Latin Common Turkic

Шегірен Былғары - 09

Total number of words is 3980
Total number of unique words is 2415
28.5 of words are in the 2000 most common words
40.6 of words are in the 5000 most common words
47.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бөлмелерді аралап кеттік.
– Графиняны көргенде есіңді ғана таңғалғандай пішініңді байқатпа, –
деді ол, əйтпесе ол сенің келу себебіңді аңғарып қалар.
Қонақ бөлмелерде аса келістіріп, сəнді жасаулар жиыстырылған екен.
Мен онда тамаша суреттерді көрдім. Аса дəулетті ағылшындар салтынша,
əр бөлменің өзіне тəн стилі бар: қабырғаларындағы айшықты жібектер,
бедерлі безектер, үй жиһаздары, майда əшекейлер бəрі де негізгі мақсатниетке сай жасалған. Готика үлгісімен сəнделген тұлдардың есігіне өрнекті
кілемше перде ілінген, мұндағы жиһаздар, сағат, қалы кілемнің түр-түгі
бəрі готика стиліне сай, қара қошқыл бедерлі арқалықтары бар төбе
төсемінде өзіне тəн сұлулығымен көз тартатын əсем кессондар81 көрінеді,
қабырғаны белдеулей көркем суретті əсем айшықтар салынған; бұл тамаша
декорацияның біртұтас салтанатты сəнін, еш нəрсе, тіпті алуан түсті асыл
шынылы əйнектер де бұза алар емес. Қазіргі заманның стилі бойынша
салынған шағын ғана қонақ бөлме мені өте-мөте таңғалдырды, оған
белгісіз бір суретші қазіргі заманның көркемдеу өнерін, жеңіл, жарқын,
сүйкімді, алтынды аз қолданатын жалтырауықсыз, сəулет өнерін сарқа
пайдаланыпты.
Мұндағы
заттардың
бəрі
буалдыр,
неміс
балладасындағыдай сүйіспеншілік əсеріне кенеліп тұр, сирек кездесетін
гүлдер өсірілген кішігірім бау-бақшадағыдай жұпар иісі аңқыған бұл бөлме
бір мың сегіз жүз жиырма жетінші жылдың нəпсіқұрмарлар үшін нағыз
қолайлы орын екен. Осы қонақ бөлменің ар жағында сымға тартқандай
қатар-қатар тізілген бөлмелердің ішінен мен алтындаған бір бөлме көрдім.
Бұл бөлме Людовик XIV-нің заманындағы көркемдік сəнімен безендірілген,
онысы біздің заманымыздың сурет өнеріне бір түрлі ғажайып қарамақарсы, əйтсе де сонысымен тым-ақ сүйкімді.
– Сенің тым-тəуір мекен-жайың болады, – деді Растиньяк сол кекесінді
пішінмен езу тартып. Натыз нəпсі қоздыратынның өзі емес пе? деп тағы да
нығарлай отыра бергенде. Сонсоң кенет орнынан қайта түрегеліп, мені
қолтықтап алды да, графиняның ұйықтайтын бөлмесіне алып барды,
ондағы үлбіреген жұп-жұқа жамылғы мен жалт-жұлт еткен нығыз жібек
жайма астынан, көмескі ғана жарық түсетін лəззат төсегін, данышпанмен
некелескен нағыз хор қызының төсегін көрсетті.
– Осы махаббат тағын көруімізге рұқсат берілуінің өзі ұятсыздық емес
пе, – деді ол даусын бəсеңдетіп, нағыз əдепсіздік, шамадан тыс еркінсіген
еркетотайлық емес пе? Тіпті ешкімге берілмей-ақ қойғанда да, əркімнің
осында келіп өзінің визит карточкасын қалдырып кетуіне жол ашық тұр
ғой! Егер басым бос болса, осы əйелді көзінен жасын сорғалатып есігімнің
алдында мөлиіп тұратындай етер едім...
– Ал сен оның инабаттылығына сенесің бе?
– Біздегі ең əйелқұмар жігіттеріміздің ең ептілері, тіпті солардың нағыз
алғырлары да қолдарынан түк келмегенін мойындап жүр. Олардың бəрі əлі
күнге дейін оған ғашық, бəрі де осының адал достары. Айтты-айтпады,
жұмбақ емес пе, осы əйел?
Бұл сөздер бір түрлі басымды айналдырып, делебемді қоздырғандай
болды, менің қызғаншақтығым тіпті оны өткен күндерінен де мазасыздана
бастады. Қуанғанымнан діріл қатып, дереу мана графиня отырып қалған
қонақ бөлмеге қарай жөнелдім: ол готика үлгісімен салынған будуарында
отыр екен, сонда кездестірдім. Графиня күлім қатып, мені тоқтатты да,
жаныңа отырғызды, жазып жатқан еңбегімнің жайын сұрастырды, əcipece,
мен əңгіменің ақылгөйлік сарыныңа сақтап, өзім шығарған жүйемді
ғалымдарша баяндағым келмей, оны əзілге айналдырғанымда, графиня
менің еңбегіме шынымен-ақ құмартқан секілді көрінді. Адамның ерікжігері бу сияқты заттық күш, егер адам оны топтастырып, түгелдей
меңгеруді үйренсе, осынау ағымды массаның шоғырланған қуатты сəулесін
адамдардың жан сезіміне бағыттап отырса, рухани дүниеде оның қуатына
еш нəрсе қарсы тұра алмас еді; ондай кісі адамзаттың алдында тұрған
міндеттерге сəйкес, дүниенің бəрін, тіпті табиғаттың абсолюттік заңдарын
да өзінің қалағанынша өзгерте алар еді дегенім, оған өте ұнаса керек.
