Latin Common Turkic

Шегірен Былғары - 05

Total number of words is 3871
Total number of unique words is 2519
27.0 of words are in the 2000 most common words
38.8 of words are in the 5000 most common words
45.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Сіміруіңе болайын сабаз! – деді Бисиу айғайлап.
– Мыналар əбден естен айырыла мас болыпты ғой, деп таңырқады
байсалды пішінмен жилетін суарып отырған жас жігіт.
– Рас, біздің дəуірімізде басқару өнері өкімет тізгінін жұртшылық
пікірінің тезіне тапсыру болып табылады.
– Жұртшылық пікіріне дейсіз бе? Ойбай-ау, ол барлық жезөкшелердің
ішіндегі ең сайқалы емес пе! Моралист жəне саясатшыл мырзалар, етер
сіздердің айтқандарыңызға көнсек, табиғаттан гөрі сіздердің заңдарыңды,
арымыздан гөрі жұртшылық пікірін артық қадірлеуіміз керек қой, тегі.
Қойыңыздаршы, шырақтарым, шыныңа келгенде бəрі де ақиқат, жəне бəрі
де жалған! Əділдік үкімін тежеу үшін заң қағидасы енгізілгені сияқты,
кашемир шарқат жамылғанның салдары тұмаурату болғаны сияқты, қоғам
бізге көпшікке арнап мамық беріп еді, оған еріп құяң дейтін шұрқы бірге
келді.
– Мақұлық! – деді Эмиль əлгі мизантроптың сөзін бөліп. Алдында
соншалық тамаша шарап пен тағамдар жаюлы тұрғанда, сен қалайша
өркениетті кінəлай аласың? Өзің үстелдің астына құлап кете жаздап
отырғаныңды сеземісің? Мынау алтын тұяқ, алтын мүйіз ақбөкенді же,
бірақ өз анаңды өзің тістеле...
– Егер католицизм мыңдаған құдайларды бір қапшыққа тығындаса, егер
республика əлде бір Наполеонмен аяқталатын болса, егер, корольдардың
өкімет билігі Генрих IV-нің өлтірілуі мен Людовик XVI-ның дарға
асылуының арасында дəурен сүретін болса, либерализм Лафайетке54
айналса, соның бəріне мен кінəлы боламын ба?
– Шілдеде екеуің құшақтасып сүйіскен жоқ па едіңдер?
– Жоқ.
– Олай болса үніңді шығарма, скептик!
– Скептиктер нағыз арлы адамдар.
– Оларда ар жоқ.
– О, не дегеніңіз! Олардың ен кемі екі бірдей ары бар.
– Аспанның өзін шегеріп, жыртыстай айыру нағыз саудагершілік идея!
Ежелгі көне діндердің өзі адамның тəн лəззатын жөнімен дамыту ғана
болатын, ал қазіргілер, біздерді айтам, біз жан жүйеміз бен үмітарманымызды дамыттық, біздің алға басқан жаңалығымыздың өзі осы.
– Əй, достарым-ай, саясатқа сіресе толған ғасырдан не үміт, не қайыр? –
деді Натан "Богемия королі мен оның жеті сарайының тарихы"55 қандай
ғажап нəрсе еді, ақыры немен тынды?...
– Не дейсің, ой? деп, білгіш үстелдің ар жатынан айқай салды. — Ол бір
шылғи өтірік, қайдағы бір сұрқия сөздердің жиынтығы, жындылар үйіне
арналған шығарма еді ғой, қарағым-ау!
– Ақымақ!
– Топас!
– Оһо!
– Aha!
– Мыналар қазір төбелеседі.
– Жоқ.
– Ертең болсын, құрметті тақсыр-еке!
– Қазір болса да мейлі, – деді Натан.
– Қой, қой! Екеуің де ер жүрек-ақ екенсіңдер.
– Тап сендер ер жүрек емессіңдер! – деді ұрысты бастаушы.
– Əттең осылар аяғынан қаз басып тұра алмайтын халге жетіпті-ау, ə!
– Ойпырмай, осы мен шынымен-ақ аяғымды басып тұра алмайтын
шығармын! – деді мықтымсынған Натан қатырма қағаз ойыншықтай
ирелендеп орныңан тұрып жатып.
Ол жанары сөнген күңгірт көздерін үстелге қадаған қалпында,
орындығына гүрс етіп құлады да, басын төмен салбыратып тына қалды.
– Ойпыр-ай, өмірімде оқымаған, тіпті түрін де көрмеген шығарма үшін
қырылысып, төбелесіп жатсам, қызық болатын екен-ау! – деді білгіш өзінің
көршісіне қарап.
– Эмиль, жаныңдатының түсі қашып кетіпті, киіміңді абайла, – деді
Бисиу.
– Қант па? Ақымақтарта ермек үшін аспанта ұшырылған тағы бір қуық
қой! Материализм мен спиритуализм — екеуі бір-бірінен мүлдем басқаша
ойыншықтар, отшашар, жарқ етпе, яғни мəселен; желен қаптал киген
жəдігөйлер оларда бір қобызбен той-гөйлемек. Спиноза айтқандай;
барлығы құдай ісі десек те, Павел əулие айтқандай бəрі; құдайдан десек те,
мағынасы бір емес пе? Ақымақтар! Есікті ашсаң да, жапсаң да бəрібір
қимыл емес пе. Тауықтан жұмыртқа шығады десек те, жұмыртқадан тауық
шығады десек те бəрібір!.. Маған анау үйректі əперіңізші... Miнe барлық
ғылым осы.
