Latin Common Turkic

Шегірен Былғары - 17

Total number of words is 4005
Total number of unique words is 2155
30.8 of words are in the 2000 most common words
43.8 of words are in the 5000 most common words
51.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тұмсық үйректі (anas clyneata) таңдарымды білмей көп толғандым.
Қараңызшы, əне анау жалпақ тұмсық, қылмаң қаққан кемпірқосақ тəріздес
ала мойын жуантық, қоңырқай қара зəлім соның өзі. Бірақ ысқырғыш
үйректің басында айдары бар, сондықтан, мен онша көп солқылдақтыққа
салынғаным жоқ: Осында қара тақиялы үйрек қана жетпей тұр еді. Біздің
ғалым мырзаларымыз ондай үйрек біздегі тұмсық шүрегей үйректің
қайталамасы болады деп қарсылық білдіреді, ал маған салса...
– ...Иə мен өзім олай ойламаймын, дегенді қоса айтты ол көріп тұрсыз
ба, қымбаттым, біз мұнда уақытты босқа өткізбейміз. Meн қазір де ерекше
бір түр ретінде алып, үйрек туралы монография жазып жүрмін... Əйтсе де,
мен сіздің құзырыңыздамын.
Бұлар Бюффон көшесіндегі сəнді үйге қарай бара жатқанда Рафаэль
шегірен былғарысын зерттеткелі Лавриль мырзаға ұсынып үлгірген.
– Бұл Бұйымтай маған таныс, – деді ғалым үлкейткіш шыны арқылы
бойтұмарды зерттей келе. Бұл зат əлде бір қолсандықтың қабы болған екен.
Шегірен ертеден келе жатқан өте көне, мүлік. Осы күні зергерлер тигринді
артық көреді. Тигрин деген бəлкім, өзіңіз де білетін шығарсыз, raja sephen,
Қызыл теңіз балығының терісі ғой.
– Ал мынау не, айтыңызшы, батыр-еке!
– Бұл мүлдем басқа дүние, – деді ғалым. Мұхит пен жер арасындағы,
балық пен төрт аяқты жануардың арасындағы айырмашылық қандай болса,
тигрин мен шегіреннің арасындағы айырмашылық та сондай. Алайда
балықтың терісі құрылықтағы жануардың терісінен гөрі мықты. Ал, мынау
бойтұмарды нұсқап, ғалым өз сөзін ұластыра берді, Бұл, бəлкім, өзіңіз де
білсеңіз керек, зоологияның аса бір қызғылықты өнімдерінің бірі.
– Атап айтқанда? – деді Рафаэль дауыстап.
– Бұл есектің терісі, деп жауап қайырды ғалым жұмсақ орындыққа
оңтайлана отырып.
– Білемін, - – деді жігіт.
– Персияда есектің өте сирек кездесетін бір тұқымы бар, деп
жаратылыс зерттеуші сөзін жалғастыра түсті, бұрынғылар оны онагр, eguus
asinus деп, татарлар құлан деп атаған. Паллас оны біраз зерттеп, ғылымның
игілігіне айналдырды. Іс жүзінде мұның өзі көп уақыт бойы тек қиялдағы
жануар деп есептеліп келген. Ол, өзіңізге де мəлім, шар кітапта да аталады:
Мұса пайғамбар онагрды өзі тұқымдас жануармен шағылыстыруға тыйым
салған. Онагр азғындықтың құралы болуы себепті, оның атағы бұрынғыдан
да көбірек жайылған; таурат пайғамбарлары да бұл туралы жиі-жиі сөз
қылыпты. Паллас, бəлкім өзіңіз де білетін шығарсыз, өзінің Acta
Petropolitana кітабының екінші томында былай деп хабарлайды: парсылар
мен ноғайлықтар осы күнге дейін бұл шетін жануарды бүйрек жəне бел
жүйкелерінің ауруына аса шипалы деп бағалайды. Біздің, париждік
пақырларда онагр жөнінде ешқандай ұғым жоқ! Біздің мұражайда онагрдан
түк дерек жоқ. Ал енді бұл тамаша жануар! деп ғалым өз сөзін ұластыра
берді. Мұның құпия сыры көп, көзінің оңталағында бір түрлі кілегейлі
қабаты болады, шығыс халқы бұл кілегейде сиқырлы күш бар деп
есептейді. Оның терісі біздің ең таңдаулы жылқыларымыздың терісінен
гөрі жұқарақ, жылтыр, майда келеді; түгі зебрдің терісіне өте ұқсас; жүні де
жұмсақ, бұйра, тіпті қолмен ұстап байқағанда да жып-жылтыр; онагрдың
көзі қырағы тіпті адамның көзінен де өткір: онагр біздің ең таңдаулы
есектерімізден де анағұрлым ірі жəне өте асау, өжет; ең күшті деген жауыз
жыртқыштарға да өзін алғызбайды; ал оның жүйріктігін айтатын болсақ,
оны ұшқан құспен тана теңеуге болады; араб пен парсының ең таңдаулы
жылқылары онагрды қуып жете алмайды. Ізгі ожданды ғалым Нибур
жақында қайтыс болды ғой, бəлкім, өзіңіз де білетін шығарсыз... сол
талымның əкесінің ұйғаруынша, осы бір таңғажайып жануардың
шабысының орташа жылдамдығы сағатына географиялық жеті мильге
пара-пар деседі. Біздің азғын есектеріміз мынау тəкаппар, асау онагрдың
садағасы кетсін!
