Latin Common Turkic

Алғашқы қуаныш - 10

Total number of words is 3864
Total number of unique words is 2253
33.0 of words are in the 2000 most common words
45.8 of words are in the 5000 most common words
53.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жандар палубада біраз уақыт өткізуді жақсы көруші еді.
Күн көңілсіз, тұмандау. Еділ тіпті сəскеге дейін бұлыңғыр тұманнан
арыла алмай, бозғылт сумен о да бірге ағып кетіп жатты. Ауада
ақтарылған көңілсіз қалтырақ ақбоз мұнар, одан пароходтың
гудоктары да өте алмайды, бүкіл қала құлаққа ұрған танадай. Өрге
тырмысқан жолдарда үні өшкен тағалар тоқ-тоқ етеді.
Цветухиннін, келе жатқандағы халін ойсыздық деп атауға болады:
оның ойы ағаштың бұтағындай əр жаққа бытырады. Басын көтеріп,
жоғарыда телефон станциясының төбесінде айқасқан сымдардың
шым-шытырық торын көріп, өзінің бір нəрсе ойлап шығарумен
шұғылданатыны есіне түсті. Ол ешуақытта ешнəрсе ойлап шығарған
емес, ешнəрсенің тетігін талдап шеше алмас та еді, дегенмен оның
ойына əр түрлі техникалық идеялар келеді, мəселен,
электроаккумулятор туралы, ол кішкене, жеңіл, күшті болу керек. Егер
Цветухин изоляцияның мүлде белгісіз түрін тапса, іс бітер еді. Қандай
жаңалық ашарда болмасын, ізденгенде кездейсоқ нəрсе көмектесу
керек, бірақ ол көмектеспей қойды.
«Еділ вокзалының» қасындағы ағаш тротуарда Егор Павловичті
үржаңа өкшелері тықылдаған бір қыз басып озды. Оның құмырысқадай
беліне түсіп шайқалған бұрымының көк бантына қарап, Лизаны
ойлады. Лизаның елеурегені өзіне ұнап, кешегі бөлмеде болған уақиға
үміттендіргендей: ол үшін қатты зəбірленіп, əбігер болып қашып кетті,
енді өзін азаптаған Кириллмен ешуақытта табыса қоймас. Кім білсін,
мүмкін қазір, мынау сары күнде, оларға Егор Павловичті ойлап,
көңіліне орнаған сезім шешек атты ма, оған өз көңілі үн қосып, барабара екеуінің тілегі табысып, мүмкін Егор Павлович үйленер, бақытты
болар.
Жұрттың бəрі актер Цветухиннің тұрмыста таланты бар деп ойлауы
мүмкін. Атаққа жеткен соң сүйісу, тəтті сыйласу мұқтаж болмайды,
махаббат пен қуаныш атаққа ере жүреді деп санаулары мүмкін. Тек
Цветухиннің өз басы жəне мүмкін Мефодий ғана мұның ақиқаттан
аулақ екенін біледі.
Егор Павлович актриса Агния Львовна Перевощиковаға үйленген
еді, бірақ ажырасқанына үш жыл болды, əйел енді театрларды бір өзі
аралап жүреді. Тілі ащы, көрікті таланты жоқ, ақылы аздау əйел
Цветухинді жетістіктің жазығына алып шығатын желкен деп
бағалады, бірақ оны желкен орнына қозғай алмады, бұл бір артель
бурлактардың да қолынан келмес еді. Ол күйеуін маған жаның
ашымайды деп айыптады, көмектесейін десе шаншу көрді, өйткені ол
үйрену үшін емес, тек бірыңғай мəн айту үшін ғана жаралған жан еді.
Аз күн отасқанда Цветухинге үнемі айып тағылды. Ол неке емес, сот
тергеуі болды, төк ажырасқаннан кейін мəңгі айыпкер ақталғанын
сезді.
Жасы отызға келгесін қайырымды достар да жалғыздың көңілін
жұбата алмайды. Сондай-ақ, ара-тұра Егор Павлович айыпкер кезін
есіне түсіріп күлетін де сұрайтын: сондай-ақ нашар ма еді? Егер
алғашында нашар болса, екіншіде тəуір болмас па? Жағалауға
еңкеумен түсіп келе жатып, ол үржаңа өкшенің ағаш басқыштарға тықтық тигенін тыңдайды, құмырсқа белде бұлаңдаған көп банттан көзін
ала алмай қарайды. Қыз қашан пристань қоймаларының бір жеріне,
жөкемен байлаған тау-тау тендердің қалтарысына жылт етіп жоқ
болғанша қарай берді, қарай берді. Япырай, неке айырысу керек еді,
басқа жұмыс ырық бермейді, деп ойлады.
Театр жұмысы көпшілдігімен, қышқыл-тəтті қуанышымен Егор
Павловичті біресе толықсытады, біресе солдырады. Бұл безгекке ол
үйренген, сондықтан Баронды өзі сонша жақсы ойнаған пьесаға мүмкін
тыйым салынып, ұзарған маусым осымен аяқталар да, октябрьге дейін
оңаша қалармын,— деп аздап қорқатын-ды.
