Latin Common Turkic

Алғашқы қуаныш - 13

Total number of words is 3872
Total number of unique words is 2112
35.7 of words are in the 2000 most common words
50.1 of words are in the 5000 most common words
57.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
кəдімгі тұрмыстағыдан айнымайды. Жүзушілер пысқырынып жүзіп
келеді. Кейін лентаны соңғы жағынан бас жағына қарай кері
айналдырып көрсетеді. Енді залдағылар бұрын болмаған кереметті
кһреді. Адамдар судан шығып өкшелерін жоғары қаратып əуеге қарай
ұшады. Трамплиннің бойымен шегіншектеп кері жүгіреді — бəрі де
теріс айналып шатысып кеткен. Жұрттың күлкісінен сулаған ауыр
экран теңселеді.
Күлдіргі сеанстың есіне түскен себебі Кирилл бүкіл өмірін, əсіресе
өміріндегі күлдіргі уақиғаларды ойланып есіне түсірді. Өмірінде ондай
қызық өте аз болғанын, қуанышты сирек көргенін біліп, таң қалды.
Жастық өмірінің еншісіне тиген үлесі соншалықты көңілсіз болғаны
ма? Мұны мойындағысы келмеді. Өмірден көп рақат көп қызық көріп,
зерікпеген тəрізді. Бірақ, елеулі іске ерекше құлықты болып, күлкіге
əуес болмағаны рас. Ал елеулі істің өзін ол ормандағы күмістей
жарқыраған күн сəулесінің теңбілдеріндей қуаныш етті.
Өткен өмірін тексеруді Кирилл түрменің қақпасынан бастады, осы
арадан қиялдың лентасын теріс тарқатып кері жүрді. Түрменің
дыбыстары мен камерасынан гөрі, өзге құралы болмағандықтан
тісімен алып жүрген тырнақтарынан гөрі .ой тізбегі өзіне анағұрлым
таныс болатын. Кирилл жағалауға орнатқан тұрғы — якорь сияқты бір
ойын көңіліне тастай берік бекітіп қойды: Ол Рашзииннің бұл əке
қатынасы жайында ешнəрсе білмейді, сондықтан оның есіміне аз да
болса байланысты болуға мүмкін нəрселердің бəрінен ешқандай
қабары жоқ. Ешнəрсеге нанбауға, бəрін бекер деуге өзіне-өзі серт берді.
Тұтқынға алынғаннан кейін көп ұзамай камерада алғашқы тергеу
жүрді, ол түрмені аралағанда айтылатын қысқа-қысқа сұрақтар сияқты
болды, Кирилл бұл жолы да тінтерде айтқандарын, айтты:
үндеухаттарды көшеден тауып алдым, бір десте қағаз аяқ астында
жатыр екен, алдым да кітабының арасына сала салдым, тінтуде соны
тауып алғаны рас, деді. Өзін оны оқыдың ба? Я, оқыдым. Неге
жоймадың? Пеш жаққанда отқа салып жіберейін деп ойлап едім, бірақ
қазір жазғы уақыт, өзім де онша асыға қойғаным жоқ, өйткені
үндеухатқа соншалықты зор мағына бергенім жоқ. Алайда үндеухатта
император патшаға тіл тиген — оны түсіндің бе? Я, түсіндім, бірақ, ескі
үндеухат шығар деп ойладым, жұрттың айтуына қарағанда, ондай
үндеухаттар тоғыз жүз бесінші жылы көп болыпты ғой, сол кезде
біреу-міреу жоғалтқан болар деп ойладым. Бар болғаны осы. Тергеген
жандарм офицері ол кіріп келіп, подполковник Полотенцевпін, іс
бойынша алдын ала тергеу жүргіземін, егер Кириллдің арыз шағымы
болса, палата прокурорының серігі мына мырзаның атына беруге
болады, деп үндемей томаға тұйық тұрған қасымдағы біреуді көзімен
көрсетті. Тергеуден кейін ол Кириллдің моншаға түсуіне, сырттан
ішкиім алдыруына рұқсат етілгенін айтты, егер оқығысы келсе інжіл
алуыңа болады, деді.
Кирилл артынан жандармның əрбір сөзін қайталап, сұрақтардың
мəнісін егжейлеп ойлап қарады, бəрі де бекер деп бет бақтырмайтын
берік бекінісінен айрылмаса, жабулы қазан жабулы күйі қалатын
шығар деп сенім келтірді. Бірақ бірінің артынан бірі тізбектеліп
апталар өтіп жатыр, анда-санда үн-түн демей нан, қайнаған су, көже
əкеліп тұратын көңілсіз күзетші болмаса, камераға басқа ешкім келмей
қойды.
