Latin Common Turkic

Алғашқы қуаныш - 20

Total number of words is 3995
Total number of unique words is 2290
35.1 of words are in the 2000 most common words
50.6 of words are in the 5000 most common words
58.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
айтарым, сіздің деніңіз сау деп Кириллге хабар берілді. Уəде беру ете
қиын, алайда хат жіберуге жағдай туып қалуы мүмкін. Сондықтан хат
жазып қойыңыз, бірақ үлкен болмасын. Тағы бір айтарым балаңызға
ешқандай күмəніңіз болмасын. Ол жасы жас болғанымен кейбір үлкен
кісіге өнеге бола алады Уақыты тез толып қайтқасын, Кирилл сізге əлі
мықты сүйеніш болады, мүмкін сіздің күткеніңізден асып түсер. Ол
сіздің иығыңызға үлкен сын салды екен деп өкінбеңіз, ал оның өзі үшін
бұл сын пайдалы болар, өйткені мықты адам мұндайда ширай түседі.
Қорытындысында айтарым — ол үлкен өмірге құлаш сермеді, оған өзі
де ешуақытта өкінбес, өйткені талабына қайраты сай. Сау болыңыз.
Хат жазып қойыңыз. Ал осы хатты оқып болғаннан кейін із қалдырмай
жою керек».
Вера Никандровна бөкебайын жинап, оранып, шалға қарады. Ол
етігін киіп, картузын тізесінің үстіне салып отыр. Оның өткір
қамқоршы, нəзік көзқарасы рақаттанып отырғанын көрсетеді. Шалдың
осы көз, қарасынан ішіндегісінің бəрін білмек болып еді, бірақ ол
жайдары күлкісімен, сығырайған арбағыш көздерінен ішіндегі барлық
сырын жасыру үшін жаралған адам екенін түсінді. Бірақ тап қазіргі
минутта өзіне ерекше маңызды көрінген нəрсені сұрамай отыра
алмады.
— Бұл хат кімнен? — деді.
— Көрсетілмеп пе? — деп шал таңырқап, өкініп басын шайқады.
Мəссаған!
— Сізге айтуға болмай ма, солай ғой? Бірақ сіз өзіңізді кім
жібергенін білесіз ғой, рас па?
— Жібергені қалай? Аяғым бар — өзім-ақ жүре берем. Неге, қалайша
деп тəптештеп жатсың?
— Бірақ айтыңыз, айтыңызшы! Мен ол кісіге жауап қайтара аламын
ба? Қысқаша ғана хат жаза аламын ба? Сіз апарып берер ме едінңіз?
— Жазып керегі не, шырағым Вера Никандровна? Зейінім бар,
айтқаныңызды бұлжытпай сөзбе сөз жеткізейін.
— Бірнеше жол ғана, алғыс айту ғана,— деді жайлап.
— Жарайды, жаз,— деді бұрынғысынша мейрімді үнмен. — Бірақ
күтуге уақыт өте...
— Мен қазір, қазір!
Бөлмеге жүгіріп барып дереу қайтып оралды, келе жатып мектеп
дəптерінің бір бетін жыртып алды. Бұрынғысынша түрегелген бойы
шамға еңкейіп қарындашпен жазуға кірісті, бөкебайы тағы иығынан
түсе бастады.
«Балам туралы күйінішті хабарды кімнен естігенім маған белгісіз
болсын деп тілек қойыпсыз. Бірақ сіз оның досы екенсіз, демек, менің
де досым болыңыз. Қымбатты дос, балама жəрдемдесуге уəде
бергеніңіз үшін, менің қайғыма ортақ болғаныңыз үшін рақмет. Ол,
менің топшылауымша, өзіне біткен адамгершілік қасиетпен
ауыртпалықты көтере алар деп мен де əбден сенемін. Бірақ жолында
қаншама қатер бар, оны қаншама қауіп пен азап күтіп тұр! Сіз оны
жолдас деп үйреткен болсаңыз, сізді ол да осылай атайтын болса, оған
жəрдемдесіңіз! Ең бастысы — егер ол жаман болып кетсе, егер оның
басына ауыр күн туып, əбден қажыған да, торыққанда, оңбаған
əзəзілдің соңына еріп кеткенде жұрт онан бұрылып кетсе,—сіз тастап
кете көрмеңіз. Мен, ол бірауыз күйініш сөзімді естімейді деп, бір
тамшы жасымды көрмейді деп сізге уəде беремін. Өйткені сізден
қазіргі жолына оның қалай түскенін естідім, сол сапарында мен оның
тас салып, мойнына ілген дорбасы емес, қолына ұстаған таяғы
болайын. Егер ол үлкен өмір жасау талабына лайықты, қайраты барын
сезсе, біз де жəрдемдесейік. Тағы да сізге үлкен рақмет, танымайтын
досым, əрі жолдасым. Егер оған менен бұрын хат жазсаңыз мен аналық
батамды беремін деп айтты деңіз».
Қағазды хат сияқты, шиыршықтай жүріп, шалға жақындады.
Қасиетті зор еңбек сіңірген адамша насаттанып, кісіні тани білетін
көреген көздерін қадап оның бетіне қарады.
— Міне,— деді ол ақырын,— мынаны апарып беріңіз...
Сəл кідіріп, кенет қайратын жинап, батыл:
— Рагозинге беріңіз...— деді.
