Latin Common Turkic

Алғашқы қуаныш - 03

Total number of words is 3928
Total number of unique words is 2105
35.8 of words are in the 2000 most common words
51.5 of words are in the 5000 most common words
58.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Сондықтан өзінің сауықшыл пəтершісі Мефодийдің үйіне Меркурий
Авдеевич екі ойлы болып кірді, ішінен қызық кергенімен, сақтық
жасады, өйткені бір жағынан актер Цветухинді таныса, Пастуховты
бұрын-соңды кездестірмеген некен-саяқ біреу боларсың-ау деп
топшылады, екінші жағынан, арақ шіркін көкейін тесіп барады, бұған
келгенде ол өзін-өзі ойдағыдай еркін билеп алмаушы еді.
— Алыңыз — деді Мефодий толтыра құйған бүйірлі рюмканы
ұсынып, арақ төгіліп саусағынан тамшылады.
— Қойыңыз, — деді ол дауысымен тəжім етіп. — Мен шарап
ішпеймін. Титтей ғана болмаса, ішпеуші едім.
Осы арада Пастухов пен екеуінің көздері бір-біріне ұшырасты.
7
Меркурий Авдеевичтің алдында отырған жас жігіт толықтықтан
денесі босап, қартамыш адам сияқты көрінеді. Оның келбетті, сабырлы
жүзі жай қазір қарап отырған адамнан гөрі өзінің артықшылығын
сездіргендей, бірақ аузы мен беті ыржиып тек бер жағымен сыпайы
күледі, ал көздерінің мынау сабырлы жүзі мен əншейін əдеп сақтау
үшін ыржиған күлкісіне ешқандай қатынасы жоқ, сияқты, ол қомағай
салқын көздерімен кісіні жеп барады. Мешков оның көзінше бір
қарады да құрыдым!—дегендей болды. Бірақ қазір ысқаяқ күлкісі дір
етті, мынау елден өзгеше кісі маған қарап білімді сөз бастайды ғой деп
ішінен көңілденіп, тіпті мақтаныш етіп отырды.
Шынында да Пастуховтың беті күл-күл жайнап, көздері бет
ажарымен бірге құбылып Мешковқа рюмкасын ұсынды.
— Қой, жоқ нəрсені айта бермеңіз!—деді ол əдеппен бір жағынан
оған еркінси сөйлеп.— Сіз арақ ішпейді дегенге кім нанады? Тақуа емес
шығарсыз немесе киелілер армиясындағы бəйбіше емессіз ғой.
Жоқ, Мешков мұндай сөздерді бұрын естімеген тəрізді! Ол бұл
сияқты сөздерді білімді адамнан мүлде күткен де емес, бірақ сөздері
бір түрлі тың естіледі. Ол «Тақуа» деген сөзге ерекше таң қалып, күлді.
— Олай болса мейрамыңыз құтты болсын,— деді ол бəлдемсігенді
былай қойып.
Мұртын екі жағына қарай айыра бір сипап арақты қағып салды.
— Ертеңгі дұғаны қай жерде тыңдадыңыз? — деді
Пастухов, Мешковқа ең алдымен дəл осындай сұрақ беру керек деп
топшылап.
— Мен пасха кезінде таңертеңгі дұғаны ескі семинарияның
шіркеуінде тыңдайтын əдетім болушы еді, — деді Мешков шынында
да ақылы көп адамға кез болдым-ау дегендей риза болып.
— Қалай, бурсактар2 əн салуды ұмытпап па екен?
— Жоқ, дəстүрді сақтайтын көрінеді. «Айса пайғамбар тірілді» деген
сүрені күңірентіп грек тілінде: «Христос анэсги эк некрон» деп айтып
берді.
— Ах, күңірентіп дейсіз бе? — деді Пастухов езу тартты.
— Бұл біздің бурсактардың сөзі ғой: күңірентіп үн қосамыз, демеуші
ме еді, — деді Цветухин.
— Семинариядағы кезіңізде «саналы қарақшы» дегенді талай əнге
қосқаныңыз əлі есімде,— деді əдеппен Мешков.
Сіз мені таныдыңыз ба?
— Сіз сияқты атақты адамды танымауға бола ма? Мен театрға
бармаймын, — бірақ сіз ара-тұра осында үнемі келіп тұрасыз, шіркеуде
де көремін сізді. Биылғы пасхада да шіркеуде клиросқа3 шығып əн
салды деп естідім.
— Я, əн салдым.
— Не дейсің, Егер?—деді таңырқап Пастухов. — Стихир4 айттың ба?
— Стихир.
— Оның керегі не?
— Солай, Александр. Біз бурсакбыз ғой. Біздің ішіміз бұрып тұрады.
Жастық шақ, семинарияның каникулдары есіңе түседі. Пасха сондай
қызық болушы еді — жұрттың бəрі жақсы киінеді, шоқпардай қылып
галстук байлап алады, жолға корзиналарын даярлап, төсек-орынын
буып-түйеді: таңертеңгі жəне түскі дуға — ақырғы намазымыз. Оқисың
да босап демалысқа шығасың, үйді-үйіңе тарайсың — біреулер уезге,
бірсыпырасы ауылдарына тарап, семинариядан кеткенше асығады,
кеншілік орнайды да қалады! Балалар əке-шешесіне асығады!
