Latin Common Turkic

Шегірен Былғары - 13

Total number of words is 3984
Total number of unique words is 2455
27.1 of words are in the 2000 most common words
39.6 of words are in the 5000 most common words
46.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Ана əйел мені өлтіретін болды. Оны жек көре де, ұмыта да алатын
емеспін.
– Ен дұрысы өлтіру ғой, сонда, бəлкім, оны арман етуді қоярсың, деп
Растиньяк дауыстап
сөйлей күледі.
– Мен өзім де соны ойланып едім, деп шынымды айттым. Кей-кейде
мен қылмысқа бару, зорлау немесе тіпті өлтіріп жіберу жайын ойға алып,
кейде осының соңғы екеуін қатар істеу жөніндегі ойлармен жанымды
жұбатушы едім, бірақ іс жүзінде солардың бірде-бірін де орындауға
қабілетім жоқ екеніне көз жеткіздім. Графиня айлакер жауыз: ол кешірім
сұрап жалбарынса болды, біздің қай біріміз Отелло бола аламыз! Растиньяк
менің сөзімді бөліп жіберді.
– Біздің қолымыз жетпейтін барлық əйелдер қандай болса, ол да
сондай-дағы.
– Мен ақылымнан адасып барамын! деп налыдым мен. Кей-кейде миым
ашып басымның іші дун-дун болады. Пікірлерім елес тəрізді: ойларым көз
алдымда билеп жүреді, бірақ қолыма түспейді. Мұндай өмірден өлгенім
артық. Сондықтан мен осы күресті тоқтатудың қолайлы жолдарын
іздестіріп жүрмін. Ендігі əңгіме көзі тірі, Сент-Онореде тұратын Теодорада
емес, мына менің басымдағы Теодорада, деп назалана, маңдайымды
жұдырықтадым. Апиын туралы сен не білесің?
– Саған не болған? Сұрапыл азап емес пе? деп Растиньяк шошып кетті.
– Иіс тиіп уланса қайтер еді?
– Пасықтық.
– Сената батып кетсе ше?
– Ау да, мəйітхана да тым лас.
– Пистолетпен атылу қалай?
– Жазатайым мүлт кетсең, өмір бойы затын болып қаласың. Бері қара, –
деп бастады Растиньяк. Жас адамдардың бəрі секілді, мен де өзімді-өзім
өлтіруге оқталғанмын. Біздің қайсымыз отызға дейін өзін-өзі екі-үш рет
өлтіріп бақпады дейсің! Алайда ақырында менің ойлап тапқаным сілені
лəззатпен қатыру, мен осыдан артықты таппадым. Есерліктің түпсіз
шыңырауына бір батсаң, өзің де, құмарлығың да екеуің бірдей құрисыңдар.
Нəпсінің ұстамсыздығы, айналайын-ау ажал атаулының падишасы ғой.
Миына қан құйылу да содан болады. Пистолеттен атылған мүлтіксіз оқ осы
болмақ. Есірік думан денемізге лəззат сыйлайды: осының өзі-ақ арзанқол
апиын емес пе? Есірік бізді шамадан тыс ішкілікке зорлап, ажалды айқасқа
шақырады. Герцог Кларенстің89 мальвазия шарабы Сенаның лай
топырағынан дəмдірек емес пе? Мастық жеңіп əрдайым үстел астында
домалап жатуымыз иіс тиіп уланудың жеңіл түрі емес пе? Ал егер, мас
болып құлап жатқанымызда патруль келіп жинап əкетсе, кордегардияның
суық сəкісінде серейіп жату осының өзі мəйітхананың барлық рақатын
көргендік емей немене? Жалғыз-ақ одан опынарымыз денеміз көгеріп,
ішек-қарнымыз ісіп-кеуіп, дөңкиіп жатпаймыз, бірақ есесіне олжамыз
дағдарысқа ұшырағанымызды айқын ұғынатын боламыз. Түу! Растиньяк
əңгімесін ұластыра берді. Ұзақ уақыт бойына осылайша өзіңді-өзің өлтіру
бұл саудасы күйреген бақалшының өлімі тұрлы болмас па? Дүкеншілер
өзенді масқаралап болды түге, өздерінің алашақтарын мейірлендіру үшін
суға кетіп жүргендер солар ғой. Сенің орныңда болсам мен өлімнің бір
əсемірек түрін таңдар едім. Егер сен өлімнің жаңа түрін туғызбақ болсаң
менің айтқанымдай етіп, өмірмен жекпе-жек арпалысатын бол сонда, мен
сенің құныкерің боламын. Өмірден мен зеріктім де түңілдім. Маған
əйелдікке ұсынылған Эльзас қызының сол аяғының башпайы алтау екен,
алты башпай əйелмен өмір сүре алмаймын ғой мен. Жұрт мұны естісе, көз
ашпас күлкіге қалғаным. Ол қыздың барлық дəулетінің жылдық кірісі он
сегіз-ақ мың франк дейді; демек дəулеті шағындалып, башпайлары көбейіп
барады екен. Қарасы батсыншы!.. Есірік өмір сүрейік, бəлкім, əлдеқалай
кездейсоқ болса да бір бақыт табармыз!
Растиньяк мені еліктіріп əкетті. Бұл жобадан тым күшті желіктің иісі
аңқып тұр, ол тым көп үміт отын елестетеді, ең ақырда, оның сыртқы
бояуы да тым əсем, ақын түгіл жай адамды да желіктірмей қоймайтын
сияқты еді.
