Latin Common Turkic

Алғашқы қуаныш - 02

Total number of words is 3931
Total number of unique words is 2187
33.7 of words are in the 2000 most common words
47.8 of words are in the 5000 most common words
55.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тандану көз қарасын бұрынғыдан да ауырлатқандай.
— Немене, қорықтың ба.?
— Жоқ, — деді Аночка, — əкем қолын батырып ұрмайды, ол
қайырымды. Əншейін қорқытатыны ғой.
— Олай болса, қорыққаныңнан қаштың ба?
— Жоға! Ақшаны тартып алмасын деп қаштым. Уысын жазып елу
тыйын күмісті көрсетті.
— Ендеше үйіңе бара ғой.
— Мен аз ғана отырам əлі.
— Неге?
— Қорқам.
Кирилл күлді.
— Ендеше біздікіне барып, біраз əжемнің қасында болғың келе ме?
Қыз жалаң тізесіне күмісті сүртіп, оның күн көзіне жарқырағанын
қызық көріп қарады да, аз кідіріп:
— Аз уақытқа ма? Жарайды, жарайды, — деді.
Ол қызды қолынан жетелеп, жауды жеңген адамдай насаттанып,
ауланы қақ жарып бір жаққа ашылатын ескі есікке қарай жүрді.
Аночканың көзіне түскені — қалпақтары елу тыйын күмістей
жарқыраған шегемен есікке қаққан үлкен шойын топсаның мəнерлі
əшекейлері болды, ол еденіне салқын кірпіш төсеген қараңғы ауыз
үйге кірді.
5
Пастухов пен Цветухин Мефодийдің бір бөлмелі, кухнясы бар ағаш
үйіне келіп кірді, үй иесі бұлар келісімен өз үйін бүкіл Еділ бойындағы
елдің мұндай үйлерге берген атымен атап:
— Біздікіне, менің флигеріме де келген екенсіздер. Рахым етіңіздер,
— деді.
— Басыңды и,— деді Цветухин.
— Иемін,—деп Мефодий белін бүгіп, қолдарының ұшын сырлаған
еденге тіреп, басын иді.
— Қабыл ал, — деп Цветухин иығындағы шапанын атжабуша
Мефодийдің үстіне айқара жапты.
Мефодий шапанының шынжырын уысына салып сылдырлатып,
атша аяғын тарпып, оқыранып кісінеді. Иллюзия толық болу үшін ол
төрт тағандап тұрды.
— Құр-құр, жануар!—деді Цветухин арбакештерше.
Пастухов кішіпейілсініп, əдемі пальтосын Мефодийдің арқасына
лақтырып, үстіне қалпағын қойды, сонан кейін Мефодий ептеп
киімдерді бұрыштағы кереуеттің үстіне апарып қойды.
Қайтып келіп ол достарының қатарына тұрды, көнтиген еріндерін
тартып күлді, оның қалың ерні ажарын бұзбайтын, қайта кеңсірігінен
төмен түскен таңбасы бар бетіндегі ең сұлу мүшесі осы ерні. Бетіндегі
таңба «иінің əуесқойлығынан тартқан сазайы: бала кезінде пір
семьялы адамдардың уақиғасын есіктен сығалап қарап жатқанында,
тіреніп тұрған жəшіктен қолы тайып кетіп, сонда Мефодий етбетінен
құлап, есіктің құлпынан сорайып шығып тұрған кілтке мұрнын соғып
алған. Өмір бойы ол осы уақиғаны алда-жалда айта қалмаса, есіне бір
түсіріп қоятын.
Үшеуі де — қонақтар да, үйдің иесі де — бөлменің ортасында тұрған
столға көздерін жаудырата қарай бастады. Редисканың шырыны
жылтыраған бүйірлері қызара бөртеді, оның түбірінен қалған кіршіксіз
ақ құйыршықтары біресе жасырынып, біресе сүйріктей боп көрінеді.
Тарелкалардағы жуанын көк-жасыл сабақтары əуеге атқан садақтың
оғындай самсап тұр. Уылжыған қиярлардың жұмсақтығы сондай, көк
қыртысы ақшыл тартып, бозарып көрінеді. Жұқалап тураған
шошқаның сүр етінің айнала жиегі тана түйме сияқты көгілдір
тартқан, майы фарфордай аппақ. Мискадағы қарлы суға салған алтын
— «ары екі үлкен бутылканы редисканың тақ бұйра сабағымен
əшекейлеп қойыпты.
Асты əзірлеген еркек адам екені бесенеден белгілі болып-ақ тұр. Ac
үйдегі орыс пешінен шыққан еттің ыссы тұздарының ашқылтым
жұпар исі төргі бөлмеге келіп тұр.
Пастуховтың танауы едірейіп кетті. Ол даусы өзгеріп, аз-кем
мұрнынан сөйлеп, тез-тез:
— Бері қарашы, Мефодий — Сен фламандиялық боларсың, — деп
күңкілдеді.
Ол бутылкаға қарай қолын созды, бірақ тұра қалып, столдың үстін
тағы да шолып өтті.
— Май бар ма?.. Бар... Тұз бар ма? Бар. Горчица ше? Aha — нан ше?
Нан!—деді дауыстап. — Мефодий, нан қайда?
