Latin Common Turkic

Шегірен Былғары - 18

Total number of words is 3927
Total number of unique words is 2257
29.9 of words are in the 2000 most common words
41.8 of words are in the 5000 most common words
48.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тəжірибеден алған əсерлері туралы бір-біріне пікір айтуға бата алмай, ұзақ
уақыт үнсіз отырысты; ақырында Планшет сөз бастады.
– Біз бұл уақиға туралы Академияға айтпай-ақ қояйық, əріптестеріміз
мысқылдап болар.
ғалымның екеуі де құдайды аспаннан таба алмай, моладан шыққан
христиандарға ұқсас еді. Ғылым? Дəрменсіз! Қышқылт? Таза су! Қызыл
сақар? Түкке аспады! Вольт доғасы мен найзағай? Ойыншық!
– Су қуатымен əрекет ететін пресс бір үзім нандай үгітілді, – деп
қосарлады Планшет.
– Мен Ібілістің бар екеніне сендім, – деді бірер минут үндемей
тұрғаннан кейін барон Жафе.
– Ал, мен құдайдың барына сендім, – деді Планшет те қостай.
Əрқайсысы өз тұрғысынан қаранды. Механиқа үшін, əлем дегеніңіз
жұмысшыны қажет ететін машина; химия үшін барлық заттардың да тектегін ажырататын осы дəу пері; əлем дегеніңіз қозғалуға қабілеті жететін
газ.
– Біз фактіні бекер дей алмаймыз, – деп химик сөзін жалғастырды.
– Е. мұныңыз тек бізді жұбату үшін ғана айтылған қысыр кеңес қой,
ақымақшылық болса да, əйтеуір факті деген бұлыңғыр аксиоманы ойлап
тауыпты ғой доктринер мырзалар.
– Сенің аксиомаң да факті ғой, меніңше оның өзі есуастық қағида, – деп
химик шорт кесті.
Екеуі күліп жіберді де, кереметтің өзін де кəдуілгі құбылыс – деп
табатын адамдардың пішінімен түскі тамаққа отырысты.
Үйте қайтып келгеннен кейін Валентеннің зығырданы қайнады, оны
ызалы аласұру сезімі биледі; енді ол еш нəрсеге сенбеді, дүниеде жоқ
нəрсеге тап болған адамша, ақыл-ойлары шатасып, шыр айналды, бетбетіне ыдырап кетті: Ол Шпигхальтердің машинасындағы қандай да бірер
жасырын кінəрат бар екеніне сенер еді ғылым мен оттың дəрменсіздігі оны
таңырқатқан жоқ; ал бірақ, былғарыны қолына алып, ұстап қарағандағы,
оның майдалығы, адам баласының қолындағы қиратқыш құралдардың
бəрін қолданғандағы былғарының сондайлық мығымдылық, беріктік
көрсетуі, міне Рафаэльдің зəресін ұшырған жай осы еді. Осынау
бұлжымайтын фактіден оның миы айналды.
"Мен ақылымнан алжасқан шығармын, – деді ол өзіне-өзі. Таңертеңнен
бері дым татқаным жоқ, бірақ ештеңе жегім де, ішкім де келмейді, ал,
кеудем оттай өртеніп жатқандай".
Ол шегірен былғарыны қайтадан шеңберіне орнатты да, бойтұмардың
қазіргі кемерін қызыл қаламмен айнала сызып, жұмсақ орындыққа отырды.
– Сағат сегіз болып қалған ба? – деді айғайлап. Көрген түстей күн
өтіпті.
Ол жұмсақ орындықтың жақтауларына шынтақтай, екі қолымен басын
сүйеп, осылайша ұзақ отырды; өлім жазасына үкім етілгендердің құпия
сырларын өздерімен бірге ала кететініндей, бұл да түнерулі ойға, тұңғиық
пікір дариясына сүңгіді.
– Беу, Полина, – деп назаланды Рафаэль, байғұс қыз! Махаббаттың
қанаттары қандай мықты болса да, ол өте алмайтын шыңыраулар да бар
екен.
Дəл сол мезетте ол іштей күрсінген бір ақырын дыбысты естіді де тек
ғашықтарға ғана тəн нағыз сезімталдық қасиеттердің арқасында, ол
Полинаның көкірегінен шыққан белгі екенін аңғарды.
"О, мінеки, үкім де шықты! – деп ойлады бұл егер ол осында болса, мен
оның құшағында жантəсілім етуді тілер едім".
Ашық риясыз жайдары күлкі естілді, Рафаэль төсек жаққа мойнын
бұрып, селдір перденің ар жағынан Полинаның дидарын көрді: ол өзінің
айласы сəтті боп шыққанына риза болған, енді балаша жымиып тұр екен;
қолаң шашы бұрқырап, екі иығын жауып кетіпті; дəл сол мезетте ол ақ
бəйшешек жер ортасындағы алқызыл раушанға ұқсас еді.
– Мен Ионафанды сатып алдым, – деді ол мен сенін əйеліңмін ғой,
ендеше мынау төсек менікі емес пе? Сен маған ашуланба, қымбаттым, тек
сенің жаныңда ғана ұйықтағым келді, сені таңдандырғым келді. Бұл
есуастығымды кешірерсің.
Жұқа ақ жібек көйлектің ішінен бейне бір шұғыла шашқандай боп, ол
төсектен мысықша қарғып түсіп, Рафаэльдің тізесіне кеп отырды.
