Latin Common Turkic

Алғашқы қуаныш - 14

Total number of words is 3927
Total number of unique words is 2190
33.9 of words are in the 2000 most common words
48.7 of words are in the 5000 most common words
55.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
клумбаларынан көшіп құшақ құшақ болып столына, терезесінің тегіне
келген пиондардың35 жер-бал иісті лебі. Кешқұрым отарел
дүкендерінің ашулы есігінен келетін иіс сияқты метколаның36
сіркесулардың исі. Жаңа бастаған шабындықтың алыстан əлсіреп
жеткен лебі тəрізді резеданың37 қыздай сүйкімді хош иісі. Осының бəрі
өтіп кетті, енді күні байысымен терезеден темекінің кісіні
есеңгірететін зілдей ауыр исі келіп, баса-көктеп спирттен бетер
мұрынды қуырып барады.
— Я, алғашқы кеш салқыны əлі жеңбей тұрғанда, жемісін төгіп
маужыраған август жерді тілкім-тілкім қыалды, жанды жаратылыстың
бəрі осы кездегі таусылмас жомарт бұлақтан болашаққа бал-шырын
жыйнауға асығады.
Пастухов бақшаның ыстық лебін желбезегі қалтырап сіміре жұтып
ойға шомды: ол георгин мен астра сияқты исі жоқ гүлдердің маусымы
туысымен қалайда жүріп кетеді, пьесаның бір кейіпкеріне Цветухиннің
кейбір аңқау мінездерін алса қайтер еді; Бальзак, асылында нашар
жазғанымен, көркемөнердің жаратылысын ондай жақсы түсінген
ешкім жоқ; ал көркемөнердің жаратылысы суретшінің шығармасына
ықпал ету қасиетінде шығарманың өзін өңдеу сапасында емес. Қиял,
əрине, Құдай, бірақ ол нақты тəжрибеге сүйене тұрса да басқа құдай
атаулының бəрі сияқты, асылында өр зорлықтың бір түрі; қиялдың егіз
туған серігі бар, ол ақылға дарыған өте-мөте асыл қасиет сəуегейлік
болып табылады, бұл тек талдағыш адамдардың еншісіне тиген
қасиет. Қиял айналаны тегіс көреді, оған қайда болса да жол ашық, ол
таңдамайды. Сондықтан ол ешнəрсені болжай алмайды; ал сəуегейлік
тура жүреді, себептен нəтижеге барады. Сондықтан ол үшін болашақ
қазіргінің қорытындысы. Пастухов өмірдегі, əлі жазылып бітпеген
пьесадағы стол үстінде ашулы жатқан кітаптағы əртүрлі адамдардың
шоғырын сана көзімін шолып, тағы да ойлана түсті — мүмкін, деп
ойлады ол,—мүмкін қыял өрісі тар замандастарымыздың арасында,
қазірдің өзінде-ақ адамның, халықтардың, бүкіл жер дүниенің
болашағын айқын білетін пайғамбарлар бар шығар. Болашақтың қай
нұсқасын болса да қиялмен көз алдына елестетуге болады, бірақ соның
ішінен қашсаң құтыла алмайтын біреуін танып қалап алу тек
сəуегейліктің ғана қолынан келеді. Мейлі қиял сəуегейліктен шалағайақ болсын. Бірақ ол онан тəттірек. Ұшқыр қиял əлемнің барлық хош
иісін сезеді, Логика — ең күштісін ғана сезеді.
Пастухов ой сағымын қуалап, пьеса жазып, Бальзакты қарап жата
берді. Осының бəрі рақат. Бір кезде ол есейіп үлкейсем өмірім осылай
тəн рақаты мен еркін тайталасқан əртүрлі ойлардың қызығына
бөленер деп ойлаушы еді. Көп ұзамай артында қалғалы тұрған мынау
қала — мүмкін ұншылар қаласынан бір кезде университеттер
қаласына айналар, сол уақытта Пастухов академик болып, мүмкін,
мұнда тағы келер, акацияның, резеданың, кешкі темекінің ғашықтық
тілін тыңдап, тап қазіргідей ой құйыны шарқ ұрса ғажап емес:
жастықтың үміті, Москвада студент болып жүрген кезінде түнгі
шайханаларды аралағаны, сахнаның сыртында жүрегінің тұңғыш рет
тулағаны, жұрт шақырып құттықтағаннан кейін атаққұмарлығы
қанағаттанғаны бəрі еске тағы түсер, ойына тек өлім ғана келмес. Жоқ,
жоқ өлім туралы Пастухов еш уақытта ойламайды. Көркемөнерге өлім
бар ма?
Шақырусыз келген уайымды жуғысы келген адамдай Пастухов екі
алақанымен ыстық бетін қатты үйкеледі, сонан кейін Бальзактың
шығармаларынан өзінің пікіріне үйлесімді жерлерін қызыл
дəптершесіне көшіріп жаза бастады: «Көркемөнердің міндеті
табиғаттың көшірмесін түсіруге емес, айтып беруде. Сен тоғышар
көшірмеші емессің, ақынсың! Əйтпесе скульптор əйелдің тұлғасын
қалыпқа түсіріп, қайта құйып шығара салар еді...» «Көп білушілік те
надандық, сияқты қыңырлыққа апарып соғады...»
