Latin Common Turkic

Шегірен Былғары - 10

Total number of words is 4036
Total number of unique words is 2418
29.7 of words are in the 2000 most common words
43.8 of words are in the 5000 most common words
51.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
төгіп-шашып құртады да, оны жұрдай тып жер соқтырып, зытып отырады.
Мынау есеп мені есімнен адастырды. Бұл əйел мен біз екеуіміздің
арамызда түпсіз шыңырау жатқаның айқын көргендей болдым. Біз бірбірімізді еш уақытта да ұғыныса алмайтындай екенбіз.
– Қош болыңыз, – дедім салқын жүзбен.
– Қош болыңыз, – деді ол достық қалыппен маған басын изеп. Ертеңге
дейін.
Бір сəтке оған қарап қалдым, махаббаттан əлі-ақ безініп үлгерсем де,
көз жанарымда махаббат ұшқыны шашырап тұр еді. Ол түрегелген күйі
күлімдеп тұра берді, жаттап алған осы сұрқия күлкі, мəрмəр мүсіннің
жексұрын жымиысы, өзінше сүйіспеншілік білдіретін тəрізді, бірақ онысы
тым ызғарлы сүйіспеншілікке ұқсас. Қар аралас нөсер жаңбырдың астында
үйге қайтып келе жатқанымда, бəрінен жұрдай болып, жағалаудағы
көшенің тайғақ мұздағымен бүкіл бір миль жол жүріп өткенімде, қандай
қасірет дариясына сүңгігенімді ұғына алар ма екенсің, жарқыным? Уа,
дариға! Мені өзіндей дəулетті санап, күймелі арбада кетіп барады ғой деп
есептейтіндіктен, менің сорлылық жағдайым Теодораның ойына да
келмейтінін ойлау қандай азап! Соның өзінен де қаншама құрбандық,
қаншалық айла-шарғы! Іс ақшада ғана емес, мəселе менің бүкіл жан
жүйемнің барлық қазынасы жөнінде болып отыр ғой. Осынау одағай ерсі
ойға беріліп, өзіммен-өзім сөйлесіп келе жатқанда, бетімнің ауған жағына
бұрылып кетіппін. Өз топшылауларымның ұшығына шыға алмай,
шатасқаным сонша, ақыр-аяғында сөздер мен идеялардың шынайы құныңа
күмəн келтіре бастадым! Солай бола тұрса да мен оған ғашық едім; жүрегі
қай сəтте болса да көнуге, бағынуға пейіл жəне өзінін кешегі уəделерінен
үнемі танып, күн сайын кескінін өзгертіп отыратын осынау сұсты əйелге
ғашық едім мен. Институт маңынан өтіп бара жатып, кенеттен безгек
ұстағандай қалшылдағанымды аңғардым. Түк дəм татпағаным сонда ғана
есіме түсті. Қалтамда көк тиын жоқ еді. Қырсық бір айналдырғанды шыр
айналдырып жауыннан қалпағым да құрысып қалыпты. Лақтырып қана
тастарлықтай халге жеткен бұл қалпақпен мұнан былай əлгі əсем киімді
сұлу əйелдің қасына, оның қонақ үйіне қалайша бара алармын! Бас
киімімізді көрініске ұсынуға, оны қолда ұстап жүруге бізді душар еткен
есуас, ақымақшылық моданы қаншама қарғап-сілесем де, ерекше
ұқыптылығымның арқасында қалпағымды əжептəуір сайлы етіп сақтап
келіп едім. Сұқтанарлықтай жаңа да емес, өрескел ескі де емес, қызыл
шақа боп қырқылып, түлеп те қалмай, құлпырып та тұрмай, əйтеуір
ұқыпты адамның бас киімі деуге сиярлық қалпақ еді ол, əйтсе де өнерлеп
ұстап келген өмірі ақырғы кезеңіне тақаулы екен. Ақау түсіп, кенеуі кетіп,
тозығы жеткен бұл қалпақ нағыз лыпа-шоқпытқа, иесінің өзіне лайықты
мүлкіне айналған-ды. Отыз су ұсақтың болмағандығынан, ептілікпен
лекерлеп жүрген кербездігімді де мерт еттім.
Япырмай, осы үш айдың ішінде бір Теодора үшін қандай ғана дерексіз
құрбандықтар кешпедім мен! Тіпті онымен бір мезет көрісу үшін ғана
бүкіл бір аптаға жетерліктей нан сатып алуыма жетерлік ақшамды да
шығын қылып жүрдім-ау. Жұмысты тастап, аш жүру ештеңе емес қой əлі!
Ал, бірақ бүкіл Парижді аралап өткенде де батпаққа былғанбай, жауыннан
жүгіре қашып құтылып, Теодораның төңірегін қоршалап жүрген сəнқой
қуыс кеуделердей, оның қасына соншалық сыпайы киініп келе білу деген
беу дүние-ай! Иə, ғашықтық зарын тартқан алаңғасар ақын үшін мұндай
міндет сансыз қиыншылықтар туғызады да! Менің рақатқа бөленуім,
махаббатым жалғыз ақ жилетіме жұққан болмашы кірге де тəуелді еді!
Үстін ластап, суға малшынсаң болды, ол əйелді көруден қалғаның ғой!