Теодораның бұл пікірлерге қарсы айтқандары оның ақыл-ойының
əжептəуір зерек екеніне айтақ болғандай, оны масайрату үшін мен біразға
дейін есіркегенсіп, оның пікірінің дұрыстығын мойындап отырдым да,
содан соң оның əйелдік топшылауларын бір ауыз сөзбен жоққа шығарып,
өміріміздің күнделікті құбылыстарына, түс көру жайына, сырттан
қарағанда байырғы нəрсе сияқты болса да, шын мəнісінде ғалымдардың өзі
шеше алмайтын толып жатқан жұмбақ сырлары бар мəселелерге оның
назарын аудардым, сөйтіп оның ынтығын қоздыра түстім. Біздің
идеяларымыз дерексіз дүниеде өмір сүріп, тағдырымызға ықпал ететін
ұйымдасқан, біртұтас қуат екенін айтқанымда, графиня тіпті бір сəтке
тымтырыс аңырып қалды; мен Декарттың, Дидроның, Наполеонның өз
замандарында тұстастарының ақыл-ойын билеген, əлі де болса біздің
тасырымызда да ақыл-ойды билеп отырған өктем пікірлерін дəлел етіп
мысалға келтірдім. Мен графиняның көңілін аулау абыройына ие болдым,
ол қоштасарда менің келіп тұруымды өтінді, мəртебелі қауымның тілімен
айтқанда, мен ордаға таныстырылдым. Əлде өзіме біткен мақтау сүйер
мінезім бойынша, сыпайылықпен сөйленген сөздерді жүрек сыры деп
ұқтым ба, əлде Теодора мені болашақ атақты адам деп танып, өзінің
айуанат көрмесін тағы бір жаңа ғалыммен толықтырғалы ниеттенді ме,
əйтеуір мен оған əжептəуір əсер еткен сияқтымын. Мен физиология
жөніндегі өзімнің барлық білімімді, бұрын-соңды əйелдерді бақылап,
байқағандарымның бəрін жадыма қайта түсірдім, сөйтіп, осы кеште мен
бұл тұңғиық жанның өзін де, қылықтарын да бақайшағына дейін зерттеп
білдім, мен терезенің жақтауына жасырынып отырып, оның пікірлерін
болжауға бой ұрдым, ол ойларды оның жүріс-тұрыс қалпынан тануға
тырыстым, оның үй бикесі ретінде бөлмелерді аралап жүргенін, біресе
отыра қалып əңгіме қозғағаның, қонақтардың кейбіреулерін жаныңа
шақырып алып, оны-мұны сұрастырғаның, есіктің босағасына сүйеніп
тұрып, əңгіме тыңдағаның қадағалап қарадым да тұрдым; жүріс-тұрыс
кездерінде оның денесінің бұраң қағуы, сонымен бірге оның торғын
көйлегінің көлбеңдегені əрі соншалықты сəнді, əрі еркектің нəпсісін
қоздыратындай соншалықты өктем көрінгендей, тіпті мен оның манағы
айтқан инабаттылығын да шүбə келтіруге айналдым. Егер Теодора бұл
күнде махаббаттан безініп шыққан болса, онда, сірə, заманыңда, тым-ақ
нəпсіқұмар болғаны; оның əккі лəззатқұмар жан екені де біреумен
əңгімелескен кездегі тұрысынан-ақ білініп тұрды: ол құлай кетуге, сонымен
бірге, тым құмарта сұқтанған көзқарастан секем алса, тіпті қаша жөнелуге
де əзір тұрған əйел пішінінде панельдің ернеуіне қылымси сүйеніп тұрады
екен. Қолдарын əсем айқастырып, ол жұрттың сөзін тіпті көзқарасымен де
қошеметтеп, бейне бір ішіне сіміріп жатқандай ықыласпен тыңдайды да,
демімен сыртқа сезім серпігендей болады. Оның шырынды алқызыл
еріндері үлбіреген аппақ жүзінде алабөтен айрықша көзге түседі.
Флоренцияның асыл тастарындай, тамырлары тарамдалып барып, тұңғиық
көздерінің қоңырқай түсіне ұштаса жарастық тапса деп əлгі қоңырқай
қолаң шашымен ұласып тіпті көріктене түскен; осы көз жанарларының
жайнауы оның сөздеріне, ерекше бір өткірлік, тапқырлық бітіретін тəрізді.