Қарт картузын тез басына киіп, орнынан тұрып, саусақтарын
белбеуіне қыстырды.
— Егер, шырағым, менен артық білетін болсаңыз, өзіңіз апарып
беріңіз,— деді.
— Мен сізден артық білмеймін,— деп күлді.— Мен тек осындай
біреу бар деп естіген едім, сондықтан хатты жазған да сол болар деп
ойлаймын.
— Ойын мағнасыз түкке тұрмайды. Менің кететін yaқытым болды.
Ол белбеуден қолын алмай тұрды, Извекова жазған қағазын
ұсынды.
— Онан да ана кісінің тапсырғанын орындаңыз,— деді ол
ызғарланып.
— Оныңыз кім?
— Ол сізге қандай тапсырыс беріпті?
Қарт столға бір адым жақындап хатты алды.
— Сізге не керек? Алуға болмайды! Ол менікі! —деп Вера
Никандровна айғайлай жаздады. — Беріңіз!
Бөкебайы аяғына түсті, бұрым тарқады, хатты жұлып алмақ болып
шалға төнді. Ол Извекованы батыл итеріп жіберіп, пешке барып, хатты
күлдікке тастады, қалтасынан оттық алды.
— Оқыдың ба? — деді дөрекі,— оқыдың,— деп өзіне өзі жауап
қайтарды.— Есіңде қалды ма? Қалды. Сол жетті. Тапсырманы менің
көзімше орында. Түсіндің бе?
Ол оттықты жақты, хатты тұтатты, жалыны жалп етіп, өшіп
сөнгенше жайбарақат қарап тұрды. Күлді алақанына салып уқалады.
— Бер хатыңды беретін болсаң,— деді сəл жұмсарып.
Вера Никандровна хатты берді, кенет бетінде рақмет сəулесі жанып:
— Тұра-тұр,— деді.
Столдағы шкафтың қақпағын ашып, шынысы жылтыр қаракөк
бутылка шығарды. Тығының шығарамын деп тырнағын сындырып
алды да штопор іздей бастады.
— Сасқалақтамай тұра-тұр,— деді қонақ əкелік үнмен.
Көкшіл қисық саусақтарымен тығынға тістеуікше жабысып, оңай
суырып шығарды. Вера Никандровна жеміске ашытқан қара күрең
қоймалжың арақты стаканға толтыра құйды. Қарт картузын шешті.
— Өзіне ше? — деді.
Извекова өзіне де бір рюмка құйды. Бутылканың аузынан жай
домалап аққан желімдей тамшыны қарт үсік қолымен сүртіп алып
жалады, стаканын көтеріп, кішкене қисық көздерін қағып қалып:
— Сенің балақ үшін ішеміз бе, қалай? — деді.
— Сен оны танушы ма едің, солай ма?
Ол жауап қайтармай арақты түбіне дейін сіміре жұтты, көзін жұмып,
ашырқанып басын шайқады.
— Шиеге ашытқан ба?
— Қара өрікке. Кириллімді танушы ма едің?
Қатты қысқан қабақтарын жазбай күркілдеп:
— Бəрекелді! Таққа лайықты екен, құдай біледі. Көзін сəл ашып тағы
да қысты.
— Баланды ма?
Аузын сүртіп, сол ыңғайы сақалын уысына алып төмен тартты.
— Бетажары саған тартқан...
— Я, я, маған өте ұсайды—деді насаттанып Вера Никандровна.
Қайда көрдің? Қашан?
Бақыты тасып, ол асыға алқынып, əңгімесін күтті, бірақ қарт
қабағын қарыс жауып, хатты дұрыстап қонышына тығып, орнынан
тұрып, қолын ұсынды.
— Сыйыңызға рақмет. Біздің кететін уақытымыз болды,— деді.
Сəл епсіздеу еңкейіп алдыңғы үйге шықты, бірақ бұл арада сұрағын
қайталауды орынсыз көрді. Ол келгендегісінен де тез, үнсіз сол өзі
келген қараңғылыққа қайта жоқ болды.
Вера Никандровна жатпады. Таңның жарығы терезенің қақпағына
теп-тегіс ақ текше салғанша, төсегінің үстінде отырды. Далаға шықты.
Таң ноябрьдегідей зəрлі, ақшыл бұлттар жерге төнді, станциядан
оларға қарсы будақ-будақ ауыр түтіндер ақырын көтеріледі.
Түтіндердің түстері өзара таласқандай — жол үстіндегілері ақшыл көк,
қызғылт сары, депо цехтарының үстіндегілері қара-күрең, олардың
арасында бұрымға білте мен өрген лента сияқты сүттей ақ бу көрінеді,
бу бұлттарды аспанға қарай айдайды, олар сонау аспанда
шоғырланған қара күйе түтінге барып қосылады.
Вера Никандровна бүкіл дүниені қоршап алатындай көрінген
түтіндердің таласына қарап ұзақ тұрды. Тозаң шомылған зор алаң
арқылы ара-тұра көмірдің, мұнайдың, күйген май мен бояудың исі
жылжып жетеді. Темірдің шиқылы мен даңғыры көбейіп, ұлғайып,
жайылып барады.