Онагр деген қимылы шапшаң, жүрісі жылдам, өзі ақылды, айлакер,
тұлғасы əсем, мінезі ойнақы жануар. Ол Шығыс хайуанатының патшасы!
Ырымшыл түріктер мен парсылар оның жаралу тегінде тұңғиық сыр бар
деп біледі, Бұл қасиетті жануардың өжеттігі жөнінде тибет жəне татар
аңыздарына Сүлеймен пайғамбардың есімі араласулы. Қысқасы, қолға
үйренген жуас онагр өте қымбат бағаланады; тау арасында оны ұстап алу
тіпті мүмкін емес: ол еліктей орғып, құстай ұшады. Тұлпарлар туралы,
біздің Пегас туралы аңыздар, сөз жоқ, онагрдың шыңнан шыңға орғып
жүргенін көзбен көрген елдерде ғана туған болуға тиіс. Персияда есек пен
қолға "үйретілген онагрды будандастырудан туған сыбай қашырдың түгін
қызыл бояумен сырлайды, ежелгі замандардан бері қарай келе жатқан
осындай дəстүр бар. Бəлкім, біздің "қызыл есектей асау" дейтін мақалымыз
осыдан қалған болуы мүмкін.
Жаратылыс тарихы Францияда елеусіз қалып жүрген сонау бір
замандарда əлдеқандай бір саяхатшы, сірə, құлдыққа онша төзгісі
келмейтін осы қызықты қайсар жануарды біздің елімізге əкелген болуға
тиіс. Мақал да осыдан туған. Сіздің маған көрсеткен былғарыңыз, деп
жалғастырды содан ғалым, осы онагрдың терісі. Оның есімінің қайдан
шыққаны туралы əp түрлі жорамал бар. Біреулер: Шагри түрік сөзі деп
жорысады, енді береулері: Шагри деген хайуанаттардың сүйектерін,
терілерін химиялық жолмен ұқсатып шығаратын қаланың аты деуге де
бейім бұл процесс Палластың еңбектерінде жақсы суреттелген, осылайша
химиялық жолмен өңдеу, ұқсату арқасында былғарыда бізді соншалық
таңырқататын тарының түйіріндей бөртімектері болады. Мартеленс маған
жазған хатында Шатриді жылға деп көрсетті...
– Түсініктеріңіз үшін сізге алғыс айтамын: егер бенедиктішілер осы
күнге дейін өмір сүрген болса, Кальмесынды аббатқа мұның өзі тамаша
ескертулер үшін негіз болар еді; ал мен сіздің назарыңызды мына бір
жағдайға аударуға мəжбүр болып отырмын: алғашқыда Бұл терінің
үлкендігі... мынау географиялық картаның көлеміндей еді, – деді Рафаэль
ашық атласты нұсқап, енді мінекей үш айдың ішінде көрінеу қусырылып
едəуір кішірейіп қалды...
– Иə, деп жауап қайырды ғалым, түсініп тұрмын. Тірі организмдердің
қалдықтары табиғи жолмен жойылып отыратыны түсінікті, ол табиғи
жағдайларға байланысты. Ең арғысы металдар да көрінеу ұлғайып,
кішірейіп тұрады: инженерлер əуелде темір шеңбермен құрсалған екі үлкен
тастың арасы едəуір алшақтағаның байқапты. Ғылым ұлан-байтақ, ал
адамның өмірі тым қысқа. Сондықтан біз табиғаттың барлық құбылысын
біліп болдық деп дəтуа ете алмаймыз.
– Ғапу етіңіз, менің сізге тағы бір сұрағым бар, — – деді Рафаэль біраз
қысылыңқырап тұрып. Осы былғары зоологияның жалпы заңдарына
бағынса, Бұл да ұлғаюы мүмкін деп сіз толық сене аласыз ба?
– Иə, əлбетте... Ой, сайтан-ай! деп, бойтұмарды созып көрмек болып,
Лавриль мырза біраз əуреленді: əйтсе де, – деді ол сонсоң тағы да,
қадірменді тақсыр, механика жөніндегі атақты профессор Планшетке
жолығып көріңіз, ол, сірə, бұл былғарыға əсер ете алар, мұны жұмсартып,
созып та көрер.
– Түу, мен сізге өзімнің өміріммен борыштымын!
Рафаэль бас иіп, жаратылыс зерттеуші ғалыммен қош айтысты да, дереу
Планшетке жөнелді. Сөйтіп, осы сапардан кейін, өзі де байқамастан,
Рафаэль адам баласы ғылымының бəрін меңгерді: əсіресе тізімдеу
ғылымына жетілді! Лавриль байғұс, ешкілер тарихын Дон-Кихотқа
баяндаған Санчо Панса тəрізді, жануарларды тізімдеп, нөмірлеуді ермек
ететін. Бір аяғы көрде, бір аяғы жерде дерліктей, алжыған ғалым құдай
тағаланың əлде не мақсатпен əлемдер мұхитына шашыратып жіберген
сансыз көп жан-жануарының тек бір болмашы бөлегін тана білетін.
Рафаэль енді разы боп қалды.
– Есегімді жүгендеп ұстармын! – деп дауыстап жіберді ол. Тіпті оған
дейін-ақ Стерн айтқан ғой: "Батайық есек, қартайғанша өмір сүрейік
десек", – деп. Бірақ бұл сондайлық шамшыл жануар еді.
