Latin Common Turkic

Алғашқы қуаныш - 11

Total number of words is 3925
Total number of unique words is 2161
34.3 of words are in the 2000 most common words
48.8 of words are in the 5000 most common words
57.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
алтын сабы сияқты ақсары. Тырнақтарын алмай кіршіксіз, ұп-ұзын
қылып қоя берген, жазғанда тырнағы өте-мөте ұзын, өте-мөте аппақ
шынашағын қағазға тіреп жазады. Жұмысқа аксельбантсыз китель
киеді екен, сондықтан оның қалпы жолаушы адам сияқты,
подполковник жұмсақ купеде жол жүріп бара жатқан адамдай еркін
отыр, жол ұзақ, орын жайлы, əңгімелесіп отырған серіктері оңды
адамдар, ол қазір шамаданға ашып жіберіп: «Ал, қарайықшы,
қымбатты бəйбішеміз алыс жолға арнап не салды екен», —дейтін
тəрізденеді.
Осындай ақпейіл-ақжарқын тонмен Полотенцев Мешковқа ескерту
айтты: егер қасақана қылмысты жасырып немесе біреуге жала
жапқаны расталса, куəлар жалған жауап бергені үшін қылмыс
жазасына тартылады, деді.
— Түсінем, түсінем,— деді Мешков жайлы сұрақтардың біткенін
бірден сезіп.
Полотенцев Мешковтан пəтершіңіз Рагозин туралы, ол қашып
кеткеннен кейін, қандай хабарыңыз бар, — деп сұрады.
Қашып жүрген адам туралы менің қандай хабарым болушы еді?—
деді тықыршып Мешков.
— Сұрайтұғын сізден мен, ал сіз маған — жауап бересіз, — деді
Полотенцев оның бетін түзеп.
Сонан соң ол қажымай-талмай, Мешковтың ойынша, бір нəрсені
неше саққа жүгіртіп сұрай берді. Рагозинге кім келуші еді, Рагозиннің
үйінде Мешков кімді көрді, Рагозин кімге барып жүруші еді, онан кейін
Рагозиннің əйеліне кім келуші еді, Рагозиннің əйелі кімдерге барушы
еді, Рагозиннің үйінде Мешков кімдерді көрді.
Меркурий Авдеевич қыр соңынан қалмай қайта-қайта қойылған
мүлде мағынасыз сұрақтарды тоқтату үшін, «білмеймін» деудің
орнына басқа бір сөз іздеп ақылын қинай-қинай əбден шаршады, өзінің
өмірін Рагозиндердей пəтерішілерің, бақылау сияқты осындай ерекше
маңызды іске жұмсамай, əлденеге жұмсап келген айыбын енді сезіп,
өзінен-өзі шошынып, жабыға түсті, ал енді қазір, сол кешірілмес
қатенің салдарынан, подполковник Полотенцев сорлап отыр, онымен
бірге өзі де жауапсыз қалған сұрақтарды ойлай-ойлай əбден қиналды.
Меркурий Авдеевич Рагозин туралы оңды сөз айтса болғаны, мəселен,
пəтер ақыны уақытында төлеп тұрған еді десе-ақ, Полотендев дереу
қазбалай бастайды Рагозиннің ақшаны көп жұмсағанын аңғармадыңыз
ба, Рагозин үй тіршілігіне небəрі қанша қаражат жұмсаушы еді,
Рагозиннің жасырын ысырап жұмсайтын əдеттері жоқ па еді, немесе
мүмкін Рагозин ақшаға көзі тоймайтын, ақша жинап жүрген адам ба,
деп сұрай бастайды.
Мешков қасарысып, бұқпантайлап, бір өзіне мəлім құпияларды
жасырған адам болып шықты, сондықтан, əрине, егер подполковник
Полотенцев жақын тартпай, сенімсіздік жасаса, өз обалы өзіне тағы.
— Бүкіл қора-азбарларымен жеке флигеліңізді жалға берген жəне
онда жасырын баспахана орнатөан мемлекет алдында қылмысты
адамның ісі туралы тергеу орындарына сіздің көмектескіңіз келмейді,
деп мен сізді тап осылай түсінуім керек пе? — деді Полотенцев,
шынашағының тырнағын таза қағазға тақап, Мешковтың жауабын
жазуға əзірленді.
— Рұқсат етіңіз, алдияр тақсыр, — деп Меркурий Авдеевич ыршып
түсті, жауапты жазбай тұра тұрыңыз деп жалынған адамша бір қолын
подполковниюке созып, екінші қолымен маңдай терін сүртті.— Заңды
тергеуге қуана-қуана көмектесер едім, егер шамам келсе?
— Бұл не дегеніңіз—шамаңыз келмеуші ме еді! — деп Полотенцев
оны сыпайы қағытты да, қағазды ысырып қойды.—Жарар, басқа
пəтершілеріңіз туралы не білесіз, айтыңыз.
— Басқасы кім? Менде тағы əлгі актер ғана бар.
— Я, я, я, тап сол актер туралы!—деп Полотенцев қуанды. — Аты кім
ол актердің?
— Мефодий...—деді Меркурий Авдеевич; Рагозин туралы тергеуде
тұйыққа қамалған ақылы енді босағанын сезіп, көңілі орнына
түскендей болды. — Ғапу етіңіз, сол Мефодийдің фамилиясы
жадымнан шығып кетіпті...
