Latin Common Turkic

Шегірен Былғары - 19

Total number of words is 3907
Total number of unique words is 2406
29.4 of words are in the 2000 most common words
41.3 of words are in the 5000 most common words
48.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
болса, адамның өзіне тəуелді. Сөзіме менің план, Рафаэль: біз ем– деп жаза
алмаймыз, емделіп жазылуға ғана көмектесеміз. Бриссе мен
Камсристустың қолданатын жүйелерімен қатар тосу жүйесі де бар, бірақ,
оны ойдағыдай қолдану үшін науқастанушыны кемінде он жыл бойына
зерттеп білу керек. Басқа барлық ғылымдар сияқты, медицинаға да негіз
болатын нəрсе мойындамаушылық, күмəнданушылық. Сонымен қысқасы,
ақылға қон. Савойяға барып байқа, ең жақсысы табиғатқа сену: қашан да
болса, ең жақсысы осы.
Бір айдан соң, тамаша жазғы кеште, Экс курортына шипалы сумен
емделуге келгендердің бірсыпырасы серуеннен кейін курорт залына
жиналысты. Рафаэль жиналғандарға сыртын беріп, əйнектің түбінде
жалғыз өзі ұзақ отырды, ол қиялы шартарапқа шарықтаған самарқаулық
күйде еді, мұндай күйде ой өзінен-өзі туып, бір-біріне жамала береді,
ешқандай түрге айналмастан, іріп, өшіп, бейне бір, бұлдыраған жеңіл
бұлттай көшіп, жылыса береді. Сондай кезде мұң тыныш, қуаныш көмескі
болып, жан сезімдері мүлдем дерлік ұйқыға батады. Осындай сезім
лəззаттарына сүңгіп, ешқандай сырқат түйсінбей, ақыры, əлгі киелі шегірен
былғарының үнін өшіргеніне өзін бақытты санап, Валентен кештің жылы
шуағына шомылып, таудың жұпар аңқыған таза ауасын сіміруде еді.
Шыңдарда алтын арайдың қызғылт жалын шұғылалары сөніп, салқындық
біліне бастағаннан кейін, ол əйнекті жапқалы орнынан түрегелді.
– Тілеуіңізді берсін, терезені жаппаңызшы, – деді оған бір егде əйел. Біз
тұншығып барамыз.
Осы жалғыз ауыз сөз əлдеқандай наразы кескірлікпен Рафаэльдің
жүрегін тілкем– деп отырғандай болды, дос-жар санап, достығына сенгің
келіп жүрген адамың кейде аңдаусыздан осындай бір қатқыл сөз айтып,
мен-мендігінің түпсіз шынырауын танытатыны, сөйтіп, тəп-тəтті алданыш
сеніміңді жоққа шығаратыны бар ғой. Рафаэль бейтарап дипломаттың
салқын көзқарасымен кемпірді бастан-аяқ бір шолып өтті де, қызметшісін
шақырып алды, ол келгеннен кейін суық-сырдан пішінде оған əмір етті:
– Терезені ашыңыз!
Бұл сөздерді естігенде жиналғандардың жүзінде мейлінше таңырқау
бейнеленді. Бейне бір Рафаэль əлде бір өрескел мінез білдіргендей, оған
онша-мұнша жұмбақты көзқарас тастап бəрі де сыбырласа қалысты.
Албырт жастықтың алғашқы ұялшақтығынан өлі де толық арылып
болмаған Рафаэль қысылып қалды, бірақ ыңғайсыздықты дереу сілкіп
тастап, есін жиды да, бұл ерсі жағдай үшін өзіне-өзі есеп беруге де
əрекеттенді. Кенеттен оның миында пікір айқындығы туып, өткендегілері
көз алдына ап-анық елестеді де, сол шақта өзінің қылықтарымен өзгелерде
туғызған сезімдерінің себептері күре тамырындай бадырая суреттелді;
жаратылысты зерттеушілер өлі тамырдың нəп-нəзік тарам-тарам
жүйелеріне дəрі жіберіп, оларды қызара бөрттіріп, тіпті жіп-жінішке
салаларын да ап-айқын етіп түрлендіреді ғой, əлгі себептер де дəл сондай
анық суреттелді; осы өткінші суреттен ол өзін айқын таныды, өзінің өткен
өмірін жеке күн-күнмен көз алдына елестетіп, пікірлерін бірінің артынан
бірін тізбектеп өтті; мұндағы мысқылшыл қауым ішінде өзінің қандайлық
тұнжыраулы жүргенін: үнемі өзінің тағдыры туралы ойлайтының, ылғида
тек өзінің сырқатымен ғана шұғылданатының, жайшылықтағы нағыз
бейкүнə əңгімелерді де көтере алмайтының, сондықтан олардың
ешқайсысымен, қайтадан көрісуге дəмелене алмайтының, саяхатшылар
арасында лезде қалыптасатын қысқа мерзімді жақындықтан да аулақ
қашатының, жұрттың бəріне де мейлінше самарқау екенін, қысқасы,
жағадағы толқынның еркелігіне де, асау мінезіне де бейжай қала беретін
жартасқа ұқсас екенін таңдана аңғарып қалды.