Планшет сұңғақты, қапсағай кісі екен, үздіксіз бақылаумен
шұғылданып, қозғалыс деп аталатын түпсіз шыңырауға өмір бойы
үңілумен болған нағыз ақынжанды адам. Тоғышарлар мұндай өресі биік
ақыл иелерін, сəулет-салтанатқа, зиялы қоғам салтына мейлінше
парықсыздықпен қарайтын, өзі сөніп қалған шылымын күннің күні бойы
аузынан тастамай сорып жүретін, қонақ үйге кіргенде қамзолының барлық
түймелерін салуды ұмытып кететін осындай салғырт адамдарды диуана деп
атайды. Ұзақ уақыт бойына қуыс кеңістікті өлшеп немесе Aa-Dd астына
икс белгілерін үйемелей отырып, мұндай адамдар күндерде бір күні
табиғаттың керемет бір заңын талдап шығады, немесе ең бір қарапайым
негіздерді ғылым жолымен зерттей береді; сол кезде қара тобыр бұлардың
ойлап тапқан жана машинасын, қандай да бір арбасын қайран қала,
қызықтайды; солардың мейлінше қарапайымдығына таң-тамаша болады.
Сол шақта жаңағы кішіпейіл талым күлімдеп өзін ардақтаушыларға айтар
болар: "Мен не істеппін, тəйірі! Түк те ойлап тапқаным жоқ. Адам өздігінен
ешқандай қуатты ойлап шығара алмайды, ол тек бағыттап қана жібереді,
тылымның асылы табиғатқа еліктеуде", деп.
Рафаэль механиктің үйіне кіріп келгенде, ол қаққан қазықша қалшиып
тұр екен, дарға асылған жерінен ағытылып түсіп, тікесінен тік тұрып
қалған жан екен деп ойлап қаларлықтай еді оны. Планшет күн сəулесінің
күшімен жүретін сағаттың үстінде домаланып жүрген жұмыр ақықты
бақылап, оның қашан тоқтауын тосып тұр еді. Бұл байғұста ешқандай
орден де, зейнетақы да жоқ, себебі ол өзінің өнерін жұртқа көрсетіп, жария
етуді білмейтін. Ол жаңалықтар ашқанда ғана өзін бақыттымын деп
санайтын да, атақ-даңқ туралы да, зиялы қауым туралы да, өзі туралы да
ойламайтын, ол тек ғылым үшін, тылыммен өмір сүретін.
– Мұны анықтау мүмкін емес! – деді ол өзінен-өзі. Сөйтті де, Рафаэльді
байқап қалып, ah ұрды: Сіздің құзырыңызға əзірмін. Анаңыздың дені сау
ма? Жамағатыма кіріңіз.
"Əттеген-ай, мен өзім де осылайша тіршілік ете алар едім-ау" – деп
ойлаған Рафаэль; ол ғалымға бойтұмарды көрсетті де, бұған қалай ықпал
етуге болатының сұрап, оны қалың ойдың тұңғиығынан алып шықты. Сіз,
бəлкім, менің жеңілтектігімді келеке етіп күлерсіз, – деді сөз соңында
маркиз, бірақ мен сізден еш нəрсені де жасырмайын. Менің ойымша, бұл
былғарыда сондайлық күшті қарсыласу қуаты бар, оны ештеңе де жеңе
алмайтын тəрізді.
– Зиялы қауымдағы адамдар тылымға тым еркін, үстірт қарайды, – деп
бастады Планшет, əлдеқандай бір кербез сал, күн тұтылудан кейін бір той
əйелдерді Лаландка97 ертіп əкеліп: "Мархабат етіп. жанатыны, қайтадан
бастасаңыз қайтеді?" деген екен. Сол сияқты зиялы қауым адамдарының
бəрі де бізге осыған ұқсас өтініштер айтады. Сіз қандай əрекетті тілер
едіңіз? Механиканың мақсаты қозғалыс заңдарын қолдану немесе оларды
бейтарап ету. Ал енді қозғалыстың дəл өзін алып қарайтын болсақ,
мейлінше мүсəпірлікпен сізге мынаны жариялауға мəжбүр боламын: оны
анықтауға біздің күшіміз жетпейді. Осыған келістік қой. Енді қатты жəне
сұйық денелердің əрекеттерін басқаратын кейбір тұрақты құбылыстарды
бақылайық. Мұндай құбылыстардың алғашқы себебін қайта тірілте
отырып, біз денелерді бір орыннан екінші орынға көшіре аламыз, белгілі
жылдамдық шартымен оларға қозғаушы күш бере аламыз, оларды жүргізе
аламыз, қиратуымызға немесе ұнтақтауымызға қарай, мүшелеп немесе
ұшы-қиыры жоқ мөлшерге бөле аламыз, оларды шыр айналдыра аламыз,
олардың түрін өзгерте, кеңейте, соза аламыз. Бүкіл ғылым тек қана фактіге
негізделеді. Мынау домалақты көріп тұрсыз ба? – деп ғалым өз сөзін
ұластыра берді. Ол мінеки тас үстінде тұр.