Қуанғаннан тұла бойың қалтырайды.
— Дұп-дұрыс, Егор! — деді Мефодий əлденеге елжіреп — Шынында
да қалтыраушы едік. Сахнадағыдай əсерлен есін.
— Сен сахнада ешуақытта ешнəрсеге əсерленіп көрген жоқсың,—
деді миығынан күліп Пастухов. Бірақ Мефодий оның сөзін елең
қылмай:
— Осы күнге дейін баяғы семинариядағыдай үстіме бешпет
кимесем пасха-пасха сиқты көрінбейді,— деді.
— Актер болғаныңа болайын!—деді кесірленіп Пастухов.— Сахнада
əсерленеді! Неге əсерленеді? Бешпетке əсерленеді!.. Сенің бурсактың
лирикаңа, Егор мен сенбеймін. Əншейін сəнқойлық. Осы күнгі ұлы
актерлердің бəрі клиросқа шығады.
Апостолды оқиды. Сен де сол сəнқойлыққа еліктейсің, Көркем
театрдағылардан бір адым кейін қалғың келмейді. Олар түнеу үйіне
барса, сен де ере барасың. Олар клиросқа барса, сен де ере барасың.
Оларға подносқа салып дұғалы нан əкелсе, сен де маған əкелер ме екен
деп дəметесің. Осының бəрінен капустаның сасық сорпасының, исі
мүңкиді. Түсінесің бе?
— Жоқ, түсінбеймін,— деді мас болмаған есі дұрыс адамша
Цветухин таң қалып,— сенің неге ашуланып қалғаныңа түсінбеймін?
— Сенің сəнқойлығына кеимін. Сенің стихиді əсерленгендіктен
айтамын деген өтірігіңе кеимін. Сен оны атаққұмарлықпен айтып
жүрсің.
Ол редисканың құйыршығын саусағымен езіп, саусағын искеді,
редисканы столға лақтырып жіберді де, жиіркенген пішінмен:
— Сасық исі мүңкиді,— деді.
Мефодий жазалайын дегендей жұрттың бəріне ашумен арақ құйды.
— Актерға атаққұмарлықтан ұялатын түк жоқ,— деді ол ақыл
айтқан адамша, рюмкасын бір жоғары, бір төмен көтеріп, — атаққұмар
болмаса адам актер бола ма?
— Сен қай жөнді актер едің? — деді Пастухов тағы да кекетіп.
— Мен — актердің көлеңкесімін. Ұлы актер Цветухиннің,
көлеңкесімін!
Пастухов Мефодийды сынап үн-түн жоқ біраз тесіле қарап отырды.
— Актердің көлеңкесімін дейсің бе? Алайда сенің атаққұмарлығың
көлеңке емес.
Көз қарасына еліктеп, оған ұсап біраз үндемей отырды да Мефодий:
— Сіздің атаққұмарлығыңыз да ешкімнен кем емес қой, Александр
Владимирович,— деді.
— Бізге де даңқ дегенді жақсы көрмей болмайды,— деді Пастухов.
— Онысыз түк шықпайды. Даңқ біздің локомотивіміз.
— Сіз кім боласыз, танымадық, — айыпқа бұйырмаңыз? — деді
Мешков. Ол манадан бері бір сөзін босқа жібермей əңгімені түгел
тыңдап отырған болатын. Оған өте-мөте ұнағаны Пастуховтың баса
көктеп кісіні кемсіне сөйлейтін əдеті.
— Мен мынау аждаһалар үшін шатпақтап арға тұрмайтын бірдеме
жазып жүрген адаммын, — деп ол екі актерге «драп иегін қақты, бұлар
мені қылғындырып барады.
Бəрі де күліп, бір-біріне рюмкаларын ұсынды, ал Мешков үні құрып
сыбырлап:
— Демек, мен таланттардың арасында отыр екенмін ғой. Олай
болса, талант үшін көтеруге рұқсат етіңіздер, — деді.
Ол бұл рюмканы да қағып салды, əлдеқайдан құлақтары арқылы
басына күбірлеген көңілді тон келгендей болды.
— Сонда да, — деді табжылмай Мешков,—кім боласыз, абзалым?
— Ах, мазаңыз əбден кетті-ау! Мен Александр Пастуховпын. Ал
есіңізге ештеме түсті ме?
Меркурий Авдеевич екі қолымен столдың екі шетін ұстай алды.
Мынау шікірейген жігіт Владимир Александрович Пастуховтың
жалғыз мирасақоры екенін көре сала қалайша танымағанмын? Арсыз
көздері, салдыр-салақ сөйлеген сөздері нағыз əкесіне ұсаған. Күлгенде
де қарқылдап əкесінше күледі: үндемей отырып кенет ішінде бірдемесі
тарс жарылғаннан жаман қарқылдап күле жөнеледі. Беті, күтіп ұстаған
беттері, өні жап-жас бола тұрса да, салбырап бұғағына төніп тұр.
Я, əкесінің жаман əдеттері баласына да түгел жұққан тəрізді,
сондықтан да Меркурий Авдеевичтің жүрегі мұздап зығыры қайнай
түсті.
Владимир Алексавдровичтен алашағы, оны өле-өлгенше мойнына
алмай кеткені жəне тіпті мойнына салу мүмкін емес екені есіне түсті.
