Latin Common Turkic

Шегірен Былғары - 11

Total number of words is 3989
Total number of unique words is 2356
28.2 of words are in the 2000 most common words
40.6 of words are in the 5000 most common words
47.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сондықтан да, жүректеріміздің лүпілінде де, жүріс-тұрыстарымызда да
бірыңғай ауан болмай-ақ қойды. Қос жанның бұл материалдық ала
көңілділігін айтып жеткізерлік сөз саптауы табылмас, өйткені қимыл
сарынынан
пікір
аулауға
əлі
дағдыланып
жетпесек
керек.
Жаратылысымыздың осы бір құбылысын біз ішкі сезім арқылы ғана
долбарлаймыз, мұны бейнелеу мүмкін емес.
– Құштарлықтың қытымыр үйенек дерті үстінде, – деді Рафаэль сөзін
жалтастыра, бірер минут тіл қатпай үнсіз тұрғаннан кейін, бейне бір өзінің
қарсы дауына өзі жауап қайтарғандай, мен өзімнің сезімталдығымды
жаңқалаған жоқпын, лəззаттарымды талдамадым, өзінің алтын ақшаларын
тəптештеп зерттеп таразыға тартатын саудагерше, жүрегімнің соғуын
санаған емеспін. Жоқ жоқ! Бірақ өткендегі уақиғаларға өмір тəжірибесі
қазір қапалы жарық түсіріп тұр да, ашық күні теңіз толқындары қираған
кеменің сынықтарын кесек-кесегімен жағаға ытқығаны сияқты, есімдегілер
осы бейнелерді бірінен соң бірін жадыма келтірулі.
– Сіздің маған өте бір маңызды қызмет көрсетуге мүмкіндігіңіз бар, –
деді графиня маған қымсына қарап, махаббатқа жирене қарайтынымды
сізге мойындағанымнан кейін, достыққа үшін сізден сауға сұрауға
еркінситін жөнім бар ғой деймін. Бүгін маған, – деді ол күліп, сіз бір
жақсылық етсеңіз, мерейіңіз арта түспес пе?
Мен оған мұңая қарадым. Өзімнің барымда да ол еш нəрсе түсінбестен,
сүйіспеншілік емес, риялық көрсетті; кəдімгі тəжірибелі актрисадай-ақ рөл
атқарған тəрізді; əйтсе де кенеттен оның даусының ырғағы, көзқарасы,
қандай да бірер лебізі менде үміт сезімін жаңадан оята берді; ал егер қайта
тұтанған ғашық оты көз жанарымнан аңғарыла қалса, Теодора оның
нұрларын кірпік қақпай, қасқая қарсы алды, өз көзінің жанарларындағы
жарқындығы өзгермеді, өйткені оның көздері, бейне бір, жолбарыстікіндей,
қаңылтыр астармен жабдықталған секілді. Сондай минуттарда мен оны жек
көріп, тағы безірей қалдым.
– Ресейде əмірі жүріп тұрған бір ноннің алдында герцог де Наварен мен
үшін бірауыз тіл қатып, болыстық көрсетсе, – деді графиня шырын
дауысыңда жарамсақтық үні естіле, маған ұшаң теңіз пайдасы тиген болар
еді: менің дəулетіме де, зиялы қауымдағы жай-жағдайыма да байланысты,
істе əділеттікті қалпына келтіру үшін, менің нежемді императордың
мойындауы үшін сол ноннің делдалдығы аса қажет. Герцог сіздің
жұрағатыңыз ғой. Рас емес пе? Оның хатының өзі-ақ жеткілікті болар еді.
– Құп болады, қызметіңізге қылша мойным талша, – деп жауап
қайырдым, бұйырыңыз.
– Қандай сүйкімдісіз өзіңіз, – деді графиня қолымды қысып. Түскі
тамаққа біздікіне барайық, рухани ұстазыма айтқандай етіп, сізге бəрін
баяндайын.
Сөйтіп, өзінен өзгеге сенбейтін, соншалық сыр түйгіш, сақ, өз істері
туралы еш жанға тіс жарып сөз айтпайтын осы əйел менімен ақылдаспақ
болды.
– О, сіздің үндемегейсіз деп əмір еткеніңізге дəл қазір мен қандай
қуаныштымын! – дедім мен ышқына. Бірақ мен бұдан да қаталырақ
сындарда өзімді сынатуды тілер едім.