Ал қазір, əнеки, анау жерге барып қалды. Физикалық жағынан
сондайлық табиғи, бірақ ақыл жетпестік осы қимылды біз не – деп
атаймыз? Қозғалыс, қимыл, орын ауыстыру дейміз бе? Бірақ бұл құрғақ
сөздердің ар жағында түк жоқ қой. Берілген атау алға қойылған міндеттің
орындалғаны болып табыла ма? Алайда, бүкіл ғылым дегеніңіз міне осы.
біздің машиналарымыз тек осы əрекетті, осы фактіні пайдаланады немесе
ыдыратады. Онша маңызды емес осы ерекше құбылыс көптеп, жалпылама
мөлшерде қолданылса, Париждің астан-кестенін шығарады. Біз
жылдамдық есебінен күшті, күш есебінен жылдамдықты молайта аламыз.
Күш пен жылдамдық дегеніміз не? Біздің ғылымымыз қозғалысты туғыза
алмайтыны сияқты, бұған да жауап бере алмайды. Қозғалыс дегеніміз
қандайы болса да ол шексіз қуат, ал адам қуатты туғыза алмайды. қозғалыс
сияқты, қуат та біртұтас, қуаттың асылының өзі де қозғалыста. Бəрі де
қозғалыс. Пікір де қозғалыс. Жаратылыстың өзі қозғалысқа негізделген.
Өлім де қозғалыс, бірақ оның мақсаттары бізге пəлендей көп мəлім емес.
Егер құдайдың өзі мəңгі-бақилық болатын болса, наныңыз, онда ол да
үнемі қозғалыста болғаны. Құдай дегеніміздің өзі, бəлкім осы қозғалыс
шығар. Міне сондықтан қозғалыс та, құдай сияқты түсіндіріп болмастық,
соның өзі сияқты, шексіз терең, ақыл жетпестік, қол жетпестік. Кім қай
уақытта қозғалысқа жанасып көргені бар, оны аңғарып, өлшеп көргені бар?
Біз қозғалыстың өзін көрместен оның нəтижесін тана түсінеміз. Құдайды
бекер дегеніміз сияқты, біз қозғалысты да бекер дей аламыз. Қайда ол?
Жəне оның жоқ жері бар ма? Қайдан шығады ол? Оның басталатын
шығанағы қайсы? Оның ақыры қайда? Ол бізді қаусыра құшақтайды,
итермелейді, бізден тайып та кетеді. Қозғалыс та факт сияқты көзге
көрнекті; дерексіз заттай көмескі; ол əрі нəтиже, əpi себеп екеуі де.
Біз сияқты оған да кеңістік керек, ал кеңістік дегеніміз не? Ол бізге тек
қозғалыс үстінде ғана ашылады. Қозғалыс болмаса, ол да мағынасы жоқ
сөз тəрізді. Бұл шешілмейтін жұмбақ; бос қуыс сияқты, жасау, туғызу
сияқты, қиырсыздық сияқты, қозғалыс та адамның ой-пікірін адастырады,
қымсындырады; адамның біле алатыны бар болғаны қозталысты еш
уақытта да ақырына дейін аңғара алмайтының білетінінде. Кеңістікте
мынау домалақ, біресе анау ноқатқа, біресе мынау ноқатқа домалап барады,
осы екі ноқаттың арасы адамның ақылы жетпестік шыңырау; данышпан
Паскаль құлаған шыңырау осы. Мəлімсіз соны затты мəлімсіз соны күшке
бағындырғыңыз келсе, осы соны затқа əсер етуіміз үшін біз əуелі бұл затты
зерттеуіміз керек; өзінің жаратылыстық қасиеттеріне қарай, ол не соққыдан
сынып кетеді, немесе оған қарсылық көрсетеді; егер ол бөлшек-бөлшек
болып бөлініп кететін болса, сіздің ниетіңіз оны бөлшектеуді көздемейді
ғой, онда біз мақсатқа жете алмаймыз. Егер сіз оны қысқыңыз, сыққыңыз
келсе, онда заттың барлық тектеріне бірдей тең қозғалыс беру керек, сөйтіп
ол тектердің бір-бірін алшақтата ажыратып тұрған əредіктерін бірқалыпта
кемітетін болу шарт. Егер оны созғыңыз келсе біз əрбір молекулаға
орталықтан ығысатын біркелкі күш беруге тырысуымыз қажет, неге
десеңіз, бұл заңды дəлме-дəл қолданбасақ, онда біз үздіксіздікті үзіп,
алшайтып аламыз. Қозғалыстың ұшы-қиырсыз тəсілдері, шексіз
комбинациялары бар. Сіз қай əрекетті қалар едіңіз?
– Менің тілейтінім сондай тегеурінді қозғалыс: осы былғары ұшықиырсыз сөзыла берсе екен... – деді төзімсіздікпен Рафаэль.
– Əр заттың шегі, шеңбері бар, оны ұшы-қиырсыз соза беру мүмкін
емес, – деп математик тойтарыс берді, алайда қысу, сығу арқасында
қалыңдық есебінен үстіңгі қабаттың созымдылығы еріксіз кенейетіні
сөзсіз: ол осы заттың өзі жетпей қалатындай мөлшерге дейін жұқарады...
– Дəл осындай нəтижеге жетіңізші, миллиондаған дəулетке ие боласыз!
– деп ышқына айғайлап жіберді Рафаэль.