Бұл мəселе Пастуховтың темір жол басқармасында істеп жүрген
кезінде басталған еді. Пастухов бірсыпыра шаруашылық товарларын
сұрап өтініш жазған болатын, оны Мешков темір жолға жетістіріп
тұруға тиісті болды, жабдықтаушыдан ол, əрине, астыртын жылға да
алды. Товар келіп түскеннен кейін, темір жолды бақылаушылары
өтініштегі соманы толық қабылдамады. Мешков темір жолдан
шығынын өндіремін деп талай азаптанды, бірақ түк шықпады. Өзі
зиянға ұшыраған соң ол Пастуховқа жылғаны қайтар деді, бірақ,
біріншіден, ол кезде Пастухов темір жолдан шығып кеткен еді,
екіншіден, жылғаны ақиқат бергендігіне ешқандай дəлелі болмады,
бұл жағдайды ол Мешковқа көзбе-көз оңашада беті бүлк етпей өзі
айтты. Мұндай абиырсыздыққа еш лаж таба алмай, Меркурий
Авдеевич зығыр болды. Ол өзі адал ниетпен дұрыс өмір сүретін адам
болғандықтан, əркімнен де адалдықты талап етемін деумен зықысы
шығатын. Заказ бергенде жылға алу — темір жол қызметкерлерінің
ежелгі əдеті, сондықтан жабдықтаушының астыртын ақша беруі, ал
заказ берушінің онан ақша алуы бірін-бірі дұрыс адам деп санауына
бөгет болмайтын. Бұл екі жағына да ұнамды сыпайыгершіліктің бір
түрі болатын, ол — өтіп бара жатқан уақытқа тек ергені болмаса, оған
ешбір əсер ете алмайтын сағаттың музыкалы қоңырауы тəрізді бір
нəрсе ғой. Алайда, егер уақыттың өзі өтпей, тоқтап қалатын болса,
музыка ойнатудың керегі бар ма? Сондықтан Мешков та уəделі жұмыс
орындалмай қалған соқ əншейін дақбырт үшін шабыла берудің қажеті
жоқ деп ойлады. Сыпайыгершіліктің дəстүрі де осыны талап етеді.
Бірақ Пастухов бұл сияқты асыл ниеттен ада болған адам. Оның
түсінігінше сауда жұмысы тəуекелді керек қылады, ал тəуекелің сəтсіз
болса, ауыртпалығын саудагердің өзі көтеру керек. Сондықтан ол
Мешковқа былай деді: «Сізге осы не керек, Меркурий Авдеевич? Əлде
мені сізден пара алды демек боласыз ба? Бірақ біреуге пара береді деп
мен сізге ешуақытта да кінə таға алмас едім: сіздің адал ниетті адам
деген атағыңызды құрметтейтінім сондай. Осынан кейін Ол Мешковты
көшеде көрген сайын екі саусағын өзінің дворян фуражкасының
Қызыл жиегіне тигізіп, өте сыпайы күліп амандасатын болды.
Сол күлкі Александр Пастуховтың атын естіген кезде Меркурий
Авдеевичтің өңменіне оқша қадалды. Столдың екі жиегінен ұстаған
қолдарын жазбай:
— Ол не дегеніңіз, Александр Владимирович, ол не дегеніңіз,
есіміңіз маған əбден таныс. Марқұм Владимир Александровичей маған
азын-аулақ, бересісі бар еді,— деді.
— Бұл не дегеніңіз?—деді Пастухов миығынан күліп.— Əкемнің
бересісін менен өндіріп алғыңыз келіп отырған жоқ па?
— Сіздіңше қалай, Александр Владимирович? Мен ол дүниедегі
адамдардың абройын сақтау мирасқорлардың борышы ғой деймін.
— Əкемнің абройын сақтағыңыз келсе, ең жақсысы ол кісі үшін қам
жемей-ақ қойыңыз.
— Мен бір ғана сіз қам жасайды деп санаймын, Александр
Владимирович.
— Олай болса, есіңізде болсын,— деді Пастухов қызараңдап, —
əкемнен менің еншіме тигені — қиюы қашқан бір шкаф иен үш аяғы
қалған кресло. Оның ешқандай борышын өтей алмаймын, өйткені
атадан мирас болып маған ешқандай дүние қалған жоқ. Келіңіз,
марқұмның топырағы торқа болсын деп арақ ішейік те, осымен
əңгімені доғарайық.
— Жоқ,— деді Меркурий Авдеевич, рюмкасын кері тартып, — жоқ,
сіздің əкеңіз тірісінде менің тыныштығымды ойлаған жоқ-ты,
сондықтан менсіз-ақ өздеріңіз тілек айтып іше беріңіздер.
— Мұныңыз христиандыққа жатпайды! — деп Пастухов масайрап
қоя берді, күтпеген жерде достары да бұған қосылып күлді.
— Христиандыққа жатпайды дедіңіз бе? — деді қабағын түйіп
Меркурий Авдеевич, орнынан тұрып, аяғымен орындықты ысырды,—
маған христиандықты үйретпек болдыңыз ба?
