-ақ оны жеке палатаға шығарды,
ваннаға шомылдырды, сақал-шашын алғызды. Басына жастық, үстіне
жұмсақ одеял беріп, тамағын түзеді. Шырағым-ай, аузына не тықпады
—десеңізші! Салқын ас, ыстық тамақ, ет тағы не əлеметтерді берді.
Коридорда кездескенде маған қарағысы келмейді. Жұныттай болып
семірген, шіркеу басы сияқты, қасына баруға бата алмайсың. Кейін бəрі
анықталды: профессор жүрегі оң жағында екен деп тауыпты.
Сорлының бақыты ашылды да кетті: тегін киім, тегін тамақ, сабын,
темекі, шайына қант — керегінше бере береді, ол-ол ма үстіне ақша
қосып төлейтін болды. Не дерсің бұған! Осының бəрі үшін студенттер
күнде таңертең тыңдайды да тықылдатады, бар қызметі осы. Солай ол
жақсы тұрып кетті. Оны қала аралатып, Қазаннан Москваға, онан
Харьковка апаратын болды, қайда барса да тыңдайды да тоқылдатады.
Ол байбатшадан жаман бұрыла алмайтын болыпты, айналасында
бəйек болып кілең студенттер жүреді. Кейін естідік — көп ақша төлеп
шет мемлекет сатып алыпты деп: өздерінен іздеп ондай адам таба
алмаса керек, əлбетте қызғаныш қой. Солай, шырағым, қаңғып жүрген
бишара, күш алыпты тамаша! Мен айналаға көз салып, ойға қаламын:
ғылыми білім үшін екеуміздің қайсымыз берігірек қызық екеніміз
белгісіз, тіршілігіміздің қандай бұлтарыс жасайтыны туралы қасиетті
кітаптарда айтылмаған...
— Тіліңді қасуға шеберсің-ау, — деп күлді Парабукин. Бірақ əрбір
уақиғаны айтып болғаннан кейін бірнеше сағат ойланып, өмірден
бұлтарыс күту мүмкін бе, деп түрлі саққа жориды, ол өмірінің
берекесіздігін арақ алжастырмаған естияр, өткір санасымен осы
аурухананың кереуетінде жатып айқын көрді.
Бір күні таңертең, үйдің əр бұрышында тарелкалар даңғырлап
жатқанда, Парабукиннің палатасындағы ауруларды қарауға шақырып
əкетті де, ол жалғыз қалды. Бұл асып-сасып қауырт істелгендіктен,
жұрт тіксініп қалды, өйткені бəріне əбден қанық аурухананың əдеттегі
тəртібі бұзылды. Аздан кейін палатаның əйнекті есігіне ақжайма іліп,
кереуеттің қасына орындық орнына стол қойылды. Енді бір минуттан
кейін палатаға Парабукин танымайтын доктор кіріп келді. Ол басын
қырған, алтын көзілдірігі бар, өзіне шақ емес таза халатты иығына
жамыла салған біреу. Оған еңгезердей мұртты біреу ере келді, ол есік
алдына тоқтап, ақ жаймамен саңлау біткеннің бəрін мұқият
көлегейледі.
Доктор кереуеттің алдына отыра бергенде, иығынан, халаты түсіп
кетті, сол кезде Парабукин жандармның мундирін көрді.
Кептен бері, темір жолда қызмет еткен кезінен, Парабукин жандарм
шенін жақсы ажырата білетін. Подполковниктерге бірінші дəрежелі
купе... тиесілі, олар қол жетпейтін биіктегі адамдар. Олар үлкен
дүниеден бөлек томаға тұйық теміржол патшалығындағы
жандармерия сияқты өз алдына бөлек бір елдің князьдары тəрізденіп
жүреді. Осы вокзалдардың үрейін алушыларды жек көріп, бір жағынан
қаймығатын теміржолшылар кішісі болсын, улысы болсын иіні келген
жерде олардан өздерінін артықшылығын көрсетуге тырысып
бағатұғын. Кондукторлар жандарм унтерлерін көрсе, бұрылып кетеді,
дистанция бастықтары ротмистрлерді елемеуге тырысады, жол
бастықтары полковниктердің сəлемін əрең алады.
Доктордың халатынан шыға келген Полотенцевпен бетпе-бет
кездескенде Парабукин өзі шапшаң поездың қайта туған
бақылаушысы екенін сезе қалды. Ол купенің есігін сырғытып жіберіп,
əзірейіл пассажирдің дəл үстінен шыққандай болды. Темір жолдан
түнеу үйіне бастап əкелген қазір есте жоқ кіналары туралы өте қатаң
сөздер естуге даяр болды.
Төсегінен басын көтеріп, жүдеу, жүн-жүн бұйра жалы ұйпаланған
күйі подполковникке есі шыға едірейіп қарады.
— Жата бер. Сенің ауруыңды еске алып қажетті жауап алу үшін мен
өзім келдім,— деді Полотенцев.
