Latin Common Turkic

Шегірен Былғары - 03

Total number of words is 3992
Total number of unique words is 2445
28.9 of words are in the 2000 most common words
42.1 of words are in the 5000 most common words
48.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ақ ол бір серіппені басып қалды. Сол сол-ақ екен, қызыл ағаштан жасалған
қақпақ ұңғыға қарай сыбдырсыз сырғанай жөнелді де, бейтаныстың
сүйсінген көз жанары алдында тамаша сурет ашылды. Осынау мəңгі өшпес
ғажап шығарманы көргенде, ол дүкеннің барлық керемет асыл қазынасын,
түсіндегі шатасқан сандырақтарының бəрін түгел естен шығарып, адам
қалпына қайта келді. шалдың қиялдағы кейіп емес, кəдімгі жер басқан тірі
жан екенін таныды, қайтадан шынайы өмір əлемінде тіршілік ете бастады.
Сурет бейнесіндегі емірене елжіреген биязылық, тəңірі дидарыңдай
келбеттің мүлəйім жарқындығы оған күшті əсер етті. Оның жілік майын
шаққан тамұқ азаптарын сергіте, аспаннан бір түрлі жұпар иіс аңқығандай
болды. Құтқарушының бас бейнесі сол бір қарауытқан реңнің деңгейіндегі
қараңғы түнек ішінен ағарып айқындала түскендей, шашының
айналасында нұрлы шұғыла шашырап, бұл шұғыланың өзі сол шаштың əр
талынан таралып тұрған ғой; маңдайынан, бет-ажарының əрбір сызығынан
көкейге қонымды нанымдылық тасқындай төгіліп тұрған секілді. Алқызыл
еріндері тіршілік қағидасын айтуға əзір тұрғандай, көруші де оның қасиетті
жаңғырығын əуеден іздегендей, мылқау үннен кереметті нақыл аңыздар
жайын сұрастырғандай, осы қағиданы болашақтан есітіп, өткендігінің
сабағынан табатын тəрізді. Діндар көздердің байсалды қарапайымдылығы
арқылы інжіл сөздері аңғартылып, қынжылған жан жүйелері сол көздерден
өздеріне пана іздегендей. Қысқасы, осы бір мүлəйім күлкі нышанынан
бүкіл католик дінінің мəні, оның бір-біріне махаббатты бол! деп
уағыздайтын нақыл сөздері білініп тұрғандай. Бұл сурет адамды дұғаға
ұйытып, оның сиыну шабытын туғызады, кешірімпаздыққа үйретеді,
өзімшілдікті тұншықтырады, маужыраған ізгілік, мейірімділік қасиеттерін
оятады. Бойды билеп ойды аларлық музықа сүйкімділігіне ғана хас
артықшылықтары басым болғандықтан, Рафаэльдің шығармасы сізді
естеліктердің өктем сиқырларына бағындырып əкетеді, осының өзі
шығарманың толық салтанат құрғандығы деген сөз өйткені дəл суретшінің
өзінсіз мүлдем ұмытып кетесіз. Жайдары жарқын жарықтың аяулы бұл
керемет суреттен алған əсеріңізді одан сайын күшейте түседі: өйткені кейкейде кенеп суреттегі бас пішіні тым алыста, бұлт арасында жылжып
жүргендей көрінеді.
– Осы кенеп үшін мен оның бетін түп-түгел жауып кететіндей алтын
ақша төледім, – деді саудагер сызданып.
– Амал не, демек өлуге тура келеді! – деді жігіт ышқына, қиял желісін
шорт үзіп. Сол желінің соңғы көгені тұспалды қорытындылар арқылы, оны
жармасқан ақырғы үмітінен алыстата отырып, киелі жазмыш шегіне
қайтарып əкелген еді.
– Бəсе! Сенен қауіптенуім тегін емес екен! – деді шал жігіттің екі
қолынан шап беріп ұстай алып, екі білегін бір қолмен қысып тұрып.
Бейтаныс жігіт шалдың бұл оғаш қылығына мұңлы пішінмен езу тартты да,
момын үнмен тіл қатты:
– Қауіптенбеңіз, əңгіме сіздің өліміңіз туралы емес, менің өлімім
туралы... Күнəсыз айламды неге мойындамасқа? – деді ол тағы да,
мазасызданған шалға қарап, мен түнде, ешбір кедергі болмайтын кезде,
суға кетіп өлуге бел байлағанмын. Оған дейін сіздің қазыналарыңызды
көргелі келген едім. Əрі ғалым, əрі ақынның осындай ең соңғы рақатлəззатына кім кешірім жасамас еді?
Саудагер жалған саудалаушының сөздерін сенімсіздеу тыңдай отырып,
оның тұнжыраған жүзіне тесіле қарады. Жігіттің қапалы үні мұның ой
долбарын өзгерткендіктен бе болмаса Бұдан сол бұрынырақта
ойыншыларды селк еткізген қан-сөлсіз бет əлпетіндегі қатерлі байламды
аңғарды ма, əйтеуір шал оның қолдарын босатып жіберді. Бірақ кемі жүз
жылдық тəжірибесі бар екеніне айғақ болатын күдікшілдігі оның жүзінен
əлі сейілген жоқ-ты. Ол шынтағын тіреген болып білдіртпей ыдыс
шкафына қол созды да, одан үш қырлы өткір қанжарды суырып алды:
– Сірə, сіз үш жылдан бері ақша мекемесінде жалақысыз қызмет істеп
жүрген боларсыз?