Терезеден темір қоржын арқылы əлсіреп камераға түскен аянышты
тілдей жарықпен бірге біреудің көзі түсе қалса, көйлегінің қолбыраған
кең жағасынан қылдырықтай мойыны сорайған баланы көрер еді. Бала
белбеусіз, иықтары шығыңқы. Ол қапастың бір бұрышынан екінші
бұрышына теңселіп, жануар сияқты, біркелкі жүреді де отырады
немесе ортасына тұрып, арықтықтан ебі қашқан қолдарын біресе
төбесіне көтереді, біресе төмен түсіреді. Өсіп кеткен шаштары
қарауытып, екі самайлығынан темен жалбырап тұр, бірақ майысқан
қастары қабағымен бірге жоғары көтеріліп əлі күнге таң қалып
жүргендігін көрсеткендей. Бет ажары шикі картоптың түсі сияқты,
безеулері ізсіз жоғалып кеткен, беттері болжыраған. Көзі
бұрынғысынан сарғая түскен тəрізді, бірақ күңгірттенбеген, қайта
көмір сияқты, қуқыл тартқан. Кириллдің өзі бір-ақ нəрсені сезеді,
еріндері жарылып мазасын алып жүр, бір жағынан қатты жүдегенін де
байқайды, сондықтан ең болмаса киімім тозып қалмасын деп
амалдайды.
Ақырында тұтқынға алынғанына жетпіс бір күн толғанда тергеу
басталды.
Кириллді қора арқылы бір жұпыны үйге — түрменің бастығының
кеңсесіне алып келді. Жап-жарық дүниеге шыққанда оның басы
дыңылдады, тура жүру керек болса да, біресе оң жаққа, біресе сол
жаққа ауытқып кете берді.
Есік, терезесіне темір құрсау салған кішкене бөлмеде Полотенцев
екеуі оңаша қалды. Полотенцев оның бетіне жанашыр қатал адамша
қарады.
— Ал, мінеки жігітім Извеков. Ісіңіз анықталып келеді. Шешеңіз ден
саулығыңызға байланысты сіз үшін тыйым салу шарасы өзгертілсе
екен деп прокурордан ізденіп жүр. Түріңіз шынында да ауру адамның
түрі сияқты. Тыйым салу шар асы дегеннің не екенін білесіз бе?
Білмейсіз бе? Сондай нəрселерді де білмейсіз. Бірақ сол əліңізге
қарамай тіпті патшалықты тітіретпек болғансыз, а? Жарайды, егер
медицина жағы ауру екеніңізді растап берсе, көрерміз... Бұрын
ауырғаныңыз бар ма?
— Жоқ.
— Шешеңіз сізді мысқыл болып ауырған дейді ғой.
— Мүмкін бала кезімде болмаса, — деді Кирилл.
— Ах, бала кезімде дейсіз бе! Олай болса онша қашық емес екен, ім...
Онша қашық емес екен деймін мен, солай ма? Көзі ауырған еді дейді,
шешеңіз. Ол рас па?
— Ауырғаны рас.
— Мырыш улаған болу керек, солай ма?
— Ол қате диагноз.
— Ах, қате диагноз дейсіз бе! Алайда емделген көрінесіз. Ем
қоныпты да. Демек, дəрігер жазатайым қателеспеген болу керек қой, а?
Кирилл үндеген жоқ. Полотенцев пен екеуінің арасындағы енсіз
столдың үстінде арзан мрамордан жасаған сиясауыт жабдықтары тұр.
Бронза стаканда өткірлеп ұштаған қарындаштар. Кирилл сыртын əр
түсті бояумен əшекейлеген қарындаштың біреуін алды, — бұл сияқты
күнделікті жабайы нəрсені ұстап саусақтары сүйсінбегелі көп болып
еді.
— Оның үстіне мырыш бөлшектерді өңдеп едім деген өзіңіз емес пе?
Ауру ақпарында бұл туралы бірдеме жазылыпты. Оның қандай
бөлшектер екені есіңізде бар ма? Баспахана əріптері болып жүрмесін.
— Мұнда қандай ұқсастық бар? — деді Кирилл сəл күлімсіреп.
— Мен техника жағынан сауатсызбын ғой, — деп подполковник те
күлімсіреді. — Бұл жағына сіз шебер боларсыз. Сондықтан да докторға
қандай бөлшектер туралы айтқаныңызды анықтағалы сұрап отырмын.
— Есімде жоқ. Оған көп уақыт болды.
— Бала кезіңізде ме, солай шығар? Жолдастарыңызбен ойыншық
ойнап жүрген кезіңізде болар, солай ма? Класта сіздің Рудербах деген
серігіңіз болды. Онымен қандай ойыншық ойнағаныңызды айтпайсыз
ба?
Кирилл қолындағы сырты жып-жылтыр қарындаштың кемпірқосақ
сияқты жарқыраған бояуларынан көзін алмай, саусағымен айналдыра
берді.
— Жарайды, олай болса, Рудербах деген жолдаспен не
жасағандарыңызды сіз үшін мен өзім айтайын, — деді подполковник
айбынды ашуменен. — Сіз оның əкесінің меншігіндегі баспаханаға
барып жүрдіңіз, ол сізді астыртын əріп теруге үйретті. Біз бəрін
білеміз. Рудербах қамауда, ол бізге бəрін айтқан. Тайсақтаудан пайда
жоқ. Тек өзіңізге зиян. Сізге əріп теріп үйрену неге қажет болды?
Кирилл иықтарын қақты.
— Класта оқушы балалардың рефератын бастырып шығармақ
болдық. Əуелі гектографқа32 басамыз ба деген едік. Рудербах, егер
өздерің теріп берсеңдер, баспаханаға бастыруға болады, деді. Бірақ
рефераттан ештеңе өнген жоқ.
— Басқа не өнді?—деді асықпай Полотенцев.