Содан кейін ол өзінің ішкі сезім қабілетінің ерекше, сирек кездесетін
дарындылығы арқасында өзгелердің жан сезімін бақылауға кірісті;
шамдалдардың жарығында қарияның сарғыш бас сүйегін, бір қырын
отырған қазымыр кескінін байқап қалып, анау бір күндері оның ақшасын
ұтып алғандығын, бірақ қайтадан ойнап, оның ұттырған ақшасын қайтарып
алуына мүмкіндік бермегенін есіне түсірді; оның ар жатында əп-əдемі бір
жас əйелді көрді, бұл əйелдің еркелік назына да ол немқұрайды қараған-ды;
елемеушіліктің, менсінбеушіліктің тіпті алғаш қарағанда аңғарылмайтын
белгілерін де байқатқаны үшін, мұны əркім-ақ кінəлайтын сықылды
көрінді: Бұл менсінбеушілік белгілері олардың намысына тиіп, шаншу боп
қадалса керек. Рафаэль өзі тілеместен, өз санасынан тыс, əрбір кездескен
адамдарының бəрінің ұсақ намысын кемсітіпті. Кейбіреулерді қонаққа
шақырып, өзінің аттарын мінуге беріп, ізет көрсете тұрса да, мұның осы
салтанаты ол кісілердің қытығына тиіпті; олардың мұндай қадір
білместігіне өкпелеп, Рафаэль оларды бұл қорлықтан ада қылды; содан
кейін олар: "Бізді менсінбейді екен", – деп ұйғарып, Рафаэльді ақ сүйек –
деп айыптапты. Адамдардың жан сезіміне үңіліп, олардың нағыз құпия
пікірлерін жоруды енді үйренді ол; қауымның өзі, оның сыпайыгерлігі, құр
жылтыраған сыртқы көрінісі Рафаэльдің зəресін ұшырды. Тек дəулетті,
айрықша ақылды болғандығы үшін ғана жұрт оны күн– деп, жек көріпті:
Рафаэльдің үндемейтіндігі олардың құмартқан ынтығын ақтай алмапты;
оның кішіпейілділігі мынау ұсақшыл, үстірт адамдарға ірілік, асқақтық
болып көрініпті. Бұл адамдар жөнінде Рафаэль өзінің қандайлық құпия
жəне кешірілместік қылмыс істегенін ұғынды: олардың тоғышарлығының
тергеуінен сырт қалыпты ғой бұл! Олардың азаптаушылық озбырлығына
бағынбай, оларсыз-ақ күн көре біліпті бұл; мұның осындай ішкі менмендігі
үшін бұдан кек алғалы бəрі іштей бірігіп, өздерінің күшін сездіруге, мұны
өздерінше бір түрлі құстана қылуға, олар да мұнсыз-ақ күнелте
алатындықтарын сездіруге тырысыпты.
Зиялы қауымның мұндай кескіні алғашқы кезде мұнда аяушылық
сезімін туғызған еді, бірақ кейіннен, пейіл жаратылысын бүркеген өзімшіл
дененің шарбы-кілегейі мұның көз алдында қалай тез жадырағаның ойлап,
шошынып қалды, ендігəрі, ештеңені де көрмейтіндей болу үшін көздерін
жұмып алды. Кенеттен ақиқаттың осы түнек қиял пердесі үстіне қара
шымылдық түсірілді де, ол өкімет билігіне, үстемдікке ұмтылғандардың
бəрінің душар болатын сұрапыл жалғыздығына ұшырады. Сол минутта ол
қатты жөтелге булықты. Мұндай реттерде, жақсы қауымнан кездейсоқ
жиналған адамдардың айтатын мезіретін, мейлі бір жақтан немқұрайды
айтылған болса да, əйтеуір сыпайы тілеулестік білдірушілікке ұқсас бір
ауыз жылы сөзді айтқалы бірде-бірі тіс жармады, оның орныңа мұның
құлағына дұшпандық күбірлер, ашынған сыбырлар шалынды. Қауым оның
алдында сырын жасыруға да əрекеттенген жоқ, бəлкім, мұның себебі ол өзі
де бұл қауымның ниетін күнілгері-ақ жорығандығынан шығар.
– Оның сырқаты жұқпалы екен...
– Курорт басқарушысы мұны залға жібермеуі керек еді.
– Құдай ақы! Жөні түзу қауымда бұлай жөтелуге рұқсат етілмейді!
– Мұндайлық қатты сырқаттанған адамның курортқа, шипалы сута
келуінің жөні жоқ қой...
– Тайып тұруымызға тура келетін шығар!
Мұндай ызалы күңкілден жалтару үшін Рафаэль орнынан тұрып, залда
ерсілі-қарсылы жүре бастады. Тым болмаса бірер жаннан тілеулестік
табуды үміттеніп, ол оқшау отырған жас əйелдің жанына келіп, отан
сүйкімді сөз айтпақ еді, ол жақындап келе жатқанда-ақ əйел сырт айналып,
билеп жүргендерге қарағансыды. Рафаэль осы бүгінгі кеште бойтұмарды
түгелдей жұмсап қойдым ба – деп шошынды; əңгіме бастауға ынтасы да
болмағандықтан, оған батылдығы да жетпегендіктен Рафаэль жүгіре басып
залдан шығып, бильярд ойнайтын бөлмеге келді. Бильярд бөлмесінде
онымен ешкім сөйлеспеді, ешкім бас изеген жоқ, тіпті сол ғана да ізгі
ниетті тілеулестікпен ешкім қараған да жоқ. Жаратылысынан-ақ ұтқыр
ақылы жұрттың бəрінің одан жалпылама жиренуінің ақиқат себебін зерде
сезімімен ашып берді оған. Мына қауым өзі де білместен, жоғарғы
қауымды басқаратын ұлы заңға бағынулы еді, бұл қауымның барлық
рақымсыз моралі Рафаэльдің көз алдынан өткен-ді. Өзінің өткендегі
өміріне көз жіберіп Рафаэль бұл моральдің тұтас бейнесін Теодорадан
тапты. Бір кезде өзінің жүрек сергелдеңіне Теодорадан қандай "жұбаныш"
тапқан болса, мұнда да сырқатына тек сондай көлемде ғана жанашығандық
кездестіре алар да, одам артықты дəмелене алмас еді.
