Latin Common Turkic

Алғашқы қуаныш - 06

Total number of words is 3965
Total number of unique words is 2209
35.6 of words are in the 2000 most common words
50.5 of words are in the 5000 most common words
58.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Тамақ ішкеннен кейін, желге жайқалған жасыл бұтақтар арқылы
аспанға қарап жерде шалқасынан жатқан Кирилл дауыстап есінде
қалғандарын айтты:
— Бəрімізге бір-бір шелек, кішкене белкүрек, ағаш қазық берді,
қазықтың бір жағын ұштаған, бір жағына көлденең ағаш жатқан.
Шелегімізге бір буда көшет салып берді — осындай қысқа ғана тал
шыбықтар. Күллі мектебіміз болып бəріміз тауға қарай жүрдік. Мұнда
əркімнің жұмыс орнын белгілеп қойған екен, біз келсек басқа
мектептердің бəрі орындарына тұрыпты, адамның ұшы-қиыры
көрінбейді. Ағаш отырғызу оп-оңай. Қазығымызбен жерді ұңғырлап,
оған шыбықты отырғызып, күрекпен топырағын көмеміз. Онан кейін
суға барамыз, əркім өзі отырғызған ағашқа су құяды. Шыбық, менің,
тіземнен келеді. Кеуіп семген; оны тамыр жаяды деп ешкім сенбеді.
Орман болады дегенге жұрт күлетұғын, Мектепке қайтып келгеннен
кейін бəрімізді сол күйімізде — шелектерімізбен, қазықтарымызбен,
күректерімізбен суретке түсірді. Сол сурет менде əлі бар. Мен жерде
малдас құрып, суреттен сабақ беретін оқытушының аяқ жағында
отырмын, суреттің төменгі жағында: «Ағаш егу мейрамы», — деген
жазу бар. Ғажап, сонан бері тоғыз жыл өтіп те кеткен. Енді бір тоғыз
жылдан кейін бұл ара не болар екен? Сен қалай ойлайсың, Петрович?
А? Тоғыз жылдан кейін не болатынын білесін бе?
— Білемін.
— Не болады?
— Мен қырық төртке шығамын.
— Оны өзім де білем. Жақсылық бола ма, сен соны айт.
— Жақсылық болады.
— Қандай жақсылық.?—деді Кирилл дауысын бəсеңдетіп. —
Революция бола ма?
— Қуын қарашы! — деді Рагозин күліп.— Егер болмайды десем,
қазір мынау бұтаның арасына тығылмақсың ғой, солай ма?
Кирилл үйеңкінің бұтағын шайнап, көп уақытқа дейін жауап
қайтармады.
Иегін
созып
шалқасынан
жатқан
Кириллдің
шықшыттары шодырайып көрінеді. Көзін аудармай қарап жатыр,
көзінің сарғылт қарашығында қалқыған жасыл жапырақтардың
таңбасы көрінеді. Түюлі қабақтары бірте-бірте жазылып, маңдайына
жас əжім жиылды. Ол өте ақырын:
— Мен қалап түскен жолымнан ешқайда бұрылмаймын. Тоғыз жыл
жүру керек бола ма, немесе жиырма тоғыз жыл жүру «ерек бола ма —
маған бəрібір.
Рагозин шынтақтап басын көтерді. Кириллдің мұрны мен бетіне
шашырап түскен болар-болмас майда безеулеріне қарап, Рагозин оны
əдеттегіден де жас сияқты көрді. Қолын уысына алып, тастай қатты
күс-күс қолымен қысты.
— Қой, — деді Кирилл қолын босатпақ болып.
Рагозин босатпады.
— Қойсайшы. Сенің күшті екеніңді білеміз.
Рагозин Кириллдің қасарысқан əлді қолын қыса түсті, барған сайын
оның қолы əлсірегенін сезіп, күлді.
— Ауырды. Қой енді. Өзіне не керек?
Ол қолын жұлып алып, сілікті, саусақтарын жазды.
— Уақыт, — деді Рагозин, — уақыт деген зор нəрсе, қымбаттым.
Жаныңа батып бір күн ауырсаң бір сəрі. Жүз күн ауырсаң, ол өзге
мəселе. Халық төзіп келеді. Ол үшін тоғыз немесе жиырма тоғыз,
бəрібір емес.
Ол жатқан «үйі жерден көтерілмей отқа қарай бұрылып:
— Ксана, қыдырып келсеңдер қайтеді, — деді дауыстап.
Ксения Афанасьевна достарын бұлаққа қарай алып кетті. Топырағы
үгіліп көшіп тұрған жардан темен түскенде олардың самбырлап,
күлген дауыстары кепке дейін естіліп тұрды.
Рагозин оңашада:
— Əкелдің бе? — деді.
Кирилл шалбарының қалтасынан бір буда прокламацияны суырып
алды. Оны жайып жазып, Рагозиннің ыдыс салған корзинкасынан
алған тағы бір будаға қосты.
— Он-оннан есептеп бөл.
Тарақ-тарақ қызғылт жұқа афиша қағазын төртке бүктеп корзинаға,
орамалдың астына қайта тыға бастады. Бұл ар жұмысын ың-жыңсыз
тез үлгірді, əкесі ұзамай-ақ аумағы алақанның жартысындай ең соңғы
дəптерше орнына салынды. Рагозин «корзинаны бұтаның астына
қойды да, орнына қайта жатты.
