Latin Common Turkic

Шегірен Былғары - 20

Total number of words is 3924
Total number of unique words is 2522
28.5 of words are in the 2000 most common words
41.2 of words are in the 5000 most common words
48.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жоқ; өз кеудесін кере, еңсесін көтеріп, тікірейігі алды, кескіні кесепатты
тентектің келбетіндей бейтараптық пішінге айналды.
– Үнін өшірсінші анау, – деді жігіт секунданттарының біріне, оның
үнінен менің іші-бауырым төңкеріліп кетті!
– Мəртебелі тақсыр, жетер! Сіз жел сөзіңізді бекерге шытын қыласыз! –
деп дауыстады хирург пен куəлар Рафаэльге.
– Мырзалар, мен өз борышымды өтедім. Мына жігіт өзінің ақырғы еріктілегін жариялағаны теріс болмас.
– Жетер! Жетер!
Рафаэль өзінің дұшпаның, бір мезетке де көзден таса қылмай, қимылсыз
қалшиып тұр; қарсыласы жыланның арбауына түскен торғайдай, сиқырлы
күштің құдіретімен, тұралап, қозғала алмай қалды; өңменнен өткен бұл
көзқарасқа бағынуға мəжбүр боп, тіктеп қараудан көзін тайдырса да, еріксіз
қайтадан оның өктемдігіне көнуге мəжбүр болды.
– Маған су берші, су ішкім келді... – деді ол секундантына.
– Сен қорқып тұрсың ба?
– Иə, – деп жауап қайырды ол оның көздері оттай жанып, мені
сиқырлап барады.
– Одан ғафу өтінгің келе ме?
– Оған кеш қалдық қой.
Дұшпандар бір-бірінен он бес қадам қашықтықта қарама-қарсы
тұрғызылды. Əрқайсысында екі-екіден алтыатары бар, ағыстың шарты
бойынша, қашан тілесе де, тек секунданттар белгі бергеннен кейін, олар екі
рет атуға тиіс.
– Сен не істегелі тұрсың, Шарль? – деп Рафаэльдің қарсыласының жас
секунданты айғай салды. Сен дəрі салмастан оқтағалы тұрсың ғой.
– Мен өлдім! – деді Шарль сыбырлап. Сендер мені күнге қарсы қаратып
қойдыңдар...
– Күн сіздің ту сыртыңызда, – деді Валентен маңғаздана, салтанатты
үнмен, жəне белгі бергеніне де, дұшпанның мейлінше құнттап көз– деп
тұрғаныңа да назар салмастан, асықпай-саспай алты атарын оқтай берді.
Осы бір табиғаттан тыс сенімділікте қорқынышты бірдене бар еді,
мұны тіпті ат айдаушылар да сезген, ысқаяқ қызық құмарлық оларды да
осы араға алып келген-ді. Өзінің құдіретін ойын қылғандай ма, бəлкім, оны
сынағалы тұр ма, Рафаэль Ионафанмен əңгімелесіп, жауының оғы астында
өзінің қарт қызметшісіне қарап алжайып тұра берді. Шарльдің оты теректің
бұтағын сындыра, орғыған бойы шолп етіп суға түсті, ал Рафаэль
көздемей-ақ атып қалып еді, оның оты дұшпанның қақ жүрегіне барып сарт
етті.
Жігіттің шалқалай құлағаныңа да назар салмастан, Рафаэль өзі үшін ол
адамның құны қаншаға түскенін тексергелі дереу шегірен былғарыны
қалтасынан суырып алған. Бойтұмардан еменнің жапырағындай-ақ қалған
екен.
Сендер не қарап тұрсыңдар, делбешілер? Жүретін кез болды ғой! – деді
Рафаэль.
Сол күні кешкілік ол Францияға келіп, Оверньнің жолымен Мон Дор
курортына тартты. Жолшыбай оған тұтқиылдан ой түсті, қалың бұлттың
жыртыстары арасынан қараңғы алқапқа нұрын төккен күндей, мұндай
ойлар кенет жарқ етеді ғой. Рақымсыз данышпандықтың қайғылы
сəулелері. Мұндай ойлар іс өткеннен кейін, орындалған уақиғаларды
жарқыратып, қателіктерімізді əшкерелейді, сондай кезде біз өзіміздің
қылықтарымыздың бірде бірін кешіре алмаймыз. Құдіретті күшке ие болу,
ол қаншама шексіз айбарлы болғанымен, өзін қалай пайдалануды
үйретпейді екен – деп ойлады кенеттен Рафаэль. Патшалардың түрзісі
балаға ойыншық, Ришельеге айбалта, ал Наполеон үшін оның өзі дүниенің
астан-кестеңін шығаратын тұтқа. Өкімет билігі бізді əуелгі
жаратылысымыздан өзгертпейді, сол қалпымызда қалдырады, ол тек
ұлылар үшін ғана. Рафаэльдін құдіретінен келмейтін ештеңе жоқ еді, бірақ
ол түк те бітірмеді.