– Дəл солай етем – деп сізге кепілдік беру адалдық болмас еді, – деді
профессор голландық сабырлы самарқаулықпен. Екі ауыз сөзбен сізге
айтайын: құдайдың өзін де шыбын тұрлы сытып жіберетін əйдік машина
бар. Ол машина адамның өзін де бір парақ сорғыш қағаздай жұқартып
шығара алады, кəдімгі адамды аяғындағы етігі, өкшелік сылдырмағы,
галстугі, қалпағы, алтыны, қымбат бағалы заттары, барлық дүниесімен
қоса қабат...
– Неткен жойқын машина!
– Балаларын суға лақтырғаннан гөрі қытайлардың осы машинаны
пайдаланғаны жөн болар еді, – деп талым өз пікірін баяндай берді;
адамның аталық сезімін қорлауым мүмкін-ау дегенді ойлаған жоқ.
Өзінің идеясына түгелдей берілген Планшет бос тұрған түбі тесік гүл
құмырасын алып, күн нұрының қуатымен жүрегін сағаттың плитасы үстіне
қойды да, содан кейін саз балшық əкелгелі бақшаға кетті. Рафаэль тəрбиеші
əжесінің кереметті ертегісін тыңдаған балаша қуанып, мəз-мейрам болды.
Саз балшықты плита үстіне қойып, Планшет қалтасынан бағбан бəкісін
суырып, аюбадам аташынан екі бұтақ кесіп алды да, тісінің арасынан
ақырын ысқырық шығара отырып, бөлме ішінде жалғыз отырған адамдай,
емін-еркін əлгі бұтақтарды ойып, тесе бастады.
– Мінеки, мынау жаңағы машинаның құрылымды бөлшектері, – деді ол.
Саз балшықтан илеп жасалған тобықтың көмегімен ол əлгі аташ
түтіктердің біреуін, аюбадамның тесігі құмыраның тесігіне сəйкес
келерліктей етіп, құмыраның түбіне қалады. Бұл жабдық шылым шегетін
алып трубкаға ұқсас болып шықты. Содан кейін профессор плита үстіндегі
саз балшықтарын илеп, қақтап күрек тақылетті етіп жасады, оның жалпақ
алақанына тұл құмырасын қойды, аюбадамның Бұтағын саз күректің
тұтқасына нығайтып орнатты. Мұның соңында ол аюбадамнан жасалған
түтіктің жиегіне бір кесек саз балшық жапсырды, осының үстіне тесігі бар
екінші бұтақты тікесінен шаншып, оны көлденең жатқан бұтақпен
жалғастырғалы балшықтан тағы бір тобық жасады, сөйтіп ойдан
шығарылған осы машинаның ішінде тауа немесе қандай да бір сұйық зат
шыр айналатындай жəне тік тұрған түтіктен əредік жүлге арқылы бос
тұрған гүл құмырасына жүгіретіндей етті.
– Бұл аппарат, – деді ол Рафаэльге кіріспе сөз сөйлеп тұрған
академиктің байсалды пішінімен, кемеңгер Пасқальдың бізді өзіне
табындыру үшін талассыз құқық алған аспаптарының бірі.
– Мен түк ұқпаймын...
Ғалым күлімсіреді. Дəріхана иесінің құмырсқаларды құртатын дəрі
құйып беріп жіберген шынысын миуа аташынан шешіп алды да, талым ол
шынының түбін сындырып, одан алқымы кең су құяр шүмек жасады, мұны
оюлы бұтақтың тесігіне мықтап орнатты, бұл саз балшыққа тікесінен
шаншылып, үлкен су құбыры болып есептелетін гүл құмырасына қарамақарсы қойылған бір ыдыс болып шықты. Одан соң су себелейтін тор көз
шүмегі бар бүркер сауытты алды да, аюбадам бұтағынан істелген жұмыр
түтіктің ішінде де, үлкен құбырдың ішінде де судың деңгейі бірдей
боларлықтай мөлшерде бүркермен су құйды...
Рафаэль өзінің былғарысы туралы ойлап тұр.
– Су əлі де болса сығылмайтын дене болып есептеледі, осы негізгі
ұстанымды, басшы қағиданы ұмытпаңыз, – деп алдын-ала ескертті
механик, солай деліне тұрса да, су сығылады, бірақ сығылуы соншалық
болмашы дəрежеде, сондықтан оның сытылу күшін біз нөлге тең күйінде
алуымыз керек. Гүл құмырасының жиегіне жеткенде судың үсті қандай
болғаның көріп тұрсыз ба?
– Иə.
– Ендеше былай, бұл судың үсті аюбадам бұтағынан жасалған түтіктің,
жаңа мен сұйық зат құйған түтіктің тесігінен мың есе үлкен – деп
жорамалдаңыз. Қараңыз, мен су құяр шүмекті аламын...
– Солай.
– Егер қандай да бір ретпен мен тағы да түтіктің тесігі арқылы
бірсыпыра су құйып, осы көп сұйық заттың көлемін көбейтсем, түтіктің
ішіндегі сұйық зат төмен түседі де, гүл құмырасындағы сұйық зат жоғары
көтеріле береді, яғни екеуінің де деңгейі бірдей болғанша құмырадағы
сұйық зат көтеріле бермекші.
– Бұл түсінікті! – деді Рафаэль дауыстап.