Мефодий нан ыдысына Москва қалашын үйіп салып əкелді де,
даусын созып:
— Сондықтан мен ойын-сауықты мадақтадым, өйткені күн
астындағы адам баласы үшін ішіп, жеп, сауық құрудан артық ешнəрсе
жоқ... Сонымен, бар сауықпен наныңды же, жүрек қуанышыңмен
шарабыңды іш. Мұса пайғамбар осылай деген, — деді.
Цветухин сопыларша əндете жөнелді:
— Сергелдең өміріңнің барлық күндерінде, жақсы көретін əйелмен
қызық өмір сүр, өйткені сенің өмірден жəне күн астында сіңірген
еңбегіңнен алатын үлесін осы. Мұса пайғамбар осылай деген.
— Сорлы сопылар-ай, — деп Цветухин бетін тыржитып күрсінді,
қарлы судан дереу бутылканы жұлып алды да, оны орамалға орап арақ
құя бастады.
Алдымен: кеттік! — деп бір ауыз сөз құттықтау айтып, үшеуі бірдей
арақты ішті, столдағы тамаша суретті бұзғылары келмегендей тағы да
тамаша үңіле қарап, əуелі редискадан бастады. Пастухов қылымсымай,
қайта шаруаларша немесе байларша тамақты жабайы шайнап, дəмдеп,
адамның көзін қызықтыра жей бастады: редискаға май жағып,
тарелкадағы тұзға малып күтірлетіп жатты. Дөңгелектеп кескен
қалашты саусақтарымен жұлқа тарта үзіп, асықпай аузына жөнелтіп
жатыр. Екі беті бозарып тамақ жеуге жан-тəнімен беріле кірісті.
— Сен əншілерге ұқсайсың, Александр, — деді күліп Цветухин оған
қызыға қарап.
— Əрине — деді Пастухов қолын созып столдың үстін мезгеп. —
Өмір сыйы ғой. Мен жомарт адамдардың қонақасы бергенін жақсы
көрем.
Ол риза болып Мефодийға бір қарады да, сəл үндемей отырып,
артынан:
— Ақылды адам! Мефодийдің денсаулығы үшін! — деді.
Бұлар рюмкаларын соғыстырып, кеттік!—деген жағыз ауыз сөзін
айта бола берген кезде, есіктің серіппесі сылдыр ете қалды. Мефодий
ауыз үйге шығып, ізінше қайта келді де: бір кезбе келіп тұр, осында
мені шақырып еді, дейді,—деді.
— Əлгі жүк таситын бұйра шашты біреу ме? Шақыр —деді
Цветухин.
— Керегі не? — деді «бетін тыржитып Пастухов.
— Шақыр, шақыр.
Парабукин үйдің төбесіне басын соғып алмайын деген кісідей,
еңкейіп кіріп келеді. Ол өзінің, жаңа таныстырылған тамырларына
қарап күлді, күлкісінде əрі жалыныш, əрі кекесін бар тəрізді. Көзі ең
алдымен шыныдағы араққа түсіп, бір кереметтің күшімен пайда
болған күллі əлемнің тірегін көргендей қадалып қарады да қалды.
Ешқандай сөздің керек емес екендігі түсінікті, сондықтан бəрі де үнтүн қатпай іске кірісті. Мефодий шай құятын стакан əкелді, Цветухин
оған мөлтілдетіп толтыра арақ құйды, Пастухов шошқаның едəуір сүр
етін қалаштың үстіне салды, Тихон Парабукин жұмырығымен аузын
тез сүртті де, əулиеге қол тапсыратын адамдай-ақ ақырын
Цветухиннің қолынан стаканды алды. Аузына арақ тиісімен-ақ күлкісін
тыя қойды, ұзақ уақыт ауыр сот болып, енді сот үкімін тыңдауға
кіріскен адамдай бетінен үрейі қашып мелшиді де қалды. Ол көздерін
жұмып, қалшиып тұрып арақты ақырын біртіндеп жұтып жатыр, басы
шалқайып кеткен, тек бұйра шашының ақсары дөңгелектері боларболмас жалтырайды.
— Бəрекелді, — деді Пастухов тамақ ұсынып жатып.
Бірақ Парабукин жеген жоқ. Сілкініп басын шайқап, алақанымен
бетін үйкелеп қатты дауыспен:
— Ə құдай, ə құдай!—дей береді.
— Өкіндіңіз бе?—деп сұрады Пастухов.
— Жоқ. Жасаған иемнің жарық бергеніне алғыс айтамын.
— Көптен бері ішесіз бе?—деді Пастухов.
— Жалпы ма, жоқ соңғы күндерді айтасыз ба?
— Жалпы, — деді Пастухов күліп.
— Жалпы алғанда он шақты жыл болды. Өз алдыма семья бола
бастаған уақыттқа дəл келеді. Бірақ, семьядан емес. Мені бұл күйге
жеткізген семьям емес, дұрысын айтсақ, семьяны қазіргі халге
жеткізген — мен.
Өзіңізді-өзіңіз тоқтатып көрдіңіз бе?
— Ішкілікке салынудан ба? Жоқ. Бұған көбінесе Ольга Ивановна
қайрат салып жүр. Менің ақшамды қалай конфискелегенін көрдіңіз бе?
Мен өзіме-өзім тыйым салып көрген емеспін. Керегі не?