— Өткен жылдары осындай Москвада үнемі жиналыс өткізіп
тұрушы едік, — деді ол. — Қазір ұлуша тіршіліік жасауға тура келеді,
үй-мүлкіңді, қазан-ошағыңды, этажеркаңды арқалап жүргенің. Шай
ішіп, гармонь ойнауға болады, ал бас қосып өзара əңгімелесуді
атамаңыз: күллі жұмысты бүлдіріп аласың.
— Осылай самауырдың қасында гармоньдатып отыра берсең, əрине,
жиырма жыл да күтерсің.
— Менің самаурынымның ысқырығы саған ұнады ғой, — деді
Рагозин күліп, бағана Кириллді қарсы алғандағы ысқырығын тағы да
айнытпай салып берді.
Тыңдады. Ешкім жауап қайтарған жоқ. Күн сəулесіне шағылысып
жылтыраған қош иісті қаулап өскен талшыбықтар шуылдайды,
толқиды, оның үстінде бітпестің өрнегін сызып сырғып жүрген
қаршыға анда-санда ащы дауысымен шаңқылдағанда алмаспен шыны
кескендей болады.
— Соңғы күндері мен Цветухинмен таныстым, — деді Кирилл. —
Сен оны білесін бе?
— Естігенім бар. Құлашты сермеген екенсің.
— Сермегенім жоқ. Əншейін кездейсоқ уақиға.
— Сен ашуланба.
— Ашуланғаным жоқ. Оның қасында Пастухов бар екен. Драматург
əлгі. Аты шыққан адам.
— Я, я.
— Солардың ойында не бар екен?
— Сөйлестің бе?
— Аз ғана. Көркемөнер туралы. Дəлдеп айтқанда балағандар
жайында. Оларға балағандардың қасында кездестік.
— Ал?
— Елеулі ешнəрсе болған жоқ. Олар иллюзияның қандай ғылыми
негізге құрылғанын жете білмейді екен. Əлгі əйел өрмекші дей ме тағы
сондай фокустар бар ғой. Əйтеуір солардың бір көмескілігін аңғардым.
— Білімсіз бе екен? — деді Рагозин жымиып.
— Олар
ойлаймын.
физика
мəселелеріне
немқұрайды
қарайды-ау
деп
— А-а...
— Прокламация берсе қайтер еді...
Рагозин атып тұрды, бетіне түскен шашын қайырып, Кириллге
жақсылап қарауға бөгет жасамасын дегендей, шашын алақанымен
төбесіне басты.
— Сен оларға прокламация бердің бе?
— Жоқ. Бұл пікір ойыма жаңа ғана келді.
— Мүмкін олар оңды кісілер-ақ шығар, — деді Рагозин көңілі
орнына түсіп, — мен қайдан білейін. Бірақ бұл істі жеті рет өлшеп, бір
рет пішу керек. Оларды итермелейтін не дейсің? Қызық көрушілік пе?
Жұмысшы революцияға келгенде, өзінің пəтеріне келгендей көреді,—
оның басқа барар жері жоқ. Ал аналардың ойлануы мүмкін.
— Тек олар қалай көреді екен? — деген ой келіп еді, - деді Кирилл.
— Абайлау керек. Сен шешеңе сенесің ғой? Сенсең де оған ештеме
айтпайсың, солай ма?
Таяу жерден ақырын ысқырған дауыс есілді, Рагозин басын изеп:
— Мінеки менің самауырым, — деді.
Ысқырып жауап қайтарды. Бір минуттан кейін қою көгалдың
арасынан жардың жиегіне үстіне тəуір қара шапан, шалбар киген,
шоқша сақалды ұзын бойлы арық шал шықты да, жан-жағына қарады.
— Адасып жүрсің бе? — деді Рагозин дауыстап.
Шал асықпай аяндап бұлардың қасына келді, төбесі тар ескірген
қара картузын көтеріп амандасты.
— Шай ішуге өте қолайлы жер тапқан екенсің, Петр Петрович.
— Рақым етіңіз.
— Рақмет. Жаңа ғана таптық.
— Таза ауада шай кете береді ғой. Отыр.
— Отырдық қой.
— Ендеше аяғың төзсе түрегеліп тұр.
— Үйренген аяқ қой. Жиырма жыл бұл аяқ цехта тұрды, алпыс жыл
жер шарлап келеді.
Тағы да жан-жағына көз салды. Кісі бойы өскен бұта картузынан
келеді.
— Мынау ара жылма-жыл көгеріп келеді. Орман басып келеді,—
деді ол мақұлдағандай.
— Мынау жастардың еңбегі ғой, отырғызған, суарған осылар, — деді
Рагозин.
— Солай,— деді қарт Кириллге шұқшия қарап. — Бұрын қарттар
жастар үшін егуші еді, қазіргі заман өзгерген бе?
— Өзінің қамын жеп қана қоймай басқаларды да ойлайтын жастар
бар, — деді ойламаған жерде Кирилл қарттың сығырайған көзіне тура
қарап.
— Солай... Бізбен бірге екпек болғандары ма?
— Бірге, — деді Кирилл.