Осы сəтте ол менің қуанышқа мастанған көзқарасыма төтеп беріп,
сүйсінуімді тойтарған жоқ, демек, мені сүйгені ғой. Екеуміз оның үйіне
келдік. Ырысыма қарай, əмиянымның ішіндегі тиын тебен арбакешті
қанағаттандыруға əбден жарады. Графиняның үйінде, онымен бірге оңаша
отырып, уақытты ғажап жақсы өткіздім: тұңғыш рет бұлайша емін-еркін
оңаша көріскеніміз осы. Бұған дейін жарқылдақ қауым оның
қымсындырарлық əдептілігі, салқын сұсты ибалығы арамызды үнемі, тіпті
салтанатты қонақасы кезінде де алшақтата беретін; бұл жолы, бейне бір,
бір шаңырақта тұрмыс құрғандай шын мəнісінде онымен бірге болдым,
былайша айтқанда, мен оған иелік еткен іспеттімін. Менің жиһанкез
жалынды қиялым бұғау біткенді қиратқандай, мені бақытты махаббаттың
тəтті рақатына малындырып, өмірдің уақиғаларын менің қалауымша билептөстегендей. Meн өзімді оның күйеуі есебінде көз алдыма елестетіп, ұсақтүйек атаулы оның назарын аударса, соған да сұрапыл сүйсіндім; оның
бөкебайы мен қалпағын басынан шешкенін көрудің өзі мен үшін үлкен
бақыт тəрізді. Бірер минутқа мені жалғыз қалдырып, графиня шаш
бұрымдарын түзегеннен кейін, жанымды сиқырлап айтарлықтай көрікке
бөленіп, қайта келді. Жасанып, сыланудағы бұл өзгеріс маған бола істелгені
ғой, мен үшін сондай көрікті болғысы келгені ғой! Ac үстінде ол маған бар
зейін-назарын төге ықылас білдіріп отырды, былайша қарағанда ешқандай
артықша бағасы жоқ сияқты көрінсе де, өмірдің тең жартысына пара-пар
болатын мың алуан болымсыз ұсақ түйектерде де оның ғажайып
сүйкімділігі, жағымдылығы аңғарылып отырды. Шығыс елдерінің сəулетсалтанатының нағыз қалаулы жиһаздарының қоршауында, шоғы маздаған
əшекейлі пештің қасына келіп, жібекпен тысталған жұмсақ орындықтарға
жайланып отырғанымызда; даңқты сұлулығымен соншалық жүректерді
лүпілдеткен əсем əйелді өзімнің қасымда сондайлық жақыннан көргенімде;
жан дарытпас осы əйел өзінің қылымсый сылаңдауларын маған арнап,
менімен наздана əңгімелескенде, менің лəззат құмар рақатым өзіме азап
болып жабысты дерлік.
Сорыма қарай, аяқталмай қалған бір маңызды істі тындыруым керек
екені есіме түсіп, кешегі уəделескен жолығысқа барғалы қамдана
бастадым.
–Қалайша? Болғаны осы-ақ па? – деді графиня менің қалпаққа
жармасқанымды көріп.
Ол мені сүйеді екен. Ең құрығанда, осы екі ауыз сөзді айтқандағы оның
үнінен сондайлық емірену ырғағын есітіп, мен осылай жорыдым.
Шабыттанған шат көңілімдегі сүйсінудің шалқуын онан сайын ұзарту үшін,
оның кеңпейілдікпен маған арнаған əрбір сағатына өмірімнің екі жылын
құлшына-құлшына айырбастар едім. Шығын қылған ақшаларым
бақытымды арттыратын болғаны ғой. Ол тек түн ортасында ғана босатты
мені. Əйтсе де менің бұл қаһармандығым келесі күні таңертең маған аз
уайымға түскен жоқ; мен үшін соншалық мəнді болып отырған
естеліктерден айырылып қалдым ба деп қауіптендім; тура сала Растиньякқа
жөнелдім, екеуміз де менің болашақ еңбектерімді өз есімімен бастыруға
тиісті адамға төсегінен тұрмай жолығуға асықтық. Фино маған қысқаша
ғана жазылған шартын оқып берді, онда менің нағашы апам туралы
ешқандай да əңгіме жоқ екен; мен шартқа қол қойдым да, Фино маған елу
экю санап берді. Таңертеңгі асты үшеуміз бірге отырып іштік. Мен жаңа
қалпақ сатып алдым, келген сайын отыз су пұлдың асын ішетін болып,
алпыс күндік түскі тамаққа алдын ала ақша төлеп қойдым,
борыштарымнан құтылдым, сонымен менде бар болғаны отыз франк
қаражат қалды; бірақ бірнеше күнге тұрмыс таршылығы серпілді. Егер мен
Растиньяктың тілін алып, ағылшындардың жүйесін батыл қабылдаған
болсам, мендегі қазына ұшаң-теңіз болар еді. Растиньяк қайткен күнде де
мені қарызға батыру арқылы инабатты етуді көз– деді, борышқорлық
инабатыңды арттырады дегенді баса айтып, мені белшемнен борышқа
батуға көндіргісі келді. Оның айтуынша, болашақ дүниедегі барлық
капиталдың ең маңыздысы, ең дөкейі. Болашақ мүмкіншіліктерімізді
аманат етіп, Растиньяк өзінің тігіншісіне маған арнап киім тігуге заказ
берді; сері жігіт қандай болатының жақсы түсінетіндіктен, тігінші мені
қашан үйленгенімше мазаламауға тиіс болды.
Үш жыл ұдайы талымның сопылық ынсаптылығымен өткізіп келген
өміріммен сол күннен бастап қош айтыстым. Мен Теодораға келгіш-тегіш
айналсоқтардың бірі болып алдым, оның үйіне келе беретін арсыздардан
да, тəуір бозбалалардан да басым болып көрінуге қатты талаптандым.
Жоқшылық енді маған қауіп төндіре қоймас, деп шамалап, жарқылдақ
қауымда өзімді еркінси ұстадым, бақталас-күндестерімді күйрете жүрдім,
мені махаббатта меселі қайтпас сүйкімді, алғыр жігіт дейтін аңыз жұрт
аузына жайылды. Алайда тəжірибелі адамдар мен туралы: "Мұндай сықақ
қойдың құмарлығы миында ғана" десетін. Олар рақымшылықпен менің
ақыл-парасатымды сезімталдық есебінен асыра дəріптейтін. "Ғашық
болмай жүргені бақыттылығы ғой. Ғашықтық тұсында онда осындай өрлеу,
осындай жайдарылық болар ма еді?" деп тұспалдайтын олар. Ал шыныңда
мен Теодора отырған жерде нағыз ғашықтарша аңғырт болатынмын.
