Latin Common Turkic

Алғашқы қуаныш - 24

Total number of words is 3246
Total number of unique words is 1802
39.4 of words are in the 2000 most common words
54.5 of words are in the 5000 most common words
62.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ол өзінің ішінде ондай шыңырау бар деп ойламайтын, сондықтан оның
өмірін тітіреткен осы дүлей жаннан басқа ешнəрсе керек емес сияқты
көрінеді.
Бірақ əлденеге абыржыған кемпір ас үйге келгенде, Лиза шошып
кетіп, хатты кеудесіне жасырды да, сыбырлап:
— Немене, оянды ма? — деп сұрады.
— Білмеймін, бəйбішем, Виктор Семеныч бір түрлі тынышталып
жатыр, — деп кемпір де есіктің аржағынан сыбырлап жауап қайтарды.
Сол кезде Лиза Аночканы жаца ғана аңғарғандай, екі қолын бірдей
сермеп:
— Сен неге тұрсың? Бар, тағы бірде келерсің! — деді.
— Вера Никандровнаға ештеме айтпай-ақ қояйын ба, немесе өзіңіз
айтасыз ба? — деп сұрады Аночка, ол мойнын ішіне тартып, бүрсиіп,
бар күшімен қандай құпия іске қатынасып тұрғанын өте жақсы
түсінетіндігін көрсетпек болады.
— Мен өзім! Мен бəрін де өзім айтамын! — деп Лиза қолдарын
сермеп, бөлмесіне жүгіріп кетіп қалды.
Ол күйеуі ұйықтап жатқан бөлмеге жасырынып барып, құлақ салды.
Витенька бұрынғысынан баяу қорылдап жатыр екен. Лиза есіктің бір
жағын аздап ашты. Бөлменің іші күнгірт қараңғы. Күйеуі керіліп
шалқасынан жатыр. Анадайда креслоның үстіне тастаған шілтерлі
көйлек ағараңдайды: «Өлген Қарға мəткеден айнымайды», деп Лиза
түнде көрген түсін есіне түсірді, түнде ұйықтарда ойына келген
елестердің бəрін есіне түсіре алмайтынын білді, бірақ тағы да
Цветухинның қара торы бетін, қарақаттай қара көздерін көріп,
Кириллдің хатында ол туралы айтылған жерлерін қайтадан оқығысы
келді.
Ол терезенің алдына ақырын отырып, хаттың бəрін қайтадан
жасырып, əр жерін оқып, əлі əдеттегі қалпына түспеген ақылымен
ажыратуға тырысты. Ол мен кінəлімін бе жəне өзімді-өзім айыптауым
керек пе, деген сұрақтарға неғұрлым орынды жауап қайтаруға
қаншама күш салса да, көпке дейін ешқандай жауап таба алмады, тіпті
өзіне-өзі қандай сұрақ қойғанын жақсы түсіне алмады. Ол терезеге,
даладағы қарға қарап тұрды, шым-шытырық араласып кеткен
сөйлемдер қайта-қайта келе береді, олар Лизаның өзіне қойған
сұрақтарынан гөрі, хатты бірінші рет оқып бастағанда өзін түгел билеп
əкеткен жан дүниесін өте айқын айтып береді: орыстың ұлы қысы
басталды — «...Ерте оянып, Татьяна терезеден көреді...»,— екеуміз
қалай болғанда да бірге тұрамыз,— ол не дегенмен де менің Улы
адамдарымның қатарында,— не дегенмен де сізден ешуақытта
саудагердің əйелі шықпайды,— не дегенмен де, не дегенмен де Қарға
мəтке!
— Құдайым-ау, менің жазығым не? — деді Лиза сыбырлап,
дəрменсіз балаларша бетін терезенің тегіне тигізіп жатты.
Ол бірте-бірте өзінің ойларын билеп алды, əуелі əкесінің алдындағы,
сонан кейін күйеуінің алдындағы борыштарына бағынып, бала
жасынан құлағына құйған осы жалпыға мəлім бұзылмайтын борышты
бұзудан қорқамын деп-ақ, ол өзінің алдында тұрған, ешкімге белгісіз,
бірақ басқаның бəрінен анағұрлым артық, анағұрлым маңызды
борышына қарсы барғанын қатты қынжылып түсінді. Қазір Кирилл
кеңшілік жасап, шамасынан келгенше ерлік жасап, оны осы борыштан
босатқанына қарамастан, ол өзін ғашықтың сертін бұзғандай көрді,
өйткені оның ішіндегі ғашықтық қазірдің өзінде де бұрынғыдай өмір
сүріп келеді.
