Latin Common Turkic

Алғашқы қуаныш - 18

Total number of words is 3878
Total number of unique words is 2145
35.3 of words are in the 2000 most common words
50.9 of words are in the 5000 most common words
58.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қалауынша ұйымдастыра алмай келген болса, енді ең болмаса өз
ықтыярымен өлуге пұрсаты бар емес пе?.. Шаруалардың «қатарында»,
боялмаған табытқа салып, отын шанамен, жай арбамен, апарып
жерлесін деп ойлады ма?»
— Бұл не сұмдық? — деп дауыстады Пастухов гранканы лақтырып
жіберіп.— Оның өлуге пұрсаты туралы кім жасайды! Тірі адамды
көмуге пұрсат берген кім?!
Бөлмеде ешкім жоқ Ол тағы да тілдей қағаздарды алып, оқи
бастады. «Ұлы адамдар ғана емес, қарапайым адамдар да өлерін сезіп,
көбінесе жалғыздық аңсайды. Олар семьясынан, достарынан стенаға
теріс қарап жатып алып, мазаламауды сұрайды... Оны іздемеңдер!
Оның өзі іздемеуді, мазаламауды сұрайды. Барса келмеске
кеткендердің тілегін қасиеттеп орындау біздің борышымыз емес пе?
Толстой қайтып оралмаймын деп бекер айтқан жоқ. Ол кетті, бірақ
оның, қарт аяқтарының түспеңдер. Қорықпаңдар! Ол өлмейді, ол
құрымайды! Енді оған тыншу беріңдер, ал ол мəңгі өмір сүреді».
Жаңа гранкалар алып корректор келді.
— Бері қараңыз,— деді Пастухов, — сіз ештеме түсінесіз бе? Мен түк
түсінбеймін. Толстой тірі ме?
— Тірі.
— Олай болса, оның иманын неге оқиды? Мынау — жаназа ғой!
Корректор пенснесін көзіне киіп дереу қайта қағып түсіріп, сөнген
трубкасын сора бастады.
— Я, əрине, — деді ол көзін сығырайтып, алыстан қолын алмайтын
адамдардың ұялшақтық, əдетін жасап, теңселіп, — əрине, аз-кем
қайшылық бар.
— Аз-кем дейсіз бе? Аз-кем болса — бір сəрі ғой!..
— Білемісіз, бұл халықтың, үні. Халық өлім шақырды деп біледі. Ал
қайшылыққа келетін болсақ, қайтерсің? Мен осының бəрін екі рет, үш
рет оқып шықтым, мен де қайран қалам. Бəрі бірауыздан:
мазаламаңдар, іздемеңдер, тимеңдер, бөгет жасамандар, айтқанын
орындаңдар, — деп арбайды, мінеки көріңізші.
Ол гранкаларды ұсынды.
Толстойдың үйінен қалай қашып кеткенін, оны темір жолдардан,
станциялардан, монастырлардан қалай іздегенін көрген адамдардың,
туысқандарының ауызынан естіген сөздерді, жорамал-жоруларды,
қауесеттерді, лақаптарды таратқан телеграммаларды Пастухов бірінен
соң бірін мейлінше қызық көріп, оқып шықты. Ол оқыған сайын
неғұрлым көп, неғұрлым толығырақ білгісі келе берді алыстағы, құпия,
тітіреген тағдырдың жайын жете білсе, оттай өртеген таңсығы
басылатын тəрізді. Ол оқыған сайын уақиғаны түсінбеушілік қатты
қинай түсті.
Ол маңдай терін сүртті.
Ақтаған аласа мал қораны ол тастай қараңғы түнде айқын көрді,
оның қасында атқорадан жетелеп алып шыққан осқырынған аттарды
тез жегіп жатыр. Фонардың жел үріп жалпылдаған жарығы. Көлікке
қалай болса солай сала салған чемодан. Анадайда бүрсеңдеген кішкене
қарт адам тұр, үстінде жадағайлы шекпен, оның астынан көбіктей
аппақ ұйпаланған сақалы көрінеді. Тез, тез! —деп асықтырады қарт, ол
қараңғылыққа, сонау желден ыңырсыған қалың парктің аржағындағы
тасада тұрған байбатшаның үйіне, қазір мəңгі тастап кеткелі тұрған
өзінің үйіне көзін тігіп қарайды. Тез, тез!—үстімізден шығып қалуы
мүмкін, жібермеуі мүмкін, жылап-сықтап, ойбайлап, байбалам салып,
жармасулары мүмкін. Тез!
— Неге, неге! — деп Пастухов дауыстап өзінен-өзі сұрады.
Сол кезде оған жауап қайтарғандай алдындағы жазудан көзі
мынадай жанға бататын, салмақты сөздерді оқыды: «...Өмірде үнемі
осылай болып тұрады, егер біз барып тұрған оңбағандық жасасақ, ол
жұртқа неғұрлым табиғи нəрсе сияқты көрінеді, ал егер шын керек іс
істесек бəрі таң-тамаша қалып, оны ақылына сыйғыза алмайды...»
Ол орнынан тұрып, есікке қарай жүрді.
— Рұқсат етіңіз... мен сіз туралы айтқан едім...—деді абыржып
корректор, столынан бері шығып. — Сізді редактордың бөлмесіне
шақырады. Сізді қалай да көргілері келеді...