Осылай бір ананы, бір мынаны ойлап, Егор Павлович пристаньға
жетті, теңселген тақтай көпірмен бірқалыпты өтіп жатқан екі тізбек
жүргіншілерге жол бере жүріп келеді, жүкшілердің бір тізбегі
мықшиып жүк көтеріп пароходқа, бір тізбегі жауырындығы бос
жауырындарын жазып, жағаға өтіп жатыр. Пароходтың төменгі
палубасына кіргесін Цветухин тоқтады.
Солда кеменің тұмсық жақтағы трюмінің15 есігі ашық, жүкті
жылмағай тақтай арқылы жылжытып, сонда кіргізіп жатыр, электр
жарығы түскен боцман16 фуражкасын шешіп, желкесін сипап,
жүкшілерге енжар дауыстайды. Оң жақта, машина бөлімінің алдында,
мейлінше ебедейсіз, бірақ жеп-жеңіл бір нəрсе тұр, ол аса зор жайпақ,
жұқа тақтайлардан, тартпа сымдардан, құрсаулардан құрастырған
бірдеме. Цветухин оның бұзып тиеген биплан екенін біле қойды, сол
арада авиатор Васильев өзінің ұшқыш аппаратын апара жатқандығын
сұрастырып білді. Машина сұрапыл көп орын алғанымен, бір есептен
ешбір орын алмағандай көрінеді: өйткені кез келген жерінен өтуге
болады, өзі астынан да, үстінен де, тұсынан да көктей көрінеді, бəрі
айқын, жабайы, бірақ жабайылығында, əрбір сымында жасырын
жұмбақ бар, оның қанаттарына барабанша шыңдап тартқан лактаған
кенепте де терең сыр жатыр. Цветухин шапанының етегін жинап,
бипланды, айнала жүріп, қанаттарының астын қарады, сипады, кенепті
шертті, лагін иіскеді, ағаш шеберлерінше қарыстап жайпақтардың
ұзынын, енін өлшеді. Əлденеге жүрегі соқты, оны өзі сезеді. Панамасы
аяғының астына ұшып түсті, басып та кетті, оны жерден көтеріп, тезтез шиыршықтап алды да, бір жүрді, бір отырды, аппараттың арқасын
зерттемек болып аяғының ұшынан басты. Ол жүкшілердің люкке
оңтайлануына бөгет жасады, олар: — Жол бер! Жол бер! — деп оған
жекіруімен болды.
Ақырында тасушының бірі теңімен иығын оқсата қағып жіберіп:
— От, сайтан! Байбатша, оңдырмаймын!— деп айғайлады.
Сол кезде ол бипланнан ақырын алыстан жарқырауық жез пластина
тік баспалдақпен -пассажир палубасына көтеріле бастады.
Пастухов бетін өзенге беріп, кішкене столда жигули сырасын ішіп,
шаян жеп отыр еді.
— Сені келмесе деп едім, —деп ол официантка қоңырау қақты.
— Бір тарақ почта қағазың бар ма? — деді төзімсізденіп Цветухин.—
Немесе қойын дəптеріңнен жыртып берші.
Пастухов саусақтарын майлықпен ұзақ сүртіп, қалталарын қарады,
содан кейін ескірген бір хатты столға астады. Егор Павлович қағаздан
бір фигура жасады, баптап бұрыштарын бүктеді, қабырғаларын өлшеп,
артынан жыртып тастады. Пастухов оның не жасағанына қарап,
шаянның желкесін сорып отырды. Официант та келді.
— Тағы бір дюжина шаян,— деді Пастухов,—жақсы шоқыр балық
əкел.
— Буға пісіргенін бе?
— Буға пісіргенін.
— Дөңгелек жасасын ба?
— Сөйтсін.
— Цветухин фигурасын жасап болып, түрегелді, Пастуховқа:
— Бері кел, қара, — деді.
Екеуі де палубаның кермесіне барды, Цветухин фигураны
лақтырды. Ол ақырын, біркелкі ұшып, пароходтан алыстап «ете берді,
бір кезде қалықтап барып, қанатын жайып сұра қонды. - Пастухов
ағыстың оны ала жөнелгеніне қарап аз-кем тұрды да жолдасына
селқос бір қарап, столға «айтып келді, майлықты жилетіне қыстырып:
— Қызық түс екен, — деп, шаянның қысқашын жұлып алып,
пытырлатып кеміре түсті.
— Бұл ешқандай ой туғызбады ма? — деді Цветухин.
— Ешқандай.
— Реніш екен.
— Мен топаспын.
— Жалқаусың. Мұнда ми ашып кеп ойлайтын түк жоқ. Құс
үшбұрыштың гипотенузасы бойынша ұшты, ол биіктігінен үш есе
артық. Демек егер менің осындай қанатым болып, бір шақырым
биіктіктен ұшсам, үш шақырымға барар едім.
— Ондай биіктен қарасаң, менің тісіме түскен шаянша пытырлар
едің.
— Есіңде болсын, — деді шынымен Цветухин, — құс қозғаушы
машинасыз ұшты. Егер оған жеңіл, күшті аккумуляторы бар қозғаушы
машина орнатса, ұшу сапарын анағұрлым арттыруға болады.
— Немене, астағы бипланды көрдің бе?
— Я, меніңше, Александр, біздің авиаторларымыз теріс жолда тұр.