Денсаулығы мығым адам ұшына жабысқан жарақатты өзінің денесінен
сылып тастайтыны сияқты, жарқылдақ қауым да бақытсыздарды өз
ортасынан аластайды. Жарқылдақ қауым қасірет пен бақытсыздықтан
жиренеді, жұқпалы дерттен үрейленгендей, олардан шошынады, қасірет
пен бақытсыздықтың жəне жаман мінез үшеуінің қайсысын таңдауға
келгенде, олар іркілместен жаман мінезді таңдайды: өйткені жаман мінез
бұл да салтанат. Қасірет қаншама ауыр болса да, жарқылдақ қауым оны
мінеп, кемсітіп, эпиграммада мысқылдай біледі; тағынан тайған
корольдарға бейне бір өзі олардан жəбір көргендей-ақ, қорлық көрсету
үшін сықақ суреттер салады; цирктегі Римнің жастарынша, бұл қауым
жаралы гладиаторға рақымсыз; ол тек алтынмен, келемеж-ожуамен ғана
тіршілік етеді...
Əлсіздерге ажал! Міне дүние жүзінің барлық халықтарында да бұл
тайпаның өсиеті осы, неге десеңіз, қай жерде байлар үстем, сондықтан бұл
нақыл байлықпен əспеттеліп, аристократизммен қоректендірілген
жүректерде терең таңбаланулы. Мектептегі балаларға қараңыздар: мінекей,
қауымның кішірейтілген түрдегі бейнесі осы: аңғал жəне ақ жарқын болуы
себепті бұл нағыз шынайы бейне; мұнда сіздер қалай да кедей құлдарды,
азап пен қайтының перзенттерін табасыздар, жұрт оларға қашан да болса
жирену мен жанашығандықтың екі арасындағы əлденендей бір шөре-шөре
сезіммен қарайды, ал інжіл оларға жұмақ дəмелендіреді.
Ұйымдасқан жан иелерінің баспалдағымен төмен қарай түсіп көріңізші.
Егер құс қорасындағы қандай да бір құс ауырса, басқалары оның үстіне
қонып, шұқып, жүнін жұлқып, ақыр аятында өлтіреді. Өзімшілдіктің осы
ұлы заңына адалдығынан айнымайтын жарқылдақ қауым бақытсыздар
жөнінде қаталдыққа да жомартақ, алайда, бақытсыздықтың өзі де олардың
мерекелік зауқың бұзып, рақаттануына кесел келтіруге бейім. Кімде-кімнің
тəні немесе рухы сырқат болса, кімде-кім кедей жəне дəрменсіз болса, ол
кісі аласталған сорлы. Мейлі, ол өзінің сахара шөлінде қаңғыра берсін! Сол
шөл сахараның сыртында барлық жерлерде де, қайда қараса да, оған
зымыстан қыс: суық көзқарас, суық қимыл, суық сез, суық жүрек: ол үшін
жұбаныш үміттенетін жерлерде жəбір дайын тұрмаса, онда бақытты
болғаны!
Өлім құшағыңдағылар, өздеріңнің төсектеріңде ұмыт қала беріңдер!
Қарттар, суынған ошақтарыңның басында жалғыз отыра беріңдер! Жасауы
жоқ қалыңдықтар, өздеріңнің оңаша ұшырмаларында қыста тоңып, шілдеде
ыстыққа булыға беріңдер! Егер жарқылдақ қауым қандай да бір
бақытсыздыққа шыдамдылық білдіретін болса, мұнысы оны өзінің
мақсаттарына оңтайлап алу үшін, одан пайда шығару үшін, оны кірелеп,
ауыздықтап, ерттеп, рақаттанғалы мініп алу үшін емес пе екен?
Ашуланшақ əжіқыздар, рыялықпен жайдарыланып, жанашырыңыз – деп
аталатынның қырсыққан қынырлықтарына көне беріңіз: оның асыранды
қанден күшіктерін қолтықтап, көтеріп жүріңіз, итпен жарысыңыз,
жанашырыңыздың көңілін көтеріп, шерін тарқатыңыз, оның тілектерін
болжай біліңіз жəне əсте үндемеңіз! Ливрейсіз жалшылардың королі, арсыз
арамтамақ, сен де өзіңнің намысқоршылығынды үйіңде қалдыр: қонақжай
қожаң ас сіңіріп тыныққанда, сен де өзінше асынды қорыт, ол жыласа, сен
де көз жасынды тоқ, ол күлгенде сен де ыржақта, оның эпиграммаларына
сүйсініп, мəз-мейрам бол; егер оның сүйегін жуғың келсе, оның күйрей
құлауын күт! Жарқылдақ қауым бақытсыздықты осылай ардақтайды: ол
оны өлтіреді, немесе аластайды, кемсітеді немесе жазалайды.