— Солай,—деді тағы да қарт оның сөзін қостағандай, Рагозинге
парады. — Біз жастармен бірігіп не егер екенбіз, Петр Петрович, жеміс
бақшасын егеміз бе?
— Корзинаны берші, — деді Рагозин Кириллге.
Ол орамалдың астынан дəптершені алып, қартқа берді. Қарт қағазды
алды, əдейі оның төзімділігін, салмағын байқағысы келген адамдай
сипалап қарады, сонан кейін еңкейіп, шалбарының бір балағын
тізесіне дейін түрді, ақ жұлық болған етігінің қонышына қағазды
мұқият тықты да, шалбарын да сондай етіп жөндеді.
— Аз емес пе? — деді Рагозин.
Қарт біраз үндемей тұрды, сонан кейін басын бір аяғына қарай қалт
еткізіп:
— Шынында да бір аяғын сылтып қалмаса болар еді, — деді.
— Мə, мынаны ал, əйтпесе жұрт сені мас екен деп жүрер, — деді
Рагозин тағы бір дəптерше беріп.
Қарт оны екінші қонышына тықты.
— Дəм-тұзыңызға рақмет. Қудай берген несібе — көзден таса, — деп
ол Кириллге көзін қысып, күтпеген жерде жылы ұшырап күлді. —
Демек, таныс боламыз ғой. Ал біздің аты-жөнімізді сізге Петр Петрович
айтар. Дұрыс па?
— Дұрыс,— деді Рагозин. — Не айтарың бар?
— Айтатын сөз өзінен-өзі табылады ғой.
— Жарайды, отыр. Ал, Кирилл, сен ептеп үй-үйді арала. Бірақ
ақылмен жаса.
— Мен Еділге барамын, — деп Кирилл қартқа қолын созды.
— Көргенше қош болыңыз, қымбатты жолдас, — деді қарт тағы да
ойламаған жерде жылы ұшырап күліп.
— Көргенше қош, жолдас,— деп күңк етті Кирилл, кеудесінен
тараған бір қызу көзді ашып-жұмғанша бетін, шекесін, құлақтарын,
бүкіл басын шарпып, өртеп бара жатқандай болды.
Ол аршындай басып, қалың нуға қарай жөнелді, алдындағы ұйысып
шырмалып өскен өсімдіктерді құлашымен қақ жарып, күрілдеген
жасыл теңізде қалқып жүзген адамдай есті, теңіздей теңселген қалың
ну шу-шу етіп: жолдас, жолдас!— дегендей болады. Бүгін оны, Кирилл
Извековты, тұңғыш рет осындай қасиетті сөзбен жолдас деп атады,
оның өзі де болашақта өзімен бірге өмір сүретін адамдардың бірі —
жаңағы қартты сол қасиетті сөзбен жолдас деп атады. Ол аяндай басып
жүре берді, жүре берді, яғни — жүзе берді, жүзе берді, бір кезде
сусылдаған салқын жасыл жапырақтар толқыны оны аралға, таудың
тақыр төбесіне шығарып тастады, осы арадан сонау алқақотан
төбешіктердің ортасындағы ойпатта жатқан үлкен қалаға көзі түсті,
шет жағына кілең ағаш үйлер, ортасына тас үйлер салған зор қала
пышақпен тілген пирогтай көктей өткен көшелермен теп-тегіс текше
кварталдарға бөлінген. Ортасына тас салып, айналасын ағашпен
бүрген сол бүтін пирог төменде жатыр, жоғарыда көк жүзінде жел
жұлып жырымдаған үлпек бұлттар қалқып жүр, ал Кириллдің дəл
аяғының, астында тоқпақ жалша тоғаланған төбенің жотасы сол
жотамен ол Еділге қарай жүрді.
Бір төбенің, еңкеуіне құлдилай түсіп, екінші төбенің өріне ұмтылып
шықты, одан кейін тағы төмен құлдилап, қайтадан өрге шықты.
Жаңағы жасыл жас нудағы сияқты бұл да қалқып жүзудің бір түрі еді,
бірақ төбелердің толқыны үлкенірек, жəне мұнда жасыл жапырақтың
орнына ол бүкіл төбені өзінің кісіні еліттіретін ащы иісіне бөлеген жас
жусанның əрі ащы, əрі тəтті лебімен есіп келеді. Ол жүгіре басып,
Еділдің тік құлама жарына келді, жардың жиегіне отырды, көйлегінің
жағасын ағытып, фуражкасын шешті, белбеуін тастады.
Жүрегі лүпілдеп қатты-қатты соғады, өзі күледі, неге күлгенін біле
алмағандықтан күлкісін тыя алмайды, тек аяғын салбыратып жардың
жағасында отырып бойын ілгері-кейін теңселтіп күле береді, оған əлгі
Шығыс елдеріндегі халықтың естігенін, көргенін жыр қылып əнге
қосатыны сияқты күлкісі өзіне əрі əңгіме, əрі əсем əн сияқты көрінеді.