Құс ұшу үшін -əуелі жер тіреп шапшуы керек дейді. Дұрыс емес. Құсты
аяғынан ұстап тұрсаң да ұшады. Оған тіректің, екпіннің керегі жоқ. Ол
тек қанатының күшімен ғана жерге байлаған жіпті үзеді, салмақ көтере
алады. Екі нəрсе ойлап табу керек: əуеге екпінсіз «алай көтерілу керек
жəне аса жеңіл қозғаушы машинаны қалай жасау керек.
— Салқында, ой иесі, — деп Пастухов кеңес берді, сыра құйды. —
Сенің ойлап тапқан ермегің туралы айтайын ба? Сəн кеше тамаша
ойнадың. Ол сенің ісің. Сонымен шұғылдан. Леонардо қанат ойлап
тапты. Алайда біз оны тек суретші деп білеміз.
— Ол біздің кінəміз.
— Жоқ оның «Кодексін»17 оқып қара. Ол өзінің «Топан суы» туралы
жазғанда тілі адамды тебірентеді.«Қараңғы ауа көрінісін»,—дейді ол.
Бұл — дүние жаралғанда: жарық болсын,—деген тəңірі. Ал оның
машиналарының чертежі — қадірлі мұра ғана.
— Ұшқың келе ме? — деді Цветухин сөзін бөліп.
— Мен үнемі ұшумен келем.
— Бірақ сен ұшып бара жатқан аэропланды əлі көрген жоқсың.
— Көрдім. Гипподрамның үстіне шырылдауық ұшып шықты да,
үйдің төбелерінен бір айналып, телеграф сымына қонды. Авиатордың
жағы сынды.
— Балапан əуелі ұясынан құлап түседі, Александр.
— Түсінемін. Балапан түбінде құс болады. Бірақ онан қашанда болса
мен жақсы ұшамын. Мен қазір шаян жеп отырмын, сенің құсың суға
малмандай болып, сілімтірі былжырап қайықшының ескегіне
жабысқанын көрем. Қайықшы аузын ашып жағалауға қарайды.
Жағалауды көрем. Онда жыпырлаған тең-тең товар, оларды
арасындағы траншеямен қыбырлап жүрген жандар. Əнекей екеуі
үйген қаракөз балықтың қасына тоқтады, кенептің жиегін ашып
тастап, ірісінен тандап бір балық алды, енді оны жəшікке ұрып-ұрып,
басын жұлып алып, тазартып жатыр. Жотасынан сыдырған
қабығының шытырын естимісің? Қабығынан құйылған күміс
қабыршықтарын көресің бе? Ал менің тап алдымда бəз-баяғы шаян əлі
тұр.
— Сен телеграф сымына қонамын деп сескенбейсің ба? —деді
Цветухин.
— Əбден мүмкін, тіпті тұмсығыммен лай суға жалп етермін. Бірақ
осылай ұшу — менің мамандығым, өзгені тілемеймін.
Цветухин үндемеді. Көз алдында қағаз моделі əлі елестейді, оның
ұшқан жолын қиялымен көреді, ал көздері Пастухов түсірген жолмен
кеткен тəрізді: сарғылт тұман арқылы кенеп жапқан тау-тау, ұңқыршұңқыр товаларды көреді.
Осы мезгілде жүкшілер ауысты — бір артель босап, оның орнына
екіншісі даярланып, жұмыс алдында əлдену үшін ас ішіп жатты.
Көктем суынан жуырда арылған зор пакгауздың18 діңгектері
арасында, жерде, тізерлеп алқақотан отырған жүкшілер қазаннан көже
ішеді. Олардың отағасысы Тихон Парабукин көйлексіз, емшектерінің
арасында крест сияқты алтын түгі бар зор денесі күнгірт жерден
ағараңдап көрінеді. Ол жолдастарымен кезектесіп қасығын қазанға
салды да, жерге, тамызбас үшін бір үзім нанын астына тосып, қасығын
еппен аузына апарады.
— Жарыққа жақын, бөренеге сүйеніп, жалаңаяқтарын жайып,
Аночка əкесінің көйлегіне түйме қадап отыр. Ольга Ивановна қызын
пирог жəне балауыздаған жібі мен ине беріп жағалауға жұмсаған-ды,
өйткені, өзі күйеуіне ашулы болатын: Тихонның үздіксіз арақ ішкеніне
бір жеті болды, сенделіп жағалауда жүреді, егер түнеуге үйіне келе
қалса, жанжал шығарады, жұдырығымен жүрегінің астын нұқып:
«Ішімдегі айуанды оятпа!» — деп ақырады да, жалма-жан қалтасынан
сорайып шығып тұрған бөтелкесіне жармасады. Бірде іздеп
шарапханадан, екінші жолы далада қалған төңкерулі қайықтың
астынан тапты. Үсті-басы жыртылды, жауырындығын араққа салып
жіберді, жұмысқа қайта кіріскенде Ольга Ивановнаның көзіне көрінуге
ұялып, түнеушілерден Аночка келіп, үстімді жамап берсін деп айтып
жіберді. Аночка əкесіне жақсы көретін асы — өкпе-бауыр салған пирог
беріп, өзі жамауға отырды. Түймені мықтал, еркектерше, əкесінің
үйреткеніндей етіп қадады: жібін босандау қылып қадап, түбін айнала
жіппен орап, шəукитіп қойды; жамауды жыртыққа артығымен салды.