Онымен оңаша қалғанда, отан айтар сөзім аузыма түспейтін де, əңгімелесе
қалсам, көбінесе махаббат туралы қайдағы бір қырыс сөздерді айтып
қыңыраятынмын; өзегін өртеген өкініш-күйінішін жасырғысы келген сарай
санатындай қамығулы жайдары едім мен.
Қысқасы, мен графиняның тіршілігіне, бақыты мен даңқойлығының
қажетіне жарауға тырыстым, нелер күннің күні бойларына оның қасында
оған қызмет көрсетуге əрдайым əзір тұрған құлақ кесті құлы, ойыншығы
болдым. Күндізгі уақытымның бəрін осылайша сарп етіп, үйге қайтқан соң
түні бойы жұмыс істейтінмін де, таңертеңгілік қана екі-үш сағат көз
шырымын алатынмын. Алайда ағылшындар жүйесі жөнінде Растиньяктай
тəжірибем болмағандықтан, көп кешікпей-ақ көк тиынсыз қалдым.
Дəулетім болмаса да тоқмейіл, көк тиыным болмаса да кербез, ғашық
отына шарпылған атаусыз жан едім мен, содан былай, сүйікті достым, мен
үшін кездейсоқ кесепаты мол тұрмыс қайтадан басталды, сəн сəулеттің
алдамшы сырт көрінісі құнттылықпен бүркемелеп келген мұқтаждықтың
зымыстан шыңырауына қайта кіріптар болдым. Сол шақта бастапқы
азаптарымды тағы да бастан кешірдім, бірақ бұл жолы ол азаптардың
уытын бұрынғыдан гөрі кемірек түйсіндім; тегінде, қатал дағдарыстарға
дағдыланып та үлгірсем керек. Меймандос үйлердің қонақ қабылдайтын
бөлмелерінде соншалық сараңдықпен ұсынылатын тəтті тағамдары мен
шайы көбінесе менің бірден-бір көрегім болған күндер жиілеп жүрді. Кейкейде графиняның үйіндегі ағыл-тегіл мол қонақасы маған екі күнге нəр
болатын. Өзімнің барлық уақытымды, қайрат-жігерімді, бақылағыштық
қабілетімді Теодораның сыр алдырғысыз тұйық мінезінің тұңғиығына
неғұрлым тереңірек үңілу жолына жұмсадым.
Бұған дейін үміт, яки торығу менің пікірлеріме əсер етіп келгенді:
біресе Теодораны құшырлана сүйетін құймыр əйел деп танысам, біресе өз
жынысының нағыз сезгірсіз тас жүрек өкілі деп танитынмын, бірақ
қуаныш пен уайымның мұндай алма кезек ауысуы тағат-сабырымды
түгесіп, төзгісіз халге жеткізді: осы жантүршігерлік күрестің тынымын
аңсадым, өз махаббатымды өзім бауыздағым келді, кей-кейде арамыздағы
шыңырауды көруіме мүмкіндік беріп, көкейімде күңгірт жарқыл
алаулайтын. Графиня менің қауіпсінулерімнің бəрін расқа шығарды: оның
көздерінде мөлтілдеген жас тамшыларын бір рет те байқай алғаным жоқ;
театрда, нағыз қайғылы көріністер кезінде де ол сызданған салқын,
мысқылшыл қалпынан танған емес. Өзге ешкімнің де қуанышын да,
қайғысын да аңғармай, ақыл-парасатының барша алғырлығын тек өзі үшін
ғана сақтайтын. Қысқасы, ол мені əңгүдік ойнатты! Оған құрмалдық
болғаныма өзімді бақытты санап, сол үшін тіпті өзімді кемсітуге дейін
көндім: менің кедейлігіме арланатын, менің алдымда өрескел айыпты
болғандықтан, мені жек көрмеске лажы жоқ жұрағатым, менменсіген
герцог де Наваренге жолыққалы жөнелдім; герцог сөйлеген сөздері мен қол
сермеулерінде кісінің намысына тиетін, қорлайтын бірденелері бар, сұсты
сыпайылықпен қабылдады мені. Оның мазасызданған көзқарасы менде
аяушылық сезімін оятты. Герцогтың осынша ұлы мəртебеге ие боп отырып,
мұншама ұсақшыл, осынша сəулет-салтанат ортасында отырып, мұншама
қораш болғаныңа өзім ұялдым. Ол үш пайыздық заемнан едəуір зиянға
ұшырағаны жайында сөз қозғаған кезде мен өзімнің жолыққалы келген
мақсатым туралы айта қойдым. Сол сəтте мұздай сұстылығы кенет
жағымтал бола қалған оның сыңайындағы өзгеріс маған тым-ақ жиренішті
көрінді. Иə, сонымен не болды дейсің ғой, достым? Герцог графиняға өзі
жолығып, менің сағымды сындырып кетті. Теодора оған арнап соны сиқыр,
арбау тапқан секілді; герцогты өзіне еліктіріпті де, құпия ісін мені
қатыстырмай-ақ жайтастырыпты, мен ол іс жөнінде түктеме білмей
қалдым: мен графиня үшін əншейін құрал ғана боппын. Менің немере ағам
оның үйінде болған кездерінде Теодора мені, есебі, мүлдем байқамайтын
тəрізді, ықтимал, қазір мені алғашқы танысқан кезіміздегіден гөрі
анағұрлым солғын шыраймен қабылдайтын сияқты. Бір күні кешкілік
графиня мені ешқандай сөз саптауы суреттеп бере алмастық ишарат,
көзқараспен герцогтың алдында өлтіре кемсітті. Мен кек алудың мыңдаған
жобаларын ойлана, сұрапыл зорлық-зомбылыққа ниеттене, көзіме жас
алып, күңірене шықтым.