Бейтаныс жігіт езу тартпай тура алмады да, бекер дегендей басын
шайқады.
– Əлде əкеңіз сіздің дүниеге келгеніңізді жақтыртпай, тым қатты
құстаналады ма екен. Мүмкін, сіз абыройдан жұрдай болған шығарсыз?
– Егер менің абыройдан айырылғым келсе, өмірмен қош айтыспас едім.
– Рөліңізді нашар ойнағандықтан, сізді Фюнамбюль театрынан
аластаған болар? Ашынаңызды жерлеу үшін алған қарызыңызды өтеу үшін
өлең шығаруға мəжбүр болдыңыз ба? Мүмкін сіз алтын ақшаға
құмарлықтан құса болып жүрген шығарсыз? Немесе зерігуді солай жеңгіңіз
келді ме? Қысқасы, сізді өлімге айдап жүрген қандай жаңсақтық?
– Көп адамдар күнделікті тұрмыс талқысына төзе алмай өзін өзі
өлтіреді, бірақ менің өлімімнің себебін сол күйкі себептердің ішінен
іздемеңіз. Адам баласының тілімен айтып жеткізгісіз сұрапыл азаптарымды
сізге түсіндіріп жату міндетінен құтылу үшін, бір ғана себепті барып
тұрған жексұрын, оңбаған, мүсəпірлік қайыршылыққа ұшырағанымды ғана
айтайын. Мен жəрдем де, жарылқау да тілемек емеспін, – деді жігіт
сазарған үнмен: Бұл үннің тағылық тəкаппарлығы бағанадан бергі
сөздеріне мүлдем қайшы еді.
– һе-һе!
Шалдың жауап орныңа қайтарылған осы екі буындық
тоқылдақтың тық-тығындай естілді. Содан кейін ол былай – деді:
лебіз
– Сізді өзіме жалбарынуға мəжбүр етпей-ақ, сізді қызартып ұялтпай-ақғ
сізге француздың сантимін де, леванттың парағын да, сицилияның таренін
де, немістің геллерін де, орыстың тиының да, шотландтың фартингін де,
ежелгі дүниенің бірде-бір сестерцийі мен оболын да, жана дүниенің бірде-
бір пиастрын да садақаға тастамай-ақ, сізге я алтын, яки күміс, не бақыр,
немесе қағаз ақшадан еш нəрсе берместен, сізді конституциялық
монархтың қай-қайсысынан да əрі бай, əрі құдіретті, əрі ықпалды ете
аламын.
Жігіт осы шал алжып, балалық дəуіріне қайта түсті ме деп ойлады:
сасқанынан не айтарын білмеді.
– Бері қараңыз, – деді саудагер, кенет шамды жұлып алып. Сурет ілулі
тұрған қабырғаның қарсысындағы қабырғаға соның сəулесін түсірді де,
кəне, мынау шегірен былғарыға көз салыңызшы, – деді ол тағы да. Жігіт
орнынан ұшып түрегелді де, өзі отырған жұмсақ орындықтың тұсындағы
қабырғада ілулі тұрған үлкендігі түлкінің терісіндей ғана шегірен
былғарының бөлшегін көріп қайран қалды; тастай қараңғы дүкенде əлгі
былғары тосыннан қарағанда бір түрлі түсініксіз ғажайып шұғыла шашып,
жарқырап тұр екен, оның жан-жаққа шашыраған сəулесіне қарай, тіпті
аспаннан ағып келе жатқан кішігірім құйрықты жұлдыз ба екен деп те
ойлап қаларлық. Жігіт өзін бақытсыздықтан сақтап қалар-ау деген жорамал
бойтұмарға сенімсіздікпен жақындаңқырап барды да, іштей күліп жіберді.
Алайда, əбден орынды, заңды қызықтау сезімінің жетегімен ол былғарыны
жан-жағыпан аударыстыра тексеріп қарамақ ниетпен еңкейді де, оның
əнтек жалтырауының табиғи себебін ашты. Шегіреннің тарыдай ұсақ
бедерлі сыртқы беті асқан ұқыптылықпен иленіп, жып-жылтыр етіп,
тегістеліп қара бояумен боялыпты да, ондағы тарамданған тамыр іздерінің
айқын айшықтанғаны сонша, бейне бір анар жемісінің ілмек түйіндері
тəрізді, осы шығыс былғарысының əрбір бүртігі шағылысқан жарық
сəулелердің тоғысатын қуатты жұмыр ноқаты іспетті екен. Ол бұл
құбылыстың себептерін шалға математикалық дəлдікпен айқындап берді.
Шал соған жауап қайтарудың орныңа қутыңдап езу тарты. Бұлайша
паңданған керенау күлкі жас ғалымда зымияндықтың құрбаны боп тұрған
жоқ па екем деген ой туғызды. Шешілмей қалған тағы бір жұмбақты өзімен
бірге ажал құшағына ала кеткісі келмеді оның. Сондықтан, жаңа
ойыншықтың сыр-сипатын тез аңғаруға асығатын баладай, дереу
былғарыны аударыстырып, астарына көз жіберді.
– Бəсе! – деді ол дауыстап, мына жағында мөрдің таңбасы бар екен.
Шығыста мұны Сүлейменнің мөрі деп атайды.
