Latin Common Turkic

Шегірен Былғары - 06

Total number of words is 3994
Total number of unique words is 2463
29.5 of words are in the 2000 most common words
42.5 of words are in the 5000 most common words
49.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Инабаттылық дейді. Оны зағип жəне құныс əйелдерге-ақ сыйлайық
та! Онсыз ол байғұстар немен күнелтпек?
– Жап аузыңды! деп айқайлап жіберді Эмиль. Білмейтін нəрсеңді айтпа.
– Немене? Мен бе білмейтін? деп дүрсе қоя берді Евфрасия. Бүкіл өмір
бойына жексұрын мақұлыққа тəуелді болу, түбінде өзіңді тастап кететін
балаларды тəрбиелеу, жүрегіңді жаралағаны үшін оларға "рахмет" айту,
сіздің əйелдерге жүктейтін инабаттылығыңыз осылар ғой; оның үстіне,
əйелдің өзін-өзі барлық рақаттан мақұрым еткен ақысына сендер оны
аздырмақ болып, оған қайғы-мұңның жүгін артасыңдар, егер əйел бұған
көнбесе, абырой төгесіңдер, өсекке таңасыңдар. Жақсы-ақ өмір-ау, шіркін!
Одан да бас азаттығыңнан айырылмай, кімді ұнатсаң, соны сүйіп, жастай
өлгенің артық.
– Ал сен осылардың барлығы үшін бір кезде сазайынды тартатыныңды
ойламаймысың?
– Несі бар, – деді қыз, лəззат пен қасіретті араластырғанша мен өмірімді
екі ұдайға бөлемін. Бірінші жартысы жастық, ол, əрине, сөзсіз көңілді
болуы тиіс, жəне екіншісі кəрілік, ол, əрине қайғылы-қасіретті болады, əме
сол кезде де жетерліктей-ақ азап шегермін.
– Бұл əлі ғашық болып көрмеген қыз, – деді ұяң дауыспен Акилина.
Сүйгенінің жарқын жанарын бір көріп, есі шыққанша шаттану үшін, жүз
миль жаяу жүріп келгендегі алған сыйы ретінде сүйгенінің мұның бетіне
бір қарап, сонсоң бұдан азарда-безер болғаның көрген жоқ қой; бірде-бір
сот мұның өмірі қыл үстінде тұрғанының бір ретте бастан кешкен емес,
өзінің əміршісін, өзінін мырзасын, өзінің тəңірісін құтқару үшін бірнеше
адамды жарып өлтіретіндей жағдайға келген емес бұл мұның білетін
махаббаты полковник қана.
– Ларошель ме? деп қарсыласты Евфрасия. Махаббат деген бір өткінші
жел: оның қай жақтан соғарын біз білмейміз. Иə, ақырында, егер сені бір
хайуан сүйген болса, сен онда ақылды адамдардан да жасқанатын
боларсың.
– Қылмыс заңы біздің хайуандарды сүюге тыйым салады, – деді
айбатты Акилина кекесінді үнмен.
– Сені əскери адамдарға аз да болса іші жылитын шығар деп ойлаушы
едім! – деді Евфрасия ызалы күлкімен.
– Ақыл-санадан безген үшін шынымен-ақ
санайсыңдар ма? деп айқайлап жіберді Рафаэль.
өздеріңді
бақытты
– Бақытты дейсіз бе? деп қайта сұрады Акилина дəрменсіз абыржыған
күйеуге езу тартып, торыққан көз жанарын екі досқа туралап, түу, ішінт
өліп жатқанда өзіңді-өзің зарлап лəззат алуға көндірудің не екенін сіздер
білмейді екенсіздер ғой...
Осы сəтте қонақ бөлмеге көз жүгірткен адам Мильтонның64
поэмасындағы əзəзілдер ордасы сияқты бірденені көрер еді. Пунштың
көгілдір жалыны əлі де болса шарап ішуге шамасы келетіндердің жүздерін
тамұқта жүргендей етіп көрсеткен. Жұрттың бойын кернеген жабайы күш
аласұрған биге ауысқанда, қалған қауымды қыран күлкіге булықтырған.
Əйелдердің оңаша бөлмесі мен шағын қонақ үй өліктер мен жаралылар
жыпырлап жатқан ұрыс даласына ұқсапты. Мұндағы ауа шарапқа, лəззатқа
жəне шешендікке кенеліп, тұнып тұрғандай. Мастық, махаббат, сандырақ,
кісіні өзін-өзі ұмыту дəрежесіне жеткізген зауық мұндағылардың
жүректерінен де, жүздерінен де, аяқ астындағы кілемдерден де, үй ішіндегі
астан-кестен болған тəртіпсіздіктен де айқын сезіліп тұр. Осының бəрі
жұрттың жанарына буалдыр шел қаптатып, ауаны, адамдарды одан сайын
мас қылатын көгілдір бұта толтырып жібергендей. Күн нұрынан
шашыраған жарық шұғыла сияқты сансыз тозаң шыр көбелек айналып,
асыр салып, кереметтей қызғылықты құбылыстар туғызып жатқандай. Ана
жерде де, мына жерде де айқара құшақтасқан адам тəндері ақ мрамор
мүсіндермен, үй ішін сəнге бөлеп тұрған асыл текті тас бейнелерімен
жымдасып, қабысып жатыр.