Осы ойлар Рафаэльдің жүрегінде ақынның шабығындай шапшаңдықпен
жүйткіді; ол айнала қарап, қауымның бəле-қазаны өзінен аластау үшін
қолданатын жəне желтоқсанның аязды желінің өңменнен өтетін үскірігінен
де жеделірек жан жүйеңді қалтырататын қазымыр ызғарын түйсінді. Ол
қолдарын айқастырып, қабырғаға сүйенді де, терең уайымға батты. Осы
қаратүнек тақуалықтың салдарынан жарқылдақ қауымның үлесіне тиетін
бақыттың соншалық аз екенін ойлады ол. Бұл не? Лəззатсыз сайран,
қуанышсыз шаттық, қызығы жоқ мереке, лəззат-құмарлығы жоқ
құймырлық, басқаша айтқанда, аштықта сөніп қалған тамызық, немесе
жалын ұшқыны жоқ құл. Рафаэль басын көтеріп еді, жалғыз қалғаның
көрді, ойыншылар тарап кетіпті.
"Егер мен олардың алдында өзімнің құдіретімді əшкерелесем, бұлар
менің жөтелімді құдайдай дəріптер еді!" – деп ойлады ол.
Осыны ойлады да, ол жиіркеніш сезімін, желеңше бүркеніп алды да,
сонымен бүкіл əлемнен оқшауланды.
Келесі күні оған курорт дəрігері келіп, сыпайы түрде оның денсаулығын
сұрастырды. Мұның мүлəйім сөздерін есітіп, Рафаэльдің жүрегін қуаныш
тебірентті. Доктордың жүзінде жұмсақтық, мейірімділік мол екен, жасанды
селеу шашының шүйкелерінен адамгершілік лебі аңқып тұрғандай,
үстіндегі фрактың тігісі, шалбарының қыртыстары, квакердің аяқ киіміндей
кең башмақтары, ең арғысы, жасанды шашының құныс жауырыныңа қарай
бұрқырап себілген ұлпа опасына дейін бəрі-бəрісі дəрігердегі шадиярлық
мінезді сипаттағандай, ақиқат христианшыл жанашырлықты, өзін-өзі
құрбан етуге де əзірлікті бейнелегендей екен – деп тапты Рафаэль;
шыныңда науқастанушыларға деген сүйіспеншілігінің салдарынан олармен
вист, триктрак секілді карта ойындарын сондайлық жақсы ойнап, үнемі
олардың ақшаларын ұтып алуға дейін баратын құрбандық, жанкиярлық еді
бұл кісінікі.
– Маркиз мырза, – деді ол Рафаэльмен ұзақ əңгімелескеннен кейін, мен
сізді қуанта аламын. Қазірде сіздің дене құрылысыңыз маған жеткілікті
дəрежеде мəлім, сіздің науқасыңыз жөнінде Париждің асқан дарынды
дəрігерлері қателесіпті – деп мен берік сеніммен мəлімдей аламын.
Амандық болса, сіз, маркиз мырза, Мафусаилден кем өмір сүрмейсіз.
Сіздің өкпеңіз ұстаның көрігі, асқазаныңыз түйе құстың асқазанынан олқы
соқпайды, бірақ, етер сіз мұнан былай да таулы жердің ауа райында тұра
беретін болсаңыз тіпті лезде-ақ жəне тікелей бауыры суық қара жердің сыз
қойныңа кіруіңіз ықтимал Маркиз мырза, сіз айтпай-ақ түсінесіз ғой
деймін. Адамның тынысы дегеніміз от болып жану екенін химия дəлел–
деп отыр, мұңың күші əр адамның өзіне ерекше тəн дене мүшесінде
жиналатын жанар заттардың топтасуына жəне сиреуіне байланысты
болады. Сізде жанар заттар мол: егер аузымыз барып айтатын болсақ, сіз
оттегіне артығымен молығыпсыз, сізде құмарлықтар үшін жаралған
адамның қызу құлық-мінезі бар. Дене құрылысы əлсіз адамдардың тіршілік
процесін тездететін жанды жəне таза ауаны жұту арқасында сіз, сонымен,
өзіңіздегі онсыз да шапшаң жану процесіне демеу боласыз.
Демек, сіздің өмір сүруіңіздің шарттарының бірі кең алқаптардағы мал
қораларының қою ауасы болуға тиіс. Шыныңда да ой еңбегінен қажыған
адам үшін рухтандырушы ауаны Германияның шұрайлы жайылымдарынан,
Баден-Баденнен, Теплицадан табуға болады. Егер Англия сізді
шошындырмаса, оның тұманды ауасы сіздің қызулығыңызды басар еді, ал
Жерорта теңізінің деңгейінен мың кез биіктіктегі біздің шипалы суларымыз
сізді мерт етеді. Менің кеңесім осы, – деді ол əдейі кішіпейіл пішінмен,
сізге осындай кеңес беремін, рас, біз бұған құштар да емеспіз, себебі, егер
сіз бұл кеңеске құлақ қойсаңыз, біз сізден айырылып қаламыз ғой, мұның
өзі біз үшін бақытсыздық болар еді.
