Latin Common Turkic

Алғашқы қуаныш - 12

Total number of words is 3900
Total number of unique words is 2249
34.0 of words are in the 2000 most common words
48.6 of words are in the 5000 most common words
57.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Мен бəйгі құмар адам емеспін. Жай қызық көрем.
Настенька кішкене шымыр денесін Лизаға қарай түгел бұрып, қол
ұшын беріп жəрдемдесуге асыққан адамдай аптығып:
— Витенька велосипед те жүргізеді, коньки де тебеді, — деді.
— Қазір конькидің уақыты емес,— деді Виктор Семенович
қынжылып. — Қазір желкен қайықтың мезгілі.
— Витенька — қайық клубының мүшесі, — деді Настенька. —
Қайығы нағыз қуыршақ сияқты, көрсеңіз қайтеді.
Сөз арасы бөлінбес үшін Настенька айтылмай қалған сөздердің
орнын өзі толтырып жұрт үшін сөйлейді, сондықтан біресе онға, біресе
солға бұрылады, өйткені жұрттың бəрін көріп отыруға қонақтар мен үй
адамдары отырған дөңгелек столдың үстіндегі аспалы фарфор шам
бөгет болды.
Виктор Семеновичті қоспағанда, сөз таба алмай бəрінен қатты
қиналған Валерия Ивановна. Дарья Антоновна маңғаз, кең пейілді,
үстіндегі күлді балам көйлегінің жылтыраған бүктесіндері еденге
тіреліп тізесіне дейін тік тұр, тізесінен сіресіп беліне барады, ол бүкіл
креслоны көміп маңқиып отыр, тастан соққан ескерткіш сияқты.
Əңгімені ол жабайы нəрселерден бастағанымен бара-бара халық
шаруашылық бағытта ма немесе экономикалық, бағытта ма, əйтеуір
асқақтатып ала жөнелді. Валерия Ивановна мұнан шошынайын деді.
Оның түсінігінше экономиканың мəнісі — бүгің базарға не түсіпті —
түссе көп түсіп пе, аз түсіп пе, Деген мəселе ғана, ал зат неге түсіп
жатыр, қайдан келіп жатыр оның анығын кім білген! Əрине, базарға
түскен заттар да басқа күллі дүниеге тіреу болған белгілі діңгектерге
сүйенеді. Мысалы ол аязға, дін мейрамына, немесе аласапыранға,
қысқы не жазғы Николаға байланысты. Бірақ, бұл тым дерексіз
нəрселер. Ал Дарья Антоновна базарға түскен заттан бастап, қауырт
дала жұмыстарын сөз қылып қана қоймай, бүкіл селолық ел
тұрмысына, өзінің сөзімен айтсақ, шаруа мəселесіне көшті.
— Біз қала халқы болсақ та, — деді ол, — шаруа мəселесіне берік
байланыстымыз. Біздің кəсібімізді — Қызыл матаны алып қараңыз.
Кейде мұжық сарпинканы да алмай қояды, ал кейде шыттың тəуірін
сұрайды. Қазір нəрсені көп алатын деревня.
Бұл Меркурий Авдеевичтің ғана ақылы жететін əңгіме, бірақ ол
теорияның қызығына түсіп, аты-жөні жоқ абайсыз сөйлей алмайды.
— Я, — деді ол аз ойланып, — деревня қазіргі кезеңде жақсарып
келеді. Бірақ кəсіп атаулының бəрі деревняның жандануынан пайда
келтіре алмайды. Мəселен, біздің сыр-бояу саттығымыз бұрын да өте
қоймаушы еді, қазір де солай.
— Бұл қалай, — деп Настенька да сөзге араласты,— бұл не дегеніңіз!
Менің олай-бұлай жүргенде — көше сайын салынып жатқан кілең жаңа
үйлер көзіме түседі, таң қалам. Кермекке сондай əдемі! Кіреберістегі
кең баспалдақтарында жоғары көтеріп шығаратын машиналары бар,
тіпті аяқтың керегі жоқ. Еденнің орнына тас паркет, төсеген үй емес
собор дерсің. Бір ғана банктың талайы салынды, қайда қарасаң да
қаптаған банктарды көресің. Соның бəрі ақшасыз тегін салынып
жатпаған шығар? Əйтеуір толып жатқан құрылыс...
— Я, — деді Дарья Антоновна, — құрылыстың үлкені де, кішкенесі
де сіздің көмегіңізсіз салынбайды, Меркурий Авдеевич, əйтеуір сізге
бір соқпай кете алмайды ғой.
— Бұл қалалы жер ғой, əігіме деревняда.
— Қалада да, деревняда да ақшаның аты ақша емес пе.
— Жоқ, Дарья Антоновна, бəрі бір емес. Мұжық ақшаға өте мығым.
— Қанша мығым болғанымен, мұжық терезесін сырламай, қонақ
үйін қағаздамай тұрмас. Оның үстіне арақ дүкені ашылып, мектеп
салынып, шіркеу өңделіп жатады солардың бəрі тоғытылып сізге келіп
жатады ғой.