Етікке жұққан балшықтың ізін сүрткізу үшін аяқ киім тазартушыға
төлерлік бес су майданың да болмағаны не деген қорлық! Күйгелек адам
үшін өлшеусіз уайым болып танылатын осындай ұсақ-түйек, дерексіз
азаптардан менің Теодораға ынтызарлығым үдей берді. Кедейлер қашанда
құрбандықтарға душар болмақ, бірақ сəн-салтанат пен əсемпаздық аясында
тіршілік етіп, дүниеге адамдар мен заттарды алтынның буына малынғандай
етіп көрсететін шыны арқылы қарайтын əйелдерге кедейдің бұл
құрбандықтары туралы айтуға рұқсат жоқ. Өзімшіл болғандықтан
жайдары, əдепті болғандықтан қатыгез осы əйелдер тек лəззат алуға ғана
құмартып, ой-пікір атаулыдан аулақ болады, пенденің бақытсыздығына
немқұрайлы қарайтының олар зауық, ермекке əуестенгендіктің салдары деп
ақтайды. Олар үшін тиын еш уақытта да миллион бола алмайды, ал
миллион əрдайым тиындай ғана көрінеді. Махаббат өз ісін орасан зор
құрбандықтардың көмегі арқылы ғана ұға алатыны былай тұрсын, ол аз,
оның үстіне ол сол құрбандықтарын кішіпейілдікпен бүкеншік арқылы
көлегейлеп, үн-түнсіз жинап алуға тиіс: алайда бай адамдар өздерінің
дəулеті мен өмірін сарп еткенде, өздерін құрбандыққа шалғанда, зиялы
қауымның соқыр сенімдерінен олжа табады, əрдайым бұлардың жігітшілік
дуаналықтарына белгілі дəрежеде көрік беретін осы соқыр сенімдерін
пайдаланады; олардың үндемеуі де мəнді, бүркеніші де жарастықты, əсем;
ал менде ондай дəрмен жоқ, сұрапыл мұқтаждық мені жантүршігерлік
азаптарға душар етуде, асылында менің "Сүйемін!" немесе "Өлемін!"
деуіме де жол жоқ. Бірақ, түбегейлеп келгенде, менің мұным өзімді-өзім
құрбан еткендік пе еді? Барымды Теодораның жолына шалғандағы
түйсінген рақат мен үшін жомарттық төлем болмап па еді? Графиняның
арқасында өмірімнің аса тұрпайы уақиғалары да ерекше маңыз алып,
керемет лəззаттарға тоғысқан-ды. Бұрын сəндену жөнінде мүлдем бейқам
болсам, енді фрак менің, бейне бір екінші "өзім" тəрізді, тым қадірлейтін
киімім болып алды. Өзің жаралы боласың ба, əлде фрагің жыртылсын ба?
Қалауыңды ал десе, таңдаудан іркілмес едім! Сен менің жағдайымды
байыптап, егжей-тегжейіне үңілші, сөйтсең жолшыбай келе жатқанымда,
мені билеген жəне жүрістің арқасында ұлғайып, онан сайын күшейе түскен
пікір ашынуын, үдемелі аласұрғандықты əбден ұғына аларсың! Түңілу
шыңына шыққанымды сезіп, əлдеқандай тамұқтың қуанышын түйсіндім
мен. Осы ақырғы дағдарысымды бақыт болжауы деп жорығым келді; бірақ
қырсықтың қазынасы түпсіз ғой.
Мейманхананың есігі жартылай ашық тұр екен. Кішігірім жүрек
түрінде оюланған терезе қақпағының саңылауынан көшеге жарық сəуле
түсіп тұрғаның байқадым Полина мен шешесі мені тосып, əңгімелесіп
отыр екен. Есімім аталғаның есітіп, тыңдай қалдым.
– Рафаэль, – деді Полина, жетінші нөмірдегі студенттен анағұрлым
артық! Оның ақселеу шаштары сондай əдемі! Байқайсың ба, оның үнінде
жүрек тебірентерлік əлдене бар секілді. Жəне тағы, сырт пішіні азырақ
тəкаппарлау тəрізді болғанымен, ол сондай мейірімді, сын-сипаты сондай
сымбатты! О, ол маған өте ұнайды! Əйелдердің бəрі де оған есі кете ынтық
екеніне сенімім кəміл
– Сен ол жөнінде, тегі, оған ғашық болған кісіше айтып отырсың ғой,
жаным, дегенді ескертті Годен ханым.
– О, деп Полина күле жауап қайырды, мен оны ата есебінде сүйемін!
Менде оған деген достық сезім тұтанбаса, менің мұным барып тұрған
таупықсыздық болар еді. Маған музыканы, сурет салуды, грамматиқаны —
қысқасы, қазіргі білетінімнің бəрін үйреткен сол емес пе? Сен менің
жетістіктеріме жеткілікті назар салмай жүрсің, мама, ал мен көп ұзамай
сабақ бере аларлықтай дəрежеде білімді болып келе жатырмын, сол тақта
біздің қызметші əйел ұстауға да мүмкіндігіміз болмақ.