– Сізге мəлім бе еді ол? деп сұрады саудагер танауын екі-үш рет
пысылдатып жəне сонысымен ішкі ойын нағыз келелі сөзден де артық
білдіріп.
– Қанша аңқау болса да мынау алдамшыға кім нана қояр? – деді
ышқына, шалдың мысқылды, зəрлі күлкісі шамына тиген жігіт. Ертегі
аңыздардағыдай құдіретті күші бар деп саналатын бұл эмблеманың
діншілдік сарыны мен алдамшы белгілерін Шығыстың жоққа сенгіш
діндарлары ғана қасиетті деп ойлайтының сіз білмейсіз бе? Дəл осы мəселе
жөнінде мені аңғырт деп құстəналауға, сіздің ешқандай дəлеліңіз жоқ.
Қайта, əңгіме адам басты арыстан мен самұрық құс туралы болса. Мұндай
құстанаға дəлеліңіз анағұрлым артық болар еді, мифология тұрғысынан
қарағанда, мұндай мақұлықтардың өмір сүргені бірсыпыра реттерде
бекерге де шығармайды ғой.
– Сіз күншығыс халықтарын зерттеуші көрінесіз ғой, – деді шал,
ендеше, бəлкім, мына нақылды оқып көрерсіз.
Жігіт бойтұмардың астарын жоғары қарата ұстап тұрғанда, шал шамды
тап соған төндірді де, осынау тамаша терінің тор көзді өңіне түсірілген
таңбаларға оның назарын аударды. Бір кезде осы таңбалар белгілі бір
жануардың терісіндегі табиғи белгілер болған.
– Шынымды айтайын. – деді бейтаныс жігіт, мен мына əріптерді
танбасы онагрдің28 терісіне қалайша осылай терең батырып түсіруге
болатынын түсіне де, түсіндіре де алмай тұрмын.
Сөйтті де ол бір нəрсені іздегендей, сирек кездесетін асыл заттар үюлі
жатқан үстелдерге шұғыл бұрылып қарады.
– Сізге не керек еді? деп сұрады шал.
– Осы əріптер теріге бір нəрсемен батырып сырттан басылған ба,
болмаса былғарының ішкі қабатына құйылып енгізілген бе, соны білу үшін
былғарыны тіліп көретін бір сайман керек еді.
Шал үш қырлы кішкене қанжарын жігітке ұсынды. Жігіт оны алып,
былғарының əріптер басылған жерінің беткі қабатын сылып алмақ болды,
бірақ былғарының сыртқы қабатын жұқалап сыдырып алғанда, əріптер
астынан қайтадан шыға келді; бұл əріптердің ап-айқындығы жəне əлгі
сылып тастаған қабаттағы əріптерге аумай ұқсағандығы сонша, тіпті осы
былғарының бір қабатына ешқандай сызат түспегендей болып көрінді оған.
– Левант29 шеберлерінің тек өздеріне ғана мəлім құпия сырлары болған,
– деді ол шығыс елдерінің нақылына бір түрлі мазасыздана қарап тұрып.
– Иə, деп тіл қатты шал, кінəны Аллаға артқанша, адамға жаба берген
дұрыс қой.
Құпия сыры бар сөздер мына тəртіппен орналастырып жазылған екен:
Оның мағынасы былай еді:
Егер сен мені иемденсең, онда дүниенің бəріне
ие боласың. Бірақ сенің өмірің менің қолымда болады.
Алланың жазуы осылай. Тілек тіле –
Сенің игілігіңнің бəрі орындалады.
Бірақ тілегің өз өміріңнің мөлшерімен шамалас болсын.
Сенің өмірің осының ішінде.
Сен əрбір тілек тілеген сайын
мен де қусырылып кеми түсемін,
сенің өмірің де таусыла түседі.
Meні иемденгің келе ме?
Ендеше ал Алла сенің тілегіңді есітеді.
Əмин.
– Сіз санскритше30 жылдам оқиды екенсіз! – деді шал Сірə, Персияда
немесе Бенгалияда болғансыз-ау?
– Жоқ, деп жауап қайырды жігіт қатқыл металл пластинка сияқты,
бүктеп уқалауға көне бермейтін шымыр, осы бір жұмбақты былғарыны
қолымен қызықтай сипалап тұрып.
Кəрі саудагер шамды бағана түбіндегі өз орныңа қайтадан қойып,
жігітке көз қиығымен қарады. Оның бұл көзқарасында "Міне енді бұл өлім
туралы ойламайды да" деп тұрғандай, салқын кекесін бар еді.
– Бұл қалжың ба, əлде құпия сыр ма? деп сұрады бейтаныс жігіт.
Шал басын шайқады да, байыпты үнмен былай – деді:
– Сізге қалай жауап берерімді білмей тұрмын. Тартар құдіретті қуатын
мен сізден гөрі жігерлірек адамдарға да ұсынып көрдім. Бірақ өздерінің
тағдырына əсер ететін бұл былғарының жұмбақты ықпалын олар келемеж
етіп күлді. Алайда маған мəлімсіз осы бір өктем күшпен қатерлі шарт
жасасуға ешкім де тəуекел ете алмады. Менде олардың пікіріне
қосыламын, өйткені менің де күмəнім бар, сондықтан кідіріп қалдым
жəне...
– Тіпті, сіз байқап та көрген жоқсыз ба? деп жігіт оның сөзін бөліп
жіберді.