— Сонда санаңыз жетіп, əдейі ішесіз бе?
— Ал, өзіңіз ше, санасыздықтан ішуші ме едіңіз?
— Санамызды жойғанша ішеміз, — деді Мефодий.
Парабукин ешкімнен сескенбей-ақ еркін күле бастады. Ажары гүлгүл жайнап, бойындағы Самсонның қайраты бойына қайтадан
жанданды, мүсіндей болып бойы өсті. Пастухов онан жабысқақ
көздерін алмай, алдында тастан жасаған атлант тұрғандай-ақ ұялмай
үңіле қарай, зерттей бастады.
Цветухин Тихонның кеудесіне қолын салып:
— Сұлу емес пе, Александр, а? — деді.
— Дұрыс айтасыз, — деді Парабукин. — Ольга Ивановна менің
қатемді кешіргенде, басын тап осылай салып (ол Цветухинніц қолын
қағып, кеудесіне басты) «Тиша, менің Тишам, өзіңді-өзің неге
қинайсың, сондай сұлусың?» — деп жылап қоя береді.
Қөзіне мөлт етіп жас желді де, өксігін баса алмай күрсінді.
— Арақ əсер етті ме? — деді Пастухов.
— «Өзіңді-өзің неге қинайсың? — деді Парабукин əңгімесін бөлмей
қиялданып. Тоқта, Тиша, өткен өмірге қайта орал. Сен поезд
бақылаушысы болсаң, ақ жағаңды крахмалдап берер ем, Аночка
мектепке барып, мен Павликті бағар едім, — қандай жақсы болар еді.
Тоқта, — дейді Ольга Ивановна».
— Сонда сіз не дейсіз? — деді Цветухин.
— Мен: «Эх, Ольга Ивановна! Өмірдің аралас поезы келе жатыр, оны
қалай тоқтатасың? Мүмкін, біздің поезымыз Мешковтың мынау түнеу
үйіне келіп тұйыққа қамалған шығар, екеуіміз сірə осы тұйықтан шыға
алмаспыз» деймін. Сонда əйелім: «Мүмкін бұл тұйық жол емес, станция
шығар?» — дейді. — «Я, станция екені рас. Бірақ, осы станцияда мен
қап арқалап жүк тиеуге тиістімін». —«Жоқ, — дейді Ольга Ивановна,
біздің мынау түнеу үйімізді станция көретіндер өмір үшін арпалысып
сен арпалыспайсың. Арпалыс Тиша, - жалынамын, арпалыссайшы сен
де» — дейді.
Парабукин тағы бір өксіп, бос тұрған стаканға ұмтылды.
— Тағы бір жұтым рұқсат етсеңіз.
Пастухов қолынан стаканды алды.
— Жоқ, жетеді, — деді.
Ол Парабукиннен жалт бұрылды, бет ажарына қарағанда жиіркеніп
зерігіп кеткендей, ол əлі мұрты шағылмаған столға жабырқап қарады.
Үйіңізде тұратындардың ішінен бізге бір көрнекті адам ұсынасыз
ба?—деді Цветухин өте жұмсақ дауыспен.
— Ол үй менікі емес, ол үй Мешковтікі, — деді Парабукин
ашуланып. — Соған айтыңыздар. Оның үйі осында, сіздер соның
қорасында отырсыздар.
— Көргенше қош болыңыз, — деп Пастухов стол үстінен жалт
бурылды, əлі ауыз да тимеген қалаш пен шошқаның етін Тихонның
қолына зорлағандай тыққыштады. — Мефодий, шығарып сал.
Парабукин шықты, бірақ кеудесін керіп, шығып, кетті, бірақ
баспалдақтан ауыз үйге аттап шыға бергенде еденді пəрменімен
тарпып қалғанда үй дірілдеп, əр бұрыштан қаптаған тақтайлар
сықырлады.
— Əдепсіз! — деді Пастухов.
Мефодий стол басына отырғаннан кейін, барлығы аса зор
құрметпен тым-тырыс тамақ ішуге кірісті. Қияр мен редискалар
күтірледі, мазасы қашқан жасыл жуа иісін жая бастады, шошқаның сүр
еті туралып, сылдырлап арақ құйылды. «Кеттік», — деді достар бірінші
рет дауыстарын баяу шығарып. «Кеттік», — деді екінші ретте одан гөрі
қаттырақ дауыстап. «Ке-е-ттік», — деп үшінші жолы үшеуі қосылып
əндетті. Сонан кейін Пастухов күліп, креслоның арқасына сүйеніп
шалқая жатып алып, Ресдисканы жаңғақша шартылдатып, сөйлей
бастады:
— Ақымақсың сен, Егор Цветухин! Ақымақсың! Мынау жалба-жұлба
болған соғылғандардың бəрі — жалқау немелер. Біреу осыларды
романтик деп ат қойыпты. Жұрттың бəрі соған сеніп, əуес қылып
алған. Сен де қармаққа түсіпсің — жұртқа қосылып алып, кезбелерді
қиялшыл данышпандар деп сендірмек боласың. Жаңағы жүн-жүн
болған жосықсызды көрдің бе? Ол бір жүрген жосықсыз маскүнем
неме, басқа түк те қасиеті жоқ. Сен онан ешқандай жаңалық таптың ба?