— Кейін есіңізге түсер, — деді оны жұбатып Полотенцев,— сол
актердің Рагозинмен қатынастары туралы не білесіз? — соны
айтыңыз.
— Менің айтайын дегенім...
— Фамилиясын ұмытқан актермен Рагозиннің қатыстары туралы
не айтайын деп едіңіз?
— Рагозин туралы емес, — деді күдер үзген күңгірт дауыспен
Мешков, — Рагозин туралы емес, қой...
— Я, я, я,— деді Полотенцев есіне енді түсе қалғандай, көзілдірігін
жап-жалтыр төбесіне көтеріп, сығырайған көздерін жұдырықтарымен
уқалады. — Менің, білемісіз, үздіксіз күндіз-түні — Рагозин, Рагозин!
—деуменен оған аузым əбден үйреніп кетіпті. Рагозин туралы емес,
оның қатынастары туралы... кіммен қатынасы бар деп айтпақ едіңіз?
— Яғни Мефодий туралы...—деді батылымсынып Мешков.
— Я, я, я, дəл өзі. Демек, ол кіммен?
— Оның семинарияда бірге оқыған көптен бері досы бар, ол да
актер, Цветухин.
— Цветухин,—деді оның сөзін қостап Полотенцев, өзі дереу қағазға
жармасты. — Ғашық жар əрі ер Цветухин. Ан-ай-ай!
— Жазасыз ба? — деп - сұрады Меркурий Авдеевич.
— Жоқ, жоқ, айта беріңіз. Кейін жазармыз, жазып үлгіреріміз. Тек
ептеп
қарындашпен
ғана.
Демек,
Цветухин
өзінің
досы
Мефодийдікінде болды, онда Рагозинмен кездесті, дедіңіз ғой сіз, —
осылай түсінуім керек пе?
— Жоқ, деді Мешков неғұрлым батыл жауап қайтаруға тырысып. —
Білмейтін нəрсені айта алмаймын. Мефодийге актер Цветухин бір рет
келді. Соның үйінде бір рет, пасхада, Пастуховты да көрдім. Марқұм
Владимир Александровичтің баласын.
— Е-е-е. Демек, Мефодийдікіне жиналғандар... жиналғандар... кəне
кімдерді айтасыз?
— Мен дəл солай дегенім жоқ, алдияр тақсыр. Пəтершім мені
пасхада мейраммен құттықтау үшін үйіне шақырды. Сонда Цветухин
мен Пастуховты кездестірдім.
— Цветухин, Пастухов...—деді қайталап подполковник, жазылған
фамилияларды айнала дөңгелетіп сызды. Пəтершіңізбен кездескенде
тағы кімдер болды?
— Кездескенде бірге болған жоқ, бірақ флигельге келіп, қораның
ішін қарап жүрген түнеу үйінің бір жарлысын көрдім.
— Сіздің түнеу үйіңізден бе?
— Я, түнеу үйінің бір бұрышын жалдап алған семьялы біреу,
маскүнем.
— Оның фамилиясын сіз,
тұжырымды түрде Полотенцев.
əрине,
ұмытқан
боларсыз,
деді
— Фамилиясы Рубакин, немесе... кешіріңіз, оған теріс: Буракин.
— Оқа емес, оқа емес, еске түсіруге уақытыңыз əлі жетеді. Демек,
жиналған пəтершілеріңіз... — деп подполковник асықпай дөңгелектер
сызып, ішіне сұрақ белгілерін жазды.
— Парабукин! — деді жұлып алғандай Мешков, орнынан секіріп
түсті, дереу арқасы кеңейіп əңгімеге көшті.
Шынында да, əдептен безген əлдеқайдағы артистер мен
шимайшылардың өзініі шамына тиген сөздерін толық айтып беруден
Меркурий Авдеевичтің тайсақтайтын не жөні бар? Ол бір ауыз сөз
қоспай, не бір ауыз сөз кемітпей болғанын барынша айтып береді. Рас,
Мефодий туралы да, оның досы Цветухин туралы да жөндеп өз айтуға
болмайды. Сахна мен сауық үшін діни семинарияны тастап кеткен
адамдар ғой, — осылары лайық па? Ал Пастухов деген кім? Ол
театрлар үшін əлдене жазып жүр? Өзінің достарын пасха стихирін
жаратасың деп күлкі қылған құдайға қарсы біреу ғой. Əкесінің
борышын елемей, сонысына қарағанда, алған мирасты жасырып
жүрген адам шығар. Ал, ішкілікке салынған алааяқ Парабукин туралы
оңды сөз айтуға бола ма? Олардың бəріне Меркурий Авдеевичтің жаны
ашып қабырғасы қайысады. Əркімге бір құдай қазы!
— Я, — деп Полотенцев қайғылы əңгімені қостап, тіпті ренжігендей
де болды. Əрі ойлап, бері ойлап келгенде, Меркурий Авдеевич,
қораңызға күдікті адамдарды қоныстандырамын деп қаншама бəлеге
ұшырағаныңызды айтсаңызшы. Сіз оларға бір құдай қазы,— дейсіз.
Құдай-құдай болсын, ал өзін де сорлы болма. Бұл дүниеде біз қазымыз.