Ең ақырда, тал бойында тамаша сұлулық, сымбат көрген көзді еріксіз
тұтқын еткендей. Күндес əйел, бəлкім, оның бірімен-бірі ұштасып
кеткендей қою қастарын тым зəрлі дер ме еді, немесе оның екі жақ
самайында əнтек байқаларлық түбіт түктерін оның келбетін бұзып тұрған
міні деп табар ма еді, кім білсін. Ал менің ұғуымша, осының бəрінде де бір
түрлі құмарлықтың таңбалы ізі қалған тəрізді көрінеді. Бұл əйелдің
итальяндық кірпіктері, Венера Милосскаяға82 лайық тамаша иықтары,
ажары, көнтектеу келген күрең-қызыл төменгі ерні махаббатқа ғана
жаратылғанға ұқсайды. Жоқ жай тана əйел емес, роман еді ол. Əйелдік
асыл қазынасын, кескінінің келісті жарастығын, дене мүшелерінің
соншалық дəмелендіргіш жұмырлығын тұрақты байсалдылық, айрықша
кішіпейілдік қасиеттері тежеп, ынсапқа шақырып тұрғандай еді де, бұл
соңғы қасиеттері оның жалпы келбетіне қарама-қарсы, қайшы келетін
тəрізді еді. Оның тал бойынан лəззатқа жаратылғандықтың белгілерін табу
үшін мендегідей аса көреген бақылағыштық керекті. Пікірімді түсініктірек
ету үшін мынаны айта кетейін: Теодораның бір өзінде екі əйелдің бейнесі
бар дер едім мен; бұл ретте оның тəні үнемі құштарсыз, ынтықсыз болатын
секілді де, тек басындағы ақыл-парасаты ғана махаббатқа кенелетін секілді:
еркектердің қайсысына болса да көз тоқтатып қарар алдынан ол əуелі
көзқарасын дайындап алатын тəрізді, бейне бір, оның жан дүниесінде бір
түрлі құпия құбылыстар болып жатқандай, ұшқын шашқан көзінің
жанарынан жанталасқан діріл жүгіріп өткен сияқты. Бір сөзбен айтқанда,
не менің білімімнің өресі кемеліне келіп жетілмеген, сондықтан мінезқұлық дүниесінде əлі де талай құпия сырлар ашуым керек, не графиня ізті
жанды тамаша адам, осы сезімдері мен көріністері оның дидарына
сиқырлы, бағындырғыш көрік, терең мінез-құлықтық күш, одан бетер,
құмарлық отымен ұштасқан өте-мөте айбарлы қуат беретін болса керек.
Мен осы əйелдің сұлулығына сиқырланып, елітіп, сəн-салтанатына мəзмейрам боп масайраған қалпымда үйге қайттым. Ол əйел менің жүрегімдегі
барлық ізгілік пен кесепатты, мейірімділік пен жауыздық атаулының бəрін
жайқалта тебіренткенін сезіндім. Көңілім шалқып, бойым сергіп, жаным
жадырағаны сондай, бұл үйге суретшілерді, дипломаттарды, өкімет
өкілдерін, ақша салған сандықтары сияқты ішкі сырлары да темірмен
құрсалған биржевиктерді нендей күш тартатының да ұғына бастадым:
менің тұла бойымды тебірентіп, əрбір тамырымда қан тасытатын,
жүйкемнің жіп-жіңішке тіндеріне дейін шымырлатып, миыма да əсер ететін
есуастық жан толқуы ғой, əрине, олардың да осы əйелден іздеп келетіні.
Жұрттың бəрін өз төңірегінде сақтау үшін ол ешбір адамға берілген емес.
Махаббат оты қабындағанша, əйел қылымси бермек қой!
– Мүмкін, оны əуелде шалға берген шығар немесе сатқан шығар, –
дедім мен Растиньякқа, сондықтан алғашқы некесі оны махаббаттан
жирендіретін болар?
Сент-Оноре дейтін шеткергі аймақта тұратын Теодораның үйінен мен
жаяу қайттым. Кордье көшесіне жету үшін Бүкіл Парижді дерлік басып өту
керек; əйтсе де жол маған жақын болып көрінді, дегенмен, күн суық еді.
Қыстыгүні, қақыраған үскірік кезінде, қалтамда ең болмаса отыз франк та
жоқ күйімде Теодораны көндіру ісін бастамақпын, арамыздағы алшақтық
жер мен көктей! Құмарлықты күйттеу үшін күймелі арбаға, перчаткаға,
киімге, іш көйлекке, тағы басқаларға қаншама қаржы шығатының тек кедей
жігіт қана айқын біледі ғой. Махаббат ұзақ уақытқа дейін қиялда елестесе,
күйзеліске ұшыратады. Рас, студент-юристердің арасында Люзен
сияқтылар да бар. Бұлардың екінші этаждағы сұлуларға құмартатын жөні
жоқ-ақ, шыныңда да. Əлсіз, дəрменсіз, жұпыны, қан-сөлі жоқ боп-боз, жаңа
шығармадан кейін енді-енді тыңая бастаған суретші тəрізді қалжыраған
мендей пенде шашын бұйралаған, сəнденіп шікірейген, бүкіл Кроатия
күншілдігінен жарыла жаздайтындай өте əдемі галстук таққан, дəулетті,
үлде мен бүлдеге оранған, екі доңғалақты жұмсақ күймемен сайран салған
жас байшыкештермен бəсекелесе алар ма, сірə?
– Жоқ-жоқ. Не Теодора, не өлім! – дедім мен айқайлап, көпірдің
баспалдағынан түсе бере, Теодора деген бақыттың тұрған жері!