Мен Теодорамен бірге Итальян театрына жиі-жиі барушы едім; сонда,
оның қасында, махаббатқа түгелдей беріле, музыка сазына мейірім қана
отырып, қос лəззатпен махаббат жəне музыка əуезінде өз жүрегімнің
ырғақтары шеберлікпен тербетілуін меңзеу арқылы жан жүйемді жүдете,
түгесе отырып, графиняға шүйіле қараушы едім. Менің ынтызарлығым
əуеде, сахнада, тек ғашық жарымнан басқаның бəрінде барлық жерде шарқ
ұрып, салтанат құрып жүретін. Сол шақта мен Теодораны қолынан ұстап,
сезімдеріміздің бірігуін, музыканың оятуымен жан-жүйелерін бір
үндестікте серпілуге қөндіретін тұтқиыл жарастықты дəмеленіп, оның
дидарына, көздеріне үңілетінмін; бірақ оның қолдары мылқау, көздері
тұңғиық болатын. Келбетімнің əр кескінінен шашыраған жүрек жалыны
көздеріне тым шатылысып бара жатса, ол барлық салондардағы суреттерде
бейнеленетін жасанды жымиыспен дəстүрлі жел сөздердің бірін айта
салатын. Музыканы тіпті тыңдап та отырған жоқ ол. Россинидің,
Чимарозаның, Цингареллидің таңғажайып шығармалары Теодорада
ешқандай сезім де туғыза алмайтын, ешқандай поэтикалық естеліктерін де
оята алмайтын: оның жан сезімі бедеу еді. Жұрттың тамашалайтын
орындағы тамашасы Теодораның өзі болатын. Оның, саптамалы көз əйнегі
бір тоқтаусыз ложадан-ложаны кезетін; сырт пішіні байсалды, бірақ үнемі
секемшіл ол шыныңда моданың құрбаны еді: өзінін ложасы, қалпағы,
күймелі арбасы, өз басы ол үшін бəріне татитын. Алып денелі, қоладан
құйылған кеудесіндегі жүрегі мейірімді, еміренген, сезімтал адамдарды жиі
кездестіруге болады, ал Теодора үлбіреген əсем шарбы-кілегей астында
қоладан құйылған жүрегін жасырын сақтайды. Жазмыштың сергелдеңі
қаруландырған менде қатерлі тəжірибем оның бет-жүзінен талай пердені
жұлып-ақ алды. Өзгелер үшін өзіңді ұмыту, өзіңнің үнің мен қол
кимылдарыңда үнемі жағымдылық сақтау, өздеріне-өздері разы
боларлықтай етіп, көңілдерін көншіте отырып, өзгелерге ұнау көргенді
тəрбиенің, əдептіліктің асылы осы болатын болса, Теодора, өзінің барлық
қулықтарына қарамастан, өзінің құлдық тегінің таңбасын өшіре алған жоқты: оның өзін-өзі ұмытуы жалған еді де, қылықтары туа біткен қасиет еместі, тек ұқыптылықпен итерілген өнер еді, ең ақырда, оның
сыпайыгерлігінен күндік сыпайылық сезілетін. Сонда да-шы! Сүйіктілері
оның бал шырын сөздерін мейірімділіктің көрінісі, өзін-өзі зор тұтып,
асыра дəріптеуін тектінің шаттық шабыты деп танитын. Тек мен тана,
жалғыз өзім ғана. Теодораның құрыс-тырыстарын əбден зерттедім, зиялы
қауым қанағат етіп келген жұқа қабыршықты оның ішкі асылынан ажырата
білдім, сондықтан енді гөрі оның қылымсу-тəлімсулері мені алдарқата
алмайтын болды; оның мысық жанды жаратылысының барлық сыр
көмбесін түгел ұғындым. Қайдағы бір ақымақтар отан жарамсақсып,
қошемет айтып, асыра мадақтаса, Теодора үшін мен ұялатынмын. Солай
бола тұрса да, мен Теодораға ғашық едім. Махаббаттың, ақын
махаббатының қанаттарының аясында оның мұз жүрегін ерітуді үміт еттім.