Аспапда бізсіз-ақ соттар. Қораңызға, өзіңіздің сөзіңізбен айтқанда,
күдікті адамдар не мақсатпен жиналып, оған Парабукин тəрізді тексіз
немелерді неге қатыстырып жүр? — деп сіз өзіңізге сұрақ та қойып
көрмегенсіз.
— Мен күдікті демеймін, адамгершілік жағын айтамын... —деп
мақта білтеледі Мешков. — Əдепсіз адамдар тəрізді.
— Сіз сияқты діншіл адамның тілімен айтқанда, əдепсіз болса, біздің
заң тілінде сенімсіз деген сөз. Ақыры не болып шықты? Үш
пəтершіңіздің біреуі бақылаудағы адам, Рагозин, екінші қаңғыбас,
Парабукин...
— Ол менің пəтершім бе екен? — деді жалынып Мешков.
— Е, ол менің түнеу үйімде емес, сіздікінде тұрып жатыр ғой?
Подполковник алақандарымен столды қойып қалып, орнынан атып
тұрып, ауыр креслоны дүрілдетіп аяғымен кейін итерді.
— Жоқ, жоқ, құрметті Мешков мырза, сіз өзіңіз қалай, қалай
сөйлейсіз...
Ол көрер көзге күйгелектігін қалайда басқысы келіп, кабинетте
ерсілі-қарсылы жүрді. Аздан кейін Мешковқа таянып келіп, тесіле
қарады, көзілдірігін шешіп, көзіне ұйлыққан ұйқысын ашайын
дегендей, жұдырықтарымен тағы да көздерін уқалады.
— Сізге шынымды айтсам: куə туралы қателескеніңе күтпеген
жерде көзің жетсе, сонан өкінішті нəрсе жоқ. Іс бойынша куə болып
жүрген адамның өзі расында сол істегі қылмысқа қатынасты адам
болып шықса тіпті шатақ, а!
Ол жалт бұрылды.
— Алдияр тақсыр, — деді ақырын мойын ұсынып Мешков,— су
сұрауға рұқсат етіңіз.
— Ах, су дейсіз бе! — деді Полотенцев. — Қазір айтайын! —
Шпорларын көңілді сыңғырлатып, шығып кетті.
Столдың арқалығына шалқайып, Мешков екі қолымен бетін басты.
Екі өкшесін еденге қатты тіремек болды, бірақ өкшелері жай таппай
дір-дір қағып төсенішке тиді.
Кенет есік ашылды. Күтпеген жерде қап-қара ротмистр кіріп келді,
Меркурий Авдеевич қайыршы сияқты Рагозиннің босағасына сүйеніп
тұрғанда жандармдардың үйдің төбесі мен қабырғасына ойнақтаған
үрейлі көлеңкелері мен сол түннің ызғарын ол өзімен ала кіргендей
болды.
— Подполковник шығып кетті ме? — деді ротмистр.
— Тап солай, — деп селк етіп дауыстады Мешков.
— А-а-а—деді ротмистр дауысын созып қуанғандай. — Ескі таныс
екенсіз ғой!
Ол Мешковтың қолын алғысы келгендей екі адым ілгері басты,
бірақ анау орнынан ұшып тұрып екі жарым жолда тоқтай қалып,
түңілген адамдай:
— Əнеугі іс бойынша ма? Я, əкетайым, былыққа кездестіңіз. Енді
кетеді!
— Тақсыp... — деп Мешков сөйлей бастады.
— Жоқ енді, керегі не, керегі не! — деп ротмистр ат-тонын ала
қашты. — Біздің подполковник қалай? А? Ақылды адам. Білесіз бе, ол
қалжыңнан аулақ жүреді, қалжыңды жаратпайды. Үзілді-кесілді
жаратпайды, жоқ.
Ол əскери адамша жалт бұрылып, келгендегісіндей кенет жоқ
болды.
Меркурий Авдеевич тағы да жалғыз қалды, тағы да аяғының
тоңазып дірілдегенін, тула бойы дел-сал болып жүрегі айнығанын
сезіп отырды.
Подполковник келуге асықпады. Келгеннен кейін өзімен ала келген
көк тысты істерді қастерленіп столдың үстіне жайып салды,
тырнағымен бір десте қағазды бөліп алып, қара сауытты жақындатты.
— Мен сізден су ішуге рұқсат сұраған едім, — деді Мешков.
— Су берген жоқ па? Мен айтқанмын, — деп Полотенцев қаламұшын
қолына алды.— Сонымен, протоколға кірісейік. Сіздің Рагозин туралы
берген бағалы жауабыңыздан бастаймыз...
Полотенцевтің үсті-үстіне толтыруына қарамастан, тесік ыдысқа
құйған су сияқты санаға тоқтамай қойған нəрсе туралы стол үстінде
сарылып отырып, сөйлей беруге жігері қалай жеткенін Мешков
түсінбей қойды. Ол таңертең үйінен шығып, жандарм басқармасына
келгеніне қанша уақыт өткенін білмейді. Папканың тысынан жасаған
жасыл қалпағы бар шам əлде қашаннан бері жанып тұрғандай көрінеді,
қағаздың үстінде иреңдеген шынашақтың сезіксіз ақ тырнағы
кəріліктен сарғайған сияқты. Таңертең Валерия Ивановна құйған бір
стакан шай үстіндегі тілше созылған шабан буымен көз алдына
елестеді. Əйелінің— тым болмаса бір жұтсайшы, деп жалынғанын
естіді, бұл сандырақты сапасынан біресе қуып, біресе жанталаса қайта
есіне түсірді. Сөз ол үшін өзінің мəн-мағынасын жойды, сондықтан
тергеу біткеннен кейін де, ол əлденені күбірлеп айта берді.