Мен сездірместен ақырын тана шегініп, кейін қарай кеттім; сонсоң
жорға дыбыс білдірдім де, əдетте, Полина жатып беретін шамды өзім алып
кетпек болып залға кірдім. Байғұс сəби менің жан-жарақатыма ем боларлық
бальзам құйды. Аңғырттықпен асыра дəріптегені аз да болса менің
жабырқаулы көңілімді жадыратты. Өзіме-өзім сенгендік, шынайы
қасиеттеріме риясыз баға берілуі маған аса қажет екенін сезіндім, осының
арқасында менде үміт ұшқыны тұтанды, мұның өзі, бəлкім, айналамда
көргендерімнің бəріне де жарық сəуле түсірсе керек. Мүмкін, осы екі əйел
отырған залда менің көз алдымнан соншалық жиі өтіп жатқан көріністерге
бұған дейін мен шындап назар аудармаған да шығармын. Бірақ дəл осы
жолы барынша болмыс шындығындағы тамаша ғажайып көрініске, бір
кезде фламанд суретшілері соншалық аңғалдықпен бейнелеген жұпыны
тұлғаларға мейлінше сүйсіндім. Анасы шоғы сөнуге айналған ошақтың
маңында шұлық тоқып отыр, оның еріндерінің емеурінінде ізгілік нышаны
ойнақшығандай. Полина кішкене үстел үстіне кере жайған желпіуіштеріне
сыр-бояумен өрнек салып отыр. Оның сурет қаламдары мен бояу-сырлары
еріксіз көз тартып, сұқтана қарарлық күшті əсер туғызулы; ал, ол орнынан
ұрып, шам жаға бастаған кезінде жарық сəуленің бəрі оның аппақ
тұлғасына түгел төгілгендей секілденді. Оның ашаң, алқызыл кішкене
қолдарына, мінсіз бас бітіміне, раушан қыз көркіне сұқтанбаса, тек сұрапыл
құштарлыққа құл болған жан ғана сұқтанбас! Түн тыныштығы осы
бейуақыт еңбекке, үй ішіндегі бейбіт көрініске бір түрлі сиқырлы
тартымдылық үстегендей. Өмір бойы еңбек үстінде, əрдайым жайдары
жүретін бұл екі əйел нағыз ізгі сезімдерге бөленген діншіл көндем жандар
еді, нақ христиандарша момақан еді. Мұнда заттар мен адамдар арасында
айтып жеткізе алмастық жарастық өмір сүрулі. Теодораның сəнсалтанатында бір түрлі қуаңдық болатын да, оның өзі менде арам ойлар
оятатын, ал мынау момақан кедейлік, осы бір қарапайымдылық пен
табиғилық менің жан жүйемді тыңайтып жібергендей. Бəлкім, сəн-салтанат
ішінде мен өзімде кемсіну сезетін болуым мүмкін, ал мына екі əйелдің
маңында, қарапайым өмір, бейне бір, жүректің қимылдарынан өзіне пана
табатындай көрінетін осы күңгірт залда, бəлкім, өзіммен-өзім
ымыраласатын болсам керек; осында жанашырлық көрсетерлік кісілерім де
бар; ал еркектер өздерін қамқоршы деп санағанды əрдайым тілейтіні
белгілі. Мен Полинаның қасына таман келгенімде, ол анаға тəн дерліктей
елжіреген көзбен маған қарай қалды да, қолдары қалтырап кетті, шамды
шапшаң орныңа қоя салып, дауыстап жіберді:
– Жасатан-ау! Сіздің өңіңіз мұнша неге боп-боз? Түу, бұл малмандай су
болыпты ғой! Анам киіміңізді кептіріп берер... Сіз сүтті жақсы көресіз ғой..
Аз-кем үнсіздіктен кейін Полина сөзін ұластыра берді: Бүгін бізде қаймақ
бар, мінекей, татып кəргіңіз келе ме?
Полинаның сүт толтырулы фарфор құмыраның қасына мысықша орғып
барып, жедел қимылмен маған ұсынғаны, менің алдыма мүлəйім пішінмен
əкеп қойғаны соншалық, мен толқи бастадым.
– Шынымен-ақ сіз мен берген дəмнен бас тартқаныңыз ба? – деді ол
даусы өзгеріп.
Біз, екі өркөкірек, бір-бірімізді ұғыныса қалдық: Полина, бейне бір
өзінің кедейлігіне налып, мені тəкаппарлығым үшін құстана ететін тəрізді.
Көңілім босап, аза бойым шымырлап кетті. Бұл қаймақ, ықтимал, оның
таңертеңгі қорегі шығар. Алайда, мен одан бас тартқаным жоқ. Байғұс қыз
көз жанарындағы ұшқын шашқан қуанышты жасыруға əрекеттенді.
– Иə, менің қарным ашып қалған екен, – дедім мен отыра беріп.
(Полинаның маңдайынан əлде бір қам көңілдің көлеңкесі сырғып өтті).
Боссюэ85 кітабының мына бір жері есіңізде ме, Полина: шөліркегенге бір
жұтым су бергеннің қайырымы ұлы жеңіске жеткендегі тəңірі
жарылқағаннан анағұрлым артық, делініп еді ғой онда.
– Иə, дегенде Полинаның көкірегі нəрестенің қолына түскен қызыл төс
шымшықтай тулады.
– Мінеки, былай, – дедім мен бұған қоса, даусым сəл тосаңсып, біз
кешікпей айырылысармыз, сірə; сіздің жəне анаңыздың маған көрсеткен
қамқорлықтарыңыз үшін сіздерге зор алғыс білдіруіме рұқсат етіңіздер.
– Ой, тəйірі-ай, есептеспелікші! – деді ол күліп.
Жүрегінің өрепкігенін күлкімен тұмшалағаның көргенімде жаным
ашып, қатты мүсіркедім Полинаны.