Осынан кейін естіген сөздеріне жандармның өзі кіріп
келгендегісінен гөрі Парабукин анағұрлым қайран болды.
ІІарабукиннің темір жолдағы қызметі мен өткен тарихын
подполковник мүлде керек қылған жоқ. Оның білгісі келгені —
Цветухин мен Пастухов түнеу үйіне неге барды, олар Тихоннан не
сұрады, Мефодийдің флигеліне олар не мақсатпен барды.
Тергеу басталысымен-ақ ғажап қонақтардың пасхаға келуі есіне
қайта түскенде ол Тихонның көзін тұндырарлық түрге енді. Олардың
келуі жайдан-жай емес, əрине, өздері айтқан мақсат үшін ғана емес
екені кенет айқын сияқты көрінді. Олар түнеу үйімен атағы шыққан
адамдарды, жағалаудың шонжарларын іздегенсіп еді. ал Пастуховтың
ол адамдарды «арыстан» деп атағаны Тихонның есіне түскенде (ол —
е-е-е— деп түшіркеніп қоя берді: «Сендерге қандай арыстандардың
керегін енді (білдім!»). Мəселенің түйіні, əрине, осы арада, ал
Парабукиннің жасыратын түгі де жоқ, сондықтан ол арыстандар
туралы негізгі əңгімені жасырмаққа бекем бел байлады. Өзі қарт
теміржолшы бола тұрып, ол жексұрын жандармға жарамсақтанып
жата ма?
— Есімде түк қалмапты, мəртебелі мырза,— дей берді ол. — Арақ
іштім.
— Немене, есіңнен танып па ең?
— Олай емес, есім бар-ды. Бірақ, дегенмен, арақ ішу циклынан өтіп
жүрдім.
— Əйтеуір сені бірдеме деп азғырды ғой?
— Дұп-дұрыс, азғырды — костюміңді сат деді. Ольга Ивановна,
менің əйелім, соларға деп театрға шоқпыт апарып жүретұғын. Əйелім
шоқпыт жинайды.
— Мүмкін саған ақша берген болар?
— Аша дейсіз бе? Жадымда жоқ.
— Сен Мефодийдің флигеліне қайдан барып шықтың?
— Ғапу етіңіз, бас түзетуге барып ем. Цикл билеген кезде мен, ғапу
етіңіз, қайыршы сияқты болып кетем. Мен жалынып едім, олар аяды.
— Орайына ешбір талап қоймады ма?
— Дұп-дұрыс, талап қойды.
— Я, я?
— Бір стакан арақ берді де, алдыма талап қойды, демек, яғни, маған
шығып тұр, — деді.
— Бəрекелді сықпытына болайын,— деді жиіркеніп Полотенцев. —
Ал енді маскүнем былшылыңды қойып, маған дұрыс жауап бер: сен
пристаньда əлгі оқыс уақиғаға ұшырап, жараланғанда актер Цветухин
қалайша сенің қасыңда бəйек болып жүрді. Тіпті сені ауруханаға да
апарысқан, а? Соншама қандай қызметің сіңіп еді?
— Онда менің есім ауып қалыпты, жадымда жоқ.
— Демек, тағы да əлгі оңбаған циклында болдың ба?
— Мүлде жоқ. Ол кезде, құдайға шүкір, цикл біткен еді. Мен
қабырғам сынғасын ауырлап, аз-кем айқын ақылымнан жазып
қалыппын.
— Не сен алдыңа жан салмаған алаяқсың — деді ашуланып
Полотенцев орнынан тұрып, халатты иығына артып, — немесе сен
барып тұрған былғаныш бетбақсың.
— Дұп-дұрыс,— деп Тихон түрін мүлде есіз адамша бұза қойды, жүнжүн жүдеу беті кісі жиіркенгендей тағыланды.
— Былай,—деді подполковник кетіп бара жатып.— Жазылғаннан
кейін бір нəрсеге мұқтаж болсаң немесе арақ ішкің келсе, біздің
басқармаға маған кел, жəне менің не туралы сұрағаным есіңде болсын.
Ер мойнында қыл арқан шірімес деген. Түсіндің бе?
«Таз шайтанды тұт!» — деді ішінен Парабукин кекетіп. Бойы
жеңілдеп қоя берді. Жандармды алдадым деген сенімге келіп, көңілі
тасты. Жас жігіттей елегізіп менмендік пайда болды: бүкіл вокзалдың
перроны тітіреп жол беретін генералға тетелес дөкейдің өзі тегін келіп
жүрген жоқ, деп ойлады. Жоғары мəртебелі подполковник тақсыр —
болымсыз іске бола босқа азаптанып өзі жүрмейді. Тихон
Парабукиннің жөні басқа. Тихон Парабукин Пастухов мырзамен жəне
Цветухин мырза- мен таныс. Ал бұл мырзаларға қыдыр дарыған,
бастықта соңдарына тегін түсіп жүрген жоқ. Сірə Парабукиннің
өміріндегі бұлтарыс осы арадан басталатын шығар, сорлының
жұлдызы жанып, жаңа жолына жарығын түсірмесе не қылсын.