– Маубас, деп айғайлады оған ғалым. Сенің мəселең фактімен шешіледі.
– Қандай фактімен?
– Сеніңше профессор кафедралары философия үшін ойлап шығарылған
ба? Философияның өзі сол үшін ойлап шығарылған жоқ па еді?
Көзілдірігіңді ки де, бюджетпен таныс.
– Ұрылар!
– Ақымақтар!
– Зымияндар!
– Топастар!
– Пікірді осыншалық шапшаң, осынша порменді етіп білдіретін əдетті
Парижден басқа қай жерден кездестіресіңдер? деп жанталасты Бисиу,
даусын сəл бəсеңдете.
– Кəнекей, Бисиу, бізге бір дөрекілеу күлдіргі ойын көрсетіп берші!
Немесе бір достық əзіл айтуыңды сұраймыз!
– Сендерге он тоғызыншы ғасырды бейнелеп берейін бе?
– Тыңдаңдар!
– Тыныш!
– Өшіріңдер үндеріңді!
– Əй, қарақшы, сен аузыңды жабамысың бүгін?
– Шарап беріңдерші өзіне, үні өшсін жүгірмектің.
– Сөз сенікі, Бисиу.
Суретші қара фрағын жоғарғы түймесіне дейін қаусырып, қолына сары
перчатка киді де, бір көзін шапыраштандырып, Ревюдэ де Мондты56
елестете шырайын шытты, бірақ айқай-шу əртістің даусын көміп
жібергендіктен, оның келбетіндегі келеке көрінісі кілт жоғалды. Өз
ғасырын бейнелеуіне сəті келмесе де, оның есесіне ол Ревюдін нышаның
келтірді. Олардың қай-қайсысы да өзді-өзін ұғыныспайтын.
Ас артынан, сиқыр күшімен жасалғандай таңғажайып ыдыстарға
салынып, тəтті тағамдар əкелінді. Томир шеберханасында алтын жалатып,
қоладан жасалған орасан үлкен поднос Бүкіл үстелдің аумағын алып кетті.
Сол подностын үстіндегі биік тұлғаларға атақты суретші күллі Еуропада
нағыз мінсіз сұлу деп есептелетін сын-сымбат бітіріпті; олар нықтарына
көтеріп, толып жатқан құлпынай, жидектерді, ананастарды, Сетубальдан
кемемен əкелінген жас құрмаларды, сары жүзімдерді, алтындай сарғылт
шабдалы жемістерін, апельсиндерді, анар жемістерін, Қытай минуаларын,
қысқасы, сəулетті қонақасының қайрап қаларлық тосын сыбағаларын,
кондитер өнерінің кереметтерін, бал татыған нағыз тəтті тағамдарды,
ынтықтырарлық ең дəмді тамақтарды əкеле жатты. Шырын-шарап, тəтті
тағамдар толған дастарқанның үстіндегі көріністің сəулетін фарфордың
жарқылы, ыдыстардың нұр шашқан алтын ернеулері, вазалардың
бұжырмақ мəнерлері одан сайын құлпыртып, құйқылжыта түсуде.
Пуссеннің табиғатты бейнелеген суреттерінің фарфорға түсірілген
көшірмелерін мұхит түбінде өсетін балғын өсімдіктің шашағындай, əсем,
жеп-жеңіл жасыл мүк айрықша зейнеттендіріп тұр. Осы озбыр байлықтың
құныңа анау-мынау неміс князінің қол астындағы бүкіл бір елдің дəулеті
жетпес еді. Алтын, күміс, ғана, хрусталь дегендеріңіз алуан түрде өзгеріп,
бірінен соң бірі үсті-үстіне келе берді. Бірақ мастықтың безгектетідей
сандырағы билеген қонақтардың тұманданған көз жанарлары шығыс
ертегісіне лайықты осы тамаша сəн-салтанатты байқамады да дерлік.
Шорбат-шараптар жұпар аңқыған хош иістерін, ұшқын шашқан
мөлтілін,көңіл күйін шертетін өткір нəрін, құдіретті кісенімен буынбуыныңды бұғаулағандай аза бойыңды ауырлататын, ақыл-санаңды
буалдырлататын зейін сағымына ұқсас бірдеңелерді туғызарлық сиқырлы
буларын осында ала келген-ді. Жемістердің текшеленген мұнаралары лезде
талапайға түскен дауыстар дөрекіленіп, айқай-шу үдей берді. Саңқылдап,
айқын айтылатын сөздерді есту енді қиын болды, бокалдар күл-талқаны
шыға қиратылып, елірген ахахау күлкілер ракетадай атылды. Кюрси мүйіз
кернейді қолына алып, жиын күйін шырқатты. Сол бір үннің өзі əзəзілдің
дабыл қаққаны іспетті естілді. Есуастанған тобыр дереу жапатармағай
ұлып, ысқырып, əн шырқап, қиқулап, өкіріп, арсылдап қоя берді.