– Менің фортепьяном, дей бердім оның сөзін есітпегенсіп, Əрар:
аспаптарының ең таңдаулыларының бірі. Алыңыз соны. Ұялмай-ақ
алыңыздар. Шыным сол, саяхатқа əзірленіп жүрмін, бəрібір өзіммен бірге
ала кете алмаймын ғой.
Бəлкім, осы сөздерді жабырқаған үнмен айтқандығым екі əйелдің
екеуіне де ой түсірді ме екен, əйтеуір олар бейне бір менің сырымды
ұққандай, үрей аралас еліккендік пішінмен маған қарай қалысты. Зиялы
қауымның суық-сырдан өңірінен іздеп таппай, қолыма түсіре алмай жүрген
дос-жарлық осында, өзімнің алдымда екен, болғанда да риясыз,
қайырымды, бəлкім, баянды да досжарлық болса керек бұл.
– Сол сергелдеңнің қажеті не? – деді мейірімді ана. Осында-ақ болыңыз.
Менің ерім осы күні сапар үстінде, дей берді ол сөзін ұластыра. Бүгін
кешкілік мен Иоанн інжілін оқыған кезімде, Полина тəуратқа байлаулы
кілтті саусағына іліп, ұстап тұр еді, кілт шырт етіп айналып кетті. Бұл
сəуегейлік Годеннің сау-сəлемет, хал-ахуалы шүкір екенін болжайды анық
ырым. Полина сізге арнап жəне жетінші нөмірдегі жігітке арнап, сол
кілтпен қайтадан бал ашып көріп еді, тек сізге арналған кілт қана шыр
айналды. Бəріміз де дəулетті болады екенбіз. Годен миллионер боп қайтар
деймін, мен оны түсімде көрдім: жылан толы кемеге мініп келеді екен;
ырысымызға қарай, су лай еді: Бұл алтын жəне алыстағы, теңіздің ар
жағындағы елдердің қымбатты асыл тастары деп жорылады. Сырқат
нəрестесін əлдилеген ананың көмескі əніне ұқсас осы бір дос-жар,
мағынасыз сөздер мен үшін бірқыдыру жұбаныш тəрізді болды. Ізгі əйелдің
үні мен көзқарасында, мендегі қасіретті жоя алмаса да, оны тежейтін,
тербететін, мұқалтатын жылы шырайлы ықыластылық мол еді. Анасынан
гөрі анағұрлым қырағы Полина мені сынап, үрейлене қарай қалды, оның
ақылды көз жанары, бейне бір, менің өмірімді, болашағымды болжап,
аңғарып тұрғандай. Мен анасына да, қызына да ізет көрсете бас изеп, алғыс
білдірдім де, көңілім босап кете ме деп қауіпсініп, тезірек кетуге асықтым.
Өз бөлмеме келісімен жападан-жалғыз, өзімнің бақытсыздығыма налып, ой
шыңырауына үңілдім. Қатерлі қиялым еш нəрсеге де негізделмеген
мыңдаған жобаларды көз алдыма елестетті, мүмкіндігі жоқ байламдар
бұйырды. Өзінің бұрынғы ең дəулетінің жұрнақтары арасында итшілеп
тіршілік еткен адам да күн көрерлік əйтеуір бірдеңе табады ғой, ал менде
іліп алар түк жоқ-ты. Уа, сүйікті достым, біз кедейлікті тым оңай ғана
кінəлаймыз ғой. Əлеуметтік еріткіштердің бəрінің ішіндегі аса
белсендісінің нəтижелерін есіркейтін де болайықшы бір ауық. Кедейлік
үстемдік құрған жерде содан əрі ұят та, қылмыс та, мейірбандық та, ақыл
да өмір сүре алмақ емес. Жолбарыстың алдында тізе бүккен балғын бикеш
тəрізді, менде сол шақта ешқандай пікір де, күш те жоқ еді. Құмарлыққа
құнықпаған адам, ақшасы болмаса да, өзін-өзі билей алады, ал ғашық
болған қу кедей содан былай өзіндік емес бірақ ол өзін өлімге де қия
алмайды. Махаббат біздің өзіміз жөнінде көкейімізге ізгі сезім ұялатады,
біз өзіміздің ішіміздегі өзге бір өмірді қадір тұтамыз. Ендеше, махаббат
бақытсыздықтардың ең сұрапылы болмақ, өзімізді азап шегуге көндіретін
үміткерліктен де құр емес нағыз сойқанды бақытсыздық болмақ. Мен ертең
Растиньякқа барып, Теодораның ала-бөле ерсі шешімге бел байлағаның
айтпақ болып жатып, ұйықтап кетіппін.
–Бəсе! Бəсе! – деді Растиньяк таңертеңгі сағат тоғызда-ақ кіріп
келгенімді көріп, сенің неліктен мұнда келген сыңайыңды танып тұрмын:
сірə, Теодора сені тағыңнан тайдырса керек. Графинята ықпалың жүріп
тұрғаның күндейтін мейірімді жандар сендердің тойларың болатының да
жариялап үлгірген-ді. Құдай біледі, сенімен бақталас болушылардың саған
телімеген делқұлылығы қалмаған шығар, сені қаралаған кесапат сөздердің
айтылмағаны кемде-кем-ақ шығар.
– Барлығы да айқын! Баяғыдан бергінің бəрінің түп себебі осы екен ғой!
деп айғайлап жіберіппін сол шақта.
