Latin Common Turkic

Алғашқы қуаныш - 23

Total number of words is 3965
Total number of unique words is 2050
37.3 of words are in the 2000 most common words
51.9 of words are in the 5000 most common words
60.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
адам тұрады деп ойламаған да едім, дейді. Пастухов басын сəл
еңкейтіп, мақтанға насаттанып, салтанат құрған жəне өзіне-өзі əбден
сенген жетік адамша миығынан күліп тұрды.
— Сіз жұрттың бəрін жеңдіңіз, мен сізге Қоғамның атынан алғыс
айтамын! Рақмет, рақмет!
— М-я, м-я, сізге алғыс айтамын,— деді прокурор Пастуховтың
қолын қысып.— Сіз, былайынша айтсақ, біздің зеріккен көнілсіз
жиналысымызға шоғыр жұлдыздай жарық бердіңіз. Осында бола
тұрып, бізден өзіңіздің əсеріңізді, дарыныңызды жасыруыңыз күнə
емес пе?
— Көресіз бе, мəртебелі мырза, — деді Пастухов көптен бері таныс
адамша жарастықты еркін сөйлеп, — мен сізді өзімнің осы
сапаларыммен қызықтырамын деп ешуақытта ойламаған едім.
— Тұра-тұрыңыз, тұра-тұрыңыз! Бізді ешуақытта қолына кітап
алмайды, театрға бармайды, былайынша айтқанда... құбылыстармен
шұғылданбайды деп шынымен-ақ ойлағаныңыз ба...
— Жоқ, жоқ,— деді асығып Пастухов,— тек менің кейбір дүдамал
қасиеттерімен шұғылдануыңыз менің басқа қасиеттерімді көруге сізге
бөгет болды ғой деп шамалаймын.
— Дүдамал дейсіз бе? Біз əруақытта сіздің талантты екеніңізді
мойындап келдік!
— Алайда өзіңіз басқарып отырған мəртебелі мекеме менің сізді осы
пікірде айтуыма жол бермеді ғой, солай емес пе?
— Сізді маған жібермеп пе еді? Ах, я, я, я!—деді есіне жаңа түскендей
қуанып прокурор.— Сіз анау тарихты айтасыз ба? Олай болса сіз маған
карталардың бəрін ашқызады екенсіз! Мінекей! Біз сізді əдейі ешқайда
жібермей жүрміз, өйткені өзіңіздің жұрт алдында тамаша өнеріңізді
көрсетуіңізді күткен едік!
Пастухов бетін бір сипап, бетіндегі əзəзіл күлкісін жуып қарқылдап
күліп, қоғамның ең көңілді, тіпті ер мінезді ерке адамы бола қалды.
— Қараңызшы, қараңызшы! — деді прокурордың əйелі күйеуі мен
Пастуховтың сөзін бөліп. — Досыңызға ұтысқа тығынсыз графин
шығыпты!
Мефодий мен Цветухин енді Пастухов қандай айла жасар екен
дегендей күтіп тұрды, сол кезде Александр Владимирович миығынан
күліп, əрбір қимылын баптап, фрагінің қалтасынан тығынды алып,
мəртебелі ерлі-зайыпты мырза-ханымдардың алдына апарып көрсетті.
— Мен тығынды жасырып қойып ем. Актерлерге сеніп болмайды,
олар қиялшыл, мейлінше салақ жандар ғой. Ал тығын маған аса
жоғары ғылыми тəжрибені зерттеу үшін керек.
— Қалайша, сіз ғылыммен шұғылданасыз ба? — деді прокурордың
əйелі.
— Сіз бұршақты жақсы көресіз бе, жоғары мəртебелі мырза — деп
сұрады Пастухов.
— Бұршақ дейсіз бе? — деп ғажап қалды, бір жерінен қыбымды
тауып қалды ма дегендей прокурор, алайда — сыпайы ишарат
білдіріп, қызыққандай болды.
— Француздар арақтан бас түзету үшін бұршақтан сорпа жасап
ішеді. Ол ем болады дейді. Естіген жоқ па едіңіз? Сіздің де солай
жасауыңызға кеңес беремін. Мінекей, бұршақтан сорпа пісіргенде, тез
пісіру үшін бұршақтың ішіне хрусталь тығын салыңыз. Мұны маған бір
тамақсау кісі айтып еді, соны енді өзім тексермекпін.
— Құдайым-ай, неткен қызық!—деп жұрттың бəрімен бірге күліп
прокурордың əйелі, əдеттегіден өзгеше қалжыңға қайран қалды: оның
көзінше ешкім ешуақытта прокурор арақ ішкеннен кейін басын
түзейді деп айтып көрген жоқ еді.
Пастухов саусақтарымен тығынды бұрап, прокурорға сəл жақындап,
сырлас адамша:
— Демек, жоғары мəртебелі мырза, сіздің қулықшыл жоспарыңыз
орындалғаннан кейін, мені бүгінгі сауық кешіне дейін кідірткеннен
кейін, енді сіздің қалаңызға менің қажетім жоқ деп сенуіме бола ма?
— Қажетіңіз неге болмасын! Біз сізді жаңа ғана танып тұрмыз! —
деді прокурор рақымы тасқан адамша Пастуховты құшақтай жаздап,—
Сізді кідіртуге нағыз талап енді туатын шығар! Оңаша, өз
адамдарымыздың арасында қонақ етпей сізді ешқайда жібермейміз.