— Кейін, кейін, кейін! — деп Пастухов қолын сермеп, жүгіре басып
темен түсті.
Ол беталды асығып, көшені аралап жүрді. Жолмен еңкеуге түсіп,
кейін өрге қарай бұрылды, ізінше тағы төмен түсіп, өзенге дейін
барды. Еділ өзені қараңғылық жамылған. Көпіріктердің əлсіз
сигналдары əлсіреп өліп бара жатқандай. Пристаньдардың жарығы
қара күңгірті Құдіреті күшті толқындар өкіріп, айбарын шашады. Ұн
сияқты майда жаңбыр себелейді.
Жиіркенішті сылбыр суық қараңғыда Пастухов қалпағын милығына
түсіре киіп, екі қолын қалтасына сүңгітіп жіберіп, əлдебір биік
тайғанақ көпірдің үстінде тұрды. Ол өзінің мүлде жалғыз қалғандығын
сезді, бірақ бұрынғыдай тəтті қасіретке бөлейтін нəзік құбылыстар
емес, қайрымсыз, дөрекі бəрін көмген тастай қараңғылық арқылы
сезді. Оның санасының асқар биігін ойламаған жерде билеп əкеткен
адамның кетуі жай кету емес, өлімге кету екеніне ол енді əбден сенді.
Бұл дүниеде шын маңызды уақиғаның түзелмей келетіні сияқты, бұл
уақиға да сөзсіз түзетуге көнбейтін болды.
Жаңбыр Пастуховты үйіне қуып тықты. Су болған киімдерін
столдарға іліп, жайып, кереуетіне жылы оранып жатып тұншықтырған
ауыр ұйқыға кетті.
Редактор құдайдың сүйікті құлы Николай сияқты адам екен, ұзынша
сопақ сақалы бар қасқа басын ақ шашы жақтау сияқты айнала
қоршаған, үш күннен бері ұйқы көрмей, көзінің ағы қанталаған. Көзін
жыпылықтатып, мұрнын шуылдатып, ол Пастуховтың алдына соңғы
телеграммаларды қойды.
Жер тартылысы өзінің адымын ауыстырған тəрізді. Жер бір кішкене
станцияға ұмтылады, оның аты бір күннің ішінде, Толстойдың екінші
есіміне айналды. Асқақ тілегі қудалаған шалдың қайда барып
тығылғанын ешкім келмеу керек еді, сондықтан бүкіл дүние жүзі оның
қайда екенін біліп алды. Оның көкейіндегі тілегін ешкім білмеу керек
еді, сондықтан бүкіл дүние жүзі оның құпия сырларын біліп алды.
Оның не халде екенімен ешкімнің Жұмысы болмауға тиіс еді. Бірақ
бүкіл дүние жүзі оның температурасымен, кеудесінің қалай
сырылдағанымен, ас қазанымен, тамыр соғуымен шұғылдана бастады.
Бəрі де қазір аулақ барып үндемей отыратын уақыт келгенін түсінген
тəрізді бірақ бəрі де сығылысып, ілгері ұмтылып, бірін бірі басып,
жоқты барды сөйлей берді, сөйлей берді, Ешкім өзін-өзі ұстай алмай
бəрі де төрт жағы бірдей ашық дүние базарына жүгіріп шықты.
Астана газеттерінен телеграф бір мақаладан кейін бір мақаланы
жіберіп жатты. Бəрі де «кетті» деген бір ауыз сөзбен басталып, сол
сөзбен аяқталады. Кетті, кетті, кетті! — дейді газеттер бұрын Толстой
өзінің Ясная Полянасынан ешқайда кетпей тұрғанда бəрі бақытты
тыныш өмір сүріп, ал енді ол кете сала дереу бəрі де тыныштықтан да,
бақыттан да айрылып қалғандай «...ел ауызында аңыз болып қалған
Мұса
пайғамбардың
қартайғанда
қашып
кеткені
сияқты,
миллиондаған адамға өзінің ілімін уағыздаған будданың кеткені
сияқты ол да дүниеден кетті...»
— Будда кімнен кетті?—деп сұрады Пастухов.
— Өзінің əйелі Ясодарадан,— деді редактор.
Ол Пастуховтың оқып болуын күтіп отырды, Пастухов
телеграммадан басын көтере сала, ол редактордың жалпы əдеті
бойынша өз атынан бірақ көпшілік жалғауын қосып:
— Біз кету туралы мақала жазуыңызды сұраймыз,— деді.
— Басымда еш ой жоқ. Қобалжудан басқа түк жоқ.
— Қобалжу туралы жазыңыз.
— Неге? — деп Пастухов шынымен таң қалды.
— Керек. Атағыңызды былай қойғанда сіз біздің жерлесімізсіз.
— Тек ой барда ғана жазу міндетінен бұл жағдай мені құтқара алар
ма екен.
— Сезіміңіз де жеткілікті. Газетте атыңыздың шығуы баспасөздің
сізге тілектестігін көрсетер еді. Сіздің саяси іске қатынасыңыздың бар
екенін бүкіл қала біледі ғой.
— Саяси іске дейсіз бе? — деп Пастухов таңырқай түсті.
— Жасырмаңыз. Бізден құпия ешнəрсе жоқ, — деді жылпос
редактор, икондағыдай мұңды ырай беріп.