Екі достың сана мен сезімдерінде əлі де болса əлденендей алдамшы
айқындық, кіресілі-шығасылы ес, шалажансар тірліктің кемеліне келіп
жетілмеген нышаны сақталулы еді, бірақ олар жалыққан жанарларын
жанай өтіп жатқан осынау ерсі киялдарда өмір шындығына ұқсас
бірдененің бар-жоғын, сол бір табиғаттан тыс көріністерде мүмкін
боларлық бірдеңенің бар-жоғын айыра алмады. Біздің қиялдарымыздың
қапас аспаны, түсте көрген бейнелерімізді буалдыр түтінге бөлеп, өрттей
шарпыған ерке наздық, əсіресе бойды билеп алған əлде бір ауырлық, ең
ақырында, түсте көргендей шым-шытырық елестер жас достарды еліктіріп
əкеткендігі сонша, олар ынсапсыз сайранның азғын ермектерін сол үрейлі
түстің кереметтері деп ойлады, қимыл-қозғалыстар дыбыссыз болатын,
айғайлаған дауыстар құлаққа естілмейтін қорқынышты түстің көріністері
елестегендей болды оларға. Тап осы кезде Тайферді өзінің ерекше сенімді
малайы зордың күшімен ауыз үйге шақырып алып, қожасының құлағына
сыбырлаған:
– Тақсыр, көршілердің бəрі терезелерінен қарап, айқай-шудан мазамыз
кетті деп шағым айтып жатыр.
– Егер олар айқай-шудан қорқатын болса, есіктерінің алдына сабан
төсесін! деп ақырды Тайфер.
Сол кезде Рафаэль кенеттен, ешбір себепсіз қарқылдап күліп кеп
жіберді, осыған таңданған досы оның неге мұнша естен айырыла
шаттантаның сұрауға мəжбүр болды.
– Менің ойымды түсінуің қиын болар, – деді Рафаэль. Ең алдымен
сендер мені өзен жағасындағы Вольтер көшесінде, мен тап Сената құлап
өлмекке бел байлап келе жатқанымда тоқтатқандарыңды мойындауым
керек, сондықтан, əрине, сен менің өзімді-өзім өлтіруге бел байлауыма не
себеп болғаның білгің келетін шығар. Бірақ бұған қоса, адамзат
даналығының символикалық суреттерінде материалдық дүниенің
поэзиядағыдай аса көркем жұрнақтары хикаядағыдай дерлік кездейсоқ бір
себептен сол шақта менің көз алдыма топталғаның айтсам; əлгіде, үстел
басында отырғанда өзіміз талапайға салған барлық рухани қазынаның
сарқыттары қазір бізді мына екі əйелге, есуастықтың жанды жəне түпнұсқа
іспетті бейнелеріне əкеп жолықтырғаның айтсам сен мұның көбін ұғына
алармысың, сірə! Ал адамдар мен заттар жөніндегі мейлінше
бейқамдығымыз болмыстың бір-біріне тікелей қарама-қарсы екі жүйесінің
төтенше жарқын аллегориясына, екінші бір мағынада айтылатын түріне
көшуге себепкер болғаның аңғарармысың, тегінде? Егер сен мас болмаған
болсаң, мұның өзі бүтіндей бір философиялық трактат екенін, бəлкім,
мойындаған да болар едің.
– Қорылдаған демі бейне бір төніп келе жатқан найзағай сияқты мынау
сиқырлы Акилинаның үстіне екі аяғыңды көлденең салмаған болсаң, сенің
мастығың үшін де, мылжыңдығың үшін де мен ұялып, қызарған болар
едім, – деді Эмиль, Евфрасияның бұрымын бір өріп, бір тарқатып, осынау
бейкүнə ермекпен несіне шұғылданып отырғаның өзі де толық аңғармай.
Сенің екі жүйеңді бір ауыз сөзге сыйғызуға болады жəне оларыңның негізгі
түйіні біреу-ақ. Дерексіз ойлар қуысында немесе пиғыл дүниесінің түпсіз
тұңғиығында өткен өмір есуас сəуегейлікке əкеліп соқса, қарапайым жəне
мақсатсыз өмір еңбек арқылы ақыл-санамызды топастандырып, ойсыз
ақылгөйлікке ұрындырады. Қысқасы, сезім атаулыны тұншықтырып,
қартайғанша өмір сүру немесе құмарлық қасіретін тартып, жастай дүние
кешу, міне біздің еншіміз осы. Алайда, айта кетуім керек, бұл үкім
жаралған жанның бəріне үлгі пішкен қатал сықақшының біздің үлесімізге
берген қайрат-жігерімен тартысқа түсуде.
– Есуас! – деді Рафаэль оның сөзін бөліп. Өрісіңді бұдан да тарылта түс,
сонда сен толып жатқан томдар туғызасың. Егер мен бұл екі идеяны дəлмедəл тұжырымдамақ ниетінде болсам, адам ақыл-парасатын жаттықтырудан
азады да, надандық арқылы тазарады дер едім. Мұның аты бүкіл қоғамға
айып тағу деген сөз. Бірақ біз даналармен бірге өмір сүрсек те, есуастармен
бірге қаза тапсақ та бəрібір, ерте ме, кеш пе, əйтеуір нəтижесі бір болмай
ма? Сондықтан да əp істің негізгі түйінін таба білетін ұлы адам бұл екі
жүйені бір кезде "Каримари, Каримара"65 деген екі ауыз сөзбен
тұжырымдаған болатын.