Кенет ол көп білушілік жайында ойға қалды. Расында да,
көркемөнердің қалай жасалатынын білу керек пе?
Бальзак осыны білді ме екен Ол өзінің екі мыңдай кейіпкерінің
кеудесіне жан бітіріп, бірақ сол кейіпкерлерін қандай заңға сүйеніп
жасағанын өзі де білмесе болар ма, оның жеңіп шыққан себебі дəл
осында емес пе екен. Көркемөнердің заңдарын іздеп арам тер болу
керек пе? Ондай заң жоқ. Ол əрекетпен біте қайнап біріккен. Егер
көркемөнер əрекетші ықпалшыл болса, заңды болғаны. Егер ол
өлекседей сезімге жат болса, қандай заң оны жандандыра алады?
Пастуховты еліктірген осы өзімен өзінің əңгімесін ғажап нəрсе бөліп
жіберді: бір бастың көлеңкесі терезенің пердесінен жылжып етті.
Қорадан сірə, бойы өте ұзын біреу өтсе керек, өйткені терезе биік
болатын. Пастухов құлағын тікті, əуелі сыңғырлаған шпораның
дыбысын, артынан ауыз үйдегі қоңыраудың жаратпағандай шар ете
қалғанын естіді. Ол есік ашуға барды.
Баспалдақтан бір қара жандарм қадала қарады, онан желімі ерін
өртеген сургучтың исі аңқиды. Сорайған ұзын денесінің əрбір
буынынан соқталдай сүйектері шодырайын шығып тұр. Ол козырегін
бір қағып, үйде кім тұратынын сұрап білді де жеңінің қалтарысынан
кəкір саусақтарымен шақыру қағаз алып берді.
Жандармның
полиция
басқармасы
дворянин
Александр
Владимирович Пастуховты куə ретінде бүгінге шақырыпты. Ол көзін
жыпылықтатып тұнжыраған елшіге қарап сыпайы түрде көңіліндегі
орынды күмəнін білдіріп:
— Қате болып жүрмесін шырақ? — деді.
Жоқ, ешқашан қате емес-ті.
— Алайда, қандай іс бойынша екен?
Мұны білудің ешқандай керегі жоқ болып шықты.
— Мынау барып тұрған қате, шырақ, бүгін мейрам, төрелер орнында
болмайтын күн.
— Олай емес,— деді тікіреңдеген хабаршы,— сізді шақырған кісі —
орнында.
— Қалай сен мені... көшенің бойымен жетелеп апарасың ба? — деді
Пастухов қатты сасқанын сездірмей күлкімен көлегейлеп.
— Олай емес мынаған қол қойып, өз бетіңізше барасыз.
Александр Владимирович қол қойды, өзі оңаша қалғасын сол араға,
ескі кеусандықтың дөңес қақпағына, күнəлі жерге отырған адамдай,
абайлап ақырын отырды. Жиіркеніп бет-ауызын тыржитты. Сургучтің
исі əлі кеткен жоқ. Орнынан ұшып тұрып, ол беті-қол жуатын жерге
барды, қақырынып түкірді, жандармның артында ашық қалған есікке
жалт бұрылып түкіріп жіберді:
— Тфу лағанат, үйткен шайтан!— деді.
Көк пенжагын киіп, айнаға қарады, көкті шешіп, бұршах түстісін
киді: түсі нəзігірек, əрі тəуелсіз. Портсыгарына толтырып папирос
салды, бірақ оны стол үстіне тастады, темір сауытына неше түрлі герб,
медаль, мəнер салған, əлі басталмаған шетел сигаретін алды. Таяғын
алып, есікке дейін барды, бірақ тағы бір түкіріп кері оралды.
Пенжагінің қайырма жағасына аузын басып, иіс судың сауытын
бірнеше рет төңкерді. Дəптершесіне көзі түсіп, соңғы жазғандарын
оқыды: «Көп білушілік те надандық сияқты қыңырлыққа апарып
соғады» дауыстап:
— Рақат сіздердікі, Бальзак мырзалар!— деп дəптершені столдың
тартпасына қағып түсірді.
Ширек тарақ қағаз жыртып алып, шимайлап жазды: «Егор, қарағым,
егер мен шайтан алсын, жоқ болып кетсем, есінде болсын, мені
шақырып əкетті...» Қолы тоқтай қалды да, қайтадан қатты басып.
«Охранкаға» деп жазды. Қағазды столдың ортасына қойды, папканың
арасынан қобыраған, бұрыштары бүктетілген, сыя тамға əр жеріне
шимайлап сурет салған қолжазбасына қарап, қолын бір-ақ сілтеді,
тамағының булыққанын сезіп, үйден шықты.
Көшеде ол тəкаппарланып, кербезденіп, таяғын үйіріп кетіп барады.
Оны көзі түк көрмей, тек көкейкесті оймен арпалысып барады деп
ешкім ойламас еді. Александр Пастухов бір атым темекіге татымайтын
іс үшін құрып кетеді! Жер бетінен мүмкін жоқ болып кетпес, Шильон
мен Бастилияның тұтқындары да басқа планетада болмағаны анық
қой! Жер оларға қарғыс болды. Олар жерге құрсаумен бекіді. Олардың
тағдырын кім білді? Біздің өлім үйлеріміз құпиясын Шильоннан кем
сақтады ма? Александр Пастухов қандай патшалық мемлекетте
тұратынын жақсы біледі. Александр Пастухов құриды.