Мон-Дор суында да дəл сондай қауым екен, олар да өлексенің сасық
иісінен безіп қашатын аңдарша, бұдан тайғақтап аулақтана берді. Бұл
өшпенділік екі жаққа бірдей еді. Соңғы оқиға Рафаэльді қауымнан мүлде
бездірді. Сондықтан ол ең алдымен жақын төңіректен оңаша пана іздеуге
кірісті. Ол табиғатқа, жан сезімінің ақиқат тілетіне, жапан түзде көңілге
жатымды тиетін өсімдіктер өміріне жақындасуды ішкі түйсігімен қажет
етті. Келген күннің ертеңіне ол əрең дегенде Санси шыңына шығып, таулы
алқаптарға, жат көлдерге, Мондора селендеріндегі лашықтарға көз
жүгіртті; Бұлардың ызбарлы, тағы көрінісі суретшілерді де
қызықтырғандай екен. Кейде мұнда аса сымбатты, тым соны, əсем жерлер
де кездеседі, Бұлар томсарған таулардың тұнжыраған көрінісіне мүлде
қиғаш, көріне қарама-қарсы, тіпті ұқсастығы жоқ. Деревнядан жарты
мильдей қашықтықта Рафаэль осындай зейнетті жерге келіп шықты, мұнда
ойнақы, жайдары табиғат, бейне бір нəрестеше өзінің қазыналарын
жасырып тұрғаныңа рақаттанғандай еді. Осындағы, көрікті, сүйкімді,
оңаша жерлерге орнығуға ұйғарды ол, мұнда өсімдіктің, ағашта өскен
жемістің өміріңдей тыныш тіршілікпен күнелтуге болатын еді.
Төңкерілген күмбезді көз алдыңызға елестетіңізші: іші қуыс, ернеуі
алуан түрлі кертеш-кертеш кеспек секілді, жоғарғы жағы барған сайын
кенейе. гранит күмбез; көгілдір қабырғалары теп-тегіс, өсімдіктері жоқ,
жып-жылмағай, мұнда айнаның бетіне шағылысқандай, күн сəулелері
сырғанап өтіп жатады, əне бір жерде шыңырау құздармен жапсарлас
шыңдардың өркештері мұңартады, онда қалың омбы қардың мұз кесектері
салбырап, жаңбыр суынан төмен қарай құлап кетуге əзір тұрғандай;
шыңдардың өркештерінде кейде жел өтіне майысқан аласа ағаштар
жайқалады; əр тұста салқын самалын жіберіп, қараңғы құздар қарауытады;
Бұлардың жарқабақтарында самырсын ағашындай зəулім талшын
діңгектерінің
шоғыры
шумақталған:
қара
бүлдіргенмен,
гүл
бəйшешектермен, көк шөпті көгал жолақпен əшекейленген қара-қошқыл
көмейлерін аңырайтып, сұрғылт үңгірлер құз түбінде құлдырандайды.
Тегінде, бір кезде жанар таудың өңеші болған бұл кесенің түбінде шағын
қол бар; оның мөлдір суы гауһардай жарқырайды. Сəмбі тал жəне шаған
аташтарымен, құзғын қылышы дейтін өсімдіктермен, дəл сол маусымда гүл
шашқан көптеген хош иісті бəйшешектермен көмкерілген гранит жағалы
бұл терең құбырдың төңірегінде, ағылшын бағындағы алаңқайдай, жасыл
алап көлбейді; оның қылдырықтай нəзік, торғын шөптері жартастардың
жарықшақ қуыстарынан сылдырап аққан бұлақтармен суарылады, биік
шындардың басынан дауыл үнемі домалантып əкеп тұратын шірік өсімдік
қордаларымен қоректендіріледі.
Жібек көйлектің жиырмасындай бұдыр-бұдыр деңгейлі бүкіл қол
шамамен айтқанда, үш арпан жер аумағын алып жатыр. Жартастардың суға
тым төніп тұрғаныңа қарағанда, алаптың кендігі, сірə екі арпаннан артық
болмаса керек, кей жерлері, сиырлар əрең өтетіндей қылбуыт. Белгілі
биіктікке барғанда өсімдіктер ада болған. Көмескі сырға боялған граниттің
таңғажайып тұрқы аспан аясында кереметтей кестеленген; осындай сырбедерлер биік тауларды ақша бұлттарға да біраз ұқсатқандай.
Өсімдіктерден жұрдай, жалаңаш жартастар алқаптың мүлəйім пішініне
қаңырағандықтың тағы, бедеу бейнелерін, құт ұшырғыш құламаларын
қарсы қоюда, бұлардың бітім тұлғалары сондай қызық, тіпті жартастардың
бірі Капуцин – деп аталыпты, өйткені ол нағыз сопыға сондайлық айнақатесіз ұқсастұғын. Кей-кейде бұл істік найзалар, өжеттікпен жапырласа
топтасқан осы тас тобырлар, бұл ауа үңгірлері жарық сəулелерге көміліп,
күндізгі арай атысына, ауаның құбылмалы кереметтеріне бағынып, біресе
алтын айдар тағады, біресе от-жалынға малынады, біресе ал қызылға
безеліп, біресе сұрғылт күңгірттікке шомылады.
Тау шыңдарының өзі көк кептердің мойын жүніндегі бояулардай,
шұғыланың алуан түрде құлпыратын түстеріне ұқсас мəңгі бақи
құбылмалы көріністердің тұлғасы. Таң қылаңында немесе күн батарда
алтын арайдың жалын нұры қасат мұздың бейне бір балтамен шабылғандай
тіп-тік жарылған екі қыртысының арасынан жорғалап, осы əшекейлі
қобдишаның түбін жалап, су құбырының бетінде, бейне бір, түскі тыныс
кезінде құнттап бекітілген испан үйінің əйнек қақпағының саңылауынан
сығалаған алтын сəуледей асыр салады. Топан тасқыныңа дейінгі қандай да
бір төңкеріс суға толтырған осы ежелгі өңештің үстінен күн биік
көтерілгенде, шаңқай түстің шағында оның тас бүйірлері қызады да, кəрі
жанар тау қайта тұтанып, өрт шалғандай болады, жылы да жас өркендер
тезірек оянып, өсімдіктер ұрықтанады, гүлдер шашақтанып, осы меңіреу,
мəлімсіз түкпірде жемістер өседі.