Бірақ таң жарығы тоқтаусыз үдеген үстіне үдей түседі, өзін қасында
таңды қарсы алып тұрған елеусіз кішкене флигель сымақтың
ажырамайтын бір бөлегі сияқты көреді, ол енді өзінің жаңа үйі болып
кетті.
Терезенің қақпақтарын ашты.
32
Лизаның тойынан кейін көп ұзамай əдемі күн туды, ол баяғыда
ойнаған дестеден ұмыт қалған карта сияқты. Белгіленген сауық
программасын түгел бұзып, яхтаға баруға ұйғарылды.
Рульде Витенька отыр, желкеннің қасына оның кəнігі екі досы кезек
тұрады. Лиза алдыңғы жақта отыр. Жел бір бүйірден, бұлар біресе оң
жақтағы, біресе сол жақтағы желкенді құрып, құмнан жағалауға,
жағалаудан қайта құмға ойысып орағытып тұрды. Қалтылдаған яхта
бұрылыста ауытқыған сайын Лиза баж-баж етеді. Лиза мұны
қорыққаннан емес, тек рақаттанғаннан жасады. Яхташылардың
көңілденіп күлгеніне қарай жорта жасады. Яхта көкшіл ақ сырмен
боялған, аты «Гүл жапырақ», расында да ол бутылка сияқты жасыл,
балықтың қабығындай жылтыр толқынның үстімен жеңіл сырғып
жүзгенде, желкені жиегі майысқан ақ гүлдің жапырағы сияқты
көрінеді.
Тереңге шыққан кезде жасыл аралдың жазық қалың нуы көрінді.
Күзгі көрініске айналған, сирек көкшіл күмістей жапырақтардың түсі
түгел дерлік лимон сияқты көрінеді. Кей жерлері темекінің түсіндей,
ол Неаполитанияның жеріндегі тəрізді сарғылт құмның түсіне елеусіз
ұласады.
Яхтаның түбі аралдың жұмсақ жағасына сыр етіп қадалды. Талдың
шу-шу етіп бірін-бірі сабалаған бұтақтары өзен мен жердің жəне
аспанның арасындағы бүкіл шеңберді алып кеткендей көрінеді.
Бəрі жағалауға қарғып-қарғып түсті, аяқ киімдеріне лезде
сусылдаған майда құм толды. Кілемнің орнына үлкен желкенді төсеп,
үстіне аяқ-ыдыстарды қойды. Витенька жіңішке дауысымен өлең
айтты. Оның дауысы əлі ысылмаған, бірақ өзін-өзі тыңдауды жақсы
көретін əншімін, үні сияқты. Даусы өртенген сабандай лау етіп тез сөне
қалды, Лиза күйеуінің əлі белгісіз, бірақ өзінше елеулі өнерін көріп,
таңырқап мойнын созды. Шарап ішіп алғаннан кейін, бəрі қосылып əн
салмақ болып еді, тук өнбеді, ешқайсысы ешбір өлеңді ақырына дейін
білмейді екен. Студент тақпақтары бəрінен оңды шықты, бірақ, ол да
ешқайсысының есінде толық сақталмағанымен бəрі де шын
ықыласымен қайталады.
Əрең күтіп, шам жаққанша,
Қас қарайып таң атқанша
Студенттер топырласып жүреді
Əулие қарт алтын басты
Харлампий де кілең жасты
Көре сала жоғарыдан күледі.
Жастарменен түні бойы
Қыдырмақта болып ойы
Қартпын ғой деп ұялғаннан тоқтады
Бірақ қартың елігеді
Қыдырам деп желігеді...
Мұнан əрі өлең үйлеспей кетті. Бірақ мазмұны бəріне жақсы таныс.
Қарт биіктен жерге түсіп, студенттермен көңіл ашады, сол үшін қатал
аспан кеңесі оны əулиелердің алқасынан босатады.
Витюша мен Лиза асыр салған студент жоқты əңгіме қылып
əлденеге көңілдері босады: Шынында да жұрттың айтуына қарағанда,
Москваның түнгі шайханалары неткен тамаша, онда арбакештер уыз
құймақ, үккен шалқан жейді дейді! Бақшада лекцияның конспектілерге
оқып, кейде досының иығына сүйеніп қалғып отыру қандай онды!
Корзинаға ішкиімдерді салып, жастығың мен кітаптарыңды буып
алып, бір пəтерден екінші пəтерге көшіп жүру сондай қызықты болу
керек! Воробьев тауларына серуенге бару қандай əсерлі — таудан
көшедегі жүздеген газ фонарлар, қыдырған халықтың фейерверктері
көрінеді. Аңқау профессорларға барып жолдасың үшін емтихан
тапсыру немесе бəрің жиналып ойын-сауыққа жалғыз мундирді
кезекпен киіп бару қандай қызық!
— Студенттердің саясатқа араласып, көңілді өмірін бұзатындары
өкінішті нəрсе,— деді Витюша.
— Я, деді досы,— жер ауғандарға жəрдем деп ақша жинайды, қаружарақ сатып алады, сөйтіп тəртіпсіздік жасайды. Осы аралда
студенттердің мылтық атып үйренген жері бар. Көресіңдер ме,
көрсетейін?
— Алыс емес пе?
— Анау үлкен ағаштар тұрған жерде.