– Қандай шыңырау туралы айттың сен, менің махаббатым? – деп
сұрады да, рені кенет
сұлық тартты.
– Ажал туралы.
– Сен менің жанымды күйзелтесің, – деді Полина. Біз сияқты бейшара
əйелдердің ойға да алуына болмайтын ұғымдар бар дүниеде, олар туралы
ойламағанымыз жақсы, əйтпесе өлтіреді ондай ойлар. Махаббаттың
күштілігінен бе, əлде ерліктің жеткіліксіздігінен бе бұл білмеймін. Ажалдан
қорықпаймын, – деп сылқ-сылқ күліп Полина сөзін жалғастыра берді.
Ақтық рет сені сүйіп, тіпті ертең таңертең-ақ сенімен бірге өліп кетсем,
мен үшін үлкен бақыт болар еді. Мен сол уақыттың ішінде жүз жылдан
астам өмір сүргендей болар ем, маған осылай көрінеді. Тату, тəтті,
махаббатқа толы бүкіл өмірді бір түн ішінде, бір сағатта тауыссақ, бізге күн
санының қанша қажеті бар?
– Дұрыс айтасың, сенің тəтті тіліңмен аспандағы періштелердің өздері
айтып тұрса керек. Келші бері, мен сүйейін сені, содан кейін өлейік, – деді
Рафаэль.
– Несі бар, өлсек өлейік! – деп үн қосты сықылықтай күліп Полина.
Ертеңгі сағат онда əйнек қақпақтарының саңылаулары арқылы бөлмеге
жарық түсті, жібек перделер күннің сəулесін сəл көлегейлесе де, сол
жарықта кілемнің мəнерлі өрнектері, ғашықтар ұйықтап жатқан бөлмедегі
жібек жиһаздар айқын көрініп тұрды. Кей жерлерде алтын жалатқан
өрнектер ұшқын шашыратты. Махаббаттың қызығы тұсында еденге
ысырылып түскен мамық көрпе үстінде күн сəулесі ойнайды. Полинаның
үлкен айна үстінде ілулі тұрған көйлегі көмескі елес тəрізді. Титімдей
туфлилер төсектен əлдеқайда алыста аунап жатыр. Терезе алдына бұлбұл
ұшып кеп қонды да, оның сайрағаны, ұшып кетердегі қанатының сыбдыры
Рафаэльді оятып жіберді.
Егер мен өлуге тиісті болсам, – деді ол, түсінде басына келген ойларын
өңінде де жалғастырып, демек менің денем де сүйек пен еттен құралып,
менің еркіммен жан бітіп, мені тұлға қылып отырған осы жанды машинада,
елеулі кінəрат болғаны. Дəрігерлер ажал қатерінің нышандарын білуге тиіс
жəне менің науқас немесе cay екенімді олар айтып бере алады.
Рафаэль ұйықтап жатқан зайыбына көз салды, ол түсінде де
махаббаттың уылжыған биязы сезімін білдіріп, Рафаэльдің басын құшақтап
жатыр. Нəрестеше емін-еркін көсіле, Рафаэльге жүзін бере ұйықтап жатқан
Полина, таза, біркелкі дем алып, сəл ғана ашылған сұлу еріндерін, əлі де
оған ұсынып жатқан тəрізді. Оның маржандай аппақ ұсақ тістері
күлімдеген уыз еріндерінің қызылын айқындай түскендей; дəл сол мезетте
оның дидарындағы алаулаған қызғылты шырай одан сайын құлпырып,
құштарлыққа, құмаршылыққа қаншама кенеліп жатса да, жалпы өңі
күндізгіден де ағырық көрінетін секілді. Оның жатқандағы əсем еркіндігі,
сүйкімді сенгіштігі арудың сымбатына ұйқыдағы сəбидің балғын ажарын
үстегендей. Қаншама ақжарылқап болып адалынан ашылған əйелдердің
өздері де күндіз зиялы қауымның кейбір шарттылығына батып өздерін
теженкіреп ұстайтын болса, түнгі ұйқы оларды сезімнің не бар болса
сəбилік табиғатына қайта оралтқандай болады, жəне осы сезім
шынайылығы олардың албырт жастығының зейнеті болып табылады. Көз
талыстарында екі ұшты ой жоқ, көзқарастарында құпия сыр жоқ сүйкімді
жан иелерінің бірі Полина қызарып ұяларлықтай қылықтардан аулақ. Оның
бір қырын жатқан бет əлпеті көпшіктің жұқа бөгес тысында айқын
суреттелулі; шілтерлі əсем əдіптер оның дударланған шаштарымен
араласып жатыр, осының өзі оған сəбилік бейкүнə ажар дарытқандай; сірі
ол ең лəззатты минуттарда ұйқтап кеткен болар; оның көз жанарларын тым
шақырайған күн сəулесінен қорғаштамақ болғандай ма, əлде құмарлықтың
бүкіл жан дүниені билеп əкетер əрі өткір, əрі өткінші мезетін кідірте тұруға
əрекеттенген кездегі жан сезімінің шоғырлануына көмектеспек болғандай,
оның ұзын кірпіктері жұмулы еді; оның бір шумақ тұлымымен көмкерілген