Рафаэль осы түкпірге қаңғып кеп қалды да, алапта сиырлар жайылып
жүргенін байқады; көлге қарай бірнеше қадам аттағаннан кейін, жер
танабы кеңейіңкіреген тұста граниттен салынған, ағаш төбелі қарапайым
үйді көрді. Жер жағдайына жарасымды етіп əдеттен тыс салынған
лашықтың шағыры мүк, шырмауық гүлдермен безелген; осылар оның
ежелгі көне үй екенін де əйгілеп тұрғандай. Жартылай қираған мұржадан
құстарды да үркіте алмастай нəзік түтін қылауы ирелең– деп көрінеді.
Есікке таяу, гүл шашқан, хош иісі аңқыған бір түп қызғылт тал мен
шеңгелдің үлкен екі шоғырының арасында ұзын орындық тұр. Бостандықта
емін-еркін өскен жүзім қозалары мен алқызыл, сарғылт райхан гүлдерінің
сабақтары үйдің қабырғасын түгелдей жауып тұр. Сірə, үйдің нелері село
сəулетінің бұл зейнетіне назар салмайтын, оларды қадағаламайтын сияқты,
табиғаттың өз тіршілігімен, қыздай көріктілікте еркін өркендеуіне ықтияр
берген тəрізді. Қарақат жидегінің бұтасына күн көзіне кір жайылған.
Кендір қағатын тарақтың үстіне мысық та келіп жайласыпты, оның
астында картоп қабықтарының арасында жаңа ғана тазартылған мыс қазан
жылтырайды. Рафаэль үйдің арғы қабатында қураған қалақайдан тоқылған
шетенді көрді, ол, сірə, бау-бақшаны тауықтардан қорғау үшін қойылса
керек.
Дүниенің ақыр-аяғы осы ара тəрізді. Тұрғын үй шыңдарға шеберлік
жапсырылған құс ұялары секілді: əрқайсысында өзінше тапқырлықтың,
сонымен қатар əлде бір асығыс салақтықтың ізі бар сияқты. Бұл енді əрі
аңқау, əрі мүсіркегіш, шын мəнісінде жабайы, өзіндік поэзиясы бар
табиғаттың өзі еді, неге десеңіз ол біздің тілмен жалап, қолмен
жылтыратқан поэзиямыздан мың лье қашықтықта өздігінен гүлденіп,
ешқандай жоба-жоспарға бағынбаған, табиғилықтың шынайы салтанаты
ретінде кесек туған дүние. Рафаэль жақындап келгенде күннің сəулесі он
жағынан түсіп тұр, ан-ды, сондықтан өсімдік атаулының бəрі барлық
безектерімен, бояуларымен сəндене жарқырап тұр еді: сиқырлы жарық
сəуленің толқымасындағы көленке таңбалары, сұрғылт сары жартастар,
алуан-алуан сарындағы жапырақтардың жасыл бояуы, көк, қызыл ақ
гүлдердің түкті кілемнің түріндей құбылыстары, жорғалауық өсімдіктер,
олардың мүк барқыттай құлпырған тақиялары, арғыс ағашының шымқай
қызыл шоқтары, əсіресе гранит шыңдар, ағаштар, үй, аспан шұғылалары
айнадағыдай шатылысқан; судың кең жалқын айдыны бəрі ап-ашық
суреттегідей. Бұл ғажайып көріністе жарқырауық слюдадан бастап, жұмсақ
жарық көлеңкесіне жасырынған селеу шөптің будасына дейін əр заттың
өзінің топ сұлулығы бар. Бəрі де: жүні жылтыраған ала сиыр да, үстінде
көгілжім, меруерт жəндіктер ызыңдап ұшқан, шұқыршаны шашақтай
көмкерген талдырмаш су гүлдері де; жалаңаш тастардың ұмар-жұмар
үймектерінің шоқысында, қылаң-сұрғылт бұйра айдарға ұқсап тарамданған
ағаш тамырлары да өздерінің жарасымдылығымен көзді қуандырып тұр.
Судың, гүлдердің, үңгірлердің осы бір оқшау пананы жұтындырып
тұрған жылы иістерінен Рафаэльде əлденендей лəззат құмарлық түйсіну
пайда болды.