Ол осы үміті туралы палатадағы көршілеріне айтқанша асықты.
Бірақ олар орындарына тұнжырап, ызақорланып қайтты. Қоңыраушы
ауру адамша дөңбекшіп, теріс қарап жатып алды. Парабукин дауыстап.
еді, жауап бермеді.
— Тыңда, емен бас, — деді Парабукин менен тұмсығыңды неге
жасырасың? Əлі-ақ өкінерсің. Жүрегім он жағымда болып шықты,
естисің бе?
Қоңыраушы теріс қарап жатқан бойы:
— Жаңағы доктор жүрек дертінің маманы ма екен? — деді.
— Солай-солай. Жүрек маманы. Профессор,—деді қарқылдап
Парабукин.
— Тұра тұр. Сені енді ваннаға салып шомылдырады, — деді көршісі
ашумен, палатадағылардың бəрі ду күліп, күлкілеріне қақалды.
Тихон өкпелеп стенаға қарап жатты. Егер мазақ іс болса,
Парабукинді елден бөлек шымылдықтың ішіне қамамас еді деген
сенімге келді ол. Ақжайма есікке асулы күйі əлі тұрған-ды.
Сол күні Аночка Ольга Ивановна пісіріп беріп жіберген сүт кисель
əкелгенде, ол бұрынғыдай емес, қызына қатты қуанды. Темір
кереуеттің шетінде шошайып отырған қызының нəзік қолын өзінің
жұмыссыздықтан бозарған тарбақ саусақтарымен сипап, шешесі
туралы, Павлик туралы, түнеу үй туралы сұрастырды.
— Шешеңе сендерді бағу қиын, — деді ол қаймығып. — Мен дұрыс
өмір сүрмедім, қызым.
— Дұрысы қалай?—деді Аночка. — Əжем сен арақ ішпесең жақсы
болар еді дейді...
— Енді ішпеймін, — деді Парабукин аз ойланып, өкінген адамдай
күрсініп.— Арақ ішуге ден саулығым жарамайды.
Ол Аночканы бауырына тартып, күлді.
— Əкеңнің атақты адам болуын тілейсің бе?
— Қалайша? — деді Аночка.— Артистер сияқты ма?
— Артистерің былай тұрсын! Мені жұрттың бəрі білетін болады.
— Жағалаудағылар ма?
— Жағалаудағыларға мен онсыз да əйгілімін. Жағалаудың керегі не?
— Енді қайда?—деді Аночка терезеге қарап. — Сен артистердей
бола алмайсың. Олар бай.
— Байларды тапқан екенсің! Олар шпалмен жаяу жүреді, ал мен
темір жолда істегенде пружиналы жастықта жатқанмын.
— Ендеше жолға тағы қызметке кірсейші.
— Сен кішкентайсың, түсінбейсің, — деді Парабукин ойланып.
Екеуі біраз үндемей отырды, бір кезде Тихон қасық алып, киселімен
кастрюлді қызының алдына қойды.
— Же.
Қыз басын шайқап, аулағырақ барып отырды. Əкесі қою кисельді
қасығымен іліп алып, қызына ұсынды.
— Же, же дегенде.
Қыз кисельді жалап алып жұтты да, тамсанып көзін жұмып,
бұрынғысынан да əрі барып отырды.
— Бəрібір жемеймін. Сенің тамағың, — деді қыз,— тəтті-ақ екен.
Кенет əкесінің қасына жақын отырды да:
— Генерал сенен не сұрауға келіпті? — деді.
— Оны кім айтты?
— Күтуші əйел айтты. Саған қашан жібереді деп ауыз үйде күтіп
тұрғанда сол айтты.
— Əжеңе айта бар, атақты болыпты де: генералдар келіп тұрады де!
— деді масаттана күліп.
Сол кезде қыз үрейлене сыбырлап:
— Кирилл туралы сұраған жоқ па? Ештеңе айтпа: Кирилл жақсы, —
деді.
— Сенің арашашың ғой,— деді. Тихон түсінем дегендей басын изеп.
— Қорықпа, айтпаймын. Керегі не?
Олар Аночканың бұрында ауруханаға келіп жүргендегісі сияқты бұл
жолы да мейірлері қанып, ақырын қоштасты. Қызы кеткесін ол шымшытырық жат ойларымен оңаша қалды.
Мүлде жазылып кетпесе де, бір жадыраған жарық күні ауруханадан
шықты. Оған Бəрі де күн түспесін деп терезелерінің қақпағын жапқан,
төңірегінде адам көрінбейтін үйлер де, жолдың үлбіреген құрғақ
тозаңын сəл көтерген ыссы жел де жаңғырғандай сүйкімді көрінеді.