Мен өзімнің барлық дөрекіліктерімді есіме түсіріп, графиня өзін өзі
тамаша, əдепті ұстаған екен-ау деп таптым. Өз пікірімше, мен өзімді əлі де
жеткілікті дəрежеде зарықпаған сұм деп таныдым да, графиняның
есіркегенін сүйіспеншіліктің шыдамды жанашырлығы екен деп
шамаладым.
– Асықпайық, – деді естияр гаскондық. Теодорада мейлінше өзімшіл
əйелдерге тəн көрегендік, зирек дарын мол; сенің көзіңе оның дəулеті мен
сəн-салтанаты ғана шалынып жүрген кездің өзінде-ақ ол бəлкім, сен
жөніндегі топшылауын қорытып та қойған болуы мүмкін, сен қаншама епті
болғаныңмен, ол сенің жан сырыңды жазған хаттай танитын болар. Ол өзі
де мейлінше сыр түйгіш тұйық болғандықтан, тұйықтықтың титтейіне де
рақымсыз! Бəлкім, – деді Растиньяк тағы да үстей, мен сені жөнсіз жолға
бағдарладым білем. Ақыл-парасаты, ибалығы қаншама кəміл болғанмен,
Теодора менің білуімше, тек зейін лəззатын ғана білетін барлық əйелдер
сияқты, өктем жан бола ма деймін. Ол үшін барлық рақат түгелдей тұрмыс
игілігінде, қоғамдық сауық-сайранда ғана: сезім дегеніңіз ол үшін оның
өзінің атқаратын рольдерінің бірі ғана; ол сені бақытсыз етер еді де, өзінің
бас жалшысына айналдырар еді.
Бірақ, Растиньяктың бұл сөздері меңіреуге айтылғандай еді. Мен оның
сөзін бөліп жіберіп, ойнақы жалған жайдарылықпен өзімнің қаржы
жағдайымның қандай екенін баяндап, кес-кестей бердім.
– Кеше кешкілік, деп жауап қайырды ол, жауыз тағдыр менің
иемденгелі тұрған бар ақшамды жытырып жіберді. Осы бір тұрпайы
сəтсіздікке ұшырамағанда, мен əмиянымды сенімен құлшына ортақтасар
едім. Жүр, шарапханаға барып тамақтанайық, теңіз бақасын шайнап
отырып, бəлкім, бірдеңе ойлап табармыз.
Растиньяк киініп, тильбюриге86 ат жеккіз деп жалшыларына əмір берді.
Содан кейін екеуміз екі миллионерге ұқсап, қолда жоқ, қиялда мол
қазынаның буына семірген оспадарсыз алыпсатарлардың арсыз пішінімен
"Кафе де Париге" келдік. Мынау гаскондық шайтан өзінің еркінсіген
бейпілдігімен, саспас сабырлы паңдығымен мені жасқантып, имендіріп
барады. Өте келісті, талғаулы тағамдардан кейін кофе ішіп отырғанда,
кескіндерінің сүйкімділігімен де, киімдерінің сəнділігімен де назар
аудартарлық лайықты жастардың бүкіл бір тобымен бас изесе амандасып
үлгірген Растиньяк, осындай мырзалардың бірі кіріп келе жатқаның көріп:
– Əнеки, сенің ісің оңғарылуға айналды, – деді маған.
Сөйтті де, тамаша жарасымды галстук таққан, өзіне лайықты үстел
таңдаған джентльмеиге онымен сөйлескісі келетіні жайлы ым қақты.
– Бұл зымиян, – деді Растиньяк менің құлағыма сыбырлап, мағынасы
өзіне де ұғымсыз шығармаларын жариялап, сол үшін орден алды, ол химик,
тарихшы, романшы, публицист, көптеген пьесалары үшін театрлардың
түсімінен тиесілі төрттен бір, үштен бір, тіпті тең жара сыбағалар алып
тұрады; осының бəріне қарамастан, шіп-шикі надан өзі. Бұл кісі емес, құр
есім, жұртқа жағымды жарнама. Сондықтан маңдайшасында: "бұл жерде
өзіңнің жазуыңа болады" деген жарнамасы бар кабинеттерге кіруден ол
тайқақсып жүреді. Оның айлакерлігі сондай, тіпті бүкіл бір конгресті
ақымақ етіп кете алады. Екі ауыз сөзбен айтқанда, мораль тұрғысынан
қарасаң, ол бұдан, онша ақ пейіл адал да емес, шығандағы бұзық та емес.
Ақырын, абайла! Ол дуэльде де атысып көрді, ал жарқылдақ қауымға
осыдан артықтың керегі де жоқ: "Бұл құрметті адам!" деседі ол жөнінде.
– Уа, менің аса қадірменді достым, менің ардақты достым! Халахуалыңыз қалай? – деді Растиньяк бейтаныс жігіт көршілес үстелге
отырысымен.
– Жай əншейін, пəлендей жақсы да емес, онша жаман да емес... Жұмыс
бастан асады. Аса қызғылықты тарихи естеліктер жазуға қажетті
материалдардың бəрі де қолымда, бірақ осыларымды қалай жүзеге асыруды
білмей жүрмін. Мені сол қинап жүр. Асығу керек, əйтпесе естеліктер
салттан шытып қалуы мүмкін.
– Осы замандікі ме, əлде ескіліктің естеліктері ме? Сарай төңірегіндегі
өмір туралы ма... Болмаса, не туралы?
– Алқа уақиғасы жөніндегі іс туралы.