— Өте жақын, сырлас адамдармен бірге болыңыз, деді прокурордың
əйелі.— Сіз қазір, тап қазір бізге уəде беріңіз!
Бəрі де тамаша сияқты — бəрі сыпайы күліп, тəжім етіп, бастарын
изесті, бірақ Пастухов тығынын қолынан шығармай сыпайыгершілікті
қоя тұрып, мақсатына жетуге ұйғарды.
— Дегенмен, жоғары мəртебелі мырза, егер аспандағы тырна
туралы емес, уысымызға қысып ұстаған боз торғай туралы əңгіме
туралы айтатын болсақ...
— Ол қайдағы боз торғай? — деді прокурор қабағын көтеріп,
— Ах, боз торғай былай тұрсыншы! — деді Пастухов.— Мен өзімді
оттықтың сауытына қамаған тарақан сияқты көремін!
— Боз торғай! Тарақан! Осындай тамаша салтанаттан кейін осылай
деуге бола ма! Алайда сіз ерке екенсіз. Рұқсат етіңіз... егер тағы да анау
туралы болса...
— Я, жоғары мəртебелі мырза, мен тағы да анау туралы айтып
тұрмын,— деді Пастухов.
— Ах, сіз тағы өзіңіздің қолайсыз жағдайыңызды айтып тұр екенсіз
ғой! Бірақ, жасаған ием-ау, ертең бұйрық берейін, сонан кейін рақым
етіңіз, рақым етіңіз! — Тырнаша аспанға ұшасыз ба немесе сұңқарша
шырқайсыз ба, ықтыяр өзіңізде!.. Ознобишин шырағым, сізден
өтінемін, маған ертең əлгі істі... əлгі Пастухов мырзаның шатағы
туралы істі маған берсін деп айтарсыз.
— Шатасқандардың ішінде Цветухин де бар,— деді Пастухов.
— Цветухин мырза да бар. Рақым етіңіз. Сонан кейін бір минут анау
лотерея қасында тұрған қасқа бас кім? Подполковник емес пе? Бері
келсін деп айтыңызшы, шырағым... міне! — деді Пастухов қатты
күрсініп. — Мен енді эстрадада əңгіме оқу былай тұрсын, егер
қаласаңыздар, испан əйелдерінше киініп, қолыма тоқыма тоқылдақ
алып, билеуге əзірмін.
Біз сізді билетеміз, билетеміз! — деді күліп прокурор, əйелінің
соңынан еріп бара жатып, басын изеді.
Пастухов даңқты майданда жеңіп шыққан адамдай түгі сыртына
шығып тұрды,— желбезегі қозғалып, еріндерін жайып, аузына көзге
көрінбейтін жемтік тістеген жанша тұрды. Екі досы тандана қарады.
— Менің айтқаным дұрыс емес пе? — деді Мефодий ентелеп.
— Сен — пайғамбарсың!—деді мейірімі түсіп Пастухов, тығынды
салтанатпен графиннің аузына тықты.— Сорпа пісті. Маған енді керегі
жоқ.
Ол жолдастарын шынтақтарынан ұстап:
— Сол иық алға, буфетке — марш! — деді.
— Марш жасау, əрине мүмкін емес,— бал араша гуілдеген жұрттың
арасымен сығылысып, қақтығысып өту керек. Жұрттың бəрі буфетке
ұмтылады, ұтыс шыққандар ұтысына шарап «бүркеу үшін»,
ұтылғандар — қайғысын жуу үшін, мүлде ойнамағандар тағдырдың
талқысына түсіп босқа ренжімей ақшасын өзі біліп жұмсау үшін
буфетке ұмтылады.
Виктор
Семенович
Шубников
тəуекелдің
кісісі.
Кəнігі
жолдастарының арасында ол залда артистер əңгіме айтып жатқанда,
барлық уақытын стол басында өткізді, жəне орын ауыстыруға
ұмтылмады. Тек Лизаны бір көрсем дейді — қауымның əйелдері
қасында жаңа рольді қалай атқарып жүр екен. Ол буфеттен шығып,
анадайда жұрттың арасында жасырынып, əйеліне қарап тұрды. Я, ол
үзілді-кесілді бақыттымын деп айта алады: Лизаның киімі жұрттың
бəрінен артық, үстіндегі тағымдарына тең келетін ештеме жоқ, шашы
басқалардың бəрінен биік, мүмкін, балдағы шашын биік қылып өрген
Лива ғана болар. Оның доңғалағының қасында халық көп, ол жұрттың
бəрінен сұлу көркем күледі, ол басқа əйелдерден гөрі жеңіл, кербез
жүреді, қолы тиген нəрселер қалтырағандай болады,— жоқ, ол
тегіннен-тегін Шубникова болып жүрген жоқ!
Витенька бет-аузы ыржиып қасына келіп тұрды.
— Менімше сен нəрселеріңді тез өткізесің ғой деймін?
— Магазинде отырғаным пайдалы болды,— деді ол көңілденіп.—
Сен ішіп алғансын ба?
— Достардың ортасында, достардың ортасында! Біз сені күтеміз.