жəне фландр шілтерлерінде айқын суреттелген кішкентай қызғылт
құлақтары қиялшыл суретшіні, қылқаламның не бір дұл-дұл сыршысын,
тіпті қаусаған шалды да есінен тандырғандай, бəлкім, ақылы ауысқанға
қайтадан ес кіргізерліктей еді. Сүйген жарыңыздың ұйықтап бара
жатқаның, тыныш ұйықтап жатқаның, қанатыңыздың астында күлім қатып
шалықтағаның, тіпті түсінде де, жан иесі атаулының бəрі тынысын
тоқтатқандай болып көрінетін кездің өзінде де сізді сүюден танбайтының,
тіпті түсінде де сізге тағы бір, ақырғы рет сүйдіргелі еріндерін үнсіз
ұсынып жатқаның көру; алаңсыз, жартылай жалаңаш, бірақ желек
жамылғандай, махаббатқа оранған əйелді көру, ыбырсыған сүйкімді
тəртіпсіздік арасындағы күнəсыз əйелді көру; оның шашылып жатқан
киімдеріне, тек сіз үшін кеше ғана тездете шешкен жібек шұлықтарына,
сізге деген шексіз сенімінің дəлеліндей ағытулы белбеуіне қарау осының
бəрі айтып жеткізе алмастық қуаныш емес пе? Осы белбеудің өзі ғана тұтас
бір поэма емес пе? Бұл белбеудің қорғаштайтын əйелі енді жоқ, ол əйел
сіздікі, сіздің өзіңіздің бір бөлегіңіз, бір мүшеңіз болып алды, бұдан былай
оған опасыздық ету өзіңді-өзін жаралағандық болар еді. Көңілі босаған,
Рафаэль бөлме ішіне көз жүгіртіп, айнала шолып өтті; махаббат жайлаған,
естеліктерге толы, ішіндегі жарық сəуле лəззат құмарлығының сарының
бейнелеген бөлме еді бұл; дене бітімі сондай кіршіксіз таза, уылжыған жас
əйелге, əлі де сүйетін жəне ең маңыздысы сол махаббат сезімдерін түгелдей
мұның өзіне меншіктендірген осы əйелге Рафаэль қайтадан көз жіберді. Ол
мəңгілік өмір сүргісі келіп кетті. Рафаэльдің көз жанары Полинаға
батытталған шағында, бейне бір көздеріне күн нұры шатылғандай. Полина
да көзін ашты.
– Қайырлы таң, достым, – деді ол күлім деп. Қандай сұлу едің, жауыз!
Махаббаттың, жастықтың, көлегейлі күңгірт жарықпен, тыныштықтың
арқасында сондайлық тамаша көрікке бөленген осы екі келбет аса бір
көркем сурет тəрізді еді; сезім тазалығы мен аңғырттық тек балалыққа ғана
тəн болатыны сияқты, құштарлықтың алғашқы күндерінде ғана пайда
болатын, тартымдылығы сондайлық, өткінші сүйкімділіктің суреті еді бұл.
Əттен, махаббаттың бұл көктемгі шаттығы, жастық шағымыздың
күлімдеуіндей лезде өшіп, оны тек біздің жадымызда ғана сақталуға жазған
ғой тағдыр, өзіміздің құпия пікірлеріміздің нəпсісі бойынша бізді
түңілушілікке ұрындыру үшін немесе жабырқаулы көңілімізді жұбататын
жұпар иісін аңқыту үшін жазған ғой оны тағдыр.
– Сен неге ояндың? – деді Рафаэль. Сенің ұйқыңа мен соншалықты
рақаттана қарап жатыр едім, мен тіпті жылап алдым ...
– Мен де солай, – деді Полина, сенің ұйықтап жатқаныңа қарап түнде
мен де жыладым, бірақ қуаныштың көз жасы емес еді ол. Тыңдашы,
Рафаэль, тыңдашы! Ұйықтап жатқанда сен қиналып дем алады екенсің,
сенің кеудеңде бірдеңе сырылдағандай, мен содан қатты қорықтым. Өкпе
ауруынан, жіңішке дерттен қайтыс болған менің əкемнің жөтелі сияқты
сенің жөтелің. Өкпеңнің сырылдауынан мен осы дерттің ерекше белгілерін
аңғарып қалдым. Сонан соң сен безгек адамдай қалшылдадың, бұған менің
сенімім кəміл, сенің алақандарың дымқыл жəне ыссы еді... Қымбаттым!
Сен əлі жассың ғой, – деді ол шошынып, сен əлі сауығуың мүмкін, егер сен
шынымен, сорыма қарай... қойшы, ойбай! – деп Полина қайтадан жадырап
айғайлап жіберді. Ешқандай бақытсыздық жоқ: бұл дерт жұқпалы деседі
ғой дəрігерлер.
Ол екі қолымен бірдей Рафаэльді мойнынан құшып, жан сала
еміренетін сүйістердің бірімен оның демін жұғына сімірді.
– Мен қартайғанша өмір сүруді тілемеймін, – деді Полина.
– Екеуіміз де жастай өлейік те, қолымызға тұл ұстап аспанға ұшайық.
– Мұндай тілектер өзіміз сау-сəлемет тұрған шақта ғана туады,
— Рафаэль Полинаның шаштарымен ойнап отырып, осындай қарсы
пікір айтты.