– Сен мені құдайдың құдіретіне шек келтіруге мəжбүр етіп отырсың.
Өйткені сенің ақымақтың оның құдірет күшінен де асып жатыр, – деді
ерегісіп Эмиль. Біздің қымбатты Рабле бұл философияны "Каримари,
Каримара" дегеннен гөрі ықшамдырақ "бəлкім" деген сөзбен тұжырды.
"Мен қайдан білейін?" деген нақылын Монтэнь осыдан алды. Пиғыл
ғылымының осы соңғы жаңалығы екі ыдыстағы сұлының қайсысын жерін
білмей аңтарылған Буриданның66 есегіңдей, жақсылық пен жамандықтың
қайсысын таңдарын білмей дагдарған Пирронның67 аһ ұруымен бір емес
пе? Тіпті осы күннің өзінде де "иə" немесе "жоқ" деген сөздермен
аяқталатын осы мəңгі-бақи таласты доғарайықшы. Сенаға құлап өлуге
əрекеттенгенде қандай тəжірибе жасап көрмек едің сен? Нотр-Дам
көпірінің іргесіндегі су машинасын күн– дедің бе?
– Аһ, егер сен менің өмірімнің қандай екенін білген болсаң!
– Ah, – деді кейін Эмиль. Мен сені мұндай дөрекі доғал деп ойламап
едім: жауыр болған сөз ғой бұл. Біздің əрқайсымыз өзімізді басқалардан
гөрі көбірек сорлап жүрміз деп есептеуге əуес екенімізді білмейсің бе?
– Аһ! деп күрсінді Рафаэль.
– Сенің Бұл "аһ"-ын нағыз мəжнүндік! Кəне, айтшы маған: күн сайын
таңертең бұлшық еттеріңді сірестіріп, баяғыда аттарды да тырп еткізбеген
Дамьенше68 оларыңды тұқыртып, тежеп тұруыңа сені мəжбүр ететін, содан
кейін кешкілік парша-паршаңды шығаратын сана сырқаты ма, əлде тон
сырқаты ма? Болмаса жаппа лашығыңда отырып, иттің шикі етін жеп пе
едің? Əлде балаларың "Қарнымыз ашты" деп шулады ма? Мүмкін,
сүйгеніңнің бұрышын сатып, ақшаңды құмарпаздар үйіне апарып ұттырған
шығарсың? Əлде жалған нағашының кепілдігі арқылы жалған вексель
бойынша борыш төлегелі өтірік мекен-жайға барып əуреленіп пе ең,
жетпесе, оның үстіне кешігіп қалам ба деп қорқып па ең?.. Айт, кəнекей!
Егер сен əйел үшін, қарызын өндіріп алуға ұйғарылған вексель үшін
немесе зеріккеннен суға кетіп өлмек болған болсаң, мен сенен беземін.
Шын сырыңды айт, алдама; мен сенен тарихи мемуар талап етпеймін. Ең
бастысы; мастықтың мұрша беруіне қарай неғұрлым қысқаша баянда; мен
оқушыдай қатаң талап қойғышпын, əрі кешкі дұға үстінде қалғыған
əйелдерше, ұйқым да жуық.
– Ақымақ, – деді Рафаэль. Азаптану дейтіннің сезімпаздық белгісі
болудан қалғаныңа көп заман өтіп пе еді? Біз ғылымның білімнің сондай
биік сатысына жетіп, жүректердің табиғи тарихын жаза алатын болсақ,
олардың номенклатурасын анықтай алатын болсақ, жан-жануарларды шаян
тектестер, қазындылар, кесірткелер, байырғылар... тағы басқалар деп əр
түрлі топтарға бөлетініміз сияқты, жүректерді де түріне, тегіне, ұрпағына,
нəсіліне, тағы сондай-сондайларына қарай жіктей алатын болсақ, онда,
сүйікті достым, гүлдей нəзік, неуетек жүректердің бар екені жəне сол
сүйкентенді де көтере алмай, олардың күйрейтіні, ал кейбір минерал
жүректердің мұндайды сезбей де қалатыны іс жүзінде сипатталар еді.
– Уай, құдай ақына, кіріспе сөзден құтқара гөр, б»тіреке! – деді Эмиль
Рафаэльдің қолын ұстап, əрі əзілді, əрі жалынышты үнмен.
ТАС ЖҮРЕК ƏЙЕЛ
Рафаэль аз-кем үндемей отырды да, содан кейін, қолын алаңсыз бір
сілтеп əңгімесін бастады:
– Білмеймін, шарап пен пунштың буы ма екен, əйтеуір бүкіл өмірімді
тап қазір түп-түгел шолып, көз алдыма айқын елестетіп отырмын, барлық
тұлғалары, көлеңкелері, жарық сəулесімен көмескі тұстары айнытпай
салынған сурет сияқты.
Егер осы кезде бұрынғы қайғыларым мен қуаныштарым өзіме
жиіркенішті болып көрінбеген болса, онда ой-сезімімнің мұндай ғажап
құбылысына таңданбас та едім. Мен өзімнің өміріме алыстан көз
жібергендей болып қарасам, əлденендей бір рухани қасиеттің əсерімен ол
менің көз алдыма бір түрлі ықшамдалып көрінетін сияқты. Он жылдан бері
бастан кешірген ұзақ та сұрапыл азаптарымды қазір бір-екі ауыз сөзбен
ғана баяндап беруіме болады, сол бір-екі ауыз сөзде қасіреттің өзі тек
пікірге, ал рақат, лəззат дегендеріңіз тек философиялық толғануға айналып
кетер еді, мен тікелей сезінудің орныңа ой толғау түрінде айтпақпын...