Ол Кириллге тікелеп тура қарағысы келген адамдай көзілдірігін
жөндеп қойды, кербез əйелдеріне керіліп, коленкор папкасының
бауларын ағытты. Папкасын ашып жіберіп, тырнағының ұшымен
жеңіл қатырғы қаусырмаларын ытқытып-ытқытып тастады.
— Өндіргеніңіз мынау ғой, солай ма? — деді.
Извековтың үйін тінткенде табылған үндеулерді алып, алдына
қарай ысырып қойды.
— Танисыз ба?
— Бұларды мен көшеден тауып алғанмын, — деді Кирилл
үндеухаттың сөздерін оқып.
— Қайдан тауып алғаныңыз туралы ерекше сөйлесерміз. Əзірше
Рудербахтың баспаханасында əріп теруге үйренгеніңізді мойындап
отырсыз.
— Үйренгенім жоқ.
— Əріп терем деп жүріп, олақтық жасап, көзіңізге мырыш тозаңын
жұқтырғаныңыз фактілермен жəне өз сөзіңізбен расталып отыр.
— Мен олай дегенім жоқ.
— Енді бір сұраққа ғана жауап беруіңіз керек, — деді тапжылмай
Полотенцев, — əріп теруге үйренгеннен кейін бір жылдан артық уақыт
өткен соң барып ауырғаныңыз қалай. Демек, Рудербахтың
баспаханасынан басқа жерде де əріппен айналысқан болуыңыз керек.
Бұл жағдай мына төмендегі дəлелдермен даусыз сипатталады.
Полотенцев үндеухаттардың қасына баспахана наборының33 бір
тарақ оттискісін34 əдемілеп жайып қойды.
— Мынау əріптерді үндеудің əріптерімен салыстырып қараңыз.
— Мен сарапшы емеспін, — деді Кирилл,— жалпы алғанда
бұлардың маған түк қатынасы жоқ.
— Сіз сарапшы емессіз. Рас. Сіздің пікіріңіздің тіпті керегі де жоқ.
Өйткені мамандар үндеу мына оттискісі алынған набордан басылған
деп отыр. Ал оттиск...
Полотенцев асықпай үндеухаттарды папкаға қайта салды,
кербезденіп бауларын байлады, тағы да көзілдірігін түзеп, фокусын
Кириллге қадай түсті.
— Ал оттиск Рагозиннің астыртын баспаханасының наборынан
алынған, — деді ол ақырын.
Кириллдің қолындағы қарындаш түсіп кетті. Ол соны алмақ болып
еңкейді. Қарындаш домалап столдың астына кетіп қалды. Полотенцев
Кириллдің тізерлеп стол астын қарағанын, қайтадан қалай тұрғанын,
орнына отырғанын, қарындашты ұшын төмен қаратып стаканға қойып
қолдарын қалтасына салғанын асықпай-саспай бақылап қарап отырды.
— Айтыңыз,— деді Полотенцев біраз үндемей отырғаннан кейін
ақырын ғана, — айтыңыз, сіз Рагозиндікінде үндеулерді қандай
оригиналдан қарап тердіңіз?
— Мен сұрағыңызға түсінбеймін, деді Кирилл. — Ал мен ешуақытта
ешнəрсе тергенім жоқ, тере алмаймын да. Ал Рагозиннің кім екенін
білмеймін.
Полотенцев оның көзіне тура қарады. Сонан кейін стол арқылы
ақырын қолын созып жаңа Кирилл ұстап отырған қарындашты
стаканнан алды. Қарасы сынған екен.
— Қарындаш сынған ба? — деді Полотенцев көзін сығырайтып.
— Я, ғапу етіңіз, мен түсіріп алдым... Көрсетіңіз қолыңызды!.. деп
подполковник кенет ақырды.
Кирилл қалтасынан қолын шығарды.
Жоқ, жоқ ана қолыңызды! Сіз қарындашты жерден оң қолыңызбен
алдыңыз!
Полотенцев ұшып тұрып столды айнала жүгірді. Кириллдің қолын
жұлқа тартып, саусақтарына үңіліп қарады. Басбармағы мен үсік
қолына жұғып, жылтыраған қарындаштың қарасын көрді.
— Сен қарындаштың ұшын сындырып алдың. Сен оны қалтаңа
тығып отырсың. Бері бер! Əйтпесе терінді сыдыртармын, балақай!
Тұр! Түрегел!— дөп ақырды Полотенцев. — Айналдыр қалтаңды,
дереу!
Ол бес саусағын салып жіберіп, Кириллдің қалтасын айналдырып,
алақандарымен оның санын пəрменмен сабалап қақты. Жалтыраған
төбесі терлеп қоя берді, көзілдірігі қисайып кетті. Көптен бері өзін-өзі
əрең ұстап, енді соның есесін қайтарайын дегендей, бүкіл денесін
селкілдетіп, ішін кернеген ашулы айғайын мылтықша атқылады:
— Сен өзің туралы сыртқа хабар бермек болдың ба? Бізді алдамақ
болдың ба? Түрмені алдай алмайсың! Түрме талайдың əкесін көзіне
көрсеткен, оның қасында сен əлі емшек сүті аузыңнан кетпеген
шалағай емесің. Қайдан шыққан дəу едің! Күршектен бойың екі бүршік
артпай жатып. Өзіңді əлі аз сыдырған болу керек. Асықпа, мұнда
сүйреткіні көрерсің. Жырларсың! Билерсің!..