– Мінеки, керемет емес пе бұл? – деді Растиньяк күле сөйлеп.
Сөйтті де, мені нұсқап, саудагерге айтар сөзін жалғастыра берді:
– Мына жігіт, де Валентен мырза, менің досым, əдебиеттегі
болашақтың атақты дөкейі ретінде сізге таныстырғаным. Оның нағашы
апасы маркиза бір кезде сарай маңында ықпалы мықты болған кісі екен,
бұл жігіт екі жылдан бері роялизм рухында революция тарихын жазумен
шұғылданып жүр.
Содан кейін əлгі өзінше бір пысықайдың құлағына еңкейіп:
– Дарынды адам, бірақ аңғал. Əр томына жүз экю төлесеңіз, сізге өзінің
нағашы апасы атынан сол естеліктерді жазып бере алады, – деді Растиньяк.
– Жарайды, деп жауап қайырды анау да галстугін түзетіп жатып. Əй
бала, теңіз бақасын əкел!
– Бірақ делдалдығым үшін сіз маған жиырма бес луидор, оған алдын
ала бір том үшін жүз экю төлейсіз, – деп Растиньяк сауданы пісіре берді.
– Жоқ, жоқ, атамаңыз. Елу экюден артық аванс төлей алмаймын, онда
да қолжазбаны тезірек алармын деген сеніммен тана. Сөйтсем, көңілім
тыныш болар.
Растиньяк жанағы сұмпайы сауданың əңгімесін маған сыбырлады да,
менің жауабымды күтпестен:
– Біз ризамыз, – деді. Бұл істі біржола тындыру үшін сізбен қашан
көрісуге болар екен?
– Несі бар, ертең кешкі сағат жетіде түскі тамаққа осында келіңіздер.
Біз түрегелдік. Растиньяк қызметші балата майда тиындар тастай беріп,
тамақ ақысы есептелген қағазды қалтасына сұға салды. Біз шығып жүре
бердік. Менің қадірменді нағашы апам маркиза де Монборонды
Растиньяктың сондайлық оп-оңай сатып жібергені мені қайран қалдырды.
– Əулетімнің атағына кір келтіргенше, Бразилияға барып, түк ұқпасам
да, үнділерге алгебра оқытқаным артық бұдан да.
Растиньяк қарқ-қарқ күлді.
– Ау, ақымақ емеспісің өзің? Əуелі елу экюді ал да, естелік жаз. Жазып
болғаннан кейін оны нағашы апанның атынан жариялаудан бас тарт, топас
неме! Жаңғылықта қаза тапқан де Монборон ханымның, оның шытырман
көйлектерінің атақ даңқының, сұлулығының, опа-далаптарының,
туфлилерінің құны, əрине, алты жүз франктен де артық болуы тиіс. Егер
баспагер сенің нағашы апаң үшін толымды баға кеспейтін болса, онда
мейлі, естелікке қол қоюға қайдағы бір алаяқ кəрі кавалерді немесе жүдепжадаған құр сүлде графиняны тауып алар.
– Əттеген-ай! Қасиетті құжырамнан несіне безіп кеттім екен! – дедім
мен ышқына налып, астарын айналдырып қарағандағы жарқылдақ
қауымың неткен лас, неткен сүмпайы еді.
– Ой, сенін мұның поэзия ғой, – деп жауап қайырды Растиньяк, ал,
əңгіме іс туралы болып отырған жоқ па? Сəби екенсің ғой өзің! Тыңдашы:
естеліктеріңді алсақ, оны жұрт бағалар; ал əдебиеттегі мынау жеңгетайды
айтатын болсақ, ол сорлы осыған өзінің сегіз жыл өмірін сарп еткен жоқ па,
баспа орындарымен байланысы үшін қатал тəжірибемен құн төлеп отырған
жоқ па? Кітапқа сіңіретін еңбектің тең болмағанмен, сыбағаның молын сен
алғалы тұрған жоқпысың? Оған тиесілі мың франктан гөрі, өзіңнің алатын
жиырма бес луидорың сен үшін анағұрлым қымбатырақ емес пе? Жүз экю
үшін Дидро87 алты уағыз жазғанда, қалай да олай, əйтеуір, көркем-өнер
шығармасы боп саналатын тарихи естеліктер жазбастай саған не көрініпті!
– Ақыр-аяғыңда, – дедім мен ой толқыны үстінде, маған осыдан басқа
лаж жоқ. Сонымен, достым, саған алғыс айтуыма рұқсат ет. Елу экю мені
байытып-ақ жіберер.
– Өзіңнің ойлағаныңнан гөрі де байырақ боларсың, Растиньяк
күлкісімен сөзімді бөліп жіберді. Делдалдығым үшін Фино маған да ақы
төлейді, бұл да саған тиетінін аңдаған жоқсың ба? Булонь орманыңа
барайық, – деді ол, онда сенің графиняңды көрерміз; өзім үйленгелі жүрген
тым тəуір жас жесірді де саған көрсетейін.