Пастухов тентектеу күлімсіреп:
— Жақсы. Байқап көрейін. Бірақ мен өлім туралы емес, өмір туралы
жазамын. Тірі Толстой туралы жазам.
— Бұл тамаша!—деп редактор күрсініп, қалжырап қалғып кетті.
Пастухов үйіне жақындаған сайын жігері таса түсті. Жанына Қайрат
құйылып, ілгері бастап, үлкен іске қызықтырды: оның сезімі дүние
жүзінін сезіміне қосылады, оның үні жалпы жоқтауға қосылады,— жоқ,
жоқ.— дəріптеу үніне қосылады! Ол дүниенің алтын жүрегі туралы,
Россияның жүрегі туралы жазады!
Қағазды төртке бөліп кесіп алып, ол былай демек болды: Россияның
жүрегі өзіне меншікті адамды өмір жұмбағы сияқты шеңберінен
шығарып жібере алмайды, онсыз жүрек жоқ. Адам белгісіздікке кетсек
болды, бірақ бұл табиғатқа қайшы тілек, өйткені бүтіннен бөлшек істе
алмайды. Табиғат бунтқа қарсы шығып, өзіне меншікті нəрсені
жібермей ұстап қалды. Адам үнемі болып келген жəне болуға тиісті өз
орнына тоқтады, Россияның жүрегінде қалды. Ясная Полянаны
үрлеген жел Астапованы да үрлеп тұр. Айналаның бəрі баяғы
шаруалық Россия, Пенза мен Тамбовтың жері, Воронеж бен
Саратовтың, Тула мен Рязанның жері. Оны тапқан осы жерлер, ол оны
өзінің аясында мəңгі ұстап қалады.
Пастухов шимайлаған қағаздарды оқып шықты. Негізгі пікір —
адамға өзінің тұрған жерінен қорқайын деген сияқты болып көрінді, ал
Пастухов жұртпен бірге тізе бүгіп сол көрді қазып жатқандай көрінді.
Жазғандарын сызып тастап, ол бөлменің ішінде көп жүрді.
Ақылына басқа ой түсіп, ол тағы жұмысқа кірісті. Оған мəдениет
зорлықпен жүріп тұрған тұйық тізбек сияқты көрінді. Ол бұл
формуланы механикадан алды, онда механизм туралы түсінік осы
тамаша сөздермен айтып берілген. Ойлы адамзаттың бүкіл өмірі
қапсырмалы теректердің ұшы-қиыры жоқ қоспасы сияқты көрінді.
Пушкин «Капитан қызын» жазыл жатқанда жас Герценнің жер ауып
кеткенін есіне түсірді. Герценнің болашағы көп ұзамай тоқтауға тиісті
болған тегершікті қозғалысын қабыл алмақ. Толстоймен қаншама көп
қапсырмалар қабыспады дейсіз! Оның қозғалысын кім алар екен? Сол
ұлы өмірдің адам баласына берген қайратының бөлшегін Пастухов өз
бойында сезген жоқ па?
Ол бұл жазғандарын да сызып тастап, күлді: Толстой туралы пікірге
алыстан болса да өзін қосарландыру, ұсақ сияқты көрінді. Ол кофе
қайнатпақ болды. Буфетті ашқанда кофе дəндерінің ащы ашқылтым
нəзік күйік иісі келіп сергігенін сезді. Ол шыбындай иісті сезгіш еді,
мұрнына иіс келсе, тіршіліктің қуанышты мəніне қолы тигендей
жанданып сала беретін. Ол диірменшіні тізесінің арасына қыстырып,
оның тістерінің қытырлаған дыбысын музыкаша тыңдап, кофенің
дəндерін ұнтады. Кофейникті шайқап төгіп, спирт шамын жақты. Су
қайнағанша темекі тартты. Ойы есік қаздан адамдай əр тарапты
түріледі. Есіктер ашық, бірақ бөлмелер бос. Ол қазір Толстой мүмкін
жою кофені рақаттанып ішер еді деп ойлады, ал оған суға пісірген сулы
божа беріпті. Телеграммалардың бірінде сулы ботқа жеді делінген
болатын. Пастухов шəйнекке кофе салып, қайнап шыққанша күтті. Бір
шыны аяқ кофені аузын күйдіре аздап ұрттап ішті,-Басы айығып, ол
өзіне: Толстойдың асыл қасиеті неде? деген сұрақ қойды да, дереу:
асыл қасиеті сүйіспеншілікте,— деп жауап қайтарды.
Ол столға жүгіріп барып тағы бір шыныаяқ кофе құйды.
Ол Россияға əйгі болған кедейлер ағашын суреттеп жазды. Ясная
Полянадағы үйдің алдында, аланда, бұтақтарын жайып кəрі ағаш өсіп
тұр. Оған қоңырау соққан.
Жəрдем күткен, қайырымды сөз естігісі келген əрбір адам сол
ағашқа келіп, қоңырау қағып, үйден кісі шыққанша, жапырақтың
саясында, скамьяда, күтіп отыра алады. Кедейлер ағашының саясынан
адам адамның бауыры деп сенетіндердің бəріне орын табылады. Оның
шатырының астында дем алып рақат тапқан адам, мүмкін, аз шығар.
