Latin Common Turkic

Алғашқы қуаныш - 05

Total number of words is 3950
Total number of unique words is 2170
37.0 of words are in the 2000 most common words
51.4 of words are in the 5000 most common words
58.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Шын түгі де жоқ. Корсардың басын шынымен шауып алды
деймісің?... Аққан қан да нағыз қан емес, жидектен жасаған су.
— Жоқ, жидектен емес.
— Енді неден?
— Қаннан.
— Өзің мүлде бала екенсің ғой.
— Жоқ, бала емеспін. Онда үлкендер де болды, бəрі де нанып
отырды ғой. Неге десең ол рас. Кеше біздікінде болған артистер де
сонда болды.
— Я,— деді Вера Никандровна,— Цветухин бізбен қатар отырды.
Нанамысың, Кирилл, үсті-үстіне қол шапалақтап отырды. Оған да
ұнағаны ма деп таң қалдым.
— Міне шығып келеді, — деп баласы оның сөзін бөліп, елемей кете
ме дегендей тікірейе қалды.
Цветухин Пастуховтың қолтығынан ұстаған. Пастухов үстіндегі ақ
киімін қағып, қарқылдап күледі, — екеуі де басынан аяғына дейін ақ
киім киген, елден өзгеше көрінеді, əсіресе біреуі сары, біреуі қызғылт
сары лента таққан кең етек қалпақтары ерекше көзге түседі. Екеуі ең
артынан шықты, жұртпен бірге емес, ойыншылардың ойын көрсететін
көпірге шығар жеріндегі перде алған бір қалтарыстан шықты. Халық
тарай бастаған кез, тек король мен жендеттің қасында шоғырланған
бір топ адам бар, олар аналардың киімдеріне, семсерге, семсердің орақ
жүзіне қатқан қызыл бір нəрсеге қарасып тұр. Сол. анырайысқан
топтан ығысып, Цветухин мен Пастухов Извековтардың қасына келіп
тоқтады. Кирилл басындағы фуражкасын алды. Цветухин онымен
амандасты, Аночканы танып, иығынан қақты.
— Кешегі танысымыз, Александр, танимысың? Сіздер татуласқан
сияқтысыздар меніңше,— деді Кириллге. — Я. Мына кісі менің шешем
болады, танысыңыз. Мынау — Лиза Мешкова. Ал сізді атап
таныстырмай-ық қояйын, бəрімізге де əйгілі адамсыз ғой.
— Мешкова дейсіз бе? Əлгі анау Мешковтың қызы ма? Меркурий
Авдеевичтің? — деп сұрады Цветухин.
— Я, — деді естілер-естілмес қана леп шығарып Лиза.
— Александр, əнеугі Мешковтың қызы,— деді Цветухин.
Пастухов бір қолын беріп жатып, бір қолымен үсті-басын қағып,
қаранумен болды. Ол өзіне баяғыдан сыр-мінез таныс адамдарындайақ ешқайсысына назар аудармастан əйтеуір бəріне арнап сөйлей
бастады.
— Дарыны көруге барған едік. Мен сізге айтайын, жан түршігерлік
машина екен. Не екенін шайтан білсін! Үсті-басымызды жидекке əбден
бояп алдық, сау жер қалған жоқ. Масқара деген осы!
— Естідің бе, Аночка? Ешқандай қан жоқ, жидектің суы деп едім ғой
саған.
Аночка Пастуховты көзімен атып жібере жаздады. Пастухов оған
қарап көзін біраз жыпылықтатты да, Кириллге қарап, ақыл айтқан
адамша:
— Ешқандай жидек жоқ, жігітім, есіңізде болсын,— деді, — патша
ағзамның нағыз жендеті төккен нағыз қарақшының қаны. Сенікі дұрыс,
шығарым. Жұрттың зəресі ұшпасын деп қанды жидек деп атай салған
ғой.
Ол Аночканың иегін көтерді.
— Бетіне қарашы, Егор. Сирена. Əйел-балық, ха!
— Біз əйел-балықты көрдік, — деді артықшылығын білдіргісі
келгендей мақтанып Аночка, ешкім тəлкек қыла алмайтынына сеніпақ тұр.
— Балық болғың келе ме? —деді Пастухов.
— Сіз өзіңізге өзіңіз қайшы сөйлеп тұрсыз, — деді Кирилл зілдеп. —
Егер қан нағыз қан болатын болса, сирена да нағыз сирена болғаны
ғой. Олай болса Аночканы қалай сиренаға айналдыруға болады?
— Сіз солай деп ойлайсыз ба? — деді шындап Пастухов.
Сонан кейін Кирилл маңызданып:
— Əрине. Фокустардың бəрі айналардың ойыншығы екенін
жұрттың бəрі біледі, — деді.
— Солай ма? — деп Пастухов бұрынғысынан да шынтуайттай түсті,
онан кейін біраз үндемей тұрып, кенет өзінің əдетінше қарқылдап
күлді, алақанымен бетін сипап, осымен сөйлесейін бе, сөйлеспейін бе
деген кісіше шіреніп: Сізге кеңес берейін, жас жігіт, жүрген жерін
жегідей жейтін шүбаланушылықты тастаңыз. Ғылыми тілмен айтсақ
шектен асқан рационализм дейді мұны. Əйелдерді балыққа тағы басқа
көңілің нені қаласа соған айналдыра беруге болады. Əйел — балық,
болғыңыз келе ме?— дап ол күлімісіреп Лизаға қарай бұрылды.