Бəрі барып көрмек болды. Бірінің артынан бірі келе жатқан бұларды
нəзік тал майысып еткізіп жібереді де, əрқайсысының артынан қайта
қалықтап қалпына келеді, сондықтан жан шошынарлық айдаһар
жалғыз мүшелі денесін бір жиырып, бір жазып, жылжып келе
жатқандай көрінеді. Мұнда адам кебенге түскен инедей жоғалып
кетеді, сондықтан да Жасыл арал оңаша орын іздеген балық
аулаушылардың донжуандардың, астыртын үкіметке қарсы жұмыс
жүргізгендердің, өзіне-өзі қол салғысы келетіндердің мылтықшы
аңшылардың, қашқындардың ұнатқан орны болды. Табиғат жұрттың
бəріне бірдей мейірімділік жасайды, адамның əуесқойлығын маса,
шіркейлермен шағып, көркем көріністерімен, салқын суларымен
ыстық пляждағы еркін демалысымен сыйлық тартады. Сыртқы
түгінің, əралуан түсі қала халқының нағыз қиялының талабына толық
сай, енді қазір күз түскеннен кейін кішкене көлсымақтар, өзеннің
иіндері, тал тоғайы, тоғайлықтар, жөке ағаштар,— бəрі ауыр азап
көріп, босанғаннан кейін көңілі жай тапқан ана сияқты тəтті рақатқа
шомғандай.
Булар тоғайдың ортасындағы алаңға шықты, алаңның айналасы
құба тал, ольха, олардың ара-арасында қабығы бозарған қисық
жауырынды қара терек. Көрініс қысқа айналуға əзір — жердің
ұйпаланған құрғақ түгі қоңыр сары, ағашта сидаң, ағаштың қарауытқан
шым-шытырық тор сияқты ағаштың бұтақтары арқылы жалтыр
жарық аспан көрінеді.
Қара теректің кісі бойы қабығы түсіп, ағарып көрінген ағашын оқ
тесіп шұрқ-шұрқ қылған. Витюша пышақпен сопайған бір оқты
шұқылап шығарды. Достар сол оқтық қай қарудікі екенін айтып өзара
таласты.
— Əрине, браунингтікі, — деді Витеньканың досы,— өйткені қазір
жауынгер дружиналардың қаруы браунинг. Мен оны білемін.
— Оқтың қашан атылғанын қайдан білесің?
— Өйткені оқты əлі тот басып үлгірмеген. Оның үстіне бұл бəрінен
беріде табылды. Бұрын атылған оқтар тереңде де, кейін атылғандары
бер жағында. Сен қалай деп ойлайсың. Ағаштың іші толы қорғасын ба
екен? Көресің бе ағаш қуарып кетіпті.
Ол үлкен кəкір бұтақты темен тартып далғанда шатыр етіп сынып
түсті.
— Қурап кетіпті. Сен қалай деп ойлайсың? Мүмкін мынау ағашқа
Перовскаяның, өзі оқ атқан болар? Ол осында жиналысқа келіп жүріпті
дейді ғой.
— Кім ол? — деді Витюша.
— Көп білсең — тез қартаясың. Жазды күні түрмеге қамаған біздің
балалар өте көп білуші еді. Биыл да олар көктем кезінде
браунингтерін алып осында келді, мен балық аулап жүріп көргенмін.
Лиза аңсара тыңдады, дара теректің мылжаланған ағашының əр
бүртігін, оның күйген əрбір орнын мəңгі есіне түсіріп ала кеткісі
келгендей дара терекке үңіле қарады.
Внтюша дереу қасына жетіп барып аяғын екі рет қатты шымшып
алды. Лиза шыңғырып жіберді.
— Немене? — деді ол таңырқап. — Бірдеме шақты ма?
Лиза ешнəрсе айта - алмады, оның бет ажары ешбір қалтқысыз
жаны ашыған адамдай. Ол сол арада ерке мінезіне салып зеріккен
адамдай:
— Ал, біраз қыдырайық, осы жетер! Үйге қайту керек,— деді.
Оны жолдастары үгіттемек болып еді, басым ауырды, күн тиген
болу керек, енді, əрине, ауруға шалдығамын деп көнбей қойды.
Қайтып келе жатқанда қайықты да басқарған жоқ, желкенді де
ұстасқан жоқ, қайықтың алдыңғы жағына, Лизаның орнына отырды,
рульді басқарушының бұрылуға қолы тайып кетіп, яхта ауа
жаздағанда:
— Шалағай! —деген жалғыз-ақ ауыз сөз айтты.
— Яхта — клубта Лиза күйеуімен екеуі оңаша қалғаннан кейін: саған
не болды, деп сұрап еді, ол тек таза ауамен дем алып, айтқан сөзді
елемеген кісі бола қойды. Лиза жол бойы жаза тартқан адамша үн-түн
жоқ артынан еріп отырды. Ол көлік жалдап алып, Лизаны үйіне алып
барды, жол бойы бірауыз сөз айтқан жоқ.
Ол өзінің бөлмесін ішінен жауып алып, кешке дейін дыбыс бермей
жатып алды, Дарья Антоновна келіп, халін сұрағанда, ол тек есіктің
аржағынан науқастанып жатырмын деп жауап қайтарды. Сонан кейін
Лиза апайынан сөгіс естіді, шынында да жаңадан шыққан күйеуі
жөнінде ойламауға бола ма? Мүмкін маңдайына компресс немесе
табанына булау салу керек шығар, докторға кісі жіберу керек бола ма?