— Бара алмаймын. Не болып жатқанын көресің бе, — деді ол
бұрынғысынша көңілденіп, сонан кейін:— Қарсылығың жоқ па? Мені
Цветухин биге шақырып еді, — дей салды.
Бұл күтпеген уақиға оған тіпті ұнап кетті,— мейірімділік сезімінің
бəрін еріткендей, əйелінің салтанаты өзінің салтанатындай көрінді.
— Егер сен менен рұқсат сұрасаң, мен қай уақытта болса да рұқсат
етемін.
Лиза үндеген жоқ, тек ұтыстың билеттері мен нəрселердің қағазын
салыстырып қарап, бұрынғысынан да пысық қимылдай бастады: рас,
жұмысы өте көп.
Витенька ғашық болған адамша буфетке қайтып оралды. Жолда
сыған əйеліне бал аштырды. Тоты құс оның көңіліндегі ниеттеріне сай
келетін пайдалы өмір ережесін: «Табандылық жасасаң, көп ұзамай
мақсатыңа жетесін. Жұрт саған қызығады, есінде болсын» деген жазу
алып берді жəшіктен.
Ол бос орын іздеп жүрген Цветухин мен Пастуховты көрді. Өтіп бара
жатып Егор Павловичке бас изеп, өз столында бірге отыруға ұсыныс
жасады.
— Сіз, мүмкін, өткен жолы, Очкинде, мені кісіден безген біреу деп
ойлап қалған боларсыз. Бірақ, білемісіз, онда көңілімнің қошы
болмады. Бүгінгі сауық кеші тым жақсы, рас емес пе? Менің əйелім
сізбен билеймін дей ме?
— Вальсті сізбен билеуге уəде жасаған болар? — деді Цветухин.
— Мен сізге жол бердім! — деді Витюша жүрегіндегі барлық
мырзалығын көрсетіп.
Ол Пастуховпен амандаспақ болып еді, бірақ оның елемегенін,
Виктор Семенович электр жарығының бір бөлшегі ғана сияқты
көргенін байқап таң қалды. Мұның ерекше көрінгендігі сондай, Егор
Павлович та, (Витюшадан кем тан қалған жоқ, сондықтан қолапайсыз
жағдайды сездірмеуге тырысып, тіпті досының жеңін тартып тақалды,
бірақ, оның əрекеттерінен ештеңе өнбеді.— Витюша сол бойы кетіп
қалды. Александр Владимирович тіпті оның өзіне ерекше сияқты
көрінген шұғылдықпен бұрышқа, желкесі жалтырап, көзілдірігі жарқ-
жұрқ етіп отырған Полотенцевке үңіле қарады. Подполковник
прокурормен сөйлесіп отыр. Пастухов мəртебелі мырзаның нəзік бет
құбылыстарын, оның əртүрлі ишаратын бақылап, прокурордың
ойындағысын алыстан оқымаққа тырысты, бірақ олардың қысқа, мəнді
əңгімесін қастарында тұрып тыңдаса да жете түсінбес еді.
— Құдай сақтасын,— деді прокурор қостаған қошемет күлкісімен —
сіз біздің көркемөнер жолындағы жігіттерді өлердей зеріктіріпсіз!
Көрдіңіз бе, неткен дарынды кісілер, а? Əрі мақтаныш, əрі даңқ емес пе,
а?
— Əрине, жоғары мəртебелі мырза,— деді подполковник, бірақ
менің байқауымша олар көркемөнердің жолымен ғана емес, бірсыпыра
басқа күдікті бағытта жүргенге ұсайды.
— Ұсайды!—деді прокурор қайталап.— Мұның жеткіліксіздеу десем
көнерсіз, Маған баяндауларына қарағанда, ешқандай іс жоқ сияқты
ғой? Жоқ, жоқ солардың жанын тəубе қылуға жіберелік!
— Шатақ сонда, мəртебелі мырза, олар тəубе келтіруге бейім
адамдар емес.
— Ал егер тəубе келтіретін ешнəрсе болмаса қайтесіз, а?
— Əркімнен-ақ тəубе келтіретін бірдеме табылады.
— Бірдеме дейсіз бе? — Деді тағы да прокурор қайталап, бірақ
мазасызданып.
— Оның үстіне бұл оларға пайдалы, жоғары мəртебелі мырза.
— Зиян болмас деп ойлаймын. Мүмкін, əділдік жолымен қарағанда
сіздікі дұрыс-ақ шығар, бірақ заң бойынша — дұрыс емес.
Материалдарын тағайындап беруіңізді өтінемін, мен істі қысқартайын.
— Істің бəрі, жоғары мəртебелі мырза, бірте-бірте аяқталып келеді:
бүгін Рагозина қайтыс болды.
— Аурудан ба? — деді Прокурор солай шығар дегендей сұрақты тіке
қойып.
— Босанғаннан кейін.
— Сонымен қалай?
— Күйеуінің басқарғанын бекер демейді.
— Мүмкін тағы бірдемелерді бекер демеген болар?— деді прокурор
подполковниктің көзілдірігін сақ зерттеп.
— Іс бойынша бекер деуге болмайтын мəселелерді бекер дей
алмады, — деді Полотенцев жұмбақтап, сөйтті де өзінің
математикалық бершімегін сипады.
— Жарайды, мені жолдастарым күтіп тұр,— деді прокурор.— Ғапу
етің?з, сауығыңызды бөлдім. Осының бəрі артистердің салдарынан.