Бірақ əркім қайғы-қасірет, торығушылық, мұқтаждық басып
қалжырағанда, сол шатырдың астына барып, қоңырауға қолын созып,
жəрдем сұрауға мүмкіндігі бар екенін жақсы біледі.. Сол ағаштың
астына. скамья қойып, қонырау ілген адам опат болған сағатында
торыққан жанның үміті өшпек, кедей-кемтардың саясы құрымақ. Ағаш
семіп, қоныраудың үні өшпек. Россия, сол кезде сүйіспеншілік сөз
естимін деп қайда барар екенсің?
Пастухов жазуын тоқтатты, ой тоқырағанда пайда болатын құрсау
басты. Бір кезде қатты күйініп қағазды еденге құлаштап ұрды. Жоқ! Ол
көтеріңкі жазбақ болып еді, шынында жыламсыраған бірдеме болып
шығыпты. Ықпалдарынан тыс ол өлім туралы, бір ғана өлім туралы
ойлаған, ол нені бастаса да, өлім үңірейген көр көздерімен телміріп
тұрып алды. Ол арқасын жазып, төсегіне келіп отырды, жастығына
қисайды, осылай күтпеген жерде күні бойы түн ортасына дейін
ұйықтады.
Ертеңіне ол өзінің дəрменсіздігін мойындау үшін редакцияға барды.
Айтар сөзін күні бұрын даярлап алды: ол — тек театршыл адам,
суретші, ол өзінің орнын біледі, газеттің тілі оған бағынбайды. Бірақ
ұйқылы-ояу отырған редактор сəтсіздікке ренжіген жоқ.
— Оқасы жоқ,— деді ол.—Біз сіздің газетімізге тілші болып
Астаповоға баруыңызды өтінбекпіз. Біз үшін бұл бағалы, сіз үшін,
əрине, қызғылықты болар еді.
— О, əлбетте! Бірақ бұл мүкін емес, себебін кеше атадыңыз, — менің
саяси іске қатысым болғандықтан, ешқайда кетпеу туралы берген
қолхатым бар.
Пастухов бұл сөздерді тəкаппарланып, тіпті бірсыпыра насаттанып
айтты.
— Оқа емес,— деді редактор жұбатып, əдебиетшілердің бағасын өзі
көтермелей келетініне үйренгенмін деді тесіле қарап, — Біз
жəрдемдесіп көрейік. Отырып, палата прокурорына өтініш жазыңыз
да, қазір апарып көріңіз. Мен прокурордың камерасымен сөйлесіп
көрейін.
Пастухов алқынып өтініш жазуға кірісті. Ол алыстан əлсіреп жеткен
бостандықтың лебін сезді. Өрескел шатасушылыққа шек қойып,
зеріктірген елден құтылудың əралуан жайлары көз алдынан елестеп
өтіп жатты. Бір сөзбен айтқанда — Астапово тағдыр сыйы, Пастухов
тауық сияқты ішіне түскен, бірақ суып қалған күршектің қайнауына
қажетті хрусталь тығын осы болды.
Сот мекемелерінің үйіне келе жатқанда оның көз нұры ажарланды.
Липканың сидаң ағаштары сыпыра қол бұлғап, оның жас үмітін
құттықтағандай болды. Көше толы асыққан халық, олар үйдің
төбелерінде ойнақтап жүрген сұрғылт бұлттарды жел ысқырып
айдағанға риза. Гимназистер атақты адамды көргендей бұрылып
Пастуховқа қарайды, олардың: «Əне Пастухов кетіп барады! Ол
Астаповоға бармақ! Толстой туралы жазғандарын оқыдыңдар ма?, деп
сыбырласқанын естігендей болады. Расында көптен бері мұндай
сергек, үнді күн болып көрген жоқ еді.
Камераға кіреберісте алдынан Ознобишин шықты. Күзге лайықты
қара киген кандидат фуражкасын шешіп өте сыпайы амандасты,
қалайда қолапайсыз көрінбейін дегендей жүрісін бəсеңдетті, керек
болса тоқтауға даярлығын өте нəзік сездірді. Пастухов онымен
амандасып еді.
— Бізге келе жатырсыз ба? — деді қуанғандай Ознобишин.
— Я, прокурор тақсырға өтінішім бар. Менің дереу Астаповоға
жүруім керек.
— Бізге ол мəлім. Прокурордың серігіне редакциядан телефон
соққан, ол мəртебелі мырзаға кешке баяндауға уəде берді.
— Кешке дейсіз бе? Өзіңіз көріп тұрсыз, əрбір минут қымбат.
Толстой...
— Хəлі соншалық нашар ма?
— Біздегі мəліметтерге Қарағанда, қауіп бар,— деді Пастухов
маңызданып.
— Я,— деді кандидат жаны ашыған адамша күрсініп.
— Дүние қайғысы ғой.
— Оған сіздің де қабырғаңыз қайысатынын көріп тұрмын,— деді
Пастухов, — менің жүріп кетуіме қолыңыздан келгенін аямауыңызды
өтінемін.
— Өтінішіңізді маған рұқсат етіңіз, мен прокурордың серігіне
берейін. Сіз əуреленбей-ақ қойыңыз.
Ознобишинге тек жақындап келіп қарынан ұстап, Пастухов шабыты
келіп, ойдан шығарған өтірігін тыя алмай, көптен бері жақын, таныс
адамынша былай деді:
— Мен сізге өзімнің жоспарымды айтайын. Астапово біздің
жолымызда. Онда асығыс поездар бірінің артынан бірі жүріп тұрады.