Міне ол таяғын жеңіл сермеп келеді, жүрегі оған құрисың,—деп
жауап береді. Міне ол жырадан тротуардан көшеге қарғып шығады, ал
басынан: қарғы, қарғыма бəрібір құрисың деген ой кетпейді.
— Фу, тəңірі-ай, түкке тұрмайтын нəрсе ғой! — деді ол кейін,
күбірлеп, сол секунтта өзіне-өзі қарсы: «Сорың қайнағанда сол түкке
тұрмайтын нəрсеге бола құрып кетесің!» — дейді.
Бұл іргесі қозғалмайтын күші басым жаумен əлсіреген арпалыс, ол
əбден қажып шақырған үйге келіп жетті. Шоқыну мейрамында мұздан
ойған суатқа шомылғалы тұрған адамдай ол есік алдында аз кідірді —
бұл теңеу жылт етіп есіне түсіп ойланды: мейрамда мұз суатқа
рақаттанып түсер едім, өйткені онда мұжықтар белбеулерін байлап
ұстап тұрады ғой, ал мұнда ешкім қармайтын тал да тастамас.
Медаль таққан лакей ашпағанына өкпелегендей ол ренжіп, есікті
селсоқ итеріп қалды. Оны дереу сургуч сасыған коридордың бойымен
біреу подполковниктің кабинетіне ертіп апарды. Сыпайы əсем жігіт
кіріп келіп, табалдырықтан екі адым жерде, айнала қаран, таяқ пен
панаманы бұл үйдің қай жеріне қояды екен деп білгісі келгендей
күлімсіреп қарап тұрды.
— Міне, мына жерге, мына жерге, рақым етіңіз, — деді Полотенцев
асығыс алдынан шығып. — Сіз кешіріңіз, біз жексембі күні мазаңызды
алдық. Бірақ, білесіз ғой...
— Əбден түсінем, егер жұмыс болса... — деді Пастухов сыпайы сол
менсініңкіремей.
— Дəл өзі, дəл өзі. Асығыс жұмыс бар. Сізбен ресми жағдайда болса
да танысқаныма қуаныштымын. Өзге жағдайда сізге қолымыз
жетпейді.
— Я, біз, білеміз, саяқ жүрген жандармыз ғой.
Крахмалдаған, ақ китель киген екі чиновник орындарынан тұрып
қысқа сəлемдесті. Полотенцев прокурордың серігі мен сот қызметіне
кандидаттың есімдерін атады. «Ознобишин» деген фамилия
Пастуховқа ұнады, ол таңырқап өзіне қадала қараған жас жігітке көзін
жыпылықтатты.
— Бұлар да іске құмар адамдар, — деді подполковник прокурордың
серігіне қарап: — біз, меніңше, бөгет болмаспыз деймін? — деді.
Керісінше, — деді үзілді-кесілді прокурордың серігі, кандидат басын
шайқады.
— Темекі тартпайсыз ба? — деді Полотенцев. Пастухов папиросқа
қолын соза түсті де, подполковниктің қолын жай ғана итеріп, асықпай
қалтасынан темекі сауытын алып, белбеу қағазын тырнағымен секті.
— Менің темекімді тартып көріңіз, — деді, дүние жүзіндегі ең жақсы
сигарет. Заң министрлігінде істейтін менің бір досым (ол прокурордың
серігі мен кандидатқа қарады). Шетелге барған соңғы сапарында
əкеліп еді. Египет темекісі, Бельгияның монополиялық фирмасы.
Өтінем.
Полотенцев сигареттің біреуін алды, екі чиновник бастарын изеп
алмай қойды. Кандидат прокурордың серігі не істесе көріне-көзге
соны қайталап тұр.
Валдай темекіні тартып, Полотенцев сөз бастады.
— Сіз көптен бері бізде қонақтап жүрсіз ғой?, Білеміз, білеміз.
Шығарма жазасыз ба, солай ғой? Бізді немен қуантар екенсіз? Ах, жаңа
пьеса! Не жайында екенін айтпайсыз ба? Ах, жоқ па? Көңіл серігетін
қуанышты нəрсе болар?.. Ах, айтуға қиын дейсіз бе? Түсінікті, күні
бұрын не айтуға болады... Шығарма əлі жазылу процесінде ғой. Өзінше
бұл да құпия нəрсе. Сіздің өзіңізге де, сірə, əлгі не деуші еді?
«Сыйқырлы кристалға қараса да, түбіне романның көзі жетпес» —
деген сияқты шығар. Есімізде, бала жастан есіміз де..
.
Пастухов Ознобишиннің сыдыра қарағанын байқап, өте сүйкімді
күлді.
— Мейлінше дұрыс пікір, — деді.
— Пікір Пушкиндікі, дұрыс болмасы бар ма?
— Пікір даусыз Пушкиндікі, — деді мақұлдап Пастухов.
— Ах, сөздері, сөздері ол емес!—деді подполковник тапқырлығына
насаттанған адамсып. — Түсінемін, о, түсінемін - ақын үшін сөздің
құны ерекше. Айтылған пікір Сіз ғафу етіңіз. Мектеп жасынан
бұлжытпай бəрін есте сақтау қиын. Кейде есте қалғандарын қуанақуана жаңғыртып, қайталар едім. Қайдан болсын! Қараңызшы
Ол қынжылып, қолын жайып, алды-артында тау-тау болып жатқан
əр түсті папкаларды көрсетті.