Алым-салық жинаушының тізіміне əлде қалай ілінбей қалған бұл
тоғайшадағы салтанатты тыныштықты екі иттің үргені ғана кенеттен бұзып
жіберді. Сиырлар бастарын алқапқа қарай бұрып, өздерінің жұмсақ
тұмсықтарын Рафаэльге көрсеткендей, оған тұйық қана көз тастап,
өздерінің шөптерін жұлмалай берді. Əлдеқандай бір сиқырдың күшімен
жартасқа асылып қалғандай ешкі мен лақ жоғарыдан қарғып түсіп,
Рафаэльге жақын маңдағы гранит алаңқайға жүгіріп келіп тоқтады да,
сұрақтары бардай, оған қарай қалысты. Иттің абалағаның есітіп, үйден бір
семізше бала жүгіре шықты да, аузын ашқан күйінде қалшиып тұрып
қалды. Содан кейін орта бойлы ақ сақалды қарт шықты. Осы екі жан
иесінің екеуі де айналадағы көрініске, ауа мен гүлдерге, үйлерге сондай
сай, жарастықты еді. Гүлге малтыққан табиғат ортасында сəлəматтық
дегеніңіз асып төгілгендей: кəрілік те, балалық шақ та мұнда тамаша
зейнетті. Қысқасы, мұндағы жаниелерінің барлық түрлерінен баяғы ескі
замандағы еркіншіліктің лебі ескендей, біздің сопылық аяр пəлсəпамыздың
бүкіл
суайттығын
əшкерелейтін,
жүректі
оның
даурықпалы
құштарлықтарынан тазартып емдейтін дағдылы бақыттың лебі еді бұл əлгі
қарт ер жүрек суретші Шиецтің қылқаламына сұранып тұрғандай: күнге
тотыққан əжімдерінің айқыш-ұшқыш сызықтары қолға қатқыл
көрінетіндей: қыр мұрын, шықшыттары шығыңқы; екі жақ самайында ескі
жүзім жапырағындағыдай қызғылт тамырлар білеуленіп көрінеді; бетəлпеті тұрпайылау, күш-қуаты əлдеқашан сарқылса да, қапсатай денесінде
қайраттың барлық нышандары бар; жұмыс істемесе де, алақанының қалың
мүйізі əлі кете қоймаған: қарт шын мəнісіндегі азат адамша өзін еркін
ұстайды; тіпті əрілесең, Италияда ол баға жетпес бостандықты көксеп,
тіпті қарақшы болып кетер ме еді – деп те ойларлық.
Нағыз тауда өскен тағы баланың көздері қап-қара кірпік қақпай күнге
тік қарайды жүзі күп-күрең, қоңырқай шаштары дударланған; ал оңтайлы,
өжет қозғалыстары табиғи, құстың қимылдары іспетті; үстіне киген киімі
шоқпыт, уылжыған ақ тəні шоқпыттың əр саңылауынан жылт-жылт етеді.
Екеуі де ортақ бір сезім билегендей, үндеместен қатар тұр. Олардың
көзқарастары да екеуінің алаңсыз біркелкі тіршіліктерінің айырғысыз
тұтастығын білдіргендей. Əлсіздіктің екі түрі арасындағы, сарқылып бара
жатқан күш пен өркен– деп келе жатқан күштің арасындағы ерекше келісім
бойынша қарт өзіне мына баланың ойындарын алып, ал бала өзінің қарт
бабасының құштарлық мінездерін игергендей. Аздан соң табалдырықта
отыз жастар шамасындағы бір əйел көрінді. Ол сол жүрген күйінде жіп
иіріп келеді. Қара қошқыл, жайдары жүзді, тістері аппақ бұл əйел нағыз
оверннің өз түлегі: кескіні де, дене бітімі де, киімі де, шаш түюі де,
толықша келген кеудесі де, сөз саптауы да нағыз оверн əйелдерінің қалпы;
еңбек сүйгіштігі, надандығы, ұқыптылығы, дүние қорлығы; қысқасы, бүкіл
кейпі өз елінің жанды тұлғасын бейнелеп тұр.
Ол Рафаэльге бас изеп амандасты; əңгіме басталды. Иттер
тынышталды, қарт күннің шуағына қарай, отыртышқа отырды, сəби өз
шешесін өкшелеп, қыр соңынан қалмай, əңгімеге үнсіз құлақ түріп, жат
адамнан көз айырмай, жаутаңдай берді.
– Сіздер мұнда тұруға қорықпайсыздар ма, шырағым?
– Неден қорқамыз? Есікті мықтап бекітсек, мұнда кім кіре алады? Жоқ,
біз ештеңеден де қорықпаймыз. Дұрысын айтқанда, – деп əйел үйінің үлкен
бөлмесіне қарай маркизді сыпайы түрде шақырды: ұрылар біздің немізді
алады?
Ол қолын айнала сермеп, ыс басқан қабырғаларды нұсқады: көкшіл,
қызыл жасыл бояулармен сырланған "Қарыздың ажалы", "Айса
пайғамбардың құмарлығы", "Император гвардиясының гpeнaдepлepi,,
секілді суреттер бұл қабырғалардағы бірден-бір зейнет осы ғана; бұдан
басқа, бөлме ішінде жаңғақ ағашынан жасалған ескі кереует, сирақтары
əрмелі үстел, орындық, ашытқы, төбеде ілулі шошқа майы, құмырада тұз,
пеш жəне ошақ шəрлігінде сарғайған əшекейлі гипс тұлғалар көрінеді.
Үйден шыққан кезде, Рафаэль қолында кетпені бар жартастар арасынан
еңкейіп өз үйіне таңдана қарап тұрған еркекті көрді.
– Үйдің иесі, – деді əйел; ернінің емеурінінде шаруа əйелдердің
жымиған дағдылы күлкісі білінді. Жұмыс істеп жатыр.
– Ал, қария ше, сіздің əкеңіз бе?
– Ғапу етіңіз, бұл кісі еріміздің бабасы. Көріп тұрсыз ғой, жүз де екі
жаста. Солай бола тұрса да, ол жақында біздің баланы Клермонға жаяу
ертіп апарып келді. Бұрын палуан болған, бұл күнде тек ұйқыны, ішіпжеуді ғана біледі. Көбінесе баламен ойнап, əуреленіп жүргені, кейде
сəбиіміз оны тау арасына да ертіп əкетеді, шалға ештеме ететін емес, жүре
береді.