— Мен жергілікті əкімшілік орындарына товар өткізбеймін,
сондықтан маған мектептен келетұғын пайда жоқ, — деді Мешков. —
Салынып жатқан шіркеулердің де ықтыяры өзінде емес, спархия
басқармасы қайдан ал десе, сонан ғана алады. Ал мұжыққа келетін
болсақ, ол терезесіне кендір май жаққанша қатынына мата алғанын
артық көреді. Олай болса, деревняның қалтасын қағып жатқан мен
емес, өзіңіз боларсыз, Дарья Антоновна.
«Шық бермес шығайбай екеніңді көріп отырмын, көріп отырмын»,
— дегендей болды Шубникованың есті, кекесін көздері. Үйге
кіргеннен-ақ ол стенадағы обойлар нашар екенін, еденнің көптен бері
сырланбағанын аңғарып: «Өз товарын өзінен аяйды», — деп
топшылаған-ды.
— Мен бекер дей алмаймын, — деді ол көздерін сүзіп жерге қарап,
— құдайға шүкір саудамыз жаман емес. Бірақ сіздің кəсібіңіз де
пайдасыз емес, товарыңыз өтімді, Меркурий Авдеевич.
— Товар өтімді-ау, бірақ алушы аз ғой.
— Қолында бар адам батыл келеді, Меркурий Авдеевич. Мұжықтар
қазір кəдімгідей қатарға қосылып қалды деген өзіңіз емес пе?
Əңгімені басқа мəселеге айналдыру керек болды. Өйткені Настенька
тым көп түсініп күле бастады: Меркурий Авдеевич сұлу қызына үстеп
ешнəрсе алам деп дəметпесін дегендей аузын қу шөппен сүрте береді,
ал Дарья Антоновна сұңқарым алтын таудың үстінде еркін қалықтап
жүргенін сезсін дегендей байлық айтады.
— Я,—деді Меркурий Авдеевич тыпыршып, — мұжықтардың
əуселесі əбден басылды, енді байдың жұртын өртегеннен де,
бейнетпен тапқаны олжалы екенін түсінерліктей болды. Халық қатал
ұстауды керек қылады.
— Деревняны шашау шығармай ұстау қалаға қарағанда оңай, — деді
Дарья Антоновна, — өйткені мұжық қаладағылардан анағұрлым
қорқақ.
— Əділ сөз, — деді Мешков сақ құлағын тігіп.
— Қалада қайда барсаң да көре алмаушылықтан көз ашпайсың, —
деді Шубникова.
— Көре алмаушылықтың қайнаған жері ғой, — деді Мешков сəл
құлықсызданып.
— Айналаң қаптаған қастастық, біреумен бірге
тілектестігіңді білдіріп, пəледен құтқарып жүрсең кейін...
тұрып,
Дарья Антоновна кенет Мешковқа төніп:
— Кейін — мəссаған: өзіңнің жомарт қолыңмен, былайынша
айтқанда, улы жыланның ұясын паналатқан адам болып шығасын.
— Яғни, қай мағынада ұлы ұяны айтып отырсыз? — деді күдіктеніп
Мешков.
— Тіпті сіздің əлгі жаманатқа ұшырағаныңызды-ақ айтайықшы. Мен
сізді сонша аяп, Меркурий Авдеевич, түні бойы ұйықтай алмады.
Құдайдан қорқатын, жұрт сыйлаған адам еді, ұзатқалы отырған қызы
да бар еді, мынау кесірдің кездесе кеткенін қарашы, бұл не деген
сұмдық! — деп қынжылдым да қойдым.
— Сіздің айтқалы отырғаныңыз əлігі... — деп сөз бастап Мешков
əлденеге мазасызданып, дегенмен көмескі жағдайдың бəріне тойтарыс
бермек болып келе жатыр еді.
— Я, əлгі сіздің астыртын адамыңызды айтамын, — деді аңқаусып
Шубникова.
Ол қатты қайғырып, екі қолын Мешковка қарай созып, алақандарын
жайып, басын бір жағына қисайтып, əттегене-ай деп əбден өкінген
адамдай мелшиді де қалды. Настенька енді естігелі тұрған сөздің
мəніне лайық бет əлпетін дереу өзгерте қою үшін шыдамсызданып,
бойы-басы бүрісіп бəйек болып бағып отыр. Лиза мен шешесі жəне
Виктор Семенович Мешковқа үрейлене қарап, көздерінен жеп барады.
Басына қан құйылған Мешков қарайып, бірнеше секунд қозғалмай,
кірпік қақпай отырды. Сонан кейін ерніне түскен мұртын
басбармағымен ысырып, айыр сақалын сипады. Сондықтан өңіне азкем ажар кіріп, қабағы ашыла түсті.
— Meнің астыртын адамым дейсіз бе? — деп ол даусын бəсеңдетті.
— Менің ешқандай астыртын адамым жоқ, болуға мүмкін де емес.
— Əлгі сіздің үйден ұсталған адамды айтамын, — деді қолын жая
түсіп Дарья Антоновна.
— Ұсталуға жататын адамнан үйімді құдай сақтаған. Айта көрмеңіз!
— Немесе сіздің учаскеде ұсталған ба, — əйтеуір бүкіл қала шулап
жүр ғой.
— Қалада тарап жүрген өсек аз ба? Көрші флигельден бір
бұзақының əйелі ұсталғаны рас. Бірақ мен ол үшін жауаптымын ба?
— Сізді жауапты қылайын деп отырған кім бар, Меркурий
Авдеевич? Тек сіздің жоқ жерде жаманатқа ұшырағаныңызды
айтамын.