Оның үстіне тағдырдың бұйрығы бойынша біз көбінесе формамен,
былайынша айтқанда, формашылдықпен шұғылданбаймыз о, жоқ,
олай деп ойласаңыз қателесесіз!
— Мен ешнəрсе ойлаған жоқпын,— деді көңілді дауыспен Пастухов.
— Менің есіме бір анекдот түсіп отыр. Бір чиновникке бесінші
дəрежелі шен беріпті. Екінші біреуі оны құттықтап: «Мен сізге қызығам
жоғары дəрежелі мырза, енді шеніңізге лайықты сізге əсем форма
тиесілі болады!» дейді. Сонда анау: «Э, форманы қойыңыз, достым,
мазмұнын айтыңыз!» депті.
Бəрі де бір секунд сексиіп тұрып қалды, сонан кейін барып
қозғалды, Ознобишин ақырын:
— Яғни мазмұн дегені жалақы дегені ғой?
— Тапқырлығыңызға болайын: жалақы деген мағынада, — деді
Пастухов жазаға кесілген адамша күрсініп.
Сол кезде Полотенцев қуанған адамдай қарқылдап күлді.
— Форма — деген не, мазмұнын айтыңыз, ха-ха-ха! — деп
қайталады.
— Сондай-ақ егер рұқсат етсеңіз, істің мазмұнына келсек, — деді
күліп Пастухов. — Мен уақыттарыңызды босқа алмайын.
— Айтпақшы, я, — деді Полотенцев іс ойына жаңа ғана түскен
адамдай,— бірақ күлкісін тыя алмағансып — сіздің, айталық,
мазаңызды алған себебіміз бір ғана сұрақ еді... Əлгі Парабукиннің
əңгімесін айтыңызшы, қалай болып еді өзі?
— Парабукин дейсіз бе? — деді таңырқап Пастухов.
— Қай Парабукин? Ах, əлгі... кім еді, пристаньда жазатайым болған
жарлы емес пе?
— Я, я, я, бірақ ол жазатайым болардан кеп бұрын сіз оны іздеп
түнеу үйіне бардыңыз ғой, солай емес пе?
— Жасаған ием-ау! — деді Пастухов болар-болмас Қолын сермеп, əрі
өкініп, əрі күліп. — Ол Егордың ойлап тапқаны ғой! Əлгі Цветухиннің!
— Түсінемін, түсінемін! Бұл кейіпкерлерді зерттеу, былайынша
айтқанда, болашақ шедеврдің бас кейіпкерлерін іздену ғой. Мұның
артистен гөрі сізге де өнегесі кем емес шығар. Ал енді ойлап қараңыз,
жағдай мынадай: жағалауда сол жексұрындардың арасына, білемісіз,
ете батыл, — деп Полотенцев саусағын шошайтып, жалтыр төбесінен
жоғары көтеріп, — өте батыл бағыттағы үндеу хаттар таратылды!
— Сол үндеу хаттарды менің мойныма тесіп ілгіңіз келе ме? — деді
Пастухов.
— Тесіп ілу, əй сізден шығар-ау!—деді тағы да қарқылдап
подполковник — Сіз, айталық, біздің формамызды қалай деп түсінесіз?
— Мені қызықтыратын форма емес, — деді сыпайы күліп Пастухов.
— Форма деген не?
— Түсінемін, түсінемін! — деді қарқылдап Полотенцев.— Сіздіңше
біз былай: бір-екіден бəрін бір жерге үйе береміз! Ғапу етіңіз. Біз сізге
бір жол жалған сөз жазбаймыз, жазып отырғанымыз да жоқ, тек сіздің
анығын айтып беруіңізді ғана сұраймыз.
— Нені?
— Парабукинді сізге таныс актердікіне, Цветухнннің досының үйіне
шақырғанда, ішінде Рагозин де болғанын жəне сол арада Парабукинге
революцияшыл үндеу хаттар берілгенін растай аласыз ба?
Пастухов бетін орамалымен ақырын сүртті, беті ісініп үлкейіп
кеткендей көрінді. Ол солғын тартып:
— Былай, тақсыр подполковник,—деді. — Сіздің маған қойып
отырған сұрақтарыңызға біреудің тағдыры жəне менің өз тағдырым
байланысты болуы мүмкін. Мен сондықтан ресми тілге көшіп, маған...
заңға сəйкес тергеу жүргізсеңіз екен деймін.
— Ах, жасаған-ау, нағыз формашыл адам өзіңіз екенсіз ғой! — деді
Полотенцев зейілі қайтып қалған идамдай.
— Жəне түсінбеушілік болмас үшін, — деді Пастухов қасарып,
біртүрлі топас адамша, — мен сізге қазір айтып қояйын: Рагозин
дегенді мен тұңғыш рет өзіңізден естіп тұрмын, сонымен бірге
Мефодийдің үйінде Парабукинге... күші қырық градус бір стакан
қазынаның арағы берілгені рас, ол денсаулығыма шипа болсын деп,
арақты ішіп алды...