Таныс кейіпкерлер: ғой деймін.
— Мен оларды дəріптеп жүргенім жоқ, Александр, осының бəрін мен
көркемөнер үшін істеп жүрмін, — деп Цветухин Пастуховтың кемсіне
сөйлеген сөздеріне шын жауап қайтарды.
— Яғни бұл қалай? Сен жаңағыға ұсаған ішкілікке салынған жүн-жүн
біреуді сахнада айнытпай көрсетпек боласың ба? Мұндай дəлділіктің
керегі не? Сахнада тағы бір түнеу үй жасау үшін бе? Не үшін керек? Бар,
жоғарғы базарға баршы, сонда тағы бір түнеу үй бар. Сахнаның,
театрдың, көркемөнердің ондағы жұмысы қанша?
— Білем, білем,— деді Цветухин, — сен маған əлгі Гетенің қанден ит
туралы айтқанын айтпақсың ғой. Егер суретші қанден иттің суретін
айнытпай салып берсе, бір қанденнің орнына екі қанден ит болады, ал
мұнан көркемөнерге келер түк пайда жоқ — дейді ғой ол.
— Мінеки, неткен оқымыстысың? Мұнан жиырма, отыз жыл бұрын
Золя өмір шындығын бұлжытпай романға жазу керек екендігін өзінің
барша еңбегімен уағыздап отырды. Ол кітабында машинист туралы
жазатын болса, əуелі көру үшін паровозға мінеді екен, шахталарға
түсіп, сауық үйлеріне де барып жүріпті дейді. Мен жуырда ескі француз
журналдарын қарап отырып, оның «Париж» деген романы жарыққа
шыққаннан кейін басылған бірі карикатураны көрдім. Көшеде, аттың
аяғының астында, Золя байғұс жатыр, көзінде жіп байлаған көзілдірігі
бар, басында цилиндрі жоқ, карикатураның астына: «Арбакеш қағып
құлатқан адамның сезімін тұрмысқа сəйкес суреттеу үшін Золя мырза
арбаның астына өзі құлап жатыр», — деп жазыпты.
— Жақсы — деді Мефодий рақаттанып, — тағы да арақ құйды.
Бұлар өзара күліп, арақ ішіп, азырақ, тамақ жеді, — тамаққа
зауықтары соқпай қалған еді. Пастухов сақтияннан жасаған үлкен
порцигарын шығарып папирос ұсынды, темекі тартып достар
шұбатылған көк түтінге бөленіп отыр. Цветухин шынымен таңғалып
сөйлеп отыр:
— Александр, сен консерватор екенсің. Біздің сахнадағы ең артта
қалған ескішіл адамдардың сөзін сөйлеп отырсың. Артист нағыз өмірді
зерттеу керек, сен осыны қалай мойындамайсың? Мынауың
надандықты жақтағандық қой!
— Мені сөзбен қорқытпа, Егор. Мен суретшімін, надандықтан сөзден
қорықпаймын. Сөзден қорқатын газетшілер ғана, өйткені олар əрбір
сөзге оның мағынасынан артық баға береді.
Пастухов төс қалтасынан кішкене қызыл кітапшасын алып қарады,
бірақ іздегенін таба алмай, жайлап асықпай сөйлей бастады:
— Мен бір əңгіме естідім! Жуырда: Лев Толстой бір көрде мүмкін
шай ішіп отырғанда ма біреуге былай депті-мыс: сөз шебері болуға
лайықты қасиет — жанын əpi жоғары шырқап, əрі құлдилап темен
қулағандай. Сонда екі арадағы сатының бəрі өзіне мəлім болады, оны
шебері суретші сол əртүрлі сатыда тұрған адамдардың өміріне
қиялымен еркін жете алады, депті.
— Неткен тамаша! — деп Мефодий тағы да араққа жармасты. — Бұл
Золя туралы айтқандарыңыздан анағұрлым жақсы. Күштірек. Бұл
керемет тамаша айтылған сөз, а? Рас па, Егор, а?
Көнтиген аузын ашып, ол əңгімені бар ықыласымен тыңдап отыр,
бірақ оның көздерінде əңгімені түк қалдырмай түгел естиін деген
тілектен басқа, түсінігі айтушының аржағын орап жатқандығын
сездіретін бетінде бір күлкі бар еді.
Пастухов кітапшасын тағы ақтарып қарады да, оның керекті бетін
насаттанып сипалап қойды.
— Мен Бальзактың мына сөздерін жазып алған едім, «Ерекше
ақылды адамдардың еншісіне тиген қырсықтың бірі —олар не
нəрсенің болса да — ізгіліктің де, жаманаттың да ықтыярсыз шыңына
жетеді».
— Мұнда қандай байланыс бар? — деді Цветухин иығын қағып, —
тұрмысты зерттеу керек деген пікірге қайшы мұнда не бар?
