Latin Common Turkic

Шегірен Былғары - 02

Total number of words is 3887
Total number of unique words is 2526
25.4 of words are in the 2000 most common words
37.3 of words are in the 5000 most common words
44.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сізге Каирден əкелінген тамаша мумияларды, ғана бедерлі вазаларды, оюлы
өрнекті қара ағаштан жасалған сəнді бұйымдарды, нағыз ренессанс
заманының шынайы өнерлерін көрсетейін, бəрі де жоғары сапалы, бəрі де
жаңа ғана əкелінген бұйымдар.
Бейтаныс жігіттің сұрапыл халде болғаны сондай, нұсқаушының бос
мылжыңы, жаңағы ақымақтық-жалдаптық сөздер отақ бейне бір, ақылы
шағын адамның кейде данышпанды да өлтіруге жарайтын мыжыма
мазалауына ұқсас бірдеңе тəрізді естілді. Өз тағдырының артқан жүгін
ақырына дейін көтере отырып, ол дүкеншінің сөздерін тыңдап келе
жатқандай пішін көрсетті, ыммен оны қостап қояды немесе бір сарынды
жауап қайырады. Ақыры, ол жүре келе үндемей, тіл қатпай ере беру
хұқығына да бірте бірге қолы жетіп, өзінің ең соңғы уайымды ой толғауына
жасқанбай-ақ шарықтауға мүмкіндік алды. Ақын еді ол, сондықтан
ақындық жан сезімі де көлденеңнен кездейсоқ мол азық тапты: оған
жиырма түрлі əлемнің тамтығын мезгілінен бұрын көру нəсібі бұйырған
екен.
Тосыннан қарағанда дүкен залдарының іші адамның да, құдайдың да
жаратқан заттарының баршасы осы арада бір-бірімен иін тіресе
сығылысып, қалай болса солай, үйме-жүйме жатқаның бейнелейтін көрініс
сияқты. Крокодилдардың, айдаһардың, маймылдардың терілерін сойып
қаптаған тұлыптары шіркеу жиһаздарына қарап күлімдеп тұрған тəрізді,
бейне бір, адамдардың мəрмəр тастан қашалған кеудеше мүсіндерін тістеп
алуға, лақ жағып жылтыратып қойған бұйымтайларды қуа жөнелуге,
əшекейлі аспалы шамдалдарға өрмелей ұмтылатындай. Бүйіріне Жакото
ханым14 Наполеонның суретін салған Севрлік ваза Сезориске15 арналған
сфинкспен қатар тұр. Əлемнің алғашқы кезі мен күні кешегі оқиғаларды
бейнелейтін мұралары мұнда керемет кеңпейілдікпен ұштастырыла
жиыстырылған. Отқа ет қақтайтын істік шанышқылар кеме кейіптес
ожаудың ішінде, республикашылардың қылышы ортағасырлық шиті
мылтықтың үстінде жатыр. Дюбарри бикешті басында жұлдызы жайнап,
бұлт арасында жалаңаш тұрған қияпатта суретші Латур жұмсақ
қарындашпен суретке салған еді, осы сурет үнділік хорхор шүмегіне, бейне
бір, нəпсіқұмарлықпен үңіліп тұрғандай, оның бұған қарай жыланша
ирелеңдей көлбеген серіппелілерінің сырын ұтуға талаптанғандай. Ажал
аспаптары қанжар, таңырқарлық тапаншалар, құпия шаппалы мылтықтар
күнделікті бейбіт тұрмыста тұтынатын бұйымдармен: фарфор табақ,
саксондық тостаған, қытайдың мөлдір кеселері, ежелгі замандардағы тұз
сауыттары, орта ғасырдың тəтті тағам ыдыстары сияқтылармен араласып
жатыр. Піл сүйегінен қашалған кеме барлық желкендерін желге тосып,
мізбақпай мелшиген тасбақаның үстінде жүйткіп бара жатқандай. Тағында
отырғандай маңғаз император Августың басы-көзін баса көктей
пневматиқалық машина өрмелеп келеді. Тірі кездеріндегісі сияқты, қазір де
сезбес сазарма француз төрағалары мен голланд дуапбасыларының
бірнеше портреттері ежелгі дүние мұраларының осы ұмар-жұмар қатқабаттарынан шоқтығы биіктеп, жоғарыдан қабақ түйе, түнеріңкі, нұрсыз
көздерімен сүзіле қарап тұр. Барлық елдер де осында өз білімдерінің
қандай да бір жұрнағын, өз өнерлерінің бір нұсқасын алып келген сияқты.
Философия көніне ұқсас орын еді бұл: тұрпайы тағылардың бейбітшілік
түтігі де, харамханадан əкелінген алтын оқалы жасыл кебістер де,
маврлардың семсері де, татарлардың табынатын тəңірлері де, бəрі де бар
мұнда, ешқайсысынан күнделік жоқ. Солдаттың шылым шонтайынан
бастап, шіркеулердегі садақа салатын ыдыстарға дейін, əлдеқайдағы алтын
тақтан алынған қауырсын қаламға дейін, бəрі де бар мұнда. Оның үстіне
алуан түрлі сарын, шағылыстардың араласуынан, жайнаған жарық пен
қарауытқан көлеңкенің қауырт қарама-қарсы тайталасуынан туған
таңғажайып тамаша жарқыраулардың көптігі бұл сұрапыл көріністерді сан
мың түстегі жайдары жарқыл құбылыстарына айналдырулы. Бейне бір
шыңғыра түсіп кілт үзілген дауысты құлақ естіп тұрғандай, ақыл-зейін
аяқталмаған драманы аңғарғандай, шоғы сөнбеген от бықсыған көз
шалғандай тəрізденеді. Бұған қоса, қалың тозаң осы заттардың үстін
өзіндік бір шарбыта құндақтапты да, осының өзі сол заттардың алуан түрлі
кедір-бұдырларына ұңғыл-шұңғылдарына ерекше бір табиғи сұлулық өң
беріп тұрғандай.