Ол сонау зілдей боп жəй ағып жатқан өзенді кең алқапқа қарап
отырды. Жасыл аралға көзі түсті, оның белшесінен су басқан талдары
сыйпай соққан қоңыр желден ығып бурыл бастарын иеді: оттықтың
сауытындай шəукиген, өзеннің ортасында мелшиіп тұрған ағаш-отын
таситын үй тəрізді қызғылт сары кемені көрді, көз ұшында сөккен
тігетін орны сияқты қаз-қатар қара ноқаттай болып көрінген екі
керуен баржалар бірінің соңынан бірі тізбектеліп келеді. Бұлттардың
қалқыған көлеңкелері сеңсеңдей толқыған өзеннің бетіне, аралдағы бір
кезде сауық орны болған талдарға, қала жақтағы жағалауда ұйлыққан
бір топ кемелерге ойдым-ойдым дақ салады. Бəрі де тоқтаусыз
қозғалыста, жұмыстың жəне жүргіншілердің алыстан əлсіреп естілген
самбырына толы, сол самбырлатқан, дыбысты адал улеп құлаққа
жеткізеді, мүлгіген жалпы тыныштыққа оның ешқандай бөгеті жоқ.
Дем алғаннан кейін Кирилл тізесін бауырына тартып, екі қолымен
қапсыра құшақтап алды да, тып-тығыз тізе тобықтарының арасына
иегін қатты тіреп, ойын тəртіпке келтіре бастады. Ол өзіне-өзі
мынадай қатал сұрақтар қойды: мен не тілеймін? Мен кім болам?
Tipшілікте ең маңызды нəрсе не? Бірақ ол көңіліне əбден айқын
жауаптарды сөзбен айтпақ болса-ақ сол сөздері өң емес бір түрлі түс
сияқты көмескіленіп, сүйкімді, əсем тасқын селге айналып кетеді. Оған
өз қолымен сұрапыл зор заттарды қозғап, орнын ауыстырғандай
болып елестейді: ол өзенді өз қолымен көтеріп аспанға қарай ағызды;
омбы қардай үйілген бұлттар өзеннің түпсіз бос аңғарына қарай
тоғытылды; қара емендер өзеннің жағасына аллея болып қаз-қатар
орналасты; бағанағы кеме осы аллеяның бойымен даңғырлап
домаланып барады, ол бұрын-сонды көрмеген зəулім домалақ жіптей
тарқайды, тарқаған сайын ізінше шыңылтыр сары бөренелер жол
болып төселіп барады. Кирилл қара тақтаның алдында өзінің өсіп
кеткен қолдарын есептеп тұр, сызықтан сабақ беретін оқытушы
мақұлдап басын шайқайды, ол май мұрнынан пернесін сілкіп түсірді,
—біреу, екеу, үшеу, көз ілеспей үсті-үстіне топырлап түсіп жатыр, ə
дегенше мыңдаған пенснелер сонау алыстағы судың бетін тегіс жауып,
əйнектері көз тұндыра жылт-жылт етеді. «Жақсы, — дейді сызықшы.
Бірақ емтихан тапсыру үшін, сен тұрғың келетін қаланың жарма
кескінін көрсету керек. Содан кейін Кириллдің сызғандары ұлғая түсті,
ұлғая түсті, қара тақтаның шегінен асты, қара тақта ұшы-қиыры жоқ
жалғана берді, тақтайдың бетіне араның ұясындай жыпырлаған кілең
біркелкі бөлмелер түсті, ұшпа бұлттың көлеңкелері сол бөлмелердің
үстін басып зымырайды, бір бөлмеде Лиза тұр. Кирилл сол бөлмеге
кірді. «Мен емтиханымның бəрін тапсырдым,— дейді Лиза.—Əрі қара».
— «Неге?»—деп сұрайды Кирилл онан. «Əрі қара деймін саған». —
«Сен менің əйелімсің ғой», — деді ол. «Бəрібір əрі қара, — деді де өзі
теріс қарады. Көйлегінің ту сыртын толып жатқан майда
ілгешектерімен ілген. Ол қолдарын жоғары көтеріп ілгешектерін
ағыта берем дегенде, ұзын бұрымы оралып қалды, Кирилл оның
қасына барып, оралған шаштарын босатты да, бұрымын тарқата
бастады. Бұрымынан жусан иісі шығады, иісі тұншықтырғандай жəне
барған сайын қоюланып қыза түседі. Лиза ептеп ақырын ғана бұрыла
бастады, бұрылып бері қарағанда Кирилл шешесінің ақ жарқын жүзін
көрді, жоғарғы ернінде, маңдайында шешек дағы бар, шешесі: «Жасыл
аралға ешуақытта қайықпен бармаймын деп маған сөзіңді ғана берші.
Əкең қайықтан қаза тапқанын ұмытпа, Кирилл!» — деді. Дауысы
біртүрлі өзгерген, Кирилл деп атын атағанда дауысы тым дөрекі еркек
адамның дауысындай болып естілді.
— Ұйқтап отырсың ба? — деген біреудің таяудан тап сондай дөрекі
дауысы естіледі. — Ұйқтап отырсың ба, Кирилл?
Ол көзін ашты, бірақ орнынан қозғалмай басын қолымен таянған
күйі, — алдында он қадамдай жерде, жардың жағасында бетін Еділге
беріп тұрған Рагозинді көрді.
— Орныңнан тұрма, маған жақындама, — деді Рагозин. Үйіңе
барғанда құйрығыңды ертіп барма. Мынау төбелердің арасында
шалбарының балағын қонышына салып киген бір жігіт кезіп жүр. Ол
— бұқпантай адам. Абайла.