Жағалауда жүкшілердің үстін жамаған барлық əйелдер сияқты оның да
бет əлпетінде шұғыл іскерлік бар.
Парабукин үңіліп қазанға қарап, ернеуіне қасықпен қойып қалып:
— Алыңдар қоюын! — деп бұйырды.
Жұрт көженің түбіндегі ұзақ етті сүзіп ала бастады, ешкімнің артық
алмауын қадағаласты. Көп ұзамай қазанның түбі де көрінді,
қасықтарымен сиырып қазанды құрғатып, шоқынысып орындарынан
тұра бастады. Жауырындықтарын киіп, ырғақтарын ырғалтып,
пакгауздың астынан маң-маң басып жарыққа шықты. Парабукин
жамаған көйлекті киіп, алақанымен ақырын, абайлаған адамдай,
Аночканың шашын сипады. Қызбала қатарласып, əкесінің ұнатқанына
риза болып, жалықтырған Павликті жұбатудан мойны босап, аз-кем
жағалауда болатындығына қуанды.
Aртель пароходқа жүз пұттық үлкен тұрғы-якорь19 тиеуге кірісті.
Парабукин оны айнала қарап шықты, қалғандары үн-түн жоқ қарап
тұрды. Қиын іске қалай кірісу екенін бəрі түсінеді, бірақ соңғы сөз
отағасінікі.
— Ал астан, — деді Тихон саспай.
Бес кісі якорьдің бір жақ айыр табанын көтеріп жуан арқанның бір
ұшын астынан өткізді, екінші жағына барып, тағы солай жасады.
Арқанның ұшын якорьдің сап жағынан байлап, бүкіл артель арқанның
екі жағына шығып қаз-қатар тұрды.
— Алыңдар,—деді Парабукин.
Жұрт арқанды ұстады.
— Міне тұрды, міне тұрды!—деп Парабукин шиқылдаған
дауысымен əндетті, қалғандары сол сөзді жуан дауыспен керенау,
əндетпей қара сөзбен қайталады, — жерге батып, өліктей сулап жатқан
якорьге тіл қатқандай. Сол мезетте жуан дауыстарға жоғары дауыстар
жауап қайырды, оның үні бүкіл артельді біріктірді, бəрі ілгері еңкейіп,
арқанды тартып, бірыңғай шабата киген аяқтармен жер тіреп шірене
түсті.
— Міне жүрді, міне жүрді! — деді əндетіп жоғары дауыстар.
— Міне тұрды, міне тұрды!—деді арбасып жуан дауыстар.
— Міне кетті, кетті, кетті!— деп жоғары дауыстар кенет саңғырап
қоя берді, сол кезде якорь орнынан ауыр қозғалып құлықсыз
жылжыды, өкшесінен жердің құмдай сары ылғалын сығып жатыр. Енді
барлық дауыстар қосылып, еркін тұтасты, еділдіктердің жан жүйесін
əрі қуантып, əрі жұбататын қос дауысты əн тамаша бір толқындай
жағалаудың үстінде қалықтады, оның қарапайым сөздері айтысып,
арқа қоздырады, лебізі адамдарды біріктіріп, бəрін бір бастырып,
жылдан жылға, ғасырдан ғасырға бастап келеді. Якорь сүйретіліп
жылжиды, бұдыр сайын мелшиіп бір тоқтайды, бірақ құдіретті əн
шойын денесіне жан бергендей тағы да селқос қозғалады.
Пастухов пен Цветухин тамақтарын ішіп болып, ұзақ уақыт үндемей
əн тыңдап отырды, жағалаудан суға қарай қалқыған əн пароходтың
біресе ана жағынан, бірге мына жағынан естіледі, біресе күшейін
қоңыраудай бірлейді, біресе сонау өзеннің арғы бетіндегі бұлыңғыр
тұманға шөгіп, əлсірейді.
— Жүр көрейік,— деді кенет елеріп Пастухов.
Олар салон арқылы жүріп барып, палубаның арғы шетіне, пристань
мен пароходты ұштастырған өткерменің (тақтай көпірдің) дəл үстіне
барып тұрды. Олар кермеге шынтақтап, алдыңғы жүкшілердің
өткермеге шыққанын көрді, бүкіл артель аршаның бұтағындай болып
арқанға жабысып, пароходқа уласа бастады, бірте-бірте палубаның
астына ене түсті.
— Əне қара, —деді Цветухин, — танимысың?
Парабукин еңкейіп артта келеді. Ол тек ырым үшін бір қолымен
арқанды
ұстағаны
болмаса,
бар
ықласы
якорьда,
оның
айыртабандарының ол шеті мен бұл шеті өткерменің еніне тең.
Дударланған бұйра шашы жалбырап бетіне, мойнына түскен, денесі
салмақпен шіренген сайын селк-селк етеді.
— Түріңе болайын! — деді Пастухов күліп. — Мынау кеңірдегіңнен
ала түссе, зəрең қалмас.
— Неге алсын?
— Жай əшейін. Көңілі қалған өмірдің ызасына шыдай алмай.
— Көңілі қала қойды ма екен. Қарашы, қызы да қасында жүр...
Аночка! — деп Цветухин айқайлады.