Мəдениет жұрнақтары, дін сарындары, тəңірілер, өнер өрендері,
патшалар маңғаздығы, азғындық, ақыл даналығы, қамақтық ескерткіштер
бəрі лық толған осы үш залды бейтаныс жігіт, əуелі, əр қиыршасы бүкіл бір
тұтас дүниені тұлғаландыратын қырлықырлы айнаға теңестірді. Осы
буалдыр əсерден кейін ол өзіне ермек ету үшін осылардың бірін таңдап
алмақ болып еді, бірақ, айнала қарап ойланып-толғанып, қиялданып
жүргенде, əлде бəлкім, ішін тырнап ұлыған аштықтан ба екен, безгек ұстап,
тұла бойы қалшылдап кетті. Мұншама тіршіліктің, бүтіндей халықтар мен
жеке адамдар тіршілігінің айғағы ретінде олардың өз қолдарынан жасап
қалдырған осы мұралары жас жігітті мүлдем тұралата, терең ой
тұңғиығына батырды. Дүкенге келуіне демеуші болған тілек орындалды: ол
шынайы өмір болмысынан арылатын жөн тапты, арман ағысының əлеміне
баспалдақтап жоғары өрлеп, сұқтану дəрежесінің сиқырларына,
сарайларына барып жетті. Бір кезде Патмостағы16 Иоанн шадиярдың көз
алдынан жалындап өткен болашақ сияқты, мұнда оған əлем кеңістігі
сынықшылар мен шашыранды сəулелерден құралғандай болып көрінді.
Сан-сапалы бейнелер жəбір-жапалылары да, сымбаттылары да,
қорқыныштылары да, түнерінкілері де, жайдары жарқындары да,
алыстағылар да, жақындағылар да топ-тобымен, қыруар қауымымен,
ұрпақ-ұрпағымен, үрім-бұтағымен оның көз алдында елестеді. Бір орында
қозғалмай тас боп қатқан құпия сырлы Мысыр қара таспалармен таңулы
шірімеген өлік қалпында құмдардың арасынан шыға келді, одан кейін
моласының басына күмбезді тамдар салу үшін бүтіндей халықтарды көрге
тыққан перғауындар ербең– деді, Мұса да, еврейлер де, шөл далалар да
елестеді. Ол салтанатты ежелгі дүниені меңзеп, өз көзімен көргендей
болды. Өрме колоннаның үстіндегі əлі тың, көрікті, кіршіксіз аппақ мəрмəр
мүсін Грекия мен Ионияның лəззатқұмар мифтері туралы баяндайды.
Қырмызы реңді деңгейде, этрус сазынан жасалған жұп-жұқа вазаның
үстінде Приап құдайдың алдында би билеп, оны қуанышпен құттықтап
тұрған қара торы жас қызды көргенде шіркін-ай кім күлімдемес! Ал оның
қасында латын елінің қатын патшасы жантүршігерлік химераны ішібауыры елжірей, мейірімділікпен еркелетіп тұр. Өзінің сүйікті Тибуллын
күтіп отырған уайым-қайғысыз, бейқам, қиялшыл Юлияның ваннасын,
төсегін жасанып, сылануын санаңда елестетіп, императорлар Римнің
барлық
кереметтері
осы
арада
ентіге
солықтағандай.
Араб
бойтұмарларының құдіретті күші дарыған атақты шешен Цицеронның бас
пішіні ерікті Римді еске түсіріп, жас жігітке Тит Ливий тарихының беттерін
ашты. Ол senatus populusque romanus17-ті көрді; консул, ликторлар, күрең
қызыл жібекпен жиектелген тоғалар, форумдағы тартыс, ызаға булыққан
халық бəрі де түсте көрінетін буалдыр елестей оның көз алдынан өтіп
жатты. Ақыры бұл образдардан христиандық Рим басым болып шықты.