Ол теңселіп, коридордың бойымен алдыңғы бөлменің əйнекті
үйшігіне əрең жетіп, есіктің тұтқасынан енді ұстай бергенде, арт
жағынан біреу ақырып:
— Айыпкер Мешков! — деді.
Жандарм унтері26 коридордың бойымен жүгіре басып қуып келеді.
— Мешковпысың?
— Мешков менмін, бірақ мен айыпкер емеспін, куəмін, — деді
күбірлеп Меркурий Авдеевич.
— Подполковник келсін дейді.
Меркурий Авдеевич кері бұрылып, стенаға таяу жұрт келеді.
Полотенцев столдан тұрып, қарсы шықты.
— Ғапу етіңіз, мен сізді бір минутке кідіртемін, — деді ол шынымен
өкінген адамдай абыржығансып. — Кейбір қосалқы сұрақтар есіме
түскені. Менің білуімше, сіздің қызыңыз Кирилл Извеков деген жас
жігітпен өте дос болу керек. Қате ме? Жоқ па? Менің білейін дегенім —
сол жас жігіт үйіңізде болды ма, жоқ па?
Меркурий Авдеевичтің көз алдында ап-айқын болып сайрап, ымырт
қараңғысында тужурканың төртпақ жауырыны мен ағараңдаған ақ
жаға көрінді, ол жылт етіп есіктің аржағына жоқ болды. Жалма-жан сол
ақ жарамен қабат Лизаның үйде киетін көйлегінің көк жолақтары ойсанасы алдында бұлдырап өтіп жатты. Сонан кейін Рагозин флигелінің
терезесіндегі жарық түскен қызыл-қоңыр перде мен жоғарғы
галереядан тым-тырыс қораға үңіле қарап тұрған Меркурий
Авдеевичтің өзі елестеді.
Ол мең-зең болып подполковникке қарады.
Полотенцев үндеген жоқ. Бір кезде ол есіне бірдеме түсе қалғандай
сыпайы сөйлей бастады:
— Мен сіздің қатты шаршағаныңызды көріп тұрмын, қыр соңымнан
қалмады деп сөге-жамандамаңыз. Оның үстіне менің сұрағанымды
келесі жолға қалдыруға əбден болады. Менің сізге айтпағым бір ғана
нəрсе: əлгі қызыңыздың жас досы да мемлекет алдында қылмыс
жасағаны үшін жауапқа тартылып отыр. Сондықтан сізден өтінішім
келесі жолы сол жігіттің үйіңізде болған-болмағанын қалай да есіңізге
түсіріңіз. Ол туралы да, қызыңыз туралы да мəселені түпкілікті ашып
алу керек. Ал енді сау болыңыз. Соншама қиналыпсыз! Кешіріңіз
кінəмді, кешіріңіз! Қызмет қарызы ғой!
Кешеде Меркурий Авдеевич есін жаңа жинаған мас адамша аяғын
əрең басып келеді. Кербездігінен түк қалмапты. Пенжагі біртүрлі
солбырап, шалбарының тізелері делдиіп кеткен. Ұйпаланған жат
мұртының астында еріндерін əрдайым сезеді. Ол көпке дейін көз
алдында қалтыраған тұманның не екенін түсіне алмады. Тек бірнеше
квартал өткеннен кейін қыр соңынан қалмай келе жатқан шіркейлер
екенін аңғарды, көшедегі фонарьлардың қасынан өткенде шіркейлер
бронза сияқты көрінеді. Шіркейлерді ол қуалай бастады. Бірақ сықақ
қой сағымдай орағытып олар алдына түсті де отырды.
Кенет Меркурий Авдеевич тақтай қалды. Ұзақты күн есіне келмеген
жұбаныш санасына сайрап түсе кетті.
«Мейлі қасақана жасырған-ақ болайын, мейлі! Бірақ Лизаветаны
ұстап бермеймін, Лизаветаны аман алып қаламын...»
Ол сақалын сипады, қатырғы қалпағын жөндеңкіреп киді, аяғының
ұшынан болар-болмас сылтып басатын əдеттегі алып қалпына
түскендей. болды.
21
Бір күні, Ит Липкасында, Лиза философиялық, əңгіме дейтін бір
əңгімеде тағдыр не деген мəселе сөз болды.
Кирилл адамның уақиғалардан тəуелділігін осы сөзбен атайтын
болу керек деді. Бұл түсінік Лизаға ұнамады.
— Егер ешқандай уақиға болмаса ше? — деп ол қарсы болды. — Егер
ешнəрсе болмаса, əншейін кəдімгі уақыт өтіп жатса, немесе ол өтпей
тоқтап тұрса, жалпы айтқанда — зерігуден басқа түк болмаса ше?
Сонда қалай, тағдыр жоқ болып кете ме?