Ол өзіне шығарған осы үкімді жанталасып жеңілдетуге тырысты,
оның өмірінде бұрын-соңды болмаған жаңа, аса зор борыштың
алдында — оның перзенті алдында жеңілдейтіндігін немесе, мүмкін,
тіпті күл-талқан болатынын білді, бірақ мұнан оның көңіліндегі зіл
жеңілдеген жоқ, бірақ азап əбден ашындырған барлық сезімдерімен ол
енді ешқандай күш ешбір өзгеріс жасай алмайтындығын сезді.
Оның көзінен ыстық жас тоқтаусыз парлап ақты, ол көз жасын
сүртпей, қозғалмай бүктеулі хатты кеудесіне басып қорғансыз жас
балаша бетін су болған терезенің тегіне жастап, жата берді.
38
Шана түсісімен Александр Владимирович Пастухов туған қаласынан
жүріп кетті. Нəрселерін Петербургке бұрын жіберіп, өзі бір чемодан,
бір буынды төсек-орын алып, жеңіл жүретін болды.
Арбакеш атын қатты айдап келеді, аттың бауыры қорқырап, қар
жентектердің шананың алдына тиген дүбірі естіледі. Пастухов
қызарып кетті, жел електен өткізген майда құмдай оның толық
беттерін шұқылап тырнайды. Ол басына кəмшат бөрік киіп, жағасын
ағытып, жан-жағына ауыр жүктен құтылған адамдай қарайды — жаңа
да қолы жеткен бостандық сезімі əрі қызық, əрі жаңа көрінеді. Тартқан
ақ лентадай шұбатылып вокзалға баратын ұзын көшенің бойымен
кетіп бара жатып, ол екі жақтағы, шетінен өзіне таныс үйлердің бəріне
көз салып, солармен ақтық рет, жел тиіп қатуланған күлкісімен
қоштасып үлгірді. «Мейлі, əкемнің үйін тəңірі жарылқасын, — деп
ойлайды ол. Қош бол мəңгі, немесе жақсы заман орнағанша!» — Бірақ
өткен өмірінің көңілге ұнамды кейбір жақтарын еріксіз тауып, ол
кеткеніне қуанумен қатар, бастан өткен уақиға қайтып оралмас деп азкем өкінеді.
Түрменің қасынан өтіп бара жатқанда, ол түрменің ұзын шұбақ
дуалынан өтіп кеткенше, теріс бұрылып, үнемі жолдың екінші жағына
қарап отырды. Ол кейде өзінің ерекше қасиетін қолайсыз нəрседен
өзін-өзі сақтау қасиетін біліп таң қалады: оның көздері көңілге реніш
түсіретін нəрселерге қарауды жаратпайды.
Университеттің жартысы құрылыс ағаштарымен шырмаулы,
олардың əр жерін қар ұзын ақ сүлгімен жауып қойғандай.
Казармалардың қасында мундирсіз ішкиім мен бастарына сұқпа берік
киген солдаттар қырғыштармен тротуарларды тазартып жүр.
Вокзалдың қасында арбакештер есіктің алдынан дыбыссыз жүріп
барып, аттарын анадай жерге қатарға қояды, таза қардың үстінде
аттардың түсі бір-бірінен ерекше айқын ажырап көрінеді.
Пастухов жүк көтеретін адам жалдамай, нəрсесін алып, бірінші
дəрежелі залға барды. Мұнда адам көп емес екен: құрма ағаштарын
қойған ұзынша столдың басында офицерлер қою шай ішіп отыр, бір
көпес үрлеп сорпа ішіп отыр, жеңсіз шапан жамылған əйелдер нəрсе
көтеретін адамдармен қызу сөйлесіп жатыр, бір үлкен семья ашулы
тұрған корзинканың айналасында отыр, нянька Туланың тəтті нанын
балаларға бөліп береді. Жұрттың бəрі қыс киімін киген, ыстық тамақ
пен папиростың исі сіңген жылылық қыс түскенін айқынырақ сездіре
түседі.