Көркем сурет өнері аспан əлемінің де аңғарын ашты; одан ол алтын
бұлтпен араласып, періштелердің арасында қалықтап бара жатқан,
сұлулығымен күн нұрын да көмескілейтін Мариям ананы көрді; қайта
тірілген осы Хауа ана бақытсыздардың шағымдарын тыңдап, оларға
əдеппен күлімдей қарап бара жатыр екен. Везувий жəне Этна жанартаулары
лавасының қиыршықтарынан құрап жасаған мозаикаға қолы тигенде, оның
жан сезімі алтын арайлы, сарша тамыз шілделі Италияға ауысты: ол
Бордждың зауық азғындығына қатынасты, Абруиц тауларын шарлады,
итальян қыздарының махаббатын аңсады, сүйірлеу келген қара көзді аққұба
жүздерге құмартты. Өрнекті сабы кестедей əсем, қан датына ұқсас тот
басқан ортағасырлық қанжарды көргенде, намысты ердің қиғыр қылышы
үзілді-кесілді тындырған түңгі оқиғаның зауалын долбарлап, оның тұла
бойы тітіреп кетті. Алтын зер, торғын, торқа киінген, сылдырмақ,
қоңыраулармен безелген құрамыс сəукелелі бұрқан Үндістанды, оның
діндерін жандандыра бейнелегендей. Бұл кіші құдайдың маңайындағы
жөке алашадан əлі күнге дейін сандал ағашының жағымды бояу иісі аңқып
тұрғандай, осы жеке алашаның өзі де бір кезде оның үстінде жатып
тыныстаған биші əйелдей сымбатты. Қытайдың қиғаш көз, қисық ауыз,
қыңыр мүшелі құбыжықтары халықтың өнер тапқыштық қасиетіне қайран
қалдырып, көрген пенденің жан жүйесін толқытады; үнемі бір сарынды
сұлулықтан мезі болып, қиянатсыздықты өршітуден де айтып жеткізгісіз
лəззат тапқан халықтың өнері ғой бұл Бенвенуті Челлинидің
шеберханасынан шыққан тұз сауыт бейтаныстың қиялын Ренессанс
өркендеу заманыңа апарды: өнер гүлденуімен қатар азғындық
қабынданған, патшалары адамдарды азаптауды ермек еткен заман еді ол,
қарапайым священниктерге күнəдан сақтануға əмір еткен ізгілік заңдарын
шіркеу князьдары жəлеп əйелдердің қойныңда жатып жазатын заман еді ол
Жас жігіттің көз алдына білезіктің асыл қасынан Александрдың жеңістері,
пілтелі мылтықтың құндағынан Писарроның18 қырғын соғыстары,
шлемдердің шошағынан жанталаса долданған рақымсыз діни соғыстар
елестеді. Содан кейін Миланда жасалған тамаша бедерлі, жып жылтыр
баданда көз кіреукелерден серілер дəуіріндегі қуанышты образдар бұлақтай
ағылды, ал дулығаның бет пердесінен Паладиннің19 көздері əлі де жайнап
тұрғандай.
Осы бір ұшан-теңіз жиһаздар, ойдан шығарылған əлеметтер, сəнді
киімдер, көркем шығармалар, қорда-қоқыстар мұхиты оған арнап ұшықиыры жоқ дастан қиыстырғандай. Формалар, бояулар, пікірлер бəрі де осы
арада тірілгендей, бірақ жан сезімін тебірентерлік тұжырымды еш нəрсе
ашылған жоқ. Орасан зор палитраны, бояу тақтайын дайындап қойып, адам
өміріндегі сансыз кездейсоқтарды осының үстіне əрі жомарттықпен, əрі
салғырттықпен елеусіз араластырған кемеңгер көркем сурет өнерпазының
алғаш шимайлай салғаның аяқтау ақынға міндет сияқты. Тұтас бір əлемді
меңгеріп, тасырларды, патшаларды, елдерді шолып, барлауды аяқтағаннан
кейін жас жігіт даралардың тағдырына қайта оралды. Ол солардың
бейнесінде қайтадан тұлғаланды да, ұлттардың дараны жаныштайтын
жалпы өмірінен аулақтай отырып, жеке деректерді меңзей берді.
Сонау бір жерде Руйш20 мұражайынан сақталып қалған балауыз бөбек
қалғып отырған тəрізді. Осы бүлдіршіндей бөбек бейнесі оның жастық шақ
қуаныштарын есіне түсірді. Əлденендей Таити қызының сиқырлы
алжапқышын көргенде, албырт қиялы оған қарапайым, табиғи өмірдің
көріністерін, ақиқат күнəсыздықтың кіршіксіз тазалығын суреттеді. Адамға
соншалықты тəн бойкүйездіктің кереметін баяндады; арманыңды
аңсатарлық, мұздай мөлдір сулы жылғаның жағасында, тəтті бөкпенімен
тегін асырайтын банан ағашының түбінде оған əзір етілген жазмыштың
саспас сабырлы тыныштығын елестетті. Бірақ, тұтқиылдан оны сансыз көп
ұлу қауашақтарының танадай жарқыраған құбылмалы құлпырыстары
шабыттандырды да жəне əлі күнге дейін шөбінің, балдырдың, атлант
дауылының иісі аңқып тұрған бейне бір жұлдыз іспетті маржан тастардың
көріністері жігерлендірді де, ол теңіз тонаушысының тұлғасына айналып,
Лараның21 бейнесі арқылы берілген дүлей поэзиясының құндағына
бөленді. Содан кейін тамаша əсем ұп-ұсақ бұйымтайларға, аса құнды
қолжазбалы дұғалықты безендірген зеңгер-зер, алтын нақыштарға сүйсіне
қызығып, ол теңіз дауылдарын ұмытып та кетті. Бейбіт, монтаны момын ой
ағыны аялап əлдилегендіктен, ол өзінің кəсібімен, ғылымымен қайта
некеленгендей сезінді, қайғысыз, қуанышсыз, тамағы тоқ сопылық өмір
сүруді арман етті, хұжырада түнеп, оның садақ тақылетті терезесінен
монастырь шыбындықтарына, жүзім бағына телміре қарайтын тəрізденді.