Емен сияқты етіп бояған есіктің алдында тұрып, аурудың өздерін
жақсырақ есту үшін басын қисайтып, бір құлағын салып, Дарья
Антоновна əңгімелесіп тұр:
— Ал градусник қойдың ба?
— Жоқ, Витенька градусник қоймапты.
— Қарағым-ау, градусник қоймай бола ма?
— Болады екен.
— Бусанып терлеген жоқсың ба?
— Жоқ, бусанып терлемепті.
— Мүмкін, қалтырап тоңып жатқан боларсың?
— Жоқ, мүлде тоңбаған көрінеді.
— Ал егер басын ғана ауырса, дəрі-шəрі ішу керек қой.
Бірақ Витенька ешнəрсе ішкісі келмеді. Егер оны осы халге
жеткізгені рас болса, азап шегуге əзір.
— Ах, осы халге жеткізді дейсің бе? — деп Дарья Антоновна шошып
кетті, жаратпай Лизаға қарады. — Бірақ, мінекей Лиза да есік алдында
азап шегіп тұр. Мүмкін, екеуің не болса да бірге азаптанарсыңдар,
əйтеуір көңіл болар еді, жарай ма?
Бірақ Витенька бұл қулыққа мүлде жауап қайтармады.
Тек түн ортасы кезінде, Лизаның көзі жаңа ұйқыға кетіп бара
жатқанда, ол үстіне халат, аяғына жұмсақ кебіс киіп, төсегіне келді.
Оның шираған мұрты тарқап, салбырап кеткен, көп ұйықтаған адамша
бет ажары солғын тартып, ісініп кетіпті. «Кеш бойы, шынында да,
ұйқтап жатпады ма екен?» — деп ойлады Лиза. Бірақ жоқ. Витенька
сонымен бірге ұйқыдан тұрған кісіге де мүлде ұқсамайды, алыстан
бəйгі шауып келген жүйрік аттай ентігеді.
— Егер сен мені миғұла деп санасаң, қателесесің! — деді ол
ашуланып.
— Сен не себепті аяқ астынан өзгеріп кеткеніңді айтасың ба? — деді
шын ренжіп Лиза.— Сені қинап жүрген қандай ой?
— Менің ойымдағыны білгің келе ме? Айтайын. Мен бəрібір түбінде
айтар едім. Мен жалтаруды білмеймін, турасын айтамын. Сенде
жалтарма, маған ол өткір пышақпен бірдей, естідің бе?
Ол төсектің үстіне еңкейіп төнді.
— Біз аралда, ағаштың қасында тұрғанда, сен кім туралы ойладың?
Кім туралы? Біз оқты қарап тұрғанда, кім туралы ойладың?
— Мен... кім туралы ойлайын? — деп сұрады Лиза, өзі шынтағына
сүйеніп басын көтеріп, сəл кейінірек ығысты. — Ешкімді де ойлағаным
жоқ.
— Жоқ, өтірік айтасың! — деді ол төне түсіп, Лиза оның ентіккенін
айқын естіді.
— Мен ешуақытта өтірік айтпаймын.
— Міне қазір өтірік айтып тұрсың! Өзіңнің Извеконыңды
ойлағаныңды мойныңа алғың келмей ме? Извековпен екеуіңнің араңда
не болғанын мен жақсы білемін ғой! Ə, үндемейсің бе? Маған бəрін
айтқан, жұрт түгел айтқан!
Ол бұрынғысынша еңкейіп төне түсті. Лиза оны жат көріп кетті: ол
əрі жас балаға ұқсайды, əрі көрер көзге қартайып кеткендей көрінеді,
оның қарт аузы ашудан қалтырап, кемсендейді. Бір кезде ол қажетті
əсер еткендігіне көзі жетіп насаттанған адамдай басын көтеріп алып,
үкім оқыған судьяша дауыстап сөйледі:
— Егер сен некелік саяхатқа шығамыз деп ойласаң, қателесесің.
Саяхат болмайды.
— Мен сені зорламаймын.
— Сенің мені зорлауға қақың жоқ!
— Жақсы мен сенен өтінбей-ақ қойдым.
— Ага! Өкпеледің бе! Демек, мен сенің ойыңдағыңды тапқан болуым
керек! Егер мен Извеков жөнінде қателессем, сен маған өкпелемес едің.
Есіңде болсын: мен сенің көңіліңде не бар екенін анық көрем!
Ол күтпеген жерде көзіне жас алып халатының ұшына қызыл
шашақ қадаған белбеуін сүйретіп, бүкірейіп төргі үйден шығып кетті.