Кирилл қозғалмай, кезерген астыңғы ернін қапсыра тістеп қалшиып
тұрды. Ол алыстан ұшып келе жатқан құс қасымнан қашан өтеді деп,
болар-болмас сыбысқа құлағын тігіп, күтіп тұрған аңшыдай басын бір
жағына қисайтып тұрды. Көйлегінің ағытулы кең жағасын кеудесі сəл
қозғады, төмен салбырап тұрған қолының саусақтары анда-санда
ақырын қыбыр-қыбыр етеді.
Айғайын басып, подполковник креслосына қайтып оралды. Үзіліс
бірнеше минутке созылды. Терезенің сыртында біреу жер қазын
жатыр, күрек тықыр етіп жерге батып, артынша топырақтың дүрс етіп
жерге түскені естіледі. Əлдебіреудің егеумен шиқылдатып темір
егегені естіледі.
— Былай, Извеков, — деді Полотенцев дүниенің тауқыметі жеңген
адамдай. — Сізге қағаз əкеліп берер, сіз Рагозин туралы, онымен
астыртын ұйымға қатысқаның туралы жауабыңызды жазып беріңіз.
Шын ниетпен айыбыңызды мойындасаңыз, хəліңіз жеңілдейді.
— Мен ешқандай Рагозинді, ешқандай ұйымды білмеймін.
— Жарар, қысқарт, қысқарт!—деді Полотенцев сөзін бөліп.
Жалма-жан есікке жетіп барып, темір тор арқылы күзетшіге
түрменің бастығының көмекшісін шақыр деп бұйрық берді. Ол
үндемей темекісін пысқыра түтіндетіп, есік алдында теңселіп жүрді,
бір кезде адам айтқысыз еңгезердей, күнге əбден қақтаған адам тəрізді,
беті безеу-безеу, түрмешінің бозалаң киімдерін киінген, бойына
қарағанда тым келте көрінген қылышы бар біреу келді.
— Жас жігіттің тілі ісіп кетіпті, — деді Полотенцев Кириллге
бұрылмай, тек тырнағы сорайған шынашағын нұсқап көрсетіп. —
Емдеу керек... Карцерге! — деп ол кенет ащы даусымен шыңғырып
жіберді, айналасында сары кірпігі тікірейген көмескі көздерін көк
түтін басқандай Кириллге қарады да қалды.
Түрмеші қылышын көтеріп, есікті нұсқады да, Кириллдің қырөкшесінен қалмай өріс шықты.
Кирилл өзінің жаңа мекенінің табалдырығын аттаған кезде ащы
жұтқан адамдай тамағы дуылдады. Тастай қараңғыда қармалап
стенаны тауып, жылжып жерге отыра кетті. Биік терезесіне темір
қоржын асқан камерасы ап-айқын елестеді, терезесінен жанға рақат
күндізгі бозғылт жарық түсіп, өмірден сонша көп үлес əкелетін қоңыр
желі күбірлеген камерасы келмеске кеткен жерұйық сияқтанды.
24
Баласының ісін ізденгенде беделді біреуге арқа сүйеу керек деген ой
Вера Никандровнаның есінен кетпеді. Бұл ой таңертең Кирилл
тұтқынға алынарда туды, бірақ Вера Никандровна сол сəтте-ақ өзінің
тіпті жалғыз екенін байқады, бірақ, баратын жері, өтініш айтатын кісісі
болмады. Кирилл оның күллі санасын билеп, өзінің қасында жүргенде
Вера Никандровна бүкіл қалада, бүкіл дүниеде мұң-мұқтажын айтатын
жанашыры жоқ деп ойламапты да. Өзін біреу суға тастап кеткендей
көрді. Цветухин немесе Пастухов жəрдемдесер деп жылт еткен үмітке
жармаса түсті. Бірақ, ғажап, бұл үмітті өзі ойлап тауып, қоздыра
түскенімен оны іс жүзіне асыру тұңғыш əрекет жасағанда-ақ
қиялындағы жоспарды түк қалмайтындығына əбден сенді. Арман
ұшып орнында түк қалмас деп ойлады. Үміттен мүлде күдер үзермін
деген қауіп үміттің өзінен күшті болды.
— Сеніңше қалай, ол сөзімізге құлақ асар ма екен? — деді ойланып
Вера Никандровна Лизаға, оны қолтығынан сүйеп екеуі Цветухинге
бара жатқанда.
— Меніңше ол сезікті адам болу керек, — деді Лиза.
— Мен де əлденеге солай көрем,—деді Вера Никанровна күдіктеніп.
Лизаны ертіп үйден шыққандары қарқын мақсатқа жақындаған
сайын құрып берді.
Цветухин Липканың қасында, қонақ үйде тұрады, қонақ үйдің бір
этажды ақ корпустары қораның ішінде, қорада гүл егілген жолдарына
асфальт төселген. Қасында төбесіне темір қалпақтар жапқан музыка
училищесі тұр, онан аспаптардың кексіз өзара өтесі естіледі, олар
Липкадағы əскери оркестрды кекетіп қалжыңдағандай болады. Үлкен
қонақ үйлерден өзгешелігі мұнда отырықшылыққа бейім адамдар
тұрады, жайбарақат дем алып рақат өмір сүреді.