— Цветухин мен Мефодий Пастуховқа қарсы шықты, олар сен бізді
тастап кетіп барасың, опасыз, біз сенің орныңды сипалап, бақытыңды
күндеп осында қалуға тиіспіз, деп үнсіз сөйлескендей, бастарын
шайқайды. Олар қолындағы чемоданы мен төсек-орынын алып, үшеуі
бірдей фикуспен мəнерлеген үлкен буфеттің қасындағы кішкене
столға барып отырды. Олар бір-біріне қарап күледі, əрқайсысы өзі
туралы жəне жолдасының ол туралы не ойлап отырғанын бірден
ойлайды. Сонан кейін Пастухов суыққа тоңған беттерін сипап, риза
болғандай:
— Күн жақсы. Немене? Қоштасамыз ба? — деді Цветухин буфеттің
үстіндегі сағатқа басын көтеріп қарап:
— Əлі қырық минут бар, — деді.
Олар Нежинскінің жеміс шарабын жəне самса əкелуді тапсырып,
өздері темекі тартты.
Қастарынан шинелінің етегін еденге сүйреткен, шпоралары
сыңғырлаған, шуға — керосин исі мүңкіген жандарм етті. Пастухов
мұрнын шүйіріп, сəл қарынының үстін қулана шоқындырып:
— Аулақ қыла гөр, жасаған? — деді.
Үшеуі де күліп, официант толтырған рюмкаларды қолдарына алды.
— Мұндай жағдайда, — деді Пастухов арағын ішіп алып,— артқа көз
салып, онан сабақ алған жақсы. Сендер керемет тамаша мұжықсыңдар!
сендермен қоштасуға қимаймын. Білесіңдер ме, мен сендермен бір
адам дүниеге келуге жететін уақыт бірге болдым. Тік жардың
ернеуінен құламай біттік. Ғажап кереметтердің болатындығына
көзіміз жетті деп айтуға болады. Бірақ біз өзімізді сол кереметті
көргенге дейінгіден жақсырақ түсіне алдық па?
— Түсіну аз, — деді Мефодий.
— Ақылың бар, — деді Пастухов. — Түсіну аз, бірақ түсіну керек. Осы
айлардың ішінде мен кей уақытта ту сыртымнан қара қанаттардың
екпінін естідім. Мен: мені не үшін жарға итермек болады? — деп
өзімнен-өзім сұраушы едім. Оған тек бірауыз сөзбен: кездейсоқ уақиға,
— деп жауап бере аламын. Сонан кейін пəле өтіп кетті. Менің арқамды
балалық кезімдегі сияқты үлкен əжемнің қорғаушы періштесінін
қанаттары желдеткендей болады. Мен: маған бұл шапағат не үшін
келді? — деп сұраймын. Оған да: кездейсоқ уақиға, деп жауап беремін.
Міне, мен үшеумізге қарап, ойлаймын: біздің ішімізде өзімізге
түсініксіз əлдебір реактивтер бар. Солардың біреулері қосылса —
айталық сенің, Егор, ұшпалы қағаз немесе скрипкаң пайда болады.
Басқалары қосылса — сен жағалауға барып, үндеу хаттар таратар едің.
Бұл да кездейсоқ уақиға.
— Олай болса, мен кездейсоқ актер болғаным ба? — деді Егор
Павлович қабағын түйіп.
— Расында да! — деді намысына тигендей Мефодий.
— Мəселе сенің актерлігіңде, менің драматургтігімде, ал ананың —
əншілігінде емес.
— Əнші дегеніне жол болсын? — деді өкпелеп Мефодий,
— Əнші емес, семинарист бола ғой. Мəселе онда емес. Мəселе —
біздің əрқайсымыз өз бетімізше жаман дауысқа салып не үшін əндетіп
жүргендігімізде.
— Қойшы? — деді қыңырланып Мефодий.
— Қойшы деме! Зəбірленген адам болуын жеткен. Онан да арақ құй.
Олар арақтарын ішіп, самсаларын шайнап, тағы да бір-біріне жақсы
көздерімен қарап, қазіргі минутта өздерін ешқандай қағысу ажырата
алмайтындығын түсінді.
— Біздің бəріміздің де, — деді Пастухов, — ертеден кешке дейін —
не жасасам екен деп ізденетін күндеріміз болады. Біресе өлең оқисың,
немесе жолдасыңа барасың, немесе əлдебір бəйбішелер мен босқа
уақыт өткізесің. Сөйтіп жүргенде ұйықтайтын уақытың жетеді. Кейде
мен осылай жүріп қартаярмын деп қорқамын. Сен сөйтіп жүрген кезде
төңірегімізде жақын жүрген біреу біздің болашағымызды жасайды,
тағы ну арқылы, тула бойын тілдіріп, ол мақсатқа қарай ұмтылады.