Жол бəрін жасауға əзір. Біздің баспа сөзіміз хал үстінде жатқан ұлы
адамның айналасында не болып жатқаны туралы - ең дұрыс мəлімет
алуға тиіс. Бұл қаланың намысы! Біз астаналардың алдында боламыз.
Егер бір сағаттан кейін рұқсат қағаз қалтама түссе,— мен асығыс
поезбен күндіз жүріп кетемін де, түнде Астаповода боламын.
Көзін жыпылықтатып ол Ознобишинге тура қарады.
— Амал жоқ, мəртебелі мырзаға бəрібір кешке дейін мəлімдеуге
болмайды,— деді кандидат.
— Құдайым-ай!—деді қатты дауыстап Пастухов — ойлап қараңыз —
мəселе Толстой туралы ғой.
— Түсінемін бірақ... мəртебелі мырза... — деп Ознобишин кешірім
өтінгендей күлді.
— Мекемелеріңіз неткен тоңмойын икемсіз орын еді! — деді
Пастухов күжілдеп ернін шошайтып
— Орын емес, сот — деді кандидат əзілдеген адамдар, бірақ
Пастуховтың қолынан қолын тартып алып,— соншалықты икемсіз
бола қоймас. Ах, мұны мен естімей-ақ қояйын! Ал есіміңіз кім? ,
Анатолий Михайлович пе? Сіз олай демей-ақ қойыңыз, Анатолий
Михайлович.
— Неге, Александр Владимирович?—деді кандидат ұялмай, қайта
білгісі келіп назданып.
— Несін сұрайсыз? Менің өрескел ақымақ тарихымның
басталғанына неше ай болды, сіздер мені қора күзететін төбетше
арқандап əлі ұстап келесіздер, — деді Пастухов өкпелеп.
— Ах, ол не дегеніңіз, — деді ұялғандай Ознобишин— Іс аяқталып
келеді деп сізді сендіре аламын.
— Сенбеймін,— деді Пастухов.
— Мен істің жайын толық айтуға праволы емеспін, бірақ іс бірнеше
күннің ішінде шешіледі.
— Сенбеймін, сенбеймін! — деді Пастухов күйініп қолын сермеп.
Сол кезде кандидаттың өзі мейлінше сеніскен адамдай Пастуховтың
қарынан ұстап, екеуі тұрған есіктің алдынан аулағырақ алып шығып,
дауысын бəсеңдетіп былай деді:
— Екеуіміздің арамызда қалсын. Осы арада ғана қалсын. Сот
тергеуінің кешігіп қалған себебі айыпкердің біреуі табылмай жүр. Кім
екенін білесіз ғой.
— Мен қайдан білейін? Іздеу жұмысына менің қанша қатысым бар?
— Табылмай жүрген — Рагозин, мүмкін, ол істің ең басты кейіпкері
болар,— деді ақырын Ознобишин, Пастуховқа көзін бұрып, тесіле
қарап, аяғын бəсең басып. — Бұл сияқты аса маңызды іс бойынша
сырттан үкім шығару мүмкін емес. Сондықтан тергеу əдеттегіден баяу
жүрді. Алайда...
— Ах, жасаған-ау! Осының бəрі, кешіріңіз, қатқаныма керек пе?—
деді Пастухов жыламсырап, қарсылық білдіріп.— Маған керегі бір ғана
нəрсе — қолхатты кері алыңдар!
— Таяуда алынады! — деді кандидат сыбырлап əлдебір туысқандық
аянышпен.
Пастухов тоқтап, Ознобишинге құштарлана қарап, ОІІЫҢ əйелдей
нəзік қолын ұстай алып қатты сіліккені сонша, кандидат ернін
қисайтты.
Өтінішін беріп, бүгін қалай да прокурордан жауап алам деген
уəдесін тағы алып, Пастухов беталды кезіп жүрді. Ширак желге, олайбылай өтіп жатқан халыққа, трамвайлардың қонырауына, желгіш
аттардың дүбіріне бұрынғыдан да рақаттана түсті.
Ол рестораннан тамақтанды, үйіне келіп, кофе ішті, чемоданға
нəрселерін салды, костюмдерін қақты, сөйтіп жүріп Астаповоға
барғанда, егер қаралы жағдай болса, қандай киім киетінін, Москвада
пьесасы туралы театрға барғанда қандай көйлек киетінін ойланды.
ЬІмырт кезінде ол редакцияға барды, бірақ прокурордың жауабын тек
сағат 11 де күтіп отырғанын біліп, бүкіл қаланы аралап, орын таба
алмады.
Ол синематографқа барды. Пианино ойнаушы қайғылы күй
ойнайды, оның тоқтаусыз аккордтарынан экран желбірейді.
Жайындай зор Женни Портен тасырайған жалынышты көздері
Брунгильданың көздері сияқты ақсары əйел кенептің бетінде ауыр
азап шегеді. Жарық қалтырайды, оның сəулесінен жанталасқан күзгі
үлкен шыбын кесе көлденең ұшып өтеді. «Санта Лючиа, Санта Лючиа!»
