Latin Common Turkic

Шегірен Былғары - 12

Total number of words is 4034
Total number of unique words is 2283
30.8 of words are in the 2000 most common words
43.0 of words are in the 5000 most common words
50.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сыңғырына ұласты. Өзімнің бақталастарымды аямаған Растиньяктың
уытты мысқылдары ду-ду қыран күлкі туғызды.
– Де Растиньяк мырза жанжалдасуға болмайтын кісі екен, – деді
графиня сылқ-сылқ күліп.
– Бəлкім, солай да болар, деп бейжай ғана жауап қайырды Растиньяк. —
Менің өшпенділігім қашан да дұрыс болып шығатын... Достықта да
сондай, деп жəне айтты ол. Дұшпандарымның маған келтіретін пайдасы
бəлкім, достарымның пайдасынан кем соқпаса керек. Мен қазіргі
заманымыздың тілін жəне баршаға сиына шабуыл жасау үшін немесе бəрін
сыпыра қорғау үшін пайдаланылатын табиғи қулық-сұмдықтарды əбден
зерттеп меңгердім. Министрдің сөзшеңдігі қоғамның үлкен табысы. Сіздің
досыңыз ақылды емес екен, онда сіз оның ақпейілдігін, ақ жүректігін
айтасыз. Енді біреудің еңбегі жағынан ауырлау келсе, сіз ождан
адалдығына тиісінше бата бересіз; егер кітап нашар жазылған болса, сіз
оның идеясын мақтайсыз. Үшінші біреу ештеңеге де сенбейді, минут сайын
өзінің көзқарасын өзгертіп тұрады, сондықтан отан үміт артуға болмайды,
несі бар, есесіне ол сүйкімді, мүлəйім, өзіңді баурап əкетеді. Егер əңгіме
сіздің дұшпандарыңыз туралы бола қалса, сіз, бар пəлені өліктерге
артқандай, бəрін соларға арта бергейсіз, енді бұл арада сіздің əрбір сөзіңіз
керісінше мағына береді, жауларыңыздың кемшіліктерін байқауда
қандайлық қырағы болсаңыз, достардың қасиеттерін атап көрсетуде де
сондайлық епті, оңтайлы болғайсыз. Мінез-құлық мəселесі үшін дүрбі
шынысын шеберлікпен қолдану əңгімелеріңіздің құпия сырын, сарай
санатының өнерін меңгеру деген сөз. Мұны қолданбау серілерше сауыт
құрсанған адамдармен қарусыз, құр қол күрескендік болады. Ал, мен осы
шыныларды қолданамын. Кей-кейде тіпті, асыра қолданып та жіберемін.
Сондықтан да, мен жəне менің достарым құрметке бөленеміз, неге десеңіз,
орайы келгенде ескерте кетейін, менің семсерім де тілімнен олқы
соқпайды.
Теодораға өте-мөте құштарлана табынушылардың бірі, арсыздығымен
əйгілі болған, сол арсыздықты жұрт қатарына шығудың құралы еткен бір
жас жігіт Растиньяктың соншалық жирене лоқсыған мысқылын қатып ала
қойды. Мен туралы əңгіме бастап, ол менің дарындылығымды, менің өз
басымды асыра дəріптей жөнелді. Кемсітудің бұл түрін Растиньяк елеусіз
қалдырған. Уытты шенеумен ұштасқан дəріптеу сөздер графиняны
адастырды, сондықтан ол рақымсыз түрде мені жерлеуге кірісті;
достарының зауқың көтеру үшін ол менің құпия сырларымды да, менің
датуаларымды да, менің үміттерімді де аяған жоқ.
– Ол келешегі бар адам, дей салды Растиньяк. Мүмкін, күндерде бір
күні ол барлық жəбір-жапа үшін аяусыз кек алар да; оның дарындылығы
кеміте айтқанның өзінде оның ер жүректілігіне пара-пар; сондықтан мен
отан шабуыл жасаушыларды көзсіз ерлер деп атар едім, — өйткені оның
жады жоқ емес қой...
– "Жоқ еместігі сонша, естеліктер" жазып жүр ғой, деп жұрттың тымтырыс бола қалғаның ұнатпаған Теодора қосарлана кетті.
– ... Жалған графиняның естеліктері, – деді Растиньяк. Мұндай
естеліктерді жазу үшін ер жүректіліктің ерекше түрі керек.
– Онда ер жүректілік мол екеніне мен күмəнданбаймын, – деді Теодора.
– Ол маған адал Мысқылшылдар алдына "Макбеттегі" Банконың
аруағындай тұтқиылдан шыға келуге тым-ақ құмартып едім. Сүйгенімнен
айырылсам оның есесіне досым бар ғой деп қыза түсіп ем. Алайда
махаббат біздің барлық қасіретімізді жұбататын зəлім, айлақер
парадокстарының бірін менің көкейіме қондыра қойды.
"Егер Теодора мені сүйетін болса, деп ойладым мен, ол өзінің махаббат
сезімін зілді əзілмен бүркемелеуге тиіс емес пе? Тілдегі жалған сөзді
жүректің əшкерелегені талай рет кездеспеп пе еді?"
Көп кешікпей, ең ақырда, графинямен жеке қалған қияңқы бақталасым
да кетуге айналды.
– Қалайша! Əлден-ақ па? – деді Теодора менің аза бойымды тебіренткен
ерке-назды үнмен, маған əлі де бірер мезетті сыйламағаныңыз ба?