Күлетін кезек енді бұған келген тəрізді, беті бүлкілдеп күле
бастағандай болды да, қайтадан басыла қалды. Көзіне қан құйылып,
тасырайып шарасынан шығып барады, түксиген қою қасы мен қабағы
қарыс жабылып кеңсірігіне төне түсті. Меркурий Авдеевич арақты
қылғып бір-ақ жұтқандағысындай құлағына зыңылдап қызу тоқ
келгенін сезді, бірақ бұл жолы. манағыдай көңілді ешнəрсе сезілмеді.
Мешков егер дауысын сəл қатты шығарса-ақ ішінде аласұрған ашулы
айғайды тоқтата алмайтынын жақсы білді, егер біреу-міреу оны
тоқтатпақ болса, ішінде бой көрсетпей бұғып жатқан жансебіл кекті
ыза бой бермес еді. Ол осы тоқтан бетер мас қылған қайратпен өзін-өзі
əрең тоқтатты. Айғайлаған да, жоқ. Шараптың үнін өшіріп тастады. Ол
əлде біреуді əшкерелейтін, мүмкін, тіпті оны орнынан тұрғызсыз егуге
жарайтын: оқыған мырзалар, артистер, юриспруденттер, деген
сөздерді жұмған аузын ашпай тағы бір айтып қойды. Міне, міне,
юриспруденттер! Ол едені сықырлаған тар бөлменің ішінде теңселіп
жүрді, юриспруденттерге — мынау еркінсіген мырзаларға бір қарады,
терезеден көшеге бір қарады, сонан кейін жалт бұрылып, тек дауысын
қатты шығармауға тырысып, булығып ақырын ғана:
— Жоқ, мырзалар... хриетиандық туралы.. ұрықсатым жоқ...
Ол өзін-өзі тоқтатпақ болып тағы да терезеге қарады, қаншама
ашуланып көзі бұлдырап тұрса да, көшенің бойымен асықпай-саспай
кетіп бара жатқан өзінің қызы Лиза əлдеқалай көзіне оттай басылды,
қасында жас жігіт бар, я, я, жас жігіті бар қасында, əлгі техникалық
училищенің оқушысы Кирилл Извеков, қызы көшенің күн түскен
жарық жағымен кетіп барады, үстінде мейрамда киетін гимназияның
қызыл қоңыр көйлегі бар, төсіне Мариивок гимназиясының формасы
сияқты сирень түсті бант аңдаған, барлық терезелері, көк қақпасы,
есіктері аңырайған ата-анасының үйі жəне Меркурий Авдеевичтің
телміріп қараған көзі жоқтай жігітімен кетіп барады, — О, құдай мұны
да көрсеттің, я, көрдім өзімнің қызым Лизаны жігітпен қыдырып
жүргенін, қасындағысы мектептің мұғалимасы Извекованың баласы,
Извекова да мынау мырзалар сияқты еркінсіген басасу неме, мүмкін,
сенімсіз натуралист əйел болар, əрине натуралист! Бұлардың бəрі де
натуралистер ғой, юриспруденттер ғой! Меркурий Авдеевичтің қызы
секеңдеп жігітпенен көшеде қыдырып жүр!— Я, Меркурий
Авдеевичтің ауызына өзге сөз түспеді, түсуге мүмкін де емес,
сондықтан ол ызаланып:
— Мен бүйткізіп қоймаймын, мырзалар, ғафу етіңіздер, бұлай
секеңдетіп қоймаймын!—деді де, үйден атып шықты,— жай емес,
жүгіріп те емес, атып шықты. Қатырғы қалпағы мен таяғын аласала
жүгіріп бара жатқан бойы еңкейіп басын иді:
— Cay болыңыздар, құрметті мырзалар!— деді.
Пастухов орнынан ұшып тұрып, терезеге барды.
Мешковтың сыртқы есікті қалай ашқанын, ол шығып кеткеннен
кейін есіктің ілгегі сылдыр етіп бір секіріп қалғанын көрді.
— Міне, мынаны жазуға болады!—деді ол асыға сөйлеп, суық сумен
жуынған адамдай алақанымен бетін уқалап.
— Бұл қиял емес, өмірдің өзі ғой! — деді Цветухин.
Пастухов оттық жақты, бірақ темекісін тұтандырмастан оттықты
бұрышқа қарай лақтырып жіберді. Үйдің күнгірт төбесіне,
қабырғаларына қарады, бірақ көзі түк көрмейді, ол мынау аласа үйден
шығып, аулада жүрген адам тəрізді.
— Бəрібір,—деді ол көңілі орнына түскен адамша. — Көргенбілгенің тозақ сияқты іште жата-жата тасқа айналмақ. Суретші сол
тастан не шауып шығарсам да өз еркім деп ойлайды. Шынында ол тақ
өмір бейнесін ғана жасайды. Қиял дегеніміз — əр нəрсені бақылап
байқаушылардың жемісі.
— Олай болса, кезбелер де қажетке жарайды той, осыған ризасың
ба?
— Жұртқа ұнаса, бəрі де жарай береді.
— Ал көркемөнер ше, Александр?
— Ең əуелі — жұртшылық сонан кейін көркемөнер.
— Александр! Ах, Александр!