– Сенің сөздеріңнің адамды жалықтыратыны сонша, кəдімгі бір заңға
ұзақ түзету еңгізу жөнінде ұсыныс жасап отырған сияқтысың! – деді Эмиль
сабырсыздана.
– Мүмкін, деп келісе кетті Рафаэль ренжіместен. Сондықтан да сенін
құлағыңды сарсылтпас үшін мен өмірімнің алғашқы он жеті жылы
жайында айтпай-ақ қояйын. Оған дейін мен де сен сияқты, мыңдаған басқа
жастар сияқты мектеп өмірін, лицей өмірін бастан өткіздім, андағы өзіміз
ойдан шығарған бақытсыздықтар мен, шынайы қуаныштар біздің
естеліктеріміздің көркі емес пе еді? Сол кездегі жұма сайын берілетін
көкөністерді содан бері татып көрмегендей-ақ сатынамыз, тəтті тамаққа
құныққан нəпсіміз соны өлі аңсайтын секілді. Тамаша өмір еді-ау, ол, біз
сол өмірдің қиындықтарын місе тұтпай аспаннан қараймыз, шыныңда сол
қиындықтар ғой бізді еңбекке баулыған...
– Мұның бəрі сезімталдық, енді драмаңа қош, – деді Эмиль əзіл аралас
жалынышты үнмен.
– Мен колледжді бітіргеннен кейін, – деді Рафаэль "əңгімемді бөлме"
дегендей ишарат білдіріп, əкем мені қатаң тəртіпке көндірді. Ол мені өз
кабинетімен көршілес бөлмеге орналастырды; соның талап етуімен енді
мен сағат тоғызда жатып, таңғы сағат бесте тұратын болдым; ол менің
құқық мəселелерімен мықтап шұғылданғанымды тəуір көрді; мен
лекцияларды да тыңдадым, адвокаттық практикалық қызмет те үйреніп
жүрдім; алайда уақыт пен кеңістік заңдары менің серуендерім мен
қызметімді қатал реттеп отырды, ал, əкем болса дастарқан үстінде менен
есепті қатаң талап ететіндігі сонша, тіпті...
– Онда менің жұмысым қанша? деп Эмиль Рафаэльдің сөзін бөліп
жіберді
– Уа, тəйірі алсын сені! – деді Рафаэль кейіп. Жан жүйеме ықпалын
жүргізіп, мені жасқаншақтыққа дағдыландырған күнделікті өмірдің
қарапайым құбылыстарын, соның салдарынан өзім көпке дейін жастықтың
аңқаулығынан арыла алмағандығымды айтпасам, менің сөздерімді ұғына
алармысың сірə? Сөйтіп, жиырма бір жасқа келгенімше мені
монастырьдың уставындай ызғарлы деспотизм жаныштады да отырды.
Менің тұрмысымның көңілді болмағандығын айқын түсінуің үшін əкемнің
түс-сипатын суреттеп берсем, тегінде, сол да жеткілікті болар: ол ұзын
бойлы, арық, тарамыстай кірінкі, ақсұр, ұстараның жүзіндей ашаң жүзді
кісі еді, сөзін үзіп-үзіп сөйлейтін мінезі, əжі қыздай күйгелек, бастық,
төредей кіді болатын. Менің еркін, алып-қашпа ойларымды əке айбары
үнемі тежеп, бейне бір картасын бүркенішпен бастырмалатып тұратын; мен
оған өзімнің сүйіспеншілік, нəзік сезімімді білдірмек болсам, ол мені аңғал
сөйлейтін алаңғасар сəбидей көретін; бір кезде мұғалімдерімізден қалай
қорықсақ, мен əкемнен олардан да бетер қорқатынмын; оның алдында
өзімді сегіз жасар баладай сезінетінмін. Ол дəл қазіргідей əлі де менің көз
алдымда. Үстіне қалампыр түсті қима шапанын кигенде, қызыл жұмыртқа
мейрамы кезіндегі балауыз шырақтай қақайған бейнесі əлдебір кітапшаның
қызғылт мұқабасына ораулы ыстаған балық секілді болатын. Дегенмен де,
əкемді жақсы көрдім: асылында, ол əділ адам еді. Қатаңдық тəрбиешінің
қайратты мінезімен, мінсіз жүріс тұрысымен, мейірімділігімен табиғи
ұштастырып отырса бізде онша наразылық туғызбайды ғой. Əкем мені еш
уақытта көзінен таса қылмайтын, жиырма жасқа жеткенімше ол маған ен
болмаса он франк та, адыра қалғыр, қуарған сол он франкты да бермейтін;
ондай ақша мен үшін бата жетпес қазынадай көрінетін, менің талай
армандарымды сол орныңа келтіретіндей көретінмін. Əйтседе ол аздыкөпті сауық-сайраннан мені құр қоймауға да тырысатын. Қатарынан
бірнеше ай бойы мені уəдемен байытып келіп, ақырында операға,
концертке, балға ертіп апаратын болды: онда мен ғашығымды
кездестірермін деп үміт еттім. Ғашығымды! Мен өзімнің дербестігімді
қандай көксесем, қызға ғашық болуды да сондай аңсайтынмын. Бірақ
ұялшақ, қорғалауық болғандығымнан, оның үстіне тектілер қауымының
тіліне түсінбейтіндігімнен, ешбір танысым болмағандықтан, мен ылғи үйге
əлі кіршіксіз таза, күнəсыз күйімде, бірақ бəз баяғы сол бір арманды тілек
кернеген жүрекпен қайтушы едім. Ал, ертеңіне, атты əскердің
мініскеріндей, əкемнің ауыздықтауымен өзімнің адвокатыма, заң ғылымын
үйренуге, сот кеңсесіне баратынмын. Əкем сызып берген бірсарынды
жолдан бұрылуға тілек білдіруім əкемнің ашуын келтірер еді: ол мені,
алғашқы ағаттығым үшін-ақ, Антиль аралдарына кемешінің жас малайы
етіп жалдап жіберермін деп үрейлендіріп қойған-ды.