— Қандай байланыс барлығын байқамадың ба? Толстой суретшіге
тəн қасиет — оның жаны əрі жоғары шырқап, əрі құлдилап құлай
алатын болуға тиісті, дейді. Бальзак: ерекше ақылды адамдар ізгіліктің
де, жаманаттың да ықтиярсыз шыңына кетеді, дейді. Байланыс қасиет
пен ықтыярсыз деген екі ауыз-ақ сөзден тұр. Бұлардың екеуі де
суретшінің немесе ерекше ақылды адамның бойына біткен белгілі бір
қасиеттері туралы түсінік береді, жақсылықтың да, қырсықтың да
шынына жету олардың табиғатына біткен қасиеттері, олар ізгілікті де,
қырсықты да ықтыярсыз, амалсыз жете ұғынады, дейді. Қиял дүниесі
— міне суретшінің немесе ерекше ақылды адамның асыл негізі қияли
тұрмыс, соны зерттеу. Есінде болсын — Толстой жаныңмен биікке
көтеріліп жəне құлау туралы айтады. Жаныңмен дейді, қымбаттым
Егор, яғни басқаша емес, бəз-баяғы қиялыңмен деген сөз. Əйтпесе
жоғарыда айтқан Золяның карикатурасындай болып шығар еді. Демек,
құлдилап құлау дегеніміз — тек қиялда ғана емес, тұрмыста да
оңбағандық жасау, ұрыны, жан жүйесін жете ұғыну үшін ұрлық жасау
деген болып шығар еді. Міне тұрмысты осылай зерттеуге Толстой да,
Бальзак та қарсы.
— Олай болса, Бальзак ерекше ақылды адамның ізгілік пен
Жаманаттың
ұшығына
жетіл,
ықтыярынан
тыс,
амалсыз
ұғынатындығын не себепті қырсық деп атайды.
— Не себепті деймісің? Меніңше...
Пастухов күліп жіберді, шын пейілмен көңілдегісін айтып салды.
— Дұрысын айтқанда, мен мұны ойлағаным жоқ. Менің ойыма бұл
ойламаған жерде жаңа ғана түсіп отыр. Бірақ мен реалист Бальзак пен
Толстой бізді алдағанын жақсы білемін. Бұлар бұрын-сонды болмаған
ең қияли суретшілер. Олар бəрін ойдан шығарып, бəрін де жазып кетті.
Олар нағыз өмірді бұлжытпай оның суретін жазған жоқ, Олардың
кітаптары — нəзік қиялдың жемісі, Сондықтан да шығармалары
тұрмыстың өзінен бетер нанымды келеді. Менің жалғыз ғана айтарым
— менің ой өрісім көркемөнердің құдайы. Ой өрісі ұшқыр қиял дегенге
түсінемісің? Мен қиялда түнеу үйдің қандайын болса көремін, сондайақ Египет перғауының мұжықтың мəстегін, немесе мемлекеттік
думаның мүшесін де көремін. Менің ұшқыр қиялым шырқайды да,
құлайды да, мен қиялмен жақсылық та, жамандық та жасаймын. Мен
ойменен, қиялменен тамашаға да, жиіркенішті нəрсеге де душар
болам, өйткені мен суретшімін.
Ол рюмкасын көтерді.
— Суретші үшін, көшірмешіге қарсы! Толстой үшін, Золяға қарсы!
Көркемөнердің құдайы — қиял үшін көтерейік!
— Кеттік! — деді Мефодий.
Бұлар мас бола бастады. Тамақ тоз-тоз болып ыдырап көз
қызықтырудың орнына жемтікке айналды, темекінің қалдығы күл
тастайтын ыдысты таба алмай, адасып кез келген тарелкаға түсті.
Мефодий пештен табаға бөктірген етті əкелгенде, темекінің түтіні.
сезіліп, тұздықтың буына орын берді, лавр жапырағы мен бұрыштың
исі аңқыды, тамақ зауқы қайтадан соқты. Бұлардың дауыстары
қаттырақ шығып гуілдей түсті, сөздерін қысқа қайырып сөйлей
бастады, мағнасыз сөздер көңілді өткір əзіл сияқты көрінді.
— Сен — мас қарақшысың, Мефодий, — деді Пастухов, — бірақ
астын дəмін біледі екенсің. Мен сені жақсы көрем.
— Мен маскүнеммін бе? — деді масаттанып Мефодий. — Еш
уақытта бөліп көргенім жоқ! Маскүнем адам арақты ішкілік үшін ішеді.
Мен арақты тамақ жеу үшін ішемін. Өзімді-өзім билей алам, мен — өз
сөзіме өзім еркін қожамын. Маскүнемнің сөзінде тұрлау бар ма?
— Тұрлау бар,— деді қарқылдап күліп Цветухин. — Ол, əрине, мұнан
былай арақ ішпеймін деп серт береді. Сонымен екі күн ұдайымен
аузына апиын шығын да алмайды.
— Бері қараңдар саңырау құрлар, — деді Пастухов. — Тыңдаңдаршы!
Не деген тіл, а? Апиын шығы! Егер маған арақ заводым болса, мен
арағыма «Шық» деген ат берер едім. Осы сөздің астына, этикеткаға,
жақшаның ішіне алып, ұп-ұсақ əріптермен «апиынның шығы» деп
жаздырар ем.
— Сен онда Крез болар едің! — деді дауыстап Цветухин. — Арағың
тез өтер еді! «Шық»!
— Шық керек пе? Шық тамызайын ба? — деді Мефодий күбірлеп,
рюмкаларға арақ құйып жатып: Ащы етті əдетім жақтырмайтын, сүр ет
қымбат, арзанға саттырмайтын, жанға серік бəрінен «шығым» жақсы,
əрі арзан, əрі бал таптырмайтын,— деп өлеңдетті.