Неткен таланттар, а? Лотереядан ештеңе ұтып алдыңыз ба, жоқ па?
Талантым жоқ дейсіз бе? Не дегеніңіз! Сіздің əруақытта жолыңыз
болып тұрады! Сиыр ұтып алуыңызды тілеймін, сиырды!
Ол карта ойнайтын залға шығып кетті, ал Полотенцев есікке қарай
бара жатып, Пастуховтың қасынан мүлде жақын өтті де, басын
иземеді: біріншіден, ол қызмет жағдайында танысқан адамдарды
əдетте танысым деп санамайтын, екіншіден, жандарм бас изесе де,
жұрттың жауап қайтармауы мүмкін.
Пастухов папиросын шұғылдана қызыға тартып, подполковник
қасынан өткізіп жіберді, аздан кейін оның күдірейген иықтары,
қарыны, кеудесі үнсіз күлкіден жиі-жиі селкілдей бастады. Ол бейқам
насаттанып, Цветухинді құшақтап, Мефодий отырған столға алып
барады. Олар борда шарабын сəл жылытып, ұтып алған графинге
толтырып құюға бұйрық берді. Олар қазіргі минутте бəріне
қызғылықты мəселеге қайта-қайта оралып, əртүрлі əңгімелер айтып
отырды: прокурор мен подполковниктің кездесуінен кейін, Пастухов
оны өзінің пайдасына жорыды да, таяуда басынан кешкен ауыр азап
өнді күлдіргі уақиға сияқты көрінді, сондықтан тек арақ ішу ғана
қалғандай.
Би басталып, жез музыка аспаптарының əнді екпіні қатты естіледі.
Цветухин кетуге қаншама ұмтылса да, үлкен графин таусылмай қойды,
шарап денесін басып, достар бір тостың артынан бір тост, жариялап
ішіп отырды, ақырында, бір кезде Александр Владимирович күнəға
кешірім жасаған адамдай былай деді:
— Бізге сыйлыққа тұмар берген əйелдің ден саулығы үшін. Бишара
Лиза үшін (ол Цветухинге қарап көзін сығырайтты), бишара Лиза мен
Эраст үшін!
Егор Павлович жаңа батаны қабыл алып, түрегеліп тұрып шарабын
ішіп, кетіп бара жатып, əйелді алдағыш əзəзілдерше бетін өзгертті.
Оның қазіргі тұрған сатысы аспанға өрбіген шырмауықтың бірінші
бұрылыс жасайтын басқышы тəрізді еді, сонан əрі бүкіл дүние əрі
жеңіл, əрі оңай көрінеді. Ол бұрынғысынан тік болғысы келді, аяғын
бұрынғысынан əсем, көздерін ыстығырақ, күлкісін жарқынырақ, сөзін
сұлуырақ көрсетуге тырысты. Ол жолдың тарлығына мүлде
рақаттанды, өйткені əлдебіреудің шынтағын жұмсақ қана ұстап, өте
сыпайы кешірім өтініп, мейірбандықпен кешірім ету өте ұнады.
Лиза жеңілетінде көрінді, сонысымен Цветухинды тағы бір басқыш
жоғары көтеріп, сол апада шырмауық тағы бір шиыршық жасады —
əзірше əдепсіз болмағанымен едəуір батылдық жасаған сияқты. Егор
Павлович Лизаның қолын талай ұстап жүрген адамдай əсем киінген
адамдардың арасынан жол салып, оны жайнаған залға алып барып,
ақтылы-қаралы пар-пар адамдардың қатарын тұрғыза, музыканың
өктем құбылысына бағынып. біресе оны өзі билеп ала жөнелді.
Олар, əрине, ұмыт қалған би сымақ деген сөзді тағы бір естеріне
алды, ол би сымақ — паде-катекен. Олар бір-бірінен бұрылып кетіп,
қайтадан бетпе-бет қарсы жүріп, айналып. тағы бұрылып кетіп жүрді.
осы қозғалыстар екеуін бір секундке ажыратып; қайтадан бір секундке
қосып, екеуі біресе бірінің көзіне бірі қарап бірдеме айта бастағандай,
біресе сөздерін бөліп, қайтадан айналар кезде не айтарын ойлағандай
болады, осының бəрі үнемі жаңғыра береді, жаңғыра береді, жаңғыра
береді, барған сайын жақсара береді, жақсара береді, қимылдың
бірқалыпты екпіні өзгермесе де, тыныс жиілене түседі, сондықтан үстіүстіне қозғалғылары келе бергендей болады. Олардың алды-артында
өздері сияқты екі-екіден жүрген адамдар қоршап алса да, бұлар
өздерінен басқа ешкім жоқтай, жоғарыдағы ойнап жатқан музыка тек
екеуіне бола ғана ойнап жатқандай көреді.
Бұлардың өзара айтысқан сөздері Лизаның санасына құрақтың
басына бір қонып, бір ұшып жүрген инелікше женіл ұшып келіп, тиертимес жанамалап өткендей болады. Оның санасында тек қозғалыс,
ауада қалған із, жарықтың сəулесі, тіпті ешнəрсе қалмаған тəрізді.