Мұнан кеп жылдар бұрын, бала кезінде кез-келген ұсақ-түйектің
бəріне тап осылай қараушы еді, бірақ қазір аштықтан əлсіреген
адамдай сəл меңдеп қалды.
Екі көшенің түйіскен жерінде, қазынаның арақ сататын дүкенінің
қасында, үсті алба-жұлба екі адамды көрді. Біреуі жартылықтың
аузынан арақ ішіп тұр, екіншісі қанша қалдырар екен деп қадағалап
қарап тұр.
— А-байла, артық ішіп қоймасын, — деді кекетіп Парабукин.
Оның сөзіне ешқайсы құлақ асқан жоқ. Қастарынан өтіп бара жатып,
ол арақ ішпегеніне қанша уақыт болғанын ішінен есептеді. Жеті
аптадан асқан екен. Тағы қарады. Енді екіншісі басын шалқитып,
күмістей жарқыраған сусынды аузына құйып жатыр. Тихон тоқтады.
«Қарғыс атқан кереует!» — деген сөз есіне түсті: Ол белбеуінің асты
ашып, босағанын сезді, ас жесе де болар еді. Қалтасын сипалап, күміске
қолы тиді: оны Ольга Ивановна бірде ауруханаға қант əкелуге ұмытып,
өзің сатып ал деп беріп кеткен еді. Қазынаның дүкеніне кіріп, мұрнына
спирттің иісі келгенде, екі тізесі қалтырап қоя берді. Бір шкалик алып,
көшеге шығып, тығынын ұрып шығарып, арақты өңешіне қотара
салды да, жүріп кетті. Бірақ екі-үш үй өткен соң ыдысты тапсырмақ
болып, кері оралды, ыдыстың ақшасын алудың орнына, өзі үшін емес,
өзге біреу үшін сұраған адамдай тағы бір шкалик сұрап күңк етті.
Бутылканы қалтасына салып, аяғын мүлде жаңаша, тез, пысық басып
жүріп келеді, өз бұрышына барғасын, шай үстінде, əйелімен тұрмыс
құру туралы қалай сөйлесетінін ойланды, тұрмысы енді мүлде басқа
разъезге бұрылуға тиісті. Түнеу үйіне таянып қалғанда, үйге арақ алып
барсам, Ольга Ивановна шкаликті тартып алар деген ой сап ете түсті.
Бұрылып, тас үйдің қақпасын тасалап тұрып, арағын асықпай-саспай
аза бойын шымырлатып тітіркеніп ішті. Көшедегі үйлер көзіне
ойнақтағандай көрінді, соған көңілі жайбарақартанып: «Парабукин
тірі!» — деп күбір етті.
Ольга Ивановна Павликті тізесіне салып отыр екен. Күйеуіне
сескене қарады да, көздерін жұмды.
— Келгеніме қуанбадың ба? — деді ол ренжіп. — Əлсіз деп кемсінбе,
ауыртпалығымды салмаспын. Жаңа жұмыс табамын. Бірге тұрамыз.
— Онан да ауруханада қалуың керек еді. Тағы бастапсың ғой:
аяғыңнан əрең тұрсың, — деді Ольга Ивановна жыламсырап, баласына
бетін басып.
— Эх! Тұрмыс деген осы! — деді Тихон палатадағы досын есіне
түсіріп. — Маған сенесің бе, жоқ па? Мен бəрін өзгертіп жіберем,
көрерсің!
Қалтасындағы ыдысты сипады, ақша да бар екен. Ол жалт бұрылып
кетті де қалды. Ольга Ивановна жолын бөгемек болып, бажылдап:
«Тиша!» деп айқайлап еді, ол сəкілердің ара-арасымен жүгіре жөнелді,
тек артында шымылдық желбіреп қала берді.
Ол жағалауға барып, тағы ішкілікке салынды. Өзінің бұрынғы
апанында, пакгауздың діңгектері астында, жөке мен қаптардың
үстінде, ол жетіспей жүрген сезімділікті, ұғынушылық дегенді тапты:
артельдестері отағасын аяп, біреулері жарық дүниеде ұзақ бола
алмассың деп, біреулері арақтың буына қандай дерт болса да төзе
алмайды деп жұбаныш айтқан болды.
Көзі-басы ісіп, үсте жөнді киім де жоқ, ол жағалаудағы
пристаньдарды, жолдарды кезіп жүрді, бір күні түнеу үйінен келіп
шықты, алақанында Аночка базарлыққа əкелген бармақ басындай екі
тəтті наны бар. Көңілі жайдары, бірақ аузына келгенін сөйлейді,
көбінесе артистер. туралы, олармен шынара дос едім, дейді, біресе
олардың тағдыры менің қолымда деп қояды. Кейде кез-келген біреуге:
қарап жүріп өлуге адамгершілігім төзбейді деп изектейді, кейде
оңайлықпен арзан түспеймін деп кесірленеді, сөйтіп жүріп үйінен тағы
қашып кетті, кезіп əлде-қайда жүрді, бір күні оттай өртеген қасірет
қақпалап Пастуховқа алып барды.