Жіңішке сидаң ағаштардың аллеясымен қонақ үйдің қорасы арқылы
келе жатқанда біреудің:
— Мені іздеп жүрген жоқсыздар ма?—деген кербез үні естілді.
Лиза тоқтай қалды. Ашулы тұрған терезеден гүл-гүл жайнап
Цветухин қарап тұр екен. Үстінде жағасы бос крахмалды көйлек,
Липканың кербездері оны «Робеспьер» деп атайды, көйлектің аппақ
жағасынан ол əдеттегісінен қоңырлау сияқты көрінеді. Ол қолын
көтеріп, қолындағы ашулы кітабын бұлғайды.
— Таптым емес не, рас қой? Ал келіңіздер, мен шығып қарсы
алайын.
Олардың
келгеніне
Цветухин
шын
қуанды.
Сөздері,
сыпайыгершілігі, жылы ұшырап, кісіні өзіне тартады. Қонақтарға
қалай да балмұздақ əперуге ұйғарып, ол қонақ үй қызметшісін қолына
фарфор ыдыспен балмұздақтың қандай сорттарын алу керек екенін
жазып, қағаз берді.
— Біз сізге бір жұмыспен, маңызды жұмыспен келдік, — деді Вера
Никандровна күйбеңдеп.
— Кіріп қана шығайық деп келдік, — деді Лиза,— бірнеше минут
қана боламыз.
— Дəлел айтып кешірім сұрамай-ақ қойыңыздар, — деді Цвехутин.
— Менің кəсібімді көресіз бе? Өлең оқып жатырмын. Егер сіздер
келмесеңіздер ішім пысып өлер едім. Сіздер мені аман алып
қалдыңыздар, адал сөзім!
— Бірақ біздің, жұмысымыз сізге өте... не көрінуі мүмкін...
Бұрынғыдан бетер зерігіп қаларсыз, — деді шыдамсызданып əрі
жасқаншақтап Извекова.
— Ол не дегеніңіз! — деді Егор Павлович табиғаты тек
жақындарына жəрдемдесу үшін жаралған адамдай көңілі босап, тан
қалып.— Мен жобалап та отырмын: сіз балаңыз туралы бірдеме
естіген боларсыз, солай ма? Жағдайы қалай екен?
— Япырай, —деді Вера Никандровна өте ақырын көзі нұрланып
сала берді,— сіз менің ойымдағыны дəл таптыңыз. Менің басқа ойым
болсын? Сорыма қарай күні бүгінге дейін ісі жүрмей жатыр ғой. Ісі бар
деп те айта алмаймын. Яғни, мен іс болмас деп сенемін.
— Əрине, əрине! — деді — Цветухин оның сөзін «қызу қостап.
— Сіз Кириллдің не халде екенін жақсы түсінесіз. Оны не үшін ұстап
отыр? Баладан бір қағаз табылды деп, ал ол қағаздың қайдан келгенін
қудай білсін, — сол үшін оны осындай жағдайда ұстау керек пе, ұстай
беру керек пе?
— Қалай,—деді Цветухин, — ол əлі түрмеде отыр ма? Менің,
айтайын дегенім ешқандай өзгеріс жоқ па?
— Шатақ осында болып тұр! Болмашы нəрсені қылмыс көріп
тергеуді созып келеді, созып келеді!
— Масқара ғой! — деді Цветухин Лизаға қарап əбден жаны ашып,
жабыққан пішінмен.
— Рас, — деп Лиза естілер-естілмес күңк етті де, иығын қақты.
— Білесіз бе, — деді Извекова, — чиновниктердің немқұрайлы
қарауынан-ақ адам ақылынан адасатын. Прокурорға өтініш жазғаныма
алты апта болды, күні бүгінге дейін айтатындары бір-ақ сөз:дүйсенбі
күні келіңіз, дейді.
— Өтініш не туралы еді? —деді Цветухин жете түсінбек болып.
— Мен Кириллді кепілге алғым келеді.
— А, ия, əрине! — деді ол мақұлдап, тағы да: — амал қанша,
Гогольдің заманынан бері қарай чиновниктер жөнді өзгерген жоқ.
Есіңізде ме? Хлестаков Растаковскийден «Өтініш бергеніңізге көп
болды ма?» — деп сұрайды. Сонда Растаковский: «Егер расын айтсақ
көп бола қойған жоқ, — 1801 жылы берілген еді; ал ешқандай
бұрыштама соғылмағанына міне отыз жыл толады», деп жауап береді.
Цветухин мұны актерларша екі түрлі дауысқа салып айтты, жақсы
шыққанына насаттанып күлді. Лиза да күлді, оның түрін көрін, қатты
күліп жібермес үшін көзін төмен сала қойды. Бірақ Вера Никандровна
үндеген жоқ, оның қайғылы қабағын шытқанын көріп, Егор Павлович
аптыға сөйледі:
— Оны кепілге берер деп ойлаймын, — деді.
— Мен мүлде босайтындығына сенемін, — деді Извекова жалмажан,— ол үшін менің өтінішімді беделді біреу қостау керек. Біз Лиза
екеуміз өтінішімізді аяқсыз тастамас деп сізге келіп отырмыз
.
— Зор... яғни борышым деп білер ем... Бірақ, шынын айтқанда, мен
қалайша... тіпті ақылым жетпейді, қалайша көмектесе алар екенмін?