– Ақшаны қайдан аламыз? деймін мен.
– Сенде төрт жүз елу франк бар емес пе?
– Бар, бірақ мен тігіп шіге, үй бикесіне бересілімін...
– Сен тігіншіге ақы төлемекпісің? Сенен еш уақытта ештеңе шықпас,
тіпті министр де бола алмассын мына қалпыңмен.
– Ал сонда айналдырған жиырма луидормен не істеуге болады?
– Ұтыс ойнаймыз.
Мен дір ете қалдым.
– Алда жарықтығым-ай, – деді Растиньяк менің тартынғанымды байқап
қалып, өзім ұнатып үздіксіз сайран деп атаған өмірге сен де араласқалы
тұрғаныңда жасыл мауытыдан сескенгенің бе?
– Бері қарашы! деп мен де жалбарына тіл қаттым. Ойынпаздар үйіне
аттап баспасқа əкеме ант бергенмін. Мəселе менің осы антымды қасиеттеп
орындауымда ғана емес, тіпті сол үйдің маңайынан өтіп бара жатқанның
өзінде аза бойым тітіреніп, зəрем ұшады. Менен жүз экю ал да, жалғыз
өзің-ақ баршы сонда. Екеуіміздің дəулетімізді сен картаға тігіп жатқанда
мен де шаруамды жайғастырып, сенің үйіңе келермін.
Міне, сөйтіп, айналайын, мен өзімді-өзім құрттым. Жас жігіт өзін
сүймейтін бір əйелді, немесе, оны тым қатты сүйетін бір əйелді
кездестірсе-ақ болды оның бүкіл өмірі астан-кестен болады. Бақыт біздің
күшімізді сарқады, бақытсыздық мейірбандығымызды жояды. "СенКентен" мейманханасына қайтып келгеннен кейін, мен мансардаға ұзақ көз
сүзіп, айнала шолдым, осында мен талымның салауатты өмірімен көп
уақыт тіршілік етіп едім, бəлкім, ол талым қадірменді құрметке бөленіп,
ұзақ өмір сүрер ме еді, əлде қайтер еді, өзімді тулаған тасқынның иіріміне
сүңгіткен құштарлыққа бола бұл өмірді қиып кетпеуім-ақ керек еді.
Осындай мұңды ой шыңырауына үңіліп отырғанымда қасыма Полина кеп
қалыпты.
– Сізге не болды? деп сұрады ол
Мен салқын пішінмен орнымнан тұрдым да, Полинаның анасына
борышты ақшаларымды санап бердім жəне бөлменің жарты жылдық пəтер
ақысын күн ілгері төлеп қойдым. Полина зəресі кеткендей, маған қапалана
қарады.
– Мен сіздерден кеткелі отырмын, сүйкімді Полина.
– Өзім де солай ойлап ем! – деді Полина жұлып алғандай.
– Бері қараңызшы, балапаным, мен осы үйге қайтып оралармын деген
ойдан безіп отырғаным жоқ. Менің құжырамды жарты жылдай өзіме
сақтаңыздар. Егер он бесінші қарашаға дейін қайтып оралмасам, сіз менің
мирасқорым боласыз. Мынау бітеу конвертте, – дедім мен, қалың қағаз
салынған пакетті нұсқап, менің "Ерік жігері" атты үлкен шығармамның
қолжазбасы бар; соны сіз король кітапханасына тапсырарсыз. Сонан соңғы
осында қалғанның бəріне өз қалауыңызша иелік етіңіз.
Полинаның көзқарасы жүрегімді езгілеп, зілдей басты. Менің алдымда
бейне бір ұжданның өзі тұлғаланып тұрғандай еді.
– Енді мен сабақ ала алмаймын ғой, сірə? деп сұрады ол фортепьяноны
нұсқап.
Мен үндемедім.
– Сіз маған хат жазып тұрар ма екенсіз?
– Қош болыңыз, Полина.
Мен оны жайлап қана өзіме тартып, əлі топыраққа түсіп былғанбаған
таза қардай сүйкімді періште маңдайынан картаң ағасынша емірене сүйдім.
Полина шыға жөнелді. Мен Годен ханыммен де қоштаспадым. Кілтті
дағдылы орныңа ілдім де, кете бардым. Клюни көшесінен кілт бұрыла
бергенімде, соңымнан қуып жеткен əйел аяғының жеңіл тықырын естідім.
Мен сізге арнап əмиян кестелеп едім. Соны да алмай кеткеніңіз бе? –
деді Полина.
Шам жарығында Полинаның көз жанарында бір тамшы жас жылт
еткендей сезілді маған, мен ауыр күрсіндім. Тегінде, екеумізді де бір ғана
ой биледі ме екен, əйтеуір біз обадан қашқан адамдардай-ақ шапшаң
айырылыстық. Мен енді иек артқалы тұрған сайранды өмір Растиньяк
бөлмесінің зейнетінде əшекейлене бейнеленіп тұр екен, мен осы бөлмеде
отырып оны тектілердей бейғамдықпен тостым. Камин пеш Махаббат
тəңірісі орнатылған тасбақалы сағатпен зейнеттеліпті, Махаббат тəңірісінің
қолында шала тартылған шылымның тұқылы көрінеді. Махаббатшыл
жүректің сыйы болған сəулетті жиһаздар қалай болса, солай тізіле салған.