— Аночка кібіртіңдеп, сүйретілген якорьға еріп, өзі сияқты жүк
тиеске жүгіріп келген жəне оның соғыс оркестр ойнаған марш сияқты
қызығына еліккен бір топ жалаңаяқ балалардың арасында келеді. Осы
кезде əн тоқтады. Жұмыстың ең ауыр кезеңі басталды: якорьды
сылдырмағын үске келтіріп, тік қойып, сол күйі борттың20 өн бойымен
кеменің тұмсығына жылжытып апару керек болды. Аночка Цветухинге
жалт қарады, ескі досындай оған басын изеді де, кідіріспен
пайдаланып, лып етіп пароходқа шықты. Пассажир палубасына ол тез
жеткен жоқ, коридорларда шырмалып каюталардың бір түстес
есіктерін түрткілеп біраз адасып жүрді. Бірақ Цветухинмен именбей
амандасып: күндізгі репетиция кезінде талай-талай бара жүріп,
театрдың басқа артистері сияқты онымен де бұрын істес болған-ды,
театрда жұрт Аночкаға да үйрене бастаған. Ол бұл жолы да жұмсайтын
шығар деп ойланбастан:
— Бір нəрсе əкелейін бе? — деді.
— Жоқ, ешнəрсе керек емес. Сен немене, əкеңе көмектесейін дөп
келдің бе? — деді Цветухин жүк тиеу туралы ойлап.
— Я,—деді Аночка өте салуалы пішінмен.
Пастухов оның бұрымдарын қозғап күлді. Аночка бойын одан аулақ
салып, мейлінше тəуелсіз пішінмен, жібін шиыршықтап кеудесіне
қадалған инесін көрсетіп:
— Мен оның түймелерін түгел қадап бердім. Көп ұзамай үсті-басын
да жамайсың, дейді əжем. Ол маған көйлек тігіп үйретпекші. Өзі пішеді,
мен тігемін, — деді.
— Мүмкін маған да тігерсің? — деді Цветухин.
— Білмеймін. Мен əуелі өз əжеме, сонан кейін Вера Никандровнаға
көмектесем. Вера Никандровна маған хат танытады, мен оған
қолғабыс етем.
Аночка жылтыңдап Пастухов пен Цветухинге кезек-кезек қарады,
аяғының ұшынан басып созылып, екеуі де естісін дегендей ентіге
қатты сыбырлап:
— Вера Никандровнаның баласын ұстап алып кетті, - деді.
— Қай Вера Никандровна?—деді Цветухин. Дереу кілт бұрылып:—
Александр, Кирилл емес пе? — деді...
— Кирилл емес пе?—деп тағы да Аночкаға қарады.— Кирилл
Извеков па, əлгі техник қой, солай ма? — деді.
— Солай, — я, — деді Аночка. — Вера Никандровнаның онан басқа
баласы бар ма еді?
— Не көкіп тұрсың? Қалай əкетті?
— Түк көкігенім жоқ. Мен Вера Никандровнаның үйінде кеше күні
бойы болдым. Соның алдында, түнде, ұстап əкеткенін біздің бір ағай
көріпті.
— Кім əкетіпті? Қайда əкетіпті?—деді қазбалап Цветухин, кенет
оның рас айтып тұрғанын түсінді де, үндемей, қастарын көтеріп,
Пастуховқа қарады.
Александр Владимирович қалшиып тұр. Жалпақ бетінің төменгі
жағы ауырлап, көздері сықсиып, тез-тез жыпылықтады. Əрбір кескіні
өз əлінше торыққанын сездіргендей. Ол алыстап барып, көрі оралып,
күдікті қиял еңсесін басып, қайта кетіп бара жатқан адам тəрізді.
Цветухинге Пастухов ұнамсыз қатенің үстінен шығып, енді
қателескеніне сене алмай тұрған сияқты көрінді.
— Бұл қалай, Егор, бала-шағаға жармасқандары ма?—деді, ол
ақырында.
Ол Аночканы иегінен ұстап, басын шалқайта көтерiп, бақырайған
батыл «өздеріне тесіле сынай қарады.
Аста егескен əн тағы түзеле бастады.
— Міне жүрді, міне жүрді!
Бірақ əн дереу бұзылды, оны бөліп, біреу: «Тоқта!» — деп, артынша:
«Абайла!» — деп команда берді, сонан кейін көп кісі əртүрлі дауыспен,
күңкілдесіп реніш білдірді, сөгінді, Аночка бір түрлі аянышпен қыңқ
етіп, кермеден бір-ақ қарғып, пристаньның таянышына секіріп түсті,
онан ышқынып, тышқандай бұлтаңдап, өткерменің үстіне жиналған
жұрттың аяғының арасымен ілгері ұмтылды.
— Оқыс қаза! — деді Цветухин кермеден асылып, аста не болып
қалғанын көру үшін.
— Парабукин оқыс қазаға ұшырады, — деді ол жып-жылдам, бір
қолымен шапанын аласала, тұра жөнелді.
Парабукин жерде сулап шалқасынан жатыр, екі көзі жұмулы, сұлқын
басқан адамдай өксіп дем алады. Маңдай тері жылтырайды.