— Неге ашуланасыз, Александр Владимирович? — деп
подполковник өкпелегендей болды. — Жауап бердіңіз ғой. Осымен
бітті деуге де болады. Осынан артық, сізден ешнəрсенің керегі де жоқ.
Ол чиновниктерге қарады. Прокурордың серігі бəрінен бұрын қардай
аппақ кителі қыртыстанып қалмасын деп сақтанғандай тіп-тік
шаншылып отырған күйі бір сөзді босқа жібермей тыңдаған еді.
Ознобишин кенгуру сияқты денесімен подполковникке қарай
бұрылып, көкшілдеу өткір көздеріне əлдебір салтанат сəулесі
түскендей жанып, өте сақ сөйледі.
— Мен сұрақ түрінде емес, тақсыр подполковник, бірақ егер рұқсат
етсеңіз, есіңізге салайын: істе Пастухов мырзаның Кирилл Извековпен
кездескені туралы бір куəлік бар.
Оның нəзік саусақтары сол қалтырайды, сездірмеу үшін жазға мүлде
лайықсыз əдет жасап, қолдарын қатты-қатты уқалайды. Прокурордың
серігі оған үндемей қарап отырды.
— Бұл маған қойылған сұрақ деп санайын ба,— деді Пастухов
Ознобишиняен подполковникке қарап. — Мен Извековпен кездестім,
тіпті қамалыпты деп есіттім. Бірақ атүсті ғана кездестік, мен оны тіпті
таныстық деп те айта алмаймын, ал оның тұтқынға алынғанына
хайран қалдым, өйткені ол əлі бала ғой.
— Я, я, я, осының бəрі қалай өзі... — деді Полотенцев аурулы
адамдай тынысын тежеп тыржиып. — Парабукинмен таныссыз, əлгі
баламен, бұзылған баламен дейікші, — онымен де кездескенсіз.
Осының бəрі қалай шиеленісіп қиындап кеткен. Жоқ, жоқ, сіз үшін
қиындаған жоқ, іс үшін. Мен айтсам біз үшін. Нансаңыз менің сізге
ешқандай ауыртпалық салғым келмейді. Бірақ сіз, айталық, ата
қонысында əлі қонақ болатын шығарсыз?
— Жоқ. Мен көп ұзамай жүремін. Мүлде кетем, Петербургке кетем.
— Не дейді! Петербургке дейсіз бе? Жексенбі күніңіз бұзылғаны
үшін ғафу етіңіз. Так мынау титтей қағазға қол қоя қойыңыз, əзірше
осы болады.
Полотенцев папкадан кішкене ұзынша бланкты бұрышынан тартып
шығарды да, стол арқылы ұсынды. Пастухов жазуын оқып, басын
кенет көтерді. Қағаз ешқайда кетпеу туралы қолхат екен.
— Мына жерге, астына — деді подполковник орнынан тұрып, аппақ
тырнағы сорайған шынашағын шошайтып əсем нұсқап.— Қалай
жазылған екен: аты əкесінің аты, ата тегі жəне... тағы не бар екен?
Пастухов қол қойды, орнынан тұрып, сəл менменсіп басын иді. Түсі
текті кісілермен, істес болармын деген үміті теріске шыққан адам
тəрізді.
— Кетуге рұқсат па? Сіздермен танысқаным маған ерекше ұнады, —
деп жансыз бетін тыржитып, мықты, ақ тістерін көрсетті.
Подполковник жалма-жан столынан тұрып, шығарып салуға
асыққансып, қамқоршыл əзіл айтып жатқанын кетіп бара жатып естіді.
— Ах, біздің не жасағанымызды əбден көріп алып, кейін бір
комедияға қыстырып жіберетініңізді сеземін!— деді.
Бірақ ол үндемей кабинеттен шығып, сургучтың сасығын иіскемеу
үшін мұрнын орамалымен тұмшалап, коридордың бойымен жүгіре
басып, көшеге атып шықты.
Осы уақиға үшін біреуді кіналау керек еді, бірақ кімді кіналау керек
екенін ажырата алмады. Салы суға кетіп, жүрегінде ыза мен қасірет
тайталасты.
Ыстықтан есі кеткен қала мойнын қамыттай қысып барады.
Төңіректегінің бəрі ұсақ, үмітсіз көрінеді. Күзелмеген, тозаң басын
бозарған сыпырғыш сияқты акация өскен шарбақтар, аяқ асты болған
аңыздардан почтаның штемпелі сияқты исі аңқыған барқыттың
түгіндей өсімдіктер, көшеге өрген ып-ыссы малта тастар, тық-тық етіп
міңгірлеген трамвай қоңыраулары. Тəңірі, бұл не деген үмітсіздік!
Баласын көтеріп, бірсыпырасын етегінен ұстатып артынан шұбатқан
қатындар мейрамдап тротуардың бойымен маң-маң кезеді, тек
шемішке сататын саудагер əйелдерге, қасына кідіреді немесе қорасы
ашық шіркеулерге қарап шақырады. Пастухов осындай кезіп жүрген
бейшаралықты енді неше жексенбі көруге мəжбүр болмақ? Бұрыштағы
бір үйдің сыры өшкен маңдайшасында — «Гильзалар Катык һəм Ко»
деген жазу көрінеді, оның астында шыбындаған мəстектер,
бастарында құлағының тусын тескен төбесі шошақ салом қалпақ,
арбаның басқышында күнсіп отырған арбакештер, бір үйім қи, маймай мундирінің жағасына екі саусағын тығып тікірейген городовой . О,
меңіреу қуыс. Бастилиядан оның несі кем?