Тілінен бал тамған тəуіп осы соңғы сөздерді айтпаған болса, оның
сырғақ мейірімділігі Рафаэльді жібітер де еді, бірақ ол өте бақылағыш
болғандықтан, дəрігердің үн сарыныңда, қол сермеулерінде, соңғы əзіл
сөздермен қабаттасқан көзқарастарында, тегінде, желікпелі науқастар
жиынының бұл адамға жүктеген тапсырмасы аңғарылып отырғандығын
байқамай қала алған жоқ. Сөйтіп, жүздері гүл-гүл жайнаған бұл
сұмырайлар, зеріккен кемпірлер, тұрақсыз ағылшындар, ғашықтарына
қосылып, ерлерінен зытып кеткен ашыналар өлім аузындағы бейшара
жанды, үздіксіз қуғын-сүргіннен өзін қорғауға көріне қабілетсіз, əлсіз,
дімқос адамды аластаудың амалын тапқан екен?
Бұл арамдық қулықтардан өзіне ермек боларлық бірдеңе тапқан Рафаэль
де қасарып, олармен күресуге бел байлады.
Менің кетіп қалуыма сіздер ренжитін болғандықтан, мен осында тұрыпақ сіздің ақыл-кеңесіңізді пайдалануға тырысармын, – деп жариялады ол
докторға. Ертеңгі күннен бастап мен үй салғызуға кірісемін, сіздің керек –
деп тапқан ауаңыздың қандайы да сол үйде болады.
Рафаэльдің қисайған еріндерінен күйінішті мысқыл белгісін дұрыс
ұғынып, дəрігер ештеңе тауып айта алмай, тезірек қош айтысып шытып
кетуді мақұл көрді.
Бурже көлі тау ішіндегі үлкен кесе тəрізді, жағалаулары кертеш-кертеш
Жерорта теңізінің деңгейінен жеті-сегіз жүз кез биіктікте орналасқан, оның
суы бүкіл дүние жүзінде теңдесі жоқ көкпеңбек болып мөлдірейді де
тұрады. Мысық тісі тауының басынан қарағанда бұл қол бейне бір
əлдекімнің қолынан түсіп қалған меруерт тасы тəрізді болып көрінеді. Бұл
керемет судың айнала кенересі тоғыз лье жəне кей жерлерінде тереңдігі бес
жүз кезге дейін. Ашық аспан астында, осынау айнакөлдің үстінде қайықпен
жүзіп жүру, ескектің ақырын тана сыбдырын есітіп, аспан мен жердін
жапсарласқан жиегінде бұлтқа бөленген тауларды ғана көру, француз
Морьенасының басында жарқыраған қарларын қызықтап, соларға сүйсіне
қарау, қырық буын жапырақтарының немесе аласа бұталардың мақпалдай
жұмсақ жапырақтарын жамылған гранит шыңдарынан жайдары шоқыларға
көз жүгірту, бір жатынан шөлейтті, екінші жатынан сəулетті табиғат болып
бөлінетін (бейне бір байдың қонақ асында болған кедей тəрізді) екі түрлі
көріністі тамашалау бұл неткен ғанибет! Бұл келістілік, Бұл қайшылықтар,
мұндағының бəрі-бəрісі əрі ұлы, əрі зəредей ұсақ көріністер.
Таулардың тұлғасы көзге көрінім жəне алыс-жақындық шарттарына
қарай мың құбылады: биіктігі жүз кездік қарағай кейде көзге құрақтай ақ
болып көрінеді де, кең алқаптар тар соқпақтай жіңішкеріп қалады. Бұл қол
жүрек сырын ашатын бірден-бір орын. Бұл жерге бастан ой өріліп,
жүректен сезім құйылады. Су мен аспан, тау мен жер арасындағы ғажайып
жарастықты бұдан басқа еш жерден кездестіре алмайсыз. Мұнда тұрмыс
таршылықтарының қандайынан болса да ем табылады. Бұл жер азап
шегушілердің сырларын сақтайды, азаптарын жеңілдетеді, қайғылыны
жұбатады, махаббатты қандай да бір ерекше мəнді, жинақты етеді, осының
арқасында құштарлық та неғұрлым терең, неғұрлым таза болмақ. Мұнда
сүйіс те жоғары дəрежелі, мəртебелі болады.
Алайда бұл көбінесе естеліктер көлі: ерекше мархабат белгісі ретінде
естеліктерді ол өзінің толқындарының түстеріне безейді, ал оның
толқындары дүниедегінің бəрін шұғылалы сəуле беретін айна. Тек осы
кереметтей тамаша табиғаттың ортасында ғана Рафаэль өзінің сырқатын
сезбегендей, тек осында тана ол бейқам, қиялшыл, нəпсі, тілектерден азат
бола алды. Доктор келіп кеткеннен кейін ол серуенге шығып, Эулие
Инносентий деревнясы орналасқан көркем көріністі дəннің шөлейтті
шыңына арбамен алып барындыр – деп қызметшілеріне өмір етті. Осы биік
тұмсықтан, етегінде Рона өзені атып, көлі жарқырап жатқан Бюже тауын
көз шалады. Рафаэль бұл арадан қарама-қарсы жағалаудағы жарқабаққа,
мұғды От-Қомб аббаттығына, жиһангездік сапарларын аяқтаған дуаналар,
шайхылар тəрізді құз маңында көмілген сардин корольдарының бейітіне
қарап отыратын болды. Бір күні кенеттен ескектердің бір сарынды, бір
қалыпты сықыры табиғаттың тыныштығын бұзып жіберді. Көлдің əдетте
жан баспайтын бұл бөлегінде тағы да əлдекімдердің серуен– деп жүргеніне
таңданған Рафаэль ой тұңғиығына үңілген үнсіз қалпын өзгертпестен,
қайықта кімдер отырғаныңа қызықтап қарады да, қайықтың арт жағында
кеше өзімен қатты-қатты сөзге келген егде əйелдің отырғаның көрді.