Бірақ сол арада ол қатты булығып жөтелді, бейне бір табыттан
естілгендей, адамның барлық жүйкелерін қамтып, денесін тітірентетін,
жұлынды шаршатып қан тамырларында əлдеқандай ауырлық туғызатын,
науқастың өңін қуартып, аза бойын қалтырататын, терге шындыратын, ұзақ
булықтырып тастайтын, жөтел еді. Бұл азап шегіп, боп-боз болып Рафаэль
көпшікке баяу ғана шалқайды, ақтық күштерін сарыққандай, мүлде əлсіреп
қалды. Полина көздері шарасынан шыға, үңіле қарап, зəресі ұшқаннан тілі
байланып, аппақ боп, өңі қуарып кетті.
– Бұдан əрі ақмақтанбайық, періштем, – деді ол, ақырында, дерттің
райынан шошынған жүрек қобалжуын Рафаэльден жасыруға тырысып.
Полина қолдарымен бетін басты, оның көз алдына өлімнің жексұрын
қаңқасы елестеді. Рафаэльдің беттері көкпеңбек боп көгеріп кетті, əр жері
шұқырайып, жыбырлағандай болды; бет əлпеті əлде бір оқымыстыға арнап
қабірден суырып алған өліктің бас сүйегіне ұқсас еді. Полина кеше
Валентеннің аузынан еріксіз шыққан назалы лебізді есіне түсірді де:
"Рас, махаббат аттап өте алмайтын да шыныраулар бар екен!
Махаббатты сол шыңырауда көмуге тура келетін шығар" – деп ойлады.
Осы ауыр көріністен кейін бірнеше күн өткен соң наурыз айының бір
таңертеңгілік шағында Рафаэль, төңірегінде төрт дəрігер бар, өзінің
бөлмесінде отыр еді; дəрігерлер оны жарыққа жақынырақ, терезенің түбіне,
жұмсақ орындыққа отырғызып, тамырын ұстады, оны ынталана қарап,
науқасының сипаттарын сұрастырды, Рафаэль олардың ой-пікірлерің
болжауға талпынып, қимыл-қозғалыстарынан, тіпті маңдайларында
білінген сəл ғана қыртыстан да ішкі ойларын аңғаруға тырысты. Бұл
консилиум оның ақырғы үміті еді. Жоғарғы сот қазір оған үкім шығаруға
тиіс. Не өлім, не өмір! Адам баласы ғылымының осы соңғы сөзін естігелі
Валентен сол замандағы медицина абыздарын шақыртқан-ды. Адам
баласының білімі үш жүйе ортасында толқулы болатын, байлығы мен
ататының арқасында Рафаэль үш жүйенің үшеуін де өз құзырына
алдырған-ды. Рухты негіз етушілер, талдаушылар, əр тылымнан жұрнақ
ұстаушы сықаққойлар арасындағы күрестің жанды бейнелері болған үш
доктор медицинаның бүкіл философиясын өздерімен бірге ала келтен-ді.
Төртінші дəрігер Орас Бьяншон98 барлық жағынан да білімі зор, үлкен үміт
күттірерлік, қайткенде, жаңа дəрігерлердің арасындағы ең ірісі, ақылдысы
осы еді, Париж университетінің елу жыл ішінде жинаған қазынаның
мұрагері болуға əзірленіп жүрген, бəлкім, ең ақырда, өткен ғасырлардың
жинаған көптеген алуан түрлі материалдарынан ескерткіш орнатамыз
дейтін оқушы жастардың кішіпейіл сүйіктісі еді бұл дəрігер. Маркиз бен
Растиньяктың досы Бьяншон бірнеше күннен бері Рафаэльді ем– деп
жүрген-ді, ол үш профессордың қойған сұрақтарына жауап беруде
Рафаэльге жəрдемдесіп тұрды, кей-кейде əжептəуір табандылықпен
олардың назарын сырқат түрін сипаттайтын белгілерге аудара берді: оның
ойынша, бұл белгілер науқастың көкірек ауруын дəлелдейтін секілді.
– Сіз, сірə, артықша сауық-сайран еткенсіз ғой, думанды өмірде
өткізгенсіз ғой? Ақыл-ой еңбегімен көп шұғылданып па едіңіз? – деп
сұрады Рафаэльден, атақты үш доктордың бірі; мұның жазық маңдайы,
жалпақ беті, сұңғақты дене бітісі, оған қарсы пікірдегілерге қарағанда,
анағұрлым қуатты дарыны барлығын айтақтағандай.
– Өте көлемді бір еңбек менің үш жыл уақытымды алды, бəлкім, бір
кездерде сіз онымен шұғылданарсыз да, содан кейінгі өмірді мен сауықсайранның от-жалыныңда өткізуте ұйғардым, – деп жауап қайырды
Рафаэль.
Ұлы дəрігер қанағаттанғандық белгісі ретінде: "Осылай боларын біліп
ем!" дегендей басын изеді. Органикалық ғылымның басшысы, Кабанистің
ізбасары, атақты Бриссе осы еді; адамды тек қана өз дене құрылысының
заңдарына бағынатын тежеулі жан – деп қарайтын, есті, материалистік
дүние тану көзқарасы бойынша пікірлейтін ақыл иелерінің бірі еді бұл осы
ретте адамның дене мүшелерінің дұрыс қалыпта болуының себебі, сол
сияқты, өлерде бұл дұрыс қалыптан ауытқуы көзге айқын көрінеді – деп
шамалайтын ол.