— Мінезіме сай келмейді,—деп қызарды ол. Жұрттың бəрі қарай
қалды. Беті онан сайын қызара түсті, бірақ Кириллдің де беті оттай
жанып тұрғанын көріп, сөзінің мəнісін түсіндіруге асықты.
— Біздің класта оқитын бір қызды сылбырлығы үшін табан балық
деп атап кетіп еді, сол есіме түсіп тұр. Мен мүлде сылбыр емеспін, рас
па Кирилл? Егер басқа түрге айналатындай болсақ бөтен бірдеме
болармыз.
— Өрмекші болғыңыз келе ме? — деді өзінің қолында тұрғандай
Пастухов.
Бəрі де əзілі жарасып көңілденді. Вера Никандровна баласы
маңызды емтиханнан өткендей, ал Лиза оған жəрдемдескендей көріп
баласына риза болды, Лизаға іші жыли бастады.
— Сізге пантомима шынымен ұнады ма? — деді күліп Цветухинге
қарап.
— Өте ұнады. Маған корсар мейлінше ұнады, əсіресе дарға шығарда
кешірім сұраудан бас тартқанына риза болдым. Керемет ойнап
шықты! Тамаша!
Цветухин өзінің кеудесін бір ұрып, аяқтарын көрсетті, жерді
көрсетті, үсік қолын Пастуховтың дəл мұрнының астына тақап оңдысолды шайқады. Мұның мəнісі: сен, Португалияның, патша ағзамы,
маған алдыңда тізе бүктірмек болған екенсің? Сотқар болма! — дегені
еді.
Қөпірдің үстінде отырған король Цветухиннің ойынын көріп,
қасындағы жендетке қарады, екеуі күлді, топтың ішінен біреу:
— Əне қара, мыналар да артист екен! —деді.
— Қай балағанда ойын көрсетесіз? — деді Аночка.
Жұрт ду күлді.
— Мен бе? — деді Цветухин. — Мен ең үлкен балағанда ойын
көрсетем. Өсіп үлкейгенде келіп көрерсің.
— Сіз де — қарақшысыз ба?
— Нағыздың өзімін. Менен бүкіл жұрт қорқады.
— Мен қорықпаймын, — деді Аночка басын көтеріп.
Цветухин баланы құшақтады. Мұнымен сөйлесіп тұрғанда ол екі
көзін Лизадан алмаған еді: Екеуінің əңгіме тыңдағандағы түрлерінде
əлдеқандай ұқсастық барлығын аңғарды. Тек Аночкада — сенбестік
басым болса, Лизада — əуесқұмарлық басым тəрізді.
— Сіз театрды жақсы көремісіз? — деді ол кенет Лизаға қарап.
— Өте жақсы көрем, — деді Лиза тағы да естілер-естілмес, дəл сол
кезде қоңырау пəрменімен дабыл ұрып, сөзін естіртпей кеткеніне
ішінен сүйсінді. Сөзін қайталап айта ма деп ойлаған адамдай Цветухин
қызға бір адым төніп барып басқа ешкімге естіртпей қыздың өзіне
ғана:
— Театрда болсаңыз, маған кіре кетіңіз. Тұп-тура сахнаның сырт
жағына келерсіз, — деді.
Қыз жауап бермеді.
Пастухов шынтағын қағып қалды.
— Жүрейік. Біз екеуміз балағандардың бəрін аралап көруге ұйғарған
едік, — деді ол қоштасып жатып.
Екеуі былай шыққан соң Цветухин:
— Сен байқадың ба, Александр, қыз көзін қалай-қалай төңкереді? —
деді.
— Жас қыз ба?
— Жас қыз емес, бой жеткен қызды айтам.
Пастухов үндеген жоқ. Бірнеше адым жүргеннен кейін Цветухин
артына бұрылып қарады. Бірақ көптің арасынан Лизаны да,
Извековтарды да көре алмады.
— Тамаша қыз екен, — деді Цветухин.
Пастухов естімеген кісі болды.
— Жаңағы Мешкова неткен керемет қыз еді деймін, рас па осыным?
Пастухов жолда кездескен квасшыларға, майда-шүйде сататын
саудагерлерге, балағанға шақырушыларға қарап көзін жыпылықтатып
келеді. Бір кезде кенет тұра қалып, лəм-мəм деместен, қолын
шошайтып маңдайшаны көрсетті. Маңдайшаға қара қанден иттің
суретін салыпты, ол ақ перчатка тістеп, таяқ алып, екі артқы аяғымен
тікірейіп тұр екен.
— Түсіндің бе?
— Неменені?
— Мынаның не екенін түсіндің бе?
— Несі бар? Таяқ ұстаған төбет.
— Ендеше сол таяқ ұстаған тəбет сенсің, — деді Пастухов.
Біріне-бірі қыңырайып қарап, екеуі күлді, Цветухин аз-кем сасайын
деген сияқты.