Ол үйіне əрең жетті.
Қорасына кіре сала баспалдақта тұрған əйелді көрді. Əйел
қаймығып есіктің қоңырауын тартады.
— Ешкім жоқ, — деді Пастухов.
Əйел жалт қарап, жалма-жан баспалдақтан түсті, орта бойлы, сəл
еркекке ұқсаған иықтары тікшелеу, үстінде баданадай бірнеше үлкен
түйме қадаған шөшінше көйлек, қалпақсыз.
— Мені танымай қалдыңыз ба? — деді əйел қипақтап, бірақ кісі
тəрбиелеген адамның сырт сабырлылығын жасап.
Пастухов бір көрген кісісін ұмытпаушы еді, оның үстіне əйел
Кирилл Извековке өте ұқсас, танымау мүмкін емес, бірақ ол əйелдің
маңдайында шешек дағы бар бет-əлпетіне үңіле қарап, бұрылып кетті,
көздерін сығырайтып, — жоқ, жадымда жоқ, — дегендей басың
шайқады.
— Мен Кирилл Извековтың шешесімін, есіңізде ме, ол пасха күндері,
балағандардың қасында, сізбен таныстырып еді.
— Кешіріңіз, — деді ол күңгірт қиялынан көмескі бір нəрсені
аңғарта алмаған адамдай. — Маған жайша келдіңіз бе?
— Кириллді білесіз ғой?
— Кирилл дейсіз бе?
— Я. Техникалық училищесінің оқушысы, орта бойлы, қараторы,
мынадай... мұрты бар. Кирилл.
— Мұрты бар... — деді қайталап Пастухов, тағы да теріс қарады.
— Егер сіздің үлкен досыңыз Цветухин жібермегенде мен өзім
батылым барып сізге келе алмас едім. Мен осында тұп тура
Цветухиндікінен келдім. Ол сіз турасында маған зор үміт білдіріп еді.
Бірақ сіз... демек, Кириллді есіңізге түсіре алмай тұрсың,— деді Вера
Никандрова түрлі сағы сынып.
— Мүмкін сіз қысқаша... түсіндірерсіз əлде?
— Əрине, тыңдауыңызды өтінем. Менің балам тұтқынға алынды,
мүлде... бірауыз сөзбен айтқанда, əлдеқалай хаттар табылды. Мен
баланы кепілге алуға сұранып жүрмін. Бірақ, əрине, бір менің
сұрағаным не егер сіз ықлас білдірсеңіз... көмектесу мүмкін деп
тапсаңыз... сондай атақты адамсыз...
— Бір ғана минут, — деді Пастухов сөзін бөліп, — бір минут. Бұл
идея демек, Цветухиннің идеясы ғой? Не туралы?
— Я, ол да көмектесермін деді, бірақ сіз (ол сөзсіз дұрыс айтады!) сіз
анағұрлым беделдісіз...
— Өнерпаз! — деді кенет күліп Пастухов екі қолымен бетін сүртіп.
— Өнерпаз! Шайтан алсын, соның тапқан өнері... кешіріңіз.
Ол сондай кенет сұстанып, маңғаздана қойды.
— Əрине, балаңыз есім де бар.
— Солай ма! Рақмет солай шығар деп сеніп те едім деді дауыстап,
қызарып Вера Никандровна.
Бір ғана минут. Ол есімде бар, бірақ мұнан ештеме шықпайды. Мен
оның тек бала екенін ғана білем... мүмкін, бұзылған бала шығар? Сіз
кешіріңіз. Іс онда емес сіздің балаңызға пайдалы бола алмаймын,
өйткені өзім де саяси іс бойынша жауапқа тартылып отырмын. Мүмкін
сіздің балаңызға тағылған айып маған да тағылатын шығар. Бұл
жағдай өнерпаз Цветухинге əлі белгісіз. Мен мұны сіздің де
ұмытуыңызды сұраймын. Біз осы арада қазір сөйлесіп отырмыз., ал
сыртымыздан Біреулердің торып жүруі мүмкін. Қош болыңыз!
Ол қолын ұстап қоштасты, бірақ құр сүйек саусақтары мұздай
екенін, бетінің қызылынан түк қалмағанын байқап таңырқады. Вера
Никандровна көзін жерге салып, кінəлі адамша:
— Ғапу ете көріңіз, — деді де қораның есігіне қарай жүрді.
Бірақ кібіртіктеп бірнеше адым басып, кері бұрылып сұрады:
Егер Кириллге тағылған айып сізге де тағылса, мүмкін сіз сол сəтсіз
істің мəнісі не екенін айтарсыз маған? Менің бір өзіме ғана... Мен
анамын ғой.
Ол қасына келіп, кенет өзгерген көңілсіз, көнгіш дауысымен:
— Егер балаңыз тап мен сияқты істен хабарсыз болса, сізді мен
құттықтаймын, — деді.
Əлденеге оның қолын сүйгісі келді, бірақ салқын саусақтарын тағы
бір қысты да қойды.