Жанаты жауапты естігеннен кейін Бриссе үндеместен, орта бойлы, қыпқызыл нарттай, көздері ежелгі заман сықаққойларының көзіндей отша
жайнаған дембелшеге қарады, бұл кісі қабырғадағы ұңғының мүйісіне
сүйеніп, үн-түнсіз зор ықыласпен Рафаэльді қарап, зерттеуде еді. Шаттық
шетіне шарықтаған діндар осы адам, жанды мүшелердің тіршілік
процестерін өзінше бір түрлі тіршілік күші басқарады – деп нанушылар
(виталистер) тобының басшысы, Ван-Гельмонттың99 дерексіз ілімдерінің
мақтаншақ жақтаушысы доктор Камеристус еді бұл: адамның өмірінде
жоғары дəрежелі, құпия сырлы мағына бар; адамның өмірінде қандай да
бір түсіндіріп жеткізе алмастық ерекше құбылыс бар, бұл құбылыс
хирургия пышағын əуре-сарсанға салады, хирургияны алдайды, дəрідəрмектен, алгебра икстерінен, анатомия сипаттамаларынан бұлтарып,
біздің жұмсаған күш-қайратымызды келемеж етеді; адамның өмірінде
түйсіне алмастық, көрінбестік, қандай да бір тəңірінің заңына ғана
бағынатын бір түрлі жалынға ұқсас, кейде өлімге біржолата душар етілген
тəнде жанып, нағыз тіршілікке қабілетті деген денеде сөнетін жалын тəрізді
бірдене бар – деп шамалайтын доктор Камеристус.
Үшінші дəрігердін ернінің емеурінінде кекесін күлкі ойнап тұрды, бұл
доктор Магреди ерекше ақылды, бірақ неге де болса нанбайтын мейлінше
күмəнданғыш, мысқылшыл адам еді; ол тек қана жарақат тілегін пышаққа
сенетін, Бриссемен бірге ол да денсаулығы гүл жайнаған мығым адамның
да өліп қалуы мүмкін – деп табатын, Камеристуспен бірге ол да адам
өлгеннен соң да тіршілік етеді дегенді мойындайтын. Ол теория атаулының
бəрі де жаман емес – деп танитын, бірақ ол теориялардың бірде-бірін
қабылдамайтын, медицинадағы ен таңдаулы жүйе сол ешқандай жүйені де
қолданбау керек, тек қана фактілірді қолдану керек – деп шамалайтын.
Медицинадағы осы панург, бақылау тəңірісі, байқаудың, тəжірибенің
қандайына болса да, нағыз түңілерлік əрекетке де əзір тұрған осы ұлы
зерттеуші, ұлы сықаққой қазірде шегірен былғарыны қарастырып тұрғанды.
– Сіздің тілектеріңіз бен былғарының құрысуы арасындағы дөп
келушілікті өзім бақылап, байқасам ба – деп ем, – деді ол маркизге.
– Не үшін? – деп Бриссе айғайлап жіберді.
– Не үшін? – деп Камеристус оны қайталады.
– Aha, демек, сіздер екеуіңіз де бір пікірде екенсіздер ғой! дей салды
Могреди.
– Былғарының бұл құрысуын түсіну өте оңай, – деді Бриссе.
– Бұл табиғаттан тыс, – деді Камеристус.
– Шыныңда да, Могреди маңғазданып. Рафаэльге шегірен былғарыны
қайтара тұрып, қайтадан сөз бастады. Былғарының қатаюы дəлелдей
алмастық, алайда, табиғи факт: дүние жаралғаннан бері бұл факт дегеніңіз
медицина мен сұлу əйелдерді түңіліумен келеді.
Үш доктордың үшеуін де бақылап тұрған Валентен олардың
ешқайсысынан да өзінің науқасына шипа іздегендік, жан ашығандық
кездестіре алған жоқ. Үшеуі де байсалды пішінмен оның жауаптарын
тыңдап, дертіне немқұрайды қарады, ешқандай рақымшылықсыз сұрастыра
берді. Сыпайылықтарының ар жағында елемеушіліктері де көрініп тұрды.
Өздеріңе-өздері сенгендіктен бе, əлде терең ой дариясына сүңгігендіктен
бе, əйтеуір олардың сөздері сондай сараң, сондай самарқау еді, кей-кейде
осылар басқа бірдеңе туралы ойланып тұрғандай да көрінді Рафаэльге.
Бьяншон қандай қатерлі белгілер туралы айтса да, тек жалғыз Бриссе ғана
оқта-текте тісінің арасынан: "Жарайды! Солай!" дей салады. Камеристус
қалың ой түбіне үңілулі еді. Могреди өмірде кездесетіндегідей етіп сахнаға
шығару үшін екі аусарды бақылап тұрған драматургке ұқсас еді. Орастың
келбеті тана оның ауыр азап шегіп, қайғылы жанашырлығын білдіріп
тұрды. Ол тіпті жуырда тана дəрігер боп істей бастағандықтан, қиналу
азабына немқұрайды қарарлықтай, жан тəсілім үстінде қалыс қаларлықтай
күйге жеткен жоқ еді; жаралы жауынгерлердің ыңырсуын, ойбайын
тыңдамай, жеңістің қолайлы мезетін ойластыратын қолбасшыдан өзгеше,
ол осындай киын сəтте көзіне толған жас моншағын ұстай алмайтын;
кедергі болатыны мəлім, өйткені ол жан ашырлық, аяушылық көз жасын
тиып ұстауды əлі үйреніп жеткен жоқ-ты. Тойға арналған киімдерін
тіккізуге берген жігітке сол киімнің өлшеуін алған тігінші тəрізді, жарты
сағатқа жуық уақыт бойына дəрігерлер науқас адамның да, оның дертінің
де, аузымыз барып осылай – деп айта алатын болсақ, өлшеуін алды;
көбінесе докторлар жалпылама сөздермен құтылды, тіпті бөгде заттар
туралы да, даурығып кетті, содан кейін науқасты зерттеуден алған əсерлері
жөнінде пікір алысып, дерттің қандай екенін анықталды Рафаэльдің
кабинетіне барғысы келді.