Сонымен маған айтар сөзіңіз болмағаны ма? Өзіңіздің қандай да бірер
лəззатыңызды маған қимағаныңыз ба?
Жігіт шығып кетті.
– Түу! – деп Теодора есіней беріп, түңіліп қалды. Бəрі де неткен іш
пыстырғыштар еді, түге!
Ол бар пəрменімен сылдырмақтың таспасын тартып қалып еді,
бөлмелерде қоңырау сыңғыр етті. Баяу үнмен "Pria сһе spunti"88 əнін
ыңылдай айтып, графиня өз бөлмесіне кірді. Оның өлең айтқаның ешкім де
еш уақытта есіткен жоқ-ты, бұл ұстамдылық ерсі лақаптар да туғызған.
Теодораның дарындылығымен сиқырланған алғашқы сүйікті жары тіпті
мұның бір кездері уақыты жетіп қабірде жатқан кезінде де, оны өзгеден
қызғанады екен; сондықтан сол жарының жалғыз өзі ғана татқысы келген
рақат-лəззатын ешкімге де сыйламасқа Теодора серт етіпті-міс десетін
жұрт. Осы үндерді құлағыма сіміре жұтып алу үшін мен жанымның бар
қуатын сарп еттім. Теодора даусын үсті-үстіне шарықтата берді, ол бейне
бір шабыттана түскендей, үн байлықтары өрістеп, шалқи берді, əуенінде
тəңірі үні тəрізді бір ғажайып саз пайда болды. Графиняның он əуенін
қабылдауы мінсіз, даусы күшті, ылғалсыз таза; даусының əлдебір əдеттен
тыс тəтті ырғақтары жүрек тебірентерлік еді. Музыкашы əйелдер қашан да
ғашық болмай жүрмейді. Мұндай он шырқай білген жан сүйе де білуге
тиіс. Осы дауыстың əсемдігінен онсыз да терең құпия сырлы əйелдің тағы
бір құпиясы арта түскендей. Мен оны дəл қазір сені көргендегімдей апанық көріп тұрдым, ол өзіне тəн нəпсіқұмарлық сезімімен өз даусының
үніне құлақ тосқандай көрінді: ол бейне бір махаббат қуанышын
түйсінгендей болды. Қайырмалы он шумағының негізгі буының аяқтап, ол
камин пештің жаныңа келді, бірақ он тоқталғаннан кейін оның ажарында
кілт өзгеріс туды, кескіні бұзылып, бүкіл келбетінде қажығандық білінді.
Ол бетінен актрисаның жамылғысын сыпырып тастады, демек, ол өзінің
рөлін атқарып болды. Əлде актрисаның еңбегінен, əлде сол кеште өте
шаршағандықтан ба, əйтеуір оның сұлулық сымбатында таңбаланған əлде
бір солу, солғындау өзгерісінің өзінде де ерекше бір тартымдылық бар
тəрізді.
"Қазір ол өзінің нағыз шынайы тұлғасында!" деген ой келді маған.
Бейне бір жылынғысы келгендей, ол каминнің қола шілтеріне аяғын
қойды; перчаткаларын шешіп, білезіктерін ағытты, қымбат бағалы асыл
тастармен безелген дəршімай құтысы ілінген алтын шынжырды басынан
асыра, мойнынан алды. Күн көзінде жылынған мысықтың қимылыңдай
осы бір сүйкімді қимылдарды бақылап тұрғанда, мен айтып жеткізе
алмастай рақатқа баттым. Ол айнаға қарап тұрып өз көркіне наразы
болғандай дыбыс білдірді: Бүгін менің ажарым онша болмады... Бетімнің
өңі сұмдық шапшаңдықпен солып барады... Сірə, ертерек жату керек
шығар, əр нəрсеге əуестенген өмір салтынан бас тарту да керек... Апыр-ау,
мына Жюстинаға не болды? Мені мазақ қыла ма өзі?
Ол тағы да қонырау шылдырлатты; қызметші қыз жүгіріп келді. Оның
қайда тұратының мен білмейтінмін. Ол жасырын баспалдақтан түсті. Мен
оған таңдана қарап қалдым. Əдетте қонақтар алдында көзге көрінбейтін
ұзын бойлы, сұңғақты қоңырқай осы қызметші қыз менің ақындық
қиялымда көп күдік туғызған-ды.
– Қоңырау шылдырлаттыңыз ба?
– Екі рет, – деді Теодора. Сен немене, естімейтін болғанбысын?
– Мен бадам сүтін əзірлеп жатыр едім.
Жюстина тізерлеп отыра қалып, бикесінің биік өкше башмағының
бауларын ағытып, аяғын шешті, бикесі бұл кезде, каминнің жанындағы
арқалы жұмсақ орындыққа шалқалап жатып есінеді де екі қолының
саусақтарын шашының ішіне сүңгітіп жіберді. Оның барлық қимылқозғалыстары əбден табиғи еді, менің болжалдағанымдай құпия азапты
немесе құмарлықты ештеңе де сездірмегендей.
– Жорж ғашық боп қалса керек, – деді ол, мен онымен есептесемін. Ол
бүгін де перделерді түсіріп кетіпті. Не ойлайды екен соның өзі?