Валентен сол арада-ақ қартпен, баламен бірге тұруға, олардың
ауасымен тыныс алуға, олардың жеген нандарын жеп, ішкен суларын ішуге,
солармен бірге ұйықтауға, олардың қанымен өзінің тамырларына
толтыруға бел байлады. Ажалдың аласұруы да! Осы жартастардың ұлуы
болу, өзінің қауашағын бірнеше күнге ұзарту, ажалдың жақындауын
неғұрлым сездірмеу міне оның ой-ниетінің негізі, адам болмысының
бірден-бір дұрыс қағидасы, тұжырымы осы болды; өмірдің тамаша
кемеліне келтірілген, арманыңа жеткен рақаты, бірден-бір дұрыс тұрмыс,
нағыз өмір ол үшін осы болды. Санасына сіңген өзімшілдік ой оның
жаратылысының асылына айналып, бүкіл əлемді жұтып жіберді. Оның
ойынша, əлем енді жоқ, бүкіл əлем оның бір өзінде ғана тоғысып тұрғандай
көрінді оған. Сырқат адамдар үшін дүние оның төсегінің бас жағында
басталып, аяғының ұшында бітетін болса керек. Осынау аңғар Рафаэльдің
жатағына айналды.
Қыбыр-қыбыр тіршілік үстіндегі құмырсқаны кім көрмеді, ақ шабдар
ұлудың тыныс аларлық жалғыз тесігіне кім шөп тығып көрмеді дейсің.
Жіп-жіңішке инеліктің қалтылдап ұшқаның кім қызықтамады; емен
жапырақтарының қызғылт түсіндегі, бейне бір готика стилімен салынған
күмбезді, əсем шіркеудің əйнегіндей, айқын бедерлі тамыр-тарамыстарға
кім сүйсінбеді? Шатырдың қыш төбесінде жаңбыр мен күн көзінің ойының
ұзақ уақыт, рақаттанып кім бақыламады; суының шық тамшыларын, гүл
күнтелерінің күн нұрын сіміріп, құлпыра ашылғаның көз айырмай қарай
отырып, кімдер ой түбіне үңілмеді дейсіз? Сырт қарағанда бейқам жəне
мақсатсыз көрініп, солай бола тұрса да нақты бір ой туғызарлық осынау
заттық қиялдарға кім сүңгімеді? Ең ақырда, сəби өмірімен жалқау
тіршілікпен, еңбекті есептемегенде жабайы, тағы адамның өмірімен кім
тіршілік етпеді? Рафаэль бірнеше күн осылай қамсыз, армапсыз, тілексіз
күндер өткізді, өзінің денсаулығы анағұрлым жақсара түскенін сезді,
əдеттен тыс рақатты басынан кешірді, осының өзі оның үрейін басып, азапжапа шегуін жеңілдетті. Ол жартасқа шығып, қайдағы бір шыңдарға
көтеріліп, алысқа-алысқа көз тігіп отырар еді. Күн нұрынан нəр алған
өсімдіктей, апанына тығылған қояндай, ол сонда күннің күні бойы
отыратын болды. Өсімдіктер өмірінің құбылыстарымен, аспанда болып
жатқан өзгерістермен етене ағайындасып, жердегі, судағы, ауадағы болып
жатқан барлық құбылыстардың өршуін, өркендеуін бақылады. Ол
табиғаттың ішкі қимыл, қозғалыстарын аңғаруға əректтенді, əрі қорғаушы,
ішкі болмысты басқарушы заңға берілу үшін табиғаттың самарқау
бағыныштылығымен неғұрлым толық қабысуға əрекеттенді. Ол өзінен-өзі
арылуға тырысты. Ежелгі замандарда əділ заңның тергеуі қудалаған
қылмыскерлер шіркеудің саясында паналап, жан сақтайды екен, Рафаэль де
солар сияқты өмірдің қасиетті құттыханасына енуге əрекеттенді. Ол осыған
жетті де, осы ұлан-байтақ қуатты гүлденістің құрамды бөлегі болып алды;
ол ауа райының өзгерістеріне дағдыланды, жартастардың құздарын
аралады, барлық өсімдіктердің мінездері мен тіршілік əуендерін зерттеп
үйренді, сулардың қайдан пайда болып, қайда ататының біліп алды, барлық
жануарлармен танысты; ақырда, тіршіліктің жер-анамен үйлескені сондай,
кейбір дəрежеде оның жаның ұғынып, құпия сырларын түсінгендей болды.
Табиғаттың барлық патшалықтарының ұшы-қиырсыз формалары ол үшін
бəз баяғы бір тектің өршуі, бəз баяғы бір қозғалыстың əр алуан қабысуы;
əрекет етіп, ой түйіп, қимыл жасап, өсіп-өніп отырған бір шексіз жан
иесінің алып тынысы болып табылды; ол да солармен бірге өскісі,
қозғалғысы, пікірлескісі, əрекет еткісі келді. Ол өзінің өмірін жартастың
өміріне кереметтей жанастырып, сонымен тұтаса өсіп, біте қайнасты.