Тенирс22 салған суреттер алдында ол солдат шекпенін немесе
жұмысшының шоқпытын киінгендей тəрізденді; фламдықтардың тері сіңіп,
темекі түтінімен ысталған қалпағын кигісі келді оның, сыраға қызып, мас
болып, фламандықтармен карта ойнағандай; нəпсі қоздырарлық аппақ
семіз, делбеше шаруа қызына күлімсірей қарайтын секілденді. Ол Мьерис23
салған суреттегі қардың жауғаның көріп, тұла бойына мұз жүгіргендей
қалтырады, Сальватор Роза24 салған суреттегі шайқасқа қарап тұрып, ол да
жаумен арпалысқандай болды. Ол Иллинойс садағына қызықсына қарады
да, Ирокез қандауыры мұның бас терісін ірей сойып жатқаның
түйсінгендей болды. Ол таңғажайып сырнайды көрді де, оны қамал
сарайдың өмірші бикешіне ұсынып, тамылжыта шырқаған əннің тəтті
əуезін құныға сіміргендей балқыды. Готика стилі бойынша салынған
əшекейлі пеш алдында əлгі бикешке сүйіспеншілік сырын ашып
сыбырласқанда, бикештің жауап ретіндегі күндей күлімдеген көзқарасын
ымырт қараңғылығы перделегендей сезінді. Ол қуаныш атаулыға құшақ
жая ұмтылды, қайғы-қасіреттің сырларын түгел таныды, болмыстың алуан
қилы тұжырымдарын меңгерді де, əрі көктем, əрі құр қуыс табиғаттың
осындай елестерінің алдында өзінің өмірі мен сезімдерін өсіре
жомарттықпен рəсуа еткені сонша, бейне бір Париждің айқай-шуы құдай
анасы шіркеуінің мұнарасынан естілетініндей, оның аяқ басқан дыбысы да
өз көкірегінде басқа дүниенің алыстан талып естілген керең
жаңғырығындай болып сезілді.
Жоғары қабаттағы залдарға апаратын басқышпен кетіп бара жатып ол
əрбір баспалдақта іргеге сүйеулі жəне іліп қойылулы тұрған вотив
қалқандарын, қару-жарақтарды, тас мүсіндерімен əсемделген сыйлық
қорымдарын, ағаштан ойып жасалған түрлі тұлғаларды көрді.
Айналасындағы аса бір ғажайып үлгілерден өлім мен өмір шекарасында
пайда болған керемет өнер шығармаларынан көздерін айыра алмай, ол таңтамаша қиял құшағында елітіп келе жатты. Ақырында, өзінің тіршілігіне де
күмəнданып, өзі де осы таңғажайып нəрселерге ұқсады, тірі де емес, өлі де
емес шалажансар сүлдеге айналды. Ол жаңа залға кіре бергенде ымырт
жабыла бастап еді, бірақ ондағы төбе-төбе болып үюлі алтын мен күміс
үшін, жарқ-жұрқ еткен бұл асыл қазына үшін жарық сəуленің керегі де жоқ
сияқты. Миллиондаған дəулетін рəсуа етіп, мансардада өлген
ысырапқорлардың əумесерлік қылықтарының нағыз қымбаттылары
адамзат ақымақтығының осы бір жəрмеңкесінде толық көрсетіліпті. Бір
кезде жүз мың франкіге сатып алынып, кейіннен бір жүз су пұлға сатылған
сия сауыт, бағасы өз уақытында бір корольдің құныңа жететін құпия сырлы
құлыптың жаныңда жатыр. Адам баласының ұрпағы дəл осы араға өзінің
қайыршылығының бүкіл сəулетін, өзінің сұрапыл ұсақшылдығының бүкіл
даңқын ала келген тəрізді. Жан Гужонның суреттері бойынша нақышталып,
қара ағаштан мəнерлеп жасалған үстел, бір кездегі бірнеше жылғы ерең
еңбектің баға жетпес нəтижесі, əсемдігіне суретшілер табынатын осы бір
нағыз құнды зат, мүмкін, отын нарқымен сатып алынған шығар. Аса қадірлі
қол сандықтар, хор қыздарының қолынан шыққан жиһаздар, бəрі де мұнда
қалай болса солай шашылып жатыр.
– Бəтір-ау, мыналарынызда тіпті сан миллион сомның бұйымы жатыр
ғой! – деді жігіт таңданған үнмен, өткен ғасырдың суретшілері алтынмен
айшықтап, көркем мүсіндермен күптеген салтанатты залдардың ұзын
тізбегінің ең шеткі бөлмесіне жеткенде.
– Дəлірек айтқанда, сан миллиардтар деңіз, деп ескертті томпақ бет
дүкенші, бұл не тəйірі, үшінші қабатқа шықсаңыз, көкелерін сонда көресіз!