Лиза оның семья жанжалын өте лайықты, тіпті актерлерше
орындағанына хайран қалды, дегенмен ішінен Витеньканы аяды,
сондықтан алғашында есебін тауып, жанжалды болдырмауға
тырысты. Витенька оған əсте жас сияқты, өзінен гөрі анағұрлым кіші
сияқты көрінді. Оған бетімен кеткен ерке бала тəрізді қатал тəрбие
керек екенін түсініп, Лиза оның мінезін бірте-бірте түзетуді неден :
бастау керек деп, қатты ойға қалды. Оның Витяға деген сезімі, əрине,
алаңсыз емес. Сондықтан ол өзін күйеуінің, алдында кінəлі сияқты
көріп, түбінде кеуілі қалуға тиіс деп ойлады. Мүмкін ол сондықтан да
аяйтын болар. Ол Лизаның сүйіспеншілігін тілеп, Лизаның өзі де онан
нəзік сезімін аямауды арман етсе де, сол сезімдерін толығымен бөтен
біреуге арнар едім деп, үзілді-кесілді бел байлауға бата алмады. Егер
ол күйеуіне көңіліндегі сырын ашып түсіндірмек болса, ең басты
мəселені айтуға тура келер еді, ал басты мəселені ол жасыруға мəжбүр
болды, — бұл жағдайды Лиза жақсы түсінеді. Сондықтан да ол
жанжалды неғұрлым тез шайып-жумақ болған тілегіне жол бере
алмады. Əйтеуір екеуінің бірі кешірім сұрау керек. Егер ол алдымен
кешірім сұраса, демек, оның сөздері дұрыс екендігін мойындаған болар
еді. Егер ол бұл жағдайды мойындаса, басты мəселе туралы, яғни
жасырып жүрген сыры туралы əңгіме сөзсіз басталып кетер еді. Лиза
алдымен күйеуінің кешірім өтінуін күтті, өйткені жағдай бұлай болса,
Лизаныкі дұрыс болмақ, жағдай шынында да солай, егер басты
мəселені былай қойғанда, кінə Витяның өзінде, ол дөрекілік, қулық,
балаша тентектік жасады. Жаңада қосылған жастардың басына көп
кездесетін жағдай, жанжалдасып үнемі бір тұру мүмкін емес деген
сенім Лизада да бар еді, ашу, ыза, кек көп адамдарға семьяның
фургонына біріге отырып, бірге дейін селкілдеп баруына бөгет
болмайтындығын Лиза аңғармады. Ол күйеуін қайта тəрбиелеу үшін
бірінші адым басты: оның өкінуін күтті.
Алайда Виктор Семенович ipгeci қисайған жайлы тұрмысын
қалпына келтіруге асықпады. Оның ерекше өзгешелігі — жоқтың
орнын жаңа табыстармен толтыра беру болатын. Үйленгеннен кейінгі
алғашқы апталарда-ақ, ол Лизаның көзінше оп-оңай талай рет
əуесқойлық жасады: біресе ол əртүрлі ақша зерттеу өнерімен
шұғылданды, шіркеулерге барып, шырақ сататын жерде ақшаға 5
тиындық, 3 тиындық, жарты тиындық, ширек тиындық бақыр
ақшалар айырбастап алып жүрді. Ол сопылармен танысып,
қайыршыларды өзіне үйреншікті етіп алатын болды, сөйтіп
қайыршылар өздеріне тыйымды болмаса да, ескі бақыр ақшаларды
əкеліп тапсыратын болды. Ойын бөлмесінде қап-қап көгерген майда
ақша тұрады, кейде каталогке қарап отырып, Очаковтың кезіндегі
жəне Қырымды бағындырған замандағы əлдебір жеті тиындық
бақырды іздеп, тіміскеленіп отырады. Біресе ол столының үстінде
жатқан почта маркаларының, альбомына көзі түсіп, майда ақшаларын
былай тастап, ұмытып кеткен марка жинау əрекетіне дереу қайта
кіріседі. Енді қайыршылардың орнына мектеп балалары көп келетін
болды, күн сайын жергілікті почтаның маркаларын алғыштап,
трансвальды Колумбияға немесе Сиямды Канадаға айырбастау əбігері
басталды.
— Менің комиссионерлерім, гимназистер,— білімді халық,— дейді
əдетте Витенька.— Марка адам баласының ақыл-ойы өрісін кеңейтеді!
Ол бос уақытының бəрін жақсы көрген кəсібіне жұмсады, ал оның
қарамағында бос уақыт қанша тілесе, сонша болғандықтан ол сүйген
кəсібімен үнемі шұғылданатын болды.
Ол үйге телефон орнатып, телефонда отырған қыздан сағаттың
қанша болғанын сұрап біліп отыратын болды.
— Орталық па? Сəламатсыз ба, бикеш. Бұл Шубников қой. Қазір
сағат қанша болды екен, айта қойыңызшы?
Өзінің сағатына қарамай станцияға телефон соғу — əуес. Ал
уақытты біліп отыру əбден керек, өйткені оның кезекпен ауысып
отыратын əуесқойлығынан басқа, тұрақты ермектері бар, ол —
билиард, шаштараз, жүйрік ат, сырлас достар.
Сондықтан да Лиза жанжалдың барлық ауыртпалығы өзіне
жүктелгенін түсінді: Витеньканың зерігуге бір минутта уақыты жоқ, ал
Лиза болса ертелі-кеш қолы бос. Оның үстіне Витенька үн қатпау
құралын ерекше меңгерген адам. Ол Вальцеваның өлеңдерін
мұрнымен ғана орындап, самауырдың шүмегіне қиялдана қарап,
қадала қойған сұрақтарды да естімей қалуға шебер ақ. Ол ішкі əсерлі
тұрмыстың рақаты үшін жарық дүниеден безген адам тəрізденеді, осы
қиялды, аздаған делңқул үндемеушілік əдет оның жақындарынан
ерекше бір артықшылығы болатын. Əрине, Лиза да үндемей бықты.