— Сіздің есіміңіз де жетіп жатыр. Егер прокурорға айтсаңыз...
— Менің есімім!—деді жай Цветухин өзін-өзі аяп, көптен бері
қажыған адамдай.
— Не дегеніңіз! — деді Извекова таң қалып. — Сіздің есіміңіз!
— Сіздің, есіміңіз!—деді Лиза да қосарланып, ілгері ұмтыла түсті де,
дереу өзін-өзі тоқтатты.
— Сеніңіздер маған, қымбаттыларым, — деді Цветухин риза болып,
— актердің есімінің керемет сиқыры бар деушілік соқыр сенімнің
нағыз өзі. Бізге сахнада, рас, қандай жүрекке болса да жол ашық. Бірақ
кеше театрда бізді көріп жылаған адамға келесі күні барып, əлдеқалай
өтініш айта қалатын болсақ, — құдай сақтасын, оның үрейі қашар еді!
Көркем өнерде жұрт бізге сұқтана қарайды. Ал тұрмыста бізден
сақтанған жақсы. Біз дүдамал, тұрлаусыз, диуана адамдармыз. Қай
уақытта болса да бізде реніш жағдай, ұрыс-қағыс, дау, жанжал болмай
тұрмайды.
— Сіз өзіңізге-өзіңіз жала жабасыз, — деді Лиза намыстанып,
осының бəрі бекер, бекер сөз...
— Сүйкімді дос! Сіз біз туралы жақсы пікірде екенсіз, бірақ біз оған
татымаймыз. Əрине, бұл жастықтың бір қасиеті. Бірақ ойлап
қараңызшы, мен прокурорға барайын, оған: «Актер келді!» деп
хабарлайды. «Актер дейсіз бе? Актердің менде не шаруасы бар? — деп
ол тап осылай қабағын майыстырады ғой».
— Жай актер келген жоқ, Цветухин келді! — деді Лиза асқан
құрметпен.
— О,—деді Егор Павлович кішіпейілмен, — сіздің актерлермен
таныстығыңыз аз болса, прокурорлардан хабарыңыз мүлдем аз ескен.
— Баланың тағдыры жұртшылыққа əйгі екенін түсінулері керек қой,
— деді Вера Никандровна қалтыраған саусақтарын кеудесіне басып. —
Ал егер мүлде бас тартпасаңыз...
— Тұра тұрыңыз,—деді жұлып алғандай Цветухин. — жұртшылық
пікірі дейсіз! Пастуховтан артық не бар? Пастухов расында да
жұртшылықтың пікірі ғой. Пастуховқа жалыну керек.
— Мен де ол туралы ойлап ем. Сіз туралы да, ол туралы да.
— Ах, мені қыстырып не қыласыз! Егер Александр Пастухов өкімет
орындарына айта қалса, қандай əсер ететінін білесіз бе? Петербургке
белгілі адам, ол туралы газеттер де жазып жатады! Ол актер емес,
мүлде өзге адам.
— Мен бірақ көнбес деп қорқам.
— Əрине, көнеді! Оның негізгі талабы... Қалай деп айтсам екен?..
Қоғам қайраткері болу, сондықтан өзін көрсету үшін мына сылтауға
қуанар еді деймін. Мен кəміл сенем. Тамаша болар еді!.. Мен соны күтіп
отырмын. Ол осында келу керек, біз дереу...
Кенет ойға шомып, Егор Павлович Лизаға көз тоқтатты.
— Бірақ қалай жасасақ жақсы болар екен? Пастухов қашан келетінін
айтқан жоқ, Егер сіз оның үйіне барсаңыз жолда ұшыраспауларыңыз да
мүмкін. Білесіз бе,—деді ол кенет қуанып,—былай етейік. Сіз, Вера
Никандровна, Пастуховтікіне барыңыз, ал Лиза осында қалсын. Егер
сіздер ұшыраспай ажырап кетесіздер, — əйтеуір ол бізден кете
алмайтын болады.
Вера Никандровнаның бір түрлі көзқарасы қартайып кеткенін көріп,
Лиза шошынайын деді, сондықтан қарсы болған жоқ. Егор Пастуховты
үйінен тапса (үйі алыс емес), Извекова қайтып келмейтін болды.
Цветухин оны (бəйек болып сып-сыпайы шығарып салды.
Қызметші балмұздақ алып келді, аздан кейін қасық, табақшалар
əкелді, Цветухин ыдыстарды салдырлатып, бөгет боларлық нəрсенің
бəрін столдың үстінен алып, ықтият пен əрекеттеніп жатқанда, Лиза
терезеге қарап тұрды.
Жер бұрынғысынша тұншығарлық ыстық лебін шашып тұр, біреуге
жалбарынып мелшиіп қалған тəрізді көрінетін жас ағаштардың тозаң
басқан жіңішке бұтақтарынан қалтыраған табиғаттың қозғалыс,
өзгеріс аңсап асыға күткені байқалады. Мейрамның тоқмейіл
дыбыстары, күлкінің үзіндісі, пышақтың ас үйде тақылдағаны,
баланың айғайы терезелерден ара-тұра атып шығады. Күннің ыстығы
дыбыстардың бəрі үн қосып шуға айналмасын дегендей əрқайсысын
айнала мүжіп жұтып жатқандай көрінеді.
— Бəрі даяр, рақым етіңіз, — деді Цветухин.