– Байқап көру дейсіз бе? – деді шал ышқына. Егер сіз Вандом
бағанының басына шықсаңыз одан құлап көруге əрекет етер ме едіңіз?
Өмірдің ағысын тоқтатуға бола ма? Ажалды кім үлеске салып бөле алады?
Осы кабинетке кірместен бұрын сіз өзіңізді өзіңіз өлтіруге бел байлаған
едіңіз, енді мінекей, мына құпия сыр сізді қызықтырып, өлім туралы ойдан
аулақтатып отыр. Перзентім сіздің əр күніңіздің қай-қайсысы да тап осыдан
анағұрлым қызықты жұмбақ емес пе? Тыңдаңыз менің сізге айтар сөзімді...
Мен регенттің нəпсі құмар сарайын да көрдім. Тап сіз сияқты мен де ол
кезде қайыршылық өмір сүргенмін, ол-ол ма, қайыр садақа сұрап
күнелткенмін өйтсе де, Мен жүз екі жасқа жетіп, миллионер болып
отырмын. Бақытсыздық маған пен дəулет əкелді, надандық көп нəрсеге
үйретті. Мен қазір сізге бір ауыз сөзбен адам өмірінің ұлы құпиясын ашып
берейін. Адам табиғи сезімдер арқылы жүзеге асырылатын екі əрекетпен
өзін құртады, сол əрекеттердің салдарынан адам өмірінің қайнар бұлағы
сарқылады. Өлімнің осы екі себебінің барлық түрлерін екі-ақ сөзбен айтып
жеткізуге болады: бірі қалау, нəпсі, екіншісі қауқар, яғни адамның іс-
əрекетінің осы екі шегінің арасында басқа тағы бір тұжырым бар. Оны тек
даналар ғана біледі. Менің бақытты, ырысты болуым осы тұжырымды
қолданғанымның арқасы. Қалау бізді отқа күйдіріп өртейді, ал қауқар
шаманың келуі тек күйретеді, ал қанықтық, яғни шамаңды білуің біздің
əлсіз мүшелеріміздің үнемі тыныш қалыпта болуына мүмкіндік береді.
Сонымен қалау, яғни тілек дегендеріңіз менде өлі, ол ақыл-ойдың күшімен
өшіп біткен ал қимыл, қуат, яғни қауқарыңның жетуі тон ағзаларының
табиғи қажеттерін өтеу арқылы өзінен-өзі жүзеге асады. Қысқаша
айтқанда, мен өзімнің өмірімді жүрекке де, түйсікке де шоғырландырған
жоқпын, миға топтастырдым. Өйткені жүрек жараланып, талқандалуы
мүмкін, сезім əлсіреп, мұқалуы мүмкін, бірақ ми бəріне төзеді, ол
тозбайды. Шамадан артық нəпсіқұмарлық менің жаныма да, тəніме де дақ
түсіре алған жоқ. Сөйте тұра, мен бүкіл дүниені өз көзіммен шолдым. Мен
Азия мен Американың асқар тауларына шықтым, күллі адам баласының
тілдерін үйрендім, талай үкіметтің тұсында өмір сүрдім. Мен қытай
жігітіне қарыз ақша беріп, ақшамның кепілдігіне оның өлген əкесінің
сүйетін алдым. Мен адалдығына сендіріп берген антыма нанып, араптың ақ
шатырында да ұйықтадым. Мен Еуропа елдері астаналарының барлығында
да алуан түрлі шарттарға қол қойдым. Шұбаланбастан жабайы адамдардың
лашығында алтын қазынамды қалдырып жүрдім. Ақыр аятында мен,
дегеніме жеттім, өйткені неге де болса ілтипат етпей, өзімді ұстай білдім.
Менің бірден-бір құмарлығым бəрін де көру еді. Көру дегенің ол білу яғни
қанық болу, қанықтық деген сөз емес пе? Ал, қанықтық дегеніміз, жігітім,
түйсікпен шамалап лəззат алу деген сөз емес пе? Осының өзі өмірдің түпкі
мəнін ашып, оған терең бойлау деген сөз емес пе? Мал-дəулеттен қандай
жұрнақ қалады? Тек идея ғана. Ойлап қараңызшы, өзінің ой-пікіріне
шынайы тіршіліктің бəрін "сыйғызуға қабілеті жететін болғандықтан,
бақыттың қайнар Бұлағын өзінің жан дүниесіне көшіріп, кемеліне
келтірілген нағыз арманды лəззаттарды жердің лас қоқыстарынан тазарта
отырып, сол бақыттың қайнар бұлағынан сан алуан осындай лəззат алып
отыратын адамның өмірі қандай тамаша болар еді десеңізші! Ақыл-ой
барлық асыл қазыналардың кілті, ол сараң адамның барлық қуанышын
сізге тарту етеді, бірақ сараңның уайым-қайғысынан ада қылады. Мен əлем
аспаныңда осылай қалықтадым. Сондықтан менің алған лəззаттарым маған
əрдайым рухани қуаныш та болатын. Теңіздерді, халықтарды, ормандар
мен көлдерді көрсем, мен тамаша тойда болғандай əсер аламын. Мен
дүниедегі құбылыстардың бəрін де қажымай-талмай, байсалдылықпен
қадағалап, аңғарып отырдым. Мен еш уақытта еш нəрсені тілегенім жоқ,
тек күттім, соған əзір болдым. Мен əлем кеңістігін өзімнің миуа бағымдай
араладым. Жұрттың қайты махаббат, мансап, тұрлаусыздық, реніш
дегендерінің бəрі мен үшін тек ой ғана, менің қиялға айналдыратын
ойларым ғана, мен оларды түйсінудің орныңа, тілмен сипаттап, мимен
топшылаймын; сол айтылғандардың өз өмірімді жалмай жеуіне жол берудің
орныңа, мен оларды өз ырқыма көндіремін, оларды дамытамын; оларды
іштей оқыған романдай ермек етемін. Мен еш уақытта дене мүшелерімді
қажытпаймын, сондықтан əлі күнге денсаулығымның күштілігі жұрттан
өзгеше менің əлі сарқылмаған күштерім жан дүниеме мұра болып көшті,
сондықтан менің басым асыл қазыналы қоймаларымнан əлдеқайда бай.