Бірақ бір кезде Цветухиннің əңгімесі ойдың босқа шырқырап ұшқан
екпініне бөгет жасап, кідіртіп, ауырлатқандай болды. Оркестрдың
əрбір аспабы өз алдына, шамдалдың — əрбір шамы өз алдына
бытырап, би ерекше зер салуды керек етті.
— Не дейсіз? Не айттыңыз? — деп сұрады Лиза соңғы бұрылыста.
Олар бір-бірінен бұрылып кетіп қалды, сонан кейін екі па жасап,
бірінің көзіне бірі қарап, сонан кейін Лиза оның иығына қолын салды,
сол кезде ол ап-айқын:
— Сіз күйеуіңізден бір рет қашып кетіпсіз ғой? — деді.
Бақытқа қарай бұрылыстар — үшінші, төртінші бұрылыстар
тоқтаусыз бірінің артынан бірі келіп тағы да Цветухиннен теріс қарап
кететін кез келіп аз-кем ойлануға мүмкіншілік туды.
— Сізге мұны кім айтты?
— Маған солай көрініп еді — Сіз сөзсіз қашып кететіндей көрініп
едіңіз.
Бұл неткен ауыр би, бидің олпы-солпы мүшелері қалай дөрекі
құрастырылған, қалай тез шаршатады!
— Сіз менің қашып кеткенімді тілейсіз бе?
— Мен сіздің бақытты болуыңызды тілеймін.
Біреу Лизаны түртіп қалды, Лиза сəл кідірді, артындағы тізбектер
сығылысып, үстіндегі көйлегін басты, сол кезде ол Цветухинды
қолтығынан ұстай алды.
— Мен шаршадым.
Ол Лизаны залдан ертіп алып шықты, Лиза лотереяға қарай жүрді,
Цветухин сүйеп келеді. Ол бусанып, бет ажары терден сəл жылтырап,
ентіге демалып, бүктеулі орамалын иегіне, шекесіне, мойнына жиі-жиі
басып келеді.
— Менің жұмыс жасауым керек, — деді Лиза күліп, айналып тұрған
доңғалақты көрсетіп.
Ол өзектеп:
— Сіз бақыттысыз ба?—деп тағы сұрады.
— Я, əрине, — деді Лиза қатал дауыспен, сонан кейін неде болса өзін
қорғауға əзір адамша оған тіке қарап тағы да:—Я, əрине, бақыттымын,
əбден бақыттымын. Сіз менен бұл туралы сұрамауыңыз керек! — деді.
Басын изеді, оның орамалын қолына ұстаған күйі бір минут
қалшиып тұрып қалғанын байқамады да.
Лиза билеттері мен белгі қағаздардың жазуын оқудың соңында
кемінде бір сағат жүрді, номерлерін шатастырып, нəрселерді
араластырып алады, бір кезде əйелдердің біреуі оған əзіл ретінде —
шаршадыңыз, демалуыңыз керек, деді.
Лиза буфетке барды. Қатар қойған екі столдың айналасында
Витюша мен Цветухиннің жолдастары бірігіп, шуласып отыр екен.
Пастуховтың əңгімесіне бəрі қарқылдап күледі. Ол толықсып кеткен
адамша креслосында жайылып отыр, мастықтан сəл Желімдеген
көздеріне қарағанда, өл күлегеш қанымның оншама ажыратқыш
адамдар емес екендігін сəл мазақтап рақаттанып отырғандығы
байқалады. Жұрттың бəрі Лизаға орын беріп орындарынан түре келді.
— Неткен кісілер! Неткен кісілер!—деді Витюша.— Қудай біледі, сен
бөгет болмайсың! бəрі де өте сыпайы.
— Мүлде дəрілеп тазалағандай! — деді жұрттың бəрінен көп ішкен
Мефодий.
Бірақ Лиза отырғысы келмеді: шыдамсызданып, басы айналып тұр,
Витюша кенет жаны ашып, аса маңызды бір пікірді аңғарып қалған
адамдай қайта-қайта басын шұлғыды.
Ол қалтасынан заемның бүктеген купондарын шығарып, жұрттың
бəрі үшін төлейтіндігін айтты. Бірақ есебін шығару қиын болды.
Достары көмектескен болып еді, олар да шатасты. Пастухов жұрттың
қолындағы купондарды жинап алып, дода-дода қылып уыстап алды да
Лизаға берді.
— Мастықтан жаны таза жалғыз адам екенсіз, бізге, мас кісілерге,
жəрдем қолыңызды ұсыныңыз!
Лиза есепке шынымен кірісіп еді, дереу шатастырып алды, —
купондардың бірсыпырасы бірнеше сом, бірнеше тыйын кейбіреулері
бір сомға бірнеше тиыны жетпейтін əралуан екен, ең бастысы
Цветухин өзінің оттай жанған ыстық қара көздерін алмай қарап отыр.
Лиза еркелеп — толып жатқан проценттерді ажыратудан зеріктім
деді. Сонда Цветухин:
— Ақша есептеп үйренбейінше, Сіз көпестің əйелі бола алмайсыз, —
осы сөз есіңізде болсын, — деді.
— Эх деді Витюша дауыстап, купондарды уыстап қайтадан
қалтасына салды. — Бай кісіге ақша санап не керек? Бай адам үшін
басқа біреу есептер болар. Қызметші! Буфетшіге айтыңыз есеп қағазын
менің үйіме жіберсін. Мен — Шубниковпын!