– Бірақ айырмашылық мынада, – деді тағы да ғалым бұған жалғас,
егерде тік тұрған түтікке үстелген судың жіңішке бағаншасы, айталық, бір
қадаққа тең болып табылса, онда оның əрекеті барлық сұйық затқа дұрыс
бөлініп, гүл құмырасының бетіндегі барлық ноқаттарға салмағын салғанда,
оның өзі мың бағанша су болып шығады жəне тік тұрған аюбадам
түтігіндегі сұйық затты төмен түсуге мəжбүр еткен күштің мөлшеріндей
тегеуірін, бейнебір жанағы мың бағанша суға да мол салмақ салған тəрізді
болады да. Бұлардағы судың бəрі жоғары жүйткуге ұмтылады, сонда олар
мынау арада, Планшет гүл құмырасындағы тесікті көрсетті, отан енгізілген
қуаттан мың есе артық қуат туғызатыны сөзсіз.
Ғалым саз балшыққа тікесінен орнатылған ағаш түтікті саусағымен
нұсқады.
Мұның бəрі əншейін-ақ оп-оңай екен ғой, – деді Рафаэль.
Планшет күлімсіреді.
– Басқаша айтқанда, – деді ол математиктерге тəн табанды
қисыншылдықпен, судың басып кіруін тоқтату үшін үстіңгі үлкен қабаттың
əрбір бөлшегіне тік тұрған түтікте əрекет етіп отырған күшке тең
келерліктей күш қолдану тиіс болар еді, бірақ мұнда мынадай
айырмашылық болады: бағаншадағы су бүкіл бір кез көтерілгенде, үстіңгі
үлкен қабаттағы мың ұсақ бағаншалар тіпті болмашы ғана көтеріледі. Енді,
– деді Планшет таяқшаларды тықылдатып, бұл кісі күлерлік кішкентай
аппараттың орныңа тиісінше қуатты, тиісінше мөлшерлі металл түтіктер
қолданайық, сонда мінеки, егер сіз үлкен құбырдағы сұйық заттың бетін
қозғалмалы металл тақтайшамен мықты жапсаңыз, содан кейін, беріктігіне
төтеп беретініне кепіл бола аларлықтай, екінші бір тақтайшаны бұған
қарама-қарсы қойсаңыз жəне оның үстіне тік тұрған түтік арқылы сұйық
затқа үздіксіз су қосып тұруыма мүмкіндік берсеңіз, онда екі мығым
тақтайша арасына сығылған бұйым оны орасан күшпен қысып, сығымдап
бара жатқан жойқын қимылдың қуатымен лажсыз жанышталуы тиіс.
Түтікке суды үздіксіз құйып тұру жəне сұйық заттың қуатын тақтайшаға
өткізіп отыру механика үшін ойыншық іс. Бұл үшін екі поршень мен
бірнеше қақпақтың өзі-ақ жеткілікті. Қымбаттым, – деп сұрады ол
Валентенді қолтықтап, екі тегеуріннің шексіз күштерінің арасына
қысылған заттың қандайы болса да ұлғаюға мəжбүр болмасқа лажы жоқ
екені сізге түсінікті ме?
– Апыр-ай, о! "Өлкеден жазылған хаттардың" авторы ойлап шығарды
ма осыны?.. – деді Рафаэль даусын көтере.
– Иə, нақ сол Механика бұдан қарапайым, бұдан артық тамаша
жаңалықты өлі білген емес. Будың күшімен жүргізілетін машина қарамақарсылық принципіне судың кеңеюіне негізделген. Бірақ су белгілі
дəрежеге дейін ғана кеңейе алады, ал оның сығылмайтындығы кейбір
реттерде жағымсыз, арам күш болуы себепті, ұшы-қиырсыз, шексіз болып
шығатыны сөзсіз.
– Егер осы былғары созылса, – деді Рафаэль, мен Блэз Паскальға арнап,
алып ескерткіш орнатуда, механиканың аса тамаша мəселесін шешкендік
үшін əрбір он жыл сайын беріліп тұратын етіп, жүз мың франк мөлшерінде
сыйлық белгілеуге, сіздің немерелеріңізге, тумалас қарындастарыңызға
жасау беруге, ең ақырда, ақылы алжасқан немесе жоқшылыққа кіріптар
болған математиктерге арнап қайырхана ашуға сізге уəде беремін.
– Мұның өзі өте жақсы болар еді, – деді Планшет. Ертең сіз екеуіміз
Шпитхальтерге баралық, – деп зейін тіршілігімен күнелтетін ортада өмір
сүрген адамның байсалды мінезімен ғалым өз сөзін ұластыра берді, бұл
асқан дана механик жаңада тана менің жобам бойынша мейлінше
жетілдірілген, кемеліне келтірілген керемет машина жасап шығарды, бұл
машинаның көмегімен ең арғысы жас нəресте де өзінің қалпағына мың
арқа шөп тией алады.
– Ертеңге дейін.
– Ертеңге дейін.
– Міне, механика деген осы! – деп Рафаэль айқайлап жіберді.
Ғылымдардың ең тамашасы емес пе бұл? Лавриль өзінің құландарымен,
жүйелеуімен, үйректерімен, түр-түрлерімен, сауыт сабаларымен əр алуан
зағыптарымеп қоса қабат ең əрі кеткенде тек таңбашы болуға ғана жарар.