Осы сөздерді естігенде тұла бойымда қан тоқтап қалғандай болды;
бірақ əйтеуір перде жөніндегі əңгіме кілт тоқтады.
– Өмір деген құр кеуек əншейін! деп графиня əңгімесін ұластыра берді.
Түу, байқасаңшы, кешегідей тырнап алмағайсың тағы. Мына қарашы, –
деді ол атластай жылтырағын тізесін көрсетіп, сенің тырнақтарының ізі əлі
тұр.
Графиня жалаңаш сирақтарын аққудың мамығынан істелген барқыт
туфлиге сұқты да, көйлегінің ілгектерін ағыта бастады, Жюстина оның
шашын тарағалы қолына тарақ алды.
– Бикем, сіз күйеуге шығып, балалы-шағалы болсаңыз...
– Бала-шаға! Жалғыз сол еді жетпей тұрғаны! – деп графиня зілденезілдене сөйледі. Күйеу дейді! Маған жар боларлық еркек қайда?.. Менің
шашым бүгін таралды ма өзі?
– Онша емес.
– Есуас!
– Шашыңызды көпірте тұлымдау сіздің ажарыңызға онша
келіңкіремейді, – деп Жюстина да өз сөзін жалғастыра берді, шашыңызды
жатқыза тарап, шеке түптен бұрымдасаңыз, сізге сол жарасар еді?
– Рас па?
– Əрине, қадірлі бикем, көпіртпе бұрым селеушаш шегірлерге ғана
жарасады.
– Күйеуге шық дейсің бе? Жоқ, жоқ! Неке маған нəсіп емес.
Ғашық жігіт үшін бұл не деген сұрапыл көрініс! Туыстары, достары
жоқ, махаббаттағы құдайсыз сезім атаулының қандайына да сенбейтін салт
басты əйел, əрбір адам баласына тəн жүрек сырын ағыту қажеті өзінде
қанша əлсіз болғанымен, осы қажетін қанағаттандыру үшін, əйтеуір күтуші
қызымен сырласатындай халге жетуі, қайдағы бір жел сөзді көкіп, түкке
тұрмайтын əңгімелер айтып отыруы ғой... Мен аяп кеттім байғұсты.
Жюстина əміршісінің ілгектерін тегіс ағытып болды. Ақырғы жамылғысы
үстінен түсіп болғаннан кейін, мен Теодораға қызыға қарап тұрдым.
Қыздың төсіндегідей жұп-жұмыр қос алмасы көз жанарымды тұмандатып
жіберді: Шырағдан сəулесінде ішкі көйлектің əр жағынан көрінген оның
ақшыл-қызғылт денесі селдір матадан тігілген жамылғыш астындағы күміс
мүсіндей жарқырады. Жоқ, оның денесінде ашынаның сұқтана қарауынан
сескенерліктей кемшілік атымен жоқ. Əттең, сымбатты дене не бір ашқарақ
ниеттерден де үстемдік алып, қашан да салтанат құратыны даусыз ғой.
Үнсіз, терең ой түбіне үңілген Теодора оттың алдында отырғанда, күтуші
қыз кереуеттің бас жағында ілулі тұрған алебастр қалпағындағы
шырағданды тұтатты. Жюстина жылы су құйылған резина сауытты алып
келіп, төсек салды, сонсоң бикесінің жайланып жатуына сүйемелдеп
көмектесті; Теодораның өз денесін күйттеу ісіне терең құрметпен
қарайтындығының дəлеліндей басқа да кішігірім қызметтерге тағы да
едəуір уақыт өтті, содан кейін күтуші қыз кетіп қалды. Графиня əрлі-берлі
аунақшып жатыр; ол əлденеге қобалжулы еді; қайта-қайта күрсіне берді:
оның еріндерінен құлаққа əрең-əрең есітілерлік дегбірсіз бір үн шықты; ол
кішкентай үстелге қарай, қолын созды да, титтей шыны сауытты алып,
сүтке бес тамшыдай бір сұйық дəрі тамызды да, жұта салды; содан бір
кезде бірнеше рет ауыр күрсініп:
– Құдайым-ай! – деген бір зарлы леп шығарды.
Бұл сөздер, əсіресе оның осы сөздерді айтқан кездегі күңіренісі менің
жүрегімді парша-парша етті. Графиняның қозғалмай тымтырыс бола
қалғаның байқамаппын да. Менің зəрем кете бастады; бірақ көп кешікпей,
ұйықтаған кісінің біркелкі, тегеурінді тынысы құлағыма шалынды; мен
сыбдырлаған жібек пердені серпіп тастап, өзімнің жасырынған қуысымнан
шықтым да, төсектің жаныңа келіп, əлденендей тұрлаусыз сезіммен
графиняға қадала қарадым. Сол сəттерде ол жаныңды сиқырлағандай еді.
Ол жас балаша қолдарын басының астына төсеп жантайыпты, шілтерлі
жастыққа көмілген дидары ес тандырарлықтай еді, менің аза бойымды
жалын шарпыды. Мен өз күшімді таразыламаппын, қандай жазаға душар
болатынымды ойламаппын: оның дəл қасында тұрып, соншалықты алыс,
соншалықты жат болу бұл неткен азап! Мен өзіме-өзім əзірлеген жан
азабының бəріне де төзуге мəжбүр болдым.