Егер тым болмаса, бір рет қана да, сəті түсіп, оның жүрегінде ойелдерге тəн
елжіреушілік туғыза алсам, егер мен өзін-өзі құрбан етудің ең жоғарғы
қасиет екенін оған ұғындыра алған болсам, Теодора мен үшін періште,
армандының мұраты боп саналар еді. Еркек ретінде, ғашық ретінде,
көркемсөз суретшісі ретінде мен сүйдім, ал шыныңда Теодораны баурау
үшін оны сүюдің қажеті жоқ еді; сарабдал олжа құмар, шіренген маңғаз,
бəлкім, Теодарадан тояттап, мерейі үстем болар. Атаққа мəз, рия мінезді
Теодора, сөз жоқ, даңғойлықтың тілін аңғарар да, айла-амалдардың торына
өзінен-өзі шырмалар; ол мұз жүрек, жұғымсыз еркекке пенде болып
бағынар: Теодора өзімшілдігін аңқаулықпен əшкерелеген кездерінде ауыр
уайым менің жүрегімді тілкемдеп күйрете күйзелтетін. Күндердің күнінде
оның кімге қол сөзарын білмей, жұбатарлық дос-жар көзқарас та кездестіре
алмай, өзінің шерменде қасіретін ғана құшақтап, өмірде оқшау қалатының
мен күні бұрын болжадым. Бір күні кешкілік оның келешектегі қайғылы,
жалғыздықта құлазып, сарсылған кəрілігін əсерлі сыр-бояулармен
суреттеуге батылдығым барды. Алданған жаратылыстың жантүршігерлік
зауалын көз алдына елестеткенімде, ол мынадай қытымыр кесім айтты:
–Мен қашан да болса дəулетті бола бермекпін, – деді ол, – ал алтын
барында біз ғанибет тұрмысқа қажетті сезімдерді қашан да болса, өз
төңірегімізден таба білсек керек.
Мен осы сəулеттің, осы əйелдің, осы жарқылдақ қауымның
логикасынан жай түскендей жайратылып, осының бəрінің алдында
ақымақтарша мүсəллəм болып, табынып келгеніме өзімді құстаналап,
кінəлай отырып үйге жөнелдім. Мен кедей қызы Полинаны сүймеп едім,
ал, бай Теодораның Рафаэльді менсінбеуге қақысы жоқ па? Біздің
ожданымыз, біз оны өлтірмей тұрғанымызда, қара қылды қақ жарған əділ
қазы.
"Теодора ешкімді де сүймейді де, ешкімді аластамайды да, осылай деп
менің ожданымда софының үні айқайлады, ол азат, бірақ бір кездерде ол да
алтынға сатылған-ды. Əлде тамыры, əлде күйеуі, əйтеуір орыс графы оны
малданыпты ғой. Өмірде оның да азатұғын, өз əзілге еретұғын күні болар!
Тұра тұр". Софы да емес, кінəлы да емес, ол, адам баласы ортасына
алыстан, əлде тамұқта, əлде жұмақта, əйтеуір өз сферасында, өз дүниесінде
тіршілік етеді. Атлас пен кестелі шілтерге оранған əйел сыры менің
жүрегімде адамға хас сезімдердің бəрін: тəкаппарлықты, намысты,
махаббатты, ынтазарлықты қоздырды...
Моданың қалауы бойынша ма екен, əлде біздің бəрімізге тəн тілек
одағай көріну тілегімен бе екен, əйтеуір, жұрттың көбі сол кезде
бульвардағы бір кішігірім театрды мақтау дертіне шалынған-ды. Графиня
кейбір естияр адамдарға да лəззат беріп жүрген ұннан опа жаққан актерді
көргелі тілек білдірді, мен оны қайдағы бір жұпыны фарстың бірінші
ойыныңа ертіп апаруға мəртебелі болдым. Ложаның бағасы бар болғаны
жүз су тұратын, бірақ менде соқыр тиын да жоқ еді. Менің жазып жатқан
естеліктерімнен (мемуарымнан) жарты томдайы тана бітпей қалған-ды,
сондықтан Финодан жəрдем сұрап жалбарынуға батылым бармады, ал
қамқоршым Растиньяк жолаушылап кеткен-ді. Ақша жөніндегі қиыншылық
менің өмірімді мəңгі уландырумен келеді ғой. Əлдеқалай бір рет, төкпе
нөсер құйып тұрғанда. Итальян театрынан шығып келе жатқанымызда
Теодора маған күймелі арба жалдауға əмір етті, мен зиялы қауымға тəн бұл
міндеттен қайтсем де құтыла алмайтын болдым; ол менің жауынға деген
махаббатым туралы айтқандарымды да, ойынпаздар үйіне барғым кеп тұр
дегеніме де құлақ қоймады. Менің абыржуларымнан да, мұңаюлы
əзілдерімнен де ақшасыздығымды ол жори алмады. Көздерім қанталады, не
керек, менің жалғыз көзқарасым отан түсінікті болушы ма еді, тəйірі? Жас
адамдардың өмірі таңғажайып кездейсоқтыққа душар болып жүреді ғой.