Қалай да бірер зауық үшін бір-екі сағатқа үйден шығып кетуге
батылдық ете қалсам, жүрегім қандай лүпілдеуші еді! Нағыз ұшқыр
қиялдың, сүйгіш жүректің, аса нəзік жан жүйесінің, нағыз асқағы ақын
ақылының тастан қатты адаммен, дүние жүзіндегі нағыз зəрлі тілді, ысқаяқ
адаммен үздіксіз бетпе-бет отыруын көз алдына елестетіп көрші; қысқасы,
уылжыған жас қызды қаусаған көрі қанқамен некелестіруші, сонда ғана сен
менің осы өмірімді ұғына аласың, оның байыбына жете аласың: мен осы
үйден қашып кетсем бе деп те жоспар жасайтынмын, бірақ əкем көзіме
көрінсе-ақ жоспарым ғайып болатын, өз-өзімнен торығып, түңілетінмін де,
тек ұйықтағанда ғана тыным алатынмын, тілектерімді тежеп,
тұмылдырықтап жүретінмін, тұнжыраңқы үмітсіздікке түскенімде тек
музыканың үні ғана серпілдіретін. Мен күй ырғағы арқылы ғана шер
тарқатушы едім. Көбінесе менің кішіпейіл сырластарым Бетховен мен
Моцарт болатын. Сол бір күнəсыз, мейірбаншыл кезімдегі ар-намысымды
тебірентетін соқыр сенімдерім осы күні есіме түссе, өз-өзімнен
күлімсіреймін: егер ол кезде мен мейрамхананың табалдырығынан аттасам,
бар дəулетімнен жұрдай болып күйзелдім деп есептер едім: менің қиялым
дəмхананы думанды сайран орны деп қарауға мəжбүр ететін, онда барған
адам өзінің абыройын төгіп, бар дəулетін сатып ішеді деп ойлайтынмын.
Ал ұтысты ойындарға бару үшін ақша керек.
О, бəлкім, сен жалыққаннан ұйықтап та қаларсың, бірақ мен саған
өмірімдегі ең сұрапыл қуанышым туралы, қылмыстының иығына
қыздырып басқан істік темірдей, менің жүрегіме қадалған қанды
тырнақпен қаруланулы қуаныш туралы əңгіме айтайын. Мен əкемнің
немере інісі герцог де Навареннің үйіндегі балда болдым. Бірақ менін сол
кездегі күйімді көз алдына айқын елестете алатын болуың үшін мынаны
айтуға тиіспін: үстіме кигенім: жиектері қырқылған ескі фрак, нашар
тігілген туфли, атшының галстугі жəне тозған перчатка. Балмұздақты
тойғанымша жеп, əдемі əйелдерге көзім талғанша қарау үшін, мен бір
түкпірге тығыла отырдым. Əкем мені байқап қалды. Соншалықты сенім
көрсетуіне не себеп болғаның біле алмай, əлі күнге дейін таңмын: əкем
əмнян толы ақшасын жəне кілттерін сақтай тұр деп маған берді. Менен он
қадам жерде карта ойыны жүріп жатқан-ды. Алтынның сыңғырлаған
дыбысын естідім. Дəл жиырмаға жеткен кезім еді. Бір күн болса да жасыма
лайық күнəқарлыққа берілгім келді. Бұл ақылдың азғындығы болатын,
мұндай азғындықты жезөкшелердің əуейілітінен де, бойжеткен қыздардың
түсте көретін шытырмандарынан да кездестіре алмайсың. Мен жақсы
киінсем, күймелі арбада сұлу əйелмен қатар отырсам, оған бір атақты
мырза болып көрінсем, Вəриден түстік ішіп, кешке театрға барсам, сөйтіп
əкеме ертеңіне ғана қайтып келсем, отан еш нəрсе түсінбейтін етіп
"Фитароның үйленуінен" де шым-шытырық бір нəрселерді ойдан соқсам
деп, бір жылдан бері арман ететінмін. Осы бақыттың барлық құны елу
экю69 шамасына түсер деп бағалаушы ем. Сірə, мектепке бармай, сабақтан
қалып қойған кездерімдегі балалығымның аңғырттық əсерінен тіпті сол бір
күндерде де арылмаған болсам керек!