Пастухов кішіпейіл тəрбиешілерше:
— Егор, шырағым, мен сені жақсы көремін! — деді.— Сен
орталықтан шалғай ел ішінде жүргеніңмен тамаша адамсың. Бірақ,
түсіну керек — жұрттың көңілін ауламай да болмайды. Сен де
кезбелеріңмен солардың көңілін аулап жүрсің ғой... Түсіндің бе?
— Əбден,— деді удай мас Мефодий,— сөз бар ма, тіпті өзінен-өзі
түсінікті болып жатыр...
8
Түкті кілем тəрізді дастарқанның үстінде шашылып гүл жапырақтар
жатыр, дастарқанның түгі суға түскенде аяғына жұмсақ тиетін қайраң
өзеннің түбіндегі құм сияқты. Аночка үлкен кітапты ақтарып қарап
отыр, сурет кездесе қалса, қолын кітаптың тысының астына аларып,
алақанымен дастарқанды сипайды.
— Сіздер столдың үстіне дастарқанды күнде осылай жауып
қоясыздар ма, əлде мейрам күндері ғана ма? — деп сұрады.
— Жай күндері басқа дастарқан жабамыз,— деді күліп Вера
Никандровна. Қайсысын артық көресің дастарқанды ма, жоқ суретті
ме?
— Суретті ақылым ұнатады, дастарқанға қолым сүйсінеді.
— Сен училищеге неге келмей жүргеніңді бізге айтпадың ғой.
— Сіз: ешқайда оқисың ба, жоқ па? — деп сұрағаннан кейін, мен
оқымаймын деп қана жауап қайтардым.
— Дəлшілін қарашы!
— Дəлшіл болғандығымнан емес, не сұраса соған тура жауап
беремдағы.
— Сабақта зерек болатын түрің бар.
— Оны қайдан білесіз?
— Мен — оқытушымын.
— Оқытушылар бəрін де күні бұрын біліп отыра ма?
— Бəрін біле бермейді, əрине. Бірақ сабақты еркін ұғып алатыныңды
байқап тұрмын.
— Осы қыстың алдындағы күзде шешем мені біржолата училищеге
берген-ді. Сонан соң Павлик туғаннан иейін, інішегімді бақтыру үшін:
мені оқуымнан шығарып алды. Əкем Еділде қыстыгүні жұмыс
істемейді ғой, сондықтан шешем тігінді көп тігеді. Шешем əйелдердің
бас киімін бүріп тіксе, жиырма тиыннан, бүрмей тіксе он тиыннан
сатады. Шешем бас киімге түйме қадайтын болса маған ілгек торлатып
үйрететін, ал бау тағатын болса, онысына да үйрендім.
Аночка кітаптың түгел бір бетіне бояумен салған суретке қарап
отырып, сөзін тоқтатты. Вера Никандровна баласымен екеуі қыздың
екі жағында, оның таңырқап жүз құбылған бетіне, көнтиген жоғарғы
ерніне, зілдей болып көзін жауып дір-дір еткен қабақтарына қарап
тұрды.
Қыз əбден еркінсіп алды, Кирилл ертіп əкелген ыңғайда-ақ ол,
ентігін баса алмай тұрса да, Извековтардың үйін əбден аралап көріп
шыққан. Бұлардың ескі шіркеу сияқты терезелеріне шойыннан тор
салдырған подвал пəтерге мейлінше қызық көрінді. Үлкен бөлменің
ішіндегі кітап қойған шкафты көріп, тар жерге таудай қылып кітап
үйген екен дап таң қалды.
— Мынау не? — деді.
— Бұл пароходтың кесігі,— деді Кирилл.
— Кесігі несі? — деді таңырқап, бір қағазға, біресе Кириллге, біресе
оның шешесіне қарап.
Олар күліп жіберді де, Кирилл:
— Пароходты кесуге болады, нанбайсың ба? —деді.
Аночка үндемей пароход салған суреттен өтіп үйді барып қарады да,
үлкен орыс пешін көріп күрсініп басын шайқады.
— Біздің жатағымызда ас үй жоқ пəтерде тұрған уақытта, менің
Павликтен аз-ақ үлкен кезімде, бізде де ас үй болып. еді, дейді əжем. Ал
қазір Павлик туғаннан беpi, əжем керосинка сатып алып, соған
Павликке быламық немесе ботқа пісіріп береді. Пешкадан əкетайым
екеуімізге өкпе-бауырдан жасаған самса сатып əкелгенде де саған
жылытып береді. Бүкіл түнеу үйінде бізде ғана керосинка бар. Бəрі де
бізден келіп сұрайды, бірақ əжем өмірі бермейді. Шынында да:
жұрттың бəріне жамау бола аламыз ба...
Суреті бар кітап ұсынғанда, ол дереу диванға отырып, тізесінің үстін
тегістеп, етегін жинап, елу тыйын күмісті бір қолынан екінші қолына
салып, Вера Никандровнаға кезек-кезек қолдарын жайып көрсетті:
— Таза. Жуырда ғана жуғанмын.
Сонда да күмəнсіз болсын дегендей қолдарын қарнына тағы сүртті.
Қыз баланың қадала қарап отырған суреті көше. Көше лық толы
неше түрлі əдемі киім киген халық, қолдарын бұлғап билеп жүр.
Олардың үстінде аспанда неше түрлі қызыл-жасыл шарлар қалқып
ұшып жүр, үлкен үйлердің балкондарынан басқа бір адамдардың
көшедегі халыққа лақтырған қағаз ленталары, будақ-будақ болып
шұбатылып, жыланша иреңдейді.