Кетіп бара жатқанымызда арбаның доңғалағының арынды айналымы менде
жана пікірлер туғызуда болды, бұл пікірлер жүрегімді өртеді; мен тас
көшенің үстіне домалап түскелі күймелі арбаның түбіндегі арысын
сындыруға да əрекеттеніп бақтым, бірақ тастай беріп кедергіге кездестім,
сондықтан маған ызалы күлкі пайда болды, мұның артынан шынжырға
маталған адамның томсыруы, топас тыныштығы орнады. Үйге келгеннен
кейін алғашқы күбірімді есіткенде-ақ, Полина сөзімді бөліп жіберді. Егер
сіздің ұсақ ақшаңыз болмаса.... Ah, Россинидің музыкасы да бұл сөздермен
салыстырғанда түкке тұрмайды той! Əйтсе де Фюнамбюль театрына қайта
оралалықшы. Графиняға еріп баруға мүмкіндік алу үшін мен анамның
сүгіретін көмкерген алтын шеңбершені аманатқа салуға ұйғардым. Қарыз
беретін касса үнемі менің қиялымда каторғаға жөнелтетін қақпа түрінде
елестей берсе де, қайыр сұрағаннан гөрі жамбасындағы жалғыз төсегіңді
сонда апарып аманатқа салу тəуірірек қой – дедім. Біреуден қарыз
сұрағаныңызда ол адамның көзқарасы сіздің жан жүйеңізді сондай
күйзелтпес пе? Досыңның аузынан шыққан қайырсыз лебіз ақтық
алданышыңды ұрлағаны сияқты, кейбір қарыз да намысқа тиіп, арыңның
құныңа татиды ғой... Полина қызмет істеп отыр екен де, анасы ұйықтағалы
жатқан екен. Шымылдық сол түрулі тұрған-ды. Төсекті көзімнің қиығымен
жүгірте шолып, Годен ханым қатты ұйықтап жатса керек деп ұйғардым,
қара көлеңкеде көпшік үстінде оның бір қырын жатқан байсалды сарғылт
жүзі айқын көрініп еді.
– Сіз ренжіп келген жоқсыз ба? – деп сұрады Полина, сырлап отырған
желпуішіне бояу қаламын тастай беріп.
– Бөбегім, сіз маған үлкен қызмет көрсете алар ма едіңіз, – дедім оған.
Оның жүзінде бақытты пішін білінгені сондай, мен селк ете түстім.
"Осы қыз маған ғашық емес пе екен өзі?" деген ой сап ете қалды менің
миыма.
– Полина!.. – деп тіл қатып, мен қайтадан сөз бастадым.
Оны неғұрлым жақсырақ бақылағалы мен оның қасына кеп отырдым.
Ол менің ойымды аңғара қойды да, тегінде, дауысымның үні сондайлық
сынампаз боп естілсе керек, ол төмен қарады, өзімнің жүрегімдегідей,
оның жүрегінде не боп жатқаның да ұғынуға болар ма деп жорамалдап, мен
одан көз айырмадым, оның көз жанарлары сондайлық аңғарттықпен
нанғыш, мөлдір таза болатын.
– Сіз сүйесіз бе мені? – деген сұрау қойдым мен оған.
– Азырақ... мейлінше құмарта... тіпті жоқ! – деп сасқалақтады ұялған
қыз.
Ол мені сүймейді екен. Оның əзілқой үні мен ғажайып серперлерінен
жас қыздың ойнақы қара дүрсін жан сезімін тана жоруға болатындай еді.
Мен отан өзімнің ақшасыздығым, қиын-қысылған жағдайым туралы айтып,
маған жəрдемдесуін өтіндім.
– Қалайша? – деді ол қарыз беретін кассаға өзіңіз барғыңыз келмей,
мені жұмсамақпысыз?
Нəрестенің логикасының күштілігінен ұялғаннан қызарып кеттім.
Бейне бір өзінің андамай айтып салған сөздерінің тікелігін еркелікпен
жуып-шайғалы, ол мені қолымнан ұстай алды.
– Мен əрине, онда барар да едім, – деді ол, бірақ оның қажеті жоқ. Бүгін
таңертең мен сіздің бөлмеңізден əрқайсысы жүз сулық екі теңге тауып
алдым, фортепьяноның артына түсіп кетіпті, сіз байқамапсыз. Мен ол
ақшаларды сіздің үстеліңіздің үстіне қойдым.
– Сіз кешікпей ақша алуға тиістісіз, – деді оның мейірімді анасы
шымылдықтың ар жағынан басын созып.
– Əзірше мен сізге бірнеше экю қарызға бере тұра аламын.
– Полина! – деп мен оның қолын қысып тұрып, айғайлап жіберіппін,
менің дəулетті болғым келген еді!
– Ол не үшін? – деп сұрады Полина қызбаланып.
Жүрегімнің əрбір лүпіліне жауап бергендей, оның саусақтары менің
алақанымда діріл қақты: ол дереу қолын жұлып алып, менің алақаныма
қарады.
– Сіз дəулетті қызға үйленесіз, бірақ ол сізді көп қасіретке душар етеді...
Ой, тəңірім-ай, ол сізді мерт қылады!.. Менің иманым кəміл
Оның үнінен анасының қисынсыз жоруларына нанатындығы байқалып
тұрды.
– Сіз жоққа нанады екенсіз, Полина!
– Иə, əрине, сіздің сүйген əйеліңіз сізді мерт етеді, – деді ол құты
қашып, маған өзге қатты толқып тұрып ол бояғышын қайтадан қолына
алып, бояуға малды да, содан былай маған көз салған жоқ. Дəл сол
минуттарда мен болымсыз қиялға тым-ақ нанғым келді. Ырымға сенген
адам өзін керемет бақытсыз деп ойламайды. Ырымшылдық дегеннің өзі
көбінесе үміт болып шығады. Бөлмеме кіргеннен кейін мен, шыныңда да,
екі асыл экюді көрдім, бұлардың қайдан пайда болғаны маған мүлде
түсініксіз еді. Қатты ұйқысырап жатып, ойда жоқта табылған осы олжаның
қайдан келгенін білу үшін мен өзімнің жұмсаған барлық ақшаларымды
еске алуға тырыстым, бірақ нəтижесіз есепке шырмалып, ақыр-аяғында
ұйықтап кетіппін. Ертеңіне ложаға билет алғалы барайын деп тұрған
кезімде бөлмеме Полина кірді.