— Егер маған түк қатынасы болмаса, оның жаманаты маған қалай
жұғады? — деп сылтау тапқан Мешков табан тіреп тайталаса бастады.
— Ел аузына бір ілеккесін жаманатыңыз шығады ғой.
— Сіз менің жақсы танысым болып, ал қазір менің кіршіксіз күллі
семьямның танысы болып, сіз Дарья Антоновна, жұрттың сөзіне
ермей, қайта өсек таратқан адамға тиым салуыңыз керек еді.
— Сіздің мұныңыз қалай, Меркурий Авдеевич. — деді баса-көктеп
Шубникова, сусылдаған көйлегінің қатпарларын қапыл-құпыл түзеп,
мен тұрғанда сізге кім де болса кір келтіретін күмəнді сөз айта алмас,
не дегеніңіз! Мен - əлгі бұзақы əйелді ұстағанда абыржыған
шығарсыздар деп ойлаймын.
— Қудай алдында да, адам алдында да өзімнің көңілім ақ болса, неге
абыржыйын?
— Сіз жалғыз емессіз, қызықсыз бар ғой. Лизажан қауіпті адамдарға
əлдеқалай жұғыспады ма екен деп Малерия Ивановианың аналық
жүрегі ауырып, қан қақсаған шығар.
— Ах, айта көрмеңіз — деді шын жүрегінен Валерия Ивановна.
— Менің қызым қауіпті адамдарға неге жоласын? — деді Мешков
қабағын көтеріп, қастерін тікті.
— Қорамнан бұзақы əйел ұсталды деген өзіңіз ғой, Меркурий
Авдеевич, — деді тағы да - аңқау жабайы адамсып Шубникова.
— Қорамнан ұсталса ше, — деді кейіп Мешков, — бірақ менің қызым
қорада тұрмайды, құдайға шүкір, — өз үйінде тұрады, əке-шешесімен
бірге тұрады,. Дарья Антоновна.
— Рұқсат етіңіздер, уақиғаның қалай болғанын мен айтайын,—деді
Виктор Семенович үрейленіп, бір жағынан жұрттың бəрін келісімге
келтірмек болды, ол манадан бері үндемей ішінен аласұрып, қайратын
жинап отыр еді. — Сіздің қораңызда астыртын əрекет жүргізген
адамдар табылыпты дегенді естігенде апатайым қатты кейіді. Яғни,
Меркурий Авдеевич, əлгі өзіңіз айтқан мағынада: дереу тиым салмақ
болды. «Сөйлеме... егер өзің, анық білмесең, ауызыңа не бол... деді».
Яғни, өйткені бұл уақиғаны айтқан мен едім. Ал менің естігенім
расында да жұрттың сандырағы. Біздің əлгі приказчиктер ауыздарына
келгенін ботап жүрді, Мешковтардың үйіне революционер
жасырыныпты, аты-шулы адам екен... дөп, осы күні ондайларды тоғыз
жүз бесінші жылы аты шыққандар деп атайтын көрінеді ғой. Яғни бұл
менің өз сөзім емес: егер бүлікшіл біреу болса, оған атақ қайдан келсін?
Сонымен ол қолға түседі. Болғаны сол. Бұл арада Лизаның кінəсі бар
ма? (Ол қызға қарап күллі денесімен бурылды). Егер сізге, ғафу етіңіз,
сенімсіздік білдіре қалса, қатынасы болыпты... айталық, жастармен
араласып жүріпті деуі мүмкін. Онда кімге болса да... тіпті менің өзіме
де сенбеуге болады. (Лизаны ақтау үшін қандай айып қойылса да өзім
көтеруге даярмын дегендей бір түрлі қимылдар жасады).
— Ол не дегеніңіз, Витенька! — деп Настенька қас пен көздің
арасында бауырын жазып, созылып сала берді. — Сіздің сөзіңізге
қарағанда өзіңіз айтқан əлгі сандырақ сөздерде Лизаның да аты
аталыпты деп ойлауға болады.
— Атай көрмеңіз!—деп Виктор Семенович ыршып түсті.
— Əрине солай, — деді əндетіп Настенька теріс бұрылған Лизаның
жүзіне тесіле қарап. — Періштедей таза баланы бұл жалғанның
сұмдығына қалай қиярсың? Витенька апатайымен сөйлескенде ішінде
мен де бар едім. Есіңізде бар ма, Дарья Антоновна, сіз мені өз
жағыңызға апарып, кофе құйып бердіңіз. Витенька əлгі астыртын адам
туралы естіген қауесетін айтып үлгірген де жоқ еді, Дарья Антоновна:
жетер! — деді.
— Менің қазір бұл əңгімені айтып. отырған себебім, өз аузыңыздан
бекер деген бірауыз сөз есту еді, Меркурий Авдеевич, — деді өкпелеп
Дарья Антоновна.
— Мен қайтейін, — деді ақырын Мешков, — мен болған істі
болғанынша айттым.