— Мыналар жасырынбақ ойнап жүр ме? — деді Аночка.
— Жоқ, Карнавал той,— деді Кирилл.
— Бəрі бірдей көздерін байлап алғаны несі?
— Жоқ көздерін байламаған. Əншейін маска ғой.
— О несі?
— Танымау үшін киеді.
— Көздерінің тусын тескені несі? Көріп жүр ғой бəрі де.
— Бəрібір бірін-бірі танымайды.
— Бұлар — артистер емес пе?
— Неге артистер болсын?—деді Вера Никандровна.
— Сен артистерді қайдан білесің?
— Білемін. Əлгі қулықшылдар ғой,— деді ойланбастан Аночка.
— Қулықшылдары несі? Артистерді көргенің бар ма?
— Көргем. Жаңа ғана біздің үйге келді ғой. Біреуі мынау сияқты қара
кісі.
Қара маскасы бар, шапанының етегі делеңдеп билеп жүрген. біреуді
үсік қолымен көрсетті де, сабақта отырған қыз балаларша аузын басып
мырс етті.
— Ол əкеме елу тыйын күміс беріп еді, біз шешем екеуіміз əкемнен
тартып алдық.
— Ол сені аяп жүрсе, сен оны мазақ қыласың, — деді Кирилл өзі қоса
күліп.
— Ендеше артистерді театрда көрмеген екенсің ғой? — деп
тəптіштеп сұрай берді Вера Никандровна.— Балағанға бардың ба? Жоқ
па?
— Мен шешеме карусельге ертіп апар деп едім, əне апарам, міне
апарам дап əлі апармай жүр ғой.
— Кирилл, сен карусельге барам деп едің той, мына баланы ертіп
ала бар. Қашан барасың?
Ол тез жауап қайтармады, көйлегінің қыртысын жазып, тартып,
бұған белбеуінің бойымен ту сыртына ысырып апарып құйрықша
күлтелендіріп қойды. Бала атаулының бəрі осыны сəн көреді ғой.
— Мен — ертең барсам ба деп едім. Бірақ мен жалғыз бармайтын
шығармын.
Бұл сөзді ол жай айта салды, бірақ Вера Никандровнаға, ол бұл
сөздерді айтқысы келмегендей болып көрінді, қай жерде екені белгісіз,
əйтеуір үйден бөлек құрастыра бастаған баланың ерекше өміріне
араласқандай болды. Баласының жаңада пайда болған мүддесін,
немесе талабын, немесе тілегін білсем бе деген көңіліндегі
жорамалына аз да болса демеу боларлықтай сөздерге қарай
баласының аяқ баспайтыны айқын болды. Баласы бірін-бірі қадірлеп
сыйласуға тəрбиелегенін, яғни бірін-бірі жақсы көру тұрсын,
сыйлайтынғын, əсіресе, əрине, баласын өзі қадір тұтатындығын
мақтан көреді. Ол баласын қаршадайынан өз басын; өзі алып жүруге
баулыды, ұлының еркі анасының бостандығына бөгет бола
алмайтындығы табиғи нəрсе екенін, ата-ана мен баласының тілегі
жаратылыстан жарасты екенін ептеп сездіре берді. Бұл қулық зор
жеміс беретіндігіне өзі əбден; сенген еді. Шынында да, Кирилл ойына
келгенін еркін істейтін болды, сондықтан өтірік айтуға орын да
қалмаған тəрізді. Өтірік — зорлықтан туады. Ол — зорлықтың ұлы
жемісі. Вера Никандровна баласын зауқы соқпаған нəрсеге ешуақытта
зорламаушы еді. Сондықтан Кирилл өзінің тəуелсіздігі үшін анасына
деген зор сенімімен есе қайтарды.
Мұндай тəрбиені ол еркек тəрбиесі деп, табысын қымбат көрді,
өйткені баласын еркектің көмегінсіз тəрбиелеп өсірді. (Кириллдің əкесі
суда қайықпен келе жатқанда дауылға ұшырап, Еділдің суына кетіп
өлген).
Вера Никандровна ұлының балиғыға толғанын түсінеді: биыл жасы
он тоғызға шықты, соңғы класқа ауысты. Балиғыға толу —
өзгерістерге соғатынын да түсінеді. Ол осы өзгерісті күтті. Бірақ ол
ешуақытта осы өзгеріске байланысты, айталық сыр ашу деген атымен
жоғалып кетеді деп, өзгеріс дегеннің өзі осы тұйықтықтан басталады
деп ойлаған емес. Ол Кириллге сырыңды жасырасың деп айтуға бата
алмады. Құлаққа естіртіп айтқан долбар сөз көп жылдан бəрі өз
қолымен тірнектеп қалаған сарайына соққы болып тиетіні айқын
болды. Сондықтан ештеме өзгермеген сияқты жүре берді, бірақ
Кириллдің өтірікке, бұқпантайға барғанына қайран болды. Уақиға
былай болған.