Жоқ, Кирилл уақиғасыз уақыт болмайды, зерігу дегеніміздің əзі —
уақиға деп санайды. — Жақсы, — деді Лиза, — мейлі, уақиға алуан
түрлі болады дейік. Бірақ олардың ешнəрсені елең қылмай тоқтаусыз
өтіп жататынын түсінесің бе? Адамның оған еті үйреніп, мүмкін ол
бақытты да болған болар. Бірақ бір күні ойламаған жерде соның бəрі
астан-кестен болады. Бұл қалай?
— Не айтып отырсың? — деп сұрады Кирилл. — Жеке бастың
бақыты туралы ма? Адам өз бақытының ұстасы екенін сен білесің ғой.
Бірақ Лиза көнгісі келмеді.
— Ұста өзінің дүкенінде темір соғып, бəрі де жақсы деп жүргенде,
дүкені жанып кетіп, өзі құр алақан қалса, не болғаны?
— Өрт болғаны, — деді Кирилл күліп.
Ол бір нəрсені түсіндіре алмаса, əзілге айналдыруды жақсы көруші
еді. Сонымен бірге ол — болашақтан үнемі бақыт іздейтін. Ал Лиза
көбінесе күні бұрын əлдене сезеді, тап қазір де ол бір пəлені сезіп,
сезімі алдамайтындығына көзі жетіп отыр, тағдыр туралы күндіз сөз
қылғанда ол дұрысын айттым деп біледі: бұрын бəрі де əдеттегідей-ақ
еді, ол бақытты еді, ойламаған жерде оның өмірінен біреу Кириллді
жұлып алды. Бəрі де əдеттегідей еді, ол бақытты еді, ойламаған жерде
оның үйінде бұрын түн ұйықтаса түсіне кірмеген бір есім пайда болды,
ол Виктор Семенович Шубников. Тағдыр дегеніміз осы.
Қара əйнекке алтынмен — Шубников, — деп жазылған екі
маңдайша қалаға əбден əйгілі болатын. Біреуі— жоғарғы базардың
қарсысындағы магазинде екіншісі — базардың қатарында, оның ең
қалың ортасында тұрған үлкен дүкеннің маңдайында еді. Екеуінде де
қызыл матамен сауда жасайды. Магазинде қымбатты мата-шуға,
барқыт, жібек; дүкенде—көп қолды сарпинка, сатен сатылады.
Сауданы жүргізетін жесір əйел Шубникова, Дарья Антоновна,
көмекшісі Витенька деген жиені, оны бала жасынан ерке өсіріп,
түбінде осы мирасқор болар деп жүретін.
Ол жақсы киінуді жаратады, сыпайы шаштараз зығыр түстес
шашын қыздырған қышқашпен жөндеп жатқанда, креслода аузына
келгенін көкіп отыруды дəреже көретін, газеттегі құлақтандырулар
бойынша Варшавадан мұртшияр алдырып немесе Лодзидағы гигиена
фирмасы ойлап шығарған бет сылайтын гуттаперча27 құрал алдырып
ойына келгенін жасайтын жиырма жастағы Виктор Семенович жанын
қинап үлкен еңбек сіңіруді жықтырмайтын, жастардың арасында аты
шыққан жігіт еді. Ол спортқұмар, əрі шыдамсыз жан болғандықтан
толық білім ала алмады, бірақ обалына не керек, ғылымның соңына
түсіп талай талпынып қарады, бір гимназияны тастап, екінші
гимназияға да ауысты, сауда оқуын, орта мектепті де байқап көрді,
сөйтіп жүргенде өз магазинінен таңдаулы шуға алдырып, əр мектебіне
лайықты киім тіктіре беретін болды, ақыр соңында сол толып жатқан
формалы фуражкаларының бəрін былай тастап, велосипетшілердің
əсем кепкасын киіп алды.
Велосипедті
ол
өте
жақсы
жүргізеді,
нағыз
ұшқыр
велосипедшілерше биік ерден иіліп, алдындағы буйволдың мүйізі
сияқты имиген резинкалы тұтқаны құшып жатып алады. Ол бəйгі
аламын деп трек28 бойынша жүріп те əдіс алды, бірақ бұрылыста ұшып
түсіп, тізесін жаралады, жарыста жолы болған басқа адамдарды ішінен
көре алмай күндегендей де болды.
Ал салт жүргенде оған ешкім ере алмайды. Арқадан, Бұқар жағынан,
бір шабдар жорға алдырды. Жорғасының жүні ұйпаланған, құйрық-
жалы ағараңдаған қораш мал еді. Наурыз күндері ол бір кісі əрең
сыйып отыратын кішкентай жеңіл шанаға жорғасын жегіп алып,
атсейстердің алдында ойқастап бөсіп жүретін. Үлкен шанаға жуас
тройка немесе пар ат жегіп шыққандар бұрылуға қорқатын, тек таза
арғымақтар ғана жүретін. Үлкен Кострижная көшесінде Виктор
Семенович өзінің кішкене перісімен нелер керемет көрсетті.