— Бəрекелді, өте жақсы, бəрі де аяқталып келеді,— деді Настенька
бұрынғысынша бой бермей. — Сол арада Нитенька— қалада
гимназистер мен техниктер тұтқынға алыныпты, ол-ол ма, патша
үкіметіне қарсы астыртын қалаға үндеу таратушылар рухани
семинариядан да табылыпты, — деді. Қысқасын айтқанда, жастар
бұзылған. Сол кезде Дарья Антоновна шоқынып, былай деді: «Тəңіріге
рақмет, сен, Витенька қарағым, — əйтеуір оларға ұсамайсың. Бірақ,
құдай үшін сақ бол, тұтқынға алынғандардың арасында сенің
серіктеріңнің таныстары болып жүрмесін, деді». Міне, бар əңгіме осы,
бір ауыз өтірік болса бұйырмасын, Меркурий Авдеевич. Сіздер туралы
өсек терген ешкім жоқ, ал Лизаньканың атын ешкім атаған да жоқ.
Настенька осы араға келгенде судыраған сөзін кілт тоқтатты. Көзін
бір қағып елжіреп Лизаға қарады, мүлде өзгеше, еркелеткен əдемі
дауыспен əзілден:
Өтірік айтып қайтейін: асыл есімің, əрине, аталып жүр ғой, бірақ
мүлде, мүлде ерекше жағдайда. Ол тұрады мен емес, басқа біреу-ақ
айтар, — деді.
Виктор Семенович алжасқан адамдай теңселіп, енді тілеймін дей
бергенде, Валерия Ивановна жалма-жан Лизаға таянып, жұрттың
бəріне естірте сыбырлап:
— Қиналып əрең отырған жоқсың ба? — деді.
Лиза боп-боз. Өзін-өзі құрсап, қозғалмай əрең отыр, бір кезде тула
бойын сірестірген зілді сілкін тастап түрегелді.
— Кісілерді, мүмкін, мама столға шақырарсың,— деді.
— Шақыр, Валерия Ивановна, — деп Меркурий Авдеевич керіліп,
демін ішіне тартқан кезде сыпайыгершілік тағы оянғандай болды. Бəрі
де бір-біріне бас изеп, алғыс айтып, орындарынан тұрып, жабулы
тұрған столға барды.
Бірақ тəтті пирогтың мұрынды қытықтаған иісі де, əртүрлі варенье
де, шанышқы мен пышақтардың жұлдыз-ай сəулесі түскен
самаурынның жарқырауығы да сыпайы əңгіменің көңілсіз əсерін
тарқата алмады. Əңгіме сыйқырлап қойғандай тек Валерия
Иванованың «Алыңыз, алыңызшы!» деген жалбарынуымен басталады
да, Настеньканың: «Ах, керемет асбасшы екенсіз!» деген немесе Дарья
Антоновнаның: «Мен мынадай үлпілдеген үгімтал нанды бұрын-соңды
жемеген болармын!» деген мақтауларымен аяқталады.
Виктор Семенович Нежинскийдің жеміс шарабын Меркурий
Авдеөвичпен соғыстырып, батылсынып, Лизаға балбұлақтан дəм
татыңыз деп айтпақ болып еді, қыздың көз қарасынан зəресі ұшып
кетті.
Сол күйі ас ішіп болғанша үндемей отырып қалды, тек анда-санда
амалсыз «рақмет» деген бірауыз сөз айтады, орнынан тұрғанда
жұрттың бəріне жол беремін деп сыпайы қынжылып, ыржия күліп,
семендеп, шегіншектей жүреді. Лиза шыдай алмай күліп жіберді. Ол
онан жаман сасқалақтап, бұрылайын дегенде үстінде шам тұрған
дөңгелек столды қағып жіберді, дереу шамды ұстаймын деп столға
қарай тағы ұмтылып, шамды құлағын алды. Дөңгелек шыны абажур
жылжып барып кілем үстіне дық етіп түсті де қарбызша екіге қақ
айырылды.
Виктор Семенович алақанымен мандайын басты. «Төлеймін» немесе
«өтеймін» деген сияқты бір сөз атып шығып, көмескіленіп көмекейіне
тіреліп қалды. Лизаға қарауға жүзі шыдамай, Меркурий Авдеевич пен
Валерия Ивановнаға қарап, өкшесін тық еткізіп, бас не берді.
— Бақытты болуға жазсын, бақытты болуға жазсын! — деп
Настенька қуанып шынының сынығын жинай бастады, үй иесі күліп,
қынжылған сорлыны жұбатып бірдемелер айтып жатыр.
Дарья Антоновна айылын да жыйған жоқ, қайта Лизаның қолынан
ұстап, шын қамқоршы адамдай:
— Шырағым, Витенька шынында да сондай қолапайсыз екен деп
ойламаңыз, əншейін сізден ұялғаны ғой, — деді.
— Ол сондай епті, сондай епті-ақ өзі! — деп Настенька тағы
сумаңдады, жұрттың, бəрін көзімен бір шолып, бəрін өзі реттеуге,
бəрінің де көңілін табуға əзір екендігін сездіргендей болды.
Бұл болмашы уақиға зерігіп отырған жұртты бір көтеріп тастайтын
күлдіргі əзіл сияқты, Виктор Семеновичтен басқаларын ойламаған
жерде сергітіп, тарағанда бəрі де шын ниетпен тату қоштасты.
Мешковтар үйде оңаша қалған соң араларына əлдебір зілдей
қараңғылық орнады. Лиза терезенің алдында тұр əке шешесінің
телмірген көзқарасын ту сыртымен сезеді. Столдың үстіндегі бос
шынаяқтар, мелшиген филодендр, əрқайсысы əр жерде қалған мебель,
асжаулықтың үстіндегі абажурдың сынығы— бəрі де болған істің
даусыз қорытындысын күткендей.