Бейтаныс жігіт қызметшінің соңынан ере берді, төртінші галереяға
шыққанда оның қажыған көз жанарының алдынан Пуесеннің салған
суреттері, Микельанджеланың қайран қаларлық статуясы, Клод Лорен
салған тамаша көркем табиғат суреттері, Стерннің аса шебер жазылған
кітабының беттеріндей, герард Дəудың шеберлікпен салған суреттері,
Рембрандт, Мурильо Веласкестердің Байрон поэмасындай əрі тұнжырата,
əрі жарқын шығармалары; одан əрі көне замандарда салынған бедерлі
суреттер, сіңір тастан құйылған құтылар, əсем ақықтар... бірінен соң бірі
тізбектеліп өтіп жатты. Қысқасы, еңбектен жирендіретін бұйымдар еді
бұлар. Осындағы үйіліп төгілген өрен шығармалардың асыл қазынасы
өнерге өшпенділік туғызып, ынта-шабытты жоятын секілді. Жігіт даңқты
Рафаэль салған "Бикештің" бейнесінің қасына келіп еді, Рафаэльден де
жерігенін ұқты. Корреджоның бас бейнесі назар аударуды тілейтін-ақ сурет
болса да, жас жігіттің кеңілін ол да аулай алмады. Ежелгі заман порфирінен
жасалып, бедерлері Римнің ерте замандағы лəззатшілдерінің керемет
əдепсіздігін суреттейін, əлдеқандай Кориннаның25 жұбанышы, ермегі
болып табылатын баға жетпес асыл құмыраға жігіт, сəл күлімдегені
болмаса, онша қызыға қоймады. Ол ғайып болған елу ғасырдың
жұрнақтарының салмағынан деміккендей болды, ол өзін адамзаттың дана
ой пікірінен дертке шалдыққандай сезінді, сəн-салтанат пен өнер-білім оны
парша-парша еткен тəрізді, қайдағы бір жауыздық пірінің аяқ астынан
пайда бола кететін құбыжықтай-ақ осы бір өліп тіріле беретін формалар
оны қайта-қайта жекпе-жекке шақырып, мүлде қажытты.
Өзінің секемшіл нəпсісінің нəзіктігі жөнінен адам жаны қазіргі химияға
ұқсайды: химия жаратылысқа бар заттардың бəрін газ етіп шығарады ғой.
Сондай-ақ адам жаны да өзінің барлық қуанышын, идеясы мен күшін əпсəтте топтастырып, сұрапыл қауіпті у жасап шығармай ма? Кенеттен тұла
бойға түгел тарап, тамыр-тамырды кеулейтін зар запыранынан қаза тауып,
талайлар содан мерт болмады ма?
Атақ-даңқтың, адамзаттың жігер-қайратының, талапкерлігінің, бақдəулетінің ең соңғы үйме-жүйме жиынтығының ордасы болып тұрған кең
кабинетке кіре беріп:
– Мынау жəшіктегі немене? деп сұрады жігіт күміс шынжырға асулы
тұрған, өзі асыл ағаштан жасалған төрт бұрышты үлкен жəшікті сұқ
саусағымен нұсқап.
– Шырақ, мұның кілті қожамызда болады! – деді жуан дүкенші бір
жұмбақ сырды бүгіп қалғандай пішінмен. Егер мұндағы суретті көргіңіз
келсе, тəуекелге бел байлап, қожамызды мазалауға мен дайын.
– Тəуекелге бел байлайтындай, сіздің қожаңыз айбынды князь бе еді?
деп сұрады таңданған жігіт.
– Рас, шының айтсам, мен өзім де білмеймін, деп жауап қайырды
дүкенші.
Екеуі бірдей таңырқап, бір-біріне қарап, бір минуттай аңырып тұрысты.
Содан кейін қызметші бейтаныс жігіттің үндемегенін тілек білдіргені екен
деп ұғып, оны кабинетте оңаша қалдырды да, шығып кетті.
Кювьенің геологиялық шығармаларын оқып, кеңістік пен уақыттың
шет-шексіз тұңғиығына бойлағаныңыз бар ма еді? Оның даналығы
еліктіріп, бейне бір, сиқыршының қанатына мінгендей, өткендегінің түпсіз
шыңырауы үстінде шарықтағаныңыз бар ма еді? Адамның ақыл-ойы алуан
түрлі қыртыстардан, атам заманғы жер қабаттарынан, Монмартрдағы тас
қазылған құздардың тау жыныстары мен Оралдың саз сланецтерінен, топан
суы қаптамастан бұрынғы дəуірден қалған сарқынды қазыналарды
тапқанда, жан тітіренеді, өйткені бұл сарқыпшақтар бұдан миллиардтаған
жыл бұрын да миллиондаған халықтардың өмір сүргенін айқындайды. Ал
сол замандар мен сол халықтарды адамның əлсіз жады түгіл, мəңгі өшпес
аса ардақты аңыздардың өзі де ұмытқан, олардың күл-көмір, қоқыс
қалдықтарының өзі жер шарының беткі қабатына жинала-жинала бізге гүл
мен астық беріп отырған қап-қалың жер құйқасына айналған. Осының
бəрін ашқан Кювье біздің заманымыздың аса ұлы ақыны емес пе? Лорд
Байрон мінез-құлық толқуларын асыл сөзбен айтып берсе, табиғатты
зерттеуші мəңгі өшпес данышпан Кювье қуарған қу сүйектерді зерттеу