Сөйтіп мен ойыншылар отырған бөлмеге кірдім; екі көзім оттай жанып,
дірілдеген қолдарыммен бір тасада əкемнің ақшасын санадым: жүз экю
екен! Мол ақшаның қызықтырғыш лаңы балалық қылықтарымды қайта
қоздырып, Мақбеттің қазан айналасында шыр айналған мыстандарынша,
көз алдымда секектеді. Тіпті сол мыстандардан да анағұрлым артығырақ
аздырғыш, жүрек тітіркенерлік, керемет сияқты! Мен алаяқтыққа бастым.
Құлағымның шыңылдағаныңа да, жүрегімнің асау аттай аласұра
тулағаныңа да қарамастан, жиырма франкілік екі алтын теңгелік
тиындықты бөліп алдым — сол екі теңгелік əлі менің көз алдымда. Алтын
теңгеліктердің бетіндегі Бопапарттың суреті қажалып, кетіліп қалыпты да,
шыққан жылы өшіріліп кетіпті. Əмиянды қалтама салып, ойыншылардың
үстеліне таянып бардым. Терлеген алақаныма екі алтын ақшаны қатты
қысып, тауық күркесінің үстінде шыр айналған қырғидай, ойыншыларды
айналшықтай бердім. Айтып жеткізгісіз мазасыздық тұла бойымды билеп,
онменнен өтетін өткір де шапшаң көзбен айналамдағыларды бір шолып
шықтым. Таныстардан ешкім де мені көрмегеніне көзім жеткеннен кейін,
ақшамды тапалтақ келген жуан қушыкештің картаға тіккен бəсіне қостым
да, оның төбесінен қарап, дұға оқып, нəзір айттым; теңіз үстінде қағарынан
үш дауылға душар болып қатерге ұшыраған адамдар да тап сол мезеттегі
менен күшті жалбарынып, дұғаны менен көп оқымаған шығар! Содан
кейін, өзімнің жасыма лайықсыз, таңғаларлықтай қылмыскерлік соқыр
сенімнің немесе макиавеллизмнің70 ықпалымен, залдардың ұзын тізбегіне
су қараңғы көзбен бедірейе қарап, есіктің түбінде мелшиіп тұрып
қалыппын. Бүкіл жан жүйем мен ой-қиялым, тағдырымды шешетін жасыл
жайманың үстінде шарқ ұруда. Сол күнгі кеште мен өз өмірімде тұңғыш
рет ғажайып бір физиологиялық байқаулар жасадым. Бұл байқаулар
арқасында менде бір түрлі "көріп кел" сəуегейлік сықылды бірдене пайда
болды, осының өзі екі жақты жаратылысымыздың кейбір құпия сырларын
ұғынуыма мүмкіндік берді. Мен өзімнің болашақ бақытым шешіліп жатқан
үстелге сырт айналып, теріс қарап тұрдым, бұл бақыт сезімнің
молдығынан, бəлкім оның қылмыстылығынан деп білу керек; төрт-бес
қатар болып тізілген көрушілер, бейне бір адамдардан қаланған қалың
қабырғадай мені екі ойыншыдан бөліп тұр. Гуілдеген дауыстар музыка
үнімен астасқан алтынның сыңғырын айқын естуіме мүмкіндік бермеді;
бірақ осы кедергілердің бəріне қарамастан, алыс жерді жақындатып, ұзақ
мерзімді қысқартарлық қабілеті бар құмарлықтың артықшылығын
пайдаланып, мен екі ойыншының екеуінің сөзін де анық естіп,
əрқайсысының қанша ұтысы бар екенін айқын көріп тұрғандай болдым,
корольді ашушының есебін де түсініп, кəдімгі солардың карталарын көзбен
көріп тұрғандай болдым; қысқасы ойын болып жатқан жерден он аттам
алыста тұрсам да, ойда жоқта ұтылып қалам ба деп, өңім құп-қу болып
кетті. Кенет əкем менің маңымнан өте шықты, дұғалықтағы "тəңірінің рухы
оны жанай өтті" деген сөздерді сонда ғана ұқтым. Мен ұтып шықтым.
Ойыншыларға ентелеген қалың тобырды иығыммен ығыстыра, аудың
жыртылған торынан жылыса жөнелген жылан балықтай жылмаң етіп,
үстел жаныңа ыршып түстім. Манадан бергі шеккен азабым шамадан тыс
шаттыққа айналды. Өлім жазасына үкім етіліп, дарға асқалы əкетіп бара
жатқанда кешірім алған айыпкерге ұқсас едім мен. Алайда, əрдені бар
əлдеқандай бір мырза жетпей тұрған қырық франкты төлеуді талап ете
қоюы қалай! Жұрттың бəрі секем алып, маған тіксіне қарасты, боп-боз
болып кеттім, маңдайымнан бұршақ-бұршақ тер тамшылары бұрқ ете түсті.
Бейне бір, əкемнің ақшасын ұрлағаным үшін зауалға ұшыраған тəріздімін.
Тəңірі жарылқағыр, тап сол сəтте мейірімді жуантығым нағыз періштенің
дауысындай үнмен "Бəрі де төленген" – деді де, қырық франкты суырып
берді. Мен басымды көтеріп, ойыншыларға үстем мереймен көз жібердім.
Мен əкемнің əмиянінен алған алтынды орныңа қайта салдым да, ұтқан
ақшамды əлгі сыпайыгер, əділ адамның билігіне бердім, ол ұта берді. Жүз
алпыс франкқа ие болуым мұң-ақ екен ол ақшаны, жолда
сыңғырламайтындай етіп, қол орамалыма орап алдым да, содан былай
карта ойнаған жоқпын.