11
Тоғыз жүз бесінші жылғы октябрьде, еврей ойранында, ойран
салушыларға оқ атқан бір топ жауынгер дружинамен бірге Петр
Рагозинді кешеде полиция тұтқынға алды. Тұтқынға аларда ешқандай
қару-жарақ таппады, бірақ итаршыланған бір қуа Рагозиннің мылтық
атқаны рас, көптің ішінде жүрген бір кірешіні жаралады, деп
мөлдіретті де тұрды. Алайда тұтқынға алынған адамның жауынгер
дружинаға қатынасы барлығын дəлелдеу мүмкін емес еді. Рагозинді
бір жылдай түрмеде ұстап, ақыр соңында көшедегі тəртіпсіздікке
қатынасты деді де үш жылға жер аударды.
Өзі жер ауып кетер күні екі жасар баласы скарлатинадан қайтыс
болды, бірақ мұны ол кейін барып естіген болатын. Оның əйелі Ксения
Афанасьевна яғни Ксана қабақтары селтиген, қыр мұрын, аласа бойлы
ақсары кісі, шынтақтары шодырайып, қолының басы шөлмектей
созылып, Петр Петровичпен қатар тұрғанда қызы деп ойлауға болады.
Рагозин жауырыны кең тарамыс адам. Оның ұзын, сəл қисықтау аяғы
еңкештеу еңгезердей денесін əрең көтеріп, қазір қулап кететіндей
көрінеді. Тұтқынға аларда жасы отыз шамасында болатын, бірақ
шиырған мұрты, қою ақсары сақалы бар дөңгелек жүзі, ішінен бəрін
біліп отыратын көпті көрген кексе адамның жүзіндей үнсіз құбылып
күлімсірейді де тұрады, сондықтан өзге жұрт жасы қырықтан асқан
деп ойлайтын. Ол алшаңдай басып Ксананың қасында келе жатқанда
əкесіндей өзінің еңкеш денесімен қорғаушы еді, Ксана өзі əлсіз, нəзік
адам болғандықтан күйеуінің олай қорғағанын табиғи нəрсе деп қабыл
көрді. Көшедегі жұрт бұларға бір қарап қалады, өзара күліп
Вавилонның доңғалағы немесе Вавилон деп Рагозиннің жалған атын
бір айтып қалатын. Ксана бала тауып, Петр Петрович баласын құрғақ
көрпеге орап, оның басы қай жақта екенін білу үшін шілтерлеген ақ
жайманың бір бұрышын шығарып қойып, бұрынғысынан да
еңкештеніп таяғының ұшынан басып мейрам күндері көшеге. көтеріп
шыға бастаған кезде, бұрынғы кекесін сөз кексіз еркелікке айналып
кетті.
— Əнекей, Вавилон қатын-баласын өргізіп барады, — деп əзілдейді
көршілері. — Олар Рагозиндерді бақытты, көңілі жарасқан қосақ деп
біледі. Олары да рас, Ксананың есінде қалған күйеуінің жалғыз
дөрекілігі — сонау еврей ойранында сəтсіз күні болған бір уақиға еді...
Ол күні Ксана ойраншылар үйін еврейдің үйі демесін деп қолына
икона алып қақпаның сыртында тұрып еді. Қара тобыр таяқтарын
үйіріп, ысқырынып, қасқырша ұлып, жолмен ағытылып келеді, кейбір
қанқұмар немелер қораның ініне дейін кіріп, тығылған еврейлердің,
ізін, немесе тастап кеткен үйлерін тіміскілеп жүрді, бірдеме табылса,
сау етіп бəрі сонда барады, кездескен адамның сүйегін, терезенің
рамасын, шырылдаған жас балаларды, шыны ыдыс қойған
этажеркаларды — бəрін күл-талқан қиратып, артына қоңырсы исін
қалдырып кетіп отырады. Сөйтіп бара жатқанда бір жерде бұрыштан
бірнеше адам шыға келіп, тізбектеліп бұлардың жолын тосты. «Тақап
атыңдар» — деп біреуі ақырын өмір етті. Ксана күні бойы қақпаның
қасында өзімен бірге тұрған Петр Петровичтің үйге қалай кіріп
кеткенін сезбей де қалды. Тек оның жан-жаққа қарамастан жаңағы шеп
құрған адамдардың ең соңында ентелей басып кетіп бара жатқанын
бір-ақ көрді. Ксана иконасын біреуге тастай беріп, артынан жүгірді. Ту
сыртынан бара жармасты, бірақ ол артына қарағанда оның екі қолын
қалтасына салған бойымен алшаңдай басып жүре берді. Əйел оның
пенжағына жармасты. Оған да қарамады. Сонан кейін мойнына
асылып айғай салды: «Петя, Петенька Бауырым!» — деді.
Ол əйелді шопақ құрлы көрместен сүйрей жөнелді. Болмағасын əйел
шыңғырды: «Кішкене бөбегіңді ойласайшы, Петя!», — деді. Сол кезде
жалт бұрылып, тістеніп, əйелінің қолын пенжағынан жұлып алып,
тротуарға итеріп жіберді де, кете барды. Жерде құлап жатқан əйелдің
құлағына шақылдаған тапаншаның дауысы естілді, сол кезде əйел екі
қолымен бетін басып өкіріп қоя берді.