Лəззат үшін жаралған диванның үстінде ескі шұлықтар шашылып жатыр.
Мен отырған оңтайлы жұмсақ орындық кəрі солдаттың денесіндей шұрықшұрық екен; ол өзінің жарақатты қолдарын ілгері созып, арқасына үйкелген
опа, "ежелгі май" таңбаларын көрініске қойыпты, бұл таңбаларды оған
Растиньяк достарының опа, далап жағылған бастары үйкеп қалдырса керек.
Төсек-орындарында, қабырғаларда, барлық жерлерде байлық пен
жоқшылықтың нышандары аңғалдықпен тоғысқаны байқалады. Мұны
ладзаронедер орналасқан Неаполь алаңы деп ойларлық. Сəулет туралы
өзіндік өзгеше бір ұғым туғызған, түйсікпен ғана өмір сүретін, өрескел
алашұбарлыққа əсте қынжыла қоймайтын құмарпаз, алаяқ адамның
тұратын бөлмесі еді бұл. Əйтсе де, бұл көрініс поэзиядан да мақрұм еместі. Мұнда өмір нағыз шындықтағы сияқты тосын, толымсыз, бірақ жанды,
əсем тіршілікті күйінде, қолына түскеннің бəрін сүйреп əкеле беретін
тонаушының зат қоймасындағыдай таңғажайып шоқпыт пен зейнеті аралас
күйде бейнеленген еді. Мұнда мың франкіні картаға тігетін, сөйтсе де
кейде бір жағым отыны болмай қалатын, серуенде тильбюри арбаға мініп
қыдыратын, сөйтсе де кейде бүтін үстіне киетін бір мықты сырт көйлегі де
болмай қалатын жас мырза Байронның шығармаларын отқа жатып, каминін
жылытушы еді. Күні ертең əлдеқандай бір графиня, актриса немесе карта
оған король сыйындай қылып іш киім сыйлауы мүмкін; ал қазір мына бір
жерде күкірт оттықтың жасыл қалайы сауытына қондырылған май шам тұр,
əне бір жерде сом алтыннан соғылған жақтауы жұлынып, бір əйелдің суреті
жатыр. Бəсе, мұншалықты қайшылықтарға толы, бейбітшілік кезінде
соғыстың барлық лəззаттарын сыйға тартатын осындай өмірдің
рақаттарынан мереке қызық аңсаған сері жігіт қалайша бас тарта алар еді?
Мен қалғып бара жатыр екенмін, кенеттен Растиньяк есікті теуіп ашты да,
қиқу салды:
– Жеңіс! Енді өлімді өз қалауымызша талғай аламыз...
Ол іші алтынға лық толған қалпағын маған көрсетті де, үстел үстіне қоя
салды. Біз өзінің құрбандықтарының үстіне төнген екі жалмауыздай
қалпақты шыр айнала би билеп кеттік; тыпырлап, қарғып, секіріп, асыр
салдық, аюдай ақырыстық, керку дəнді де жығарлықтай желіге
жұдырықтастық, біз үшін бүкіл əлемнің барлық қуанышын бір өзінің ішіне
сыйғызып тұрған мына қалпақты көргенде, шарықтата он шырқадық.
– Жиырма жеті мың франк, деп Растиньяк үйме алтынға бірнеше банк
билеттерін, яғни қағаз ақшаларды үстеп нығыздай берді. Басқаларға
мұншалық ақша өмір бойына жетер еді. Біз үшін өлімге ғана жетер ме
екен? Əлбетте! Біз алтын ванна ішінде жан тəсілім етерміз... Ура!
Біз қайтадан асыр салдық. Бейне бір мұрагерлер тəрізді, теңгеліктерді
біртіндеп, екі жаққа бөлістік; əуелі қос наполеондардан бастап, ірі
теңгеліктерден кішілеріне қарай ауыса, ұзақ уақыт бойына: "Мынау саған!..
Мынау маған!.." дей-дей, біз шаттығымызды бір-бір тамшылап, тістің
суындай ірке сімірістік.
– Ұйқы бүгін адыра қалсын! деп Растиньяк айтай салды. Жозеф, пунш
əкел!
Ол өзінің адал қызметшісіне алтын теңгелік лақтырды:
– Мə, мынау сенің үлесің, ал! Өлгенде маған бата оқырсың!
Ертеңіне мен Лесаждың90 дүкеніне барып, жиһаз сатып алдым, Тэбу
көшесінен пəтер жалдадым, кəдімгі, өзіңмен танысардағы пəтер, ішін
əшекейлі тұсқағаздармен безендірдім. Мен аттар сатып алдым. Қысқасы,
мен думанды, əсерсіз, бірақ шынайы лəззаттардың құйыныңа шомдым да
кеттім. Кейде ұтып, кейде орасан көп сомаларды ұтқыздым, тек досжарларымның ғана үйлерінде ойнаймын, құмарпаздар үйіне əсте
жуымаймын, бұлар маған бұрынғыша жабайылық кездегідей қасиетті үрей
туғызатын. Бірте бірге достар да пайда болды. Егестеріміз де,
араздықтарымыз да немесе олжаластық арқылы қаныпезерлене түсіп,
құпия сырларымызды бір-бірімізге соншалық жеңіл-желпі сенгіштікпен
жариялауымыз да осы достардың арқасы; əйтсе де, бəлкім, бізді өзара
сондай тығыз жымдастыратын біздің кінараттарымыз ғана болса керек,
бұдан өзгеде ондай қуат болмас, cipə.