Ол Лизаға қолын ұсынды.
— Бүгін мені əйелім ертіп кетті. Мен көндім. Көндім.
Ол аяғын тəлтіректетіп, үсті-үстіне қоймай сыбырлап келеді:
— Мен сені бірден түсіндім: кішкене Шубников əлди-əлди болғысы
келген болу керек, солай ма? Таптым ба?
Біздің кішкентайымыздың ұйқысы келді ме, солай ма?
Аязға шыққан соң, ол бұрынғысынан да былжырап, сөзі адам
түсінбейтін болып кетті, үйге келген соң, шала-шарпы шешініп
жастыққа басы тигесін қор ете түсті.
37
Лиза көпке дейін ұйықтай алмады. Қоғам үйінің залдары көз
алдынан елестеп кетпей қойды. Олар елес беріп көрінеді де, сол
күйінде қозғалмай тұрып қалады, сондықтан Лиза құлпырған жарықта
көптің ішіндегі адамдардың əрқайсысының бетін, əйелдердің киімін,
гүл букеттерін, лотереяда өзі үлестірген нəрселерді, кейін ұтып алған
адамдар сауық кешінің аяғына дейін орынсыз артық нəрседей алып
жүрген ұтыстарды айқындап көре алатын болды. Бірақ оның көз
алдында Цветухинның бусанған қара торы беті елестеп, тоқтай қалған
кезде, Лиза оны ұмытуға, басқа нəрсеге назар салып, қара торы бет
қайта елестемесін дегендей сол басқа нəрсеге назар салғысы келді, осы
күрестің шым-шытырық шатпағы шаршата бастады, Лизаға
ешуақытта ұйықтамайтындай көрінді, түні бойы төңбекшіп, толып
жатқан суреттер мен нəрселердің тосқауылдары арқылы азаптанып
өтуге тиісті болғандай көрінеді. Ол осылардың бəрінен қашпақ болады,
бірақ жүгірісі нашар əлсіз, ол секіріп атқа мінбек болады, тіпті үстіне
мініп, қашуға болатұғын ат көзіне көрінеді де. Аттар көп, соның ішінде
Виктор Семеновичтің шабдар жорғасы теңселіп ақырын жорғалайды.
Лиза соның үстіне мінбек болады, бірақ сол екі ортада бір жақтан
үстіне көк тор жапқан қара желгіш ат пайда болып, Лизаның қолы
торына тиер-тиместе-ақ жеңіл арбаның үстіне қалай отырып қалғанын
білмей қалды. Желгіш ат түннің қараңғысын қақ жарып, бос кешелер
арқылы шауып келеді, оның тағасының даңғыры бүкіл қалаға
жайылады. Қатты жел соғып, Лиза қалтырап тонады — үстінде
шілтерлі жұқа көйлегі, басында шілтерлеген, бант қадаған түнде
киетін қалпағы бар. Тастай қараңғыда арба бір үлкен қара үйдің
алдына келіп тоқтай қалды, сол кезде біреу келіп Лизаны екі жағынан
қапсыра ұстап, қолтығынан сүйемелдеп, жерге түсірді. Лиза үлкен
ауыр есікті ашты — үй театр екен. Ол бес орындықтардың арасымен
сахнаға қарай жүріп келеді.
Шексіз шыңырауда асулы тұрған шамдалда сығырайып сарғайған
жалғыз шам жанып тұр, ол үнсіз залға болар-болмас жарығын түсіреді.
Лиза шілтерлі көйлегімен, басындағы қалпағымен, жалаңаяқ, үнсіз
аттап өлердей баяу жүріп келеді, үстіндегі киімі өзінің операда көрген
Қарға мəткенің өлер алдындағы киімі сияқты. Ол оркестрдің терең
үңгірінен жіңішке тақтай арқылы аттап, рампадан өтті. Шымылдық
көтерулі тұр. Кенет аяғының астынан толып жатқан оттар жанып
көзіне шарпыды. Лиза сахнаны адымдап өлшеп жүр. Сахнаның едені
бұдыр-бұдыр тікен тақтайдың арасындағы саңылауларынан суық жел
соғады. Сахнаның ұзыны жиырма, ені он жеті қадам. Мүмкін ені онан
да көп болу керек, бірақ бір қарауытқан нəрсе əрірек баруға бөгет
жасайды, сондықтан Лиза қараңғылықтың аржағында не бар екенін
біле алмайды. Кері бұрылады. Суық жел əлі соғып тұр, көйлегінің ұзын
етегі аяқтарын сабалайды. Ол шамдарды санай бастады, бірақ олар
жарқырап жаңа түскендіктен, көзі шыдамайды, ол алақанымен
беттерін басты, дəл сол кезде арт жағынан, қараңғылықтан, біреудің
шыңғырған ащы даусы естіледі, сол кезде Лиза оянып кетті.
Қорыққанынан
қалш-қалш
етіп,
сезімі
біртүрлі
керемет
айқындалып, ол түсінен ерекше бір жаңалық танып, өзі де
жаңғырғандай болады. Витенька алансыз қорылдап жатыр. Лиза бүкіл
денесін сипады — арқасы терлеген екен. Көйлегін шешіп креслоның
үстіне лақтырды, үстіне халатын киіп терезенің алдына барды.