Қайық Рафаэльдің маңынан өте бергенде, оған əлгі əйелдің
бағымындағы кедей қыз ғана бас изеді; өнегелі ата-ананың баласы, кісі
қолында өскен бұл жетім қызды Рафаэль бейне бір тұңғыш рет көргендей
еді. Кешікпей тау тұмсығының тасасына бұрылған əйелдерді ұмытып та
кеткен Рафаэль бірнеше минуттан кейін өзінің маңынан жібек көйлектің
сыбдырын, жеңіл аттаған аяқ тықырын естіді. Жалт бұрылып, жетім қызды
көрді; оның ұялып, қымсынған жүзінен бірдеңе айтқысы келгенін аңғарып,
Рафаэль қыздың жаныңа барды. Отыз алты жастағы, ұзын бойлы, суық
шырайлы, арық қыз, барлық əжі қыздар сияқты, өзінің жүрексінген,
оңтайсыз, оралымсыз жүріс-тұрысына сəйкес келмейтін көзқарасынан
ұялып, тосырқап қалған. Əрі көрі, əрі жас көрінетін осы қыз өзінің
сипаттары мен қасиеттері туралы жоғары пікірде екенін сездіргендей, өзін
лайықты дəрежеде ұстады. Əйтсе де, онда сопы қыздардың абайшыл сақ
қимылдары байқалды, тегінде, жеке өз бастарының бақыты болмағандығы
үшін соның кегіне өздерін жоғары санайтын қазымыр əйелдерге тəн
қозғалыстар еді бұл:
– Сіздің өміріңізге қауіп төнуде, курорт залына мұнан былай
бармағайсыз! – деді ол Рафаэльге, бейне бір өзінің абыройын төгіп
алғандай-ақ, бірнеше қадам кейін шегініп.
– Бикеш, сізден өтінемін, осы араға келуге мейірімділік еткеннен кейін
енді сіз пікіріңізді ашығырақ айтсаңыз екен, – деп Валентен оған
күлімсіреді.
– Түу, маңызды себеп болмаса, мен графиняның наразылығын
туғызатындай қадамға еш уақытта да батылдық етпеген болар едім, неге
десеңіз, менің сізге келіп, алдын ала ескерткенімді күндерде бір күні ол кісі
біліп қалатын болса...
– Е, оған кім айтайын – деп тұр бұл туралы? – деді Рафаэль селт етіп.
– Дұрыс айтасыз, – деді əжі қыз күнге қарсы қараған жапалақтай көзін
жыпылықтатып, бірақ өзіңіз туралы ойлаңыз, – деп тағы да айтты қыз, сізді
шипалы судан тайдырғалы əрекеттеніп жүрген жас жігіттер сізді жекпежекке шақырып, атысуға серт байласты.
Алыста егде əйелдің айғайы естілді.
– Бикеш, рахмет сізге, – деді маркиз.
Əлдеқайда, тау арасында тағы да шарылдаған ханымының даусын
есітіп, Рафаэльге жаны ашып келген жанаты байғұс дереу зытып берді.
Бақытсыз қыз! Қасіреттілер бірін-бірі тез ұғынысып, əрқашан да
жəрдемдеседі-ау, – деп ойлады да, Рафаэль ағаштың түбіне отыра кетті.
Сұрау белгісі тылым атаулының кілті, бұл талассыз; көбінесе ұлы
жаңалықтардың табылуы Қалаша деген сұрақтың арқасы, біз осыған
борыштымыз. Тұрмыстағы даналықтың өзі сол, бəлкім, əлсін-əлсін: Неге –
деп сұрай беру керек шығар. Бірақ, екінші жағынан əдейі айтылған бұл
болжау біздің сезім алданышымызды күйретпекші. Сондай-ақ Валентен де,
əжі қыздың мейірімділік қылығын философия тұрғысынан топшылауға
алдын-ала ниеттенбесе де, өзінің шартарапқа шарқ ұрып қармаланған ой
пікірлерінің талқысына сала келіп, мұнда зəрлі запыран мол екен – деп
тапты.
"Əжі қыздың маған ғашық болуында, – деді ол өз-өзіне, əдеттен тыс
ештеңе жоқ; мен жиырма жеті жастамын, менің маркиздық мəртебем жəне
екі жүз мың ливр табысым бар. Бірақ оның қамқоршысының, судан қорқуға
келгенде мысықтан да жүрексіз осы бір мыстанның, əжі қызды менің
қасымнан қайықпен алып өтуі, міне бұл ерсі, міне бұл таңырқарлық.
Суырша Савойята ұйықтағалы келген осы екі əйел талтүсте: күн шықты ма
– деп сұраушы еді; бүгін сағат сегіз болмай-ақ төсектерінен тұрып,
көзжұмбайға салып, мені қуа жөнеліпті".
Оның қиялында қырыққа таяған жастағы аңғырт əжі қыз лезде-ақ сұм
жəне күнкілшіл зиялы қауымның тағы бір алуан түрлі өкіліне айналған
сияқты, зұлым айлакерліктің, орашолақ қаскүнемдіктің, ұрғашылық немесе
поптық ұсақшылдықтың тұлғасы болып алған секілді. Жекпе-жек əншейін
ойдан шығарылған қулық па, əлде жұрт мұны шошытқысы келіп жүр ме?