деп пианино безек қағады, Женни Портен еңіреп жылайды. Көше тымтырыс, күндізгі желдің орнынан келуге əзірленіп, алысқа, сонау
Еділдің аржағында жиналып жатқан жаңа желдің келуін күткендей күн
маужырап лебін ішіне тартады. Үйлердің оттары сирек көрінеді,
Шарбақтың есіктері тарсылдамайды, сөйтіп Пастухов бүтіндей
кварталдан өткенде бір адам кездестірмеді.
Ол түн ортасы ауғанда редакцияның табалдырығынан аттады.
Шыдамсызданып əрең сабыр тұтты. Редактор столдан басын көтеріп,
сұрақ беруіне қарамай-ақ:
— Қымбаттым, ештеме өнбеді. Прокурор отказ етті, — деді.
Пастухов креслоға ақырын отыра кетті.
— Бірақ мұның, амал нешік!—қазір еш мағынасы жоқ. Біз хабар
алдық. Лев Николаевич...
Ол орнынан тұрып, басын иіп:
— Қайтыс болды,— деп сөзін бітірді.
Пастухов орнынан тұру керек екенін сезсе де тұра алмай, тек
денесін ілгері еңкейтті де қойды.
— Естіген жоқ па едіңіз?—деп сұрады редактор.
— Лақап қалаға тарап кетті, жұрт телефонымызды үзетін болды. Біз
тек телеграф агенттігінің растауын күтіп отырмыз.
Пастухов үндеген жоқ. Төңіректің бəрі артық, алданыш сияқты: стол
үстіндегі тап-тұйнақтай гранкалар да, жуан қызыл қарындашта,
шамның үлкен қалпағы да, көлеңке түскен жансыз жалтыр айнала
ұйпаланған ақ шаш көмкерген редактордың қасқа басы да.
Бұл дүниеде бəрі де бітеді,—деп редактор қынжылып ыбылжыды.
Пастухов қоштасып қолын созды.
Барлық бұрышта ұйлыққан тыныштық таң қалдырды. Бірақ тар
шуланмен кетіп бара жатып, телефонның кенет ауыр қонырауын
есітіп, ауыр жүктен босаған адамдай баспалдақпен төмен жүгіре түсті.
30
Жүгіре басып қонақ үйге кіріп, Пастухов номердің есігін қақты.
Ешкім жауап берген жоқ. Бірақ ол ұра берді. Оған қалайда сөйлесу
керек болды, ол бір-ақ кісімен сөйлесе алады, сол кісі ғана оның
қаншалықты əбігер болғанын естіп, досындай қайғысына ортақ бола
алады.
Пастухов есікке арқасын беріп өкшесімен тепкіледі. Ол кілттің жерге
ұшып түсті, еденге салдыр еткенін есітді. Бір кезде есік ашылды, іш
киімімен, кеудесі ашық, жалаңаяқ Цветухин көрінді. Екеуі де аз уақыт
үндемей тұрып қалды. Цветухин оны ептеп жеңінен ұстап бөлмеге
жетелеп кіргізді.
— Көптен бері осылай жасау керек еді,— деді ол қуанышы қойнына
сыймай.— Ақымақтық болды, құдай ақына!
— Əрине ақымақтық, — деді Пастухов кенет жеңілейіп, араларында
ешнəрсе болмағандай еркін сөйлеп.
Олар үш рет сүйісіп, құшақтасып бірінің-бірі арқасын қақты.
— Тыңдашы, а? Толстой а? — деді Цветухин.
— Біліп қойғансың ба?
— Білемін.
Екеуі құшағын жазбай тар бөлменің ортасында тұрды, бөлмедегі əр
столда бір киім, төсегі көл-көсір екі кереует, Пастухов жұқа көйлек
арқылы Цветухиннің ыстық, көнгіш, ортасы шұп-шұқыр жотасын
алақанымен сезіп тағы да сүйіспеншілікпен арқаға қақты.
Сол минутта екеуі де ысылдаған қатты сыбыр есітті.
— Аспанның əйел патшасы! Құдайдың анасы! Неткен жақсылық!
— Мефодий. Есалаң,— деп күлді Цветухин Пастуховтың иығы
арқылы ашулы тұрған есікке қарап.
Мефодий тарс-тұрс етіп үйге кіріп келді.
— Қарақтарым, бауырларым! — деп ол дауыстап, қолдарын
ербеңдетіп достарын шырайналып жүгірді.— Неткен жақсылық!
Ақылды, алтындарым! Қуанғаннан жүрегім тасыды! Ақыры, ақыры
жақсы болсын! Бүгін кешкілік! Мейрамдайық, мейрамдайық! Егор а?
Александр Владимирович! Адамзаттың ақылы тас жүректі жеңгенін
тойлайық. Ашу-араздың күнəсін шарапқа шомылдырайық!
— Мен байқасам, сен шомылдырып үлгірген сыяқтысын,— деді
Пастухов.
— Қуанышты күнді бұрын аңсап, алдын ала сезіп едім! — деді
дабырлап Мефодий, достарына жармасып, сүйрелеп, итермелеп,
жақсылап көру үшін алыстап кетіп, қайтадан ұмтылып əлек болды.
— Жарайды, серігін сайтан болсын, заказ бер,— деп Цветухин шын
ықыласымен ұрықсат етті.
Мефодий қоңыраудың кнопкасын пəрменімен басып, есіктен əрі
коридорға басын шығарып:
— Дениска! Дениска! — деп айғайлады.