Жабырқау көңіліндегі осындай бір құпия сырлы шырайдың жарқ етері
арқасында, табиғаттың сырқатты саябырлату ретінде сыйлайтын
маужыраған ұйқысына ұқсас осы бір жорамал сақаю арқасында Валентен
бұл қуанышты табиғаттың ортасында болуының алғашқы кезінде екінші
рет балалық шағының рақатына бөленді. Ол күннің күні бойы қандай да
бірер гүлді іздестіріп, əуреленетін, мыңдаған істі бастап, бірде-бірін
аяқтамайтын, кешегі жоспарларын ертеңгісін ұмытып қалатын; қандай да
қам-қайғы атаулыдан аулақ болғандықтан, ол бақыттымын – деп ойлады,
сауығармын ғой – деп үміттенді.
Бір күні ол төсекте түске дейін жатты, он мен ұйқыдан тоқылған
қиялшылдыққа, шындықты қияли түрге, қиялды болмыстың көріністеріне
айналдыратын қиялшылдыққа шомылып жатты; кенеттен ол тұңғыш рет
өзінің сау-сəлəматтығы туралы есепті есітті; күн сайын Рафаэльдің көңілін
сұрай келетін Ионафанта үй иесі əйел оның сырқатының жайы туралы есеп
беріп тұр екен. Оверндік əйел, əрине. Валентен ұйықтап жатыр ғой – деп
ойлап өзінін бар даусымен тауды мекендеген таты адамның дабырлақ
даусымен қатты сөйлеп тұр еді.
Тəуір де емес, нашар да емес, – деді ол. Түнде тағы да жөтелді, тіпті бар
ғой, жантəсілім егер ме екен – деп те ойлап қалдым. Мейірімді мырзамыз
жөтеліп, қақырғанда тіпті аянышты-ақ. Сонша жөтелетіндей күш қайдан
шығады екен – деп қожайыным екеуміз таңғаламыз. Тіпті бар ғой,
жүрегіміз жарыла жаздайды. Не қылған қарғыс атқан дерт еді Бұл! Жоқ,
байғұстың халі нашар. Таңертеңгілік төсекте өліп жатқанының үстінен
шықпасақ игі еді – деп, үнемі зəреміз жоқ. Балауыздан жасалған Айса
пайғамбардың сүлесіндей аппақ! Төсектен тұрғанымда ылғи көріп
жүремін, қандай арық бейшара, құр қу сүйек!
Байғұс, өзі ештеңені де сезбейді. Оған бəрібір, екі адамға əлі жететін,
денсаулығы мығым кісідей-ақ жүріс-тұрысқа, жүгіріске күшін сарп етіп
жүргені. Мейлінше қунақы болуға тырысады, сыр білдіргісі келмейді! Ал,
шының айтқанда, оған алапта сейіл құрғаннан гөрі қара жердің қойныңда
жатқаны артығырақ болар еді, айқышқа шегеленген жаратушымыз сияқты,
ауыр азап шегуде, байғұс! Əрине, бізге оған жамандық тілемейміз, бізге
одан пайда жоқ. Ол бізге осынша сый-сияпат көрсетпесе де, біз оған
ықыласымызды кемітпес едік, біз одан бір олжа табайық деп ұстап
отырғанымыз жоқ. Алда тəңірі-ай, тек Париждің адамдарында ғана болады
осындай сұрапыл сырқат! Қайдан ғана соған душар болады екен солар?
Сорлы жігіт! Сірə, мұның аяғы жақсылыққа соқпас! Апырмай, безгек деген
пəле болды соған, тіпті сілесін құртып, қуратып, үңгіп барады! Ал,
байғұстың өзі ештеңе де ойламайды, ештеңеден де сезіктенбейді. Ештеңені
де байқамайды... Қойыңыз, жылаудың керегі жоқ, Ионафан мырза! Осы
азаптан құтылса, құдайға шүкіршілік айту керек. Сіз оның сəлəматтығы
үшін тоғыз бас дұға оқытыңыз. Тоғыз бас дұғадан тəуір болғанның талайын
көргенмін. Мен де шырақ жағар едім, осындай сүйкімді жаралған жанды,
осы осындай мейірімді кісіні, басқаның осындай сүйкімді қошақаның аман
сақтап қалсақ екен... Рафаэльдің даусы əлсірегені сондай, ол тіпті айғайлай
да алмады, зəре кетіргіш сандырақты тыңдап жата беруге мəжбүр болды.
Алайда, сабырсыздық оны төсектен тұрғызды, ол табалдырыққа келді де,
Ионафанға ақырып жіберді:
– Кəрі доңыз! Сен немене, маған жендет болғың келе ме?
–Үй қожасы əйел мынаны аруақ екен – деп қорқып, қаша жөнелді.
– Ендігəрі менің көңілімді сұраушы болма, – деді Рафаэль.
– Құп болады, маркиз мырза, – деп жауап қайырды қарт қызметші көз
жасын сүртіп.
– Мұнан былай, бұйрықсыз құл араға əсте келмейтін болсаң, маған
істеген жақсылығың сол болсын.
Ионафан бағынды, бірақ кетерінде маркизге шын берілгендік, жаны
ашығандық көзбен аянышты қарағаны сонша, Рафаэль бұл көзқарасты
өзіне оқылған өлім жазасы – деп ұқты. Енді істің шынайы жағдайына
айқын көзі жетіп, ол бірден-ақ жасып қалды: табалдырыққа отыра кетіп,
қолдарын кеудесіне айқастырып, басын төмен салбыратып мүлгіп қалды.
Ионафан шошынып, мырзасының қасына жетіп келді.
– Тақсыр...