Келесі күні, Рафаэль көңіл күйі аса көтеріңкі қалыпта Планшетке соғып,
екеуі Сəлəматтық көшесіне жөнелді, бұл көшенің есімінің өзі-ақ жақсы
ырым – деп есептеуге боларлық еді. Көп кешікпей-ақ жас мырза
Шпигхальтердің алып шеберханасына, қып-қызыл шоқтай жайнаған,
гүрілдеген сан алуан көріктер арасына келіп шықты. Мұның іші от
ұшқындарының жаңбыры, шегелер тасқыны, поршеньдер, винттер,
тетіктер, діңгектер, егеулер, бұрандалар мұхиты, шойын, ағаш қақпақ болат
таспалар теңізі дерліктей. Шойын үгінділеріне адам шашалғандай. Жер де
темір, ауа да темір, адамдар да темір жамылған, барлық заттардан темір иісі
анкиды; темірдің де өзінің өмірі бар, ол да ұйымдасқан, сұйық қалыпқа
келтірілген, темір де жүріп-тұрарлық, ой-оштарлық, əр алуан пішінге
кірерлік халге келтірілген, барлық құйтерге бағындырылған. Көріктері
көрпіл – деп, балталары тарсылдап, темірлерді шықыр-шықыр шайнаушы
станоктары ысқырып тұрған шеберхананы аралап отырып, Рафаэль жақсы
желдетілген мұнтаздай таза, үлкен бөлмеге келіп кірді, кешегі Планшет
айтқан алып престі, сығымдаушы машинаны барлық егжей-тегжейлеріне
дейін толық қарап шығуға Рафаэльге осы бөлмеде толық мүмкіндік берілді.
Шойын тақталардың қалыңдығына, мызғымас көпшіктер арқылы
жалғастырылған темір діңгектерге ол қайран қалды.
– Егер сіз мына тұтқаны жеті рет жедел айналдырсаңыз, – деп
Шпигхальтер жылтыр темірден жасалған балансирді көрсетті, болат тақтай
толып жатқан жаңқа болып шашырап кетеді, ол жаңқалар аяғыңызға
инедей қадалады.
– Апырай, о! Рафаэль таңырқай дауыстап жіберді.
Планшет өз қолымен шегірен былғарыны құдіретті пресстің екі
тақтайының арасына салды да, ғылыми дүние тануы арқасында пайда
болған зор сеніммен, балансирдің тұтқасын дереу бұрап кеп жіберді.
– Бəрін де жата қалыңдар, əйтпесе жазым боласыңдар! – деп кенеттен
Шпигхальтер айғай салып, өзі ең алдымен еденге етбетінен түсті.
Шеберханада сыбызғыдай сыңсыған ысқырық естілді. Машина ішіндегі
су оның шойындарын талқандап, сұрапыл екпінмен қатты шашырап, дес
бергенде, ескі көріктің үстіне ақты да, көрікті тоңқалаң асырып тастады,
үйді де үйірілтіп, өзімен ілестіріп əкететін дүлей құйынша, көрікті
үйірілтіп, жапырайтып кетті.
– Oho! – деді салқын қанмен Планшет, шегірен бүп-бүтін, менің
көздерім сияқты сап-сау. Шпигхальтер мырза, шойынның ішінде жарықшақ
немесе үлкен түтікте тесік бар шығар.
– Жо-жо-жоқ, атай көрмеңіз, мен өз шойынымды жақсы білем ғой.
Алыңыз, тақсыр, мынау пəлеңізді, оның ішін жын жайласа керек.
Неміс, ұстаның балғасын ала салып, былғарыны төске тастай берді де,
ашу-ызаның бойға бітіретін адуын қайратымен бойтұмарды шеберханада
бұрын-соңды жаңғырығып көрмеген нағыз сұрапыл соққымен ұрып кеп
қалды.
– Бəлі, мынаның үстінде жанағы соққыдан із де түспепті ғой! – деп,
Планшет дауыстай жіберді, қайсар шегіренді қолымен сипап тұрып.
Жұмысшылар жан-жақтан жүгірісіп келді. Кіші мастер былғарыны
алды да, көріктің таскөмірге жанып жатқан оттығына тастай берді. Отты
айнала қоршап қалып, бəрі де алып көріктің əрекетін шыдамсыздықпен
күтті. Рафаэль, Шпигхальтер, профессор Планшет осы бар ықыласымен
үңіле қараған қалың қара тобырдың жуан ортасында тұр. Осынау ақсиған
көздерге, темірдің ұнтағы басқан киімдерге, май-май болған адам
жүздеріне қарап тұрған Рафаэль өз ойында неміс балладаларының түңгі
қияли дүниесін көзге елестетіп тұрған. Кіші мастер былғарыны он
минуттай пештің ішінде ұстап тұрып, сонсоң қысқышпен суырып алды.
– Беріңізші, – деді Рафаэль.
Кіші мастер қулық ойлап, былғарыны Рафаэльдін қолына ұстата қойған.
Ол қиналмай-ақ былғарысын қолына алды, онысы бөз баяғысынша сұпсуық, жұп-жұмсақ күйінде екен. Үрейлері ұшып, айғай салып,
жұмысшылар қаша жөнелісті. Қаңыраған шеберханада тек Валентен мен
Планшет қана қалды.
– Шынымен-ақ, осының ішінде Ібілістен бірдеңе бар шығар! – деп
Рафаэль түңілген дауыспен қынжыла сөйледі. Апыр-ай, маған бір ғана күн
артық өмір беруге адам баласының күші жетпегені ме?