Өжеттеніп, ойнатқан, пəрменімен ұшқан аттың жүрісі əрі сұлу, əрі
көңілді, бірақ онан гөрі ат айдаушының көшірлік өнері жұрттың бəріне
өте-мөте ұнайды. Ол жай жүрмейді, шаппайды, ұшпайды да: даңғыл
жолды былай тастап, жер əлемінен мүлде қол үзіп, ұн сияқты ақша
қарға бөленген бір кереметтей жұлдыз құртша ағады, оны шанада
отыр деуге болмайды, ол домбыраның шегі сияқты қос делбеге
байлаған сақпан тəрізді аязды ауаға лақтырған тастай. Шананың бір
жағына ойысып отырып алып, оны жанбастатып бір табанымен
жүргізеді, сығырайған көздерін тігіп, жалындай сүйреңдеген аттың
ұзын құйрығы мен тұяғынан ұшқан мұздан жалтарып, ол метеораттың артында құстай ағады, тек ара-тұра:
— Эй! Эй! Эй! — деп атты көтермелеп қояды.
— Витюша! Бас, бас!—деп достары тротуардан айқай салады.
Ол басқан үстіне баса түседі. Орелдің талай желгіштерінен озып, тек
желдің ысқырығы мен жентек қардың шанаға сатырлап тигені
болмаса, басқа түк естімейді.
Құмар болушылықтың қандайы болмасын, оның ішінде ат шаптыру
қызығы да, қазасыз болмайды, сол сияқты Виктор Семенович
ынсапсыз əуесқойлығы үшін жазатайым бола жаздады. Бір абройлы
сот чиновнигі, палата прокурорының серігі, оразадағы атшабыс
кезінде көшеден өтіп бара жатып тайып құлап, аяғы зақым болды, дəл
сол кезде Шубников жорғасымен құлап жатқан чиновниктің қасынан
заулатып өте шыққан , болатын. Егер ол басқа жерде істейтін адам
болса, уақиға аяқсыз қалар еді, бірақ заң орны іске өзгеше бағыт беріп,
төре əзі қулаған жоқ, аттық екпіні қағып құлатты, тек əлдеқалай
өлімнен аман қалыпты, — деп лақап жайды. Іс бір жылға созылды.
Дарья Антоновна жиенін құтқарамын деп сот кеңселерінің бірі аласа,
бірі биік — талай табалдырығын аттады, ақырында дау қазаға
ұшыраған кісінің емделуге жұмсаған қаражатын өтеумен тынды.
Витеньканың ер атағы осы уақиғадан кейін арта түсті, сондықтан
атышулы уақиғаның бас геройы көшедегі жұрттың көзіне ерекше
белок түсу үшін əдейі крем түсті шевиоттан бүрмелі шекпен тіктіріп
киіп жүретін болды.
Дарья Антоновна жиенін күтіп, еркелетіп өсірді, тілегінің бəрін
дерлік орындады, бірақ жанына батырып жұмыс істеткен жоқ: мен
өлсем өзі-ақ тырбанар, деп ойлады. Үйдің бір жағын соған беріп
қойған-ды. Ол үйіне ат туралы, коньки, велосипед, қайық спорты
туралы кітаптар мен майда ақшаның, медальдардың тізімін көп
жинады, шкафтарына костюмдарын ағаш иыққа асып қаз-қатар іле
берді, рупоры тромбондай жарқыраған грамофон сатып алып
Вяльцева мен Вера Панинаның əніне қосылып, ванна бөлмесінде
фотография жасап, бетін сылап, безеуімен арпалысып жүрді.
Биыл жаз ол өз жағын өңдетемін деп əлек салып, Дарья Антоновна
екеуі Мешковтың дүкеніне обой алуға барды. Меркурий Авдеевич
оларға отыратын стол қойып, товарын өз қолымен жайып көрсетті,
приказчик шиыршықтаған əртүрлі обойларды өреден алып, жазып,
рет-ретімен иесіне беріп тұрды. Товар алушылар тым тыңдағыш екен,
бірақ. Меркурий Авдеевичке бұл тек қамшы болды. Шубниковтардың
бағасын, төрде отырып таңдауға правосы бар екенін ол əбден біледі,
сондықтан өзінің саудагерлік өнерін тоты құстың құйрығындай
күлтелендіріп жайнатып жіберді.
— Немесе, мінеки, мынаны көріңіз, кабинетке өте лайықты, бұдыр
суреттің бір түрі, — деді ол тамсанып. — Егер мынадан гөрі сəл
күңгірттеу келген бозғылт түстісінен белдеулікке дейін айнала ұстап,
жоғарғы жиегін мынау сияқты ақшылдауымен көмкерсеңіз өте
жарасымды болады. Тым күңгірт дейсіз бе? Əрине, бұдан гөрі
ақшылдауын табуға болады. Бірақ қай уақытта болса да əр бөлменің
көркі бояуы жағынан өзгеше болғаны жөн, бір-бірінен айырмасы болу
керек. Болмаса мына ең соңғы шыққан мəнерден алыңыз — уқалаған
атлас сияқты. Егер бөлменің жасауы жақсы болса, мəселен, жаңа
заманға лайықты модерн болса... Қонақ үйдегі мебельдеріңіз қандай?
Модерн емес пе?
— Менің мебелім Венада иіп жасаған,— деді Виктор Семенович.
— Ендеше Вена мебеліне мынау өте лайықты. Қараңызшы, мынадай
түсі тамаша обойға айнала биік белдеу салса, қайтер еді.
— Үйдің төбесі туралы пікіріңіз қандай? — деді Шубников.
— Мен жаңа ғана айтқалы тұр ем. Сіздер карнизді бояйсыздар ма?