Бұлар у-шу болып отырып, біреудің салмақпен қайта-қайта
дүрсілдетіп терезені қаққанын естімей қалды. Мефодий ауыз үйге
шығып, кепке дейін келмей қойды. Сонан кейін оның артынан достары
да шықты.
Есік алдында туырылған төзімді матадан тіккен пиджагі бар бір кісі
тұр, төрт түймесін түгел салған, басында қатырма қалпағы бар,
қолындағы күмістеген таяғының жонып тастаған бұтақтарының орны
əр жерінен көз сияқты аларып көрінеді. Екі жағына айырып тараған
сақалы, үрпиген қою қастары, қасының астындағы шүңірейген зілді
көздері, маңғаз толық денесі — осының бəрі қаталдықты жөне істеген
ісінде қате жоқ деп өзіне-өзі əбден сенген ерекше тəкаппарлықты
көрсетеді, жасы қырықтан аз-ақ асқан болса керек, ақсары сақалына
жаңа ғана қылау түсіп, екі тал сақалы ағарыпты.
— Меркул Авдеевич, үйіміздің қожасы, — деді Мефодий.
Мешков қалпағын көтерді.
— Мазаларыңызды алғаныма, мырзалар, кешірім сұраймын. Мынау,
шырағым, осында əдейі шақыртумен келіп едім дейді. Бірақ неге
шақырғанын айтқысы келмейді.
Есік алдында екі шынтағын тізесіне тіреп, шалжиып Парабукин
отыр. Қалаш пен шошқаның еті əлі қолында, шетінен аздап жеген,
тəтті тамаққа үймелеген шыбынды қондырмаймын деп қуалайды.
Жоғары сүзе қараған көздерінде кінəлі адамның түрі бар.
— Жарты стакан бермейсіздер ме? — деді ол.
— Апиынның тамшысындай да берілмейді,— деді Пастухов жұлып
алғандай.
— Есіттің бе, шырағым? — деді Мешков таяғының сабымен
Тихонды иыққа түртіп қалып.— Қорадан шық, мұнда сенің тук шаруаң
жоқ, шық деймін.
Парабукин зілді орнынан тұрды да, бəріне кезек-кезек қарады.
Өзгелерінен гөрі Цветухин қайырымды сияқты көрінді ме қалай,
əйтеуір соған көзін тоқтатып, оған жалынышты пішінмен күлімсіреді,
бірақ актер басын шайқады,— жоқ, мынау тасбауыр адамдардан көп
қайрым сұрауға болмайды екен!
— Бутербродты жеп қойсаңызшы, құр əшейін қолмен езгілеп
қайтесіз? — деді Цветухин.
— Бұл... бұл менің өз жұмысым, ықтыяр өзімде,— деді Парабукин,
үнемі жүк көтеріп қалыптанған кəкір аяғын теңселе басып, есікке
қарай жүрді.
Цветухин Пастуховқа қарап, үсік қолын шошаңдатты.
— Түсіндің бе?
Пастухов ешнəрсеге түсінбегендей оған қарап үн-түн жоқ көздерін
жыпылықтата берді.
Мешков Тихонды есікке дейін шығарып салды да, есікті дұрыстап
жауып, ілгегін салды, тағы да қалпағын шешіп бас иіп қоштасты.
— Жоқ, жоқ енді үйге кіріңіз,— деді Мефодпй. — Жоқ, сөге
жамандамаңыз, тым болмаса жылына бір рет пəтеріңізде тұрған
кедейдің үйіне кіруіңіз керек.
— Өтінеміз, өтінеміз, — деп Цветухин оп-оңай, жап-жайдары адам
бола қалды.
— Өтінем сізден, қашпаңыз! Өтіп бара жатқан мерекенің құрметі
үшін апиынның шығынан ауыз тиіңіз.
Олар осылайша елбеңдеп бастарын изесіп, əдеппен кейін
тартыншақтаған Меркурий Авдешич Мешковты қояр да қоймай
бөлмеге енгізді.
6
Түрліше өмір сүруге болады. Бірақ тұрмысың қалай? — деп ар-ұяты
сұрақ қойғанда, ойдағыдай дұрыс өмір сүріп келемін деп жауап қайтара
алатын адам кемде-кем. Тіпті өзін-өзі алдаумен əдеттенген адам да
аяғын қате басқандықтан, жаман əдеттерінен немесе өзінің
ынсапсыздығынан өмірін өне бойында дақ болып қалған кем-кетіктер
мен ой-шұқырлар табар еді. Ал оңашада өзімен-өзі ішінен əділ сөйлесе
алатын адам өзінің кемшіліктерін айқын көретіні сондай, ол өзін-өзі
қорғау мақсатынан күн кезінде де дақ бар деген мəтелді көңіліне
жұбаныш етеді.
Түбінде бір өлетін бенденің бəрі күнəлі деп түсінгендіктен
Меркурий Авдеевич азды-көпті күнəларын да шын шетімен
мойындаушы еді. Ол өзін-өзі күнəлі адаммын деп қана қоймай жыл
сайын жұмысының ыңғайына қарай оразадан бір ай немесе бір жеті
бұрын күнəларына кешірім сұрап, бар ынтасымен тəубе келтіретұғын.