Рагозин керенауланып көк жиекті бір шолды да өз бетінен аулақ
жүріп кетті де, қоштасарда:
— Күн жауайын деп тұр. Салқын тиіп жүрмесін — деді.
Кирилл айналаның бəрі күңгірттеніп кеткенін енді ғана байқады.
Шынтағына таянып басын көтерді. Өзеннің тау жақ беті мен аралда өлі
жасыл-сарғылт бояу жарқырап жылы тарта тұр, бірақ шабындыққа
қарай неғұрлым алыстаған сайын салқын ызғар төне түскендей, өзен
қаракөкшілденіп, бетіндегі ақ толқынның жоталары көгілдірленіп, ал
нағыз жағаға таяу жерде өзеннің түбіндегі қытай қара сиясын шайқап
судың бетіне шығарғандай жағалардың өн бойында лакша жалтыраған
қарақаттай қара жолақ пайда болды. Өзеннің арғы бетіндегі жиегі
күмістей жарқыраған бұлт төмен қалықтап келеді. Судың ортасындағы
кемені толқын айдап төмен қарай алып кетті, ол енді қызғылт-сары
емес, түтінге ыстағандай қара сұрғылт боп көрінеді. Баржалар керуені
əлденеге үріккендей қалаға жетуге асығуда. Көктем күнінің тұңғыш
рет күркірегені болар-болмас естілді, күннің күркірегені Кириллге əрі
қатерлі, əрі салтанатты шаттық болып естілді.
Ол жан-жағына қарады. Жарға қарай үстіне қызыл көйлек, етектеген
қысқаша шұбарлау пиджак киген бір жас жігіт кердең-кердең басып
келе жатыр екен, мауыты шалбарының балағын қонышына салып,
тізеден төмен салбыратып киген, етігін ваксамен жылтыратыпты,
қонышы қатпар-қатпар болып жулығына түсіп тұр. Жігіт сарғылт
шашын əдемілеп қырықтырған, ісінген таңқылау танауының үстіне
көмескі əйнегіне жіп байлаған пенснесі бар. Ол дүкенде приказчик
болып, əрі кешкі курста оқып жүрген адамға ұсайды. Жардың жиегіне
келіп тоқтады да, пенснесі арқылы табиғатқа таңырқап қарап тұрды.
«Е, қарағым-ай!»— деді Кирилл ішінен, ол өзін сыртынан біреудің
торып жүргенін, онысы өзіне мəлім екенін, мынау етік киген
көзілдірікті қастас жігіттің көкірегіндегісін көріп отырғанын мақтан
етті.
Кирилл шалқасынан жатып, бар күшін салып керілді,
фуражкасымен бетін жапты да, оның тер иісі мүңкіген тымырсық
атлас астарына ғана:
— Тұрсаң тұра бер! Маған жаңбыр тук етпейді. Сен қайтер екенсің,
киімдерін етектеп сыпайы киінген ақымақ... — деді құшырланып.
13
Емтихан тапсыру оңай емес, əсіресе тоғызын тапсырып, енді үшеуі
қалса. Бір кезде біреуі ғана қалып, онан кейін біреу де қалмайтын күн
болар ма екен? Жоқ əлі үшеуі бар, бақандай үшеуі қалды əлі!..
Үшінші қарындашты кеміріп тастады, қаншама дəптерді
шимайлады, программаға неше рет белгі соқты. Валерия Ивановна:
«Лиза, бітір, ұйықтай ғой, ертең ертерек тұрарсың» деп неше рет
айтты десеңізші.
Ойы бір кезде кілт тоқтап, тырп ете алмады. Басы ұн салған қаптай
тып-тығыз, ешнəрсе батар емес. Сол ұнның, ішінде «үш элемент» деген
бір сөйлемнің сынығы тұтқырланып тұрып қалды. Қандай үш элемент,
не себепті үш элемент, неге үш элемент — түсініп болар емес! Мүмкін
үш емтихан шығар? Əлде кеміріп тастаған қарындаш па екен? Немесе
əлі белгі соғылмаған программаның үш билеті болар ма? Жоқ; əншейін
үш элемент, жылағың келеді! Əлде үш дүние ме? Жоқ, бар болғаны бір
дүние, аржақ-бержағына дейін əбден түсінікті, көз алдында сайрап
тұрған бəз-баяғы бір дүние: коридордың əйнекті галереясы, оның
аржағында ой қақтағы жұрт — көк флигельдер, баздар, кептіргіштер.
Жаңа басталған жаз, жасанған күн, мең-зең үнсіздік. Онан кейін—
балалайка. Ол кептіргішке көшіп барған жас приказчиктер жайлауда
айтатын əн күйлерін түзеп жатыр, онысы: «Нұрын төкті жарық ай»,
онан кейін Маньчжурияның тауларында», тағы бір жыламсыраған
өлең:
Қалада «Қытай» деген қонақжай, бар.
Жартылық арақ бер —деп тіктім айбар,
Беріңдер сыра менен шарабыңды,
Жаныма келсін жақын қалқатайлар.