Құдайым-ай! дерексіз ойдың осынау жалғыз-ақ үзіндісі бойынша мен
бүкіл Теодора туралы тұтасынан топшылауға ерікті едім, осылай ah ұру ол
жөніндегі менің барлық ұғымымды қауырт өзгертті. Əлде болмашы, əлде
терең, əлде мазмұнсыз, əлде кең мағыналы осы леп не бақыттың, не
қайтының яки тəн жарақатының немесе жан қасіретінің белгісі деп
топшылауға болатын-ды. Əлде қарғыс, əлде дұға, əлде өткеннің естелігі
немесе болашақтан қиялдануы, əлде өкініш немесе қауіптену болды ма
екен ол леп? Бұл аһ ұруда бүкіл бір тұтас өмір, жоқшылықта күйзелген
немесе ең дəулетте шалқыған өмір бар тəрізді; бəлкім, ол сөздердің ішкі
сырында тіпті əлденендей қылмыс та болуы мүмкін-ау! Əйелдің тамаша
келбетінде жасырынған жұмбақ қайтадан пайда болды: Теодораны түсіну
үшін тəсіл атаулының көп керек болатыны сонша, ақырында, ол мүлде
түсіне алмастай сезінді. Оның аузынан шыққан біресе əлсіз, біресе айқын,
біресе ауыр, біресе жеңіл тыныстардың кереметтері өзінше бір тіл іспетті,
мен бұған пікір мен сезім беріп тұрған тəріздімін. Онымен бірге мен де
қиялға баттым, оның ұйқысын танысам, түсіне кірсем, бəлкім, құпия
сырларына қанармын ба деп те үміттендім мен, толып жатқан қарама-қарсы
қарарлардың, толып жатқан ой топшыларының арасында толқыдым. Осы
байсалды, таза келбетке көз жібере тұрып, бұл əйелде жүрек елжіреуінің
болмауы мүмкін емес деп шамаладым. Мен тағы бір əрекетке бел
байладым. Өзімнің өмірім, махаббатым, құрбандықтарым туралы айтсам,
бəлкім, онда аяныш сезімін туғызбас па екем, бұрын еш уақытта жылау
дегеннің не екенін білмеген əйелдің көз жасын ірікпес пе екем деп
ұйғардым. Бар үмітімді осы ақтық тəжірибеге артқалы тұрғанымда,
кенеттен көшедегі дабыр маған күннің күн шығып қалтаның хабарлады.
Теодора менің құшағымда оянар ма еді деп бір секундқа ғана көз алдымда
елестеттім. Мен аяғымды ұшынан басып кеп, ептеп қана оның жаныңа
жатып, оны бауырыма қыса құшақтай да алатын едім. Осы ой менің
жүрегімді парша-парша еткені сонша, бұдан құтылу үшін мен ешқандай
сақтану шараларын қолданбастан, қонақ үйге жүгіре шықтым. Дес
бергенде, тар баспалдаққа шығатын құпия есікке тап болдым,
ойлағанымдай, құлыптың аузында кілті тұр екен: есікті ашып, аулаға шыға
келдім де, біреулердің көріп қалатыныңа да назар салмастан, үш
қарғығанда көшеге шықтым...
Екі күннен кейін бір автор графиняға өзінің комедиясын оқуға тиіс еді:
жұрттың бəрінің ақырына дейін сол үйде отырғалы, сонсоң графиняға
ғажайып бір өтініш айтқалы ниеттеніп, мен де бардым: мен одан ертеңгі
кешті маған арнауын, өзгенің бəріне есікті тарс жауып, ол кешті түгелдей
маған бағыштауын өтінбек едім. Бірақ графинямен екеуміз оңаша қалғанда,
батылдығым жетпей күрмеліп қалдым. Сағат тілінің əрбір қимылы зəремді
алды. Сағат он бес минуты кем он екі екен.
"Егер мен онымен əңгіме бастамасам, – дедім өзіме-өзім, бас сүйегімді
мəрмəр пештің бұрышына соғып қиратқаннан басқа амал қалған жоқ".
Мен өзіме үш минут кідіріс бердім. Үш минут те өтті, бас сүйегімді
мəрмəрға соғып қиратқан да жоқпын; жүрегім суға малған көпірткіштей
сарсып кетті.
– Сіз бүгін төтенше сүйкімдісіз, – деді графиня.
– Ой, егер сіз мені ұғына алатын болсаңыз! – деп дауыстап жібердім
жан дəрменде.
– Сізге не болды? – деді графиня, боп-боз болып кеттіңіз ғой.
– Мен сізден бір мархабатыңызды өтініш етуге бата алмай тұрмын.
Ол қолымнан мені жебеп, демегендей болған соң, мен одан жолығу
туралы өтіндім.
– Болсын-ақ, – деді ол. – Бірақ не себепті қазір-ақ айтқыңыз келмейді?
– Сізді əуре-сарсаңға салып, адастырмау үшін, сіздің сүйкімділігіңіз
қандайлық орасан зор екенін түсіндіруді өзіме борыш санаймын: осы кешті
ата мен қарындастай болып, сіздің қасыңызда өткізуді тілеймін.
Қорықпаңыз, сіздің нені ұнатпайтыныңыз маған мəлім". Сіз мені тым
жақсы білесіз, сізге қолайсыз келерліктей еш нəрсе де талап етпеспін; оның
үстіне, дөрекі адамдар бұлай істемейді де ғой. Сіз маған достығыңызды
əбден сипаттадыңыз, сіз мейірімді, кешірімдісіз. Ендеше біліп қойыңыз,
мен ертең сізбен біржолата қош айтыспақпын, оның сөз бастағалы
тұрғаның байқап: Уəдеңізді қайта алмаңыз! деп айғайлап жіберіппін.