– Жоғал! Жоғал! Науқас қатты қиналып айқайлады.
Келесі күні таңертең Рафаэль жартасқа мініп, оның мүк өскен қуысында
отырды; осы арадан жіңішке соқпақ, соны бойлай, Рафаэль мекен еткен
үйге қарай жүйткіген жылға көрініп тұрушы еді. Төменде ол тағы да
оверндік əйелмен əңгімелесіп тұрған Ионафанды көзі шалды. Оның
сезімтал санасы оған анау əйелдің басын шайқауының, қолдарын
үмітсіздікпен сермеуінің, қазымыр аңқаулығының мəнісін лезде аңғартып,
маужыраған тыныштықта баяу желдің жұмсақ лебі қатерлі сөздерді
жеткізді. Үрейі ұшқан Рафаэль ең биік шыңдардан пана іздей бастады.
Жұрттың бұған жан ашығандық білдіруінің өзі қатал шаншу боп жабысты
да, бақытсыздығына қарай, осының салдарынан туған қапалы ойлардан
арылуға шамасы келмей, шыңның ұшар басында кешке дейін отырды.
Кенеттен оверндік əйелдің өзі мұның алдына кешкі ымырттағы көлеңкедей
жылысып келіп қалды; қиялдың ұшқыр шабыты ақ жолақ қара ала көйлек
киген əйелді оның көз алдына өліктің қабырғаларын ырсаған қаңқасы етіп
елестетті.
– Жерге шық түсіп қалды, тақсыр, – деді əйел. Енді отыра берсеңіз,
қиын болар, үйге қайтатын уақыт болды. Шықтың ылғалды дымымен дем
алу өте зиянды, оның үстіне, таңертеңнен бері сіз тамақ татқан жоқсыз ғой.
– Қарғыс атқыр? – деп Рафаэль айқай салды. Мазамды алмаңыз, көрі
сиқыршы, əйтпесе мен кетермін де қалармын! Маған күн сайын таңертең
көр қазатыныңыз да жетер, тым болмаса кешкітұрым қазбасаңызшы...
– Көр дейсіз бе, тақсыр? Сізге көр қазу ма?.. Кəнеки қайда сіздің ол
көріңіз? Сізге қабір қазбақ түгіл, біздің бабайдың жасындай өмір сүруіңізге
шын ықыластан тілектеспін мен. Қабірі несі? Көрге кіруге ешқайсымыз да
кеш қалмаспыз!..
– Жетер! – деді Рафаэль.
– Менің қолыма таяныңыз, тақсыр!
– Жоқ!
Аяныш міне осы сезім ғой адамның өте-мөте қиналып, көңілге ауыр
алатын нəрсесі, осы, əсіресе сондай аянышты күйдегі адамдар өте-мөте
ауыр алады. Жеккөрушілік, өшпенділік қуат бітіретін құрал, өмірге мағына
беретін де сол, өшпенділік кісіні кек алуға рухтандырады, ал жанашырлық
адамды өлтіреді, біздің əлсіздігімізді онан бетер үдете түседі. Бұл ұрланып
кіретін қысастық, бұл наздықты бүркенген жиіркеніш немесе намысқа
тиетін наздық. Жүз жастағы қарияның жанашырлығы масайраған сезім,
сəбидікі қызықтау, əйелдікі мазасыздық, оның күйеуінікі пайдакүнем
жанашырлық – деп есептеді Рафаэль, бірақ бұл сезім қандай түрде білінсе
де, үнемі өлімнің хабаршысы.
Ақын нені болса да өлең етеді, қандай бейне, қандай кейіп оның қиялын
шарықтатса, соған қарай не күйрек, не жайдары өлең шығарады; ақынның
шабытты жаны жарым-жартылықты серпіп тастап, қашан да болса жарқын,
айқын суреттерді, қою бояуды талғайды. Аяныш Рафаэльдің жүрегінде
қасірет пен мұңның сұрапыл поэзиясын туғызды. Табиғатқа жанасқысы
келгенде табиғи сезімдердің ашық, бұлтарыссыз болатының ескермеп еді
ол Жападан жалғызбын ғой – деп ойлап, түбір үстінде отырған шақта қыр
соңынан қалмайтын содырлы жөтел буындырып, кескілескен арпалыста
осы жөтелден соққы жеп шығатын Рафаэль кенеттен, шөп арасына
жасырынған тағыдай, бұған қызықтай қарап сығалап жатқан баланың
уытты өткір көздерін байқап қалатын, баланың бұл қызықтап қараған
көзінде көңілдің меселі қанша болса, онда соншалық мысқылшыл сықақ та
бар тəрізді еді, сонымен бір бұл көзге сезімсіздікпен ұштасқан тағы бірдеңе
бар секілді көрінген.