— Бұл не? Бүкіл қонақ үйді дүрліктірімексің бе? — деді қатуланып
Цветухин.— Буфетке өзің барып ретте!
Ширек сағаттан кейін дұға үстінде өзін-өзі ұмытқан адамдай, үн-түн
жоқ,
қолапайсыз
Денисканың
көмегімен
шыны-ыдыстарды
даңғырлатып, Мефодий стол əзірледі. Бутылкалар ортада, айналасына
ескерткіштің төңірегіне еккен гүлдей əр түсті тамақ салған тарелкалар
орналасып болғанша, бəрі үнсіз күтіп тұрды.
— Құдайдан қорқып, дінге сеніп кірісіңдер, — деп сыбырлады
Мефодий.
Бөлме жиналған, Цветухин киінген, бəрі де жарастық, түрге келген,
жолдастар бірін-бірі сыйлап, тіпті құрметтеп стол басына орналасты.
— Бұл не, — деді қайғырып Пастухов, — өлікті еске түсіру ме?
— Я, расында да,— деді есіне жаңа түскендей Мефодий.— Бұл
қалай? Енді қайтеміз, а?
— Міне былай, — деп Пастухов арақ құйды. Асықпай тамақ жеп
тəрелкелерге көздерін салып, олар бірінің артынан бірі күрсінді,
Цветухин тағы да жартылай сұрады: Топырағы торқа болсын, дейміз
ғой, а? Тағы да ішіп тұздық құйған көксерке балық пен лимон жеді.
— Марқұм мұны қостаған жоқ,—деді Мефодий тастай тырнағымен
графинді шертіп қалып, өкінішпен басын шайқады. — Оның пайдалы
əрекетіндегі жалғыз кемшілік осы. Кешіруге болады. Оның орнына
поптарға ол тамаша дұға оқып берді!
— Сендерге де тиеді,— деді Пастухов.
— Бізге неге тисін? — деді өкпелеп Мефодий. — Біздің сирағымызда
да поптың түгі қалған жоқ. Біз протестантпыз. Семинариядан қол
үзгесін-ақ біз ұлы протестанттың ұлы ісіне əрекет еттік
— !Сендер əрекетшілерсіңдер, — деді кекете нақпадақап Пастухов,
бос рюмкасын итеріп қойды.— Мə, шешен, құй.
Бəрі көңілденіп рюмкаларын соғыстырды, Пастухов көзінің жанары
жанып, бірақ басын төмен салып, ақырын сөйледі:
— Мынаның қайда бастайтынын көріп тұрмын (ол бутылкаларға
басын изеді). Сондықтан мас болмай Тұрып, бізге қайтып оралмайтын
адам турасында сөз айтқым келеді (ол сəл кідірді). Менің үнемі
ойлайтыным: неге қашты? Неге түнде, фонарь алып, факел алып, түн
жамылып неге қашты? — деген сұрақ. Өзінің əйелі Ясодарадан ба?
Түкке тұрмайды! Өзіне түгелдей қарсы уақыттан қашты ма? Өзіне
мүлде жат, табиғатына түгелімен қайшы болған соң уақыт ығыстырып
айдап шықты ма? Ол бізден бір өзі ғана кеткен жоқ. Ол біздің өткен
дəуірімізді өзімен ала кетті. Бір ғана он тоғызыншы ғасыр ма екен? Он
тоғызыншы ғасырдан көбірек болар. Айталық гуманизмнен де көбірек
болар. Ол талай энциклопедистерді өзімен бірге ала кірді. Мүмкін
Исаның дəуіріндегі жақсылықтың бəрі ақыр соңында соның бойына
қиналып, енді сонымен бірге мəңгі ұшып кеткен болар. Ондай адам
дүниеге екі айналып келмейді. Мəңгі есте қалсын, дегеннен басқа не
бар.
Пастухов шашын ұйпалап тағы үндемей тұрды.
— Оның орнына енді кім келеді? Жұмбақ. Бірақ оның қаруы енді іске
жарамайды. Оның таласы мүлде өзге шайқасуларда шешіледі. Біз,
достарым, мүмкін өміріміздің ақтық кезеңінде өткен дəуірдің талай
ғасырға. созылғаны сияқты, оның артынан келе жатқан дəуір де талай
ғасырға созылатынын аңғарыл сенім келтіреміз.
Пастухов жалт бұрылып Цветухинге қарады.
— Тым терең кеттім бе? — деді күліп.
— Қарағым! Тереңірек, барлық əулиелер үшін
Соншалықты жақсы көрем!—деді жалынып Мефодий.
тереңірек!
— Қоя тұр,— деп Цветухин оны тоқтатып бір қолын Пастуховтың
иығына салды. Тамаша Александр. Айта бер.
— Жоқ болды,— деді қалжыраған Пастухов.— Мен пайғамбар
емеспін, болжай алмаймын. Бірақ ауыз сөз айтайын. Ол бізге сөздей
түсінікті ереже «алдырды. Міне жер. Міне жер үстіндегі адам. Міне
міндет: жерде адам үшін бақытты өмір жаса.
— Егер біз өзімізді-өзіміз сыйлайтын болсақ,— деді Цветухин
досының сөзін аяқтап,—біз осы ережеден басқа ешнəрсе де ойлауға
праволы емеспіз. Егер біз өмірден үйренсек, береке шығады. Ол қалай
үйренді. Ол бұралаңдық үшін емес, өмір үшін қалай өнер тапты. Егер
солай жасалмасақ, біз де бұралаң болып қала береміз...