Осыны айттым да, шыға жөнелдім.
Өткен жылы май айында, кешкі сағат сегіз шамасында, мен Теодорамен
бірте оның готика салтымен салынған жатын бөлмесінде қалдым. Мен
ештеңеден қорыққаным жоқ, бақытты болатыныма толық сендім. Менің
ғашық жарым мендік болады, əйтпесе мен өлім құшағынан өзіме пана
табамын. Мен өзімнің су жүрек махаббатыма қарғыс айттым. Өзінің
əлсіздігін мойындағаннан кейін кісі қайратты болады ғой. Көгілжім
кашемир көйлек киген графиня диванға қисайды, төмен салбыраған
аяқтарының астына жастық төселген. Күншығыстың желегі, суретшілердің
ежелгі еврейлерге кигізетін осы бас киімі, оған əдеттен тыс ерекше
тартымды келбет бітіргендей. Оның дидарынан өткінші бір сүйкімділік
пішіні бейнеленген; осының өзі біздің өміріміздің əр мезетінде біздің жаңа
жан иесі екенімізді, қайталанбайтын, келешектегі "менімізге" де, өткендегі
"менімізге" де ешқандай ұқсастығымыз жоқ жан иесі екенімізді
сипаттағандай. Бұрын соңды ол дəл осындай аса тамаша сəулетті болып
көрінген жоқты.
– Білесіз бе, – деді ол сылқ-сылқ күтіп, сіз мені ынтықтырып отырсыз
тіпті.
– Мен ол ынтықтығыңызды бекерге шығармаспын, деп салқын ғана
жауап қайырдым да, оның қасына отырып, қолынан ұстадым, ол қарсылық
білдірген жоқ. Сіз өлеңді тамаша айтады екенсіз!
– Сіз еш уақытта да оны естіген жоқсыз ғой, – деді ол көрінеу
таңданып.
– Қажет болса мен сізге осының керісінше екенін сипаттап берейін.
Демек, сіздің ғажайып он айтатыныңыз да құпия болып қалуы керек қой,
сірə? Мазаланбай-ақ қойыңыз, мен ол сырға сүңгу ниетінде емеспін.
Бірер сағат шамасындай біз емін-еркін мылжыңдасып отырдық.
Теодораның көңіл жықпайтын адамының барлық қасиеттерін, үнін, қол
сермеулерін түгелдей меңгерген едім, бірақ ғашық жігіттің əдептілігін де
толық дəрежеде сақтай білдім. Сөйтіп, əзілдесе отырып, мен оның қолын
сүюге рақымшылық рұқсат алдым: кербез қимылмен ол перчаткасын
шешті, мен соншалық нəпсіқұмарлықпен алдамшы қиял лəззатына
шомдым, осыған нануға əрекеттендім, осы сүйісте жан жүйем майдай еріп
балқыды. Дағдыдан тыс көнгіштікпен Теодораның өзін еркелетуге,
аймалауға рұқсат еткені еді бұл. Алайда мені жасқаншақ екенсің деп
кінəлама; ағасындай аялағанның ар жағында сəл ғана да шектен шығуға
ойлаған болсам ол маған дереу мысықша тырнағын батырар еді. Он
минуттай біз тым-тырыс үндемей отырдық. Өз ойымша, Теодорада
сиқырлағыш, еліткіш қасиеттер бар деп ден қойып, мен оған сүйсіне қарап,
көз айыра алмадым. Дəл осы мезетте Теодора менікі еді, тек қана менікі
еді... Өз ойында сұлуды құшу, оны иемдену қаншалықты мүмкін
болғаныңша, мен де осы сымбатты аруды ойша иемденуде едім, мен оны
өзімнің құштарымның, ынтығымның құндағына бөледім, құшағымда ұстап,
төсіме қыстым, менің қиялым онымен біте қайнасып, араласып кеткендей
болды. Магнитті сиқырымның, арбауымның қуаты арқасында мен
графиняны жеңіп шыққан секілдендім. Сол əйелді сонда неге ғана
біржолата баурап алмадым екен деп, əлі күнге дейін үнемі өкінемін; бірақ
дəл сол мезетте мен оның тəніне құмартқан жоқ едім, мен оның жан
сезімін, өмірін иемденуге құштарландым, кемеліне келген, ең жоғарғы
көріктегі рақатты арман еттім, өзіміз аз уақытқа ғана сенетін тамаша
қиялды тіледім.