Бұл уақиға ымырт кезінде болды. Цветухин досының үйінде,
кешқұрым мұндас адамдардың арасында тұратын іштен сақ, жай
əңгіме айтып отырған-ды. Ол да охранка бөлімінде тергеуде болып еді,
сондықтан болашақ үмітсіз, сүйкімсіз көрінеді. Ол жан түршігерлік
топас балық обқан судың ағысына іліккен жалдай өзіне таныстығы
жоқ істің көмекейіне кетіп бара жатқанын сезіп, бұған кім кінəлі, деген
сұрақты үнемі қойса да, оған жауап таба алмай əрі кейіді, əрі зерікті.
Бұл хал Пастуховтың басынан кешіргеніне ұқсас еді, бірақ мұның өзі де
əлденеге титығына тиді.
Александр Владимирович біреудің есік қаққанын естіп, ашуға барды
да, шегініп кетті. Парабукиннің түрінен адам шошырлық екен,
күлтілдеген бетінің терісі қара күрең, сақал-мұрты ағаштың семген
қабығы сияқты, оңған көйлегі жағасынан етегіне дейін бой-бой, өрімөрім, арасынан жирен жүнді көкірегі көрінеді. Жалаңаяғымен жерді
үнсіз басып, теңселіп төргі бөлмелерге қарай өтде ауамен қалқып келе
жатқандай көрінеді.
— Сіз кім боласыз? Кете қойыңыз, — деді Пастухов үрейлене кері
шегініп.
Парабукин қалықтаған бойы басын иіп, аяқтарын ретсіз сереңдетіп
өрлей берді.
— Кетіңіз, деймін! Сіз массыз! — деді Пастухов жекіріп,
батырсынып.
— Цветухин. Артист мырза! Əсте қуанам,—деді Тихон онша
күрмелмей анық сөйлеп, Егор Павловичті көре сала соған қарай төніп.
— Алғыс айтатын ретім бар. Тілектестік үшін. Адамды а-я-ға-ныңыз
үшін. Өте қуанам. «Алла риза болсын, бірақ күткен жоқ едім» деген сөз
бар. Ал мен күттім. Дəл осындай адамгершілік іс күткен едім. Көмек
қолын ұсыну керек. Сіз сияқты адам өзгеше болуы мүмкін емес. Ақиқат
үшін, халық үшін күресуші Түсінемін.
— Не былшылдап тұрсыз? — деді Цветухин.
Тихон отырмақ болып еді, Пастухов креслоны қағып жіберді.
— Сіз кетуіңіз керек, естідіңіз бе мені?—деді ол нақпадақтап, столға
қарай бара жатқан Парабукиннің жолын бөгеп. — Мұнда түк
жұмысыңыз жоқ. Кетіңіз.
— Құпия пікірлеріңізді бекер жасырасыздар, — деді
Тихон мастығы тарағандай. — Мен бəрін де жақсы түсінемін.
Күмəндеріңіз болмасын: өзіммен бірге көрге кетеді. Артист, мырза
қазаға ұшыраған Парабукинді орналастыруға қатынасты. Сол үшін
ризамын. Ауруханаға емдеуге анарды, өйткені өткір көзбен көріп
бағалады. Мейлінше дұрыс. Сіздерге керек арыстан — Тихон
Парабукин болады.
— Бізге ештеме керек емес, — деді кейіп Пастухов.
— Сіздің жөніңіз басқа, — деді Тихон оған қарап. — Сіздің, мүмкін, өз
есебіңіз бар шығар. Əкеңіз марқұм сияқты, сіз қатынасым жоқ деп
дəлелдемек боласыз ғой. Сіз — сараң адамсыз. Экономикалық адамсыз.
Ал артист мырза — жолдас, адамгершіліктің өзі.
— Сізге не керек? Бас түзету керек пе, солай ма? — деді Цветухин.
Парабукин басын иді, қолының ұшын төсенішке тигізе бергенде
тізелері кілт бүгіліп еденге отыра кетті.
— Не сұмдық! — деді Пастухов дауыстап.
— Креслоға татымаймын. Еден де жарайды, — деді Тихон кекете
күліп, — мен əзірше дəрежесі төмен адаммын, бірақ əзірше! Дəл
осылай. Ал сіздер қажетті істеріңізге көмектесуге маған рұқсат еткен
кезде мен өзімнің нағыз орныма тұрамын. Сол кезде мынау баяғы
еденге отыратын Парабукин еді десе сенбейсіздер əлі.
— Ал, бітіру керек, — деді күйгелектеніп Пастухов, — біз бəрін
түсіндік. Не керек, айтыңыз. Сонымен бітті, бітті!