Жаратылысынан жайдары адамдардың кенет Кребильон трагедиясының
шешуші пердесіндегідей түнеріңкі бола қалуын немесе күймелі арбаға
мінген теңізшілердей ой тұңғиығына үңіле қоюын көргенде, күлім қақпасқа
лаж жоқ еді. Қулар мылжың үстінде əуесқойларға өздерінін құпия
сырларын айтып салды, əйтсе де тіпті аналар да олардың сөздеріне құлақ
қойған жоқ. Сарыуайымшыл торығымпаздар да башпайының ұшымен шыр
айналған биші əйелдерше жымиып отыр. Клод Виньон торға түскен аюдай
теңселіп қояды. Жақын достардың өздері бір-бірімен төбелесуге дайын
отыр. Адамдардың бет əлпетінде айуандарға ұқсас белгілер бар ғой, мұның
өзіне физиологтар өте қызық дəлелдер тауып жүрген жоқ па? Міне сол
белгілер қазір, мына адамдардың қимыл-əрекеті мен отырыс-тұрыстарында
да айқын көріне бастады. Байсалды, есті Биша57 осы бегілердің өзінен
бүтіндей бір кітап боларлық дайын оқиғалар тапқан болар еді.Үй иесі мас
болғандығын сезіп, орнынан тұруға батылы бармады, ол əдептілік,
кеңпейілділік қалпын сақтауға тырысып, кескініндегі айнымас жымию
арқылы қонақтардың қылықтарын ұнатып отырғаның сездіргендей. Оның
қызара бөртіп, көк шулан тартқан, тіпті адамның жүрегін айнытарлық
күлгін түске айналған жалпақ беттері жұрттың қимылына ілесіп алдыартынан, бүйірден толқын ұрған жел кемедей жайқалып отырды.
– Сіз оларды өлтірдіңіз бе? деп сұрады Эмиль одан.
– Шілде революциясының құрметіне өлім жазасы жойылады деген
қауесет бар, деп жауап берді Тайфер аңқаусыған айлакер пішінмен қасын
керіп.
– Олар сіздің түсіңізге енбей ме? деп тəптіштей түсті Рафаэль.
– Көп уақыт өтіп, ізі суыды ғой! – деді алтынға малынған қанішер.
– Сөйтіп, мрамор тас қашаушы, мұның тамына: "Жүргінші, осы бір
ғазиз жанды жадыңа алып, көз жасыңды тоқ... деп жазады-ау! деп
айқайлады Эмиль ызалы үнмен. Əттеген-ай! – деді ол тағы да, тамұқ бар
екендігін алгебра теңдеулері арқылы дəлелдеп берген математикке жүз су
ақша төлер ме едім!
Бір күмісті жоғары лақтырған ол:
– Самұрық жағы құдай үшін! деп қайталады.
– Қарама! – деді Рафаэль күмісті қатып алып. Кім біледі Сəт дегенің
сондай əумесер ғой!
– Қап! деп тамсанды Эмиль мұңды, сықаққой үнмен, қайда барсаң да
ылғи құдайсыздың геометриясы немесе папаның pater noster58 кездеседі.
Айтпақшы, ішіп жіберейік! Тринк соғыстыру. Міне, менің ойымша,
"Пантагрюэл" ертегісінің ақырында айтылатын тəңірі шынысының
болжампаздығының мағынасы осы болса керек.
– Біздің өнерлеріміздің, ескерткіштеріміздің, мүмкін, тіпті
ғылымдарымыздың да гүлденуі жəне одан да жоғарғы ізгілік қазіргі
үкіметтеріміздің,
ғажайып
түрде
біздің
ұлан-байтақ,
құнарлы
қоғамымыздың өкілі болып отырған кəдімгі бес жүз ақыл иелерінің
жасауы, – деді Рафаэль отан қарсы, Pater noster-дің арқасы емей, ненің
арқасы, осылар үшін содан басқа кімге борыштымыз? Бұл ретте қарамақарсы күштер бірін-бірі бейтарап қалдыруда, ал бүкіл өкімет билігі
өркениеттің қолына, яғни корольдің тағына отырған осы бір алып
королеваның қолына берілген, адам мен аспан арасына делдал етіп
қойылған алдамшы тағдырға ұқсас осы бір ежелгі, қорқынышты аруақтың
қолына берілген. Əлдеқашан жүзеге асырылған осыншама оқиғалар
алдында құдайсыздық еш нəрсе де өндіре алмайтын қуарған қу қаңқа
болып шығады. Бұған сен не дейсің?
– Мен католицизмнің сойқандығынан төгілген қан тасқыны туралы
ойлап отырмын, – деді салқын пішінмен Эмиль. Католицизм жалған топан
суын қаптату үшін біздің тамыр-тамырымызға тарап, жүрегімізге сіңді.
Бірақ, амал не? Əрбір ойлы-саналы адам Айсаның туы астында болуы
керек. Рухтың затқа (материяға) үстемдік етіп, салтанат құруын қасиеттеген
бір сол ғана, бізді құдайдан ажыратып тұрған делдалшы əлемді ақын
қиялындағыдай таңғажайып көрікті етіп ашып берген де, бір сол ғана.
– Сенің ойың солай ма? деп сұрады Рафаэль, мастық аралас əлденендей
тұрлаусыз жымиыспен. Жарайды, өзімізді-өзіміз ұятқа қалдырмас үшін
атақты тосты көтерейік. Di is ignotis .
Сөйтті де олар бокалдың ішіндегіні ғылым бокалының, көмір қышқыл
газының, жұпар иістің, поэзия мен сенбеушілік бокалының ішіндегіні
сіміріп салды.
Қонақ бөлмеге зауқыларыңыз соқпай ма, кофе келтірілді, деп
жариялады сарай басқарушысы.