– Сөзіме құлақ салыңызшы, – дедім ақырда мастануымның соңғы
сағаты тақалғаның сезіп, мен сізге ғашықпын, мұны өзіңіз де білесіз, мен
дұл туралы сізге мың рет айтқам, сондықтан сіз мені ұғуға тиіс едіңіз. Мен
сіздің махаббатыңызға есуастың өзіне өзі разы болатын даңғойлығы
арқасында, жарамсақтығы немесе мазалауы арқасында борышты болуды
тілемедім, сондықтан сіз мені ұға да алған жоқсыз. Сізге бола мен қандай
апаттарға ұшырамадым, қандай қорлықтарға төзбедім, алайда ол апаттарға
сіз кінəлы емессіз! Бірақ енді біраз мезеттен кейін сіз маған үкім
шығарасыз. Білесіз бе, екі кедейшілік бар ғой. Мұның бірі шоқпыт
бүркеніп, тайсалмастан көшелерде жүреді, өзі де аңғармастан Диогеннің
тарихын қайтадан бастайды ол, азға қанағат етіп, тіршілікке қарапайым
көзқараспен қарайды; бəлкім, ол байлыққа қарағанда бақыттырақ та шығар,
ең құрығанда əйтеуір əуре-сарсаңнан, машақаттан аулақ қой жəне құдіретті
адамдар да түк иемдене алмайтын жерде ол бүкіл əлем жүзіне ие ғой.
Онсоң сəулеттің кедейшілігі, испандық кедейшілік бар, жоқшылықты
атағымен, атақ даңқымен бүркейтін кедейшілік бар: бөркіне үкі қадаған,
үстіне ақ жилет, қолына сары перчатка киген осы тəкаппар, кедейшілік
күймелі арбада отырып серуендейді, жалғыз, сантим ділдасы
болмағандықтан барлық дəулетінен айырылады. Алғашқы кедейшілік
қарапайым халықтың кедейшілігі, екіншісі зымияндардың, корольдардың
жəне дарынды адамдардың кедейшілігі. Мен қарапайым адам да емеспін,
король да емеспін, зымиян да емеспін, бəлкім, дарынды адам да емес
шығармын; мен бір оқшау, дарамын. Менің қайыр сұрағанша, өлгенім
артық, менің атағым, өсімім осыны міндеттейді маған... Мазасызданбаңыз,
қазір мен баймын, не керектің бəрі де менде бар, – дедім мен жалма жан,
тəуір қауымнан шыққан өтініші бар əйелдер бізге тұтқиылдан қапылыста
кездескендегі сұсты, салқын сипатта болағынымыз сияқты. суық пішінді
оның жүзінен байқап қалып. Менімен кездеспеспін деп ойлап, Жимназға
жалғыз барған күніңіз есіңізде ме? – дедім. Теодора қуаттап, басын изеді.
Сізбен көрісу үшін мен сонда ақтық теңгелігімді жұмсағам. Ботаника
бақшасында серуендегеніміз де сіздің есіңізде шығар. Сізге күймелі арба
жалдауға сонда мен барлық дəулетімді сарп еткенмін-ді.
Мен оған өзімнің құрбандықтарым туралы айттым, өзімнің өмірімді
суреттедім, суреттегенде бүгінгідей, саған айтып отырғандай емес, мас
күйде емес, жүректің ақ пейіл ізгі мастығы үстінде суреттедім. Менің
құштарлығым, жалынды сөздермен, жүрек қимылдарымен ақтарылды,
мұндай жүрек қимылдары, сол күннен былай менде мүлдем ұмытылды,
енді оны ешқандай көркем өнер, ешқандай зейін қайта тірілте алмас.
Қабылданбаған махаббат турасындағы қызуы жоқ қоңыржай əңгіме емес
еді ол, махаббатым өзінің барлық əсемдігімен бүкіл өмірді бейнелейтін
сөздерді айтқызды маған, парша-парша болған жан жүйемнің өксігін
қайталатты ол шайқас даласында жантəсілім етуші адам өзінің ақырғы
дұғасын осындай үнмен оқыса керек. Теодора жылап жіберді. Мен сөзді
доғардым. Хақ тағала! Оның көз жасы қолдан жасалған өнерлі толықсудың
жемісі екен, театрға кіре берісте жүз су монетке сатып алуға болатын толқу
екен: менің бұл жетістігім жақсы актердің сахнадағы жетістігімен ғана
пара-пар болып шықты.
– Егер мен білген болсам... – деді ол
– Ар жағын айтпай-ақ қойыңыз! деп мен ышқынып кеттім, əзірше менің
махаббатымның сізді өлтірмеуге жетерліктей қуаты бар...
Теодора шошынып, қоңыраудың қайысын тартып қала жаздады. Мен
күліп жібердім.
– Жəрдемге шақырудың қажеті жоқ, деп мен өз сөзімді ұластыра бердім,
өміріңізді тыныш аяқтауыңызға кедергі келтірмеспін. Сізді өлтіру
өшпенділіктің үнін жете ұғына алмағандық болып табылар еді. Зорлықтан
қауіптенбеңіз: мен сіздің төсегіңіздің қасында түні бойы тұрып та...
– Қалайша? – деп Теодора қып-қызыл боп кетті.
Бірақ əрбір əйелге, тіпті нағыз сезімсіз, тас мейір əйелдерге де тəн
имену, ұялу сезімдерінен туатын алғашқы еріксіз қимылдан кейін, ол
жиренішті көзқараспен мені бастан-аяқ бір шолып өтті.
– Сізге, сірə, тым салқын болған шығар!