Алайда есі дұрыс адамша ойлап қарасаң (ал Меркурий Авдеавич есі
дұрыс адам) əрине, құдай алдында жəне рухани аталар алдында емес,
өзіңе-өзің немесе адамға, əсіресе адамға тəубе келтіретін түк жоқ.
Өйткені Меркурий Авдеевич дұрыс өмір сүріп келеді. Яғни өзінің арұятының талабына сай, бұл дүниедегі болмыстың тіреуіне сүйенетін.
Ол осы тіреудің бірі енбекті сүю деп білетін, шынында да жұрттың
бəрінен еңбекті сүюді талап етіп, өзі де еңбек еткенді жақсы көруші еді.
Ол бала жасынан бастан бір күнін де енбексіз бос өткізген емес, кеше
терген тасына, бүгін тағы бір тас қоспай көрген емес. Тұрмысының
бұндай қалпы оның қанына əбден сіңіп кеткендігі сонда, басқаша
өмірдің қандайы болса да ол үшін су түбінде күнелткен көгерінің бар
дегенмен бірдей, жаратылысқа мүлде жат нəрсе сияқты көрінетұғын,
ол тек кеше терген тасына еңбектеніп бүгін тағы бір тас қоса алатын,
сөйтіп осы кəсіптің соңында жүріп бітпейтін бір есеппен өмірінің
шегіне өзінің бейбіт ажалына ұмтылатын адамдарды ғана сыйлайтын.
Меркурий Авдеевичтің жоғарғы базарда шаруашылық товарлары
мен бояу-сыр сататын дүкендері бар жəне Еділдің бойында бір-біріне
қарайлас екі жер учаскесі бар. Осы учаскелерін ол «жұрт» деп атайды,
біреуін кіші жұрт, біреуін үлкен жұрт дейді. Бірыңғай ағаштан
салдырып, кілең көк сырмен бояған Мешковтың өзінің үй-қорасы осы
кіші жұртында. Мұнда Меркурий Авдеевичтің шағын семьясы мен
(оның Лиза деген жалғыз қызы бар) дүкенде істейтін жас
приказчиктер тұратын екі этажды үйі бар, онан басқа екі флигель1 бар:
оның кішірегінде Мефодий тұрады, екіншісі үлкенірегі есік алдында,
ол темір жол депосының слесары Петр Петрович Рагозинге жалға
берілген. Онан кейін қора-қопсы — кептіргіштері бар баздар; жаз
болса приказчиктер осында тұрады. Үлкен жұрттың көп жері бос,
қурай мен қызғылт мальва басып кеткен, оның бір жағында тас үй бар,
түнеу үй баяғыдан сонда, жəне аңырайған үлкен лапас бар, оны
Меркурий Авдеевич арқан есетін өндіріспен бірге сатып алған. Осы
арадан, лапастан, күн жылы болса, ағаш баржаның қарағай исі келеді,
ескі арқанды тарқатып, түтіп мүкке айналдырып жатқан əйелдердің
əні естіледі.
Мешков адал-мүлкін тірнектеп аз-аздап құрастырды, азабы да аз
болған жоқ. Түнеу үйінің тауқыметі, мəселен, көңіліне жақпайды — ол
салдыр-салақ көнілсіз бір дүние ғой, бірақ ол үйді басқа мұқтаж үшін
қайта салуға өте көп қаражат керек. Лабаз жер рентасын əрең өтейді,
бірақ ол араға басқа үй салатын уақыт əлі жеткен жоқ. Ал реніштің ең
үлкені мынада — Меркурий Авдеевич үлкен жұртын бүкіл кварталды
алып жатса деп ойлады, бірақ түнеу үйдің аржағында, қурай мен
мальва басқан бос жерге жалғас бастауыш мектептің атамзаманғы ескі
үйі тұрған жер бар жəне осы байлықтың иесі қалалық басқарма да сол
арада, ол өз үлесін ешкімге берер емес. Сондықтан Мешков мектепті,
оның азан-қазан болған тентек балаларын, мұғалімдерін өте əдепсіз
деп жек көріп кетті, əзі оқуды, оқымыстылықты жақсы көре тұрса да,
оларды сонша жек көріп кеткеніне өзі де таңғалатын.