— Ғапу етіңіз керісінше — мен қандай қызмет етсем болатынын
білейін деп өзім келдім.
— Бізге сізден ешнəрсе де керек емес. Тұрыңыз, жетті.
— Керек емес пе? Ешнəрсе де ме? Жоқ, — ғапу етіңіз. Сіздердің мені
қалай сынап тұрғаныңызды түсінемін: құпия істі маған тапсыруға бола
ма, жоқ па, — осыны білмексіздер. Болады! — деді Парабукин қатты
дауыстап, қолын жоғары созып, селкілдетіп. — Мынау қолға қымбатты
парыздарыңызды салуға болады, оны Парабукин көкірегінде ғана
ұстап, табыттай үнсіз сақтайды. Аузымнан шығармаймын! Өмірді
босқа өткізгім келмейді, мырзалар! Қасиетті іске қызмет еткім келеді.
Сеніңіздер, сеніңіздер Парабукинге! Сіздердің іздеп жүрген
адамыңыздың өзі мен. Бəрін істеймін, бəрінен де тайынбаймын.
Сеніңіздер.
— Дұрыстап айтыңызшы, сізге не керек? — деді тағы да Цветухин.
— Артист мырза! Сіздағы... Александр Владимирович мырза!
Сіздерге енжел алдында тұрғандай (Тихон тағы да қолын селкілдетті)
жан иесі крес алдында тұрғандай жариялаймын: өзімді сіздермен бірге
революцияға қызмет етуге бағыштаймын.
— Мыжу! Mac адамның сандырағы! — деді мазасызданып Цветухин,
үйдің ішінде теңселіп жүре бастады.
— Сенбейсіздер ме? Парабукинніц анты мен адам сөзіне
сенбейсіздер ме? Парабукин сіздерді жандармның алдында арашалап
қалды. Құпияларыңызды өз мойнына алды, сіздердің үкіметке қарсы
астыртын жұмысқа адам іздеп түнеу үйіне қалай келгендеріңізді
айыптады. Бір ауыз сөз айтқан жоқ, адамгершілік жасап ішінде
сақтады!
Пастухов Тихонды иығынан ұстап, жұлмалап, жоғары көтерді.
— Шырағым, өзің нағыз провокатор екенсің ғой, — деді ол. —
Түрегел, городовойға шақырмай тұрғанда жөніңді тап!
— Өз басымды қорламаңыз!—деді айғайлап Парабукин, орнынан
ұшып тұрып Пастуховқа төнді.
Сол кезде Цветухин араға түсті. Тихон оны итеріп жібермек болып
еді, бірақ Цветухин дереу оның екі қолының тобығынан қапсыра ұстап
алып, бар күшімен қысып сыға түсті. Бет құбылысы өшіп, өткірленіп,
Тихонға қадала қарады. Парабукин қолын босатпақ, болып кері бір
аттап еді, Цветухин босатқан жоқ, қайта толық бір адым ілгері басып
жақындап, қолдарын екі жағына жайып, денесі тəніне тие жаздағанша
төніп, саусақтарын батыра түсті.
— Жібер. Жібер тырнақтарыңды! Эх! — деп Тихон ыңырсып қоя
берді. — Парабукиннің күшін кереует əбден сорған екен! — деді.
Ол үсті-үстіне шегініп босаңси берді, ақырында Цветухин оны есікке
итеріп жіберді.
Пастухов күтпеген көрініске қалшиып обыр көзімен қарап, салуалы
сабырлылықпен бақылап тұрды. Досы есікті қалай жауып,
алақандарын үйкелеп қалай сүрткенін, үйдің ернеуіндегі бір нəрсеге
назары ауған адамдай басын қалай жоғары көтеріп алғанын көрді.
Мүмкін ол сəуегей қиялында əлде түсінде бұрын көрген бір уақиғаны
қазір басынан кешірген болар: міне, ол өзіне қарсы қол көтерген
жауызға кез болып, сол көтерулі қолды қапсыра ұстай алып қысты,
жауызды тізесінен отырғызды да, өзі маңғазданып еркімен жөніне
жүріп кетті. Оның басын жоғары көтере түсетін жөні бар, өйткені ол
өзінің ғана емес, мынау досының да жолын тосқан жауызды жоқ
қылды, досы сол үшін ризалық білдіріп, сүйініш көздерімен қарап тұр...
Жоқ, тəкаппарсып, жиіркеніп, кекете қарап тұр, — я, я, кекете қарап
тұр!
Пастухов əуелі сылқ-сылқ күлді, бара-бара қаттырақ, саңғыратып,
ақырында қарқылдап ала жөнелді, бірақ қарқылдаған күлкісін кенет
тоқтатты. Бір минут жым-жырт.
— Сен — сəнқойсың, Цветухин, — деді Пастухов.
— Білмеймін. Мүмкін. Бірақ жаңағы жантүршігерлік кереметті сен
қуып шығара алған жоқсың, мен қуып шығардым.