– Сізге, бəлкім, он франк аздау болар, – деді қызарақтап осы мейірімді,
де сүйкімді қыз, анам сізге тағы да мына ақшаны бер деп тапсырған еді.
Алыңыз, алыңыз!
Полина үстелдің үстіне үш экю ақша қойып, қаша жөнелмек еді, мен
ұстап қалдым, көзімнен ытқыған жасты тек сүйсіну сезімі тана ұстап
қалғандай еді.
– Полина, – дедім мен – сіз періштесіз! Мына ақшадан гөрі, сіздің соны
ұсынғандағы сезіміңіздің тазалығы менің жүрегімді қатты елжіретті. Мен
мол дəулетті, сəн-сəулетті, атақты əйелге үйленуді тілегенім рас еді. Ал
қазір мен миллиондаған дəулетке ие болғаннан кейін дəл сіздей жас кедей
қызын жəне дəл сіздей жан дүниесі бай қызды арман етер едім, өзімді мерт
ететін қатерлі құмарлықтан да бастартар едім. Бəлкім, сіздің болжамыңыз
жүзеге асар.
– Жетер! – деді ол
Полина жүгіріп шығып кетті, сатыда оның бұлбұлдай сайраған қоңырау
үні естіліп барады. Əлі күнге дейін ешкімді сүймеген бақытты қыз-ау! –
дедім өзіме-өзім, бірнеше айдан бері басымнан кешіріп келе жатқан азапты
ойлап.
Полинаның он бес франкі ақшасы мен үшін аса құнды болып шықты.
Залда əлі де бірнеше сағат отыратынымыз есіне түскендей жəне онда
халықтың дем-тынысынан қапырық болатының ойлап қапаланғандай,
Теодора гүл шоғы болмағанына өкініш білдірді мен жүгіріп барып гүл
əкелдім де, оған өзімнің өмірімді жəне барлық дəулетімді қоса ұсындым.
Сонымен бірге, ішімді удай ашытқан өкініш сезімін де бастан кешірдім:
Бұл қауымда қабылданған əдептілік шарттарының қандайлық қымбатқа
түсетіні де маған айқындала түскен. Ол аз болғандай, тез арада ол
мексикалық жасминнің иісі тым ащы екеніне шатым айтты: көрермендер
залына қараудан, қатты орындықта отырудан жүрегі айни бастады; осында
қайдан əкелдің деп маған реніш білдірді. Сонсоң бір кезде ол орнынан
тұрды да шығып кетті. Түндер бойына ұйқы көрмей, екі ай өмірді сарп етіп
келіп, міне енді оған жақпай қалдым! Сөйте тұра бұл өз əзіл бұған дейін
ешқашан дəл осындай көрікті, сонымен қабат дəл осындай сезімсіз тас
бауыр болып көрінген емес. Жолшыбай, тар күймеде қатар отырып, мен
ойың дем-тынысының лебін сезіндім, оның дəршімай иісі аңқыған
перчаткасына жанастым, оның сұлулығының небір қазыналарын айқын
көрдім, небір хош иісті гүлдердің тəтті жұпар иісін түйсіндім: сонда ол аза
бойымен түп-түгел əйел еді де, сонымен бірге онда əйелге тəн тук те жоқ
еді. Кенеттен бір мезетке тана осынау құпия өмірдің шыңырау түбі көз
алдыма жарқ ете түсті. Бір ақынның таяуда жарыққа шыққан кітабын еске
алдым: онда шынайы көркемсөз ұстасының ой шарықтауы Поликлет
өнерпаздығындай шеберлікпен жүзеге асырылған еді. Мен жан
түршіктіретін бір мақұлықты көз алдыма елестетім: ол біресе офицер
бейнесінде құтырған асау атты үйретіп жүргендей; біресе жас қыз
бейнесінде құлпыра əсемдене, отырып өзінің ғашық жігіттерін естерінен
тандыра түңілткендей; біресе ынтықтырған келбетті жігіт бейнесінде нəзік
сезімді момақан қызды торықтырғандай кейіпте көрінген Теодораның
сырын қандай да басқа амалмен шешуге шамам келмегендіктен, мен отан
осы қияли уақиғаны айтып бердім, бірақ кісі сенбестей нəрселер жөніндегі
бұл поэмадан ол өзіне ұқсас ештеңе тапқан жоқ. "Мың бір түн" ертегісіне
құныққан сəбилерше, ол тек бер жағынан күлді де қойды.
"Рас, қандай да бір құпия сыр мен сияқты жас адамның махаббатына
қарсылық ету үшін, тамаша жан сезімдерінің оңай жұғатын ынтығына
қарсылық ету үшін Теодораға күш береді-ау, сірə, – дедім өзіме-өзім
жолшыбай үйге келе жатып. Бəлкім, леди Делакур секілді, онда да бар
бейдауаның сырқаты бар шығар? Қайткенде де сөз жоқ, мұның тіршілігінде
бір жасандылық бар".