Міне мұнда, ол өзінің маңдайын нұсқап, миллиондаған нағыз алтын
қазынаның қоры осында. Мен өз өмірімді өте тамаша өткізудемін, мен ойқиялыммен өткен күндерге көз тігемін. Бүтіндей бір елдерді, табиғат
көріністерін, мұхит түрлерін, тарихи тамаша қасиетті бейнелерді көз
алдыма елестетемін. Қиял жүзінде менің меншікті харамханам бар, онда
өзіммен өмірде ашына болып көрмеген əйелдерге иелік етемін. Кейде мен
сіздердің соғыстарыңызды, революцияларыңызды қайтадан көріп, олар
туралы ойға үңілемін. Уа, бүкіл əлем кеңістігін өзінің жан-жүйесіне
сыйғыза алатын адамның жоғары қабілетін; заманның шым-шытырық
шырмауын, əлем кеңістітінің көрме-кедергісін елең қылмай жылжи беретін
шексіз лəззаттың құшақ жетпесті құшып, көз жетпесті көру лəззатын, басқа
бір салаларға сұрау салу үшін, бір құдайға салауат қылу үшін дүниенің
қиыр шетіне үңіліп көз жіберу мүмкіндігін бек, ойының бəрін жиып қойып,
азды-көпті əрі бар əлдеқандай бар дененің, азды-көпті жарасымы бар бір
жұмыр пішіннің бір сəттік қана əсерін міне осыларды жоғарыда
айтылғандардың бəрінен қалайша артық көруге болады? Miнe осында, –
деді ол күндей күркіреген қаһарлы үнмен, шегірен былғарыны нұсқап
тұрып, мұнда қауқар мен қалау бір-бірімен үйлесім тауып ұштасқан.
Сіздердің, əлеуметтік идеяларыңыз, шамадан тыс қалаулы тілектеріңіз,
ынсапсыздығыңыз, ажалыңызға себеп болатын қуанышыңыз, сіздерді өте
ауыр өмір сүруге мəжбүр ететін қасіреттеріңіз бəрі сіздердің дертіңіз, дерт
дегеніңіз өзі де барып тұрған лəззат шығар. Лəззат құмарлықтың дертке
айналып кететін, ал дерттің өзі лəззатқа құмарлық күйінде қалатын
шарықтау шегін кім анықтай алады? Арманды дүниенің өлі затқа жан
бітіретін құдіретті нұрлары көз жанарыңды жүйелеп тұрғанда сол көздің
жанарын жалған дүниенің ен биязы түнегінің өзі үнемі жаралап жатпай ма?
Даналық біліктіліктен тумай ма? Есуастық дегеніміз қалаудың немесе
қауқардың өлшеусіздігі емей немене?
– Ендеше менің де өлшем, ынсап дегенді білмей өмір сүргім келеді! –
деді бейтаныс жігіт шегірен былғарыға жармасып тұрып.
– Сақтаныңыз, жігітім! – деді шал жан ұшыра ышқына сөйлеп.
– Мен өмірімді ғылым мен ой-пікірге арнап едім, бірақ олар тамағымды
асырауға да жарамады, деп жауап берді бейтаныс. Мен Сведенборгке31
лайықты уағыздың да, сіздің шығыстық бойтұмарыңыздың да осы жалған
дүниеде мені тірі қалдыруға тырысқан сіздің рақымды ынтаңыздың да
алдауына түскім келмейді, өйткені ендігі жерде мұнда менің тіршілік
етуіме мүмкіндік жоқ. Қане, ендеше! – деді ол қалшылдаған қолымен
бойтұмарды қатты қысып тұрып шалға қараған бойы, менің ендігі
қалайтыным: патшаның сарайындағы сəн-салтанатты той-думан, барлық
жатынан кемеліне келіп жетілді деп жүрген дəуірімізге сай сауық-сайран
мейлі, менің бастас достарым өрімдей жас, əзілқой тілмар ескілік салттан
ада, нағыз əуейі əңгібастар-ақ болсын! Мейлі, шараптар бір ішкенде үш күн
мас қылатындай, бірінен-бірі асып түсіп, ұшқын атып тұрсын! Мейлі,
құшағынан от шашқан құймыр əйелдер бүгінгі түннің көркі болсын! Біз
əбден есіріп алған кезде төрт ат жегілген күймелі арба бізді дүниенің бір
шетіне алып барсын да, бір бейтаныс жағалауда тастап кетсін! Мейлі,
біздің жанымыз қалықтай аспанда ұша ма, батпаққа батып жерде жата ма,
шарықтап көтерілсе де, құлдырай құласа да маған бəрібір. Нар тəуекел! Бір
мен үшін қуаныш атаулының бəрін біріктір деп бұйырамын мен осы дүлей
күшке. Иə, мен жер мен аспанның барлық рақатын, лəззатын ең ақырғы рет
құлаш кере құшып, құмардан шығуым керек, содан кейін өлсем де арманым
жоқ. Думанды сайран мастығынан кейін алдымда ертегінің лəззат құдайы
отырсын деп тілеймін мен, өліктерді тірілтетін өлеңдер шырқалуын
қалаймын, ұзақ, шексіз ұзақ сүйістерді аңсаймын, сол сүйістің шөлпілдеген
дыбысы Париждің үстінен қаулаған өрттей гулей өтіп, ерлі-зайыпты
жұбайларды оятсын, барлық адамдардың, тіпті жетпістегі кəрілердің де
жүрегін жандырып, қайта жасартатындай жалынды жігер, ыстық ынтық
дарытсын!