Мен көркемсөз майданыңда күш сынасуға батылдық еттім, менің
шығармаларым мақұлданды да, сауда-саттық əдебиетінің ұлы адамдары,
менің қауіпсіз бақталас екенімді көріп, əрине, менің өз басымның
қасиеттері үшін емес, өздерінің саудаластарының ызасын келтіру үшін мені
мақтай бастады. Думанды сайранның көркем кестелі тілімен айтқанда, мен
өмірді өртендіруші болдым. Менің намыскерлігім тезірек өзімді-өзім мерт
ету жəне өзімнің төзгіштігім, уыттылығым арқасында ішкіліктес нағыз
жайдары серіктерімді де күйрету жолына жұмсалды. Мен əрдайым тың,
əрдайым сыпа-сырбаз болдым. Мен тіпті сықаққой атағына да іліндім.
Адамды шүмекке айналдыратын, жүзім шырының сытып шығаратын
аппаратқа немесе бəйге атына айналдыратын сұрапыл тіршілікті менің
бойымнан еш нəрсе де əшкерелей алмайтын еді. Көп кешікпей, есерлік
өмір өзінің сұрапыл кескінінің бүкіл ұлылығын менің алдымнан кескестетті, һəм мен оның сырына қандым да! Əрине, өздерінің мұрагерлеріне
арнап, шыныларға этикетка жапсыратын естияр, байсалды адамдар мұндай
салтанатты өмірдің теориясын да, оның қалып-қағидаларын да есте ұстай
алмас. Лəззаттың апиын мен шай сияқты бұлақтарын да əлі күнге дəрі
көретін өлкеліктерді мұндай өмірдің поэзиясымен қызықтыруға болар ма?
Тіпті Парижге осынау өзінде, пікір астанасының өзінде де, біз шалағай
лəззат құмарларды кездестіріп жүрген жоқпыз ба? Шамадан тыс
лəззаттарға өресі жетпегендіктен болар, Россинидің жаңа операсын бір
тыңдағаннан кейін бүкіл музыкаға қарғыс айтатын салауатты буржуалар
тəрізді, алғашқы азғындықтан-ақ қажып қалмай ма? Паштетті алғашқы
жегенінде-ақ асқазаны ұқсатпай қалғандықтан, ынсапты адамның Рюфек
паштеттерін жемейтіні секілді, олар мұндай өмірден безер болмай ма?
Есерлік, əрине, ол да поэзия сияқты, өнер, сондықтан оған да жансебіл
қайратты адамдар керек. Оның құпия сырларына қану үшін, оның
көріктерімен құмар тарқата алатын болу үшін жігіттер белгілі мағынада
бұл өнерді тəптештеп зерттеулері керек. Барлық ғылымдар сияқты, ол да
алғашқы кезде бездіреді, оның жолы да тікенекті. Адамның жаның жай
таптыратын орасан лəззаттар əрқашанда керемет кедергілермен қоршаулы:
ұсақ-түйек рақаттар ғана емес, аса сирек сезімталдықтарды дағдыға
айналдыратын, біртұтас етіп біріктіретін, оларды ұрықтандыратын белгілі
бір жүйе мінекей, драматизмге кенелген ерекше өмірді туғызатын, адамды
өзінің күштерін шамадан тыс, үдере ысырап етуге ынталандыратын осы.
Соғыс, өкімет билігі, көркемөнер осының бəрі желік, бұлар да есерлік
секілді адамның қарсылығының жайшылықтағы күшінен сондайлық өктем
жəне сондайлық қызықтырарлық, еліктірерлік желік, жəне, осының бəрі
қиыншылық арқылы ғана қол жетерлік нəрселер.
Ал енді кімде-кім осы ұлы құпия сырларды тіке шабуыл арқылы
меңгерсе, ондай адам əлденендей ерекше бір дүниеде аяғын алшаң басқаны
емес пе? Көңілге күшті əсер ететіні зауықтарды өзінің кəдуілгі тіршіліктен
соншалық алыс өміріне қарсы қою қажеттілігі қолбасыларды,
министрлерді, суретшілерді — осылардың бəрін азды-көпті дəрежеде
азғындыққа, зинақорлыққа жетелейді. Сарқып келгенде, соғыс дегеніміз —
бұл қанды балақ есерлік, саясат дегеніміз, бұл сүзіскен мүдделердің
есерлігі.
Ысырапқорлықтың
бəрі
ағайындас.
Осы
əлеуметтік
зағыптықтардың бəрінде де шыңыраудың ұйығындай тартып əкететін күш
бар, Елена əулие аралының Наполеонды арбағаны сияқты, олар да арбап
өзіне тартады, олар басты айналдырады, елітеді, олар сиқырлайды,
сондықтан өзіміз де білместен, біз түпсіз шыңырауға үңілуге ұмтыламыз.
Бəлкім, онда мəңгіліктің идеясы бар шығар, бəлкім адамның төтенше
сусыны қанарлықтай кəусар бар шығар оның ішінде, олай болғанда оның
тағдыры жалпының назарын өзіне аудармай ма?