Үйіне кіргесін ол өзінің соңғы сөзін неге айтқанын түсінгісі келіп
еді, бірақ ойы əлденеге бөліне берді. Беті-қолын жуып, пенжагын
ауыстырды. Стол үстіндегі өзі қалдырып кеткен хатты көріп, оны
ұзынша бой-бой қылып жыртты да, оттық жағып ертеді. Жалын
жалпылдады, басылды, қағаздың жиегін қызарған шоқ айнала жалап
шықты, көмірленді, аздан кейін көкшіл күлге айналды. Пастухов үріп
жіберіп еді, үлбіреген күл қалбаңдап бет-бетімен ұшып кетті.
Шайтан білсін! Жаңа ғана ол мынау столдың үстінде ой рақатына
батып еді. Қиялды дəріптеп еді. О, я, ол соқыр заң қыр соңына түскен
жазықсыз жанды өз қалауынша көз алдына елестете алар еді. Бірақ ол
бір минуттан кейін қуғынға өзім ұшыраймын деп ойламапты! Кирилл
Извековтың хəлі мұнан қанша артық екен? Ол сəуегейлік жасай алатын
адамдардың тұқымынан емес пе екен? Баррикадаға баратын жол
түрме арқылы өтетінін сол баланың білген! ше? Арманы дүниені қайта
жасау болып жүрген баланы станцияда чертеж сызып отыратын
тоғышар біреу болады деп Пастуховтың қиялы қалайша қателескен!
Бұзылған бала! Мүмкін Пастухов Кирилл жөнінде қателескені сияқты
ойымен бəрін де қате топшылап жүрген болар? Мүмкін Пастухов топас,
менменсіген ақмақ шығар, дарынсыз біреу шығар? Мүмкін Пастухов
өзінің досы Цветухин жөнінде де қателесіп жүрген болар?
Пастухов жаныашыр достың жылы сөзі керек екенін сезіп, бəрін
дереу Цветухинге айтуға тиіс екенін түсінді.
Ымырт жамылып келе жатқан кез, ыстың қайтқан, кей жерде
темекінің исі келеді, жұрт екеу-екеу болып Липкаға қыдыруға кетіп
барады. Қонақ үйдің қорасына каучуктен жасаған жирен өңештен біреу
су бүркіп жатыр, ол су тиіп қарайған асфальт жолдың үстімен өңешті
олай-бұлай сүйрелейді. Су тиіп бусанған жылы жермен бетегесі
шомылған газондардың жұпар исі мұрынға келеді.
— Ағаш шыбыққа қайыс шек деген, — деді Пастухов терезеге қарап.
Цветухин кілт тоқтап, скрипкасын сауытына сала қойды. Ұялғанын
сездіргісі келмей бар дауысымен:
— Кір, кір достым. Күні бойы күтіп отырмын! — деді.
Олар диван үстіне қатар отырды, шам жаққан жоқ, сондықтан
беттері мен қолдары ағараңдап көрінеді, отыра салысымен Цветухин
Пастуховтан Извекова барды ма, оған қандай уəде бердің деп сұрады.
— Мен оған қандай уəде беруге тиістімін?
— Біз екеуміз Кириллге көмектесеміз деп мен Лизаға уəде беріп ем,
— деді Цветухин.
— Лиза дегенің кім? Əлгі ажарлы қыз ба? Сені дəріптейтұғын?
Қызықсың, Егор! Қағаздан аэроплан жасау, скрипканы шиқылдату —
бір сəрі. Бірақ өзіңді дəріптеген əйелдерді жарылқағаның ерсі! Бұл
актердің жəне дəріптеуші əйелдердің өздерінің табиғатына мүлде
қайшы: сен алуға, олар беруге жаралған.
— Мен ойнап отырғаным жоқ Александр.
— Бауырым, менің де ойыным келіп отырған жоқ!
— Ал көмек мені дəріптейтін қызға емес, өте жақсы, адамгершілігі
бар жігітке керек. Бұған сенің мүмкіншілігің бар. Керек десең бұл сенің
азаматтық борышың. Оның үстіне дəстүр...
— Е, көкейіне қонған екен, көкейіңе қонған екен! Орыстың қоғамдық
ожданының дəстүрі дегің келеді ғой, солай ма? Лев Толстой
ашаршылыққа араласты, Короленко Мултанск процесіне қатысты
дегің келеді, солай шығар? Сері болғың келе ме? Неге? Өзіңді-өзің
кəдірлеу үшін бе? Жақ па? Мені басқа жұрт сыйласын дейсің бе? солай
ма? Бірақ, біріншіден, Толстойды былай қойғанда, мен Короленконың
да шаңына ере алмаймын. Мұны мен түсінбейді деп ойлайсың ба?
Екіншіден, биыл тоғыз жүз бесінші жыл емес. Ол уақыт өтті. Бірінші
дума емес, інішек. Менің серілік ишаратымды, менің жанқиярлығымды
немесе, егер керек десеңіз, ерлігімді Столыпин туралы сөз
қылмағанның өзінде, əлгі осындағы «Листок» та елең қылмайды.
Пастухов азаматтық, ождан бола қалыпты-мыс! Бұл не, бір шыбын
ызың етті ме! Улы қағаз еріткен тарелкаға қағып түсіре салады —
сонымен шаруаң бітеді.