Дəл сол кезде қонақтардың бəрі дерлік, рух оты сөніп, тəн өз үстіндегі
зұлматтан азат болып, бостандықтың сандырақ шаттығына енетіндей
күйде, жұмақтың рақатты қақпасының алдында адасып жүргендей еді.
Біреулер мастықтың шыңына шығып, өзінің өлі тірі екенін куəландыру
үшін белгілі бір ойға ақыл тоқтатуға барынша тырысып, қабағын түйіп
түнеруде, ал ішкен асы бойына сіңбей, көздері тұнжыраған кейбіреулер
тырп ете алмай қимыл атаулыдан безіп отыр. Тайынуды білмейтін
шешендер кейбір сөздерінің мағынасын өздері де аңғармай қалып отырса
да, əлі де көмескі бірдемелерді бəсуде. Əлденендей оң қайырмалары, бейне
бір, жүру мерзімін аяқтауға мəжбүр болған жасанды, жансыз машинаның
дүрсілі сияқты естіліп тұр. Жанталас əбігер мен тымтырыс тыныштық
кереметтей боп ұштасып жатты. Əйтсе де, қуанышты жаңа хабарды қожасы
үшін əйгілеген қызметшінің саңқ еткен даусын естісімен қонақтар бірінбірі еліктіре, демек, тіпті бірін-бірі жетелей орындарынан түрегелісті де,
есік алдына келгенде, қайран болып, орындарынан қозғалмастан, осы
тобыр бір сəт кідіріп, аңырып қалды. Сезімдердің ішіндегі ең нəпсі
құмарына мына меймандос жомарт қожаны пейіл көрсеткен осы бір
шабыттандырушы сый-сыяпатының алдында, тіпті əлгі думанды той
мерекенің шамадан тыс лəззаттары да түкке алғысыздай көрінді. Алтын
шамдалда шалқыған балауыз шамдардың сəуле шашқан жарығында, алтын
жалатқан күміс ыдыстардың салмағынан қайысқан үстелдің айналасында,
таңырқап қалшиып қалған қонақтардың қарсы алдынан ғайыптан пайда
болғандай бір топ əйел шыға келді, бəрінің де көздері гауһар тасындай
жалт-жұлт етіп, от шашып тұр. Киген киімдері де асқан əсем, ал ажаркөріктері одан да бетер көз шағылдырарлықтай, сұлулығы сонша, бұлардың
қасында мына сəулетті сарайдың барлық кереметтері де қуарып солғандай,
өңі қашты. Хор қыздарындай ғажайып арулардың құмарлы көз
жанарларының жалыны бөлмелердің ішін зейнеттеген оқалы жібек
маталарды, аппақ мраморды, қоланың əсем бедерлерін жарқылдатқан от
шұғыласының тасқынынан да күштірек, өткірірек тəрізді. Олардың
желкілдеген тұлымдарын, əрқайсысының өзінше тартымды, өзінше
сымбатты дене құбылыстарын көргенде, жүрек лүпіл– деді. Олар, бейне бір
лағыл, маржан, жақұт аралас гүлдерден құралған жанды қоршау секілді,
аппақ қардай, жұп-жұмыр мойындардағы қара інжу алқалардан, сəнді
шалмалардан, маяк отының жалыныңдай шалқыған кербез сəукелелерден,
жұпынылығымен де көз тартатын торғын орамалдардан құралған шынжыр
секілді. Осы бір харамхана көрінісі жұрттың бəрінің көзін қызықтырып,
нəпсісін қоздыра, рақатқа бөледі. Толқынданған торқа көйлектің
жиырмалары ішінде тамаша тұрқы сымдай тартылған биші əйелдің үстінде
түк жамылғы жоқ, жалаңаш тұрған тəрізді. Əне бір жерде мөп-мөлдір газ,
мына бір жерде алуан түрде құбылып, құлпырған шайы-жібектер кемеліне
келтірілген көркемдіктің құпия сырларын иə бүркемелеп, не əшкерелеп тұр.
Жіп-жіңішке аяқтар махаббат құмарлығын білдірсе де, шырынды алқызыл
еріндер үнсіз. Бой жеткендерше жасандырып əкелген, сүмбіл шаштарынан
күнəсіз сəбиліктің лебі аңқыған əжі қыздар, нəп-нəзік талдырмаш мүлəйім
жасөспірім бикештер үрлеп қалсаң тайып болатын ғажайып елес сияқты
болып көрінді. Содан əрі, тəкаппар кескінді, бірақ асылында ынжық, жадау,
нəзік, қыпша бел ақсүйек бекзада сұлулар бейне бір король мархабатының
бəрін бірдей əлі де сатып бітірмегендіктерін паш еткендей пішінмен
бастарын шұлғып тұр. Оссианның59 эпикалық шығармаларындағы бұлт
арасынан түскен бейнедей, күнəсіз аппақ аспан аруы ағылшын қызық
қасірет мұңның періштесіне қылмыстан қашқан ар-намыстың үніне ұқсас
еді. Небір сұлулығы дене құрылысының сымбатында, жүріс-тұрысының
айтып жеткізгісіз əсемдігінде ғана болатын опа-далап жаққаның, асыл
киімін, ақыл-парасатын мақтан ететін, құмарлығының құдіретімен
барынша қаруланулы, икемді, оралымды, қайратты, тас жүрек, қалыс, əйтсе
де құштарлықтың қазыналарын өнермен жасай білетін, жалған
биязылықтың елжірсудің сарындарын туғыза білетін су сұлуы Париж қызы
да осы кəдікті жиында екен. Сырт көрінісі бейқам, демінен бақыт лебі
ескен, бірақ еш уақытта ақылынан адаспайтын итальян қызы да, тұлға
бітімі тамаша, сəулетті норман арулары да, қиғаш қас, нəркес көз, сүмбіл
қара шашты оңтүстік қыздары да осында жайран қағуда. Версаль сұлулары
таңертеңнен-ақ тұзақтарын құра сала, Лебельдің шақыруы бойынша, бейне
бір саудагердің даусынан шошып оянып, сəресіде ғайып болатын шығыс
күндерінің тобырындай-ақ осында жиылса керек деп ойлауға мүмкін еді.