Қызметтік рақатты сағаттарына, шығармашы қуанышына бола, қажыған
суретші, сезімдердің қызметін өзінің ақыл-ой қабілеттерінің қызметіне
қарсы қойғалы, не тəңірі тəрізді — жексенбі тынысын, не əзəзіл тəрізді
тозақтың нəпсі құмарлығын талап етеді. Бостон ойнап отырып
мылжыңдасу, рантьенің жаның жай таптырғанымен, лорд Байрон үшін
тыныс болып табылмас еді оған, яғни ұлы ақынға, Махмұдпен карта
ойнауға тігісетін Грекия керек болды. Соғыста адам ажалдың періштесіне
айналмай ма, тек алып мөлшердегі өзіндік бір жендет болып кетпей ме?
Бейне бір тікенек қоршауда тұрғандай, біздің құштарлықтарымызды
тұмшалап тұрған нəуетек қабыршағымызға жау, зымыстан азаптарды тарта
алатын болуымыз үшін мүлдем ерекше бір сиқыр, арбау керек болмас па?
Шылымшы темекіні ынсапсыз сорғаны үшін тамыр сіңірлері құрысып,
өзінше өлім есірігінің азабын тартады, бірақ оның есесіне ол қандай
елдерді араламады дейсіз, неткен тамаша мерекелерді бастан кешірмеді
дейсіз!
Еуропа тобығынан қанға малшынған аяқтарын сүртіп үлгірместен,
үздіксіз соғыстарды қайтадан бастамап па еді?
Табиғаттың да өзінің махаббат құштарлықтары болатыны сияқты,
адамдар бұқарасы да сондай мастануды бастан кешірмей ме? Жеке адамдар
үшін бейбітшілік уақыттарында топастыққа мелдігіп, дауылды арман ететін
қайдағы бір Мирабо сияқтылар үшін есерлікте барлық тіршілік
қорытылмай ма? Думанды сайран бұл таусылмайтын айқас, немесе
өңдеңкіреп айтқанда, бүкіл өмірдің əлденендей бір дерексіз күшпен,
жантүршігерлік мақлұқпен жекпе-жек күресі; алғашқы кезде мақлұқ сізді
үрейлендіреді, оны бас салып мүйізінен ұстап алу керек; мұның өзі адам
айтқысыз қиын. Табиғат бізге əлде тым тар, əлде тым жалқау асқазан
сыйлапты; біз оны жуасытамыз, кеңейтеміз, шарапты меңгеруді үйретеміз,
маскүнемдікті қолтума, төл кəсіп етіп дағдыланамыз, талай түндерді
ұйқысыз өткіземіз, ақыр-аяғыңда өзімізде гусардың қызба мінезін
тəрбиелеп шығарамыз, бейне бір тəңіріні келемеж ететіндей, өзімізді-өзіміз
екінші рет қайта жасап шығарамыз. Жігіт адам міне осылай қайта өзгерсе,
мысалмен айтқанда, əскерге жаңа алынған жасөспірім өзінің жан
сезімдерін зеңбіректің допты түйдектеп жаудыратын гүрсіліне, өзінің
сирақтарын жорық жүрістеріне əбден кəнігі етіп дағдыландырып, қарт
солдатқа айналса, ол əлі мақұлыққа мүсəллəм болмай тұрған кезінде,
екеуінің қайсысы мырза, қайсысы малай болатының өзара келісіп алмай
тұрған кезінде. Бұлар, жас жігіт пен құбыжық, бір-біріне кейде жеңуші,
кейде жеңілуші болып бас салады, осының өзі айналадағының бəрі де
таңғажайып керемет боп көрінетін, жүрек азаптары қалғып, тек
идеялардың ғана елестері тірілетін əлем саласында жүзеге асып жатады.
Кескілескен бұл күрес енді қажеттілікке айналады. Аңыздарда
айтылатынындай, зұлымдықтың құдіретіне не болу үшін жаның əзəзілге
сатқан ертегі қаһармандарының тұлғасына айнала отырып, өмірдегі барлық
қуаныштары үшін, соншалық мол, соншалық жемісті, мəуелі шаттықтары
үшін, ысырапқор өзінің өлімімен ақы төлейді! Дүкеннің немесе кеңсенің
бір тұрпаттағы аңғарлары арасында жайлап қана бұлаң қағудың орныңа,
өмір қазандай қайнап, тасқындай сарқырайды. Ең ақырда, жан сезімі үшін
мистикалық қуаныштар қандай болса, əрине, дене үшін, тəн үшін есерлік
өмір де сондай.
Маскүнемдік бізді шамадан тыс шексіз қиялдарға батырады,
ынтызарлық шұғылалары сияқты бұл қиялдар да сондайлық
қызықтырарлық. Сол кезде бізде де жас қыздың еркелігіндей сиқырлы
сағаттар болады, достарымызбен шүйіркелескен сүйкімді əңгімелеріміздің
тиегі ағытылады, бүкіл өмірімізді көз алдымызға қайта елестеткен көңілді
сөздеріміз, бұлыңғырсыз, толық қуаныштарымыз, зеріктірмейтін
серуендеріміз, бірнеше сөйлеммен тынатын тұтас поэмаларымыз болады.
Біздің ішіміздегі айуандық нəпсіде жан барлығын табу үшін ғылымның көп
зерттеуіне тура келер еді, осы нəпсіні жұбатуымыз-ақ мұң, сиқырлы
тұралаушылық туады, естен мезі, ақылдан ада болғандар Бұл
тұралаушылықты аңсап, терең күрсінеді. Олар толық тыныштық қажет
екенін түсінеді, ал есерлік-данышпанның жауыздыққа төлейтін рамат
салығына ұқсас емес пе? Ұлы адамдардың бəріне де көз жіберіңіздерші:
олардың ішінен кімде-кім нəпсі құмар болмаса, оны табиғат дімқос етеді.