— Солай сөйле! — деді таңданып Цветухин. — Тоғыз жүз бесінші
жылы ер болдың ғой?
— Ол кезде ерліктің қажеті болмады. Онда сенің Кириллдің
хабарлау қағазының орнына жайбарақат көшеде жүріп үндеу хат
тарата алар еді.
— Ойлан! Адамға тек жақсы ишарат үшін, əз рақатың үшін
жəрдемдеспейсің ғой.
— Сенің менен тілегің не? Қапастарды аралап қайғы мен қасіретке
жұбаныш бол дейсің бе?
— Япырай оп-оңай нəрсе ғой. Жұбаныш та, ер де болмай-ақ қойшы,
тек прокурорға барып шығу керек, сол ғана.
— Неге?
— Сөз салу үшін.
— Кім туралы?
— Кім туралы деген сөз бе екен? Кирилл туралы да.
— Кириллді қоя тұр, əуелі өз басымды арашалап алайын,— деді
Пастухов.
Ол орнынан əрең тұрып, терезені мықтап жапты, терезеге сыртын
беріп түрегеліп тұрып:
— Сені охранкаға əлі шақырған жоқ па? — деді.
— Бұл не дегенің? Өзіңнің есің дұрыс па?
— Былай.
Пастухов тары отырды, қолын Цветухиннің тізесіне салды, болған
уақиғаны бастан-аяқ айтып болғанша қолын алған жоқ.
Қараңғылық əбден қоюланып, енді адамның беті де əрең көріне
бастады, бөлмелердегі нəрсенің бəрі бірігіп біртұтас құпия
қараңғылыққа шомды, ол əрбір сөзді бойына тартып, сөйлеуге əзір
тұрғандай. Қорадан майда жапырақтары маужыраған ағаштың бір
бұтағы көрінеді, оған көрші үйдің терезесінен жарық түсіп тұр,
сондықтан ол ешбір ағашқа байланысы жоқ, өзінен-өзі ауада бос
тұрғанға ұсайды. Липкада ойнап жатқан үрмелі музыка аспаптарының
үнінен үзінділер келеді, əлдебір үйдің төбесінен асфальтқа тақ-тақ
тиген тағаның жаңғырығы естіледі, бірақ бұл дыбыстардан тыныштық
тереңдей түскен тəрізді.
— Я, деді Цветухин бірсыпыра үндемей отырғаннан кейін. Егер мен
сенің тап осылай қасымда отырғанын сезбеген болсам, естігенімнің
бəрін сөзсіз түске жорыр едім.
— Бізге өсек таңыпты, Егор, — деді Пастухов.
— Кім, кім?
— Жалба киімді жаман Парабукиннің біз туралы не айтқанын
білмейміз, бұзылған баланың сыңайы қалай екенін білмейміз,
Рагозиннің кім екенін білмейміз. Біз түк білмейміз. Біз анайы
ақымақпыз Егор.
— Жоқ, жоқ! Бəрі анықталады, мен кəміл сенем. Біз екеуіміз
анықтаймыз, Александр. Артынан өздері-ақ ақылға келер.
— Кімдерді айтасың?
— Кімдерше. Бүгін сені итше талаған кім еді!
— Жоқ, олар ақылға келеді деп ойлау мүмкін емес. Олар үшін бұл
жаратылысқа қайшы нəрсе, айталық (Пастухов сөз іздеп ойланды)...
тоқылдауықтың басы ауырады дегенмен бірдей.
— Енді не жасамақсың?
— Мына диванға жатып ұйықтамақпын. Жастық берші...
Шаршағаным сонша, қымбатты достым қатынша тағдырыма мойын
ұсынып жата бергім келеді.
Тағаның тақылы үйдің төбесіне төніп жақындай берді, жақындай
берді, бір кезде бүкіл қаланы басқан қараңғылықты қақ жарып,
арбакештің ап-анық, үрейлі дауысы естілді:
— Сақтан, əй!—деді ол.
Оның айғайына жауап қайтарғандай Липкадағы музыка көңілді
əскери марш ойнап қоя берді.
26
Тихон Парабукннді жарақаттанғаннан кейін ауруханаға салды.
Өкпесінің қабына қан құйылып, екі қабырғасы сынған екен, ол тез
түзеліп кете алмады. Қатты жүдеп, əлі кетіп бара жатқанын өзі де
сезді.
— Күшімді кереует сорып жатыр, — дейтін-ді көршісіне.
Ол терезесі шарбаққа қараған кішкене палатада жағады, оған тұспатұс аурухананың асүйі бар, онан құммен ыдыс ысқылаған, жуынды
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алғашқы қуаныш - 15
  • Parts
  • Алғашқы қуаныш - 01
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2221
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2187
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2105
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 04
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2139
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 05
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2170
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 06
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2209
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 07
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2153
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 08
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2136
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 09
    Total number of words is 3869
    Total number of unique words is 2136
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 10
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2253
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 11
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2161
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 12
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2249
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 13
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2112
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 14
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2190
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2140
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 16
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2142
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 17
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2318
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 18
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2145
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 19
    Total number of words is 3941
    Total number of unique words is 2208
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 20
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2290
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 21
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2172
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 22
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2182
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 23
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 24
    Total number of words is 3246
    Total number of unique words is 1802
    39.4 of words are in the 2000 most common words
    54.5 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.