Лиза кеудесіне көтерген қолының саусақтарын қысып шешесіне
қарай ақырын бұрылды.
— Бұл қыз таңдау емес пе, əже? — деді.
Валерия Ивановна жеңінен мұрын орамалын алды, Мерркурий
Авдеевич шатынап:
— Қыз таңдау болса ше? Оның не айыбы бар? Оны ойлап шығарған
біз емес. Аталарымыздың ғұрпы. Шіркеу де рұқсат етеді. Біз құдайдан
безген адамдар емеспіз ғой? — деді.
— Мен жай сұраймын.
— Жай сұрап тұрған жоқсың. Кекірелеп тұрсың. Кекірелейтін түгің
де жоқ. Қалада қандай қауесет тарап жүргенін көресің бе?
— Қауесет дейсіз бе?
— Сені жұрт астыртын адамдармен бірлес деп өсектейді.
— Əке!
— Не қылған — əке? Шубниковтар соншама неге қазбалап сұрады
деп білесің? Сенің түрмеге түскен жігітпен қыдырып жүргеніңді біз
ғана біледі ғой деймісің? Кешікпей тұрып сені пəледен құтқару керек,
құтқару «ерек! Түсіндің бе?
— Түсіндім. Түсініп келемін, — деді Лиза.
— Əкеңмен қалай сөйлесуді ұмытқансың ба? Білімді болып кеттің
бе? Білім сені қайда апарды білемісің? Жандарм басқармасында менен:
«Қызыңыз не нəрсеге неге құмар, соны айтыңыз?»— дейді. Мен не
айтам? Бүлікшілерге құмар деймін бе? Сен шешен, екеуің көртышқан
сияқты түкке түсінбейсіңдер. Сендерді түнде келіп ұстап əкетуі де
мүмкін. Сонда қайтеміз?
— Ұстайтын соншама не жазығымыз бар? — деді Валерия Ивановна
сасқалақтап.
— Извековпен театрға барды ма? Сол болды. Ешкім до тексеріп
жатпайды. Өміріне қауіп төніп тұр, Лизаветаны пəледен арашалап
алып қалу керек деймін.
— Арашашы Шубников деп біледі екенсіз ғой, — деді Лиза осы
пікірге бекем бел байлаған адамша.
— Кімнің арашашы болатынын сен үшін мен-ақ ойлармын, сенің
оған басын. ауырмасын, — деп Мешков ақырып жіберді.
Ол екі қолын сыртына ұстап, үй ішінде ерсілі-қарсылы екпіндеп
жүрді, бұрылған сайын аяғының ұшымен басып, сəл ойнақшығандай
болады. Семья тұрмысының негізгі тіреуінің бірі болған ұзын-сонар
ақылдарын ұрсып айта бастады, — құдайға шүкір! — Мешков өлі
тұғырдан тайған жоқ!
— Пəледен құтылудың бір ғана амалы — айтқан тілді алу, басқа
ештеме керек емес. Мен сені қалай тəрбиелеп өсірдім? Кісінің бетіне
келмеуге баулыдым. Егер əкеңнің бетінен алып жатсаң өмірде
бақытсыздықтан басқа түк көрмес едің. Тіл алу деген не? Шіркеу тіл
алу дегенді қалай түсінеді? Бір əулие шəкіртінің тіл алғыштығын
сылтау үшін, бір биік таудың басына қазық қағып, күн сайын оған
таудың етегінен су əкеліп құйып тұр депті. Шəкіртте лəм-лим жоқ,
ұстазының айтқанын мүлтіксіз орындай береді, жабайы қазыққа су
құйып, мағнасыз зая еңбек еттім деген ой ақылына келмейді.
Күндердің күнінде тағатшыл құлға құдайдың мейірімі түсіп: бес
жылдай су құйған қазық ақырында тамыр шашып, жапырақ жарған
екен... Əрине, ол нағыз сопылардың тағатшылдығы ғой, мен сенен оны
талап етпеймін. Бірақ, қызбала болған соң, əкенің бетіне келмеу
дегенді сенен үміт етуге правом бар. Обалыңа не керек, сен көңілімді
қайтарып жергенің жоқ, оныңды бағалаймын. Не жасасам да əйтеуір
бір сенің тілегің екенін түсіне білдің. Шубниковтардың келуі сияқты
уақиғаның сəті түсе береді деп ойлайсың ба? Ол бекер. Банкта маған
Дарья Антоновна туралы жұрттың не айтқанын білемісің? Оның
қаражатындай қаражатты мен түсімде де көре алмаймын. Ал, мирасқор
жалғыз. Мен сені жаман адамға беремін бе? Туған қызымсың. Мен бір
сенің бақытыңа бола күн демей, түн демей...
Лиза əкесінің сөзіне құлақ аспай кенет үйден шыға жөнелді. Оның
қимылынан бір сұмдықты сезіп, Меркурий Авдеевич соғып отырған
сөзін пышақ, кескендей доғара қойды, ол-ол ма тіпті қызын не
сұрақпен, не ишаратпен тоқтатуға батылы бармады.