— Біз өтініш айтып, сізге салмақ салған жоқпыз ба? — деп сұрады
Лиза ойламаған жерде.
Терезеге ту сыртын беріп тұр, үстіне жылтыр көйлек киген
Цветухин айқын көрінеді, белінде алақанның жалпақтығындай жалпақ
белбеу, оның əшекейлі қапсырмасы, сағат салатын қалтасы бар. Көз
алдында: «Бас, Витюша бас!» деген жазуы бар сағаттың сылдырмағы
жарқ еткендей болды, қыз күлімсіреп қойды.
— Күлемісіз? — деді Цветухин елеңдеп. — Мен сізге шынын
айтпаған кісі болып көріндім бе, солай ма?
— Сіз болмайды деген де жоқсыз... Ештеме жасамауыңызға да
болады. Рас па?
— Қателесесіз, шын айтамын! Мұндай іске Пастухов анағұрлым
пайдалы. Бұл оның кəсібі.
— Ашуланбаңыз, — деді Лиза оған қарай бір аттап, —сізге тағы бір
өтініш айтуға бола ма?
— Болғанда қандай, Лиза.
— Пастуховты Кириллге көмектесетін етуге уəде беріңіз. Ол сізді
театрда ренжітті. Ол өзін-өзі ұстай алмай ұят істеді. Бірақ, ол мүлде
ондай емес, мүлде!
Цветухин қызды қолынан ұстап столға апарып отырғызып, өзі
қасына отырды.
— Қабырғаңызға қатты бата ма?—деп сұрады ол, сəл еңкейіп
қыздың көзіне қарап.
Қыз еріген балмұздақты табақшаға жақты. Жағасына жез түйме
қадаған лəстек көйлек, оқушыларша қынай бұған белбеу, белбеудің
жарқыраған доғасы лезде көз алдынан айқын елестеп өтті. Артынша
«Бас, Витюша, бас!» деген сөз тағы есіне келді, көзі қалталы белбеуге
түсті.
— Ол сіздің күйеуіңіз емес пе еді? :—деді Егор Павлович.
— Кім? — деді дереу қыз. — Мен оны ешуақытта бұлай атаған
емеспін.
Ол дереу қып-қызыл болып, Цветухиннен əрірек, отырды.
— Мені айттырып жүрген мүлде басқа кісі,—деді күліп.
— Мүмкін емес? Кім ол? Құпия емес не?
— Бір спортсмен.
— Спортсмен дейсіз бе? Цирктің палуаны емес пе? Гимнаст ма?
Атшабар ма? Ойнап айтқан шығарсыз!
— Неге?
— Жоқ, бұл түкке де ұқсамайды! Фамилиясы кім?
— Шубников.
— Шубников... — деді ізінше Егор Павлович. — Шубников... тұра
қалыңыз, əлгі мата сатушы емес пе?
— Я.
— Құдай сақтасын!
Орнынан ұшып тұрып, терезеге барып, кері оралды.
Лизаның ақырын қасына келіп қыңырайған басына қарап тұрды.
— Құда түсті ме? Солай ғой?
Қыз үндеген жоқ Ол тағы да қасына отырып, шашын ұйпалап, өзінің
ойындағысына жауап берген адамдардай тамағын кенеп, жиі-жиі
жөтелді.
— Тыңдаңыз, Лиза. Мен жаңа түсініп келем. Бұл қыздың əдеттегі
тағдыры. Біреуді жақсы көрсе, екінші біреуге күйеуге шығатұғын,
солай емес пе? Бұлай етпеу керек. Бұлай етуге болмайды. Өзіңе-өзің
қарсы жүрмеуін керек. Ол кейін білінеді, өмір бойы өзегіңнен кетпейді.
Артынан болар іс болғаннан кейін өзіңді-өзің үнемі қинап, өмір бойы
өкінбес үшін қазір ауыр, қауіпті нəрсені мойнына алып, азап шеккенін
жөн. Сізді зорлай ма, солай ғой?
— Білмеймін, — деді қыз. — Мұнын, аты басқаша болатұғын.
— Мұның аты: сізге жақсылық, жасағылары келеді, дұрыс па? Аса
құрметті Меркурий Авдеевич баласының бақытын көздейді. Солай
ғой? О, — деп ызаланып күлді Цветухин,—о, мен сіздің əкеңіздің
амалын əбден түсінемін, ол жан дегенде жалғыз қызының бақытты
болуын көздегенсиді! Ол бақытсыздыққа, зор бақытсыздыққа
бастайды! — деді ол дауыстап, Лизаның қолын қос қолдап ұстап.
— Ойланыңыз, сүйіктім! Бұлай болуға мүмкін емес.
— Олай болмайды, — деді Лиза қолын босатып алып, —егер сіз
Кириллге көмектессеңіз! Көмектесіңіз оған, көмектесіңіз! Қыз
шынтақтарын столға тіреп бетін басты.
— Уəде берем,—деді Цветухин көтеріңкі, шын көңілімен, —
Пастухов екеуіміз қолымыздан келгенін аямайық деп уəде берем.
Сіздағы өміріңізді жазатайым бүлдірмеуге уəде беріңіз.
Қыз шашын ондап, бойын түзеді.
— Өзіңе-өзің қарсы жүрмеуің керек дейсіз. Олай болса əкеге қарсы
болу керек пе?