Ауланың есігі тарс етеді, үстінде жалба-жұлба шаманы бар
қайыршы болгар Рагозиннің, флигелі«е барады. Ол құр сүйек қолын
көтеріп терезені қағады. Ксения Афанасьевна оған бір үзім нан
шығарып береді. Қайыршы өн.ірін ашады. Шошыттың арасынан мысқоңыр жалаңаш денесі көрінеді. Ол бишара меңірейді, ауызын ашып,
саусағымен шолтаңдаған тілін көрсетеді. Оның тілін түріктер кесіп
алғанын бүкіл көше біледі, онан бері көп жылдар өтіп, жұрт ол
заманды баяғы түріктердің айуандығы асқан уақыт деп атайды, бұл
болгардың жалғыз емес екенін, олардың бəрі де белбеусіз бос
қаусырынған шапан киіп, ішкиім сұрап жүретіндерін де жұрт əбден
біледі, Лиза оның аулада бір есіктен бір есікке барып мөңіреп жүргенін
естиді, əлден уақытта ауланың есігі қайыршының шығып кеткенін
баяндайды, енді оның орнына көшеден шарман кемпірдің қырылдаған
үш лебізді үні естіледі. Бала жастан таныс сөздерді ой зарлы əннің
сатыларына өзі біліп орналастырады:
Қош, сау бол қойының ыстық, ғазиз анам,
Аялап əлпештеген мен бір балаң
Суықта күзді күнгі түн жамылып,
Мен қашып сүйгеніммен кетіп барам.
Галереяның шеткі терезесінен мектептің бір мүйісі, тақ тас дуал,
онан əрі үскір төбесімен мүлгіген əуені нұсқаған үш терек көрінеді.
Шарман кемпір мылтықтың затворы сияқты сарт-сұрт етіп бір əннен
екінші əнге ауысады, ал Лиза теректерге қарап отыр. Көгілдір аспан
жүзінде жасыл ағаштар ап-айқын көрінеді, бірақ кірпік қақпай қарай
берсең, көгілдір аспан жасыл түске, ал жапырақтар көкшіл түске
айнала бастайды, сондықтан бүкіл дүние қошқыл көкке айналады, ақ
тас дуал да сол дүниеге шомиды, соның арасында Лиза берідегі үйдің
төбелері мен көшеге еккен ағаштар көлегейлеп тұрғандарды да көре
бастайды.
Ол мектептің ең астынғы қабатындағы зілдей темір тор орнатқан
терезелерді Кирилл талай рет суреттеп айтатын бөлмелерді, —
кереуеттің тұсына көк чертежбен ұлы адамдардың, портреттерін ілген
оның өз бөлмесін көрді. Бір күні ол: «Мен ұлы адамдар туралы ойлап,
суреттеріне қарап жатқанда, əсіресе көзім жаңа ұйқыға кетіп бара
жатқан кезде, олар менімен тілдесетін сияқты боп көрінеді. Сен ұлы
адамдарды жақсы көресің бе», — деген еді. Қыз оған ұлы адамдарды
жұрттың бəрі де жақсы көретін шығар, бірақ бұл сүйіспеншілік тақ
баста ғана болады, өйткені ұлы адамдарға ешкім маңайлап бара
алмайды, — деп жауап қайтарған-ды. «Неге маңайлай алмасын?—деді
ол көнбей. — Жұрт Ясная Полянаға Толстойға барып жүр ғой, ол
кіммен болса да сөйлесе береді», — «Сен онда барар ма едің?. — «Жоқ.
Менің пікірім онымен бір емес. Ол адамның көңіліне жақсылық орнату
керек деп санайды, ал мен жаманшылыққа қарсы күресу керек деп
білемін». — «Бəрібір ғой». — «Жоқ. Ретін қарау керек. Ең алдымен
жаманшылықты құрту керек». — «Сенің бөлмеңде Толстойдың
портреті бар ма?» — «Бұрын бар еді, соңғы кезде əжемнің бөлмесіне
іліп қойдым».
Лиза Толстойдың портретінің астында отырған оның əжесін көрді,
əлгі балағандағыдай оның бетіне жақын төніп қарады, өте мейрімді
кең адам тəрізді көрінеді, ал үстіңгі ерні мен маңдайындағы шешек
дағы керемет сүйкімді. Лиза Кириллдің əжесін жақсы көріп кетер деп
ойлайды, Кириллмен бірге болсам-ақ сөзсіз жақсы көрермін дейді.
Əрине, өз əжесін бұрынғыдай жақсы көре береді, оған дүниеде жан тең
келмейді ғой.
Лизаның əжесі — қарапайым кісі. Оның кереуетінің тұсында
Толстойдың портреті ілулі тұрады деп ойлауға болмайды. Лиза тіпті
күліп те жіберді — əжесі мен қаба сақалды, түкті қабағы түксиген,
бетін қатпар-қатпар əжім басқан Толстой екеуінің үйлесімсіз пе бар.
Бірақ əжемнің көкірегінде Толстойдың уағыздап жүргендерінің тап өзі
жатса ғажап емес— əжем, əрине, қайда болса да тек қана жақсылық
жаяр еді. Оның ұстаған қағидасы біреу-ақ, бірақ оны ешуақытта сөзбен
айтып көрген емес, ол сөзді керек қылмайды да, дегенмен Лиза оның
ойындағысын бұлжытпай былайша айтып бере алар еді: адамның
асыл көркі махаббат, оны жексұрын көрсететін қастастық, міне Лиза
өзінің əжесін осылай көреді.