Ол сəл кідіріп, терезеге қарап:
— Əлдебір бұзылған бала, — деді.
— Ар-ұят — тырнағы аюдай аң ғой! — деп күлді Цветухин.
Ол да бұрылып терезеге қарады.
Жеңіл қар жауа бастады, күн тымықта қар осылай жауады, қардың
сирек қиыршықтары жерге түсейін бе, жоқ түспейін бе деп екі ойлы
болып, жарық, таза ауада салмағын жойғандай кідіріп, асылып тұрады,
сонан кейін қалбаңдап ақырын жерге қонады, оның орнына тап сол
сияқты қалбаңдаған, үлбіреген қиыршықтар келеді.
— Мен бұл туралы ойладым,— деді асықпай Цветухин. — Меніңше
біз өзіміздің əлгі жосықсыз айыптау ісімізді тағы сондайларымызды
өте ауыр көрген себебіміз не екенін білесің бе? Егер бізді қателеспей,
орнымен, нақты іске қатынасқанымыз үшін жауапқа тартса. мүмкін
бізге жеңіл тиер ме еді, əлде қайтер еді, а?
— Дұп-дұрыс! — деп Мефодий таң-тамаша қалды.
— Қателік
біздің
өзімізді
шұғылданбағандығымызда ма екен?
айыптаған
істермен
Пастухов Егор Павловичке сынай қарап, күтпеген жерде қарқылдап
күледі.
— Сен рөліңе ендің, актер! Асыра ойнадың! Жалпы алғанда, білесің
бе, сен маған ұнамайсың. Толстой сен туралы адамдар жайында: сотты
болған адамның бет ажары өте-мөте сыпайысып тұрады деген.
Олар күліп, тағы да арақ құйды, Пастухов рюмкасын бұрынғысынан
жоғары көтеріп:
— Біз, достарым, тұрмысқа санамызбен өте көп қатынасамыз. Мен
өмірге санамен неғұрлым аз араласып, тəнімізбен неғұрлым көп
əрекеттену үшін ішкім келеді!
Мефодий бұл тілек үшін арақты алдымен қағып салып, тамағын бір
кенеп, аса мағналы пішінмен:
— Алайда, бұл қай мағынада айтылған сөз? — деді.
— Бұл, семинарист, біз — іссіз жалқау адамдармыз деген мағынада,
түсіндің бе? Іссіз жалқау адамдармыз. Егер біз осы айлардың ішінде ең
болмаса жақсы əйелдердің арасында болсақ, анағұрлым оңды болар
еді. Мен сенің жылмырайған бет-аузыңнан байқап тұрмын, Егор, саған
асыл, асқан тамаша əйел баласы жетпей тұр!
Жетпей тұр деп не себепті ойладың? — деп əлденеге өте шындап
сұрады Цветухин.
— Шынында да, — деді Мефодий, — асығыс жорамалдап керегі не?
Пастухов ішілмеген рюмкасын былайырақ қойды. Цветухинның көз
қарасы жоққа сенетін адамдарша, үрейлене, сасқалақтай түскендей
болды.
— Не болды?
— Бірдеме болды,— деді Мефодий күрсініп.
— Агния Львовна қайтып келді,— деді жалма-жан Цветухин,
кешірім сұраған адамша қолапайсыз күліп.
— Бұрын неге айтпадың? — деп Пастухов ұшып тұрып, қайтадан
күрс етіп отыра кетті. — Бұл қалай болғаны?
— Көңілдеріңді бұзбайын деп едім,— деді Цветухин селсоқ тағы да
терезеге бұрыла қарап.
— Ол неге, мүмкін емес? — деді Мефодий оның даусына салып,—
Актриса Перевощикованың ерекше мінезді адам екенін білу керек. Ол
чемодандарын, қалпақ салған, ыстаған балық салған, бал салған
сауыттарын, семген гүлдерін ала келді. Осының бəрін бір жерге үйіп,
жылап, сүйісіп, қазір ескі құлақтандыруларын қабырғаға айнала іліп,
өзінің ащы даусын байқап, Егордың оны театрға орналастыруын талап
етіп, тіпті оны номерден айдап шығып та үлгірді. Осының бəрі күлдіргі
пьесаның бірінші көрінісі сияқты.