Сол сəтте шалдың бейне бір тамұқтың дүмпуіндей қарқылдаған күлкісі
жас есуастың құлағын тұндырды: күлкінің күштілігі сонша, жігіт жым
болып үндемей қалды.
– Сіз, – деді саудагер, қазір менің үйімнің едені қақ жарылып, астынан
неше түрлі тəтті тағамдармен зейнеттелген жаюлы дастарқан мен ана
дүниелік меймандар шыға келеді деп ойлайсыз ба? Жоқ, жоқ, алаңғасар
жігіт! Сіз шартқа қол қойдыңыз, сонымен сауда бітті, сөз сарқылды. Енді
сіздің тілеген тілектеріңіздің бəрі де орындалады, бірақ мұның бəрі өз
өміріңіздің есебінен жарылқанады. Сіздің өміріңіздің осы былғарыда
белгіленген шеңбері сіздің тілектеріңіздің күші мен саныңа сəйкес үнемі
қусырылып, кеми беретін болады. Мейлі, зəредей болмашы ғана тілек
болсын, мейлі нағыз шектен тыс өлшеусіз тілек болсын бəрі бір. Осы
бойтұмарды маған сыйлаған брамин32 мұны алған адамның тағдыры мен
тілегінің арасында құпия байланыс орнайды деп еді бір кезде. Сіздің
алғашқы қалауыңыз тұрпайылық қалау, мен оны орындар да едім, бірақ
оны сіздің жаңа болмысыңызда кездесетін оқиғалардың еркіне
тапсырамын. Сайып келгенде, сіз өзіңізді-өзіңіз өлтірмек болып едіңіз ғой.
Несі бар, бұл ниетіңіз əзірше кейінге қалдырылады.
Шалдың осы соңғы мысқылынан оның шала мейірлі ниеттері айқын
аңғарылып қалған. Оның əлі де келемеждеп сөйлегеніне таңырқап, əріберіден соң ызасы келген бейтаныс айқайлап жіберді:
– Жағалаудан əрі өткенше менің тағдырым өзгере ме, жоқ па, соны
көреміз! Бірақ егер сіз мендей бақытсызды мазақ етіп отырмаған болсаңыз,
осынша қатерлі, киелі қызметіңіздің құны үшін мен сіздің биші əйелге
ғашық болуыңызды тілеймін. Сонда сіз есерліктің қуанышын түсінер едіңіз
де, бəлкім осынша ақылдылықпен сақтаған дəулетіңіздің бəрін сарп
етерсіз.
Ол шалдың ауыр күрсінген лебізін естіместен шыға жөнелді, барлық
залдардан өтіп, алдағы жолына жарық түсірмейтіндей бекерге əуреленген
жалпақ бет дүкеншіге ерген бойы, басқыштан құлдырай құлдилады: кəдімгі
қылмыс үстінде ұсталған ұрыдай-ақ асығыс жылысып барады. Əлдеқандай
сандырақтың салдарынан көздері бұлдырап, ол тіпті шегірен былғарының
кереметтей жұмсарып қалтаның да байқамады. Былғары шыныңда да
биялайдай жұп-жұмсақ болып, оның тарс жұмылған уысында жұмарланып
қалған еді, жігіт өзі де аңғармастан оны бешпентінің қалтасына сала
салғанда, ол түгелімен сыйып кетті. Көшеге жүгіре шыққан екпінімен ол
қолтықтасып келе жатқан үш жігітке килігіп, қақтығысып қалды.
– Хайуан!
– Ақымақ!
Бұлардың əдепкі тіл қатысқандағы əдепті сəлемдесуі осындай еді.
– Өй! Мынау Рафаэль ғой!
– Бəрекелді! Біз сені іздеп жүрсек.
– Ойпырмау, Бұл сендермісіңдер, əй?
Жел тербеткен шам жарығы таңырқаған жас жігіттердің беттеріне
түскен кезде, жанаты былапыт сөздерден кейінгі айтылған үш ауыз достық
уəж болды.
– Сүйікті достым, – деді Рафаэльге жана өзі қатып құлата жаздаған жас
жігіт, сен бізбен бірге жүр.
– Қайда, не үшін барамыз?
– Жарайды, жүр, жол-жөнекей айтамын.
Рафаэль бармаймын деп қанша қарысса да, достары оны қаумалай
қоршап, қолтығынан алды да, өздерінің көңілділігіне ілестіріп. Өнер
көпіріне қарай ертіп жөнелді.