Қыз астыңғы үйге түсіп, кешеге шықты. Күн ашық, тымырсық
ыстық əлі кемеліне келмесе де, қайнаған жердің ыссы лебі қарыған
күллі өмір тым-тырыс мең-зең. Осындай күндері ауыртпалықтан
құтқаратын бір қауырт өзгеріс күткендей уақыт келе қалатын бір
минуті болады, бір жақтан кенет ащы дауыс, немесе айғай естіліп
немесе бірдеме жарылып, тұншыққан шала-жансар табиғатты қайта
тірілтетіндей көрінеді.
Ағараңдаған мектептің үйі көгерген аспанға жапсырған извест
жамау сияқты, теректер өлшеп шапқан тіреудей қозғалмай
қарауытады. Қыртысы жарылған жер өкше тисе дүбір қағады. Лиза
асықпай, абыржымай аяңдап келеді, ой, қобалжу дегендер артында
қалған тəрізді.
Лиза қиялы талай тербеп арман еткен өмірдің есігіне - тұңғыш рет
келіп тірелді. Ол шегенің қалпақтары жыпырлаған, үлкен бұрама
тұтқалары мен тот басқан ауыр топсасы бар, бір жағына ашылатын
есіктің алдына тоқтады. Осы жерде, еденіне кірпіш төсеген қаракүңгірт
шоланның ішінде, қысы ауа салқындай түсіп қоңыр салқын дымқыл
леп денесіне тигенде Лиза əрбір кірпіші тағдыр туралы үнсіз
мəлімдейтін тұнжыраған үлкен ескі ас үйде тұрғандай болды. Оған есік
алдында емес, қақпа алдында тұрғандай көрінді, егер сол қақпаны
қақса өткендегілердің бəрі мəңгіге кететін сияқты.
Ол қозғалмай біраз тұрды. Бір кезде ептеп тұтқаны ұстады. Есікті
Аночка ашты.
— Сен мұнда қалай келдің?
— Мен Вера Никандровнаның үйін жинасуға келіп жүрем, — деді
Аночка көйлегін қағып. — Сол кісіге келдіңіз бе?
— Үйде ме?
— Я. Жүріңіз, ертіп апарайын.
Вера Никандровна Лизаны Кириллдің бөлмесінің тап алдында
қабылдады. Олар үн-түн жоқ, бір-бірінің ойындағысын оқып, біраз
тұрды. Екеуінің келбеті өзара мүлде ұсамайды, тұлғалары мен
бойынан, көзі мен шашының түстерінен бастап ең аяғы кескіндерінің
ұсақ-түйегіне дейін бір-бірінен мүлде өзгеше, алайда олар өте
манызды, елеусіз ұқсастық іздегендей, сол ұқсастықты іздеп табам
деген ынтызар тілек екеуіне де бірдей біртұтас, ауыр азап сезім
тудырғандығын сездіреді. Кенет əлсіреген қолын əрең созып, Лиза
дауыстап ілгері ұмтыла:
— Кириллге не болды? — деді.
Егер Вера Никандровна ұстамағанда, Лиза аяғынан басып тұра
алмайтын еді.
Екеуі құшақтасып, кереуетке барып, отырды. Ауыр қасіреттен өңі
бұзылып, Лиза Вера Никандровнаның тізесіне басын қойып жантайды.
Иықтары əуелі ақырын, бірте-бірте қаттырақ жиірек қалтырап, бүкіл
денесі солқылдайды.
Вера Никандровна оның ұйпаланған шашын, жауырынын, көзінің
жасы тамып су болған қолдарын сипап, көзін жұмып, ақырын ілгерілікейін теңселіп отырды.
Өксігі басылғаннан кейін Лизаның басын көтеріп, əрірек
отырғызып, өзінің орамалымен бетін құрғатып сүртті. Сүйемелдеп,
құшақтап орнынан тұрғызды.
— Барайық, — деді ақырын.— Тап қазір барайық.
Бір секунд кідіріп, Лизаның көзіне сұстана қарады.
— Білуші ме едің? — деді ақырын.
— Нені?
— Кириллдің жасырын үндеу сақтап жүргенін.
— Ол маған түк айтқан жоқ.
— Мен де солай шығар деп ойлап ем, — деді шапшаңдатып Вера
Никандровна.
Лизаны қысып қолтығынан ұстап, үйден сүйемелдеп шығарды. Лиза
оның көндіргіш, жайбарақат өктем ықтыярына бағына жүріп келеді.
Аночка есіктен басын шығарып, адырайған үлкен көздерімен үн-түн
жоқ арттарынан бедірейіп қарап қалды.
23
Түрменің жасыл қақпасындағы елеусіз кішкене есік алдынан
ашылған уақыттан бастап, Кирилл күнін санауға кірісті. Таңертеңгі
сағат төрт, күзетшілердің ауысатын мезгілі екен, — сондықтан
күзетшінің буткасының қасында азғана кідіріс болды: босаған адам
енді кіріскелі тұрған серігіне кілттерді тапсырып, əлдебір көлік
туралы сөйлесіп жатты.
Бутканың қасында сорайып жалғыз қара терек тұр. Оның астыңғы
бұтақтарын қою жапырақ көмген, ал жел қағып сынған үстіңгі
бұтақтары қуарып кетіпті, оның үстіне торғайлар қонып, секіріп,
тұмсықтарын тазартып əбден əбігер болады. Өздерінің таңертеңгі
төтенше жұмыстары жайында думан құрып, шыр-шыр етеді. Түрменің
сопақ шатырының аржағынан күн де көрініп, жерді жылыта бастады.