Готиқа өрнегімен салынған будуар мен Людовик XIV-нің стиліндегі
қонақ бөлме көз алдыма қайта елестеді: мол жеңді əсем ақ көйлек киген
графиняны, оның сиқырлы жүрісін, тал шыбықтай бұралып құмарыңды
құнықтыратын құлын мүшелі денесін тағы бір көргендеймін. Жиһазы жоқ,
əрі суық, табиғат зерттеушінің паригіндей ыбырсыған мансардама
келгенімде менің қиялым əлі де Теодораның сұлу сымбаты мен сəнсалтанатының қоршауында еді. Мұндай қиғаштық жақсы ақылшы емес;
бəлкім, қылмыстың өзі осылай басталатын болар. Мен сол кезде,
ызаланғаннан, адал, жұпыны кедейлігіме, көңіліме көп ой салған
құттыхана баспанама нəлет те айттым. Мен өзімнің тағдырым үшін,
бақытсыздығым үшін құдайдың, сайтанның, əлеуметтік құрылыстың, өз
əкемнің, бүкіл əлемнің есеп беруін талап еттім; мен күлкі келтірерлік
қарғыс сөздер айтып күңкілдеп, Теодораны қайтсем де еліктіріп, өзіме
қаратуға берік бел байлап, аштан-аш жата кеттім. Менің тағдырымды
шешетін ең соңғы ұтыс билеті осы əйелдің жүрегі еді.
Теодорамен алғашқы кездесулерімді суреттеп сені жалықтырмай-ақ,
тікелей драмаға көшейін. Оның жан жүйесін елжіретуді көздеп, мен оның
ақыл-парасатын меңгеруге, оның мен-мендігін масайрата, көкіте,
мəймөңкелеуге тырыстым; маған деген махаббатын неғұрлым шын
мəнісінде қоздыру үшін мен оның өзін өзі сүюі онан сайын арта түсуіне
мың мəртебе сипат, дəлел келтірдім; мен оның самарқау болуына қайтсем
де жол бермедім, əйелдер қуатты түйсік, лəззат үшін бəрін де құрбан етуге
əзір; Теодорада осындай күшті сезімдер туғызу үшін бар өнерімді сарп
еттім: мен оны самарқау қалдырғаннан гөрі ызаландыруға дайын едім.
Алғашқы кезде өзімді сүйдіруге берік бел байлап, оны еліктіру тілегімен
көректеніп жүріп, мен одан бірсыдырғы үстемде болдым оған ықпалымды
жүргізе алдым, бірақ көп ұзамай құмарлығым үдей түсті, өзімді-өзім
билеуден қалдым, сыр жасыруды қойдым, сөйтіп ессіз сүйіспеншілік мені
мерт етті. Поэзияда жəне жай əңгімеде махаббат деп нені айтатынымызды
дұрыстап білмеймін де, бірақ өзімнің екі текті жаратылысымда кенет
қаулай өскен сезімнің бейнеленуін Жан-Жак Руссоның ұқыптылықпен
нəштелген шешендік сөздерінен де (мүмкін, мен сол Жан-Жак Руссоның
бөлмесінде тұрған шығармын), екі тасырлық əдебиетіміздің ызғарлы
ұғымдарынан да, Итальяның сурет өнерінен де кездестіре алмадым. Тек
Бриенна көліне қарағандағы көрініс, Россинидің кейбір күй-саздары,
Мурильо жасаған, маршал Сульт сатып алған Мадоннаның суреті,
Лекомбаның хаттары83, новеллалар жинақтарында кездесетін кейбір келелі
сөздер, əсіресе экстатиктердің дұғасы мен ортағасырлық ұсақ
əңгімелерімізден кейбір эпизодтар міне мені алғашқы махаббатымның
тəңірі мекеніндей таңғажайып елдеріне алып ұшуға қабілеттілігі жететін
тек осылар ғана еді.
Адам тілімен айтыларлық ойдың ешқайсысы да, пікірдің бояудағы,
мəрмəрдағы, сөз бен дыбыстағы бейнесінің қандайы да сезімнің құдіретін,
ықыласын, толықтығын, тұтқиылдығын сездіре алмас! Иə, өнер дейтіннің
бəрі де жалған. Махаббат өмірімізге түпкілікті сіңісіп, оны өзінің жалқын
шапатымен мəңгілікке нұрландырғанша ұшы-қиыры жоқ талай
құбылыстардан өтеді. Зейіннің өресі жетпес бұл сіңісудің құпия сыры
суретшінің байқауына шалынбай, мүлт кетеді. Нағыз ғашықтық сабырлы
адамның құлағына ерсі естілетін аһ ұру, уһілеу кейпінде бейнеленеді.