Айналасында иінтіресіп тұрған жүкшілер: Тихон шалқасынан құлады
ма, жоқ жанбасынан құлады ма, деп өзара көріседі.
— Бұл қалай? — деп Цветухин жұрттың арасымен сығылысып, əрбір
жол берген кісіден сұрап келеді.
— Ұршық қағып жіберді, — деді біреу.
— Қайдағы ұршық?
— Якорьмен қағып жіберді. Асығыс тартып қаламыз,—деді екінші
біреу.— Жер тар.
— Біз оңтайласып үлгіретін едік, — деді үшіншісі, — бірақ тап осы
араға мынау шалжиған немесін қоя қойған екен, — деп жұдырығымен
бипланның қанатын қойып жібергенде, сымдары бал арадай гуілдеді.
— Доктор керек. Докторға немесе фельдшерге кісі жіберіңдер. Есін
жисын, — деді асығып Цветухин, əкесінің бас жағында жүресінен
отырған Аночканың қасына барын еңкейді.
— Оқа емес, жаны сіpi адамдар ғой, — деді жайбарақат пристань
агенті құлағына қыстырған қарындашын түзетіп.
— Аптека, аптека болу керек қой пароходта!—деді безектеп
Цветухин.
— Араласпа, байбатша. Бір бұл емес,— деді тікенек сақалды арық
жүкші.— Алыңдар, інішектер, кормадағы21 конторға апарайық.
Жүкшілер еңкейіп, Тихонды көтерді.
— Отағасы босап кетіпті,— деді біреуі күрсініп.
Олар кібіртіктеп, аяқтарын алжас басып, көтеріп келеді. Аночка
жұдырықтарын түйгіштеп, ере жүгірді. Оның соңында Цветухин.
Комада Тихонды жерге қойып, жауырындығын басына жастады.
Шабдар сақалды жүкші шүйдеден өрт шелегін алып, жіп байлап,
борттың сыртынан су тартып алды.
— Ал, қызым, былай тұр!—деп ол Тихонға су шашты.
Парабукиннің бұйра шашы қарауытып, басына тығыз жабысты,
сондықтан қауқиған басы кішірейіп, бұдыр-бұдыр ақ маңдайы өлген
адамдай шодырайып кетті. Бірақ сол сəтте қыбыр етіп қарауытқан
қабағы ашылды да, əлі су қараңғы қарашықтары бозарып көрінді
кеудесі соқты, ыңқылдады. Парабукин шынтағын астына алып, тұрмақ
болды, бірақ, шамасы келмеді.
Станция... — деді даусы шиқылдап. Аночка əкесінің қолын ұстай
алып: Қай жерің ауырады, əке? — деп баж ете «алды Қарлы дауыспен,
тағы да шыдамсызданып жұдырықтарын түйді. Ол сəл жаны кірген
бозарған көздерімен қарады, беті қыбырлады.
— Əжеңе... айтпа, — деді əрең, ентігіп, бірінші рет шуылдатып, кең
дем алды.
Шабдар сақал судың қалғанын борттың сыртына серпіп жіберді,
шелекті оз орнына, əрқайсысының бүйіріне «самолет» деген сөздің бірбір əрпі жазылған көп шелектің қатарына ілді де, қолын сермеп:
— Əйда, жігіттер! Отағасы бері қарады, тынысы ашылды— деді.
Олар темекі салған кисеттерін алып жазып бет-бетіне тарқай
бастады.
Цветухин жоғары қарады. Пароходтың кормасында, уақиғаға
жоғарыдан қарап тұрған бір топ пассажирден бөлек, Пастухов тұр. Ол
папирос тартып, дөңгелек көк түтінді құшырлана тез-тез ытқытып
тұр. Цветухин гримі кетпесін дегендей орамалмен шекесін, маңдайын,
иегін басты, орамалына қарады. Орамалы су болыпты. Бір минут
қозғалмай тұрды да, кенет жалт бұрылып, Аночкаға барды.
— Мə, бетті сүрт, — деді.
Аночка түсінбеген адамдай орамалды алмады да, дереу өзінің
жамаулы жіңішке жеңімен əкесінің басын еппен əдемілеп сүрте
бастады.
Сембі күні, түнгі сағат 12 де, сот палатасы прокурорының үйінде, үй
адамдары екі стол басына отырып карта ойнады. Роберлар22 арасында
еркектер террасаға шығып, бой жазады. Террасаның айналасын
қоршаған жабайы жүзім ағашының тым-тырыс қалың жапырағына
электр шамдарының алтын сəулесі түсіп тұр, жарықта жалпылдап
ұшып жүрген түн көбелектері. Олардың бір жанып, бір сөнген
қанаттарының жан таласқан дірілі тамылжыған түннің үнсіздігін
ерекше сездіреді.
Прокурор жүзімнің күлтеленген қалқасының астында ілгері-кейін
жүр, бұрылыс сайын кідіріп, көбелектерге қызық көріп қарайды.
Қасында ол жүрсе жүріп, тоқтаса тоқтап, үйдің үнемі қонағы,
қарамағындағы қызметкерлерінің ең кішісі, сот қызметінің кандидаты
Анатолий Михайлович Ознобишин жүр. Оның сырт пішіні аздап
кенгураға ұқсайды — қолдары сəл қысқарақ, қолының басы
еркектердікіндей емес кішкентай, биік аяқтарының түп жағы жуантық,
жүргенде кеудесі сəл кейінірек қалады. Аңқаусымақ, мінезі жатық
болғандықтан ол прокурорға ғана емес, əсіресе оның əйеліне, жалпы
алғанда үйдің барша əйелдер жағына — апайларға, жас немере
қарындасқа ұнайтын, немере қарындас онан үміткер де.