арқылы бүкіл бір тұтас əлемдер туғызды, бейне бір, Кадм26 тəрізді,
айдаһардың азу тістерінен қала салды, бірнеше кесек тас көмір арқылы
мыңдаған қалың
ну орманға зоологияның барлық құпия сырларын қайта қаптатты,
мамонттың жалғыз жілігіне қарап отырып, алыптардың ұрпағын қайта
тірілтті. Осы бейнелер көз алдында көтеріліп, өсе келе өзінің алыпқа біткен
адам айтқысыз бойымен бүтіндей аймақтардың түрін өзгертеді. Кювьенің
ойлап тапқан цифрлары дарынды ақынның талантты шығармасына тең;
оның ғылымға қосқан үлесі тамаша! Жасанды, сиқырлы сөздер айтып
жатпай-ақ, ол атам заманғы дерексіз өшкен жанды-жансыз заттарды қайта
тірілтті, ол қазып алынған бір түйір гипстен өткен дəуірдің таңбаларын
көріп: "Мынаны қараңыз!" деп айқай салды. Қолындағы мəрмəр тас
кенеттен жануарға айналып, өлген тіріліп, өшкен жанып, бүтіндей бір
ежелгі дүниенің пердесі ашылды. Алып жануарлардың сан жетпес
ұрпақтарынан кейін, балықтар нəсілдері мен моллюсқалар сүйексіз ұсақ
құрттар қауымынан кейін, ақырында келіп, бəлкім, жасағаннан өзі
жаратқан алып тұлғаның азғыны, адам əулеті пайда болды. Кеше ғана
дүниеге келген бұл мүскін адамдар Кювьенің өткендігіне қадала қараған
көз жанарынан жылу алып, қиыр-шиыр замандар лайсаңына үңіле алады,
таусылмас гимнді əндетіп, əлем кейістігінің өткендегі тарихын бейне бір
теріс айналдырылған Апокалипсис түрінде ұғына алады. Əлгі жалғыз
адамның үні арқылы дүние тарихының қайта тірілген жантүршігерлік
тұңғиығына көз жібергенде, біз барлық сфераларға ортақ, аты-атағы, ұшықиыры жоқ кеңістікте өзіміз пайдаланып жүрген түйір-бүртіктің, өмірдің
өзіміз УАҚЫТ деп атаған осы бір минутының түкке тұрмастықтай өте аз
екеніне қынжыламыз. Соншалықты əлем сынықтарының астында көміліп
қалғандай тұншығып, өзімізден-өзіміз: біздің атақ-даңқымыздың, біздің
өшпенділігіміздің, біздің махаббатымыздың қанша қажеті бар? деп
сұраймыз. Асылында, келешекте дерексіз ноқатқа айналу біздің
жазмышымыз болатын болса, қазіргі болмыстың жүгін арқалауды өз
міндетімізге алуға тиіспіз бе? Бүгін таңдағы болмыстан тамырымызбен
қоса жұлынған біздер қашан есіктен қызметші кіріп: "Мəртебелі ханым
сізді күтіп отырғандығын білдіруді өтінді" дегенге дейін өлік халінде
болғанымыз ғой.
Тың, соны шығармаларды ғылыми тұрғыдан зерттеумен шұғылданғанда
философтың жан жүйесі қалжырайтыны сияқты, бізге мəлім барлық
өнерлерді, шығармаларды көз алдына əкелген кереметтерді көргенде
жігіттің де жан жүйесі қалжырап, толықсыды; қазір ол бұрынғыдан бетер
ажалды аңсады, діңкесі құрып, ұзыншалау келген жұмсақ орындыққа
жантая кетті, адасқан көз жанарлары өткен замандардың осы əсем
көрінісінің қиял елестерінде сырғанаумен болды. Суреттер жарқырап, əжі
қыздардың бастары оған күлімсірегендей болды. Тастан қашалған мүсіндер
жан бітіп қимылдағандай, алдамшы пішінге енді. Оның дімқос миында,
бейне бір қымырандай көпіршіген безгек үрейі көлеңкелердін
жамылғысында бұл суреттерді секірте билеткен тəрізді, осының
салдарынан ол суреттер жанданып, оның көз алдында құйындай шыр
айналған секілді. Фарфордан жасалған əрбір зағип оған бетін
тыржитқандай, суретте бейнеленген адамдар көз шырымын алмақ
болғандай, көзін жұмып мүлги қалған іспетті. Алуан түрлі бұл заттардың
əрқайсысы өзінің мінез-қасиетіне, тұр-сипатына, құрылыс-құрамына қарай,
бірі баппен, бірі шапшаң, бірі қымбатты, бірі оралымсыз дөрекі пішінде
тітірене селк етіп, ұшып түрегеліп орындарынан жылжи жөнелгендей.
Осының өзі доктор Фаустың Брокенде көрген таңғажайып
кереметтеріне лайықты əлденендей құпия сырлы жасырын жын ойнағы
тəрізді. Бірақ қажығандықтың, қадала кеп қараудың немесе құбылмалы іңір
қараңғысының салдарынан көзіне елестеген бұл оптикалық құбылыстар
бейтаныс жігітті үрейлендіре алмады. Ажал қорқынышына көндіккен
жанға əмір қорқыныштарының əмірі жүрмес болар. Ол тіпті қулықайланың өліні тірілтпек болған осы бір арамгер əрекетінің кереметтері
оның тұла бойындағы болмыс нышаның түйсіндіріп тұрған ақырғы ойпікірлермен ұштасулы еді.