– Сіздердің кеңестеріңіздің ішінде болуыма мүмкін бе? – деп сұрады
Рафаэль.
Бриссе мен Могреди бұған үзілді-кесілді қарсы болды, науқастың
жалбарынып, жалынғаныңа қарамастан, оның көз алдында мəселені
талқылаудан олар бас тартты. Рафаэль дəстүрге бағынды, ол жылысып
дəлізге шытуға ұйғарды, өйткені үш профессордың дəрігерлік əңгімесі осы
арадан жақсы естілетін-ді.
– Қысқаша өз пікірімді айтуыма рұқсат етіңіздер, – деді кіре сала
Бриссе. Мен өз пікірімді сіздерге телуге де, оған қарсы айтатын сіздердің
пікірлеріңізді тыңдауға да ниеттеніп тұрғаным жоқ; біріншіден, бұл əбден
анықталған, біржолата қалыптасқан пікір жəне өзін зерттеп көрсін – деп
бізді шақыртқан мына субъект пен менің қарауымдағы бір науқастың толық
ұқсастығынан туып отырған пікір менікі; оның үстіне, ауруханадағылар
мені тосып отыр. Менің қатысуымды талап етіп отырған істің
маңыздылығы менің бірінші болып сөз алуымды ақтаса керек. Біздің
шұғылданып отырған субъектіміз ақыл-ой еңбегінен шаршаған жан... Ол не
жөнінде еңбек еткен еді, Орас? – деп сұрады ол жас дəрігерден.
– Ерік қайратының теориясы жөнінде.
– Ой бəрекелді-ай, ұлан-байтақ тақырып екен! Қайталап айтамын: ойпікірдің шамадан тыс қажырлы еңбегі, тіршіліктің дұрыс салтының
бұзылуы, күшті ішімдіктерді жиі қолдануы оны əбден қажытқан. Тəн мен
мидың үдере қызметі оның денсаулығын бұзған. Бетіндегі, тəніндегі
белгілер асқазандағы күшті тітіркеністі, басты симпатика жүйкесінің
қабынғандығын, құрсақ үстіндегі тəннің сезімталдығын, қарын астының
қусырылғандығын ап-айқын көрсетіп тұр, мырзалар. Бауыры қалай
үлкейгендігін байқадыңыздар ма сіздер? Ең ақырда, науқастың
асқазанының ас қорытуын үнемі бақылап келген Бьяншон мырза бұл
процестің үлкен азаппен, өте ауыр өтетінін де бізге хабарлап отыр.
Дұрысын айтқанда, асқазан дегеніңіз тіршіліктен қалыпты; Бұл адам
бізге енді жоқ. Ақыл-парасат тұралаған, себебі, Бұл адамның асқазаны
тамақты қорыта алмайды. Тіршілік орталығы болып табылатын құрсақ
үстіндегі ағзаның үдемелі азғындауы Бүкіл тəн жүйесін бүлдірген. Дерттің
үнемі жəне көріне бір түйіннен жан-жаққа шашырап тарауы иррадиация
осыдан туып отыр, жүйке тамырларының шиеленісуі арқасында бұл
бұзылушылық миды да шарпыған, бұл мүшенің мейлінше шіміркенгіштігі
осыдан. Сайып келгенде, мономания өзін-өзі сүюшілік дерті пайда болған.
Науқастанушыға қыр соңынан қалмайтын бір идея бар. Оның ойынша,
шегірен былғары шыныңда да құрысатын сияқты, іс жүзінде, бəлкім, ол
үнемі жаңағы біз көргендегідей қалпында болған болуы мүмкін, бірақ ол
құрыса ма, жоқ па, бұл шегірен ол үшін əлде қайдағы бір ұлы уəзірдің
мұрныңа қонған шыбынмен тең. Тезірек қарынның үстіңгі жағына сүлік
қойыңыздар, адамның барлық тіршілігінің тұтқасы болып табылатын бұл
мүшенің шіміркенгіштігін шағындаңыздар, науқасты қалыптағы тəртіпті
қолдануға көндіріңіздер, сонда мономаниядан айнытады. Мен осымен
сөзімді аяқтаймын, доктор Бьяншон емдеудің жалпы курсын да, түрлерін де
өзі белгілеуге тиіс. Мүмкін, дерт мендеген шығар, мүмкін, тыныс жолдары
да шіміркенгіш шығар, бірақ, мен өкпені емдеуден гөрі де ішек жүйелерін
емдеу анағұрлым маңыздырақ, қажеттірек жəне өте шұғыл шара – деп
шамалаймын. Дерексіз материяларды зерттеу жөніндегі қажырлы енбек
жəне кейбір күшті құмарлықтар тіршілік механизмін аса қатты қаусатқан,
алайда, серіппелерді түзетуге əлі де уақыт өткен жоқ, пəлендей айрықша
күйрегендік байқалмайды. Сонымен, сіз досыңызды толық аман сақтап
қала аласыз, – деп қорытты ол сөздің соңын Бьяншонға тіреп.