Түрменің қорасы тап-тақыр, етіктердің табаны, арбаның доңғалақтары
жерді əбден жалап тастаған, тек стенаның өн бойында ғана
жалтыраған қоңыр тақырды болар-болмас жасыл түк басқан.
Кириллді осы пəлен жылдар бойы тапалаумен шыңдалған тақыр
жер арқылы екінші қораға апарды, онан таңертеңгі салқын самалдың
лебімен бірге нəжіс ұрасының сасық исі келеді. Үстерінде шолақ
бешпеттері, бастарында солдат шұғасынан тіккен дөңгелек беріктері
пар бірнеше каторгада жүргендер бөшке тиеген көліктің қасында
əуреленіп жүр. Кирилл бергі шетіндегісінің кісенін көрді: беліндегі
темір белбеуден екі аяғының аралығымен төмен салбыраған шынжыр
тізеліктен əрі екі айырылып, тобықтың үстінен екі аяғына салған
құрсауға барып қабысады. Каторжан аттың кекілін жұлқылайды.
Танауында қызарған үлкен жұлдызы бар ат басын шайқайды,
басындағы жүгенінің сылдыры кісеннің баяу сылдырына қосылады.
Кирилл аяғын сəл бəсең басып еді, айдаушы ақырын жауырынына
нұқып қалып, көлікшілерше: «Абайла!» деп күңк етті. Кирилл үндемей
жалт бұрылып еді, қасындағы стенаға көзі түсті: биіктігі төрт кісінің
бойындай, сылауы түскен жерінен теміреткі сыяқтанып үлкен
кірпіштері күннің жарығымен қызарып көрінеді. Спектакльдің үшінші
пердесіндегі тап осы сияқты брандмауэр29 есіне түсе кетті, сонан кейін
бүкіл спектакль, Лиза, оның Цветухннге жаны ашып, əлденеге:
«Кешіріңіз бізге!» деп қаша жөнелгені есіне түсті.
Оның неге кешірім сұрағанын түсіну мүмкін емес: жазығы
Цветухинге өзінің пікірін айтқаны, онан өзге і үк болған жоқ. Ғажап:
тап осындай стенаны Кирилл жаңа ғана спектакльде көріп еді, міне, ол
соңынан еріп енді түрменің қорасына келген, өзі енді ойын көруші
емес, орындаушы. Онан бетер ғажап бір нəрсе — спектакльдің
біткеніне не бəрі төрт сағат (дұрысында бірнеше минут) болса да, сол
аз уақыттың ішінде сонша көп уақиға өткен, олар сезімін соншалықты
қуалап, соншама қинап тастапты, сондықтан Кириллге Лизамен
театрда баяғыда болған сияқты көрінеді, ол өткен өмірдің бұлдыр
сағымына бөленген өзге өмірдегі уақиға тəрізденеді.
Ол уақыттың есебін осы төрт сағаттан бастады, алғашында күнін бір
бөлек, түнін бір бөлек есептеп жүрді, кейін күн тəулігін бір есептеді,
ақырында апталап есептей бастады. Уақыттың есебі ірілене берген
сайын, оның қалай өткенін, кейде болмашы ұсақ бөлшегіне тоқырап
тоқтап қалатынын қадағалап тыңдап отыратын болды, сандықтан күн
тəулігінің тап қазір қай уақыты екенін сағаттың соққанын естіген
адамдай дəлме-дəл айтып беретін болды.
Ол үшін сағаттың бірінші соғуы алыстағы тозаң, басқан жұмсақ
жолда дүбірлеген тұяқтардың дыбысы. Дүбір құрсаулы титтей терезе
арқылы жəне сол терезені сырттан тұмшалап тұрған сүзгілі воронка
тəрізді үсті жазық, асты жіңішке темір қоржын арқылы келеді. Еркін
даладан камераға өткен дыбыстың бəрі сол жарықты жасырып
тұратын тот басқан қара қоржын арқылы сүзіліп, əлсіреп əрең жетеді.
Бірақ Кирилл сағат сайын əртүрлі жаңа дыбыстар естіп, терезенің
қайда шығатынын аңғарды. Дыбысына қарай, ол желді, оның бағытын,
күшін ажырататын болды. Батыстан соққан жел солдат взводтарының
жерді дүрс-дүрс басқан дүбірін жеткізеді, солтүстіктен машина
трайсмиосияларының30 əндеткен, дырылдаған дыбысы келеді.
Оңтүстіктің ыстық лебі трамвайлардың қоңырауын, кейде аптыққан
велосипедшінің кернайын жеткізеді. Соқыр адам сияқты көз орнына
құлағы жүрді. Ол құлағымен көреді. Камераның терезесіне тұспа-тұс
казармалар тұр, оның оң жағында ұзын-шұбақ созылған махорка
фабрикасы, сол жағында салынып жатқан университеттің жаңа үйлері.