Петр Петрович сонан қайтып үйіне келмеді. Ксана үшін бұл, əрине,
күтпеген нəрсе, бірақ ол мұны бір ауыз сөз айтпай кетіп қалу, ақылға
сыймайтын ашумен өңменіне итеріп жіберу, тапаншадан кісіге оқ ату,
бұрын-соңды револьвер туралы ешнəрсе айтпау сияқты басқа да
күтпеген нəрселерден туған болмыс деп түсінді. Сонан кейін бір жыл
бойы, мейрам сайын, ол түрменің қаңылтырмен қаптаған қақпасының
алдына келіп, тергеу астында жатқан Петр Рагозинге беру үшін темір
тор салған кішкене төрт бұрышты терезе арқылы сасқалақтап
күзетшіге шүберекке түйген сəлемдемесін тапсырып тұратын болды.
Шынтақтары бұрынғыдан да шодырайып, саусақтары жіңішкере түссе
де, төзімділігіне тақ қалушы еді, өзім жаны сірі болып кетіппін
дейтұғын. Шұлық тоқитын мастерскойға жалданып жаңа пəтерге
шықты — Мешковтың қорасындағы кішкентай қосалқы үйге көшті,
күйеуін жер аударатын болыпты деп естігенде тағдырға көнбеймін
деп тырбанып, бұрынғыдан да ширай түскен сияқты болды.
Ерте түскен сұрғылт күздің бір кешінде бала ұзақ аурудан қайтыс
болды. Соның ертеңіне Ксана күйеуін жөнелтуге барды.
Айдалған адамдар товар станциясынан жөнеледі екен, Петр
Петрович күйе басқан депомен өзінің цехын тағы бір көрді, ол
тұтқынға алынғанша осында слесарь болып істеген-ді. Цехта
жұмысшы болып істейтін ұзын бойлы мал қоштасуға келіп Петр
Петровичке жолға темекі берді. Товар поезына екі тұтқын вагоны
тіркелді. Соның біріне каторгаға баратын қылмыстыларды тиеді.
Олардың қол-аяғында шынжырлары бар, теміржол арқылы өткенде
рельстердің үстінен əрең аттап өтеді, сол кезде сылдырлатып темірдің
дауысы станциядағы басқа дыбыстың бəрінен айқын естілгенімен оны
жəне алмады. Поезд құрастыратын көкек паровоз бұрынғысынша əр
жерден дыбыс беріп жүр, буферлер салдырлайды, вагон
тіркеушілердің кернайы аңшылардың кернайындай əндетеді, депода
істен шыққан бу пысылдайды. Бұл тая, қаларлық талас еді: «Өмір»
«өмір өтті, өтті»,—дейді шынжырдың темірі, «өмір келеді, келеді», —
дөп дауыстал əндетеді станцияның темірі. Осы талас Ксананың
діңкесіне тие берді, тие берді, сондықтан оның жалғыз ғана арманы
еврей ойраны болатын бақытсыз «үндегідей құлап қалмай, аяғымнан
тік басып тұрсам екен деген ой болды.
— Тілі əбден шыққан шығар? — деп сұрады Петр Петрович баласы
туралы.
— Я, əбден шығып қалды ғой, — деді əйелі.
— Мені сұрай ма?
— Сұрайды.
— Тентек пе?
— Я, тентек.
— Ұйқысы қалай? Тыныш па?
— Өте тыныш ұйықтайды.
— Бұрынғысындай саған бөгет жасамай ма?
— Жоқ, жасамайды.
— Менің, атымнан сүй.
— Сүйейін.
— Тістері шықты ма? Сен жақсылап сүй.
— Жақсылап сүйем ғой.
Екеуі осылай ажырасты. Тұтқын вагоны бар поезд бір тоқтап, біресе
ілгерілі-кейін ақырын жүріп тұрған басқа поездардың арасында жоқ
болып
кетті.
Петрдың
жолдасы,
бағанағы
шал,
Ксения
Афанаеьевнамен қоштасып, енді цехқа қайтқалы жатып, əйелдің құрғақ
көздеріне қарады да, сасқалақтап қалды: түрмеде бір жыл отырған
Петр Рагозин емес, осы əйел сияқты көрінді. Ойламаған жерде Ксения
Афанасьевна өзінің өтінішін айтты: бөбегімді көмуге жəрдемдесіңіз,—
деді.
— Қай бөбегіңді?
— Қайтыс болған кішкене баламды айтам.
— Баласы несі? Жаңа Петрмен сөйлескенде соны айтып тұрған жоқ
па едің, сүйемін деп уəде қылып едің ғой?
— Үйге барғасын сүйем ғой. Үйде стол үстінде жатыр.
Осыны есіткенде қарттың тілі көмейіне қатып қалды.
Əйелдің қайғысына ортақ болып көмектескен қайырымды адамдар
да табылды. Бірақ, жұрт оны сол қайғыда таныды, мақалаға
қарамастан оның атағы тек жатпады, қайта ақырындап біреуденбіреуге жайыла берді, ақырында ақылды адамдарға да жеткен болу
керек.
Жалғыз қалып қаңғырып жүрген Ксения Афанасьевнаға үшінші қыс
түскенде баяғы Петр Петровичты шығарып салып, кейін баласын
жерлеуге жəрдемдескен ұзын бойлы шал тағы келді əңгімені əріден
бастап, ақырында бір іске сенімді кісі керек екенін сездірді.