– Сіздің ажарыңыз маған сондай қымбат бағалы деп ойлайсыз ба сіз? –
дедім мен де оның жүрегін толқытқан пікірлерді болжап. Сіздің тəніңіз мен
үшін сіздің өзіңізден де көрікті жан жүйесінің қасиетті ордасы. Əйелдерді
тек əйел болғаны үшін ғана сүйетін болса, еркектер күн сайын кешкілік
харамханаға лайық салдақыларды сатып алар еді де, шамалы бағаға
олардың ерке назынан лəззат табар еді... Ал мен ардақ құмармын, сізбен,
нағыз тас жүрек əйелмен, жүрекке жүрек ұштастырып, шын махаббатқа
бөленіп, өмір сүруді тілеген едім. Ал сізде жүрек деген жоқ екен! Мен оған
енді əбден қандым. Сізді иемденген еркекті мен өлтіріп жіберер едім. Əлде,
жоқ, сіз оны сүйер едіңіз-ау, сондықтан оның өлімі, бəлкім, сізге қайғықасірет шектірер еді... Міне менің азабым қандай! деп зекіріп жібердім.
– Егер ондай уəде сізді жұбатуға қабілетті болатын болса, – деді
Теодора жайдарыланып, ешкім де мені иемдене алмайтыныңа сізді сендіре
аламын...
– Сіз құдайдың өзіне тіл тигізіп отырсыз, мұның сазайын тартасыз əлі, –
дедім мен оның сөзін бөліп, қызық думаннан да, зиялы қауымнан да безетін
күніңіз туар, сонда сіз, диванда жатып, қабірде өмір сүруге үкім етілген
кісідей өкінерсіз, айтып жеткізе алмастық жан күйзелісін сезерсіз. Осы
баяу, кекті азаптың себептерін іздейтін боларсыз, сонда өзіңіздің жүрген
жолыңызда соншалық жомарттықпен айнала шашқан қасірет уларыңыз
есіңізге түсер. Барлық жерлерге де қарғыс егіп, мұның есесіне сіз
өшпенділікті малданарсыз. Біз өзімізге-өзіміз қазымыз, жер бетінде
үстемдік еткен адам үкімінен биік, құдай тағала үкімінен аласа əділеттіктің
қызметіндегі жендеттерміз біз.
– Түу, мен қандай жауыз əйел екенмін тегі, – деді ол сақ-сақ күліп, сізді
сүймеппін ғой! Бірақ бұл менің кінəм ба? Рас, мен сізді сүймеймін. Сіз
еркексіз, сөздің барлық түйіні осында. Мен өзімнің жалғыздығымнан бақыт
табамын, шының айтқанда, өзімшіл бостандығымды күңнің өміріне
айырбастайтын не жөнім бар? Неке дегеніңіз жұмбақ нəрсе, сол арқылы біз
қайғы-қасіретке ұшыраймыз. Ал бала дегеніңіз де зеріктіретін əурешілік.
Өзімнің мінезім қандай екенін мен сізге адалдықпен алдын-ала ескертпеп
пе едім? Неге сіз менің достығымды ғана қанағат етпедіңіз? Сіздің қанша
ақшаңыз бар екенін есептеу есіме келмегендіктің салдарынан сізге түсірген
жарақаттарды жазғым келер еді менің. Сіздің құрбандықтарыңыздың
ұлылығын мен бағалаймын, бірақ сіздің өзіңізді-өзіңіз құрбан етуіңізді,
сіздің əдептілігіңізді, махаббаттан басқамен өтеу мүмкін емес қой, ал,
менің сізді тіпті өте аз сүйетінім сондай, осы көріністің бəрі маған тым-ақ
ұнамсыз, əңгіменің тоқ етері осы.
– Ғапу етіңіз, мен күлкіге қалғанымды өзім де байқап тұрмын, – дедім
мен жұмсақ үнмен, көз жасымды тыя алмай. Менің сізді сүйетіндігім
соншалық сіздің қатал сөздеріңізді рақаттана тыңдап тұрмын. Уа, дариға,
сізге деген махаббатымды бүкіл қаныммен куəландыруға əзірмін мен!
– Барлық еркектер осынау классикалық сөздерді азды-көпті
шеберлікпен қайталай береді, деп тойтарды Теодора бұрынғыша күлкісін
тыймастан. Алайда, біздің аяғымызға жығылып өлу, сірə, өте қиын-ау
деймін, себебі, сау-сəлемет жүрген осынау марқұмдарды мен əр жерде-ақ
кездестіріп қаламын. Түн ортасы болып қалған екен, маған ұйықтауға
рұқсат етіңіз.
– Ал екі сағаттан кейін сіз: Құдайым-ай, деп налисыз ғой, – дедім мен.
– Алдыңғы күні! Иə! – деді ол сонда менің делдалым еске түсіп еді-ау:
мен оған бес пайыздық рентаны үш пайыздыққа айырбаста деп айтуды
ұмытып кетіппін, күндіз үш пайыздық рентаның құны түсіп кетті ғой.
Менің көзімде ашу-ызаның оты жарқ етті. Түу, қылмыс та кей-кейде
поэма боп кете алады екен, мен осыны ұқтым! Ынтыға айтқан сөздерге
оның құлағы үйренген, демек, менің жалбарынған сөздерім, төгілген көз
жасым, əрине, ол үшін əп-сəтте ұмыт болғаны ғой.
– Сіз Францияның пəріне күйеуге шығар ма едіңіз? – деп сұрадым мен
салқын үнмен.
– Бəлкім, егер ол герцог болса.
Мен қалпағымды алдым да бас изедім.
– Сізді есікке дейін ұзатып салуға рұқсат етіңіз, – дегенде Теодораның
үнінде, қол сермесінде, бас июінде кісіні өлтіре соғатындай кекесін бар еді.
– Бикеш...