– Ойын үстелінің жаныңда не істеп тұрған едің? – деді əкем арбаға
мінерде.
– Қарап тұрдым, – дедім даусым қалтырап.
– Əйткенмен, деп əкем өз сөзін ұластыра берді, етер намысың қозып, азмұз ақша тіккен болсаң, онда таңғаларлық еш нəрсесі болмас еді. Зиялы
қауым жұртшылығының көзқарасында сен қазір мырзалық құрарлық жасқа
жетіп қалдың. Сондықтан, Рафаэль, егер сен менің əмиянымдағы ақшадан
азырақ жұмсаған болсаң оныңды кешірер де едім...
Мен үндемедім. Үйге келген соң əкеме кілтін де, ақшаларын да бердім.
Ол өз бөлмесіне барған соң əмияндағы барлық ақшаны əшекейлі пештің
ернеуіне төкті де, алтындарын түгел санап шықты. Содан кейін мейірімді
пішінмен маған қарады да, əрбір сөз сайын ұзақ, көп мағыналы тыныс
жасай отырып, баппен сөйлей жөнелді.
– Балам, сенің жасың көп ұзамай жиырмаға толады. Мен саған
ризамын. Ең болмаса ақшаны үнемдеп жұмсауды үйренуің үшін, тұрмыс
мəселелерін аңғаруың үшін саған белгілі мөлшерде тұтынарлық ақша беріп
отыруым қажет. Мен саған айына жүз франк ақша беріп тұрамын. Өз
қалауың бойынша жұмсарсың. Мынау саған алғашқы үш айға, – деді ол,
сомасын тексермек болғандай, тəрізді бірінің үстіне бірі тізіліп қойылған
алтын теңгеліктерді қолымен сипап отырып.
Шынымды айтайын, мен сол кезде оның аяғына жығылып, өзімнің
қарақшы, сұмырай екенімді, тіпті одан да сорақы барып тұрған суайт
екенімді жариялауға да дайын едім. Ұялғанымнан ғана мүдіріп қалдым.
Құшақтай алғым келіп еді, ол ақырын ғана қолымды кейін ысырды.
– Сен енді ер жеттің, перзентім, – деді ол менің бұл ісім жай ғана,
əділдік іс, сондықтан сен алғыс айтарлықтай ештеңе жоқ. Сенің елжірей
еміренуіңе хұқығым болса, ол мынау ғана: – деді ол кісілік қасиетке толы
биязы үнмен, мен, Париж жастарын аздыратын бақытсыздықтан сенің
жастық шағыңды аман сақтап қалғаным. Осыныма-ақ риза боларсың.
Бүгіннен бастап екеуміз доспыз. Енді бір жылдан кейін сен заң ғылымының
докторы боласың. Бірталай мұқтаждық көру арқылы, ой-санаңның күресі
үстінде, іс жүргізуге қабілетті адамға соншалық қажетті болатын қомақты
білім алдың, еңбекті қадірлей білуді үйрендің. Сөзімді ұғып алуға тырыс,
Рафаэль. Мен сені адвокат та, нотариус та етіп тəрбиелемек емеспін,
бейшаралық күйге түскен ата-тегіміздің мақтанышы боларлықтай
мемлекеттік қайраткер еткім келеді сені... Ертеңге дейін қош бол! – деді ол,
құпия сырға толы ишарат арқылы маған кетуге рұқсат етіп.
Сол күннен бастап əкем өз жоспарларын маған айтып отыратын болды.
Мен оның жалғыз ұлы едім, анам бұдан он жыл бұрын қайтыс болған.
Тарихқа əйгілі, бірақ Оверпьде қазір жұрт ұмытуға айналған текті ата
баласы менің əкем, қылышын аса жүріп, жер өңдей алатын хұқығын онша
қадірлемей-ақ, бір кезде бақытын сынағалы Парижге келген екен.