Көше таңертеңгідей халыққа толы, жұқа құрғақ қар жатыр. Арбаның
доңғалақтары салған қара із рельс сияқты əр жаққа тарайды. Қар
жауған үйдің шатырлары аппақ, үйлер біртүрлі көтеріңкі көрінеді.
Аспан сұп-сұр. Турбадан шыққан түтіндер аспанда көкшіл шардан
өрнек төккендей болады, ол шарлар етек жайып көкшілденіп, аспанға
ұласып кетеді. Əлі шана түскен жоқ.
Лиза ішінен: «...ерте оянып, Татьяна терезеден көреді...» — деген
сөздерді оқыды да, ас үйге шықты.
Дəл сол кезде екінші есік ашылды. Ac үйде істейтін кемпір
қабақтарын қимылдатып, жұмбақ пішінмен саусақтарын қозғап
Лизаны шақырды, сол сəтте аяғының ұшынан басып өзі Лизаға
жақындай түсті.
— Кішкене қыз келіп тұр. Ол сізді сұрайды.
— Ac үйде ме?
— Я. Сіз келсін деп айтып еді, дейді. Сізді күтіп отыр, дейді.,
Лиза төргі бөлмеге жалт қарап, бұрын күтпеген сеніммен кемпірге
— сен қарай тұр деп сыбырлады.
Ac үйге жүгіріп шығып, босағаға сүйеніп тұрған Аночканы көрді,
оның үстінде əлі кішірейтіп қайта тікпеген əжесінің жекеті, өткен
жолы да ол осыны киіп келген-ді, басында жүннен тоқыған ескі
орамал.
— Аман ба, — деді ақырын Лиза. — Саған не керек?
— Мен кеше Вера Никандровнаның үйінде болдым.
— Ал немене, не бар екен?
— Қуанып жатыр.
— Сенің келгеніне қуана ма?
— Сіздің барып кел дегеніңізге қуанып жатыр.
— Қойшы?
— Оның үйі ете тар екен, мына жерден ана пешке дейін ғана
болады.
— Ал ол кісі ештеңе айтты ма?
— Біз түстен кейін ұзақ, отырып əңгімелестік. Қазір ол балалар емес,
қыздарды оқытатын көрінеді.
— Менің өтінішімді айттың ба?
— Ага, айттым. Ол кісі сұрай береді, сұрай береді, ал мен
білгендерімді айта бердім,— əжем мен əкемнің сіздің дүкеніңізге
барғанын, сонан кейін сіздің...
— Жоқ, жоқ. Кирилл туралы айттың ба?
— Ол туралы да айттым.
— Я не бар, немене?
— Ол хат жіберді.
— Хат маған ба? — деді ақырын Лиза, бірақ өзін-өзі ұстай алмай
ентелеп.
— Аночканың қасына келіп, оның ешбір қимылын көзінен таса
қылмай тұр. Аночка жекетінің түймесін ағытып, етегін ұстап, Лизаға
айқын, қуқыл көздерімен қарады.
— Вера Никандровна мынаның астары екенін көріп, сол араға хат
салды да қайтадан тепшіп қойды.
Ол астарды түрткілеп, саусағын салып жіберіп, кері тартып
бытырлатып тігісін секті де, айналасына қызыл жиек салған кішкене
конвертті суырып алды. Оның сыртында «Лизаға» деген жалғыз ауыз
сөз бар екен, бірақ ол сөз жағдайды бірден түсіндірді: хат Кириллден
екен.
— Сен тұра тұр... немесе жоқ, бар бара ғой! — деді
Лиза қақалып, аяғымен есікті теуіп. — Сен кейін келерсің, кейінірек!
— Əйтеуір бір кезде ме, немесе қашан? — деді ренжігендей болып,
бірақ кексіз өкпелегендей Аночка.
— Ықтыярың білсін, немесе бəрібір, тұра тұр, — деді Лиза не айтып,
не қойғанын өзі де білмей, терезеге барып, конверттің жиегін
тырнағымен жұлып жырта бастады.
Бір жапырақ қағаз ірілеу əріптермен айнала жазылған, оқу қиын
емес. Лиза сөздердің бəрін түгел ұстай алмай тек сөйлемнің басы мен
аяғын ғана оқығандай көрінеді, бірақ ол бір қарыпты босқа жібермейді,
қаріптер айтқан сөздердің мағынасынан гөрі анағұрлым артық
түсінеді, бірақ қағаздық астарында жасырынып жатқан, ең негізгі
пікірді түсінсем деп жанталасып асығады. Кирилл былай деп
жазыпты: міне ақырында, ол əжесіне де, Лизаға да хат жазуға
мүмкіншілік алып отыр, бұл уақытты ол көптен бері күткен еді, хатты
талай рет қиялында жазған болатын, сондықтан қазір не туралы
жазамын деген ойлар қайта қаптап есіне түсіп, бөгет жасайды, мүмкін
ол өте-мөте керекті мəселелер туралы жазбай кете ме. Соңғы рет
көргеннен кейінгі уақыттың ішінде оның өзінде күтпеген жерден көп
өзгерістер болды, сондықтан ол кімнің артынан хат жазып отырғанын
ажырата алмайды: бұрын өзіне таныс Кириллдің атынан хат жазып
отырғанын немесе қазір өзі сезіп жүрген жаңа Кириллдің атынан
жазып отырғанын — осы арасын ажырата алмайды.