Ол шынында да оқымыстылықтың қандайын болса да кəдірлейді,
дəрігерлерді — медик деп, сот қызметкерлерін — юриспрудент,
жаратылыс тарихынан сабақ беретін оқытушыларды — натуралист
деп атайды, атағанда бір түрлі дауысымен тəжім еткен адамдай мата
қамдап айтар еді. Бірақ оған жаңа оқу мен оқымыстылық қолы
жетпейтін жат дүние, сондықтан ол тек сыртымен қорқа сөйлеп,
жаңағы айтқандай дауысымен абайсыз тəжім еткені болмаса, онан əрі
бара алмайтын-ды. Ал діни оқуды ол ерекше қадір тұтады — ерте
кезден, тиындап дүние жинай бастаған уақытынан бастап-ақ ол
шіркеудің Кітапқұмар қарияларын төбесіне көтеруші еді. Бояушыға
қолбала болып саудаға жаңа үйрене бастаған кезінде-ақ дүкеннің ішін
сыпырар алдында шəйнектен еденге су құйып, иректетіп сегіз цифрын
салып жүргенде, шіркеуде естіген уағыздарының қиын сөздерін
жаттап жүретұғын, оның алғашқы алған білімі де осы болды. Қазір,
жасы толған көзінде, ол қыстың кейбір кештерінде сопылардың тар
жатағына барып, миссионерлер мен өзге діндегілердің бірін-бірі ірепсойып, сөз таластырғанын тыңдап қайтатын, ал Мешков ақшаның
сырын қалай жақсы білетін болса, олардың сөздерінің түпкі сырын да
сондай жақсы ажырата білетін. Аласа шіркеудің дəл ортасында,
мінберде тұрып май шамның жалпылдаған жарығы түскен сопылар
əлсін-əлі быттиған беттерінің терін сүртіп, алдында өзі сияқты
мінберде тұрған діндесін немесе ескі дінді жақтаушыларды жерден
алып, жерден салады. Ұзақты кеш осында «православие дінін
бұзушыларға» жекіріп жатқандарын естисің, шаштары иығына түскен
қаба сақалды біреулер: «Сақал қырып мұрт алу християн тақуалығына
мүлде қарсы емес, əсіресе мұрт алу да кейде қажет» деп өзектеп
жатады. Ал оған ұқсаған таты бір сақал-шашты біреулер өздерін
«сақалшылар» тобындамыз дейді, сөйтіп аналарға қарсы шығады.
Шариат, Жүз сүре кітаптарын, Иосифтің иман шартын сілкілеп, «сақал
алудың күнəсін азаппен төккен қанда жуашақ, емес» деп соғады.
Мешков осы сияқты егес сөздердің семинария салған даңғыл жолын —
ақиқаттың ережелерін, оған қарсы қағидаларды, «Өйткені ең алдымен»
«өйткені одан кейін» дегендердің бəрін сатылап өзінің сақ санасына
сала берді. Өзіне ұнаған кейбір аталы сөздерді түгелдей жаттап алады,
үйіне қайтып келгеннен кейін, өзінің қой ауызынан шөп алмайтын
жұбайы Валерия Ивановна түгел айтып береді, мəселен былайша:
— Тыңдашы Валюта, иеромонах Зиновий табиғаттан жаралған түк
туралы былай дейді: «Өйткені түк атаулы жаратылыстың ісі, діннің
құдіреті емес; біздің түгіміз қияқ көп сияқты немесе сазды жерге өткен
құрақ сияқты; демек, ол өзінен-өзі киелі немесе қасиетті болып
саналмайды. Сақал-мұртын алдырған адамның да ниеті таза болуы
мүмкін, ал, керісінше, сақал-мұрты бар адамдардың арасында да
күнəһар зұлымдар жоқ емес. Сондықтан, сақал алып, мұрт қырқуға
қарсы не бар? Дана сөз емес пе Валюта? Ал дінге іріткі салушылар
неше саққа жүгіртіп ақиқатқа мойын ұсынғылары келмейді. Сақал
құдайдың бейнесі, сондықтан оны қырқуға заң жоқ, дейді. Сонда
Зиновий атай оларға былай деп орнынан тұрғысыз жауап береді:
«Олай емес; үйткені: а) құдай тəнсіз рух, сондықтан онда сақал да, мұрт
та жоқ; б) сақал-мұрты жоқ жас балалар мен əйелдер құдайдың пендесі
емес пе екен?». Асқан даналықпен айтылған сөз, Валюта, асқан дана
сөз.
Өзінің зеректігіне насаттанып, əрі еретиктерді жермен жексен
болғанына тасып, Меркурий Авдеевич сақалын сипап күледі:
— Сақалшылардың қисынсыздығын қарашы! — дейді.
Дін оқымысын ол үлкен санайды, ал жаңа ғылымды онан кем деп
біледі, сондықтан егер бұлар да семья қатынастары сияқты өзара
байланысты болса, оның кітап қоятын этажеркасында шіркеу-славян
баспасөзі мүмкін азайған да болар еді. Бірақ ол ғылымды əкесінің
үйінен безіп, қайтып оралғысы келмейтін адасқан ұл сияқты көреді.
Сондықтан оқымысты адамдарды сыйлағанда Меркурий Авдеевич бір
жағынан сақтық жасайды: кім біледі, əлде медиктер мен натуралистер
дінге қарсы, əлгі «өз бетімен шоқынғандармен» немесе
«жаназашылармен» ауыз жаласқан біреулер ме? Олардан аулақ жүру
керек, осынан дұрысы жоқ, деп ойлайды.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алғашқы қуаныш - 03
  • Parts
  • Алғашқы қуаныш - 01
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2221
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2187
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2105
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 04
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2139
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 05
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2170
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 06
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2209
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 07
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2153
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 08
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2136
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 09
    Total number of words is 3869
    Total number of unique words is 2136
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 10
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2253
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 11
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2161
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 12
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2249
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 13
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2112
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 14
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2190
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2140
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 16
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2142
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 17
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2318
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 18
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2145
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 19
    Total number of words is 3941
    Total number of unique words is 2208
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 20
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2290
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 21
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2172
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 22
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2182
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 23
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 24
    Total number of words is 3246
    Total number of unique words is 1802
    39.4 of words are in the 2000 most common words
    54.5 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.