Траппистердің: Бауырым, өлер шағың жетті ғой, дейтін қаһарлы сөздері
Рафаэльмен бірге тіршілік еткен шаруалардың көздерінде жазулы
тұрғандай көрінді оған; ол неден қорқарын білмеді: олардың аңғырт
сөздерінен бе, əлде үнсіздігінен бе, солардың қайсы қауіптірек; солардың
бəрінен де зəре-зап. Бір күні таңертең ол қара киімді əлдеқандай екі
адамның төңіректеп жүргенін, мұны бақылап, аңдып, ұрланып қана көз
қырларын салып жүргенін байқап қалды; олар серуендегелі келгенсіп, оған
жайшылықта айтыла беретін жалпылама сұрақтар қойды, Рафаэль қысқаша
ғана жауап қайырды. Бұлар курорттың дəрігері мен священнигі екенін
аңғарды ол, сірə, оларды Ионафан жіберген болуға тиіс немесе осы үйдің
қожалары шақыртқан болулары керек, бəлкім, жақындаған өлім иісін сезіп,
өздері келген болулары да мүмкін. Ол қазірде-ақ өзінің жерленуін көз
алдына келтірді, священниктердің дұғаларын тыңдағандай болды, қанша
шырақ жағылатының да есептеп қойды; өзінің сөніп бара жатқан күштерін
сəулетті табиғаттың құшағында қайта тірілтем бе – деп үміттеніп келген
Рафаэль енді бұл сəулетті табиғатқа азалы торкөз арқылы қарайтындай. Бір
кезде оған ұзақ өмір сүруді дəмелендіргеннің бəрі де қазірде оның тез арада
өлетіндігіне сəуегейлік құрғандай. Келесі күні ұзатып салған
қожайындарының қайғылы, жанашығандық-аяушылық тілектерін барынша
тыңдап болып, Рафаэль Парижге жүріп кетті.
Түні бойы жолда жүріп келіп Рафаэль Бурбоненің ең көңілді
алқаптарының бірінде оянды; алқаптағы поселкелер мен көріністер түсте
көрген көмескі бейнелердей оның көз алдынан жүйткіп өте берді. Табиғат
ысқаяқ ойымпаздығымен өзін оның алдында көрмеге қойғандай. Біресе
Альс өзені алыста мұнартқан əсем алқапта өзінің ағысты арнасын
иреңдетті, біресе қоқыр жартастардың құздарына бұғып жасырынған
кішкентай деревня шіркеулерінің күмбездерін шошайтты, кейде үнемі
біркелкі суретті жүзім бақтарынан кейін ойпатта диірмендер көрініп, сəндісалтанатты сарайлар, тау бөктерлеріне жабысқан селолар, жиектеріне
зəулім теректер өскен жолдар сағымдай бұлдырап қала берді; ақырда алтын
аралас құм арасында Луараның ақабасыз айдыны, гауһардай ұшқын
шашқан айнасы жарқырады. Ынтықтырарлық қызықтардың ұшы-қиыры
жоқ! Жан бітіп, делебесі қозған, нəрестедей жайдары, тамылжыған табиғат
шілдедегі шабыт құмарлығын, нəпсі уызын əрең тежеп, сырқаттың сөніп
бара жатқан көз жанарын күйгі көңілмен өзіне еріксіз үңілдірді. Рафаэль
күймелі арбасының перделерін түсіріп, қайтадан ұйқыға кірісті.
Кешке жақын, Кон қаласы əлдеқайда алыста кейін қалған кезде, көңілді
музыка оны оятып жіберді, көз алдында деревня халқының мереке думаны
жайраң қақты. Пошта станциясы дəл алаңның жаныңда еді. Аттарды
доғарып, көлік ауыстырып жеккенше Рафаэль би билеп, сауық құрған
халықты көрді, шекелеріне гүл бəйшешек қадаған сымбатты қыздарға,
денелі, сергек көңілді жастарға, шарапқа қызып алған қарттардың қызғылт
əндеріне қызыға қарап тұрды. Балалар асыр салып, кемпірлер өзара
əңгімелесіп күлісуде еді. Бəрінін де үндері ашық; тіпті олардың киімдері
мен аланда тізілген үстелдерді де қуаныш сəндендіргендей. Алаң мен
шіркеу мерекелік сəулетке енген; ен артысы, үйлердің шатырларының
əйнектерінен, есіктерінен де бақыттың лебі ескен тəрізді. Өлім қармағына
ілінген адамдардың қай-қайсысына да, əдеттен тыс думан дырду жек
көрінішті болатыны сияқты, Рафаэль де томсарулы, қайғылы ah ұрудан
арыла алмады, скрипкалардың үнін өшірту, жүріс-тұрысты тоқтатып,
дауыстарды тұншықтыру, осы арсыз мерекені тарқаттыру тілегін тұқырта
алмады. Жүретін зор күйініш кернеп, күймелі арбасына мінді. Алаңға
қайтадан көз жіберіп еді, мерекені, қызық думанды əлдекім үркітіп
жібергенін, шаруа əйелдерінің қашып бара жатқаның, отырғыштардың
қаңырап қалғаның көрді. Оркестрте арналған мінбеде тек соқыр музыкант
қана сыбызғыда би күйін төгілтіп тұр екен. Билеушілері жоқ бұл музыка,
осы бір көлденен кескіні затын, үсті-басы шоқпыт, шаштары дударланып,
жөке ағашының түбінде тұрған жалғыз шал, бейне бір Рафаэльдің
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шегірен Былғары - 21
  • Parts
  • Шегірен Былғары - 01
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2531
    28.0 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 02
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2526
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    37.3 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 03
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2445
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 04
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2479
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 05
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2519
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 06
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2463
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 07
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2433
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 08
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2370
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 09
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2415
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 10
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2418
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 11
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2356
    28.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 12
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2283
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 13
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2455
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 14
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2393
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 15
    Total number of words is 4023
    Total number of unique words is 2423
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 16
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2233
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 17
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2155
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 18
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2257
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.8 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 19
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2406
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 20
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2522
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.2 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 21
    Total number of words is 2497
    Total number of unique words is 1541
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.