Осы араға келгенде Лиза тынысын басып, өзін-өзі ақырын оқуға
зорлап көндірді.
«Мен қазір мүлде басқа өмірдемін, ол бұрынғы өміріме тіпті
ұқсамайды. Училище өңімде емес, тек түсімде болған сияқты көрінеді.
Мен — деревняда тұрамын, ондай деревняларды Еділден таба
алмайсың, — бар болғаны он бір-ақ қора бар. Ең жақын деген селоға
орман арқылы жеті сағат жүріп барасың. Халық аз, біздің кластағы
балалардың санынан да аз, бірақ адамдары өзгеше. Халықтың қалай
тұратынын жаңа ғана көре бастадым, Лиза, мен бұрын мүлде бала
екенмін. Сен мені, мүмкін, қазір танымас едің деймін.
«Мен немерелерімен тұратын кемпірдің үйінде тұрамын, ол кеш
болса «Алтынды сақтап жүрмін, сақтап жүрмін», деген өлең айтады.
Мен алтын туралы сұрап едім, — ол өмірінде алтынды көрмеген
болып шықты. Мұнда неке қиғанда қолдарына күміс сақинаны да
сирек салады екен, бəрі де жез сақина салады. Мұнда жауған қар сол
күйі жатады. Орыстың ұлы қысы басталды. Біздің жақта əлі салқын
түспеген шығар? Кемпір тамаша ертегілер айтады, ондай ертегілерді
біздің жақта естімейсің. Ертегісіз тұру, сірə, қиын ғой деймін.
«Мен саған мүлде маңызы жоқ нəрселерді жазып отырмын, алайда
осының өзінен сен менің енді ұзақ уақыт тұратын жерімнің қандай
екенін жақсырақ білерсің. Біз екеуміз осы шексіз ұзақ уақыттың ішінде
бір-бірімізді көре алмаймыз, бұл маған өте ауыр болса да, мен сол
ауыртпалықты көтеруге ұйғардым, көтере аламын да. Мен саған тағы
да мына жағдайды айтуға ұйғардым. Қымбатты Лиза! Осының бəрі
ұзақ əуре-сарсаңға салынып, сенің төзе алмауын мүмкін. Есінде
болсын, менің мерзімді уақытым толғанша, яғни үш жыл уақыт мені
күтіп отырғың келмесе, мен Жағдайыңды түсінермін. Мен саған адал
сырымды айтып отырмын, өйткені бұл туралы көп ойландым. Мен
оны зəбір деп санамаймын, осыған сөзімді беремін. Маған сенің
бостандығың мен тəуелсіздігің қымбат.
«Сенен тағы бір өтінішім, маған хат жаз, егер қателессем, ашулана
көрме. Сенің Цветухинге көңілің ауғанын мен дұрыс аңғардым ба? Егер
ол рас болса, менің қарсылығым жоқ, ал егер олай болмаса, мен
бұрынғымнан да бақытты болып, екеуміз қалай болғанда да бірге
тұрамыз — деп сеніп жүрер едім. Мен осының бəрін əбден ойладым.
«Əзірше өзім туралы айтарым осы. Сен өзін туралы маған көбірек
жазуын керек. Мен бəрін де білгім келеді. Мен өзім туралы əжеме өте
көп жаздым жəне, егер сен ықылас білдірсең, саған оқып бер деп
тапсырдым.
«Я, сөз арасында тағы бір айтарым мынау. Мені осында əкеле
жатқанда, маған бір станцияда, темекі тартпайтын болғандықтан,
оның орнына кептірген алма алып берді. Оны газетке ораған екен.
Толстойдың опат болғанын сонан білдім. Сен бұл қазаны қалайша
азаладың, басқа жұртшылық қалай азалады, — осыны жазып жібер.
Мен көп ойландым, ақыр соңында ол не дегенмен де менің Улы
адамдарымның қатарында ғой деген қорытындыға келдім. Екеуміздің
əңгімеміз есімде, жалпы алғанда сен түгелдей есімдесің! Əжеме керекті
кітаптардың тізімін жібердім. Хат жаз. Кирилл».
Лиза хат ұстаған қолын сылқ түсірді. Беттері қып-қызыл болып,
жасаураған көздері жанып, кірпік қақпастан қарап тұрды.
— Мен кетейін бе? — деп қорқа сұрады Аночка.
Лиза үндеген жоқ.
Ол үшін бүкіл өмірі түпсіз шыңырауға жиналғандай болды, бұрын
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алғашқы қуаныш - 24
  • Parts
  • Алғашқы қуаныш - 01
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2221
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2187
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2105
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 04
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2139
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 05
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2170
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 06
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2209
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 07
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2153
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 08
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2136
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 09
    Total number of words is 3869
    Total number of unique words is 2136
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 10
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2253
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 11
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2161
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 12
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2249
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 13
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2112
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 14
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2190
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2140
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 16
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2142
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 17
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2318
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 18
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2145
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 19
    Total number of words is 3941
    Total number of unique words is 2208
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 20
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2290
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 21
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2172
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 22
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2182
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 23
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 24
    Total number of words is 3246
    Total number of unique words is 1802
    39.4 of words are in the 2000 most common words
    54.5 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.