Арсыз, маса сияқты мазасыз осы саяз жан иелері оның өзімшілдік намысын
ашындырып, тəкаппарлық сезімін оятты, ынтығын қоздырды. Олардың
құрбандығы болғысы келмей, екінші жағынан, қорқақ атағын алғысы
келмей, Рафаэль сол күні кешке-ақ курорт залына барды, сірə, осы
кішкентай драма оған əжептəуір ермек болатын секілді. Камин пештің
мəрмəр тақтасына сүйеніп, ол үлкен залда байсалмен қарап тұрды; ол
ұрыссыз қолға түспеске мығым бел байлады, бірақ əркімнің ажарын
құнттап зерттеді жəне өзінің осы сақтытымен-ақ белгілі дəрежеде қауымды
күреске шақырғандай еді. Өзінің күшіне төбетше, жауларының жақын
келуін тосып, сыр бермеді. Кешке қарай ол ойын залында кіре беріс есіктен
бильярд бөлмесінің есігіне дейін ерсілі-қарсылы серуен– деп жүрді, оқтыноқтын жас ойынпаздарға қарап қойды, біраздан соң əлдекім оның атын
атады. Олар сыбырлап қана сөйлессе де, Рафаэль өзі жөнінде қандай да бір
егестің болғаның оп-оңай түсіне қойды, ақырда дауыстап айтылған бірнеше
сез жұрнақтарын құлағы шалып қалды:
– Сен бе?
– Иə, мен!
– Батылың бармас!
– Бəс тігісемін.
– Бола қойсын!
Егестің не туралы екенін білгісі келіп, шыдамы кеткен Валентен,
əңгімені тыңдағалы жақындап келгенде, бильярд бөлмесінен ұзын бойлы,
кең жауырынды, көркем кескінді, бірақ қандай да бір қалын қара күшке
сенген адамша кезі ежірейген жігіт шыға келді.
– Ардақты тақсыр, – деді ол байсалды пішінмен Рафаэльге сөзін арнап,
сізге бір нəрсе туралы хабарлау міндеті маған жүктелген еді, бұл жөнінде
сіз, сірə, ешқандай сезіктенуден де аулақ көрінесіз: сіздің дидарыңыз жəне
сіздің өзіңіз осындағылардың ешқайсысына, əсіресе маған ұнамайды...
Көптің игілігі үшін өзіңізді құрбан етуге зейініңіз жетерліктей тəрбиелі
кісісіз ғой, сондықтан мұнан былай курорт залына келмеуіңізді өтінемін.
– Ардақты тақсыр, империя тұсында көптеген гарнизондарда осылай –
деп əзілдесетін, ал бүтінде бұлай деу нағыз көргенсіздік болады! – деп
жауап қайырды Рафаэль ызғарлы үнмен.
– Мен қалжыңдап тұрғаным жоқ, – деп жігіт қарыса жауап берді.
Қайталап айтамын: сіздің денсаулығыңызға бұдан мықты нұқсан келуі
мүмкін: қапас ауа, күшті жарық, көп адам қауымы сіздің сырқатыңызға
зиянды.
– Сіз медицинаны қайдан үйреніп едіңіз? – деп сұрады Рафаэль.
– Бакалавр дəрежесін Парижде, Лепаждың нысана ататын алаңында,
доктор дəрежесін рапира королі Серазьеде алғанмын.
– Сіздің ақырғы дəреже алуыңыз ғана қалыпты, – деп Валентен шорт
кесті: Сыпайылық заңын үйреніңіз, сонда сіз əбден ə – депті кісі боласыз.
Бұл кезде жас жігіттер, үнсіз ғана жымын-жымын етіп, бильярд
бөлмесінен шыққан. Құмарпаздар карталарын тастап, сезімдерін елең
еткізген жанжалға құныға құлақ түрді. Дұшпан қауымының ортасында
жеке, өзі ғана қалған Рафаэль байсалдылық сақтап, əнтек ағаттыққа да жол
бермеуге тырысты, бірақ дұшпаны төтенше кескір, зəрлі тілмен сүйектен
өткізе қорлық бергеннен кейін Рафаэль сабырлы пішінмен тіл қатты:
– Ардақты тақсыр, біздің заманымызда жақтан шапалақпен тартып
жіберу салты қолданылудан қалған, сондықтан сіздің құнсыздығыңызды
масқаралайтын сөз менде болмай отыр.
– Жетер! Жетер! Ертең ұғынысарсыңдар,
дабырласып, екі дұшпанды арашаласты.
десіп
жас
жігіттер
Рафаэль жəбірлеуші жақ болып таңылды; шайқас Бордо қамалының
маңында, жақында салынған жолдан онша алыс емес, таудың шөптесін
бөктерінде өткізілетін болды, жеңген жаты жаңа жолмен Лионта сызып
отыратын болуы көзделді. Рафаэльге төсекте жатудан немесе Экс суын
тастап шығудан басқа жол қалған жоқ. Курорт қауымы мəз-мейрам
болысты. Таңертеңгі сағат сегізде Рафаэльдің жауы қасына екі секундант
пен хирургті ертіп атысатын жерге алдымен келді.
– Мұнда өте жақсы екен. Жекпе-жек үшін күн райы да тым тамаша, –
деді ол жайдарылана, көк аспанның күмбезіне, келте, шындарға көз
жіберіп; Бұл көзқараста құпия күмəн да, уайым да байқалмады: Егер
иығына тигізсем, құдай тобасы ішінде, бір айта төсекке сұлатып саламын
ғой, – деді ол сөзін ұластыра, солай емес пе, доктор?