— Шайтан алсын! — деді Цветухин ақырын, столды ұрмақ болып,
қолын көтерді де, сол күйі тоқтап, бутылканы ұстай алып, қайырымды
көздерімен Пастуховқа қарады. — Бұл ұзақ əңгіме, вокзалда отырып
айтатын əңгіме емес. Александр, ең соңғы тостыңды айт сонымен
бітірейік. Екінші қонырау соқты.
— Я, екінші қоңырау соғылды, — деді Пастухов ақырын, бұл
сөздердің мағнасын түсінгісі келіп, бірақ түсіне алмаған адамдай.—
Мен екінші қоңыраумен қабат мынадай тост ұсынамын: бізді іздеп
жүрген əйелдер үшін емес, өзіміз іздеп жүрген əйелдер үшін ішейік!
— Мейірімсіз қатал тост, — деді Мефодий. — Сен этап арақ ішіп
отырған əйелді бізді іздеу сияқты зор қызықтан жұрдай етесің!
Олар официанттармен есеп айырысып, бүкіл залдағы жұртпен бірге
асығып-үсігіп платформаға шықты. Нəрселерді купеге енгізіп, жол
жүру қолайлы бола ма, жоқ па, деп айнала қарап, үшеуі де вагоннан
шығып кетті.
Перронның қалқасының астында қардың қиыршықтары адасып
қалғандай-ақ қалбаңдап ұшып жүр, жұрттың іспен шұғылданған
беттеріне өмірі қысқа таңбаларын салады. Əдеттегі: «Былай тұр!» —
деген айқайымен, почта тиеген ең соңғы вагонетканы жүгіртіп алып
келді. Жандармдар шығып, екі жаққа бөлініп шұбады.
— Біз аз отырдық,— деді Мефодий.
— Тіпті көркемөнер үшін де ішкеміз жоқ — деді уайымдап Егор
Павлович.
— Көркемөнер не? — деді Пастухов.— Көркемөнерде ешуақытта
бəрін түгел шешпейсің, ғашықтықта ешуақытта бəрін айтып жете
алмайтының сияқты. Былықсыз көркемөнер — мас адамсыз тойға тең.
— Жазып ал, жазып ал қызыл қойын дəптеріне! — деді Мефодий
дауыстап.
— Қойын дəптерім маған көбінесе мағынасыз білім сияқты көрінеді.
Мен қазір ең басты мəселе — мақсат екендігіне сенемін.
— Ал мен қазір ешнəрсеге сенбеймін, — деді тағы да кешірім
өтінгендей Цветухин.— Тіпті Жер Күнді айнала жүреді дегенге де
нанғым келмейді.
— Я, Агния Львовна түбімізге жетті ғой,— деп Мефодий тілектестік
білдіріп басын шайқады. — Бірақ, Егор қарағым, сайып келгенде адам
жердің айналып тұратындығына сене ме, жоқ па деген мəселе
манызды емес. Мұның жердің халіне əсері жоқ, адамға да солай.
Пастухов таңырқап Мефодийды сүйді.
— Сократ—деді ол Мефодийдың тыртық мұрнына тұра демін
жіберіп.
Ақымақ адам ақылды сөзді жиі айтады, ақылды адам —
ақымақтықты сирек айтады,— деді Мефодий насаттанып.— Өйткені
ақымақтан гөрі ақылды адам көңілсізірек. Бір қалыпты болады.
Пастухов Цвстухинды құшақтады.
— Көресің бе, Егор, оншама ақылды болма! Көңілсіз болма!
Ол екі досын тағы да сүйіп, бақыты тасып, вагонның басқышына
қарғып шықты. Бəрі де бас киімдерін шешті.
— Бір-біріңді сақтаңдар, мұжықтар! — деп Пастухов тамбурдан
айқай салды.
— Біз — ажыраспайтын адамдармыз! — деді Мефодий дауыстап.—
Біздің есімдеріміз — Егорий мен Мефодий бір күнге келеді!
— Ұмытпа!— деді Цветухин қолын көтеріп.
— Ұмытпаңдар сендер де, мұжықтар! — деп Пастухов зілдей бөркін
бұлғады.