Жоқ па? Олай болса, жиек салмай болмайды. Егер үйдің төбесі тегіс ақ
болып, обоймен екеуінің арасына, айталық, мынадай жасыл түсті жиек
ұстаса, керемет көз тартар еді. Немесе ең, тəуірі... Петя, есімдік түсті
өрнектің барлығын əкелші.
Таңдаудың қызығына əбден түсіп, көз алдында кемпірқосақша
теңселген ала қағаздан адамның басы айнала бастаған кезде,
магазинге Лиза кіріп келді. Шешесі оны Меркурий Авдеевичке жұмсап
жіберген екен, ол кісілерді жөнелткенше тұра тұр деп, күттірін қойды.
Қыз кассаға барып, прилавканың үстіне газетін жайды. Оған не оқыса
да, — балық өндірісі иелерінің əрекеті туралы фельетон ба, қалалық
басқармадағы айтыс па, кеме жолының хроникасы ма, —бəрібір, ол
үшін барлық сөздің мағынасы біреу-ақ. Олар не айтпасын, оның
көңіліндегісі өзінің бақытсыздығы ғана. Көзі жол аяғына дейін оқып
үлгірмесе де, қолы газеттің бетін аудара бастайды, əлден уақытта бір
оқығанын жаңадан қайта оқиды.
Қыз келгеннен кейін көңілі бөлінген тағы бір адам табылды.
Шиыршықтаған қағаз судырап жазылады, приказчик баспалдақ қойып
жоғары шығып, өрелерді аралайды, Меркурий Авдеевич өзінің
шешендігіне насаттанады, бірақ Виктор Семенович үшін белдеу, жиек,
көмкеру дегендер атымен жоғалып кетті: қағаз атаулының ішінде
оның есін кетіргені прилавкадағы қыздың нəзік саусақтары мен
асықпай аударған газет. Лизаны анықтап көру үшін орнынан тұрып, ол
Меркурий Авдеевичтің айтқанын аты-жөні жоқ мақұлдай берді.
Мұртын шиырып (екі езуінің үстіндегі болар-болмас ақ шиыршығы
болмаса мұрнының асты əлі аман болатын), иықтарын қағып,
тыпыршып, Лиза көзін көтеріп тым болмаса бір қарар ма екен деп
күтіп тұрды, өйткені қыз мана əкесімен сөйлесіп тұрғанда оның
көздеріне бір шомып үлгірген-ді. Бірақ қыз газеттен көзін алмады,
кейін осы кездейсоқ, ұшырасуы есіне түскенде Виктор Семенович таң
қалып, Лиза бірден өнегелі сұлу қыз болып көрінсе де, газет қарау
сияқты еркекке лайықты табиғатына қайшы іспен шұғылданғаны
қалай деп ойлады. Егер ол сөйлесе қалса, ең, алдымен əрине, газеттен
не қызық тапқанын сұрар еді. Ал Лиза бұл сұрақты естісе, мүмкін,
қайран қалып: «Мен газет оқыдым ба?» — дер еді. Егер қызыл тілдің
майын тамызған Меркурий Авдеевичтің орнында Лиза болып: «Мынау
тым жақсы обой», — дей салса болғаны, Виктор Семенович сол
обоймен барлық бөлмелерін желімдеуге əзір. Бірақ қыз кісілерге
қарамай-ақ қойды, əбден жалыққанша күттіріп, ақырында дүкеннің
екінші жағына барып жоқ болды.
Виктор Семеновичтің тума мінезінің бір қасиеті — шыдамсыздық
Нянькалары оған «бір айтар» деп ат қойды. Бір нəрсеге көңілі ауса,
қашан тілегі орындалғанша, кірпік қақпайтын-ды. Сəби кезінде ең
əуелі еркін тілі келген сөзі «əже» де емес, «тəте» де емес, «жібер» деген
сөз еді. Бір жерге барғысы келсе титтей қолдарымен нянькаларын,
басқа балаларды итермелеп: «Жібер, жібер!» — дейтұғын. Дарья
Антоновна жиенінің үй жөндетуге кенет құлқы болмай, мұңайып,
бұрынғысынан да жақсы киініп, үйге не себепті тұрмай жүргенін
түсініп басын изеді, ол Настенька деген бір əйелге Лиза Мешкованың
суретін тауып бер деп тапсырып, барлық сырын ашып алды. Бəрі де
таң жарығындай ап-айқын болды.
Настенька өзін осы үйдің жақынының деп санайды, ол мұнда бірер
жұма болып, ара-тұра басқа таныстарына немесе монастырьға намаз
оқуға кетіп қалып жүреді. Майда тілімен, кісіге жақсы тілектестігімен,
еңбексіз қызмет көрсетуге əзірлігімен кісінің көңілін аулауға епті адам.
Беті қара ерікке сəл ұқсайды — жылтырап тоқмейілсіп тұрады, жас
қара көздерінде өмір қуанышы ойнақшиды, бірақ солай болса да жұрт
оны намазын тастамайтын орнықты əйел деп біледі, тəтті тамаққа өте
құмар болса да, оны оразасын тастамайтын тақуа ден біледі. Біреуден
ебін тауып сый-сыбаға алуға, қабылдауға да енері асқан адам, берген
адам сыйлық беріп тұрған өзі емес, қайта мынау қамқоршы əйел деп
ойлап қалады.