Ұялып, қаймыққан бұлар омартасында ызыңдаған бал араларынша үстел
төңірегіне ұйылыса берісті. Олардың жүрексіне абыржулары, назданулары,
қылмыңдаулары осының бəрі тұтасынан алғанда əлде белгілі есепке
негізделген арбау, əлде лажсыз ұялшақтық тəрізді. Бəлкім, əйелдердің еш
уақытта да тұтасынан əшкерелей қоймайтын бір сезімі жомарттықпен сарп
етіп отырған кінəратты бұрынғыдан бетер тартымды, сиқырлы жəне уытты
ету үшін мейірбандық желетін жамылуға оларға өмір ететін шығар.
Сонымен Тайфердің қысастығы сəтсіздікке ұшырауға тиіс тəрізді. Нəпсісі
ауыздықталмаған еркектер патшаның құдіретіндей зор ықпалға иелік етуші
əйелдерге бірден-ақ бағынышты бола кетті. Сүйсіну сыбыры жан жүйесін
тебірентетін ғажайып музыка үніндей естілді. Махаббат маскүнемдікпен
жұп боп тентіремес болар: діңкелері құрыған кездерінде қапылыста
киліккен қонақтар құмарлықтың дауылы орнына тəтті шабыттың рақатына
бөленді. Көркемөнершілер өздеріне үнемі үстемдік жасаушы поэзияның
өмірі бойынша, осы таңдамалы сұлулықтардың аса нəзік сарындарын
рақаттану сезімімен зерттеуге кірісті. Шампан шарабы аңқытқан көмір
қышқылы, тегінде, философтың да ой-пікірін оятса керек. Ол бір кездерде,
бəлкім, нағыз шын ықыластан табынып, тəжім етуге лайық болған осы
аруларды осында келуге мəжбүр еткен бақытсыздықтар туралы ойлап, селк
ете түсуінен құйқа тамырлары шымырлап кетті. Сөз жоқ олардың
əрқайсысы өзінің бастан кешірген қанды драмасы туралы тамсандыра
айтып бере алар еді. Олардың бəрі дерлік тамұқ азабындай ауыр қайғықасіретті арқалап жүргендер еді, сүйгенінің опасыздығы, орындалмай
қалған серт, жоқшылық тұқыртқан болмашы қуаныштар олардың қыр
соңынан қалмай, шұбатылып жүргендей. Қопақтар əдеппен ғана оларға
жақын келді. Сол сəтте-ақ мəжілістегілердің алуан түрлі мінез-құлықтары
сияқты алуан түрлі кеңес басталды. Жұрт топ-топқа бөліністі. Тəуір үйдің
бой жеткен бикештері мен бəйбішелері жемпаздардың асқазанының
қажырлы еңбегін жеңілдететін кофе, қант жəне ликер сияқты көмектерін
қонақтарға ұсынбайтын ба еді, мына қонақ бөлме көрінісі де сондай
жайлардың бірі ме деп ойлап қаларлық. Аздан кейіп, мінеки, əp жерден
сықылықтаған күлкі естіле бастады, сыбыр күшейіп, дауыстар əлгіден тəрі
қаттырақ шыға бастады. Сол уақытқа шідерленген зауық азғындығы қайта
ояну қаупін туғызды. Тыныштық пен дода-шудың кезектесіп отыруы
Бетховеннің симфониясын ептеп еске түсіргендей.
Екі дос жұмсақ диванға отырысымен олардың қасына ұзын бойлы
сымбатты, өзін-өзі тамаша ұстай білетін əдепті, ажары пəлендей
сұқтанарлық болмаса да, жүрек тебіренетіндей, келбетіндегі əнтек
қиғаштықтарымен қиялды шарықтатып, құштарлық құмарды күшейте
түсетіндей бір сылаң қыз жетіп келді. Қап-қара қою қолаң шашы талай
махаббат айқастарында асыр салғандығын білдіріп, еркек назарын еріксіз
тартатын жұп-жұмыр иығына құмар қоздырғыш жеңіл бұжыраларымен
бұйраланып, төгіліп тұр. Ұзыннан төгілген қою қара қоңыр тұлымдары
əсем мойнының тең жартысын жауып кеткен аппақ мойнына ауық-ауық
шағылысқан шам сəулесі оның қырынан қарағандағы нəзік, сүйкімді сұлу
кескінін, суреттендіре, онан сайын көріктендіре түскендей. Сүттей аппақ
дидарында албырт алқызыл қан ойнайды. Ұзын кірпікті көздерінде біртүрлі
өжеттік жалыны мен махаббат ұшқыны жалт жұлт етеді. Сəл ғана
күлімсіреп тұрған шырынды оймақ ауыз сүйіс тілегендей. Қыздың толықша
келген икемді денесі махаббат үшін ғана жаратылғандай, кемеліне келе
толысқан көкірегіндегі қос алмасы мен жұмырлана дөңгеленген иықтары
тура Каррачи60 суреттеген сұлулардікіндей; əйтсе де қимылдары шапшаң,
қағылез, қайраты қабыландай алғыр, пысық, дене бітімінің еркек сынды
сымбаттылығы өзекті өртерлік лəззатшыл құмарлығына айғақ болғандай.