Айналада тым-тырыс тыныштық орнағаны сондай, жігіт лезде тəтті
қиял құшағына бөленді де, қиялдағы бейнесі баяулап сөніп бара жатқан күн
сəулелерінің сарыныңа сəйкес өзінің алуан-алуан сарындарын
сиқырлағандай құйқылжыта құбылып бірте-бірте көмескілене берді. Hұp
шұғыла аспан күмбезінен ауарында түнеріп келе жатқан қараңғылықпен
ұрыс салып, ақырғы алқызыл арайын төкті. Жігіт басын көтеріп алғанда,
оның қарсы алдында атараңдап адам қаңқасы тұр екен. Қаңқа күмəнды
пішінмен қу басын оңды солды изеп, бейне бір: "Аруақтар əлі сені күте
қойған жоқ" дегендей. Жігіт ұйқысынан сергу үшін маңдайын сипағанда,
салқын самал леп желпіп өткенін айқын сезді, əлденендей үрпиген бірдеме
жүзіне жанасқаның түйсініп, селк ете түсті. Əйнек шынысы естілерестілмес сыбдыр қақты, моланың құпиясы сырлы сызы аңқыған бұл суық
еркелік жарғанаттың ісі-ау деп ойлады ол тағы бір мезет батар күннің
шашыранды сəулелерінің жарығында айналасындағы көмескі елестерді
көзі шалып қалды; содан кейін бүкіл осы бір өлі табиғатты қою
қараңғылық түгелдей жұтып жіберді. Түн, яғни жігіттің өлуге бел байлаған
сағаты, қапелімде келіп те қалды. Терең ой тұңғиығына бойлағаннан ба
екен, қажығандықтан жəне жас жүрегін қарс айырған сансыз пікірлердің
лек-легінен туған мең-зең ұйқыдан ба екен, əйтеуір осыдан соң ол дүние
тіршілігінен еш нəрсе аңғара алмай, есін жия алмай едəуір отырды. Кенет
ол əлдекімнің қаһарлы үнмен тіл қатқаның естігенде елеңдеп, бейне бір
жан түршігерлік үрейлі түс көріп жатып, түсінде түпсіз шыңыраудың
түбіне құлағандай қалш-қалш етті. Жарқ еткен от жарығына жанарлары
шағылысып, көзін жұма қойды.
Бітегенеден кейін түнек қараңғылығын қақ жарған қызғылт оттың
дөңгелек сəулесін көрді: дөңгелектің орталығында қарсы қарап, шам
жарығын жігітке тура бағыттаған бір шал тұр екен. Оның жүргені де,
сөйлегені де, қимылдағаны да сезілмеп еді. Тегінде, оның тұтқиылдан тап
бола кетуінде əлденендей сиқырдың сыры бар секілді. Бейне бір көршілес
тас моладан шыққандай көрінетін осы бір шалды, ұйқысынан ояна
келгенде көрсе, тіпті нағыз ер жүрек адам да шошып кетер еді. Осы бір
елеске ұқсас жанның қимылсыз көз жанарын жандандырған ғажайып
жастық жалыны бейтаныс жігітіміздің оны табиғаттан тысқары құбылыс
деп ойлауына ырық бермеді. Оның үстіне өңдегі өмір мен естен тана
есеңгіреп отырған халінің арасындағы сол бір сəтте ол, Декарт
анықтамасындағыдай, философиялық күдік жағдайында еді, сондықтан ол
өз ықтиярынан тыс, əлденендей əсте түсіндіріп жеткізе алмастық
елестердің өктем күшіне көнді; бұл елестердің құпия сырларын дəрменсіз
ғылымымыз жорымақ боп бекерге əуреленсе де, маңғазданған паңдығымыз
менсінбей мінеп тергейтін.
Үстіне қара мақпал бешпент киіп, беліне өрме жібек жуан жіпті шанди
салған, тарамыстай сірі арықша шалды көз алдыңызға келтіріңізші. Басына
кигені қара барқыт тақия. Тақияның екі жақ ернеуінен ұзын ақ селеу
шаштары иығына төгіліп тұр. Тақия жиегінің ізі шалдың маңдайында
айқын бедер қалдырып, оның бас сүйегін көмкере кептетіліпті. Тұла бойын
түгел ораған ақ кебін сияқты ұзын кең бешпентінен тек солғын, сопақ жүзі
ғана көрінеді. Жігітке қарай шамның барлық сəулесін тура бағыттағалы
қолын созған шалдың шүберекке ораулы қу таяққа ұқсас арсиған білегі
болмаса, оның бет əлпеті əуеде қалықтап тұр ма деп ойлап қалуға
боларлықтай еді. Бурыл тартқан шоқша сақалы бұл ерсі жан иесінің иегін
түгел жауып тұр. Осының өзі оны еврейлерге өте ұқсас етулі, Мұса
пайғамбарды бейнелегісі келгенде суретшілер, кескініне қарап отырып
сурет салу үшін, осындай еврейлерді əдейі іздестіріп табатын. Оның
еріндерінің бозаңдығы, жұқалығы сонша, аузын жұмғанда еріндерінің
ернеуін ақ жүзінен айыра тану үшін əдейілеп тесіле қарау керек. Қатпарлы
кең маңдайы, қуарып солған екі беті, қас-кірпіксіз шегір көзінің мейірімсіз
ызғары осының бəрі бейтаныста əлде Герард Дəу жасаған алтын өлшеуіш
Ділдəгердің суретіне жан бітті ме екен деген ой туғызуы мүмкін еді.