Біздің білімпаз əріптесіміз салдарды себеп орныңа алып отыр, – деп
Камеристус сөз бастады. Иə, оның кереметтей бақылап, дəл байқаған
өзгерістері шыныңда да науқастанушыда бар, бірақ шыныдағы
жарықшақтан жан-жаққа шашыраған сəулелер сияқты миға қарай
бағыттала шашырапты-мыс деген бұл иррадиация денеде қарын дертінен
туып отырған жоқ. Шыныны қирату үшін қатты соққы керек болды, ал ол
соққыны беруші кім? Біз мұны білеміз бе? Науқастанушыны біз жеткілікті
дəрежеде бақыладық па? Оның өмірінде болған уақиғалардың бəрі де бізге
мəлім бе? Мырзалар, оның тіршілік жүйкесі Ван-Гельмон ілімінде
айтылатын археясы құрыған, тіршілік күшінің нағыз негізі зияндатылған;
бейне бір жалғастырушы механизм болып табылатын жəне жігер қайратты,
осы бір өмір ғылымын туғызатын делдалшы ақыл парасат, яғни тəңірі
берген осы бір зейін ұшқыны дене мүшелерінің күнделікті қызметін жəне
əрбір мүшенің жеке-жеке міндетін тəртіптеуін тоқтатқан, менің ғалым
туысқаным сондайлық тамаша айқындаған манағы күйреушілік осыдан
туған.
Иррадиацияның бағыты құрсақ үстіндегі денеден миға қарай емес,
мидан құрсақ үстіндегі денеге қарай! Жоқ, – деп доктор Камеристус
кеудесін қағып, екілене сөйледі, жоқ, мен адамға айналған қарын емеспін!
Жоқ, барлық іс мұнымен ғана тынбайды. Қарнымның үсті бүтін болса
болғаны, қалған дененің бəрінде мəн шамалы деуге менің батылым
бармайды. Түрлі субъектілерді, – деді ол даусын бəсеңдете, жұмсақ үнмен
сөзін
жалғастырып,
ондай-мұндай
мөлшерде қамтыған
күшті
күйреушіліктерді бөз баяғы бір ғана физикалық себептерден – деп дəлелдей
алмаймыз, олардың бəріне ылғи бірдей ем тағайындай алмаймыз. Адамдар
бір-біріне ұқсас емес. Біздің əp қайсымызда түрліше қоздырылатын,
түрліше қоректендірілетін мүшелер бар, олардың міндеті түрліше болуы
мүмкін, олар бізге белгісіз заттардың тəртібі бойынша өздеріне берілген
тапсырманы өздерінше орындауы мүмкін. Ең жоғарғы ерік қайратының
бізде жан иелігі құбылыстарын жасауға, қуаттауға алдын ала белгілеген
ұлы тіршілік тұтастығының бөлшектері əр адамда əр түрлі болып
бейнеленеді жəне сырт көрінісінде оны түпкілікті жан иесіне
айналдыратын сияқты болса да, қандай да бір тетігінде ұшы-қиыры жоқ
себеппен жанаса тіршілік ететін жан иесіне айналдырады. Сондықтан біз
əрбір субъектіні дара-дара қарауға, оның арты-бертісін зерттеуге, қалай
тіршілік ететінін, оның күші неде екенін білуге тиіспіз.
Дымдалған көпірткіштің жұмсақтығы мен көбік тастың қаттылығы
арасында сансыз көп сарындар бар. Мінеки, адам дегеніңіз осындай.
Лимфатиктердің көпірткіш тəрізді былқылдақ дене құрылысы мен ұзақ
өмірге жаратылған адамдардың бұлшық еттерінің металдай мығымдылығы
арасындағы айырмашылықты ескермей емдеудің бірыңғай, мейірімсіз
жүйесі қандай қателіктер істемеді дейсіз. Адамның күштерін əлсірету,
сарқу арқылы емдейтін осы бір жүйе қандай қателіктер істемейді дейсіз!
Сіздердің ойыңызша, адамның күштері қашан да болса шіміркенулі күйде
болады-мыс – деп есептеледі ғой! Сонымен, дəл осы ретте мен тек қана
рухани саланы емдеуді, науқастанушының ішкі дүниесін терең зерттеуді
талап етер едім. Дерттің себебін тəннен емес, жаннан іздейік! Дəрігер
ерекше дарыны бар шабытты жан иесі; пайғамбарларға болашақты
болжайтын көз бергені, ақынға табиғатты қайта жандандыру қабілетін,
музыкантқа, бəлкім, үлгі бейнесі өзге дүниеде болатын үндерді жарасымды
құрылыспен тізбектеу қабілетін бергені сияқты, құдай тағала дəрігерлерге
тіршілік күштеріне үңіліп, соны тану қабілетін беріп отыр...