— Кирилл сізге не жəрдем жасайды? — деді кенет Цветухин.
Ол тағы орнынан тұрды, үн-түн жоқ, бөлмеде олай-бұлай жүрді,
ашулы жатқан кітапқа қарады, бірнеше бетін аударды, иықтарын
қақты.
— Кирилл əлі бала, оқушы, сізді менен қызғанғанын байқадыңыз ба?
— деді Цветухин күліп.
Лиза төмен бұқты.
— Мен сізге Шубниковтың кім екенін айтайын ба? Ол көпестің ерке
өскен мұрагері, тəтті құмар неме...
— Жоқ, жоқ!—деді Лиза. — Мен оны білмеймін, білгім де келмейді.
Цветухин кітаптың тағы бір бетін аударды.
— Өлеңді жақсы көресіз бе?
Қыз жауап берген жоқ.
Ол терезеге қарай шалқайып жібектей дауысымен сыңқылдатып
оқыды:
— Жақсы ма? — деп ол дыбыссыз бір аттап Лизаға таянды.
— Мен еленнен қорқам, — деді қыз.
— Не себепті?
— Өлеңді түсінбеймін, əрі... жақсы көрем.
Ол қыздың бетіне үңіле сынай қарады.
— Білесіз бе? — деді ол зерттеуіне қанағаттанып, керекті
қорытындыға келген адамдай, əкеңізге қарсы мені өзіңізге одақтас етіп
алыңыз.
Қыз басын көтеруге бата алмаған адамдай тұқырып тұрды.
— Егер сіз Шубниковқа күйеуге шығудан бас тартсаңыз, үйден
кетуіңіз керек. Менің сізге көмектескім келеді. Мен сізді орналастырар
едім.
Қыз орнынан тұрып, оған қарамай:
— Бұл əкем ғана емес, менің өзіме де қарсы əрекет болар еді, — деді.
— Рахмет! Рахмет! — деді ол көңілді бейғам адамша, тек жақсы
актерлердің қолынан келетін жайраңдаған еркін күлкісімен.
Табақшадағы қойыртпақты қасығымен былғап, жарым көңіліне
жұбаныш таппай күрсіңді.
— Сорлы балмұздақ, сорлаған балмұздақ! — деді.
— Мен кетем,— деді Лиза.
— Тұра тұрыңыз, мүмкін, Вера Никандровна келер.
Қайда асығасыз, Лиза?
— Жоқ, кетем. Уəдеңізге көп рахмет. Қош болыңыз. Қыз қолын берді,
бірақ жұлқа тартқандай жалма жай босатып алды.
Үшінші рет ол Цветухиннен шығып кетіп барады, қашып барады.
Қораның ішінде оны ыстық қарыды. Ып ыссы, тымырсық, өзгерісті
аңсап, зарыға күткен мейрімсіз аптап тұншықтырып барады.
25
Мебель əлдеқашан жөнделіп, бұрынғы қалпына келтірілді, кітап
шкафы, диван тақтаймен байлаулы тұр, кабинетті Петербурге жөнелту
керек еді, бірақ Пастухов əлі күнге ескі жұртынан көтеріліп келе алмай
жүр. Ол жаңа пьесасын бітіру керек. Москваның театры, телеграфтың
көмегімен, бірде жылы, бірде қатты сөйлеп, тіпті жұмысты созбалаңға
салма деп зекіп те қояды, өзі де күз таянып қалғанға абыржиды. Бірақ
пьесаның екі-үш кейіпкері мойындарына автор тесіп ілген ойыннан
шырмалып шыға алмай-ақ қойды, сондықтан ол шиеленіскен түйінді
шешу үшін оларға таныстарының тұрпатын танудан əбден зерікті.
Ол мынау сарпинканың, əскери қызметтен босаған генералдардың,
ұн королдарының қаласында шамадан артық тұрып қалғанын түсінеді.
Бірақ сонымен бірге, əкесінің кабинетін көшіріп əкеткеннен кейін,
мұнда балалық өмірінің панасына, қайта келетұғын шаруасы жоқ
екенін де біледі.
Қырған исі əлі кетпеген стол басында, үлбіреген пердесі тыныс
тартқан ашулы терезенің, алдында кітап оқып, қағаз жазып отырғанда,
көрші бақшадан келген əртүрлі қош иісті ақылымен айырып отырады.
Көктем сайын өзінің елтпе иісімен бүкіл кварталды қинайтын кəрі ақ
акацияның жүрек айнитын тəтті исі есіне түседі. Қоңыр салқын
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алғашқы қуаныш - 14
  • Parts
  • Алғашқы қуаныш - 01
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2221
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2187
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2105
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 04
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2139
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 05
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2170
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 06
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2209
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 07
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2153
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 08
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2136
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 09
    Total number of words is 3869
    Total number of unique words is 2136
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 10
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2253
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 11
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2161
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 12
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2249
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 13
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2112
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 14
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2190
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2140
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 16
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2142
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 17
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2318
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 18
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 2145
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 19
    Total number of words is 3941
    Total number of unique words is 2208
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 20
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2290
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 21
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2172
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 22
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2182
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 23
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алғашқы қуаныш - 24
    Total number of words is 3246
    Total number of unique words is 1802
    39.4 of words are in the 2000 most common words
    54.5 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.