Сықаққойлық немесе күндестік күші олардың дарындылығының əрекетін
тепе-теңдестіру үшін олардың жаның яки тəнін кінəратты етеді.
Осы мастық сағаттарында адамдар мен заттар сенің өз киіміңе оранып,
көз алдыңа келіп
тұрғандай болады. Шабыт мұраты, сен оны өз қалауынша өзгерте
аласын. Осы тоқтаусыз үздігу үстінде, ойың сенің өзіңнің ізгі тілеуің
бойынша, тамырларыңа қорытылған қорғасын құяды. Тамаша күндеріңнің
бірінде сен енді түгелдей манағы жан түршігерлік құбыжықтың
билігіндесін: сол шақта сенде де, менің өз басымнан кешіргенімдей, ашына
оянғандық пайда болады: бас жағыңа таяна, дəрменсіздік келіп қонады. Сен
қарт жауынгер болсаң сенің өкпеңді құрт жейді, сен дипломат болсаң сенің
қолқа тамырларыңның кенеюі мойныңа ажал жібін іліп қояды; Урбинодаты
Рафаэльді махаббаттағы артықша асқақтық мерт еткен, бір кезде соған
айтқаныңдай, маған да, бəлкім, көкірек дерті келіп: "Уақыт болды!!!" деуі
мүмкін. Мінеки мен осындай өмір сүріп келдім. Мен дүниеге тым ерте
немесе тым кеш келсем керек; əрине, егер мен осылайша өз күшімді
мұқалтпаған болсам, мұнда менің күшім аса қауіпті де, құдіретті болар ма
еді, əлде қайтер еді; тегінде, сауық азғындығының тынымында Геркулес
кесесі91 əлемді Александрдан құтқарған жоқ па еді! Сайып келгенде,
өмірлері сəтсіз болғандарға не жұмақ, не тамұқ керек, не есерлік тұрмыс
немесе мейірімхана керек. Қазір мынау екі жан иесіне уағыз айтуға менің
батылдығым жетпеді, – деді Рафаэль Евфрасия мен Акилинаны нұсқап.
Осылар менің тарихымның жанды келбеті, менің өмірімнің бейнесі емес
пе? Мен оларды айыптай алмадым, олардың өздері менің алдыма қази
болып келді.
Осы бір тірі поэманың орта шенінде, маужыратқан осы дерттің
құшағында мен екі рет жанымды өртей күйзелткен қатты талмаға
ұшырадым. Алғашқы талмам, Сарданапал секілденіп, алауға құлап
түскенімнен кейін бірнеше күннен соң ұстады: Итальян театрының есік
алдыңда мен Теодораны кездестірдім. Біз экипаж күтіп тұр едік.
"Ау, сіз əлі тірі екенсіз ғой!" Оның жымия күліп, нөкеріне сыбырлай
айтқан аярлық сөздерін осылай деп қана ұғуға болатын еді; əрине, нөкеріне
менің тарихымды аңғартып, менің сүйіспеншілігімді былапыт, тұрпайы
махаббат деп анықтама бертендігі де күмəнсіз. Ол өзінің жорамал
қырағылығына масайрап қол шапалақтады. Уа, дариға, сол үшін өлу, əлде
болса оны тəңірі тұту, тіпті мастыққа батқан мезетте, жезөкше қыздардың
төсегінде артықша құмарлыққа беріліп жатқан минуттарда да оны өзіңнің
қарсы алдында көру сөйте тұрып, оның ожуасына нысана болғаныңды
түйсіну қандай қорлық! Кеудеңді парша-парша етіп, оның ішіндегі
махаббатты жұлып алып, ызалы кекпен соның аяғының астына лақтырып
тастай алмайтының-ай!
Ақырында мен өзімнің байлығымды ысырап етіп болдым; алайда үш
жыл ұдайы дұрыс өмір сүрудің арқасында денсаулығым əбден мығым боп
қалыптасып үлгірген екен, сондықтан, ақшасыз қалған күні мен өзімді тым
тəуір күйде сезіндім. Өлім есірігін ұзаққа соза түсу үшін мен қысқа
мерзімдік вексельдер бере бастағанмын; қарызды төлейтін күн де жетті.
Қытымыр қынжылыстар-ай! Осылардың өзі-ақ жас жандарды қандайлық
сергітеді! Мен мезгілінен ерте қартаю үшін жаралған емес едім. Жан
сезімдерім əлі жас, уытты, тамылжып гүлдену үстінде еді. Менің алғашқы
векселім өзімнің барлық мейірбандығымды өмірге қайта тірілтті; олар
қайғылы пішінмен баяу аттап, құзырыма келді. Мен оларды үгіттеп көндіре
алдым; алғашқы кезде ұрысып-кейіп, кейіннен көңілдері босап, жылап
жіберетін, сөйтіп, ақша беретін кəрі апайлар тəрізді еді олар. Ал, менің
қиялым анағұрлым ызғарлы болатын, ол менің есімім бүкіл Еуропада
саяхат шегіп, қаладан-қаланы аралап жүргендігін суреттеді маған. Біздің
есіміміз ол біздің өзіміз, депті ғой Евсевий Сальверт.92 Əлде бір немістің
егіз қосағы тəрізді, мен ешқайда шықпасам да, тентіреп-тентіреп, өз үйіме
қайтып келіппін: кенеттен ояна кеттім. Сауда-саттық ұжданыңың құстанасы
атанатын, қожасы кигізген сұрғылт түстес оқалы бешпентіне күмістей ақ
қаңылтыр тағып жүретін банк шабармандарын Париждің көшелерінде
кездестіргенде, мен бір кездерде оларға немқұрайды қарайтынмын; қазірде
мен оларды күні бұрын жек көретін болдым, тегінде, күндерде бір күн
таңертеңгілік солардың əлдебіреуі маған да жетіп келіп, менің қол қойған
он бір векселім жөнінде жауап талап етпесе неғылсын! Менің қойған
қолым үш мың франк тұратын, қысқасы өзімнің құнымнан да артық.