"Кларисса Гарлоуды" оқыған кезінде зар еңіреген Ловеласқа жаның ашуы
үшін шын жүрекпен сүйе білу керек. Махаббат майда тастардың,
шөптердің, гүлдердің ара-арасынан сылдырап аққан қайнар бұлақ, бірақ
арнасына жаңа бір сала ағыны қосылған сайын оның түрі де, тұлғасы да
өзгеріп, жылға болады, өзенге айналады, содан кейін алып мұхиттың
ақабасыз айдыныңа құяды ол. Мұны шолақ ақылды адамдар тек бір
сарынды ғана құбылыс деп таниды, ал ұлы жан иелері ұшы-қиырсыз
меңзеу дариясына үңіледі. Осы бір сезім сарындарын, осынау қымбат ұсақтүйектерді, тіл қазынасынан лайық дыбыстар табылмайтын соншама асыл
сөздерді, ең таңдаулы жырдан да гөрі көркемірек көзқарасты қалай ғана
бейнелерсің! Əйелге риясыз ғашық болған кезіміздің сол бір құпия
мезеттерінде күллі адамзаттың бүкіл поэзиясын жұтып жіберерлік түпсіз
шыңыраудың аңғары ашылса керек. Сұлулықтың көзге шалынған
құпияларын суреттеуге тіл жетпейтін кезде, жаныңның жалынды, жасырын
толқындарын қандай лұғат баяны топшылай алар? Неткен сиқырлық! Оны
көргенімнің өзіне рақаттанып, шадыман шаттықтың шарапатына сүңгіп
қанша уақыт өткізуші ем! Мен бақытты едім. Неге? Білмеймін. Сол
сəттерде, егер Теодораның жүзіне сəуле түссе, ондағы бір қасиет — оның
дидары бір түрлі құлпырып, нұр жайнайтын; үлбіреген жұқа өңін алтын
буына аптағандай етіп шарпып тұрған сарғылт ұлпа түк оның келісті
келбетінің кемерін майдалап қана көмкерулі; күн нұрларында мұнартатын
көкжиектің алыс шеңберлері бізді қайран қалдырып, қызықтырмаушы ма
еді? Теодораның əлгі келбетінен осындай есті кетіріп, қайран қалдырарлық
нағыз сиқырдың сарыны аңғарылатын. Бейне бір күн шұғыласы онымен
біте қайнасып, алма бетіне шапағын төгіп еркелеткендей немесе оның
нұрлы жүзінен күн шұғыласынан да күштірек жарық сəуле тарағандай;
содан кейін оның сүйкімді келбетіне түскен көлеңке де өзінің сарынқұбылыстарын өзгерте, бейнесін əр алуан түрлендіре отырып, оның
дидарын безендіргендей болатын. Кей-кейде оның мəрмəрдай ақша
маңдайында ой-қиялдың нышаны білінетін тəрізді; екі көзі шырадай
жанып, қас-қабақтары керіле қимылдап, жүзінде толқу, қобалжу белгісі
ойнап шығатын, күлімдегенде нұрлы жүзі ойнақыланып, ширай түсетін;
жымия жылжыған інжу еріндері біресе қусырыла, біресе жазыла
жанданғандай; қолаң шашының əлденендей ерекше жылтыры екі жақ
самайына күңгірт сəуле шашқандай: оның бет-ажарының əрбір сызығы
өзінше сөйлеп тұратын. Əрбір сондай құбылыс арқылы ой-пікір өзі туралы
мəлімдейтін секілді, сұлулықтың əрбір көркі менің телмірген көз жанарым
үшін жана мереке-думан болып табылатын да, жүрегімде тыңнан бір
жұбаныш туғызатын. Оның жүзі құбылған сайын əрдайым мен одан сезім
мен үміт нышаның көргім келуші еді. Дыбысты бірден-бірге қақпақылдап
қағып алып кеткен тау жаңғырытындай осы үнсіз тілдесу бір жаннан
екінші жанға ауысып отырғандай. Осы үнсіз тілдесулер менде терең əсер
қалдыратын өткінші қуаныштарға толы еді. Оның лебізі қайдағы бір
шектен шыққан ашынудың себепшісі болатын, бұл орынсыз ашынуды
жадырату менің өзіме де тым-ақ қиынға соғатын. Егер сол кезде ол өзінің
нəзік саусақтарымен төбе құйқамды қытықтай жыбырлата шашымнан
сипаса, мен тап сол мезетте Лотарингия ханзадасы сияқты, құрғырдың
атын ұмытып қалыппын, алақаныма салған қып қызыл шоқты да сезбеген
болар едім. Осының өзі əсте сүйсіну немесе тілек емес, сиқырлану, еліту,
таңтажайып жазмыш еді бұл шатыр астындағы баспанама қайтқаннан кейін
де үйінде жүрген Теодора менің көз алдыма көмескілеу елестейтін, өз
ойымда оның өміріне болар-болмас араласып жүрген сияқты болатынмын;
ол ауырып қалса, мен де ауыратын секілдімін, келесі күні: "Сіз ауырып
қалдыңыз ғой!" дейтіндей сияқтымын іштей.