Осындай ой келгенде тұлабойым қалтырап кетті, содан кейін менде
нағыз ақылға сыйымсыз, сонымен бірге ынтыққан ғашықтың ойлап таба
аларлықтай бірден-бір естиярлық жоспары туды бұл пейілдің рухани мəнін
зерттегенім сияқты, енді табиғи тұрғыдан зерттеу үшін, сөйтіп ақырында
оны түгелдей біліп алатын болу үшін, мен оның өзіне сездірместен,
бөлмесінде бір түн өткізуге бел байладым. Өшпенділік аңсары корсикалық
сопының жүрегін қалай кеміріп еді мен де сол сияқты, жанымды жегідей
жеген бұл ниетті мен былайша жүзеге асырдым. Қабылдау күндерінде
Теодораның үйіне қауымның көп жиналатыны сондай, қонақтардың түгел
шығып болған-болмағаның швейцар байқай алмай қалатын. Ешбір жанжалшатақсыз-ақ сол үйде жасырынып қала алатыныма сенімім кəміл
болғандықтан, мен графиняның үйінде болатын таяудағы кешті
сабырсыздықпен күттім. Киінерде, қанжарым болмағандықтан, қалтама
қалам ұштайтын ағылшын бокісін сала салдым. Əдебиетшінің бұл құралы
қалтамнан табыла қалған күнде де, ол ешқандай сезік туғызбас еді, ал
романтикалық тəуекелім мені қайда апарып ұрындырарын білмегендіктен,
мен қарулы болғанымды тəуір көрдім.
Қонақ үйге жұрт тола бастаған кезде, мен жатын бөлмесін зерттеу үшін
сонда барып, бəрін де көріп алдым: терезелердің қақпақтары жабылып.
ішкі шілтерлері түсірулі екен, істің басы сəтті болып басталды;
терезелердегі перделерді түсіру үшін қызметші келіп кіруі мүмкін
болғандықтан, перделерді өзім ағытып жібердім; мезгілінен бұрын
бөлменің ішін жайғастыруға батылдық етіп, өзімді үлкен қатерге душар
етсем де, жағдайымның қауіпті екенін байсалды түрде салмақтап, бұл
қатерге тəуекел еттім. Түн ортасына таман мен терезенің ұңғысына
жасырындым. Аяқтарым көрінбейтін болуы үшін, қабырғаға сүйеніп,
терезе ілгегіне жармаса тұрып, жақтау жиегінің көмкермесіне табан тіреуге
əрекеттендім. Осындай күйдегі тепе-тең салмақ пен тірек нүктесінің заңын
зерттеп, өзім мен перделердің екі арасындағы қашықтықты өлшеп алғаннан
кейін, мен, ақыр-аяғы, қиыншылықты меңгергенім соншалық, егер аяқтың
сіңірі тартылмаса, жөтел немесе түшкірік ұстап бермесе, əшкереленбей
тұра беретіндей болдым. Өзімді-өзім күні бұрын қажытпас үшін, ермегіне
асылған өрмекшідей салбырап тұруға тура келетін сын кезенін кейінге
қалдырып, əзірше еденде тұра бердім. Ақ муар мен жұқа муслиннен
жасалған перденің шеті қарсы алдымда орғанның трубасындай
шиыршықталып тұр еді, мен осы араны бəкіммен тесіп, саңылау жасадым
да, сол арқылы бəрін көріп тура алатын болдым. Қонақ үйден қонақтардың
сөйлескен күбірі, күлкісі, дабырлай сөйлескендері шала-шарпы естіліп
тұрды. Сол көмескі шу, күңгірт дабыр-дүбір бірте-бірте басыла берді.
Еркектерден бірнеше адам менің қасыма келіп, графиня камодының үстінен
қалпақтарын алды. Олар пердеге жанасып жақын келгенде, асығыста
айналаның бəрін қармалап, түртпектеп жүретін кездейсоқ қозғалыстардан
зəрем ұшып, қалтырап тұрдым. Бұл қолайсыздықтардың бірде-біріне
ұшырамаған соң мен ниетім табысты болар-ау деп ойладым. Ақырғы
қалпақты Теодораға ғашық болған кəрі шал əкетті; бөлмеде жалғыз өзім
ғана тұрмын ғой деп ойлаған шал бір ауық төсекке қарап тұрып, ауыр
күрсінді; осы ретте ол əжептəуір жігерлі, əлдеқандай лебіз шығарды.
Графиняның жатын бөлмесіне жапсарлас будуарда оның тағы бес-алты досжар адамдары қалған еді, бұларға енді шай ұсынды. Қазіргі қауым өз
ықыласының сарқытында сақтаған өсек сөздер енді эпиграммаларға, шақпа
тіл, ұшқыр ойлы топшылауларға, шынаяқтардың, шай қасықтың
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шегірен Былғары - 12
  • Parts
  • Шегірен Былғары - 01
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2531
    28.0 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 02
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2526
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    37.3 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 03
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2445
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 04
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2479
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 05
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2519
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 06
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2463
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 07
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2433
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 08
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2370
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 09
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2415
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 10
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2418
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 11
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2356
    28.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 12
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2283
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 13
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2455
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 14
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2393
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 15
    Total number of words is 4023
    Total number of unique words is 2423
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 16
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2233
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 17
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2155
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 18
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2257
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.8 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 19
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2406
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 20
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2522
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.2 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 21
    Total number of words is 2497
    Total number of unique words is 1541
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.