Бүлдіршіндей тым тартымды жан, Эльзаста туып-өскен, жалғыз-ақ
кінəраты сол семіздеу. Канттың, Шиллердің, Жан-Польдің шығармаларын,
сұйық заттардың қимыл-əрекеттері жөніндегі тылымнан толып жатқан
кітаптарды оқыды. Ол үнемі менің пікірімді сұрауға əуес-ақ бір түрлі
сондай дертке шалдыққан ба дерлік; амал жоқ, немістің сезімталдығын
түсінетін, ұшы-қиыры жоқ балладаларды білетін кісінің қалпын көрсетуіме
тура келеді, дəрігер тыйым салса да, ұйқы келтіретін осы дəрі-дəрмектің
бəрін де ішуіме тура келеді. Мен əлі де болса, оны əдебиетке деген ынташабытынан айныға алмай-ақ келемін: Гете шығармаларын оқығанда
кеңкілдеп тұрып жылайды, оған жарамсақтанып, мен де көзімнің жасын
аздап сіркуге мəжбүрмін, неге десең, сүйікті достым, жылына елу мың ливр
кіріс кіргізерлік дəулет, дүние жүзіндегі ең əсем аяқ, ең əсем қолдар осыны
істеткізбей қояр ма... Əттең, тілінің шолжыңдығы болмаса, жігіттің арман
еткен ақ сүйрігі сондай-ақ болар!
Біз көркем күймесінде отырып, сейіл құрып жүрген көрікті графиняны
көрдік. Назды сылқым бізге тым-ақ жайраңдап бас шұлғыды, əсіресе маған
қарап қылмаңдай күлім қатуы сол шақта мен үшін аспаннан нұр
төгілгендей, махаббат шарапағындай көрінді. Уа, шіркін, мені де
сүйетіндер бар екен деп жорамалдап, өзімді бақытты санадым, менде ақша
да, құштарлықтың қазынасы да бар, жоқшылық ада болғаны ғой! Жүзім
жайдары, көңілім сергек, дүниедегінің бəріне разы боп, мелдігімнен
тояттағандаймын, сондықтан да достымның ғашық жарын ынтығарлықтайақ аса сүйкімді жан екен деп таптым. Ағаштар, ауа, аспан, бүкіл табиғат,
бейне бір, Теодораның күлімдеуін маған қайталап тұрғандай. Қайтар
жолымызда Растиньяктың қалпақ сатушысына, тігушісіне соға жүрдік.
Алқа уақиғасы жөніндегі іс менің бейбітшілік кезіндегі бейшаралық халден
қаһарлы соғыс жағдайындағыша айбатты күйге көшуіме мүмкіндік берді.
Сол сəттен былай мен именбей-ақ сымбаттылық пен сəнділік жөнінен
Теодора төңірегінде шырғалаған жас мырзалармен бəсекелесе алатын
болдым. Үйге қайтқаннан кейін, сырт пішінім байсалды сияқты
болғанымен, мансардамдағы əйнегімнің қасына келіп, əйнектен көрінген үй
төбелерімен мəнгілікке қоштаса, болашатымды болжай, өмірімді көз
алдыма, бейне бір, сахнадағыдай елестете, махаббатты жəне оның
қуаныштарын күні бұрын бастан кешіре масайрап, оңаша отырдым. Түу, үй
шатырының астындағы лашықтың төрт қабырғасының ішіндегі тіршілік те
мұншалық дүлей бола алады екен-ау! Адам жаны, бейне бір, хордың қызы:
шөп-шаламды да ол гауһарға айналдырады; күн нұрының жылы лебі дала
гүлдерін құлпыртатыны сияқты, оның сиқырлы асасының серпінінен
ертегідегі сəулетті сарайлар гүлі жайнайды... Келесі күні түске таман
Полина менің есігімді тықылдатты да, не берді, таба қойшы! Теодораның
хатын ұсынды. Графиня Люксембург паркіне келіп, сол жерде онымен
кездесуді, содан Музейге жəне Ботаника бағына бірге баруды өтініпті.
–Даяшы жауап күтіп тұр, – деді Полина бірер минут үндемей тұрғаннан
кейін.
Алғыс сөздерімді тез ғана хатқа сүйкей салдым, Полина ол хатты
даяшыға апарып бергелі алып шығып кетті. Мен киіне бастадым. Сөйтіп
өзіме-өзім көңілім көншіп, киініп-жасанып болған кезімде: "Теодора
көлікпен келер ме екен, жаяу келер ме екен? Жаңбыр жауар ма екен, күн
шуақ болар ма екен?" деген ойлар сап ете қалды да, тұлабойым мұздай
болып, қалтырап қоя бердім. "Бəрібір, – дедім өзіме-өзім, мейлі жаяу
келсін, мейлі күймелі арбамен келсін, əйелдің ерке мінезіне сенуге болар
ма? Оның қалтасында ақша болмай қалуы мүмкін, сонда да жалба жұлба
шоқпыты жарасып тұрғаны үшін савойялық қайыршы балаға жүз су садақа
бергісі келсе..."
Жанымда жарты тиын бақыр да жоқ-ты, ақшаны мен кешкілік қана
алуға тиісті болғанмын. Тұрмыстың тежемелі тəртібі мен еңбек дегеніңіз
ақырында ақыл-парасат күшін қалыптастырады ғой, дүние-ай, албырт
жастықтың осындай дағдарыстары үстінде ақын сол күшке қандай қымбат
құн төлейді десеңізші! Аласұрған қапалы ойлар құйындай үйіріліп, улы
зəрімен əп-сəтте аза бойымды түршіктірді. Мансарда əйнегінен аспанға
қарадым; ауа райы тым кəдік екен. Іс насырға шапса, əрине, күні-бойына
күймелі арба жалдап та ала алармын ғой, бірақ бақыт рақатында қанша
шалықтасам да, кешкілік Финомен кездесе алмай қалам ба деген ой мені
минут сайын шиыршық аттырмай ма? Қуаныш құшағында мұншалық
қорқыныштарға шыдарлықтай жете қайратты да емес едім мен.