Көктемде оқу бітірген гимназисткалардың суретін түсірген
фотографтың бабын табу оған оп-оңай болды. Настенька Лиза
Мешкованың суреті өте ізгі мақсатқа керек болып тұрғанын оған жете
ұғындырды, сондықтан фотограф кəсібінің дəрежесі артқанын көріп,
төбесі көкке жеткендей болды.
Лиза суретте көңілсіз көрінеді, дөңгелек жүзі ұйпаланып қауқиған
үлпек шашының қоршауына қалай жараса қалғанын көз ажырата
алмайды. Əлде бір қиял көзінен ғана емес, қолына алсаң, бүкіл
суретінен сезіледі. Суретті қолына алғанда Виктор Семенович өткен
өмірі мынау жұпар иісі аңқыған орданың алдындағы қара
баспалдағынан артық емес екенін сезді, сол үйдің терезесіне сұқтана
қарап, енді ішіне қалай кірем деген арман сабырын əбден кетірді. Оның
əлденеге жүрегі елжірейді, біресе жылан, біресе ұзақты күн ұйқылыояу диванда аунап жатады, бал аштырады, өз атынан біреуге дуға
оқытады, ұйқым қашты деп доктор шақыртады, біресе жаңа костюм
піштіремін деп тігінші шақыртады.
Настенька мен Дарья Антоновна қызу əзірлік жұмыстарын жүргізіп,
Мешковтардікі«де Шубниковтардың есімі жиі естіле бастайтын болды.
Алыстан бастаған астыртын жұмыс ақыр соңында Меркурий
Авдеевичтің, бір күні Дарья Антоновна шай ішуге келеді деген
хабарына апарып соқты.
— Біздің үйдің шайына неге қызығады? — деді Лиза əкесіне одырая
қарап.
— Көп жылдан бөрі магазиніміз көрші болғанымен, үй іші бірін-бірі
танымайды,— деді Меркурий Авдеевич.
— Енді қандай өзгеріс бола қалды?
— Я, кейбір жағдай өзгерді, жаным. Мен кеше қарыз қағаздарымды
өтеу үшін банкке барып, кассаның алдында күтіп тұр едім. Банктің
директоры қасымнан өтіп бара жатып мені көрді де тоқтай қалды:
«Мешков мырза, күтіп əуре болмауыңызды өтінем, тұп-тура менің
кабинетіме барыңыз. Мен өзім айтып ісіңізді жөндеттіріп берейін,
қызметкерлер дереу бəрін өздері үлгіртеді!» — деді, қолымды алып
амандасты. Бұрын банктің директоры Мешковты елемес те еді...
Сонымен августың бір ыссы күнінде, түс ауа Шубниковтар
Настеньканы ертіп, Мешковтікіне жексенбі пирогін жеуге келді.
Виктор Семенович баршын түсті костюмы мен жағасы биік мəнерлі
жилетін киді. Жилеттің жанқалтасынан сағаттың бауы — шынжыр
емес, қысқа қара жібек сағатының бауы лента көрінеді, баудың шетінде
бір бұрышын конверт сияқты қылып бүктеген алтын пластинка бар.
Бұрышында қызыл гауһар тас.
Күн тымырсық ыссы болғандықтан пенжагін ағытқан. Жилетіндегі
сағаттың сылдырмағы дем алған сайын жарқ-жұрқ етеді. Виктор
Семенович жиі-жиі дем алады. Талай рет сөз бастап-ақ еді, Лиза
үндемей қойды. Оның кез келген сөзге сүрініп, сасқалақтап,
жалынышты көзімен қарағаны Лизаға ұнады. Ақырында оны аяп:
— Сағатыңыздың сылдырмағында бір жаяу бар ғой деймін? — деді.
— Я, — деді ол дереу сағатын шығарып. — Ескерткішті. Қараңызшы.
Əшекейлеп ойып жазған: «Виктор Семенович Шубинковқа құрмет
белгісі. Достары», — деген жазуды оқыды. Екінші жағына: «Бас,
Витюша, бас!» — деп жазыпты.
— Бір сылтауға арналған нəрсе ғой деймін?
— Жарыстан қалған ескерткіш еді. Өткен қыста. Ат жарысы болғанды.
— Олай болса, бəйгіге берген нəрсе ме?
— Бəйгі десе де болады. Жолдастарымнан. Менің атым озып келіп
еді.
— «Бас» дегені несі?
— Жай қалжың сөз.
— Жарысқа түсіп жүргеніңізге көп болды ма?
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алғашқы қуаныш - 12
  • Parts
  • Алғашқы қуаныш - 01
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2221
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2187
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2105
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 04
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2139
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 05
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2170
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 06
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2209
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 07
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2153
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 08
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2136
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 09
    Total number of words is 3869
    Total number of unique words is 2136
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 10
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2253
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 11
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2161
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 12
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2249
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 13
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2112
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 14
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2190
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2140
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 16
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2142
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 17
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2318
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 18
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2145
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 19
    Total number of words is 3941
    Total number of unique words is 2208
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 20
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2290
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 21
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2172
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 22
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2182
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 23
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 24
    Total number of words is 3246
    Total number of unique words is 1802
    39.4 of words are in the 2000 most common words
    54.5 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.