Артықша ынтызарлығымның күшімен ол түн тыныштығында көз
алдыма қаншама елестемеді дейсіз! Кей-кейде ол тұтқиылдан жарық
шұғыладай жарқ етіп келіп, қаламымның быт-шытын шығаратын,
тылымды да, шұғылданып отырған жұмысымды да үркітіп жіберетін; Ол
бір кезде мені сұқтандырған сүйкімді қалпында көз алдыма елестеп,
сүйсінуге можбүр ететін. Кей-кейде мен оған қарай елес дүниесіне өзім
шарқ ұратынмын, мен оны үмітім деп құттықтайтынмын, күмістей
сыңғырлаған лебізіңді тыңдат деп жалынатынмын, оянсам көз жасым қол
болып жататын. Бір күні менімен бірге театрға барамын деп уəде берді де,
кенет қыңырлығы ұстап, онда барудан бас тартты, өзін оңаша қалдыруды
өтінді. Бір күнгі еңбегіме татитын, шынымды айтайын ба? ақтық экю
қаржымды жұтып кеткен бұл еркеліктен торытып, енді мен тым болмаса
соның барғысы келген жеріне барып қайтпақ болдым: оның көрем деген
пьесасын мен де көргім келді. Орныма отыра беруім-ақ мұң екен электр
қуаты түртіп қалғандай жүрегім лүп ете түсті, — əлденендей үн: "ол
осында", деп сыбырлағандай болды. Артыма бұрылып қарасам, бенуар
ложасының түкпірінде, қара көлеңкеде графиня отыр. Менің назарым басқа
жаққа аумастан, көздерім ертегідегіге лайық қырағылықпен оны бірден
іздеп тапты; менің жаным, гүлге ұмтылған көбелектей, өзінің өмірінің
қайнар бұлағына құлаш ұрды. Менің сезімдеріме хабар берген не? Ұшқалақ
адамдарды таңғалдыратын құпия діріл пайда болады кей-кейде; бірақ
сыртқы əсеріміздің байырғы құбылыстары сияқты, біздің ішкі
жаратылысымыздың бұл көріністері де қарапайым. Сондықтан мен оған
таңғалмай, қайта ашуландым. Адамның соншалық болмашы ғана дəрежеде
зерттелген жан жүйесінің күші жөніндегі зерттеулерімнің, ең құрығанда,
маған еткен қызметі сол – ол өзімнің ғашықтығымнан осы жүйем үшін
жанды сипаттамалар табуыма мүмкіндік берді. Ғалым мен ғашықтың,
нағыз өрескел табынушылық пен ғылыми махаббаттың бұл одағында
əлденендей бір ерсілік бар сияқты. Зерттеуші көбінесе, ташық жанды
түңілткеніне мəз, ал ғашық жан мұратқа жететініне сенуі-ақ мұң –
рақаттану сезімі үстінде ғылымға қолын бір-ақ сілтейді. Теодора мені көрді
де, қабағын шытты, сірə, менен қымсынды-ау деймін. Алғашқы үзілісте-ақ
мен хал білгелі оның қасына жетіп бардым; ол ложада жалғыз еді, мен де
сол жерде отырып қала бердім. Бұған дейін еш уақытта ғашықтық жайын
сөз қылмасақ та, мен осы жолы сырымды ашатынымды алдын ала сезіндім.
Мен оған өз сырымды əлі ашқан жоқ едім, əйтсе де арамызда келісім
сияқты бірдеңе бар болатын: ол серуендеу жоспарларын менімен бөлісетін;
ертеңгісін келетін-келмейтінімді алдын-ала бір түрлі дос-жарлық қам
көңілмен сұрастыратын; тек менің бір өзіме ғана ұнағысы келгендей, əзіл
айтарда көзқарас арқылы əуелі менімен ақылдасып алатын; егер мен
өкпелеп қалсам, ол мені мейірлене еркелететін; егер ол ашуланса, мұның
себебін сұрауға мен бірсыпыра дəрежеде хақылы да едім; егер мен қандай
да бір айыбымды мойныма ала қалсам, ол бұл айыпты кешірмес бұрын ұзақ
уақыт жалынып, жалбарынуға мені мəжбүр ететін. Өзімізге ұнайтын осы
бір дүрдараздығымыз толық махаббатқа кенеліп тұратын: ондай кездерде
ол сондай ерке жəне сүйкімді болатын да, мен бақыт құшағына бөленуші
едім. Бұл жолы екеуіміздің жақындығымыздың арасында сызат пайда
болды, бір-бірімізге жат адамдай тұнжырасып отырдық. Графиняның сұсты
ызғары мұздай екен, мен бір ылаңның боларынан қауіпсіндім.
–Сіз мені үйге апарып салатын шығарсыз, – деді ол сауық кеші
аяқталған соң.
Ауа райы кенет бұзылып кетті. Біз шыққан кезде қар аралас жаңбыр
жауып тұр екен. Теодораның күймесі театрдың дəл жаныңа келе алмайтын
болды. Əсем киінген ажарлы ханымның көшені кесіп өтетінін сезген
даяшы біздің үстімізге қол шатырын тікті де, арбаға мінер кезімізде
шайлық ақша сұрады. Менде жарты тиын да жоқ еді; екі су бақыр үшін сол
сəтте он жыл өмірімді қиярдай болдым. Еркек болып жаралғандағы
қасиеттерімнің бəрін, мендегі намыс атаулының сан алуан нышандарын
осы бір дозақ қасіреті мүлдем жаныштап, көміп кетті. Құштарлығымның
тауы шағылып, меселі қайтқандықтан, "Ұсақ жоқ еді, сүйкімдім!" деген
сөздерім тымақ қатыгез, мейірімсіз үнмен айтылды; өттеген-ай, осы
сөздерді сондай үнмен сол адамның бауырласы болып табылатын,
кедейліктің не екенін соншалық жақсы ұғына білетін, бір кезде жеті жүз
мың франкіні іркілместен оп-оңай бере салған жігіт, мына мен айттым-ау!