Бірақ баланың қолындағы қылыш сияқты, бұл қару Лизаға ауыр болды.
Лиза оны біресе қолына алып, біресе аулақ тастайды, бірақ жеңіп
шыққанша тайталасын бағу үшін қаруды тағы қайта қолына алады, ал
оның егескен адамы Лизаның əлсіздігін байқап, масаттанады.
Ақырында өкпелесуге тыйым салған Витеньканың өкінуі емес, ойда
жоқ жерде жасаған мейірбандығы болды, Бір күні таңертең ол бұрын
ешнəрсе араларында болмағандай-ақ Лизаның алдына келді: сондай
сыпайы, сүйкімді, ете қырымпаз, ол қолайсыз жағдайды ұйқымен
жойып, өзімен Лиза сияқты бақытты адамдарды алауыздық азда болса
ажыратар дегенге мүлде нанғысы келмеген адамдай көрінеді.
Серуендеу программасы қайтадан жасалды. Витенька өте маңызды
жұмыстармен өп-өтірік шұғылданбайтын болды. Очкиннің қысқы
бағындағы жеңіл жүрісті əйелдер үшін талай басын салған қарт жəне
жас купецтерден ешбір айырмасы жоқ еркін, ашық жүру əдеті Витяға
да тəн болатын. Очкиндегі қызық тамашалар туралы қауесет Нижний
мен Астраханға дейін жайылып, осында шампан шарабының талай
бутылкаларын аштырып, өле-өлгенше естен кетпестей, сұлулар мен
қыдыру үшін талай-талай сарбаздар келеді.
Лиза ашық сахна деп аталатын бұл жағдайды бұрыннан естіп, оны
күнəлі орын деп білетін, гимиазиядағы серік қыздары «Очкин» деген
сөзді айтқанда, бір-біріне көздерін сүзе қарап, тез төмен түсіре қоятын.
Бірақ қазір ол жас келіншек, оған өзінің күйеуімен бірге көпшілік
орындарға баруға рұқсат. Сондықтан Шубниковтар тəуір киімдерін
киіп, жолдастарын ертіп, əнші əйелдерді көруге барды.
Оччкиннің бағында зəулім құрма ағаштары қолдың саласындай
тарбиған жансыз жылтыр жапырақтарын фонтанның үстіне жаяды,
фонтанның, бассейнге қызыл шамдардың жарығы түсіп тұрады.
Жотасы қап-қара семіз бекіре балықтар жоғарыдан аздан жіңішке суға
үскір тұмсықтарын тосып тұрады немесе қалтқыларын ақырын қағып,
айнала баяу жүзіп жүреді. Бекіре балықтар сияқты аллея аралап,
үстеріне бүрмелі ауыр көйлек киген, құлақтарына сырға салған,
қолдарына ұзын алтын шынжырлы желдеткіштер ұстаған денесі
толық неміс əйелдері қыдырып жүреді. Олардың ағараңдаған
қолдарының иығынан төменірек, қарынының үстінде коньяк
бутылкалары сияқты, қорасан еккеннен қалған жұлдыз сияқты үш
таңбалары бар, білеулеген шаштарының арасынан форцгейм
бриллианттары жарқырайды. Олар сүйретілген етектерін сəл көтеріп,
2—3 қадам басын, асфальттаған жолға шыққаннан кейін тағы бос қоя
береді. Гүл ағаштарының арасында қағаз фонарлар жанып тұр. Бұжыр
тасты ұңғылап, плюш қаптаған үңгірдегі дивандарда екеу-екеу
əңгімелесіп отырған жұрт. Сымды музыка аспаптарынан құрастырған
оркестр «Травнатаның» би музыкасын ойнайды.
Лиза адамның көзінде алуан түрлі сыр жатқанын тұңғыш рет
аңғарды: мұнда көздер сыр айту шеберлігіне келгенде жыланша жүз
бұралып тілден асып түседі. Олар неше түрлі нұрланады, ұшқын
шашады, күмəнданады, қадала қарайды, түпсіз шыңыраудай көрінеді,
от пен оқ атады, мұздай суық су шашады, бұрын-сонды ешкім болын
көрмеген керемет биіктікке көтереді, біресе өтінеді, біресе
қабылдамайды, біресе алады, біресе береді, еліктіреді, уəде береді,
жалбарынады, жан таласады, мейрімсіз қинайды, біресе бəріне даяр,
біресе бəрінен аулақ сияқты көрінеді. О, көз адамзаттың дəрменсіз
тілінен гөрі анағұрлым бай,—ол əрбір пікірге сансыз кеп құбылмалы
өң береді, «я» деген жалғыз ауыз жабайы сөзді неше түрлі құбылтып
айтады — көгілдір аспан сияқты түстен сұрғылт-көкшіл, мойылдай
қара қой көзді түске дейін, күл түсті көкшілдіктен, сиядай қаралыққа
дейін өзгеріп түрленеді, осындай əр түсті «я» деген сөз еркектердің көз
қарасында бір басқа, əйелдердің көз қарасында бір басқа, осындай
əрбір «я» деген сөздің астарында «жоқ» деген мағына жатады,
əрқайсысының «алайда» деген күмəнді сыры бар, ол өзінің айтылмаған
өктем күшіне насаттанып, біресе шақырады, біресе аулақ қашады.