– Қымбаттым, – деді жанағы досы əңгімесін жалғастырып, біз сені апта
бойы із– дедік, реті келген соң айта кетейік, маңдайшасына сонау Жан-Жак
Руссоның тұсында қызыл жəне қара əріптермен "Ceн-Кeнтeн''деп жазылған
сүйкімді мейманханаңа да барып едік. Леонардан33 сені қаланың сыртына
кетті – деді. Əлбетте, шыныңа көшкенде, біз ақша мəселесімен келген
адамдарға; сот орындаушыларына, қарыз берушілерге, куəларға, тағы
сондайларға ұқсас та емес едік, иə, сонымен, сөйтіп, Растиньяк сені кеше
кешке Итальян операсында көрген екен, біздің көңіліміз орнығып қалды,
бірақ əлі де намыс билеп, сені Елисей алаңындағы бір ағаштың басына
сағағыңнан ілініп қалдың ба екен; əлде қайыршылар барып кергіш арқанға
асыла, көз іліндіретін мейірбанды мекемелердің біріне екі су беріп, түнеп
шығуға кетті ме екен; немесе, тіпті жолың болып, бір сылқымның оңаша
бөлмесінде еру қылды ма екен деп, қайтсек те соны анықтауға ұйғардық.
Біз сені ешқайдан да: Сент-Пелажаи абақтысындағы тізімнен де, Лa-Форс
тұтқындары арасынан да кездестіре алмадық. Министрліктерді, Операны,
игілік үйлерін, сусынхана-дəмханаларды, кітапханаларды, полиция
мекемесінің тізімдерін, журналистер бюросын, мейрамханаларды, театр
фойелерін қысқасы, Париждегі жақсылы-жаманды барлық жерлерді түптүгел ғылыми зерттеуге салып, патша сарайында билік құруға да, абақтыда
жатуға да лайық туған сендей дарынды адамды жоқтап кеп қамықтық. Біз
сені Шілде революциясының қаһарманы ретінде даңққа бөлейік деп
ақылдасып та қойып едік. Құдай ақы сөзіміз, біз сені ойлап өте
қынжылдық.
Бұл кезде Рафаэль, достарының сөзіне құлақ салмай өнер көпірінен өте
бергенде, Париж оттарының сəулесі шағылысқан Сенаның долы
толқындарына қарап келе жатыр еді. Бұдан сол бұрын осы көпірден құлап
түсіп, суға кетіп өлмек болған еді, енді шалдың болжағаны дəл келіп,
тағдырдың қалауымен оның ажал сағаты кейінге қалдырылды.
Біз сені ойлап тым-ақ қамықтық, дей берді досы өз ойып орман
дамытып. Əңгіме бір құйтырқылы іс жайында. Біз сені еш нəрседен
тайсалмайтын аса көрнекті адам ретінде сол іске тартпақшы едік.
Корольдің кубогі астынан конституция жаңғағын зым-зыя жоқ қылатын
сиқыр Бұл күнде сүйікті дос, бұрынғыдан анағұрлым салтанатты жағдайда
жүзеге асырылатын болды. Халықтың қаһармандығы арқасында тақтан
құлатылып масқара болған монархия ойнап-күлуге қолайлы жеңіл жүрісті
сияқты еді, бірақ оның оған атты зайыбының мінезі əрі қатаң, əрі мейірбан:
зауқың соқсын-соқпасын бəрібір, оның өлшеулі мейірін қабыл алу керек.
Үкімет билігі Тюильриден журналистерге көшкені ал бюджет Сен-Жермен
төңірегінен басқа махаллаға д’Антен34 тас жолына ауысқаның өзің де
білесің. Бəлкім, сен мынаны білмессің: Үкімет, яғни бір кезде священиктер
монархияның тұтқасы болғаны сияқты, қазірде Отанымыздың тұтқасы
болып отырған ақсүйек банкирлер мен адвокаттар барлық бағыттардағы
философтар мен барлық замандардың күшті адамдарының үлгісі бойынша
мейірімді француз халқын ескі идеялы жаңа сөздермен алдаусыратып,
ақымақ ету қажет екендігін сезіп отыр. Қысқасын айтқанда, əңгіме елімізге
корольдық-ұлттық көзқарастарды сіңіру жайында: "Біз деудің орныңа мен"
дейтін еді ғой король, ал пəленше, түгенше мырзалар қазірде отанымыздың
өкілдері болуда; жаңағыдай дейтін корольге бір миллиард жүз миллион
тоғыз сантим төлегеннен гөрі де қазіргі отанымызға, яғни əлгі мырзаларға
бір миллиард екі жүз миллион отыз үш сантим төлесе, халқымыз
анағұрлым бақыттырақ болар еді дегенді дəлелдемек олар. Қысқасы,
азамат-корольдің35 ұлттық үкіметіне пəлендей зиянсыз өкпелілерді
қанататтандыруға қабілетті оппозиция жасау мақсатымен қарамағында
əдемі екі немесе үш жүз мың франк қаражаты бар газет шығарылмақ. Ал,
мінекей біз ғой деспотизмді қаншалық келемеж етсек, бостандықты да
сонша келекелейміз, дінді де, дінге сенбеушілікті де сықақ етеміз, отан
дегеніңіз біз үшін астана; мұнда идеялар айырбасқа түсіп, жолы полей
теңгеден сатылады, мұнда күн сайын дəмді тамақ ішіліп, сансыз талай
қызықтар көрсетіледі, мұнда зинақорлар қара құрттай қайнайды, кешкі ас
таңертең аяқталады, мұнда махаббат дегеніңіз жалдамалы көліктей мініске
беріледі, Париж əрқашан да отандардың ішіндегі ең бір тартымдысы,
бақыттың, бостандықтың, ақылдың, тəуір əйелдердің, сұрқиялардың,
жақсы шараптың отаны болады, мұнда билік асасы бізге онша тегеуірінді
бола қоймайды, өйткені біз өзіміз билік басындағылардың қасында
боламыз, ендеше осылай болатын болса... біздер, Мефистофель құдайдың
шынайы ізбасарлары, жанымызды жалдап, жұртшылық пікірін қайта
өңдемекпіз. басқаша сырламақпыз, актерлерді өзгеше киіндірмекпіз, үкімет
барағының маңдайшасына жаңа тақтайшалар шегелемекпіз, құрғақ
қиялдың желбуаз есуастарына дəрі тасымақпыз, кəрі республикашылардың
көмген сүйегін жібітіп, бонопартистерді жаңартпақпыз, орталықты азықтүлікпен жабдықтамақпыз, бірақ осының есесіне біздің астыртын ғана
корольдер мен халықтарды келемеж етіп мысқылдауымызға, таңертеңгі
пікірімізді кешкілік өзгертуімізге, Панург салтынша шат-шадыман өмір
сүруімізге немесе more orientalі36 жұмсақ жастықты шынтақтап