Теодораның малайы əлгі даяшыны итеріп жіберуі-ақ мұң екен, аттар
жүйтки жөнелді. Үйге қайтып келе жатқанда жолай Теодора əлденеге
алаңдағандай немесе бірдененің қамында отырғансып, менің сұрақтарыма
келте, қырыс жауап қайтарумен болды. Сосын мен де тіс жармадым. Ол бір
сұмдық мезет еді. Оның үйіне келгеннен кейін екеуіміз əшекейлі пештің
алдына кеп жайласып отырдық. Қызметшісі шам жатып, шытып кеткен сон
графиня маған қарап сөз бастады; оның шырайынан ішкі сырын айқындау
мүмкін емес еді, бірақ дауысында бір асқақтық бар:
— Мен Францияға келген кезде менің дəулетім көптеген жігіттердің
аңсарын аударған көкейкесті мəселеге айналды. Маған ғашық екенін айтып
жүз салғандардың талай махаббат зарын да есіттім мен, менің асқақы
тəкаппарлығым əбден масаттана аларлықтай да еді оған; маған деген
ықыласы сондайлық адал, ынтығы сондайлық терең адамдарды да
кездестірдім мен; ертедегі бір кездерімдегідей, тіпті кедей қыз болып шыға
қалған күнімде де маған сөзсіз үйленетін еді олар. Маған кейбіреулердің өз
дəулетімнің үстіне жаңа байлық пен биік мəртебелі жана атақ дəреже
ұсынғандығын біліп қою сізге артық емес, Валентен мырза, алайда сізге
жəне де аян болсын: маған ғашықтығы туралы тіл қатып, ой
ұтқырлығының тапшылығын аңғартқан адамдармен содан былай қайыра
көріспейтінмін. Егер менің сізге деген көзқарасым жеңіл мінезділіктен
туған болса, онда мен сізге мұндай алдын-ала сақтандыру сөздерімді,
тəкаппарлықтан гөрі де достық сезімі басым осынау сөздерді айтпаған
болар едім. Сүйікті екенмін деп жорамалдап, қашан да болса өзін
масаттандыратын сезімнен күн ілгері безетін əйел тойтарысқа ұқсас
бірдеңеге ұшырау қатеріне душар болмақ. Арсиноя84 мен Араминта
көріністері де маған мəлім, осыған ұқсас жағдайларда есітуім мүмкін
болатын жауаптар маған белгілі, бірақ бұл жолы өзімнің жан сырымды
қарапайым ықыластылықпен əшкерелеп отырғандығым үшін, менің
мұңымды ақыл ой өрісі өз ортасынан жоғары тұрған адам теріс мағынада
ұқпас деп үміттенемін.
Теодора менімен əңгімелескенде, дауласудың тəсілдерін немесе келісім
шартының статьяларын ақы иелеріне түсіндіретін адвокатша, яки
нотариусша байсалды, сабырлы пішінде тілдесті. Оның үнінің айқын жəне
жағымды ырғағы өрепкітендіктің сол ғана да саңылауын сездірген жоқ, тек
бөз баяғысынша игі шырайлы, кішіпейіл жүзі мен текті тұрпатында, бейне
бір, дипломаттың зымыстан, қуқыл сипаты пайда болғандай. Əрине, ол
өзінің сөйлер сөзін толғана өлшеп-пішіп, осы көріністің нобайын алдын
ала жобалап алған болуы керек. Уа, қымбатты достым, біздің жүрегімізді
парша-парша етіп, оған қанжар сұғудан, сонсоң, жарақат ішіндегі
қанжарын оңды-солды ырғап алудан лəззат табатын əйелдер шыныңда да
ғажайып сиқырлы емес пе, ондайлар өздері сүюді де, сүйікті болуды да
білмейді деп кім айта алады. Ізгі істерің үшін құдай жарылқайды-мыс
дейтін еді ғой, сол сияқты олар да, бəлкім бір кездерде ұшан-теңіз
азаптарымыз үшін бізді есіркер; қаталдығы өздеріне аян кесепатын жүз есе
лəззатпен өтер; сонда олардың кесепаттылығы да құмарта, ынтызарлыққа
кенелмей ме? Бірақ, самарқау қияңқылықпен өзіңді өлімші ете азаптаған
əйелдің жаныңды қинауына тозу деген нағыз қатал жаза осы емес пе? Сол
сəтте Теодора, өзі де сезбестен, менің бүкіл үмітімді тапап, жаныштап,
өмірімді күйретіп кетті; əуесқойлығынан көбелектің қанаттарын жұлған
жас баланың күнəсыз қаталдығынша, зымыстан бейқамдықпен менің
болашағымның тас-талқаның шығарды.
–Түбінде, – деді Теодора, менің достық ықыласымның беріктігін өзіңіз
де бағаларсыз деп үміттенемін. Достарыма əрдайым мейірімді екеніме,
шын берілгендігіме өзіңіздің де көзіңіз жетер. Олар үшін мен өмірімді де
қияр едім, бірақ өзім ынтық болмай тұрып əлдекімнің махаббат сезіміне
көнсем, мені ең алдымен сіз өзіңіз-ақ жек көрген болар едіңіз. Жə, жетер
енді. Осы ақтық сырымды ақтара айтқан бірден-бір адамым тек сіз ғана.
Алғашқы қарқында айтарлық сөз аузыма түспей де қалды, ішімде
аласұрған долы дауылды зорға толастаттым. Əйтсе де лезде жүрек
қобалжуын жан тұңғиығына сүңгіттім де, сол күлімсіредім.
–Егер, – дедім мен, – сізді сүйемін десем, сіз мені қуып жіберерсіз, егер
мен өзімді сіз жөнінде бейжаймын деп айыптасам, сіз мені жазаға
тартарсыз. Священниктер, судьялар жəне əйелдер еш уақытта ішкі сырын
сыртқа шығарып ақтармас болар. Үндемеген үйдей пəледен құтылады;
маған да үндемеуге рұқсат етіңіз. Əйтсе де маған туысқандарша алдын-ала
сақтандыру айтқаныңыз, тегі, менен айырылып қалармын деп
қауіптенгеніңіз ғой, осы ойдың өзі де менің асқағы тəкаппарлығымды
масайрата алатын сияқты. Бірақ жеке бастың əңгімесін былай қоя тұрайық.