Бұл жауапты естімеген адамсып, Пастухов тағы да:
— Сенің əлпештеп жүрген əулиең бір күні кеңірдегімізден алады деп
айтпап па ем? Біз сенің сəнқойлығың үшін, түрленем деп əуреленгенің
үшін сазайымызды тарттық. Қарғыс тиген түнеу үйге сені жын бастап
апарған!
— Мен сені зорлағаным жоқ, Александр.
— Керек-ақ еді! Бірақ не пəле сенен басталды. Сенің кесіріңнен мен
мынау үңгірге қамалып, қозғала алмай отырмын. Мүмкін, сенің
кесіріңнен алысқа жер ауып та кетермін.
— Тыңда, Александр, бұл мені жəбірлегенің. Бұл мені қорлағандық.
— Мейлі, қорлана бер, серігің шайтан болсын! — деп ! Пастухов
жанбаған оттықты құшырланып қиратты.
— Мен кетем, Александр,— деді Цветухин біртүрлі дауыспен.
— Рақым ет.
— Қайтып оралмаймын.
— Өте қуанамын. Бір жақсысы қайдағы жарлы-жақыбай, тағы басқа
сенің сүйіктілерін менен аулақ болады.
Цветухин аяғын əрең басып, шапанын, қалпағын тауып алып,
есіктен шығып кеткенше, Пастухов креслода бетін терезеге беріп, бір
аяғын бір аяғының үстіне салып, бұрылмастан теріс қарап отырды.
Сонан кейін бір сауыт оттықты бұрышқа лақтырып жіберіп, орнынан
ұшып тұрып, бірдемелерді айтып күбірлеп, түкірініп, əдеттегі
шікірейген кербездігінен түгел айырылып, үйдің ішінде ілгерілі кейін
безек қақты.
Цветухин көшеге шыққаннан кейін тротуарда арқасын шарбақпен
беріп, жайланып, əлсіреп жатқан Парабукинді көрді, адам аяғын
аяғының үстіне салып, басын қолымен тіреп, ойланып ілгері қарап
кушетканың үстінде дəл осылай жатады. Ол жылап жатқан тəрізді.
Күтілдеген қара күрең беті кеш жарығына жылтырайды. Мүмкін ол
өмірін қайта өзгерте алмайтынын біліп жəне талайды көтерген
кеудесіндегі жүрегі барша пенденікі сияқты сол жағында екенін сезіп,
сондықтан тозығы жеткен немқұрайды өмір үшін қызғылықты
ешнəрсесі жоқ екенін біліп қайғырып жатқан болар. Кім білсін? Оның
жалы желкілдегені күңгірт əрі дымқыл беті алыстан тіпті сұлу сияқты
да көрінеді.
Цветухин оған сəл кідіріп қарады да, шапанының етегін бір серпіп,
көшенің екінші бетіне шықты.
27
Ақырында Вера Никандровнаға арызына жауап алатын күн
белгіленді. Лиза оны қалайда ертіп бармақшы болды.
Палата прокурорының камерасындағы кісі қабылдайтын бөлмеге
жөнделіп жатқандықтан жұрт қора арқылы кіреді екен, келген кісілер
үшін коридорға жалаңаш ағаш дивандар қойыпты. Қызмет басталар
кезде ешкім жоқ еді. Бір кезде ысқырынып шелек көтерген бояушылар
өтті, артынша қызметші келіп, лас еденге қарап, бояушылардың
артынан аузына келгенін сөйлеп жатты.
Вера Никандровна кеңсеге бармақшы болып еді, алдынан
Ознобишин шыға келді. Ол күнде келіп жүретін таныс əйел деп біліп,
прокурордың серігіне айтайын, күте тұрыңыз, деді.
— Сіз біргемісіз?—деді ол кенет тоқтап Лизаға қарап.
— Я, менімен бірге,— деді Извекова.
— Бір іс бойынша ма?
— Жоқ, жол ыңғай ере келіп еді.
— Ғапу етіңіз, сіз— Мешкова болуыңыз керек? Мен сізді гимназияда
оқу бітіргендердің кешінде көрген едім.
— Я,— деді Лиза.
«Қазір сені əшкерелеймін! —деді Ознобишиннің айқын көзқарасы.—
Рас, сенің түк жазығың жоқ, сондықтан аяуға болар еді, — деді
көзқарасына жауап қайтарғандай аузының айналасына түскен
əжімдері. Бірақ, сенің жасырмақ болғандарыңның бəрі əлдеқашан
табылғанын сезу қандай рақат,— дегендей болады жылмырайған
кекесін күлкі. — Барар жерің қалған жоқ, қолға түстің, бірақ қорықпа,
мен саған тимеймін»,— деп кандидаттың мейірбан келбеті жайдары
жұбаныш айтып сендіргендей болады.