— Неменеге сенімді болу керек?
— Үндемеуге?
— Менің қолымнан үндемеу келеді.
— Көргенмін. Білемін. Сондықтан да келіп отырмын.
Келесі күні Ксения Афанасьевнаға ескі одеялға орап, қол шанаға
тиеген екі кеспек əкеліп, базға түсірді, қысқа тұздап қойған овощь
сияқты астына қайыңнан жарып ағаш төседі. Сол кеспекшелер одеялға
ораулы күйі тура берді, тек ара-тұра Ксения Афанасьевна тұздаған
капуста алу үшін базға түскенде есіне бір алады. Баздың аузы тура
алдыңғы үйден жабылады.
Көктемге таяу бір күні кешке салым кешеде техникалық
училищенің оқушысы Ксенияға жолығып, қай уақыт. та келсем болар
екен: маған бір пакет беруге тапсырған еді,— деді. Оның нендей пакет
екенін анық білмеуші едім, тек үйім осы арадан қашық болғасын
жолдан бере кет деп еді дегенді айтты. Ксения Афанасьевнаның
аңғарғаны техниктің дауысы шықпай күмілжіп тұрды, сондықтан ол
қайратын шақырған адамша қайта-қайта тамағын кеней берді. Ымырт
əбден жабылған кезде ол почтамен жіберетін сəлемдеме сияқты
бірдеме əкелді. Түймелерін ағытып, фуражкасын шешіп, маңдай терін
жұмарлаған бет орамалымен сүртіп, үндемей отырды.
Пакет сірə жеңіл болмау керек, соншалықты шаршаған екенсіз? —
деді Ксения Афанасьевна күліп.
— Егер жинап қоюға əліңіз жетпесе, мен жəрдемдесейін, — деді
қонақ.
Ксения Афаяасьевна пакетті көтеріп еді, еденнен əрең көтерді.
— Бұл не? Бір пұттан артық емес пе?
— Білмеймін,— деді қонақ — Пакетті қайда қоярын өзі біледі, тек
осыны айт, деді маған.
Ол шинелінің түймелерін сала бастады, тұйықталып, түсін суытып
ешқандай сұраққа жол беретін емес. Ксения Афанасьевна тағы да күлді.
— Мұнымен айналысқаныңызға көп болды ма?
— Немен?
— Дене шынықтырумен, — деді пакетке басын изеп.
— Дене шынықтыруды бала жасымнан жақсы көрем.
— Бала жасыңыздан жасырын сəлемдеме тасисыз ба?
— Мұнда жасырын не бар? Маған тапсырғасын, əрі сізді танитын
болғасын əкелдім де табыс еттім, болғаны осы.
— Ал егер қабылдамасам қайтесіз? Мұның кімнен екенін мен
білмеймін ғой.
Ол жауап қайтарудың орнына қолын созып қоштаса бастады, сөйтіп
өте маңызды іске əзіл жүрмейтінін сездіргендей болды. Есіктің алдына
барып аз кідіріп, ойланды да ақырын сұрады:
— Күйеуіңіз алдағы қысқа қайтады деген рас па?
— Қайту керек. Күзде — уақыты толады.
Ксения Афанасьевнаның Кириллмен бірінші таныстығы осымен
бітті. Ол тағы бір пакет əкеліп берді де, бірнеше ай көрінбей кетті.
Келіп жүргенде бұрынғысынша шешіліп сөйлеспеді, соған қарағанда
Ксения Афанасьевна оның, не нəрсе əкеліп жүргенін білмейтіні рас та
шығар деп ойлады. Қалай дегенмен де қойманы алансыз ала берді,
өйткені оған қойманы қабылдап, баздағы кеспекпен бірге сақта деп
күні бұрын айтылып қойылған-ды.
Петр Петрович қайтып келгеннен кейін екеуінің арасында бірін-бірі
қайта тану кезеңі басталды. Бұл ерекше жағдай еріксіз ажырасып, ұзақ
уақыт бір-бірінен алыста тұрған адамдардың арасында болады. Бір
кезде маңызды көрінген мінез қасиеттері, жайшылықтағы əдеттері,
тіпті тəннің сымбаттары мен белгілері ажырасып жүрген уақыттың
ішінде елеусізденіп, ол бұрын онша манызды емес кейбір қасиеттері
елеулі орын алып кеткенін аңғарысты. Көзбен, сезіммен, сезікпен
байқауға болатын өзгерістерді тануға себепші болып бастан кешкен
уақиға туралы ұзақ-ұзақ əңгімелер қосылды, ол əңгімелердің желісі
күтпеген жерде талай бұлтарып, өзге кісінің ойынша түкке керегі жоқ
ұсақ-түйектің бəрін қамтығандай. Сондықтан Ксения Афанасьевнаны
енді Рагозиннің қызы деуге не себепті болмайтындығы, өзінің
нəзіктігін жеңіп, ол қалайша ширап, айлакер болып кеткендігі, Петр
Петровичтің тұлғасы мүлде өзгеріп: еңкештігі азайып, бұрынғыдай
шайқалмай тік тұратын бола бастағандығы бірте-бірте. түсінікті бола
бастады.