Өзгенің қайғы-қасіретіне, тіпті өліміне де мейірі жібімейтін сот
орындаушылары, өлім жазасына үкім етілгендерге: "Сағат үш жарымды
соқты" дейтін жендеттерше, менің көз алдымда елестейтін де тұратын.
Мені ұстап алып, есімімді өзгертіп қойып дəптерлеріне шатпақтап жазуға,
оны ластауға, келемеж етуге олардың хатшыларының толық қақылары бар.
Мен борышқормын ғой. Қарызданғанның қара басына иелігі бар ма? Менің
қалай дəурен сүргенім туралы есеп сұрауға өзгелердің де қақысы бар емес
пе? A la chipolata ботқа жеуге əуестенетін не жөнім бар еді? Шампан
шарабына құнығатын қай мырзалығым? Қарызымды өтемей тұрып,
ұйықтау, жүру-тұру, ойлану, сайрандау себебім не?
Идеясына айызым қанып, өлеңді құмарта оқып отырған кезімде немесе
достарымның ортасында, шаттыққа бөленіп, сүйкімді əзіл үстінде
ертеңгілік ас ішіп отырған кезімде күнсіген, үстіне фрак киген, көне
қалпағын қолына ұстаған жалдап, менің алдыма жетіп келуі мүмкін-ау. Бұл
менің борышым, векселім, менің қуанышымды су сепкендей сөндіретін
елес; ол мені үстел жанынан шығып, оңаша тілдесуге мəжбүр ете алады; ол
менің жайдарылығымды, ғашық жарымды бəрін де, ең арғысы төсекорныма дейін ұрлап əкете алады. Ұждан құстанасы анағұрлым мейірімді,
ол бізді көшеге лақтырып тастамайды, абақтыға отырғызбайды, кінəраттың
сойқанды құмарханасына итермейді; ол бізді жаңғырықтан басқаға душар
етпейді, тіпті жаңғырық алдында да жендет бізді ізгі пендеге, асылзадаға
айналдырады, өйткені басымыз кесілерде де бізді жұрттың бəрі "күнəсыз
еді" деп нанатын болады; ал қоғам күйреген құмарпазға мейірбандықтың
ешқандайын да қимайды. Оның үстіне осы екі аяқты борыштар, яғни
борыштың жасыл мауыты киінген, көк көзілдірікті, қуарған қолшатыр
ұстаған осынау тұлғасы жүзіміз күлім қағып тұрған шақта көшенің
қиылысында бізге бетпе-бет кездесе кетеді де, сұрапыл хұқығын пайдалана
қояды;
"Валентен мырза маған қарыздар, бірақ борышын төлемей жүр. Оның
жаны менің қолымда. О, менімен кездесуден тайқақситының тек сездіріп
көрсін!" деуге қақысы бар бұл сұмның. Қарыз берушілерге тəжім етіп жүру
қажет жəне де жайдары жүзбен жағымпаздана тəжім ету қажет. "Сіз
борышыңызды қашан төлейсіз?" деседі олар. Сонда сен өтірік айтуға,
жалынып, жалбарынуға міндеттісің, ақша үшін өзіңдей адамның алдында
кішіреюге, кемсінуге тиіссің, сандығының үстінде шалқия отырған
ақымаққа бас июге мəжбүрсің, оның мұздай көзқарасын, жағына
шапалақпен тартып жібергеннен де қорлықтырақ сүлік көз қарасын
төменшілікпен қарсы алуға ділгерсің, оның Барем93 сəйкесті есепқорлық
насихатын тыңдауға, өрескел надандығына төзуге кіріптарсың. Борыш
дегеніңіз күшті қиялдың жемісі, мұны қарыз иелері түсінгісі келмейді.
Қарыз алушыны көбінесе жан сезімінің ынтығы желіктіріп, құлдыққа
душар етеді, ал ақшаға бола ғана өмір сүріп, ақшадан басқаны
танымайтыңдарды ештеңе де құлдыққа түсіре алмайды, ешқандай ұлы
сезім, асқақ ой оларды ешқашан билей алмайды.
Ақша дегеніңіз менің зəремді кетіріп, үрейімді ұшырушы еді. Ақыраяғында вексель дегеніңіз бала-шағасын асырай алмайтын, мейірбандық
жүгінің салмағына төтеп бере алмай бүкшеңдеген кəрі шалға айналуы да
мүмкін. Бəлкім, мен Грезаның жанды суретіне, сондағыдай перзенттері
қоршап алған мүгедекке, солдаттың жесіріне қарыздар болуым мүмкін ғой;
ал, олардың бəрі де маған жалбарынып, көз созатын болар еді. Бізге қарыз
берушілердің өздерімен қосыла жылауға тура келетіні не деген сұмдық!