Терезесінің қарсы алдында, темір қоржынның аржағында шаң басқан
алаң бар, ол бір кезде əкесімен, соңғы жолы Лизамен сол аландағы
балағандарда болды. Лиза екеуі кішкене сүйек қасықпен балмұздақ
жеді, серуендеп жүрген көптің арасында тұрып, түрмеге, жарықтан
жасырулы жабық терезелерге қарады, түрме атаулы болмайтұғын
сонау алыстағы болашақ, туралы əңгімелесті. Ара-тұра терезенің
қасынан құстар ұшып етеді. Көбінесе топ-топ торғайлар ұшады.
Олардың сыртылдап, зуылдаған қанаттарының желді ескенін
естігенде жүрегі лүпілдейді. Қара теректің бұтағына қонған торғайлар
есіне түседі. Кейде қауырсын қанаттарының ысқырған əлді екпініне
қарай көгершін екенін таниды.
Түнде еркін даланың дыбыстары өшіп, түрменің өз дыбыстары
күшейе түседі. Түрменің дыбысы дегеніміз — есіктің аржағында
коридорда жүрген күзетшінің жүрісі, стеналардың əңгімесі. Кереуетте
жатып, Кирилл көршісінің стенаны тоқылдатқанын естиді. Ол ештеме
түсінбейді. Əйтеуір өзімен біреудің сөйлесіп жатқанын ғана біледі.
Бірақ өзінің қайтарған жауабында түк мағына жоқ. Кейін ол көршісінің
сөйлеуге үйретіп жатқанын аңғарды. Бірақ қалай үйрену керек екенін
түсінбеді. Оның қуанышты мейрамдаған кезі де болды— бұл əлденеге
үйретіп жүр екен ғой деген ой кенет жарқ етіп, оны салтанатпен
мейрамдады. Өп-өтірік ұйықтаған адам сыяқтанып жату керек, солай
қозғалуға қорқып жатып, қуанғанынан жылады. Келесі түні ол əліппені
топ-топ əріптерге бөле білуді, үзілістердің мəнін, сирек жəне жиі
тоқылдатудың мəністерін үйренді, бұл тақ құлағымен күнелтетін
қапастағылардың ойлап тапқан өнері ғой. Коридордағы аяқ алыс сəл
алыстаса-ақ, одеялын тұйықтап тұмшалап алып, тоқылдата бастайды.
Сол сағаттан бастап ол өзінің тас қобдиында жалғыз жатпай кісімен
сөйлесе алатын болды. Оның аузынан шыққан алғашқы сөз: «Мен
түсіндім», деген сөз еді.
Күндіз ол ерсілі-қарсылы жүреді, сегіз цифр сияқты бір бұрышқа
барғанда оң иығы арқылы, екінші бұрышқа барғанда сол иығы арқылы
бұрылады. Диагональ бойынша камера бес адым. Адымдарын ол
жүздеп, мыңдап санайды. Жүріп-жүріп, кейде аз уақытқа, кейде ұзақ
үзіліс жасайды. Осының бəрі ірілі-ұсақты моншақ тізген сопының
таспыйығы сияқты. Күніне талай рет гимнастика жасайды. Ол өзін-өзі
механизм сияқты күтіп, бақылауға ұйғарды. Таспыйық тартқан
адамдай тез-тез аттап жүріп, бұрын-соңды білгендерінің бəрін есіне
қайта түсіру арқылы ақыл-ойын пысықтайды.Оймен чертеж сызуға,
жатқа физика формулаларын шығаруға, теорема дəлелдеуге, саяхат
карталарын сызуға жаттықты.
Мұнан сегіз жыл бұрын, бала кезінде, ол училищеде тұңғыш рет
синематографты31 көрді. Залдың ортасына үш тағанға орнатқан
кішкене аппарат тырсылдап, экранға газ сəулесін түсіріп тұрды. Газ
баллоннан келіп тұрады, оның үстіне салмақ болсын деп екі пұттық гір
қойған. Суреттің біреуі күлдіргі ойын деп аталады. Бояулы бақшаның
керегекөз скамьясын бояп, «Абайлаңыз. Боялған» деп қағаз іліп кетіп
қалады. Артынша бақшаға қолында газеті бар бір жуан адам келіп,
скамьяға отырып, қызық мақаласын үңіліп оқуға кіріседі. Бір кезде
жуан адам газетінен көзін алмай орнынан түрегеліп, жұртқа керегекөз
скамьяның толық таңбасы түскен арқасын көрсеткенде, залдағылар
өлгенше күледі. Бірақ, бұл қызықтың басы ғана. Екінші сурет суға
жүзген адамдардың жарысын көрсетеді. Олар биіктегі трамплиннен
бастарын төмен беріп қулайды. Судың шашырандылары мен толқыны
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алғашқы қуаныш - 13
  • Parts
  • Алғашқы қуаныш - 01
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2221
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2187
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2105
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 04
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2139
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 05
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2170
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 06
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2209
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 07
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2153
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 08
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2136
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 09
    Total number of words is 3869
    Total number of unique words is 2136
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 10
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2253
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 11
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2161
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 12
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2249
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 13
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2112
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 14
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2190
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2140
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 16
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2142
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 17
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2318
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 18
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2145
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 19
    Total number of words is 3941
    Total number of unique words is 2208
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 20
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2290
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 21
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2172
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 22
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2182
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 23
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 24
    Total number of words is 3246
    Total number of unique words is 1802
    39.4 of words are in the 2000 most common words
    54.5 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.