Олар бір-біріне сүйіспеншілігі кемімегенін, қайта уақыт озған сайын
арта түскенін, бірін-бірі күту сезіміндегі ең орынсыз нəрсе — сол
сүйіспеншілік өшіп кете ме деген қауіп екенін түсінді. Олар ата-ана
ретінде өлген баланы азалап қана қоймай, сонымен бірге екеуі де тағы
бір бала көрсек деп жəне сол арманға енді толық еркіншілікке жеткен
махаббат келіп қосылғанын мойындап, зор қуаныш етті. Бұл қуаныш
сезіміне бір-бірінің басынан кешкендерінің бəрін бір түрлі мейлінше
қымбатты көріп, ерекше түсінушілік келіп басылды. Ксения
Афанасьевна ешуақытта күйеуінің бетіне салық қылып, егер сен
жауынгер дружинада болмасаң немесе дружинамен бірге көшеге
шығып оқ атпасаң түрме де, айдау да болмас еді, мүмкін баламыз да
өлмеген болар еді, бұрынғыша тым ,жақсы тұра беретін едік, деп
айтып көрген емес. Ал Петр Петрович те баланың қайтыс болғанын
көпке дейін айтпай жүрдің деп əйеліне ренжіген де жоқ. Күйеуі
полицияның бақылауында болатынын білсе де онан тайсалмады,
қайта айдауда жүріп жұмысшы партиясының мүшесі болып қайтқанын
орынды деп тапты. Ол мұны айтқанда əйелі:
— Дұрыс болған,— деді.
Партияларды жете білмегенімен де жасыл қақпа мен түрмеде
жатқан күйеуі:не шүберекке түйіп азық өткізіл тұрған терезеге
өшпендігі тарқайтын емес. Сол жасыл қақпаның қасындағы кішкене
шіркеуді ойласа да көңілі жабырқайды, онда басына тікенектен құрсау
салған Айса пайғамбардың алдына шырақ қойған, қасында белбеуінен
темір тұтқа салып əскери склад сияқты үлкен құлып пен бекіткен
темір кружка ілулі тұр. Кружканың үстінде шіркеу-славян əрпімен
жазған: «Тұтқындағылардың тамағын жөндеуге» деген жазу бар. Бір
күні жасыл қақпаның терезесі ашылып, түйіншектерді қашан ала
бастайды деп шіркеудің басқыншының үстінде күтіп отырғанда
Ксения Афанасьевнаға тұтқында адам болмаса, олардың тамағына
ақша жинаудың да қажеті болмас еді деген ой келді. Бірақ шіркеуге
қарап, шырақтық өлімсіреген күңгірт жарығымен икондағы Айсаның
арқанмен байлаған қолдарына көзі түсті де, əмиянынан бақыр
ақшаларды тауып алып, кружкаға салды, сонан кейін күні бойы
ызақорланып жылағысы келіп жүрді, бірақ көзіне жас келмеді.
Жалғыздық көрген жылдардың ішінде оның көз жасы құрғап кеткен
болатын-ды Жастың орнына басқа бір сезім пайда болып, барған
сайын айқындала бастады ол — күйеуім жақсылық жолдағы əділ адам,
сол үшін оған азап беріп жүр деген ой еді. Күйеуімнің асыл қасиеті тек
қана дұрыстық, əділдік, — деген ой жеңе бастады. Өзі жоқта жасыруға
ризалық берген қауіпті нəрселердің кесірі күйеуіме тие ме деп
алғашында қауіптенген де еді, бірақ ол мұны мақұлдады. Осындай
бірін-бірі мақұлдаушылық, жарық дүниеде жаңа тіршілікке жол ашты,
ол сонымен бірге бұрынғы тіршіліктің жалғасы еді, əрі көңілдері
қалаған тұрмыстары да осы болатын.
Тұрмыстың жалпыға үйреншікті көрінетін барша ұсақ-түйегімен
Ксения Афанасьевна Петр Петровичтің ара-тұра реті келгенде
араласып тұратын екінші тұрмысын бүркеумен болды.
Осы екінші тұрмысқа көп ұзамай Кирилл Извеков те араласты. Оның
мұнда келуіне себепті болған арманы осы жерде тұрмыс шындығына,
нақты міндеттерге айналды, сол барлық міндеттердің ішіндегі ең
маңыздысы — жасырынды екінші тұрмысты бүкіл дүниеден
бүркемелеу қажеттігі болды. Мүмкін ол екінші емес, төртінші тіпті
бесінші тұрмыс та болар. Бірақ ол əйтеуір мүлде өзгеше тұрмыс болды,
ол келісімен-ақ Кирилл басқа тұрмыстардың сескеніп жол бергендей
онан аулақ жүре бастағанын сезді. Бəрінен Лизадан сыр жасыру қиын
болды, өйткені Лизаның өзі қиялдан туған құпия. Осы екі құпия бірбіріне ете жақын тəрізді, сондықтан кей уақытта Кириллге екеуі біте
қайнап бірігіп кететіндей көрінетін. Өзінің Рагозинмен араласып
жүрген ізіне Лизаның қалай түскеніне қатты таңырқады, бірақ барабара көңілі орнына түсті, өйткені мұны болашаққа қарай ілгері басқан
бір адым деп таныды, бəрі де біте қайнап, біртұтас болып кеткен кезде
өзі келген жерге Лиза да сөзсіз келер деп ойлады.