Сұрапыл ғой мұндай қарыз иелері! Оларға борышымызды төлегеннен кейін
де біз өздеріне жəрдемдесуге тиіс екенбіз. Басы кесілер алдында немесе
жекпе-жек атыс алдында адамдар жалған байсалдылықпен тыныш
ұйықтағансиды ғой, қарызды төлер мерзім қарсаңында мен де сондай
жалған байсалдылықпен тыныш ұйықтағалы жатқан едім, мұның өзі
алдамшы үмітпен өзіңді əлдилеуге мүмкіндік бермек қой. Бірақ ертеңіне
ұйқыдан оянып, есімді жиған кезде, жаным банкирдің əмияныңда тығулы
жатқаның, қызыл сиямен жазылып, хаттау актісіне телінгенін ойлауым мұң
екен, борыштарым əр жерден шегірткеше шоршып шыға бастады: олар
сағаттың ішінде, жұмсақ орындықтардың үстінде тізіліп тұр; жақсы
көретін жиһаздарымның ою өрнегінде де бар екен ол борыштар. Сот
егеуқұйрықтарының жемтігіне айналған бұл заттарымды, менің сүйкімді
жансыз құлдарымды олар тасып əкетіп аланға қалай болса солай үйе
салады ғой енді. Қайран, менің мүліктерім-ай əлі де болса өзімнің бір
бөлегім іспетті еді ғой!
Пəтерімнің есігінде қоңырау миымды шағып, жүрегімде сыңғырлады,
онан да корольдарды осылай жайратсайшы ол шіркін! Осының өзі сыйға
тартатын жұмағы жоқ құрғақ азапкерлік еді. Иə, инабатты адам үшін
борыш дегеніңіз тамұқ; тамұқ болғанда да, сот билігін орындаушылары,
адвокаттары бар тамұқ. Өтелмеген қарыз ол масқаралық, ол зымияндықтың
ұрығы, айта берсеңіз, ол өтірікшілік. Ол қылмысқа ниеттенеді, жаңғырыққа
деп тақтай құрастырады. Менің вексельдерім бойынша борыштарымды
өндіртуге билік шығарылды, үш күн ішінде төлеп құтылдым. Сəті түсе
қалды: тап сол кезде бір саудагер келіп, Луара өзеніндегі маған тиісті
аралды сат деп ұсынбасын ба. Сол аралда менің анамның қабірі болатын.
Мен бұл саудаға келістім. Нотариустың қараңғы кеңсесінде аралды
сатқандығым жөнінде қағазға қол қойып отырғанда, мен құжыраның лебі
келгенін сезіндім. Əкемді қабірге түсірерде, сол қабірдің шегіне төніп
тұрғанымда, маған осындай бір дымқыл салқын леп келгені есіме түсіп,
селт ете қалдым. Осының өзі маған жаман ырым болып көрінді. Анамның
даусы естілгендей, көлеңкесі көз алдымда елестегендей болды; қандай
кереметтің күші екенін білмеймін, əйтеуір қоныраудың сыңғырына араласа
өз есімімнің аталғаны құлағыма əнтек естілгендей болды.
Аралды сатқан ақшадан, барлық борыштарымнан құтылғаннан кейін,
менде екі мың франк қалып еді. Əрине, ғалымның бейбіт өмірін қайтадан
бастай алатын едім, осы тəжірибелерден кейін өзімнің мансардама қайта
оралуыма мүмкіндік бар еді, əжептəуір белгілі, атақты адам болып, көргенбілгендерімнің мол қорымен қайтуыма əбден болатын еді. Бірақ Теодора
өзінің жемтігін шеңгелінен шығармады. Мен онымен жиі-жиі қақтығысып
қалып жүрдім. Теодораның құлағына өзімнің есімімді ызыңдай беруге
оның табынушыларын мəжбүр еттім, менің ақылыма, жүйрік аттарыма,
жеңістеріме, сəн-салтанатыма олардың қайран қалғаны сондай Теодора
бəріне де, тіпті Растиньяктың "Ол сіз үшін өзін мерт еткелі жүр" деген жан
түршігерлік сөздеріне де жібімей, мұз жүрек, өзгеріссіз қалпында қала
берді. Бүкіл зиялы қауымға Теодорадан мен үшін кек алуды жүктедім, бірақ
мұнымен де бақытты бола алмадым. Мен өмірдің бүкіл лас быламығын
қазып шығардым, бірақ жұбай махаббатына ынтығым, бұған қарап кеміген
жоқ. Ондай қуаныш бұрынғыдан бетер алыстап кетті, мен есерлік
өмірімнің кездейсоқ уақиғалары арасынан, зауық азғындығының ортасынан
сағым қудым. Сорыма қарай, мен ең таңдаулы сезімдерімде алдандым,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шегірен Былғары - 14
  • Parts
  • Шегірен Былғары - 01
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2531
    28.0 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 02
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2526
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    37.3 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 03
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2445
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 04
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2479
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 05
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2519
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 06
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2463
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 07
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2433
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 08
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2370
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 09
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2415
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 10
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2418
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 11
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2356
    28.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 12
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2283
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 13
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2455
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 14
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2393
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 15
    Total number of words is 4023
    Total number of unique words is 2423
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 16
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2233
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 17
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2155
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 18
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2257
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.8 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 19
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2406
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 20
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2522
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.2 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 21
    Total number of words is 2497
    Total number of unique words is 1541
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.