– Ең кемінде, – деп мақұлдады хирург. Тек сіз мынау ағашты жайына
қалдырсаңыз екен, əйтпесе қолыңызды талдырып, қаруды тиісінше игере
алмассыз. Жарақаттау орныңа, сіз оны өлтіріп қоюыңыз мүмкін.
Келе жатқан арба дүрсілі естілді.
– Мынау сол шығар, десті секунданттар, көп кешікпей төрт ат жегілген
жеңіл арба да көрінді; аттарды екі айдаушы жүргізіп келеді екен.
– Неткен ғажайып жан! – деп Валентеннің дұшпаны айғайлап жіберді.
Өлімге келе жатқанда да поштаның арбасымен келуін...
Ойындағы сияқты, жекпе-жекте де егестің немен тынарына тікелей
құштар адамдардың қиялына əрбір болмашы, сорақы нəрселер де əсер
етеді, сондықтан əлгі жас жігіт те арбаның келіп жетуін тынышсызданып
күтуде еді, бірақ арба жол үстіне тоқтады. Арбаның үзеңгісінен ең алдымен
қарт Иопафан əрең қарғып түсіп, Рафаэльдің арбадан түсуіне көмектесті; ол
өзінің əлсіз қолдарымен оны қолтықтап, бейне бір ғашықтың сүйген жары
жөніндегі қамқорлығынша, əрбір ұсақ-түйектер жөнінде де Рафаэльге зор
қамқорлық білдіріп келе жатты. Екеуі де үлкен жолдан бұрылып, атыс
болатын жерге келетін соқпақпен келе жатып, бір ауық көзден тасаланды:
олар көптен соң ғана көрінді: өте баяу жүріп келе жатыр. Бұл ерсі көріністі
көрген төрт адам қызметшісінің қолына сүйеніп келе жатқан Рафаэльді
көргенде терең жүрек толқуын сезінді; басын үнсіз төмен салбыратып,
аппақ боп жүдеген Рафаэль құяң болған адамдай ақырын аттап келеді екен.
Мынау екеуі де: біреуін уақыт, екіншісін ой қаусатқан қарт адамдар екен –
деп ойларлық; біріншісінің жас нобайын қырау шалған шаштары
аңғартқандай да, жасырағы дерексіз жаста тəрізді.
– Ардақты тақсыр! Мен түні бойы ұйықтағаным жоқ, – деді Рафаэль
өзінің дұшпаныңа.
Рафаэльдің ызғарлы сөздері мен жантүршігерлік көзқарасы атысты
бастаған нағыз сойқаншыл сотқарды шошындырды, ол іштей өкіне де
бастады, өзінен-өзі ұялды. Рафаэльдің өзін-өзі ұстауында, оның дауыс
үнінде, қимыл қозғалыстарында əлденендей ғажайып бірдеңе бар
секілденді. Рафаэль сөзді доғарып, үнсіз тұрған кезде бұл тыныштықты
бұзуға ешкімнің батылдығы жеткен жоқ. Үрей мен шыдамсыздық ақырғы
шегіне жетті.
– Ғафy өтінуіңізге əлі де кеш емес, – деп Рафаэль қайтадан сөз бастады.
– Кешірім сұраңыз, мəртебелі тақсыр, əйтепесе сіз өлесіз. Сіз өзіңіздің
ептілігіңізден үміттенесіз ғой, жекпе-жектен бас тартқыңыз келмейді ғой,
өзіңіздің артықшылығыңызға сенесіз ғой, сірə. Ендеше мінеки, мəртебелі
тақсыр, мен рақымшылмын, сізге алдын ала ескертемін: басымдылық
менің жағымда. Менде қаһарлы құдірет бар. Менің тілеуім-ақ мұң, сіздің
ептілігіңіз жайына қалады, сіздің көзіңіз қарауытады, қолыңыз қалтырап,
жүрегіңіз лүпіл– деп кетеді, бұл да аз: сіз өлесіз. Мен өзімнің күшімді
қолданғым келмейді, ол маған тым қымбатқа түспек. Олай болғанда, өлетін
жалғыз сіз ғана емес. Ал егер сіз менің алдымда тану өтінуден бас
тартсаңыз, онда, кісі өлтіру сізге үйреншікті іс болғанмен, сіздің отыңыз
мынау таудан аққан тасқынға "шолп" етеді де, менің оғым, тіпті көздемесем
де, сіздің дəл жүрегіңізді тесіп өтеді.
Көмескі күңкіл Рафаэльдің сөзін бөліп жіберді. Осыны айтқанда ол
тіктеп сүзіле қараған, мірдей өткір айқын көздерін дұшпанынан айырған
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шегірен Былғары - 20
  • Parts
  • Шегірен Былғары - 01
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2531
    28.0 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 02
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2526
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    37.3 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 03
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2445
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 04
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2479
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 05
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2519
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 06
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2463
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 07
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2433
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 08
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2370
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 09
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2415
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 10
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2418
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 11
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2356
    28.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 12
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2283
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 13
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2455
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 14
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2393
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 15
    Total number of words is 4023
    Total number of unique words is 2423
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 16
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2233
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 17
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2155
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 18
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2257
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.8 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 19
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2406
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 20
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2522
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.2 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 21
    Total number of words is 2497
    Total number of unique words is 1541
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.