Қызметтестері оны жылпос көретін-ді, сондықтан аз-кем жуас сияқты
көрінгенімен, қызметтегі өте пысық серіктерін басып озады деп
сенетін.
— Ғажап нəрсе!— деді прокурор. — Мені мынау түн көбелектерінің
жалпылдағаны əрдайым жайбарақаттандырады. Преферанстан23 да
артық көрем.
— Преферанс қайта қызындырады ғой, — деді қонақтардың біреуі.
— Құстаңбасы бола тұрып, төрт взяткасыз қалған кісіге əлбетте
солай, — деді прокурор миығынан күліп. Мен тəуекел деп кете
бермеймін, сондықтан демаламын.
— Көрерміз, көрерміз, келесі пулька24 əлі не көрсетер деді қонақ
бөлмеге кіріп бара жатып.
— Шынында да, мəртебелі мырза, — деді Ознобишин бастығымен
оңаша қалғасын,— мынау көбелектерден далаға жаққан от сияқты көз
алу қиын екен.
— От ұшқыны ұшып жүріп сөнеді, — деді қиялданып прокурор.
— Ұшқынға ұқсайды, дұп-дұрыс айтасыз. Жəне қармаққа көз
тартады.
— Болмыстың əрекетін ойлайсың, — деді күрсініп прокурор.
— Не жаңалық естіледі?
— Ерекше ешнəрсе естілмейді. Қалада үндеу хаттар туралы əңгіме
əлі басылған жоқ.
— Ах, əлгі балалар туралы ма? Тергеу қалай?
— Анық айта алмаймын. Өзіңіз білесіз ғой, мəртебелі мырза,
прокурордың серігі мені жаратпайды. Мен онан тергеуге өзіңізбен ере
барайын деп екі рет өтіндім уəде қылады, бірақ...
— Гм-м... Немене, менің ұсыныс айтуымды қалайсыз ба?
— Егер қиынсынбасаңыз айтқаныңыз дұрыс болар еді. Мен үшін
болар еді, жəне, мүмкін, пайдам да тиер еді. Іс төтенше қызық болатын
сияқты. Мысалы, біздің камерада бұл іске Цветухиннің қатынасы бар
деген тосын əңгіме естілді. - Актер ма?
— Дұп-дұрыс айтасыз.
— Жанжал! Немене, үндеу хаттарды қожалардың астына тастай
бергеннен сау ма?
— Басқа іс бойынша — типография туралы өтетін сияқты.
— Бəрінің сабағы бір, мен бұған кəміл сенем.
— Жоқ, мəртебелі мырза, сабақтастығы əлі анықталмапты...
Ұштастыруға келмейтін сияқты... Екеуі екі басқа деседі.
— Ах, шырағым-ай, кімнің қолынан келмейді? Подполковниктің бе?
Подполковник не де болса жымдастырып жібереді. Ол аспапшы
сияқты: сірке суы мен майдан правансаль тұздығын жасап шығарады.
Анатолий Михайлович күліп, оның, ұстамды күлкісі бəсеңдеп барып,
мəртебелі мырза езуін жыйғанда, басыла қалды. Сонан кейін төтенше
жасырын сыр қылып:
— Пастуховты да атайды, — деді.
— Пастуховты дейсің бе?
— Я, Пастухов та бар сияқты.
Олар үн-түн жоқ біраз тұрды. Қоңыр көбелектердің кішкене
көлеңкелері шарқ ұрған ойдай жүздерінен сырғанап өтіп жатыр.
Бөлмелерден «күлкі естілді.
— Ешқандай жаңалық жоқ, деп айтуыңыз қалай, — деді прокурор
наразы ренішпен, əрі күлкіге құлағын салып.
— Мен ешнəрсені ақиқат білмеймін, мəртебелі мырза. Айтуын
айтып, артынан бекер болса, баяғы Ознобишин пəтуасыз болып
шығады. Күні бүгінге дейін тергеуі протоколдарын маған танысуға
берген емес.
— Я, я. Ертеңнен қалмай маған мəлімдесін деп айтайын.
Прокурор жаратпаған адамдай басын шайқап, бөлменің ашық тұрған
есігінен күліп жатқандарға қарады.
— Сізге де іспен танысуға рұқсат етсін деп айтайын. Тəжрибе
молайту керек қой. Ойыңызды біліп тұрмын. Танысыңыз, кейін маған
да айтып тұрарсыз. Көзілдірік киюге қосқаннан бері, қымбаттым,
маған іс оқу анағұрлым қиын болды. Көзілдірік кисем, ұйқым келеді,
міне қараңызшы. Ал кимесем, түк көрмеймін.
— Көз ғой, мəртебелі мырза, — деді Ознобишин шын ықыласымен
сендіріп.
— Я, — деп прокурор оның сөзін қостады. — Анау модернист25 болу
керек.
— Постухов па? — деп Ознобишин түсіне қалды. Əрине, модернист.