Мефодий орамалмен көзін сүртіп, бетін жапты. Паровоз бір
вагонның артынан екінші вагонды дударланған ақ сеңсеңмен орай
бастады. Соның ішіне Пастухов жоқ болып кетті. Мефодий Егор
Павловичтың қолындағы бөркін алып, қар қонған қара шашына кигізді
де сəл бұрып, жетеледі.
Олар арбакешпен театрға апарып салуға саудаласып келісті.
Мефодий Егор Павловичты бауырына тартып, арқасына қолын салып
құшақтады. Жол бойы ол қайта қайта жөткіріп, досының көзінен ең
болмаса болмашы өзгеріс көрмекке тырысты. Бірақ Цветухинның ойы
біреу-ақ.
— Пастухов көркемөнер туралы қызық əңгіме айтты,— деді
Мефодий.
Егор Павлович жауап қайтармады.
Олар шеттегі нашар көшелермен жүріп келеді, жолдан топ-топ ұзақ,
қарғалар мен торғайлар ұшады. Кішкентай иттер шарбақтардан тура
жүгіріп, шананың соңынан кексіз үріп, көпке дейін қалмайды,
борыштарын ықыласымен өтеп, көңілденіп, кері қайтады. Қар бетінде
алуан түрлі көрінген ағаш үйлер тез қалықтап, қарсы келіп, желгіш
аттың зуылдаған екпініне төтеп бере алмағандай, біржақты артта қала
береді.
— Сен не дейсің? — деді ойламаған жерде Цветухин.
— Мен ...əлгі ...— деп Мефодий алғашында сасып қалды,— Пастухов
туралы айтамын. Ол көркемөнер туралы керемет пікір айтты.
Цветухин тағы да үндемей қалды, аузын жағасының ішіне тығып.
отырды, тек Театр алаңына жақындағанда серпіліп, бұрынғы əңгіменің
жалғасын айтқан адамдай былай деді:
— Ол Александрдың көптенгі ойы. Бірде маған Улы Иванның шіркеу
мұнарасы мен оттықтың сауытын əңгіме қылғаны бар-ды. Əрине,
оттықтың сауытынсыз күн елте алмайсың, ал Ұлы Иваннан—
ешқандай пайда жоқ: онымен пеш жағып немесе темекі тұтандырып
болмайды дейді. Бірақ дүние жүзіндегі қандай адам болса да Улы
Иванға қарап бірден — мынау Москва, бұл Россия демек.
Ал оттықтың сауытын сілкіп қарап, ішінде оттығы болмаса,
лақтырып жібереді.
Ол шананың тері жамылғысын ағытып, шанадан түсті де, театрдың
қақпасына кіріп бара жатып үзілді-кесілді:
— Біз де өз мұнарамызды салайық,— дейді.
Сол арада тағы да күрсініп:
— Амал қанша, Александр тап қазір кете қойды. Ол маған үлкен
сүйеу болар еді,— деді.
— Мен ше? — деп Мефодий оған ентелей түсті.—Біз екеуміз ше?
Екеуміз жиналып сені пəледен құтқара алмаймыз ба?
Цветухин оның шынтағын қысты.
— Саған рақмет, бұрсақ!
Екеуі құшақтасып сахнаның сыртына қарай кетті.
Сахнада репетиция жүріп жатыр екен, жаңа актрисаға «Анна
Каренинаға» төселдіріп жатыр. Режиссер де жаңада келген күйгелек,
ұрымтал адам еді, ол наразылық білдіріп, айқайлайды, шымылдық
түрулі тұр, алғашқы аяздан кейін салқындай бастаған зал қарауытады,
аңырайған бос зал əрі сақ, əрі құпия сырлы. Ойынның сəті түспей,
актерлер бір ойнағанын қайта ойнап, бұрынғыдан да гөрі ойынды бұза
түседі.
Кенет режиссер бұрылып залға қарап:
— Бұл кім? — деп айқай салды.
Жұрттың бəрі қараңғыға қарап, құлақтарын тікті.
— Мен залда ешкім жүрмесін деп айтып едім ғой! — деп режиссер
тағы айқайлап, құлағын тікті.
— Сізге елес көрінген болар,— деді қырсау трагик.
— Мені мас деп ойлайсыз ба? Мен біреудің залда жөтелгенін естідім.
Жұрттың бəрі тағы тым-тырыс, бір кезде орындықтардың арасынан
біреудің қысылып тұншыққан, əлсіз жөтелгені естілді.