Көркемөнерімізбен қоса қабат!
— Miнe қайдан шығардың! Əркім өзінің сүйгенін сөз қылады,— деді
Пастухов күліп.— Дегенмен дұрыс, дұрыс. Онан кейін — өмірді де,
көркемөнерді де ойыншық көруге болмайды. Ұят.
— Ұят, ұят болғанда қалай! — деді жыламсырап Мефодий. —
Кеттік! Алтындарым, кеттік ілгері! Бір жерде тұра беруге болмайды!
Олар арақтарын қағып салды, осы рюмкадан кейін бəрін үзіп
түсіретін соққы тигендей құрсау мен шырмаудың бəрінен босап
олардың бастары бала мысық тарқатқан домалақ жіптің шатпағына
ұсаған көшелері шым-шытырық, жоспарсыз қызық қаланы беталды
аралап бытырап кетті. Бəрі бір жерге қосылып араласып кетті — көз
жасы, жамандау, қуану, француз революциясы, ешқайда кетпеу туралы
қолхат, Толстойды бұрын шіркеуден ажыратқан тəртіпті бұзу керек
деген Столыпин, бұған жол бермеген қасиетті синод өсіп келе жатқан
егіннің көгіне қарай қатесіз болжайтын шаруаның кезі, азамат пен
адамның правосы, Мефодийдың хрусталь тығыны, Александр Блоктың
өлеңдері, түрмедегі Кирилл, терезенің аржағындағы таң себелеген
аспан, стакандағы селедканың құйрығы, сүйісу, ұрысу, бутылкалар,
жаманатқа қарсы тұрмау,— ақыр соңында осының бəрі ботқаша
былжырап ұйқы келтірді.
Үй иесі Пастуховты өзінің төсегіне жатқызды, үйіне жаңада кірген
Мефодиймен екеуі бір жерге жатты, олар сүйкімсіз салқын күннің əуелі
жанданып шуылдап, артынан қайтадан бəсеңдегенін естіген жоқ.
Оянғаннан кейін олар денсаулықты түзету керек екенін сезіп,
бəрінен қатты Қиналған Мефодийді шарапқа жұмсады. Бірақ ол далаға
шыға сала дереу қайта жүгіріп келді, түнде қырылдап қалған
даусымен:
— Тірі! Тірі! Тірі! — деді. ол кереуеттердің үстіне ұзын қағазды
шайқады.
— Тұрыңдар! Түрегеліңдер! Ол айныпты! Ол кідіріпті.
Удар-дудар болып, омыраулары жалтырап, олар əрқайсысы өзіне
тартқыштап қағазға үңілді. Газеттің асығыс шығарған қоспасы үлкен
əріптермен басталады: «Өткен күні тараған Лев Николаевич Толстой
қайтыс болды деген хабардың жалған екенін асығыс жариялаймыз, —
Лев Николаевич тірі».
Олар бір-біріне қараған жоқ. Мефодий жуасып қалды. Бой-бой
басылған телеграммаларды,— астан-кестен əржақты сөздерді
қозғалмай қадалып оқыды, ол сөздер жұрттың сенбегенін рас деп,
сенгенін бекер дейді. Пастухов қағазды стенаға ілді, Цветухин
терезенің желдеткішін ашты. Бəрі киініп, үйдің ішін жинауға кірісті.
— Мен не дегенмен — ұзаққа емес шығар деп ойлаймын. Ұзаққа
кідірген жоқ,— деді Пастухов.
— Біліп бола ма? — деді онша батылсынбай Мефодий. Өте берік
шал. Уақыттың сынынан өткен шал. Жеңіп шығуы мүмкін.
— Көп сөйлеме,— деді түксиіп Цветухин,— өз жұмысыңмен бол.
— Əбден түсінікті: сондай тамаша сылтау табылып тұр! —деп
Мефодий қуанып, есіктің сыртына шығып жоқ болды. — Бір минут!
Ол шынында да бір аяғымен ұршықтай үйірілген адамша лезде
қайтып оралды. Бұлар тағы да столға отырды. Жарға домалаған
балаша, Оп-оңай жаңа ғана мастық ұйқы əрең алып шыққан былыққа
тағы да жұлым-жұлым құлап түсті.
Екі тəулік ұдайымен олар біресе шөксіз бақытты, біресе бақытсыз
сияқты көрінеді. Егер олар қажет деп тауып, рет-ретімен естеріне
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алғашқы қуаныш - 19
  • Parts
  • Алғашқы қуаныш - 01
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2221
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2187
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2105
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 04
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2139
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 05
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2170
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 06
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2209
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 07
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2153
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 08
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2136
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 09
    Total number of words is 3869
    Total number of unique words is 2136
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 10
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2253
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 11
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2161
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 12
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2249
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 13
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2112
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 14
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2190
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2140
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 16
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2142
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 17
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2318
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 18
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2145
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 19
    Total number of words is 3941
    Total number of unique words is 2208
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 20
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2290
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 21
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2172
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 22
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2182
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 23
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 24
    Total number of words is 3246
    Total number of unique words is 1802
    39.4 of words are in the 2000 most common words
    54.5 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.