– Мырза, бұл менің кінəм, – деп жауап қайырды математик амалы
құрыған пішінмен, бұл ғажайып былғарыны жалпайтқыш машинаның
күшіне бір салып көру керек еді. Сізге престі ұсынғанда, менің көзім нені
көрді екен?
– Мен өзім соны өтіндім ғой, сізден, – деп жұбатты Рафаэль.
Ант берген он екі бидің кінəсыз – деп тапқан айыпкеріндей-ақ күрсінді
ғалым. Алайда былғарының оны душар еткен таңырқарлық жұмбағын
шешуге құмартып, ол бірер минуттай ойланып, былай – деді:
– Бұл белгісіз затқа реактив арқылы əсер ету керек. Жафеге барып
көрейік, бəлкім, химия механикадан гөрі күшті болуы мүмкін.
Валентен атақты химик Жафені лабораториясынан тапқалы үміттеніп,
аттарын желдірте жөнелді.
– Қане, қарт достым, – деді Планшет жұмсақ орындықта шалқайып,
тұнбаны зерттеп отырған Жафеге, химияның тіршілігі қалай?
– Ол ұйықтап жатыр. Ешқандай жаңалық жоқ. Əйтсе де, Академия
салициннің бар екенін мойындады, бірақ салицин, аспаратин, вокелин,
дигиталин мұның бəрі де жаңалық емес қой.
– Заттарды жаңадан ойлап табуға шамаларыңыз келмегендіктен, сіздер,
сірə, жаңа есімдер ойлап табатын халге жеткенсіздер-ау деймін, – деп сөз
қыстырып қойды Рафаэль.
– Оның рас, жігітім!
– Бері қарашы, – деді профессор Планшет химикке, мына затты тектегіне ажыратып берші. Егер сен осыдан бірер тек тауып шығарсаң мен
оған алдын-ала Ібілісбек деген ат қояйын, неге десең, осы бір немені
сығамыз – деп біз су қуатымен əрекет ететін үлкен престі жаңа ғана
қиратып алдық.
– Көрейік, көрейік! – деді химик қуанышпен əңгірлей сөйлеп. Бəлкім,
ол жаңа бір қарапайым дене болып шығар.
– Бұл əншейін кəдуілгі есек терісінің бір қиқымы, – деді Рафаэль.
– Мырза!.. – деді химик ашу шақырып.
– Жоқ, əзілден тыс. Маркиз осыны айтып, шегірен былғарысын
химикке ұсынды.
Барон Жафе тұз, қышқыл, сілті, газ сияқты заттарды жалап дағдыланған
əдетімен кедір-бұдыр тілімен былғарыны жалап та қарады, бірнеше рет
байқағаннан кейін айтқаны:
– Ешқандай дəм жоқ! Бұған азырақ фтор қышқылын беріп көрелікші.
Жануарлар терісіндегі тектерді лезде ажырататын осы элементті
былғарыға қолданып көріп еді, ол да ешқандай өзгеріс туғыза алмады.
– Бұл шегірен емес! – деді химик дауыстай сөйлеп. Жұмбақ затты
минерал – деп есептеп, мұрныңа шертіп байқайық, яғни отқа төзімді
қондырғыға салып көрейік, онда, əдейі қойғандай, қызыл сақар да болуы
керек.
Жафе сыртқа шықты да, дереу қайтып келді.
– Бұл əдеттен тыс заттың бір кесегін алуыма рұқсат етіңіз, – деді ол
Рафаэльге, мұның өзі бір өзгеше зат болды ғой...
– Кесегін дейсіз бе? Рафаэль айқайлап жіберді. Бір қылшығын да бермес
едім. Əйтсе де байқап көріңіз, дей салды ол əрі мұңайып, əрі қулана сөйлеп.
Ғалым əлгі былғарыны тілемін дегенде ұстарасын сындырып алды,
сонсоң ол мұны күшті электр қуатымен тілмекке болып та əуреленді, вольт
доғасының қуатына салып та байқады, бірақ, ғылымның қаһарлы
құралдарының бірде-бірі бұл сұмдық бойтұмарға түк əсер ете алған жоқ.
Кешкі сағат жеті еді. Планшет, Жафе, Рафаэль соңғы тəжірибенің
нəтижесін күтеміз – деп, уақыттың қалай өткенін де сезбей қалыпты.
Хлорлы азоттың бірталайымен сұрапыл шайқасқанда да шегірен жеңіп
шықты.
– Мен құрыған екенмін! – деп Рафаэль ah ұрды. Бұл тура құдайдың ісі.
Meн өлемін.
Ғалымның екеуі де аң-таң болып қала берді. Олар өздерінің бұл
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шегірен Былғары - 18
  • Parts
  • Шегірен Былғары - 01
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2531
    28.0 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 02
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2526
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    37.3 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 03
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2445
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 04
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2479
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 05
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2519
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 06
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2463
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 07
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2433
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 08
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2370
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 09
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2415
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 10
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2418
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 11
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2356
    28.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 12
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2283
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 13
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2455
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 14
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2393
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 15
    Total number of words is 4023
    Total number of unique words is 2423
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 16
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2233
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 17
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2155
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 18
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2257
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.8 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 19
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2406
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 20
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2522
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.2 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 21
    Total number of words is 2497
    Total number of unique words is 1541
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.