Əуелі Лизадан, онан кейін шешесінен іштегі сырын жасыру бəрінен
де қиын болғандықтан, олардан жасырып жүрген сырын жұрттың
бəрінен де жасырғандай көретін. Кириллді жақындары өте жақсы
біледі, тіпті оның не ойлап тұрғанын да айтып бере алады. Ал
көлденең кісілер Кирилл сияқты көйлегінің жағасына алтын түйме
қадаған, шұғадан көк жұлық салған, фуражкасының маңдайына
айқастырып салған балға мен француз кілті сияқты жабайы значок
қадаған техникалық училищенің оқушысына назарын салып не
қылсын? Осындай бала жігіт, айталық Меркурий Авдеевич Мешковтың
назарын өзіне несімен аудара алады? Дегенмен, Кириллдің көшеде
Лиза мен кетіп бара жатқанын көргеннен кейін Меркурий Авдеевич
үшін оның əлгі айқастырып салған балғасы мен француз кілті əншейін
мектеп значогі сияқты елеусіз нəрсе болудан қалды, петлицасы8 мен
фуражкасындағы көк жулық көзіне оттай басылатын болды.
Лиза карусельге баратын күні Меркурий Авдеевич дүкеннен қайтып
келе жатып, қысқа тужуркасының астынан ақ көйлегінің жағасы
шығып тұратын үйреншікті дембелше жігітті кеш қараңғысында көре
сала тани кетті. Кирилл Извеков Мешковтың үйіне келіп, жан-жағына
қарамастан, ауланың есігін ептеп ашып кірді де, есіктің серіппесін
ақырын іліп, қораның ішіне жоқ болды.
Меркурий Авдеевич тұра қалды. Істің насырға шапқаны ма, бұл
қалай? Кешегі Валерия Ивановнаға айтылған сөздер жайына қалып,
бейбастақтың осылай тиюсыз-ақ кеткені ме? Ол есікке дереу төніп
келді. Қорада жан жоқ. Бұрыш-бұрышты, қалтарыстарды қарады. Еш
жерде ешкім көрінбейді. Сонан кейін ол тынысын ішіне тартып, аяғын
ұшынан басып, үйіне кірді, сескенген жүрегі дүрс-дүрс етеді.
Ол тұп-тура қызының бөлмесіне барды. Лиза шынтағына сүйеніп,
кроватьта жатыр екен, үстінде көгілдір жолағы бар үйде киетін көк
көйлегі. Айналасы толған кітап, өзі бас жағына тақаулы тұрған
столдың үстіндегі ала қағаздан қалпағы бар шамды жаңа ғана жағып,
енді соның білтесі қызсын деп қарындашының ұшын тістеп күтіп
жатқан тəрізді.
— Үйдесің бе, қызым? — деді Меркурий Авдеевич.
— Үйдемін. Неге ентіктің?
— Қатты жүріп келгендік қой. Бірінші емтиханың қашан басталады?
— Екі күннен кейін.
Ол қызын иығынан ақырын сипап күлді.
— Жарайды, шай ішуге кел.
Есікті жауып күрсініп: «Құдайға шүкір!» — деді. Бірақ оның жаңағы
көргені елес емес еді ғой? Ол коридорға шықты, əйнекті галереяда
ілгерілі-кейінді жүріл, қораның ішіне көз салды.
Мефодийдің терезелері қараңғы, Рагозиндікінен əлсіз жарық
көрінеді, сол арада Ксения Афанасьевна терезенің қоңыр пердесін
жауып қойды. Тым-тырыс, түн қараңғысы жер мен үйдің төбелерін,
үйдің төбелерімен аспанды бірте-бірте бірдейлестіре бастады. Кирилл
Извеков қайда жоқ болып кетті екен? Флигельдерден басқа баратын
жері жоқ.. Осы флигельдердің — тақтайдан жасаған лашықтардың
Меркурий Авдеевичке керегі қанша еді — пайдасы көк тиынға
татымайды, азабы айтып жеткісіз? Пəтершінің біреуі арақ ішеді, —
неге екені белгісіз, екіншісі арақ ішпейді — не себепті екені белгісіз.
Осы флигельдерді бұзып, орнына пайда келтіретін лапас салса болар
еді — ал ең жақсысы — флигельдерді қиратып, орнына ештеме салмай
тек айналасын берік дуалмен қоршап, тынышы күндіз-түні қақпаға
құлып салып отырған ғой. Пəтершілердің қамын ойлап басыңды
қатырғаннан да ең тынышы осы болар еді.
Меркурий
Авдеевич
көктемнің
қараңғы
кешінде
өзінің
галереясында жүріп осындай ойға қалды. Ал Кирилл Извековке
келетін болсақ, шынында да, аулаға жігіт кірген сияқты болып көрінуі
мүмкін ғой. Мешков үйінің ауласы тып-тыныш, бəрі де сып-сыпайы
жарасып тұр. Құдай сақтаған.
12
Қызыл горки мейрамы күні, халық лек-лек болып қаланың шетіне
қыдырып шықты. Бытырап əр төбенің, басында, тоғайларда, сайжыраның бойында, орман алаңдарында семьяларымен, балашағасымен,
құдандаларымен,
жолдастарымен
самауырларын,
котелоктарын, табаларын ортаға алып алқа-қотан отырған жұрт.