— Бірдеме сұрайын деп пе едіңіз?—деді Лиза танымайтын беттің
үнсіз құбылысынан сескеніп.
— Менің білейін дегенім, сіз де Извекова бикеш ізденіп жүрген іс
жайында келді ме екен деген сұрау еді, — деді қуланып Ознобишин,
еркекке ұсамайтын қолдарын уқалады да, кеңсеге кіріп кетті.
— Қандай ғажап адам,— деді Лиза.— Кирилл туралы бəрін де
білетін болу керек, рас па? Неге сұрамадыңыз?
— Мен бір ретте сұрап көріп едім, ол маған: «Іс бойынша берілген
сұрақтарға жауап беру тақсыр прокурордың серігі қарайтын жұмысы»
— дейді. Ал, Лиза,— деп Извекова күрсініп, сүйеніш іздегендей иінін
ақырын ғана тақады,— мен үшін бұл менің барлық өмірім, ал олар үшін
— «іс» қана. Жүздеген «істің» бірі ғана.
Коридордың қалтарысынан қатты күлкі естілді. Екі жас чиновник
жай басып сыртқа шығып барады. Жаңа қырынған толық бетті біреу
ашаңдау жолдасының шынтағын төмен басып, аттаған сайын бір
тоқтап, сөйлеп барады:
— Сонда біздің адвокатсымақ не қулық жасады, десейші? Ол кірпік
қақпастан сот председателінен сөз сұрап алып, «Айыптаушы тақсыр
айтқан статьяға келетін болсақ, сенат комиссиясының 1899 жылдық
10 майындағы 1215 номерлі түсінігіне назар аудару керек, онда бұл
статьяға... өзгеше түсінік берілген»,— деді де орнына отырды. Сот
мəжіліске кетті. Айыптаушы бұлқан-талқан болып Кітапханаға барып
қараса — бұл не сұмдық десейші? — сенат қарарларынан ондай номер
де, май айының ондай күні де табылмайды. Сонан кейін ол
адвокаттардың бөлмесіне барып, түсінесің, бе, қатты кейіп: қорғаушы
мырза сотты шатастырды, өйткені адвокат айтқандай сенат түсінігі
жоқ, табиғатта ондай түсінік болған да емес,— дейді. Сонда біздің
арсыз жайымен былай дейді: «Демек, мен қателескен болуым керек.
Бірақ бұл туралы, прокурор мырза, сіздің сотқа мəжіліс залында
айтуыңыз керек еді, тап қазір кешігіп қалдыңыз, сіздің қызулығыңыз...
іске енді ешқандай ықпал ете алмайды!». Бұл қалай ұнайды саған, а?
Сыңқылдаған қатты күлкі коридорға тағы тарады, сол кезде ашаң
чиновник те асылуға аз қалған жуан серігін шынтағымен сүйрелеп есік
алдына жеткізген еді.
Күлкінің жаңғырығы басыла салысымен коридордың қалтарысынан
кісен-бұғаулары сылдырлап, қасында күзетшісі бар, тұтқын адам
шықты. Олар Извекова мен Лиза отырған диванға қиғаш орын алып,
үн-түн жоқ, сарылып күтуге үйренген адамдарша, жайғасып отырды.
Тұтқын ұзын бойлы, ат жақты ажарлы кісі екен, күңгірт
қарашығында қимыл жоқ, тұнған көздерінде ақылдың белгісі бар.
Салған сурет тəрізді оймақтай əдемі аузын жақшадай əжім құрсауы
қоршаған, ұстара тимеген сақаланың көлеңкесі бет-ажарын
көгілдірлене түскендей. Ол тізелерін жазып отырды. Шұғадан тіккен
шолақ шапанының астынан аяғының арасына түскен жіңішке шынжыр
мұрт сияқты тобыққа қарай екі айырылады. Шынжырдың бірнеше
үзбесі еденге тиіп тұр. Оның қасында күзетші бақалтақ көрінеді.
Жанбасына қара кобураға салған ұзын алтатары сылаңдайды,
кобураның сыртынан шыңылтыр май мылтықтың бар мүшелерін —
серіппесі мен барабанынан бастап үлкен қарауылына дейін айқын
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алғашқы қуаныш - 16
  • Parts
  • Алғашқы қуаныш - 01
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2221
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2187
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2105
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 04
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2139
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 05
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2170
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 06
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2209
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 07
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2153
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 08
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2136
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 09
    Total number of words is 3869
    Total number of unique words is 2136
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 10
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2253
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 11
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2161
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 12
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2249
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 13
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2112
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 14
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2190
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2140
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 16
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2142
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 17
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2318
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 18
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2145
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 19
    Total number of words is 3941
    Total number of unique words is 2208
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 20
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2290
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 21
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2172
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 22
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2182
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 23
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 24
    Total number of words is 3246
    Total number of unique words is 1802
    39.4 of words are in the 2000 most common words
    54.5 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.