Баланың көзі ауырды. Қабағы о қызара бастады, қызарғанда бір
түрлі сұрғылт тартып, кейде қара күрең болып кететін болды. Ауру
əуелі шошытты, артынан сылтау табылды, онан кейін барып қатерлі
ештеме де жоқ сияқты көрінді — көзіне бірдеме түскен екен, білетін
адамдар көзді шаймен жуса кетеді, деді. Бірақ үйдегі емнен түк
шықпаған соң, емханаға барды. Дəрігер тиісті сұрақтар бере келіп, сөз
арасында қорғасынға қорғасын реактивіне5, немесе мүмкін
қорғасынның тозаңына, араласқан жоқсың ба деп сұрады. Оған Кирилл
— жоқ, араласқан емеспін, деп жауап берді бірақ азын аулақ ойланып
отырды да, айтпақшы, училищенің ұста дүкенінде мырыштан
жасалған бөлшектерді өңдеген едік, деді. Доктор тесіле қарап:
мырыштан қандай бөлшектер жасалушы еді, естімей қалдым, не үшін
жасалушы еді? — деді. Жай əншейін, технологиялық6 мақсатпен
аспаптарымызды жұмсақ металға салып байқап едік, дап Кирилл
жауап қайтарды да, өз емдейтін кабинетте өзімен бірге отырған
шешесіне жалтақ-жалтақ қарады. Баласының көз қарасынан жəне теріс
қарай қойғанынан Вера Никандровна өтірік айтқанын түсіне қалды. Ол
өзі ашқан жаңалықтан шошып кетті, жалма-жан қателескен болармын
деп ойлады, бірақ сол қателестім деген уақыттан бастап, ұлым үнемі
шынын айта ма, жоқ па деп, ықтыярсыз аңдитын болды. Доктор
қорғасын улаған дөп тапты, техникалық училищеде оқушылардың
денсаулығына дұрысырақ қарасын деп тиісті орынға мəлімдейтіндігін
білдірді. Вера Никандровнаның байқауынша доктордың бұл
мəлімдемесіне Кирилл қысылғандай болды, бірақ сол екі арада
қысылған түгі де жоқ, тек ауру жанына батқан адам сияқты көрінді, өзі
де оның ауруын уайымдап зəресі кетті емес ие. Ауру асқынбай
жазылды, бірақ дəрігердің кабинетінде ашқан жаңалығы көңіліне күдік
болды да тұрды. Əрине, шешесі мен баласының арасындағы
бауырмалдық жойылған жақ, жойылуға тиіс те емес, бірақ бұлжымас
жақындықтың жала мерзімі болар-болмас белгі бере бастаған тəрізді,
жаз өтерде жайнаған жасыл жапырақтардың арасынан бой тасалап
сарғайған жалғыз жапырақ жаз өтті деп белгі бермеуші ме еді, бұл да
сол сияқты.
Міне, бұл жолы да тап солай болды — үзіліп түскен сары жапырақ:
өмір шіркін өткінші нəрсе ғой дегендей қалбалаң етіп, бір көрілді де,
жоқ болды, тағы да бағзы бір қалып. Вера Никандровна кіршіксіз таза
көзімен баласының бетіне қарап: құлыным, мен саған бұрынғыдай
сенемін, сенің менен жасырар сырың жоқ екеніне көзім əбден жетеді,
дегендей болды.
— Мен тысқа шығып қыдырып келемін,— деді бешпетін жамылып.
— Жаға ғана қыдырып келдің ғой.
— Жоқ, мен сыртқы есіктің алдында біраз тұрып қайтқанмын.
Кирилл буыны əбден қатпаған аяғын зілдеп басып, бөлмеден
шықты. Табиғаттан денесі жеңіл, жүрісі пысық болса да, ол денесін
ауыр көрсетем деп əлек болатын.
Есіктен ол шығып үлгермеді. Біреу ептеп есікті ашты, қараңғы
шуланнан бөлмеге қараған Парабукин көрінді. Оның жұмсақ шашын
жел қозғайды, шалбары əйелдің көйлегінше бұлғаң-бұлғаң етеді, өзі
қараңғыдан елестеп алпамсадай болып көрінеді.
— Бұл кім? Сізге не керек? — деді Вера Никандровна.
— Əке! — Аночка столдан атып тұрып дауыстап жіберді.
— Сен осында жасырынып отыр екенсің ғой, — деді ол момынсып,
табалдырықтан аттай беріп; Сəлем бердік, қожайындар. Ғафу етіңіз,
мен — қызыма келдім. Сен мұнда нағып отырсың?
— Маған сурет көрсетіп жатыр.
— Сурет дейсің бе? Ол да риздық рақмет. Мə, ала ғой.
Ол жиегін аздап жұлмалаған сүр еттен жасаған бутербродты
Аночкаға ұсынды.
— Жүр үйге. Меймандостық үшін алғыс айт.
— Мүмкін, сізге қосып жібермеспіз əлде,— деді Вера Никандровна
тайсалыңқырап.
— Жібермейміз дейді? Баласын əке-шешесіне бермейтін соншама
кімсіздер?
— Сіз балаға мейрімсіздік жасадыңыз. Сөйтуге бола ма?
а?
— Кімнің қалай екенін өзі айтсын. Сұраңыз. А? Неге сұрамайсыздар,
— Айта ғой, қарағым, əкеңе барғың келе ме, жоқ па? — деді ақырын
мейрімді дауыспен Вера Никандровна.