Көздердің осындай үнісіз əңгімесі Лизаға үлкен əсер етті, сондықтан
үлкен залдың ішіндегі столдың басында отырғанда, оның көздері де
ешкімге тура жауап бермесе де, ұялғанын, əуестігін, ар-ұятын,
рақаттанғанын, балаша жасқанып, əйелдік сезімдерімен бəрін жете
түсінетіндігін айта берді, айта берді, Витенька көп уақыт шелекте
ұстап, енді арқыраған кең ағысқа жіберген балықтай ойнақ салды. Ол
менюдың беттеріндегі жақсы көретін тамақтарын нысанаға алып,
қалаған құрбандығын дереу, ұстап қапасқа қамайды, заказ алған
күтушінің қағазына жазғызады.
Ac келгеннен кейін ойын да басталды. Лиза тура сахнаға қарап
отырды. Қытай найза мен семсерлерді қақпақыл қылады, сиқыршы
көгершіндерді лентаға, суды түтінге айналдырады, акробат ауада
сальто мортале жамайды. Сахнаның алдында бір кезде əнші əйел
найда, болды — үстіне қара көйлек киген ақсары əйел денесінің бір
бүршігін де көрсетуге қорыққан адамдай мейлінше шымқанып
киінген: жағасы тікірейіп құлақтарыма дейін, жетеді, көйлегінің ұзын
етегі аяғының басында түседі, қара жарғақ перчаткасын шынтағынан
жоғары тартып киген. Екі алақанын бір-біріне тигізіп, сол күйі екі
қолын кеудесіне басып, алақандарың қайтадан жазуға қынжыла күш
жұмсағандай болады, бірақ қолдарының арасын жаза алмай
бұрынғысынан да қинала түседі, ол екі көзіне жас толып, стол
басындағыларға айнала қарап жіңішке қайғылы дауыспен əн салады:
Күзгі жел күрсінеді, күңіреніп,
Қураған жапырақтар қалбаңдайды...
Оның орнына рмпаға секіріп басқа біреу шықты, ол шығарда рояль
күй ойнап тұрды, бұл əншінің мінезі оның алдындағыдан мүлде
өзгеше. Үстінде ешқандай киім жоқ, ал үстіндегі болмашы киім
сымақтары мейлінше бөгет жасап, секунд сайын мазасын алғандай,
үлбіреген шүберектен тіккен бүрмелі жамылғы белбеуін алып
тастағысы келген адамдай аяқтарын қайта-қайта аспанға сыбап, ақ
киімдері үнемі сахнаның алдында отырған адамдардың бет алдынан
кетпейді, ол өзінің шыдамсыздығын:
Қытай деген ел екен!
Бір тамаша жер екен!
деген өлеңдермен айтып түсіндірмек болады.
Столда отырғандардың бəрі ду қолшапалақтап, əнші əйелдің
«Брандмайорды» орындап беруін сұрады. Əйел сахнаның сыртына
жүгіріп шығып, секіріп қайта келіп, тағы қашып кетіп, қайтадан келіп,
«Шантеклерді» орындап берді. Мұнан кейін стол басында отырғандар
бұрынғысынан да күштірек, бұрынғысынан да өршеленіп
«Брандмайорды» орындауын талап етті. Əнші əйел сахнаның, сыртына
үш рет қашып шығып, қайта келді де залдағылардың талабын əрең
орындады. Оның «Қытаймен «Шантеклерді» орындағандағы
таңырқауы «Брандмайорды» орындағандағы есін кетірген əсеріне тең
келер емес. Ол өрт сөндірушіге шексіз берілгендігін жұртқа көрсету
үшін, отша жанып, бұрық-сарық қайнап, жүз құбылады.
Витенька да жұрттан қалмай қолшапалақтап, бір бокал шарабын
ішіп алды.
— Міне мынау тамаша!— деді ол дауыстап, майлықпен бетін
желпін.
Бірақ əйеліне көзі түсті де оншама таңырқамай отырғанын аңғарды.
Лизаның екі беті оттай жанын, қабақтары жиырылып, тəрелкеден
көзін алмай отыр екен.
— Ұнамады ма?—деді өкінгендей Витюша.— Шансонетка дегендер
осы ғой!
— Саған үнемі бұрылуға тура келіп отыр, орын ауыстырайық,— деді
Лиза.
— Керегі не? Бұл араның өзінен де жақсы көрінбейді ғой.
— Егер сахнаға сыртымды беріп отырсам — маған тəуір болар еді.
Екеуі де басқа орынға барып отырды, Витенька жолдастарына:
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алғашқы қуаныш - 21
  • Parts
  • Алғашқы қуаныш - 01
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2221
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2187
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2105
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 04
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2139
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 05
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2170
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 06
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2209
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 07
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2153
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 08
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2136
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 09
    Total number of words is 3869
    Total number of unique words is 2136
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 10
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2253
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 11
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2161
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 12
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2249
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 13
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2112
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 14
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2190
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2140
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 16
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2142
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 17
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2318
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 18
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2145
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 19
    Total number of words is 3941
    Total number of unique words is 2208
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 20
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2290
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 21
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2172
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 22
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2182
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 23
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 24
    Total number of words is 3246
    Total number of unique words is 1802
    39.4 of words are in the 2000 most common words
    54.5 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.