— Мен жұмыс үстінде қалабай қалжыңды көтере алмаймын!—деп
режиссер байбалам салып, сахнадан кетіп қалды.
— Жастау немесе пысықтау бірнеше актерлер залдың екі жағынан
шығып, орындықтардың ара-арасымен бір-біріне қарсы жүрді.
— Əне, əне! — деді біреу дауыстап.
— Қой ешкім жоқ, босқа сөйлеме!
— Əнекей жасырынып жатыр!
— Я, я, я əне, əне төртінші қатарға қараңдаршы!
— Бесінші, бесінші қатарға қараңдар! Креслоның астындағыны
көресіңдер ме?
— Жарық беріңдер! Залға жарық беріңдер!
Енді жұрттың бəрі орындықтардың орта шенінде ағараңдаған
бірдемені көріп, ойламаған жерде душар болған қызыққа қуанып,
дауыстап, шуласып, сол араны айнала қоршай бастады.
— Ага-а! деп гуілдеді бəз-баяғы біреу жуан дауысымен.
— Ага-а!—деді оған жауап ретінде түрлі дауыстар.
— Ага-а! Қолға түстің бе! — деді бəрі де үндерін қосып үрейді ала.
Бір кезде бəрі қарқылдап күліп, сахнаның төбесін саңғыратты, жұрт
қолға түскен құрбандығын жетелеп есікке қарай жөнелді.
— Қолға түстің - бе! — деп көңілді тобыр айқай салып, шыңғырып,
өзектеп, айнала қоршаған тығыз тобын жазбай, залдан сахнаға
шығатын кішкене тар есік арқылы қақтығысып өтті.
— Күлетін ешнəрсе жоқ, мырзалар! — деді тікіреңдеп режиссер,
қоршаған адамдардың арасын ашып, олардың ортасындағыны көрмек
болды.
— Бұл пе? Немене?
Сол кезде актерлердің бəрі үн-түн жоқ араларын ашты, оның көзі
алақандарымен бетін мықтап басқан, кішкене ақсары бұрымы бар,
үстіндегі киімі тізесіне түскен, бір аяғындағы қызыл шулығы
салбыраған кішкене қызға түсті.
— Бұл кім? — деді масқара болған режиссер.
— Мынау Аночка ғой! — деді кəрі актриса.
— Бұл біздің Аночка!—деді актерлер дауыстап, самбырлап.— Біздің
тіл алғыш Аночка екен ғой! Ерікті атшабар!
— Бəрібір, кім болса да, тəртіпті бұзуға пұрсаты жоқ,— деді
шыдамсызданып режиссер.— Театр — ойыншық емес. Есіңде болсын.
Ол алақанын шарт еткізіп, бұрылып кетті.
— Бастайық, мырзалар, бастайық!
— Əйтеуір бір жаңғырып қалдық! — деді трагик басқа актерлермен
бірге сахнаға кетіп бара жатып.
Цветухин Аночканың қасына барды. Ол əлі күнге бетінен қолын ала
алмай қозғалмай тұр еді. Иықтары анда-санда селкілдейді.
— Өзін жылап тұрғаннан амансың ба? — деді Егор Павлович
еңкейіп, қыздың селкілдеген арық иықтарын құшақтап.— Мұның
қалай, тентек қыз, мына мінезің саған ұсамайды. Неге жылайсың, а?
Ол қызды жетелеп апарып, өзі баспалдақтың шойын басқышына
отырып, оны тізесіне отырғызды.
— Саған не керек, а?
Екі қолын ұстап, бетінен алды Ақсары беттері шашынан
айнымайды, суық суға шомылып шыққан адамдай, еріндері кезеріп
кеткен.
— Саған не болды?
— Қорқып кеттім,— деді ол үнсіз сыбырлап.
Ол қыздың жас жуып жарқырап көгерген үлкен зілді көздеріне күле
қарады. Арқасын сипап иығын қақты.
— Ах, сирена!
— Мен сирена емеспін,— деді ол дереу.
— Əлі есіңде ме?
— Есімде.
— Есінде екен,— деді ол күліп басын шайқап, сəл ойланды да: —
Менің де есімде,— деді.
Ол ренжіп, жаратпай қалған адамша бұрылып басқа жаққа қарады.
— Тыңда,— деді ол Аночканы тізелерімен қаттырақ қысып,— сен
маған бір нəрсені айт. Сен осынан неге шықпай жүрсін?