Францияның оңтүстігінен шыққан адамдар алғыр ойлы келеді. Егер ақылы
жігерімен пара-пар болса, олардың атағы тез шығады, көрнекті адам бола
кетеді, сондай алғыр ақылдылығының арқасында əкем ешкімнің қолдауына
сүйенбей-ақ əжептəуір маңызды қызмет орныңа ие болыпты. Көп ұзамай
революция оның дəулетін шайқалтты, бірақ ол жасауы мол қызға үйленіп
үлгірген екен. Сондықтан Империя тұсында да біздің əулет оның көз
алдында баяғы сəн-сəулетіне қайтадан ие болады. Бурбон əулетінің
қайтадан король болып таққа отыруы анамның едəуір дəулетін өзіне
қайтартты да, оның есесіне əкемді кедейлендірді. Император шетелдерді
жаулап алғанда, сол елдердің жерлерін өзінің генералдарына сыйлыққа
тартады екен. Сондай шетелдік жерлерді бір кезде менің əкем де сатып
алыпты. Осы қырсыққа кездескен меншікті жерін қайтарып алуды талап
етуге қақысы бар екенін таныту үшін əкем он жылдан бері
жойымпаздармен, дипломаттармен, Пруссия жəне Бавария соттарымен
дауласып, тартысып жүрген болатын. Əкем біздің болашағымызды шешетін
осынау ұзаққа созылған жəне тартыстың жөн таба алмастық шыйыршатағына мені салды да жіберді. Сот сол жерлерден өнген табысты бізден
өндіріп алуға жəне, 1814 жылдан бастап 1817 жылға дейінгі кесілген
ағаштардың құнын бізге төлеттіруге де үкім шығара алатын еді. Ондай
болған күнде біздің атағымызды абыроймен сақтап қалуға анамның орамжайы əpeң жетер еді. Сөйтіп, сол күні əкем маған кейбір мағынада
бостандық сыйлаған сияқты болса да, мен бұрынғыдан да төзгісіз нəлет
қамытын мойныма кидім. Мен майдан даласындағыдай шайқасуға тиіс
болдым, күні-түні жұмыс істеуге, мемлекет қайраткерлеріне жолығуға
ділгер болдым; олардың ұят-арын бəсеңсітуге тырысуым керек болды;
біздің ісімізбен шұғылдануға оларды мүдделі етуге əрекеттенуім қажет
болды; олардың өздерінің, əйелдерінің, малайларының, тіпті иттерінің де
көңілін аулауға, қызықтыруға тиіс болдым; осы бір жексұрын əрекетпен
айналыса жүріп бəрі де сыпайы түрге келтіріп, бəрін де сүйкімді əзілге
айналдыруға мəжбүр болдым. Əкемнің жүзін солғын тартқызған қайғықасіреттің бəріне мен де əбден қандым. Мен сырт көрінісімде жыл бойына
зиялы қауым салтынша тіршілік еттім. Бірақ бақ-дəулеті ілгері басқан
туысқандарыммен немесе өзімізге пайдасы тиеді деген адамдармен
байланыс жасауға тырысқан талабым, менің осындай берекесіз өмірім мені
сарқылмас əбігерге салды. Менің ермегім дау, əңгімем шағым арыздар
болды. Бұған дейін мен жастықтың құмарлықтарына əуестене алмайтын
болғандығым да ізгі ниетті жан едім, сондықтан бұдан былай əлде бір
жаңсақтығымнан əкемді, немесе өзімді сорлатып алам ба деп қорқып,
өзіме-өзім озбырлық жасадым, барлық лəззаттан, қандай да болмасын
шығыннан бас тарттым. Жас кезімізде, бізбен араласқан адамдар мен түрлі
жағдайлар асыл сезіміміздің нəзік гүлін, ой-пікіріміздің тың өрісін,
арамдыққа бой ұрғызбайтын ұжданымыздың қасиетті тазалығын ұрлап
алмай тұрғанда, біз адамгершілік борышымызды айқын ұғынамыз, арнамыстың айтқаның істейміз, ашық пейілді, турашыл боламыз, айла-тəсілге
бой ұрмаймыз, мен де дəл осындай едім. Мен əкемнің сенімін ақтауға бел
байладым; бір кезде мен қызығып кетіп, əкемнің азғантай ақшасын ұрлап
алсам, енді қазір оның дауын даулап, оның есімінің, ата-тегінің намысын
қорғап, тұрмыс сергелдеңінің ауыртпалығын онымен бірге көтердім, бір
кездерде лəззат-рақаттан безіп, өзімнің қызықты күндерімді оған
құрбандыққа тартқаным сияқты, тіпті осындай құрбандықтар келтіргеніме
өзімді бақыттымын деп санағаным сияқты, енді өзіне сездірместен оған
барлық мүлкімді де, барлық үмітімді де тарту етердей едім! Сонымен, де
Вилель71 мырза, бізге қас қылғандай, құқықтардың жойылғаны туралы
императордың декретін əлде қайдан қопарып алып, бізді күйзеліске
ұшыратып кеткен соң, мен өз жерлерімнің бəрін де сатқандығым туралы
актіге қол қойдым, тек Луарадағы арзан қол бір аралды ғана өзіме
қалдырдым, себебі анамның қабірі сол аралда болатын. Менің бұл ісімді
сол кездегі адвокатым ақымақшылық деп атады; бəлкім, осы күні өзімді
осындай ақымақшылықтан тежеуге себеп боларлық дəлелдер, айлашарғылар, философиялық, филантропиялық саясаттық топшылаулар табуға
келгенде, ешқандай олқылығым болмас та еді; бірақ, тағы да айтамын,
жиырма бір жаста біз кеңпейілдіктің, албырттықтың, махаббаттың
тұлғасымыз ғой. Əкемнің көз жанарында мөлтілдеген жас тамшылары мен
үшін ен қымбатты дүние сол болды, маған сол кездегі ең асыл дəулеттен де
қымбат еді ол; сол көз жастары есіме түскен сайын, маған жоқшылықтағы
ең үлкен жұбаныш болды. Қарыз берушілермен есеп айырысып болғаннан
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шегірен Былғары - 07
  • Parts
  • Шегірен Былғары - 01
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2531
    28.0 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 02
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2526
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    37.3 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 03
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2445
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 04
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2479
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 05
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2519
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 06
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2463
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 07
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2433
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 08
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2370
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 09
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2415
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 10
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2418
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 11
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2356
    28.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 12
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2283
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 13
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2455
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 14
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2393
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 15
    Total number of words is 4023
    Total number of unique words is 2423
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 16
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2233
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 17
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2155
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 18
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2257
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.8 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 19
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2406
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 20
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2522
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.2 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 21
    Total number of words is 2497
    Total number of unique words is 1541
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.