– Өмір бойы өзінің абсолютистік, монархистік, діни медицинасымен
басты қатырады да тұрады ғой бұл! – деп күбірледі Бриссе.
– Мырзалар, – деп Бриссенің күңкілдеген күбірін басып тастағалы
асығып, Могреди оның сөзін бөліп жіберді, науқасымызға қарай кері
оралайық та...
– Сонымен, ғылымның бар асылы осы ғана екен ғой! – деп Рафаэль
мұңайып ah ұрды. Мені жазатын ем əлдеқайда тəспі мен сүліктің арасында,
Дюпюитреннің пышағы мен князь Гогенлоэнің100 дұғасы арасында екен
ғой, күмəншыл Могреди факті мен сөздің арасындағы, материя мен рухтың
арасындағы шекарада тұр. Адамзаттың "иесі" мен "жоғы" мені қайда
барсам да қудалайтын болды. Раблс айтқан Қаримари-Қаримара болды ғой
бұл рухым науқас болса каримари тəнім науқас болса каримара Мен тірі
қалам ба, жоқ па бұл оларға мəлімсіз. Планшет тым болмаса ашықтанашық айтып еді, ол тікесінен: "білмеймін" – деді ғой.
Сол кезде Валентенге доктор Могредидің сөзі естілді.
– Науқастанушы мономан екен, жарайды, оған да көнейін! – деді
жігерленіп Могреди. Бірақ оның екі жүз мың ливр табысы бар ғой, мұндай
мономандар тым-ақ сирек кездеседі, сондықтан біз қайтсек те оған кеңес
беруге тиіспіз. Ал қарынның үстіңгі жағындағы ағзаның дерті миға əсер
етті ме, əлде мидағы дерт қарынның үстіндегі мүшелерге əсер етті ме,
мұны біз, сірə, ол өлгеннен кейін ғана анықтармыз. Сонымен, қорытайық.
Ол науқас, бұл даусыз факт. Ол емделуге зəру. Ілім жүйелері атаулыны
шетке ығыстыра тұрайық. Ішек пен жүйкеде дерт бар екенін мойындап
отырмыз ғой, ендеше ішектегі тітіркеніс пен жүйке сырқатын саябырлату
үшін сүлік салайық, содан кейін шипалы сумен емдейтін курортқа
жіберейік, бірден екі жүйе бойынша ем істейік. Егер онда өкпе ауруы
болса, онда біз оны ем– деп жаза алмаймыз. Сондықтан...
Рафаэль асыға басып, өз орныңа барып отырды. Аздан кейін төрт
дəрігер кабинеттен шықты; сөз Орасқа берілді, ол Рафаэльге мынаны
айтты:
– Докторлар бірауыздан дереу қарынға сүлік салуды қажет – деп тапты
жəне қазірден бастап дене емдеуін де, рухани емді де қолдануға кірісу
қажет десті. Біріншіден, сіздің денеңіздегі тітіркеніс тыныштандыру үшін
диета арнаулы тамақ...
Осы арада Бриссе мақұлдап басын шұлғыды.
– Содан кейін гигиеналық тəртіп қолданасыз, бұл сіздің көңіл күйіңізге
əсер етуге тиіс. Осыған байланысты біз бірауыздан сізге Савойядағы Экс
курортына, немесе, егер ұнатсаңыз, Овернидегі Мон-Дор курортына баруға
кеңес береміз. Савойяның ауасы, табиғаты Каптальдағыдан сүйкімдірек,
бірақ сіз өзіңіздің қалауыңыз бойынша таңдағаныңызға бара аласыз.
Бұл жолы доктор Камеристус та риза екендігін сездірді.
– Докторлар. Бьяншон сөзін тоқтатқан жоқ, сіздің тыныс
аппаратыңыздан болмашы өзгерістер тауып, менің сізге қолданып жүрген
емдерімді пайдалы – деп келісті, соған тоқтасты. Сіз кешікпей тəуір
боласыз, мұның өзі мен ұсынған əp алуан емдердің дұрыс кезектестірілуіне
байланысты – деп шамалайды докторлар жəне...
– "Мінеки сіздің қызыңыздың не себепті мылқау болғаны."101 – деп
Рафаэль күлімсіреп, Орасты қолтықтады да, оған осы пайдасыз консилиум
үшін қызмет ақы төлегелі оны кабинетіне қарай алып кетті.
– Мыналардың сөзі дəйекті, – деді оған жас дəрігер. Камеристус
сезінеді. Бриссе зерттейді, Могреди күмəнданады. Адамда жан да, тəн де,
ақыл да бар ғой, солай емес пе? Осы төл себептердің əлде біреуі бізде
өзгелерден күштірек əрекет ететіні де рас қой; адамзат ғылымы қашан да
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шегірен Былғары - 19
  • Parts
  • Шегірен Былғары - 01
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2531
    28.0 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 02
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2526
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    37.3 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 03
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2445
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 04
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2479
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 05
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2519
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 06
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2463
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 07
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2433
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 08
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2370
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 09
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2415
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 10
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2418
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 11
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2356
    28.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 12
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2283
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 13
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2455
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 14
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2393
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 15
    Total number of words is 4023
    Total number of unique words is 2423
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 16
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2233
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 17
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2155
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 18
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2257
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.8 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 19
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2406
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 20
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2522
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.2 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 21
    Total number of words is 2497
    Total number of unique words is 1541
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.