Іздегеніммен мұратқа жете алмайтыныма сенімім кəміл бола тұрса да,
бөлмемнің ішіне үлкен бір барлау жүргіздім, қиялдағы экюды төсеніш
сырмағымның ішінен із– дедім, бəрін аудара қарап, ақтара тексердім, ең
артысы ескі етігімді де қағып сіліктім. Жүйкелерім безгектегідей қалшқалш етіп, жиһаздарымды түгелдей тоңқалаң асырып, оларға кейістік
көзқараспен телміре қарадым, үңіле шұқшидым. Зарыққанға тəн
жаңғалақтықпен қайта-қайта ақтарған жазу үстелімнің суырмасын жетінші
рет ашып жібергенімде, бүйір жақтауына ұр жаңа, жып-жылтыр, жаңа туып
келе жатқан жұлдыздай жарқыраған аса əдемі, асыл текті бір ділда жүз су
жасырына жабысып, тығылып тұрғаның байқап қалғанымда, мені қандай
қуаныш сандырағы қаусыра құшқаның ұғынармысың достым? Үн қатпай
тым-тырыс тұрғаны үшін де, өзін соншалық құпия ұстағандығына кінəлы
болған қаталдығы үшін де құстаналамай, оны бақытсыз кезімдегі адал
досымдай сүйіп-сүйіп алдым, жаңғырықтан жауап тапқан айқаймен
құттықтадым. Кенет жалт бұрылғанымда, өңі қуарып, боп-боз болып
кеткен Полинаны көрдім.
Мен сіздің бір жеріңіз жарақаттанып қалды ма деп ойлап едім! – деді ол
жүрек толқуын баса алмай. Даяшы... (ол, бейне бір тынысы тарылғандай,
сөзін айтып бітіре алмады). Бірақ анам оған төледі, дегенді əрең жалғады.
Сөй– деді де ерке мінезді, ойнақы баладай зыта жөнелді. Байғұс
балапан! Мен оған бақыт тіледім. Сол мезетте менің жан сезімім дүниедегі
лəззат біткеннің бəріне ие боп тұрғандай көрінді маған; осы пақырлардың
несібесіне ортақ болған шығармын деп ойлаушы едім, енді сол үлестерін
өздеріне қайырып бергім келетін тəрізді.
Апатты түйсінердегі сезім болжауы бізді ешқашан да алжастырмайды
десе де болғандай: ойлағанымдай-ақ, графиня арбасын қайтарып жіберді.
Сылаң əйелдер кейбір еркеліктерінің қай тілектен туғаның өздеріне-өздері
де аңдата алмас еді, сірə, сондай еркеліктердің біреуінің ұйтқытуы шығар,
əйтеуір, графиня Ботаника бағына, көрікті ағаштар егілген көркем
көшелерді бойлай серуендеп, жаяу барғысы келді.
– Жаңбыр жауады ғой, – дедім мен оған. Менімен шəлкем шалыс келу
оған ұнайтын. Əдейі, қас қылғандай, біз Люксембург бақшасынан өткенше,
күн де шуақ бола қалған-ды. Бақшадан шығуымыз-ақ мұң екен, күндікке
түнере ойқастап, талайдан бері мені сескендіріп тұрған бұлттардан бірнеше
тамшы сіркірей де бастады; біз арбакеш жалдадық. Көрікті ағаштар егілген
көшелерге жеткенімізде жауын ашылып, аспан жаңадан жадырады.
Музейге жақындағанда арбакешті босатқым келіп еді, Теодора қайтармай
қоя тұруды өтінді. Неткен азап! Мұңайып, жүзімде жайраңдаған аңғал
жымиыстан-ақ айқын білініп тұрған құпия сүйсінуді тұншықтыра жүріп,
онымен мылжыңдасуымда, бақты кезіп, саясы мол аллеяларды
аралауымызда, оның білегі білегіме айқаса сүйенгенін сезінуімде осының
бəрінде де əлденендей қияли бірдеңе бар секілді:өңімде көрген түс еді бұл.
Ал, бірақ, мейлі жүрсін, мейлі тоқтасын, оның қозғалыстарында, сырт
көрінісіндегі лəззат құмарлығына қарамастан, ешқандай елжірегендік те,
сүйіспеншілік те жоқ еді. Оның өмірінің ағысына шөкімдей болса да
араласуға талпынсам, онда іштей сыр түйнеген жансебіл жігер барын,
əлденендей асау талап, тұрлаусыз шатқалаң барын айқындағандаймын. Тас
бауыр əйелдердің қол сермеулерінен жұмсақтық іздемес болар. Міне
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шегірен Былғары - 11
  • Parts
  • Шегірен Былғары - 01
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2531
    28.0 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 02
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2526
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    37.3 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 03
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2445
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 04
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2479
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 05
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2519
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 06
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2463
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 07
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2433
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 08
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2370
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 09
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2415
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 10
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2418
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 11
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2356
    28.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 12
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2283
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 13
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2455
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 14
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2393
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 15
    Total number of words is 4023
    Total number of unique words is 2423
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 16
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2233
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 17
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2155
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 18
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2257
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.8 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 19
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2406
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 20
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2522
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.2 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 21
    Total number of words is 2497
    Total number of unique words is 1541
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.