– Иə, тақсыр?...
– Енді қайтып сізді көрмеспін.
– Мен де соған үміттімін, – деді ол басын кекжитіп.
– Сіздің герцогиня болғыңыз келе ме? – дедім мен жаңағы оның
қимылынан жүрегімде оттай лаулаған əлдебір ызақорлықпен сөзімді
жалғастырып. Атақ пен құрмет қой сізді есіңізден адастыратын, солай ма?
Мейліңіз! Тек менің сізді сүюіме рұқсат беріңіз, менің қаламыма тек бір сіз
үшін ғана жаз деп, менің дауысыма тек бір сіз үшін ғана дыбыс шығар деп
өмір етіңіз, менің өмірімнің құпия негізі болыңыз, менің жұлдызым
болыңыз. Министр болсам, Францияның бəрі немесе герцог болсам ғана
менің жұбайым болуға келісіңіз... Сіз не тілесеңіз мен соның бəрі де
боламын.
– Жақсы адвокаттан дəріс алғаныңыз босқа кетпепті, – деді Теодора
күлімдеп, сөзіңізде жалын бар екен.
– Қазіргі күн сенікі, – дедім мен екіленіп, келешек менікі. Мен тек
əйелді ғана жоғалтып отырмын, ал сен атақты есіміңді, отбасыңды
жоғалтасың. Уақыт мен үшін кегін алар: уақыт сенің ажарыңды алып,
ажалдың алдында жалғыздыққа душар етеді ал, маған атақ-даңқ əкеледі.
– Суырылған сұлу сөзіңізге рахмет! Теодора шала есінеп, өзінің барлық
сүдінімен енді қайтып мені көргісі келмейтінін білдірді.
Бұл сөздер менің үнімді өшірді. Оған деген барлық өшпенділігімді
көзіммен білдіріп, шыға жөнелдім. Енді Теодораны ұмыту керек болды,
ақылға келіп, оңаша еңбекке қайта оралу немесе өлу керек болды.
Сондықтан мен өзімнің алдыма орасан зор міндет қойдым:
шығармаларымды аяқтау керек. Екі апта бойына мансардан түспей, түндер
бойы жұмыс істедім. Бірақ қаншама намысқа тырысып, ызалана
көріскенмен, еңбегім өнбеді, үзілісі көп болды.. Муза маңайыма жоламай
қойды. Теодораның жарқыраған жүзі мен мысқылшыл елесін көз алдымнан
кетіре алмадым. Ойыма бар пікір келсе болды, тағы бір кеселді көлденең
пікір де қабаттасып, өзіме əлдеқандай бір күдік, кінə артқандай бола ма,
білмеймін. Мен Фиваның сопы, шайхыларына ұқсап кеткендеймін, бірақ
олар сияқты оқуға оқымаймын, бірақ дəл солар секілді шөл далада
жүргендеймін əйтеуір олардай үңгір қазбаймын, тек өзімнің жан жүйемді
ұңғумен болдым. Ішкі жан жүйе дерттік тəн дертімен басу үшін беліме
кекті белбеу буынуға да əзір едім.
Бір күні кешкілік Полина менің бөлмеме келіп кірді.
– Сіз өзіңізді мерт қыласыз ғой, – деді ол жалынышты үнмен. Серуенге
шықсаңызшы достарыңызбен кездесіп бой жазуыңыз керек қой...
– Беу, Полина, сіздің жорамалыңыз расқа шығатын болды. Теодора мені
өлтіруге айналды. Өзім де өлгім келеді. Мына өмірге төзе алатын емеспін.
– Жер-жаһанда жалғыз сол əйел ғана ма? дейді ол күлімдеп. Сіз өмір
бойы өзіңізді азапқа сала беретініңіз қалай? Өмір онсыз да қысқа емес пе?
Мен Полинаға көзімді тарс жұмып алып қарағанмын. Ол мені оңаша
қалдырып, шығып кетіпті. Қалай кетіп қалғаның да байқамаппын, даусын
естісем де, сөздерін ұға алмадым. Осыдан кейін көп кешікпей қолжазбамды
əдеби мердігеріме апарғалы дайындалдым. Жұмыстың қызуымен
отырғанда, мен ақшасыз қалай тіршілік етіп жүргенімді де сезбеппін, тіпті
ол туралы ойламаппын да; тек əйтеуір осы жолы алашақ төрт жүз елу
франк ақшам барлық борыштарымды өтеуге жететінін ғана білемін, сөйтіп:
қалам ақы алғалы кетіп бара жатқанымда Растиньякты кездестіріп қалдым,
маған əбден жүдеп, өзгеріп кетіпсің ғой деп жатыр.
– Сен қай ауруханадан шықтың? деп сұрайды ол.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шегірен Былғары - 13
  • Parts
  • Шегірен Былғары - 01
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2531
    28.0 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 02
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2526
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    37.3 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 03
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2445
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 04
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2479
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 05
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2519
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 06
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2463
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 07
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2433
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 08
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2370
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 09
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2415
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 10
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2418
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 11
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2356
    28.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 12
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2283
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 13
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2455
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 14
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2393
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 15
    Total number of words is 4023
    Total number of unique words is 2423
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 16
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2233
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 17
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2155
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 18
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2257
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.8 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 19
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2406
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 20
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2522
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.2 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 21
    Total number of words is 2497
    Total number of unique words is 1541
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.