Сірəғысында, бұл қыз күле де, еркелей де білетін болар, бірақ көздері мен
жымиып күлімдеуінде қиялды секем алғызғандай бір жаттық бар. Ол
əзəзілге
ынтыққан,
əмбиедей
өңінде
тартымдылықтан
гөрі
таңдандырарлықтай бір нəрсе бар. Сот сайын шырайын өзгертіп тұратын
құбылмалы дидарын қас қатымда нажағайдай жалтылдап, жарқ етіп
тұрады. Лəззаттан тоят тапқан адамдарды ол, бəлкім, сиқырымен бəнде етіп
алар да, ал бірақ жасөспірімдер одан сескене бой тартса керек. Гректердің
зəулім шіркеуінің өрнекті маңдайшасынан құлап түскен мүсін алыстан
қарағанда керемет сымбатты көрінгенімен жақыннан тіпті дөрекі болып
шығатыны сияқты. Солай болғанымен, ол өзінің айдынды сұлулығымен,
сірə, дəрменсіздердің де делебесін қоздырып, жағымды даусымен
керендерді де емірендіргендей, өткір көзқарасымен кəрі сүйектерге де жан
бітіргендей еді ол. Міне сондықтан да Эмиль оның бойынан Шекспирдің
трагедияларына едəуір ұқсастық тапты: əдетте əдебиет пен музыка бірбірімен ұштасып, қабысып жататын таңғажайып нақышты бұл
шығармаларда бірде қуаныш ұлып күңіренсе, бірде махаббаттың
əлденендей тағылық сипаты болатын, енді бірде əсемдіктің ғажап əсері мен
лəззаттың жалынынан кейін кекті ашудың қанды бүліншілігі солардың
орның басатын; енді бірауық ол қаһарланған кезде қарсы келгеннің
кеңірдегін кеміріп, көңілі түскенді емірене еркелететін, ібілістей сақ-сақ
күліп, періштедей сыңсып жылайтын, жантүршіктірерлік мақұлыққа да
ұқсап кететін. Сондай-ақ, бұл қыздың бойынан сары уайымға түсіп, аһ ұру
мен сиқырлы кішіпейілділікті былай қойғанда, əйелдердің еркекті
қызықтырып, еліктіретін алуан қилы айла-амалының бəрін кенет бір
құшаққа сыйғыза білетін, одан кейін, əп-сəтте еңіреп жылап жіберетін,
өзін-өзі жұлмалап, өзін-өзі азаптап, денесінің борша-боршасын шығаратын,
өз құмарлығының, өз сүйгенінің сатын сындырып, ақырында, ызаның
күшімен, өзін-өзі жоққыла алатын сұрапыл құбыжыққа да ұқсастылық еді.
Қызыл мақпалдан киім киген əлгі қыз бейқам пандықпен серік қыздарының
шашынан түскен гүлдерді тапап, езе-жанша келіп тəкаппар қимылмен екі
достың алдына тəтті тағам салынған күміс таба ұсынды. Өзінің сұлулығын
əлде, бəлкім, кінəратын мақтаныш еткендей, қызыл мақпалдан одағай
шығып, айқын көрінген аппақ қолдарын алға созды, бейне бір адамзат
шаттығының үлгі-өнегесі еді ол; бейне бір үш ұрпақтан бермен қарай
жиналған асыл қазынаны шашып-төгіп ысырап ететін, өлікті мазақтап,
аруақтарды қорлайтын, інжу-гауһарларды отқа ерітіп, алтын тақты отын
орныңа жағатын, кəріні жас, жасты көрі ететін лəззат ханшасы өкімет
басқарудан шаршаған, ойдан қажыған алыптарға ғана, соғыс дегенді
ойыншыққа айналдырып алғандарға ғана рұқсат етілген лəззаттардың
ханшасы сияқты еді ол.
– Сенің есімің кім? деп сұрады Рафаэль.
– Акилина.
– Е-е! Сен "Құтқарылған Венецияның"61 кейіпкері екенсің ғой! – деп
селт етті Эмиль.
– Иə, деп жауап берді қыз. Папалар барлық еркектерден шоқтығы
жоғарылап биік мəртебеге ие болғандықтан, өздеріне жаңадан ат қойып
алады ғой, сол сияқты мен де барлық əйелдерден озық шығып, өзіме жаңа
ат қойып алдым.
– Сөйтіп, сенің де, кəсіпкер бикең сияқты, сені сүйетін, сен үшін жаның
қиятын айбынды асылзада сырласың бар шығар? – деді поэзияның осы бір
нышаны елегізіте қалған Эмиль тағы да.
– Менің ондай адамым бар еді, деп жауап берді қыз. Бірақ гильотина
маған күндестік жасады. Сондықтан мен өте шаттанып кетпеу үшін
шашыма əрдайым қызыл лента қосып өремін.