Əжесінің Меркурий Авдеевичпен сөйлескенін айтқаны тағы есіне
түсті, əжесі оған ұрсып ақылын айтыпты, өзінің ұшы қиыры жоқ
сөгістеріне ол осылай ақыл деп ат қойып алған болатын.
— Сен Лизавета үшін жауап бересің, сен — анасың, — депті
Меркурий Авдеевич. — Оны қай рухта тəрбиелегенсің? Бүгін ол Ит
Липкасында қуаяқтың біреуімен кездеседі, ертең екіншісімен, сосын
үшіншісімен кездеспек пе?
— Екінші, үшінші деп баланы жəбірлейтінің не? — деді Валерия
Ивановна.
— Сенің біреумен дегің келе ме? Мұның мəнісі қалай, оның
романдық бір жайы бар ма?
— Оп-оңай қайдағы роман!
— Е, өзің қалай ойлайсың — егер бүгін онымен жүрсе, ертең де
сонымен жүрсе — не болғаны?
— Оның не екенін өзінен сұрап білсейші.
— Өз қызыммен ол туралы сөйлесуге ұяламын.
— Ах, Меркуша, егер қыз жақсы көріп тұрса, не жасайсың? Оған
басқа пікір айтуға бола ма?
— Ешкім басқа пікір айтқалы тұрған жоқ. Уақыты келсе, дұрыс адам
кездесе, өздері қосылса — жақсы көре берсін. Мен оның бақытына қас
боламын ба? Бірақ сен оның басындағы теріс пікірлерді құрт.
— Оның басында ешқандай теріс пікір жоқ. Оқығысы келеді.
— Солай сөйле! Сен енді оны курсистка жасамақ болдың ба? Олар
əлгі Липкада отыратын шаштарын күзеткендер ғой? Бəрекелді рақмет.
Бір гимназия аз болған екен. Енді курс керек десейші. Қайсысы екен?
Медицинанікі ме, жоқ юристпруденцияның курсы мa? Москвадағысы
ма, жоқ Петербургтегі ме екен? Не мақсатпен екенін сұрап білуге
болатын шығар? Əке-шешеден безіп, жасаулы бөлме жалдап алып,
тұру үшін емес пе? Қандай ниетпен? Нендей мұқтаж үшін?
Ұзақты кеш осымен етеді, бір бұрыштан бір бұрышқа теңселіп
жүреді, столды немесе столдардың арқалығын тарсылдатады, біресе
бар дауысымен зар еңірейді, біресе сұстанып сыбырлай ескерту
айтады, «бетімен жібермеймін», «төзе алмаймын» дегендердің
талайын айтады, əйтеуір Валерия Ивановнаның əбден үні өшіп,
жылаған кезде барып бір-ақ қояды.
Əкесінің осы ақылын Лизаға айтып жатқан тағы да жылады,
Лизаның басын кеудесіне басты да, солығын баса алмай қызының
құлағына сыбыр етті:
— Шынында да ғашық болып қалған жоқсың ба, жасаған-ау, сақтай
көр, қорғай көр?!
Лиза да əжесін құшақтап, құлағына ғана — солай шығар деймін, —
деп сыбырлады да жылап қоя берді. Екеуі Лизаның кереуетінде
құшақтасып, бір орамалдың бұрышымен жастарын сүртіп отырды,
орамал əбден су болды. Бірақ егіліп аққан жас тоқтайтын емес. Сонда
əжесі Кирилл деген қандай бала, үш жылдан бері қалай жасырынып
жүрдіңдер, енді не ойларың бар, — деп сұрай бастады, əкеңе осының
бəрін қалай айтамыз, ол ақылға айтып қана қойса жақсы ғой,— дап
қабырғаларына кеңесті.
Қазір, мынау зар қаққан шарманканың мұңды үніне көңілі босап,
галереяның əйнегінен жасыл-көк бұлдыр дүниеге—Кириллдің
дүниесіне қарап отырып, Лиза сол кереуеттің үстінде отырғандарын
басынан тағы бір кешірді, ол — барлық ойы тағдыр туралы əрі тəтті,
əрі қорқынышты болжаумен басталып сонымен аяқталған, барлық
сезімі түгі қалмастан анасының мейіріміне балқыған бір кез
болатұғын. Лиза терезеден жалт бұрылып, бөлмелерге қарай жүгірді.
Валерия Ивановна қызметшіге еркектің сырт көйлегін қалай
үтіктеуді көрсетіп жатыр екен: əуелі арт бойымен екі шабуын, одан
кейін екі жеңін, манжеталарын, иығын, ең артынан крахмалдаған
омырауын үтіктеу керек, бірақ көйлектің омырауында, — құдай
сақтасын! — Ешбір бүктесін, небір сызат, қыртыс қала көрмесін.
Омырауды үтіктеуден бұрын əуелі етекті үріп жіберу керек, үргенде
тақтаға күлі түспес үшін оны неғұрлым алыс ұстау қажет, əйтпесе
босқа əуре боласың.
— Міне былай үрлеу керек, былай!—деп Лиза айғай салып жүгірген
бойы əжесінің қасына отыра кетті де, оның қос тізесінен қапсыра
құшақтап алып, етектің қып-қызыл үрлеуішін бар күшімен үрлей
бастады.