Галушки пісіріп, қой етін қуырып жатқандары. Жер ошақтардан
шыққан түтін төңіректегі таулардың баурайын шырмап алған, отқа
жанған жапырақтың, су төккен көмірдің, шыжғырған майдың иістерін
жел жеткізіп тұр. Жұрт қазынаның арағын ішіп, шуласып өлең айтып,
гармошка ойнайды, гитар тартады.
Рагозиндар қыдыруға ерте шықты. Самауырды Ксения Афанасьевна
«көтеріп, ыдыс салған корзинаны Петр Петрович алып жүрді. Жолда
бұлар азық-түлігін артынған бір таныс семьяға қосылды. Бəрі кішкене
ағаш флигельдердің түзу көшесімен тауға қарай өрледі, кішкене ағаш
үйлер өрбіп таудың төбесіне дейін барады, тауға шыққан сайын үлкен
үйлер жоғары шығуға əлі жетпегендей артта қалып, ал кішкентай
үйлер тырмысып өрге
шығып бара жатқандай. Көшенің шетінде жалғыз терезелі үйшіктер,
одан кейін адамның бойынан аласа шым үйлер кездеседі, осы
індерімен кеше де аяқталады. Су іркілсін деп таудың, жалтыр төбесін
айнала сатылап қазған ор бар, əр сатының бойында тəртіппен қазқатар иілген жас ағаштар. Олар терең тамыр жайған, кейбіреуі сидаң
ағаш болып, кейбіреулері қалың бұта болып өсіп келеді. Таудың арғы
бетіндегі жазық дөңеске егілген ағаштар əжептəуір өсіп қалған,
жапырақтары кəдімгідей қоюланып, шу-шу етеді, арасынан адам
көрінбейді, кейбір ағаштар орманның, болашақта қандай болатынын
меңзегендей бұйра-бұйра бұталардың үстінен зəулім биік бастарын
шайқап теңселеді. Бұл жерде кемері құлап топырағы шеккен,
табанында құм арасынан мөлдіреп аққан бұлағы бар жыралар да
кездеседі.
Отыратын жерді Петр Петрович өзі қалап алды. «Осы арадан шведке
біз қаһар төгеміз», — деп аяқтарын салбыратып, құлама жардың
жиегіне отыра кетті. Осы арадан жел шайқап теңселген қою жас көк
орман тегіс көрінеді. Су əкеліп, самауыр қойып, бəрі жабылып көжегe
картоп аршуға кірісті.
Котелоктағы су қайнаған кезде Кирилл де келді. Ол əуелі бұтаның
арасынан ысқырып дыбыс берді, Рагозин оған жауап қайтарды,
жапырақтың арасынан оның беті көріне салысымен-ақ Рагозин:
— Тез таптың ба? — деді.
— Самаурынды таныдым.
— Самауыр көп қой.
— Сіздің самауырын ысқырады екен.
Екеуі де күлді.
— Көже ішемін, бозбала?
— Ішемін.
— Ендеше, мына пышақпен картоп аршы.
Ол еркін жылы шыраймен сөйледі, Кирилл оның салмақпен
шайқала басатын жүрісіне еліктегеніндей бұл əдетіне де еліктей кетті,
сондықтан екеуі бірін-бірі тəлкек қылғандай болып көрінетін.
— Осылай арши ма? Қарындаш ұштаған адамша. Жер аусаң, ел
жұртқа күлкі боласың ғой.
— Неге жер ауайын?
— Неге? Картоп аршып үйрену үшін. Қарашы мінекей — мен бір
картоптың қабығын бір-ақ сыдырып шығам. Қабығы сондай жұқа —
аржағындағы нəрсе көрінеді, (қарашы. Қарашы, Ксананың бізге арақ
құйып жатқаны көрінеді, көрдің бе?
Ол Кириллге картопты котелокке қалай турап салу керек екенін,
ұннан жасаған быламыққа күнбағыстың майын құйып қасықпен қалай
жазу керек екенін, жас жуа мен бұрыш салып, қалай тұздау керек
екенін үйретті. Жазықта отырып жеген ас жүректі қуантады, ошаққа
асқан, түтін иісі күңірсіген тамақтан тəтті не бар, от басына жүреден
отырып, қайнап шыққан тамақтың иісі мұрныңа барған кезде, адамның
барлық сезімі күшейіп ашына түседі. Ауа тəтті болып, жер жадырап,
адамдар жайдарыланып, тұрмыс жеңілдегендей болады. Соған керегі
бір ғана котелок.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алғашқы қуаныш - 06
  • Parts
  • Алғашқы қуаныш - 01
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2221
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2187
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2105
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 04
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2139
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 05
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2170
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 06
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2209
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 07
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2153
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 08
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2136
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 09
    Total number of words is 3869
    Total number of unique words is 2136
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 10
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2253
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 11
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2161
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 12
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2249
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 13
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2112
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 14
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2190
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2140
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 16
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2142
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 17
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2318
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 18
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2145
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 19
    Total number of words is 3941
    Total number of unique words is 2208
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 20
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2290
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 21
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2172
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 22
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2182
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 23
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 24
    Total number of words is 3246
    Total number of unique words is 1802
    39.4 of words are in the 2000 most common words
    54.5 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.