– О, сіздер бұған Ларошельдің төрт өжетінің62 тарихын айтып беруге
рұқсат етсеңіз болғаны, ол еш уақытта тауыса алмайды! Қой, Акилина,
жоқтауға қалса, əркімнің-ақ жоқтарлық сүйгені бар. Жұрттың бəрі сүйгені
басын жаңғырыққа салатын сендей бақытты болып па? Беу, күйеуіміз
күндесіміздің қойныңда жатпай, қара жердің құшағында жатқаның білу
анағұрлым жеңіл болмас па еді?
Бұл сөздерді керемет бір сыңғырлаған нəзік үнмен айтқан сиқырлы
жұмыртқаның уызынан тек хор қызы тана сиқырлы қалақшасымен сүзіп
аларлықтай уылжыған таңғажайып көрікті, басқа бір əйел еді. Дыбыссыз
қадаммен ептеп басып жақын келгенде, екі дос оның мүлəйім жүзін,
талдырмаш белін, сыпайылығымен жан жүйеңді жадыратып өзіне тартатын
көгілдір көздерін, жарқыраған ақ маңдайын айқын көрді. Айдыннан ауға
ілінген су періштесі де он алты жастар шамасындағы дəл осы қыздай
үркек, аңқау, секемшіл бола қоймас, не қысастық, не махаббат дегендерден
мүлде хабарсыз, əлі өмір дауылын бастан кешірмеген, əлгіде ғана шіркеуде
болып, аспан əлеміне мерзімінен бұрын ертіп əкетуді періштелерден өтініп,
жалбарынған жерінен енді ғана келіп тұрған күнəсыз жан тəрізді. Асқынған
азғындығын, сыпайы кінəраттарын сəлделі гүлдей көрікті, кіршіксіз
дидарымен бүркейтін осындай ақ жарқын, ашық көзқарасты жандар тек
Парижде ғана кездеседі. Сол қыз шыны аяққа кофе құйды да, оны Акилина
қонақтарға ұсынды. Алғашында жас қыздың періштедей биязы көркінің
арбауына алданған Эмиль мен Рафаэль кофені ала отырып, қыздан əңгіме
сұрасты. Əңгіменің қорытындысында екі ақынның да көз алдында əлгі қыз
адамзат өмірінің тағы бір кескінін бейнелейтін күйінішті аллегория болып
көрініп, көңілде əсер қалдырарлық дос қызының сұсты, құмартқыш
кейпімен салыстырғанда, бұл оған мүлдем қарама-қарсы бейне болып
шықты, қылмыс жасарлықтай əбден-ақ жеңіл мінезді, қылмысын келеке
етерліктей əбден-ақ қайратты, лəззатқа құныққан қатал, уытты
азғындықтың бейнесі еді бұл ішкі сезімге бай, нəуетек жандарды өзі үшін
тыйым салынулы қобалжулармен жазалайтын, тебірендіріп сергелдеңде
сандалтатын, саудаға саларлық махаббат қылымсулары да, өз құрбаның
жерлерлік көз жастары да, кешкілік оның өсиеттерін оқырлықтай қуаныш
та үнемі өзінен табыла кететін мейірімсіз əзəзілдің бейнесі еді бұл. Ақын
ажарлы Акилинаға сұқтанар еді де, аянышты Евфрасиядан тіпті жұрттың
бəрі де қашуға мəжбүр болар еді: өйткені бұлардың біреуі кінəраттың өзегі
болса, екіншісі өзексіз кінəраттың дəл өзі екен.
– Мына бір жайтты білгім келеді? – деді Эмиль осы бүлдіршіндей сұлу
аруға, — сен, сірə, болашағыңды ойлаймысың?
– Болашақ туралы? – деді ол күле сөйлей сұрақты қайталап. Сіз
болашақ деп нені айтасыз? Жоқ нəрсені ойлаудың маған қажеті қанша?
Мен алдыма да, артыма да көз жібермеймін. Бір күнгі өмір туралы
ойлаудың өзі де тым үлкен еңбек емес пе? Əйтсе де, біз өзіміздің
болашағымызды білеміз: ол емхана.
– Түбі емханаға түсетініңді біле тұра, одан аулақ қашуға талаптанбауың
қалай? – деді Рафаэль қызбалана.
– Емхананың неменесі қорқынышты? деп сұрады Акилина ызбарлана.
Біз ана да емеспіз, жұбай да емеспіз. Кəрілік біздің аяғымызға қара шұлық,
маңдайымызға əжім ғана сыйлар; бойымыздағы əйелдік қасиетіміз түгел
солар, достарымыздың көз жанарларындағы бізге арналған шаттық нұры да
сөнер, сонда бізге немененің қажеті болмақ? Үстіміздегі зейнетіміздің
орныңа тек құс, лас қана қалмақ, суынған, қуарған, шіріген құс денеміз өлі
жапырақтардай саудырлап, сауыс-сауыс сирақтарымызды əрең сүйреп
жүретін халде болмақ. Біздің ең əсем шүберектеріміз шоқпытқа айналар,
сəнді құттыханаларымызда жұпар аңқытқан хош иісті опадалаптарымыздан өлім иісі мүңкіп, өлік саситын болар; оның үстіне сол
лас тəнімізде жүрегіміз сақталатын болса, оны да бəрін қорлап
масқараларсыңдар сендер тіпті өткенді ойға сақтаудың өзін рұқсат
етпейсіңдер ғой бізге. Болашақтағы халіміз осындай болатын біздерге ол
кезде: дəулетті үйдің итін бақсақ та немесе емхананың шоқпытын үлесін
кисек те бəрібір емес пе? Ағарған шаштарымызға қызылды-жасылды
шытырман орамал бүркейміз бе, немесе мəнерлі торқа жамыламыз ба,
қайың сыпыртышпен көше сыпырамыз ба, немесе атлас көйлегіміздің ұзын
етегін Тюильри басқыштарында көлбеңдетіп, алтындаған əсем пештің
жайында отырамыз ба, немесе шоқ маздаған құмыра маңында қолымызды
ыстық күлте қақтап жылынамыз ба, Грев алаңында көпке көрініс боламыз
ба, немесе операға жөнелеміз бе, айырмасы қанша? Ойлаңызшы!