Қыз жауап қайтармады.
— Аузына су ұрттаған адамша неге үндемейсің — айт.
Қыз иегін көкірегіне тақады.
— Сен тышқанша айнала жүгірмей, оқуың керек. Неге үндемейсің?
— Мен Вера Никандровнаның үйінде тұратын шығармын, ол мені
оқытпақ,— деді Аночка өзінің көкірегіне.
Сонда осында келуіңді қоясын ба, солай ма? Тағы неге үндемей
қалдың? Əлде сен үшін өзім жауап берейін бе, а? Айтайын ба?
Жарайды, өзім айтайын. Сенің актриса болғың келіп жүрген жоқ па, а?
Таптым ба?
Ол қыздың иегінің астына саусағын салып, кекірейген басын
жоғары көтерді.
Аночканың бүкіл беті қызарып, қаракүрең болып кетті, ол Егор
Павловичке қатты сасып қарады. Кенет, құлай жаздаған адамша,
еңкейіп оның бетіне-бетін тигізе жаздады да, дереу басын жұлып
алып, тізелерінің арасынан сытылып шығып, айнала шашылып жатқан
бутафориядан секіріп, алды-артына қарамастан жүгіріп ала жөнелді.
Жүгіріп бара жатып, жерден киімін қағып алып, иығына қалай болса
солай жаба салып, жүгіріп көшеге шықты. Театрды айнала жүгіріп, бір
кезде артымнан ешкім қуып келе жатқан жоқ па дегендей, айнала
қарады. Киімін киініп, басына орамалын байлап, түсіп кеткен
шулығын тартып көтерді. Жүрегі орнына түскеннен, кейін тағы да
тұңғыш рет көріп тұрған адамша, неге келіп жүргенін өзі де білмейтін
сонау көгілдір-сұрғылт үлкен үйге қарады.
Зəулім үй аппақ, таза алаңның ортасында оңаша тұр, оның ешбір
үйге ұсамайтын қаз-қатар есіктері тастай берік жабулы. Сол ерекше
ғажап есіктерді кең балкон жауып тұр, балкондардың астында шойын
діңгектен тіреу салған, əр діңгектің басына қарынан иіп, жоғары
көтерген екі қол сияқты ашаға екі фонардан орнатқан. Биікте
балконның жоғарғы жағынан үйдің шатыры басталады — қатпарқатпар шатырдың бергі бетіндегісі енсіз, оның ар жағындағысы
етектірек, онан əрі тағы кең жалпақ шатыр көрінеді,— кейбіреуі
қалпақтың маңдайшасы сияқты, басқалары белбеу сияқты, ал ең
жоғарғысы — үлкен зор зонт тəрізді. Шатырлардың бəріне біртегіс қар
түскен, сондықтан бүкіл үй жылтыр қағазға салған сурет сияқты апайқын көрінеді. Аночканың көре жүрген үйлерінің ішіндегі бұл ең
үлкені болса ғажап емес.
Ол тізелерін жоғары көтеріп басып, əжесінің аяғынан алып киген
башбағымен үлкен із қалдырып, қар басқан алаң арқылы тура жүріп
келеді, алаңның ортасына барған кезде тағы бұрылып, алыстан үйге
қарап, бұл үй ең үлкен үй екен деген түпкілікті ұйғарындыға келді.
Сонан кейін ол тағы да аз ойланып, бұл үй ең сəулетті үй екен деп
ұйғарды.
Ол қайтып артына қараған жоқ, аланды көктей өткеннен кейін,
алдында асығыс іс, көп міндет күтіп тұрғанын жақсы білетін ересек
адамдарша адымдай басып жүріп кетті.
1943-45.

You have read 1 text from Kazakh literature.
  • Parts
  • Алғашқы қуаныш - 01
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2221
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2187
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2105
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 04
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2139
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 05
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2170
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 06
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2209
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 07
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2153
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 08
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2136
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 09
    Total number of words is 3869
    Total number of unique words is 2136
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 10
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2253
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 11
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2161
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 12
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2249
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 13
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2112
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 14
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2190
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2140
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 16
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2142
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 17
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2318
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 18
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2145
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 19
    Total number of words is 3941
    Total number of unique words is 2208
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 20
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2290
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 21
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2172
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 22
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2182
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 23
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 24
    Total number of words is 3246
    Total number of unique words is 1802
    39.4 of words are in the 2000 most common words
    54.5 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.