Табиғат заңына соншалықты қайшы келетін бір шешімді мен əйелдердің
ішінде, бəлкім, жалғыз сізбен ғана философша талқылай алармын.
Өзіңізбен жыныстас өзге жандармен салыстырғанда сіз бір өренсіз. Қане
осы психологиялық қалыпсыздықтың себебін екеуіміз адал арымызбен əділ
талдап көрейікші. Мүмкін, өздерің тəкаппар тұтатын, өздерінің мінсіз
кемелдігіне өздері ынтық болатын көп əйелдердей, сізде де бір нəзік
өзімшілдік сезімі бар шығар? Еркекке тəуелді болатыныңызды ойлағанда,
өз еркіңізден безуге тура келетінін сіз үшін қорлық болып табылатын
шартты артықшылыққа бағынуға тура келетінін ойлағанда, жаныңызды
түршіктіретін шығар осы ойлар? Олай болғанда, сіз маған бұрынғыңыздан
мың есе абзалырақ болып көрінер едіңіз. Əлде, бəлкім, алғашқы
махаббаттан бір қоршылық көрген жеріңіз бар ма? Мүмкін, өзіңіздің тал
шыбықтай бұралған қыпша беліңіздің көркін, көрген көз сүйсіндірерлік
сымбатыңызды соншалық жоғары бағалауыңыз əйелдің ажарын
тайдыратын аналық міндетінен қауіптенуіңізге сізді мəжбүр ететін шығар;
сізді аса күшті махаббаттан бездіретін нағыз келелі құпия дəлел осы емес
пе екен? Əлде, бəлкім, сізді өз еркіңізден тыс мейірбанды етерліктей
қандай да бір ғаріптігіңіз бар ма екен? Ашуланбаңыз, мен талдау жасап,
талқыға салып отырмын ғой, құмарлықтан мың миль аулақ отырып
зерттеуім ғой бұл. Іштен туа болатын соқырларды дүниеге əкелетін табиғат
махаббат жөнінен де туа меңіреу, туа соқыр, туа мылқау əйелдерді де
туғыза алады. Дəрігерлік тылымның əр алуан бақылау, байқау жасауы үшін
сіз, шыныңда да, аса қымбат жансыз. Сіз өзіңіздің қандайлық қымбат
нысан екеніңізді білмей жүрсіз. Сіздің еркектерден жеруіңіз əбден заңды да
болуы мүмкін; мұныңыз маған өте түсінікті: олардың бəрі затын, пасық
сияқты болып көрінеді сізге. Бірақ асылында сіздікі жөн, дегенді қоса
айттым мен жүрегімнің өрепкігенін сезе отырып, біздерден сіз жеруге
тиіссіз: сізге ақыл-парасаты тең келерліктей лайықты еркек жоқ!
Оған күлкімен араластыра айтқан зəрлі сөздерімнің бəрін саған
қайталап жатпай-ақ қояйын. Айтып-айтпай немене? Нағыз шанышпа
сөздер, нағыз ұлы мысқыл онда ызаланғандықтың, ашынғандықтың
зəредей де нышаның туғыза алған жоқ. Еріндерінің емеурінінде, көздерінде
жайшылықтағы күлімдеген қиянатын сақтай отырып-ақ, менің сөздерімді
тырп етпей тыңдап отырды; қашанда, кіреуке есебінде пайдаланатын,
достары үшін де, жай таныстары үшін де, бөгделер үшін де қолданатын
бəз-баяғы күлəн жымиысынан танған жоқ.
– Өзімді көрініске қойғандағыдай, бақайшағыма дейін талдауға жол
бергенім, бұл да болса мейірімділігім емес пе? – деді ол, менің үн қатпай
бетіне қарап қалған сəтімді тосып алып. Көріп отырсыз ғой, – деді күлкі
аралас сөзін жалғастыра, достыққа келгенде менде есуас өкпешілдік жоқ.
Мынау əдепсіздігіңіз үшін талай əйел сізді үйінен айдап шығар еді.
– Қаталдығыңыздың себебін дəлелдеп жатпай-ақ мені қуып жіберуіңізге
болады.
Осы сөзді айта тұрсам да, егер ол үйіме келме десе, өлтіріп тастаута
бейіммін-ау деп ойлап қалдым.
– Есалаң! – деді Теодора күлімдеген күйінде ерекше бір леппен айтып.
– Сіз, сірə, ғашықтықтың күшті көріністері туралы ойлап көріп пе
едіңіз? – дедім мен тағы да, түңілгендіктен, сүйген жарын өлтіріп тастаған
еркектер аз емес.
– Бақытсыз болғанша өлген артық, – деді ол салқын үнмен,
жаратылысында сіз секілді құштар адам түбінде əйелінің бар дəулетін
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шегірен Былғары - 10
  • Parts
  • Шегірен Былғары - 01
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2531
    28.0 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 02
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2526
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    37.3 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 03
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2445
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 04
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2479
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 05
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2519
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 06
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2463
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 07
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2433
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 08
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2370
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 09
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2415
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 10
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2418
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 11
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2356
    28.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 12
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2283
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 13
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2455
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 14
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2393
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 15
    Total number of words is 4023
    Total number of unique words is 2423
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 16
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2233
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 17
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2155
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 18
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2257
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.8 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 19
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2406
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 20
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2522
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.2 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 21
    Total number of words is 2497
    Total number of unique words is 1541
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.