— Қой, қой! Мынауың не, қарашы!—деп Валерия Ивановна баж ете
түсті, дереу Лизаны үтіктен кейін тартпақ болды, бұрқырап төбеге
шыққан күлді тақтаға жуытпай қағып, үрлеп, қызметшіге: —
ішкиімдерді жина, тез бүкте! Корзинаға, корзинаға сала гөр!—деп
айғайлады.
Еденнен ұшып тұрып, Лиза Валерия Ивановнаны құшақтады,
орындыққа отырғызып, өзі оның алдына отырып алды.
— Қарағым-ау, оқудан миың ашып кетіпті ғой, — деді Валерия
Ивановна шынымен шошынып.
— Əжетайым, басымда расында да бірдеңе тұрып қалған сияқты.
Жаңағыдай үріп жіберсем ұшып кететін шығар, деп ойлап едім.
— Ненің тұрып қалғанын білемін. Көшеге шық, кішкене жел
қақсын...
Қақпаның сыртына шыққаннан кейін əдеті бойынша Лиза мектептің
сұсты жасыл қабырғалары мен дуалына қарады. Теректер селт еткен
жан көрінбейтін тым-тырыс тыныштықты тапжылмай күзетіп тұр.
Олар Кириллдің дүниесін, ұлы адамдардың портреттерін ілген
бөлмесін қориды. Екі көшенің түйіскен жерінде иығына қайрақ
станогін асынған аласа бойлы мұжық көрінді, ол: «Пышақ-қайшы
қайраймын!» — деп дауыстап, үнсіз үйлерге аз кідірді де, керенау
басып əрі кетті. Бір бұрыштан кішкене қыз ерткен сыпылдаған бір
əйел шыға келді. Көтерген түйіндері бар. Қыз анадайдан Лизаға басын
шұлғыды, Лиза оның Аночка екенін енді таныды.
— Сəламатсыз ба, бикеш, — деді əйел ете сыпайы, Лизаның қасына
келгенде, — Аночка, қолын алып амандас. Сізбен карусельде
таныстым деп айтып еді қызым.
— Мен мынаның əжесімін, Ольга Ивановна боламын. Тым жақсы.
— Біз қайда барамыз, білесіз бе? — деді Аночка. — Театрға барамыз.
— Я, я, — деді Ольга Ивановна оның сөзін бөліп, — театрға киім
апарамыз, заказ беріп еді.
— Киім деймісіз? — деді Лиза ақырын.
— Ойынға киетін киім, — деді Аночка.
— Əншейін ескі-құсқы, — деді кешірім сұрағандай Ольга Ивановна.
— Екінші рет бара жатырмыз. Алғашында таныс əркімдерден тəуірлеу
киім жинап апарған едім. Олар: «Мұныңыз не! Алып кетіңіз,— деді.
Бізге істен қалған көр-жер шоқпыт керек» дейді.
— Олар кедейлердің тұрмысын көрсетпекші,— деп Аночка
кəдімгідей түсінік берді.
— Мен қыдыруға шығып ем, сіздерді шығарып салайыншы, — деді
Лиза əлденеге жүрексініп.
— Тым жақсы,—деп Ольга Ивановна асыға түсті.— Күн сондай
əдемі, серуендеп жүргің келеді де тұрады. Аночка, ауыстыр қолыңды,
қарың талады. Мə, мына жеңілірек түйіншекті ала ғой. Айтпақшы
сонда бір актер бар екен, жасы едəуірге келген, бірақ өзі өте көрікті кісі
көрінеді, сол айтады: «Біз өмір шындығын ойнамақпыз, сондықтан
бізге шоқпыт керек, ол шоқпыттан мүсəпір адамдардың ішіндегі ең
сорлысы жиіркенетіндей болсын» — дейді. Соған көре мен де жалбажұлба болған киімдерді жинастырдың, тіпті апаруға ұят, ойлап
қараңыз, мүсəпірлер түнейтін үйдегілер шоқпыт керек дегенді ести
сала бəрі де қымбат баға сұрай бастады, маңына бара алмайсың! Сізге
шыныңды айтсам, театрда кедейлікті көрсетудің неге керек болғанын
түсіне алмаймын? Ол көріксіз ғой, рас па? Бұрын еріміз бен екеуміздің
аз-кем дəулетіміз бар кезде театрға мен де барушы едім. Сонда мен,
білесіз бе, ылғи ең көргем деген ойынға ғана қалап барушы едім.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алғашқы қуаныш - 07
  • Parts
  • Алғашқы қуаныш - 01
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2221
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2187
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2105
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 04
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2139
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 05
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2170
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 06
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2209
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 07
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2153
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 08
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2136
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 09
    Total number of words is 3869
    Total number of unique words is 2136
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 10
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2253
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 11
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2161
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 12
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2249
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 13
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2112
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 14
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2190
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2140
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 16
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2142
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 17
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2318
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 18
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2145
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 19
    Total number of words is 3941
    Total number of unique words is 2208
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 20
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2290
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 21
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2172
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 22
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2182
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 23
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 24
    Total number of words is 3246
    Total number of unique words is 1802
    39.4 of words are in the 2000 most common words
    54.5 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.