Аночка қалашты бір тістеп алды, аузы бұлтиып басын шайқады,
жалаң аяғымен еденді жалп-жалп басып əкесінің қасына барды.
Қасында тұрып Вера Никандровнаға бұрын көрмеген адамша жəне
оншама танысқысы келмеген адамша жат көзімен қарады. Парабукин
масайрап Аночканы баурына тартты.
— Же, етті, сүр етті же,— деді бутербродты саусағымен нұсқап,—
бірыңғай нанды ғана жей беретінің не? — деді.
Ол шашын бір сілкіп, басын көтерді, өзінің əкелік өкімін, жат
адамнан артықшылығын осылайша айтпай-ақ білдірді.
— Меймандостық үшін рақмет айт,— деді тағы да қасақана қадалып.
Вера Никандровна əдеттегі оқытушылық қатал үнмен:
— Сіз əкенің правосы туралы айтасыз, сізге сол правоның керегі не?
Қызыңызды ең болмаса оқуға да бермепсіз. Бала зерек, мектепке беру
керек.
Алдыңызға бас иіп алғыс айтамын! Мен де оқыған адаммын, ал егер
мен елден өзге жұмыс жасасам, ақымақтығымнан емес.
— Олай болса арыңыз төзбесе керек еді.
— Егер біреу өз ақылымен тіршілік етпек болса, оның ар-ұятын
бетіне салық қылатын əдет бар ғой.
— Қызыңыздың көзінше қалай аузыңыз барып айтасыз? — деді
Вера Никандровна жұлып алғандай.— Демек, сіз өз ақылыңызбен
қызды сауатсыз қалдыруға ұйғарғаныңыз ба?
— Егер соншалықты арлы адам болсаңыз, алыңыз да оқытыңыз.
— Аламын да, оқытамын да.
— Ал, оқытыңыз.
— Ал, оқытамын.
Кирилл күтпеген жерде қарқылдап күлді, оның күлкісіне Аночка да
қосылды, теріс қарап алақанымен аузын басты, Үлкендер қоразданып
кеткенін байқап, басқа сөзге бұрып кетулері мүмкін еді, бірақ дəл осы
арада шарылдаған жас баланың дауысы естілді, Ольга Ивановна
қолында Павлик бар қорадан əуелі ауыз үйге, онан кейін тер үйге кіріп
келді.
— Кешіре көріңіз, жалынып сұраймын,— деді ол жүгіріп келген
бетімен, ентіккен демін баса алмай, қалтыраған саусақтарымен
жазылып кеткен бұрымын жинап, адырайған үлкен көздерін
жыпылықтатып қарады. — Аночканың тентектігін ғафу ете көріңіз...
Қайда ғана қашып кетті екен деп күні бойы іздедім... Киімі нашар ғафу
етіңіз... Менің де киімім нашар... Ақырын, Павлик, чш — чш — чш Мə
алшы, Аночка, саған барса қояды... Бөтен кісінің үйіне қалай келдің
айналайын-ау, ұят қой! Ах, сорлы қызым-ай!.. Бəрі сенің кесірің, Тиша
қалай ғана ұялмайсың? Мынау ие, немене бұл, а?.. Ғафу етіңіз, біз сізге
өте ризамыз əкесі мен қызын татуластырғаныңызды көріп тұрмын. Ах,
ұят-ай, Тиша!..
Ол жұрттың бəріне жалтақ-жалтақ қарай, самбырлаған сөздерін тыя
алмай, бір жағынан қорқып, бір жағынан арты жақсылықты болғанына
қуанды. Жұрттың бəрі оның безектегеніне ұялғандай үн түн жоқ
қарады да қалды.
— Тамақ бергенсіз бе, тіпті бутерброд беріпсіз ғой, — деді ол өзін-өзі
тоқтата алмай Вера Никандровнаға басын шұлғып. — Рақмет сізге,
бəрімізге де ғафу ете көріңіз. Рақмет, рақмет! Аночка, Павликке қалаш
берші, жылағанын қойсын, кетейік, кетейік...
Ол артына қайта қайта қарап, кешірім сұрап, қызы мен күйеуін
итермелеп есіктен шығара бастады. Вера Никандровна оның сөзін
бөліп:
— Мен қызыңызды карусельге апаруға уəде берген едім.
Қарсылығыңыз жоқ па? Олай болса ертең біздікіне жібере қойыңыз,
жақсы ма?
— Ах, мен өте ризамын сізге,— деді елбеңдеп Ольга Ивановна.
Извековтар бұларды шығарып салуға ере шықты. Парабукин
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алғашқы қуаныш - 04
  • Parts
  • Алғашқы қуаныш - 01
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2221
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2187
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2105
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 04
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2139
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 05
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2170
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 06
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2209
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 07
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2153
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 08
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2136
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 09
    Total number of words is 3869
    Total number of unique words is 2136
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 10
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2253
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 11
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2161
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 12
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2249
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 13
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2112
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 14
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2190
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2140
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 16
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2142
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 17
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2318
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 18
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2145
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 19
    Total number of words is 3941
    Total number of unique words is 2208
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 20
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2290
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 21
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2172
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 22
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2182
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 23
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 24
    Total number of words is 3246
    Total number of unique words is 1802
    39.4 of words are in the 2000 most common words
    54.5 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.