жатуымызға рұқсат етілуі тиіс. Шетел тілі ана тілінен гөрі көбірек
қолданылатын осы сықаққой патшалықтың билік тізгінін саған ұстатқалы
арнадық. Сондықтан біз сені тұп тура жоғарыда аталған газеттің негізін
қалаушы, алтының қайда қоярын білмей, əзіл-қалжыңға айырбастатысы
келген, жұмыстан жалығып, жатып ішер тəтті тұрмысқа көшкен банкирдің
қонақ асына апара жатырмыз. Сені ол өз туғаныңдай қарсы алады. Біз сені
еш нəрседен қорықпайтын, озат пікірлер королі деп жариялаймыз. Ресей,
Англия жəне Австрия қандай да бір ниетті ойға алмай тұрғанда-ақ
Австрияның, Англияның немесе Ресейдің ниетін алдын-ала болжай білетін
нағыз қырағы данышпан деп мадақтаймыз! Иə, біз сені дүниеге Мирабо,
Талейран, Питт, Меттернихтерді келтіретін, ақырында, қарапайым
пенделердің бір рюмке шарап тігіп, домино ойнағаны сияқты, мемлекет
тағдырын тігіп, бір-бірімен ұтыс ойнайтын барлық жылпос Криспиедерді37
туғызатын ақыл-ой күштерінің жоғарғы əміршісі етіп тағайындадық. Біз
сені есерлікпен яғни өжет ақыл иелерінің бəрі жекпе-жекке шақыруға
ынтығып жүрген осы бір таңғажайып мақлұқпен жеке сайысуға дайын
тұрған тайсалмас күрескер деп жұртқа таныттық; тіпті бұл мақлұқ əлі сені
жеңе алған жоқ деп те көкідік. Əрине, сен бізді ұятқа қалдырмассың деп
сенеміз. Бізді шақырған үйдің қонақжай иесі Тайфер жомарттықты
заманымыздың күйкентайдай Лукулдарының міскін сабан тойларынан
анағұрлым асырып түсіремін деп уəде берді. Түкке тұрмас нəрсеге ұлылық
сипат беруге, кінəраттарды əсем де сиқырлы етіп көрсетуге оның дəулеті
жетеді... Естіп келемісің, Рафаэль? деп сұрады шешен, сөзін бөліп.
Өз тілегінің қабыл болғанынан гөрі уақиғалардың табиғи жолмен шымшытырық шиеленіскеніне таңғалып келе жатқан Рафаэль: Иə, деп қана
жауап берді.
Ол сиқырлы күштің ықпалына сене қойған жоқ. Бірақ адам тағдырының
кездейсоқ өзгерістері оны қайран қалдырды.
– Апырау, осы "иə" деген сөзіңнің өзін нағашы атаңның өлімін ойлап
келе жатқандай айтып тұрсын ғой өзің, – деді оған екінші серігі.
– Аһ, – деді Рафаэль сондайлық ақпейіл үнмен, буған жас Францияның
үміт күттірген осы бір топ жазушылары түгел күлісті.
– Достарым, мен мына бір жайтты ойлап келе жатыр едім: осы біз үлкен
арамдық жолына түскен сияқтымыз, тегі, біз нағыз қырқар алаяқ болғалы
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шегірен Былғары - 04
  • Parts
  • Шегірен Былғары - 01
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2531
    28.0 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 02
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2526
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    37.3 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 03
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2445
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 04
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2479
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 05
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2519
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 06
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2463
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 07
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2433
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 08
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2370
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 09
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2415
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 10
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2418
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 11
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2356
    28.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 12
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2283
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 13
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2455
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 14
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2393
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 15
    Total number of words is 4023
    Total number of unique words is 2423
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 16
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2233
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 17
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2155
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 18
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2257
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.8 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 19
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2406
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 20
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2522
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.2 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 21
    Total number of words is 2497
    Total number of unique words is 1541
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.