— Газеттерде мақтайды өзін. Ал əкесі берекесіз адам еді. Аузымен
орақ, оратын. Борышы көп болды... Егер баласы оған ұсаса шатасқан
біреу деп ойлауға болады. Оның үстіне əдебиетшілерден ондайды күту
əбден табиғи нəрсе. Сіз қалай, модернистерді оқисыз ба?
— Байқап көрдім, мəртебелі мырза. Бəрі де біртүрлі.. тұрлаусыз
оспақ сияқты. Кейде тіпті лайықсыз көрінеді.
— Я, олардың ондайы бар... Бірақ, білемісіз, кейбіреуінікі қызықты,
көркем болып шығады. Мен көзілдірік алмастан бұрын бір роман
оқыдым... авторы жадымда қалмапты. Жаңадан шыққандардың бірі.
Бірақ кітаптың аты əлі есімде: «Беті ашылмаған», дейді, білемісіз. Өте
батыл айтылған. Оқуға жеңіл, қызық. Онда көремісіз бір қыз...
Дəл осы кезде прокурордың немере қарындасы жарқылдап
террасаға шыға келді де, асқа шақырды, прокурор үйге кіріп, жұрттың
бəрі неменеге, мəз-мəйрам болып жатқанын сұрады.
Əдеттегісінше əйелдердің «асына отырып, кішкене қолдарымен
оларға сыпайы, сəл икемсіз ас ұсынып, қалтқысыз орынды сөздер
айтып, Ознобишин рақаттанып отырды. Жаңағы террасадағы сəті
түскен сөздерден кейін саяси істерді бақылайтын прокурордың
серігімен енді ашына болмақ, көптен бері қолы жетпей жүргені осы еді.
Прокурордың серігі жас кандидаттың пысықтығын жаратпайтын.
Ознобишинді ол жиі-жиі тежеп тастаушы еді, қызметті жақсы атқару
үшін сұғанақтығының алдында ұстамдылық жүру керек деп ақыл
айтып, маңызы аз материал жиыстырудан басқа да жұмыс бермейтінді. Енді, палата, прокурорының камерасы бүкіл қаланы шулатқан істі
өзі жүргізуге алғалы тұранда, Ознобишин тергеу тəжірибесіне
жұмсауда да, айыптау актысын бірге жасасуды да неғұрлым табысты
болсам керек деп ұйғарды. Бұл іске қатысу оған мансап көру
жолындағы айта қалғандай елеулі, мүмкін тіпті шешуші қимыл сияқты
көрінді, прокурормен бұрынырақ сөйлесуге сылтау таппағанына
өкініп, бірақ сəті түсіп ақырында сөйлескеніне қуанып отырды. Жас
жігіттердің көпшілігі сияқты ол да əлдебір нəрсені өзгерту, жетілдіру
талабы орындалмағанына көңілі толмағандай болады, ол бұрын ешкім
елемей келген көп жаңалықтар ашқанын күндердің күнінде білген
кезде, жұрттың бəрі маған хайран қалады деп ойлайтын. Сот
жұмысының машинасын өзгертем деп ол ойламайды, бірақ оған жақын
жібере қалатын күн болса, оның айлашыл аспаптары өзгеше ойнар еді,
сөйтіп қарт чиновиктердің өздері-ақ аһ ұрып, мені төбелеріне көтерер
деп ойлады. Оның ең күшті арманы — тірі айыпкерлерді көру, бірақ
прокурордың серігі оның тергеу ісіне өте қулықты екенін елегісі
келмей қатты ренжітеді.
Тергеу
екінші
айға
созылды.
Жандарм
подполковнигі
Полотенцевтің қолынан талай адам өтті, кеменің түбіне жабысқан
ұлудың қабықтары сияқты, тергеу ісіне анықтаулар жамала берді.
Жандармдық полиция басқармасына Меркурий Авдеевич Мешков
та шақырылды.
Ол ертеңгі дуға тыңдауға баратындағысындай таранып, тəуір киініп
келді. Өз басының кім екенін анықтау үшін қойылған алғашқы
сұрақтар қиын емес екен. Ол ықыласпен жауап берді, сұрақтардың
үйлесімді, жайлы болуына қарап, жүрегі орнына түсті, оның үстіне
Полотенцевте амалсыз мазалағанына үнемі кешірім сұрап отырған
сияқты.
Ол жалтыратып шашын алған шақша бас адам екен, желкесінде
математикалық томпағы бар, қысқа кірпіктері көзілдірігінің жіңішке
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алғашқы қуаныш - 11
  • Parts
  • Алғашқы қуаныш - 01
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2221
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2187
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2105
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 04
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2139
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 05
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2170
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 06
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2209
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 07
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2153
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 08
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2136
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 09
    Total number of words is 3869
    Total number of unique words is 2136
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 10
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2253
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 11
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2161
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 12
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2249
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 13
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2112
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 14
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2190
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2140
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 16
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2142
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 17
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2318
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 18
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2145
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 19
    Total number of words is 3941
    Total number of unique words is 2208
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 20
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2290
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 21
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2172
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 22
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2182
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 23
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 24
    Total number of words is 3246
    Total number of unique words is 1802
    39.4 of words are in the 2000 most common words
    54.5 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.