Беттерін айғыздай тілімдеп, көз құйрығына ұштасқан əжімдері азапшының
сұм пиғылын əшкерелеп, өмірді жете білетінін куəландырғандай. Бұл кісіде
ең тұйық адамның да ойындағысын, ішкі сырын болжау дарыны бар
сияқты. Оны алдау мүмкін емес еді. Дүкенінің шаң басқан залдарында
бүкіл əлем шығармалары ыбырсып жатқан сияқты, жер бетіндегі барлық
халықтардың əдет-ғұрып, салт-санасы, олардың даналығы осы шалдың
сұсты жүзімен таныстығына келіп тоғысқан тəрізді. Сіз оның бет əлпетінен
көреген құдіреттің жарқын байсалдылығын немесе жақсы-жаманның бəрін
көрген жырынды адамның тəкаппар айбының аңғарар едіңіз. Суретші
лайықты кескін бітіріп, бояу қаламымен бір-екі сүйкесе, бұл дидар мəңгі
өшпес Адам атаның тамаша бейнесінен немесе Мефистофельдің
келемежшіл кейпінен айнығысыз болып шығар еді, өйткені мұның
маңдайында құдіретті қуат-күштің емеурінінде күйініштің мысқыл
нышаны бар еді. Өзінің орасан зор рухани күші арқылы адамзаттың барлық
тіршілік азабынан ада болуымен қатар, ол тегінде, дүниелік қуанышын да
жойған сияқты. Осы қарт сəуегейдің бұл дүниеге жат, оқшау əлемде өмір
сүретінін онда алданар жұбанышы болмағандықтан қуанышсыз, лəззат,
рақат, атаулыдан жерігендіктен мұңсыз, жалғыздықта тіршілік ететінін
сезініп, өлмекші жігіт селк етті. Шал бəйтеректей тіп-тік боп, нұр
шұғылалы бұлт арасынан сығалаған жарық жұлдыздай, тапжылмастан,
қимылсыз біраз тұрды. Қолындағы шамы осы сырлы кабинетке жарық
түсіріп тұрғаны сияқты, əлде нендей байсалды сұм арамзалыққа біткен
шегір көздері, бейне бір, оның мінез-пиғыл дүниесін жарқыратып
тұрғандай.
Өлім туралы ойлар мен таңғажайып бейнелер əлдилеген жігіт көзін
ашып қалған мезетте оған тұтқиылдан кездескен керемет көрініс осындай
болды. Егер ол бұған абыржып қалған болса, көрі əжесінің ертегілеріне
нанатын жас сəбидей-ақ, осы елеске ойланбастан, сөзсіз нанып қалған
болса, мұның мəнісі, яғни бұл адасу оның өмірі мен ақыл-зердесінің үстіне
өзінің ой-пікірлері қандай да бір шел қаптатып, бүркеп тұрғандықтан деп
білу керек; оның толқыған, қобалжыған жүйкелерінің аласұруының
салдарынан деп білу керек; апиынның қорқоршыға беретін рақатына ұқсас
азапты лəззатқа душар еткен жаңағы мейірімсіз драма осыған себепкер
болды деп есептеу керек. Бұл елес оған Парижде, жағалаудағы Вольтер
көшесінде, XIX ғасырда, яғни сиқыр, арбау атаулы мүмкін болмайтын
жерде, мүмкін болмайтын уақытта килікті. Француз дінсіздерінің пірі27
қайтыс болған үйге көрші отырғандықтан, өкімет басындағы адамдардың
түрлі сұм-сұрқия əдіс-айлаларына жиіркенішпен қарайтын Гэ-Люссак пен
Арагоның шəкірті болғандықтан, бейтаныс жігіт, сірə, поэтикалық
қызғылықты елестің жетегіне еріп кеткен болуы керек, адамды
торықтыратын ақиқаттан аулақ қашу үшін бе, болмаса тəңірінің құдіретін
жекпе-жек ұрысқа шақыру үшін бе, əйтеуір, кей-кейде өзіміз де ақындық
албырт қиялдың осындай елесіне кіріптар боламыз ғой. Сөйтіп, əлденендей
əдеттен тыс өктем күштің түсіндіріп жеткізе алмастық мысы жеңетінін
алдын ала сезінгендей көңілі толқып, жас жігіт осы шам жарығын, осы
шалды көргенде шошып кетті. Наполеонның алдында, қысқасы,
данышпандығымен жұрттан асқан, даңқты жер жарған қандай да бір ұлы
адам отырғанда бəріміз де қымсынбаушы ма едік, көңіліміз толқымаушы ма
еді, мына жігіттің көңіл өрекпуі де дəл осыған ұқсас болды.
Айса пайғамбардың Рафаэль салған суретін көргіңіз келіп пе еді? деп
сұрады шал сыпайы түрде; оның даусының саңқылдаған айқын үнділігінен
əлденендей металл сыңғыры естілгендей болды. Қарауытқан жəшікке
барлық жағынан да жарық түсетіндей етіп, ол қолындағы шамын сынық
бағанның түбіріне қойды.
Саудагердің Айса пайғамбар мен Рафаэльдін қасиетті есімдерін атауыақ мұң екен дереу жігіттің елен еткен ынтызарлығын танытатындай сыңай
байқалды, сөз жоқ, шалдың дəмеленгені де осы еді. Сондықтан да сол сəтте
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шегірен Былғары - 03
  • Parts
  • Шегірен Былғары - 01
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2531
    28.0 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 02
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2526
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    37.3 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 03
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2445
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 04
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2479
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 05
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2519
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 06
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2463
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 07
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2433
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 08
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2370
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 09
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2415
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 10
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2418
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 11
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2356
    28.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 12
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2283
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 13
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2455
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 14
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2393
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 15
    Total number of words is 4023
    Total number of unique words is 2423
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 16
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2233
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 17
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2155
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 18
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2257
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.8 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 19
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2406
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 20
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2522
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.2 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 21
    Total number of words is 2497
    Total number of unique words is 1541
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.