– Aquilina mia,63 мен сенің дүниеге мұңлы көзбен қарауыңды бұрынсонды болып көрмеген дəрежеде қуаттаймын, деп Евфрасия оның сөзін іліп
əкетті.
– Иə, биязы шұға мен торғын торқа, əтір мен алтын, жібек, сəн-салтанат,
жарқырауық бұйымның бəрі, ұнамды заттың бəрі тек жастарға ғана лайық.
Тек уақыт қана біздің есуастығымызды тойтара алар, бірақ бізді ақтайтын
бақыт. Сіздер мені мысқылдап, күліп отырсыңдар ғой, – деді ол дауыстап
сөйлеп, зəрлі жымиыспен екі досқа қарап ал шыныңда менің айтқандарым
рас емес пе? Дерттеп өлгенше, лəззаттан өлген артық. Meн мəңгі өмір
сүруді де арман етпеймін, адамзат ұрпағын да онша құрметтемеймін,
адамзат ұрпағын құдайдың қандай халге түсіргенін байқаудың өзі де
жеткілікті. Маған миллиондаған сом ақша беріңдерші, мен оны түп-түгел
жұмсап бітірейін, келесі жылға көк тиын да сақтамайын. Ұнау үшін жəне
үстемдік ету үшін өмір сүр міне менің жүрегімнің əрбір лүпілінің маған
өмір ететін үкімі осы. Қоғам менің мұнымды мақұлдайды, менің бейберекет ысырапқорлығыма қажеттінің бəрін тауып беріп отырған да сол
емес пе? Кешкі рəсуəмнің есесіне тəңірім маған таңертең несібе беретіні
несі? Біз үшін емхана салатын нелерің бар сендердің? Құдай бізді
жақсылық пен жамандықтың тең ортасына қойғанда, ауруға
шалдықтыратын пəле мен торығуға əкеп соғатын пəле екеуінің бірін таңдап
ал деп қойған жоқ қой, демек, мен көңілімді көтермесем оным, ақымақтық
болар еді.
– Ал басқалар ше? деп сұрады Эмиль.
– Басқалар ма? Мейлі, олар не тілесе соны істесін, ерік өздерінде!
Меніңше, өз қайғыңа налып жылап-сықтағанша, өзгенің қасіретін
əжуалаған артық. Маған бір еркек титтей де азап көрсетіп байқасыншы!
– Тегінде, сен көп қасірет шеккенсің ғой, мына ойларыңа қарағанда. Рас
па? деп сұрады Рафаэль.
– Мол дəулеттің мұрагерлігіне қызығып, сүйгенім мені тастап кетті,
əнекей, – деді ол өзінің көз тартарлық сымбатын барынша көзге түсіре. Ал,
шыныңда, мен, соны асырау үшін күні-түні жұмыс істедім! Енді мені
сиқырлы күлкісімен де, уəде-антымен де ешкім алдай алмас, мен енді өз
өмірімді ылғи мереке етіп өткізбекпін.
– Бірақ бақыт біздің өз бойымызда емес пе? – деді Рафаэль даусын
көтеріп.
– Ал сіздіңше қалай деп іліп əкетті Акилина, жұрттың бəрі ылғи өзіңе
таң-тамаша қалып, мақтай берем дейсіз бе, əйел біткеннің бəрін, тіпті ең,
инабаттыларын да баурай əкетіп, сенің ажарыңнан да дəулетіңнен де басым
түсіп отырсын дейсіз бе осының бəрі ойыншық па? Оның үстіне, біз ақ
пейіл адалмын деген қарабайыр əйелдің он жылда көрмегенің бір күннің
ішінде бастан кешіреміз. Барлық гəп міне осында.
– Инабаттылықтан айырылған əйел жексұрын болмай ма? – деді Эмиль
Рафаэльге қарап.
Евфрасия оларға шатынаған көз жанарын қадап, кекесінді үнмен жауап
қайырды:
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шегірен Былғары - 06
  • Parts
  • Шегірен Былғары - 01
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2531
    28.0 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    49.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 02
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2526
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    37.3 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 03
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2445
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    42.1 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 04
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2479
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 05
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2519
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 06
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2463
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 07
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2433
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 08
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2370
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    40.2 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 09
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2415
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 10
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2418
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 11
    Total number of words is 3989
    Total number of unique words is 2356
    28.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 12
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2283
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 13
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2455
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 14
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2393
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 15
    Total number of words is 4023
    Total number of unique words is 2423
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 16
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2233
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 17
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2155
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 18
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2257
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.8 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 19
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2406
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.3 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 20
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2522
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.2 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шегірен Былғары - 21
    Total number of words is 2497
    Total number of unique words is 1541
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.